Белағаш ауылының әкімі сайланды
Конституция

Белағаш ауылының әкімі сайланды

04.07.2026 03:51:58 276

Ағымдағы жылдың 14 маусымында Белағаш ауылының әкімі сайланды.

Сайлаушылардың қатысуы 77,42% немесе 408 сайлаушыны құрады
(барлығы 527 сайлаушы).

Дауыс беру нәтижелері бойынша ауыл әкімі болып – Аубакиров Аталық Аманжолұлы сайланды.

АСК-нің 2026 жылғы 15 маусымдағы шешімімен Аубакиров Аталық Аманжолұлы Жақсы ауданы Белағаш ауылының әкімі ретінде тіркелді.

Аталық Аманжолұлы 1988 жылдың 15 мамырында Жарқайың ауданының Львовское ауылында дүниеге келген, жоғары білімді: 2011 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Экономика және бизнес» мамандығы бойынша бітірген.

2009 жылдың наурызынан 2012 жылдың қазанына дейін Алматы қаласы әкімдігі аппаратының мемлекеттік коммуналдық қазыналық өндірістік-эксплуатациялық кәсіпорнында және «Алматы электр станциялары» АҚ ТЭЦ-1 департаментінде электр жабдықтары мен байланысты пайдалану және жөндеу бөлімінде электр монтері, байланыс шебері болып жұмыс істеді.

2012 жылдың қазанынан 2014 жылдың тамызына дейін Алматы қаласындағы «Kaspi Bank» АҚ-да жұмыс істеп, бөлшек өнімдерді дамыту департаменттерінде, бөлшек сауданың бэк-офисы мен Бөлшек өнімдерді дамыту дирекциясының Product Office департаментінде менеджер лауазымдарын атқарды.

2015 жылдың қаңтарынан 2015 жылдың наурызына дейін – «Агрофирма TNK» ЖШС мал шаруашылығы бөлімінің маманы.

2016 жылдың сәуірінен 2018 жылдың қазанына дейін – Белагаш ауылы әкімдігі аппаратының бас маманы болып жұмыс істеді.

2018 жылдың қазанынан 2020 жылдың шілдесіне дейін Белагаш ауылының әкімі қызметін атқарды.

2022 жылдың мамырынан 2022 жылдың қазанына дейін – ҚР АӘМ Қаржы құралдары және микрокредиттеу департаментінің Қаржы құралдары басқармасының сарапшысы.

2022 жылдың қазанынан 2022 жылдың желтоқсанына дейін ҚР АӘМ Стратегиялық талдау және жоспарлау департаментінің Талдау басқармасының бас сарапшысы болып жұмыс істеді.

2023 жылдың сәуірінен қазіргі уақытқа дейін Жарқайың ауданының «Байлық» шаруа қожалығының егіншілік бригадасының бригадирі болып жұмыс істеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zhaksy/press/news/details/1241906?lang=ru