Enbekshi QazaQ
2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Әлем

Салық төлеушіні тіркеу есебінен шығару 30.06.2026
Салық төлеушіні тіркеу есебінен алу мынадай жағдайларда:      1) банкроттық себебі бойынша қызметін тоқтатқанды немесе таратылғанды қоспағанда, салық төлеушінің қызметін тоқтатқан немесе ол таратылған жағдайда – тиісті тіркеуші органға қызметті тоқтату туралы өтініш (салықтық өтініш) ұсынылған күннен бастап;      2) банкроттық себебі бойынша салық төлеушінің қызметі тоқтатылған немесе ол таратылған жағдайда – дара кәсіпкер тіркеу есебінен шығарылған немесе заңды тұлға нөмірлер тізілімінен алынған күннен бастап;      3) заңды күшіне енген сот актісімен дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны тіркеуді жарамсыз деп тану себебі бойынша салық төлеушінің қызметі тоқтатылған немесе ол таратылған жағдайда – салық төлеуші тіркеу есебіне қойылған күннен бастап;      4) заңды тұлғалар бірігу, қосылу жолымен қайта ұйымдастырылған жағдайда – таратудың салықтық есептілігі мен беру актісі ұсынылған күннен бастап;      5) заңды тұлға бөліну жолымен қайта ұйымдастырылған жағдайда – таратудың салықтық есептілігі мен бөлу актісі ұсынылған күннен бастап;      6) дара кәсіпкердің тіркеу есебінде тұрған жеке тұлға қайтыс болған жағдайда – салық төлеушілер базасынан алынған күннен бастап;      7) жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібінен арнаулы салық режиміне көшкен жағдайда – арнаулы салық режимін қолдануды бастаған күннен бастап жүргізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1232658?lang=ru
Тауарларды СЭҚ ТН бойынша жіктеу: сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін маңызы қандай? 30.06.2026
Сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру кезінде кедендік шекара арқылы өткізілетін әрбір тауар Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына (СЭҚ ТН ЕАЭО) сәйкес міндетті түрде жіктелуі тиіс.СЭҚ ТН – тауарларды жүйелі түрде топтастыруға арналған бірыңғай классификатор. Ол Қазақстан, Ресей, Беларусь, Армения және Қырғызстан аумағында қолданылады. Тауардың СЭҚ ТН коды арқылы кедендік баждардың мөлшері, салықтар, тарифтік және тарифтік емес реттеу шаралары анықталады.Тауарларды жіктеу келесі негізгі белгілер бойынша жүргізіледі:🔹 тауардың атқаратын қызметі мен мақсаты;🔹 дайындалған материалы;🔹 құрамы мен техникалық сипаттамалары;🔹 өңделу деңгейі мен дайындық дәрежесі.Әрбір тауарға бірегей он таңбалы код беріледі. Бұл код кедендік декларациялау кезінде көрсетіліп, келесілерді анықтауға негіз болады:✔️ кедендік баж мөлшерлемелері;✔️ қосылған құн салығы (ҚҚС);✔️ акциздер;✔️ рұқсат беру құжаттарының қажеттілігі;✔️ тыйымдар мен шектеулер;✔️ сыртқы сауда статистикасын жүргізу.СЭҚ ТН кодының құрылымы тауар туралы толық ақпарат береді:▪️ алғашқы екі сан – тауар тобы;▪️ алғашқы төрт сан – тауарлық позиция;▪️ алғашқы алты сан – субпозиция;▪️ он санның барлығы – нақты тауар түрі.Тауардың кодын дұрыс анықтау декларанттың міндеті болып табылады. Бұл ретте СЭҚ ТН-ның негізгі интерпретациялау қағидаларын, бөлімдер мен топтарға арналған ескертпелерді, сондай-ақ уәкілетті органдардың түсіндірмелерін басшылыққа алу қажет.❗ Тауар кодын қате анықтау келесі салдарға әкелуі мүмкін:⚠️ кедендік төлемдер мен салықтарды қосымша есептеу;⚠️ әкімшілік жауапкершілікке тарту;⚠️ айыппұл салу;⚠️ тауарларды шығарудың кешіктірілуі;⚠️ қосымша кедендік тексерулердің жүргізілуі.Сондықтан импорт немесе экспорт операцияларын жүзеге асырмас бұрын тауардың барлық сипаттамаларын мұқият зерттеп, өндірушіден техникалық құжаттарды сұратып, СЭҚ ТН кодының дұрыстығына көз жеткізу қажет.Тауарларды дұрыс жіктеу – кедендік рәсімдердің тиімді өтуінің, қаржылық тәуекелдерді азайтудың және сыртқы экономикалық қызметті табысты жүргізудің маңызды кепілі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1232662?lang=ru
📢 Салықтардың артық (қате) төленген сомаларын есепке алу және қайтару тәртібі 💰 30.06.2026
Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, сондай-ақ өсімпұлдар мен айыппұлдарды артық немесе қате төлеу жағдайында оларды есепке алу 🔄 немесе қайтару ↩️ тәртібі Қазақстан Республикасының жаңа салық кодексінің 120–123-баптарымен реттелетінін еске салады📘.📌 Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің немесе өсімпұлдың артық төленген сомасы болған жағдайда 💸 мемлекеттік кірістер органы 🏛️ салық төлеушінің өтініші 🧾 негізінде есепке алу немесе қайтару жүргізеді.📌 Артық төленген сома — бұл ➕:💰 бюджетке нақты төленген сома,📊 мен тиісті салық, төлем немесе өсімпұл бойынша есептелген (есептелген) сома арасындағы оң айырма.Сонымен қатар мыналар ескеріледі:🔁 басқа салықтар мен төлемдер есебіне есепке алынған сомалар💵 салық төлеушіге бұрын қайтарылған сомалар📅 есепке алу және (немесе) қайтару жүргізілген күнге📌 Есепке алу немесе қайтару үшін салықтық өтініш 🧾 белгіленген нысан бойынша 📄 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 қазандағы №637 бұйрығына сәйкес ұсынылады 🧑‍💼.📌 Өтінішті тапсыру тәсілдері:💻 «Салық төлеушінің кабинеті СӘИЖ» веб-қосымшасы арқылы🌐 www.egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы📱 e-Salyq Azamat мобильді қосымшасы (жеке тұлғалар үшін)🏢 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы қағаз түрінде📌 Артық төленген соманы қайтару 💰 мемлекеттік кірістер органы 🏛️ тарапынан салық төлеушінің өтінішінде көрсетілген банк шотына 🏦 5 жұмыс күні ішінде ⏳, өтініш тіркелген күАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1232669?lang=ru
Зейнет демалысына шығарып салды 30.06.2026
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен кадрлық өзгерістерге орай мәжіліс өтті. Жиында облыстық жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы қызметін атқарып келген Марат Құрманбаевты әріптестері құрметпен зейнет демалысына шығарып салды.Аймақ басшысы Марат Ердәулетұлының мемлекеттік қызметтегі ұзақ жылғы жемісті еңбек жолына тоқталып, өңірдің дамуына қосқан елеулі үлесін атап өтті.«Аймағымыздағы әскери бөлімдердің инфрақұрылымы жаңартылып, азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру жүйеленді. Бұл жұмыстарды жоғары деңгейде ұйымдастырудағы Марат Ердәулетұлының өзіндік қолтаңбасын ерекше атап өтуіміз қажет», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.Құрманбаев Марат Ердәулетұлы еңбек жолын өндіріс саласында бастап, кейін қоршаған ортаны қорғау және мемлекеттік басқару жүйесінде жауапты қызметтер атқарды. 2013-2024 жылдары Қызылорда және Жамбыл облыстары бойынша экология департаментін, Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасын басқарды. 2024 жылдан бері облыстық жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы қызметінде болды.Облыстық экология департаментін басқарған кезеңде қоршаған ортаны ластағаны үшін төленетін төлемақылар есебінен бюджетке жоспардан тыс 64 млрд теңгеден астам қаржы түсуіне ықпал етті.Құқық қорғау және қорғаныс саласындағы уәкілетті органдармен бірлескен жұмыс нәтижесінде террористік тұрғыдан осал объектілердің аумақтық тізбесі жаңартылып, қауіпсіздік талаптарына сәйкес жаңғыртылды.Соңғы жылдары Арал және Жалағаш аудандарындағы қорғаныс бөгеттері қалпына келтіріліп, тұрғындарды төтенше жағдай туралы дер кезінде хабардар ету мақсатында 124 елді мекенде сиреналық қосылу құрылғылары орнатылды. Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошақтары тіркелген елді мекендер залалсыздандырылды.Басқосуда Марат Ердәулетұлына өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан ерекше үлесі үшін Қызылорда облысының Құрмет грамотасы табысталып, дәстүрге сай құрмет көрсетілді.Сондай-ақ аймақ басшысы 2024 жылдан бері «ҚазГерМұнай» ЖШС бас директоры қызметін атқарған Зияш Қияқбаевқа басқа қызметке ауысуына байланысты алғыс білдіріп, Қызылорда облысының Құрмет грамотасын табыстады. Жиында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқармасының шешімімен «ҚазГерМұнай» ЖШС бас директоры лауазымына тағайындалған Ерсейіт Жолмырзаұлы Қайыпов таныстырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1232714?lang=ru
1 маусым Халықаралық балалар мерекесіне орай жасалған сый - сияпат. 30.06.2026
1 маусым Халықаралық балалар мерекесіне орай жеке кәсіпкер Муханбекова К.Е. аз қамтылған 10 отбасының балаларына демеушілік жасады. Кеген ауданының әкімі Теңізбаев Н.М. мен Кеген ауылының округ әкімі Скаков Е.С. және жеке кәсіпкер Муханбекова К.Е. алынған силықтарды балаларға тапсырды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-kegen/press/news/details/1232795?lang=ru
Солтүстік Қазақстан облысында ҚР Мәдениет және ақпарат бірінші вице-министрі Қанат Ысқақовтың халықпен кездесуі өтеді 30.06.2026
2026 жылғы 3 маусымда ҚР Мәдениет және ақпарат бірінші вице-министрі Қанат Ысқақов Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барады.Сапар аясында өңір тұрғындарымен кездесу өткізіліп, азаматтарды жеке қабылдау жоспарланған (2026 жылғы 3 маусым, сағат 11:00, Петропавл қаласы, Жамбыл Жабаев көшесі, 195).Өтінім сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін 8 (7172) 74-07-47 телефоны арқылы қабылданады.ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/1232818?lang=ru
Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында мерекелік іс-шара өткізілді 30.06.2026
Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаменті қызметкерлерінің балаларына арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырды.Жас қатысушылар үшін спорттық эстафеталар, ойындар, қызықты байқаулар мен шығармашылық тапсырмалардан тұратын мазмұнды ойын-сауық бағдарламасы дайындалды. Шақырылған аниматорлардың қатысуымен өткен мерекеде балалар түрлі сайыстарға белсенді қатысып, өздерінің ептілігі мен тапқырлығын көрсетті.Мерекенің ерекше бөлігі ретінде таза ауада дастарқан жайылып, балалар ата-аналарымен және достарымен бірге уақыт өткізіп, көтеріңкі көңіл-күй мен жарқын әсерлерге бөленді. Осындай іс-шараларды өткізу отбасылық құндылықтарды нығайтуға, қызметкерлер арасында жағымды моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыруға және ұжымдық рухты арттыруға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duissko/press/news/details/1232842?lang=ru
СҚО-да «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Green City Day» экологиялық интерактиві өтті 30.06.2026
Петропавлда республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасын іске асыру аясында «Green City Day» экологиялық интерактиві өтті. Іс-шара экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды дамытуға және жастарды тазалықты сақтауға бағытталған бастамаларға тартуға бағытталды.«Green City Day» - жастардың Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасын іске асыруға және табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға қосқан үлесі. Экологиялық әдеттер қарапайым қадамдардан басталады - қалдықтарды сұрыптау, ресурстарды үнемдеу және туған қаланың тазалығына жауапкершілікпен қарау. Интерактив жастарды табиғатқа ұқыпты қарау идеясы төңірегінде біріктірді. Қатысушылар экология саласындағы білімдерін тексеріп қана қоймай, қалдықтарды сұрыптау, қайта өңдеу, ресурстарды үнемдеу және экологиялық ағарту бойынша пайдалы дағдыларды тәжірибе жүзінде бекітті.Іс-шараның басты мақсаты - ойын және интерактивті форматта жастарға табиғатқа ұқыпты қараудың негізгі құндылықтарын сіңіру және күнделікті өмірде экологиялық әдеттердің маңызын көрсету. Сонымен қатар интерактив студенттік және жастар ұжымдарын біріктіруге, командалық жұмысты дамытуға, идеялар алмасуға және белсенді азаматтар қауымдастығын қалыптастыруға ықпал етті.«Green City Day» аясында қатысушылар бірнеше тақырыптық станциядан өтті. «Эко-викторина» станциясында олар экология, табиғатты қорғау және қоршаған ортаға ұқыпты қарау тақырыптарына қатысты сұрақтарға жауап берді. «Планетаға тілек ағашы» станциясында жастар табиғатты сақтау бойынша экологиялық тілектері мен идеяларын жазып, оларды символикалық ағашқа бекітті.Тағы бір тәжірибелік алаң «Контейнерлерге бөлу» станциясы болды. Мұнда қатысушыларға пластик, қағаз, шыны және металл сияқты әртүрлі қалдықтардың үлгілері көрсетілді. Олардың міндеті - қалдықтарды тиісті контейнерлерге дұрыс орналастыру.Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Green City Day» - бұл жай ғана танымдық іс-шара емес, әрбір қатысушыға қоршаған ортаға деген жеке жауапкершілігін көрсетуге, экологиялық белсенділікке қатысуға және табиғатты сақтауға бағытталған ортақ қозғалыстың бір бөлігі болуға мүмкіндік.Іс-шара «Таза Қазақстан» бағдарламасын жергілікті деңгейде іске асыруға қосылған үлес және экологиялық жауапты қоғам қалыптастыру жолындағы тағы бір қадам болды. #ТазаҚазақстан #тұрақтыдаму #тазаел #экология #TazaChallenge @TazaQazaqstan Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/1232847?lang=ru
ЖАДЫНАМА Жолаушылар кедендік декларациясын толтыру тәртібіндегі өзгерістер туралы 30.06.2026
🔰Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2026 жылғы 17 наурыздағы № 34 «Жолаушылар кедендік декларациясын толтыру тәртібіне және жолаушылар кедендік декларациясында мәлімделген мәліметтерді өзгертуге (толықтыруға) байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібіне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің қабылданғанын хабарлайды.Аталған шешімге сәйкес:🗓️ 2026 жылғы 19 сәуірден бастап (ресми жарияланған күннен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң — 19.03.2026 ж.) жеке тұлғалар келесі тауарларды әкелу кезінде жолаушылар кедендік декларациясында IMEI-кодтарды міндетті түрде көрсету енгізіледі:✔️смартфондар;✔️ ұялы байланысқа арналған телефон аппараттары;✔️ ұялы байланыс функциясы бар планшеттер.📍IMEI-код декларацияның тиісті бағанында көрсетілуі қажет.📄 Шешімнің мекенжай түрлерінің кодтарын көрсетуге қатысты өзге ережелері 2027 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енеді.🔄 Аталған өзгерістерді Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу кезінде ескерулеріңізді сұраймыз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1232867?lang=ru
№50 мекемесінде ашық есік күні өтті 30.06.2026
Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында №50 мекемесінде сотталған әйелдер мен олардың жақындарын біріктірген ашық есік күні өтті. Туыстарымен жүздесіп, бірге уақыт өткізу үшін мекемеге 100-ден астам туыс келді.Балалар үшін аниматорлардың қатысуымен арнайы ойын алаңы ұйымдастырылып, онда бүлдіршіндер түрлі байқауларға, ойындарға және көңілді ойын-сауық бағдарламаларына қатысты. Сонымен қатар қонақтарға тәтті тағамдар ұсынылып, шығармашылық ұжымдардың концерттік нөмірлері мерекелік көңіл-күй сыйлады.Ашық есік күні сотталған әйелдерге жақындарымен бейресми жағдайда еркін араласып, отбасылық байланыстарын нығайтуға және балаларымен қуанышты сәттерді бөлісуге мүмкіндік берді. Ал кішкентай қонақтар үшін бұл кездесу көптеген жарқын әсерлер мен жағымды эмоциялар сыйлаған нағыз мерекеге айналды.Іс-шара соңында туыстар үшін мекеме аумағына экскурсия ұйымдастырылды. Қонақтар сотталғандарды ұстау жағдайларымен танысып, мекеменің бірқатар нысандарын аралап көріп, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duissko/press/news/details/1232868?lang=ru
Балаға көмек көрсеткен тұрғындар марапатталды 30.06.2026
«Терма Парк» бассейнінде балаға көмек көрсетіп, оның өмірін сақтап қалуға атсалысқан тұрғындар Алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.Марапатқа Дияр Рахимжанов, Виталий Буряк және Татьяна Сивопляс ие болды.Оқиға 24 мамыр күні орын алған. Судан шығарылған балаға медицина қызметкерлері келгенге дейін алғашқы көмек дер кезінде көрсетілді.Куәгерлердің жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында қайғылы жағдайдың алдын алу мүмкін болды. Қазіргі уақытта бала ауруханадан шығарылды.Кездесу барысында алғашқы көмек көрсету дағдыларын меңгерудің маңыздылығы атап өтілді. Осыған байланысты тұрғындарды алғашқы көмек көрсетуге оқыту мәселесі пысықталуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1232887?lang=ru
Сіздерді 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын! 30.06.2026
 Құрметті ауыл тұрғындары! Қадірлі балалар!Сіздерді 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын!Балалық шақ – өмірдің ең бақытты әрі жарқын кезеңі. Бүгінгі бүлдіршіндер – ертеңгі ел тірегі, Тәуелсіз Қазақстанның болашағы. Сондықтан балалардың амандығы, сапалы білім мен саналы тәрбие алуы әрқашан басты назарда болуы тиіс.Осы мерекеде барша балаларға шаттық, қуаныш, мықты денсаулық және оқуда табыс тілеймін. Армандарыңыз орындалып, әрқашан ата-аналарыңыздың мақтанышы, елдің абыройлы азаматы болып өсіңіздер!Әр үйге береке, әр отбасына амандық тілеймін. Балалардың күлкісі ешқашан үзілмесін!Құрметпен, Баянды ауылының әкімі Қадырбек Құдабайұлы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1232925?lang=ru
Қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету мәселелері қаралды 30.06.2026
Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Күн тәртібінде қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері талқыланды. Оған облыс әкімі Мұрат Ерегешбаев селекторлық режим арқылы қатысты.Үкімет басшысы еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өндірісте жарақаттанудың алдын алу және қызметкерлер құқықтарын қорғаудың маңызына тоқталып, орталық мемлекеттік органдар мен өңір әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеді.Мемлекет басшысы биылғы сәуір айында қауіпсіз еңбек жағдайын жетілдіру, қызметкерлердің құқықтарын қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелерін қамтитын заңға қол қойған болатын. Алдағы уақытта еңбек заңнамасына түзетулер енгізіледі деп күтілуде. Бұл бастамалардың барлығы еңбек қауіпсіздігін күшейтуге және азаматтарды әлеуметтік тұрғыдан қорғауға бағытталған.Үкімет отырысынан кейін өткен мәжілісте осы және өзге де мәселелерге орай нақты тапсырмалар берілді.Аймақ басшысы елді мекендерді газдандыру жобаларының жүзеге асырылуын қатаң бақылауды, құрылыс-монтаж жұмыстарын сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды. Кәсіпорындардағы еңбек қауіпсіздігі үшін жасанды интеллект технологияларын енгізу мүмкіндіктерін зерделеу, бір ай мерзімде нақты ұсыныстар әзірлеу керек.Мәжілісте өндірістік және құрылыс нысандарындағы қауіпсіздік талаптарының сақталуы, еңбеккерлер құқықтарының қорғалуы барлық деңгейдегі басшылардың тікелей жауапкершілігі екені ескертілді.Санитарлық тазалық, атап айтқанда Белкөл кентіне жақын орналасқан қатты тұрмыстық қалдықтар полигонындағы жағдайды үш күн ішінде реттеу жауапты мекемелерге тапсырылды. Демалыс парктері, балалар ойын алаңдары, жол бойы мен көрнекі ақпараттың жай-күйін жақсарту, тазалықты тұрақты бақылау міндеттелді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1232952?lang=ru
Алматыда әскери қызметшілер майдангер ардагер Александр Журавлевті құттықтады 30.06.2026
Алматы қаласының Бостандық аудандық қорғаныс істері жөніндегі басқармасының әскери қызметшілері Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Александр Степанович Журавлевті 101 жасқа толған туған күнімен құттықтады.Аудандық қорғаныс істері жөніндегі басқарманың бастығы полковник Арман Тұрғанбаев қарт майдангерге Қорғаныс министрінің құттықтау хатын табыстады. Әскери қызметшілер ардагердің денсаулығы мен хал-жағдайын сұрап, соғыстың ауыр сынағынан өткен жандардың ерекше құрмет пен қамқорлыққа лайық екенін атап өтті.– Отанға адал қызмет етіп, көрсеткен ерлігіңіз бен жанқиярлығыңыз үшін алғыс айтамыз. Бейбіт өмірді қорғап, Жеңіске қол жеткізген аға буынның ерлігін ұмытпай, олардың жарқын есімін ұлықтау – біздің парызымыз, – деді полковник Арман Тұрғанбаев.Өз кезегінде Александр Степанович қонақтарға соғыс жылдарынан естеліктер айтып, көрсетілген құрмет пен қамқорлық үшін ризашылығын білдірді.Александр Журавлев 1925 жылғы 30 мамырда Алтай өлкесіндегі Барнауыл қаласында дүниеге келген. 1943 жылы Новосібір жоғары оқу орнының студенті кезінде Карель майданына шақырылды. Алғашында байланысшы-телефоншы болып қызмет атқарса, кейін артиллериялық бөлімшеде барлаушы болды. Бір жылдан соң Украина жерін азат етуге қатысып, Эльба өзенінен өту операциясына қатысты. Жеңіс күнін Берлин түбінде қарсы алды.Соғыстан кейін Александр Степанович тағы бес жыл Будапешт пен Дағыстанда әскери қызметін жалғастырды. Әскер қатарынан запасқа шыққан соң инженер-құрылысшы мамандығын таңдады.Александр Журавлев І дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Берлинді алғаны үшін» және «Праганы алғаны үшін» медальдарымен марапатталған. Бейбіт кезеңдегі еңбегі де жоғары бағаланып, «Құрмет» орденіне ие болған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1232969?lang=ru
Екі күндік республикалық семинар өткізілді 30.06.2026
А.ж. 28–29 мамыры күндері Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының базасында Орталық сайлау комиссиясы сайлау комиссияларының ақпараттық және құқықтық бағыттарға жауапты мүшелеріне арналған «Сайлау процесін ақпараттық және құқықтық қамтамасыз ету» тақырыбындағы екі күндік республикалық семинар өткізілді.Семинардың ашылуында Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Шавхат Өтемісов сайлау процесін құқықтық және ақпараттық сүйемелдеуге жауапты мамандардың жауапкершілік деңгейі жоғары екенін атап өтті. Оның айтуынша, сайлау науқандары заңнаманы терең білуді ғана емес, сонымен қатар түрлі стандартты емес жағдайларда жедел әрекет етуді, жариялылық жағдайында жұмыс істеуді және қоғаммен тиімді коммуникация орнатуды талап етеді. Ол жүйелі дайындық пен өңірлік тәжірибе алмасу кәсіби қызметтің бірыңғай тәсілдерін қалыптастырып, сайлау процестерін ұйымдастыру сапасын арттыруға ықпал ететінін айтты. Бағдарламаның бірінші күні ОСК мүшесі Азамат Айманақұмов өткен өңірлік сайлау науқандарына жан-жақты талдау жасап, рәсімдерді ұйымдастыруда бірыңғай тәсілдерді сақтаудың маңыздылығына тоқталды. Ал ОСК мүшесі Әсел Жанабилова қатысушыларды сайлау заңнамасындағы өзекті өзгерістер мен жаңашылдықтармен таныстырды.Қатысушылар топтарға бөлінгеннен кейін жұмыс екі бағыт бойынша жалғасты. Бірінші ағында бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл және қоғамдық коммуникациялар мәселелері қарастырылды. Екінші ағында «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заң және Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс аясындағы өтініштерді қарау тәжірибесі талқыланды.Сонымен қатар, шақырылған сарапшылар екі бағыттың қатысушыларымен бірге сайлау комиссиялары қызметінің ақпараттық және құқықтық салаларындағы өзекті мәселелерді талқылады.Семинардың екінші күні тыңдаушыларды тестілеуден өткізуден басталды.Одан кейін өңірлік тәжірибе алмасуға арналған дәстүрлі сессия аясында Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Асқар Сақыпкереев сайлау процесін ұйымдастыру саласындағы өңірдің тәжірибесі мен жинақталған практикалық әзірлемелерін таныстырды.Кейін жұмыс екі параллель ағында жалғасты. Бірінші ағында Солтүстік Қазақстан облысы сайлау комиссияларының өңірлік тәжірибесі негізінде практикалық кейстерге талдау жүргізілді. Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының өкілдері Светлана Копнина мен Лариса Гордеева дауыс беру күні сайлау процесіне қатысушылармен өзара іс-қимыл мәселелерін қоса алғанда, нақты жағдайларды қарастырды.Екінші ағында коммуникациялар жөніндегі тренер-сарапшы Руслан Тоқатов тиімді коммуникациялық стратегияларды қолдану мәселелері бойынша практикалық жұмыс жүргізді. Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар кері байланыс сауалнамаларын толтырып, электрондық сертификаттарға ие болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/election/press/news/details/1233018?lang=ru
Мемлекет басшысы GREEN ЕСО жылыжай кешенімен танысты 30.06.2026
Алматы облысы, Талғар ауданыПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев таза әрі пайдалы жапырақты көкөніс түрлерін өсіретін GREEN ЕСО заманауи жылыжай кешенінің қызметімен, сондай-ақ Қазақстан нарығындағы өндіріске қолданылатын технологиялармен танысты. Шаруашылықтағы барлық үдеріс химиялық өңдеусіз, тыңайтқыштар мен пестицидтерді қолданбай іске асырылады. Бүгінде 160 адам еңбек ететін кәсіпорынның өнімдері Қазақстанның 10 қаласына жеткізіледі.Президент «Лукоморье» тұқымбағы – бақ орталығын аралап көрді. Бұл – автоматтандырылған жұмыс арқылы жылына 1,5 миллион түпке дейін ағаш, сәндік бұталар мен гүлдер өсіруге қауқарлы еліміздегі ірі орталық. Оның өнімдері қалаларымыздың барлығында сұранысқа ие, сонымен қатар Өзбекстан мен Қырғызстанға экспортталады.Мемлекет басшысына Turanga сәндік өсімдіктер тұқымбағын ұйымдастыру аясында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндалды. Онда 130 мыңға жуық ағаш және 3,5 миллион түп бұта өсіру жоспарланып отыр.  www.akorda.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1233029?lang=ru
Павлодар облысында индустриалды парк салу жоспарлануда 30.06.2026
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидулла Оспанқұлов және «Xinfa Group» Басқарма төрағасының орынбасары Чжао Тинъюньмен кездесу өтті.Кездесу барысында тараптар Павлодар облысында индустриалды парк салу жобасын іске асыру мәселесін талқылады. Жоспарланып отырған инвестиция көлемі 15 млрд АҚШ долл. құрайды, ал құрылатын жұмыс орындарының саны 10 мыңға жетеді.Келіссөздер барысында Ғ.Оспанқұлов мемлекеттік қолдау шаралары, салық жеңілдіктері және еліміздің инвестициялық ахуалының артықшылықтары туралы ақпарат берді.Xinfa Group өкілдері индустриалды парк бокситтерді өңдеуге, алюминий, электролиттік мыс, сода күлі, көміртекті материалдар, фторхимиялық өнімдер және экологиялық таза құрылыс материалдарын өндіруге маманданатын болады. Сондай-ақ электр станциялары (ГРЭС), көмір химиясына және энергетикалық инфрақұрылым салаларындағы жобаларды дамыту мүмкіндігі қарастырылуда.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өзара қызығушылықтарын растады және Павлодар облысында индустриалды парк салу жөніндегі инвестициялық жобаның жоғары әлеуетін атап өтті.«Xinfa» компаниялар тобы – электр энергиясын өндіру, жылумен қамту, алюминий тотығын өндіру, электролиттік алюминий, алюминийді терең өңдеу, поливинилхлорид, каустикалық сода және экологиялық таза құрылыс материалдарын өндіру, сондай-ақ заманауи ауыл шаруашылығы сияқты салаларды қамтитын заманауи, ірі өнеркәсіптік холдинг.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1232426?lang=ru
Мемлекет басшысы «Атлетико де Мадрид Қазақстан» футбол академиясына барды 30.06.2026
Алматы облысы, Талғар ауданыПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдегі бірегей спорт жобасы – «Атлетико де Мадрид Қазақстан» халықаралық деңгейдегі футбол академиясының қызметімен танысты.Мемлекет басшысы академияның 180 балаға арналған жатақханасын аралап көрді. Қазір мұнда еліміздің әр түкпірінен келген 116 бала жаттығады. Академия ойыншыларын испандық бапкерлер іріктеп, оған Қазақстанның барлық өңірінен 4 мыңнан аса бала қатысты. Орталықта жас футболшылардың толыққанды оқу үдерісіне, жаттығулары мен жеке даярлығына барлық жағдай жасалған. Қасым-Жомарт Тоқаевқа академияны дамыту және спорттық инфрақұрылымды кеңейту жоспары көрсетілді. Осы орайда жасанды көгалы бар екі ашық футбол алаңын, 500 орындық жабық манеж және әкімшілік-тұрмыстық кешеннің жаңа ғимаратын салу көзделген.Президентке академия орнын таңдауда балаларды шыңдай түсетін табиғат факторлары ескерілгені айтылды. Алматы облысының Талғар ауданындағы таудың таза ауасы мен жағымды климат бала ағзасының тез қалпына келуіне септігін тигізеді.  Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев жабындысы FIFA талаптарына сай келетін футбол алаңын көрді, сондай-ақ допты игеру техникасы мен испан әдістемесі бойынша командалық іс-қимыл дағдыларын пысықтауға кіріскен жас футболшылардың жаттығуын тамашалады.Мемлекет басшысы академия өрендерімен жылы рәуіште әңгімелесті. Кездесуден естелік ретінде футбол добына қолтаңба қалдырды.Іс-шараға Испанияның Қазақстандағы елшісі Луис Франсиско Мартинес Монтес, «Атлетико Мадрид» футбол клубы директорлар кеңесінің мүшесі Давид Вилья, аталған клубтың академия істері және халықаралық даму жөніндегі директорының орынбасары Мария Тереса Кириви қатысты. www.akorda.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1233033?lang=ru
Облыс экономикасының барлық базалық салаларында оң нәтиже бар 30.06.2026
Аймақ басшысы Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен 2026 жылдың қаңтар-сәуір айларындағы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және жыл соңына дейінгі міндеттері тақырыбына арналған облыс әкімдігінің отырысы өтті.2026 жылдың алғашқы төрт айының қорытындысы бойынша облыс экономикасының барлық базалық салаларында оң нәтижелерге қол жеткізілді.«Жүк және жолаушылар тасымалының көлемі 11,1%-ға, сауда көлемі 8,5%-ға, құрылыс жұмыстары 4,8%-ға, өнеркәсіп өндірісі 2,5%-ға, ауыл шаруашылығы 2,4%-ға, инвестициялар көлемі 1,2%-ға өсті. Оның ішінде жеке инвестициялар 10,6%-ға артты. Тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі өткен жылдың деңгейінде сақталды», – деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.Өңдеу өнеркәсібі секторындағы зауыттар мен фабрикалар тұрақты жұмыс істеуде. Аталған саладағы өндіріс көлемі 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,9%-ға ұлғайды.Көктемгі егіс жұмыстарын жеңілдетілген несиелеу аясында облыс бойынша 173 млрд теңге бөлінеді. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 1,4 есе жоғары.Облыстың ауыл шаруашылығы құрылымдары «Кең Дала 2» бағдарламасы бойынша 86,5 млрд теңге көлемінде жеңілдетілген несие алды. Өткен жылмен салыстырғанда қаржыландыру көлемі 1,5 есе артты.Азық-түлік корпорациясының форвардтық сатып алу бағдарламасы бойынша 16 млрд теңге бөлінді. Бұл өткен жылғы деңгейден 3 есе көп.«Аграрлық сала өкілдері өткен аптада жауған мол жауын-шашынға ерекше қуанышты. Денисов ауданындағы «Фрунзенское» ЖШС аумағында 60 мм, Федоров ауданындағы «Гранд» ЖШС-де 44 мм, Ұзынкөл ауданындағы «Олжа Ряжское» ЖШС-де 20 мм, ал Қамысты ауданындағы «ПКФ «Қайрат» ЖШС-де 15 мм жауын-шашын түсті. Түскен ылғал қоры алдағы бірнеше аптаға жеткілікті болады деп күтілуде», – деді аймақ басшысы.Ветеринариялық қызметтердің жұмысы күшейтілді. Биыл бұл мақсатқа мемлекеттен 5,6 млрд теңге бөлінді. Оның есебінен 122 ветеринариялық пункт пен 78 мал қорымы салынады.Сонымен қатар, биыл облыстың 16 қаласы мен ауданында 1034 пәтер сатып алынып, әлеуметтік жағынан осал санаттағы кезекте тұрған азаматтарға беріледі. Бұл мақсатқа 18 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді.Өткен жылы 10,4 млрд теңгеге 548 пәтер берілген болатын. Көрсеткіш шамамен екі есеге өсті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1233039?lang=ru
Казахстан халықаралық деңгейде «+7» телефон кодына тең құқықтарын бекітті 30.06.2026
Женева, 2026 жылғы 29 мамыр – Байланыс мәселелері жөніндегі БҰҰ-ның мамандандырылған мекемесі – Халықаралық электр байланысы одағы (ХЭО) Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы «7» телефон нөмірлеу аймағын бірлесіп пайдалану туралы жаңа келісім жөніндегі ақпаратты ресми түрде жариялады. Жарияланым 2026 жылғы 1 маусымда ХЭО-ның Операциялық бюллетенінде жарияланды. Келісім мерзімсіз негізде жасалып, 2025 жылғы 3 желтоқсанда күшіне енді.Қазақстан мен Ресей бірлесіп пайдаланып отырған халықаралық «+7» кодына қатысты жаңа келісім Қазақстанның тең құқықты серіктес мәртебесін бекітеді және елге тиесілі нақты кодтық диапазондарды айқындайды: +7 0, +7 6 және +7 7.Бұрын бұл уағдаластық байланыс ведомстволары деңгейінде болған. Енді келісім екі мемлекеттің үкіметтері деңгейінде жасалды, бұл жоғарырақ мемлекетаралық мәртебе Қазақстанның мүдделерін неғұрлым сенімді қорғауға мүмкіндік береді.Сонымен қатар, тұрақтылық кепілдіктері күшейтілді: тараптардың кез келгені келісімнен шығу туралы бұрын 6 ай бұрын хабарлай алатын болса, енді бұл мерзім 24 айға дейін ұлғайтылды. Азаматтар мен байланыс операторлары үшін бұл үйреншікті телефон нөмірлері жүйесінің алдағы жылдары да болжамды әрі қорғалған күйде сақталатынын білдіреді.Қазақстан тарапынан уәкілетті орган ретінде Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі белгіленген.Осы шарттардың ХЭО алаңында бекітілуі Қазақстанның байланыс ресурстарын халықаралық деңгейде басқару жүйесіндегі позицияларын нығайтуға және цифрлық саладағы ұлттық мүдделерін қорғауға бағытталған кезекті қадамы болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-wto/press/news/details/1233061?lang=ru