Әлем
Бейімбет Майлин ауданының 90 жылдық мерейтойын мерекелеудің екінші күні Әйет ауылының орталық алаңында өткен «Туған күніңмен, ауданым!» атты мерекелік концертпен басталды. 17.07.2026
Концерттік бағдарлама аудан тұрғындары мен қонақтарын бір арнаға тоғыстырып, үлкен мерекенің ерекше атмосферасын сыйлады. Сахна төрінен Отанға, туған жерге, достық пен бірлікке арналған әндер шырқалып, аудандық мәдениет үйінің шығармашылық ұжымдары мен жеке орындаушылары көрермендерге әсерлі вокалдық және хореографиялық қойылымдарын тарту етті.Көрермендер әрбір өнер көрсетілімін ыстық ықыласпен қабылдап, көтеріңкі көңіл күймен қолдау білдірді. Мерекелік концерт туған жерге деген сүйіспеншілік пен ел бірлігін айшықтай түсті.Концерттік бағдарламадан кейін мереке «Happy Kids» балалар ойын-сауық бағдарламасымен жалғасын тапты. Балғын бүлдіршіндерге арналған қызықты ойындар, байқаулар мен көтеріңкі көңіл күй мерекенің сәнін келтірді.Бейімбет Майлин ауданының 90 жылдық мерейтойына арналған мерекелік іс-шаралар жалғасуда. Бұл айтулы мереке туған өлкенің тарихын, жетістіктері мен еңбекқор халқына деген мақтаныш сезімін одан әрі нығайта түсуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1259777?lang=ru
Қосылған құн салығын төлеушіні тіркеу есебінен шығару 17.07.2026
Салық төлеуші қосылған құн салығын төлеушінің тіркеу есебінен:жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібінен арнаулы салық режиміне көшкен кезде;салық төлеушінің қызметі тоқтатылған немесе ол таратылған кезде шығарылады.Салық төлеуші жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібінен арнаулы салық режиміне ауысқан кезде Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында көзделген хабарламамен бір мезгілде салық органына салық бойынша таратудың салықтық есептілігін ұсынады. Салық төлеушіні тіркеу есебінен алу мынадай жағдайларда:банкроттық себебі бойынша қызметін тоқтатқанды немесе таратылғанды қоспағанда, салық төлеушінің қызметін тоқтатқан немесе ол таратылған жағдайда – тиісті тіркеуші органға қызметті тоқтату туралы өтініш (салықтық өтініш) ұсынылған күннен бастап; банкроттық себебі бойынша салық төлеушінің қызметі тоқтатылған немесе ол таратылған жағдайда – дара кәсіпкер тіркеу есебінен шығарылған немесе заңды тұлға нөмірлер тізілімінен алынған күннен бастап;заңды күшіне енген сот актісімен дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны тіркеуді жарамсыз деп тану себебі бойынша салық төлеушінің қызметі тоқтатылған немесе ол таратылған жағдайда – салық төлеуші тіркеу есебіне қойылған күннен бастап; заңды тұлғалар бірігу, қосылу жолымен қайта ұйымдастырылған жағдайда – таратудың салықтық есептілігі мен беру актісі ұсынылған күннен бастап; заңды тұлға бөліну жолымен қайта ұйымдастырылған жағдайда – таратудың салықтық есептілігі мен бөлу актісі ұсынылған күннен бастап; дара кәсіпкердің тіркеу есебінде тұрған жеке тұлға қайтыс болған жағдайда – салық төлеушілер базасынан алынған күннен бастап; жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібінен арнаулы салық режиміне көшкен жағдайда – арнаулы салық режимін қолдануды бастаған күннен бастап жүргізіледі. Көрсетілген ережелер салық төлеушінің тіркеу есебіне шартты түрде қойылуға жататын салық төлеушілерге қолданылмайды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1259772?lang=ru
2026 жылғы рақымшылық: қандай салықтық және кедендік айыппұлдар кешіріледі 17.07.2026
2026 жылғы 1 шілдеде Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңына қол қойып, аталған Заң 2 шілде күні заңды күшіне енді. Құжат мемлекеттік органдар әкімшілік жазадан жаппай босату, оның ішінде кірістер органдары қарайтын бірқатар әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша айыппұлдарды кешіруді көздейді.Рақымшылық Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жеке тұлғаларға, жеке кәсіпкерлерге және жеке практикамен айналысатын тұлғаларға қолданылады.Айыппұлдың кешірілуі үшін үш шарт орындалуы тиіс: қаулыны мемлекеттік кірістер органы шығарған болуы керек, айыппұл 2026 жылғы 2 шілдеге дейін толық немесе ішінара төленбеген болуы тиіс және құқық бұзушылық заңда көрсетілген ерекшеліктер тізіміне кірмеуі қажет.Рақымшылыққа салық органдарында тіркеу мерзімдерін бұзу, арнайы салық режимдерін қолдану, салық есептілігін уақытында тапсырмау, бақылау-касса машиналарын пайдалану қағидаларын бұзу, сондай-ақ кеден саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтардың басым бөлігі жатады.Заңды тұлғалар, лауазымды тұлғалар, шетелдіктер және азаматтығы жоқ тұлғалар рақымшылық жасауға жатпайды.Сонымен қатар, сот шешімімен салынған айыппұлдар, сондай-ақ салық салу объектілерін жасыру, салық төлеуден жалтару, салық міндеттемелерін төмендетуге және мұнай өнімдеріне қатысты (ӘҚБтК 275, 277, 278, 281 б. 7 б. баптары бойынша) құқық бұзушылықтар рақымшылыққа кірмейді.Айыппұлдарды кешіру автоматты түрде жүзеге асырылады. Мұндай істер бойынша атқарушылық іс жүргізу, мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары мен тәсілдері де тоқтатылуға жатады.Мемлекеттік кіріс органдарына тиісті қаулылардың орындалуын өз бетінше тоқтату және рақымшылық жасау рәсімін аяқтау үшін алты ай мерзім берілген. Сәйкесінше кірістер органдарына әкімшілік жазадан босату үшін жүгіну қажеттілігі жоқ. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1264031?lang=ru
Жылу беру маусымына дайындық пысықталды 17.07.2026
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев Мемлекет басшысының тікелей қолдауымен Қызылорда қаласында бой көтерген жаңа жылу-электр орталығының жұмысымен танысты. 240 мегаватт электр, 277 гигакалория жылу энергиясын өндіретін орталық құрылысына түркиялық «AksaEnergy» компаниясы 215 млрд теңге инвестиция салды.Жоба аясында қуаттылығы 185 мегаватт 3 газ турбиналық қондырғы, 55 мегаваттық 1 бу турбинасы, 3 бу және 2 су жылыту қазандығы орнатылған. Жаңа орталықты тамыз айында толық іске қосу жоспарлануда.Бұдан кейін облыс әкімі «Қызылордажылу-электр орталығына» барды. Қазіргі мұндағы жылу энергия көздерінің 85 пайызы,жылу желілерінің 40 пайызы тозған. Станция 67 мегаватт электр, 355 гигакалория жылу энергиясын өндіреді. Жалпы алдағы жылу беру маусымына дайындыққа 5,5 млрд теңге қаржы бөлу жоспарланған. Бұл қаражат есебінен 8,7 шақырым жылу желісін жаңғырту жобасы аяқталып, №1 және №2 газ турбиналық қондырғыларға күрделі жөндеу жүргізіледі. Сонымен қатар, 1,3 шақырым жылу желісі, 1 қазандық, 1 турбина, 10 автономды қазандық, негізгі және қосалқы жабдықтар жөнделеді.Облыс әкімі «Қызылорда электр тарату тораптары» мекемесіне де барды. Мекемеге қарасты 10 608 шақырым электр желісі, 2 058 қосалқы станция бар, ал трансформаторлардың жалпы қуаты 1 350 мегаватт.Тұрғындардың қалыпты тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ететін нысандарды аралау қорытындысымен жауапты сала жетекшілеріне тапсырмалар берілді. Олар – алдағы жылу беру маусымына дайындықты уақытылы, сапалы жүргізу, тұтынушыларға электр энергиясын тұрақты жеткізу.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1259746?lang=ru
Алматы облысында аптап ыстыққа байланысты жолдар мен қоғамдық орындарда аэрация жұмыстары күшейтілді. 17.07.2026
Бұл шаралар жол жабынының температурасын төмендетуге, ауадағы шаң-тозаңды азайтуға, елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсартуға және жоғары температураның жол инфрақұрылымына кері әсерін азайтуға бағытталған.Аэрация жұмыстары күніне төрт рет – сағат 11:00, 13:00, 15:00 және 17:00-де жүргізіледі. Ол үшін суару-жуу құрылғыларымен жабдықталған, сыйымдылығы 8 текше метр болатын ондаған су таситын көлік жұмылдырылды.Ауаны ылғалдандыру шаралары Қонаев қаласында, Қарасай, Іле, Еңбекшіқазақ және Талғар аудандарында жүргізіліп, 15 көше мен қоғамдық нысанды қамтыды. Атап айтқанда:• Қонаев қаласы – Қонаев көшесі → Алматинская көшесі → Абай көшесі; Жамбыл көшесі → Сейфуллин көшесі → Сырдария көшесі → Қойшыманов көшесі бағыттары, сондай-ақ №6 қалалық жағажай және Сейфуллин көшесі, 8А мекенжайындағы балалар ойын алаңы.• Қарасай ауданы (Қаскелең қаласы) – Абылай хан, Наурызбай батыр, Байғазиев және Омарәлиев көшелері.• Іле ауданы – Жансүгіров және Батталханов көшелері.• Еңбекшіқазақ ауданы (Есік қаласы) – Есік аллеясы және Абай көшесі.• Талғар ауданы (Талғар қаласы) – Қонаев көшесі → Ломоносов көшесі → Талғар қаласының қақпасынан әкімдік ғимаратына дейінгі бөлік → әкімдік маңынан ХҚКО-ға дейінгі аралық → Абай көшесі.Бұл жұмыстарды атқару үшін 11 мердігер ұйым тартылды. Олар арнайы техниканың уақытылы шығуын қадағалап, жұмысты бекітілген кестеге сәйкес іске асырады.Сонымен қатар тұрғындар көп жиналатын қоғамдық орындарға арнайы техника су бүркіп, аптап ыстықты жеңіл өткеруге көмектесуде. Бұл әсіресе балалар үшін жазғы демалысын қызық әрі қауіпсіз өткізуге мүмкіндік беруде. Аталған жұмыстар 20 шілдеге дейін жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1259692?lang=ru
ҚАЗАЛЫЛЫҚТАР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА БЕЛСЕНДІ АТСАЛЫСУДА 17.07.2026
ҚАЗАЛЫЛЫҚТАР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА БЕЛСЕНДІ АТСАЛЫСУДААқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kazaly-maidakol/press/news/details/1259695?lang=ru
Алматы облысында ірі логистикалық хаб ашылды 17.07.2026
Бүгін Алматы облысында «Mercury Logistics Solutions» компаниясының өндірістік және логистикалық-қоймалық кешені құрылысының алғашқы кезеңі аяқталып, салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ірі инвестициялық жобаның бірінші кезеңінде 44 мың шаршы метрді құрайтын инженерлік және логистикалық нысандар пайдалануға берілді. Нәтижесінде 135 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Кешен толық іске қосылғанда өңір азаматтары үшін 1200 жаңа жұмыс орны ашылады. Қарасай ауданы Көкөзек ауылында салынып жатқан бұл «А» класты логистикалық орталығында жүктерді қабылдау, сақтау, өңдеу, сұрыптау және тасымалдау қызметтері атқарылады, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.Шараға облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысып, тұрғындарды республикалық деңгейдегі маңызы зор кешеннің ашылуымен құттықтады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлердің тұрақты дамуын қамтамасыз ету, инвестиция тарту, өндіріс көлемін ұлғайту, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту және халықты тұрақты жұмыспен қамту міндеттерін Үкімет пен әкімдіктердің алдына нақты қойып отырғанын, осы бағытта Алматы облысында ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.«Бүгін іске қосылған кешен – тұрғындарды жұмыспен қамтуға, шағын және орта бизнестің дамуына, салық базасының ұлғаюына және облыс экономикасының өсіміне оң әсерін тигізетін маңызды жоба. Өңірімізде мұндай логистикалық нысандардың ашылуы ішкі нарықтағы бағаны тұрақтандыруға ықпал етеді. Себебі тауар тек тасымалданып қоймай, өңделіп, сұрыпталады. Соның нәтижесінде өңір экономикасына қосымша табыс түседі. Алдағы уақытта бұл кешен өнімді өңдеп, одан әрі өндіретін заманауи өндірістік орталыққа айналады.Бүгінде Қарасай ауданы Алматы агломерациясының экономикалық өсім нүктелерінің біріне айналып отыр. Ауданның тиімді географиялық орналасуы, көлік дәліздеріне жақындығы және инженерлік инфрақұрылымының дамуы инвесторлар үшін қолайлы жағдай қалыптастыруда», – деген Марат Елеусізұлы облыс әкімдігі алдағы уақытта да инвестициялық жобаларды қолдау, өндірісті дамыту және жаңа жұмыс орындарын ашу бағытындағы жұмыстарды жалғастыра беретінін айтты.Компанияның бас директоры Нұрмат Суеркулов жобаның алдағы жоспарлары туралы сөз қозғады.«Бүгін логистикалық экожүйеміздің бір бөлігін іске қостық. Қарапайым тілмен айтқанда, біз тауарды әлемнің кез келген нүктесінен әкеліп, тұтынушыларға тікелей жеткіземіз. Яғни мұнда халықаралық тасымалдау, құжаттарды рәсімдеу, тауарларды таңбалау, үлкен көлемдегі тауарларды тапсырысқа қарай бөлу, сондай-ақ өнімді маркетплейстерге, B2B клиенттеріне және басқа да тапсырыс берушілерге жеткізу қызметтері көрсетіледі. Осылайша, жеткізу тізбегінің барлық кезеңін өз мойнымызға аламыз.Қойма 4 блоктан тұрады. Оның 2-еуі – мультитемпературалық қоймалар. Олардың ауданы 6 000 шаршы метрден асады. Мұнда -18, -22 және +0,5 градус аралығындағы температурада түрлі өнімді сақтауға болады. Бір мезетте 45 мың паллет тауар сияды. Қойма толықтай автоматтандырылған WMS, BMS және TMS жүйелерімен жабдықталған», – деді Нұрмат Энверұлы.Шара барысында облыс әкімі Марат Елеусізұлы мен компанияның бас директоры Нұрмат Суеркулов кешеннің лентасын қиып, қонақтар нысанды аралап көрді.Жоба төрт кезең бойынша іске асырылады. Қазіргі таңда пайдалануға берілген кешен жанында екінші кезеңнің құрылысы жүріп жатыр. Болашақта Алматы, Астана және Шымкент қалаларында жаңа форматтағы заманауи логистикалық орталықтар салынады. Соңғы кезеңде кешенге теміржол тармағы қосылып, контейнерлік алаң іске қосылмақ. Осылайша, 50 гектар аумақта халықаралық талаптарға сәйкес келетін заманауи өндірістік және логистикалық хаб қалыптасады. Жобаның жалпы құны – 70 млрд теңге. Құрылыс жұмыстары 2030 жылы аяқталады деп жоспарланған.Айта кетейік, өңірдегі «А» санатты қоймалардың саны соңғы үш жылда 44 есе артқан. Жыл соңына дейін Іле және Қарасай аудандарында дәл осындай 3 жаңа кешен іске қосылмақ. Бұл өңірдің ғана емес еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін арттыруға септігін тигізеді. Сондай-ақ халықтың әл-ауқатын жақсартуға және еліміздің бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1259678?lang=ru
JASYL EL CUP – 2026 17.07.2026
2026 жылғы 16 шілдеде Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен және облыстық «Жасыл ел» штабының ұйымдастыруымен «Jasyl El Cup – 2026» волейбол турнирі өтті. Турнирге «Jasyl El» жастар еңбек жасақтарының сарбаздары қатысты.Турнирдің басты мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және «Jasyl El» жастар еңбек жасақтары сарбаздарының жұмыстан тыс қоғамдық іс-шараларға белсенді қатысуын дамыту.Турнирдің ашылу салтанатына Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Тұралиев Әлімбек Жәнібекұлы және «Атамекен» студенттік жасақтарының жастар қоғамдық бірлестігінің басшысы Нұржан Құрманғалиұлы қатысып, командаларға сәттілік тіледі.Жарыс қорытындысы бойынша қатысушылар арнайы дипломдармен, алғыс хаттармен, кубоктармен, медальдармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды.Турнирге Ақтөбе қаласынан NOVAA, GREEN POWER, ЖАЛЫН, SET&WIN, ЖАСТАР, ECO DRIVE командалары, сондай-ақ бес ауданнан Қарабұтақ құрамасы, Қобда, Әйтеке би құрамасы, Алға, Рух Орқаш, Мәртөк жастары командалары қатысып, барлығы 12 команда бақ сынады.Жарыс нәтижесі бойынша:🥇 І орын – NOVAA командасы;🥈 ІІ орын – Әйтеке би құрамасы;🥉 ІІІ орын – Қарабұтақ құрамасы.Арнайы номинациялар:«Үздік қорғаушы» – Азизова Дильназ («Мәртөк жастары»);«Үздік шабуылшы» – Тілеуіш Нұрхан («Қобда»);«Үздік ойыншы» – Мұхитқызы Әсем («Қарабұтақ»).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zhastar1/press/news/details/1259643?lang=ru
Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Тұралиев Әлімбек Жәнібекұлы жұмыс сапарымен Орынбор қаласына барып, Қазақстан мен Ресей жастарын, қоғам қайраткерлері мен ардагерлерін тоғыстырған халықаралық «Біз + Мы» форумына қатысты. 17.07.2026
Форумның ашылу рәсімінде сөз сөйлеп, жастар дипломатиясын дамыту, мемлекетаралық ынтымақтастықты нығайту және ортақ құндылықтарды ілгерілетудегі жастардың рөліне ерекше тоқталды.Іссапар аясында қоғам назарын Жайық өзенінің экологиялық мәселелеріне аудару мақсатында ұйымдастырылған өзен бойымен қайықтар шеруінің ашылу рәсіміне қатысты.Сонымен қатар, Орынбор қаласы әкімінің кеңесшісімен, жастар саясаты басқармасының басшысымен, жастар орталықтары мен жетекші жастар ұйымдарының басшыларымен кездесулер өткізіп, жастар саясаты саласындағы ынтымақтастықты кеңейту, тәжірибе алмасу және бірлескен жобаларды іске асыру бағыттарын талқылады.Кездесулер барысында жергілікті әріптестер өңірдегі жастар инфрақұрылымының бірқатар нысандарының қызметімен таныстырып, жастарға ұсынылатын мүмкіндіктер мен өздерінің үздік тәжірибелерімен бөлісті.Мұндай кездесулер халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, жастар арасындағы өзара байланысты кеңейтуге және жастар саясатын жаңа сапалы деңгейге көтеруге ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zhastar1/press/news/details/1259638?lang=ru
Қазақстан Елшісі Корея Республикасының Жұмыспен қамту және еңбек министрлігінің басшылығымен кездесті 17.07.2026
Сеул, 2026 ж. 16 шілде – Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Елшісі Асет Исенали Корея Республикасы Жұмыспен қамту және еңбек министрлігі Халықаралық ынтымақтастық бюросының Бас директоры Чан Хен Сокпен кездесті.Кездесу барысында тараптар еңбек көші-қоны, халықты жұмыспен қамту және білікті кадрлар даярлау салаларындағы Қазақстан-Корея ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен одан әрі даму перспективаларын талқылады.Екіжақты ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарына ерекше назар аударылды. Аталған бастамаларды іске асыру Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы еңбек, жұмыспен қамту және адами капиталды дамыту салаларындағы өзара іс-қимылды сапалы жаңа практикалық деңгейге шығаруға мүмкіндік береді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тиісті бастамаларды ілгерілету жөніндегі жұмысты жалғастыруға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-seoul/press/news/details/1259620?lang=ru
Федоров ауданының 2 ауылы көгілдір отынға қосылды 17.07.2026
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Федоров ауданына жұмыс сапарымен барды.Бұған дейін аудандағы 44 елді мекеннің 5-еуі ғана табиғи газға қосылған еді. Енді Лесное және Березов ауылдарының тұрғындарына көгілдір отын берілді. Осылайша, ауданда газбен қамтылған ауылдар саны 7-ге жетіп, газдандыру деңгейі 36%-ті құрады.«Федоров ауданы әкімдігі мен «Капитал Партнерс Астана» ЖШС арасында жасалған меморандум аясында кәсіпорын қаражаты есебінен Пешков және Владыкин ауылдарына газ құбырларын тарту жоспарланған. Тағы 18 ауылда магистральдық және газ тарату желілерінің жобалау жұмыстары қолға алынды», – деді облыс басшысы.Бұдан бөлек, аудандағы барлық 44 елді мекен орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген. Бұл көрсеткішке 2025 жылы Лесное, Березов және Новошумное ауылдарында су құбырының салынуы нәтижесінде қол жеткізілді.«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында кәсіпорындардың қолдауымен аудан бойынша 3 хоккей корты мен 4 балалар ойын алаңы орнатылды, сондай-ақ саябақтар мен скверлерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.Лесное ауылындағы «Бек+» ЖШС әлеуметтік жауапкершілік аясында 4 тұрғын үй салып, 2 пәтерлі және 4 пәтерлі баспананы қалпына келтірді. Биыл кәсіпорын балалар ойын алаңын орнатуда. Инвестиция көлемі – 17,3 млн теңге.Биылғы жылдың алғашқы алты айының қорытындысы бойынша Федоров ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері тұрақты оң өсімді көрсетіп келеді.Аймақ басшысы аудан халқымен кездесу өткізіп, өңірдегі атқарылып жатқан жұмыстар жайында баяндады. Тұрғындардың сауалына жауап берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1259586?lang=ru
KazAID пен TİKA арасындағы кездесу 17.07.2026
17 шілде 2026 жылы, Астана қаласы - «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі Басқарма төрағасының м.а. Ж.Асанов Қазақстандағы Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (TİKA) Үйлестірушісі Ф. Ердогмушпен кездесу өткізді.Кездесу барысында тараптар 2026 жылғы 10-11 қыркүйекте Алматы қаласында БҰҰ Азия және Тынық мұхиты үшін экономикалық және әлеуметтік комиссиясымен ынтымақтастық өтетін бірлескен іс-шараға, оның ішінде даму саласындағы жаңа серіктес елдердің (Emerging Development Partners) үшінші отырысын және дамуға ресми көмек саласындағы техникалық семинардың дайындық мәселелерін талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1259587?lang=ru
Құрметті Бейімбет Майлин ауданының тұрғындары! Сіздерді ауданымыздың құрылғанына 90 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын! 17.07.2026
Аудан тарихы 1936 жылғы 29 шілдеден бастау алады. Осы жылдар ішінде өңіріміз қалыптасу мен дамудың үлкен жолынан өтіп, Қостанай облысының маңызды аграрлық және өнеркәсіптік аудандарының біріне айналды. Бүгінде Бейімбет Майлин ауданы ондаған елді мекенді, бай еңбек дәстүрлерін және туған жеріне адал азаматтарды біріктіріп отыр.Қасиетті өлкеміз қазақтың көрнекті жазушысы, ақыны және қоғам қайраткері Бейімбет Майлиннің есімімен аталады. Оның тағдыры осы өңірмен тығыз байланысты. Қаламгердің шығармашылығы, туған жерге деген сүйіспеншілігі мен халқына деген адалдығы ауданның рухани мұрасының ажырамас бөлігі болып қала береді.Ауданның басты байлығы – оның тұрғындары. Өңірдің өркендеуі мен өсіп-өркендеуі, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының дамуы, жаңа нысандардың салынуы, инфрақұрылымның жаңғыртылуы және әлеуметтік жобалардың жүзеге асырылуы – барлығы да еңбек адамдарының қажырлы еңбегінің нәтижесі.Біз ардагерлерді, тың игерушілерді, ауыл еңбеккерлерін, кәсіпорын қызметкерлерін, теміржолшыларды, ұстаздарды, дәрігерлерді және туған өлкенің өркендеуіне лайықты үлес қосқан барша азаматтарды зор ризашылықпен еске аламыз. Олардың қажырлы да жасампаз еңбегі бүгінгі жетістіктеріміздің берік негізіне айналып, ауданымыздың одан әрі өсіп-өркендеуінің сенімді кепілі болды.Біз ата-баба аманатына адал болып, бірлігіміз бен ынтымағымызды сақтай отырып, алдағы уақытта да ауқымды міндеттерді абыроймен атқарып, ауданның экономикалық әлеуетін нығайтып, келер ұрпақ үшін жаңа мүмкіндіктер жасайтынымызға сенімдімін.Қадірлі жерлестер!Баршаңызға зор денсаулық, отбастарыңызға амандық, бақ-береке, татулық пен келісім тілеймін. Бейімбет Майлин ауданы одан әрі дамып, көркейе берсін, ал әр шаңырақта құт-береке мен молшылық салтанат құрсын!Аким района К. МуржакуповАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1259509?lang=ru
№ 4 «Сыбайлыс жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағытын іске асыру шеңберінде-ағымдағы жылдың 27 шілде сағат 15-00-де әкімдіктің мәжіліс залында жергілікті атқарушы органдар мен Риддер қаласының ведомстволық бағынысты мекемелерінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін талқылау өтеді. 17.07.2026
№ 4 «Сыбайлыс жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағытын іске асыру шеңберінде-ағымдағы жылдың 27 шілде сағат 15-00-де әкімдіктің мәжіліс залында жергілікті атқарушы органдар мен Риддер қаласының ведомстволық бағынысты мекемелерінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін талқылау өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ridder/press/news/details/1259511?lang=ru
Құрметті металлургтер, сала ардагерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Металлург күнімен шын жүректен құттықтаймын! 17.07.2026
Бұл мереке – қайсар мінезді, жоғары жауапкершілігімен және шынайы кәсібилігімен ерекшеленетін жандардың мерекесі. Сіздердің күнделікті еңбектеріңіздің арқасында ауданның өндірістік әлеуеті нығайып, экономикасы дамып, тұрғындардың әл-ауқатының берік негізі қалануда.Биыл біз ауданымыздың мерейлі белесі – 90 жылдық мерейтойын атап өтудеміз. Оның тарихы – өз кәсібіне адал, табандылығы мен туған жерге деген сүйіспеншілігінің арқасында ауданның өткені мен бүгінін қалыптастырып, жарқын болашағын жасап келе жатқан еңбек адамдарының тарихы.Ауданның 90 жылдығы қарсаңында оның заманауи тарихы жаңа жетістіктермен толығып отырғанын ерекше атап өткен жөн. Өңірдің дамуына «Варваринское» ЖШС қомақты үлес қосып келеді. Кәсіпорын өз қызметі барысында ауданның сенімді серіктестерінің біріне айналып, тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтып, әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыруға атсалысып, туған өлкеміздің экономикалық әлеуетін нығайтуға зор үлес қосуда. Сіздердің күнделікті еңбектеріңіз – көптеген отбасылардың ертеңгі күнге деген сенімінің кепілі әрі ауданның өркендеуіне қосылған лайықты үлесі.Саланың берік еңбек дәстүрлерінің негізін қалаған ардагерлерге ерекше алғысымды білдіремін. Олардың кәсібилігі мен өз ісіне деген адалдығы бүгінгі күні де көпшілікке үлгі болып келеді. Қуантаратыны – бұл игі дәстүрлерді аға буынның тәжірибесін меңгеріп, заманауи технологияларды игеріп жатқан жас металлургтер лайықты жалғастыруда. Олар өз еңбектерімен кәсіпорын мен ауданның одан әрі дамуына елеулі үлес қосып келеді.Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бейбітшілік, бақыт және жаңа кәсіби жетістіктер тілеймін. Еңбектеріңіз әрдайым жоғары бағаланып, құрметке ие болсын, әр шаңырақта татулық, бақ-береке және ертеңгі күнге деген сенім салтанат құрсын. Мерекелеріңіз құтты болсын!Аудан әкімі Қ. МыржақыповАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1259504?lang=ru
«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес», №4 типтік негізгі бағытын іске асыру шеңберінде, Риддер қаласы әкімдігінің «Водоканал» ШЖҚ КМК, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін қоғамдық талқылаудың басталғаны туралы хабарлайды. 17.07.2026
«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес», №4 типтік негізгі бағытын іске асыру шеңберінде, Риддер қаласы әкімдігінің «Водоканал» ШЖҚ КМК, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін қоғамдық талқылаудың басталғаны туралы хабарлайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ridder/press/news/details/1259435?lang=ru
«Жырлаймын туған елімді» – туған жерге тағзым! 17.07.2026
Бүгін Бейімбет Майлин ауданының 90 жылдығына арналған «Жырлаймын туған елімді» атты аудандық музыкалық-поэзиялық вернисаж жоғары деңгейде өтті.Шараға ауданымыздың ауылдық округтері мен Тобыл кентінен келген өнерпаздар қатысып, туған жерге, елге, Отанға деген ыстық ықыласын жүрекжарды жырлармен жеткізді. Көрермен назарына авторлық шығармалармен қатар қазақ және орыс ақындарының туған өлкені арқау еткен туындылары ұсынылды.Қатысушылардың өнерін кәсіби қазылар алқасы бағалап, үздік орындаушылар марапатталды.Осындай тағылымды кештің басты мақсаты – туған жерге деген сүйіспеншілікті, ұлттық рухты және рухани құндылықтарды насихаттау болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1259421?lang=ru
БҰҰ-ның Ливандағы UNIFIL базасында Қазақстанның Мемлекеттік туы көтерілді 17.07.2026
БҰҰ-ның Ливандағы Уақытша күштерінің (UNIFIL) базасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеру рәсімі салтанатты түрде өтті.Іс-шараға үнді батальонының командирі полковник Прасун Сингх, батальонның әскери қызметшілері, сондай-ақ қазақстандық бітімгерлер контингентінің командирі аға лейтенант Талғат Исмайылов пен ұлттық құрамның барлық мүшелері қатысты.Салтанатты рәсім барысында полковник Прасун Сингх база аумағында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын ресми түрде көтерді. Қазақстан, Үндістан және Біріккен Ұлттар Ұйымының әнұрандары орындалғаннан кейін үнді батальонының командирі қазақстандық бітімгерлерді құттықтап, алдағы қызметтеріне сәттілік тіледі. Сонымен қатар, ол ұлттық контингент командиріне UNIFIL миссиясының естелік белгісін табыстады.Мемлекеттік туды көтеру рәсімі – UNIFIL миссиясының дәстүрлерінің бірі. Бұл рәсім ұлттық контингенттің база аумағында ресми түрде қызметін бастағанын білдіреді және олардың халықаралық міндеттерді орындауға дайын екенінің белгісі саналады.Қазақстаннан 11 бітімгер Ливанға БҰҰ-ның Уақытша күштері (UNIFIL) құрамында қызмет атқару үшін барғанын естеріңізге саламыз. Олар алты ай бойы бітімгерлік міндеттерін орындайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1259388?lang=ru
Сандар сөйлейді: Ұлттық ұланның кинология орталығында соңғы екі жылда 60 күшік өсірілді 17.07.2026
Соңғы екі жыл ішінде ҚР ІІМ Ұлттық ұланы 6654 әскери бөлімінің Кинология орталығында қызметтік тұқымдағы 60 күшік өсірілді. Жақын арада олардың басым бөлігі құқықтық тәртіп әскерінің бөлімшелерінің қатарын толықтырып, қызметтік-жауынгерлік міндеттерді орындауға кіріседі.Алатау қаласында орналасқан Кинология орталығы – Ұлттық ұлан жүйесінде кинолог мамандарды даярлау мен қызметтік иттерді өсіруді қатар жүзеге асыратын бірегей мекеме. Мұнда неміс, бельгия және голланд овчаркалары өсіріледі. Өткен жылы дәл осы орталықта алғаш рет голланд овчаркасынан төл алынып, қызметтік ит тұқымдарының қатарын ұлғайтуға мүмкіндік туды.Күшіктер өмірінің алғашқы айларынан бастап мінез-құлқы, белсенділігі мен жұмысқа бейімділігі бойынша іріктеуден өтеді. Алты айлық кезеңге жеткенде мамандар олардың болашақ мамандану бағытын айқындайды. Бірі есірткі заттарын іздеуге, екіншісі жарылғыш заттарды анықтауға, ал үшіншісі патрульдік-іздестіру қызметі мен құқық бұзушыларды ұстауға бейімделіп оқытылады.Орталықта дайындықтан өткен қызметтік иттер күн сайын Ұлттық ұлан әскери қызметшілерімен бірге қоғамдық тәртіпті күзетуге, бұқаралық іс-шаралардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, тыйым салынған заттар мен қаруды, сондай-ақ хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздестіруге қатысады.Тек 2025 жылдың өзінде Ұлттық ұланның кинологтары 3500-ден астам қызметтік міндетті орындап, оның 120-дан астамы нәтижелі аяқталды. Қызметтік иттердің көмегімен қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен 81 құқық бұзушы ұсталды, өсімдік және синтетикалық текті 210 келіден астам есірткі заты анықталып, тәркіленді, 14 суық қару мен 7 атыс қаруы табылды, сондай-ақ хабар-ошарсыз кеткен 17 адамның жүрген жері анықталды.Әрбір осында өсірілген күшік – болашақта әскери қызметшінің сенімді төрт аяқты серігі. Олардың сапалы дайындығы көп жағдайда азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қызметтік-жауынгерлік міндеттердің табысты орындалуына тікелей ықпал етеді. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1259382?lang=ru
Қазақстан Орталық Азия мен Еуропалық Одақ арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуды қолдайтынын растады 17.07.2026
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Саясат және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» жоғары деңгейдегі диалогының 13-отырысына қатысты.ЕО делегациясын Еуропалық сыртқы іс-қимыл қызметі Бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Олоф Скуг басқарды.Кездесу барысында өңіраралық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері, оның ішінде Еуропалық Одақтың Орталық Азиядағы бағдарламалық қызметі жөнінде мазмұнды пікір алмасу өтті. Атап айтқанда, тараптар «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» саммитінің (Самарқанд қ., 2025 жылғы 3-4 сәуір) және «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» бірлескен Жол картасының (Люксембург қ., 2023 жылғы 23 қазан) қорытындылары бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысын, қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аудара отырып, талқылады. Сондай-ақ, делегаттар 2026-2027 жылдарға арналған бірлескен халықаралық іс-шаралардың кестесін қарастырды.Қазақ дипломаты өңірдегі ахуал, ҚР ұлттық және өңірлік деңгейлерде тұрақтылық пен орнықты дамуды қолдау бағытында қабылдап жатқан шаралары туралы ақпарат беріп, саясат, экономика және қауіпсіздік салаларындағы өңіраралық өзара іс-қимылды одан әрі кеңейту жөнінде бірқатар сындарлы ұсыныстар енгізді.Қатысушылар шекараларды басқару, терроризм мен экстремизмге, есірткінің заңсыз айналымына байланысты өңірлік сын-қатерлер мен қауіптерге ден қою, сондай-ақ, құқық қорғау органдары арасындағы ведомствоаралық ынтымақтастықты кеңейту салаларындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға ортақ мүдделіліктерін растады.Іс-шара аясында А. Исетов пен О. Скугтың екіжақты кездесуі өтті. Онда Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективалары талқыланды. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 22-23 маусымда Брюссельге жасаған ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды практикалық тұрғыдан іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.Брюссельдегі кеңес қорытындысы бойынша тараптар сенім мен тең құқықты әріптестік қағидаттары негізінде Орталық Азия мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ортақ бейілділіктерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1259350?lang=ru