Enbekshi QazaQ

Әлем

Өскемен қалалық мәслихатының қалалық сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына мүшесін сайлау туралы ХАБАРЛАМАСЫ 04.09.2025
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – сайлау туралы Конституциялық заң) 10, 19-баптарына сәйкес Өскемен қалалық мәслихатының мәслихаты қалалық сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына мүшесін сайлау туралы хабарлайды.Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері мәслихатқа келесі құжаттарды ұсынады:1) белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматта сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтерді;2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар ұсыну туралы шешімінен үзінді;3) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің) тіркелгендігі туралы құжаттың көшірмесі;4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысандағы өтініші.Сайлау комиссияларының құрамдарына кандидатуралар туралы мәліметтердің, кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштің нысандары мәслихаттың сайтында орналастырылған.Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сай болуы тиіс.Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшілік-аумақтық бiрлiктің аумағында тұруға тиiс.Осы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі бір ұйымның жұмыскерлері болмауға тиіс.Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.Мәслихатқа қағаз нысанында ұсынылатын барлық құжаттар қол қойылып, мөрмен расталуы тиіс және орындалған күні, орындаушы туралы белгі тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетіліп ұсынылуы тиіс.Ұсыныстарды қабылдау 2025 жылғы 14 қазанға дейін дүйсенбіден бастап жұма аралығында сағат 09:00-ден бастап 18:00-ге дейін жүзеге асырылады, түскі үзіліс 13:00-ден 14:00-ге дейін. Өскемен қалалық мәслихатыАлександр Александрович Светаш – Өскемен қалалық мәслихатының төрағасы.Мәслихаттың орналасқан жері: Өскемен қаласы, Пермитин к-сі, 17.Жауапты тұлғалар – Бражникова Надежда Андреевна, № 205 каб., қалааралық телефон коды (87232), тел. 26-29-00, электрондық пошта мекенжайы:  na.brazhnikova@akimvko.gov.kz Өскемен қалалық мәслихаты қалалық сайлау комиссиясының мүшесін сайлайды: Р/с № Сайлау учаскесінің нөміріСайлау комиссиясының тұрған орны Сайлау комиссиясының шығып қалған мүшелерінің орнына сайланатын мүшелерінің саныҚалалық сайлау комиссиясы 1  Өскемен қаласыҚ.Қайсенов көшесі,10а1       Өскемен қалалық мәслихатыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ukmaslihat/press/news/details/1072764?lang=kk
Жаңа салық кодексіндегі жалпы өзгерістер мен жаңашылдықтары 04.09.2025
03.09.2025 года Управлением государственных доходов по Зайсанскому району проведен семинар на тему «Общие изменения и новшества в новом налоговом кодексе». На все вопросы даны ответы , предложения приняты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1061756?lang=kk
Түркия Президенті Қазақстан Ресупбликасының ІІМ Ұлттық ұлан офицеріне диплом табыстады 04.09.2025
Түркия Республикасының астанасы — Анкарада Жандармерия және жағалау күзеті Академиясы түлектерінің салтанатты шығарылымы өтті. Түлектер қатарында – Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланынының тоғыз жас офицері де бар.Іс-шараның мәртебелі қонағы ретінде Түркия Республикасының Президенті қатысты. Режеп Тайып Ердоған Ұлттық ұланның лейтенанты Асхат Сұлтанахметке Академия дипломын өз қолымен табыстады. Бұл оқиға Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастықтың айқын көрінісі болды.Түркия тарапының ресми шақыруы бойынша салтанатты рәсімге еліміздің құқықтық тәртіп әскерінен арнайы делегация қатысты. Делегацияны Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-майор Аңсаған Балтабеков бастап барды.Сапар барысында қазақстандық өкілдер Жандармерия және жағалау күзеті Академиясының жеке құрамды даярлау жүйесімен және заманауи әскери білім беру әдістемелерімен танысты. Сонымен қатар делегация Жандармерияның Логистика қолбасшылығында, арнайы мақсаттағы JÖAK бөлімшесінің оқу орталығында, сондай-ақ байланыс электрондық жүйелері мен ақпараттық жүйелерді басқару орталығын көрді.Сапар барысында Аңсаған Скендірұлы Жандармерияның Бас қолбасшысы армия генералы Али Чардакчымен кездесті.Ұлттық ұланның Бас қолбасшысының Түркияға сапары әскери саладағы екіжақты ынтымақтастықты дамытудағы маңызды қадам.Бұл сапар тәжірибе алмасуға, кәсіби байланыстарды нығайтуға және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы мен Түркия Жандармериясы арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға жол ашты. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1061772?lang=kk
Әскери қызметшілердің 300-ден астам баласы «Балдәурен» орталығының жазғы лагерлерінде демалды 04.09.2025
Жазғы демалыс – тек тынығу емес, тәрбиенің бастауы. Отан алдында абыроймен қызмет етіп жүрген әскери қызметшілердің балалары биылғы жазда ерекше қуанышқа кенелді.Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің қолдауымен және Қарулы күштер әскери қызметшілерінің отбасы мүшелерімен жұмыс жөніндегі бөлімнің ұйымдастыруымен 300-ден астам бала «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының лагерлерінде демалып қайтты.Өткен жазғы маусымда Конаев қаласындағы орталықта, сондай-ақ Түркістан, Щучинск және Балқаш қалаларындағы филиалдарда барлығы 317 бала тынығып, білім мен тәрбиеге толы қызықты күндерді өткерді.– Қорғаныс және Оқу-ағарту министрліктері арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум өз жемісін беруде. Мұнда балалар тек денсаулықтарын нығайтып қана қоймай, бойларына ұлттық құндылықтар мен патриоттық рухты сіңіреді. Жаңа достар тауып, таным көкжиегін кеңейтеді, өмірлік маңызды қарым-қатынас машықтарын меңгереді. Мұның бәрі олардың болашағына мол серпін беретін тәжірибе, – деп атап өтті Қарулы күштердің отбасы мүшелерімен жұмыс жөніндегі бөлімінің жетекшісі Тәттігүл Смағұлова.Жаңа оқу жылында да «Балдәуреннің» есігі балаларға айқара ашық болмақ. Филиалдарға жаңа топтар келіп, олар үшін тек сауықтыру мен танымдық шаралар ғана емес, әскери-патриоттық бағыттағы тәрбие жұмыстары мен мектеп бағдарламасына сай оқу курстары да ұйымдастырылады. Бұл мақсатта орталықта барлық жағдай жасалған.Қорғаныс және Оқу-ағарту министрліктері арасындағы келісім аясында жыл сайын әскери қызметшілердің мыңнан астам баласы «Балдәурен» орталығы мен оның филиалдарында демалуға мүмкіндік алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1061715?lang=kk
2025 жылы декларация тапсыру: кіріс пен мүлік туралы декларацияны кімдер ұсынуға міндетті 04.09.2025
Кіріс пен мүлік туралы декларация: 2025 жылғы талаптарМаңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2025 жылы жалпыға бірдей декларациялауды енгізу шеңберінде кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну міндеті есепті салық кезеңінде туындайды.2025 жылы жалпыға бірдей декларациялауды енгізу шеңберінде есепті салық кезеңіндегі кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну міндеті.Декларация ұсынуға міндетті тұлғалар:Мемлекеттік қызметшілер және оларға теңестірілген тұлғалар, сондай-ақ олардың жұбайлары;Банктердің, бағалы қағаздар нарығының және сақтандыру ұйымдарының ірі қатысушылары және олардың жұбайлары;Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, жарғылық капиталдағы үлесінің (Акционерлік қоғамдар акцияларының) 10%-дан астамын иеленетін заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары), сондай-ақ олардың жұбайлары;Жеке практикамен айналысатын тұлғалар (нотариустар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары, медиаторлар);Дара кәсіпкерліктен түсетін кірістерді қоспағанда, дербес салық салуға жататын кірістер (мүлікті жалға беруден түсетін кірістер; шетелдік банк шоттары бойынша сыйақылар; цифрлық активтермен жасалатын операциялардан түсетін кірістер; төлем көзінен салық ұсталмаған өзге де кірістер) алған адамдар;Шетелдік банктердегі шоттарында 1000 айлық есептік көрсеткіштен асатын қаражаты бар тұлғалар;Шетелде активтері бар тұлғалар (жылжымайтын мүлік, көлік құралдары, бағалы қағаздар, цифрлық активтер, инвестициялық алтын);Меншігінде цифрлық активтері бар тұлғалар;2024 жылы 20 000 еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын сомада (2025 жылы - 78 640 000 теңге) мүлік сатып алған тұлғалар, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде.Декларация тапсыру мерзімі: 2024 жылғы есепті кезең бойынша декларация 2025 жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірілмей, тұлғаның тұрғылықты жері бойынша ұсынылуы тиіс. Кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыру тәсілдері:Жеке тұлғалар кірістер мен мүлік туралы декларацияны электрондық форматта: мемлекеттік кірістер комитетінің порталы, Электрондық үкімет порталы арқылы, сондай-ақ e-Salyq Azamat, eGov Mobile, HALYK, Kaspi.kz. BCC.KZ немесе қағаз жүзінде тапсырады.Маңызды ескерту: декларацияны уақтылы тапсырмау немесе толық емес мәліметтерді ұсыну заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкелуі мүмкін.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1063885?lang=kk
Қазақстан Елшісі бельгиялықтар Королі Филиппке сенім грамоталарын тапсырды 04.09.2025
Брюссель, 2025 жылғы 3 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Елшісі Роман Василенко Бельгия Королі Филиппке сенім грамоталарын табыс етті.Лакен сарайында – Бельгия корольдік әулетінің ресми резиденциясында өткен аудиенция барысында Король Филипп Қазақстан халқы мен Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа амандық, береке-бірлік пен өркендеу тілектерін жеткізіп, 2021 жылғы оның Брюссельге сапарын және қазақстандық көшбасшымен өткен мазмұнды келіссөздерін жылы лебізбен еске алды. Монарх тақ мұрагері ретінде Қазақстанға жасаған үш сапарын атап өтіп, еліміздің бай мәдениеті мен тарихынан, даму әлеуетінен алған ең жарқын әсерлерімен бөлісті.Сұхбаттастар Қазақстан-Бельгия қарым-қатынастарының қазіргі жағдай мен перспективаларын талқылады. Бүгінде бұл қатынастар тұрақты даму серпінін көрсетіп отыр.Елші Бельгияның Қазақстанның Еуропадағы маңызды серіктесі екенін растап, ынтымақтастықтың басым бағыттары ретінде жасыл технологияларды, цифрландыруды, көлік логистикасын, ғылым мен білім салаларын атап өтті. Мәдени-гуманитарлық алмасу, оның ішінде спорт екіжақты күн тәртібінде ерекше орын алады. Осы тұрғыда Елші 7 қыркүйекте Брюссельде өтетін Қазақстан мен Бельгия құрамалары арасындағы футбол матчының екі ел арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайтуға септігін тигізетін спорттық дипломатияның айқын көрінісі ретіндегі символдық мәнін атап өтті.Король Филипп Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан реформаларға жоғары баға беріп, орнықты даму, инновациялар және аэроғарыш саласындағы ынтымақтастық үшін зор әлеует бар екеніне аса мән берді.Тараптар, сондай-ақ қазіргі халықаралық күн тәртібін талқылап, тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, көпжақты өзара іс-қимылды ілгерілету және БҰҰ Жарғысына негізделген халықаралық қатынастар жүйесін нығайту жолындағы бірлескен күш-жігердің маңыздылығын жеткізді.Сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өзара құрмет пен ашықтық ахуалында өтіп, саяси диалогты тереңдету, экономикалық байланыстарды нығайту және халықаралық аренада ортақ құндылықтарды ілгерілетуге екі тараптың ұмтылысын айқындады.1) Король Филипп тақ мұрагері ретінде Қазақстанға 2002, 2009, 2010 жылдары барған; 2) 2025 жылғы қаңтар-шілде айларында Қазақстан мен Бельгия арасындағы тауар айналымы 299,2 млн АҚШ долларын құрады. 2024 жылы тауар айналымы 456 млн АҚШ долларын (экспорт – 210 млн, импорт – 246 млн) құрады. 2024 жылы Бельгиядан Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялар жалпы ағыны 1,206 млрд АҚШ долларын құрады. 2005 жылдан 2024 жылға дейін инвестициялар көлемі 13,95 млрд АҚШ долларына жетті. Қазақстанда бельгиялық капиталдың қатысуымен 76 кәсіпорын жұмыс істейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1061691?lang=kk
30 жылдық тұрақтылық пен даму: Қазақстан Республикасының Конституциясы — мемлекеттіліктің негізі 04.09.2025
Биыл Қазақстан Республикасы мемлекеттіліктің, тұрақтылықтың және дамудың негізіне айналған Конституцияның – Ата Заңның қабылданғанына 30 жыл толуын атап өтуде. Осы 30 жыл ішінде Конституция еліміздің тұрақты ілгерілеуін және азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етіп, өзінің өзектілігін дәлелдеді.Тәуелсіздік алған және Конституция қабылданған сәттен бастап мемлекетті нығайтуда мемлекеттік кірістер органдары ерекше рөл атқарады. Олар 30 жыл ішінде жеке салық және кеден қызметтерінен еліміздің қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қуатты және заманауи құрылымға айналды.Бүгінгі таңда мемлекеттік кірістер органдары – салықтарды және кедендік рәсімдерді әкімшілендіруді жетілдіру үшін озық технологияларды қолданатын заманауи әрі тиімді құрылым. Олардың қызметі экономикалық тұрақтылықтың кепілі болып табылады және бизнес үшін қолайлы жағдайлар жасауға ықпал етеді.Конституция азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік береді, ал мемлекеттік кірістер органдары мемлекеттің жұмыс істеуі үшін қажетті бюджетті қалыптастыра отырып, оларды іске асыру үшін жағдай жасайды.Мемлекеттік кірістер органдары елімізге одан әрі өркендеу, ал әрбір азаматқа бейбітшілік, бақыт және ертеңгі күнге деген сенім тілейді.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1061671?lang=kk
Салық төлеушілердің дебиторлық берешегі есебінен салық берешегін өтеу 04.09.2025
Қолданыстағы заңнамада салық төлеушілердің дебиторлық берешегі есебінен салық берешегін өтеу механизмі көзделген. Аталған құрал бюджет алдындағы берешекті азайтуға және салық міндеттемелерінің неғұрлым тиімді орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған. Егер борышкерде мерзімі өткен дебиторлық берешек анықталса, салық органдары оны өндіріп алу рәсімін бастауға және алынған қаражатты салықтық міндеттемелерді өтеуге бағыттауға құқылы. Сонымен қатар, бұл механизмді қолдану белгілі бір тәуекелдермен байланысты: қарсы тараптармен даулар, сот талқылаулары және компаниялар қызметіндегі қаржылық қиындықтар. Аталған рәсімдерді реттеу Қазақстан Республикасының Салық кодексі мен азаматтық заңнамасы шеңберінде жүзеге асырылады. Тәуекелдерді төмендету мақсатында бизнеске дебиторлық берешекті уақтылы есепке алып, оны құжатпен растау ұсынылады.   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1061644?lang=kk
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР жаңартылған Салық кодексі күшіне енеді және ең негізгі білу қажеті. 2026 жылдан бастап Қазақстанда салық төлеушілердің құқықтары мен міндеттері өзгереді 04.09.2025
Салық төлеушінің жаңа құқықтары:Ұсынылған құжаттар негізінде өз міндеттемелері бойынша түсініктеме алу құқығы қамтамасыз етіледі. Деңгейлес мониторингке қатысушылар үшін жоспарланған мәмілелер бойынша алдын ала түсініктемелер алу мүмкіндігі пайда болады. Белгіленген тәртіп бойынша салық төлеу мерзімін ұзартуға өтініш беру құқығы қарастырылған. Белгілі бір жағдайларға биометриялық сәйкестендіру енгізілді. Билік ету шектелген мүліктің (табиғи тозуды қоспағанда) өзгеріссіз күйде сақталуын қамтамасыз ету. Қоғамдық тамақтану және сауда объектілері үшін:Кассаныңжанындажәнекөрінетінжерде салық төлеушініңтөлқұжатын(бизнестуралымәліметтерібарақпараттықкарта)орналастыру міндеті енгізілді. БұлтөлқұжатМемлекеттіккірістеркомитетініңсайтындаорналастырылады. Құқықтардан не алынып тасталды:Қағаз бланкілерін және салық есептілігінің бағдарламалық қаматамасыз етуді тегін алу.Деңгейлес мониторинг нәтижелеріне шағымдану құқығы.Ақпараттық жүйеден контрагенттің сенімділігі мен адалдығы туралы ақпарат алу.Салық органына хабарламалар үшін телефондары мен e-mail-ды хабарлау мүмкіндігі.Салық агенттері интернет-платформа операторы атынан осыдан былай арнаулы мобильдік қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін салықтарды ұстамайды. Өзгерістердің мақсаты: ашықтықты арттыру, көлеңкелі экономиканы төмендету, дербес деректерді қорғау, мемлекеттік кірістер органдарымен өзара іс-қимылды оңайлату. Павлодар облысы бойынша МКДтүсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1061650?lang=kk
Қазақстан мен Сауд Арабиясының өнеркәсіп саласы өкілдерінің кездесуі: ұзақ мерзімді әріптестікке қадам 04.09.2025
Ар-Рияд, 2025 жылғы 3 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшілігінің қолдауымен «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС мен «National Industrialization Company (Tasnee)» басшылығының кездесуі өтті.«KPI Inc.» ЖШС Бас директоры Дамир Әшімовтің «Tasnee» компаниясының Бас атқарушы директоры Фауаз Әл-Фауазбен ресми келіссөздері барысында тараптар өнеркәсіптік өндіріс саласындағы ынтымақтастықты ілгерілетудің нақты қадамдарын белгілеп, тәжірибе мен технология алмасу мәселелерін талқылады.Іскерлік байланыстарды нығайтуға, заманауи шешімдерді енгізуге және ұзақ мерзімді әріптестік үшін жағдай жасауға ерекше назар аударылды.Сұхбаттасушылар қол жеткізілген уағдаластықтардың екіжақты ынтымақтастықтың берік негізі болатынына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабиясы Корольдігі арасындағы сыртқы экономикалық байланыстарды дамытуға практикалық үлес қосатынына сенім білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/1061607?lang=kk
Қазақстан Елшісі бельгиялықтар Королі Филиппке сенім грамоталарын тапсырды 04.09.2025
Брюссель, 2025 жылғы 3 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Елшісі Роман Василенко Бельгия Королі Филиппке сенім грамоталарын табыс етті.Лакен сарайында – Бельгия корольдік әулетінің ресми резиденциясында өткен аудиенция барысында Король Филипп Қазақстан халқы мен Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа амандық, береке-бірлік пен өркендеу тілектерін жеткізіп, 2021 жылғы оның Брюссельге сапарын және қазақстандық көшбасшымен өткен мазмұнды келіссөздерін жылы лебізбен еске алды. Монарх тақ мұрагері ретінде Қазақстанға жасаған үш сапарын да атап өтіп, еліміздің бай мәдениеті мен тарихынан, даму әлеуетінен алған ең жарқын әсерлерімен бөлісті.Сұхбаттасушылар Қазақстан-Бельгия қарым-қатынастарының қазіргі жағдай мен перспективаларын талқылады. Бүгінде бұл қатынастар тұрақты даму серпінін көрсетіп отыр.Елші Бельгияның Қазақстанның Еуропадағы маңызды серіктесі екенін атап өтіп, ынтымақтастықтың басым бағыттары ретінде жасыл технологияларды, цифрландыруды, көлік логистикасын, ғылым мен білімді айқындады. Мәдени-гуманитарлық алмасу, оның ішінде спорт екіжақты күн тәртібінде ерекше орын алады. Осы тұрғыда Елші 7 қыркүйекте Брюссельде өтетін Қазақстан мен Бельгия құрамалары арасындағы футбол матчының біздің елдер арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайтуға септігін тигізетін спорттық дипломатияның айқын көрінісі ретіндегі символдық мәнін атап өтті.Король Филипп Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан реформалар бағытына жоғары баға беріп, орнықты даму, инновациялар және аэроғарыш саласындағы ынтымақтастық үшін зор әлеует бар екеніне аса мән берді.Тараптар, сондай-ақ қазіргі халықаралық күн тәртібін талқылап, тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, көпжақты өзара іс-қимылды ілгерілету және БҰҰ Жарғысына негізделген халықаралық қатынастар жүйесін нығайту жолындағы бірлескен күш-жігердің маңыздылығын атап өтті.Сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өзара құрмет пен ашықтық ахуалында өтіп, саяси диалогты тереңдету, экономикалық байланыстарды нығайту және халықаралық аренада ортақ құндылықтарды ілгерілетуге екі тараптың ұмтылысын айқындады.Анықтама үшін: 1) Король Филипп тақ мұрагері ретінде Қазақстанға 2002, 2009, 2010 жылдары барған; 2) 2025 жылғы қаңтар-шілде айларында Қазақстан мен Бельгия арасындағы тауар айналымы 299,2 млн АҚШ долларын құрады. 2024 жылы тауар айналымы 456 млн АҚШ долларын (экспорт – 210 млн, импорт – 246 млн) құрады. 2024 жылы Бельгиядан Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялар жалпы ағыны 1,206 млрд АҚШ долларын құрады. 2005 жылдан 2024 жылға дейін инвестициялар көлемі 13,95 млрд АҚШ долларына жетті. Қазақстанда бельгиялық капиталдың қатысуымен 76 кәсіпорын жұмыс істейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brussels/press/news/details/1061609?lang=kk
Қазақстан мен АҚШ инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуді талқылады 03.09.2025
Астана, 2025 жылғы 3 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов АҚШ Сауда палатасының аға вице-президенті Хуршид Чокси бастаған АҚШ-тың сауда миссиясының өкілдерімен кездесті. Тараптар Қазақстандағы инвестициялық жобаларды іске асыру, екіжақты экономикалық байланыстарды кеңейту және америкалық бизнестің қатысуымен жаңа кооперациялық тізбектерді қалыптастыру мәселелерін талқылады.Делегация құрамына «Apple», «Boeing», «Chevron», «ExxonMobil», «Shell, Bechtel», «Honeywell», «Mastercard», «The Coca-Cola Company», «PepsiCo», «Meta», «Ericsson», «John Deere» (Eurasia Group), «Plug and Play Tech Center», «Mayer Brown» және басқа да 25 америкалық компания кірді.Ғ.Оспанқұлов АҚШ-тың Қазақстандағы негізгі инвестициялық серіктес болып қала беретінін атап өтті: елде 600-ден астам америкалық компания табысты жұмыс істеп жатыр, ал АҚШ-тың жинақталған инвестициялары 60 млрд АҚШ доллардан асады. Бұл жаңа бірлескен жобаларды іске қосуға берік негіз қалайды. «Біз америкалық инвесторлармен энергетика мен қайта өңдеу, критикалық минералдар, АӨК, цифрлық экономика және логистика салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделіміз. Қазақстан тұрақты өсімді көрсетіп отыр және болжамды реттеу ортасын, «бір терезе» құралдарын және жобаны өмірлік цикл бойы сүйемелдейтін келісімшарттық механизмдерді ұсынады», – деді ол.Өз кезегінде Х.Чокси америкалық бизнестің Қазақстанға жоғары қызығушылығын атап өтіп, инфрақұрылым, индустрияландыру, инновациялар және тұрақты технологиялар салаларындағы жобалардың әлеуетін, сондай-ақ Қазақстанның Орта дәліздегі тораптық серіктес ретіндегі маңыздылығын ерекше атап өтті.Кездесу барысында америкалық бірқатар компаниялар Қазақстанда өндірісті жергіліктендіру және қатысуын кеңейту бойынша ниеттері мен бастамаларын таныстырды – машина жасау мен азық-түлік өнеркәсібінен бастап финтех-қызметтер мен өнеркәсіптік технологияларға дейін. Атап айтқанда, Қостанайда «John Deere» ауыл шаруашылығы техникасын жергіліктендіру, «PepsiCo»-ның тұзды жеңіл тағамдар өндірісі, жоғары технологиялық өнімдерді өндіру мен құрастыру, төлем инфрақұрылымын дамыту жобалары талқыланды.Кездесудің қорытындысы бойынша Қазақстан мен АҚШ инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге және екіжақты қатынастардың стратегиялық сипатын нығайтуға қабілетті жаңа бірлескен жобаларды қалыптастыруға дайын екендігі аталып өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/invest/press/news/details/1061666?lang=kk
Үндістан мен Қазақстан білім беру саласындағы ынтымақтастықты талқылады 03.09.2025
Нью-Дели, 2025 жылғы 27 тамыз – Қазақстан Республикасының Үндістандағы Елшісі Азамат Есқараев Үндістанның білім беру министрінің бірінші орынбасары Вайнит Джошимен кездесу өткізді.Кездесу барысында Елші А.Есқараев Қазақстан мен Үндістан арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 33 жыл толғанын, сондай-ақ Қазақстан Үндістанмен білім беру және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың артуымен және адамдар арасындағы берік байланыстармен ерекшеленетін өзінің ұзақ мерзімді стратегиялық серіктестігін жоғары бағалайтынын атап өтті.Сонымен қатар Қазақстандық дипломатиялық миссияның басшысы кешенді бастама болып табылатын Қазақстанды Орталық Азиядағы өңірлік академиялық хаб ретінде ілгерілетуге бағытталған “Study in Kazakhstan” жобасының артықшылықтары туралы үндістандық тарапты хабардар етті.Бұдан басқа Қазақстан Елшісі екіжақты қарым-қатынастың негізгі тірегі ретінде білім беру саласындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын және екі ел арасындағы академиялық ұтқырлықтың артып келе жатқанын атап, бірлескен ғылыми бастамалар және студенттермен алмасу бағдарламалары арқылы Қазақстан мен Үндістан жоғары оқу орындары арасындағы тікелей байланыстарды кеңейтуге мүмкіндіктің бар екендігі айтты. Осы орайда екі тарап арасында білім беру саласын одан әрі дамыту үшін үндістандық тарапқа өзара түсіністік туралы меморандум жасасу және оны іске асыру ұсынылды.Өз кезегінде Министрдің бірінші орынбасары Вайнит Джоши шетелдік студенттердің Үндістанның 160-тан астам жоғары оқу орындарына тапсыруға мүмкіндік беретін және 2600-ден аса оқу бағдарламаларын қамтитын “Study in India” онлайн порталы туралы айтты.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар білім беру саласында ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған шараларды іске асыруға уағдаластыққа қол жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-delhi/press/news/details/1061574?lang=kk
Қазақстан мен Эстония ынтымақтастықты нығайту үстінде 03.09.2025
Астана, 2025 жылғы 3 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Эстонияның Қазақстандағы Елшісі Яап Орамен кездесу өткізді.Кездесу барысында тараптар қазақ-эстон қатынастарының өзекті мәселелерін талқылай отырып, жоспарланып отырған биік және жоғары деңгейдегі іс-шараларға дайындыққа, сондай-ақ сауда, цифрландыру, көлік және логистика салалардағы ынтымақтастықты кеңейту перспективаларына ерекше назар аударды.Дипломаттар екі мемлекет арасындағы дәстүрлі достық байланыстарды одан әрі дамыту, шарттық-құқықтық базаны кеңейту және ведомствоаралық өзара іс-қимылды жандандыру жолдарын егжей-тегжейлі қарастырды.Сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мәселелері де талқыланды. Осы тұрғыда қос тарап 2025 жылғы қаңтарда Таллинде өткен Экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Эстония үкіметаралық комиссиясының 7-ші отырысының қорытындысы бойынша қабылданған уағдаластықтарды іске асыру сұрақтары бойынша пікір алмасты.Кездесу қорытындысы бойынша дипломаттар диалогты одан әрі жалғастыруға және Астана мен Таллин арасындағы жан-жақты өзара іс-қимылды тереңдетуге өз мүдделерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1061576?lang=kk
Оңтайландырылған маршруттар кестесі 03.09.2025
автобус кестесі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1061537?lang=kk
«Директорды тағайындау» 03.09.2025
Абай облысы білім басқармасының конкурстық нәтижесіне сәйкес, Бесқарағай ауданының білім бөлімінің «№1 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (Келешек мектебі) директоры лауазымына Еркинбаева Нуржанат Амангельдиевна тағайындалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragay-roo/press/news/details/1061541?lang=kk
Шикізаттан инновацияға дейін: Қазақстан мен Нидерланд жаңа өсу нүктелерін қалыптастыруда 03.09.2025
2025 ж. 2 қыркүйек, Гаага - Қазақстанның Нидерландтағы Елшісі Қайрат Әбдірахманов пен Нидерланд Кәсіпкерлікті дамыту агенттігінің (RVO) Халықаралық сауда жөніндегі директоры Аннемик Брустерхаузен арасындағы кездесуде екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың негізгі бағыттары талқыланды.Тараптар ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, стратегиялық маңызды шикізат материалдары және жаңартылатын энергия көздері салаларындағы бірлескен бастамаларды іске асыруға екі елдің іскер топтарының қызығушылығының артып келе жатқанын қанағаттанушылықпен атап өтті. Аталған қарқынды өзара іс-қимылдың оң қарқыны және осы жылдың соңына дейін Қазақстанға жоспарланған жаңа сапарлар мен бизнес-миссиялар растайды.Перспективалы бағыттардың ішінде көлік дәліздерін дамыту, инфрақұрылымдық бастамаларды тоғыстыру, сондай-ақ «жасыл» және инновациялық шешімдерге қатысу атап өтілді. Бұдан бөлек, іскерлік байланыстарды кеңейту үшін Гаагада нидерландтық компаниялардың қатысуымен арнайы іс-шара өткізу жоспарланып отыр. Бұл жиында ынтымақтастықтың табысты мысалдары ұсынылатын болады.Кездесу барысында тараптар стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға, сауда-экономикалық байланыстарды әртараптандыруға және бизнестің жаңа нарықтарға шығуына қолайлы жағдай жасауға өзара мүдделілігін растады.Нидерланд Кәсіпкерлікті дамыту агенттігі (RVO) – халықаралық сауда, инвестициялар және инновациялық дамуға жауап беретін мемлекеттік құрылым, сондай-ақ нидерландтық компаниялардың шетелдік жобаларды жүзеге асыруына жәрдемдеседі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hague/press/news/details/1061520?lang=kk
Тамыз кеңесінің секциялық отырысы өтті. 03.09.2025
Бесқарағай ауданында «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбында тамыз кеңесінің секциялық отырысы өтті.Бұл жиын жаңа оқу жылы қарсаңында ауданның барлық білім беру ұйымдары үшін негізгі бағыттарды айқындайтын маңызды алаңға айналды.✨ Секция жұмыстары барысында:🔹 тәжірибе алмасу,🔹 өзекті мәселелерді талқылау,🔹 тиімді ұсыныстар әзірлеу жоспарланды.📚 Жиында алдағы оқу жылының басты міндеттері белгіленді:✅ білім сапасын арттыруға арналған жаңа әдістемелерді енгізу;✅ оқушылардың жан-жақты дамуына қолайлы орта қалыптастыру;✅ тәрбие жұмысын ұлттық құндылықтарға негіздей отырып жетілдіру;✅ педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту және үздіксіз білім алу жүйесін нығайту.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragay-roo/press/news/details/1061481?lang=kk
Жаһандық минималды салық және трансферттік баға белгілеудегі соңғы өзгерістер 03.09.2025
        2025 жылғы 2–5 қыркүйек аралығында «Жаһандық минималды салық және трансферттік баға белгілеудегі соңғы өзгерістер» тақырыбында семинар өтуде. Іс-шара Астана қаласында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен, Азия даму банкінің (АДБ) қолдауымен және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) қатысуымен өткізілуде.      Семинарды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Нұржанов Жаныбек Қазақстанның салық жүйесін жаһандық сын-қатерлерге бейімдеудің маңыздылығын атап, бизнес-қауымдастығымен ашық диалогқа дайын екендігін жеткізіп және серіктестер тарапынан Қазақстандағы АДБ-ның Тұрақты өкілдігінің елдік саясат жөніндегі басшысы Әлібек Әбдрахманов аймақтағы АДБ-ның рөлін стратегиялық тұрғыдан айқындап ашты.      Семинар барысында қатысушылар жаһандық минималды салық (Pillar II) қағидаттарын енгізу, халықаралық салық салудағы соңғы өзгерістер, сондай-ақ  трансферттік баға белгілеу саласындағы өзекті мәселелерді талқылайды, сонымен бірге салықтық әкімшілендіруді цифрландыру және жаһандық өзгерістер жағдайында заңнаманы жетілдіру мәселелері қарастырылады.      Негізгі спикерлер ретінде:Джессика де Врис, BEPS шеңберіндегі салықтық қолайсыз тәжірибелер тобының кеңесшісі, дипломды бухгалтер және ЭЫДҰ-ның салық заңгері;Викрам Чанд, құқық профессоры, тәуелсіз кеңесші және АДБ-ның BEPS жөніндегі кеңесшісі сөз сөйледі.      Семинарға ҚР мүдделі мемлекеттік органдарының қызметкерлері, сонымен қатар «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, қауымдастықтар мен ірі ұлттық компаниялардың өкілдері қатысуда. Бұл жеке сектордың ұстанымын ескеруге мүмкіндік береді.      Іс-шара тәжірибе алмасу мен салық заңнамасын жаңғырту және өңірлік ынтымақтастықты дамыту бойынша практикалық ұсынымдар әзірлеуге арналған алаңға айналуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1061486?lang=kk
БІЛІМ КЕЛЕШЕГІ: АДАЛ АЗАМАТ, КӘСІБИ МАМАН” ұстаздардың аудандық тамыз конференциясы өтті. 03.09.2025
Бүгін Бесқарағай ауданында “БІЛІМ КЕЛЕШЕГІ: АДАЛ АЗАМАТ, КӘСІБИ МАМАН” ұстаздардың аудандық тамыз конференциясы өтті.Конференцияға Бесқарағай ауданының әкімі Нұрбек Қошқарбаев, биылғы жылы зейнеткерлікке шыққан ардагер ұстаздар, мектеп директорлары мен орынбасарлары, аудан ұстаздары және жұмысшы мамандығы жылына орай, бірқатар мектеп қызметкерлері қатысты.Ардагер ұстаздар, педагогтер және қызметкерлер оқу-ағарту министрінің, білім басқармасы басшысының, аудан әкімінің, аудандық білім бөлімі басшысының алғыс хаттарымен марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragay-roo/press/news/details/1061490?lang=kk