Enbekshi QazaQ

Әлем

Сандар сөйлейді: Ұлттық ұланның кинология орталығында соңғы екі жылда 60 күшік өсірілді 17.07.2026
Соңғы екі жыл ішінде ҚР ІІМ Ұлттық ұланы 6654 әскери бөлімінің Кинология орталығында қызметтік тұқымдағы 60 күшік өсірілді. Жақын арада олардың басым бөлігі құқықтық тәртіп әскерінің бөлімшелерінің қатарын толықтырып, қызметтік-жауынгерлік міндеттерді орындауға кіріседі.Алатау қаласында орналасқан Кинология орталығы – Ұлттық ұлан жүйесінде кинолог мамандарды даярлау мен қызметтік иттерді өсіруді қатар жүзеге асыратын бірегей мекеме. Мұнда неміс, бельгия және голланд овчаркалары өсіріледі. Өткен жылы дәл осы орталықта алғаш рет голланд овчаркасынан төл алынып, қызметтік ит тұқымдарының қатарын ұлғайтуға мүмкіндік туды.Күшіктер өмірінің алғашқы айларынан бастап мінез-құлқы, белсенділігі мен жұмысқа бейімділігі бойынша іріктеуден өтеді. Алты айлық кезеңге жеткенде мамандар олардың болашақ мамандану бағытын айқындайды. Бірі есірткі заттарын іздеуге, екіншісі жарылғыш заттарды анықтауға, ал үшіншісі патрульдік-іздестіру қызметі мен құқық бұзушыларды ұстауға бейімделіп оқытылады.Орталықта дайындықтан өткен қызметтік иттер күн сайын Ұлттық ұлан әскери қызметшілерімен бірге қоғамдық тәртіпті күзетуге, бұқаралық іс-шаралардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, тыйым салынған заттар мен қаруды, сондай-ақ хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздестіруге қатысады.Тек 2025 жылдың өзінде Ұлттық ұланның кинологтары 3500-ден астам қызметтік міндетті орындап, оның 120-дан астамы нәтижелі аяқталды. Қызметтік иттердің көмегімен қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен 81 құқық бұзушы ұсталды, өсімдік және синтетикалық текті 210 келіден астам есірткі заты анықталып, тәркіленді, 14 суық қару мен 7 атыс қаруы табылды, сондай-ақ хабар-ошарсыз кеткен 17 адамның жүрген жері анықталды.Әрбір осында өсірілген күшік – болашақта әскери қызметшінің сенімді төрт аяқты серігі. Олардың сапалы дайындығы көп жағдайда азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қызметтік-жауынгерлік міндеттердің табысты орындалуына тікелей ықпал етеді. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1259382?lang=ru
Қазақстан Орталық Азия мен Еуропалық Одақ арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуды қолдайтынын растады 17.07.2026
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Саясат және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» жоғары деңгейдегі диалогының 13-отырысына қатысты.ЕО делегациясын Еуропалық сыртқы іс-қимыл қызметі Бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Олоф Скуг басқарды.Кездесу барысында өңіраралық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері, оның ішінде Еуропалық Одақтың Орталық Азиядағы бағдарламалық қызметі жөнінде мазмұнды пікір алмасу өтті. Атап айтқанда, тараптар «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» саммитінің (Самарқанд қ., 2025 жылғы 3-4 сәуір) және «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» бірлескен Жол картасының (Люксембург қ., 2023 жылғы 23 қазан) қорытындылары бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысын, қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аудара отырып, талқылады. Сондай-ақ, делегаттар 2026-2027 жылдарға арналған бірлескен халықаралық іс-шаралардың кестесін қарастырды.Қазақ дипломаты өңірдегі ахуал, ҚР ұлттық және өңірлік деңгейлерде тұрақтылық пен орнықты дамуды қолдау бағытында қабылдап жатқан шаралары туралы ақпарат беріп, саясат, экономика және қауіпсіздік салаларындағы өңіраралық өзара іс-қимылды одан әрі кеңейту жөнінде бірқатар сындарлы ұсыныстар енгізді.Қатысушылар шекараларды басқару, терроризм мен экстремизмге, есірткінің заңсыз айналымына байланысты өңірлік сын-қатерлер мен қауіптерге ден қою, сондай-ақ, құқық қорғау органдары арасындағы ведомствоаралық ынтымақтастықты кеңейту салаларындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға ортақ мүдделіліктерін растады.Іс-шара аясында А. Исетов пен О. Скугтың екіжақты кездесуі өтті. Онда Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективалары талқыланды. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 22-23 маусымда Брюссельге жасаған ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды практикалық тұрғыдан іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.Брюссельдегі кеңес қорытындысы бойынша тараптар сенім мен тең құқықты әріптестік қағидаттары негізінде Орталық Азия мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ортақ бейілділіктерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1259350?lang=ru
ТӨЛЕМДЕГІ ҚАТЕЛІКТЕР: ШЕКАРАДА ТАУАРЛАРДЫҢ КІДІРУІН ҚАЛАЙ БОЛДЫРМАУҒА БОЛАДЫ? 17.07.2026
Қате толтырылған төлем құжаты — тауардың шекарада «тұрып қалуының» ең жиі кездесетін себептерінің бірі. Тіпті бір сандағы қателік төлемнің анықталмағандар санатына түсуіне, ал кедендік декларацияның уақтылы шығарылмауына әкеп соғуы мүмкін.106104, 106201 және 105102 КБК-лары бойынша төлем жасау кезіндегі ең көп тараған қателіктер: КБК-ларды шатастыруТөлеушілер қаражатты жиі басқа кодқа аударып жатады. Еске саламыз:106104 КБК — Әкелінетін кедендік баж (ЕАЭО елдері арасында бөлінеді).106201 КБК — Кедендік алымдар (ресімдеу қызметі үшін төлем, бекітілген сома).105102 КБК — Импортталатын тауарларға салынатын ҚҚС (ЕАЭО-дан тыс елдерден келетін тауарлар үшін). Мемлекеттік кірістер органының (МКО) қате кодыҚаражат тауарды кедендік ресімдеу жүргізілетін басқармаға түсуі тиіс. Егер МКО кодынан қателессеңіз, төлем жеке шотта көрінбейді және жүйе декларация беру кезінде төлемді қабылдамайды. БСН/ЖСН қате көрсетуБұл филиалдары көп компаниялар үшін өзекті. Төлем декларацияда көрсетілген тұлғаның атынан жасалуы шарт. Соманың жетіспеуі (Валюта бағамы)Егер кедендік баждарды есептеу валютаға байланысты болса, декларация тіркелген күндегі бағамды ескеру маңызды. Бағам айырмашылығына байланысты бірнеше теңге жетпесе де, тауардың шығарылуы бұғатталуы мүмкін.✅ ТӨЛЕМДІ ЖІБЕРЕР АЛДЫНДАҒЫ ТЕКСЕРУ ПАРАҒЫ:КБК өзектілігін тексеріңіз.МКО кодын (тауар нақты қайда импортталады) нақтылаңыз.Төлеушінің БСН/ЖСН деректері құжаттармен сәйкес екеніне көз жеткізіңіз.Егер валюта бағамы тұрақсыз болса, бірнеше теңге артығымен төлеңіз.Уақытыңызды үнемдеңіз — «Төлеу» батырмасын баспай тұрып, деректерді тексеріңіз! 💻📱Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1259346?lang=ru
МКК ОНЛАЙН-СЕРВИСТЕРІ — АЗАМАТТАР МЕН БИЗНЕС ҮШІН ЫҢҒАЙЛЫ 17.07.2026
МКК порталында қажетті ақпаратты алуға және салық міндеттемелерін мемлекеттік кірістер органдарына бармай-ақ орындауға мүмкіндік беретін электрондық сервистер қолжетімді. 💻 Пайдаланушылар келесі мүмкіндіктерді пайдалана алады:* салық төлеушілер мен контрагенттерді тексеру;* ҚҚС және салық берешегі туралы мәліметтерді алу;* салықтар мен бюджетке төлемдерді онлайн төлеу;* БКМ мен салық режимдерін тексеру;* онлайн кезекті брондау;* салықтар, өсімпұлдар және кедендік төлемдер бойынша калькуляторларды пайдалану;* салық есептілігінің және өтініштердің өзекті нысандарын алу. Сонымен қатар, портал арқылы кері байланыс қалдыруға және сервистерді жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге болады. 🔗 МКК порталы: http://portal.kgd.gov.kz МКК-нің цифрлық мүмкіндіктерін пайдаланыңыз — жылдам, ыңғайлы және ашық! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1259338?lang=ru
Үндістанның Тамилнад штатымен ынтымақтастықты дамыту туралы 17.07.2026
Нью-Дели, 2026 жылғы 15 шілде. Қазақстан Республикасының Үндістандағы Елшісі Азамат Есқараев Ченнай қаласына (Тамилнад штаты) жұмыс сапарымен барды.Штаттың Бас министрі Ч.Д. Виджаймен кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады. Елші Қазақстанның инвестициялық әлеуетін таныстырып, жүргізіліп жатқан экономикалық реформалар, шетелдік инвесторларды мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтып, Тамилнад компанияларын Қазақстанда жобаларды жүзеге асыруға шақырды. Үндістан тарапы, ең алдымен, машина жасау, энергетика, денсаулық сақтау, білім беру және жоғары технологиялар салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екенін білдірді.2026 жылдың қыркүйегінде Ченнай қаласында өтетін Қазақстан-Үндістан іскерлік сауда-инвестициялық форумына дайындыққа ерекше назар аударылды. Қазақстанның ірі бизнес-делегациясының қатысуы жаңа іскерлік байланыстар орнатуға мүмкіндік беретіні және екіжақты экономикалық байланыстардың дамуына қосымша серпін беретіні атап өтілді.Сапар аясында Елші штаттың жетекші компанияларының басшыларымен және Оңтүстік Үндістанның Сауда-өнеркәсіп палатасының (SICCI) өкілдерімен кездесулер өткізіп, оларды Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерімен, қолданыстағы преференциялармен және ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарымен таныстырды.Сонымен қатар, қазақстандық дипломатиялық миссия басшысы энергетика және өнеркәсіптік автоматтандыру саласында жұмыс істейтін «Voltech Engineers Pvt. Ltd.» компаниясының өндірістік алаңында болып қайтты. Компания Алматыдағы кеңсесі арқылы Қазақстанда жұмыс істеуде, ел аумағында жобаларды жүзеге асырады және қазақстандық нарықтағы қызметін одан әрі кеңейту жоспарларын растады.Жалпы, сапар Тамилнад штатының басшылығымен және өңірдің жетекші компанияларымен өзара іс-қимылды жандандыруға, сондай-ақ қазақстандық инвестициялық мүмкіндіктерді ілгерілетуге және бірлескен экономикалық іс-шараларды дайындауға қосымша серпін беруге мүмкіндік берді.Анықтама: Тамилнад штаты — Үндістанның оңтүстігінде орналасқан, ең дамыған өнеркәсіптік аймақтарының бірі. Халқы 79 млн-ға жуық. Штаттың экономикасы Үндістандағы ең ірі экономикалардың бірі және жоғары деңгейдегі индустрияландырумен ерекшеленеді. Негізгі салалар - автомобиль жасау, машина жасау, электроника, ақпараттық технологиялар, тоқыма өнеркәсібі, энергетика және денсаулық сақтау. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-delhi/press/news/details/1259316?lang=ru
Қазақстан СІМ мен ЕҚДБ климаттық және инвестициялық жобаларды іске асырудағы стратегиялық әріптестікті нығайтуда 16.07.2026
Қазақстан Республикасы (ҚР) Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) Климаттық стратегия және іске асыру департаментінің директоры – Тұрақты инфрақұрылым бағытының жетекшісі Фелисити Спорс бастаған делегациямен кездесу өткізді.Кездесу барысында тараптар ҚР мен ЕҚДБ арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын, сондай-ақ тұрақты даму, «жасыл» қаржыландыру, энергетикалық көшу, көлік және коммуналдық инфрақұрылымды дамыту, цифрландыру және жеке секторды қолдау салаларындағы бірлескен бастамаларды іске асыру мәселелерін талқылады.Кездесуде ҚР-дың әділетті энергетикалық көшу жөніндегі ұлттық инвестициялық платформасы – QaJET жобасына ерекше назар аударылды. Аталған бастаманы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-сессиясында ұсынған болатын. ҚР Энергетика министрлігі, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен ЕҚДБ қолдауымен іске асырылып жатқан Платформаны одан әрі дамыту жөніндегі қадамдар, оның ішінде COP31 Конференциясы аясында ү.ж. қарашада Анталия қаласында ресми іске қосуға дайындықты, сондай-ақ халықаралық климаттық және инвестициялық қаржыландыруды тарту мәселелері қарастырылды.Е.Ашықбаев Қазақстанның ЕҚДБ-мен стратегиялық әріптестікке ерекше мән беретінін және Банктің ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың басшылығымен жүзеге асырылып жатқан экономикалық реформаларды ілгерілетуге, сондай-ақ ұлттық климаттық күн тәртібін қолдауға қосқан үлесін жоғары бағалайтынын атап өтті.Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары ҚР Сыртқы істер министрлігінің QaJET платформасын халықаралық деңгейде ілгерілетуге, оның ішінде халықаралық қаржы институттарымен, серіктес мемлекеттермен, климаттық қорлармен және басқа да мүдделі тараптармен өзара іс-қимылды дамытуға жан-жақты дипломатиялық қолдау көрсетуге дайын екенін растады.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға және тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету мен Қазақстанның климаттық мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру бойынша тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға өзара мүдделілігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1259249?lang=ru
Berglandmilch пен Desserta Hellas Қазақстанда сүт өнімдерін өндіруді жергіліктендіру мүмкіндігін қарастыруда 16.07.2026
ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Австрияның Berglandmilch сүт кооперативі мен Грекияның Desserta Hellas компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесуге Қазақстанның Грекиядағы елшісі Тимур Сұлтанғожин де қатысты.Кездесу барысында тараптар Қазақстанда сүт өнімдерін өндіру жобасын іске асыру перспективаларын талқылады. Жоба Қазақстан мен Грекия арасындағы екіжақты инвестициялық ынтымақтастық аясында пысықталуда. Оны іске асырудың түрлі форматтары қарастырылуда: жеке өндіріс орнын ашудан бастап қазақстандық серіктестермен бірлескен кәсіпорын құруға дейін, сондай-ақ өнімді дистрибуциялаудан оны Қазақстанда кезең-кезеңімен жергілікті жерде өндіруге көшу мүмкіндігі зерделенуде.Тараптар сүтті қайта өңдеуді жергіліктендіру, ірімшік пен йогурт өндірісін дамыту, сүт жинау жүйесін және салқындату логистикасын жетілдіру, сондай-ақ озық технологияларды енгізу мен еуропалық сапа стандарттарын қолдану мәселелеріне ерекше назар аударды.«Қазақстан агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және тамақ өңдеу өнеркәсібін жаңғыртуға басымдық береді. Berglandmilch пен Desserta Hellas секілді тәжірибелі еуропалық серіктестермен ынтымақтастықты дамыту үшін зор әлеует бар деп санаймыз. Қазақстан тек өткізу нарығы ғана емес, сонымен қатар Орталық Азия, Еуразиялық экономикалық одақ және Қытай нарықтарына шығуға мүмкіндік беретін өндірістік-экспорттық алаңға айнала алады», – деді Әлібек Қуантыров.Қазақстанның Грекиядағы Елшілігі мен «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ-ның қолдауымен ұйымдастырылған сапар аясында делегация ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровпен, «Бәйтерек» ҰБХ, «Атамекен», ҚР ҰҚП және QAZAQ SUT сүтті және аралас тұқымды ірі қара мал республикалық палатасының өкілдерімен кездесулер өткізді. Сондай-ақ делегация Ақмола облысындағы «Астана Өнім» АҚ-ның шаруашылығына барды.Инвесторларға мемлекеттік қолдау шараларын, өндірісті орналастыруға болатын ықтимал алаңдарды және жергілікті серіктестерді қамтитын жобаны «бір терезе» қағидаты бойынша сүйемелдеу тетіктері таныстырылды. «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ жобаны оны іске асырудың барлық кезеңінде жан-жақты сүйемелдеуге дайын.Berglandmilch – шамамен 11 мың фермерлік шаруашылықты біріктіретін Австриядағы ең ірі сүт кооперативі. Кооператив жыл сайын 1,3 млрд литрге жуық сүт өңдеп, өнімін әлемнің 50 еліне экспорттайды.Desserta Hellas – кооперативтің Грекиядағы, Кипрдегі және Балқан өңіріндегі эксклюзивті серіктесі. Компания 2024 жылдан бастап өз ірімшік өндірісін дамытуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1259247?lang=ru
Қазақстан Елшісі Hyundae General Hospital басшылығымен бірлескен медициналық жобаны іске асыру перспективаларын талқылады 16.07.2026
Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Елшісі Асет Исенали Hyundae General Hospital Президенті, доктор Ким Бу Собпен кездесу өткізді.Кездесу барысында тараптар Қазақстанда денсаулық сақтау саласындағы инвестициялық жобаны іске асыру перспективаларын талқылады. Жоба озық кореялық медициналық технологияларды трансферттеуді, сондай-ақ медициналық көмекті ұйымдастыру мен басқарудың заманауи стандарттарын енгізуді көздейді.Заманауи көпбейінді медициналық инфрақұрылым құру, мамандар даярлау саласындағы ынтымақтастықты дамыту, кәсіби тәжірибе алмасу және Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесіне инновациялық шешімдерді енгізу мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.Елші Қазақстанның Корея Республикасының озық тәжірибесін тартуға, медициналық қызметтердің сапасын арттыруға және екі ел арасындағы практикалық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған жобаларды жүзеге асыруға мүдделі екенін атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар медицина және денсаулық сақтау саласындағы бірлескен бастамаларды ілгерілету бойынша жұмыстарды жалғастыруға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-seoul/press/news/details/1259243?lang=ru
Қорғаныс министрлігінің авиациясы Абай облысындағы орман өртін сөндіруге жұмылдырылды 16.07.2026
Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштерінің әскери қызметшілері Абай облысының Бородулиха ауданында 16 шілде күні тұтанған ірі орман өртін сөндіруге қатысып жатыр.Тілсіз жауды ауыздықтау өрт қаупінің аса жоғары деңгейі, аптап ыстық пен жетуі қиын жер бедері салдарынан күрделене түсті. Өртпен күреске Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелерімен қатар Қорғаныс министрлігінің күштері мен құралдары да жұмылдырылды.Өрттің ең күрделі ошақтарын сөндіруде су төгу құрылғыларымен жабдықталған армиялық авиация экипаждарына үлкен жауапкершілік жүктелді. Әскери ұшқыштар өрт ошақтарына әуеден су төгіп, жердегі бөлімшелердің тиімді жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасап келеді.Қазіргі уақытта Әуе қорғанысы күштерінің экипаждары өрт ошақтарына 57 тонна болатын 30-дан аса мәрте су төкті. Авиацияның үйлесімді жұмысының арқасында өрттің таралу қарқыны бәсеңдеп, жердегі бөлімшелердің өртті оқшаулауына мүмкіндік туды.Төтенше жағдайды жою үшін Қорғаныс министрлігінің екі Ми-17 және бір Ми-171Ш тікұшағы жұмылдырылды. Олар Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелерімен және басқа да тиісті қызметтермен бірлесіп, өртті сөндіру, елді мекендер мен орман қорын қорғау жұмыстарын атқарып жатыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1259244?lang=ru
«Ситибанк Қазақстан» АҚ, «ҚАЗАҚСТАН-ЗИРААТ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАНКІ» АҚ, «Еуразиялық банк» АҚ әмбебап банк лицензиясын беру туралы 16.07.2026
Агенттік Төрағасының Орынбасарының 16 шілдедегі №Б-147, №Б-148, №Б-149 бұйрықтарына сәйкес келесі банктерге лицензиялар қайта ресімделді:- «Ситибанк Қазақстан» АҚ келесі қосымша операциялар түрлерін енгізе отырып, №1.1.832.138 әмбебап банктік лицензия берді:басқа операциялар:банкаралық қарыздар, банкаралық кепілдіктер, банкаралық кепілгерліктер, сондай-ақ өзге де банкаралық операциялар.- «ҚАЗАҚСТАН-ЗИРААТ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАНКІ» АҚ келесі қосымша операциялар түрлерін енгізе отырып, № 1.1.885.139 әмбебап банктік лицензия берді:Банк операциялар:жеке және заңды тұлғаларға тиесілі тазартылған бағалы металдардың және бағалы металдардан жасалған монеталардың нақты саны көрсетілетін, осы тұлғалардың металл шоттарын ашу және жүргізубасқа операциялар:банкаралық қарыздар, банкаралық кепілдіктер, банкаралық кепілгерліктер, сондай-ақ өзге де банкаралық операциялар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1259205?lang=ru
Жаңаөзен қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында Ашық есік күні өтті 16.07.2026
Жаңаөзен қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында Ашық есік күні өтті. Іс-шараға ондаған салық төлеушілер қатысты, олар салық заңнамасының өзекті мәселелері бойынша жеке кеңес алды. Басқарма мамандары БКМ қолдану, салықтарды төлеу мерзімдері, салықтық жеңілдіктер және ағымдағы салық күнтізбесіндегі өзгерістер туралы сұрақтарға жауап берді. Келушілер коммуникацияның ыңғайлы форматы мен ұсынылатын ақпараттың жеделдігін атап өтті. Мұндай кездесулер ішкі кірістер қызметі мен бизнес арасындағы сенімді нығайтуға, сондай-ақ халықтың салықтық сауаттылық деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1259158?lang=ru
Дәрігерлер мен синоптиктер Алматы облысының тұрғындарын аптап ыстықта сақ болуға шақырады 16.07.2026
Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері Алматы облысында аптап ыстық сақталады. Өңірдің кейбір аудандарында ауа температурасы +43 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Осыған байланысты мамандар тұрғындарға сағат 11:00 мен 17:00 аралығында тікелей күн сәулесінің астында ұзақ уақыт болмауға, жеткілікті мөлшерде су ішуге, жеңіл әрі ашық түсті киім киіп, бас киімсіз жүрмеуге, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға, сондай-ақ ауа райы болжамдары мен ескертулерді тұрақты түрде бақылап отыруға кеңес береді.Дәрігерлер егде жастағы азаматтарға, балаларға, жүкті әйелдерге және жүрек-қан тамырлары мен созылмалы аурулары бар адамдарға ерекше сақ болуды сұрайды. Қатты әлсіздік, бас айналу, бас ауруы, тыныс алудың қиындауы немесе есінен тану белгілері байқалған жағдайда, дереу медициналық көмекке жүгіну немесе 103 нөмірі арқылы жедел жәрдем шақыру қажет екенін ескертеді.Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 13 маусымнан бері, яғни аптап ыстық басталғалы, өңірдегі медициналық ұйымдарға 1 488 адам жүгінген. Олардың 367-сі ауруханаға жатқызылса, 471 тұрғынға мобильді медициналық бригадалар үй жағдайында көмек көрсеткен. Тағы 650 адам емханаларда медициналық көмек алды. Медициналық көмекке жүгінудің негізгі себептері ретінде бас айналу, бас ауруы, артериялық қан қысымының жоғарылауы, ентігу, мұрыннан қан кету, жалпы әлсіздік пен жоғары ауа температурасының әсерінен денсаулық жағдайының нашарлауы тіркелген.Дәрігерлердің айтуынша, қарапайым сақтық шараларын ұстану аптап ыстықты жеңіл өткізіп, күн өтуінің алдын алуға көмектеседі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1259138?lang=ru
Маңғыстау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында Ашық есік күні өтті 16.07.2026
Маңғыстау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында Ашық есік күні өтті. Іс-шараға ондаған салық төлеушілер қатысты, олар салық салудың өзекті мәселелері бойынша білікті кеңестер алды. Басқарма мамандары есептілікті тапсыру мерзімдері, БКМ қолдану, салық шегерімдері, сондай-ақ салық заңнамасындағы өзгерістер туралы сұрақтарға жауап берді. Келушілер коммуникацияның ыңғайлы форматы мен ұсынылған ақпараттың жеделдігін атап өтті. Мұндай кездесулер салық төлеушілерге туындаған мәселелерді тікелей шешуге мүмкіндік береді және халықтың салық сауаттылығын арттыруға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1259130?lang=ru
Ротациялық төлемдерге салық салу туралы 16.07.2026
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41, 51 және 52-баптарының ережелеріне сәйкес қызметтік тұрғынжай болмаған жағдайда ротацияланған мемлекеттік қызметшілерге өздерінің лауазымдық міндеттерін орындау кезеңінде бекітілген қағидаларға сәйкес ротациялық төлемдер төленеді, сондай-ақ тұрғын үй төлемдері көзделген.       Қазақстан Республикасы Еңбек кодексі 1-бабының 1-тармағының 69) тармақшасына сәйкес өтемақы төлемдері деп қызметкерлерге еңбек міндеттерін немесе Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындауға байланысты жұмсаған шығындарының орнын толтыру бойынша ақшалай төлемдер жатады.      Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 432-бабының 10) тармақшасына сәйкес төлем көзінен салық салынуға жататын мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен төленетін табысқа Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерлерде төленетін кірістер, оның ішінде өтемақылар сомасына азайту қолданылады.     Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі С.М. Жұманғариннің төрағалығымен 2026 жылғы 8 шілдеде өткен жаңа Салық кодексін енгізу жөніндегі Жобалық офис отырысы хаттамасының 3.2-тармағына сәйкес «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» және «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен төленетін ротациялық және тұрғын үй төлемдерінің сомасына жеке тұлғаның салық салынатын табысын азайтуды көздейтін тәсіл мақұлданды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1262045?lang=ru
Түпқараған ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында Ашық есік күні өтті 16.07.2026
Түпқараған ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында Ашық есік күні өтті. Ауданның салық төлеушілері өздеріне қатысты сұрақтар қойып, салық заңнамасының өзекті тақырыптары бойынша білікті кеңестер ала алды. Басқарма мамандары салықтарды төлеу тәртібін, БКМ қолдану ерекшеліктерін, салық күнтізбесіндегі өзгерістерді және басқа да маңызды мәселелерді түсіндірді. Келушілер іс-шараның ыңғайлы форматы мен ақпарат алудың жеделдігін атап өтті. Мұндай кездесулер салық қызметі мен азаматтар арасындағы сенімді нығайтуға, салық міндеттемелерінің уақтылы және дұрыс орындалуына ықпал етуге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1259107?lang=ru
Бейімбет Майлин ауданының 90 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шараларға ресми түрде бастау берілді! 16.07.2026
Бүгін Елубай Өмірзақов атындағы аудандық мәдениет үйінде Бейімбет Майлин ауданының 90 жылдығына арналған «Мерейлі Мерейтой – 90!» атты салтанатты мерейтойлық іс-шара өтті.Мерекелік шараға аудан тұрғындары мен қонақтары, еңбек ардагерлері, қоғам өкілдері, жастар және құрметті қонақтар қатысты. Жиналған қауымды аудан әкімі Қайсар Батырханұлы Мыржақыпов құттықтап, ауданның бай тарихы, жетістіктері мен жарқын болашағына тоқталды.Салтанатты шараның ерекше сәттерінің бірі – ауданның өсіп-өркендеуіне адал еңбегімен өлшеусіз үлес қосқан ардагерлерді құрметтеу болды. Оларға шынайы алғыс пен зор құрметтің белгісі ретінде естелік сыйлықтар табысталды.Мерекенің сәнін ауданның өнерпаздары мен шығармашылық ұжымдарының әсерлі концерттік бағдарламасы келтіріп, көрермендерге туған жерге деген мақтаныш сезімі мен көтеріңкі көңіл күй сыйлады.Бұл салтанатты кеш – мерейтойлық бағдарламаның алғашқы іс-шарасы ғана. Алдағы екі күнде аудан тұрғындары мен қонақтарын Бейімбет Майлин ауданының 90 жылдығына арналған мазмұнды әрі ауқымды мерекелік іс-шаралар күтуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1259086?lang=ru
Жеке табыс салығы бойынша әлеуметтік салықтық шегерімді қолдану туралы 16.07.2026
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 404-бабы 1-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес күнтізбелік жыл үшін 5000 АЕК мөлшеріндегі әлеуметтік салықтық шегерімді бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ күнтізбелік жыл үшін 882 АЕК мөлшеріндегі шегерімді үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар бала, мүгедектігі бар баланың ата-анасының бірі, қорғаншылары, қамқоршылары және т.б. қолдануға құқылы екенін хабарлайды.Салық кодексінің 437-бабы 3-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес жеке тұлға базалық салықтық шегерімді тек бір салық агентінде ғана қолдануға құқылы. Әлеуметтік салықтық шегерімді қолдануға қатысты мұндай шектеу Салық кодексінде белгіленбеген.Салық кодексінің 437-бабы 4-тармағында белгіленген негіздер бойынша салық агенті берген жеке тұлғамен есеп айырысу туралы анықтама негізінде бір салық агентінен екіншісіне ауысқан кезде әлеуметтік салықтық шегерім сомасын бірізді қолдану көзделген.Мүгедектігі бар адамның әлеуметтік салықтық шегерімді екі және одан да көп жұмыс берушіде қолдану мүмкіндігі туралы келіп түсетін өтініштерге байланысты аталған мәселе талқылауға шығарылды.Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі С.М. Жұманғариннің төрағалығымен 2026 жылғы 8 шілдеде өткен жаңа Салық кодексін енгізу жөніндегі Жобалық офис отырысы хаттамасының 2.2-тармағына сәйкес жеке тұлғаның берілген өтініші негізінде белгіленген лимит шегінде әлеуметтік салықтық шегерімді екі немесе бірнеше салық агентінде бір мезгілде қолдану мүмкіндігін көздейтін тәсіл мақұлданды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1264588?lang=ru
Мұнайлы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында Ашық есік күні өтті 16.07.2026
Мұнайлы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында Ашық есік күні өтті. Іс-шараға ауданның ондаған салық төлеушілері қатысты, олар салық салудың барлық өзекті мәселелері бойынша білікті кеңестер алды. Басқарма мамандары декларацияларды толтыру, БКМ қолдану, салықтық жеңілдіктер, төлемдерді төлеу мерзімдері және кәсіпкерлер мен жеке тұлғаларды толғандыратын басқа да тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап берді. Мұндай кездесулер салық қызметі мен салық төлеушілер арасындағы сенімді нығайтуға, сондай-ақ аудандағы салық сауаттылығының деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1259077?lang=ru
Жеке табыс салығы бойынша базалық салықтық шегерімді қолдану туралы 16.07.2026
        Қазақстан Республикасы Салық кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 403-бабына сәйкес жеке тұлғаға әрбір күнтізбелік ай үшін айлық есептік көрсеткіштің (бұдан әрі – АЕК) 30 еселенген мөлшерінде базалық салықтық шегерім қолданылады. Бұл ретте күнтізбелік жыл ішіндегі базалық салықтық шегерімнің жалпы сомасы АЕК-тің 360 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.       Базалық салықтық шегерімді қолдануға, сондай-ақ салық агенті күнтізбелік ай үшін есептеген жеке тұлғаның салық салынатын табысының сомасы базалық салықтық шегерім сомасынан аз болған жағдайда қолданылмай қалған салықтық шегерім сомасын есепке алуға қатысты туындайтын сұрақтарға байланысты аталған мәселе мүдделі тараптардың талқылауына шығарылды.      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі С.М. Жұманғариннің төрағалығымен 2026 жылғы 8 шілдеде өткен жаңа Салық кодексін енгізу жөніндегі Жобалық офис отырысы хаттамасының 1.2-тармағына сәйкес базалық салықтық шегерімді әрбір күнтізбелік ай үшін АЕК-тің 30 еселенген мөлшерінде қолдануды, сондай-ақ салықтық шегерімдердің салық салынатын табыс сомасынан асып кеткен бөлігін кейінгі салық кезеңдеріне көшірмеуді көздейтін тәсіл мақұлданды.       Сонымен қатар, Салық кодексінің 409-бабының 2-тармағының ережелері қолданылады. Аталған нормаға сәйкес салық агентінде қалыптасқан салықтық шегерімдердің асып кеткен сомасы, сондай-ақ салық агенті қолданбаған салықтық шегерім сомасы жеке тұлға тарапынан салық декларациясын ұсыну кезінде дербес есепке алынады.      Осылайша, салық агенті базалық салықтық шегерімді қолдану кезінде қолданылмай қалған базалық салықтық шегерім сомасын кейінгі салық кезеңдеріне көшірмейді, яғни белгіленген 30 АЕК мөлшеріндегі базалық салықтық шегерім тек тиісті күнтізбелік ай шегінде ғана қолданылады.      Сонымен қатар, салық агентінен алынбайтын және жеке тұлға дербес салық салуға жатқызылатын табыстарды (салық агентінен алынбаған мүліктік табыс және өзге де кірістер) алған жағдайда, жеке тұлға салық агентінен алынған табыстар бойынша қалыптасқан, салықтық шегерімдердің салық салынатын табыс сомасынан асып кеткен қолданылмаған бөлігін күнтізбелік жыл ішінде АЕК-тің 360 еселенген мөлшерінен аспайтын шекте есепке алуға құқылы.   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1259079?lang=ru