Enbekshi QazaQ
2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Әлем

Жеңілдікпен әкелінген электромобильдерге шектеулер 30.06.2026
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2026 жылғы 24 ақпандағы № 35 Шешіміне сәйкес, 2022 жылғы 28 наурыз бен 2025 жылғы 31 желтоқсан аралығында кедендік баждар мен салықтарды төлеуден босатыла отырып Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген электромобильдерге қатысты шектеулер шектеулер енгізілгенін хабарлайды.Жаңа талаптарға сәйкес, мұндай электромобильдерді Ресей Федерациясының азаматтарына және (немесе) Ресей Федерациясында тұрақты тұратын тұлғаларға иеленуге, пайдалануға немесе билік етуге беруге жол берілмейді.Аталған шектеу көлік құралы еркін айналымға шығарылған күннен бастап үш жыл ішінде немесе кедендік баждар мен салықтар толық көлемде төленгенге дейін қолданылады.Егер меншік иесі үш жылдық мерзім аяқталғанға дейін электромобильді сатуды, пайдалануға беруді, сенімхат рәсімдеуді, жалға беруді немесе оған қатысты өзге де құқықтарды жоғарыда аталған тұлғаларға беруді жоспарласа, кедендік баждар мен салықтарды заңнамада белгіленген тәртіппен алдын ала төлеуі қажет.Электромобильдерді сату, пайдалануға беру, сенімхат рәсімдеу, жалға беру және өзге де мәмілелер жасау кезінде аталған талаптарды ескерулеріңізді сұраймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1233342?lang=ru
Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар мүмкіндіктері сараланды 30.06.2026
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев «China State Construction Engineering Corporation» компаниясының өкілдерімен кездесті. Бұл – әлемдегі жетекші құрылыс және инфрақұрылымдық компаниялардың бірі.Кездесуде өңірдің инвестициялық әлеуеті, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың мүмкіндіктерін тиімді пайдалану, сондай-ақ жаңа өндірістік жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.Айта кетейік, өңірде инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында 550 гектар аумақта «Қорқыт Ата» арнайы экономикалық аймағы құрылған болатын. Қазір экономикалық қызметтің 18 басым түрі айқындалған. Атап айтқанда, құрылыс материалдарын өндіру, машина жасау, электр жабдықтарын шығару, логистика және қоймалау, химия өнеркәсібі, автокөлік және авиациялық техника өндірісі сияқты бағыттар бар.Сонымен қатар Қызылорда облысында индустриялық инфрақұрылымды дамытуда нақты жұмыстар атқарылуда. Бүгінде облыста жалпы көлемі 515 гектардан асатын 6 индустриялық аймақ жұмыс істейді, оларда 112 млрд теңгенің 37 жобасы іске қосылып, мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды. «Өндіріс» индустриялық аймағында құрылыс материалдары, шыны өндірісі, керамика және өнеркәсіптік өнім шығару жобалары нәтижелі жүзеге асуда.Кездесуде тараптар индустриялық парктер салу, инженерлік инфрақұрылымды дамыту, өндірістік және логистикалық нысандарды жандандыру бағытындағы ынтымақтастықты кеңейтуге уағдаласты. Өзара тиімді әріптестікті дамыту және бірлескен инвестициялық жобаларды одан әрі жалғастыру жоспары нақтыланып, аталған компания өкілдері Сыр өңіріне іссапармен келуге ниет білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1233360?lang=ru
Мақсаттардан нақты іс-қимылға: орнықты даму және климаттық саясат 30.06.2026
29 мамырда Астанадағы Президенттік орталықта «Еуразиядағы орнықты даму мақсаттары» тақырыбында конференция өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетімен, Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтымен бірлесіп, Қазақстандағы БҰҰ Өңірлік өкілдігінің қолдауымен ұйымдастырды.Пленарлық сессияға Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов, Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының ректоры Анатолий Торкунов, БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі Саранго Раднарагча, БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниа, Ресей Федерациясы Президентінің халықаралық ұйымдармен байланыс жөніндегі және ОДМ-ға қол жеткізу мәселелері бойынша арнайы өкілі Борис Титов және дипломатиялық, ғылыми және бизнес қауымдастықтың басқа да жоғары лауазымды өкілдері қатысты.Өз сөзінде Ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев климаттың өзгеруі, әлемдік экономиканың трансформациясы және трансшекаралық сын-қатерлер жағдайында халықаралық диалогты нығайту және Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін бірлескен тәсілдерді әзірлеу аса маңызды екенін атап өтті.Асан Дарбаев сондай-ақ Қазақстанда климаттың өзгеруіне төзімді жаңа экономикалық даму моделі қалыптасып жатқанын айтты. Төмен көміртекті даму орнықты дамудың маңызды шарты болып табылады және жаһандық климаттың өзгеруінің апатты салдарының алдын алуға бағытталған.Сөзін қорытындылай келе, Вице-министр тек бірлескен және уақтылы қабылданған шешімдер ғана болашақ ұрпақ үшін қоршаған ортаны сақтауға мүмкіндік беретінін жеткізді.Сонымен қатар конференция аясында Вице-министр мен БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясы Атқарушы хатшысының орынбасары Дмитрий Марьясиннің екіжақты кездесуі өтті. Тараптар экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту және интеграциялық үдерістерді тереңдету мәселелерін талқылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1233371?lang=ru
Қазақстанның Орнықты даму мақсаттарын табысты іске асыру тәжірибесі жоғары деңгейдегі конференция алаңында баяндалды 30.06.2026
29 мамырда «Еуразиядағы орнықты даму мақсаттары» атты конференцияның бірінші сессиясында Нұргүл Жанназарова Қазақстандағы Орнықты даму мақсаттарының жүзеге  асырылуы туралы ақпаратты көпшілік назарына ұсынды.Бірінші сессия отырысында сондай-ақ Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансур Ошурбаев, Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының Орнықты даму орталығының директоры Игорь Юргенс, БҰҰ Бас Ассамблеясының 72-сессиясының төрағасы, 2009–2010 және 2012–2020 жылдары Словакия Республикасының Сыртқы істер министрі болған Мирослав Лайчак, БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясы Атқарушы хатшысының орынбасары Дмитрий Марьясин, Ресей Ғылым қоры Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Дмитрий Конов, БҰҰ-ның Халықаралық сауда құқығы жөніндегі комиссиясының хатшысы Анна Жубан-Бре (Франция), Үндістан Сыртқы сауда институты жанындағы ДСҰ зерттеу орталығының доценті Анимеш Кумар (Үндістан), Нью-Йорк университетінің Халықаралық ынтымақтастық орталығының ғылыми қызметкері, БҰҰ «Бір планета» желісінің жетекшісі Хорхе Лагуна-Селис (Мексика) сөз сөйледі.Нұргүл Жанназарова өз сөзінде 2019, 2022 және 2025 жылдары Нью-Йоркте БҰҰ-ның Жоғары деңгейдегі форумында ұсынылған ерікті ұлттық шолулардың негізгі басым бағыттары туралы айтып өтті.Департамент директорының айтуынша, биыл сәуір айында Қазақстан БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының Женевада өткен Орнықты даму жөніндегі Өңірлік форумына белсенді түрде қатысты.ЕЭК форумы ОДМ-ға қол жеткізу, цифрлық трансформация, жасыл өсу және халықтың өмір сапасын арттыру мәселелері бойынша өңірлік ынтымақтастықты үйлестіру, келісілген шешімдер әзірлеу және кеңейту алаңы болды.Спикер сондай-ақ Орнықты даму мақсаттарының қазіргі таңда ұлттық саясаттың ажырамас бөлігіне айналып, азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жаңа реформалар мен шараларды әзірлеудің негізі болып отырғанын жеткізді.Жалпы, конференцияға қатысушылар жаһандық күн тәртібіндегі міндеттерге қол жеткізу елдердің серіктестік қағидаттарына негізделген бірлескен күш-жігерін талап етеді деген ортақ пікірге келді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1233374?lang=ru
Қазақстанда Азияның жетекші университеттерінің президенттері жоғары білімнің болашағын талқылау үшін бас қосты 30.06.2026
Қазақстанда Азияның жетекші университеттерінің президенттері жоғары білімнің болашағын талқылау үшін бас қостыЖоғары оқу орындары технологиялық өзгерістердің жеделдеуі, еңбек нарығы талаптарының трансформациясы және қоғам талаптарының өсуі жағдайында жаңа даму модельдерін іздеп жатыр. Осы орайда Азия елдерінің академиялық көшбасшылары Астанада өткен Asian Universities Alliance (AUA) Presidents Forum 2026 шарасында бас қосты.Форумға Азия және өзге де өңірлердегі жетекші жоғары оқу орындарының басшылары қатысты. Олардың қатарында Tsinghua University, The Hong Kong University of Science and Technology, Nazarbayev University, United Arab Emirates University, Chulalongkorn University, The University of Tokyo, Vietnam National University және Seoul National University бар.Форум қатысушыларын құттықтаған Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек еліміздің болашаққа бағдарланған жоғары білім жүйесін жүйелі түрде дамытып келе жатқанын атап өтті.«Қазақстан үшін жоғары білім мен ғылымды дамыту – ұлттық орнықтылық пен экономикалық бәсекеге қабілеттіліктің негізгі мәселесі. Біз болашақ университеттері жасанды интеллектіні тек оқытумен шектелмеуі керек деп санаймыз – олардың қызметі осы технологияларға негізделуі тиіс. ЖИ жабдықталған университет үлгісі бүгінде Қазақстанда нақты жүзеге асып келеді. Төрт ұлттық университетті біріктіретін үлестірілген академиялық кластер Nazarbayev University экожүйесіне сүйене отырып дамуда», – деп атап өтті министр.Сонымен қатар министр Қазақстанның Азия университеттерімен ынтымақтастықты кеңейтуге және болашақтың ортақ қиындықтарын бірлесіп еңсеруге ашық екенін де ерекше атап өтті.Форум жоғары оқу орындарының президенттері, провосттары мен аға басшыларын біріктіріп, онда университеттердің күрделі әрі жылдам өзгеріп жатқан әлемде қалайша тұрақты, инновациялық және өзекті болып қалу керектігін талқылауға арналды. Бағдарлама аясында AUA-ның қаржылық тұрақтылығы мен үш жылдық стратегиялық жоспарын әзірлеуге арналған жұмыс сессиялары өтті. Қатысушылар альянстың осы уақытқа дейінгі жетістіктерін, болашақ бастамалардың мерзімдерін және келесі кезеңдегі ынтымақтастықтың стратегиялық басымдықтарын қарастырды. Саммит барысында Альянс төрағалығы United Arab Emirates University-ден Chulalongkorn University-ге өтті.«Болашақтың университеттерін қалыптастыру: индустриямен ықпалдастық және басқару инновациялары» тақырыбымен өткен форум бүгінгі жоғары білім беру жүйесінің алдында тұрған екі негізгі мәселеге арналды: институционалдық икемділікті қамтамасыз ету үшін басқару модельдері қалай өзгеруі тиіс және университеттер мен индустрия арасындағы әріптестікті күшейту студенттерді болашаққа қалай тиімді дайындай алады.«Бүгінде әлемдегі ең қарқынды дамып жатқан әрі халықаралық деңгейде ықпалып бар зерттеу университеттерінің бірқатары Азияда орналасқан. Asian Universities Alliance құрамына Tsinghua University, Peking University, University of Tokyo, Seoul National University және Hong Kong University of Science and Technology секілді ірі университеттермен қатар, Indian Institute of Technology Bombay және Nazarbayev University сияқты ықшам әрі жоғары маманданған білім және ғылым орталықтары кіреді. Бізді біріктіретін негізгі құндылық – зерттеу мен білім беру арқылы жаһандық мәселелерді бірлесіп шешуге деген ұмтылыс», – деді NU президенті профессор Вакар Ахмад.Форум аясында екі тақырыптық сессия ұйымдастырылды. «Болашақтың университеттерін басқару модельдері» атты сессияда цифрлық трансформация, қаржылық қысым және стейкхолдерлердің жаңа талаптары жағдайында университеттердің басқару және шешім қабылдау құрылымдарын қалай қайта қалыптастырып жатқаны талқыланды. Пікірталастар институционалдық икемділікке, академиялық автономияға, басқарудағы инновацияларға және болашаққа бейімделген университеттердің көшбасшылық модельдеріне арналды.Екінші сессия – «Университеттегі білім берудегі индустрияның рөлі: тәжірибе мен сын-қатерлер» тақырыбында өтті. Қатысушылар университеттер мен индустрия арасындағы әріптестіктің оқыту сапасын арттыруға, тәжірибеге негізделген білім беруді дамытуға және академиялық бағдарламаларды еңбек нарығының сұранысына сәйкестендіруге қалай ықпал ететінін талқылады. Сондай-ақ академиялық адалдық пен ұзақмерзімді тұрақтылық мәселелері де көтерілді.Форум соңында Asian Universities Alliance мүшелері арасындағы ынтымақтастық нығайып, тәжірибелік маңызы бар бірқатар ұсыныс қалыптасты. Кездесу университеттердің өздерінің негізгі академиялық миссиясын сақтай отырып, өзгермелі әлемге бейімделу жолдары жөніндегі халықаралық диалогтың маңызды бөлігіне айналды.Asian Universities Alliance туралыAsian Universities Alliance 2017 жылы Бейжіңдегі Tsinghua University базасында құрылып, Азияның жетекші 15 университетін біріктірді. Times Higher Education World University Rankings 2026 рейтингінде 401–500 аралығында орналасқан әрі Орталық Азия мен Кавказ өңіріндегі үздік университет ретінде танылған Nazarbayev University – альянстың негізін қалаушы мүшелерінің бірі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/1233412?lang=ru
Самар ауданының Жұмба ауылында спортзал ашылды 30.06.2026
Самар ауданына қарасты Жұмба ауылында жаңа спортзалдың салтанатты ашылуы өтті. Бұл нысан ауыл тұрғындары үшін көптен күткен маңызды жоба болды, себебі елді мекенде бірнеше онжылдық бойы жеке спорт залы болмаған.Іс-шараға Самар ауданының әкімі Серік Женисов, ауыл тұрғындары, педагогтар, оқушылар және құрметті қонақтар қатысты.Жұмба ауылындағы мектеп 1988 жылы салынғанымен, онда спорт залы болмаған. Осы уақытқа дейін дене шынықтыру сабақтары бейімделмеген жағдайда өткізілді. Бүгінде мектепте 32 оқушы білім алады, 12 бала шағын орталыққа барады.Аудан әкімі спортзал құрылысы тұрғындардың өтініштері негізінде басталғанын, бұл бастама Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов деңгейінде қолдау тауып, қажетті қаржы бөлінгенін атап өтті. Құрылыс 2025 жылдың соңында басталып, қысқа мерзімде аяқталды. Мердігер — «Өтегенова» ЖК.Спортзалдың ішкі жабдықталуы бюджетке салмақ түсірмей, демеушілік қаражат есебінен қамтамасыз етілді. Мұнда үстел теннисі үстелі, гимнастикалық төсеніштер, тренажерлар, брусья, штангалар, гантельдер, волейбол торы, турник, сондай-ақ армрестлинг пен тоғызқұмалаққа арналған жабдықтар орнатылған. Сонымен қатар душ бөлмелері, санитарлық тораптар және жылы киім ауыстыратын бөлме қарастырылған.Аудан аумағын дамыту аясында Мариногорка–Жұмба бағытындағы 38 шақырымдық жолды жөндеу жұмыстары жалғасуда. Биыл алғашқы 8 шақырымда жұмыс жүргізілуде, қалған бөлігі кезең-кезеңімен жалғастырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1233430?lang=ru
Мәжіліс электрондық сауданы кедендік реттеу бойынша түзетулерді мақұлдады 30.06.2026
Мәжіліс «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Құжат электрондық сауда тауарының кейбір санатын, жаңа декларация түрін және электрондық сауда операторын енгізуді көздейді.Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің айтуынша, түзетулер шетелдік интернет-алаңдардағы үшінші елдерден жеке тұлғалардың атына халықаралық почта арқылы жіберілетін тауарларды «электрондық сауда тауары» деген жеке санатқа бөлуді қарастырады.Бұдан басқа, заңнамаға «электрондық сауда операторы» ұғымы, сондай-ақ электрондық сауда декларациясы сияқты кедендік құжаттың жаңа түрі енгізіледі.Азамат Әмриннің айтуынша, қазір шетелдік интернет-алаңнан сатып алынатын зат жеке пайдалануға арналған тауарға жатады. Оған бажсыз әкелу нормасынан асып кеткен жағдайда ғана декларация жасалып жүр.«Бұл ретте электрондық сауда тауары жеке тұлғаның пайдалануына арналған, яғни кәсіпкерлік қызметке байланысты емес. Бұл тауарлар сауда айналымына жатпағандықтан, ресми статистикаға енгізілмейді. Енді жөнелтімнің барлығын бірдей декларациялау шетелдік интернет-алаңда сатып алынатын тауардың толық, нақты статистикасын қалыптастыруға мүмкіндік береді»,-деп атап өтті бірінші вице-министр.Оның айтуынша, түзетулер халыққа кедендік рәсімді жеңілдетуге, трансшекаралық электрондық сауданың ашықтығын арттыруға, тауар импортының толық статистикасын құруға арналып отыр.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1233444?lang=ru
«Қостанай қаласының үздік ауласы» конкурсын өткізу туралы 30.06.2026
Ережесі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1233448?lang=ru
Серік Жұманғарин Barceló Hotel Group бас атқарушы директорымен кездесті 30.06.2026
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Barceló Hotel Group бас атқарушы директоры Рауль Гонсалеспен кездесті.Тараптар Қазақстанда қонақ үй бизнесін дамыту перспективасын талқылады. Серік Жұманғарин атап өткендей, Үкімет туристік саланы дамытып, халықаралық инвесторлар мен жетекші қонақ үй операторларын тарту үшін қолайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөледі. Қазақстандық тарап қонақ үй инфрақұрылымын одан әрі дамыту үшін дайын нысандар сатып алу, жұмыс істеп тұрған ғимараттарды жалға алу бойынша бірқатар ұсыныс дайындаған.«Біз Barceló Hotel Group әлеуетін жоғары бағалап, компанияны қонақ үй саласындағы табысты жобаларды жүзеге асыруда бай халықаралық тәжірибесі бар сенімді әріптес ретінде қарастырамыз. Ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын талқылауға және Қазақстанда өзара тиімді жобаларды жүзеге асыру үшін жағдай жасауға дайынбыз», — деп атап өтті Серік Жұманғарин.Бұл кездесу өткен жылы Серік Жұманғариннің Севильяда (Испания) БҰҰ-ның дамуды қаржыландыру жөніндегі IV халықаралық конференциясына қатысуы шеңберінде өткізілген келіссөздердің жалғасы. Сол кезде тараптар Barceló Hotel Group-тың қазақстандық нарыққа шығу мүмкіндігін талқылаған болатын. Қазақстандық тарап компания өкілдерін елдің инвестициялық және туристік әлеуетімен танысу үшін Қазақстанға шақырған.Barceló Hotel Group өкілдері сапар шеңберінде Алматыға барады. Онда Астанадағыдай бірқатар кездесу өткізіп, қонақ үй бизнесін дамытуға қолайлы нысандармен танысады.Анықтама:Barceló Hotel Group – 1931 жылдан бері туризм саласында жұмыс істейтін отбасылық испандық компания. Штаб пәтері Майорка аралында (Испания) орналасқан. Компания қонақ үй, туристік агенттік пен авиакомпания желісіне иелік етіп және оны басқарады. Әлемнің 30 елінде 300-ден астам қонақүйді біріктіретін Испаниядағы ең ірі оператордың бірі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1233501?lang=ru
Варшава университетінде Түрік халықтары мәдениеті орталығы ашылды 30.06.2026
Варшава, 2026 жылғы 2 маусым - Варшава университетінде Түркі халықтарының мәдени орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл жаңа академиялық алаң түркі әлемінің тарихын, тілдері мен мәдениетін зерделеуге жәрдемдесуге бағытталған.Орталық Варшава университетінің Азия және Африка мәдениеттері факультетінің бастамасымен, Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының және Польшада аккредиттелген түркітілдес мемлекеттер елшіліктерінің қолдауымен құрылды.Іс-шарада Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының президенті Ақтоты Раимқұлова құттықтау сөз сөйлеп, жаңа құрылымның түркі мемлекеттері арасындағы ғылыми, білім беру және мәдени байланыстарды нығайтудағы маңызын атап өтті.Өз сөзінде Қазақстан Республикасы Елшілігінің өкілі Орталықтың құрылуы академиялық зерттеулерді дамытуға, мәдениетаралық диалогты кеңейтуге және Польша мен түркі мемлекеттері арасындағы гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.Достық пен мәдени ынтымақтастықтың белгісі ретінде Елшілік Орталыққа қазақ халқының қонақжайлылық, береке мен ұлттық дәстүрлерге құрметінің нышаны саналатын дәстүрлі қазақ кәдесыйы – торсықты сыйға тартты.Салтанатты рәсімге Варшава университетінің оқытушылары мен зерттеушілері, студенттер, сондай-ақ Әзербайжан, Түркия және Өзбекстан дипломатиялық миссияларының өкілдері қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-warsaw/press/news/details/1233507?lang=ru
ҚР - дағы банскроттық және азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру: нені білу қажет 30.06.2026
2026 жылғы 16 қаңтарда ҚР қаржы нарығын, байланыс саласын және банкроттықты реттеу мен дамыту мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңға қол қойылды.Аталған Заң ҚР «ҚР азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңына (бұдан әрі – Заң) өзгерістер енгізуді көздейді.Не өзгерді және қандай рәсімдер бар👇Заң 3 рәсімді қарастырады:🔹 соттан тыс банкроттық🔹 сот арқылы банкроттық🔹 төлем қабілеттілігін қалпына келтіру🧾 Соттан тыс банкроттықӨтініш eGov порталы немесе eGov mobile арқылы беріледі. Өтініштерді мемлекеттік кірістер органдары қарайды.Тек келесі берешектер бойынша қолданылады:🏦 банктер💳 микроқаржы ұйымдары📞 коллекторларШарттары:✔️ қарыз 1600 АЕК-тен аспайды (≈ 6,9 млн ₸)✔️ 12 айдан астам төленбеген✔️ тіркелген мүліктің болмауыЕрекше жағдайлар:🔸 6 ай АӘК алсаңыз — төлемеу мерзімі есепке алынбайды🔸 қарыз 5 жылдан астам төленбесе — шарттар қолданылмайды📌 Маңызды:— ломбардтар бұл рәсімге кірмейді— егер қарыз 5 жылдан асса — рәсім небәрі 1 айда аяқталуы мүмкін⚖️ Сот арқылы банкроттықӨтініш тұрғылықты жер бойынша сотқа беріледі.Келесі берешектерден басқа барлық қарыздарға қолданылады:❌ алименттер❌ өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян❌ қылмыстық залал❌ бюджетке төленетін кейбір төлемдерШарттары:✔️ қарыз 1600 АЕК-тен жоғары✔️ 12 айдан астам төленбеген✔️ мүліктің болуы немесе болмауы📌 Егер мүлік болмаса — қарыз сомасы маңызды емесНені білу керек:💼 мүлік аукционда сатылады🏠 жалғыз баспана:— кепілде болса → алынуы мүмкін— кепілде болмаса → алынбайды👤 қаржы басқарушысы тағайындалады (≈ айына 1 ЕТЖ)⏳ мерзімі: 6 ай (+ тағы 6 айға ұзартылуы мүмкін)Шектеулер:🚫 несие алуға болмайды🚫 мүлікті сатуға болмайды🌍 шетелге шығуға тыйым салынады🔚 Банкроттықтың салдары:❌ 5 жыл несие алуға болмайды🔁 қайта банкрот болу — 7 жылдан кейін👀 3 жыл мүлікке бақылау жүргізіледі🔄 Төлем қабілеттілігін қалпына келтіруӨтініш сотқа беріледі.Шарты:✔️ қарыз мүлік құнынан аспайды немесе тұрақты табыс барНе істеуге болады:🏠 мүліктің бір бөлігін сату🏢 мүлікті жалға беру🔄 тұрғын үйді арзаныраққа ауыстыруАртықшылықтары:✅ «банкрот» мәртебесі берілмейді✅ несие алуға шектеу жоқ✅ қаржылық мониторинг жүргізілмейді📅 5 жылға дейін төлем жоспары жасалады👤 қаржы басқарушысының көмегі💰 қарыздың бір бөлігін есептен шығару мүмкіндігіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1233550?lang=ru
❗️“Salyq КЭШБЭК” бойынша маңызды ақпарат❗️ 30.06.2026
Қарағанды қаласында Salyq КЭШБЭК акциясына қатысу уақытша тоқтатылғанын хабарлаймыз.Әрбір қатысушыға құрметпен қараймыз және түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз.Сіздердің белсенділіктеріңіз бен пікірлеріңіздің арқасында Amian үнемі дамып, баршаға ыңғайлы әрі пайдалы бола түсуде.Чектерді сканерлеу мүмкіндігі қолжетімді — осы мүмкіндікті пайдаланыңыз және қосымшадағы жаңартуларды қадағалаңыз.Сондай-ақ барлық өзгерістерден хабардар болу үшін стористер мен Telegram-арнамызды бақылап отырыңыз!🙌🏻Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1233569?lang=ru
Күнделікті жұмыс барысында көше жиектеріндегі тұрмыстық қалдықтар мен ірі көлемді қоқыстар арнайы жүк көліктерімен шығарылуда. 30.06.2026
  Тазалық жұмыстары мұнымен шектелмейді, алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатын болады.Өз үйіміздің, ауылымыздың тазалығына бейжай қарамай, ортақ мекенімізді бірге аялайық! Қоқысты арнайы жәшіктерге ғана тастауыңызды сұраймыз.📍БаяндыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1233591?lang=ru
ЖИ бойынша турнирге қатысу 30.06.2026
02.06.2026 жылы жасанды интеллект бойынша облыстық турнирдің үшінші кезеңі өтті. Біздің педагогтардың жүлделі орындар болмағанына қарамастан, олардың өнері лайықты болды. Олар өз жобаларын табысты көрсетіп, командалық жұмыстың жоғары деңгейін көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1233594?lang=ru
Атырауда «Naryn Fest» экстрим фестивалін өткізу жоспарлануда 30.06.2026
Бұл — өңірдің туристік әлеуетін арттыруға және туристер ағынын көбейтуге бағытталған ауқымды іс-шаралардың бірі. Қазір Атырау облысында туризм саласын дамыту жұмыстары қарқын алып, өңірдің табиғи және мәдени нысандарын насихаттауға басымдық берілуде.Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының Туризмді дамыту бөлімінің басшысы Алима Рамазанова мен «VisitAtyrau» туристік ақпараттық орталығының директоры Қайсар Махсутов мәлімдеді.Қазір облыста 272 туристік нысан жұмыс істейді. Олардың қатарында қонақ үйлер, туроператорлар, жол бойындағы сервис нысандары мен этноауылдар бар.Биыл «VisitAtyrau» туристік ақпараттық орталығы «KITF Almaty» халықаралық көрмесіне қатысып, Атыраудың туристік мүмкіндіктерін таныстырды. Сонымен қатар Ақкерегешың – Иманқара бағыты бойынша ұйымдастырылған экспедицияға 130-дан астам турист қатысқан.Бұдан бөлек, өңірде агротуризмді дамыту мақсатында кәсіпкерлерге арналған семинарлар өткізіліп, ауыл туризмін дамытуға бағытталған жобалар қолға алынған. Ал «Саяхат дәмі бар кофе» жобасы аясында кофеханаларда облыстың көрікті жерлері бейнеленген QR-коды бар арнайы стақандар ұсынылуда.Былтыр өңірге 187 мыңнан астам турист келген. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 19,6 пайызға көп. Оның 166 мыңы – ішкі туристер, ал 21 мыңы – шетелдік қонақтар. Сонымен қатар биылғы алғашқы төрт айда туризм саласына тартылған инвестиция көлемі 15,6 млрд теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есеге артқан.Брифинг барысында жазғы туристік маусымға дайындық мәселесі де айтылды. Биыл Атырау қаласында жеті жағажай ашу жоспарланған. Олардың қатарында «Балықшы», «Геолог», «Жилгородок» аумақтары және ауылдық округтердегі демалыс орындары бар. Қазір жағажайларда абаттандыру, жарықтандыру, санитарлық және қауіпсіздік инфрақұрылымын дайындау жұмыстары жүргізілуде. Нысандарды 1 шілдеге дейін іске қосу көзделген.Сондай-ақ өңірдегі туристік орындарға апаратын жолдарды жақсарту жұмыстары жалғасып жатыр. Атап айтқанда, Ақмешіт қорымы мен Ақкерегешыңның борлы тауына баратын жолдар жөнделуде. Құрманғазы ауданындағы лотос алқабында туристерге қолайлы жағдай жасау үшін қарау алаңдары мен автотұрақтар салынған.Спикерлердің айтуынша, алдағы уақытта өңірде «Naryn Fest» экстрим фестивалі, «Lotus Fest 2026» және «Tour de Saraishyq» халықаралық велошеруі секілді ауқымды туристік жобаларды өткізу жоспарланып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/1233609?lang=ru
2026 жылғы 2 маусымда аудан әкімдігінің отырысы өтті 30.06.2026
Әкімдік отырысына Жақсы ауданының маслихат төрағасы, ауыл және ауылдық округтердің әкімдері, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, аудандық аумақтық мемлекеттік органдардың басшылары, БАҚ өкілдері шақырылды.Отырыс барысында келесі мәселелер қаралды:Орман және дала өрттерінің алдын алу және оларды жоюға дайындық, сондай-ақ шомылу кезеңінде қауіпсіздікті ұйымдастыру туралы;Жақсы ауданының жылыту маусымын аяқтау және жылумен жабдықтау объектілерін 2026-2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындау қорытындылары туралы;Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру туралы.2026 жылдың өткен кезеңінде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қорытындылары туралы.Аудан әкімдігінің отырысынан кейін ағымдағы мәселелер бойынша кеңес өтті.Кеңестің күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:Жақсы ауданын абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын жүргізу туралы;Жақсы ауданындағы жастарды қоса алғанда, халықтың көші-қонын төмендету жөніндегі Жол картасында көзделген іс-шараларды іске асыру және қол жеткізілген нәтижелер туралы;2026 жылдың бірінші жартыжылдығында халықпен есептік кездесулер өткізу қорытындылары туралы. Сайлаушылар тізімдерін өзектендіру;Жақсы ауданының аумағында жұмылдыру туралы хабарлау бойынша жаттығулар өткізу туралы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zhaksy/press/news/details/1233633?lang=ru
Дәурен Қосанов Мәскеуде өткен ҰҚШҰ Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысына қатысты 30.06.2026
  Ресей астанасында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің Қорғаныс министрлері кеңесінің кезекті отырысы өтті.  Отырысқа Қазақстан делегациясын Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов бастап барды.  Кездесу барысында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің әскери қауіпсіздігіне қатысты өзекті сын-қатерлер мен қауіптер талқыланды.  Отырыс қорытындысы бойынша ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің басқару органдары мен күштері мен құралдары құрамаларының 2027 жылға арналған бірлескен даярлық іс-шараларының жоспары бекітілді.  Сонымен қатар, ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің авиациясын дамытуға және әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін жетілдіруге бағытталған шешімдерге қол қойылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1233640?lang=ru
Өңірдің мұнай-газ саласындағы мәселелер талқыланды 30.06.2026
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев «Қазгермұнай» БК» ЖШС өкілдерімен кездесті. Кездесуде өңірдің мұнай-газ саласын дамыту, әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.Аймақ басшысы компанияның және оның еншілес ұйымдарының облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы өзіндік орнын ерекше атап өтті.«ҚазМұнайГаз» акционерлік қоғамы Қызылорда облысында бірқатар ауқымды жұмысты жүзеге асырып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосып келеді. Алдағы уақытта да тиімді әріптестік негізінде маңызды жобаларды бірлесіп іске асырып, ынтымақтастығымызды одан әрі нығайтамыз деп сенемін, – деді Мұрат Нәлқожаұлы.Кездесуде компанияның әлеуметтік жауапкершілік аясында атқарған жұмыстары жоғары бағаланды. Атап айтқанда, «Қазгермұнайдың» демеушілігімен 2,5 млрд теңгеге салынған «Оқушылар сарайы» бүгінде балалар игілігіне қызмет етуде.Бұдан бөлек, мұнай-газ саласындағы инфрақұрылымдық жобалар жайы талқыланды. 2022 жылы өңірдегі ірі мұнай компаниялары мен Энергетика министрлігі арасында «Қазгермұнай» компаниясының «Оңтүстік Ақсай» кен орнындағы шикі газ өңдеу зауытына дейін газ құбырын жеткізу жөніндегі меморандумға қол қойылған болатын. Қазір «Казпетрол Груп» және «Тұзкөл Мұнайгаз Оперейтинг» серіктестіктері құбыр құрылысын аяқтап, газ жеткізуді бастаған. Бұл өңделетін газ көлемін арттырып, өңір экономикасының дамуына оң әсерін тигізеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1233649?lang=ru
"Қазақтелеком" АҚ аудандық филиалының бастығы "Байланыс саласының үздігі" төсбелгісімен марапатталды 30.06.2026
2026 жылғы 2 маусымда аудан әкімдігінің отырысында аудан әкімі Алмагүл Аманжолқызы Қадыралина «Қазақтелеком» АҚ аудандық филиалының бастығы Нұрлан Есетұлы Қуанышпаевқа Қазақстан Республикасы жасанды интеллект және цифрландыруды дамыту Министрлігінің «Байланыс саласының үздігі» төсбелгісін табыс етті.Нұрлан Есетұлы көп жылғы адал еңбегі, байланыс саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі және жоғары кәсібилігі үшін жоғары ведомстволық марапатқа ие болды.Нұрлан Есетұлын еңбек сіңірген наградасымен құттықтаймыз және ауданның цифрлық инфрақұрылымын дамыту үшін кәсіби қызметте одан әрі табыстар мен жаңа жетістіктер тілейміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zhaksy/press/news/details/1233681?lang=ru