Әлем
«Электрондық үкімет порталы арқылы жер учаскесін алу үшін кезекке қою" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары. 19.08.2025
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған жер учаскесіне кезекке қою туралы өтініш.Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 20 минут ішінде.Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі: Өтінішті арнайы есепке қою туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.Жұмыс кестесі: порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).Қосымша ақпарат алу үшін Шелек ауылдық округі әкімінің аппаратына хабарласуға болады.Мекен-жайы: Шелек ауылы, Жібек жолы көшесі, 40Байланыс телефоны: 8 (72776) 2-14-30Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbekshikazakh-shelek/press/news/details/1053356?lang=kk
Қыркүйекте Астана VIII Дүниежүзілік және дәстүрлі дін көшбасшылары съезіне қатысушыларды қабылдайды. БАҚ үшін аккредитация ашылды. 19.08.2025
2025 жылғы 17-18 қыркүйекте Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласында, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII Съезі өтеді.VIІI Съезд жұмысына әлемнің шамамен 60 елінен 100-ден астам делегация қатысады деп күтілуде. Олардың қатарында ислам, христиан, буддизм, иудаизм, индуизм, даосизм, зороастризм, синтоизм діндерінің рухани лидерлері, халықаралық ұйымдардың өкілдері, сарапшылар қауымдастығы, саяси және қоғам қайраткерлері бар.Съезд аясында өтетін іс-шаралар:16 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Хатшылықтың XXIII отырысы өтеді.Дәл осы күні БҰҰ Өркениеттер альянсы аясында діни нысандарды қорғау жөніндегі арнайы сессия өтеді. Сессияға жетекші діни және саяси лидерлер, дипломаттар, қоғамдық және халықаралық ұйымдардың өкілдері жиналып, ғибадат орындары, қасиетті және діни ғимараттарға қауіп төндіретін жаһандық сын-қатерлерді талқылайды.17 қыркүйекте ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезінің пленарлық отырысы өтеді. Форумның басты тақырыбы – «Діндер диалогы: болашақ жолындағы синергия». Жұмыс барысында секциялық отырыстар форматында бірқатар өзекті мәселелерді қарау жоспарлануда.18 қыркүйекте «Жастар бейбіт қатар өмір сүру үшін: болашақ жолындағы синергия» тақырыбында ІІ Жас діни лидерлер форумы өтеді.Оқиғалардың күндері мен орындары:16 қыркүйек10:00 – Съез Хатшылығының XXІІІ отырысы (Астана қ., Бейбітшілік және келісім сарайы, Тәуелсіздік даңғ. 57);15:00 – Біріккен Ұлттар Ұйымының Өркениеттер альянсының діни нысандарды қорғау жөніндегі арнайы сессия (Астана қ., Тәуелсіздік сарайы, Тәуелсіздік даңғ. 52).17 қыркүйек10:00 – Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII Съезінің Ашылуы және Пленарлық отырысы (Астана қ., Тәуелсіздік сарайы, Тәуелсіздік даңғ. 52).18 қыркүйек10:00 – Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII Съезінің секциялық отырыстары;10:00 – II Жас діни лидерлер форумы;15:00 – Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII Съезінің жабылуы (Астана қ., Тәуелсіздік сарайы, Тәуелсіздік даңғ. 52). Аккредитациядан өту үшін шетелдік журналистер 2025 жылғы 29 тамыз сағат 12:00-ге дейін тіркеу формасын толтырып, оны mfakzaccreditation@gmail.com электронды поштасына жолдау қажет.Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда ҚР СІМ Баспасөз қызметіне хабарласуыңызды сұраймыз:– Мейрам Муташев , тел.: +7 (7172) 72-01-45.– Ерлан Өтегенов, тел.: +7 (7172) 72-01-11.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-lisbon/press/news/details/1053327?lang=kk
ЫНТЫМАҚ БАР ЖЕРДЕ – ЫРЫС БАР 19.08.2025
Қазақ халқының ұлы даналығы – «Ынтымақ бар жерде – ырыс бар» деген нақылдың астарында терең мән жатыр. Бұл сөз – тек қана әдемі тіркес емес, қоғам дамуының заңдылығын айқындайтын өмірлік қағида.Тарихқа көз жүгіртсек, халқымыз бірлігі жарасқан кезде небір қиындықты жеңіп, елдігін сақтап қалған. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара білген тұста қазақ халқының еңсесі тіктеліп, рухы асқақтады. Керісінше, алауыздыққа ұрынған шақта ел әлсіреп, тұтастығына сызат түскен. Демек, ынтымақ – өткеннің ғана емес, болашақтың да берік кепілі.Қоғамдағы тыныштық пен бейбіт өмір – ең алдымен адамдардың бір-біріне құрметпен қарап, ортақ мақсатқа ұмтылуынан басталады. Әділеттілік үстемдік еткен, әрбір азаматтың еңбегі бағаланған қоғамда сенім артады. Сенім бар жерде – бірлік, бірлік бар жерде – тұрақтылық орнайды. Ал тұрақтылық – ел дамуының басты шарты.Қазақстан бүгінде жүзден аса этнос өкілін бір шаңырақ астына біріктірген бірегей мемлекетке айналды. Түрлі ұлт пен мәдениеттің жарасымды өмір сүруі – татулық пен келісімнің нақты көрінісі. Бұл тәжірибе – еліміздің басты жетістігі әрі әлемге үлгі боларлық құндылығы.Қазақ халқы ежелден қонақжайлылығымен, кең пейілімен танылған. Бүгінгі Қазақстан да осы дәстүрді жалғастырып, түрлі ұлттарды бауырына басып отыр. Олардың барлығы ортақ Отанымыздың дамуына үлес қосуда. Бұл – достықтың, бірліктің, ынтымақтың айқын нәтижесі.Достық пен татулық – кез келген мемлекеттің ең үлкен байлығы. Өйткені табиғи ресурстар сарқылуы мүмкін, ал халықтың ынтымағы мықты болса – кез келген қиындықты еңсеруге болады.Бейбіт өмірдің қадірін бізден бұрынғы ұрпақ жақсы біледі. Соғыстың зұлматы мен қиыншылығын көрген ата-бабамыздың ең басты арманы – бейбіт аспан астында еркін ғұмыр кешу еді. Біз сол арманға қол жеткіздік. Бірақ бейбіт өмірді сақтау үшін әрқайсымызға жауапкершілік жүктеледі.Ынтымақ – тек бүгінгі күннің емес, ертеңнің де кепілі. Ол жастардың жарқын болашағына жол ашады, елдің іргесін бекемдейді, мемлекет қуатын арттырады.«Ынтымақ бар жерде – ырыс бар» деген дана сөз әр қазақстандықтың өмірлік ұстанымына айналуы тиіс. Қоғамдағы әрбір ісімізде, жұмысымызда, қарым-қатынасымызда осы қағида көрініс тапса, еліміз өркендей береді.Ынтымақ – елдің берекесі, татулық – тұрақтылықтың кепілі, бейбіт өмір – болашақтың негізі. Біз осы құндылықтарды сақтай отырып қана баянды болашаққа сенімді қадам баса аламыз.#МыВместе #PeaceAndHarmony #PeaceForAll #TogetherForPeace #ҚХА30жыл #АНК30лет #APK30years #АНК #ANK
ТЕМІР ЖОЛ САЛАСЫНДАҒЫ 21 ЖЫЛДЫҚ АДАЛ ЕҢБЕК 19.08.2025
Оразымбет Жақсыбек темір жол саласында ұзақ жылғы тәжірибесімен ерекшеленетін маман. Оның еңбек жолы Сарыағаш станциясындағы жүк және багаж қабылдап тапсырушы лауазымынан басталды. Осы қызметтен бастап, ол пойыздар қабылдаушы ретінде жауапты міндеттерді абыроймен атқарып, кәсіптік шеберлігін шыңдады.Қазіргі таңда Оразымбет Жақсыбек аға жүк және багаж қабылдап тапсырушы болып қызмет етеді. Ол өз жұмысында жоғары кәсібилік пен адалдықты ұстана отырып, темір жол саласының дамуына елеулі үлес қосуда. Оның 21 жылдық еңбек өтілі – бұл саланың күрделі міндеттерін тиімді орындап, сенімді қызмет көрсетуге бағытталған табанды еңбектің айқын дәлелі.Оразымбеттің жұмысы – темір жол саласында сенімді әрі тұрақты жұмыс істеу үлгісі. Оның тәжірибесі мен кәсібилігі жаңа буын мамандарға үлгі болып, темір жол инфрақұрылымының дамуына өз ықпалын тигізуде.
Ауа райын болжап, болашақты болжайтын маман — МЕТЕОРОЛОГ 19.08.2025
Аспан түрі өзгерсе — олар біліп отырады.Желдің бағыты, бұлттың қозғалысы, жауын мен құрғақшылық — бәрі де метеорологтың назарында.Метеоролог — бұл жай ғана ауа райын айтатын адам емес. Бұл – табиғат тілін сөйлейтін, ғылым мен технологияны ұштастыра отырып, адамзатқа қауіпсіздік пен жайлылық сыйлайтын мамандық иесі.Олар:- Жаңбыр мен боранды алдын ала болжайды,- Дала еңбеккерлеріне дер кезінде ескерту береді,- Ұшақтар мен кемелердің қауіпсіз жолын анықтауға көмектеседі,- Климаттың өзгеруін зерттейді,- Экологиялық апаттардың алдын алуға атсалысады.Ғарыштан бақылап, жерден зерттеу жүргізетін бұл сала – техника мен табиғаттың тоғысқан тұсы.2025 — Жұмысшы мамандықтардың жылы.Еліміздің болашағы сен сияқты білікті мамандардың қолында!#Метеоролог #ЖұмысшыМамандықтарЖылы2025
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА МҮГЕДЕКТІГІ БАР АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА ОРТАЛЫҚ САЛЫНУДА 19.08.2025
Шымкент қаласында денсаулығында шектеуі бар азаматтарға арналған арнайы қызметтер көрсету орталығының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Қазіргі уақытта 50 орынға арналған жаңа ғимараттың құрылысы қолға алынған.Мекеме өмірлік қиын жағдайға тап болған және ерекше қажеттілігі бар жандарға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында жұмыс істейді. Жаңа нысанның құрылысы 2024 жылы басталған, ал пайдалануға беру 2025 жылға жоспарланған.Жаңа ғимараттың іске қосылуы әлеуметтік қызмет көрсету сапасын арттырып, қала тұрғындарына қолжетімді жағдай жасауға септігін тигізбек. Сонымен қатар, заманауи стандарттарға сай салынатын орталықтың материалдық-техникалық базасы да айтарлықтай жаңартылатын болады.Құрылыс барысы тұрақты түрде бақылауда ұсталып, жұмыстар белгіленген мерзімде аяқталады деп күтілуде.
Экономикалық өсім және экспорт:Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымындағы 10 жылды қалай пайдаланды 19.08.2025
2025 жылы Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) қосылғанына 10 жыл толды. Осы уақыт аралығында ел өзін халықаралық сауда жүйесінің белсенді және жауапты қатысушысы ретінде танытты. Қазақстанның сыртқы сауда көлемі 2015 жылдың 76,5 миллиард АҚШ долларынан 2024 жылдың 134,7 миллиард долларға дейін өсті. Экспорт көлемі 45,8 миллиардтан 77,6 миллиард долларға дейін артты. Қазіргі таңда Қазақстанның сыртқы саудасының шамамен 98 пайызы ДСҰ-ға мүше елдермен жүзеге асырылады. Қазақстанның ДСҰ-ға мүшелігі елдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға ықпал етті. Тікелей шетелдік инвестициялар 2015 жылы4,1 миллиард доллардан 2024 жылы 12,7 миллиард долларға дейін ұлғайды. Бұл – бизнесті реттеу саласындағы ашықтық пен болжау саясатын тұрақты жүргізудің нәтижесі. Қазақстан үшін маңызды кезеңдердің бірі 2022 жылы Женева қаласында өткен ДСҰ-ның 12-ші министрлік конференциясына төрағалық етуі болды. Бұл іс-шара ДСҰ конференцияларының тарихындағы ең табысты шаралардың бірі ретінде танылды. Конференция барысында әлемдік сауданы дамытуға бағытталған оннан астам негізгі шешім қабылданды. 2024 жылдың қыркүйегінде Женевада Қазақстанның сауда саясатына алғашқы шолу жүргізілді. Шолу қорытындысында ДСҰ-ға мүше елдер Қазақстанның сауда саясатын реформалау бойынша атқарған жұмыстарын жоғары бағалады. Оған рәсімдерді оңайлату, ашықтықты арттыру, экономиканы әртараптандыру және жаһандық сауда жүйесінің тұрақтылығын нығайтуға қосқан үлесі жатады. Қазақстанның ДСҰ-ға мүшелігі елге дауларды шешу тетігіне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл ұлттық экономикалық мүдделерді тиімді қорғап, біржақты сауда шектеулерінің енгізілуіне жол бермеуге жағдай жасайды. Осы арқылы басқа мемлекеттер Қазақстанды ДСҰ мүшесі ретінде құрметтеп,мәселелерді көпжақты жүйе аясында шешуге басымдық береді. Кеден әкімшілігінде де маңызды реформалар жүргізілді. ДСҰ-ның сауда рәсімдерін оңайлату туралы келісімін орындау шеңберінде Қазақстан электрондық декларациялауды, «Бірыңғай терезе» жүйесін енгізді және деректерді автоматты өңдеуге көшті. Кеден бекеттерінің жаңа моделін енгізу және пост-бақылау қағидатын қолдану рәсімдерден өту уақытын екі күннен 20 минутқа дейін қысқартуға мүмкіндік берді. ДСҰ-ға мүшелік - Қазақстанның экономикалық саясатын жаңғыртудың маңызды факторы. Ел халықаралық саудаға тереңірек интеграциялануды жалғастырып, әділ әрі тиімді жаһандық экономикалық архитектураны қалыптастыруға белсенді атсалыса береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1053311?lang=kk
Мемлекеттік органдар елге тауық жұмыртқасын әкелуге және сатуға бақылауды күшейтті 19.08.2025
2025 жылдың 15 тамызда Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдабековтың төрағалығымен тауық жұмыртқасын заңсыз әкелуге және оны ішкі нарыққа сатуға қарсы күрес мәселелері бойынша кеңес өтті. Отырысқа Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің, Техникалық реттеу және метрология және аумақтық бақылау комитетінің, сондай-ақ ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері, ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменттері қатысты.Жиында өнімдерді заңсыз әкелу фактілеріне ден қоюдың тиімді және жедел тетіктерін әзірлеу, шекаралық бақылауды күшейту, ішкі нарықта тауық жұмыртқасын сатуда заң бұзушылықтардың алдын алу мәселелері талқыланды.Ішкі нарықты қорғау мақсатында уәкілетті мемлекеттік органдар жүйелі шаралар кешенін жүзеге асыруда. Құс өсірушілер одағымен өзара іс-қимыл нәтижесінде ішкі нарыққа тауық жұмыртқасын заңсыз әкелді деген күдікпен 6 факт анықталды. Жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша 3 жағдайда қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес шаралар қабылданды, қазіргі уақытта 1 іс бойынша тексеру шаралары жүргізілуде, 2 жағдай бойынша заңбұзушылықтар дәлелденбеді.«Тауық жұмыртқасының заңсыз әкелінуі азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіреді, бәсекелестік ортаны бұзады және мемлекет қабылдап жатқан шараларға деген сенімді әлсіретеді», - деді Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдабеков.Биылғы жылдың 17 ақпанында ҚР Сауда және интеграция министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен, Құс өсірушілер одағымен, Жұмыртқа өндірушілердің салалық қауымдастығымен және бөлшек сауда желілері одағымен бірлесіп, тауық жұмыртқасының бағасын тұрақтандыру бойынша келісілген іс-шараларды көздейтін ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Ішкі нарықты қорғау және отандық өндірушілерді қолдау шаралары аясында биылғы жылдың 4 сәуірінен бастап 6 ай мерзімге Қазақстан Республикасының аумағына тауық жұмыртқасын әкелуге тыйым салынды. Бұл тыйым Ауылшаруашылығы министрінің бұйрығымен бекітілген. Кездесу қорытындысы бойынша одан әрі үйлестірілген жұмыс және ведомствоаралық ынтымақтастықты нығайту қажеттігі туралы ортақ түсіністікке қол жеткізілді. Қабылданған шаралар тұтыну нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге, отандық тауар өндірушілердің мүдделерін қорғауға және елдегі азық-түлік қауіпсіздігі деңгейін арттыруға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1053277?lang=kk
ПИК-тің ай сайынғы тарифін көтеру туралы тұрғындарды қанша күн бұрын хабардар ету керек? 19.08.2025
Қазақстанда 15 қыркүйектен бастап көппәтерлі тұрғын үйлердің басқарушы компаниялары мен пәтер иелері кооперативтерінің жұмысына қатысты өзгерістер күшіне енеді.Енді барлық басқару субъектілері кондоминиум объектілерін ескертусіз тастап кете алмайды және ай сайынғы тарифті біржақты тәртіппен көтеруге құқығы жоқ.Заңда кондоминиум объектісін басқару қызметтерінің құнын өзгерту немесе өз қызметін мерзімінен бұрын тоқтату ниеті туралы пәтер, тұрғын емес үй-жайлар, автотұрақ орындары мен қойма иелерін болжамды өзгеріс немесе қызметті тоқтату күніне дейін кемінде үш ай бұрын хабардар ету міндеті болып енгізілді.Тарифті көтеру туралы хабарлау және бұл мәселені қарау фактісін растайтын құжат меншік иелерінің жиналысының хаттамасы болып табылады. Жиналыс хаттамасында меншік иелерінің тарифті көтеруге келісімі немесе бас тартуы, сондай-ақ басқару субъектісін ауыстыруға ниеті көрсетіледі.Сонымен қатар қосымша, басқару субъектілері тұрғын үй-инспекцияларын объектідегі қызметін бастау немесе тоқтату туралы хабарлау, объектінің мекенжайын көрсете отырып, кемінде үш күн бұрын хабардар етуге міндетті.Өз кезегінде тұрғын үй инспекциялары келіп түскен барлық ақпаратты бірыңғай тізілімге енгізіп отыруы тиіс.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1053261?lang=kk
Халықаралық топқа қатысу туралы өтінішті ұсыну тәртібі туралы 19.08.2025
2018 жылғы 14 ақпандағы №178 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Халықаралық топқа қатысу туралы өтініштің нысанын және оны толтыру қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі – Бұйрық) бұйрығына сәйкес, халықаралық топқа қатысу туралы өтініш (бұдан әрі – өтініш) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне (бұдан әрі – Комитет) есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірілмей ұсынылуға тиіс. Бұл ретте, СОНО АЖ арқылы тапсыру мүмкін болмаған жағдайда, «Салық төлеушінің кабинеті – Интеграцияланған салықтық әкімшілендіру жүйесіне» (КНП ИСНА – https://knp.kgd.gov.kz) көшуіне байланысты өтініш КНП ИСНА арқылы ұсынылады. Аталған ұстаным Комитеттің ресми сайтында жарияланған соңғы түсіндірмелермен расталған. Бұйрықтың 3-тармағына сәйкес, өтініш электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық түрде Салық төлеушілер кабинеті – ИСНА арқылы қабылдау және өңдеу орталығына жіберіледі. Техникалық қиындықтар туындаған жағдайда, өтінішті дұрыс жүктеу бойынша көмек алу үшін аталған ақпараттық ресурстың техникалық қолдау қызметіне дереу жүгіну қажет. Бағдарламалық қамтамасыз етудің болмауы немесе мемлекеттік кірістер органдарының бағдарламалық қамтамасыз етуіндегі техникалық ақаулар анықталған кезде, өтініш электрондық түрде e-Otinish бірыңғай платформасы немесе бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы ұсынылады. Бұйрыққа сәйкес, электрондық түрде тапсыру мүмкін болмаған жағдайда, мәміле қатысушысы осыны растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті. Осыған байланысты, Комитет халықаралық топқа қатысу туралы өтінішті ұсынудың жоғарыда көрсетілген тәртібін сақтау қажеттігін еске салады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1053266?lang=kk
Аудан әкімі "Әдемі" тігін шеберханасының жұмысымен танысты 19.08.2025
Аудан әкімі Берік Сәрменбаев Тереңөзек кентіндегі "Әдемі" тігін шеберханасының жұмысымен танысты. Мектеп формасын тігу, құрақ құрау және басқа да көптеген қызметтер көрсететін тігін цехы 2014 жылы жұмысын бастаған. Кәсіпкер Нұрсулу Ажарова «Ақниет» бағдарламасымен грант және «Микробизнес-Қызылорда» бағдарламасымен 3 млн. теңге несие алып, кәсібін дөңгелетуде.– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен елімізде шағын және орта бизнестің дамуы үшін барынша қолайлы жағдай жасалуда. Өз кезегінде кәсіпкерлер өздеріне жүктелген міндетті, атап айтқанда салық төлеу, экономикаға инвестиция құю, жұмыс орындарын ашу, қызметкерлеріне қолайлы еңбек орта қалыптастыру секілді міндеттерді адал орындауы тиіс. Мемлекеттік қолдаулардың да тиімділігін пайдалану керек. Тігін шеберханасы жұмысын кеңейтуге мүмкіндіктерді қарастыру қажет, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.Аудан басшысы кәсіпкердің ұсыныстарын тыңдап, тиісті сала орынбасалы мен бөлім басшысына тапсырма жүктеді. Айта кетейік, биыл Алматы қаласында «Аламан құрақ» ұлттық құрақшылар қауымдастығының ұйымдастыруымен еліміздің 20 өңірінен келген 660 құрақшы бір мезетте құрақ құрап, 1366,8 шаршы метрге 660 дана құрақ көрпесі тігілген. Дүниежүзілік рекордтар кітабы саналатын «GLOBAL BOOK OF RECORDS GBR» және халықаралық рекордтар тіркеу қызметі агенттігінің сүйемелдеуімен қазақ құрақшылары әлемдік рекорд орнатып, оның қатарында Нұрсұлу Ажарова болып, арнайы сертификатпен марапатталды. Сондай-ақ, жеке кәсіпкер 2022 жылы "Жыл үздігі" атанған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1053248?lang=kk
Меркілік делегация Сыр өңірінің даму қарқынымен танысты 19.08.2025
Қызылорда облысына арнайы жұмыс сапарымен келген Жамбыл облысы Меркі ауданының делегациясын қалаға кіреберісте шаһар басшысы Нұржан Ахатов қарсы алып, бірқатар әлеуметтік, мәдени және спорттық нысандарға барды.Сапар «Сыр жұлдыздары» инновациялық-шығармашылық академиясынан басталды. Жолай «Президент саябағын» жаңғырту жұмыстары, «Отбасы орталығы», «Достық үйі» ғимараты, «Қызылорда Арена» спорт кешенінің құрылысы және «Өнер орталығы» таныстырылды. Делегация мүшелері қаланың заманауи келбеті мен инфрақұрылымдық жетістіктеріне жоғары баға беріп, оң пікір білдірді.Қайта жаңғыртудан өткен орталық алаңға барар жолда меймандар «Анаға тағзым» орталығына аялдады. Алаңдағы жаңа сәулеттік шешімдер, жарықтандыру жүйесі және кеңейтілген демалыс аймақтары қонақтардың ерекше қызығушылығын тудырды. Бұдан кейін жаңарған қалалық мәдениет және демалыс паркіне барып, тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуге жасалған мүмкіндіктермен танысты.Одан соң делегация Тәуелсіздікке 25 жыл даңғылын кеңейту жұмыстарын және 11 мың орындық жаңа стадион құрылысының барысын көрді. Қонақтар спорт инфрақұрылымының ауқымдылығы мен сәулеттік үйлесімін ерекше атап өтті.Келесі нысандар - жаңа автовокзал, «Қан орталығы» мен физика-математика бағытындағы лицей-интернаты. Меймандар бұл нысандардың өңірдің білім беру және денсаулық сақтау салаларын дамытудағы рөлін жоғары бағалады.Сапар соңында облыстық тарихи-өлкетану музейіне барып, Сыр өңірінің бай тарихы мен мәдени мұраларына қанықты. Сондай-ақ «Оқушылар сарайы», «Теннис орталығы», музыкалық колледж ғимараты және дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы таныстырылды. Музей экспозицияларынан өңірдің өткені мен бүгіні жайлы мол мағлұмат алды.Сонымен қатар, делегация Сырдария ауданына қарасты Бесарық ауылындағы байыпты бастамаларды көрді.Аудан әкімі Берік Сәрменбаев делегация мүшелерін ауылдың әлеуметтік, экономикалық және мәдени нысандарымен таныстырып, жүзеге асқан жобалар туралы баяндады.Меркіліктер Нағи Ілиясов ауылында да қонақ болмақ. Мұнда олар ауылдың даму үлгісімен және тұрғындардың табысты бастамаларымен танысады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1053256?lang=kk
ЕАЭО елдері ауыр жүк көліктерінің жол жүруін жеңілдетеді 19.08.2025
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер еуразиялық көлік дәліздері мен бағыттары тізбесіне енгізілген автомобиль жолдары бойынша халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезінде ауыр салмақты және ірі габаритті көлік құралдарының жүруіне арнайы рұқсаттарды тіркеу және беру тәртібін жеңілдету бойынша бірлескен жұмысты бастады. Еске салайық, 2024 жылы 29 желтоқсанда Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының отырысында Еуразия көлік дәліздері бойынша ауыр салмақты және ірі габаритті көлік құралдарының жүруіне арнайы рұқсаттарды тіркеу және беру рәсімдерін үйлестіру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілген (ЕЭК Алқасының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы № 214 бұйрығы). Қабылданған жоспар 5 негізгі бағытты жүзеге асыруды көздейді: - арнайы рұқсаттарды берудің мүмкін болатын ең жоғары келісілген мерзімінанықтау; - алдын ала өтініш (жоспарланған сапардың басталукүніне дейін) берудің мүмкін болатын ең жоғары келісілген мерзімін анықтау; - арнайы рұқсаттың қолданылу мерзімін анықтау; - үлгі өтініш формасын анықтау; - арнайы рұқсат алу үшін ұсынылатын мәліметтер мен құжаттардың ең аз тізбесіне қойылатын талаптардың жақындасуы. Аталған іс-шараларды жүзеге асыру арнайы рұқсаттарды алуүдерісін жеңілдету және жеделдету, оны ашық, болжамды және халықаралық тасымалдауға қатысушылар үшін ыңғайлы етуге бағытталған. Осылайша, тіркеудің нақты мерзімдерін белгілеу ЕАЭО елдерінің тасымалдаушыларына бағыттарды алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді және ұзақ күтпейді. Міндетті ақпараттың ең аз көлемімен өтініштің жеңілдетілген форматы әкімшілік жүктемені азайтады және құжаттарды жедел тапсыруға ықпал етеді. Мысалы, бүгінгі таңда тараптар арнайы рұқсаттарды берудің келесі мерзімдері туралы келісті: - маршрутты келісу қажеттілігі болмаса – жұмыс уақытының 24 сағаты ішінде; - маршрутты келісу қажет болған жағдайда – 10 жұмыс күні ішінде; - төтенше жағдайда – 3 сағат ішінде. Арнайы рұқсаттың қолданылу мерзімі 135 күнтізбелік күннен аспайды. Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда және оның нәтижелері бойынша ЕЭК Алқасының тиісті ұсынымдары қабылданады. Тұтастай алғанда, қабылданған шешімдер бизнесті қолдауға, халықаралық тасымалдау процедураларын жеңілдетуге және ЕАЭО елдері арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтуға мүмкіндік беретін ЕАЭО-ның бірыңғай көлік кеңістігін қалыптастыру жолындағы тағы бір қадамы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1053231?lang=kk
ШҚО-да «Samruk-Kazyna Trust» қоры оңалту, кәсіптік бағдар, денсаулық сақтау бағытарында жаңа жобаларды жүзеге асыруда 19.08.2025
ШҚО-да «Samruk-Kazyna Trust» қоры оңалту, кәсіптік бағдар, денсаулық сақтау бағытарында жаңа жобаларды жүзеге асыруда«Samruk-Kazyna Trust» қайырымдылық қоры өңірде 4 әлеуметтік жобаны іске асыруды бастады.Көктемде «Samruk Umiti» жобасы іске қосылып, Шығыс Қазақстан облысындағы балалар үйінің 50 тәрбиеленушісіне жұмысшы мамандықтарын таңдауға, колледждерге түсуге, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобына жұмысқа орналасуға көмек көрсетілуде. Бүгінде 9-сыныпты аяқтаған 11 бала жұмысшы және өзге де мамандықтар бойынша жергілікті колледждерге баруды жоспарлап отыр. Айта кетейік, жобаның алғашқы нәтижелері жуырда вице-премьер Ермек Көшербаевтың төрағалығымен өткен Республикалық жастар форумында таныстырылды.Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында түрлі диагнозы бар, соның ішінде тірек-қимыл аппараты бұзылған және психоневрологиялық патологиялары бар 70 балаға арналған аралас үлгідегі «Ainala» оңалту орталығы ашылады. Қазіргі таңда Өскеменде оңалту орталығы, ерте араласу орталығы және аутизмі бар балаларға арналған үш бірдей «Қамқорлық» орталығы жұмыс істейді. Бұл орталықтарда жыл сайын шамамен 1000 бала кешенді көмек алады.Ал 10 қыркүйектен 25 қыркүйекке дейін өңірде «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы жұмыс істейді. Дәрігерлер, медиатор мен заңгер Предгорная, Тишинская, Черемшанка, Таусамалы, Күмістау, Бұқтырма, Заводинка, Тұрғысын ауылдарының тұрғындарына тегін медициналық және құқықтық қызмет көрсетеді.Спорттық инфрақұрылымды дамыту мақсатында 2024 жылдың шілдесінде Катон-Қарағай және Зайсан аудандарында 2 заманауи спорт алаңы ашылды. Сонымен қатар, «Саламатты болашақ» жобасы аясында Өскеменде ерекше балаларға арналған жүзу және бочча секциялары тегін жұмыс істейді.Айта кетейік, соңғы 5 жыл ішінде ШҚО-да «Samruk-Kazyna Trust» қоры жалпы 1,2 млрд теңгеге 18 әлеуметтік жобаны жүзеге асырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1053498?lang=kk
Жеке тұлғалардың банкроттық рәсімдері туралы 19.08.2025
📌 Жеке тұлғалардың банкроттық рәсімдері туралы2023 жылдан бастап Қазақстан Республикасында «Азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заң күшіне енді. Заң шеңберінде азаматтар келесі үш рәсімнің бірін қолдана алады:1️⃣ Соттан тыс банкроттықҚолданылады, егер:– жалпы қарыз сомасы 1600 АЕК-тен аспаса (5,52 млн тг);– соңғы 12 айда несие төлемдері жүргізілмесе;– соңғы 7 жылда банкроттық рәсімі қолданылмаған болса.Сондай-ақ келесі жағдайларда шарттарсыз өтініш беруге болады:– қарыз 5 жылдан астам уақыт бойы төленбесе;– азамат 6 айдан астам АӘК алса.2️⃣ Сот банкроттығыҚолданылады, егер қарыз 1600 АЕК-тен асса.– Жылжымайтын мүліктер (залогта емес жалғыз тұрғын үйден басқа) сатылымға шығарылады.– Азаматқа жаңа міндеттемелер алуға, мәміле жасауға және елден шығуға тыйым салынады.– Құжаттар топтамасы талап етіледі.3️⃣ Төлем қабілеттілігін қалпына келтіруТұрақты табысы мен қарызынан артық мүлкі бар азаматтар үшін.– Қарызды 5 жылға дейін қайта құрылымдауға мүмкіндік беріледі.– "Банкрот" мәртебесі берілмейді, ешқандай шектеу қойылмайды.⚠️ "Банкрот" мәртебесінің салдары:– 5 жыл ішінде жаңа несие алуға тыйым;– қайталап банкроттық рәсімін қолдану — 7 жылдан кейін;– 3 жыл бойы қаржылық жағдайы бақылауда болады;– Алименттер мен қылмыстық істер бойынша қарыздарға қолданылмайды.📊 БҚО бойынша 2025 жылғы деректер:• Соттан тыс банкроттық: – Өтініштер саны: 3 800 – Қаралуда: 735, аяқталғаны: 951 (1,4 млрд тг)• Сот банкроттығы: – Өтініш берілгендер: 44 адам – Рәсім қолданылған: 15 (1,5 млрд тг) – Бұрын басталған және аяқталған рәсімдер: 29 (748,3 млн тг)• Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру: – Өтініштер саны: 8 – Қолданылған: 6, оның ішінде 3 іс бойынша жоспар бекітілген – Жалпы сома: 8,5 млрд тг📎 Өтініш беру жолдары: eGov.kz, eGov Mobile қосымшасы және ХҚКО арқылы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zko/press/news/details/1053222?lang=kk
Алматыда әскери қызметшілер соғыс ардагері Леонид Подколзинді 99 жасқа келуімен құттықтады 19.08.2025
Ардагерді Наурызбай ауданы қорғаныс істері жөніндегі басқармасының әскери қызметшілері және «Қарулы күштердің ардагерлері» РҚБ қалалық филиалы төрағасының орынбасары отставкадағы полковник Төлеген Мұстафин құттықтап барды. Олар майдангерге Қорғаныс министрінің құттықтауын тапсырып, қарияға мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тіледі. Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының әскери оркестрі қарт майдангерге соғыс жылдарындағы шығармаларды орындап берді.Леонид Подколзин Новосібір облысының Тула селосында дүниеге келген. Беларусь майданында зеңбірекші болып соғысқан. II дәрежелі Отан соғысы орденімен, Георгий Жуков және басқа да медальдармен марапатталған.Соғыстан соң сержант шенімен Кенигсбергке жіберіліп, әскерге шақырылушыларды артиллериялық іс бойынша оқытты. 1952 жылы Алматыға көшіп келіп, машинистің көмекшісі, жүргізуші болып жұмыс істеді, депо шеберханасын басқарды.Леонид Никитович соғыс туралы аз айтады. Көбіне өз ойлары мен сезімдерін проза не өлең тілінде қағазға түсіреді. Шығармаларында өмірдің мәні, адамгершілік және Отанға деген сүйіспеншілік туралы айтылады.Ардагердің қызы мен ұлы, үш немересі және төрт шөбересі бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1053226?lang=kk
Құрметті шекара қызметінің ардагерлері мен қазіргі қызметкерлері! 19.08.2025
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз — Шекара қызметі күнімен шын жүректен құттықтаймыз!Мемлекеттік шекараны қорғау — бұл жай ғана міндет емес, бұл елдің егемендігі мен азаматтарының тыныштығын қорғауға әрқашан дайын болуды талап ететін аса жауапты әрі құрметті қызмет.Шекара қызметінің ардагерлеріне ерекше алғысымызды білдіреміз — сіздердің ерлікке толы қызметтеріңіз, мол тәжірибелеріңіз бен жарқын үлгілеріңіз жас буын шекарашылар үшін шабыт көзі болып қала береді.Сіздерге және отбасыларыңызға мықты денсаулық, бақыт, амандық, тыныш қызмет, бейбіт аспан және ертеңгі күнге сенімділік тілейміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/altay-maslihat/press/news/details/1053196?lang=kk
ҚР Қарулы күштерінің шығармашылық ұжымы Мәскеуде "Спасск мұнарасы" фестивалінде өнер көрсетеді 19.08.2025
XVII Халықаралық "Спасск мұнарасы" әскери-музыкалық фестиваліне аттанып жатқан қатысушыларымен Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары вице-адмирал Серік Борамбаев кездесті.– Сіздер ең танымал орындардың бірінде өнер көрсеткелі тұрсыздар. Әр нотамен, қимылмен және көзқараспен көрермендерге еліміздің біртұтастығын және оның ерекше мәдениетін жеткізулерің керек. Сіздерге шалқыған шабыт тілеймін және өнерлеріңді жарқын әрі үйлесімді көрсетеді деп сенемін, – деді вице-адмирал С. Борамбаев.Қазақстан Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының шығармашылық ұжымы алғаш рет "Спасск мұнарасы" фестиваліне қатысуда. Әскери музыкалық өнер мерекесінде Беларусь, Буркина-Фасо, Италия, Моңғолия, БАӘ, Сербия, Эфиопия және өзге елдердің оркестрлері де өнер көрсетеді деп күтілуде.Қазақстандық делегация құрамында Орталық әскери оркестр, ҚР Қорғаныс министрлігінің құрмет қарауыл ротасы, би тобы және Орталық ансамбльдің фольклорлық-этнографиялық оркестрі де бар.Фестивальде әскери музыканттар қазақстандық композиторлардың туындыларын айтады. Олар Темірхан Қожабековтың "Торжественное шествие", Нұрғиса Тілендиевтің әуендерінен попурри, әйгілі "Әлия" және "Я шагаю по Москве" әндерін орындайды. Фольклорлық-этнографиялық оркестрдің бишілері "Ақсауыт" би композициясымен өнер көрсетеді.– Біз көрерменге классикалық, заманауи және ұлттық музыканың әсем әуезін көрсетіп, сол арқылы мәдениетіміз бен дәстүріміздің өзіндік ерекшелігін жеткізуге тырысамыз. Әрине, Отанымызға деген патриоттық сезім мен сүйіспеншілікті жеткізу бастысы, – деді ҚР Қарулы күштері әскери-оркестр басқармасының бастығы – бас әскери дирижер подполковник Алмас Ибрагимов.Естеріңізге сала кетсек, "Спасск мұнарасы" фестивалі биыл 22-31 тамыз аралығында өтеді. Қазақстандық делегацияның оған қатысуы халықаралық ауқымды мәдени оқиға ғана емес, сонымен қатар халықтар арасындағы достық пен өзара түсіністікті арттырудың символы болмақ. Іс-шара халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, тәжірибе алмасуға және әскери музыкалық мәдениетті ілгерілетуге ықпал ететін болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1053184?lang=kk
Бізде керемет жаңалық, мүгедектік арбамен қозғалатын тұлғалар үшін әлеуметтік жоба іске қосылды 19.08.2025
Бізде керемет жаңалық, Қарағанды қаласында мүгедектік арбамен қозғалатын тұлғалар үшін әлеуметтік жоба іске қосылғанын хабарлаймыз!Тапсырыс бергіңіз келсе, +7 771 981 68 11 телефон нөміріне хабарласа аласыз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/otdel-social-karagandy/press/news/details/1053129?lang=kk
Мемлекеттік кірістер комитетінің чат- ботында декларациялауға қатысты сұрақтарға жауаптар беріледі 19.08.2025
Халыққа жедел көмек көрсету мақсатында Telegram қосымшасында @Salyqbot сілтемесі арқылы жалпыға бірдей декларациялау мәселелері бойынша түсініктемелер алу үшін жаңа сервис әзірленді. Осы бөлімге кіру үшін QR кодын пайдалануға болады.Сондай-ақ SalyqBot көмегімен Сізде:- салық берешегінің бар немесе жоқ екендігі туралы мәліметтерді лезде білуге;- көлік құралдарына салынатын салықты дербес есептеуге;- салықтарды уақтылы төлемегені үшін өсімпұл сомасын есептеуге;- өзекті анықтамалық ақпаратты білу, салық күнтізбесін пайдалануға;- түйінді сөздер бойынша салық және кеден заңнамалары бойынша пайдалы ақпарат алуға;- тіркелу арқылы есептілікті берудің, салық төлеудің алдағы мерзімдері туралы еске салатын push-хабарламаларды, сондай-ақ пайдалы жаңалықтар мен хабарламаларды (ақпарат пайдаланушының-жеке немесе заңды тұлғаның мүддесін ескере отырып жіберіледі) алуға;- банк шоттарын бұғаттан шығару, жеке тұлғалардың банкроттығы, жеке тұлғалардың көлігіне, жеріне және мүлкіне салық төлеу мәселелері бойынша жедел көмек алуға;- егер сіз заңды тұлға болсаңыз, төленген сомалар туралы мәліметтер алуға мүмкіндігіңіз бар.@Salyqbotқа тіркеліп, цифрлық салық кеңесшісінің қызметін пайдаланыңыз! https://t.me/SalyqBot?start=help_declАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1053139?lang=kk