ХХІV «Жетісу жұлдыздары - 2026» облыстық балалар шығармашылығы байқауы
30.06.2026 19:12:52 471
2026 жылдың 24-29 сәуір күндері облысымыздың 8 ауданы мен 2 қаласында облыс әкімінің жүлдесі үшін өткен ХХІV «Жетісу жұлдыздары-2026» облыстық балалар шығармашылығы байқауының аймақтық іріктеу кезеңі ұйымдастырылды.
1 маусым күні І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында байқаудың Гала-концерті және марапаттау рәсімі сағат 17:00-де өтті.
Байқаудың мақсаты:
Балалардың шығармашылығын дамыту, үлкен сахнаға жол ашу, музыкалық-эстетикалық тәрбие беру және жас таланттарды қолдау.
Іріктеу кезеңіне облыстың барлық аудандарынан және қалаларынан 516 бала қатысты, олардың ішінен 326 бала облыстық байқауға жолдама алды.
Байқау номинациялары:
- Эстрадалық ән
- Дәстүрлі ән
- Хореография
- Жеке аспапта ойнау
Қатысушылар 3 жас тобы бойынша сайысқа түсті:
- Кіші топ: 5-8 жас
- Орта топ: 9-11 жас
- Үлкен топ: 12-15 жас
Қазылар алқасы құрамы:
- Сабитова Айгүл Ташболатқызы – Қазақстан Республикасы Мәдениет саласының үздігі, қазылар алқасының төрайымы
- Атаметов Нодыржан Закирджанович – Халықаралық және республикалық фестивальдердің лауреаты, Д.Рақышев атындағы филармонияның «Жетісу» халық би ансамблінің балетмейстері
- Лахаева Гүлбану Сейілханқызы – Қазақстан Республикасы мәдениет саласының үздігі, Д.Рақышев атындағы филармонияның жеке дауыстағы эстрада әншісі
- Орынбасар Таңжарық Бинисламұлы – Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, Д.Рақышев атындағы филармонияның аспапшы артисі
- Айдарәли Жанатбек – Ақын, дәстүрлі әнші, Жетісу облысы халық шығармашылығы орталығының мәдени-демалыс жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің басшысы
Байқау қорытындысы бойынша әр номинация және жас топтар бойынша жеңімпаздар дипломдармен, сертификаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1232638?lang=ru