Әлем
Бостандық ауданында санитарлық тазалау және қалалық инфрақұрылымды күтіп ұстау жұмыстары жалғасуда 22.04.2026
Алматы қаласының Бостандық ауданында көшелерді, жол желісін, жасыл аймақтарды және қоғамдық инфрақұрылым нысандарын санитарлық тазалау мен күтіп ұстау бойынша жоспарлы жұмыстар күн сайын жүргізілуде. Аталған шаралар бекітілген кестеге сәйкес мердігер ұйымдар тарапынан атқарылуда.Бүгінгі таңда КГП «Алматы Тазалық» мердігер ұйымының күшімен 6 көлік айрығында және 12 магистральдық көшеде жол жабынын тазалау жұмыстары орындалуда. Сонымен қатар ұзындығы 1500 метр болатын қоршауларды сырлау және шамамен 60 түп жасыл желекке санитарлық кесу жұмыстары жүргізілуде. Жұмысқа 130 жол жұмысшысы және 33 арнайы техника жұмылдырылған.Сонымен қатар «Жасыл-Жер Алматы» ЖШС күшімен көшелер мен жаяу жүргінші өткелдерінде жол жабынын тазалау, тротуарларды механикаландырылған және қолмен жинау жұмыстары жүргізілуде. Қосымша ретінде жалпы ұзындығы 3000 метр болатын арық желілерін санитарлық тазалау жұмыстары атқарылуда. Бұл жұмыстарға 60 жол жұмысшысы және 20 арнайы техника тартылған.Ал «Stamp Service» ЖШС тарапынан саябақтар, скверлер, бөлгіш жолақтар, қоғамдық орындар, сондай-ақ Үлкен Алматы және Есентай өзендерінің жағалауларын тазалау және күтіп ұстау жұмыстары орындалуда. Аталған жұмыстарға 130 жол жұмысшысы мен 33 арнайы техника жұмылдырылған.7 жерүсті және 12 жерасты жаяу жүргінші өткелін күтіп ұстау жұмыстары «ЕвразияКазИнвест» ЖШС күшімен жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта өткелдерде сырлау, жуу-тазалау жұмыстары жүргізіліп, сондай-ақ гранит қаптамалары мен металл конструкцияларының зақымданған элементтеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары орындалуда.Сонымен қатар «Qamqor Amanat» МҚҰ қоғамдық бірлестігі Бостандық ауданы аумағындағы 7 санитарлық-гигиеналық торапты күнделікті негізде тазалау және күтіп ұстау жұмыстарын жүргізуде. Нысандар тәулігіне 52 ретке дейін тазаланады.Бостандық ауданы әкімі аппараты санитарлық тазалау, абаттандыру және қалалық инфрақұрылым нысандарын тиісті жағдайда ұстау жұмыстары жоспарлы түрде жалғасып жатқанын және тұрақты бақылауда екенін хабарлайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-bostandyk/press/news/details/1205924?lang=kk
Қазақстан және БҰҰ тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу бойынша ынтымақтастықты нығайтуда 22.04.2026
Астана, 2026 жылғы 21 cәуір – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев БҰҰ Бас хатшысының экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Ли Цзюньхуамен Қазақстан мен БҰҰ-ның орнықты даму саласындағы ынтымақтастығын талқылау бойынша кездесу өткізді. Сыртқы саяси ведомствоның басшысы Қазақстанның БҰҰ Жарғысы қағидаттарына және көпжақты дипломатияны нығайтуға бұлжымас бейілділігін растады. Министр Астана қаласында өтетін Өңірлік экологиялық саммитке (ӨЭС) қатысатын БҰҰ делегациясының жоғары деңгейін ерекше атап өтіп, саммитті ұйымдастыру аясындағы жемісті ынтымақтастығы үшін БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришке алғысын білдірді.Өз кезегінде, Ли Цзюньхуа Қазақстанның БҰҰ реформасына жан-жақты қолдауын, оның ішінде өңір елдерінің мүдделері мен қажеттіліктерін ескеретін және ұйымның жергілікті деңгейдегі тиімділігін арттыруға бағытталған елдік бастамаларын жоғары бағалады.Тараптар ынтымақтастықтың басым бағыттарына, оның ішінде Алматыда Орталық Азия және Ауғанстан үшін орнықты даму жөніндегі БҰҰ өңірлік орталығын іске қосу бағытындағы бірлескен жұмысқа жеке тоқталды.Е.Көшербаев су дипломатиясын дамытуға және осы мәселеде мемлекеттердің күш-жігерін үйлестіруге бағытталған Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ құрылымындағы Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастамасын ілгерілету бойынша атқарылып жатқан жұмыс туралы ақпараттандырды. Осы ретте сыртқы саяси ведомствоның басшысы Ли Цзюньхуаны аталған тақырыпта ӨЭС аясында өтетін алғашқы консультацияларға қатысуға шақырды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен БҰҰ арасындағы стратегиялық диалогты нығайту бойынша жұмысты жалғастыру ниетін өзара растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-geneva/press/news/details/1206129?lang=kk
Женевада Қазақстанның орнықты даму саласындағы жетістіктері мен бастамалары ұсынылды 22.04.2026
2026 жылғы 22 сәуір, Женева қ. - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Ерлан Әлімбаев бастаған делегация 2026 жылғы 21-22 сәуір аралығында Женева қаласында өтіп жатқан БҰҰ Еуропа үшін экономикалық комиссиясының (БҰҰ ЕЭК) Орнықты даму жөніндегі өңірлік форумына қатысты. Жоғары деңгейдегі пленарлық сессия барысында Қазақстан делегациясы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы қаласында БҰҰ Орнықты даму мақсаттары жөніндегі Өңірлік орталығын қалыптастыру, БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру, сондай-ақ 2026 жылды Халықаралық волонтерлер жылы деп жариялау туралы бастамаларына, сондай-ақ ОДМ-ға қол жеткізу жолында мемлекеттік органдардың атқарып жатқан кешенді жұмысына назар аударды. Сонымен қатар, энергетика саласын дамытудағы жастар белсенділерінің рөліне арналған қосымша іс-шара барысында Астана қаласында өтіп жатқан Өңірлік экологиялық саммит және БҰҰ-ның Орталық Азияның экономикаларына арналған арнайы бағдарламасы (СПЕКА) шеңберіндегі өзара тиімді ынтымақтастық атап өтілді.Елші Е.Әлімбаев және ҚР Ұлттық экономика министрлігі Әлеуметтік сала, құқық қорғау және арнайы органдарды дамыту департаментінің директоры Нұргүл Жанназарова форум аясында БҰҰ ЕЭК Атқарушы хатшысы Татьяна Молчан, оның орынбасары Дмитрий Марьясин, бірқатар БҰҰ ЕЭК-ға мүше мемлекеттердің делегация басшыларымен жұмыс кездесулерін өткізіп, екіжақты ынтымақтастық және БҰҰ шеңберіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.Оған қоса, Е.Әлімбаев БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары кеңсесінің өкілдерімен ү.ж. қыркүйек және қазанға жоспарланған бала құқықтарын қорғау мен әйелдерге қарсы кемсітушілікті жою салаларындағы Қазақстанның кезекті шолуларына дайындық барысын талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-geneva/press/news/details/1205762?lang=kk
Скопьеде Іскерлік кеңес құру туралы келісімге қол қойылды 22.04.2026
Скопье, 2026 жылдың 20 сәуірі – Қазақстанның Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Солтүстік Македониямен сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мақсатында Скопьеге жұмыс сапарымен барды.Сапар барысында қазақстандық делегацияны Президент Гордана Силяновска-Давкова қабылдады. Тараптар екіжақты қатынастардың бірқалыпты дамуын атап өтіп, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге ниет білдірді.Г.Силяновска-Давкова 2025 жылғы мамырда Астанаға жасаған сапарын жылы еске ала отырып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа және Қазақстан халқына ізгі тілектерін жеткізді.Сапар бағдарламасының маңызды бөлігі А.Шаққалиев министрінің сыртқы істер және сыртқы сауда министрі Тимчо Муцунскимен келіссөздер жүргізуі болды. Тараптар екіжақты сауданың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын нақты талқылады. Арнайы назар тауар айналымының тұрақты өсуін қамтамасыз ету шарттарын жасауға аударылды..Бизнеc-форум нәтижесі бойынша, оған 100-ден астам Македондық және бірнеше Қазақстандық компаниялар (оның ішінде «QazTrade», «KazakhInvest») қатысты, Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен Солтүстік Мацедонияның Экономикалық палатасы арасында Іскерлік кеңес құру туралы Келісімге қол қойылды; «QazTrade» Сауда саясатының даму орталығы АҚ және Солтүстік Македония инвестиция тарту және экспортты ілгерілету агенттігі арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды, бұл бірлескен бизнес-жобаларды жүзеге асыруға арналған.Визит барысында Министр А.Шаққалиев сондай-ақ TIDZ «Bunardzik» технологиялық және өнеркәсіптік дамудың еркін экономикалық аймағын да аралады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-skopje/press/news/details/1205766?lang=kk
Қазақстандық боксшылар Бразилияға келді 22.04.2026
Фос-ду-Игуасу қ., 21.04.2026 ж. - 20-26 сәуір аралығында Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында әлемнің танымал боксшыларын жинаған бокстан Әлем кубогының алғашқы кезеңі өтуде.Алғашқы жекпе-жек қорытындысы бойынша үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай (54 кг дейін), Фарух Тоқтасынов (70 кг дейін), Диас Молжігітов (80 кг дейін) жеңіске жетті. Фос-ду-Игуасуға қазақстандық спортшыларды қолдау және жанкүйер болу үшін Бразилиядағы Қазақстан Елшілігінің қызметкерлері, Парана штатындағы ҚР Құрметті консулдығының өкілдері, сондай-ақ Қазақстанның достары келді.Анықтама: 2026 жылы бокстан Әлем кубогы World Boxing ұйымының қолдауымен өткізіледі. Кубок бірнеше кезеңнен тұрады: Бразилия — сәуір (бірінші кезең), Қытай — маусым, Өзбекстан — финалдық кезең (қараша). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1205770?lang=kk
Венадағы ЕҚЫҰ конференциясында адам саудасына қарсы күрес саласындағы Қазақстанның тәжірибесі ұсынылды 22.04.2026
2026 жылғы 20-21 сәуір, Вена. Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Станислав Василенко бастаған Қазақстан делегациясы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Адам саудасына қарсы күрес жөніндегі альянсының 26-шы конференциясына қатысты.Қазақстан делегациясының басшысы конференцияның негізгі сессиясында ЕҚЫҰ Бас хатшысы Феридун Синирлиоглу, Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюроның директоры Мария Телалиан, ЕҚЫҰ-ның Адам саудасына қарсы күрес жөніндегі Арнайы өкілі және үйлестірушісі Кэри Джонстон және Швейцарияның Әділет және полиция федералдық департаменті басшысының федералдық кеңесшісі Бит Янспен қатар сөз сөйледі.С.Василенко өз сөзінде бұл іс-шараның маңыздылығын атап өтіп, Альянстың адам саудасына қарсы күрес және адам құқықтарын қорғау бойынша ұлттық және халықаралық күш-жігерді үйлестіруге айтарлықтай үлес қосатынын атап өтті. Оның айтуынша, адам саудасы адам құқықтарының ең ауыр бұзылуының бірі болып қала береді және көбінесе жасырын қылмыс болып қалуда. Осыған байланысты ол бұл мәселені тиімді шешу үшін ынтымақтастық, қылмыстардың алдын алу, анықтау және тергеу, сондай-ақ жәбірленушілерді қорғау және қолдау секілді кешенді тәсілді қабылдаудың қажеттігін атап өтті.Конференцияға қатысушыларға Қазақстанның адам саудасына қарсы күрес жөнінде қабылданып жатқан шаралары туралы ақпарат берілді. Қазақстан 60-тан астам көпжақты халықаралық адам құқықтары туралы шарттардың, соның ішінде қазіргі заманғы құлдық түрлеріне қарсы күреске тікелей қатысты 13 құжаттың қатысушысы болып табылатыны атап өтілді.Қазақстан өкілі елдің 2003 жылы қабылданған ЕҚЫҰ Адам саудасына қарсы күрес жөніндегі іс-қимыл жоспарына қосылғанын және оны іске асырудың міндеттемелерін еске салды. Қазіргі уақытта Қазақстан 2027-2029 жылдарға арналған Ұлттық іс-қимыл жоспарын жаңарту үстінде.«Аман қалуды қылмыстық жауапкершілікке тарту: адам саудасының жасырын аспектілерін ашық талқылау» атты жеке тақырыптық сессия барысында адам саудасының құрбаны болған қазақстандық сарапшы Сәкен Қабиболла Мьянмадағы тәжірибесімен бөлісіп, әлеуетті жәбірленушілерге мұндай жағдайларды алдын алу мақсатында өз ұсынымдарын ұсынды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vienna/press/news/details/1205771?lang=kk
Қазақстан Нью-Йорктегі Kazakhstan Finance Day алаңында АҚШ-пен инвестициялық диалогты нығайтуда 22.04.2026
Нью-Йорк, 2026 жылғы 20 сәуір – Әлемнің жетекші қаржы орталықтарының бірі саналатын Citigroup штаб-пәтерінің алаңында Қазақстан мен АҚШ арасындағы қаржы-инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға арналған жыл сайынғы Kazakhstan Finance Day іс-шарасы өтті.Іс-шараға ҚР Ұлттық Банкі Төрағасы Тимур Сулейменов, ҚР-ның АҚШ-тағы Елшісі Мағжан Ілиясов, Қазақстан қор биржасының (KASE), «Самұрық-Қазына» АҚ, «Бәйтерек» инвестициялық холдингі, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Alatau City өкілдері, сондай-ақ Blackstone, Cerberus, JPMorgan және басқа да компанияларды қоса алғанда, екі елдің бизнес өкілдері қатысты.Қатысушылардың назарында екіжақты экономикалық байланыстарды кеңейту, сондай-ақ Қазақстан экономикасының басым салаларына америкалық инвестицияларды тарту мәселелері болды.Іс-шараны аша отырып, ҚР-ның АҚШ-тағы Елшісі конституциялық реформалар мен барлық деңгейдегі институттардың кезең-кезеңімен жаңғыртылуы инвесторлардың сенімін арттырып, халықаралық бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын түбегейлі жаңа институционалдық ортаны қалыптастыратынын атап өтті.Ұлттық Банк Төрағасы өз сөзінде өзекті макроэкономикалық күн тәртібін ұсынып, қаржы саясатының негізгі басымдықтарын айқындады.Siguler Guff компаниясының Бас инвестициялық директоры Дрю Гафф, өз кезегінде: «Қазақстан бүгінде қарқынды дамып келе жатқан мемлекет, ол ауқымды өңірдегі экономикалық және саяси тұрақтылықтың орталығына айналды. Қазақстанның кез келген нүктесінен бес сағаттық ұшу радиусында шамамен екі миллиард адам тұрады. Саяси-құқықтық база қалыптастырылып, кеңейтілді, бұл көптеген перспективалы салаларға ауқымды инвестициялар тартуға жол ашады», – деп атап өтті.Панельдік сессия барысында қатысушылар инвестициялық ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын, оның ішінде ұлттық компаниялардың IPO/SPO бағдарламаларын, цифрлық экожүйелерді және smart-инфрақұрылымды талқылады.Сонымен қатар, smart City және цифрлық экономика элементтерін біріктіретін Alatau City қоса алғанда, жаңа буын жобаларын іске асыру перспективалары ұсынылды.Қатысушылар Қазақстан макроэкономикалық тұрақтылықты, реформалық күн тәртібін және стратегиялық географиялық орналасуды ұштастыра отырып, өңірдегі сенімді инвестициялық бағыт мәртебесін нығайтып отырғанын атап өтті.Іс-шара аясында нақты инвестициялық жобалар мен іскерлік серіктестіктерді дамытуға бағытталған екіжақты кездесулер де өтті.***Сапар аясында Қазақстанның іскерлік қоғамдастығының өкілдері 1904 жылы құрылған ең көне және беделді халықаралық ұйымдардың бірі – Нью- Йорктегі the Explorers Club іс-шараларына қатысты.Клуб әлемнің түкпір-түкпірінен келген зерттеушілерді, ғалымдарды және саяхатшыларды біріктіріп, ғылым, тәжірибе және халықаралық ынтымақтастық тоғысындағы бірегей алаң қалыптастырады.Клубтың негізгі мақсаты – әлемді тереңірек түсінуге және тұрақты дамуға ықпал ететін зерттеулерді қолдау. Оның мүшелері қатарында Нил Армстронг, Баз Олдрин, Стивен Спилберг, Роберт Пири, Джейн Гудолл, Эдмунд Хиллари және басқалар бар.Қазақстандық тарап тақырыптық кездесулерге, сараптамалық пікірталастарға және Клубтың негізгі жыл сайынғы іс-шараларына қатысып, археология, зерттеу және экспедициялық қызмет, сондай-ақ ғылыми-білім беру алмасуы мен тұрақты даму салаларындағы бірлескен бастамаларды талқылады.Осы тұрғыда Қазақстанда The Explorers Club филиалын ашу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс ерекше маңызға ие. Бұл Клубпен ынтымақтастықты институционализациялауға, Қазақстанның халықаралық зерттеушілер қауымдастығындағы қатысуын кеңейтуге және пәнаралық диалогты дамытуға жаңа платформа құруға бағытталған маңызды қадам ретінде қарастырылады.***Сапар барысында делегацияның қатысуымен ҚР-дың Нью-Йорк қаласындағы Бас консулдығының жаңа кеңсесінің салтанатты ашылуы да өтті.Салтанатты рәсімге ҚР-дың АҚШ-тағы Елшісі, АҚШ Мемлекеттік департаментінің Дипломатиялық корпуспен жұмыс жөніндегі офисінің басшысы, сондай-ақ іскерлік орта мен қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.ҚР шет елдердегі мекемесінің жаңа кеңсесін ашу Қазақстан мен АҚШ азаматтары үшін, сондай-ақ Қазақстанмен өзара іс-қимыл жасайтын бизнес өкілдері үшін консулдық қызметтер көрсету жағдайларын жақсартуға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-newyork/press/news/details/1205769?lang=kk
Бүгін – әскери полиция қызметшілерінің кәсіби мерекесі 22.04.2026
1997 жылғы 22 сәуірде елдегі құқық қорғау жүйесін реформалау аясында Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің әскери полициясы құрылды.Әскери полиция қызметі әскердің күнделікті тыныс-тіршілігімен тығыз байланысты. Сонымен қатар, оның қызметшілері халықаралық және мемлекеттік деңгейдегі іс-шараларды әскердің қатысуымен өткізу барысында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге белсенді қатысады.Әскери полиция органдарына құқықбұзушылықтардың алдын алу, әскери техниканы алып жүру, гарнизондарда құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, әскери қызметшілерді іздестіру, сондай-ақ қылмыстардың жолын кесу және ашу сияқты кең ауқымды міндеттер жүктелген. Құқықтық тәртіпті, жол қозғалысы қауіпсіздігін және әскери тәртіпті қамтамасыз етуге әскери автомобиль полициясы мен патрульдік-бекеттік қызмет елеулі үлес қосып келеді.Құқықбұзушылықтардың алдын алу бағытында әскери полиция 2025 жылғы 30 желтоқсандағы «Құқықбұзушылықтардың алдын алу туралы» ҚР Заңын әзірлеуге қатысты. Заңды іске асыру аясында әскери бөлімдерде тәртіптің жай-күйіне тұрақты бақылау ұйымдастырылып, бұзушылықтарды мониторингтеу мен оларға жедел әрекет етудің заманауи тәсілдері енгізілді. Жалпы, алдын алу жұмысы әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған жүйелі әрі үздіксіз үдеріс ретінде қалыптасқан.Материалдық-техникалық базаны дамытуға да ерекше көңіл бөлініп отыр. Бөлімшелер заманауи қару-жарақпен, техникамен және арнайы құралдармен жабдықталып, бұл өз кезегінде уақыт талабына сай тиімді әрекет етуге және қауіпсіздікті жоғары деңгейде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Әскери полиция құрылымында кинологиялық қызметтің құрылуы – маңызды қадамдардың бірі. Қызметтік иттер тыйым салынған және жарылғыш заттарды анықтауда, сондай-ақ күдіктілерді іздестіру мен ұстау операцияларында кеңінен қолданылады.Дегенмен, әскери полицияның басты күші – қызметті ар-намыс пен жоғары жауапкершілік деп түсінетін адамдар. Олардың кәсібилігі, принципшілдігі және борышқа адалдығы қызметтің жоғары беделін қалыптастырады. Көптеген қызметшілер заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін мемлекеттік наградалармен марапатталған.Елдің әскери қауіпсіздік жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі ретінде бұл заманауи, ұтқыр әрі кәсіби құрылым бүгінде армиядағы заң мен тәртіптің сенімді қалқанына айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1205786?lang=kk
«Мен — кәсіпкермін» Республикалық Гранд-турнирінің облыстық кезеңі 22.04.2026
2026 жылғы 20 сәуірде мектеп оқушылары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Мен — кәсіпкермін» Республикалық Гранд-турнирінің облыстық кезеңі өтті.Іс-шара Шығыс Қазақстан облысындағы мектеп оқушылары мен колледж студенттерінің кәсіпкерлік бастамаларын анықтауға, қолдауға және дамытуға бағытталған.Биыл турнир 9-шы рет өткізіліп, 10 бағытты қамтыды. Жыл сайын жобалар мен қатысушылар саны артып келеді. Биыл 83 өтінім беріліп, оған 13 мектеп пен 19 колледжден 128 адам қатысты. Оның ішінде 38-і — командалық жұмыстар, 45-і — жеке жобалар.Барлық қатысушыларға қатысқаны үшін сертификаттар табысталды, ал жеңімпаздар I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталды.Гранд-турнир кәсіпкерлік ойлауды дамытуға, идеялармен алмасуға және білімді, бастамашылдықты, креативті тәсілді көрсетуге арналған маңызды алаңға айналды.Барлық қатысушыларға алдағы уақытта нәтижелі жұмыс, жарқын идеялар және жоспарланған бастамалардың сәтті жүзеге асуын тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1205808?lang=kk
Қытаймен шекарадағы автомобиль өткізу пункттерінің мереке күндері жұмысы туралы 22.04.2026
Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 6 шілдедегі Астана күні мерекесіне байланысты Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде тұлғаларды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайтынын хабарлайды.Қазақстан-қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.Тасымалдаушылардан және барлық шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерді енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1252506?lang=ru
Инклюзивті саясатты іске асыру шаралары талқыланды 22.04.2026
Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен аудан әкімдігінің мәжіліс залында кезекті жиын өткізілді.Күн тәртібінде инклюзивті саясатты іске асыру мәселесі қаралып, азаматтарға қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар талқыланды.Аудан басшысы бұл жұмыстардың маңыздылығына тоқталып: «Инклюзивті саясатты іске асыру - ауданымыз үшін де, жалпы қоғам үшін де маңызды әрі өзекті мәселелердің бірі. Өйткені әрбір азамат – қоғамымыздың толыққанды мүшесі және олардың құқықтары сақталып, қажеттіліктері қамтамасыз етілуі тиіс. Біздің міндетіміз - ауданымыздағы ерекшелігі бар азаматтарға қолдау көрсетіп, кедергісіз орта қалыптастыру»,– деді.Ерекше азаматтарға көрсетілетін «Инватакси» қызметінің сапасы әрдайым назарда. Биыл аудан бойынша бұл қызметке жергілікті бюджеттен тиісті қаржы қаралып, қазіргі таңда 7 арнайы көлік қызмет көрсетуде. Аудан басшысы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысына ешқандай кемшіліктер орын алмауын және бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелеу тапсырылды.Күн тәртібіндегі келесі мәселе - санитарлық тазалық пен абаттандыру жұмыстары. Жандос Еркінбек саланың тұрақты бақылауда екенін атап өтіп: «Тазалық жұмыстарының сапалы ұйымдастырылуына барша аудан азаматтарының атсалысуы өте маңызды»,- деп бұл жұмысты сапалы ұйымдастыруын жеткізді. Сондай-ақ Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу шаралары да қаралып, мәселе жан-жақты талқыланды.Жиында көтерілген барлық салалар бойынша жауапты бөлімдерге бірқатар тапсырмалар жүктеліп, олардың орындалуын қатаң бақылауда ұстау тапсырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1205818?lang=kk
Қазақстан Сыртқы істер министрі ШЫҰ Бас хатшысымен кездесті 21.04.2026
Астана, 2026 жылғы 21 сәуір – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Нұрлан Ермекбаевпен кездесу өткізді.Кездесу барысында тараптар Шанхай ұйымының ағымдағы қызметі, сондай-ақ Бишкекте 2026 жылы жоспарланған Мемлекет басшыларының саммитіне дайындықпен биік және жоғары деңгейдегі іс-шараларға дайындық мәселелері бойынша пікір алмасты.ШЫҰ қызметін одан әрі жетілдіру және Ұйымның тиімділігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.ҚР сыртқы саяси ведомствосының басшысы Қазақстанның ШЫҰ қызметіне қолдау білдіре отырып, Ұйым Еуразиялық өңірде қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етудің пәрменді факторы ретінде танылып, өзінің 25 жылдығына тұрақты және беделді көпсалалы бірлестік ретінде жақындап келе жатқанын атап өтті.Өз кезегінде Бас хатшы Ұйымның қызметіндегі Қазақстанның белсенді рөлін атап өтіп, алдағы кезеңдегі жұмыстың басым бағыттары туралы хабардар етті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1205750?lang=kk
«Заң мен тәртіп» қағидасын іске асыру шеңберінде 21.04.2026
Достық үйінде мемлекет басшысының «Заң және тәртіп» идеологемасының принципін нығайту жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыруға аясында «Халықтың құқықтық сауаттылығын арттырудағы азаматтық қоғамның рөлі» атты облыстық семинары өтеді. Талқылаудың басты тақырыбы 2025–2030 жылдарға арналған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету концепциясын қоғаммен серіктестікте енгізу болады.Іс-шараның мақсаты — қоғамда кез келген құқық бұзушылыққа «нөлдік төзімділік» атмосферасын қалыптастырудың тиімді механизмдерін әзірлеу және азаматтардың құқықтық иммунитетін нығайту. Қатысушылар жаңа қоғамдық қауіпсіздік стандарттарының халықтың мүддесін қорғауға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға қалай көмектесетінін талқылайды.Семинар спикерлері: Юлия Кучинская – ҚР Парламенті Мәжілісінің «AMANAT» фракциясынан депутат, Мәжіліс Парламентінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі, Астана қаласы.Ардақ Капышев - тарих ғылымдарының кандидаты, Ualikhanov University әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры, Көкшетау қаласыАманжол Уразбаев – Заң ғылымдарының кандидаты, ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің запастағы полковнигі, «Контртеррористік комитет» РҚБ төрағасы, Астана қаласы. Ерболат Хусаинов – полиция подполковнигі, Ақмола облысы Полиция департаментінің қоғамдық қауіпсіздік басқармасының орынбасары. Берген Беспалинов– «AMANAT» партиясының Ақмола облыстық филиалының төрағасы, Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, Шынар Мусина - Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы жаңа Салық кодексінің күшіне енуіне байланысты салық заңнамасындағы негізгі өзгерістермен, «Халық бухгалтері», «Таза парақ» акциялармен және басқа да жаңалықтармен таныстырды.Іс-шара ашық диалог форматында өтті. Қойылған сұрақтардың барлығына сауатты жауаптар берілді Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1205696?lang=kk
Жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту 21.04.2026
Мемлекеттік қызмет «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы (бұдан әрі – портал) көрсетіледі. Қызмет алушы мен мемлекеттік орган арасындағы өзара іс-қимыл электрондық форматта жүзеге асырылады. Қызмет көрсету мерзімі өтініш берілген күннен бастап 4 (төрт) жұмыс күнін құрайды.Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған). Бұл құжаттарды қарау жеделдігін және рәсімнің ашықтығын қамтамасыз етеді.Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – жер учаскесін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобасын бекіту туралы бұйрық немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы себептері көрсетілген дәлелді жауап болып табылады.Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Қызмет алушыдан ақы алынбайды.Қызметті алу үшін қолданыстағы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын бекітуге өтініш беру қажет. Өтініш электрондық құжат түрінде рәсімделеді және қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады. Сондай-ақ электрондық жерге орналастыру жобасы ұсынылады.Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер: ұсынылған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің анық еместігін анықтау, сондай-ақ қызмет алушының және (немесе) ұсынылған мәліметтердің Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1-бабы 8-тармағының он екінші және он үшінші бөліктерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі болып табылады.Қызмет алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинет» арқылы, сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан ала алады. Сонымен қатар, анықтама қызметтерінің байланыс телефондары порталда орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1205656?lang=kk
Әкімдік отырысы: соңғы 3 жылда 30-дан астам спорт нысаны салынды 21.04.2026
Аймақ басшысы Құмар Ақсақаловтың қатысуымен бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын қалыптастыру тақырыбында облыс әкімдігінің отырысы өтті.Мемлекет басшысы салауатты өмір салтын насихаттауға және бұқаралық спортты дамытуға ерекше назар аударады. Қазіргі уақытта бұқаралық спортпен айналысатын азаматтардың ең көп үлесі жастар мен ересектерге тиесілі. Облыста спорттың 18 түрімен 69,5 мың бала мен жасөспірім айналысады. Облыста жыл сайын жаңа спорт нысандарының саны артып келеді. Соңғы 3 жылда 30-дан астам нысан салынды: 16 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 8 спорт залы, 6 жабық хоккей корты, 2 стадион, ат манежі және бассейн. Облыс орталығында триатлон паркі ауданында көпфункционалды стадион салынуда. «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу туралы келісімге қол жеткізілді. «Астана» шағын ауданында Спорт сарайының құрылысы басталады. Арқалық қаласында жабық хоккей корты салынады, ал «Самұрық-Қазына» қоры көпфункционалды дене шынықтыру-сауықтыру кешенін тұрғызады. Соңғы 3 жылда облыста 80-нен астам спорт алаңы салынды.«Спорттық инфрақұрылым – бұл жай ғана нысандар емес. Бұл – қоғам денсаулығына және облысымыздың болашағына салынған инвестиция», – деді облыс әкімі.Облыстың 121 спортшысы қысқы спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының құрамына енген. Біздің спортшыларымыз халықаралық дәрежеде облысымыздың намысын абыроймен қорғап, жоғары дайындық деңгейін дәлелдеп келеді. Облыстың бес спортшысы 2026 жылғы Қысқы Олимпиада және Паралимпиада ойындарына қатысты. Сонымен қатар, жерлестеріміз бокстан, велоспорттан және пара пауэрлифтингтен Азия чемпионаттарында жоғары нәтижелерге қол жеткізді.«Президент айтқандай: «Әрбір азаматтың жетістігі – бүкіл Қазақстанның жетістігі, әрбір спортшының абыройы – халқымыздың беделі». Егер біз айқын нәтижелерге қол жеткізіп, спортшыларымыздың спорттағы жоғары жетістіктері мен табысты өнер көрсетуін қаласақ, аудан мен қала деңгейінен бастап кешенді тәсіл мен жүйелі жұмыс қажет. Біз әр өңірдің спорттық дайындық деңгейін көтеру арқылы ғана болашақта облысымыз бен мемлекетіміздің беделін арттыра аламыз», – деді аймақ басшысы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1205660?lang=kk
Дощанов көшесінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі 21.04.2026
Құрметті тұрғындар!22–24 сәуір аралығында Дощанов көшесінде (Майлин көшесінен Мәуленов көшесіне дейін) жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты аталған учаскеде көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі.Жеке автокөліктер үшін қозғалыс уақытша тоқтатылады. Ал қоғамдық көліктер (автобустар) үшін қозғалыс сақталады.Қаланың жол сапасын жақсарту мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз және алдын ала балама бағыттарды жоспарлауды ұсынамыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1205667?lang=kk
Облыс әкімі спортшылармен кездесті 21.04.2026
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов халықаралық жарыстарда аймағымыз бен еліміздің намысын абыроймен қорғап жүрген спортшылармен кездесті.2026 жылдың басы Қостанай спорты үшін нәтижелі болды. Біздің спортшыларымыз халықаралық деңгейде жоғары дайындық пен бәсекеге қабілеттілікті көрсетіп, лайықты өнер көрсетуде. Атап айтқанда, 5 спортшымыз Қысқы Олимпиада және Паралимпиада ойындарына қатысты. Жерлестеріміз бокс, дзюдо, велоспорт, пара пауэрлифтинг бойынша Азия және Еуропа чемпионаттарында жеңістерге қол жеткізді.Облыста кадрлық әлеует пен спорттық резервті дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. 2026 жылдың бірінші тоқсанында 1 спортшы ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, 9 спортшы халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 29 спортшы ҚР спорт шебері, сондай-ақ 3 спортшы ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы атағын алды.Дене шынықтыру мен спортты дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып қала береді. Өңірде 64 дене шынықтыру-сауықтыру кешені жұмыс істейді, оның 16-сы соңғы 3 жылда салынған. Атқарылған жұмыстардың барлығы спортшыларымызға жоғары белестерді бағындырып, халықаралық ірі жарыстарда еліміздің намысын лайықты қорғауға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1205644?lang=kk
Ақмола облысында гид-экскурсоводтарды даярлау күшейтілуде 21.04.2026
Ақмола облысында өңірлік туризм басқармасы ұйымдастырған гид-экскурсоводтарға арналған екі күндік оқыту семинары өтті. Іс-шара облыстың түкпір-түкпірінен келген мамандарды біріктіріп, кәсіби біліктілікті арттыру мен тәжірибе алмасудың маңызды алаңына айналды.Семинар аясында қатысушылар экскурсия жүргізу техникасы, аудиториямен жұмыс істеу әдістері, Ақмола облысының өлкетануы, сөйлеу мәдениеті және экскурсияға қатысушылардың өзін-өзі ұстау ережелері сияқты негізгі кәсіби дағдыларды талқылады.Семинарды гидтер одағының президенті, Қазақстан бойынша 29 экскурсияның авторы Салтанат Абжанова жүргізді. Оқытуға Бурабай, Зеренді, Сандықтау, Қорғалжын, Ақкөл аудандары мен Астана қаласынан 70-тен астам гид-экскурсовод қатысты.Айта кетейік, 2025 жылы Ақмола облысына келуші туристер саны 1,5 миллионнан асты, ал биылғы маусымда 1,8 миллионнан астам турист келеді деп күтілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-tourism/press/news/details/1205619?lang=kk
МОҢҒОЛИЯНЫҢ БАЯН-ӨЛГЕЙ АЙМАҒЫНДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ КОНСУЛДЫҚ МЕКЕМЕСІН АШУ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ ЖАСАЛДЫ 21.04.2026
Қ.Тоқаев: Саяси-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және өзге де саладағы ықпалдастығымызды одан әрі арттыруға келістік. Атап айтқанда, біз Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында Қазақстанның консулдық мекемесін ашу туралы өзара келісімге келдік. Мұны, шын мәнінде, бауырлас әрі тарихы тамырлас елдеріміздің арасындағы стратегиялық серіктестік рухына сай келетін маңызды қадам деп айтуға толық негіз бар. Сондай-ақ бұл моңғол елінің қазақ халқына деген ізгі ниеті мен шынайы достық көңілінің айқын көрінісі екені сөзсіз. Біз бұл шешімді жоғары бағалаймыз. Осы орайда, мен Президент Хурэлсух мырзаға зор алғысымды айтқым келеді. Жалпы, сапар барысында бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылды. Бүгін жасалған келісімдер екі елдің алыс-берісін жандандыра түсетіні сөзсіз. Қазақстан мен Моңғолия арасындағы сауда-саттық көлемі былтыр 130 миллион доллар болып, 7,7 пайызға өсті. Елдеріміздің экономикалық әлеуетін ескерсек, бұл көрсеткішті арттыруға толық мүмкіндігіміз бар. Осы орайда алдағы бірнеше жылда тауар айналымын 500 миллион долларға жеткізу жөнінде меже қойып отырмыз. Ол үшін, ең алдымен, сауда-саттықтағы тауар түрін кеңейтуіміз керек.Экономикалық ықпалдастықты тежейтін кедергілерді барынша азайту қажет. Осыдан бір ай бұрын Қазақстанның сауда миссиясы Моңғолияға арнайы сапармен барды. Онда экономикалық байланыстарды әртараптандыруға қатысты маңызды ұсыныстар жасалды. Біз былтыр Еуразия экономикалық одағы мен Моңғолия арасындағы уақытша сауда келісімін ратификацияладық. Бұл құжат елдеріміз үшін көптеген тың мүмкіндікке жол ашады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
«АСТАНА – ҰЛАН-БАТЫР» ЖӘНЕ «ӨСКЕМЕН – ӨЛГЕЙ» БАҒЫТЫНДА ӘУЕ ҚАТЫНАСЫ АШЫЛАДЫ 21.04.2026
– Жол екі ел арасындағы өзара байланыс көзі, тығыз қарым-қатынас кепілі екені белгілі. Біз бұл мәселенің аса өзекті екенін жақсы түсініп отырмыз. Сондықтан Хурэлсух мырза екеуіміз Қазақстан мен Моңғолия арасында төте жол ашуға мүдделі екенімізді растадық. Кездесу барысында елдерімізді жалғайтын автокөлік жолын салу жөнінде ортақ келісімге қол жеткіздік. Бұл – әрине, жан-жақты сараптап, мұқият зерделеуді қажет ететін күрделі мәселе. Десек те, ең бастысы, жол құрылысы бойынша мақсатымыз – бір. Сол себепті біз құрметті Президент мырзамен жасалған уағдаластыққа сәйкес алдымен бірлескен Үкіметаралық жұмыс тобын құру туралы шешімге келдік. Аталған жұмыс тобы осы мәселе бойынша барлық түйткілді қарайды, көршілес елдермен келіссөздер жүргізеді және жалпы жобаның уақтылы орындалуын қадағалайды. Алдағы уақытта Қазақстан – Моңғолия автожолы елдеріміздің арасындағы сауда-саттықты арттыруға ерекше серпін беретіні анық. Бұл жолдың игілігін іргелес елдер де көретін болады. Баршаңызға мәлім, мен былтыр Қытайда өткен Шанхай ынтымақтастығы ұйымының Саммитінде «Трансалтай сұхбат алаңын» құруды ұсындым.Алтайдың төрт жағын мекен еткен мемлекеттердің сауда, көлік-логистика, туризм, мәдениет саласындағы мәселелер бойынша ортақ мәмілеге келуіне толық мүмкіндік бар. Осы ретте төрт елдің көлік-логистика әлеуетін бір арнаға тоғыстырып, бірлесе жұмыс істей аламыз. Бұл қадам алыс-берісті ғана емес, «Алтай» бірегей туристік кластерін дамытуға жол ашады. Сонымен бірге әуе қатынасын жандандыру маңызды. Қазір «Алматы – Ұлан-Батыр» бағытында тұрақты рейстер бар. Көп ұзамай «Астана – Ұлан-Батыр» әуе қатынасы қайта ашылады. Бұдан бөлек, біз осы сапар аясындағы келіссөздер нәтижесінде «Өскемен – Өлгей» бағыты бойынша әуе қатынасын орнату жөнінде нақты келісімге келдік. Бұл маңызды шешімнің арқасында ынтымақтастығымыз одан әрі нығайып, аймақаралық байланыстарымыз тың серпінмен дами түсері сөзсіз. Бұл тұста да Моңғолия елінің басшысы – құрметті Хурэлсух мырзаға және моңғол тарапынан осы мәселені шешуге атсалысқан барша азаматқа алғыс айтамын, – деді Қазақстан Президенті.