Enbekshi QazaQ
2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Әлем

Қазақстан Республикасының Елшілігі Моңғолияда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шара өткізді 30.06.2026
Ұлан-Батыр, 2026 жылғы 29 мамыр – Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшілігі Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Ұлан-Батыр қаласындағы балабақшалардың бірінде тәрбиеленіп жатқан 40-қа жуық балаға арнап мерекелік іс-шара ұйымдастырды.Іс-шара аясында Қазақстанның Моңғолиядағы Елшісі Алмас Сейтақынов кішкентай қонақтарға құттықтау сөз сөйлеп, қарапайым тілмен Қазақстан туралы айтып берді. Ол бауырлас мемлекеттер арасындағы берік достық тек саяси диалог арқылы ғана емес, халықтар арасындағы өзара құрметті нығайту арқылы да қалыптасатынын атап өтті. Бұл үдерісте өскелең ұрпақты екі елдің мәдениетімен, тарихымен және салт-дәстүрімен ерте жастан таныстыру ерекше маңызға ие.Балаларға Қазақстан туралы арнайы бейнеролик көрсетілді. Сондай-ақ, кішкентай қонақтарға ұлттық тағамдар қойылған мерекелік дастарқан жайылды. Қазақтың әні мен күйі іс-шараның шырайын аша түсті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ulaanbaatar/press/news/details/1231595?lang=ru
Қазақстанның Жоғары аудиторлық палатасы мен Қытайдың Ұлттық аудит офисі Астанада семинар өткізді 30.06.2026
2026 жылғы 25 мамырда Астанада Қытай Халық Республикасы Ұлттық аудит офисі делегациясының Қазақстан Республикасына жұмыс сапары шеңберінде семинар өтті. Іс-шара ҚР Жоғары аудиторлық палатасында ұйымдастырылды.Жиын барысында сөз сөйлеген Жоғары аудиторлық палата мүшесі Тілеген Каскин Қазақстан мен Қытай арасындағы достық, өзара құрмет және стратегиялық әріптестік қағидаттарына негізделген ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтті. Екі елдің жоғары аудит органдарының өзара іс-қимылы екіжақты форматта да, ИНТОСАИ, АЗОСАИ және ШЫҰ сияқты халықаралық ұйымдар шеңберінде де белсенді дамып келеді.Сонымен қатар Қазақстан мен Қытай өкілдері денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және ауыл шаруашылығы салаларында қатар аудит жүргізу сияқты бірлескен бастамаларды табысты іске асыруда. Кадр мәселесі және білім беру бағдарламаларын іске асыру саласындағы ынтымақтастыққа да ерекше назар аударылады.Қытай тарапынан Қытайдың Ұлттық аудит офисі Орталық ведомстволарға аудит жүргізу бюросының бас директоры Ван Ган сөз сөйледі.Семинар аясында тараптар бюджеттің атқарылуына аудит жүргізу мәселелерін, сондай-ақ аудиторлық қызметті жоспарлаудың заманауи тәсілдерін талқылады.Іс-шара қорытындысы бойынша тараптар әріптестік байланысты одан әрі нығайтуға, кәсіби өзара іс-қимылды арттыруға және мемлекеттік аудиттің өзекті мәселелері бойынша тәжірибе алмасуды жалғастыруға келісті.Telegram-каналға жазылуАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/esep/press/news/details/1231650?lang=ru
СҚО әкімінің Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтауы 30.06.2026
Халықаралық балаларды қорғау күні құтты болсын!  Балалар – отбасының қуанышы, өмірдің жалғасы, тәуелсіз еліміздің келешегі. Сондықтан олардың қауіпсіз ортада өсіп, сапалы білім алып, бойындағы қабілеттерін дамытуына жағдай жасау – баршамыздың ортақ міндетіміз.  Өңірде балалардың жан-жақты дамуына, білім алуына, спортпен және шығармашылықпен айналысуына қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.Осы жарқын мерекеде барлық бүлдіршіндерге зор денсаулық, шаттық пен қуаныш, жаңа жетістіктер мен биік армандар тілеймін. Ал ата-аналарға, ұстаздарға және бала тәрбиесіне үлес қосып жүрген барша жандарға шынайы алғысымды білдіремін.Әр шаңырақтан бала күлкісі естіліп, әр отбасының бақыты арта берсін! Балаларымыздың болашағы жарқын, армандары асқақ болсын!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/1231607?lang=ru
“Қазақстанның қуғын сүргін жылдарындағы өмірі” тақырыбына дөңгелек үстел 30.06.2026
Бастаушы ауылдық кітапханасыда 31- мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай “Қазақстанның қуғын сүргін жылдарындағы өмірі” тақырыбына дөңгелек үстел өтті. Бұл дөңгелек үстелге Абай атындағы орта мектебі тарих пәнінің мұғалімі Н. Жанұзақ және оқушылары қатысты. Шараның мақсаты – оқушыларға саяси қуғын-сүргін және ашаршылық жылдарының зардаптарын түсіндіру, тарихи тұлғалардың өмірі мен қызметін таныстыру, жас ұрпақтың тарихи танымын кеңейтіп, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Дөңгелек үстел барысында оқушылар тарихи деректермен танысып, саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы мәліметтер айтты. Алаш қайраткерлерінің ел тарихындағы орны, олардың халық үшін атқарған еңбектері туралы пікір алмасу ұйымдастырылды. Сонымен қатар оқушылар өз ойларын ортаға салып, тақырып аясында белсенділік танытты. Оқушыларға өткен тарихты ұмытпау, тәуелсіздіктің маңызын түсіну және ұлттық құндылықтарды құрметтеу қажеттігі айтылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-bastaushy/press/news/details/1231615?lang=ru
1 маусым күні Әйет ауылында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған шын мәнінде ұмытылмас, көңілді және дүбірлі мереке өтті. Күн бойы балалардың сыңғырлаған күлкісі естіліп, айнала шынайы қуанышқа кенелді. 30.06.2026
Балалар үшін қызықты бағдарлама дайындалды: ұл-қыздар тартысты спорттық ойындарда жарысып, сурет байқауында өз қиялдарына ерік берді, батутта секіріп, әрине, сүйікті тәтті мақтадан дәм татты.​Ішкі саясат бөлімінің басшысы Ольга Нургалиева барлық қонақтарға жылы лебізін білдірді. Ол балалар мен ересектерді құттықтап, өсіп келе жатқан ұрпаққа жарқын жаз, мықты денсаулық және бейбіт аспан тіледі.​Мерекенің басты сәні мерекелік концерт болды. Көрермендерді өздерінің шығармашылық нөмірлерімен ең кішкентай өнерпаздар — балабақшаның сүйкімді тәрбиеленушілері мен өнер мектебінің дарынды балалары тәнті етті. Би, ән және шынайы күлкі жаздың осы алғашқы күнін сиқырлы думанға айналдырды!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1231662?lang=ru
Қызметті тоқтатудың оңайлатылған тәртібі 30.06.2026
Жаңа Салық кодексінің нормаларын іске асыру аясында «Салық төлеушілердің (салық агенттерінің) қызметін тарату, қайта ұйымдастыру және тоқтату кезінде салықтық міндеттемені орындаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің м.а. 2025 жылғы 31 қазандағы № 654 бұйрығы қабылданды.Ең алдымен, салық төлеушілердің жекелеген санаттарын тарату тәртібі тұтастай өзгермегендігін атап өткен жөн.Қызметті тоқтату кезінде салықтық міндеттілікті орындаудың оңайлатылған тәртібі (бұдан ары-Тәртіп) Салық кодексінің 74-бабы 6-тармағына сәйкес әзірленген және жеке кәсіпкерлер (бұдан ары-ЖК) қызметін тоқтатқан кезде, салық міндеттемесін орындау тәртібі бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес айқындалады: тіркеу есебінде ҚҚС төлеушісі ретінде тұрмағандар; жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асырмайтындар; бірлескен кәсіпкерлік нысанында қызметті жүзеге асырмайтындар; салықтық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі жоқ тұлғалар; тарату есептілігінің алдындағы салық кезеңі үшін салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді және әлеуметтік төлемдерді есептеу және төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындағандар; орындалмаған хабарламалар, соның ішінде камералдық бақылау нәтижелері бойынша хабарламалары жоқ тұлғалар; ашылған банк шоттары жоқ тұлғалар.ЖК қызметін оңайлатылған тәртіппен тоқтату салық төлеушінің  кабинеті арқылы электрондық түрде қызметін тоқтату туралы салықтық өтінішті, тарату салықтық есептілігін, бақылау-касса машинасын (БКМ болған жағдайда) есептен шығару туралы салықтық өтінішті (бұдан ары-СӨ) ұсыну жолымен жүзеге асырылады.ЖК ретінде есептен шығару рәсімінің мерзімі өтініш берілген күннен бастап есептен шығарылғанға дейін 13-15 күнді құрайды. Сонымен бірге, мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері аталған тарату үдерісіне қатыспайтындығына назарларыңызды аударамыз.Мәселен, салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған жүйесіне (СӘИЖ) қызметті тоқтату туралы СӨ түскен кезде, салық төлеушілер туралы қосымша мәліметтерде «Тарату сатысында» мәртебесі қалыптастырылады. Бұдан ары, 10 күнтізбелік күн ішінде жүйемен автоматты режимде ЖК тоқтату үшін шарттарға сәйкестігіне (берешектің жоқтығы, тарату СЕН-ның болуы, орындалмаған хабарламалар және т.б.) тексеру жүргізіледі. Шарттарға сәйкес келген жағдайда, 10 күн өткеннен кейін жүйемен автоматты режимде салықтық өтінішке «өңделді» мәртебесі беріледі және СТ қосымша мәліметтерінде «тарату сатысында» мәртебесінің аяқталу күні қойылады. Кейін, 3 жұмыс күні ішінде ЖК тіркеу есебінен шығарылады, бұл да автоматты түрде жүргізіледі.Таратудың салықтық есептілігінде көрсетілген салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді және әлеуметтік төлемдерді төлеу таратудың салықтық есептілігі салық органына ұсынылған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірілмей жүргізілетіндігін назарларыңызға саламыз. Іс жүзінде салық төлеушілер МӘМС (тоқтатуға СӨ берілген есепті айда төлем болмағаны үшін) бойынша берешектің болуы себепті қызметін тоқтатудан жиі бас тарту алады.Осыған байланысты, тоқтатудан бас тарту алмау үшін, 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін, салық төлеушілер дербес шоттарда берешектің барлығын/жоқтығын тексеріп, болған жағдайда үш күн ішінде төлем жүргізуді ұсынамыз. Сонда жүйе қалыптасқан берешек сомасының төлену фактісін тіркеп үлгереді, нәтижесінде өтініш оң қаралады, яғни ЖК тіркеу есебінен автоматты түрде шығару жүргізіледі. Берешек төленбеген жағдайда жүйе бас тарту береді, ал салық төлеушіге қызметін тоқтату рәсімін қайтадан (тоқтатуға СӨ беру, ДСЕН тапсыру және т.б.) өтуге тура келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1231664?lang=ru
Балаларға базарлық: Қызылордада Ботаникалық бақ пайдалануға берілді 30.06.2026
Бүгін Халықаралық балаларды қорғау күнінде облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Руслан Рүстемов, Мархабат Жайымбетов, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары Мемлекет басшысының қолдауымен салынған Ботаникалық бақтың ашылу рәсіміне қатысты.Мереке күні жеткіншектерге тарту етілген Ботаникалық бақ Президент саябағы аумағында орналасқан. Бас мердігер - «Alem Qurylys AQ» ЖШС. Құрылысына 4,9 млрд теңге бөлінген, нысанның іргетасы былтыр қыркүйек айында сол кездегі аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың бастамасымен қаланған болатын.Ашылу рәсімінде облыс әкімі Мұрат Нәлқожаұлы балаларды мерекемен құттықтап, Ботаникалық бақ жұмысы жеткіншектердің тиімді демалысын ұйымдастыруға және тың жобаларды жүзеге асыруға бағытталғанын атап өтті.«Баршаңызды 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бала – біздің басты байлығымыз. Білімді, дені сау, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу – баршамыздың ортақ парызымыз. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Ұл-қыздарымыздың парасатты, жан-жақты болып өсуіне жағдай жасау, жас азаматтарымыздың құқығын қорғап, денсаулығын сақтау – мемлекетіміздің басты міндеті», – деген болатын.Бүгін Президент саябағының аумағынан ашылған Ботаникалық бақ – осы ауқымды бастаманың аймағымыздағы нақты әрі жемісті көрінісі. Бақ ішіне Қытай, Оңтүстік Африка, Жапония, Оңтүстік және Орталық Америкада өсетін жасыл желек егілді. Осы арқылы жас жеткіншектерге өсімдіктердің экожүйедегі маңызы түсіндіріледі. Бұл жай ғана балалар серуендейтін саябақ емес, табиғат пен ғылымды ұштастыратын, экологиялық мәдениетті қалыптастыратын көпфункционалды кешен болмақ. Балаларымыз осы жерде табиғатпен тілдесіп, эко-жауапкершіліктің, еңбекқорлықтың шынайы үлгісін көреді. Осы бақтан біздің аймақтың ғана емес, бүкіл еліміздің экологиясын зерттейтін болашақ ғалымдар, биологтар мен агрономдар шығады деп сенеміз», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.Рәсімде Руслан Рүстемов, Мархабат Жайымбетов құттықтау сөз сөйледі. Білім беру саласының дамуына елеулі үлес қосқан ұстаздар мен жаңа нысан құрылысын мерзімінде аяқтаған мердігер мекеме қызметкерлері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.Ботаникалық бақ – экологиялық танымды, туризмді дамытуға және жаңа қоғамдық кеңістіктер құруға бағытталған заманауи көпфункционалды кешен. Жалпы ауданы 1500 шаршы метр болатын екі жылыжайға Африка, Оңтүстік Америка, Австралия, Жапония, Қытай және Мадагаскар сияқты әлемнің әр аймағынан 92 түрлі 3300-ден астам өсімдік егілген. Веерлі пальма, Канар құрмасы, кактус пен алоэ, вашингтония пальмасы, стрелиция, жакаранда, алып юкка, мақта ағашы, бамбук, сәндік өсімдіктер, кариота жайқалып тұр. Бұл өсімдіктер гүлдегенде хош иісі аңқып, қызғылт сары, көгілдір, күлгін сияқты алуан түске боялады.Өсімдіктерге қолайлы жағдай жасау үшін микроклиматты автоматты басқару, суару және су дайындаудың заманауи инженерлік жүйелерімен жабдықталған.Ботаникалық бақ өсімдіктердің бірегей түрлері өсетін орын ғана емес, экологиялық мәдениеттің, білім берудің және ішкі туризмнің дамуына қызмет ететін, аймақ тұрғындары мен қонақтары жиі бас қосатын мекенге айналады.Мұнда студенттер, мектеп оқушыларының, табиғат жанашырларының танымын кеңейтуге барлық жағдай жасалған. Ботаникалық бақтың ерекше атмосферасы келушілерге жайлылық сыйлайды. Айта кетейік, Мемлекет басшысының қолдауымен Сыр өңірінде кейінгі төрт жылда 46 заманауи білім беру нысаны табысталды.«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 10 жаңа мектеп салынды. Физика-математика бағытындағы «Білім-инновация» лицей-интернаты, музыкалық колледждің жаңа оқу ғимараты мен жатақханасы пайдалануға берілді. «Оқушылар сарайы», «Сыр жұлдыздары» академиясы, Жалағаш, Жаңақорған, Шиелі аудандарындағы «Оқушылар үйі» мен «Өнер мектептері» жас жеткіншектердің шығармашылық, зияткерлік әлеуетін арттыруға қызмет етуде. Жақында ғана жыл бойы үздіксіз қызмет көрсететін «AI-KERIM» оқу-сауықтыру орталығы балалар игілігіне айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1231666?lang=ru
Қазақстандық спортшылар Словенияда өткен халықаралық жарыстарда медаль жеңіп алды 30.06.2026
Қазақстан өкілдері Словениядағы халықаралық турнирлерде ойдағыдай өнер көрсетіп, спорттық гимнастика мен садақ атудан медаль жеңіп алды.Копердегі спорттық гимнастикадан шақыру Кубогы кезеңінде Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов пен Зейнолла Ыдырысов ат үстінде финалда өнер көрсетті.Жарыс қорытындысы бойынша Зейнолла Ыдырысов тұғырдың екінші сатысына көтеріліп, қазақстандық спорттық гимнастика мектебінің жоғары деңгейін растап, күміс медаль жеңіп алды.Қазақстандық садақшылар Камник қаласында өткен Veronica ' s Cup халықаралық турнирінде сәтті өнер көрсетті. Ерлер арасындағы классикалық садақ ату жарысында Ильфат Абдуллин турнирдің жеңімпазы атанды, финалда Үндістан өкілі Сачин Гуптаны жеңіп, алтын медаль жеңіп алды. Қазақстан құрамасының қоржынына Виктория Лян, Роксана Юнусова және Адель Жексенбинова құрамаларындағы блокты садақ атудан әйелдер командасы тағы бір марапат әкелді. Үшінші орын үшін матчта қазақстандықтар Люксембург құрамасын жеңіп, турнирдің қола жүлдегерлері атанды. Қазақстандық спортшылардың халықаралық аренада табысты өнер көрсетуі ұлттық құрамалардың жоғары дайындық деңгейін растайды және Қазақстанның әлемдік спорттағы позициясын нығайтады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ljubljana/press/news/details/1231694?lang=ru
Халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанған 33 солтүстікқазақстандық оқушыға құрмет көрсетілді 30.06.2026
Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов халықаралық және республикалық олимпиадалардың, сондай-ақ ғылыми жобалар байқауларының жеңімпаздары мен жүлдегерлерімен кездесті.«Өңірдің ең басты байлығы – балаларымыз. Білімді, бастамашыл әрі бәсекеге қабілетті жас ұрпақ – еліміздің жарқын болашағының берік негізі. Бүгінде біздің оқушыларымыз өз жетістіктерімен Солтүстік Қазақстанның абыройын асқақтатып, өңірімізді республика көлемінде ғана емес, халықаралық деңгейде де танытып келеді. Балалардың қабілетін шыңдап, олардың білімге деген құштарлығын қолдап жүрген ұстаздар мен ата-аналарға шынайы алғысымды білдіремін. Жас дарындардың алдағы уақытта да толағай табыстарға жетіп, жаңа белестерді бағындыратынына сенімдімін», – деді облыс әкімі.Бүгінде өңірде 73 мыңнан астам оқушы білім алуда. Олардың 2,5 мыңнан астамы түрлі деңгейдегі зияткерлік сайыстарға белсенді қатысып,  облыс пен елдің мерейін абыроймен қорғап келеді.Биыл 33 жоғары сынып оқушысы халықаралық және республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауларында үздік нәтиже көрсетіп, жеңімпаз және жүлдегер атанды. Жас дарындардың жетістіктерін бағалап, олардың еңбегі мен білімге деген ұмтылысын қолдау мақсатында облыс әкімі арнайы сыйақылар табыстады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/1231714?lang=ru
Жасанды интеллект технологияларын кәсіби қызметте қолдану: оқыту семинарлары жалғасуда 30.06.2026
Алматы облысының цифрлық технологиялар басқармасы ұйымдастыруымен «Кәсіби қызметте жасанды интеллект технологияларын қолдану» тақырыбындағы оқыту семинарлары кезең-кезеңімен жалғасуда.Оқытудың екі кезеңі аясында семинарларға мемлекеттік органдардың, білім беру ұйымдарының, құқық қорғау құрылымдарының өкілдері, сондай-ақ мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілері қатысты.Іс-шара барысында қатысушылар жасанды интеллект технологияларының түрлі саладағы мүмкіндіктерімен танысып, AI құралдарын күнделікті жұмыс барысында тиімді пайдалану жолдарын талқылады. Сонымен қатар, цифрлық шешімдерді жұмыс процестеріне енгізу, ақпаратты өңдеу, құжаттармен жұмыс істеу және қызмет тиімділігін арттыру бағыттары бойынша тәжірибелік ақпарат ұсынылды.Семинарлар барысында мемлекеттік басқару, білім беру және құқық қорғау салаларында жасанды интеллектті қолданудың перспективалары қарастырылып, цифрлық құзыреттер мен цифрлық сауаттылықты дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.Аталған оқыту семинарлары мемлекеттік органдардың цифрлық трансформациясын жеделдету және заманауи технологияларды тиімді енгізу мақсатында алдағы уақытта да кезең-кезеңімен жалғасатын болады.Барлық қатысушыларға белсенді қатысқандары және цифрлық дағдыларды дамытуға қызығушылық танытқандары үшін алғысымызды білдіреміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-tehnologiya/press/news/details/1231718?lang=ru
Ауқымды жарақтандыру: ҚР ІІМ Ұлттық ұлан бөлімшелеріне 180-нен астам жаңа автокөлік алынды 30.06.2026
Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланын жүйелі жаңғырту шеңберінде өңірлердегі автопарктар едәуір жаңартылды. Ақтау, Жаңаөзен, Алматы, Тараз және Түркістан қалаларында жаңа техника кілттерін табыстаудың салтанатты рәсімдері өтті. Бұл материалдық-техникалық базаны нығайтуға, бөлімшелердің мобильдігін арттыруға және қоғамдық қауіпсіздікті тиімді қамтамасыз етуге бағытталған қадам. Ақтаудағы Каспий теңізінің жағалауындағы Амфитеатр аумағында "Батыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты 6656 әскери бөлімінің әскери қызметшілеріне жаңа қызметтік автомобильдер табысталды. Жеке құрам отандық өндірістегі 15 жаңа автокөліктің кілтін алды. Сондай-ақ, Жаңаөзенде жергілікті полкқа да 15 жаңа көлік берілді, бұл өңірдегі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті айтарлықтай нығайтуға мүмкіндік береді. Елдің батысында көлік жаңарту бағдарламасы әлі де жалғаспақ: жақын арада Ақтөбе, Атырау және Оралдағы Ұлттық ұлан бөлімшелеріне де жаңа көліктер беріледі. "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының Алматы, Түркістан және Тараз қалаларындағы әскери бөлімдеріне жалпы саны 150-ден астам заманауи автомобиль берілді. Нақтырақ айтсақ, жеке құрамды тасымалдау, жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету, су тасымалдау және көлік-шаруашылық, жауынгерлік міндеттерді орындау үшін Алматыға 53, Тараз қаласындағы 5513 әскери бөліміне 21, ал Түркістан қаласында орналасқан 5574 әскери бөліміне 5 техника алынды. Құқықтық тәртіп әскерінің автопарктарының техникалармен толығуы  әскердің жауынгерлік әлеуетін арттырудағы маңызды кезеңі болды. Себебі, бұл ұландықтарға азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді одан әрі жедел орындауға мүмкіндік береді. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1231740?lang=ru
«Қуыр-қуыр, қуырмаш!»: Ұлттық ұлан оркестрі кішкентай пациенттерді қуантты 30.06.2026
Балалар мерекесі қарсаңында ҚР ІІМ Ұлттық ұланы әлеуметтік бастама көтеріп, Астана қаласындағы «Ана мен бала» ұлттық ғылыми орталығында ем қабылдап жатқан бүлдіршіндерге арналған мерекелік іс-шара өткізді. Ізгі шара балаларға шаттық сыйлап, олардың жүздеріне күлкі ұялатуды мақсат етті. Оған Ұлттық ұланның әскери қызметшілері, орталық қызметкерлері, ата-аналар мен балалар қатысты. Іс-шара барысында Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Аңсаған Балтабековтің атынан медициналық орталыққа және онда ем алып жатқан бүлдіршіндерге түрлі сыйлықтар табысталды. Арнайы ұйымдастырылған мерекелік бағдарламада құқықтық тәртіп әскерінің үлгілі-көрсетілім оркестрі көрермендердің зор қошеметіне бөленді. Әсіресе, әскери оркестрдің «Қуырмаш», «Қошақаным» секілді туындыларды, сондай-ақ балалар арасында кеңінен танылған шетелдік шығармаларды орындауы бүлдіршіндерге ерекше әсер сыйлады. Бұдан бөлек, көпшілік алдында Ән-би ансамблі де өнер көрсетті. Бұл концерт ем қабылдап жатқан балалар үшін күтпеген әрі қуанышты сый болды. Сонымен қатар балалар мен ата-аналар қару-жарақтың, брондалған және жеке қорғаныс құралдарының көрмесін тамашалады. Қонақтар әскери техникамен жақын танысып, естелік суреттерге түсу мүмкіндігіне ие болды. Осылайша, Балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шара бүлдіршіндердің жүздеріне қуаныш сыйлап, оларға жарқын әсер қалдырды. Айта кетейік, Ұлттық ұлан осындай іс-шаралар арқылы өскелең ұрпақты Отанды құрметтеуге шақырып, патриоттық рухта тәрбиелеуді дәстүрге айналдырған. Мұның дәлелі ретінде оркестрдің бұған дейін жүзеге асырған Guard Next жобасын атауға болады. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1231747?lang=ru
Атырауда «Алмалы» заманауи оңалту орталығы ашылды 30.06.2026
Атырауда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған заманауи «Алмалы» оңалту орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Әлеуметтік маңызы зор нысан Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың IV отырысындағы тапсырмасы негізінде пайдалануға берілді.Іс-шараға Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов, мемлекеттік органдар өкілдері, ардагерлер мен өңір тұрғындары қатысты.Жалпы аумағы 22 мың шаршы метрді құрайтын үш қабатты орталықтың құрылысы 2023 жылы басталған. Бір мезетте 150 адамды қабылдай алатын мекеме балалар мен ересектерге кешенді оңалту қызметін көрсетеді. Жаңа орталықтың ашылуы нәтижесінде өңірде көрсетілетін қызмет көлемі едәуір артпақ. Бұған дейін жыл сайын шамамен 1100 ерекше қажеттілігі бар азамат оңалту көмегін алса, енді олардың саны 2300 адамға дейін көбейеді.Салтанатты рәсімде сөз сөйлеген облыс әкімі әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту мен ерекше қажеттілігі бар азаматтарды қолдау мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.– Бұл орталық мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жан-жақты қолдау көрсетеді. Осындай маңызды әлеуметтік нысанның іске қосылуы – облысымыз үшін үлкен қуаныш. Бұл – әр адамға тең мүмкіндік беретін инклюзивті қоғам қалыптастыру жолындағы маңызды қадам. Жобаның жүзеге асуына үлес қосқан барша азаматқа алғыс айтамын. Ұжымға табысты еңбек, ал орталық көмегіне жүгінушілерге мықты денсаулық пен тезірек сауығып кетуді тілеймін, – деді Серік Шәпкенов.Орталықта тірек-қимыл аппараты бұзылған, балалар церебралды сал ауруына шалдыққан, Даун синдромы мен аутизм спектріндегі ауытқулары бар 3 пен 18 жас аралығындағы балаларға кешенді оңалту қызметі көрсетіледі. Мұнда АВА-терапия кабинеттері, механотерапия залдары, сенсорлық интеграция бөлмелері, сондай-ақ еңбек және арт-терапия шеберханалары бар.Ересектерге, оның ішінде І және ІІ топтағы мүгедектігі бар азаматтарға да қолайлы жағдай жасалған. Орталықта физиотерапия кабинеттері, заманауи құрылғылармен жабдықталған емдік дене шынықтыру залы, бассейн және су емдеу кешені жұмыс істейді.«Алмалы» мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік оңалту орталығының директоры Анар Қаюпованың айтуынша, қызметі алты негізгі бағыт бойынша ұйымдастырылған. Олар – әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік-еңбек және мәдени оңалту жұмыстары.– Орталық кешенді оңалтуға арналған заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Әрбір қызмет алушыға жеке оңалту және әлеуметтік бейімдеу бағдарламасы әзірленеді. Дәрігерлер, мейіргерлер, психологтар, логопедтер, дефектологтар және басқа да мамандарды қоса алғанда, 189 қызметкер еңбек етеді, – деді Анар Қаюпова.Қазіргі таңда Атырау облысында 27 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі азамат тұрады. «Алмалы» орталығының ашылуы — әлеуметтік саладағы елеулі жаңалық және ерекше қажеттілігі бар жандарға жайлы орта құру бағытындағы кезекті бір маңызды қадам.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/1231802?lang=ru
ЭЛЕКТР ҚУАТЫНЫҢ ӨШІРІЛУІ 30.06.2026
КТП-О42 (ӘЖ жұмыстар) Тепличная көш. 22 мекенжайындағы «1+1» дүкені. Жеке сектор: Тепличная көш. 11-31, Гольдаде көш. 1-7, 19, 5а, 2/1-2/6, 34-39, Геологическая көш. 63-69, 101.27-31 шілде 2026 ж 10:00-18:00КТП-DS Corporation (Трансформаторлық кіші станциядағы жөндеу жұмыстары) Ш.Ш. Жәнібек батыр көш. 50а мекенжайындағы «DS Corporation» ЖШС.27 шілде 2026 ж 10:00-13:00КТП-DS Corporation (Трансформаторлық кіші станциядағы жөндеу жұмыстары) РП-27-ден қосылған «DS Corporation» ЖШС.27 шілде 2026 ж 14:00-17:00РП-1 (Әуе желілеріндегі жөндеу жұмыстары) «Лента» дүкені, ЖК Сапбеков, ЖК Сейтенов, ЖК Ахчин Г, ЖК Ахметова, Қайырбеков көш. 420 б мекенжайындағы құрылыс алаңы – «Сара КЗ» ЖШС.27,28 шілде 2026 ж 10:00-18:00@qostanai.ikomekАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1264096?lang=ru
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні 30.06.2026
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-sarybel/press/news/details/1231814?lang=ru
Алматы облысында 602 мыңнан астам баланың денсаулығы бақылауда 30.06.2026
Алматы облысында 602 мыңнан астам баланың денсаулығы тұрақты бақылауда. Бұл туралы Балаларды қорғаудың халықаралық күніне арналған брифингте Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лейла Серікбаева мәлімдеді.Оның айтуынша, өңірде ана мен бала денсаулығын қорғау бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде. 2026 жылдың алғашқы 4 айында әйелдерді прегравидарлық дайындықпен қамту көрсеткіші 46,7%-ға жетіп, жоспарланған межеден асты.Қазіргі таңда облыста 13 босандыру ұйымы жұмыс істейді. Сонымен қатар, шала туған нәрестелерге сапалы көмек көрсету, жүкті әйелдер мен балаларға патронаждық бақылау жүргізу, ерте араласу орталықтарының жұмысын күшейту бағытында жүйелі шаралар қолға алынған.«Балалардың денсаулығы — ел болашағының берік негізі. Сондықтан біз профилактикаға, ерте диагностикаға және сапалы медициналық көмектің қолжетімді болуына ерекше мән береміз», — деді Лейла Серікбаева.Брифинг барысында балалар арасында жиі кездесетін аурулар құрылымы, иммунопрофилактика, стоматологиялық көмекті дамыту және жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы да айтылды.Сондай-ақ 25 мамыр мен 5 маусым аралығында облыста «Шекарасыз медицина», «Қауіпсіз жаз» акциялары, ашық есік күндері және шалғай ауылдарға жылжымалы медициналық кешендердің шығуы ұйымдастырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-densaulyk/press/news/details/1231852?lang=ru
Атырауда алғаш рет таңдай жырығы бар балаға күрделі пластикалық ота жасалды 30.06.2026
Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Атырау облыстық балалар ауруханасына Алматы қаласындағы Medical Park орталығынан жоғары санатты бет-жақ хирургі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Серік Нұрмағанов арнайы шақырылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.Маманның қатысуымен өңір дәрігерлеріне арналған шеберлік сабағы ұйымдастырылып, туа біткен бет-жақ ақаулары бар балаларға күрделі операциялар жасау тәсілдері көрсетілді.Алғашқы операция бүгін 1 жас 9 айлық балаға жасалды. Дәрігерлер ота сәтті өткенін айтып, мұндай тәжірибе алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.-Қазір облыста бет-жақ сүйектерінде түрлі ауытқуы бар 300-ге жуық бала есепте тұр. Соның ішінде таңдай жырығы диагнозы қойылған балаларға дер кезінде ота жасау олардың дұрыс тамақтануы мен сөйлеу қабілетінің қалыптасуына оң әсер етеді.28-30 мамыр аралығында өтетін шеберлік сабағы аясында жалпы саны 12 операция жасау жоспарланған. Күніне төрт ота жасалады. Сонымен қатар, 28-29 мамыр күндері профессор Серік Нұрмағанов пациенттерді қабылдап, кеңес береді, - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайсар Абдалиев.Айта кетейік, бұл бастама Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында былтыр басталып, дәстүрлі жобаға айналуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/1231859?lang=ru
KazAID және БҰҰ ЕҚБ басым бағыттардағы ынтымақтастықты талқылады 30.06.2026
Астана, 2026 жылғы 1 маусым – «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі басқарма төрағасының м.а. Ж. Асановтың БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының Қазақстандағы Бағдарламалық кеңсесінің басшысы М. Сариевамен кездесуі өтті.Әңгімелесу барысында KazAID-тің басым географиялық және секторлық бағыттары, басқа да даму агенттіктерімен бірлескен бағдарламалары мен іс-шаралары туралы ақпарат ұсынылды. БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының өкілдері ұйымның Орталық Азия мен Қазақстандағы қызметі туралы айтып берді. Сондай-ақ KazAID және БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының арасында пенитенциарлық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларында іске асырылған бірлескен жобаларға ерекше назар аударылды.Орталық Азиядағы дамуға ресми көмектің (ДРК) жалғыз операторы бола отырып, KazAID серіктес елдерде Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге жәрдемдесуге өзінің бейілділігін білдіреді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1231860?lang=ru
Астана делегациясы Қытайда өткен BRICS PartNIR Forum 2026 форумына қатысты 30.06.2026
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Рахымжан Исақұлов бастаған Астаналық делегация Қытайдың Сямын қаласында өткен BRICS PartNIR Forum 2026 «Advancing the Network of Partner Cities on New Industrial Revolution» форумына қатысты.Делегация құрамына елорданың Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының, сондай-ақ «Astana Invest» қалалық инвестицияларды дамыту орталығы өкілдері де кірді.«Advancing the Network of Partner Cities on New Industrial Revolution» панельдік сессиясы аясында отандық мамандар Астананың даму перспективалары мен инвестициялық тартымдылығы туралы баяндама жасады.Сондай-ақ жетекші қытайлық кәсіпорындардың өнімдері қойылған көрмені аралап, заманауи технологиялық және өнеркәсіптік шешімдермен танысты.Форум барысында «Golden Dragon» брендіне тиесілі жолаушылар автобустарын шығаратын зауытқа да барды. Делегация өкілдері шасси құрастырудан бастап дайын автобусты шығаруға дейінгі өндірістің толық циклімен танысты.Аталған зауыт Қытайдың автомобиль өнеркәсібіндегі жетекші кәсіпорындардың бірі болып табылады және жолаушылар автобустарын Қазақстанды қоса алғанда, әлемнің 100-ден астам еліне экспорттайды.Халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мақсатында саммит аясында «Beijing Gongxin International» және «Zijin Gold International Company Limited» компанияларының өкілдерімен B2B форматындағы кездесулер өтті. Келіссөздер барысында жаңа өнеркәсіптік революция серіктес қалалары желісін дамыту, өнеркәсіптік ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ Қазақстан астанасына инвестиция тарту мәселелері талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1231869?lang=ru
Астанада Алтын Орданың тарихи мұрасына арналған халықаралық симпозиум өтті 30.06.2026
Астана, 2026 жылғы 19 мамыр – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Алтын Орда – дала өркениетінің моделі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның ашылу рәсімі өтті.19-20 мамыр аралығында ЮНЕСКО қамқорлығымен өтіп жатқан ауқымды халықаралық форум Жошы ұлысының тарихи мұрасын және оның Орталық Еуразия кеңістігіндегі өркениеттік үдерістердің қалыптасуындағы рөлін жан-жақты зерделеу мақсатында отандық және шетелдік жетекші ғалымдарды, сарапшылар мен халықаралық ғылыми қауымдастық өкілдерін бір алаңға біріктірді.Симпозиумның мақсаты – Қазақстан Республикасын Алтын Орда мұрасын зерттейтін жетекші халықаралық орталық ретінде таныту, сондай-ақ Жошы ұлысының саяси, экономикалық, мәдени және рухани мұрасын кешенді пәнаралық талдау арқылы Орталық Еуразия өркениеттерін зерттеу саласындағы елдің ғылыми әлеуетін көрсету және оның Еуразиядағы қазіргі интеграциялық үдерістер үшін маңызын айқындау.Симпозиум аясында Алтын Орданың дала өркениетінің моделі ретіндегі мұрасына арналған тақырыптық көрме де ұйымдастырылды. Экспозицияға археологиялық, жазба және мәдени жәдігерлер қойылған.Көрменің құрылымы бірнеше негізгі тақырыптық бөлімдерді қамтиды: мемлекет және билік, дала сәні мен киім үлгілері, әскери іс, дала және қала өркениеттерінің өзара ықпалдастығы, мәдениет, ғылым және өнер. Ерекше назар 70 археологиялық және сәулет ескерткішін қамтитын интерактивті картаға аударылған. Оның ішінде 17 нысанға кеңейтілген сипаттама, әуеден түсірілген фотосуреттер мен 3D-визуализация ұсынылған.Симпозиумда сондай-ақ ЮНЕСКО-ның мәдениет жөніндегі Бас директоры орынбасарының міндетін атқарушы, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра орталығының директоры Элунду Лазар, Қырғыз Республикасының Мемлекеттік хатшысы Арслан Койчиев, Татарстан Республикасының мәдениет министрі Ирада Аюпова, «La France s’engage» қорының президенті Одрэ Азуле, Моңғолия Ғылым академиясының президенті Содносамбуу Дэмбэрэл, Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының президенті Шавкат Аюпов, сондай-ақ Татарстан Республикасы Ғылым академиясы Ш. Маржани атындағы Тарих институтының М.А. Усманов атындағы Алтын Орда және татар хандықтарын зерттеу орталығының жетекшісі Ильнур Миргалиев құттықтау сөз сөйледі.Симпозиум барысында Алтын Орданың этносаяси тарихы, оның мұрасының қазіргі заманғы маңызы, болашақ зерттеу бағыттары, материалдық және рухани мәдени мұра, жазба және ауызша дереккөздер, сондай-ақ Ұлы Жібек жолы бойындағы өркениеттік ықпалдастық мәселелеріне ерекше назар аударылады.Форум аясында Алтын Орданың тарихи-мәдени мұрасын пәнаралық зерттеуге, археологиялық жаңалықтарға, тарихи жады мен бірегейлікті қалыптастыру мәселелеріне арналған мамандандырылған ғылыми секциялар өтеді.Халықаралық форумның маңызды қорытындыларының бірі – халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамытуға, зерттеу бастамаларын біріктіруге және түрлі елдердің ғылыми орталықтары мен сарапшылық қауымдастықтары арасындағы өзара байланысты нығайтуға бағытталған Алтын Орда мұрасы жөніндегі Астана декларациясының қабылдануы болды.Қазақстанда халықаралық симпозиумның өтуі елдің Орталық Азия тарихы мен мұрасын зерттейтін жетекші орталықтардың бірі ретіндегі халықаралық беделін одан әрі нығайтуға, ғылыми диалогты кеңейтуге және еуразиялық өркениеттің қалыптасуында маңызды рөл атқарған тарихи үдерістерді объективті зерделеуге ықпал етеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-dubai/press/news/details/1231939?lang=ru