Enbekshi QazaQ
2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Әлем

Новые правила въезда грузового транспорта в Российскую Федерацию с 1 июня 2026 года 30.06.2026
С 1 июня 2026 года в Российской Федерации вводится система СПОТ — система подтверждения ожидания поставки товаров.❗ При ввозе товаров автомобильным транспортом получателю в Российской Федерации необходимо заранее оформить документ о предстоящей поставке и получить QR-код.📌 QR-код должен находиться у водителя и предъявляться по требованию контролирующих органов.⚠️ В случае отсутствия подтверждённого QR-кода предусмотрен:🚫 недопуск транспортного средства на территорию Российской Федерации;↩️ возврат автомобиля обратно.Во избежание задержек и проблем при пересечении границы рекомендуется заранее:✅ уточнять у российского получателя наличие оформленного QR-кода в рамках системы СПОТ;✅ проверять наличие QR-кода до прибытия к пункту пропуска;✅ иметь QR-код как в электронном, так и в распечатанном виде;✅ сверять сведения в QR-коде с товаросопроводительными документами:📦 товар,📋 количество,🚚 транспортное средство,👤 получатель;✅ учитывать возможное увеличение времени прохождения границы при некорректном оформлении документов.📢 Просим учитывать указанные изменения при планировании перевозок и заблаговременно взаимодействовать с российскими получателями товаров.🌐 Подробнее ознакомиться с информацией о системе СПОТ можно на официальном сайте Министерства финансов Российской Федерации:https://minfin.gov.ru/ru/press-center/?id_4=40307-prezident_rossii_podpisal_zakon_o_natsionalnoi_sisteme_podtverzhdeniya_ozhidaniya_postavki_tovarov_spotАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1230795?lang=ru
ҚАЖ комитетінің бокс бойынша құрама командасы КарЛАГ музей-мемориалдық кешеніне барды. 30.06.2026
🥊 Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің бокс бойынша құрама командасы КарЛАГ музей-мемориалдық кешеніне барды.Сапар барысында спортшылар өткен ғасырдағы ең ірі еңбекпен түзеу лагерлерінің бірінің тарихымен танысып, мыңдаған адамның тағдырын бейнелейтін архивтік материалдар, фотосуреттер мен жәдігерлерді тамашалады.Экскурсия ҚАЖ өкілінің қатысуымен өтті. Ол тарихи жадыны сақтау, ұрпақтар сабақтастығы және ел тарихына құрметпен қараудың маңыздылығы туралы айтып өтті.Мұндай іс-шаралар қызметкерлер мен жүйе спортшылары арасында патриоттық тәрбиені нығайтуға, дүниетанымды кеңейтуге және рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ps/press/news/details/1230802?lang=ru
Мемлекеттік қызмет саласындағы өзгерістер бойынша ақпараттық семинар 30.06.2026
       Алматы қаласы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінде Кадр және құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы – Укертаева Айгерім Қанатқызы мемлекеттік қызмет саласындағы өзгерістер бойынша ақпараттық семинар өткізді.       Семинар барысында:- мемлекеттік қызметке кіру тәртібіндегі өзгерістер;- ЖҚБ және заңнаманы білуге арналған тестілеу кезеңдері;- мемлекеттік қызметшілерге қойылатын жаңа талаптар;- конкурстық рәсімдер мен бағалау тетіктері түсіндірілді.        Іс-шараның мақсаты – қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру және мемлекеттік қызмет саласындағы өзекті өзгерістермен таныстыру.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/gosreestr/press/news/details/1230806?lang=ru
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің студенттерімен кәсіби бағдар беру кездесу 30.06.2026
2026 жылғы 29 мамырда Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің қызметкерлері «Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің» студенттерімен кәсіби бағдар беру кездесуін өткізді.Іс-шара Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кадр қызметі департаментінің тапсырмасы аясында ұйымдастырылды.Кездесуді Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті басшысының орынбасары Имангазина Айгерим Мухитовна, Кадр және құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы Хаметова Акжайык Касымбековна, Мүлікті иелену бөлімінің бас маманы Садуакасова Дильназ Сериковна және Заңды тұлғалармен жұмыс бөлімінің бас маманы Сатиллаева Дана Бекболатқызы жүргізді.Кездесу барысында студенттерге Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің қызметі, мемлекеттік қызметке кіру тәртібі, мансаптық мүмкіндіктер мен жас мамандарға арналған тәжірибе бағдарламалары туралы ақпарат берілді.Кездесудің негізгі мақсаты – студенттердің мемлекеттік қызметке қызығушылығын арттыру, кәсіби бағыт-бағдар беру және болашақ мамандармен өзара ынтымақтастықты нығайту.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/gosreestr/press/news/details/1230822?lang=ru
«Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы өтті 30.06.2026
2026 жылғы 29 мамыр күні «Заң және тәртіп» идеологиясы шеңберінде Көкшетау қаласының «Kokshetau Mall» сауда-орталығында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы өткізілді.      Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық мәдениетін арттыру және тегін заң көмегін көрсету.Іс-шараның ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі және Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы.Акция барысында Ақмола облысының Прокуратурасының, Мемлекеттік кірістер департаментінің, Әділет департаментінің және құқық қорғау органдары мен жергілікті атқарушы органдарының, мемлекеттік органдар өкілдері, адвокаттар, нотариустар, сот орындаушылары мен заң консультанттары тартылды.Акция барысында барлық азаматтарға қызықтырған сұрақтары бойынша түсініктемелер мен егжей-тегжейлі жауап берілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1230966?lang=ru
Қазақстан мен Ресей биологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша ведомствоаралық консультациялар өткізді 30.06.2026
Мәскеу, 2026 жылғы 29 мамыр - Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша кезекті ведомствоаралық екіжақты консультациялар өтті.Консультациялар барысында тараптар биологиялық қауіпсіздік саласындағы өңірлік және жаһандық деңгейдегі ағымдағы жағдай туралы өзекті ақпаратпен алмасты, сондай-ақ екіжақты, өңірлік және көпжақты форматтарда ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттік құру бастамасын ілгерілету контекстінде өзара іс-қимылға ерекше назар аударылды.Тараптар ғылыми алмасу, бейінді мамандарды даярлау, сондай-ақ шекаралас аумақтардағы эпидемиологиялық жағдайды мониторингтеу бойынша бірлескен іс-шаралар өткізу салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуге өзара мүдделілік танытты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1230995?lang=ru
Ақтөбе облысында 78 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісі 185,1 мың тұрғынды жұмыспен қамтып отыр 30.06.2026
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағнаев Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында бизнес қауымдастығының өкілдерімен, салалық қауымдастықтармен, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және мемлекеттік органдардың өкілдерімен кездесу өткізді.Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы Ақтөбе облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Досжан Әлібеков баяндады. Оның айтуынша, Ақтөбе облысы тұрақты даму қарқынын сақтап, жоғары инвестициялық әлеуетке ие өңірлердің бірі болып табылады.2026 жылдың қаңтар–сәуір айларында өңір экономикасына235,4 млрд теңге инвестиция тартылып, нақты көлем индексі 106,5%-ды құрады. Жыл соңына дейін жалпы құны шамамен 242,77 млрд теңгені құрайтын 7 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарлануда.Ағымдағы жылдың қаңтар–ақпан айларында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 470,4 млрд теңгені құрады.Өңірде шағын және орта бизнесті дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Бүгінде облыста 78,3 мың кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істеп, 185,1 мың адамды жұмыспен қамтып отыр. ШОБ-тың жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 28,8%-ға жетті. 2025 жылы екінші деңгейлі банктер арқылы бизнесті қолдауға 13,1 млрд теңге бағытталып, 800-ден астам жобаға қолдау көрсетілді.Кездесу барысында қатысушылар салықтық әкімшілендіру, кадрларды мемлекеттік тапсырыс аясында даярлау, бизнесті мемлекеттік қолдау тетіктерін жетілдіру, сондай-ақ әлеуметтік және әйелдер кәсіпкерлігін дамыту мәселелерін талқылады. Сонымен қатар кәсіпкерлердің қаржылық құралдарға қолжетімділігін кеңейту және мемлекет, бизнес пен үкіметтік емес сектор арасындағы өзара іс-қимылды нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.Сапар аясында Ерлан Сағнаев өңірдегі бірқатар өндірістік және әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты.Бағдарламаның маңызды нысандарының бірі – өнімдері ТМД елдері мен алыс шетел нарықтарына тұрақты экспортталатын еліміздегі химия өнеркәсібінің ірі кәсіпорны – «Ақтөбе хром қосындылары зауыты» АҚ болды.Сондай-ақ вице-министр 2024 жылы іске қосылған «Автокомп» ЖШС өндірістік алаңына барды. Кәсіпорын құрылыс конструкциялары мен алюминий қорытпаларын өндіруге маманданған. Оның өндірістік қуаты бір ауысымда 200 тоннаға дейін өнім шығаруға мүмкіндік береді. Кәсіпорында шамамен 30 маман еңбек етеді.Сондай-ақ, вице-министр «Ақтөбе» арнайы экономикалық аймағының қызметімен танысты. Сапар барысында инвестицияларды тарту, өнеркәсіптік кооперацияны дамыту және өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыру мәселелері қаралды.Сапардың соңғы нысаны балаларға ABA-терапия, нейротүзету және басқа да заманауи әдістер арқылы жоғары технологиялық көмек көрсететін «JAS URPAQ & EVENTUM» түзету орталығы болды. Бүгінде Ақтөбе қаласында осындай төрт орталық табысты жұмыс істеп, өңір тұрғындары тарапынан жоғары сұранысқа ие. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1231008?lang=ru
БҰҰ қоршаған ортаны қорғау бағдарламасының басшысы Өңірлік экологиялық саммитін жоғары бағалады 30.06.2026
Найроби, 2026 жылғы 29 мамыр – БҰҰ-ның Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бағдарламасы штаб-пәтерінде ҚР Кения Республикасындағы Елшісі, ҚР Найробидегі БҰҰ бөлімшесі жанындағы Тұрақты өкілі Барлыбай Садықовтың БҰҰ Бас хатшысының орынбасары – БҰҰ Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасының (ЮНЕП) Атқарушы директоры И.Андерсенмен кездесу өтті.Кездесу барысында тараптар Қазақстанның ЮНЕП-пен өзара іс-қимылының өзекті мәселелерін, қоршаған орта саласындағы ынтымақтастықты дамыту жоспарларын, сондай-ақ 2026 жылғы 22-24 сәуірде Астанада өткен Өңірлік экологиялық саммиттің (ӨЭС) нәтижелерін талқылады.Сонымен қатар, ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 2025 жылғы желтоқсанда Халықаралық бейбітшілік және сенім жылына арналған форумға қатысуы кезінде ұсынған БҰҰ құрылымында Халықаралық су ұйымын құру бастамасына ерекше назар аударылды.И. Андерсен ханым Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешуге бағытталған күш-жігері мен бастамаларын жоғары бағалап, қазақстандық тараптың ЮНЕП іс-шараларына деген қолдауы үшін ризашылығын білдіріп, ЮНЕП Қазақстан Республикасының экология және тұрақты даму саласындағы бастамалары мен жобаларын іске асыруда сараптамалық көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.Сонымен қатар, И.Андерсен ханым Қазақстанның жаһандық экологиялық мәселелерді шешуге қосқан елеулі үлесі үшін, соның ішінде Астанада ӨЭС ұйымдастыру және өткізу арқылы қосқан үлесі үшін алғысын айтты.Кездесу қорытындысы бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзара мүдделі мәселелер бойынша ынтымақтастықты жалғастыру, экологиялық жобаларды іске асыруға қолдау көрсету және түрлі деңгейдегі іс-шараларды өткізу туралы келісімге қол жеткізіліп, Қазақстан мен БҰҰ Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы арасындағы ынтымақтастықты кеңейту бойынша бірлескен шараларды қарастыруға әзірлік білдірілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-nairobi/press/news/details/1231012?lang=ru
Қазақстан мен Еуропалық Одақ әріптестікті тереңдетудің жаңа стратегиялық мақсаттарын айқындады 30.06.2026
Астана, 2026 жылғы 29 мамыр – Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Министрінің орынбасары Арман Исетовтің және еуропалық тараптан Еуропалық сыртқы іс-қимыл қызметінің Шығыс Еуропа және Орталық Азия жөніндегі басқарушы директорының орынбасары Одроне Перкаускененің төрағалығымен Ынтымақтастық комитетінің саяси конфигурациядағы 23-ші отырысы өтті.Тараптар Қазақстандағы саяси реформалардың серпінін, сондай-ақ тиімді мемлекеттік басқару, сот реформасы және заң үстемдігі салаларындағы диалогты егжей-тегжейлі талқылады.Сауда-экономикалық өзара іс-қимыл мәселелеріне, оның ішінде Global Gateway бастамасын іске асыруға ерекше назар аударылды. Қазақстан мен Еуропалық Одақ көлік-логистикалық өзара байланыстылықты күшейту, жасыл энергетика, қоршаған ортаны қорғау, маңызды шикізат материалдарын жеткізу және Қазақстан Республикасының экспорттық әлеуетін кеңейту сияқты салалардағы әріптестікті одан әрі нығайтудың стратегиялық бағдарларын айқындады.Сондай-ақ академиялық ұтқырлықты арттырудың, Erasmus+ және Horizon Europe бағдарламалары аясындағы ғылыми-зерттеу институттары арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығы атап өтілді.«Еуропалық Одақ Қазақстанның ең ірі сауда және инвестициялық әріптесі болып қала береді. Өткен жылы өзара сауда көлемі 45 млрд АҚШ долларына жетті. 2005-2025 жылдар аралығында Қазақстан экономикасына тартылған еуропалық капиталдың көлемі 200 млрд АҚШ долларынан асты. Қазіргі уақытта елімізде 4 мыңнан астам еуропалық компания табысты жұмыс істеп жатыр. Біз еуропалық бизнестің Қазақстанға және тұтастай өңірімізге Еуропа мен Азияны байланыстыратын стратегиялық транзиттік хаб ретінде артып отырған қызығушылығын жоғары бағалаймыз», - деп атап өтті А. Исетов.Өз кезегінде О. Перкаускене Қазақстанмен стратегиялық әріптестіктің қазіргі серпінін жоғары бағалап, Еуропалық Одақтың барлық бағыттар бойынша ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге және ортақ халықаралық сын-қатерлерді еңсеру үшін күш-жігерді біріктіруге мүдделі екенін атап өтті.Күн тәртібінің жеке тармағы ретінде Қазақстан Республикасы азаматтары үшін визалық режимді жеңілдету перспективалары талқыланды. Тараптар консулдық-визалық саладағы диалогты жандандырудың және өзара іс-қимылды одан әрі ілгерілетудің маңыздылығын атап өтті.Отырыс қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы екіжақты өзара іс-қимылдың барлық бағыттары бойынша әріптестікті одан әрі нығайтуға өзара мүдделілігін растады.Аталған диалог алаңы Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастықтың өзекті күн тәртібін талқылау және салалық мемлекеттік органдардың кең ауқымды мәселелері бойынша ұстанымдарды өзара үйлестірудің белсенді тетігі болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1231015?lang=ru
Самар ауданында құқық бұзушылықтардың алдын алу және жастар саясаты мәселелері талқыланды 30.06.2026
Самар ауданында аудан әкімі Серік Жеңісовтің төрағалығымен заңдылықты сақтау, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы күрес мәселелері бойынша кезекті ведомствоаралық кеңес отырысы өтті.Кеңес жұмысына аудан прокуроры Әділет Қуандықов, Самар аудандық полиция бөлімінің бастығы Дәулет Жұмадилов, құқық қорғау органдарының өкілдері, төтенше жағдайлар бөлімі, білім беру және денсаулық сақтау саласының мамандары, ауылдық округ әкімдері мен мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты.Күн тәртібінде құқық бұзушылықтардың, оның ішінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында уәкілетті органдар тарапынан атқарылып жатқан жұмыстардың тиімділігі, сондай-ақ мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мәселелері қаралды.Негізгі баяндамалармен Самар ауданы прокуратурасының аға прокуроры Серік Смағзамов пен прокуроры Азамат Санатов сөз сөйледі. Отырыс барысында құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары, ведомствоаралық өзара іс-қимыл және ауылдық округтер мен білім беру ұйымдарында жүргізіліп жатқан жұмыстар талқыланды.Кеңеске қатысушылар пікір алмасып, профилактикалық жұмыстарды күшейтуге қатысты ұсыныстарын білдірді. Отырыс қорытындысы бойынша жауапты органдарға тиісті тапсырмалар жүктелді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1231026?lang=ru
Самар ауданында Отбасы банк өкілдерімен кездесу өтті 30.06.2026
Самар ауданында Отбасы банкінің өкілдерімен кездесу өтті, оның барысында ипотекалық тұрғын үй алу мүмкіндіктері мен қолданыстағы тұрғын үй бағдарламалары түсіндірілді.Банк мамандары қатысушыларға қаражатты жинақтау тетіктері, жеңілдетілген кредит беру шарттары, сондай-ақ халықтың тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған бағдарламалар туралы айтып берді. Жас отбасыларға, бюджет саласының қызметкерлеріне және тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрғын үй сатып алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.Сондай-ақ, банк өкілдері қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, тұрғын үй кредитінің неғұрлым өзекті бағыттары бойынша түсініктемелер берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1231027?lang=ru
Самар ауданында «Ybyrai Mektebi» жанындағы заманауи білім беру және спорт кешенінің құрылысы аяқталды 30.06.2026
Самар ауданының әкімі Серік Женісов Құлынжон ауылындағы «Ybyrai Mektebi» жанынан салынып жатқан жаңа білім беру және спорт кешенінің құрылысымен танысты. Жоба аясында педагогтар мен оқушыларға арналған заманауи жатақхана, сондай-ақ спорттық және әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының құрылысы аяқталды.— Нысан толық пайдалануға дайын. Барлық тұрғын бөлмелер мен инфрақұрылым қажетті жиһаздармен және құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Педагогтар мен оқушылардың тұруына қолайлы жағдай жасалған, — деді жоба жетекшісінің орынбасары Айдос Ағыбаев.Нысанды аралау барысында аудан әкімі тұрғын бөлмелерді, оқу кабинеттерін, кітапхананы, медициналық пунктті, акт залын, спорттық және қоғамдық кеңістіктерді көріп шықты. Оның айтуынша, мұндай жобалар ауылдық жерлердегі білім беру сапасын арттыруда және балаларға қолайлы орта қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.— Біз туған жерін ұмытпай, ауылдық білім беру саласының дамуына қолдау көрсетіп жүрген Айдын Жұмаділұлы секілді меценаттарға ризамыз. Осындай жобалар балаларға сапалы білім алып, жайлы жағдайда тұруына, спортпен айналысып, жан-жақты дамуына мүмкіндік береді, — деді Самар ауданының әкімі Серік Женісов.Еске салсақ, жоба «Ybyrai Mektebi» мектебін дамыту жұмыстарының жалғасы болып табылады. Екі жыл бұрын Құлынжон ауылында болашақ пансионат пен спорт инфрақұрылымының құрылысына арналған «уақыт капсуласын» салу рәсімі өткен болатын. Іс-шараға Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Ермек Көшербаев пен қазақстандық кәсіпкер Айдын Рахымбаев қатысқан.Жаңа жатақхана екі блоктан тұрады. Бірінші блок педагогтардың тұруына арналған. Мұнда толық жиһаздалған әртүрлі үлгідегі пәтерлер орналасқан. Екінші блокта оқушылар бөлмелері, оқу кабинеттері, кітапхана, аспаздық сынып, аудио және бейнежазба студиясы, демалыс аймақтары, кір жуатын бөлме мен медициналық пункт қарастырылған.Кешен аумағында спорт алаңдары, воркаут-аймақ, стадион және фитнес-зал салынған. Сонымен қатар ойын спорт түрлеріне арналған көпфункционалды зал мен еркін күрес залы бар заманауи екі қабатты спорт кешені жұмыс істейді.Жалпы жаңа кешен оқушылардың тәулік бойы тұрып, білім алуына және жан-жақты дамуына заманауи жағдай жасап, Самар ауданындағы спорт пен қосымша білім беру саласының дамуына серпін береді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1231029?lang=ru
Бүгін, Қарағанды қаласында жұмыссыз азаматтарды, оның ішінде мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша жұмыс берушілермен кездесу ұйымдастырылды 30.06.2026
 «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ жұмыссыз азаматтарды, оның ішінде мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша жұмыс берушілермен кездесу ұйымдастырылды.Іс-шараға «Қарағанды облысының еңбек ұтқырлығы орталығы» КММ өкілдері, Қарағанды қалалық мәслихатының депутаттары, кәсіпкерлер қауымдастығының, «Ten Qogam» мүгедектігі бар адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығының, мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерінің және қаланың 50-ден астам кәсіпорындары мен ұйымдарының өкілдері қатысты. Кездесу барысында мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру, оның ішінде квоталанатын, субсидияланатын жұмыс орындарына орналастыру, арнайы жұмыс орындарын құру, кәсіпкерлік бастамаларды қолдау және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша кәсіптік даярлау жөніндегі шаралар мәселелері қаралды және талқыланды.   Бұдан басқа, еңбек және халықты жұмыспен қамту заңнамасындағы өзгерістер бойынша түсініктемелер берілді.Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша жұмыспен қамту органдары мен жұмыс берушілер арасындағы диалогтың маңыздылығын атап өтті.    Мұндай тәжірибе ағымдағы жылдың ішінде жалғасатын болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/otdel-social-karagandy/press/news/details/1231038?lang=ru
Сағадат Нұрмағамбетовты еске алуға арналған бокстан халықаралық турнирде Қазақстан құрамасы жеңіске жетті 30.06.2026
Армия орталық спорт клубында Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовке арналған XXIX халықаралық бокс турнирі аяқталды.Чемпиондық белбеу сынға түскен шаршы алаңда Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Тәжікстан және Өзбекстаннан келген 130 былғары қолғап шебері бақ сынасты.         Турнирдің құрметті қонақтары қатарында ҚР Қарулы күштері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы полковник Мақсұт Гусейнов, батырдың қызы Айсұлу Нұрмағамбетова, Әскери-қолданбалы спорт түрлері федерациясының президенті Болат Байжан, Nomad Wrestling ұйымының президенті Мақсат Қиқымов, Олимпиада чемпионы Ермахан Ыбрайымов және Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Қанат Ислам болды.          Жарыстың жабылу рәсімінде турнирге қатысушыларды ҚР Қорғаныс министрлігі Спорт комитетінің төрағасы – Армия орталық спорт клубының бастығы полковник Арман Әбеуов құттықтады. – Халықаралық бокс турнирі жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Бұл – Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовтей көрнекті қолбасшыны жадымызда сақтап, еске алуға арналған сайыс. Жекпе-жек барысында сіздер нағыз жауынгерге тән күш-жігерді, төзімділік пен жеңіске деген ерік-жігерді көрсеттіңіздер.      Турнир спорттық дәстүрлерді нығайтып, шеберлікті шыңдауға ықпал еткен маңызды шара болды, – деп атап өтті ол.Командалық есепте Қазақстан құрамасы 9 алтын, 9 күміс және 17 қола медаль олжалап, бірінші орын еншіледі. Өзбекстан құрамасының қоржынында бір алтын және бір күміс медаль болса, Тәжікстан спортшылары екі қола жүлде, ал Қырғызстан құрамасы бір қола медаль иеленді.         Сайыстың қорытындысы бойынша АОСК өкілдері Сәкен Бибосынов (55 келіге дейін) пен Бекнұр Батырбек (85 келіге дейін), сондай-ақ еліміздің атынан сынға түскен Ернар Қарап (50 келіге дейін), Асылжан Серікбай (60 келіге дейін), Абзал Серік (65 келіге дейін), Ернұр Сүйінбай (70 келіге дейін), Еркебұлан Шайкенов (75 келіге дейін), Нұрқанат Райыс (80 келіге дейін) және Думан Нұржан (90 келіге дейін) чемпион атанды. Ал 90 келіден жоғары салмақта өзбекстандық Мадияр Сайдрахимов жеңіске жетті. Турнир шаршы алаң шеберлеріне қарсыластарының техникасын бағалап, тактикалық дайындық деңгейін арттыруға және спорттық рухты нығайтуға мүмкіндік берді. Аталмыш шара қазақ халқының дара перзенті Сағадат Нұрмағамбетовтың есімін ұлықтауға, спортты насихаттауға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.    Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1231051?lang=ru
Бішкекте ШЫҰ Даму банкін құру мен қаржылық ынтымақтастықты дамыту жолдары талқыланды 30.06.2026
Таяуда Бішкекте Шанхай ынтымақтастық ұйымының іс-шаралары өтті, оның шеңберінде ШЫҰ Даму баннкін құру, мүше мемлекеттердің қаржылық өзара іс-қимылын кеңейту және көпжақты ынтымақтастық тетіктерін жетілдіру мәселелері талқыланды. Бұл басқосуға Қазақстан атынан ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбеил қатысты. Қатысушылар болашақ қаржы институтын қалыптастыру, сондай-ақ қаржы саласын қаржыландыру мен цифрландырудың заманауи құралдарын дамыту мәселелеріне ерекше назар аударды.Атап айтқанда, ШЫҰ Даму банкін құру мәселесіне арналған үшінші консультативті кездесу өтіп, оның барысында Дәурен Маратұлы тәуелді қаржыландыру, жергілікті валюталар мен балама құралдарды пайдалану арқылы жарғылық капиталды қалыптастыру, сондай-ақ штаб-пәтерді орналастыру бағытында талаптарды айқындаудың маңыздылығын атап өтті.Өз кезегінде қатысушылар ШЫҰ Даму банкін құрудың мән-маңыздылығы мен көпжақты консультациялық процесті ілгерілетуге бейіл екендерін тағы да растады. Бұдан бөлек ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Қаржы министрлері мен орталық банк басшыларының кездесуі де өткенін айта кетейік. Оның барысында қаржылық өзара іс-қимылды кеңейту мен ынтымақтастықтың жаңа тетіктерін қалыптастыру мәселелері қаралды. Сонымен бірге басқосуда заманауи халықаралық қаржы жүйесінің, сондай-ақ мемлекеттік қаржыны цифрландырудың өзекті мәселелеріне ерекше назар аударылды.Осы орайда Д.Кеңбеил технологиялық тұрғыда дербес әрі инновациялық мемлекет моделіне көшуге бет Қазақстанның қаржы жүйесін дамытудағы негізгі бағыттарын таныстырды. Әсіресе мемлекеттік қаржы жүйесін цифрландыру мен тұңғыш рет Қытай қор нарығына панда-облигацияларының сәтті шығарылымына ерекше назар аударылды.Кездесудің қорытындысына сәйкес ұйымға кіретін мемлекеттердің өкілдері серіктестікті одан әрі дамытып, өзара тиімді мақсаттарға бірлесіп қол жеткізуге мүдделі екендерін жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1231052?lang=ru
Алматы облысында «Достық үйінің» іргетасы қаланды 30.06.2026
Бүгін Қонаев қаласында Алматы облыстық «Достық үйі» ғимаратының құрылысы басталды. Өңірдегі қоғамдық келісім мен этносаралық татулықты нығайтуға бағытталған маңызды жобаны жергілікті ірі кәсіпкерлер өз қаражаты есебінен жүзеге асыруда. Шара барысында облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев пен ҚР Парламенті Сенатының депутаты Жанболат Жөргенбаев облыстық этномәдени бірлестіктердің төрағаларымен бірге ғимараттың іргетасына уақыт капсуласын салды, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.Салтанатты рәсімге облыстық мәслихат депутаттары, басқарма басшылары, зиялы қауым өкілдері мен кәсіпкерлер, этномәдени бірлестіктердің, ақсақалдар мен аналар кеңесінің мүшелері, Қоғамдық келісім және даму орталығының қызметкерлері қатысты. Қазіргі таңда өңірде 105 этнос өкілі тату-тәтті өмір сүруде. Облыста тіркелген 34 этномәдени бірлестік пен қоғамдық ұйым түрлі әлеуметтік жобаны қолға алып, өзара татулық пен сенімді арттыруға қызмет етуде. Сондықтан бұл «Достық үйі» аталған құрылымдардың басын біріктіретін қара шаңыраққа айналмақ. Мұнда олардың нәтижелі жұмыс істеуіне барлық жағдай жасалып, жастар бастамаларын қолдауға, пікір алмасуға, мәдени және қоғамдық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін заманауи орта қалыптасады.Аймақ басшысы өз сөзінде «Достық үйі» құрылысының басталуы облыс үшін тарихи маңызы зор, айтулы оқиға екенін атап өтті.«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының 2025 жылы өткен ХХХІV сессиясында көпэтносты Алматы облысында «Достық үйін» салу қажеттігі жөнінде нақты тапсырма берген болатын. Бүгін сол маңызды тапсырманың жүзеге асуына куә болып отырмыз. Өздеріңізге белгілі, мемлекет тарапынан облысымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына әрдайым айрықша қолдау көрсетіліп келеді. Соның нәтижесінде өңірімізде кәсіпкерлік пен өндірістің өркендеуіне мол мүмкіндіктер ашылды. Атап айтқанда, 2022–2025 жылдар аралығында Алматы облысына 3,7 трлн теңге инвестиция тартылды. Жалпы құны 930,3 млрд теңге болатын 120 жоба пайдалануға беріліп, оның аясында 14 мың жаңа жұмыс орны құрылды. Осы мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, өңір экономикасының өркендеуіне елеулі үлес қосқан кәсіпкерлеріміз бүгін «Достық үйін» өз қаражаттары есебінен салуға қолдау білдіру арқылы ел алдындағы азаматтық жауапкершіліктің жоғары үлгісін көрсетіп отыр. Бұл шаңырақ ел бірлігі мен татулықтың ордасына айналады деп сенемін», – деді Марат Елеусізұлы.«Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы облысы бойынша төрағасы Вера Плетнева жаңа ғимарат жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын жеткізді. «Бүгін бәріміз тарихи сәттің куәсі болып отырмыз. Қазіргі таңда Қазақстан 100-ден астам этнос өкілін бір шаңырақ астына біріктіріп, шынайы достықтың жаршысы болып отыр. «Бірлік бар жерде тірлік бар» деп бекер айтылмаған. Біздің басты мақсатымыз – татулықты ту етіп, еліміздің дамуына үлес қосу. Ал Алматы облысында «Достық үйінің» бой көтеруі біздің жұмысымызға серпін беріп, жаңа белестерді бағындыруға септігін тигізеді. Әсіресе Ассамблея жастарына үлкен үміт пен жігер сыйлайды», – деген ол облыс әкімдігі мен жобаға ұйытқы болған кәсіпкерлерге алғыс айтты.Нысан 2 қабатты, 1 блоктан тұрады. Жоба бойынша этно-мәдени орталықтар мен бірлестіктер кабинеттері, 56 орынды конференц-зал, 300 орынды мәжіліс залы салынады. Сондай-ақ ғимарат алдына биіктігі 92 метр болатын Ту тұғыр орнатылады. Нысан құрылысы үш ай бойы жүргізіліп, жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1231057?lang=ru
ЕАЭО елдерінің басшылары ЖИ-ды жауапты дамыту туралы Бірлескен мәлімдемені қабылдады 30.06.2026
Астанада өткен Еуразиялық экономикалық форум алаңында Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттердің басшылары жасанды интеллектіні жауапты дамыту туралы Бірлескен мәлімдемені қабылдады.Аталған құжатты әзірлеу бастамасын Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 21 желтоқсанда өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында көтерген болатын. Бұл ұсыныс ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің барлығы тарапынан қолдау тапты.Бірлескен мәлімдеме ЕАЭО елдерінің жасанды интеллект саласындағы практикалық ынтымақтастығын кеңейтуге, тәжірибе алмасуға, озық практикалар мен технологиялық шешімдерді енгізуге, сондай-ақ экономика салаларында өзара әрекеттестікті нығайтуға бағытталған. Бүгінде ЖИ тиімділік пен бәсекеге қабілеттілікті арттырудың маңызды факторы болып отыр. Құжатта елдердің ұлттық цифрлық егемендігін ескере отырып, экономикалық және технологиялық әріптестікті дамыту мәселелері де қарастырылған.Қазақстан цифрлық дамуды жүйелі түрде ілгерілетіп келеді. Жасанды интеллект экономикалық өсудің, өнімділікті арттырудың және бизнес пен азаматтар үшін жаңа мүмкіндіктер ашудың негізгі қозғаушы күштерінің бірі ретінде қарастырылады.Елде цифрлық технологияларды жан-жақты дамыту саясаты және жарияланған Цифрландыру мен жасанды интеллект жылы аясында, Астанада ЕАЭО шеңберінде Бірлескен мәлімдеменің қабылдануы Қазақстан Республикасының ілгерілетіп жүрген цифрлық күн тәртібінің өзектілігін көрсетеді.Жалпы, құжат ЕАЭО аясында ЖИ технологияларын жауапты пайдалану қағидаттарын айқындайды. Бірлескен мәлімдеменің негізгі міндеттеріне тауарлардың, қызметтердің, капитал мен жұмыс күшінің еркін қозғалысын қамтамасыз ету, ЕАЭО мемлекеттерінің экономикасының негізгі салаларын цифрландыруды жеделдету, жасанды интеллектіні кемсітусіз әрі этикалық тұрғыдан қолдану, сондай-ақ мүше мемлекеттердің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру кіреді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1231070?lang=ru
Астанада ЕАЭО мен Орталық Азия елдері аккредиттеуді цифрландыру мәселесін талқылады 30.06.2026
Қазақстан астанасында Дүниежүзілік аккредиттеу күніне орай «Инновациялар, сенім және тұрақтылық: аккредиттеудің ықпалы» атты халықаралық форум өтті.Іс-шараға Еуразиялық экономикалық комиссияның, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аккредиттеу органдарының өкілдері, сондай-ақ Өзбекстан мен Қытайдан келген делегаттар қатысты.Форумда сәйкестікті бағалау үдерістерін цифрландыру, халықаралық ынтымақтастықты дамыту және Еуразияның ортақ нарығындағы өнім сапасын бақылауды күшейту мәселелері талқыланды.Форумның ашылуында Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова сөз сөйлеп, аккредиттеудің бүгінде техникалық рәсім шеңберінен шығып, экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етудің, халықаралық сауданы дамытудың және тұтынушылар құқығын қорғаудың маңызды тетігіне айналғанын атап өтті.«Аккредиттеу бұрыннан бері сәйкестікті бағалаудың техникалық құралы ғана емес. Ол халықаралық сауданың, инвестициялық тартымдылықтың және мемлекеттің экономикалық орнықтылығының маңызды құрамдас бөлігіне айналды. Әрбір сертификаттың, сынақ хаттамасының және стандарттың артында адамдардың қауіпсіздігі, өмір сапасы мен тұтынушының сатып алған өніміне деген сенімі тұр. Халықаралық озық тәжірибеге сүйене отырып, біз бақылаудан тәуекелдерді басқаруға және цифрлық қадағалауға негізделген жаңа жүйеге кезең-кезеңімен көшіп келеміз», – деді Айжан Бижанова.Қазіргі таңда Қазақстанда 1700-ден астам аккредиттелген субъект жұмыс істейді. Ұлттық аккредиттеу жүйесі тұрақты түрде дамып, ауқымын кеңейтіп келеді.Биыл Қазақстан ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аккредиттеу органдары басшылары кеңесіне төрағалық етіп, өзара сенімге негізделген бірыңғай цифрлық кеңістік қалыптастыру бастамаларын ілгерілетуде.Форум барысында жабдықтары цифрлық жүйемен біріктірілген Smart Labs зертханаларын дамыту мәселесіне ерекше назар аударылды. Заманауи технологиялар сынақ нәтижелерін автоматты түрде жіберуге, көрсеткіштерді оператордың қатысуынсыз тіркеуге, барлық әрекеттің цифрлық ізін сақтауға және адам факторынан туындайтын тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік береді.Ұлттық аккредиттеу орталығының бас директоры Искандер Хамитов өңір елдері сәйкестікті бағалау нәтижелерін өзара тану мен сенім қалыптастыру бағытында ортақ ұстанымдарға бет бұрып отырғанын айтты.«Қазақстан ұлттық аккредиттеу жүйесін дамыту, үдерістерді цифрландыру және халықаралық деңгейдегі сенімді нығайту жөнінде ауқымды міндеттер қойып қана қоймай, оларды нақты іске асырып келеді. Ашық ынтымақтастық пен сәйкестікті бағалаудағы бірыңғай тәсілдер ғана ЕАЭО кеңістігінде тұрақты әрі бәсекеге қабілетті ортақ нарық қалыптастыруға мүмкіндік береді деп есептейміз», – деді Искандер Хамитов.Форум соңында отандық сапа инфрақұрылымының халықаралық деңгейде танылуына және қазақстандық сертификаттарға деген сенімнің артуына үлес қосқан сала мамандары марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1231075?lang=ru
Конституциялық Сотта Қазақстандағы саяси-құқықтық реформалардың дамуы талқыланды 30.06.2026
Қазақстандағы конституциялық реформалар Конституциялық Сот Төрағасы Эльвира Азимованың Францияның халықаралық қатынастар институтының (IFRI) негізін қалаушы әрі президенті, сондай-ақ Дүниежүзілік саяси конференцияның төрағасы француз саясаттанушысы Тьерри де Монбриальмен кездесуінің негізгі тақырыптарының біріне айналды.Кездесу барысында тараптар конституциялық сот төрелігін дамытудың заманауи үрдістерін, мемлекеттік институттарды жетілдіру мәселелерін және саяси-құқықтық реформаларды одан әрі дамыту бағыттарын талқылады.Әңгіме барысында Қазақстанның конституциялық өзгерістер саласындағы тәжірибесіне ерекше назар аударылды. Эльвира Азимова Ата заңды реформалау жөніндегі жұмыстар, Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның рөлі және жүзеге асырылып жатқан өзгерістердің қоғам тарапынан қабылдануы туралы айтып берді. Оның айтуынша, әділеттілікке деген сұраныс, мемлекеттік институттардың ашықтығы мен құқық үстемдігін нығайту қоғам үшін басым бағыттардың бірі болып қала береді.Тьерри де Монбриаль Қазақстанның саяси жүйесін жаңғырту тетіктеріне қызығушылық танытты. Талқылау барысында мемлекеттік институттар арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу, билік тармақтарының өзара іс-қимылы, саяси лауазымдарға тағайындау ерекшеліктері, сондай-ақ қоғамдық диалог алаңы ретіндегі Ұлттық құрылтайдың қызметі сөз болды.Кездесу қорытындысында тараптар заманауи құқықтық және саяси институттарды дамыту мәселелері бойынша сараптамалық пікір алмасуды жалғастыруға өзара мүдделі екендіктерін растады.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/1231078?lang=ru
Атырау облысында 12 мәдени нысанның құрылысы жүріп жатыр 30.06.2026
Жаңа мәдениет үйлері Құрманғазы ауданындағы Көптоғай, Бірлік, Азғыр, Қызылқоға ауданындағы Қарабау, Миялы, Жангелдин, Мұқыр, Жылыой ауданындағы Жаңа Қаратон, Ақкиізтоғай, Қосшағыл және Исатай ауданындағы Нарын ауылдарында салынып жатыр, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.Соңғы жылдары өңірде мәдениет саласын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. 2023 жылдан бері облыста 14 жаңа мәдениет нысаны пайдалануға беріліп, 54 мекеме күрделі және орташа жөндеуден өтті.Өңірдегі ірі жобалардың қатарында Атырау қаласында бой көтеріп жатқан 1200 орындық концерт залы мен жаңа тарихи музей ғимараты бар. Сондай-ақ бұрынғы «Неке сарайы» ғимараты қайта жаңғыртылып, Дина Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрінің иелігіне беріледі.Қазір облыста 242 мәдениет мекемесі халыққа қызмет көрсетеді. Салада 3 мыңнан астам маман еңбек етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/1231143?lang=ru