Enbekshi QazaQ

Әлем

Қазақстан мен Швеция сауда, өнеркәсіптік кооперация және жаңа инвестициялық жобаларды кеңейту мәселелерін талқылады 04.07.2026
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Швеция Сыртқы істер министрлігінің Сауда жөніндегі мемлекеттік хатшысы Диана Янсемен кездесу өткізді. Келіссөздер барысында тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, өзара тауар айналымын ұлғайту, инвестициялар тарту және екі елдің іскерлік топтары арасындағы өзара іс-қимылды кеңейту перспективаларын қарастырды. Сауданы дамытуға жәрдемдесу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, Қазақстан мен Швеция нарықтарына өнімдердің қолжетімділігін жеңілдету, техникалық кедергілерді жою, логистикалық және кедендік рәсімдерді жетілдіру, сондай-ақ экспорттық-импорттық операцияларды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау мәселелері талқыланды. Қазақстан тарапы отандық шикізаттық емес өнімдердің Швеция және Еуропалық Одақ нарықтарына экспортын кеңейтуге мүдделі екенін растады. Осыған байланысты экспорттаушыларды қолдау және тікелей іскерлік байланыстарды дамыту мақсатында QazTrade, Швецияның Ұлттық сауда кеңесі және Business Sweden ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты тереңдету мүмкіндіктері қарастырылды. Кездесуге қатысушылар өнеркәсіптік кооперация мәселелеріне де ерекше назар аударды. Тараптар Hyundai Trans Almaty мен Volvo Group арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылуын құптады. Жобаны іске асыру отандық машина жасау саласын дамытуға, жаңа өндірістік қуаттарды құруға, инвестициялар тартуға және Қазақстанның экспорттық әлеуетін нығайтуға ықпал етеді деп күтілуде. Келіссөздер барысында швед бизнесінің Қазақстан нарығындағы қатысуын кеңейту перспективалары да қарастырылды. Қазақстан жетекші швед компанияларымен ынтымақтастықты дамытуға, соның ішінде елімізде IKEA дүкендерін ашу мүмкіндігіне қызығушылық білдірді. Тараптар бірлескен жобаларды ілгерілету және бизнестің өзекті мәселелерін шешу үшін тиімді алаңға айналатын Қазақстан–Швеция сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық жөніндегі комиссияны құрудың маңыздылығын атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Швецияның сауда-экономикалық әріптестікті одан әрі нығайтуға, инвестициялық өзара іс-қимылды кеңейтуге және жаңа бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға өзара мүдделілігі расталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1241993?lang=ru
Абай облысында өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заң бұзушылықтар анықталды 04.07.2026
Абай облысының аумағында жүргізілген прокурорлық тексеру барысында Техникалық реттеу және метрология комитетінің облыстық департаменті өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнама талаптарының сақталмау деректерін анықтады. Тексеру қорытындысы бойынша аудандық пайдалану бөлімі (АПБ) Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 419-бабы 1-бөлігі 2-тармағына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 994 750 теңге көлемінде айыппұл салынды. Аудандық пайдалану бөлімі әскери инфрақұрылым нысандарын, соның ішінде уәкілетті мемлекеттік органдардың теңгеріміндегі әскери қалашықтардағы ғимараттар мен құрылыстарды пайдалану, техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүзеге асырады. Мекеменің негізгі міндеті – жылу, су және электрмен жабдықтау жүйелерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету, инженерлік желілер мен жабдықтарға қызмет көрсету, техникалық көрсеткіштерді бақылау, тұтынылған ресурстарды есепке алу және әскери мақсаттағы нысандардың техникалық жай-күйін тиісті деңгейде ұстау. Осы міндеттерді орындау барысында АПБ жылу энергиясын, суды және электр қуатын есепке алатын құрылғыларды, сондай-ақ қысым, температура, шығын көлемі және басқа да көрсеткіштерді өлшейтін құралдарды пайдаланады. Мұндай құрылғылардың дәлдігі есеп жүргізудің дұрыстығына, әскери инфрақұрылым нысандарының сенімді жұмысына және оларды пайдалану қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Тексеру кезінде АПБ қызметінде міндетті мемлекеттік тексеруден (салыстырып тексеруден) өтпеген өлшеу құралдарының қолданылғаны анықталды. Бұл Қазақстан Республикасының техникалық реттеу және метрология саласындағы заңнама талаптарына қайшы келеді. Тексеруден өтпеген өлшеу құралдарын пайдалану ресурстарды есепке алуда қателіктерге жол беріп, нақты көрсеткіштердің бұрмалануына және әскери нысандардың тұрақты жұмыс істеуіне қауіп төндіруі мүмкін. Техникалық реттеу және метрология комитетінің департаменті әскери инфрақұрылым нысандарына қызмет көрсететін ұйымдар үшін өлшеу құралдарын уақытылы тексеруден өткізу заң талаптарының маңызды бөлігі екенін атап өтті. Бұл салада өлшем бірлігін қамтамасыз ету инженерлік жүйелердің сенімділігіне, есеп жүргізу тәртібіне және мемлекеттік мүдделердің қорғалуына тікелей ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/1241994?lang=ru
Сауда министрлігінде азық-түлік базардарындағы тиімсіз делдалдарды қысқарту жұмысының алдын ала қорытындылары шықты 04.07.2026
15 маусым күні ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің төрағалығымен азық-түлік базарларында тәртіп орнату және тауар өткізу тізбектеріндегі тиімсіз делдалдарды қысқарту мәселелеріне арналған кеңес өтті. Кеңеске облыс әкімдерінің орынбасарлары, сондай-ақ ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қаржы министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі және Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің өкілдері қатысты. Жиында сауда саласының ашықтығын арттыруға, көлеңкелі схемаларды жоюға және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын бақылауда ұстап, халыққа қолжетімді болуын қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі жұмыс мәселесі талқыланды. Негізгі міндет – өндіруші мен тұтынушы арасындағы артық алып-сатарларды қысқартып, баға қалыптастыру үдерісін барынша түсінікті әрі бақылауға болатын деңгейге жеткізу. Қазіргі таңда бұл жұмыс тәжірибелік кезеңге көшті. Өңірлердегі баға жағдайына елеулі ықпал ететін 63 негізгі базар айқындалды. Аталған нысандарда көшпелі тексерулер, мониторинг және түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Соңғы кезеңде ғана «Алтын Орда» мен «Барыс-4» секілді ірі сауда орындарын қоса алғанда, 18 базар қамтылды. Тексеру қорытындысы бойынша 486-ға жуық заңбұзушылық анықталып, олардың әрқайсысы бойынша тиісті шаралар қабылдануда. «Сонымен қатар тауар өткізу тізбектеріндегі тәртіпті күшейту жұмыстары жалғасуда. Жыл басынан 150 тиімсіз делдал шығарылды. Тексеру нәтижесінде контрафактілік және таңбаланбаған өнімдер, көлеңкелі айналым, кассалық тәртіптің бұзылуы, еңбек қатынастарының рәсімделмеуі және сауда орындарын бірнеше мәрте қосалқы жалға беру фактілері анықталды», – деді ҚР СИМ Сауда комитетінің төрағасы Ернұр Жәутікбаев. Кеңесте заңсыз өнім айналымы мәселесі де талқыланды. Қолданыстағы шектеулерге қарамастан, бірқатар өңірлерде қажетті құжаттары мен таңбалауы жоқ импорттық тауық жұмыртқаларын сату фактілері анықталған. Жалпы алғанда, заңсыз айналымнан шамамен 32,5 мың дана жұмыртқа тәркіленді. Сондай-ақ тәркіленген өнімдерді жою кезінде міндетті түрде бейнефиксация жүргізу және мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды күшейту қажеттігі атап өтілді. Кеңес барысында ҚР Қаржы министрлігінің мәліметтері де ұсынылды. Ведомство өкілдері 38 ірі азық-түлік базарына тексеру жүргізіп, олардың аумағында қызмет ететін сауда субъектілерінің қаржы-шаруашылық қызметіне кешенді талдау жасаған. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде мониторинг пен бақылау шаралары үшін 67 азық-түлік базары іріктелді. Бұл базардарда жалпы саны 16 640 сауда субъектісі қызмет атқарады. Талдау нәтижесінде 4 843 кәсіпкердің бақылау-касса машиналарын тіркемей бөлшек саудамен айналысқаны, ал 5 846 субъектінің тіркелген POS-терминалдары жоқ екені анықталды. Сонымен қатар табысын төмендетіп көрсетуге әрекет жасаған 247 кәсіпкер анықталып, оларға қатысты қосымша талдау мен хронометраждық тексерулер тағайындалды. Бұдан бөлек, 109 кәсіпкерге тыңдауға келу туралы хабарлама жолданды. Қазіргі уақытта олардың 74-іне қатысты тыңдау өткізіліп, нәтижесінде жалпы сомасы 3,5 млрд теңгеге қосымша жиынтық табыс декларациялары тапсырылды. Жұмысқа ішкі істер органдары да тартылған. Олардың мәліметінше, базарлар мен оған іргелес аумақтарда заңсыз көше саудасының 2 345 фактісі, заңсыз сауданың 37 дерегі және заңсыз кәсіпкерліктің 201 жағдайы анықталған.Алдағы уақытта жұмыс мемлекеттік органдар мен әкімдіктер арасындағы жауапкершілікті нақты бөлуді көздейтін бірыңғай алгоритм негізінде жалғасады. Өңірлерге базарларды бақылауды күшейту, бейнебақылау жүйелерін орнату және тиімсіз делдалдарды анықтап, оларды осы жүйеден шығару жұмыстарын жандандыру тапсырылды. Сонымен қатар сауда үстемақыларына бақылау күшейтілуде. «Тәуекел факторларын ескере отырып, заңсыз қызметтен бастап көлеңкелі жұмыспен қамтуға дейінгі, сондай-ақ санитарлық және өрт қауіпсіздігі талаптарының өрескел бұзылуы тіркелген 63 азық-түлік базары анықталды. Бұл нысандардың барлығы ерекше бақылауға алынды. Біз барлық қажетті профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Барлық ескертулер берілді. Енді тек түсіндірумен шектелмейміз. Қажет болған жағдайда осы базарлардың жұмыс форматын қайта қарауға дейін баратын қатаң шаралар қабылданады. Құқықтық алаңнан тыс жұмыс істейтін тұлғалар сауда жүйесінде қалмауы тиіс», – деді Арман Шаққалиев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1241997?lang=ru
Қазақстан мен Испания стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдетуге өзара мүдделілігін растады 04.07.2026
Астана, 2026 жылғы 16 маусым – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан Республикасы мен Испания Корольдігінің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы саяси консультациялардың 8-ші отырысы өтті.Қазақ делегацияны Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов, ал испандық делегацияны Испания Корольдігі Сыртқы істер, Еуропалық одақ және ынтымақтастық министрлігінің Сыртқы және жаһандық мәселелер жөніндегі мемлекеттік хатшысы Диего Мартинес басқарды.Консультациялар барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық және білім беру салаларындағы қазақ-испан стратегиялық әріптестігінің кең ауқымды мәселелерін талқылады. Сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара іс-қимыл жөнінде пікір алмасты.Сауда және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ерекше назар аударылды. Испания Қазақстанның Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттер арасындағы негізгі экономикалық серіктестерінің бірі екені атап өтілді. Бұған 2025 жылы 1,93 млрд АҚШ долларын құраған екіжақты сауданың тұрақты көрсеткіштері дәлел бола алады. Тараптар көлік және логистика, жаңартылатын энергия көздері, агроөнеркәсіптік кешен, цифрландыру, туризм және білім беру салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүдделілік білдірді.А.Исетов Қазақстанның Испанияны Еуропадағы негізгі серіктестерінің бірі ретінде қарастыратынын және өзара құрмет, сенім мен прагматикалық ынтымақтастық қағидаттарына негізделген стратегиялық әріптестікті одан әрі тереңдетуге мүдделі екенін атап өтті.Өз кезегінде, Д.Мартинес Испания тарапының Қазақстанмен көпқырлы ынтымақтастықты кеңейтуге дайындығын растап, экономикалық және гуманитарлық салаларда бірлескен жобаларды іске асыру үшін елеулі әлеует бар екенін атап өтті.Консультациялар қорытындысы бойынша тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және белсенді саяси диалогты жалғастыруға өзара мүдделілігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-madrid/press/news/details/1242329?lang=ru
Боливиямен ынтымақтастық мәселелері талқыланды 04.07.2026
Бразилиа, 2026 жылғы 16 маусым - Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов Боливия Елшілігіне барып, Боливияның Уақытша сенімді өкілі Альваро Эдуардо Пардо Гарвизумен кездесті.Келіссөздер барысында Қазақстан мен Боливия арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың қазіргі жай-күйі мен оларды одан әрі дамыту перспективалары талқыланды. Саяси диалогты нығайтуға, сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге, сондай-ақ халықаралық алаңдардағы ықпалдастықты дамытуға ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, 2026 жылғы 19 сәуірде Анталия дипломатиялық форумы аясында Анталия қаласында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев пен Боливияның Сыртқы істер министрі Арамайо Карраско арасында өткен кездесудің қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мәселелері жөнінде пікір алмасылды.Альваро Эдуардо Пардо Гарвизу өз кезегінде, Қазақстан мен Боливия арасындағы достық қатынастарды одан әрі нығайтуға дайын екенін растап, екі елдің дипломатиялық өкілдіктері арасындағы тұрақты диалогты сақтау саяси және экономикалық ынтымақтастықтың маңызды құрамдас бөлігі екенін атап өтті.Сонымен қатар, тараптар танымал боливиялық кәсіпкер Хорхе Ормачеяның Қазақстан Республикасының Боливиядағы Құрметті консулы лауазымына кандидатурасын талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша екі мемлекеттің елшіліктері деңгейінде тұрақты жұмыс байланыстарын қолдап отыру жөніндегі уағдаластыққа қол жеткізілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1241988?lang=ru
Астанада Орталық Азиядағы Цзянсу провинциясының орталығы ашылды 04.07.2026
Астанада Қазақстан мен Қытайдың мемлекеттік органдары мен бизнес қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен «Қытай (Цзянсу провинциясы) – Қазақстан» сауда-экономикалық ынтымақтастық форумы өтті. Іс-шара екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға бағытталған маңызды диалог алаңына айналды. Форум аясында Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев пен Қытай Халық Республикасының Цзянсу провинциясы партия комитетінің хатшысы Синь Чжансин инвестициялық ынтымақтастықтың келешегін талқылап, Орталық Азиядағы Цзянсу провинциясы орталығының ашылғанын ресми түрде жариялады. Бүгінде Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынас бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейге көтерілді. Мемлекеттер басшылары айқындаған стратегиялық бағыттың нәтижесінде Қытай Қазақстанның негізгі сауда серіктестерінің бірі ретінде өз орнын нығайтып келеді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша екіжақты тауар айналымы рекордтық көрсеткішке жетіп, 49 млрд АҚШ долларын құрады. Сонымен қатар Қазақстан Қытайдың Орталық Азиядағы басты экономикалық серіктесі саналады. Қазіргі таңда Қытайдың өңір елдерімен жалпы сауда көлемінің шамамен 60 пайызы Қазақстанның үлесіне тиесілі. «Мемлекеттеріміз басшыларының стратегиялық көзқарасы мен өзара сенімге негізделген саясатының арқасында Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастық тұрақты экономикалық өсімнің және өңірлік өзара байланыстарды дамытудың маңызды факторы болып отыр. Бүгінде біз Цзянсу провинциясының кәсіпкерлерін өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік өңдеу, мұнай-газ химиясы және цифрлық технологиялар салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыруға шақырамыз. Астанадағы Цзянсу орталығының ашылуы өзара тиімді серіктестіктің заңды жалғасы әрі жаңа өндірістік тізбектерді қалыптастырудың тиімді құралы болады деп сенемін», – деді форум барысында ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев. Форумда қазақстандық тарап еліміздің инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырып, Цзянсу провинциясының компанияларын жаңартылатын энергия көздері, электрондық сауда және көлік-логистика салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға шақырды. Іс-шараның маңызды нәтижелерінің бірі логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейту туралы келісім болды. Атап айтқанда, Ақтау портында жаңа контейнерлік жобаны іске асыру жоспарлануда. Бұл жоба «есіктен шекараға дейін» қағидаты бойынша құрылатын бірыңғай логистикалық тізбектің құрамдас бөлігіне айналады. Сондай-ақ тараптар Қазақстан экспортының құрылымын әртараптандыру жөнінде уағдаласты. Алдағы кезеңде Цзянсу провинциясына қазақстандық бидай, ет және бал өнімдерін жеткізу көлемін ұлғайту көзделіп отыр. Форум барысында әлемдегі жетекші индустриялық өңірлердің бірі саналатын Цзянсу провинциясының әлеуетіне ерекше назар аударылды. Оның өнеркәсіптік өндіріс көлемі әлемдік өндірістің шамамен 4 пайызын құрайды. Қазіргі уақытта Цзянсу компаниялары Қазақстанда 63 инвестициялық жобаны жүзеге асырып жатыр. Бұл көрсеткіш провинцияның Орталық Азия елдеріне салған инвестицияларының жалпы көлемінің 47 пайызына тең. «Қытай мен Қазақстан – ортақ болашаққа ұмтылған жақын достар әрі сенімді серіктестер. Екі ел арасында бірегей стратегиялық әріптестік қалыптасқан. Экономикаларымыз бірін-бірі толықтырып отыр, сондықтан өзара сауда көлемін екі есеге арттыруға толық мүмкіндік бар деп есептеймін. Біз жасанды интеллект, жасыл экономика және электрондық коммерция сияқты жаңа бағыттар бойынша ынтымақтастықты дамытуға және екіжақты инвестициялар үшін қолайлы жағдай жасауға ниеттіміз», – деді Цзянсу провинциясы партия комитетінің хатшысы Синь Чжансин. Астанада ашылған Орталық Азиядағы Цзянсу орталығы қытайлық компанияларға арналған бірыңғай сервистік хаб қызметін атқарады. Орталық консалтингтік қолдау көрсетіп, көрме қызметін ұйымдастыруға және «Жібек жолы» электрондық коммерциясын дамытуға жәрдемдеседі. Форум қорытындысы бойынша тараптар инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, бірлескен өндірістер құруға және сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге өзара мүдделі екенін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1241991?lang=ru
АҢДАТПА! Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің тікелей эфирі Тақырыбы: «ҚҚС асып кету сұрағы бойынша өзгерістер мен жаңашылдықтар» 04.07.2026
Құрметті салық төлеушілер!2026 жылғы 17 маусымда сағат 15:00-де Департаменттің «Instagram» әлеуметтік желісіндегі @pavlodar_mkd парақшасында «ҚҚС асып кету сұрағы бойынша өзгерістер мен жаңашылдықтар» тақырыбына тікелей эфир өтеді.Спикер: Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының басшысы Харифоллин Ерсин Сейфоллаұлы.Модератор: Түсіндіру жұмысы және Байланыс орталығы басқармасының басшысы Шаймарданов Төлеген Біләлұлы.Трансляцияны жіберіп алмау үшін Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Instagram парақшасы – pavlodar_mkd жазылыңыз. Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысыжәне Байланыс-орталығы басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1241975?lang=ru
Таразда әскери міндеттілер Әскери ант қабылдады 04.07.2026
Әскери ант қабылдаудың салтанатты рәсімі Әуе қорғанысы күштерінің 14157 әскери бөлімінің саптық алаңында өтті.Әскери жиындарға шақырылған 120 әскери міндеттінің 65-і ант қабылдады. Олардың қатарында оқуына, жұмысына немесе басқа себептерге байланысты әскерге бармаған және жоғары оқу орнында әскери кафедрада оқымаған азаматтар бар.– Әскери ант қабылдау әскери міндеттілердің жауапкершілік сезімін, жауынгерлік рухын және отансүйгіштік қасиетін күшейтеді. Бұл қасиеттер, әсіресе ұшқышсыз ұшу аппараттарының операторы сияқты қазіргі заман талабына сай, жоғары сұранысқа ие әскери мамандықты игеру барысында ерекше маңызға ие, – деді 14157 әскери бөлімінің командирі подполковник Алмат Хайрушев.Ант беру рәсімі жоғары деңгейде өтті. Ант қабылдауға әскери міндеттілердің туған-туыстары мен жақындары қатысты. Іс-шараның салтанатты өтуіне «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери оркестрі ерекше үлес қосты.Ант қабылдағандардың қатарында Байзақ аудандық ауруханасының қабылдау бөлімінің меңгерушісі Нұрдәулет Сәтенов те бар.– Бұл жиындарға қатысып, Әскери ант қабылдау мен үшін үлкен мәртебе. Әр ер азаматтың қасиетті борышы – Отанға адал қызмет ету, – деді ол.Жиынға қатысушылардың ішінде Жуалы ауданынан шақырылған 38 жастағы электромонтер Абзал Абдалиев те бар. Ол шақырту жасында әртүрлі себептермен әскерде болмағанымен, әрқашан азаматтық борышын өтеуге дайын болғанын айтады.– Бұрын әскерде болмадым, енді әскери дайындықтан өтіп, жаңа мамандық игеруге мүмкіндік туып жатыр. Бүгін Әскери ант қабылдағаныма қуаныштымын,  – деді ол.Жиын аяқталғаннан кейін әскери міндеттілер қазіргі заманғы армияның ең өзекті мамандықтарының бірі – ұшқышсыз ұшу аппараттарын басқаруды меңгерген резервтегі дайын маман ретінде үйлеріне оралады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1241981?lang=ru
«Халықтық бухгалтер» акциясы маусым айында аяқталады: тегін кеңес алу үшін тек 4 күн қалды! 04.07.2026
Құрметті салық төлеушілер!2026 жылғы 5 қаңтарда басталған «Халықтық бухгалтер» республикалық акциясы өз мәресіне жақындап қалғанын еске саламыз. Маусым – сарапшылардан мүлдем тегін білікті көмек ала алатын соңғы ай.Акция аяқталғанға дейін барлық 4 кеңес беру күні қалды: 18, 23, 25 және 30 маусым. Егер сізде салық салу бойынша сұрақтар болса, сізді қорытынды кездесулерге шақырамыз.- Қашан: әр сейсенбі және бейсенбі күндері сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін.- Форматы: офлайн, мемлекеттік кірістер басқармаларының базасында.- Кеңестерді кім жүргізеді? Сіздерге «Қазақстан бухгалтерлері мен бухгалтерлік ұйымдарының одағы» кәсіби ұйымының мүшелері, сондай-ақ Павлодар, Ақсу және Екібастұз қалалары мен аудандық басқармалардағы МКБ-ның жетекші мамандары кеңес береді. Біздің сарапшылар жаңа Салық заңнамасының нормаларын түсінуге көмектесуге дайын.Құрметті салық төлеушілер! Салықтық сауаттылығыңызды арттыруға және күрделі сұрақтарға жауап алуға арналған тамаша мүмкіндікті жіберіп алмаңыздар!Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысыжәне Байланыс-орталығы басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1241972?lang=ru
Қазақстан мен Корея Республикасы су ресурстары саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда 04.07.2026
Тэджон, 2026 жылғы 16 маусым - Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Асет Исенали Корея су ресурстары корпорациясының (K-water) Атқарушы вице-президенті Сон Ён Ханмен кездесті.Кездесу барысында тараптар су ресурстарын басқару, су шаруашылығы инфрақұрылымын орнықты дамыту, заманауи цифрлық технологиялар мен инновациялық шешімдерді енгізу салаларындағы Қазақстан мен Корея арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен перспективаларын талқылады. Су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру, су объектілерін мониторингтеу мен басқарудың зияткерлік жүйелерін дамыту, сондай-ақ су қауіпсіздігін қамтамасыз ету және климаттың өзгеруіне бейімделу бағытындағы озық тәжірибе алмасу мәселелеріне ерекше назар аударылды.Қазақстан Елшісі су ресурстарын басқару жүйесін жетілдіру, суды пайдалануды қамтамасыз ету және осы саладағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мақсатында жүзеге асырылып жатқан жұмыстар мен бастамалар туралы айтты.Кездесу барысында жаһандық су ресурстарын басқару жүйесін одан әрі нығайтудың маңыздылығы атап өтілді. Осы тұрғыда қазақстандық дипломат Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Біріккен Ұлттар Ұйымының қамқорлығымен Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастамасы туралы ақпарат берді. Аталған ұйым халықаралық үйлестіруді нығайтуға, білім мен технологиялар алмасуды дамытуға, ресурстарды жұмылдыруға және су қауіпсіздігі саласындағы тиімді ынтымақтастықты ілгерілетуге бағытталған.Тараптар су технологиялары, су шаруашылығы инфрақұрылымын басқару және бірлескен жобаларды іске асыру, оның ішінде су тасқындары мен селдердің алдын алу және мониторинг жүргізу үшін цифрлық технологияларын пайдалану бағыттарындағы өзара іс-қимылды кеңейту перспективаларын да қарастырды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар су ресурстарын орнықты басқару мәселелері бойынша тәжірибе алмасуды жалғастыруға және ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өзара мүдделілігін растады.K-water - Корея Республикасының су ресурстарын басқару саласындағы ұлттық корпорациясы әрі су технологиялары, су қоймаларын пайдалану, сумен жабдықтау жүйелері, цифрлық шешімдер және су инфрақұрылымын дамыту салаларындағы әлемдік көшбасшылардың бірі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-seoul/press/news/details/1241957?lang=ru
Салық органының міндетті сипаттағы хабарламалары 04.07.2026
Салық органының міндетті сипаттағы хабарламаларына мыналар жатады:      1) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарлама.      Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарлама салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық тексеру актісі табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей, жүргізілген салықтық тексеру қорытындылары бойынша салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің сомаларын есепке жазуға, залалдардың азаюына, қосылған құн салығының және (немесе) бейрезиденттердің кірістерінен төлем көзінен ұсталатын корпоративтік (жеке) табыс салығының асып кеткен сомаларын қайтаруды растамауға алып келетін бұзушылықтар анықталған кезде ұсынылады;      2) салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымын қарау нәтижелері туралы хабарлама.      Салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымын қарау нәтижелері туралы хабарлама салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық тексеру нәтижелері туралы шағым жасалған хабарламаның күші жойылған жағдайда шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылады;      3) Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы хабарлама.      Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы хабарлама осы Кодексте белгіленген талаптарды сақтамау фактілері анықталған кезде салық органы Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықтарды анықтаған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей салық төлеушіге (салық агентіне) ұсынылады;      4) тарату кезеңінде есепке жазылған сомалар туралы хабарлама.      Тарату кезеңінде есепке жазылған сомалар туралы хабарламада тарату кезеңінде есептелген салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің және әлеуметтік төлемдердің сомасы және салықтық міндеттемені орындаудың шекті мерзімі туралы мәліметтер қамтылады.      Тарату кезеңінде есепке жазылған сомалар туралы хабарлама таратылатын салық төлеушіге (салық агентіне) таратудың салықтық есептілігі ұсынылған күннен бастап салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді және әлеуметтік төлемдерді есептеу және төлеу жөніндегі міндеттемелерді салықтық әкімшілендіру аяқталған күнге дейінгі кезең ішінде туындаған кезде таратудың салықтық тексеруі актісі табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылады;      5) салық төлеушінің тұрған жерін (оның жоқ екенін) растау туралы хабарлама.      Салық төлеушінің орналасқан жерін (жоқ болғанын) растау туралы хабарлама салық төлеушіге (салық агентіне) тіркеу деректерінде көрсетілген, салықтық зерттеп-қарау кезінде салық төлеушінің (салық агентінің) тұрған жерінде болмауы кезінде салықтық зерттеп-қарау актісі жасалған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде ұсынылады;      6) салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама.      Салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама салық төлеушіге (салық агентіне) заңды тұлғада, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінде, қызметін Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидентте, дара кәсіпкерде, жеке практикамен айналысатын адамда салықтық берешектің шекті мөлшерінен асатын сомада салықтық берешек пайда болған күннен кейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынылады;      7) дебиторлық берешекті растау туралы хабарлама.      Дебиторлық берешекті растау туралы хабарлама салық төлеуші (салық агенті) салықтық берешегін өтемеген кезде салық төлеушінің (салық агентінің) дебиторына оның банктік шоттарындағы ақша есебінен мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қабылданғаннан кейін өндіріп алу қолданылғанға дейін он жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылады;      8) жеке тұлғалардың салықтық берешегін өтеу туралы хабарлама.      Жеке тұлғада кәсіпкерлік қызметті және жеке практиканы жүзеге асыруға байланысты емес салықтық міндеттемелер бойынша салықтық берешек қалыптасқан кезде салық төлеушіге жеке тұлғалардың салықтық берешегін өтеу туралы хабарлама беріледі.      Жеке тұлғалардың салықтық берешегін өтеу туралы хабарлама салық төлеушіге салықтық берешек түзілген күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1241936?lang=ru
2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексіндегі өзгерістер 04.07.2026
2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексіндегі өзгерістер2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының Салық кодексіне бірқатар өзгерістер енгізіледі.Негізінен бұл түзетулер редакциялық және терминологиялық сипатқа ие. Олар Кодекстегі жекелеген тұжырымдарды нақтылауға, терминдерді қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіруге және нормаларды бірізді қолдануға бағытталған.Атап айтқанда:Кодекс мәтініндегі жекелеген терминдер ауыстырылады;құқықтық тұжырымдар нақтыланады;ұлттық валютаның жазылуы «теңге» түрінде сәйкестендіріледі;заңнамадағы өзгерістерге байланысты нормалар түзетіледі;салықтық әкімшілендірудің жекелеген ережелері қолданысқа енгізіледі.Сонымен қатар, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінің 189-бабы қолданысқа енгізіледі. Аталған бапта заңда белгіленген негіздер болған жағдайда заңды тұлғаның бірінші басшысына, жеке кәсіпкерге және жеке практикамен айналысатын адамға қатысты Қазақстан Республикасынан шығуға уақытша шектеу қою тәртібі көзделген.Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілерге салық заңнамасындағы өзгерістерді уақытылы қадағалап, салық міндеттемелерін белгіленген мерзімде орындау қажеттігін еске салады.Өзекті ақпарат Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми ресурстарында орналастырылады.#ҚостанайДГД #СалықКодексі #МемлекеттікКірістер #Салық2026 #Кәсіпкерлік #ҚостанайАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1241920?lang=ru
Теміржол саласы мен инфрақұрылымын дамыту мәселесі қаралды 04.07.2026
Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында теміржол саласы мен инфрақұрылымын дамыту мәселесі қаралды. Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев селекторлық режим арқылы қатысты. Үкімет отырысынан кейінгі мәжілісте мәселелер жан-жақты талқыланды.Аймақ басшысы теміржол вокзалдарын коммуналдық меншікке қабылдауды заңнама талаптарына сәйкес уақытылы аяқтауды тапсырды.–Теміржол вокзалдарының сыртқы келбеті ғана емес, жолаушыларға қызмет көрсетуі де жаңа сапаға көшуі тиіс. Қала, аудан әкімдіктерімен бірлесіп, вокзалдар аумағының абаттандырылуын, көгалдандырылуын, санитарлық тазалығын күнделікті қамтамасыз етіңіздер, – деді Мұрат Нәлқожаұлы.Облыс аумағынан 1051 шақырым теміржол желісі өтеді. Оның 83,4 шақырымын күрделі жөндеу басталды. Бүгінгі күнге дейін 50,4 шақырымы жөндеуден өткен, қалған 33 шақырымы жыл соңына дейін бітеді. Сексеуіл станциясында 18,7 шақырым теміржол салынып, 77 жиынтық бағыттамалы бұрма орнатылуда.Қызылорда облысынан 15 жұп, облыс орталығынан Астана, Петропавл, Павлодар, Көкшетау, Семей, Түркістан қалаларына 6 жұп жолаушы пойызы қатынайды.Осыдан екі жыл бұрын Қызылорда қаласындағы теміржол вокзалы күрделі жөнделіп, іргелес аумағы абаттандырылды. Бүгінде өңірдегі 7, атап айтқанда Жаңақорған, Шиелі, Жосалы, Төретам, Қазалы, Арал теңізі, Сексеуіл вокзалдарында, Тереңөзек пен Жалағаштағы қызмет көрсету пункттерінде, Жаңақорған ауданы Талап бекетіндегі жолаушылар платформасында күрделі жөндеу және қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Қазалы, Шиелі, Жаңақорған вокзалдары мен Талап бекетінде құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды.Сондай-ақ мәжілісте жауапты басшыларға бір апта ішінде өндірістің жаңа бағыттарын дамыту және іске қосуға қатысты нақты ұсыныстар әзірлеу міндеттелді. Негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің оң динамикасы сақталуы тиіс.Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына қарсы күзгі залалсыздандыру жұмыстарын сапалы әрі бекітілген кестеге сәйкес жүргізу мәселесі де талқыланды.Облыс әкімі кенеге қарсы өңдеу шараларын ветеринариялық талаптарға сай ұйымдастырып, орындалуын қатаң бақылауды тапсырды. Аурудың алдын алудың және алғашқы белгілері байқалған бойда медициналық көмекке жүгінудің маңызы туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүйелі жүргізілуі қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1241912?lang=ru
Белағаш ауылының әкімі сайланды 04.07.2026
Ағымдағы жылдың 14 маусымында Белағаш ауылының әкімі сайланды.Сайлаушылардың қатысуы 77,42% немесе 408 сайлаушыны құрады(барлығы 527 сайлаушы).Дауыс беру нәтижелері бойынша ауыл әкімі болып – Аубакиров Аталық Аманжолұлы сайланды.АСК-нің 2026 жылғы 15 маусымдағы шешімімен Аубакиров Аталық Аманжолұлы Жақсы ауданы Белағаш ауылының әкімі ретінде тіркелді.Аталық Аманжолұлы 1988 жылдың 15 мамырында Жарқайың ауданының Львовское ауылында дүниеге келген, жоғары білімді: 2011 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Экономика және бизнес» мамандығы бойынша бітірген.2009 жылдың наурызынан 2012 жылдың қазанына дейін Алматы қаласы әкімдігі аппаратының мемлекеттік коммуналдық қазыналық өндірістік-эксплуатациялық кәсіпорнында және «Алматы электр станциялары» АҚ ТЭЦ-1 департаментінде электр жабдықтары мен байланысты пайдалану және жөндеу бөлімінде электр монтері, байланыс шебері болып жұмыс істеді.2012 жылдың қазанынан 2014 жылдың тамызына дейін Алматы қаласындағы «Kaspi Bank» АҚ-да жұмыс істеп, бөлшек өнімдерді дамыту департаменттерінде, бөлшек сауданың бэк-офисы мен Бөлшек өнімдерді дамыту дирекциясының Product Office департаментінде менеджер лауазымдарын атқарды.2015 жылдың қаңтарынан 2015 жылдың наурызына дейін – «Агрофирма TNK» ЖШС мал шаруашылығы бөлімінің маманы.2016 жылдың сәуірінен 2018 жылдың қазанына дейін – Белагаш ауылы әкімдігі аппаратының бас маманы болып жұмыс істеді.2018 жылдың қазанынан 2020 жылдың шілдесіне дейін Белагаш ауылының әкімі қызметін атқарды.2022 жылдың мамырынан 2022 жылдың қазанына дейін – ҚР АӘМ Қаржы құралдары және микрокредиттеу департаментінің Қаржы құралдары басқармасының сарапшысы.2022 жылдың қазанынан 2022 жылдың желтоқсанына дейін ҚР АӘМ Стратегиялық талдау және жоспарлау департаментінің Талдау басқармасының бас сарапшысы болып жұмыс істеді.2023 жылдың сәуірінен қазіргі уақытқа дейін Жарқайың ауданының «Байлық» шаруа қожалығының егіншілік бригадасының бригадирі болып жұмыс істеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zhaksy/press/news/details/1241906?lang=ru
«Globus Konzervipari Zrt.» венгриялық компаниясымен кездесу 04.07.2026
2026 жылдың 16 маусымда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов венгриялық «Globus Konzervipari Zrt.» компаниясының коммерциялық директоры Лазло Берениймен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады. Қоспалар мен консерванттарсыз консервіленген көкөністер өндіру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Кездесу соңында тараптар екі ел арасындағы әріптестікті нығайтуға күш-жігерді белсенді қолдауға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1241907?lang=ru
Қазақстан мен Корея Республикасы ғарыш саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде 04.07.2026
Тэджон, 2026 жылғы 16 маусым – International Space Summit 2026 халықаралық ғарыш саммиті аясында Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Асет Исенали оңтүстіккореялық CONTEC Co., Ltd. компаниясының негізін қалаушысы әрі директорлар кеңесінің Төрағасы Ли Сон Химен кездесті.Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы ғарыш саласындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-куйі мен оны одан әрі дамыту перспективаларын талқылады. Атап айтқанда, спутниктік технологиялар, Жерді қашықтықтан зондтау, ғарыш инфрақұрылымын дамыту, сондай-ақ аэроғарыш саласы үшін жоғары білікті мамандар даярлау мәселелері қарастырылды.Тараптар екі елдің бейінді ұйымдары арасындағы өзара іс-қимылды кеңейтуге, заманауи технологиялық шешімдерді енгізуге және ғарыштық технологиялар мен цифрлық сервистерді дамытуға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыруға ерекше назар аударды.Асет Исенали Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы ғарыштық зерттеулер мен инновациялар саласындағы әріптестікті одан әрі нығайтудың елеулі әлеуетін атап өтіп, қазақстандық тараптың кореялық озық тәжірибе мен технологияларды тартуға мүдделі екенін жеткізді.Өз кезегінде Ли Сон Хи соңғы жылдары қалыптасқан қазақстандық-кореялық ынтымақтастықтың берік негізін атап өтті. Ол CONTEC компаниясының қазақстандық серіктестермен өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға дайын екенін растап, спутниктік технологиялар мен ғарыштық сервистер саласындағы бірлескен жобалардың келешегі зор екенін айтты.Кездесуде ҚР Президентінің 2026 жылғы қыркүйекке жоспарланған Корея Республикасына сапарына дайындық мәселелері және жоғары технологиялар мен инновациялық ынтымақтастық саласындағы жаңа бастамаларды ілгерілету мүмкіндіктері де талқыланды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайтуға бағытталған практикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екендерін растады.International Space Summit 2026 саммиті әлемнің түрлі елдерінен жетекші ғарыш агенттіктерінің, ғылыми орталықтардың және жоғары технологиялық компаниялардың өкілдерін жинап, жаһандық ғарыш индустриясының даму перспективалары мен халықаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылауға мүмкіндік берді.Саммит аясында Қазақстан Республикасының ұлттық павильонының жұмысына ерекше назар аударылды. Экспозицияда отандық ғарыш саласының әлеуеті мен қазақстандық аэроғарыш кәсіпорындарының заманауи әзірлемелері таныстырылды.Қазақстанның ұлттық стенді ғарыштық технологиялар саласындағы мүмкіндіктерді халықаралық деңгейде ілгерілетуге, сондай-ақ шетелдік серіктестер мен инвесторлармен жаңа байланыстар орнатуға ықпал ететін маңызды алаңға айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-seoul/press/news/details/1241870?lang=ru
Мәселелерден шешімдерге: кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бойынша аудандық семинар. 04.07.2026
«Балалар еңбегін қанауға қарсы 12 күн» ақпараттық науқаны аясында, сондай-ақ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларымен, педагог-психологтармен және әлеуметтік педагогтармен жұмыс циклограммасына сәйкес Осакаров ауданының білім бөлімінің әдіскері Қасумова В.Н. ұйымдастырған аудандық семинар өтті.Семинар барысында қатысушылар балалардың құқықтарын қорғау, балалар еңбегін қанаудың алдын алу, жазғы кезеңде кәмелетке толмағандардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және жұмыспен қамту, сондай-ақ мектеп, отбасы және қоғамның осы бағыттағы өзара іс-қимылы мәселелерін талқылады.Талқылау барысында білім бөлімінің әдіскері Қасумова В.Н. жүргізіліп жатқан жұмыстың тиімділігіне қатысты бірқатар сұрақтар қойды. Оқушылардың қызығушылығын ең көп тудырған жұмыс түрлеріне, мектеп жанындағы алаңмен қамтылған балалар санына, сондай-ақ 2025–2026 оқу жылы ішінде өткізілген профилактикалық рейдтердің санына ерекше назар аударылды.Семинар қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған профилактикалық жұмысты одан әрі жетілдіру жөнінде ұсынымдар әзірленді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1241852?lang=ru
МКК порталы: мемлекеттік қызметтер мен электрондық сервистер онлайн қолжетімді 04.07.2026
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті азаматтар мен бизнес өкілдері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер комитетінің порталының электрондық сервистерінің кең ауқымын мемлекеттік кірістер органдарына бармай-ақ пайдалана алатынын еске салады.МКК порталында қажетті ақпаратты жедел алуға және салық міндеттемелерін онлайн режимде орындауға мүмкіндік беретін түрлі сервистер қолжетімді.Тексеру сервистері арқылы төмендегілер туралы мәліметтер алуға болады:салық төлеушілер мен контрагенттер туралы;сенімсіз салық төлеушілер туралы;ҚҚС төлеушілері туралы;тарату сатысындағы салық төлеушілер туралы;қайтарылған хабарламалар туралы;бақылау-касса машиналарын тіркеу туралы;қолданылатын салық режимдері туралы;салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұру, ұзарту және қайта бастау туралы;Қазақстан Республикасының резиденттігін растайтын құжаттар туралы;МКК порталында орналастырылған өзге де мәліметтер туралы.Салықтар мен берешек бойынша сервистердің көмегімен пайдаланушылар:салық берешегінің жоқтығы (болуы) туралы мәлімет ала алады;салықтар мен бюджетке төленетін басқа да төлемдерді онлайн төлей алады;жеке тұлғалардың алдағы төлемдері мен берешектері туралы ақпаратпен таныса алады.Сондай-ақ МКК порталында қосымша сервистер де қолжетімді:онлайн кезекке брондау;өсімпұлды, көлік салығын, жеке табыс салығын және кедендік төлемдердің болжамды сомасын есептеуге арналған калькуляторлар;Салық кодексі бойынша жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар.Салық төлеушілерге қолайлы болу үшін МКК порталында мемлекеттік қызметтерді алу және салық міндеттемелерін орындау үшін қажетті өзекті салық есептілігі нысандары мен салықтық өтініштер орналастырылған.Сонымен қатар, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және жедел кері байланысты қамтамасыз ету мақсатында МКК порталының беттерінде сервистер жұмысының сапасын бағалауға және оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар жолдауға арналған QR-кодтар орналастырылған. Пайдаланушылар пікір қалдырып, туындаған қиындықтар туралы хабарлап, мемлекеттік кірістер органдары қызметін жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізіп, өзге де өтініштер жолдай алады.Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мемлекеттік қызметтер мен сервистерге жылдам, ыңғайлы әрі ашық қолжетімділікті қамтамасыз ететін МКК порталының цифрлық мүмкіндіктерін белсенді пайдалануды ұсынады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1241825?lang=ru
Шетелдік салықты есепке жатқызу 04.07.2026
Резидент-салық төлеушінің Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлердегі көздерден алған кірістерінен Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерде төленген кіріс немесе пайда салығының немесе корпоративтік немесе жеке табыс салығына ұқсас өзге шетелдік салықтың сомалары осындай шетелдік табыс салығының төленгенін растайтын құжат болған кезде Қазақстан Республикасында корпоративтік немесе жеке табыс салығын төлеу есебіне есепке жатқызылуға тиіс.Мұндай құжат шет мемлекеттің салық органы берген және (немесе) куәландырған, шет мемлекеттегі көздерден алынған кірістердің және төленген салықтардың сомалары туралы анықтама болып табылады.Егер шет мемлекеттiң салық органы берген және (немесе) куәландырған, шет мемлекеттегi көздерден алынған кірістердің және төленген салықтардың сомалары туралы анықтама шет тілде жасалса, оның Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен нотариат куәландырған, қазақ немесе орыс тіліне аудармасының болуы міндетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1241811?lang=ru
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің жоғары қаржылық бақылау органдарының өкілдері бірлескен бақылау іс-шарасын өткізді 04.07.2026
     2026 жылғы 10-16 маусым аралығында Еуразиялық Экономикалық Одаққа мүше мемлекеттердің жоғары қаржылық бақылау органдарының өкілдері Қазақстан Республикасының 2025 жылғы ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер бюджеттерінің кірістеріне кедендік әкелу баждарының сомаларын есепке алу, бөлу және аудару тәртібі туралы Хаттама ережелерінің орындалуын тексеру бойынша бірлескен бақылау іс-шарасын өткізді.       Бақылау іс-шарасына Армения Республикасының аудиторлық палатасының, Беларусь Республикасының мемлекеттік бақылау комитетінің, Қырғыз Республикасының Есеп палатасының, Ресей Федерациясының Есеп палатасының және Қазақстан Республикасының жоғары аудиторлық палатасының өкілдері қатысты.      Тексеру шеңберінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Қазынашылық комитетінің кедендік әкелу баждарының, сондай-ақ өзге де баждардың, салықтар мен алымдардың сомаларын есепке жатқызудың және бөлудің белгіленген тәртібін қолдану жөніндегі қызметі зерделенді. Бақылау іс-шарасы бірлестікке қатысушы мемлекеттер арасында кедендік түсімдерді бөлу саласындағы Еуразиялық экономикалық одақтың құқықтық базасында көзделген міндеттемелердің Қазақстан Республикасының сақталуын бағалауға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazyna/press/news/details/1241795?lang=ru