2026 жылғы 24 қыркүйекте «Петропавловск-Орталық кедендік ресімдеу бекеті» басқармасының басшысы С.М. Туралинов сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін Тауарлар декларациясының 31-бағанасын дұрыс толтыру мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізді.
25.09.2026 01:48:51 201
2026 жылғы 24 қыркүйекте «Петропавловск-Орталық кедендік ресімдеу бекеті» басқармасының басшысы С.М. Туралинов сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін Тауарлар декларациясының 31-бағанасын дұрыс толтыру мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізді. Кездесу барысында тауарларды егжей-тегжейлі сипаттауға, соның ішінде өндіруші туралы мәліметтерге, техникалық сипаттамалар мен сандық құрамына ерекше назар аударылды. Қатысушыларға жүк орындары, қаптама және контейнер нөмірлері туралы деректерді көрсету ережелері түсіндірілді. Акциздік тауарларды таңбалауға және сәйкестендіру құралдарын (бақылау белгілері мен кодтарын) пайдалануға қойылатын талаптар бөлек қаралды. Сондай-ақ, бақылауға (прослеживаемость) жататын тауарларды декларациялаудың қыр-сырлары талқыланды. Іс-шараның мақсаты — ТД тапсыру кезіндегі қателіктер санын азайту және кедендік ресімдеу процесін жеделдету болды. Кездесу соңында қатысушылар ЕАЭК ТН СЭД классификаторларын қолдану бойынша өзекті сұрақтарға жауап алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-sko/press/news/details/1298119?lang=ru