Әлем
МКК кері байланысты ескере отырып, Cалық төлеушінің кабинетін жетілдіруде 09.05.2026
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті бухгалтерлер мен салық төлеушілерден келіп түскен ұсыныстарға талдау жүргізді. Олардың негізінде есеп беруді оңайлататын және жүйені ыңғайлы ететін жаңартулар пакетін іске асырды:Қателермен жұмыс істеуді оңтайландыру. Енді СЕН-ді толтырған кезде барлық қателер нақты ашық жолға дереу өту мүмкіндігімен бірыңғай тізімде көрсетіледі. Бұл деректерді түзету процесін едәуір жылдамдатады.Басып шығарудың бастапқы форматы. Классикалық интерфейсте толтырудың кез-келген кезеңінде СЕН басып шығару нысанын қарау іске асырылады.Жеке шоттардың икемділігі. МКО немесе ЖӨӨБ кодын міндетті түрде көрсетпей жеке шоттарды қалыптастыру мүмкіндігі пайда болды. Жеке шотты қарау енді БСК бойынша мемлекеттік кірістер басқармалары немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдары бөлінісінде қолжетімді.Құрылымдық бөлімшелерді қолдау. Бұрын қол жетімді болмаған құрылымдық бөлімше бойынша жеке шотқа сұрау салу функциясы енгізілді.Журналдардың ақпараттылығы. Сұрау салуларды өңдеу нәтижелерінің журналы жетілдірілді. МКО/ЖӨӨБ ашық жолы, есепті кезең, нақты жіберу және жауап алу уақыты қосылды. Жүйені жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда, сындарлы ұсыныстар назарға алынып, жаңартулардың негізіне алынады. Пайдаланушыларға ыңғайлы болу және туындаған мәселелерді жедел шешу үшін бірнеше байланыс арналары қарастырылған:СӘИЖ. СӘИЖ интерфейсінде «Қолдау» → «Кері байланыс» бөліміне өтіңіз. «МКК АЖ қолдау қызметі» түрін таңдаңыз, жағдайды сипаттаңыз және скриншоттарды тіркеңіз. Өтінімнің мәртебесін «Менің өтініштерім» бөлімінде бақылауға болады.Telegram арнасы - @finQoldauE-mail. knpsd@ecc.kz.-ке сипаттама мен тіркемелері бар хат жолдаңыз. Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеушілерге кері байланыс және цифрлық сервистерді дамытуға қосқан сындарлы үлесі үшін алғыс білдіреді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1216035?lang=kk
Банктерден ақпарат алынғаннан кейін мемлекеттік кірістер органдары қандай шаралар қолданады? 09.05.2026
Банктерден ақпарат алынғаннан кейін мемлекеттік кірістер органдары қандай шаралар қолданады?Жауап:Екінші деңгейдегі банктерден мәліметтер алынғаннан кейін мемлекеттік кірістер органдары іс-шараларды екі кезеңде жүзеге асырады.Бірінші кезең – салық төлеушіні хабардар ету.Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 93-бабына сәйкес салық органдары салық төлеушіні табыс алу белгілерінің бар екендігі туралы хабардар етеді.Осы мақсатта салық төлеушіге хабарлама (извещение) жіберіледі, ол ақпараттық сипатқа ие және жауап беруді талап етпейді.Екінші кезең – бақылау шаралары.Бұдан әрі, негіздер болған жағдайда, мемлекеттік кірістер органдары Қазақстан Республикасының Салық кодексінде көзделген тәртіппен камералдық бақылау жүргізеді.Камералдық бақылау нәтижелері бойынша сәйкессіздіктер анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 137-бабына сәйкес салық төлеушіге хабарлама (уведомление) жолданады.Хабарламаны орындау оны тапсырған күннен кейінгі күннен бастап 30 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1216042?lang=kk
Жеке тұлға жеке кәсіпкер ретінде тіркелген болса да, оның аударымдары туралы мәліметтер салық органдарына беріле ме? 09.05.2026
Жеке тұлға жеке кәсіпкер ретінде тіркелген болса да, оның аударымдары туралы мәліметтер салық органдарына беріле ме?Жауап:Иә, белгіленген критерийлерге сәйкес келетін барлық жеке тұлғалар бойынша мәліметтер мемлекеттік кірістер органдарына ұсынылады.Бұл ретте жеке тұлғаның жеке кәсіпкер ретінде тіркелген-тіркелмегені ескерілмейді, себебі бақылау кәсіпкерлік қызметке арналмаған банк шоттарына түскен ақша қаражаттарына қатысты жүргізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1216061?lang=kk
Бейімбет Майлин ауданында Отан қорғаушылар күні мерекелік концертпен аталып өтті. 09.05.2026
Салтанатты шара 6 мамыр күні Елубай Өмірзақов атындағы мәдениет үйінде өтті. Мереке ел тыныштығы мен қауіпсіздігін күзетіп жүрген жандарға құрмет пен алғыс білдіру мақсатында аудан тұрғындары мен погон таққан қызметкерлерді бір арнаға тоғыстырды.Әскери қызметті таңдаған азаматтар әрдайым ар-намыс, ерлік, батылдық және өз халқына адал қызмет етудің символы болып келеді. Дәстүр бойынша шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын салтанатты түрде сахнаға алып шығумен басталды.Мерекелік жиында аудан әкімі құттықтау сөз сөйлеп, патриотизм мен Отанға деген адалдықтың маңыздылығын атап өтті.Бұл күні облыс және аудан әкімінің Құрмет грамоталарымен, сондай-ақ аудан әкімінің Алғыс хаттарымен ауданның бірқатар тұрғындары марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1216078?lang=kk
Отан қорғаушы күнінде әскери қызметшілер баспаналы болды 09.05.2026
Отан қорғаушы күніне орай Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов әскери қызметшілерге Жоғарғы Бас Қолбасшының атынан жаңа пәтерлердің кілттерін табыстады.Бұл игі шара – ел қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген азаматтарға көрсетілген құрмет пен қолдаудың айқын көрінісі.- Бұл Отан қорғаушыларға мемлекет тарапынан жасалған шынайы құрмет пен қамқорлық белгісі. Әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайы әрдайым назарда. Бүгінгі табысталған пәтерлер – сіздер жасаған қажырлы еңбекке берілген лайықты баға. Жауынгердің жеңісі – оның артындағы тылына байланысы, ол тыл - отбасы. Әскери қызметті адал атқару үшін, әлеуметтік жағдайға жалтақтап артқа қарамау өте маңызды. Бүгін Мемлекет басшысы атынан сіздерге жаңа пәтер кілттерін табысталды. Әр шаңырақта ертең ел тізгінін ұстайтын, Отанына адал қызмет ететін ұлықты ұрпақ өсіп-жетіледі деп сенемін. - деді Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов.ҚР Қорғаныс министрлігі Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаев те әскери қызметшілерді қоныстоймен құттықтады.- Бұл үй Мемлекет басшысының тарапынан сіздерге көрсетіліп отырған үлкен қамқорлық пен қолдаудың айқын көрінісі. Отанға адал қызмет етіңіздер. Айбынды армиямыздың абыройы арта берсін. Жаңа баспана құтты болсын. Әрқашан шаңырақтарыңыз биік, керегелеріңіз берік болсын - деді Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаев.Жаңа баспанаға ие болған 15 әскери қызметші мен олардың отбасылары үшін бұл ерекше қуаныш пен үлкен көмек. Жаңа үйде тұрмысқа қажет дүниенің бәрі бар. Ішіндегі жаңа жиһаз бен тұрмыстық техника да көзді қуантады.- Мен бүгін екі бөлмелі үйдің кілтін алдым. Мен және менің отбасым үшін бұл үлкен қуаныш. 11 жылдан бері әскери бөлімде телефонисші болып қызмет атқарамын. Мерекеде осындай сыйлық жасаған жоғары басшылыққа үлкен алғысымды айтамын, - деді ефрейтор Динара Бекмағамбетова.Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан мұндай қамқорлық әскери қызметтің беделін арттырып, жауынгерлердің ел алдындағы жауапкершілігін одан әрі нығайта түседі. Жаңа қоныста шашу шашылып, үлкен кісілер бата берді.- Біз үшін бүгін өте қуанышты күн. Баспаналы болдық. 6 баланың әкесімін. Мерекеде осындай керемет сыйлық жасап, көңілімізді көкке жеткізген Жоғары Бас Қолбасшыға, Қорғаныс министрлігіне алғысым шексіз. Барлық әріптестеріме жұғысты болсын, - деді 87962 әскери бөлімінің бөлімше командирі сержант Әлімжан Ырысбеков.Сержант Әлімжан Ырысбековтың кішкентай қызы Айым Рахымберді де қуанышты балалық көңіл-күйімен бөлісті.- Алақай, біз бүгін пәтер алдық. Ас үйде анам және әпкелеріммен бірге әкем мен ағаларыма тәттілер пісіреміз, - деді 6 жасар Айым Рахымберді.Бүгінде Қазақстанның айбынды армиясы батыр бабалардың даңқты жолын лайықты жалғастырып келеді. Әскери қызметшілеріміз – қасиетті Тәуелсіздігіміздің берік қалқаны. Олар еліміздің тыныштығын, жеріміздің тұтастығын қас қақпай күзетіп тұр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1216148?lang=kk
Қандай жағдайларда банктер жеке тұлғалардың мобильді аударымдары туралы мәліметтерді салық органдарына ұсынады? 09.05.2026
Қандай жағдайларда банктер жеке тұлғалардың мобильді аударымдары туралы мәліметтерді салық органдарына ұсынады?Жауап:Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 55-бабы 2-тармағының 24) тармақшасына сәйкес банк ұйымдары кәсіпкерлік қызметтен табыс алу белгілері анықталған жағдайда жеке тұлғаның банк шотына басқа жеке тұлғалардан түскен ақша қаражатының жиынтық сомасы туралы мәліметтерді ұсынады.Мұндай мәліметтер Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 қарашадағы № 698 бұйрығымен бекітілген критерийлер бір мезгілде орындалған кезде ғана беріледі.Атап айтқанда, егер жеке тұлға қатарынан үш күнтізбелік айдың әрқайсысында кәсіпкерлік қызметке арналмаған банк шотына 100-ден астам әртүрлі тұлғадан ақша алса және олардың жалпы сомасы ең төменгі жалақының 12 еселенген мөлшерінен асса, банктер бұл туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына жолдайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1216185?lang=kk
Астанада азық-түлік және қайта өңдеу өнеркәсібінің болашағы талқыланады 09.05.2026
2026 жылғы 13–15 мамыр аралығында Астана қаласындағы МВЦ EXPO Халықаралық көрме орталығында «InterFood Astana 2026» – «Азық-түлік өнімдері, сусындар, ингредиенттер, қаптама және тамақ өнеркәсібіне арналған жабдық» атты 26-шы Қазақстан халықаралық көрмесі өтеді.Көрме дәстүрлі түрде Қазақстандағы негізгі салалық алаңдардың бірі болып табылады және ол азық-түлік өндірушілерін, жабдық жеткізушілерін, қайта өңдеу өнеркәсібі өкілдерін, бөлшек сауда мен мемлекеттік құрылымдарды біріктіреді. Іс-шараға әлемнің 12 елінен шамамен 80 компания қатысады.Экспозиция азық-түлік және сусын өндірісінен бастап ингредиенттерге, қаптама шешімдеріне және тамақ өнеркәсібіне арналған заманауи технологиялық жабдықтарға дейінгі кең ауқымды бағыттарды қамтиды. InterFood Astana көрмесінің ерекшелігі — саланы кешенді түрде таныстыру, яғни өндіріс пен қайта өңдеудің толық циклін көрсету.Көп жылдан бері InterFood Astana көрмесі агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын жүзеге асыратын тиімді кәсіби алаң болып келеді.Форумның күн тәртібі елдің стратегиялық құжаттарында және Мемлекет басшысының тапсырмаларында айқындалған міндеттермен тікелей байланысты және тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібін дамытуға арналған практикалық шешімдер әзірлеуге бағытталған.Екі күн ішінде Қазақстанның ет және сүт саласына қатысты мәселелер талқыланады.Ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу, қосылған құнды арттыру, заманауи технологияларды енгізу және отандық өндірушілердің экспорттық әлеуетін кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылады.Іскерлік бағдарламаның басты оқиғасы — Қазақстандағы алғашқы халықаралық Meat & Dairy Industry Forum болады.Көрме аясында сондай-ақ Ритейл-дистрибьютор орталығы ұйымдастырылады — бұл азық-түлік жеткізушілері, сауда желілері және дистрибьюторлар арасындағы келіссөздерге арналған арнайы алаң. Бұл формат қатысушыларға тікелей іскерлік байланыс орнатуға, өткізу арналарының кеңеюіне және ынтымақтастық шарттарын талқылауға мүмкіндік береді.Сонымен қатар «Дәстүрлер сапасы» атты азық-түлік өнімдері мен сусындардың кәсіби дегустациялық байқауы өтеді. Байқау қорытындысы бойынша үздік өндірушілер алтын медальдармен марапатталады.Ұйымдастырушылардың айтуынша, InterFood Astana — тек көрме ғана емес, сонымен қатар салалық бастамаларды талқылайтын, мемлекет пен бизнес арасындағы келісілген тәсілдерді әзірлейтін және Қазақстанның тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібіндегі реформаларды іс жүзінде қолдайтын жұмыс алаңы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/1216216?lang=kk
Қорғаныс министрі Родина ауылында әскери-тарихи музей филиалын ашты 09.05.2026
Ақмола облысының Родина ауылында Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығы әскери-тарихи музейі филиалының салтанатты ашылуы өтті.Іс-шара Ұлы Отан соғысы батырларына арналған ескерткішке гүл шоғын қою рәсімімен басталды. Ескерткіште Жеңісті жақындатуға үлес қосқан 130-дан астам ақмолалықтың есімі қашап жазылған. Рәсімге Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов, Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, Халық қаһарманы генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев, Қарулы күштердің ардагерлері, қоғам өкілдері және өңір тұрғындары қатысты.Жаңа музей кешені жастарды әскери-патриоттық рухта тәрбиелеу мен тарихи жадты қалыптастыруда маңызды нысанға айналып отыр. Экспозицияда Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі қару-жарақ пен әскери техника үлгілері, архивтік материалдар, жауынгерлік тулардың түпнұсқалары, сондай-ақ Ақмола өңірінің Жеңісті жақындатуға және елдің дамуына қосқан үлесі туралы баяндайтын жәдігерлер қойылған.Әскери-тарихи музейдің филиалы «Родина» агрофирмасының бас директоры Иван Сауэрдің бастамасымен және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қолдауымен ашылып отыр.Музейді ашу ісіне Халық қаһармандары армия генералы Мұхтар Алтынбаев, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев, сондай-ақ генерал-полковник Руслан Жақсылықов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Арман Әсенов және басқа да азаматтар елеулі үлес қосты. Жобаны жүзеге асыру үшін құрамына әскери-тарихи музей қызметкерлері, ауыл тұрғындары мен «Родина» агрофирмасының мамандары кірген жұмыс тобы құрылды. Сондай-ақ, Марат Құсайынов жетекшілік ететін «Мемориалдық аймақ» іздестіру жасағы зор көмек көрсеткенін атап өту керек.Музейдің негізгі міндеті – келушілерді өңір мен Родина ауылының тарихымен таныстыру, туған өлкенің батырларының есімін мәңгі есте қалдыру, сондай-ақ олардың ерлігі мен жанқиярлығы үлгісінде жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру. Музейді ашу барысында заманауи әскери-музейлік кешендерді қалыптастырудағы озық шетелдік тәжірибе ескерілді.Музейдің ашылу салтанатында сөз сөйлеген Қорғаныс министрі ұрпақтар сабақтастығының ерекше маңызын атап өтті.– Бүгін біз жай ғана музей емес, болашақ құрметпен ұрпақ тәу етер тәрбие орнын ашып отырмыз. Мұндай жобалар арқылы жастар бейбіт өмірдің қадірін, аға буынның ерлігін және Отанға қызмет етудің маңызын тереңірек түсінетін болады. Тарих тек оқулықтарда немесе цифрлық кеңістікте ғана болмауы керек, оны көріп, сезіне білу қажет, – деп атап өтті авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов.Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың бастығы Арман Әсенов музей ісін дамыту жастардың патриоттық санасын қалыптастырудың маңызды бөлігі екеніне тоқталды.– Мұндай музейлер балалардың өткен тарихпен танысып, ата-бабаларымыздың ерлігінің нақты айғақтарын көзбен көріп, жүрекпен сезінуіне мүмкіндік беру үшін ашылады. Патриоттық сезім өз тарихына, мәдениетіне және аға буынның ерлігіне деген құрмет арқылы қалыптасады. Келешекте осындай музейлер еліміздің барлық ауылдарында ашылуы үшін бар күшімізді саламыз, – деді ол.Музейге 100-ден астам жәдігер қойылған. Олардың қатарында 1939-1944 жылдары шығарылған 16 әскери техника бар. Атап айтқанда, бронды техника, артиллериялық жүйелер, ұшақ үлгілері, атыс қарулары және әскери тұрмысқа қатысты заттар. Көптеген жәдігерлер бұрын Қарулы күштер әскери-тарихи музейінің қорында сақталған.Экспозицияның жекелеген бөлімдері ақмолалық батырларға, соғыс жылдарындағы тыл еңбеккерлерінің ерлігіне, сондай-ақ өңір мен Қазақстан Қарулы күштерінің дамуына арналған.Іс-шара Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының шығармашылық ұжымы мен «Жас сарбаз» балалар студиясының өнер көрсетуімен аяқталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1216244?lang=kk
Қазақстан делегациясы 2-ші Наровал бейбітшілік диалогына қатысты 09.05.2026
Наровал, 2026 жылғы 5-6 мамыр – 2026 жылғы 5-6 мамыр күндері Наровал қаласында Пәкістанның Жоспарлау, даму және арнайы бастамалар жөніндегі федералдық министрі Ахсан Иқбалдың бастамасымен 2-ші Наровал бейбітшілік диалогы (2nd Narowal Peace Dialogue) өтті.Іс-шара Пәкістан, Қазақстан, Сауд Арабиясы, Тунис, Марокко, Иордания және АҚШ елдерінен келген саясаткерлерді, ғалымдарды және теологтарды біріктірді. Атап айтқанда, форумға Марокконың бұрынғы Премьер-министрі доктор Саад Дин Әл-Отмани, Тунистегі Әз-Зәйтуна университетінің президенті проф. д-р Абдельлатиф Буазизи, Иорданиядағы Халықаралық ұстамдылық форумының Бас хатшысы Марван Авад Нуайран Әл-Фаруди, MAVERA қоры жанындағы Үнді субконтинентін зерттеу орталығының негізін қалаушы әрі төрағасы Абдулхамит Биришик, АҚШ-тағы Халықаралық Құран зерттеулері қауымдастығының (IQRA) президенті проф. д-р Сафи Каскас, Азия аймағындағы Иса Мәсіх шіркеуінің өкілі Келли Джонсон, Халықаралық ислам университетінің президенті проф. д-р Ахмад Саад Әл-Ахмед және басқа да тұлғалар қатысты.Қазақстан тарапынан форумға Басқарма төрағасы Гүлсана Қожабай бастаған Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығының делегациясы қатысты.Сонымен қатар, форумға құрметті қонақ ретінде Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин қатысты.Жалпы, қатысушылар бейбіт диалогты нығайтуға бағытталған аталған бастаманың өзектілігі мен маңыздылығын атап өтті.Өз сөзінде Г.Қожабай қақтығыстардың алдын алу және мәдениеттер арасындағы өзара түсіністікті нығайту үшін тұрақты дінаралық диалогтың маңызын атап өтті. Ол Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі 20 жылдан астам уақыт ішінде жаһандық поляризация жағдайында да диалогты сақтауға мүмкіндік беретін бірегей алаңға айналғанын айтты. Сондай-ақ Халықаралық орталық климаттың өзгеруі және діни саладағы жасанды интеллект этикасы мәселелерін қоса алғанда, практикалық бастамалар бойынша жұмысты жалғастырып жатқаны атап өтілді.Өз кезегінде Елші Е.Қыстафин Қазақстан мен Пәкістан осындай бастамаларды іске асыруда ежелден серіктес екенін атап өтті. Атап айтқанда, Пәкістан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің, сондай-ақ Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің белсенді қатысушысы болып табылады. Бұл құрылымдардың басты мақсаты - бейбіт диалогты нығайту.Өз сөзінде Елші сондай-ақ қатысушыларды Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың ағымдағы жылғы 3-4 ақпандағы Пәкістанға мемлекеттік сапарының негізгі қорытындылары туралы хабардар етіп, қол жеткізілген уағдаластықтарды және осындай жобаларды бірлесіп ілгерілету қажеттігін атап өтті.Іс-шара аясында Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы мен Наровал университеті арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.Қазақстан Елшілігі Наровал университетінің Вице-канцлері проф. д-р Мұхаммад Зия уль-Хаққа қазақстандық делегацияға көрсеткен қонақжайлығы және іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіреді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1216386?lang=kk
Раздольное ауылында ескерткішке косметикалық жөндеу жүргізілді 09.05.2026
Миролюбовка ауылдық округінің Раздольное ауылында Ұлы Отан соғысының қатысушыларына арналған обелиске косметикалық жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жұмыс барысында қоршаудың лак-сырлау қабаты жаңартылып, гүлзарлар ағартылып, постамент тазартылып, қоршаған аумақ жақсартылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-mirolubovka/press/news/details/1216435?lang=kk
Қазақстан GovTech4Impact 2026 халықаралық конгресінде өзінің GovTech экожүйесін таныстырды 09.05.2026
Мадрид, 2026 жылғы 6-7 мамыр – Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Д. Мун Испанияға сапары аясында GovTech4Impact 2026 халықаралық конгресіне қатысты.Іс-шара барысында қазақстандық тарап мемлекеттік басқаруды цифрландыру, GovTech инфрақұрылымын дамыту, жасанды интеллектіні енгізу және деректерге негізделген мемлекеттік басқару саласындағы тәжірибесін таныстырды. eGov, Smart Data Ukimet (SDU), проактивті мемлекеттік қызметтер және азаматтар мен мемлекеттік органдарға арналған AI-ассистенттер саласындағы шешімдерге ерекше назар аударылды.Іс-шараның негізгі бөлімдерінің бірі Д. Мун мен Мадрид автономиялық қауымдастығының цифрландыру жөніндегі өңірлік министрі Мигель Лопес Вальвердемен қатысқан панельдік пікірталас болды. Тараптар цифрлық мемлекеттің эволюциясын, мемлекеттік сектордағы жасанды интеллектіні қолдануды, цифрлық егемендік пен халықаралық GovTech ынтымақтастығын талқылады.Өз сөзінде Д. Мун Қазақстан соңғы жылдары өңірдегі ең дамыған цифрлық мемлекеттік экожүйелердің бірін қалыптастырғанын атап өтті. Оның құрамына 1300-ден астам цифрлық мемлекеттік қызмет, 400-ден астам мемлекеттік ақпараттық жүйе, ұлттық AI-платформа және бірыңғай мемлекеттік Data Lake кіреді. Осы контексте тараптар бірлескен GovTech Lab бастамасын құру мәселесін де талқылады. Жоба тұжырымдамасына сәйкес, бұл зертхана Орталық Азия мен Еуропа арасындағы алғашқы екіжақты GovTech алаңдарының біріне айналуы мүмкін.Сонымен қатар, қазақстандық делегация Digital Week AI – Cluster IA Madrid іс-шараларына қатысып, испандық инновациялық экожүйе өкілдерімен және технологиялық компаниялармен кездесулер өткізді. Тараптар практикалық ынтымақтастықты әрі қарай дамытуға және бірлескен пилоттық бастамаларды іске қосуға қызығушылықтарын растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-madrid/press/news/details/1216436?lang=kk
ҚР Сауда вице-министрі Жанель Кушукова Ақтөбе облысының өнеркәсіптік әлеуетімен танысты 09.05.2026
Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Жанель Кушукова бизнес өкілдерімен кездесіп, өңірдегі бірқатар ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарды аралады.Сапар аясында сауданы дамыту, отандық тауар өндірушілерді қолдау, саланы цифрландыру және экспорттық әлеуетті кеңейту мәселелері талқыланды.Вице-министр «Зерде-Керамика Ақтөбе», Ақтөбе рельс-арқалық зауыты, «Alash Engineering Technology» ЖШС және «Қазақстандық мұнай жабдықтары зауытының» жұмысымен танысты. Өңір кәсіпорындары ішкі нарық үшін өнім шығарып, оны ТМД елдеріне, Түркияға және басқа да мемлекеттерге экспорттайды.Сапар қорытындысы бойынша Ақтөбе облысының жоғары өнеркәсіптік және инвестициялық әлеуетке ие екені, ал іске асырылып жатқан жобалар шикізаттық емес экспортты дамытуға және жаңа жұмыс орындарын құруға септігін тигізетіні атап өтілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1216439?lang=kk
Әскери оркестр елордалықтарға тамаша мерекелік көңіл-күй сыйлады 09.05.2026
Астанада Отан қорғаушы күніне орай Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Орталық әскери оркестрінің шығармашылық ұжымы қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше мерекелік бағдарлама ұсынды.Мерекелік шара Хан Шатыр сауда ойын-сауық орталығы маңында бастау алды. Әскери оркестр салтанатты маршпен жүріп өтіп, Қазақ радиосы көшесі бағытындағы алаңға дейін танымал әуендерді орындады. Музыкалық шеру қала тұрғындарының назарын аударып, мерекелік атмосфера қалыптастырды.Әскери музыканттар Н. Тілендиевтің шығармаларын, «Алматы» (В. Парпибаев), «Амангелді» және «Қазақ маршы» (Н. Самохвалов), «Сарбаздар» (Н. Қошқаров), «Дикси» (Л. Гурьянов) және қазақ әндерінен құралған попурриді орындады.– Бүгін Орталық әскери оркестр бірнеше көпшілік орында өнер көрсетті. Халыққа мерекелік көңіл-күй сыйлағымыз келді. Барша қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен шын жүректен құттықтаймын. Еліміз тыныш, шекарамыз берік, аспанымыз ашық болсын, – деді Орталық әскери оркестрдің аға дирижері майор Нұрлан Қошқаров.Көрермендер әскери оркестрдің өнерін ерекше ықыласпен қабылдады.– Түркістаннан қыдырып келдік. Осындай әскери оркестрдің өнерін алғаш рет көруім. Әсіресе маршпен жүріп келе жатып орындаған әуендері қатты әсер етті. Мерекелік көңіл-күй сыйлаған әскерилерге алғыс айтамын, – деді қала қонағы Қыздаркүл Абдулатип.Әскери оркестрдің мұндай музыкалық шерулері Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың игі дәстүріне айналып, ел ішіндегі патриоттық рухты нығайтуға үлес қосып келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1216451?lang=kk
Қызылорда облысында газ шығынын есепке алу кезінде заң бұзушылықтар анықталды 09.05.2026
ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті «Кристалл Менеджмент» АҚ-да жоспардан тыс тексеру жүргізді. Оған «Ақшабұлақ» кен орнындағы газ шығынын өлшеу жүйесіндегі ықтимал заңбұзушылықтар туралы өтініш негіз болды.Тексеру барысында компания пайдаланатын газ шығынын өлшеу жүйесі (есепке алу торабы) міндетті метрологиялық аттестаттаудан өтпегені және өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесінің мемлекеттік тізіліміне енгізілмегені анықталды.Заңнамаға сәйкес мұндай жүйелер міндетті түрде тексеруден өткізіліп, тіркелуге жатады. Оларды тиісті процедураларсыз пайдалану тауарлық газ көлемін өлшеудің дәлдігіне күмән келтіруі және бақыланбайтын шығындарға әкелуі мүмкін.«Газды есепке алу жүйесін сәйкестікті растаудың міндетті рәсімдерінен өткізбей пайдалану өлшеулердің дәлдігіне күмән келтіреді және жеткізілген газдың нақты көлемі туралы деректерде алшақтықтарға әкелуі мүмкін», - деп атап өтті төраға орынбасары Бауыржан Касымов.Тексеру қорытындысы бойынша «Кристалл Менеджмент» АҚ-на қатысты «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заң талаптарын бұзу анықталды. Компания әкімшілік жауапкершілікке тартылды: 670 375-теңге көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/1216457?lang=kk
Құрметті ардагерлер! Құрметті тыл еңбеккерлері! Қала тұрғындары! 09.05.2026
Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! Әрбір қазақстандық үшін бұл мереке батылдықты, еркіндікті және бейбітшілікті білдіреді. Біз ардагерлердің қаһармандығына және тылда Жеңісті жақындатқан жандардың жанқиярлық еңбегіне тағзым етеміз.Осындай жоғары бағамен келген бейбітшілік - біздің сақтауға тиіс ең қымбат құндылығымыз. Батырлыққа толы сол жылдардың мұрасы бізді жасампаздыққа жігерлендірілсін, ал бірлік пен келісім Қазақстанымыздың дамуының мызғымас негізі болсын.Сізге және жақындарыңызға ұзақ ғұмыр, болашаққа деген сенімділік және отбасылық жылулық тілеймін. Ұлы Жеңіс күні мерекесі құтты болсын! Өскемен қалалық мәслихатының төрағасы А. СветашАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ukmaslihat/press/news/details/1216459?lang=kk
Бангкокта БҰҰ ЭСКАТО-ның 82-сессиясының қорытындылары мен Қазақстанның су қауіпсіздігі бастамалары талқыланды 09.05.2026
2026 жылғы 5 мамыр, Бангкок - БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхиты үшін Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (БҰҰ АзТМЭӘК) Атқарушы хатшысының орынбасары Лин Янг және БҰҰ АзТМЭӘК Атқарушы хатшысының Аппаратындағы бас лауазымды қызметкер Митчелл Хсие қатысуымен кездесу өтті.Кездесу барысында БҰҰ АзТМЭӘК-ның жақында аяқталған 82-сессиясының қорытындылары талқыланып, оның практикалық сипаты және Азия-Тынық мұхиты өңірінде өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған қол жеткізілген келісімдер атап өтілді. Цифрландыру, тұрақты даму және көпжақты ынтымақтастықты кеңейту салаларында қабылданған шешімдерге ерекше назар аударылды.Сондай-ақ қол жеткізілген уағдаластықтарды одан әрі іске асыру, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық дамудың кең ауқымды бағыттары бойынша бірлескен жобалар жөнінде пікір алмасу өтті.Өз кезегінде 2026 жылғы 22–24 сәуір аралығында Астана қаласында өткен Өңірлік экологиялық саммиттің қорытындылары туралы ақпарат берілді. Саммит аясында су қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған бастамалар талқыланып, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасы бойынша жаңа Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі халықаралық консультациялардың алғашқы кезеңі өтті.Сонымен қатар аталған іс-шара шеңберінде жаһандық су ресурстарын басқарудың болашақ архитектурасы, болашақ институттың мандаты мен функциялары, сондай-ақ су саласындағы күн тәртібін үйлестірудегі БҰҰ-ның рөлі мәселелері қарастырылғаны атап өтілді.Сондай-ақ халықаралық дипломаттарды Қазақстанда жүргізіліп жатқан ауқымды конституциялық реформалар және Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы негізінде өтетін алдағы парламенттік сайлаулар туралы хабардар етті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-thailand/press/news/details/1216479?lang=kk
Словенияда Отан қорғаушылар күні қарсаңында қазақстандық батырдың ерлігіне тағзым етілді 09.05.2026
Сежана, 2026 жылғы 7 мамыр – Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күніне орай Словенияның Сежана қаласында югослав партизандары қатарында шайқасқан қазақстандық жауынгердің қабіріне гүл шоқтарын қоюдың салтанатты рәсімі өтті. Іс-шараға Қазақстанның Словениядағы Елшісі Алтай Әбибуллаев, Сежана қаласының мэрі Андрей Сила, Қазақстанның Құрметті консулы Димитрий Пицига, қазақстандық дипломаттар, сондай-ақ Қазақстан мен Словения азаматтары қатысты.Қазақстанның мемлекеттік мерекесінде батырды еске алу рәсімінің өтуі ерекше мәнге ие. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде: «Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында жауынгерлеріміз көрсеткен ерлік пен батырлық – Отанға және адамзатқа қызмет етудің мәңгілік үлгісі», – деп атап өткен болатын.Осы тұрғыда Касым Жақыповтың (Словенияда Кассе Себеро атымен белгілі) тұлғасы – осы жерді азат ету жолында словен халқымен иық тіресе шайқасқан және фашист басқыншыларына қарсы күресте қаза тапқан барлық қазақстандық жауынгерлердің жинақталған бейнесі.Батырдың өмір жолы – жеке ерліктің әрі күрделі тарихи тағдырдың көрінісі. Архивтік деректерге сәйкес, «Кассе Себеро» есімінің ар жағында Солтүстік Қазақстан облысының тумасы Касым Жақыпов тұр, алайда зерттеулер оны Жиенше Есімсейітовпен де байланыстырады. Әлі де терең зерттеуді қажет ететін осы жауынгердің тағдыры белгілі режиссер Сергей Азимовтың көрермендерді толқытқан деректі фильмінде бейнеленген. «Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігі Словениямен ынтымақтастық орнату және іздестіру жұмыстарын үйлестіру ісіне белсенді қолдау көрсетіп келеді.Кездесудің маңызды нәтижелерінің бірі – Сежана қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысы арасында бауырластық байланыстар орнату бастамасын талқылау болды. Мэр Андрей Сила мен қазақстандық дипломаттар тарихи жадты қазіргі заманғы өңіраралық ынтымақтастықтың берік негізіне айналдыру, мәдени және гуманитарлық байланыстарды нығайту жөнінде уағдаласты.Қазақстан Елшісі Сежана тұрғындарының жауынгер қабіріне көп жылдар бойы көрсетіп келе жатқан құрметі мен қамқорлығы үшін шынайы ризашылығын білдірді. Қазақстандық сарбаздың есімі сегіз онжылдықтан кейін де словен халқы үшін туғанындай қастерленуі – адамдық ынтымақтың ең жоғары дәлелі.Рәсім соңында қатысушылар батырлардың есімі алғыс айтылған жерде ғана өмір сүретінін атап өтті. «Қазақ партизанының» ерлігі Словения мен Қазақстан тарихында өткеннің бір парағы ғана емес, бейбітшіліктің құнын және еркіндік жолында ортақ қанмен бекіген достықтың мәңгілік естелігін еске салатын тірі рухани мұра болып қала береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ljubljana/press/news/details/1216521?lang=kk
Қорғаныс министрлігі Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушылардың цифрлық дерекқорын қалыптастыруда 09.05.2026
Қазақстанда «Батырларға тағзым» ұлттық порталын құру және 1938–1945 жылдары қызыл әскер қатарына шақырылған қазақстандықтардың мұрағат деректерін цифрландыру жөнінде ауқымды жоба жүзеге асырылып жатыр.Бастама Президенттің Ұлттық құрылтайда берген тапсырмасы аясында қолға алынған.Ауқымды жұмыс ҚР Ұлттық қорғаныс университетінде жүргізілуде. Мұнда жоғары оқу орындары Қорғаныс министрлігінің Орталық мұрағатына тапсырған облыстық және аудандық әскери комиссариаттардың әскерге шақыру жөніндегі алфавиттік кітаптары өңделу үстінде.Осындай мақсатпен әскери оқу орындарын, министрліктің бейінді департаменттерін, Қарулы күштердің бөлімшелерін, Петропавл қаласындағы Ұлттық ұлан академиясын және азаматтық жоғары оқу орындарының 30 әскери кафедрасын біріктірген ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды. Құжаттарды фотолап тіркеу және оларды бірыңғай электрондық базаға енгізу жұмыстары іске асырылып жатыр.– Біздің алдымызда соғыс жылдары әскерге шақырылған 1 миллион 200 мыңнан астам қазақстандық туралы деректерді цифрлық форматқа көшіру міндеті тұр. Көптеген отбасы үшін бұл – ата-бабаларының тағдырын білуге, олар туралы естелікті сақтап, кейінгі ұрпаққа жеткізуге мүмкіндік. Бұл жұмысқа 20 мыңнан астам әскери кафедра студенттері, одан өзге әскери оқу орындарының курсанттары мен кадеттерінің жұмылуы жобаға қосымша білімдік әрі патриоттық мән беріп отыр, – деді Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары генерал-майор Асқар Мұстабеков.Алдағы уақытта цифрлық ресурс майдангерлердің ұрыс қимылдарына қатысқаны, марапаттары және өмірбаянын туралы өзге де деректерімен толықтырылады. Бұл ақпарат іздеуді жеңілдетіп қана қоймай, бұған дейін сол саланың мамандарына ғана қолжетімді болған бірегей мұрағаттық материалдарды ғылыми айналымға енгізуге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1216547?lang=kk
Қазақстан мен Таиланд серіктестікті нығайтып, экономикалық өзара іс-қимылды кеңейтуде 09.05.2026
Бангкок, 2026 жылғы 6 мамыр – Қазақстанның Таиландтағы Елшісі Марғұлан Баймұхан Таиланд Сыртқы істер министрлігінің Оңтүстік Азия, Таяу Шығыс және Африка істері жөніндегі департаментінің Бас директоры Ураса Монгколнавинмен кездесу өткізді.Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Таиланд ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын, сондай-ақ жоғары және аса жоғары деңгейлердегі алдағы бірлескен іс-шараларды дайындау мәселелерін талқылады.Тай тарапы Қазақстанмен саяси диалогты одан әрі тереңдетуге және практикалық өзара іс-қимылды кеңейтуге мүдделілігін растады. Сауда-экономикалық, инвестициялық және көлік-логистикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.Тараптар жаңа жобаларды ілгерілетуге және Қазақстан мен Таиланд бизнес өкілдері арасындағы тікелей байланыстарды кеңейтуге бағытталған бірлескен іскерлік іс-шаралар мен бизнес-форумдарды ұйымдастыру мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, екіжақты ынтымақтастықтың шарттық-құқықтық базасын одан әрі жетілдірудің маңыздылығы атап өтілді.Көлік байланысын дамыту және Қазақстанның Азия мен Еуропа арасындағы маңызды транзиттік-логистикалық буын ретіндегі әлеуетін арттыру мәселелеріне де ерекше назар аударылды.Ураса Монгколнавин Таиландтың логистика, инфрақұрылым, энергетика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, туризм және цифрлық технологиялар салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылық танытатынын жеткізді.Әңгіме барысында тараптар гуманитарлық және медициналық салалардағы ынтымақтастықтың дамуына оң баға беріп, денсаулық сақтау саласындағы практикалық өзара іс-қимыл мен тәжірибе алмасуды жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.Халықаралық күн тәртібі аясында тараптар өңірлік қауіпсіздік, АСЕАН шеңберіндегі өзара іс-қимыл және халықаралық бастамаларды ілгерілету мәселелері бойынша пікір алмасты. Қазақстан тарапы АСЕАН-ның өңірлік архитектурадағы орталық рөлін қолдайтынын растады және Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерімен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделілік білдірді.Сонымен қатар, қазақстандық дипломат тай серіктестерін халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастама, тұрақты даму мен цифрландыру салаларындағы жұмыстар туралы хабардар етті, сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберіндегі сындарлы өзара іс-қимыл үшін Таиланд тарапына ризашылығын білдірді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты серіктестікті одан әрі нығайтуға және дипломатиялық арналар арқылы тығыз жұмысты жалғастыруға бейілділіктерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-thailand/press/news/details/1216549?lang=kk
Құрметті ардагерлер мен Қазақстан тұрғындары! 09.05.2026
Құрметті ардагерлер мен Қазақстан тұрғындары!Сіздерді 9 Мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз!Бұл – ерлік пен батырлықтың, елге деген сүйіспеншілік пен жанқиярлықтың символына айналған ұлы мереке.Бейбіт өмір мен жарқын болашақ үшін жанын қиған батырлардың ерлігі ешқашан ұмытылмайды.Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, елімізге тыныштық пен береке тілейміз!Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-bilim/press/news/details/1216575?lang=kk