Enbekshi QazaQ
2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Әлем

М. Х. Дулати атындағы Тараз университетінің түлектерімен кездесу 30.06.2026
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 21.05.2026 жылғы №КГИП-02-КГ/596-И хатымен жолдаған жоғары оқу орындарынының үздік түлектерін Қаржы Министрлігінің органдарына жұмысқа орналастыру тетігін пысықтау мақсатында Жамбыл мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік қазынашылық департаментімен бірлесе отырып, М. Х. Дулати атындағы Тараз университетінің түлектерімен кездесу ұйымдастырды. Жамбыл мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Шертаев Құрманғазы Рахымжанұлы және Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік қазынашылық департаменті басшысының орынбасары Бухашев Жазылбек Әшкеұлы түлектерді жалпы мемлекеттік қызметпен таныстырып, өз салалары бойынша айтып өтті.Қазіргі таңда мемлекетімізге жаңаша ойлайтын, цифрлық технологияларды меңгерген және ең бастысы — өз еліне, туған өңіріне адал қызмет еткісі келетін жас мамандар ауадай қажет. Біздің департамент — мемлекеттік активтерді басқару, республикалық меншікті оңтайландыру, тәркіленген және мемлекет мүлкін жекешелендіру процестерін жүзеге асыратын аймақтағы басты мемлекеттік орган болып табылады.Жоғары оқу орнын GPA көрсеткіші 3,33-тен төмен емес нәтижемен бітірген түлектер мемлекеттік қызметтің төменгі лауазымдарына конкурстық іріктеусіз тағайындала алады. Мұндай мүмкіндік, ең алдымен, дарынды жастарды қолдауға, мемлекеттік аппаратқа жаңа буын кадрларын тартуға және өңірлердегі кадрлық әлеуетті нығайтуға бағытталған.Бұл тетік жастар үшін мемлекеттік қызметке келу жолын жеңілдетіп қана қоймай, олардың өз мамандығы бойынша еңбек жолын ерте бастауына мүмкіндік береді. Ал мемлекеттік органдар үшін бұл – жаңа көзқарасы бар, білімді, ізденімпаз мамандарды тартудың тиімді құралыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/gosreestr/press/news/details/1230534?lang=ru
Конституциялық Сот жаңа Конституция мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда 30.06.2026
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің алаңында Конституциялық Сот, Білім және ғылым министрлігі және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі бірлесіп ұйымдастырған «Қазақстанның жаңа Конституциясы: институционалдық өзгерістер және құқықтық мемлекетті дамыту» ғылыми-практикалық конференция өтті.Шараға өңірдің жергілікті өкілді және атқарушы органдарының, сот жүйесінің, құқық қорғау құрылымдарының, ғылыми қауымдастық пен азаматтық сектордың өкілдері қатысты. Конференцияны облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов ашып, конституциялық реформалардың мемлекеттілікті нығайту мен Әділетті Қазақстанды құрудағы ерекше маңызын атап өтті.Конституциялық Сот Төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов өз сөзінде жаңа Конституция қоғам мен мемлекетті дамытудың жаңа кезеңін айқындайтынын атап өтіп, адам құқықтарының цифрлық кепілдіктерін бекіту, адами капиталды, білім беруді, ғылым мен инновацияларды дамыту секілді негізгі конституциялық жаңашылдықтарға жан-жақты тоқталды.Конференцияға қатысушылар Парламент депутаттары, Конституциялық Соттың, мемлекеттік органдар мен ғылыми қауымдастықтың өкілдері — жаңа Конституция жағдайындағы мемлекеттік билікті ұйымдастыру, сайланбалы институттарды дамыту, ұлттық және халықаралық құқықтың арақатынасы, сондай-ақ Қазақстандағы өкілді билік жүйесін одан әрі трансформациялау мәселелерін талқылады.Шара барысында «Әділетті Қазақстанның жаңа Конституциясы» студенттердің онлайн-байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Сонымен қатар, Бақыт Нұрмұханов пен Конституциялық Сот Аппаратының аналитика бөлімінің меңгерушісі Амир Омаров «Конституцияның үстемдігі және конституциялық іс жүргізудегі Amicus Curiae құқықтық институтын дамыту» тақырыбында тренинг өткізді.Жұмыс сапары аясында Конституциялық Сот өкілдері сондай-ақ NIS мектебі мен «Үміт» балалар үйіне барып, оқушылармен және тәрбиеленушілермен кездесті. Ашық диалог барысында жаңа Конституцияның негізгі ережелері, сайланбалы институттарды дамыту және азаматтардың қоғамдық маңызы бар шешімдерді қабылдаудағы рөлі талқыланды.«Үміт» балалар үйіндегі тәрбиеленушілер арасынан сайланатын басқару органдары жұмыс істейтін балалардың өзін-өзі басқару жүйесімен танысу ерекше қызығушылық тудырды. Балалар өздерінің өзін-өзі басқару ұйымының жұмысы, мекеменің күнделікті өміріне қатысты мәселелерді шешуге қатысуы, әкімшілікпен өзара іс-қимылы және өз бастамаларын жүзеге асыруы туралы айтып берді. Кездесу барысында Конституциялық Сот өкілдері жастардың жауапкершілік, көшбасшылық және шешім қабылдау процесіне қатысу дағдыларын қалыптастырудың маңызын атап өтті. Бұл қасиеттер демократиялық қағидаттар мен конституциялық құндылықтардың негізін құрайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/1230541?lang=ru
«Өрт – 2026» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары 30.06.2026
Өңірімізде «Өрт – 2026» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтті. Ауқымды шараға Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов қатысты.Ірі орман өрті оқиғаларының алдын алу және болдырмау мақсатында облыс аумағында материалдық-техникалық базаны нығайту және жаңарту жұмыстары жүргізілуде. 51 өрт сөндіру автокөлігі, 86 трактор, 36 орман өртін сөндіру кешені, 26 патрульдік автокөлік, 16 тіркемелі жабдық және 2 тіркемелі өртке қарсы жабдық сатып алынды. Біз орман мекемелерін заманауи арнайы техникамен және байланыс құралдарымен жабдықтау жұмыстарын жалғастыра береміз.«Биыл «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында облыста 18 жаңа өрт сөндіру бекетін ашу және 12 бекетке жаңғырту жүргізу жоспарланып отыр. Аймақтың 34 мыңнан астам тұрғыны бар 75 елді мекенінің қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі», – деді аймақ басшысы.Оқу-жаттығулар ерте анықтау жүйесінің тиімділігін арттыруға, ғарыштық мониторинг пен орманды-дала аймақтарын патрульдеуді күшейтуге, сондай-ақ өрт ошақтарын алғашқы сағаттарда жою мүмкіндігін арттыруға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1230544?lang=ru
Тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жүргізу тәртібін түсіндіру 30.06.2026
«2023–2029 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы жөндеу жұмыстарының кезеңдері1-кезең. Көппәтерлі тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізуге тұрғындардың келісімін алуНе жүзеге асырылады: Жиналыстарда «2023–2029 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы» аясында күрделі жөндеу жүргізу туралы мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданады.Толығырақ: Жөндеу жұмыстарының түрлері анықталып, тұрғындар арасынан үй кеңесі сайланады.2-кезең. Жобалық-сметалық құжаттаманы (ЖСҚ) әзірлеу және келісуЖобалық-сметалық құжаттама келесі екі нұсқаның бірі бойынша әзірленеді:Жергілікті бюджет қаражаты есебінен: әзірлеу мерзімі 5–6 айды құрайды.Оператор қаражаты есебінен, кейін қайтару шартымен: әзірлеу мерзімі небәрі 2 айды құрайды.3-кезең. Жөндеу жұмыстарын жүргізетін мердігер ұйымды таңдауКім таңдайды: Мердігер ұйымды үй кеңесі таңдайды.Талаптар: Байқауға рейтингі 3-санаттан төмен емес компаниялар жіберіледі.4-кезең. Жөндеу жұмыстарын жүргізуЖұмыстардың басталуы: Мердігерлік шарттар жасалып, жұмыс кестелері бекітілгеннен кейін мердігерлер жөндеу жұмыстарына кіріседі.5-кезең. Аяқталған жөндеу жұмыстарын қабылдау және нысанды пайдалануға беруАяқталған жұмыстарды қабылдау комиссиясының құрамына мыналар кіреді:Үй кеңесі;МИБ төрағасы;Мердігер ұйым;Авторлық және техникалық қадағалау өкілдері;Оператор.6-кезең. Жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстарының құнын төлеуКім төлейді: Пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері.Шарттары: Қаражатты қайтару мерзімі 7 жылдан 15 жылға дейін.Анықтама үшін байланыс мәліметтеріҚосымша ақпарат алу үшін «ЖКХремонт» ЖШС-не хабарласуға болады:Мекенжайы: Қостанай қаласы, Қайырбеков көшесі, 75Анықтама телефоны: 8 (714) 437-40-71Электрондық пошта: zhkhremont2013@mail.ruInstagram: @zhkh_remontАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1237630?lang=ru
ТІЖ ресімдеу тәртібінің сақталуына бақылау 30.06.2026
Салық органдары тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды (ТІЖ) ресімдеу тәртібінің сақталуына мынадай жағдайларда бақылау жүргізеді:- Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды тасымалдау, өткізу және (немесе) тиеп-жөнелту кезінде, оның ішінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасындағы халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру барысында;- ЕАЭО-ға мүше емес мемлекеттердің және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелу кезінде;- Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше емес мемлекеттердің және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағына тауарларды әкету кезінде.Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу міндеттемесі мынадай мерзімдерде туындайды:- Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды тасымалдау, өткізу және (немесе) тиеп-жөнелту кезінде – тауарларды тасымалдау, өткізу және (немесе) тиеп-жөнелту басталғанға дейін;- ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелу кезінде – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткенге дейін;- Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше емес мемлекеттердің және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағына тауарларды әкету кезінде – тауарларды тасымалдау, өткізу және (немесе) тиеп-жөнелту басталғанға дейін;- ЕАЭО-ға мүше бір мемлекеттің аумағынан ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағына Қазақстан Республикасының аумағы арқылы халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезінде – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде автомобиль өткізу пунктінде.Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу міндеті қолданылатын тауарлардың тізбесі, сондай-ақ олардың нысандары, ресімдеу тәртібі және құжат айналымы уәкілетті органмен айқындалады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1237635?lang=ru
Жапонияның Әділет министрімен шарттық-құқықтық базаны кеңейту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді 30.06.2026
Токио, 2026 жылғы 29 мамыр – Қазақстан Республикасының Жапониядағы Елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаев Жапонияның Әділет министрі Хироши Хирагучимен кездесу өткізді. Сұхбат барысында тараптар ағымдағы жылы Токиода өтетін «Орталық Азия + Жапония» форматындағы Әділет министрлерінің алғашқы кездесуіне дайындықты талқылады. Аталған саммит құқық саласында тәжірибе алмасу, заңнамалық реформаларды талқылау және инвестициялық жобаларды іске асыру үшін құқықтық базаны қалыптастыру үшін маңызды алаң болады деп күтілуде. Жапон министрі 2025 жылғы желтоқсанда қол қойылған әділет және құқық қолдану практикасы саласындағы екіжақты өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған Қазақстан мен Жапония Әділет министрліктері арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумның маңыздылығын атап өтті.Cонымен қатар Х.Хирагучи Жапонияның Әділет министрлігі мен Жапонияның Сыртқы істер министрлігі бірлесіп, Қазақстанмен құқықтық салада бірқатар екіжақты келісімдер жасасу мүмкіндігін қарастыратынын растады.Өз тарапынан Елші Е.Баударбек-Қожатаев жаңартылған Конституцияның ережелерін, мемлекеттік қызметтерді цифрландыру жөніндегі шараларды, сондай-ақ адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін нығайту жөніндегі бастамаларды қоса алғанда, елде жүзеге асырылып жатқан саяси және құқықтық реформалар туралы ақпарат берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tokyo/press/news/details/1230631?lang=ru
Конституциялық Сот жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңес әкімшілік сот төрелігіне қол жеткізу мәселелерін талқылады 30.06.2026
2026 жылғы 29 мамырда Астанада Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының жанындағы Ғылыми-консультативтік Кеңестің жетінші отырысы өтті.Ғылыми-консультативтік кеңес Конституциялық Сот жанындағы тұрақты жұмыс істейтін консультативтік орган болып табылады, оның мүшелері сот қарайтын мәселелер бойынша ғылыми қорытындылар мен сараптамалық бағалауларды дайындау үшін конституциялық іс жүргізуге қатысуға тартылады.Конституциялық бақылау органдарының ғылыми және сараптамалық қоғамдастықпен өзара іс-қимылы конституциялық-құқықтық доктринаны дамытуға және құқық қолдану қызметін жетілдіруге ықпал ететін кең таралған халықаралық практика болып табылады.Отырысқа ғылыми-консультативтік кеңестің мүшелері, Парламенттің, мемлекеттік органдардың, ғылыми және сараптамалық қоғамдастықтың, сондай-ақ дипломатиялық корпус пен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.Конституциялық Соттың Төрағасы Эльвира Азимова өз баяндамасында мемлекеттің конституциялық негіздерін нығайтудың, құқық үстемдігі қағидаттарын дамытудың және адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін одан әрі жетілдірудің маңыздылығын атап өтті.2026 жылғы конституциялық реформаны іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Бұл реформа адамға бағдарланған мемлекет моделін нығайтуға, сот арқылы қорғалу кепілдіктерін кеңейтуге және конституциялық бақылау институтының тиімділігін арттыруға бағытталған.Сонымен қатар, Ғылыми-консультативтік кеңестің қызметі аясындағы халықаралық ынтымақтастық пен ғылыми қауымдастықпен өзара іс-қимылдың маңыздылығы атап өтілді.Дипломатиялық корпус өкілдері құқық үстемдігі саласындағы Қазақстанмен ынтымақтастықты одан әрі дамытудың, адам құқықтарын қорғау институттарын нығайтудың және сот-құқықтық жүйені жетілдірудің маңызын атап өтті. Сондай-ақ Конституциялық Соттың Конституцияны, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы аса маңызды институт ретіндегі рөлі ерекше аталып өтті.Отырыстың негізгі тақырыбы әкімшілік сот ісін жүргізудегі сот төрелігіне қол жеткізу мәселелері болды.Баяндамалармен Конституциялық Сот Аппаратының Талдау және конституциялық іс жүргізу бөлімі меңгерушісінің орынбасары Асет Балғынтаев, Maksut Narikbayev University Әкімшілік және неміс құқығы ғылыми мектебінің директоры, заң ғылымдарының докторы Роман Мельник, Герман халықаралық ынтымақтастық қоғамының «FELICITY II» жобасының құқық жөніндегі сарапшысы, заң ғылымдарының кандидаты Алмат Габбасов, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Әділет академиясының мемлекеттік-құқықтық пәндер ғылыми-білім беру орталығының профессоры, заң ғылымдарының докторы Лейла Жакаева, Dentons халықаралық заң фирмасының серіктесі, заң ғылымдарының кандидаты Айгүл Кенжебаева, сондай-ақ Жоғарғы Сот судьялары мен өзге де қатысушылар сөз сөйледі.Отырыс барысында әкімшілік процестегі норма бақылауы институтын дамытуға, сот арқылы қорғалу құқығының конституциялық-құқықтық негіздеріне, оны шектеуге жол берілу мәселелеріне, сондай-ақ жария-құқықтық қатынастарды айқындау мен әкімшілік сот төрелігіне қол жеткізу шарттарының проблематикасына арналған баяндамалар ұсынылды.Сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы Конституциялық Соттың жыл сайынғы Жолдауы жобасын талқылауға ерекше назар аударылды. Аталған жобаны Конституциялық Сот Аппараты басшысының орынбасары Ерлан Сапаров таныстырды.Отырысты қорытындылай келе, Эльвира Азимова Ғылыми-консультативтік кеңестің Конституциялық Сот қызметіне және конституциялық-құқықтық доктринаны дамытуға қосқан үлесін атап өтті. 2023-2026 жылдар аралығында Конституциялық Сотқа азаматтардан 17 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Оларды қарау нәтижесінде заңнаманы дамытуға және құқық қолдану практикасына елеулі ықпал еткен 79 нормативтік қаулы қабылданды.Отырыс қорытындысы бойынша қатысушылар конституциялық құқықтарды қорғау тиімділігін арттыру, құқықтық ғылымды дамыту және мемлекеттің құқықтық жүйесін жетілдіру мақсатында Конституциялық Соттың ғылыми қауымдастықпен және халықаралық серіктестермен өзара іс-қимылын одан әрі нығайту қажеттігін қолдады.Конституциялық Соттың Төрағасы Ғылыми-консультативтік кеңес мүшелерінің Сот қызметіне қатысуының жаңа форматын ұсынды. Бұл формат конституциялық іс жүргізуге қабылданған өтініштер бойынша сараптамалық қорытындылар дайындауды көздейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/1230632?lang=ru
ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ БАНКРОТТЫҒЫ 30.06.2026
Қазақстанда азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және қарыз жүктемесін азайту мақсатында жеке тұлғалардың банкроттығы рәсімі енгізілген. Бұл тетік борышкерлерге қаржылық жағдайын реттеуге мүмкіндік береді.Жеке тұлғаның банкроттығы дегеніміз не?Жеке тұлғаның банкроттығы – азаматтың өз міндеттемелері бойынша қарыздарын төлей алмауы жағдайында қолданылатын заңды рәсім. Ол арқылы азаматтың берешектерін қайта құрылымдау немесе белгілі бір талаптарға сәйкес есептен шығару қарастырылады.Қазақстан Республикасында бұл рәсім:соттан тыс банкроттық;сот арқылы банкроттық;төлем қабілеттілігін қалпына келтіру тәртібі бойынша жүзеге асырылады.Соттан тыс банкроттық кімдерге арналған?Соттан тыс банкроттық рәсімін келесі талаптарға сәйкес келетін азаматтар пайдалана алады:банк, микроқаржы ұйымдары немесе коллекторлық агенттіктер алдындағы қарызы болуы;қарызды өтеу мерзімі 12 айдан асып кетуі;соңғы 12 ай ішінде төлем жасалмауы;мүліктің болмауы;берешекті өндіріп алу бойынша шаралар қолданылған болуы.Әлеуметтік осал топтағы азаматтар үшін кейбір талаптар жеңілдетілуі мүмкін.Сот арқылы банкроттық рәсіміЕгер азаматтың мүлкі болса немесе қарыз көлемі күрделі жағдайға жетсе, сот арқылы банкроттық рәсімі қолданылады. Бұл жағдайда:сот қаржы жағдайын қарайды;мүлік тізімі жасалады;кредиторлар алдындағы міндеттемелер заң аясында реттеледі.Рәсім барысында борышкердің мүлкі сатылып, қаражат қарызды өтеуге бағытталуы мүмкін.Төлем қабілеттілігін қалпына келтіруБұл рәсім азаматқа өзін банкрот деп жарияламай-ақ, қарыздарын бөліп төлеуге мүмкіндік береді. Сот арқылы төлем кестесі бекітіліп, азамат белгілі бір мерзім ішінде қарызын өтейді.Банкроттықтың салдарыЖеке тұлғаны банкрот деп танудың бірқатар салдары бар:5 жыл бойы несие алу шектеледі;қайта банкроттық рәсімін қолдану белгілі бір мерзімге шектеледі;қаржылық жағдайына мониторинг жүргізілуі мүмкін.Сондықтан банкроттық рәсіміне жүгінер алдында барлық құқықтық және қаржылық салдарды мұқият бағалау қажет.Өтінішті қайда беруге болады?Соттан тыс банкроттық рәсіміне өтініш:электрондық үкімет порталы арқылы;халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы беріледі.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1256949?lang=ru
Мадридте Испаниямен ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты жандандыру мәселесі талқыланды 30.06.2026
Мадрид, 2026 ж. 28 мамыр – Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Данат Мусаев Испания Корольдігінің Ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы және азық-түлік министрі Луис Планаспен келіссөздер жүргізді.Кездесу барысында Елші Қазақстанның ауыл шаруашылығы ресурстарының ауқымын, агроэкспорттың тұрақты өсімін және елдің Орталық Азия, Қытай және Еуразиялық экономикалық одақ нарықтарына қолжетімділігін атап өтті.Осы орайда Қазақстан мен Испания арасындағы мал шаруашылығы, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және заманауи агротехнологияларды енгізу салаларындағы ынтымақтастықтың жоғары әлеуеті бар екені айтылды.Өз кезегінде министр Испанияның Қазақстанмен ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге дайын екенін растады, оның ішінде екі елдің салалық ведомстволары, ғылыми орталықтары және іскерлік топтары арасындағы байланыстарды дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Оның айтуынша, қазіргі екіжақты әлеует толық пайдаланылмай отыр және жаңа бірлескен жобаларды іске асыруға қосымша мүмкіндіктер бар.Тараптар сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдері бойынша екіжақты сауданың оң динамикасын атап өтіп, тауар айналымын арттыру және өзара жеткізілім номенклатурасын кеңейтудің маңыздылығын жеткізді.Келіссөздер қорытындысы бойынша Л.Планас Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А.Сапаровты Испанияға жұмыс сапарымен келуге шақыру ниетін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-madrid/press/news/details/1230659?lang=ru
Дүниежүзілік банк МКК ҚМ РҚ қызметкерлері үшін үш күндік семинар өткізді 30.06.2026
       2026 жылғы 25-28 мамыр аралығында Астана қаласында  Дүниежүзілік банк Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті қызметкерлері үшін оқу семинарын ұйымдастырды. Іс-шара халықаралық салық салу және трансферттік баға белгілеу саласындағы салық қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталды.      Семинарды ҚМ МКК төрағасының орынбасары Нұржанов Жәнібек ашты. Ол Қазақстандағы салық әкімшілігін жетілдіру үшін мұндай ынтымақтастықтың стратегиялық маңыздылығын атап өтіп, ведомство жұмысына озық халықаралық стандарттарды енгізудің қажеттілігін баса айтты.      Семинардың алғашқы үш күнінде қатысушылар трансферттік баға белгілеу мәселелерін егжей-тегжейлі зерделеді. Минералдарды өндіру және өткізу саласындағы баға белгілеу ерекшеліктеріне, қаржылық транзакцияларды салықтық бақылау тәсілдеріне, сондай-ақ дистрибьюторлармен жасалған операцияларды талдау тәсілдеріне ерекше назар аударылды. Бағдарламаның жеке блогы ЭЫДҰ-ның Pillar One шеңберіндегі базалық дистрибуция қызметіне сыйақы төлеудің жеңілдетілген тәсілі — В сомасын (Amount B) талқылауға арналды.       Семинардың маңызды оқиғасы трансферттік баға белгілеу саласында бай тәжірибесі бар Үндістанның салық органы өкілдерімен өткізілген виртуалды кездесу болды. Кездесу барысында тараптар компания ішіндегі мәмілелерді бақылаудың практикалық тәсілдерімен алмасты және осы саладағы өзекті мәселелерді талқылады.       Қорытынды күні 28 мамырда халықаралық салық салудың кең ауқымды мәселелеріне арналды: ғаламдық минималды салықты (Pillar Two) енгізу, пайыздарды шегеруді шектеу бөлігінде BEPS жоспарының 4-іс-қимылын қолдану, қосарланған салық салуды жою механизмдері, сондай-ақ салық органдары мен адал салық төлеушілер арасындағы әріптестік қатынастарды қалыптастыру құралы ретінде көлденең мониторингтің практикасы талқыланды.     Өткізілген семинар ҚМ МКК-нің институционалдық әлеуетін нығайтуға және халықаралық салықтық ынтымақтастық жүйесіндегі оның позицияларын бекітуге елеулі үлес қосты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1230662?lang=ru
Мемлекеттік корпорацияның 10 жылдығына орай Өскеменде көшпелі семинар өтті 30.06.2026
Мемлекеттік корпорацияның 10 жылдығына орай Өскеменде көшпелі семинар өтті 28-29 мамыр күндері Өскемен қаласында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның 10 жылдығына арналған аймақтық көшпелі семинар өтті. Ауқымды іс-шара орталық аппараттың бейінді департаменттері мамандарын, «Таным» корпоративтік оқу орталығының өкілдерін және бес филиалдың өңірлік бөлімшелері қызметкерлерін біріктірді.Семинар кәсіби диалог алаңы ғана емес, сонымен қатар Мемлекеттік корпорацияның он жылдық қызметінің қорытындыларын шығаруға, тәжірибе алмасуға және еліміздегі мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін одан әрі дамыту мәселелерін талқылауға мүмкіндік берді.Екі күн бойы қатысушылар жылжымайтын мүлікті және заңды тұлғаларды тіркеу, неке-отбасы заңнамасы, әлеуметтік қызметтер, жер кадастры, процестерді автоматтандыру және заманауи цифрлық шешімдерді енгізу салаларындағы өзекті мәселелерді қарастырды. Әсіресе, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуде Blockchain технологияларын қолдану және Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастрын дамыту тақырыптары ерекше қызығушылық тудырды.«Осындай кездесулердің маңызы зор. Олар әртүрлі өңірлерден келген мамандарға бір кәсіби ортада жұмыс істеп, тәжірибе алмасуға және тиімді шешімдерді бірлесіп әзірлеуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде азаматтарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына тікелей әсер етеді», — деп атап өтті «Таным» корпоративтік оқу орталығының өкілдері.Семинар барысында келесі мәселелерге ерекше назар аударылды:цифрлық сервистерді дамыту және мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын жетілдіру;жылжымайтын мүлік объектілері туралы мәліметтерді өзектендіру;ведомствоаралық өзара іс-қимыл сапасын арттыру;азаматтардың проблемалық мәселелер бойынша өтініштерін қарау.Спикерлер тәжірибелік кейстерді, жүзеге асырылған жобалардың нәтижелерін және процестерді цифрландырудың сәтті үлгілерін таныстырды. Қатысушылар өз тәжірибелерімен белсенді түрде бөлісіп, тәжірибеде кездесетін күрделі жағдайларды талқылап, оларды шешу жолдарын ұсынды.«Бүгінде Мемлекеттік корпорация — тек мемлекеттік қызметтердің бірыңғай операторы ғана емес. Бұл — күн сайын миллиондаған азаматқа қызмет көрсететін үлкен жүйе. Осындай көшпелі семинарлар бізге бір-бірімізді тыңдауға, проблемалық мәселелерді жедел шешуге және халыққа қызмет көрсетудің заманауи тәсілдерін бірлесіп қалыптастыруға мүмкіндік береді», — деді Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ филиалының директоры Азамат Есембулов.Іс-шараның екінші күні панельдік сессиялар форматында өтті. Онда орталық аппарат бөлімшелерінің басшылары қызмет бағыттары бойынша бейінді бөлім қызметкерлерімен мақсатты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Осындай іс-шараларды өткізу бөлімшелер арасындағы кәсіби өзара іс-қимылды нығайтуға, қызметкерлердің біліктілігін арттыруға және мемлекеттік қызмет көрсетудің бірыңғай стандарттарын еліміздің барлық өңірінде енгізуге ықпал етеді.    Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-kurchum/press/news/details/1230682?lang=ru
«Береке» шағын ауданында тұрғын үй құрылысы мен жол инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жалғасуда 30.06.2026
«Береке» шағын ауданында тұрғын үй құрылысы, абаттандыру және жол инфрақұрылымын дамыту мәселелері бойынша көшпелі кеңес өтті.Биыл бюджет қаражаты есебінен 12 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын аяқтау жоспарланған. Қазіргі уақытта олардың 9-ы толық салынып бітсе, аумақтарында абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Қалған 3 үйдің құрылысы жалғасып жатыр. Оларды жаз айларында пайдалануға беру көзделген.Кеңес барысында жол инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аударылды. Өткен жылы қарқынды дамып келе жатқан шағын ауданның болашақтағы жүктемесі ескеріліп, құрылыс жұмыстары уақытша тоқтатылып, жоба қайта қаралған болатын. Жаңартылған жоба аясында жолдарды кеңейту қарастырылған: кей учаскелерде жол ені 7 метрден 14 метрге дейін, ал кей көшелерде 4 метрден 7 метрге дейін ұлғайтылады. Сонымен қатар көшелер саны 5-тен 6-ға дейін артады.Жол инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстарын биыл толық аяқтау жоспарланып отыр.Сондай-ақ шағын ауданда тұрғындардың демалысына арналған көлемі 4 гектар болатын саябақ аймағын құру мүмкіндігі қарастырылуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1230731?lang=ru
Абай облысының сотталған мекемелері республикалық кәсіби шеберлік байқауының жүлдегерлері атанды 30.06.2026
       Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар ҚАЖК жанындағы "автомобильдерді жөндеу бойынша үздік слесарь"колледждерінің білім алушылары арасында республикалық кәсіби шеберлік конкурсының жүлдегерлері атанды. Жарыс қорытындысы бойынша Абай облыстық мекемесінің өкілдері теориялық дайындық пен практикалық дағдылардың жоғары деңгейін көрсете отырып, екінші және бесінші орындарға ие болды.             Конкурс "автомобильдерді жөндеу жөніндегі Слесарь" біліктілігі бойынша сотталғандарды Кәсіптік оқыту сапасын арттыруға, сондай-ақ босатылғаннан кейін кәсіптік дамуға, өзін-өзі жетілдіруге және одан әрі әлеуметтік бейімделуге тұрақты уәждемені қалыптастыруға бағытталған.Конкурстың негізгі міндеттері автослесарь участников саласындағы қатысушылардың теориялық білімі мен практикалық дағдыларының деңгейін анықтау, саланың қазіргі заманғы талаптарына сәйкес кәсіби дағдыларын жетілдіру, сондай-ақ орындалатын жұмыстардың сапасы үшін жауапкершілікті қалыптастыру және еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасы талаптарын сақтау болды.             Жарыс екі кезеңде өтті.Бірінші кезеңде қатысушылар автомобильдің құрылысы, материалтану және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын қамтитын 60 сұрақтан тұратын тест тапсырмаларын орындады. Екінші кезеңде байқауға қатысушылар автомобиль генераторын бөлшектеу және құрастыру тапсырмасын орындады.              Байқау қорытындысы бойынша Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіздік мекемелерінің сотталғандары республиканың түкпір-түкпірінен қатысушылар арасында екінші және бесінші орындарды иеленді.             Жүлдегерлердің бірі — есірткі таратқаны үшін жазасын өтеп жатқан 35 жастағы сотталған. Ол бұрын тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды. Мекемеде болған кезде ер адам Политехникалық колледжде жұмысшы мамандығы бойынша оқуды бастады.Мектептен кейін мен Семейдегі университетке түстім, бірақ соңғы курста оқуды тастадым. Мен әртүрлі жұмыстарда жұмыс істеуге тырыстым, бірақ әлі де ақша жетіспеді. Бір сәтте ол дұрыс емес таңдау жасап, есірткі таратумен айналыса бастады, ол үшін ол бас бостандығынан айыру орындарында болды. Қазір осында жұмысшы мамандығын алып, өмірін өзгертуге бел буды. Мен босатылғаннан кейін адал еңбекпен ақша табу үшін дәнекерлеуші мамандығын оқып жатырмын. Байқаудағы жүлделі орын мен үшін бірінші жетістік болды және алға жылжып, жаңа мақсаттар қоюға болатынын дәлелдеді және менің өмірлік басымдықтарымды қайта қарауға мүмкіндік болды, —деп бөлісті сотталған.         - Сотталғандардың кәсіби конкурстарға қатысуы оларды қайта әлеуметтендіруде маңызды рөл атқарады. Сұранысқа ие жұмысшы мамандықтарын алу және осындай конкурстарға қатысу сотталғандарға кәсіби дағдыларды дамытуға, жауапкершілік пен өз қабілеттеріне сенімділікті қалыптастыруға көмектеседі. Мұндай іс — шаралар оларды заңға бағынатын өмір салтына ынталандырады және босатылғаннан кейін табысты жұмысқа орналасу мүмкіндігін арттырады, - деп атап өтті бастықтың орынбасары Нұрболат Сапарғалиев Нұрболат.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisabai/press/news/details/1230754?lang=ru
БҰҰ миссиясындағы ең үздік нәтиже: қазақстандық бітімгерлердің екінші контингенті Голан жоталарындағы қызметін аяқтады 30.06.2026
БҰҰ-ның «Бөлінуді бақылау жөніндегі күштері» миссиясы құрамында Голан жоталарында қызмет атқарған бітімгерлердің екінші тобын Алматыда салтанатты түрде қарсы алды.Олардың елге оралуы Қазақстан Республикасының Бітімгер күнімен тұспа-тұс келді. Биылдан бастап бұл кәсіби мереке 2002 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарымен бекітілген Халықаралық БҰҰ бітімгерлері күнімен бір күнде аталып өтеді.69 бітімгерді салтанатты қарсы алу рәсімі 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында өтті. Іс-шараға Құрлық әскерлері, Десанттық-шабуылдау әскерлері, Қорғаныс министрлігі Бітімгерлік операциялар орталығының қолбасшылығы, ардагерлер, әріптестері, қоғам өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары және әскери қызметшілердің отбасы мүшелері қатысты.Бітімгерлік контингент ротасының командирі подполковник Жәнібек Нұрланов Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаевқа екінші бітімгерлік контингенттің елге аман-есен оралғаны туралы баяндады.Құрмет қарауыл ротасы мен әскери оркестрдің сүйемелдеуімен әскери қызметшілер Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, қазақстандық жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.Жиналған қауымды Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаев құттықтады. Ол бітімгерлерді кәсіби мерекемен құттықтап, елден жырақта жауапты міндеттер атқарған әскери қызметшілерге түсіністік танытып, қолдау көрсеткен отбасыларына алғыс білдірді.– Голан жоталарындағы операцияға қатысу Қазақстанның толыққанды бітімгерлік әлеуеті бар мемлекеттердің қатарына кіретінін көрсетті. Сіздер халықаралық аренада еліміздің Қарулы күштерін таныстырып, Қазақстанның көгілдір туын абыроймен алып жүрдіңіздер. Жоғары кәсібилік, тәртіп және әскери борышқа адалдық таныттыңыздар. Сіздер жинаған бірегей тәжірибе аса құнды. Оны сақтап қана қоймай, жас әскери қызметшілерге үйретіп, үздік тәжірибелерді жауынгерлік даярлық жүйесіне енгізу маңызды, – деді ол.Қазақстандық контингенттің қызметіне БҰҰ басшылығы  және БҰҰ Бас хатшысының бітімгерлік операциялар жөніндегі орынбасары Жан-Пьер Лакруа жоғары баға берді.Өз сөзінде бітімгерлік контингент ротасының командирі подполковник Жәнібек Нұрланов БҰҰ-ның кешенді тексерістері нәтижесінде ұлттық контингент 100 балдың 98-ін жинағанын айтты. Бұл – соңғы үш жылдағы миссия құрамындағы барлық контингенттер арасындағы ең үздік нәтиже.– Миссияны орындау кезеңінде екінші ұлттық бітімгерлік контингент мыңнан астам іс-шара өткізді, ал инженерлік-саперлік топ төрт мыңға жуық жарылғыш зат пен қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларды жойды, – деп нақтылады ол.Кәсіби мереке құрметіне Армия үйінде ауқымды бағдарлама ұйымдастырылды. Қонақтар әскери техникалардың үлгілерімен, Қазақстанның бітімгерлік операцияларға қатысу тарихына арналған фотосуреттер мен мұрағат құжаттарының көрмесімен танысты.Іс-шара Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы филиалының шығармашылық ұжымы дайындаған концертпен аяқталды. Бағдарламадағы вокалдық, аспаптық және хореографиялық қойылымдар патриоттық рухты, әскери дәстүрлер сабақтастығын және Отан қорғаушылардың ерлігін қастерлеуді әсерлі түрде көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1230760?lang=ru
2026 ЖЫЛЫ БКМ ЧЕГІНДЕ НЕ БОЛУЫ КЕРЕК? 30.06.2026
Бақылау-кассалық машина (БКМ) чегінің мазмұны 2025 жылғы 24 қазандағы № 626 «Бақылау-кассалық машиналарды қолдануға байланысты кейбір мәселелер туралы» Бұйрықтың 56-тармағымен реттеледі.Бақылау-кассалық машинаның чегінде мынадай ақпарат болуы тиіс:салық төлеушінің атауы;бақылау-кассалық машинаны пайдалану орнының мекенжайы;салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі (БСН/ЖСН);бақылау-кассалық машинаның зауыттық нөмірі;салық органындағы бақылау-кассалық машинаның тіркеу нөмірі;чектің реттік нөмірі;тауарлардың ұлттық каталогына сәйкес тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің атауы;тауарлардың ұлттық каталогына сәйкес тауардың сәйкестендіру коды және таңбалануға және қадағалануға жататын, тауарларға салынған сәйкестендіру құралы;сатып алынатын тауардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің саны, олардың өлшем бірлігі;тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бір бірлігі үшін бағасы;тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметті сатудың жалпы сомасы;деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналардың бақылау чегінің түпнұсқалығын тексеру үшін фискалдық деректер операторының (ФДО) атауы және фискалдық деректер операторы интернет-ресурсының деректемелері;тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету жүзеге асырылған күн мен уақыт;фискалдық белгі;егер салық төлеуші қосылған құн салығын төлеуші болып табылған жағдайда — тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша қосылған құн салығы салынатын айналымдар бойынша мөлшерлемесі көрсетілген қосылған құн салығының сомасы;бақылау-кассалық машинаның чегі туралы ақпаратты кодталған түрде қамтитын штрихтік код (штрих-код).Осы тармақтың бірінші бөлігінің 12) және 16) тармақшаларының ережелері деректерді беру функциясы жоқ бақылау-кассалық машиналардың чектеріне қолданылмайды.Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-кассалық машина чегіндегі 7) тармақшадағы ақпарат электрондық түрде көрсетіледі.Валюта айырбастау пункттерінде, металл сынықтарын, шыны ыдыстарды қабылдау пункттерінде, ломбардтарда қолданылатын бақылау-кассалық машиналардың чегінде қосымша сату сомасы мен сатып алу сомасы туралы ақпарат болады.Бақылау-кассалық машинаның чегінде бақылау-кассалық машинаны дайындаушы зауыттың техникалық құжаттамасында көзделген қосымша деректемелер, соның ішінде қосылған құн салығының сомасы туралы мәліметтер болады.Сатып алушының (клиенттің), тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының талабы бойынша деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-кассалық машина чегінде сатып алушының (клиенттің), алушының сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН) көрсетіледі.Бақылау-кассалық машина чегіндегі барлық ақпарат сатып алушының (клиенттің), тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының талабы бойынша қазақ және (немесе) орыс тілдерінде көрсетіледі және басып шығарылады.2026 жылдан бастап БКМ чегінің мазмұнына өзгерістер енгізілді, БКМ чегінде сонымен қатар мыналар болуы керек:ТҰК-ға (Тауарлардың ұлттық каталогы) сәйкес тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің атауы;ТҰК-ға сәйкес тауардың сәйкестендіру коды және таңбалануға жататын тауарларға салынған сәйкестендіру құралы.Техникалық талаптар аясында БКМ-де оны ТҰК-ға автоматты түрде қосуға арналған сервис іске асырылды.Бүгінгі таңда шағын бизнес субъектілері үшін ТҰК-ны енгізу арқылы чекте тауар атауларын көрсету рәсімі жеңілдетілді.БКМ-ді қолдану кезінде тауардың штрих-кодын сканерлеу жеткілікті болады, тауар атаулары ТҰК ММД-на (Мемлекеттік мәліметтер базасына) енгізілген және ФДО сервистерінде қамтылған.Бұл ретте техникалық талаптарға сәйкес келмейтін БКМ модельдері БКМ мемлекеттік тізілімінен шығарылады.БКМ чегінің бекітілген талаптарға сәйкес келмеуі 2026 жылы ескерту түріндегі әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады (ҚР ӘҚБтК-нің 284-бабының 7-бөлігі). Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (ҚР ӘҚБтК-нің 284-бабының 8-бөлігі) мынадай мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады:жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне — 20 АЕК мөлшерінде;орта кәсіпкерлік субъектілеріне — 30 АЕК мөлшерінде;ірі кәсіпкерлік субъектілеріне — 40 АЕК мөлшерінде. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1230767?lang=ru
Семей тұрғыны алимент бойынша бес миллион теңгеден астам қарыз үшін бас бостандығынан айырылды 30.06.2026
      Семей қаласының 38 жастағы тұрғыны жеті жылға жуық уақыт бойы екі кәмелетке толмаған баласына алимент төлеуден жалтарған. Нәтижесінде олардың алдындағы берешек сомасы бес миллион теңгеден асты.            Сот шешімімен ер адам кінәлі деп танылып, амбулаториялық бақылауға және алкогольге тәуелділікті емдеуге тарта отырып, бір жылға бас бостандығын шектеуге үкім шығарылды.             Сотталған Семей қаласының Орталық ауданының пробация қызметіне тіркелді. Есепке қою кезінде оған жазаны өтеу тәртібі мен шарттары, сондай-ақ оларды бұзудың салдары түсіндірілді.              Жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстарға қарамастан, ер адам бірнеше рет белгіленген шектеулерді бұзды: пробация қызметіне міндетті тіркеуге келмеді және рұқсатсыз түнгі уақытта тұрғылықты жерінен кетіп қалды, ол үшін бас бостандығын шектеу он бір ай мерзімге бас бостандығынан айыруға ауыстырылды.                       - Тоғыз жыл бұрын мен отбасын құрдым. Ұл туып, бір жылдан кейін қызы пайда болған кезде мен оларға тірек және үлгі болуым керек еді. Бірақ оның орнына мен үйден достарыма жиі кетіп, содан кейін жалғыз іше бастадым. Содан кейін, менің отбасымның қалай құлап жатқанын байқамадым. Осы уақыт ішінде әйелі үй мен балаларды өзіне тартты, мен тек біздің өмірімізді құрттым. Ақырында ол шыдай алмады және ажырасуға арыз берді.             Маған бостандықты шектеу және маскүнемдікті емдеу тағайындалған кезде, мен бәрін өзгертуге мүмкіндік алдым. Мен өзіме бұдан былай ішпеймін деп уәде бердім, бірақ мен әр уақытта ішетінмін. Енді мен ең қымбатты — отбасымды және балалардың сенімін жоғалтқанымды түсіндім. Бас бостандығынан айырылғаннан кейін мен қателіктерімнің не әкелгенін түсіндім. Мен балаларымды тауып, олардың мені кешіруі үшін қолдан келгеннің бәрін жасағым келеді",-деп бөлісті сотталған.          Есепте тұрған сотталғандарға қоғамнан оқшауланбай түзелуге мүмкіндік беріледі. Пробация қызметі сотталғандармен профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, жұмысқа орналасуға және емделуге жәрдемдеседі. Бостандықты шектеу-бұл адамның өмірін өзгерту және отбасы алдындағы міндеттерін орындау мүмкіндігі. Алайда, жазаны өтеу шарттарын жүйелі түрде бұзған жағдайда сот жазаны бас бостандығынан айыру, жаза шарттарын сақтау және ата — ана міндеттерін орындау үшін ауыстыру туралы шешім қабылдайды — бұл заңның талабы ғана емес, сонымен қатар адамның өз өмірін өзгерту және балаларының болашағын сақтау мүмкіндігі, - деп атап өтті Семей қаласының Орталық ауданының пробация қызметінің бастығы Ержан Есполатов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisabai/press/news/details/1230778?lang=ru
Мемлекеттік басқару академиясында жаңа Конституцияның негізгі ережелері талқыланды 30.06.2026
Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz Республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуіне бір айдан сәл астам уақыт қалды. Осыған байланысты мемлекеттік қызметшілердің конституциялық қағидаттар мен нормаларды түсінуі және оларды қызметтік тәжірибеде қолдану тәсілдері ерекше өзектілікке ие болып отыр.Аталған мәселелерге Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында өткен «Конституция – қазақстандық қоғамды жаңғыртудың құралы: құндылықтар мен нормалар» тақырыбындағы ғылыми-практикалық семинар арналды. Шара барысында Конституциялық Соттың Төрағасы Эльвира Азимова, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай, Астана халықаралық университетінің профессоры, заң ғылымдарының докторы Исидор Шәмілұлы Борчашвили баяндама жасады.Өз сөзінде Конституциялық Соттың Төрағасы 2026 жылғы конституциялық реформаның тұжырымдамасын жан-жақты таныстырды.Семинар қатысушыларына жаңа Конституция жобасын әзірлеу кезеңдеріне шолу жасалып, жұмыс топтарының қызметі, азаматтардың ұсыныстарын жинауға арналған онлайн-платформалардың жұмысы, қоғамдық талқылауларды өткізу және республикалық референдумға дайындық барысы туралы ақпарат берілді. Конституциялық өзгерістерді талқылау үдерісіне азаматтардың жоғары деңгейде қатысуына ерекше назар аударылды.Сондай-ақ мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге және билік тармақтарының бөліну қағидатын одан әрі дамытуға бағытталған жаңа Конституцияның негізгі ережелері қарастырылды. Атап айтқанда, Вице-президент институтын енгізу, бір палаталы Парламентке (Құрылтайға) көшу, Қазақстан Халық Кеңесін құру, сондай-ақ Конституциялық Соттың тәуелсіз конституциялық бақылау органы ретіндегі рөлін күшейту жөніндегі ұсыныстар сөз болды.Презентация барысында конституциялық құндылықтар мен мемлекеттік саясаттың басым бағыттары да кеңінен ашып көрсетілді. Адам құқықтары мен бостандықтары саласындағы өзгерістерге, мемлекеттің егемендігі мен аумақтық тұтастығы қағидаттарының мызғымастығына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қабылдаған халықаралық міндеттемелеріне адалдығына ерекше назар аударылды.Конституциялық жаңалықтарды іс жүзінде іске асыру және олардың мемлекеттік органдар қызметіне ықпалы жөніндегі мәселелер аудиторияның зор қызығушылығын тудырды. Талқылау барысында жаңа Конституция ережелерін тиімді енгізу құқықтық мәдениет деңгейіне, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби даярлығына және құқық қолдану қызметінде конституциялық қағидаттарды дәйекті сақтауға тікелей байланысты екендігі атап өтілді.Профессор Исидор Борчашвили Академияның кітапхана қорына білім беру және ғылыми-зерттеу қызметінде пайдалану үшін өзінің «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне түсіндірме» атты ғылыми басылымдарын табыс етті.Кездесу қорытындысында Конституциялық Соттың Төрағасы конституциялық реформаның мақсаты демократиялық институттарды нығайтуға, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға және адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін жетілдіруге бағытталғанын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/1230883?lang=ru
Болашақ мамандарға мемлекеттік қызмет туралы айтылды 30.06.2026
 Жоғары оқу орындарының үздік түлектерін Қаржы министрлігінің органдарына жұмысқа орналастыру тетігін пысықтау бойынша ішкі пилотты іске асыру шеңберінде, 2026 жылдың 28 мамырда Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің түлектеріне кәсіптік бағдар беру мақсатында кездесу өткізді. Кездесуде қызметкерлер Министрлік органдарының қызметтері, мансап мүмкіндіктері мен мемлекеттік қызметке кіру тәртібі, сондай-ақ тағылымдамадан өту және бейімделу туралы ақпарат берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1230780?lang=ru
Қазақстан Республикасының Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Еуразиялық патенттік ведомствоның Президенті Григорий Ивлиевпен кездесті 30.06.2026
Кездесу барысында тараптар өнеркәсіптік меншік саласындағы еуразиялық ынтымақтастықты дамытудың, патенттік рәсімдерді цифрландырудың және патенттік ведомстволар қызметіне заманауи технологияларды енгізудің өзекті мәселелерін талқылады.Қазақстан Республикасының Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды конституциялық реформаны атап өтті, оның аясында зияткерлік меншік мәселелері алғаш рет конституциялық деңгейде маңызды құқықтық құндылық ретінде бекітілді. Аталған өзгерістер ұлттық зияткерлік меншік жүйесін одан әрі жетілдіру және инновациялық экономиканы дамыту үшін қосымша негіз қалыптастыратыны атап өтілді.Ведомстволар арасындағы электрондық өзара іс-қимылды дамытуға, патенттік сараптамада жасанды интеллект технологияларын қолдануға, сондай-ақ өтініш берушілерді қолдау тетіктерін жетілдіруге және сараптама қызметінің сапасын арттыруға ерекше назар аударылды.Қазақстандық тарап цифрлық сервистерді дамытуды, заңнаманы жетілдіруді және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуды қоса алғанда, ұлттық зияткерлік меншік жүйесін жаңғырту жөніндегі дәйекті жұмысты атап өтті. Зияткерлік меншікті қорғау заманауи инновациялық экономика мен орнықты технологиялық дамуды қалыптастырудың маңызды элементі ретінде қарастырылатыны атап өтілді. Тараптар сондай-ақ патенттеу саласындағы еуразиялық тетіктерді одан әрі жетілдіру, ұлттық ведомстволар арасындағы ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ цифрландыру және мамандарды кәсіптік оқыту саласындағы бірлескен бағдарламаларды дайындау мәселелері бойынша пікір алмасты. Кездесу қорытындысы бойынша практикалық өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға және еуразиялық кеңістік шеңберінде бірлескен бастамаларды іске асыруға өзара мүдделілік расталды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/1230787?lang=ru
Үш жылға жуық уақыттан кейін: Абай облысында сотталған әйел балаларын алғаш рет бейнеқоңырау арқылы көрді 30.06.2026
            Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесіне қарасты ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде сотталған әйелге балаларымен бейнеқоңырау арқылы сөйлесуге мүмкіндік жасалды. Ол өз қыздарын үш жылға жуық уақыт көрмеген.           Астана қаласының 35 жастағы тұрғыны алаяқтық жасағаны үшін төрт жылға бас бостандығынан айырылған. Бұған дейін ол Абай облысындағы әйелдер колониясында жазасын өтеген. Онда қоғамдық өмірге белсенді қатысып, түрлі іс-шараларға араласқан. Үлгілі тәртібі үшін ол жазасының қалған бөлігін өтеу мақсатында ең төменгі қауіпсіздік мекемесіне ауыстырылған.             Мекеме қызметкерлерімен әңгіме барысында әйел өзінің сегіз және бес жастағы екі қызы бар екенін айтты. Оның айтуынша, ең ауыр сынақ — балаларынан ұзақ уақыт жырақта болу.               — Мұнда келгенде мен үшін ең ауыр нәрсе — балаларымның жанында бола алмау еді. Осы уақыт бойы олармен тек таксофон арқылы ғана сөйлестім. Балаларым мені мекеме қабырғасында көрмесе екен деп ойладым, солай олар үшін жеңілірек болады деп санадым. Қазір олар мені ұзақ іссапарда жүр деп ойлайды. Осы уақыт ішінде балаларым қатты есейіп кетті. Үлкен қызым мектепке барды — бұл әр ана үшін ерекше әрі маңызды сәт. Өкінішке қарай, мен сол күнде жанында бола алмадым. Балаларымның қалай өсіп жатқанын тек туыстарым әкеліп берген фотосуреттер арқылы ғана көрдім. Сол суреттерге қайта-қайта қарап, олардың күлгенін, менімен сөйлескенін, құшақтағанын елестететінмін, — дейді сотталған.             Мекеме қызметкерлері сотталған әйелге қолдау көрсету мақсатында оның балаларымен бейнеқоңырау арқылы сөйлесуін ұйымдастырды. Экраннан қыздарының жүзін көрген сәтте әйел көз жасын тыя алмады.             — Экраннан оларды көрген кезде жүрегім тоқтап қалғандай болды. Қыздарым қатты өсіп кетіпті... Мен олардың көздеріне, күлкісіне қарап, шынымен көріп тұрғаныма сенбей тұрдым. Әңгімеміз ұзақ болған жоқ, бірақ мен үшін бұл соңғы жылдардағы ең қымбат минуттар болды. Балаларыма деген махаббат маған күш береді. Бостандыққа шыққаннан кейін оларға қайта оралып, бәрін жаңадан бастауға тырысамын. Енді оларды ешқашан жерге қаратпауға уәде беремін. Бұл кездесу маған үлкен үміт пен күш сыйлады, — деді ол.Сотталғандардың отбасымен байланысын сақтау олардың түзелуіне маңызды әсер етеді. Отбасының қолдауы әр адам үшін маңызды, әсіресе бас бостандығынан айырылған жандар үшін. Осындай бейнебайланыстар сотталғандардың жақындарымен қарым-қатынасын үзбеуіне мүмкіндік береді. Бұл олардың моральдық тұрғыдан қолдау табуына, сондай-ақ түзеліп, бостандыққа шыққаннан кейін қоғамға қайта бейімделуіне үлкен мотивация береді,— деді мекеме бастығының орынбасары Рүстем Берлібеков.Мекеме қызметкерлерінің айтуынша, мұндай кездесулер сотталғандардың отбасымен байланысын сақтауға көмектесіп, олардың жаңа өмір бастауға деген сенімін нығайтады.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisabai/press/news/details/1230789?lang=ru