Әлем
Әскери оркестр елордалықтарға тамаша мерекелік көңіл-күй сыйлады 09.05.2026
Астанада Отан қорғаушы күніне орай Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Орталық әскери оркестрінің шығармашылық ұжымы қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше мерекелік бағдарлама ұсынды.Мерекелік шара Хан Шатыр сауда ойын-сауық орталығы маңында бастау алды. Әскери оркестр салтанатты маршпен жүріп өтіп, Қазақ радиосы көшесі бағытындағы алаңға дейін танымал әуендерді орындады. Музыкалық шеру қала тұрғындарының назарын аударып, мерекелік атмосфера қалыптастырды.Әскери музыканттар Н. Тілендиевтің шығармаларын, «Алматы» (В. Парпибаев), «Амангелді» және «Қазақ маршы» (Н. Самохвалов), «Сарбаздар» (Н. Қошқаров), «Дикси» (Л. Гурьянов) және қазақ әндерінен құралған попурриді орындады.– Бүгін Орталық әскери оркестр бірнеше көпшілік орында өнер көрсетті. Халыққа мерекелік көңіл-күй сыйлағымыз келді. Барша қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен шын жүректен құттықтаймын. Еліміз тыныш, шекарамыз берік, аспанымыз ашық болсын, – деді Орталық әскери оркестрдің аға дирижері майор Нұрлан Қошқаров.Көрермендер әскери оркестрдің өнерін ерекше ықыласпен қабылдады.– Түркістаннан қыдырып келдік. Осындай әскери оркестрдің өнерін алғаш рет көруім. Әсіресе маршпен жүріп келе жатып орындаған әуендері қатты әсер етті. Мерекелік көңіл-күй сыйлаған әскерилерге алғыс айтамын, – деді қала қонағы Қыздаркүл Абдулатип.Әскери оркестрдің мұндай музыкалық шерулері Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың игі дәстүріне айналып, ел ішіндегі патриоттық рухты нығайтуға үлес қосып келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1216451?lang=kk
Қызылорда облысында газ шығынын есепке алу кезінде заң бұзушылықтар анықталды 09.05.2026
ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті «Кристалл Менеджмент» АҚ-да жоспардан тыс тексеру жүргізді. Оған «Ақшабұлақ» кен орнындағы газ шығынын өлшеу жүйесіндегі ықтимал заңбұзушылықтар туралы өтініш негіз болды.Тексеру барысында компания пайдаланатын газ шығынын өлшеу жүйесі (есепке алу торабы) міндетті метрологиялық аттестаттаудан өтпегені және өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесінің мемлекеттік тізіліміне енгізілмегені анықталды.Заңнамаға сәйкес мұндай жүйелер міндетті түрде тексеруден өткізіліп, тіркелуге жатады. Оларды тиісті процедураларсыз пайдалану тауарлық газ көлемін өлшеудің дәлдігіне күмән келтіруі және бақыланбайтын шығындарға әкелуі мүмкін.«Газды есепке алу жүйесін сәйкестікті растаудың міндетті рәсімдерінен өткізбей пайдалану өлшеулердің дәлдігіне күмән келтіреді және жеткізілген газдың нақты көлемі туралы деректерде алшақтықтарға әкелуі мүмкін», - деп атап өтті төраға орынбасары Бауыржан Касымов.Тексеру қорытындысы бойынша «Кристалл Менеджмент» АҚ-на қатысты «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заң талаптарын бұзу анықталды. Компания әкімшілік жауапкершілікке тартылды: 670 375-теңге көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/1216457?lang=kk
Құрметті ардагерлер! Құрметті тыл еңбеккерлері! Қала тұрғындары! 09.05.2026
Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! Әрбір қазақстандық үшін бұл мереке батылдықты, еркіндікті және бейбітшілікті білдіреді. Біз ардагерлердің қаһармандығына және тылда Жеңісті жақындатқан жандардың жанқиярлық еңбегіне тағзым етеміз.Осындай жоғары бағамен келген бейбітшілік - біздің сақтауға тиіс ең қымбат құндылығымыз. Батырлыққа толы сол жылдардың мұрасы бізді жасампаздыққа жігерлендірілсін, ал бірлік пен келісім Қазақстанымыздың дамуының мызғымас негізі болсын.Сізге және жақындарыңызға ұзақ ғұмыр, болашаққа деген сенімділік және отбасылық жылулық тілеймін. Ұлы Жеңіс күні мерекесі құтты болсын! Өскемен қалалық мәслихатының төрағасы А. СветашАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ukmaslihat/press/news/details/1216459?lang=kk
Бангкокта БҰҰ ЭСКАТО-ның 82-сессиясының қорытындылары мен Қазақстанның су қауіпсіздігі бастамалары талқыланды 09.05.2026
2026 жылғы 5 мамыр, Бангкок - БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхиты үшін Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (БҰҰ АзТМЭӘК) Атқарушы хатшысының орынбасары Лин Янг және БҰҰ АзТМЭӘК Атқарушы хатшысының Аппаратындағы бас лауазымды қызметкер Митчелл Хсие қатысуымен кездесу өтті.Кездесу барысында БҰҰ АзТМЭӘК-ның жақында аяқталған 82-сессиясының қорытындылары талқыланып, оның практикалық сипаты және Азия-Тынық мұхиты өңірінде өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған қол жеткізілген келісімдер атап өтілді. Цифрландыру, тұрақты даму және көпжақты ынтымақтастықты кеңейту салаларында қабылданған шешімдерге ерекше назар аударылды.Сондай-ақ қол жеткізілген уағдаластықтарды одан әрі іске асыру, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық дамудың кең ауқымды бағыттары бойынша бірлескен жобалар жөнінде пікір алмасу өтті.Өз кезегінде 2026 жылғы 22–24 сәуір аралығында Астана қаласында өткен Өңірлік экологиялық саммиттің қорытындылары туралы ақпарат берілді. Саммит аясында су қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған бастамалар талқыланып, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасы бойынша жаңа Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі халықаралық консультациялардың алғашқы кезеңі өтті.Сонымен қатар аталған іс-шара шеңберінде жаһандық су ресурстарын басқарудың болашақ архитектурасы, болашақ институттың мандаты мен функциялары, сондай-ақ су саласындағы күн тәртібін үйлестірудегі БҰҰ-ның рөлі мәселелері қарастырылғаны атап өтілді.Сондай-ақ халықаралық дипломаттарды Қазақстанда жүргізіліп жатқан ауқымды конституциялық реформалар және Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы негізінде өтетін алдағы парламенттік сайлаулар туралы хабардар етті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-thailand/press/news/details/1216479?lang=kk
Словенияда Отан қорғаушылар күні қарсаңында қазақстандық батырдың ерлігіне тағзым етілді 09.05.2026
Сежана, 2026 жылғы 7 мамыр – Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күніне орай Словенияның Сежана қаласында югослав партизандары қатарында шайқасқан қазақстандық жауынгердің қабіріне гүл шоқтарын қоюдың салтанатты рәсімі өтті. Іс-шараға Қазақстанның Словениядағы Елшісі Алтай Әбибуллаев, Сежана қаласының мэрі Андрей Сила, Қазақстанның Құрметті консулы Димитрий Пицига, қазақстандық дипломаттар, сондай-ақ Қазақстан мен Словения азаматтары қатысты.Қазақстанның мемлекеттік мерекесінде батырды еске алу рәсімінің өтуі ерекше мәнге ие. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде: «Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында жауынгерлеріміз көрсеткен ерлік пен батырлық – Отанға және адамзатқа қызмет етудің мәңгілік үлгісі», – деп атап өткен болатын.Осы тұрғыда Касым Жақыповтың (Словенияда Кассе Себеро атымен белгілі) тұлғасы – осы жерді азат ету жолында словен халқымен иық тіресе шайқасқан және фашист басқыншыларына қарсы күресте қаза тапқан барлық қазақстандық жауынгерлердің жинақталған бейнесі.Батырдың өмір жолы – жеке ерліктің әрі күрделі тарихи тағдырдың көрінісі. Архивтік деректерге сәйкес, «Кассе Себеро» есімінің ар жағында Солтүстік Қазақстан облысының тумасы Касым Жақыпов тұр, алайда зерттеулер оны Жиенше Есімсейітовпен де байланыстырады. Әлі де терең зерттеуді қажет ететін осы жауынгердің тағдыры белгілі режиссер Сергей Азимовтың көрермендерді толқытқан деректі фильмінде бейнеленген. «Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігі Словениямен ынтымақтастық орнату және іздестіру жұмыстарын үйлестіру ісіне белсенді қолдау көрсетіп келеді.Кездесудің маңызды нәтижелерінің бірі – Сежана қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысы арасында бауырластық байланыстар орнату бастамасын талқылау болды. Мэр Андрей Сила мен қазақстандық дипломаттар тарихи жадты қазіргі заманғы өңіраралық ынтымақтастықтың берік негізіне айналдыру, мәдени және гуманитарлық байланыстарды нығайту жөнінде уағдаласты.Қазақстан Елшісі Сежана тұрғындарының жауынгер қабіріне көп жылдар бойы көрсетіп келе жатқан құрметі мен қамқорлығы үшін шынайы ризашылығын білдірді. Қазақстандық сарбаздың есімі сегіз онжылдықтан кейін де словен халқы үшін туғанындай қастерленуі – адамдық ынтымақтың ең жоғары дәлелі.Рәсім соңында қатысушылар батырлардың есімі алғыс айтылған жерде ғана өмір сүретінін атап өтті. «Қазақ партизанының» ерлігі Словения мен Қазақстан тарихында өткеннің бір парағы ғана емес, бейбітшіліктің құнын және еркіндік жолында ортақ қанмен бекіген достықтың мәңгілік естелігін еске салатын тірі рухани мұра болып қала береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ljubljana/press/news/details/1216521?lang=kk
Қорғаныс министрлігі Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушылардың цифрлық дерекқорын қалыптастыруда 09.05.2026
Қазақстанда «Батырларға тағзым» ұлттық порталын құру және 1938–1945 жылдары қызыл әскер қатарына шақырылған қазақстандықтардың мұрағат деректерін цифрландыру жөнінде ауқымды жоба жүзеге асырылып жатыр.Бастама Президенттің Ұлттық құрылтайда берген тапсырмасы аясында қолға алынған.Ауқымды жұмыс ҚР Ұлттық қорғаныс университетінде жүргізілуде. Мұнда жоғары оқу орындары Қорғаныс министрлігінің Орталық мұрағатына тапсырған облыстық және аудандық әскери комиссариаттардың әскерге шақыру жөніндегі алфавиттік кітаптары өңделу үстінде.Осындай мақсатпен әскери оқу орындарын, министрліктің бейінді департаменттерін, Қарулы күштердің бөлімшелерін, Петропавл қаласындағы Ұлттық ұлан академиясын және азаматтық жоғары оқу орындарының 30 әскери кафедрасын біріктірген ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды. Құжаттарды фотолап тіркеу және оларды бірыңғай электрондық базаға енгізу жұмыстары іске асырылып жатыр.– Біздің алдымызда соғыс жылдары әскерге шақырылған 1 миллион 200 мыңнан астам қазақстандық туралы деректерді цифрлық форматқа көшіру міндеті тұр. Көптеген отбасы үшін бұл – ата-бабаларының тағдырын білуге, олар туралы естелікті сақтап, кейінгі ұрпаққа жеткізуге мүмкіндік. Бұл жұмысқа 20 мыңнан астам әскери кафедра студенттері, одан өзге әскери оқу орындарының курсанттары мен кадеттерінің жұмылуы жобаға қосымша білімдік әрі патриоттық мән беріп отыр, – деді Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары генерал-майор Асқар Мұстабеков.Алдағы уақытта цифрлық ресурс майдангерлердің ұрыс қимылдарына қатысқаны, марапаттары және өмірбаянын туралы өзге де деректерімен толықтырылады. Бұл ақпарат іздеуді жеңілдетіп қана қоймай, бұған дейін сол саланың мамандарына ғана қолжетімді болған бірегей мұрағаттық материалдарды ғылыми айналымға енгізуге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1216547?lang=kk
Қазақстан мен Таиланд серіктестікті нығайтып, экономикалық өзара іс-қимылды кеңейтуде 09.05.2026
Бангкок, 2026 жылғы 6 мамыр – Қазақстанның Таиландтағы Елшісі Марғұлан Баймұхан Таиланд Сыртқы істер министрлігінің Оңтүстік Азия, Таяу Шығыс және Африка істері жөніндегі департаментінің Бас директоры Ураса Монгколнавинмен кездесу өткізді.Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Таиланд ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын, сондай-ақ жоғары және аса жоғары деңгейлердегі алдағы бірлескен іс-шараларды дайындау мәселелерін талқылады.Тай тарапы Қазақстанмен саяси диалогты одан әрі тереңдетуге және практикалық өзара іс-қимылды кеңейтуге мүдделілігін растады. Сауда-экономикалық, инвестициялық және көлік-логистикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.Тараптар жаңа жобаларды ілгерілетуге және Қазақстан мен Таиланд бизнес өкілдері арасындағы тікелей байланыстарды кеңейтуге бағытталған бірлескен іскерлік іс-шаралар мен бизнес-форумдарды ұйымдастыру мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, екіжақты ынтымақтастықтың шарттық-құқықтық базасын одан әрі жетілдірудің маңыздылығы атап өтілді.Көлік байланысын дамыту және Қазақстанның Азия мен Еуропа арасындағы маңызды транзиттік-логистикалық буын ретіндегі әлеуетін арттыру мәселелеріне де ерекше назар аударылды.Ураса Монгколнавин Таиландтың логистика, инфрақұрылым, энергетика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, туризм және цифрлық технологиялар салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылық танытатынын жеткізді.Әңгіме барысында тараптар гуманитарлық және медициналық салалардағы ынтымақтастықтың дамуына оң баға беріп, денсаулық сақтау саласындағы практикалық өзара іс-қимыл мен тәжірибе алмасуды жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.Халықаралық күн тәртібі аясында тараптар өңірлік қауіпсіздік, АСЕАН шеңберіндегі өзара іс-қимыл және халықаралық бастамаларды ілгерілету мәселелері бойынша пікір алмасты. Қазақстан тарапы АСЕАН-ның өңірлік архитектурадағы орталық рөлін қолдайтынын растады және Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерімен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделілік білдірді.Сонымен қатар, қазақстандық дипломат тай серіктестерін халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастама, тұрақты даму мен цифрландыру салаларындағы жұмыстар туралы хабардар етті, сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберіндегі сындарлы өзара іс-қимыл үшін Таиланд тарапына ризашылығын білдірді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты серіктестікті одан әрі нығайтуға және дипломатиялық арналар арқылы тығыз жұмысты жалғастыруға бейілділіктерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-thailand/press/news/details/1216549?lang=kk
Құрметті ардагерлер мен Қазақстан тұрғындары! 09.05.2026
Құрметті ардагерлер мен Қазақстан тұрғындары!Сіздерді 9 Мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз!Бұл – ерлік пен батырлықтың, елге деген сүйіспеншілік пен жанқиярлықтың символына айналған ұлы мереке.Бейбіт өмір мен жарқын болашақ үшін жанын қиған батырлардың ерлігі ешқашан ұмытылмайды.Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, елімізге тыныштық пен береке тілейміз!Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-bilim/press/news/details/1216575?lang=kk
Жеңіс күнін мерекелеу қарсаңында Өскемен қалалық мәслихатының төрағасы А.А. Светаш тыл еңбеккерлерін құттықтады 09.05.2026
Жеңіс күнін мерекелеу қарсаңында Өскемен қалалық мәслихатының төрағасы А.А. Светаш тыл еңбеккерлері Валентина Ивановна Линокты, Виктор Максимович және Мария Матвеевна Трубниковтарды, сондай-ақ қоршаудағы Ленинградтың тұрғыны Людмила Филипповна Степучеваны арнайы барып құттықтады.Кездесу барысында ардагерлерге Ұлы Отан соғысы жылдарында көрсеткен жанқиярлық еңбегі мен қайсарлығы үшін шынайы алғыс білдірді. Мәслихат төрағасы оларды келе жатқан 9 Мамыр мерекесімен құттықтап, зор денсаулық, әл-ауқат және ұзақ ғұмыр тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ukmaslihat/press/news/details/1216582?lang=kk
Қазақстан Президенті Рим Папасы Лев XIV-ні понтификатының бірінші жылдығымен құттықтады 09.05.2026
2026 жылғы 8 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Аса қасиетті Рим Папасы Лев XIV-ні оның понтификатының бірінші жылдығына орай құттықтау жеделхатын жолдады.Өз жолдауында Мемлекет басшысы Понтификтің бейбітшілік, диалог және өзара құрмет идеяларын ілгерілетуге бағытталған дәйекті үндеулерінің маңызын атап өтіп, олардың адам қадір-қасиетін нығайту, конфессияаралық келісімді ілгерілету және халықтар арасындағы өзара түсіністікті тереңдету ісіндегі ерекше мәніне тоқталды.Қазақстан Президенті Қазақстан Республикасы мен Қасиетті Тақ арасындағы көпжылдық достық байланыстар мен тығыз ынтымақтастыққа жоғары баға беріп, екіжақты қатынастарды одан әрі нығайтуға бейілділігін растады.Қасым-Жомарт Тоқаев Папа Лев XIV-ге зор денсаулық, бақ-береке және игі миссиясын жүзеге асыру жолында сарқылмас күш-қуат тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vatican/press/news/details/1216596?lang=kk
Триатлон-парктегі абаттандыру және инфрақұрылымды дамыту жұмыстары 09.05.2026
Соңғы жылдары Триатлон-паркте абаттандыру және инфрақұрылымды дамыту бойынша жалпы құны шамамен 5 млрд теңгені құрайтын бірқатар жобалар іске асырылды.Мұнда спорт және балалар алаңдары салынды, жарықтандыру, бейнебақылау, дыбыстау және суару жүйелері орнатылды, рокарийлер жасалды, шамамен 17 мың шаршы метр көгал төселді, 2 мыңнан астам ағаш отырғызылды.Бүгінгі көшпелі кеңес барысында коммерциялық және қызметтік үй-жайлар қарастырылған кіреберіс құрылысының аяқталуы, сондай-ақ суару жүйесі бойынша жұмыстарды аяқтау мәселелері талқыланды.Сонымен қатар, тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырмалар берілді. Жүгіру және веложолдарды ретке келтіру, жолақ сызу және ескерту белгілерін орнату қажет. Қазіргі уақытта бұл жолдарды спортшылар мен кішкентай балалары бар отбасылар қатар пайдаланып, кейбір жағдайларда жарақат алу қаупін туындатады. Сондай-ақ, демалушыларға кедергі келтіретін автокөлік прокаты мен өзге де аттракциондарды орналастыруға жол бермеу тапсырылды.Өткен жылы мұнда 10 мың қызғалдақ баданасы отырғызылған болатын, бүгінде олар гүлдеп тұр. Тұрғындар үшін арнайы фотозона ұйымдастырылған. Қала тұрғындары мен қонақтарын Триатлон-паркке келіп, көктемгі гүлденуді тамашалауға шақырамыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1216669?lang=kk
Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері Корея Республикасында таныстырылды 09.05.2026
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитетінің төрағасы Ғабидулла Оспанқұлов бастаған қазақстандық делегацияның сапары аясында Корея Республикасының астанасында «Корея бизнесі үшін Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.Іс-шараға екі елдің мемлекеттік органдарының, ұлттық компаниялардың, қаржы институттарының және бизнес қауымдастықтарының өкілдері қатысты. Талқылауларға энергетика, өнеркәсіп, инфрақұрылым, қаржы және технология салаларын ұсынатын шамамен 50 жетекші кореялық компания қатысты.Қазақстан Корея Республикасындағы Елшісі Әсет Исенәлі Қазақстан-Корея стратегиялық серіктестігінің үдемелі дамуын және Оңтүстік Корея бизнесінің Қазақстан экономикасына деген қызығушылығының артуда екенін атап өтті.ҚР Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитетінің төрағасы Ғабидулла Оспанқұлов Орталық Азиядағы ең ірі экономика, маңызды көлік және логистикалық хаб және ұзақ мерзімді инвестициялық жобалар үшін сенімді платформа ретіндегі Қазақстанның бәсекелестік артықшылықтарына тоқталды.Кореялық серіктестерге энергетика, машина жасау, агроөнеркәсіптік кешен, көлік инфрақұрылымы, логистика және цифрлық технологиялар саласындағы ынтымақтастықтың перспективалы бағыттары ұсынылды. Азия мен Еуропа арасындағы негізгі транзиттік бағыт ретінде маңыздылығы артып келе жатқан Транскаспий халықаралық көлік бағытын (орта дәліз) дамытуға ерекше назар аударылды.Қатысушылар Қазақстанның арнайы экономикалық және индустриялық аймақтары ұсынатын мүмкіндіктерге, инвесторларға арналған қазіргі үкіметтік қолдау шараларына және «бір терезе» қағидатына негізделген жобаларды қолдау тетіктеріне назар аударды. Сондай-ақ, Ақтөбе облысы әкімдігінің, «Бәйтерек» зерттеу холдингі» АҚ, «Самұрық-Қазына» АҚ, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ, «KEGOC» АҚ, «QazaqGaz» ҰК» АҚ, «Almaty Invest» және «Қорқыт Ата» АЭА басқару компаниясының өкілдері баяндамалар жасады. Баяндамаларда инфрақұрылымдық бастамалар, өндірісті оқшаулау жобалары және кореялық капиталмен жоғары технологиялық өндіріс жобаларын бірлесіп жүзеге асыру перспективалары талқыланды.Іс-шара барысында «Alatau City» жобасы бөлек ұсынылды. Қазақстандық тарап заманауи қалалық инфрақұрылымды дамыту үшін озық кореялық технологиялар мен инвестицияларды тарту мүмкіндіктерін және жаңа даму орталығының индустриялық-инновациялық әлеуетін атап өтті.Жобаның Қазақстан Республикасының қабылданған «Алатау қаласының арнайы құқықтық режимі туралы» Конституциялық заңына сәйкес жүзеге асырылып жатқаны атап өтілді, ол бизнес жүргізу үшін ерекше жағдайларды, жеңілдетілген әкімшілік рәсімдерді және шетелдік инвесторлар үшін тұрақты және болжамды реттеуші ортаны қамтамасыз етеді. Талқылауларға «KIND», «Korea Eximbank», «Doosan Enerbility», «KNOC», «Shinhan Securities», «BNK Financial Group» және басқа да жетекші оңтүстік кореялық корпорациялар мен қаржы институттарының өкілдері қатысты.Дөңгелек үстел аясында қазіргі және әлеуетті инвесторлармен бірқатар екіжақты кездесулер өтті. Тараптар нақты жобаларды, өнеркәсіптік ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын және ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1216659?lang=kk
Қызмет пен өнер үндестігі: Павлодарда ҚАЖ жүйесіндегі алғашқы хор құрылды 09.05.2026
Қызмет пен өнер үндестігі: Павлодарда ҚАЖ жүйесіндегі алғашқы хор құрылдыПавлодар облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының бастамасымен өңірде ерекше шығармашылық жоба жүзеге асырылды — ҚАЖ жүйесінде алғаш рет ведомстволық хор құрылды.Жаңа ұжым әртүрлі бөлімдерден жиналған 50 қызметкерді біріктірді. Қызметтік міндеттеріне қарамастан, олар өнер мен шығармашылыққа уақыт тауып, ортақ мақсат жолында бас қосты. Репетициялар аптасына екі рет өткізіліп, ұжым өмірінің маңызды бөлігіне айналды. Бұл бастама қызметкерлердің бірлігін нығайтып, эмоционалдық серпіліс пен шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етуде.Хордың қалыптасуында оның көркемдік жетекшісі — Анишева Гульжан Магауяновна ерекше рөл атқарады. Ол — кәсіби хормейстер, Торайғыров университеті «Орындаушылық өнер» кафедрасының хор жетекшісі. Оның жетекшілігімен қатысушылар вокалдық шеберлікті меңгеріп, репертуар мен сахна мәдениеті бағытында жұмыс жүргізуде.Хордың алғашқы өнер көрсетуі 7 мамыр — Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған мерекелік іс-шара аясында өтеді. Бұл қатысушылар үшін маңызды кезең әрі бірлескен еңбектің нәтижесін көрсетуге үлкен мүмкіндік болмақ.Хордың құрылуы — ҚАЖ жүйесіндегі мәдени ортаны дамытуға бағытталған маңызды қадам ғана емес, сонымен қатар өнердің адамдарды біріктіріп, рухани жігерді нығайта алатынының жарқын үлгісі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ps/press/news/details/1216694?lang=kk
Парламент сайлау туралы заңға енгізілген түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады 09.05.2026
2026 жылғы 8 мамырдағы ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында депутаттар "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.Түзетулер жобасын ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин таныстырды. Оның айтуынша, құжат сайлау науқаны барысында белгілі болған мәселелерді ескере отырып, сайлау заңнамасын жетілдіру үшін әзірленген.Түзетулер арқылы әкімдерді сайлау кезінде қайта дауыс беру мәселесін реттеу, кандидатты ұсыну тәртібін нақтылау, сондай-ақ бір адамның бірнеше сайлау науқанына бір мезгілде қатысуын болдырмау ұсынылған.Бұдан басқа, онлайн-кеңістікте сайлау алдында үгіт жүргізу, партиялық интернет-ресурстар мен әлеуметтік желіні пайдалану нормалары бар. Кандидаттардың сенімді тұлғаларына қойылатын талап, кандидаттарды қолдау үшін қол жинау тәртібі нақтыланған.Түзетулер бойынша вахталық жұмыс орындарында және арнайы уақытша оқшаулау мекемелерінде сайлау учаскесін құру мүмкіндігі қарастырылады.Серік Жұманғариннің айтуынша, ұсынылған нормаларды қабылдау сайлау процесінің ашықтығын арттыруға, қатысушылардың жауапкершілігін күшейтуге және рәсімдердің сақталуына мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1216734?lang=kk
ҚАЖ Департаментінің 16 жас қызметкері салтанатты түрде ант қабылдады 09.05.2026
СҚО бойынша ҚАЖ Департаментінде Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.Салтанатты бөлім барысында 20-дан астам ардагердің, қызметкерлердің, олардың ата-аналары мен шақырылған қонақтардың еңбегі ерекше атап өтілді. Оларға қылмыстық-атқару жүйесінің дамуына қосқан үлесі үшін медальдар, «ҚАЖ үздігі» төсбелгілері, Ардагерлер қоғамына қосқан үлесі үшін марапаттар, құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табысталып, бірқатар қызметкерлерге мерзімінен бұрын арнайы атақтар берілді.Іс-шара барысында жас қызметкерлерге ерекше назар аударылды. Мереке қарсаңында 16 жас қызметкер ант қабылдап, адал қызмет етуге, заңдылықты сақтауға және мемлекет пен қоғам мүддесін абыроймен қорғауға салтанатты түрде ант берді.Осындай іс-шараларды өткізу ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға, қызмет беделін арттыруға, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің бойында патриотизм мен жауапкершілік сезімін қалыптастыруға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duissko/press/news/details/1216783?lang=kk
Өскеменде дербес деректерді қорғау және ақпараттық қауіпсіздік мәселелері талқыланды 09.05.2026
2026 жылғы 24 сәуірде Өскемен қаласында құқық қорғау органдары, әуе компаниялары, әуежай және кеден маңы инфрақұрылымы өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің нұсқауы және Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің дербес деректер мен өзге де сезімтал ақпараттың таралу тәуекелдерін азайту жөніндегі ұсынымдары талқыланды.Қатысушыларға дербес деректерді қорғау саласындағы заңнама талаптары, ақпараттық қауіпсіздікті күшейту шаралары және анықталған бұзушылықтар үшін жауапкершілік мәселелері түсіндірілді.Кездесу қорытындысы бойынша ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және заңнама талаптарын сақтау бағытындағы бірлескен жұмыстың маңыздылығы атап өтілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1216802?lang=kk
Астанадағы әскери колледжде «Сарбазға прокурорлық кеңес» атты акция өтті 09.05.2026
Кеңес Одағының батыры, тұңғыш қорғаныс министрі, Халық қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледжде «Заң мен тәртіп» конституциялық қағидатын іске асыру аясында прокуратура органдары әскери ведомстволармен бірлесіп «Сарбазға прокурорлық кеңес» атты республикалық профилактикалық акция ұйымдастырылды. Оған Бас прокуратура мен Бас әскери прокуратура өкілдері, прокуратура органдарының ардагерлері, колледждің жеке құрамы мен кадеттер, жас сарбаздықтар қатысты.Бұл бастама әскери қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, әскери ортада заң талаптары мен тәртіпті сақтауды нығайтуға бағытталған.Іс-шара армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды. Одан бөлек қонақтар колледж музейін аралап, оқу орнының тарихымен және көрнекті қолбасшының өмір жолымен танысты. Делегация спорт кешенін, оқу павильондарын, кітапхананы, психологиялық қызметті, жатақхананы және асхананы көріп, курсанттардың тұрмыс жағдайы мен оқу үдерісіне жасалған мүмкіндіктерге баға берді.Бағдарлама аясында кадеттермен және «Жас сарбаз» қозғалысының тәрбиеленушілерімен ашық форматта кездесу өтті. Сұхбат барысында әскери қызметтің маңызы, құқықтық сауаттылықты арттыру, әскери ортада заң талаптары мен тәртіпті сақтау мәселелері кеңінен талқыланды.Кездесу барысында әскери прокуратура органдарының ардагері әділет полковнигі Болат Тазабеков өз ойын ортаға салды.– Бүгінгі кездесудің басты мақсаты – жас сарбаздарға заң талаптарын түсіндіру ғана емес, олардың бойында жауапкершілік пен тәртіпке деген берік көзқарас қалыптастыру. Әскери қызметте заңды сақтау – әрбір жауынгердің абыройлы міндеті, – деді өз сөзінде.Қонақтар сарбаздарға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіріп, құқық бұзушылықтардың алдын алу және әскери тәртіпті нығайту жөнінде нақты ұсыныстарын жеткізді.– Осындай кездесулер біз үшін өте маңызды. Біз әскери дайындықты ғана емес, сонымен қатар өз құқықтарымыз бен міндеттерімізді тереңірек түсінеміз. Бұл болашақта саналы әрі жауапты әскери қызметші болуға ықпал етеді, – деді 3-ші оқу ротасының кадеті Әмзехан Сәтжан.Іс-шара соңында «Ұлан сазы» ансамблі мен Ұлттық әскери-патриоттық орталығы балалар студиясының бишілері өнер көрсетіп, қатысушыларға патриоттық рух сыйлады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1216803?lang=kk
Абай облысы жасөспірімдері әйелдер колониясындағы сотталғандармен кездесті 09.05.2026
Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың (қылмыстық-атқару жүйесі) әйелдер колониясында Шуақ кентіндегі орта мектептің 11-сынып оқушылары үшін Ашық есік күні ұйымдастырылды. Профилактикалық іс-шараға жиырмаға жуық мектеп оқушысы, сондай-ақ Жарма ауданы прокуратурасының, білім бөлімі мен Шуақ кентіндегі орта мектептің өкілдері қатысты.Кездесудің негізгі мақсаты – «Заң және тәртіп» тақырыбы аясында жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ жасөспірімдердің өз өмірі мен болашағына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру.Іс-шара барысында оқушылар сотталғандардың ұсталатын жағдайларын өз көздерімен көріп, мекеменің тұрғын бөлмелері мен өндірістік учаскелерін аралады. Ерекше назар сотталған әйелдермен тікелей әңгімелесуге аударылды. Олар жасөспірімдерге өз тағдырлары мен бостандықтан айырылуға алып келген қателіктері туралы ашық айтып берді.Сотталғандар қылмыс жолы көбіне дұрыс емес ортаны таңдаудан, «жеңіл ақшаға» ұмтылудан және зиянды әдеттерге берілуден басталатынын атап өтті. Олар нағыз дос ешқашан алкоголь, есірткі немесе темекі ұсынбайтынын, ал күш қолдану мен агрессия құрмет әкелмей, керісінше өмірді құртып, жақындарыңа қайғы әкелетінін ескертті.Іс-шара аясында оқушыларға есірткі заттарын заңсыз айналымға жібергені үшін 10 жылға сотталған 37 жастағы әйелдің өмірі туралы бейнеролик көрсетілді. Әйел өз өмір салты мен ортаны дұрыс таңдамаудың қалай қайғылы салдарға әкелгенін шынайы баяндады.— Мен дұрыс емес ортаға түсіп, өз өмірімді біртіндеп қалай құртып алғанымды байқамай қалдым. Бүгін мен нақты түсіндім: оқу керек, даму керек, мақсат қою керек және жақсылыққа ұмтылу керек. Тек сонда ғана болашағыңды құрып, жаман ортаның ықпалына түспеуге болады, — деді сотталған әйел.— Мұндай іс-шаралар қылмыстың алдын алуда өте маңызды рөл атқарады. Біз жастарға нақты мысалдар арқылы заңды бұзудың қандай салдарға әкелетінін көрсетіп, бостандықтың, білімнің және өз іс-әрекеттері үшін жауапкершіліктің құндылығын түсінуге көмектескіміз келеді, — деп атап өтті тәрбиелік және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің жасақ бастығы Индира Смакова.— Бүгінгі кездесу маған өте қатты әсер етті. Біз сотталған әйелдердің шынайы өмір тарихтарын естігенде, жастық шақта жасалған кез келген қате адамның тағдырын түбегейлі өзгертуі мүмкін екенін түсіндім. Бұрын көп нәрсе алыс әрі шынайы емес сияқты көрінетін, ал бүгін мұның бәрі қате таңдау жасаған кез келген адамның басына түсуі мүмкін екенін ұқтым. Осындай кездесулер болашақ туралы терең ойлануға, бостандықты, ата-ананы және бізде бар мүмкіндіктерді бағалауға, жаман ортаға ермеуге көмектеседі. Мен бұл күнді ұзақ уақыт ұмытпаймын, — деп әсерімен бөлісті 11-сынып оқушысы.Мұндай ашық есік күндері жасөспірімдердің құқықтық санасын қалыптастыруға, өз әрекеттерінің салдары туралы ойлануға және дұрыс өмірлік жолды таңдауға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisabai/press/news/details/1216834?lang=kk
Финляндияда Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында қаза тапқан кеңес жауынгерлерінің рухына тағзым етілді 09.05.2026
Хельсинки, 2026 жылғы 8 мамыр – Қазақстан Республикасының Елшісі Азамат Әбдіраимов Ханко қаласында орналасқан кеңес жауынгерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.Өз сөзінде қазақ дипломат Қазақстан халқының Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңіске қосқан зор үлесін атап өтіп, майданда ерлік пен жанқиярлық танытқан жүздеген мың қазақстандықтардың батырлығын, сондай-ақ армияны қолдауда және соғыстың аяқталуын жақындатуда маңызды рөл атқарған тыл еңбеккерлерінің еңбегін ерекше атап өтті.Қаза тапқандардың ерлігіне құрмет көрсету және тарихи жадты сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Осындай еске алу шаралары халықтар арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға және тарихи шындықты келер ұрпаққа жеткізуге ықпал ететіні атап өтілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-helsinki/press/news/details/1216855?lang=kk
Абай облысы бойынша ҚАЖ максималды қауіпсіздік мекемесінде үстел теннисінен турнир өтті. 09.05.2026
Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің максималды қауіпсіздік мекемесінде сотталғандар арасында үстел теннисінен турнир өтті. Спорттық жарыстарға қырықтан астам сотталушы қатысып, жоғары дайындық деңгейін, жеңіске деген ерік-жігерін және салауатты өмір салтына деген ұмтылысын көрсетті. Турнир спорттық толқу, адал күрес және өзара құрмет атмосферасында өтті. Төрешілікті Абай облысы Семей қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілдері жүзеге асырды, бұл жарыстарды өткізудің объективтілігі мен ашықтығын қамтамасыз етті. - Біз үшін мұндай жарыстар — бұл өз күшімізді сынап қана қоймай, қолдауды, қарым-қатынасты және спорттық рухты сезіну мүмкіндігі. Біз дамуға және уақытты тиімді өткізуге мүмкіндік бергенімізге ризамыз, - деп бөлісті сотталған. - Спорттық турнирлер сотталғандармен тәрбие жұмысында маңызды рөл атқарады. Олар физикалық және психологиялық денсаулықты нығайтуға, тәртіпті қалыптастыруға және өзін-өзі жетілдіруге ұмтылуға ықпал етеді. Мұндай іс - шаралар жазасын өтеп жатқан адамдарға өз энергиясын оң бағытқа бағыттауға және қоғамға оралуға дайындалуға көмектеседі, - деп атап өтті мекеме бастығының орынбасары Айдын Қалелов. Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды, оларға грамоталар мен естелік сыйлықтар табысталды. Қатысушылар ұйымның жоғары деңгейін атап өтіп, осындай спорттық іс-шараларға одан әрі қатысуға қызығушылық білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisabai/press/news/details/1216860?lang=kk