Әлем
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА 30.11.2024
Отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 28,35 трлн теңгеге жетті Қазақстандықтардың «БЖЗҚ» АҚ-дағы (БЖЗҚ, Қор) зейнетақы жинақтарының көлемі 2026 жылдың 1 тамызына28,35 трлн теңге болды.12 айдағы өсім –3,50 трлн теңгенемесе 14,1%. Зейнетақы жинақтарының негізгі бөлігі міндетті зейнетақы жарналарынан (МЗЖ) қалыптасқан. 2026 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша жарнаның бұл түрінің есепті күндегі көлемі – 26,31 трлн теңге, 12 айда 2,69 трлн теңгеге немесе 11,4% өсті.Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары 12 айда 6,6%-ға ұлғайып, 751,56 млрд теңгеденасты. Ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақ көлемі де ұлғайды: 2026 жылғы 1 тамызға оның көлемі10,41 млрд теңгеболып, 12 айда 14,9%өсім көрсетті.Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына 2024 жылғы 1 қаңтардан түсе бастаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) да айтарлықтай ұлғаюда. 12 ай ішінде2,5 есеге ұлғайып, 2026 жылдың 1 тамызына1 273,93млрд теңге болды.ТүсімдерЗейнетақы жинақтарының көлемі зейнетақы жарналары мен инвестициялық кіріс түріндегі кіріс ағындары есебінен ұлғаяды. 2026 жылдың алғашқы 7айында салымшылардың жеке және шартты зейнетақы шоттарына 2 127,27 млрд теңге түсті, өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 15,7%-ға (немесе 289,09млрд теңгеге) артық.МЗЖ есебі жүргізілетін жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) 2026 жылдың басынан бастап 2026 жылғы 1 тамызға дейін 1 630,80млрд теңге (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МЗЖ көлемі 8,1%-ға ұлғайды), МКЗЖ – 87,69 млрд теңге (өсім – 11,0%), ЕЗЖ – 1251,28 млн теңге түсті. Жыл басынан бастап 01.08.2026ж. жағдай бойынша ЖМЗЖ есебінен жарналар 407,53млрд теңгені құрады. Жыл басынан бері салымшылардың шоттарына түскен таза инвестициялық кіріс 01.08.2026ж. жағдай бойынша1233,05 млрд теңгені құрады. Төлемдер мен аударымдар2026 жылғы қаңтар-шілде айларында БЖЗҚ-дан жарналардың барлық түрлері бойынша жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар 1083,51млрд теңгені құрады. Зейнет жасына толуына байланысты төлемдер 170,95 млрд теңгеге жетті. БЖЗҚ-дан зейнет жасына толуына байланысты кесте бойынша берілетін орташа айлық төлем – 38 9993теңге. 2026 жылдың басынан бастап 01.08.2026 жылға тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) 435,20 млрд теңге,мұрагерлік бойынша 63,06 млрд теңге, ҚР-дан тыс жерге тұрақты тұруға кетуге байланысты 28,13 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарға – 2,05 млрд теңге, жерлеуге – 5,56 млрд теңге көлемінде төлем жасалды. Сақтандыру ұйымдарына 378,56 млрд теңге аударылды. ЖЗШ саны2026 жылдың 1 тамызындағыжағдай бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарының жалпы саны – 18,89млн бірлік (12 айдағы өсім – 1,12 млн бірлік немесе 6,3%). Бұл ретте салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ саны 2026 жылдың 1 тамызында12,84 млн бірлік болды. Оның ішінде: 11,39 млн - МЗЖ бойынша, 789,48 мыңы - МКЗЖ бойынша, 463,69 мыңы – ЕЗЖ есептелетін шоттар. Айта кетейік, МЗЖ есебі жүргізілетін шоттардың жалпы санына (11,39 млн бірлік) елден тысқары жерлерге тұрақты тұруға кеткен, бірақ жинақтарын алу үшін жүгінбеген алушылардың, мұрагерлері зейнетақы жинақтарын мұраға ресімдемеген қайтыс болған салымшылардың, 2016 жылдан бастап зейнетақымен мемлекеттік қамсыздандырылуға толық ауыстырылған әскери қызметшілердің және шоттарына Қазақстан заңнамасына сәйкес жарналар түспеуі тиіс салымшылардың (алушылардың) басқа да санаттарының шоттары кіреді.БЖЗҚ-дағы ЖМЗЖ туралы мәліметтер ескерілетін шартты зейнетақы шоттарының саны - 6,06 млн бірлік. Зейнетақы активтеріне қатысты барлық өзекті ақпарат enpf.kz сайтындағы «Статистика және аналитика» бөлімінде орналастырылған. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kokpekti-shugalbay/press/news/details/1279180?lang=ru
Абай атындағы қазақ музыкалық драма театры 90 жылдық мерейтойын атап өтті 30.11.2024
Биыл Абай атындағы қазақ музыкалық-драма театрына 90 жыл толып отыр. Осы уақыт аралығында театр ұлттық өнердің өркендеуіне зор үлес қосып, көрермендерін тың туындылармен қуантып, талай сахна шеберлерінің шығармашылық жолын ашқан киелі мекенге айналды.Өнер ордасы қазақ театрларының алғашқыларының бірі. 1917 жылы Мұхтар Әуезовтің жетекшілігімен Ойқұдық жайлауында «Еңлік-Кебек» пьесасы сахналанды.Мерейтой аясында бірқатар шаралар өтті.Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев театр ұжымы мен барша өнер сүйер қауымды айтулы оқиғамен құттықтап, жаңа автобустың кілтін табыс етті.«Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтбаев, Ғалиақпар Төребаев сынды көрнекті тұлғалар құрған мәдени орталық өңіріміздің рухани құндылығының символына айналды. Театрдың 90 жылдық тарихында өнер саласындағы толағай табыстардың шежіресі жазылды. Мұхтар Әуезов: «Театр – ең ұлы бейнелеу өнерінің бірі» деген екен. Бұл – облысымыздың ғана емес, бүкіл қазақ халқының рухани мақтанышы, ұлттық мәдениеттің жарқын шамшырағы. Ынтымағы жарасқан театр ұжымына шабытты шығармашылық жол, жаңа жарқын табыстар тілеймін!», – деді аймақ басшысы өз құттықтауында.«Абай театры: тарих толқынында» атты конференцияда театрдың бай тарихи мұрасы, ұлттық мәдениеттегі орны жан-жақты талқыланды. Пленарлық отырыс барысында еліміздің театр мамандары мен абайтанушылар театр, кино өнерінің дамуы, Абай атындағы театрдың қоғамдағы рөлі туралы баяндама жасады. Сондай-ақ театрдың қалыптасуы мен дамуы, қазақ өнері мен мәдениетіне қосқан үлесі жан-жақты қамтылған «Тарихы терең театр» кітабының тұсауы кесілді.Мерейтойға орай театрдың 90 жылдық тарихының маңызды кезеңдерін, белгілі өнер қайраткерлерінің шығармашылығын, театрдың ұлттық мәдениеттегі маңызын баяндайтын «Ойқұдықта маздаған театр» деректі фильмі түсірілді.Салтанатты шара аясында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев пен Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтаулары оқылды.Театрдың 90 жылдығы аясында марапатталған өнерпаздар:«Еңбек ардагері» медалі: Айдарханова Альмира Муталлапқызы. ҚР» Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі:Ташкенбаев Нұрбек АдамұлыТөлеубаев Талғат АнуарұлыОбухова Елена ВалерьевнаБайгелдин Айдос КүшікпанұлыАхметов Ерен СаменұлыХасенов Нұржан ҚадырғазыұлыНұрланова Асель ТалғатқызыХамитова Алия Әділбекқызы ҚР мәдениет және ақпарат министрінің Құрмет грамотасы:Сыдыков Мырзахан ДемесінұлыБаирова Асем БеймырзақызыЧинкебаева НұрбағилаИдрисова ДаметкенТоймбаева Бақыт АхметжанқызыМұханбетова Шолпан АсқарқызыМанекина Айжан БазартайқызыЖидебаева ҮмітТәшімбетов Айтбек ТазабекұлыНұрғамыс Азамат МахмұтұлыОмашев Бекзат Қайыркешұлы «Семей қаласына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі:Сыдықов Мырзахан ДемесінұлыБаирова Асем БеймырзақызыОмашев Бекзат ҚайыркешұлыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/893686
Әлеуметтік және білім беру инфрақұрылым мәселелері бақылауды қажет етеді 30.11.2024
Облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Сәрсебаев жұмыс сапарымен Көкпекті ауданында болды. Сапар барысында әлеуметтік, білім беру және спорт инфрақұрылымының негізгі нысандарында болып, оларды одан әрі дамыту бойынша тапсырмалар берілді. Бірінші нысан құрылысы аяқталған бассейн. Бас мердігер «СМУ-Шығыс» ЖШС.«Бассейндегі жұмыс кедергісіз аяқталуы керек. Жауапты тұлғалар барлық қажетті құжаттарды тез арада рәсімдеп, нысанның мүмкіндігінше тезірек пайдалануға берілуін бақылау керек. Мұны кейінге қалдыруға болмайды», - деді Жасұлан Сәрсебаев.Жасұлан Сәрсебаев 2020 жылы пайдалануға берілген дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде де болды. Бұл нысан «Көкпекті ауданының №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ-нің қарамағында.«Нысанның жағдайы қанағаттанарлық, бірақ оның толық жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдау қажет. Мектеп директорына екі апта ішінде жетіспейтін спорттық құрал-жабдықтарды сатып алуға бюджеттік өтінім беруді тапсырамын. Балалар мен жасөспірімдердің спортпен шұғылдануы үшін сапалы жағдайларға қол жеткізуі керек», – деді әкім орынбасары.«Көкпекті орта мектебі» КММ 600 орынға арналған аудандағы ең ірі білім беретін мекеме. Мұнда бүгінде 500-ден астам бала білім алуда. Бірақ мектеп күрделі жөндеу қажет етеді.«Мектеп ұқыптылықты қажет етеді. Мектеп және аудандық білім бөлімі басшылығына тез арада материалдық-техникалық базаға есептеу жүргізіп, қажетті дүниелер тізімін дайындауды тапсырамын. Біз құрал-жабдықтардың немесе басқа ресурстардың жетіспеушілігінен оқу үдерісінің зардап шегуіне жол бере алмаймыз», - деп атап өтті Жасұлан Сәрсебаев.«Көкпекті ауданының арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ қызметі ерекше бақылауда. Орталық мүмкіндігі шектеулі балаларға, психоневрологиялық патологиясы бар адамдарға, сондай-ақ қарт адамдарға көмек көрсетеді.Сапар барысында тапсырмаларды орындаудың нақты мерзімдері белгіленді. Жасұлан Сәрсебаев әлеуметтік және білім беру инфрақұрылымының мәселелері бақылау мен тұрақты мониторингті қажет ететінін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/893687
Қанат Шарлапаев Қызылорда облысындағы өнеркәсіп кәсіпорындары мен құрылыс нысандарын аралады 30.11.2024
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында өнеркәсіптік сегменттегі кәсіпорындар мен құрылыс нысандарын аралады.Қанат Шарлапаев «Өндіріс» ИА аумағындағы «Orda Glass LTD» ЖШС шыны зауытында болды. Зауыт 2022 жылдың қазан айында пайдалануға берілді. Кәсіпорын аумағы 50 га жерді алып жатыр. Кәсіпорынның жобалық қуаты жылына 197,1 мың тонна табақ шыны шығарады. Іске қосылғаннан бері 28,7 млн м2 өндірілді.«Orda Glass LTD» Қазақстандағы жалғыз табақшыны өндірушісі екенін айта кету керек. Бұл өнім шыны массасын балқыту және илемдеу арқылы жасалған жалпақ шыны. Құрылыс, автомобиль, жиһаз және басқа салаларда кеңінен қолданылады.Келесі кезекте Министр «Өркен-Әлем» ЖШС-де болды. Кәсіпорын жеке броньды қорғаудың жаңа технологияларын әзірлеу, өндіру және енгізумен айналысады. Өндірістік қуаттылығы жылына 120 мың дана өнім құрайды.«Өркен-Әлем» қорғаныш және жарықшаққа қарсы көзілдіріктерді, противогаздарды, шлемдерді, бронды кеудеше, қорғаныс костюмдері, қалқандар, рюкзактар, гидрокостюмдар, экзоскелеттер, арнайы таяқшалар және т.б. шығарады. Бүгінгі таңда кәсіпорын өнімнің жаңа түрлерін – азаматтық противогаздар (противогаздар) және парашюттер шығаруды бастады.Бұдан кейін Қанат Шарлапаев 7 қабатты 84 пәтерлі алты тұрғын үйдің құрылыс барысымен танысты. Жұмыстарды мердігерлер «Аман Құрылыс» ЖШС, «Орион ЛТД» ЖШС, «Риголит» ЖШС, «Простройсервис Е» ЖШС, «Абу-Сер» ЖШС жүргізуде. Барлығы 504 пәтердің тұсауы кесілмек, жобаның құны 9,9 млрд теңгені құрайды.Одан бөлек, Министр Қызылорда облысы Жалағаш ауданындағы «Руханият» орталығының құрылыс алаңында болды. Жұмысты мердігер «Аман-Құрылыс» ЖШС жүргізуде. Құрылыс аяқталуға жақын. Орталықта тарихи мұражай орналасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/893683
Астанада тағы бір елді мекен газға қосылды 30.11.2024
Елордада тұрғын алаптарды жоспарлы газдандыру жалғасуда. Үркер тұрғын алабында 2024 жылға жоспарланған газ тарату желілерінің құрылысы аяқталды. 1000-ға жуық абонент табиғи газға қосылу мүмкіндігіне ие болды. Үркер тұрғын алабындағы газды қосу жергілікті тұрғындардың өмір сүру сапасын едәуір арттырып, оларды экологиялық таза және тиімді жылумен қамтамасыз етеді.Алғашқы абоненттердің қатарында табиғи газдың ерекшелігін алғаш болып сезінген Ақтамберді жырау көшесінің тұрғындары бар.«Біз газға қосылуды күтіп жүрдік, міне, бүгін табиғи газға көшкен алғашқы күніміз. Бұған дейін көмір қолданып жүрдік. Әр 6-12 сағат сайын пешті қадағалап, көмір салуға тура келетін. Сол сияқты үйді ұзақ уақыт қараусыз қалдыруға да болмайтын. Енді бұл мәселе бізді алаңдатпайды. Үйде жылу батареялары өте жылы, ыстық су қалыпты режимде жұмыс істейді. Біз өте қуаныштымыз!» – дейді үй иесі Байғарым Хасенов.Елді мекенді газдандыру процесі кезең-кезеңімен жүреді. Екі жыл ішінде Үркер елді мекенінің 5250 абонентіне табиғи газға қосылу мүмкіндігі жасалды, олардың арасында жеке үйлер мен тұрғын үй кешендерінің тұрғындары бар.«Үркердегі алғашқы абоненттердің қосылуы, шын мәнінде тарихи сәт. 2025-2026 жылдары газға осы жердегі барлық жеке үй мен тұрғын үй кешені қол жеткізе алады. Газдандыру үйлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, ол экологиялық таза және адамдар үшін қолжетімді», – деп атап өтті Астана қаласы Нұра ауданы әкімінің орынбасары Сәрсенғали Ақжолов.«Үркердегі газдандыру Мемлекет басшысының «Инвестиция орнына тариф» бастамасының арқасында қарқын алды. Біз барлық инженерлік желіні өз есебімізден салдық, ал шығындарды тарифтік жүйе бойынша қайтарамыз. Мұнда газ тарифі текше метр үшін 38 теңге екенін атап өткім келеді. Бұл – тұрғындар үшін қолжетімді баға», – деді «Qazaq zhylu» ЖШС директоры Жәнібек Мұхамбеталы.Үркерді газдандыру үшін барлығы 173 шақырым газ желісін салу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта жоспарланған жұмыстардың шамамен үштен бірі аяқталды.Бұл жоба Астана қаласының инфрақұрылымды жақсарту және халыққа қолайлы жағдай жасау жөніндегі стратегиясының маңызды бөлігі болып саналады. Тұрғын алапта табиғи газды іске қосу Астана әкімдігінің, Энергетика министрлігінің, «Qazaq Gaz Aimaq» АҚ мен «Qazaq Zhylu» ЖШС-нің көмегімен мүмкін болды.Осыған дейін әкімдік газдандырудың екі кезегінің құрылысын аяқтады: Сарыарқа (Көктал-1, Көктал-2, Агроқалашық және Потанин көшесі ауданындағы қаланың ескі бөлігінде) тұтынушыларды қосуға мүмкіндік берген екі газдандыру желісінің құрылысын аяқтаған болатын. Алматы ауданы (Теміржолшылар вокзалы, Промышленный, Оңтүстік-Шығыс оң және сол жағы, Күйгенжар, Мичурино, сондай-ақ «Ақбидай», «Қазақауыл» шағын аудандары) Есіл (Велла вилдж тұрғын үй кешені, Куршавель тұрғын үй кешені, Family Town, Family Park) және Нұра (Будапешт, Космик-Сити) тұрғын үй кешені.«Тұран», «Телман», «Оңтүстік-Шығыс» газ жылу стансаларына және «Үркер», «Пригородный», «Family village», «Өндіріс», «Кирпичный» елді мекендерін газбен қамту желілерінің құрылысы жүргізіліп, аяқталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/893680
Бұқаралық шаңғы тебу: Астанада қысқы спорт түрлерінің маусымы басталды 30.11.2024
Биыл Астанаға қыс ерте түсіп, қала тұрғындары қыстық спорт түрлерінің маусымына кірісіп кетті. Айдың ортасында «Алау» мұз айдынында конькимен жүгіру маусымы ресми түрде басталса, бүгін Орталық саябақта шаңғы тебуден алғашқы жарым өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.«Былтыр қыс кеш түсіп, желтоқсан айының аяғында ғана шаңғы тебу маусымын бастап едік. Биыл қар ерте жауып, ауа райы қарашаның өзінде қысқы спортқа қолайлы болып отыр. Бүгінгі іс-шарамыз ресми шаңғы маусымының ашылуы деп айта алмаймын. Маусым 18 желтоқсанда басталады. Әйтсе де, бүгінгі спорттық іс-шарамызға 200-дей қатысушы жиналды. Жаман емес. Жазда жүгіру танымалдылыққа ие болса, қыста шаңғы тебу тұрғындар тарапынан сұранысқа ие. Спортты серік етіп, демалысты жақсы көңіл күймен өткізіңіздер», - деді жарыстың бас төрешісі Дәулет Хамзин.Іс-шараға ниет білдіргеннің бәрі қатысып, әр қатысушы өзінің шаңғысын ала келді. Ал бірінші мәрте қызығушылықпен келгендер 2 000 теңгеге жалға алып, осы спорттағы алғашқы қадамдарын жасады.Айта кетейік, Орталық саябақта жұмыс күндері кешкі 19:00 мен 21:00 аралығында шаңғыны жалға алып, өз бетіңізше үйренсеңіз болады. Ал жаттықтырушының көмегі қажет десеңіз, балалар үшін 35 мың теңге, ересектер үшін айына 40 мың теңге болатын секция да қарастырылған.«10 жылдан бері шаңғы тебумен тұрақты айналысамын. Өзім полиция қызметкерімін. Сондықтан осы спорт түрін таңдадым. Аптасына тұрақты түрде 3-4 мәрте тебемін. Шаңғы бүкіл дененің қимылдауына әсер ететіндіктен, қолым да, аяғым да бабында», - деді қала тұрғыны Жомарт Боранбаев.Енді алдағы уақытта әр апта сайын демалыс күндері Орталық саябақта салауатты өмір салтын ұстанатын адамдар мен таза ауада белсенді демалуды ұнататындар арасында шаңғы спортынан жарыстар ұйымдастырылатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/893682
Жаңа үй – жаңа өмір: Қосшы қаласында 67 отбасы пәтер кілттерін алды 30.11.2024
Бүгін Қосшы қаласында 67 отбасы жаңа баспанаға ие болды. Көптен күткен жайлы пәтерлерді қала әкімдігі әлеуметтік осал топтағы азаматтар үшін сатып алған.Салтанатты іс-шара барысында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов қоныс иелеріне пәтер кілттерін табыстап, оларды маңызды оқиғамен құттықтады.«Бүгін жас, әрі гүлденіп келе жатқан Қосшы қаласында 67 отбасы жаңа пәтерлердің кілтін алды. Өз баспанасына қол жеткізу – әрбір адам мен отбасы үшін үлкен мереке. Бұл қуаныш тек осы отбасылар үшін ғана емес, бүкіл өңір үшін маңызды оқиға», – деп атап өтті облыс әкімі.Жаңа пәтер иелерінің арасында алты баланың анасы Жансұлу Әсет те бар.«Мемлекетімізге, еліміздің Президентіне шексіз алғысымызды білдіреміз. Әрбір жан өз армандаған пәтеріне қол жеткізсін деп тілеймін. Бүгін қоныс тойын тойлап жатқан барша жерлестерімді шын жүректен құттықтаймын», – деді ол қуанышын бөлісіп.Айта кетейік, жақында ғана облыс орталығында 48 отбасыға жаңа пәтер кілттері табысталған болатын.Жыл соңына дейін Қосшы қаласында 100-ден астам пәтер сатып алу жоспарланған. Бұл тұрғын үйлер көпбалалы отбасылардың, жетім балалардың, мүмкіндігі шектеулі жандардың және басқа да мұқтаж азаматтардың тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталады.Сонымен қатар соңғы жылдары өңірде тұрғын үй құрылысына 200 млрд теңгеден астам инвестиция салынып, 2 млн шаршы метрге жуық баспана пайдалануға берілді. Нәтижесінде, шамамен 12 мың ақмолалық отбасының баспана мәселесі шешімін тапты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/893677
Қосшы қаласындағы «Сиреневый сад» тұрғын үй кешенінде үлестік құрылыс мәселесі шешілуде 30.11.2024
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қосшы қаласына жұмыс сапары барысында үлестік құрылыс нысандарының бірі саналатын «Сиреневый сад» тұрғын үй кешенінің құрылыс барысымен танысты.Бұған дейін облыс әкімдігі мен «Ғаламат» құрылыс компаниясының арасында ұзаққа созылған құрылыс нысандарын аяқтау бойынша өзара ынтымақтастық туралы келісім жасалған болатын. Компанияның атқарушы директоры Алмас Ғалимарданов «Сиреневый сад» және «Diamond Park» кешендерінің құрылысын аяқтау жоспарын ұсынды.Қазіргі уақытта құрылыс алаңында тоғыз қабатты үйдің тірек құрылымдарын тұрғызу, сыртқы қабырғалар мен арақабырғаларды кірпішпен қалау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар бес қабатты үйдің іргетасын дайындау, сынақтық қада қағу сияқты жұмыстар атқарылып жатыр. Құрылыс алаңында шамамен 80 жұмысшы мен 20-дан астам техника жұмылдырылған.Марат Ахметжанов құрылыс қарқынын жеделдету қажеттігін атап өтіп, инвесторларға туындаған мәселелерді шешуде жан-жақты қолдау көрсетілетінін айтты. Сондай-ақ, қала басшылығы мен тиісті мемлекеттік органдарға күнделікті жұмыс барысы туралы есеп беруді тапсырды.«Ұзаққа созылған құрылыс нысандарын аяқтау – өңір үшін маңызды міндет. Азаматтарды сапалы тұрғын үймен қамтамасыз етіп, үлестік құрылысқа деген сенімді қайта қалпына келтіруіміз қажет. Басқа проблемалық тұрғын үй кешендерінің мәселелері кезең-кезеңімен шешілетін болады», – деді облыс әкімі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/893678
Қосшы қаласында көпсалалы аурухананың құрылысы басталды 30.11.2024
Қосшы қаласында Астана мен жақын аудандардың тұрғындары үшін ірі медициналық нысан болып табылатын жаңа көпсалалы аурухананың құрылысы жүргізілуде. Жобаны «Viamedis» ЖШС жүзеге асыруда, ал мердігер ретінде «ӘлемЭнергоСервис» ЖШС қызмет атқаруда.Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов көпфункционалды аймақтық аурухананың құрылыс барысымен танысып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қосшы қаласының инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті.Бүгінгі күні емхананың ғимаратын салу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Құрылысты аяқтау 2026 жылдың төртінші тоқсанына жоспарланған.Еске сала кетейік, биыл маусым айында Ақмола облысы әкімдігі мен «Viamedis» компаниясы арасында емханасы бар көпсалалы аурухананың құрылысы туралы меморандумға қол қойылды.Жобаның жалпы көлемі 28 миллиард теңгеден астам жеке инвестицияны құрайды, оның 14,4 миллиарды құрылыс жұмыстарына, ал 9 миллиарды заманауи медициналық жабдықпен қамтамасыз етуге жұмсалады.Аурухана 300 орынға арналған, оның ішінде ауысымына 1000 адам қабылдайтын емхана, сондай-ақ хирургия, травматология, кардиохирургия, нейрохирургия, онкология және химиотерапия бөлімшелері қарастырылған. Сонымен қатар медициналық орталықта операциялық және перзентхана бөлімдері, сондай-ақ позитронды-эмиссиялық томографы бар заманауи диагностикалық база жұмыс істейді.Жаңа медициналық орталық Қосшы қаласының, сондай-ақ Целиноград, Ерейментау, Аршалы, Астрахан, Егіндікөл, Шортанды және Қорғалжын аудандарының тұрғындары үшін денсаулық сақтау жүйесінің маңызды буынына айналады.Аурухана кешені емхана, стационар, әкімшілік корпус және басқа аймақтардан келген науқастарға арналған пансионатты қамтиды. Сонымен қатар медициналық қызметкерлерді тарту үшін Қосшы қаласында аурухана қызметкерлеріне арналған тұрғын үйлер салу жоспарлануда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/893679
Қазақстандық ауыл шаруашылығы кәсіпорындары ҚХР компанияларымен 1 млрд АҚШ долларына келісімге отырды 30.11.2024
Бейжіңде Қазақстан мен Қытайдың ірі азық-түлік және ауыл шаруашылығы компаниялары арасында келіссөздер өтті. ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың төрағалығымен Сауда және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға арналған бизнес өкілдерімен дөңгелек үстел өтті.Іс-шараға Қазақстанның салалық қауымдастықтарының басшылары, астық, майлы және мал шаруашылығы өнімдерін, сондай-ақ жемшөп өнімдерін өндірушілер мен жеткізушілер, барлығы 30 компания қатысты. Олардың қатарында «Сей-Нар» ЖШС, «Пионер» ПКК ЖШС, «Batu Agro» ЖШС, «Аллель Агро» АҚ, «Aitas» АҚ, «EMS Agro» ЖШС, сондай-ақ «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» Ұлттық компаниясы бар.Қытай тарапы АӨК-нің 40 жетекші кәсіпорнымен таныстырды.ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Қытайдың Қазақстанның басым сыртқы экономикалық әріптестерінің бірі екенін атап өтті.АӨК өнімдерінің Қытайға қазақстандық экспортының ең үлкен үлесі дәнді және майлы дақылдарға, сондай-ақ өсімдік майларына тиесілі. Қазақстандық астық экспорты үшін Қытай нарығы ерекше қызығушылық тудырады. Бүгінгі таңда Қазақстан әлемдегі жетекші бидай экспорттаушыларының ондығына кіреді және ұн экспорты бойынша жетекші орынға ие.«Қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдері қытайлық тұтынушылар арасында сұранысқа ие. Өткен жылы ҚХР-ға астық жеткізу көлемі 5,5 есеге өсіп, 1,4 млн тоннаға жетті. Екі мемлекет басшылары жақын арада Қытай нарығына астық жеткізу көлемін 2 млн тоннаға дейін ұлғайту туралы уағдаласты және қазақстандық тараптың жеткізуді жедел режимде жүзеге асыруға дайын екендігіне сендірді.2024 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша қазақстандық компаниялар Қытайға 1,1 млн тонна астық жөнелтті», - деді Айдарбек Сапаров.Тараптар екі елдің агроөнеркәсіптік кешені кәсіпорындары арасындағы іскерлік байланыстарды кеңейту мүмкіндіктерін талқылады.Келіссөздер барысында қазақстандық тарап ел аумағында жоғары қайта бөлу өндірістерін дамыту мүмкіндіктері туралы айтып, қытайлық бизнесті АӨК секторына және оның инфрақұрылымына инвестициялауға шақырды. Қытайдан келген инвесторлар үшін әлеуетті тартымды бағыттардың бірі жоғары құны бар және әлемдік нарықтарда сұранысқа ие органикалық өнімдерді өндіру болуы мүмкін. Сонымен қатар, Қазақстанда сиыр еті, қой еті, құс еті, консервіленген ет, сүт өнімдері және бал сияқты жоғары сапалы мал шаруашылығы өнімдерінің экспортын дамытудың жақсы мүмкіндіктері бар.Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер ҚХР-ның 10 компаниясымен 1 млрд АҚШ доллары сомасына меморандумдар мен шарттарға қол қойды.Оның ішінде ҚР озық кәсіпорындарының бірі «Aitas.kz» 100 млн АҚШ доллары сомасына құс өнімдерін жеткізуге келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/893674
ТЖМ 10 қызметкері алғаш рет жаңа әскери-патриоттық «100 SARBAZ» реалити телевизиялық жобаға қатысты 30.11.2024
ҚР Президентінің Телерадиокешені әскери қызметшілердің имиджін көтеру, жастарға патриоттық тәрбие беру және әскери борышын өтеуге ынтасын арттыруға бағытталған «100 SARBAZ» телевизиялық жоба түсірді.Аталған жоба 16 мен 30 қазан аралығында Алматы облысының аумағында өткізілді. Жобаға еліміздің қарулы күштерінен және ТЖМ құралған 10 команда қатысуда.Бүгін сағат 20:00-де «Жібек жолы» телеарнасынан көріңіздер. ТЖМ командасына жанкүйер болыңыздар. Толығырақ сілтеме бойынша.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/893673
ТЖМ 2.0: Ақмола ТЖ департаментінің материалдық-техникалық базасын жаңарту 30.11.2024
Ақмолалық Төтенше жағдайлар департаменті жаңа жабдықтар алды, бұл құтқарушылар жұмысының тиімділігін айтарлықтай арттыратын болады. Жаңарту аясында өрт сөндірушілерге арналған 292 жауынгерлік киім және құтқарушыларға арналған 80 киім-кешек жинағы келіп түсті.Жабдықтарды сатып алу Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әріновтың қолдауымен жүргізілді. Жаңа жиынтықтардың қатарына отандық 1- өрт сөндірушілердің жауынгерлік киімі жиынтықтары және жақсартылған сипаттамалары бар фин шлемдері: шамдардың екі түрі, экшн камералар мен шуды басатын құлаққаптар кіреді.Су операцияларына ерекше назар аударылды: құтқарушылардың қарамағына жаңа Марлин 830 WA қайығы келді. Қазіргі заманғы навигациялық жүйелер мен қуатты қозғалтқыштар аймақтағы су айдындарындағы оқиғаларға, әсіресе су тасқыны кезінде тиімді әрекет етуге мүмкіндік береді.Жыл соңына дейін тағы 17 бірлік арнайы техника, оның ішінде авариялық-құтқару жұмыстарына арналған автомобильдер жеткізіледі деп күтілуде."Материалдық-техникалық базаны жаңарту ТЖ-ға ден қою кезінде қауіпсіздік пен жеделдікті айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді", - деп Ақмола облысы ТЖД бастығының уақытша міндетін атқарушы Бақытжан Алашов атап өтті.Бұл қадамдар құтқарушылардың жұмысын жақсартуға және Ақмола облысы тұрғындарының қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/893676
Қанат Шарлапаев «Orda Glass LTD» кәсіпорнына барды 30.11.2024
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында «Өндіріс» ИА аумағындағы «Orda Glass LTD» ЖШС шыны зауытында болды.Кәсіпорынның бас директоры Хан Ли Джун мырзамен кездесу барысында Министр қазіргі таңда отандық өндірушілерге мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдау шаралары туралы жеткізді.Зауыт 2022 жылдың қазан айында пайдалануға берілді. Кәсіпорын аумағы 50 га жерді алып жатыр. Кәсіпорынның жобалық қуаты жылына 197,1 мың тонна табақша шыны шығарады. Іске қосылғаннан бері 28,7 млн м2 өндірілді.«Orda Glass LTD» Қазақстандағы жалғыз энергия үнемдейтін табақша шыны өндірушісі екенін айта кету керек. Бұл өнім шыны массасын балқыту және илемдеу арқылы жасалған жалпақ шыны. Құрылыс, автомобиль, жиһаз және басқа салаларда кеңінен қолданылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/893672
Семейде балалар темір жолы ашылды 30.11.2024
Семейдегі жаңартылған Бейбітшілік аралында балалар теміржолы пайдалануға берілді. Бұл облысымыздағы туризмді дамытуға ықпал етеді. Сонымен қатар аралда жаңа қоғамдық кеңістік салтанатты түрде ашылды.Қоғамдық кеңістікте балалар ойын алаңдары, футбол, волейбол, стритбол алаңдары мен воркаут аймағы бар. Барлық алаңдарда жаңа кәсіби тренажерлер орнатылған.Балалар теміржолы 1979 жылы теміржолшылар күніне орай ашылған болатын. Алайда 90 жылдардың ортасына қарай жабылған еді. Міне, 20 жылдан астам уақыттан кейін балалар теміржолы қайта қалпына келтірілді. 2023 жылдың 5 маусымында облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев Орталық коммуникациялар қызметінің өңірдегі көшпелі баспасөз конференциясында балалар теміржолын жандандыруды жоспарлап отырғанын айтқан еді.Теміржол аралдың әсем жерлерін аралап, жолаушыларға Ертіс өзенінің ерекше табиғи ландшафы мен әдемі көріністерін тамашалауға мүмкіндік береді.Бірінші кезеңде теміржол ұзындығы 2 шақырым болады. Аралдағы көпірден биологиялық орталыққа дейінгі аралықта жүреді. Тепловоз бен вагондар теміржол техникасына маманданған Қамбар машина жасау зауытында дайындалды. Ұзындығы 12 метр болатын әр вагонда 32 орын бар. Егер маршрут сұранысқа ие болса қосымша вагондарға тапсырыс беріледі.Балалар теміржолы тек ойын-сауық орны ғана емес, жастардың теміржол мамандығына қызығушылығын арттыруға ықпал ететін маңызды білім беру жобасы болмақ. ҚТЖ басшылығы қажетті персоналды оқытуға қолдау көрсетуге дайын. Сонымен қатар, теміржол мамандығына баулитын балалар үйірмесін құру жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/893661
Ғалымдар Қазақстанның әскери тарихының өзекті мәселелерін талқылады 30.11.2024
Қарулы күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Әскери-тарихи мұражайында жыл сайынғы халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.Оған әскери тарих, археология, этнография, мұрағат ісі, мұражайтану саласын зерттеушлер, қоғам қайраткерлері, сондай-ақ Ресей, Қырғызстан, Польша, Әзербайжан және Италия елдерінің өкілдері қатысты.Зерттеушілер әскери мұраны зерделеу мен мұрағат жұмысының проблемалық аспектілерін қозғады. Сондай-ақ, қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы, қазақстандық жауынгерлердің фашистік басқыншыларды жеңуге қосқан үлесі және әскери тарихтың басқа да мәселелері туралы айтылды. – Ұлы Отан соғысындағы қазақстандықтардың даңқы мен рөлі тарихымыз бен ұрпақ үшін өте маңызды. Қазақ халқы ежелгі заманнан бері барлық шайқастарда ерлік пен табандылықтың лайықты үлгісі болған. Мәселен, Шығыс халықтарының арасында қазақтар Кеңес Одағының Батырларының саны бойынша бірінші орында тұр. Тарихта әлі де көптеген ақ ақтаңдақтар бар. Хабарсыз кеткен адамдар әлі де көп. Біз қанша қазақстандық тұтқында болғанын білмейміз. Сондықтан Ұлы Отан соғысы тарихына әлі нүкте қойылған жоқ, – деп атап өтті Ғылым және жоғары білім министрлігі Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары тарих ғылымдарының докторы Аяған Бүркітбай.Бұл тұрғыда ғалымды Астана қаласындағы әзірбайжандардың «Хазар» этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Махир Мұхтароғлы қолдады. Ол Ұлы Отан соғысының тарихын және Қазақстанның Жеңіске қосқан үлесін терең зерттеу қажеттігін атап өтті. Польша Республикасының әскери атташесі подполковник Александр Сухенек қазақстандық тарапқа тығыз ынтымақтастық үшін алғысын білдіріп, әскери тарих мәселелерінің отандастары үшін маңыздылығын атап өтті. Варшавадан онлайн режимде доктор Ева Ковальска «Ұлттық есте сақтау институтының іздеу және сәйкестендіру бөлімінде жүргізілген Шығыстағы поляктардың ескерілмеген Жерлеу орындарын зерттеу» атты баяндама жасады.Конференцияда әскери мұражайларды дамыту және Қарулы күштердің жауынгерлік дәстүрлері негізінде жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу мәселелері талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/893660
Алматыда Қазақстандағы ЮНЕСКО мәдени мұраларын қорғау бойынша перспективалық жоспарлар талқыланды 30.11.2024
Абай атындағы ҚазҰПУ-да ЮНЕСКО қорғауындағы Қазақстанның тарихи және мәдени мұрасын қорғау жөніндегі жұмыс тобының екінші отырысы өтті.Жиынға ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева төрағалық етті.Отырысқа облыс әкімдерінің орынбасарлары, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының мүшелері, сондай-ақ ғалымдар, археологтар мен қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.Қатысушылар материалдық емес мәдени және дүниежүзілік мұраны қорғау шараларын жақсартуға бағытталған іс-шаралар жоспарын, сондай-ақ ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» халықаралық бағдарламасын жүзеге асыру мәселелерін талқылады.Аида Балаева ЮНЕСКО Конвенцияларымен бекітілген міндеттемелерді орындаудың маңыздылығын атап өтті. Министр барлық деңгейлерде үйлесімді жұмыс қажеттігін және материалдық емес мәдени мұраны анықтау мен дамыту дағдылары бойынша кадрларды даярлау үшін білікті сарапшыларды тартудың маңыздылығын айтты.«Ең алдымен, мамандардың біліктілігін арттыру бойынша жұмысты күшейтуіміз қажет. Оқыту мазмұнды және пайдалы болуы тиіс. Жедел түрде оқу модульдерін дайындап, өңірлік және орталық деңгейде курстар өткізуге кірісуіміз керек», – деді министр.Қазақстанның Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі Ұлттық комитеті төрағасының орынбасары Рүстем Мұзафаров, Қазақстанның Дүниежүзілік мұрасы жөніндегі комитеттің төрағасы Гүлмира Мұхтарова және ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» бағдарламасы бойынша Ұлттық комитетінің төрағасы Ғазиза Нұрғалиева қатысушыларға өз жұмыс жоспарларын ұсынды.Жоспар аясында жергілікті атқарушы органдардың мамандары мен этномәдени бірлестік өкілдерінің біліктілігін арттыру, сондай-ақ материалдық емес мәдени мұраны зерттеу және насихаттау қарастырылған.Қатысушылар пікір алмасып, алдағы жұмыстың басым бағыттарын айқындады.Жиын соңында ұсынылған шараларды енгізу, барлық мүдделі тараптардың күш-жігерін үйлестіру және Қазақстанның мәдени мұрасын қорғау бойынша іс-шаралар кешенін тиімді жүзеге асыру үшін нақты ұсыныстар әзірлеу мәселелері талқыланды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/893662
«Шашбаулым»: Астаналық бойжеткендер арасында танымдық-этнографиялық байқау өтті 30.11.2024
Елордада «Қара шаңырақ» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Шашбаулым» танымдық-этнографиялық сайысы өтті. Осымен екінші жыл қатарынан өткізіліп отырған сайыста жоғары оқу орындары мен колледждерде оқитын 16 ару бақ сынады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.Ұлттық дәстүрді ұлықтау мақсатында бұрымды қыздардың «Шашбаулым» байқауы Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы және «Руханият» мемлекеттік мекемесінің қолдауымен өткізіліп отыр. Биылғы сайыстың бір ерекшелігі байқауға жоғары оқу орындары студенттері де қатыстырылды.«Ұлттық құндылықтарымыз құнсызданып, рухани құлдыраған қоғамға аса қажет, тәрбиелік мәні зор бұл іс-шараның маңызы орасан. Қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық секілді жан-жақты ұлттық қасиеттерді дәріптеу, қыздардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін анықтау, ұзын шашты бойжеткендердің бұрымдарын насихаттауға бағытталды. Сондай-ақ қыздарды мәдени-этикалық, рухани-танымдық құндылыққа тәрбиелеу, қазақ халқының әдет-ғұрпы арқылы қыз бала тәрбиесіне тән қасиеттерді бойына сіңіру, ұлтымыздың сaлт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптaрын, ұлттық киімді заманға сай жаңғырту, жастар арaсында насихaттау, ұлтымыздың уызын, нәрін, сәнін бойжеткендеріміздің бойына сіңіру – сайыстың басты идеясы», - деді «Қара шаңырақ» қоғамдық бірлестігінің директоры Тұрар Шәкен.Қатысушылар үш кезең бойынша бақ сынасты. Алдымен «Мен қазақтың қызымын» кезеңінде қыздар өздерін таныстырып, «Өнерлі болсаң, озып көр» атты екінші бөлімде халық билерін, вокалдық нөмірлерді және өзге де қойылымдарды көрсетіп, көпшілікке өз өнерлерін паш етті. Соңғы бөлім «Ұлттық құндылығым – рухани қазынам» деп аталып, қатысушыларға ұлттық құндылыққа қатысты зияткерлік сұрақтар қойылды.Тартысты сайысқа алғаш рет қатысқандардың арасында А.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының студенті Сандуғаш Лес болды.«Мен Тарих факультетінің 1 курс студентімін. Өз оқу орнымда белсенді білім алушылардың бірімін, сондықтан осы сайысқа жоғары курс студенттері мені ұсынды. Сайысқа қатысушылардың бәрі – ақылына көркі сай арулар. Өз басым, бүгінгі қазақтың қызы осындай болуы керек деп білемін. Қазақылық тек сырт келбетпен ғана емес, жан дүниенің бай болуымен, ұлтжандылықпен өлшенеді деп есептеймін», - деді қатысушы.Байқау нәтижесі бойынша бас жүлдені Сервис және туризм колледжінің студенті Наргиз Маликова жеңіп алды. Оған белгілі зергер Берік Әлібайдың қолынан шыққан ұлттық туынды, бағалы бұйым – күміс шашбау табысталды. Ал 1-орынды иеленген Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің студенті Әдемі-ай Исламға зергердің туындысы – тұмарша берілді. 2-орынды С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің студенті Аружан Әбілмансұрова алып, оған күміс жиынтық сыйға тартылды. 3-орынды Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттері Әсия Абдоллаева мен Айша Жанділдаева өзара бөлісіп, оларға күміс сырға табыс етілді.Өзге арулар бірқатар номинациялар бойынша ерекшеленіп, олар құстұмсық жүзік пен қазақы нақыштағы «Қазақша сөйлейік» топтамасының экодорбаларымен марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/893656
«Тәуелсіздер»: Астанада есірткіге қарсы күрес туралы драма ұсынылды 30.11.2024
М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында нашақорлықтың алдын алуға және есірткі қылмысына қарсы іс-қимылға арналған «Тәуелсіздер» деректі драмасының премьерасы өтті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Қойылым елордада есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді жоспарды және нашақорлықтың алдын алу жөніндегі «Астана - есірткісіз қала» акциясын іске асыру шеңберінде ұсынылды.Премьераға елорда әкімінің орынбасарлары Есет Байкен мен Ерік Мейірханов, Парламент Мәжілісінің депутаттары, қалалық басқармалардың өкілдері, қоғам қайраткерлері қатысты.«Есірткіні қолданудың қайғылы салдарын жастарға жеткізу үшін есірткі бизнесіне қарсы насихаттың кез келген түрін қолдану қажет. Бұл жағдайда - театр. Ол адамдарды тартудың орталығы болып саналады және менің ойымша, жастар тағылымды спектакльді тамашалайды», - деп атап өтті ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Елнұр Бейсенбаев.Деректі драма белгілі бір себептермен тәуелділікке ұшыраған адамдар туралы болды. Көрермен өзін-өзі құрдымға жіберген қынжылтатын алты оқиғаны көрді.«Сценарий жазу кезінде мен көптеген эмоцияны бастан өткердім. Бұл ауырсыну, ашулану және үмітсіздік. Сәттер толық күйреу болды. Есірткіге тап болған және өмірін құртқан адамдардың алты шынайы оқиғасы көрерменге есірткінің зұлымдық екенін анық көрсетуі керек», - деп атап өтті деректі драманың режиссері Олег Федоренко.Драма нақты оқиғаларға негізделген. Жас режиссер шығармашылық объективі арқылы өз өмірі туралы ойлануға мәжбүр ететін және рухани құндылықтар мен моральдың өткір мәселелерін көтеретін оқиғаларды жеткізді.«Тәуелсіздер» деректі драмасы - бұл жай ғана спектакль емес, жас ұрпақты зиянды тәуелділіктен қорғауға және қоғамдағы рухани құндылықтарды нығайтуға бағытталған әлеуметтік жоба.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/893657
Елімізде «Өрт қауіпсіздігі айлығы» басталады 30.11.2024
Республикада өрттердің алдын алу мақсатында 1 желтоқсаннан бастап Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов «Өрт қауіпсіздігі айлығы» жариялады.Айлық шеңберінде жылыту кезеңінен және алдағы мерекелерден (Тәуелсіздік күні және жаңа жыл күні) қауіпсіз өтуге бағытталған іс-шаралар кешені жоспарланған, оның ішінде:- тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша азаматтарды хабардар ету;- адамдардың жаппай болуымен объектілерде эвакуациялық жаттығулар өткізу;- жаңа жылдық іс-шараларды ұйымдастыру кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіру бойынша адамдар жаппай болатын объектілердің иелерімен кездесулер өткізу;- жаңа жылдық мерекелік іс-шаралар, оның ішінде салют өткізу және пиротехникалық бұйымдарды сату орындарында профилактикалық іс-шаралар өткізу;- тұрғын үй қорында өрт хабарлағыштарын, улы газ датчиктерін және газ талдағыштарды орнату мониторингі, сондай-ақ олардың іске қосылу фактілері;- газ баллонды жабдықпен жарақтандырылған көлік құралдарын қауіпсіз пайдалану мәселелерін жарықтандыру;- және т. б.Барлық туындаған сұрақтар бойынша сіз жақын маңдағы Төтенше жағдайлар бөлімшесіне (ТЖД, ТЖ басқармасы мен бөлімдері) немесе ресми сайтқа жүгіне аласыз https://www.gov.kz/memleket/entities/emer және әлеуметтік желілердегі беттер t.me / instagram / tiktok / youtube. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/893655
Астана емханаларындағы Face ID жүйесі: жаңашылдық қалай жұмыс істейді 30.11.2024
Астананың 47 емханасында пилоттық жоба басталды, оның аясында медициналық мекемелерде пациенттерді сәйкестендіру үшін цифрлық технологиялар енгізілуде. Олардың арасында №7 Қалалық емхана да бар, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты Elordainfo.kz-ке сілтеме жасап.Биометриялық сәйкестендіру жүйесі осы жылдың 1 қарашасында медициналық мекемеге енгізілді. Инновацияның негізгі элементтерінің бірі - қабылдау кезінде пациенттің жеке басын растау үшін Face ID технологиясын қолдану, сондай-ақ eGov мобильді қосымшасы арқылы алынған 6 таңбалы нөмір арқылы тексеруден өту мүмкіндігі.Науқас дәрігердің қабылдауына келгенде, жұмыс үстелінде орналасқан шағын камера оның бетін сканерлейді және Damumed кешенді медициналық ақпараттық жүйесінің дерекқорымен салыстырады. Егер фотосуретте сәйкестік орнатылмаса, пациенттен eGov қосымшасына кіріп, арнайы кодты атау сұралады. Егер деректер сәйкес келмесе, қабылдау есептелмейді."Бұл жүйе пациенттің қауіпсіздігі тұрғысынан өзін дәлелдеді. Пациентті сәйкестендіру әлдеқайда жеңілдеді, сонымен қатар біз деректерді жеке куәлікпен салыстырамыз", - деді емхананың пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметінің басшысы Ақдидар Уәлиева.Елорданың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, жүйе пациенттердің келуі туралы есептілікті бұрмалау мүмкіндігін қоспағанда, көрсетілген медициналық қызметтерді дәл тіркеуді қамтамасыз етеді. Бұл өз кезегінде бюджет қаражатының да, сақтандырылған азаматтар төлеген қаражаттың да мақсатсыз жұмсалуын болдырмауға көмектеседі.Басқарма пациенттерді деректердің бұзылуы мүмкін емес деп сендірді — тіркелген фотосурет сәйкестендірілгеннен кейін автоматты түрде жойылады және медициналық ақпараттық жүйеде сақталмайды.Пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде медициналық ұйымдарда пациенттерді қолдау қызметінің жұмысы ұйымдастырылды, онда мамандар барлық қажетті ақпаратты беруге және туындаған сұрақтарға жауап беруге дайын.Жаңа жүйенің арқасында қоғамның денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімі артады деп жоспарлануда. Пациенттер өздерінің мобильді қосымшаларында ұсынылмаған деп санайтын медициналық жазбаларды табуды тоқтатады.Жобаға әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен шарт жасасқан қалалық ұйымдар да, жеке клиникалар да қатысады. Жыл соңына дейін пилоттық жоба Астанада алғашқы нәтижелерді береді, ал 1 қаңтардан бастап жүйені республиканың барлық аумағына кезең-кезеңімен кеңейту жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/893602