Enbekshi QazaQ

Әлем

Самарқандта «Қоғам денсаулығы мен қауіпсіздігі жолында трансұлттық есірткі қауіптеріне қарсы іс-қимыл» атты халықаралық форум өтті. 23.04.2026
2026 жылғы 20-21 сәуір күндері Самарқанд қаласында халықаралық қауымдастықтың заңсыз есірткі айналымына қарсы күрестегі күш-жігерін біріктіруге, мемлекетаралық өзара іс-қимылды нығайтуға және халықтың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған халықаралық форум өтті.Іс-шараны Өзбекстан Республикасы Президенті Әкімшілігі жанындағы Есірткі және атыс қаруын бақылау агенттігі БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасымен бірлесіп ұйымдастырды. Форумға әртүрлі елдерден 500-ге жуық сарапшы мен маман, сондай-ақ ДДҰ, Дүниежүзілік кеден ұйымы, ЕҚЫҰ, ШЫҰ, ТМД, Орталық Азия аймақтық ақпараттық үйлестіру орталығы сияқты беделді халықаралық ұйымдар қатысты.Форум жұмысына Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов бастаған қазақстандық делегация қатысты. Делегация құрамында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Денсаулық сақтау министрлігі жүйесіндегі ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшілігі мен Самарқанд қаласындағы Бас консулдығының дипломаттары болды.Форум барысында заңсыз есірткі айналымына қарсы іс-қимыл, трансұлттық қылмыстық желілердің қызметін тоқтату, халықаралық ынтымақтастық тетіктерін нығайту, сондай-ақ алдын алу, емдеу және оңалту саласындағы заманауи тәсілдерді енгізу мәселелері талқыланды.Қазақстандық делегация есірткі қауіптеріне қарсы іс-қимыл және есірткі қылмысының алдын алу саласында өңірлік және халықаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бейілділігін растады.Форум қорытындысы бойынша мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың бірлескен ұстанымын айқындайтын Самарқанд декларациясы қабылданды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-samarkand/press/news/details/1207436?lang=kk
Орталық Азия елдерінің президенттері экология және орнықты даму саласындағы ынтымақтастық туралы Декларация қабылдады 23.04.2026
22-24 сәуір аралығында Астана қаласында өтіп жатқан 2026 Өңірлік экологиялық саммит шеңберінде Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан мемлекеттерінің басшылары «Орталық Азияның экологиялық ынтымақтастығы» экология және орнықты даму саласындағы өңірлік ынтымақтастық туралы Декларация қабылдады.Осылайша, мемлекет басшылары климат, мұздықтар, таулы экожүйелер, биоалуантүрлілік, химиялық заттарды, қалдықтарды басқару және пластиктің ластануымен күресу, атмосфералық ауаның сапасын жақсарту, жердің деградациясы мен шөлейттенуге қарсы іс-қимыл жөніндегі келіссөздерді қоса алғанда, көпжақты экологиялық процестер шеңберінде бірлескен өңірлік ұстанымдар мен шешімдерді әзірлеу жөніндегі күш-жігерді жандандыру ниеттерін негізгі халықаралық платформаларда Орталық Азия елдерінің шоғырландырылған ұстанымдарды растады.Осы Декларация экологиялық орнықтылықты, инклюзивті экономикалық өсуді және қазіргі және болашақ ұрпақ үшін орнықты болашақты қамтамасыз ету мақсатында Орталық Азия мемлекеттері арасындағы әріптестік пен өзара қолдауды кеңейтуге елеулі үлес қосады.Декларацияның толық мәтінімен мына жерден таныса аласыз.ЖүктеуАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-pretoria/press/news/details/1209822?lang=kk
Қазақстан мен БҰҰДБ алдағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады 23.04.2026
Астана, 2026 жылғы 23 сәуір – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Өңірлік экологиялық саммитке қатысуға келген БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ Даму бағдарламасы Әкімшісінің орынбасары Хаолян Сюймен кездесті.Кездесу барысында Е.Көшербаев Қазақстанның БҰҰДБ-мен ынтымақтастығының маңыздылығына тоқталып, оның орнықты даму басымдықтарын іске асырудағы және өңірлік өзара іс-қимылды нығайтудағы рөлін жоғары бағалады.Сондай-ақ сыртқы саяси ведомствоның басшысы БҰҰДБ-ға ӨЭС-ті ұйымдастыруға көрсеткен қолдауы мен іс-шараға белсенді қатысқаны үшін алғыс білдіріп, ұйымның су ресурстары, экология және климаттық күн тәртібі бойынша өңірлік диалогты ілгерілетудегі елеулі үлесін атап өтті.Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму мақсаттары бойынша БҰҰ өңірлік орталығының желісі бойынша үйлестіруді дамыту мәселелері мен өңірлік синергияны күшейтуге бағытталған Алматыда БҰҰДБ-ның субөңірлік кеңсесін құру перспективаларына ерекше назар аударылды.Кездесу барысында БҰҰДБ-ның Қазақстан үшін 2026-2030 жылдарға арналған Елдік бағдарламасы, Арал теңізінің жай-күйі мен БҰҰ құрылымында Халықаралық су ұйымын құруды қоса алғанда, су ресурстарын басқару мәселелері, сондай-ақ сондай-ақ ҚР бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясы жариялаған 2026 жылғы Орнықты даму мүддесі үшін халықаралық еріктілер жылы шеңберіндегі бірлескен жұмыстары талқыланды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ортақ мақсаттарға қол жеткізу мүддесінде әріптестікті дамытуды жалғастыру ниетін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1207446?lang=kk
ҚЫЗЫЛОРДАДА ЕЛІМІЗДЕГІ ҮШІНШІ ПРЕЗИДЕНТТІК КІТАПХАНАНЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ 23.04.2026
Бүгін Ұлттық кітап күні облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, кәсіпкер- меценат Эдуард Огай, Қазақстанның Еңбек Ері Абзал Ералиев, , құқық қорғау органдарының басшылары, зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен еліміздегі үшінші Президенттік кітапхананың іргетасын қалау рәсімі өтті.Аймақ басшысы жиналған жұртшылықты 23 сәуір – Ұлттық кітап күнімен, кітапханашылардың кәсіби мерекесімен  және жаңа кітапхана құрылысының басталуымен құттықтады.«Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшымыз өткен жылы аймағымызға жұмыс сапарымен келгенде Астана мен Алматы қалаларындағыдай тәулік бойы қызмет көрсететін үшінші Президенттік кітапхананың Қызылорда қаласында ашылатынын жеткізген болатын. Жерлестеріміз бұл бастаманы зор қуанышпен қабылдады.Бүгін Өздеріңізбен бірге аймағымыз үшін маңызды жобалардың бірі – білім мен мәдениеттің алтын діңгегіне айналатын Президенттік кітапхананың капсуласын салу рәсімінде бас қостық.Маңызды жобаны жүзеге асыруға демеушілік көрсеткен елімізге белгілі кәсіпкер-меценат Огай Эдуард Викторовичке барша Сыр жұртшылығының атынан шынайы алғысымды,зор ризашылығымды білдіремін.Демеушілікпен 20 млрд. теңгеге салынатын, аумағы13 мың шаршы метр, сәулетті, жаңа кітапхана заманауи талаптарға сай болады. Ғимаратта оқу, конференц, басылым, архив пен сирек қорға арналған залдар, электрондық кітапхана, әлем әдебиеті бөлімі мен өнер галереялары, көрме, коворкинг орталықтары, қалпына келтіру шеберханасы қарастырылған.Бұл – халықтың рухани дамуына, кітап оқу мәдениетін жаңа деңгейге көтеруге бағытталған Президентіміздің қолдауы.Жаңа нысан тек кітаптар жиналған жер емес, ұлтымыздың тарихын, мәдениеті мен өркениетін дәріптейтін, жерлестеріміздің рухани тынысын ашатын тәрбие мен тағылым үйі болмақ! Жаңа кітапхананың құрылысы сәтті аяқталып, ел игілігіне қызмет етіп, ұлт руханияты мен білімінің өркендеуіне үлес қосуына тілектеспін», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.Рәсімде Эдуард Викторович, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі Шәкизада Әбдікәрімов сөз сөйледі.Айта кету керек, 2022 жылдан бері өңірде 22 мәдениет нысаны жаңадан салынып, ел игілігіне берілді. Барлық ауданда «Руханият орталықтары» ашылды. Облыстың бас шаһарында «Өнер орталығы», «Анаға тағзым», «Отбасы орталығы», «Оқушылар сарайы» бой көтерді.Былтыр Қызылорданың астана болғанына 100 жыл толуына орай облыстық тарихи-өлкетану музейінің, Ассамблеяның 30 жылдығына орай «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының қолдауымен «Достық үйінің» жаңа ғимараты салынды.Кейінгі жылдары  «Сыр жұлдыздары» академиясы, Жалағаш, Жаңақорған, Шиелі аудандарында «Өнер мектебі» мен «Оқушылар үйі» іске қосылды.Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Қазақстан Сыртқы істер министрі ЭЫҰ Бас хатшысын қабылдады 23.04.2026
Астана, 2026 жылғы 23 сәуір – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Экономикалық ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Асад Маджид Ханды қабылдады.Кездесу барысында тараптар ҚР-дың ЭЫҰ-мен өзара іс-қимылының ағымдағы жай-күйі мен перспективаларын талқылап, сауда-экономикалық және көлік-логистикалық ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ өңірлік ахуалға ерекше назар аударды.ҚР Сыртқы істер министрі Қазақстанның ЭЫҰ-мен серіктестікті одан әрі тереңдетуге бейілділігін растады және Ұйымға мүше мемлекеттердің тұрақты дамуына бағытталған бірлескен бастамаларды тиімді іске асырудың маңыздылығын атап өтті.ЭЫҰ Бас хатшысы Қазақстанның Ұйым қызметіне қосқан үлесін жоғары бағалап, көлік дәліздерін дамыту, өнеркәсіптік кооперация және «жасыл» экономика сияқты басым бағыттар бойынша ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделілік білдірді.Кездесу күн тәртібінде сондай-ақ ЭЫҰ Хатшылығының қызметіне қатысты мәселелер қарастырылды.     Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1207423?lang=kk
Қазақстан мен ЭЫДҰ 2026-2030 жылдарға арналған ынтымақтастық стратегиясын талқылады 23.04.2026
Өңірлік экологиялық саммит аясында ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин ЭЫДҰ Бас хатшысының орынбасары Фабриция Лапекорелламен кездесті.Келіссөздердің басты тақырыбы – ұзақмерзімді ынтымақтастықты нығайту және экономиканың тұрақты дамуы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған жаңа бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға көшу.Вице-премьер Серік Жұманғарин ЭЫДҰ тарапына Саммит даярлауға белсенді қатысқаны және Орталық Азиядағы тұрақты инфрақұрылымға арналған сессия ұйымдастырғаны үшін алғысын білдірді. Тараптар климаттық күн тәртібі мен тұрақты инфрақұрылымды дамыту өзара іс-қимылдың басым бағыты болып қала беретінін растады.15 жылдан астам уақытқа созылған ынтымақтастықта ЭЫДҰ Қазақстандағы реформаларды жүзеге асыруға елеулі үлес қосқаны атап өтілді. Атап айтқанда, Ұйымның ұсынымдары мемлекеттік басқару, салық саясаты, инвестициялар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және экологиялық саясат салаларындағы прогреске ықпал етті. Қазақстан ЭЫДҰ стандарттарын, соның ішінде тиісті статистикалық тәжірибе және мемлекеттік басқарудағы адалдық ұсынымдарын енгізуді жалғастыруда. Салық саясаты мен әкімшілендіру саласындағы ынтымақтастыққа, оның ішінде ашықтық және салық мақсаттары үшін ақпарат алмасу жөніндегі Жаһандық форум шеңберіндегі өзара іс-қимылға, сондай-ақ ЭЫДҰ/G20-ның салықтық базаны бүркемелеуге және пайданы салық салу аясынан алып кетуге (BEPS)  қарсы іс-қимыл стандарттарын енгізуге ерекше назар аударылды. Ішкі ресурстарды жұмылдырудың тиімділігін арттыру және әлеуетті одан әрі нығайтудың маңыздылығы атап өтілді.Кездесу барысында тұрақты және климатқа төзімді инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ негізгі салаларды, оның ішінде энергетика мен көлік салаларын декарбонизациялау мәселелері талқыланды.Қазақстан тарапынан өңірлік байланысты, экономикалық интеграцияны және орнықты дамуды нығайтудың маңызды құралы ретінде қарастыратын Транскаспий халықаралық көлік бағытын (Орта дәлізді) дамытуға ерекше назар аударылды.Сонымен қатар қаржыландыруды тарту құнына әсер ететін ЭЫДҰ тәуекелдерінің елдік жіктемесі тақырыбы да қозғалды. Қазақстан аталған мәселе бойынша ЭЫДҰ-мен диалогті жалғастыруға мүдделі екенін білдірді. Фабриция Лапекорелла ағымдағы ынтымақтастық бағдарламасын жүзеге асырудың жоғары деңгейін атап өтіп, ЭЫДҰ-ның өзара іс-қимылды одан әрі кеңейтуге дайын екенін жеткізді. Атап айтқанда, цифрландыру, жасанды интеллект және мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру сияқты бағыттардағы ынтымақтастықты күшейту ұсынылды.Кездесуді аяқтай отырып, тараптар өзара түсіністік туралы Меморандумды ұзартуға және бәсекеге қабілеттілік жөніндегі Еуразиялық бағдарлама шеңберінде өзара іс-қимылды кеңейтуді қосқанда, 2026-2030 жылдарға арналған жаңа іс-қимыл Жоспарын әзірлеуге мүдделілік танытты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1207391?lang=kk
«Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында Әл-Фараби ауданы прокуратурасының үйлестіруімен патрульдік полиция 23.04.2026
«Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында Әл-Фараби ауданы прокуратурасының үйлестіруімен патрульдік полиция полкі бірлесіп жол жүрісі қағидаларын сақтау мақсатында ауқымды рейд өткізді.Іс-шара барысында жылдамдықты асыру, мас күйінде көлік басқару, жол белгілері талаптарын сақтамау секілді өрескел құқық бұзушылықтарға ерекше назар аударылды.Рейд қорытындысы бойынша бірқатар әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталып, заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданды. Сонымен қатар жол қозғалысына қатысушыларға профилактикалық және түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Аталған іс-шаралар жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және жолдағы қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.Шымкент қаласының прокуратурасы
Қазақстан мен Грекия денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда 23.04.2026
Афина, 2026 жылғы 22 сәуір – Қазақстанның Грекиядағы Елшісі Тимур Сұлтанғожин ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Вице-министрі Тимур Мұратов басқарған делегациямен бірге Грекияның Денсаулық сақтау министрі Адонис Георгиадиспен кездесу өткізді.Келіссөздер барысында тараптар екіжақты күн тәртібіндегі кең ауқымды мәселелерді талқылап, медицина саласындағы уағдаластықтарды практикалық іске асыруға ерекше назар аударды.Қазақстандық делегацияның Грекияға сапары Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен «Қазақстан Республикасында медициналық көмектің сапасын және пациенттердің қауіпсіздігін нығайту» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Сапардың негізгі мақсаты Грекия денсаулық сақтау жүйесінің озық тәжірибелерімен, медициналық қызметтердің сапасын арттыру тетіктерімен, сондай-ақ пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі заманауи тәсілдермен танысу болды.Грекияның Денсаулық сақтау министрі Адонис Георгиадис Қазақстанның халықаралық денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан үлесін атап өтіп, алғашқы медициналық-санитарлық көмек саласындағы негізгі құжаттардың бірі болып саналатын Алматы декларациясының тарихи маңызын ерекше атап өтті. Сонымен қатар, ол Қазақстанның қарқынды дамуын, елде жүргізіліп жатқан реформаларды жоғары бағалап, денсаулық сақтау және фармацевтика салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға, оның ішінде сарапшылар алмасуға, институционалдық байланыстарды дамытуға, бірлескен бастамаларды іске асыруға, сондай-ақ Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру тәжірибесін зерделеуге қызығушылық білдірді.Қазақстан Елшісі халық денсаулығын қорғау мәселелері Мемлекет басшысы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ халықаралық әріптестіктің ұлттық денсаулық сақтау жүйесін жаңғыртудағы маңызды рөлін көрсетті. Ол грек тарапына ынтымақтастыққа ашықтығы және жинақталған тәжірибесімен бөлісуге дайын болғаны үшін ризашылығын білдірді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар медициналық саладағы қазақстандық-грек ынтымақтастығын одан әрі дамытуға, соның ішінде бейінді мекемелер, сарапшылық қауымдастықтар және екі елдің салалық құрылымдары арасындағы байланыстарды кеңейтуге өзара ниеттерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-athens/press/news/details/1207298?lang=kk
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына түсу үшін құжаттарды қабылдау басталды 23.04.2026
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНА 2026-2027 ОҚУ ЖЫЛЫНА ҚАБЫЛДАУ ҚАБЫЛДАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1207309?lang=kk
Маңғыстау намысын «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынында үш команда қорғайды 23.04.2026
Маңғыстау облысында Әскери-теңіз күштерінің теңіз жаяу әскері десанттық-шабуыл батальонында «Айбын – 2026» әскери-патриоттық жастар жиынының облыстық кезеңі өтті.Оған өңірдің бес ауданы мен екі қаласынан келген командалар қатысып, өзара үздіктерді анықтады.Жарыс келесі кезеңдерден тұрды: кермеге тартылу, жатып денені көтеру, әскери кросс, АК-74 автоматын бөлшектеп-жинау, арқан тарту, пневматикалық мылтықтан ату, сондай-ақ эстафета. Бұл сайыстар қатысушылардан жоғары дене дайындығы, төзімділікті, ептілікті, жылдамдықты және командалық үйлесімділікті талап етті.– Бұл жарыстар біздің күш-қуатымыз бен командалық рухымызды сынады. Әр кезеңде бір-бірімізді қолдап, соңына дейін бірге бардық. Осында біз құнды тәжірибе жинадық, ұйымдастырушыларға алғысымызды білдіремін, – деп бөлісті Ақтау қаласындағы №22 мектеп-гимназиясының оқушысы Камила Костромина.Жарыс қорытындысы бойынша I орынды Ақтау қаласының «Каспий» командасы, II орынды Мұнайлы ауданынан «Жас жауынгер» әскери-патриоттық клубы, ал III орынды Жаңаөзен қаласының «Қайсар» командасы иеленді.Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен және грамоталармен марапатталды. Олар биылғы жылдың маусым айында Ақмола облысының Щучинск қаласында өтетін «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынында өңір намысын қорғайды.Бұл шара жастардың әскери қызметке деген қызығушылығын арттырып, патриоттық рухты нығайтқан маңызды оқиға болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1207324?lang=kk
Экологиялық өндіріс: Алматы облысының экожобалары халықаралық көрмеде таныстырылды 23.04.2026
Елордада өтіп жатқан халықаралық көрмеде Алматы облысының жобалары жаңашылдығымен әрі экологиялық тиімділігімен ерекшеленді. Олардың қатарында автокөлік шиналары мен тамақ қалдықтарын терең өңдейтін екі ірі кәсіпорын бар. Бұл зауыттардың Қазақстанда өзге баламасы жоқ. Тың жобалар табиғат тазалығын сақтауға, экологиялық қатердің алдын алуға бағытталған, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.Көрмеде ұсынылған бастаманың бірі – Талғар ауданында орналасқан «QazRez» кәсіпорны. Зауыт өткен жылдың соңында іске қосылған. Өндіріс пайдаланылған жеңіл және жүк көліктерінің, тіпті ірі габаритті техникалардың шиналарын терең өңдеумен айналысады. Компанияның негізгі өнімдеріне гидрооқшаулағыш материалдар, регенерацияланған резеңке, болат шарлар және болат түйіршіктер жатады. Бұл өнімдер құрылыс саласында, өнеркәсіпте және инфрақұрылым жобаларында кеңінен қолданылады.Өндіріс жұмысы бірнеше кезеңнен тұрады. Алдымен шиналар ұсақталып, резеңке үгіндісі алынады. Бұл материал спорт және балалар алаңына арналған жабын ретінде қолданылады. Сондай-ақ гидрооқшаулағыш материалдар мен жолдағы шұңқырларды жөндеуге арналған өнім дайындалады. Кәсіпорынның басты ерекшелігі – өндіріс барысында ешқандай қалдық қалмайды. Яғни шиналар толық өңделіп, әр бөлігі пайдаға асады. Компания өнімдері Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей және Қытай нарығына экспортталады.«Болашақта Қазақстанның әр өңірінде шикізат дайындайтын қосалқы өндіріс орындарын ашу жоспарымызда бар. Сондай-ақ өңделген резеңкеден конвейерлік таспа шығаруды және жоғары кернеулі кабель өндіруді көздеп отырмыз. Әсіресе конвейерлік таспа әзірлеу ісіне ерекше көңіл аударудамыз. Себебі мұндай өнім Қазақстанда жасалмайды, негізінен Ресей мен Қытайдан импортталады.Қазіргі таңда кәсіпорында 100-ден астам адам жұмыс істейді, ал болашақта өндірісті кеңейту арқылы жұмысшылар саны едәуір артады.Саммит аясында біз Қазақстанның әр өңірінен жаңа серіктестер таптық. Олар – пайдаланылған автокөлік шиналарын жеткізушілер. Бірқатар өңірлермен өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Саммит біз үшін өте нәтижелі өтуде», – деді компания өкілі Владимир Малик.Көрмеде халық назарына іліккен бірегей жоба – тамақ қалдықтарын терең өңдейтін «Food Waste» кәсіпорны. Өндіріс патенттік негізде жұмыс істейді. Әрі өндірісте қолданылатын заманауи технологиясымен ерекшеленеді. Сонымен қатар компания улы газдарды азайтуға бағытталған халықаралық бастамаларға қатысып, табиғатты қорғау шараларын одан әрі жетілдіре түсті.«Тамақ қалдықтарын өңдеу экологиялық мәселелерді шешуге зор ықпал етеді. Мысалы, қалдықты қоқыс полигонына жіберсе, одан улы газ бөлініп, ауаны ластайды. Сол үшін біз Алматы облысындағы мейрамханалар мен кәсіпорындардан шығарылатын тамақ қалдықтарын жинап, оны терең өңдейміз. Нәтижесінде балық пен жануарларға арналған жем және органикалық тыңайтқыш дайындалады. Кәсіпорын 2024 жылы іске қосылды. Биыл үлкен кешеннің құрылысы аяқталады. Соның негізінде күніне 100 тонна қалдық өңделетін болады», – деді кәсіпорынның бас директоры Бекежан Қайырғалиев.Осылайша, «RES EXPO – 2026» халықаралық көрмесінде Алматы облысы экологиялық жобаларға ерекше қолдау білдіретінін және бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі жолға қойылғанын көрсетті.Айта кетейік, көрме Өңірлік экологиялық саммит аясында ұйымдастырылған. Бүгін екінші күн қатарынан жалғасып жатыр. Шара ертең , яғни 23 сәуір күні қорытындыланып, өз мәресіне жетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1207295?lang=kk
Шымкентте жастардың репродуктивтік денсаулығына қатысты мәселелер талқыланды 23.04.2026
Шымкент қаласындағы Жастар ресурстық орталығында «Салауатты өмір – саналы ұрпақ негізі» атты ауқымды кездесу өтті. Жиын барысында жастардың репродуктивтік денсаулығын сақтау және жауапты өмірлік ұстаным қалыптастыру мәселелері қаралды. Іс-шараға медицина мамандары, психологтар және сала сарапшылары қатысып, салауатты өмір салтының ана маңыздылығын түсіндірді.Жастар ресурстық орталығы басшысының міндетін атқарушы Қуаныш Серікбай іс-шараның маңыздылығына тоқталды.«Бүгін қаладағы жоғары оқу орындары мен колледждерден 500-ден астам студент қызды шақырып, түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Біздің мақсатымыз – тек ерте жүктіліктің алдын алу емес, жастарға білікті мамандардан тікелей жауап алуға мүмкіндік беру. Мұндай кездесулер жыл бойы білім беру ұйымдарында өткізіледі, ал бүгінгі формат қалалық деңгейде кең қамтуды көздейді», – деді ол.Кездесу барысында акушер-гинеколог Феруза Исрайыл жас ағзаның физиологиялық ерекшеліктеріне тоқталып, әйел ағзасының ана болуға толық дайын кезеңі орта есеппен 22 жастан басталатынын атап өтті. Сондай-ақ маман ерте жүктіліктің анемия, гормондық бұзылыс және репродуктивтік денсаулыққа ұзақ мерзімді қауіп төндіретінін ескертті.Психолог Марал Жұмагелді жастардың психологиялық тұрақтылығы мен жеке шекараны қалыптастыру тақырыбында баяндама жасап, әр адамның өз өміріне жауапкершілікпен қарауы маңызды екенін айтты. Мамандардың пікірінше, ішкі тұрақтылық пен дұрыс шешім қабылдау қабілеті жастардың өмірлік мақсаттарына жетуіне тікелей әсер етеді.Іс-шара соңында қатысушылар мамандарға ашық форматта сұрақтар қойып, толыққанды жауап алды. Сарапшылар салауатты өмір салтын ұстану мен өз денсаулығы туралы дұрыс білім алу – берік отбасы мен жарқын болашақтың негізі екенін атап өтті.
Республикалық семинардың екінші күні практикалық жұмыстармен жалғасты 23.04.2026
2026 жылғы 23 сәуірде «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды сүйемелдеудің кешенді тәсілі: тәжірибе, мәселелер, перспективалар» тақырыбындағы республикалық семинардың екінші күні Өскемен қаласындағы №48 мектеп-қосымша білім беру орталығы базасында жалғасты.Семинар аясында бес тәжірибелік секциялар ұйымдастырылды. Секциялық жұмыстарда педагогтер мен сала мамандары ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеудің ең тиімді әдістемелерін ортаға салды. Талқылаудың негізгі бағыттары мынадай өзекті мәселелерді қамтыды:Бұл бағыттар нейропсихологиялық әдістерді, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін оқу процесіне интеграциялау арқылы түзету жұмыстарының жаңа форматтарын және ата-аналармен тиімді қарым-қатынас орнату тетіктерін қамтиды. Сонымен қатар, республикалық байқаулардың жеңімпаздары өздерінің авторлық әдістемелері мен озық жобаларын таныстырып, инклюзивті білім беруді дамытудың практикалық нәтижелерін көрсетті.Бұл алаң мамандар үшін практикалық білімді тереңдетуге және инклюзия саласындағы жаңа технологияларды меңгеруге бағытталған маңызды кезең болды. Семинар қорытындысында қатысушылар тарапынан ұсыныстар айтылып, инклюзивті білім беруді одан әрі дамытуға бағытталған нақты шешімдер қабылданды.Іс-шара ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың қатысуымен өткен концерттік бағдарламамен қорытындыланып, қатысушыларға ерекше әсер сыйлады және инклюзияның шынайы көрінісін паш етті.Екі күндік қарқынды жұмыс пен кәсіби талқылаулардан кейін республикалық семинардың қорытындысы шығарылды. Жиын соңында қатысушылар инклюзивті білім беруді дамытудың алдағы бағыттарын айқындайтын бірнеше ұсыныстар қабылдады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1207202?lang=kk
23 сәуір — Қазақстандағы Ұлттық кітап күні 🇰🇿 23.04.2026
23 сәуірде Қазақстанда Ұлттық кітап күні аталып өтеді — бұл 2024 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен бекітілген мемлекеттік мереке.Бұл күн қоғам өміріндегі оқудың және әдебиеттің маңыздылығын айқындауға, әсіресе жастар арасында мәдени және рухани әлеуетті дамытуға бағытталған. ✨ Осы айтулы мереке аясында Орталық аудандық кітапхана«Жаратылыстардың түсініксіз құпиясы!» атты жарқын кітапханалық фестиваль өткізді. 🎉 Фестиваль салтанатты әрі жылы шарамен — ең белсенді оқырмандарымызды марапаттаудан басталды:🏆 «Оқырман және шабыт беруші» — Бережецкая Елена Ивановна🏆 «Оқырман отбасы» — Дергунов Анатолий Васильевич және Людмила Евгеньевна🏆 «Кітапхананың жас оқырманы» — Мулдашева Дилара🏆 «Кітапхананың адал досы» — Чугункова Елизавета Григорьевна🏆 «Кітаптардың құрметті сақтаушысы» — Медведева Надежда Трофимовна🏆 «Әдеби серіктестер» — Пастушенко Любовь Ивановна және Наумова Валентина Ивановна🏆 «Оқу мен кітапқа адалдығы үшін» — Хрипченко Владимир Васильевич🏆 «Жүрегі мейірімді оқырман» — Гысь Тамара Викторовна🏆 «Көркем сөз шебері» — Сарсекеева Дина Мнайдаровна🏆 «Еңбегі сіңген оқырман» — Труфанова Екатерина Рихардовна 🤝 Ынтымақтастық пен жемісті еңбегі үшін:Аудан ардагерлер кеңесі, Бейімбет Майлин атындағы тарихи-өлкетану музейі, Елубай Өмірзақов атындағы аудандық мәдениет үйі, МРЦ және Байжанова Наталья Михайловна — ішкі саясат бөлімінің бас маманы марапатталды. 📖 Фестиваль аясында қызықты шаралар өтті:— кітаптар мен жазушылар туралы викторина (кітапханашы Юлия Александровна)— «Артығын тап және шығарманы ата» ойыны (Нина Олеговна) 🌟 Бұл күн кітаптың, қарым-қатынастың және шабыттың нағыз мерекесіне айналды.Ол тағы да дәлелдеді: қандай технология дамыса да, кітап — мәңгілік құндылық, білімнің, даналықтың және рухани жылудың қайнар көзі. 💛 Оқырмандарымызға кітапқа деген сүйіспеншілігі, кітапханаға адалдығы және оны өмірмен толтырып отырғаны үшін шын жүректен алғыс айтамыз.Әр оқылған бет жаңа көкжиектер ашып, игі істерге шабыт беріп, айналамызды бай әрі жарқын етсін. 📖 Оқыңыздар. Армандаңыздар. Бізбен бірге жаңалық ашыңыздар!Қатысқандар саны: 35 адам.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1207203?lang=kk
ШЫМКЕНТТЕ ҰЛТТЫҚ КІТАП КҮНІНЕ АРНАЛҒАН АПТАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ 23.04.2026
Шымкент қаласындағы «Қызғалдақ» сарайында Ұлттық кітап күніне орай ұйымдастырылған «Руханиятқа жол – кітаптан» атты апталық мәдени іс-шара өз мәресіне жетті. Бір аптаға созылған рухани бастама қорытындыланып, қала тұрғындарын кітап айналасына топтастырған ауқымды жоба жоғары деңгейде аяқталды.Іс-шара Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылып, апталық барысында қалалық кітапханалар білім мен мәдениеттің ашық алаңына айналды. Әдеби кештер, кітап көрмелері, оқу марафондары, авторлармен кездесулер және ашық аспан астындағы оқу аймақтары тұрғындардың кітапқа деген қызығушылығын арттырды. Әсіресе, жас буынның белсенділігі ерекше байқалып, олардың классикалық және заманауи әдебиетке қызығушылығының артқаны анық көрінді.Сонымен қатар, кешкі және түнгі форматтағы квест ойындар, әдеби квиздер мен «еркін микрофон» кездесулері оқырмандарға жаңа серпін беріп, кітап оқудың заманауи әрі тартымды үлгілерін ұсынды. Кітап тақырыбындағы фильм көрсетілімдері мен кітап клубтарының жұмысы да апталық мазмұнын толықтыра түсті.Салтанатты қорытынды кеште кітапхана саласының қызметкерлеріне құрмет көрсетіліп, олардың рухани құндылықтарды насихаттаудағы еңбегі ерекше аталып өтті. Марапаттау рәсімі сала мамандарының мәртебесін арттырып, олардың қоғамдағы рөлін айқындай түсті.Жиын барысында Қазақстан Республикасы Жазушылар одағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Момбек Әбдіәкімұлы сөз сөйлеп, кітаптың қоғамдағы маңызына тоқталды. Оның айтуынша, Ұлттық кітап күні – ел руханиятын нығайтатын маңызды мерекелердің бірі. Қазіргі таңда қоғамда кітапқа деген қызығушылықтың артып келе жатқаны байқалады, әсіресе классикалық әдебиет пен өзекті тақырыптарды қозғайтын еңбектерге сұраныс жоғары. Бұл үрдіс жас буын арасында да кеңінен таралуда. Сонымен қатар, цифрландыру мен жасанды интеллект дамыған заманда оқу мәдениеті ұлт сапасын айқындайтын маңызды фактор ретінде өз маңызын жоғалтпайды.Кеш концерттік бағдарламамен жалғасып, өнер мен әдебиеттің өзара байланысын айшықтады. Музыкалық және сахналық қойылымдар көрерменге ерекше әсер сыйлады.Жалпы, бұл бастама кітаптың қоғамдағы маңызын тағы бір айқындап, оқу мәдениетін дамытуға серпін берді. Кітап – руханияттың темірқазығы әрі ұлттың зияткерлік әлеуетін арттыратын негізгі құндылықтардың бірі екені тағы да дәлелденді.
Орта дәлізді дамыту Қазақстан мен Словения келіссөздерінің фокусында 23.04.2026
Любляна, 2026 жылғы 23 сәуір – Қазақстанның Словениядағы Елшісі Алтай Әбибуллаев Словения Инфрақұрылым министрлігінің Авиация және теңіз көлігі дирекциясының Бас директоры Томаж Печникпен кездесіп, көлік, логистика және транзит саласындағы Қазақстан-Словения ынтымақтастығын дамыту перспективаларын талқылады.А.Әбибуллаев көлік инфрақұрылымын дамыту мемлекеттік саясаттың негізгі басымдығы екенін, теміржол, автомобиль, порт және авиация инфрақұрылымын жаңғырту бойынша ауқымды жобаларды жүзеге асыруды және заманауи мультимодальды көлік және логистика жүйесін құруды атап өтті.Азия мен Еуропа арасындағы ең қысқа жол болып табылатын, Қазақстан, Каспий теңізі, Оңтүстік Кавказ және Түркия арқылы өтетін, Орта дәліз деп те аталатын Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХКБ) дамытуға ерекше назар аударылды. Бұл бағыт әлемдік логистиканың трансформациясы мен жүк ағындарының өсуі аясында стратегиялық маңызға ие болып келе жатқаны атап өтілді.Осыған байланысты Адриатика аймағындағы негізгі логистикалық хабтардың бірі - Словенияның Лука Копер портымен ынтымақтастық перспективалары талқыланды. Қазақстандық дипломат Копер порты мен тиісті қазақстандық ұйымдар арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюды, сондай-ақ порт басшылығының Қазақстанға сапарын ұйымдастыруды қарастыруды ұсынды. Тараптар сарапшылар диалогын жалғастыруға және ұлттық операторлар мен бизнестің қатысуын қоса алғанда, практикалық ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екендіктерін растады.Словения тарапы өз кезегінде Инфрақұрылым министрлігінің көлік саясатын қалыптастырудағы, әуе және теңіз байланыстарын дамытудағы және мультимодальды көлік дәліздерін қолдаудағы рөлін атап өтті. Т.Печник Global Gateway бағдарламасын қоса алғанда, ЕО бастамаларын Қазақстанның транзиттік әлеуетімен үйлестірудің маңыздылығын атап өтті.Көлік инфрақұрылымын қоса алғанда, стратегиялық активтерді басқаруда маңызды рөл атқаратын мемлекеттік Словенияның Егеменді Холдингімен (SDH) ынтымақтастық мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге, тұрақты мультимодальды бағыттарды дамытуға және Қазақстан мен Словения арқылы Еуропа мен Азия арасындағы байланысты нығайтуға өзара мүдделіліктерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ljubljana/press/news/details/1207123?lang=kk
Абай философиясына негізделген қазақстандық білім беру моделі Азиядағы ең үздік деп танылды: AlmaU THE Awards Asia 2026 сыйлығын иеленді 23.04.2026
 Абай философиясына негізделген білім беру моделі халықаралық мойындауға ие болды: Almaty Management University (AlmaU) әзірлеген Tolyq Adam бағдарламасы беделді Times Higher Education Awards Asia 2026 сыйлығының Teaching and Learning Strategy of the Year номинациясы бойынша жеңімпазы атанды. AlmaU осы марапатқа ие болған Орталық Азиядағы алғашқы университет болып, бұл жетістік тек оқу орны үшін ғана емес, бүкіл өңір үшін маңызды жетістік болды.  Марапаттау рәсімі 2026 жылғы 22 сәуірде Гонконгта THE Asia Universities Summit аясында өтті. 2026 жылы байқаудың финалистер тізіміне 17 елден 80 жоба енген. «THE Awards Asia марапаты университеттік ортаның шынайы алуан түрлілігі мен тереңдігін тануға арналған алаң ретінде құрылған. Бұл — ресми көрсеткіштермен әрдайым толық қамтыла бермейтін жетістіктерді бағалау кеңістігі. Биылғы лауреаттар бұл идеяны толықтай жүзеге асырды: алғаш рет жеңімпаздар 10 түрлі ел мен аумақтан анықталып, олардың бастамалары білім берудің трансформациялық күшін айқын көрсетті. Олардың тәжірибесі Азиядағы жоғары білім беру жүйесінің тұрақты дамып келе жатқанын және алдағы уақытта одан да жоғары деңгейге шығатынын дәлелдейді», — деп атап өтті Крис Хевергел, Times Higher Education редакторы. Tolyq Adam бағдарламасының Teaching and Learning Strategy of the Year номинациясындағы жеңісі Қазақстанның білім беру моделінің халықаралық деңгейде жоғары бағаланғанын растайды. Сарапшылар құрамына Роберта Мали Бассетт — World Bank ұйымының жоғары білім беру бағытының жетекшісі, сондай-ақ әлемнің жетекші университеттерінің өкілдері кірді: Massachusetts Institute of Technology, Harvard Graduate School of Education, University of Warwick, Tohoku University, The Chinese University of Hong Kong, SOAS University of London, University Canada West, University of Wollongong және Tecnológico de Monterrey. Қазылар алқасы AlmaU-дың білім беру ортасын гуманистік құндылықтарға, Абай Құнанбайұлының философиясына және заманауи педагогикалық тәсілдерге негіздеп қалыптастырудағы инновациялық бағытын ерекше атап өтті. «Бұл жеңіс — тек университеттің мойындалуы ғана емес, сонымен қатар Абай негізін қалаған гуманистік білім беру дәстүрінің қазіргі заманның әмбебап тіліне айнала алатынын дәлелдейді. Tolyq Adam бағдарламасы — уақыт талабына берген жауабымыз: біз тек кәсіби мамандарды емес, ойлай алатын, сезіне алатын және жауапкершілікпен әрекет ететін тұтас тұлғаларды қалыптастыруды мақсат етеміз. AlmaU үшін бұл — жаһандық білім беру кеңістігіне терең интеграциялану және Қазақстан мен өңірдегі білім беру дамуына үлес қосу жолындағы маңызды қадам», — деді Almaty Management University ректоры Тимур Булдыбаев. Бағдарламаның идеологиялық негізі — Абай Құнанбайұлының «Толық адам» тұжырымдамасы, ол LEADER заманауи білім беру моделі арқылы қайта пайымдалған. Бұл модель сыни ойлауды, эмпатияны, этикалық және экологиялық сананы дамыту мен тұрақты көшбасшылық дағдыларын біріктіреді. Оның өзегінде — ақыл, жүрек және қайрат бірлігі арқылы тұлғаның үйлесімді дамуы жатыр. Бүгінде бағдарлама жыл сайын 1 000-нан астам студентті қамтып, тұтас дүниетанымды және практикалық құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған сегіз трансформациялық курсты біріктіреді. Жобалық қызмет ерекше орын алады: бағдарлама жүзеге асырылған уақыт ішінде студенттер үкіметтік емес ұйымдармен, білім беру мекемелерімен және бизнеспен әріптестікте 100-ден астам әлеуметтік, экологиялық және кәсіпкерлік жобаларды іске қосты. Университеттің 2024–2025 жылдарға арналған ішкі зерттеулеріне сәйкес, бағдарлама қатысушылары академиялық көрсеткіштер мен тұлғалық даму тұрғысынан тұрақты өсім көрсетуде. Студенттер сыни және креативті ойлаудың дамуын, эмпатия мен саналы көзқарастың артуын, сондай-ақ өмірлік мақсаттарын айқынырақ түсінуді атап өтеді. AlmaU-дың Times Higher Education Awards Asia 2026 сыйлығындағы жеңісі Қазақстанның жаһандық білім беру бағытын қалыптастырудағы рөлінің артып келе жатқанын көрсетіп, гуманитарлық бағыттағы білім беру модельдерінің әлеуетін айқындайды. Бағдарлама Орталық Азия елдерінің университеттері мен білім беру саясатын қалыптастырушылар тарапынан масштабтауға және бейімдеуге болатын тиімді тәжірибе ретінде қызығушылық тудыруда. AlmaU Tolyq Adam бастамасын одан әрі дамытуды жалғастырып, жаңа буын көшбасшыларын даярлау және білімді саналы өзгерістердің құралына айналдыратын білім беру ортасын қалыптастыру миссиясын нығайтуды жалғастырмақ.
Страсбургта Қазақстандағы демократиялық реформалар оң бағаланды 23.04.2026
Страсбург, 2026 жылғы 22 сәуір - Еуропалық парламентарийлер қауымдастығында Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының (ЕКПА) депутаттары, Еуропа Кеңесі институттарының өкілдері, халықаралық сарапшылар қауымдастығы мен дипломатиялық корпус қатысқан «Қазақстандағы конституциялық және парламенттік реформалар - саяси трансформацияның жаңа кезеңі» атты дөңгелек үстел өтті.Негізгі баяндама жасаған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің хатшысы Евгений Больгерт болды. Спикерлер қатарында ЕКПА-ның «Еуропалық консерваторлар, патриоттар және олардың одақтастары» саяси тобының төрағасы Жольт Немет, «Социалистер, демократтар және жасылдар» фракциясы төрағасының орынбасары Бируте Весайте, Еуропа Кеңесінің саяси мәселелер және сыртқы байланыстар жөніндегі директоры Натали Сабанадзе, сондай-ақ франциялық Еуропадағы перспективалар және қауіпсіздік институтының президенті Эммануэль Дюпюи қатысты.Қазақстанда өткен республикалық референдумға қатысқан халықаралық байқаушылар – бельгиялық «Diplomatic World» басылымының директоры Альберто Тюркстра және чехиялық «Free Eurasia Foundation» медиаплатформасының өкілі Ислам Текушев дауыс беру барысы мен Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы туралы өз пікірлерімен бөлісті.Қатысушылар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашылық еткен кешенді конституциялық және парламенттік реформалардың жүзеге асырылу барысын талқылады. Бұл реформалар демократиялық басқаруды нығайтуға, институционалдық тепе-теңдікті қамтамасыз етуге және биліктің есептілігін арттыруға бағытталғаны атап өтілді. Сондай-ақ қазіргі кезеңде саяси плюрализмді тереңдету, азаматтардың қатысуын кеңейту және мемлекет пен қоғам арасындағы өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру негізгі басымдықтардың бірі екені айтылды.Парламенттік дипломатияның ұлттық бірлікті нығайту, инклюзивті диалогты дамыту және халықаралық ынтымақтастықты ілгерілету құралы ретіндегі рөліне ерекше назар аударылды.ЕКПА депутаттары, Еуропа Кеңесінің өкілдері және халықаралық сарапшылар Қазақстанның заң үстемдігін нығайту, демократиялық институттарды дамыту және мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру бағытындағы дәйекті ілгерілеуін оң бағалап, ынтымақтастықты және сындарлы диалогты одан әрі тереңдетуге мүдделілік білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-strasbourg/press/news/details/1207000?lang=kk
«Таза Қазақстан»: Рудныйда пластикалық қалдықтарға екінші өмір сыйлаған экологиялық шеберлік сабағы өтті 23.04.2026
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Рудный қаласының еріктілері жастар арасында экологиялық ойлауды дамытуға және саналы тұтыну қағидаттарын насихаттауға бағытталған «Заттарға екінші өмір» атты шеберлік сабағын өткізді.«Рудненский добряк» қалалық штабының еріктілері қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыру және практикалық дағдыларды дамыту мақсатында пластикалық бөтелкелерден кашпо жасау бойынша экологиялық шеберлік сабағын ұйымдастырды. Шеберлік сабағына белсенді ұзақ өмір сүру клубының мүшелері мен мектеп оқушылары қатысты. Іс-шара 30 адамды қамтыды. Іс-шара барысында қатысушылар қайта өңделетін материалдардан ерекше әрі функционалды кашпо жасауды үйренді. Ұйымдастырушылардың жетекшілігімен пластикалық бөтелкелер интерьер мен сыртқы кеңістіктерді көгалдандыруға пайдалануға болатын сәнді бұйымдарға айналды.Практикалық бөлімге ерекше назар аударылды: кашпо дайындалғаннан кейін қатысушылар оларға өсімдік көшеттерін отырғызды. Бұл олардың алған білімдерін бекітіп қана қоймай, көгалдандыруға және қолайлы экологиялық орта қалыптастыруға өз үлестерін қосуға мүмкіндік берді.Іс-шара достық әрі шығармашылық атмосферада өтіп, экологиялық бастамалар мен тұрақты дамуға қызығушылық танытқан жастарды біріктірді. Қатысушылар шеберлік сабағының практикалық маңызын атап өтіп, алған білімдерін күнделікті өмірде қолдануға дайын екендерін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1206995?lang=kk
ШЫМКЕНТТЕ ӨҢІРАРАЛЫҚ БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ 23.04.2026
Шымкент қаласында жұмыссыздық деңгейін төмендету және халықты жұмыспен қамту мақсатында өңіраралық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Ауқымды іс-шараға мемлекеттік және жекеменшік сектордан 50-ден астам мекеме қатысып, 3000-нан астам бос жұмыс орнын ұсынды.Жәрмеңкеге Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Абай, Шығыс Қазақстан, Ұлытау және Павлодар облыстарынан келген жұмыс берушілер де қатысып, еңбек нарығындағы мүмкіндіктер мен ерікті қоныс аудару бағдарламалары туралы кеңінен ақпарат берді. Әсіресе, «Шығыс шақырады» бағдарламасы аясында шығыс өңірлерге қоныс аударуға ниетті азаматтарға арналған қолдау тетіктері жан-жақты таныстырылды.Бағдарлама шеңберінде қоныс аударушыларға 3 млн теңгеге дейін қайтарымсыз грант беру, «Шығыс маманы» бағдарламасы бойынша жылдық 5% мөлшерлемемен 10 жылға дейін жеңілдетілген ипотека ұсыну, сондай-ақ кәсіп ашуға және жаңа ортаға бейімделуге жағдай жасау көзделген. Бұдан бөлек, 10 мамыр күні шығыс өңірлердің экономикалық және әлеуметтік әлеуетін таныстыру мақсатында арнайы ақпараттық тур өткізу жоспарланып отыр.Шығыс Қазақстан облысы Еңбек мобильділігі орталығының директоры Арайлым Керімбекқызының айтуынша, өңірлік бағдарлама аясында қоныс аударған азаматтарға жан-жақты мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Атап айтқанда, гранттар беру, тұрақты жұмыспен қамту және әлеуметтік бейімделу шаралары қарастырылған. Сонымен қатар, жоғары білікті мамандарды тартуға ерекше басымдық берілуде.Ресми деректерге сәйкес, 2025 жылы Шымкент қаласында жұмыссыздық деңгейі 4,7%-ды құрады. 2026 жылы 31 мыңнан астам азаматты жұмыспен қамту жоспарланған, қазіргі уақытта бұл көрсеткіштің 37,6%-ы орындалды. Жыл басынан бері 4 мыңнан астам адам тұрақты жұмысқа орналасқан.Сондай-ақ, қалада кәсіпкерлікті дамыту, кәсіби оқыту жүйесін жетілдіру және субсидияланатын жұмыс орындарын құру бағытындағы мемлекеттік бағдарламалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Жалпы, 2026 жылы Шымкентте 9 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.