Әлем
Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық пән олимпиадалары жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады 18.08.2025
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада халықаралық пән олимпиадалары жеңімпаздарымен және жүлдегерлерімен кездесті.Іс-шараға 24 лауреат, атап айтқанда, 4 алтын, 11 күміс және 9 қола медаль иегері шақырылды. Оқушылар химия, математика, физика, география, информатика және биология пәндерінен үздік нәтиже көрсеткен.Президент жастарды, ең алдымен, білім әлеміндегі жеңістерімен құттықтап, шынайы ризашылығын білдірді. Олардың халықаралық беделді білім сайыстарында топ жарып, Қазақстанның атын әлемге паш етуін зор жетістік ретінде бағалады.– Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығу, әлемдік жарыста жеңіске жету оңай емес. Білімге деген ұмтылыстың, нағыз еңбекқорлық пен табанды іс-әрекеттің арқасында осындай биікке шығып жатсыздар. Расында, дарынға ие болу, бұл – бақыт. Бірақ жай ғана еңбексіз дарын жетістіктің кепілі бола алмайды. Дарынның көзін ашу керек және оны толығымен пайдалана білу қажет. Әр жеңіс, әр медаль тынымсыз ізденіспен, маңдай термен, үздіксіз дайындықпен келеді, – деді Мемлекет басшысы.Президент шәкірт қабілетін ұштаған ұлағатты ұстаздар мемлекеттік марапатқа лайық екенін жеткізіп, озық ойлы ұрпақ тәрбиелеген ата-аналарға алғыс айтты. Қазақстанның болашағы – жасампаз жастардың қолында екеніне назар аударып, ұл-қыздарымыз әрдайым үздіктер қатарынан табылатынын атап өтті.– Жастарымыз жаһандық спорт және өнер додаларында жеңімпаз атанып, туымызды көкте желбіретіп жүр. Білім саласындағы беделіміз де артып келе жатыр. Былтырдан бері оқушыларымыз 30-дан астам халықаралық олимпиада мен ғылыми жарысқа қатысып, мыңға жуық медаль алды. Оның 200-ге жуығы – алтын, 300-ден астамы – күміс, ал 500-ге жуығы – қола медаль. Бұл тамаша көрсеткіш Қазақстандағы білім сапасының деңгейі жоғары екенін көрсетеді. Тағы да қайталап айтамын, біз әлемдік жарыста ел намысын қорғаған әр жеңімпазды мақтан тұтамыз. Сіздерді еліміздің бетке ұстар, лайықты азаматтары деп санаймын. Болашақта да Қазақстанның одан әрі дамуына қомақты үлес қосатындарыңызға кәміл сенемін, – деді Президент.Қасым-Жомарт Тоқаев жастарға барынша жағдай жасау мемлекеттің басты міндетінің бірі екеніне тоқталды. Бұл бағытта ауқымды іс атқарылып жатыр. Бірақ негізгі жұмыс әлі алда.– Қазіргі таңда еліміздің әр аймағында заманауи үлгідегі «Келешек мектептері» ашылуда. Мұғалім мәртебесін көтеруге баса мән беріліп жатыр. Ғылым жолына түскен жастарға жан-жақты қолдау көрсетілуде. Бұл ретте «Болашақ» халықаралық стипендиясы тиімді рөл атқаруда. Жоба аясында мыңдаған жас азамат әлемнің озық университеттері мен зерттеу орталықтарында білім алды. Бүгінде олардың көбі елімізді өркендетуге мол үлес қосуда. Алдымызда тұрған міндет – осы стипендияға нағыз қабілетті, дарынды балаларды іріктеу. Кездейсоқ адамдарды қосуға болмайды. Сондықтан келесі жылдан бастап халықаралық олимпиада жеңімпаздарын «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға жіберу туралы шешім қабылданды. Осылайша, біз дарынды әрі талапты жастарға жан-жақты қолдау көрсете береміз, – деді Мемлекет басшысы.Президенттің пікірінше, халықаралық беделді олимпиадалардағы жастардың жетістіктері ұлтымыздың зияткерлік қуаты мен өскелең ұрпақтың зор әлеуетін танытады.– Елімізге ғалымдар, инженерлер, педагогтар, дәрігерлер мен басқа да жоғары білікті мамандар қажет. Әсіресе, жасанды интеллект саласындағы мамандар айрықша сұранысқа ие болады. Инновация мен жоғары технологиялар негізінде еліміздің алдағы даму кезеңдерінің берік іргетасын қалап жатырмыз. «Росатом» компаниясымен бірге салынатын алғашқы атом электр стансасы стратегиялық маңызға ие. Бірер күн бұрын оның құрылысы ресми түрде басталды. АЭС энергетика нысаны ғана емес, ғылыми-техникалық прогрестің жарқын символы болуға тиіс. Әзірге оның атауы жоқ. Бұл еліміздегі тұңғыш станса болғандықтан, халық арасында үздік атау жөнінде байқау жариялауға болады деп санаймын. Осы сайысқа қатысып, шығармашылық қарымдарыңызды көрсетуге шақырамын. Бәлкім, шешім қабылдаған кезде Сіздердің де ұсыныстарыңызға сүйенерміз, – деді Президент.Мемлекет басшысы жастарға ғибратты сөзін арнады.– Біз қазір бәріміз бір ел болып Әділетті, Таза әрі Қауіпсіз Қазақстанды құрып жатырмыз. Бұл – жай саяси науқан емес. Бұл – мемлекеттілігімізді нығайту деген сөз. Осы ауқымды жұмысты жастарымыз үшін бастадық. Енді оны міндетті түрде орындауымыз қажет. Оның бар игілігін, ең алдымен, өскелең ұрпақ, яғни, Сіздер көресіздер! Мен еліміздің жастарына зор сенім артамын. Қазақстан жастары көзі ашық, көкірегі ояу, ойы ұшқыр, дарынды, еңбекқор азаматтар деп үнемі айтып жүремін. Ұл-қыздарымыз әрқашан адал азамат деген атқа сай болсын деп тілеймін. Ең алдымен Отанға, елімізге адал болыңыздар. Сіздер халқымызды жер жүзіне зияткер ұлт ретінде танытып жүрсіздер. Әрдайым ізденіс пен еңбек жолында болыңыздар. Өскелең ұрпақ Сіздерге – талантты жастарға қарап бой түзейді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Мемлекет басшысы халықаралық жарыстарда топ жарып, алтын, күміс және қола медаль иеленген жастарға 1500, 1000 және 500 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қаржылай сыйақы сертификаттарын салтанатты түрде табыстады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-pretoria/press/news/details/1052886?lang=kk
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII Съезіне ақпараттық сүйемелдеу жасау үшін шетелдік журналистерді аккредитациялау туралы 18.08.2025
2025 жылғы 17-18 қыркүйекте Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласында, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII Съезі өтеді.VIІI Съезд жұмысына әлемнің шамамен 60 елінен 100-ден астам делегация қатысады деп күтілуде. Олардың қатарында ислам, христиан, буддизм, иудаизм, индуизм, даосизм, зороастризм, синтоизм діндерінің рухани лидерлері, халықаралық ұйымдардың өкілдері, сарапшылар қауымдастығы, саяси және қоғам қайраткерлері бар.Съезд аясында өтетін іс-шаралар:16 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Хатшылықтың XXIII отырысы өтеді.Дәл осы күні БҰҰ Өркениеттер альянсы аясында діни нысандарды қорғау жөніндегі арнайы сессия өтеді. Сессияға жетекші діни және саяси лидерлер, дипломаттар, қоғамдық және халықаралық ұйымдардың өкілдері жиналып, ғибадат орындары, қасиетті және діни ғимараттарға қауіп төндіретін жаһандық сын-қатерлерді талқылайды.17 қыркүйекте ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезінің пленарлық отырысы өтеді. Форумның басты тақырыбы – «Діндер диалогы: болашақ жолындағы синергия». Жұмыс барысында секциялық отырыстар форматында бірқатар өзекті мәселелерді қарау жоспарлануда.18 қыркүйекте «Жастар бейбіт қатар өмір сүру үшін: болашақ жолындағы синергия» тақырыбында ІІ Жас діни лидерлер форумы өтеді.Оқиғалардың күндері мен орындары:16 қыркүйек10:00 – Съез Хатшылығының XXІІІ отырысы (Астана қ., Бейбітшілік және келісім сарайы, Тәуелсіздік даңғ. 57);15:00 – Біріккен Ұлттар Ұйымының Өркениеттер альянсының діни нысандарды қорғау жөніндегі арнайы сессия (Астана қ., Тәуелсіздік сарайы, Тәуелсіздік даңғ. 52).17 қыркүйек10:00 – Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII Съезінің Ашылуы және Пленарлық отырысы (Астана қ., Тәуелсіздік сарайы, Тәуелсіздік даңғ. 52).18 қыркүйек10:00 – Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII Съезінің секциялық отырыстары;10:00 – II Жас діни лидерлер форумы;15:00 – Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII Съезінің жабылуы (Астана қ., Тәуелсіздік сарайы, Тәуелсіздік даңғ. 52). Аккредитациядан өту үшін шетелдік журналистер 2025 жылғы 29 тамыз сағат 12:00-ге дейін тіркеу формасын толтырып, оны mfakzaccreditation@gmail.com электронды поштасына жолдау қажет.Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда ҚР СІМ Баспасөз қызметіне хабарласуыңызды сұраймыз:– Муташев Мейрам, ж.т.: +7 (7172) 72-01-45;– Өтегенов Ерлан, ж.т.: +7 (7172) 72-01-11.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-podgorica/press/news/details/1056294?lang=kk
Жаңа Салық кодексі бойынша Семинар 18.08.2025
18.08.2025 жылы Самар ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы “Жаңа салық кодексіндегі жалпы өзгерістер” тақырыбында семинар өткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1052820?lang=kk
Қазақстан Республикасындағы Ұлыбритания Елшісімен кездесу 18.08.2025
2025 жылғы 15 тамызда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының орынбасары Сеилжан Ахметов пен Қазақстан Республикасындағы Біріккен Корольдік Ұлыбритания және Солтүстік Ирландияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Кэти Лич ханыммен кездесу өтті. Бұл күн ханым Лич үшін еліміздегі дипломатиялық миссиясының басшысы ретіндегі соңғы жұмыс күні болды. Кездесу барысында тараптар кедендік және салықтық саладағы екіжақты өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылап, ынтымақтастықтың оң динамикасын атап өтті және серіктестікті одан әрі дамыту үшін келешегі зор бағыттарды белгіледі. Комитет Төрағасының орынбасары сауда рәсімдерін жеңілдету, кедендік әкімшілендіру тиімділігін арттыру және тәжірибе алмасу мақсатында бірлескен бастамаларды іске асыруда өзара түсіністікті нығайтуға белсенді жәрдемдескені үшін Елшіге алғыс білдірді. Өз кезегінде Кэти Лич ханым өз дипломатиялық миссиясы барысында Комитетпен сындарлы және жемісті ынтымақтастық үшін алғыс айтып, британдық тараптың барлық бағыттар бойынша өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға дайын екенін атап өтті. Кездесу соңында тараптар бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, жаңа жобалар мен бастамаларды іске асыруда табыс тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1052822?lang=kk
Бүгін Қазақстан Республикасында әлеуметтік көмек көрсетудің қорытынды бағалау (скоринг) үлгісін енгізу бойынша түсіндіру жұмыстары аясында тұрғындармен кездесу өткізілді 18.08.2025
2025 жылғы 18 тамызда «Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасында әлеуметтік көмек көрсетудің қорытынды бағалау (скоринг) үлгісін енгізу бойынша түсіндіру жұмыстары аясында тұрғындармен кездесу өткізілді. Шара барысында қызметкерлер отбасылардың әл-ауқатының деңгейін бағалаудың жаңа жүйесі туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Бағалау моделі негізгі критерийлерге негізделген: * отбасы мүшелерінің экономикалық жағдайы, әлеуметтік жағдайы, тұрғын үй жағдайы, денсаулық жағдайы. Бұл мемлекеттік қолдауды объективті, ашық және мақсатты түрде тағайындауға мүмкіндік береді. Тұрғындарға: * жаңа модельдің мақсаттары мен артықшылықтары; * цифрлық отбасы картасын жасау тәртібі, * әлеуметтік көмек алу алгоритмі туралы түсініктемелер берілді. Кездесу соңында қатысушылар сұрақтарын қойып, мамандардан жеке кеңестер алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-temirtau/press/news/details/1052988?lang=kk
«Небо Байсерке – 2025» 18.08.2025
Ауқымды мерекелік шараға Қазақстанның түкпір-түкпірінен және шет мемлекеттерден келген 10 мыңнан астам көрермен жиналды. Таңертеңнен бастап Байсеркеге балаларымен келген отбасылар, жастар мен үлкендер ағылып, үлкен авиациялық мерекенің ерекше атмосферасына куә болды.Авиашоуды ұйымдастырушылар – Қазақстанның шағын авиация қауымдастығы (КАМА), «Тянь-Шань» авиациялық орталығы, «Отан» әуе клубы мекемесі, сондай-ақ Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен Visit Alatau туристік ақпараттық орталығы. Іс-шара қарсаңында БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз конференциясы өтіп, онда авиациялық спортты дамыту мен жастар арасында техникалық шығармашылықты насихаттаудың маңызы атап өтілді.Ашық алаңда авиациялық техника музейі ұйымдастырылып, әр кезеңнің куәсі болған тарихи және заманауи ұшақтар мен тікұшақтар көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Балалар ұшақ кабиналарын қызыға тамашалап, қонақтар естелік суретке түсті. Ресми ашылуға дейін мерекелік көңіл-күйді Қазақстанның мемлекеттік үрмелі оркестрі қалыптастырды, ал көк жүзінде әуе шарлары көтерілді. Шараның ресми жүргізушісі Роман Жуков авиашоудың ашылғанын хабарлап, әуеге алғашқы болып авиамодельдер көтерілді.Ашылу рәсімі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы тігілген тікұшақтың Әнұран әуенімен көкке көтерілуімен айшықталды. Бұл сәт патриоттық рухты күшейтіп, аспанның елді біріктіруші құндылық ретіндегі символдық мәнін көрсетті.Авиашоу бағдарламасына енгізілгендер:жоғары пилотаж шеберлерінің өнер көрсетуі;заманауи және тарихи әуе кемелерінің әуеге көтерілуі;облыс әкімдігінің, Visit Alatau мен түрлі ұйымдардың жалауларымен парашютшілердің секіруі;Қазақстан авиациялық спорты федерациясы вице-президенті Тимофей Меркуловтың түтін гирляндасымен әсерлі секірісі;ҚР Қарулы күштері парашюттік даярлық орталығы спортшыларының көрсетілімі;Socata ұшақтарының топтық ұшуы;ҚР әуе спорты чемпионы Владимир Анцуповтың, нұсқаушы Дмитрий Кияновтың және басқа да ұшқыштардың жоғары пилотаждық маневрлері;Pilatus PC-12, Partenavia P.68, Як-55 ұшақтарының және Ми-2 тікұшағының көрсетілімдері;екі Ан-2 ұшағынан бір мезетте 24 парашютшінің десантталуы;Як-18Т, Як-52 және Як-55 әуе кемелері орындаған «Ромб» топтық пилотажы.Жердегі бағдарлама да ерекше әсер қалдырды: Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы әртістерінің концерттік қойылымдары, жәрмеңке, фотозоналар, балалар алаңдары, сондай-ақ авиациялық техника музейіне экскурсиялар ұйымдастырылды. Көрермендердің жайлылығы үшін шаттлдар, автотұрақтар, фудкорттар, ақпараттық орталықтар және санитарлық аймақтар қарастырылды.«Небо Байсерке – 2025» Қазақстандағы авиациялық спорт саласындағы ең ірі оқиғалардың бірі ретінде өз мәртебесін тағы да дәлелдеп, технологияны, шеберлікті және көкке деген сүйіспеншілікті тоғыстырған нағыз отбасылық әрі шабыт сыйлаған мерекеге айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1052856?lang=kk
Көппәтерлі тұрғын үйдің инвентарлық тізімі не үшін қажет 18.08.2025
Көппәтерлі тұрғын үйдің инвентарлық тізімі — бұл үйдің барлық ортақ мүлкі элементтерін, олардың техникалық жағдайын, сипаттамаларын және тиесілілігін көрсететін ресми құжат. Мұндай тізімнің болуы үйді басқаруда ашықтықты қамтамасыз етеді, меншік иелерінің құқықтарын қорғайды және үйді күтіп-ұстау мен жөндеу процесін жеңілдетеді.Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес, көппәтерлі тұрғын үйдің ортақ мүлкі пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың барлық меншік иелеріне ортақ үлестік меншік құқығында тиесілі. Оны есепке алу және қорғау үшін инвентарлық тізім жасалады, ол ортақ мүліктің шекаралары мен құрамын айқындаудың негізі болып табылады.МИБ төрағалары және басқару субъектілері инвентарлық тізімді жылына кемінде бір рет немесе жабдықтарды ауыстыру мен күрделі жұмыстар жүргізу кезінде толтыруға міндетті.Ашықтық және тұрғындардың мүдделерін қорғауИнвентарлық тізім ортақ мүлікке жататын барлық элементтерді: қабырғалар, шатырлар, кіреберістер, инженерлік желілер, жертөлелер, шатыр асты орындары, лифт жабдықтары және аула аумағын тіркейді. Бұл меншік иелеріне қай объектілерді бірлесіп күтіп-ұстау қажеттігін нақты түсінуге мүмкіндік береді және ортақ үй-жайларды үшінші тұлғалар тарапынан заңсыз иемденуден қорғайды. Көппәтерлі тұрғын үйдің инвентарлық тізімі болған жағдайда ай сайынғы тарифтің нысаналы жұмсалуын қадағалау оңайырақ болады.Жиналымдар мен сметаларды есептеу негізіИнвентарлық тізім үйді күтіп-ұстауға арналған сметаны жасау және меншік иелерінің ай сайынғы жиналымдарын есептеу үшін пайдаланылады. Тізім неғұрлым дәл жасалса, шығындар тұрғындар арасында соншалықты әділ бөлінеді.Жөндеулер мен жаңғыртуды жоспарлауҮйдің инвентарлық тізімі ортақ мүліктің әрбір элементінің техникалық жағдайын есепке алуға мүмкіндік береді. Бұл ағымдағы және күрделі жөндеулерді, сондай-ақ тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерін (жылыту, сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, лифтілерді және өртке қарсы жүйелерді ауыстыру) жаңғыртуды жоспарлауды жеңілдетеді. Жергілікті атқарушы органдар үшін кондоминиум объектілерінің инвентарлық тізімі болған жағдайда ғимараттарды пайдаланудың техникалық ережелерін сақтау барысын бақылау жеңілдейді.Инвентарлық тізім акиматтар, тұрғын үй инспекциялары және тұрғындардың өздері үшін бақылау құралы болып табылады. Ол ОСИ немесе басқарушы компания қызметін тексеру кезінде, сондай-ақ тұрғындар мен сервистік ұйымдар арасындағы даулар туындаған кезде негіз болып табылады.Көппәтерлі тұрғын үйдің инвентарлық тізімі — жай ғана ресми құжат емес, меншік иелерінің құқықтарын қорғаудың және тиімді басқарудың негізгі құралы. Ол ашықтықты, шығындардың әділ бөлінуін, жөндеулерді жоспарлауды және бұзушылықтардан қорғауды қамтамасыз етеді. Сондықтан инвентарлық тізімді жасау және оны жүйелі түрде жаңартып отыру көппәтерлі тұрғын үйлерде ұзақ мерзімді әрі жайлы өмір сүрудің қажетті шарты болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-zkh/press/news/details/1052871?lang=kk
Департамент жеке құрам арасында жоспардан тыс аттестаттау жариялайды 18.08.2025
Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаменті жоспардан тыс аттестаттау өткізілетінін хабарлайды.Аттестаттаудың негізгі мақсаты – алдағы тоқсанда жоғары тұрған басшылық лауазымдарға ұсыну үшін кадрлық резервті қалыптастыру және тиісті кадрлық жоспарлау шараларын жүзеге асыру.Аттестаттауға қатысты барлық сұрақтар бойынша Департаменттің тәрбие және кадр жұмысы бөліміне хабарласуыңыз сұралады:+7 747 789 52 40Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisalmjetobl/press/news/details/1052637?lang=kk
Департаментке бағынысты мекемелерде ЖПІШ "Допинг" өтуде 18.08.2025
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің негізгі ұйымдастырылған жоспарының талаптарын орындау мақсатында, Алматы және Жетісу облыстары бойынша №71 мекемесінде ағымдағы жылдың 11-15 тамыз аралығында "ДОПИНГ" атты жедел алдын-алу іс шарасы аймақтық ПД есірткіге қарсы басқармасы қызметкерлерімен бірлесе жүргізілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisalmjetobl/press/news/details/1052646?lang=kk
2025 жылғы 14 тамызда ҚР Әділет министрлігі СҚО Әділет департаментінің «№4 ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі» филиалының сот орындаушысы Ж. Исаканова сот қаулысына сәйкес азамат З.-дан тәркіленген 585 дана алкогольдік өнімді тәркіледі. 18.08.2025
Тәркіленген алкогольдік өнімдер ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 4 маусымдағы №404 қаулысының 2-қосымшасына сәйкес жергілікті атқарушы органға берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/1052650?lang=kk
КУРЧАТОВ ҚАЛАСЫНДА МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУҒА МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ТАПСЫРЫСЫН ОРНАЛАСТЫРУҒА ХАБАРЛАНДЫРУ 18.08.2025
Абай облысы білім басқармасының «Курчатов қаласының білім бөлімі» ММ (бұдан әрі – білім бөлімі) Курчатов қаласында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға конкурс жариялайды.Мектепке дейінгі ұйымдар мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға арналған конкурстық рәсімге қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім Министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш.Өтініште «Мектепке дейінгі ұйымның атауы» жолында заңды тұлғалар үшін жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы БСН және бірегей анықтама нөмірі көрсетілуі қажет;2) Мектепке дейінгі ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған бейнебақылау камераларының, дабыл түймесінің және дауыстық хабарландырудың болуы туралы ақпаратты;3) Санитариялық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерді медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға алғашқы медициналық-санитариялық көмекті ұйымдастыруға арналған лицензия (сыйымдылығы үш топқа дейін);4) Педагогтік немесе бейіндік білімі бар педагогтердің белгіленген үлгідегі білім туралы штат кестесінің және құжаттарының көшірмесі;5) Ғимаратты/үй-жайларды жалдау шартының көшірмесі (бар болса). Басшының қолы қойылған және мөрмен расталған құжаттарды қабылдауды білім бөлімі мына мекен-жай бойынша жүзеге асырады: Курчатов қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 4 2025 жылғы 7 -11 қараша аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін (үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін) немесе электрондық поштаға: goo_kurch@mail.ruКомиссия мектепке дейінгі ұйымдар ұсынған, оның ішінде тиісті мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелерден алынған құжаттарды 2025 жылғы 26 қарашаға дейінгі мерзімде сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін (үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін) қарайды.Курчатов қаласының білім бөліміАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1099630?lang=kk
«Жұмысшы мамандықтары» жылында құрылысшылардың еңбегі марапаттармен марапатталды 18.08.2025
Жұмысшы мамандықтары жылында Шымкентте құрылыс саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты шара өтті. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков сала мамандарын құттықтап, Қазақстан Республикасы Президентінің атынан мемлекеттік наградалар – 3-дәрежелі «Еңбек даңқы» орденін, «Ерен еңбегі үшін» медалін және саланың үздік өкілдеріне алғыс хаттарды табыс етті. Өз сөзінде мегаполис басшысы жайлы қалалық ортаны құрушылардың бірі құрылысшылар екенін атап өтті. Олардың жұмысының арқасында Шымкентте жаңа тұрғын үй кешендері, әлеуметтік нысандар мен заманауи инфрақұрылымдар салынып, тұрғындардың өмір сүру сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде. «Жұмысшы мамандықтары» жылында құрылысшылардың еңбегі жоғары біліктіліктің, жауапкершілік пен іске адалдықтың үлгісі ретінде ерекше мәнге ие болып отырғаны ерекше атап өтілді. Қала әкімі мегаполистің дамуына қосқан үлестері үшін алғысын білдіріп, мамандарға жаңа табыс, денсаулық пен бақ-береке тіледі.
ШЫМКЕНТ: ҚҰРЫЛЫС, ЖОЛ САЛАЛАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ 18.08.2025
Елімізде тамыз айында құрылыс және жол салалары қызметкерлерінің кәсіби мерекелері аталып өтеді. Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков мегаполистің дамуына үлес қосып жүрген мамандарды құттықтап, Қазақстан Республикасы Президентінің атынан мемлекеттік наградалар — ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттап, үздік қызметкерлерге алғыс хаттар табыс етті.Қала басшысы сала мамандарының орасан еңбегіне тоқталып, қызметкерлердің жоғары кәсіби біліктілігін, жауапкершілігін атап өтті. Олардың күш-жігерінің арқасында қалада жаңа тұрғын үйлер, әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандар бой көтеруде Бұл игілікті істер халықтың жайлы өмір сүруін қамтамасыз етуде.Шымкентте республикалық маңызы бар қала мәртебесін алғаннан бері 4,5 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй бой көтерді. Биылдың өзінде 1,37 миллион шаршы метр тұрғын үйді ел игілігіне тапсыру жоспарлануда. Өткен жылы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 11 жаңа мектеп пен 2 оқушылар сарайы пайдалануға берілді. Сонымен қатар 17 білім беру нысаны мен бірқатар әлеуметтік ғимараттың құрылысы қарқынды жүргізілуде.Жол-көлік инфрақұрылымын дамытуда да ауқымды жобалар іске асуда. Жыл сайын орта есеппен 250 шақырым жол жөнделсе, биыл бұл көрсеткіш 1 059 шақырымға жетеді.
Департаментте дөңгелек үстел өткізілді 18.08.2025
Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаментінде есірткі қылмыстары үшін жазаны өзгерту мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті.Дөңгелек үстелді ҚАЖД бастығының орынбасары Магнис Сабиров жүргізді. Іс-шараға Алатау қалалық сотының судьялары, мамандандырылған прокуратура өкілі, мекеме бастықтарының орынбасарлары және арнайы есепке алу бөлімдерінің бастықтары қатысты.Кездесу барысында қатысушылар Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 297-бабына енгізілген өзгерістерді талқылады.Дөңгелек үстелге қатысушылар жаңа өзгерістерді қабылдауға және оларды практикада жүзеге асыруға байланысты кейінгі әрекеттер алгоритмін талқылады. Ерекше назар босатылғаннан кейін жас сотталғандардың әлеуметтік бейімделуіне және олардың қылмыстық ортаға тартылу қаупін барынша азайтуға аударылды.Іс-шара конструктивті жағдайда өтті және оның нәтижелері заңнамалық өзгерістерді іске асыру бойынша одан арғы жұмыстарда ескерілетін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisalmjetobl/press/news/details/1052613?lang=kk
Департамент бос лауазымдарға үміткерлерді қабылдау туралы жариялайды 18.08.2025
Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі Департаменті орта және қатардағы басшы құрамдағы бос лауазымдарға орналасу үшін үміткерлерді қабылдауды жариялайды.Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар кадр бөлімдеріне ұсынылуы тиіс.Толығырақ ақпарат алу үшін ҚАЖД тәрбие және кадр жұмысы бөліміне хабарласуларыңыз қажет: Алматы қ. Красногорская к-сі №73а.Анықтама телефоны: 8 747 789 52 40, 8 707 530 78 20whatsapp 8 700 5343 700Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisalmjetobl/press/news/details/1052618?lang=kk
Сувенирлік "долларды" мекемеге өткізбек болған 18.08.2025
Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментінің №57 мекемесінің қызметкерлері орналасқан колония аумағына тыйым салынған заттарды алып өту әрекетінің жолын кесті. Оқиға 2025 жылғы 14 мамырда мекеменің бақылау-өткізу бекетінде орын алды.Колония аумағына кірген жүк көлігін тексеру барысында қызметкерлер күдікті қара пакетті анықтады. Тексеру кезінде оның ішінен 16 дана ойын картасы, «сувенирлік өнім» деген жазуы бар 200 дана долларлық купюра, иісі жоқ ақ ұнтақ бар 25 мл көлеміндегі құты, сондай-ақ беруге тыйым салынған басқа да заттар табылды. Аталған ұнтаққа сот-химиялық сараптама тағайындалды.Белгілі болғандай, көлік жүргізушісі бұл пакетті Алматы облысының тұрғынынан алған. Аталған дерек бойынша оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылды.№57 мекеме бастығы әділет майоры Ұлан Арғынбаевтың айтуынша, мекеме қызметкерлері әрекет етуші нұсқаулықтарға сәйкес жедел және қатаң түрде әрекет еткен.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisalmjetobl/press/news/details/1052622?lang=kk
Сотталғандар "Менің болашағым" атты тренинг өтті 18.08.2025
Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаменті №57 мекемесінен жазасын өтеп босатылып шығатын сотталғандарды бостандық өмірге дайындау мақсатында “Менің болашағым” атты тақырыпта психологиялық тренинг өткізілді.Бұл тренинг оларға болашақты жоспарлауға, үміт пен жауапкершілік сезімін арттыруға көмектесуге бағытталған. Сотталғандардың болашаққа деген сенімін арттыру, өмірлік мақсаттарын қайта қарауға, жеке жауапкершілік пен мотивацияны қалыптастыруға көмегі мол. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisalmjetobl/press/news/details/1052631?lang=kk
CISM-мен қорытынды кеңес: Қазақстанның әскери спорты жаңа деңгейге шығады 18.08.2025
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінде әскери спортты дамыту мәселелеріне арналған маңызды кеңес өтті. Кездесуге ҚР Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов, Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов және Халықаралық әскери спорт кеңесінің (CISM) Президенті Нилтон Гомес Ролим Филью қатысты.Қорғаныс министрі кеңеске қатысушыларға әскери қызметшілер арасында қазақ күресінен өткен әлем чемпионатын дайындау және өткізу барысында көрсеткен қолдаулары үшін алғысын білдірді.- Сіздердің жеке үлестеріңіз және осы іс-шараға ерекше назар аударуларыңыз халықаралық деңгейдегі жарысты сәтті өткізуге ықпал етті. Әртүрлі елдердің әскери спортшылары арасындағы спорттық және достық байланыстарды нығайтты, сондай-ақ Қазақстанның ұлттық спорт түрлерін танымал етуге ықпал етті. Біздің өзара іс-қимылымыз спорттық әріптестікті одан әрі дамытуға және CISM-ге мүше елдер арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға ықпал ететініне сенімдімін, – деп атап өтті авация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов.Талқылаудың негізгі тақырыптарының бірі әлемдік аренада ұлттық спорт түрі – Қазақ күресін одан әрі дамыту болды. Кеңес барысында Қазақ ұлттық күресін 2027 жылғы әскери қызметшілер арасындағы ойындар бағдарламасына енгізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Бұл спортты халықаралық деңгейде насихаттаудағы маңызды қадам.Сонымен қатар, тараптар 2026 жылы Ресей Федерациясы аумағында қазақ күресінен келесі әлем чемпионатын өткізу туралы сұрақты талқылады. Бұл шешім қазақ күресіне деген қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетеді және әртүрлі елдердің әскери қызметшілері арасындағы спорттық және достық байланыстарды нығайтуға ықпал етеді.Қабылданған шешімдер ҚР Қорғаныс министрлігі мен Халықаралық әскери спорт кеңесі арасындағы сенімнің жоғары деңгейін және табысты ынтымақтастықты куәландырады. Бұл халықаралық аренада Қазақстан Қарулы күштерінің имиджін нығайтуға елеулі үлес қоспақ.Іс-шара соңында Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов Мемлекет басшысының атынан қонақтарға армия спортын қолдағаны үшін алғыс білдіріп, "Халықаралық әскери ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін" медалін табыс етті. Өз кезегінде CISM Президенті Нилтон Гомес Ролим Филью кеңес мүшелерін армия спортының дамуына қосқан үлесі үшін "Спорт арқылы достық" орденімен марапаттады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1052574?lang=kk
Тұран полициясының қызметкерлері «Таза қала» акциясы аясында тазалық пен профилактиканы біріктірді 11.08.2025
2025 жылдың 11 тамызында Шымкент қаласы Тұран ауданында республикалық «Таза Қазақстан» бастамасы аясында жүзеге асырылып жатқан «Таза қала» қалалық бағдарламасы аясында ауқымды экологиялық-профилактикалық іс-шара өтті. Ұйымдастырушылар қаланың жайлы ортасын дамыту басқармасы мен Тұран аудандық полиция бөлімі болды. Іс-шараның екі мақсаты болды – көшелер мен аулалардағы санитарлық тәртіпті қалпына келтіру, сонымен қатар тұрғындардың құқықтық санасы мен жауапкершілігін арттыру. Таңертеңнен бастап полиция қызметкерлері қалалық қызмет өкілдерімен және еріктілермен бірлесіп, аулаларды, жаяу жүргіншілер жолын, жасыл аумақтарды, балалар алаңдары мен саябақтарды тазалауға кірісті. Тазалық жұмыстарына қоқыс шығаруға арналған арнайы техникалар пайдаланылды. Бірақ бұл күні полиция әдеттегі тәртіпті сақтау қызметін атқарып қана қойған жоқ. Олар тұрғындармен белсенді түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу ережелерін, аулалар мен кіреберістерді таза ұстаудың маңыздылығын, санитарлық нормаларды бұзғаны үшін жауапкершілікті еске салды. Қоғамдық тәртіпті сақтауға ерекше көңіл бөлінді. Полиция қызметкерлері тұрғындарға түнде шу шығаруға, алкогольдік ішімдіктерді ішуге, рұқсат етілмеген жерлерде темекі шегуге болмайтынын түсіндіріп, аулалар мен көшелерде құрылыс пен ірі көлемдегі қалдықтарды қалдыруға тыйым салынатынын еске салды. Тәртіп сақшыларының пікірінше, мұндай әрекеттер заңды бұзып қана қоймай, басқалардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне қауіп төндіреді. Биылғы акцияның ерекшелігі полицияның профилактикалық жұмыстарға белсене қатысуы болды. Егер бұрынғы жылдары тәртіп сақшылары негізінен патрульдеу және құқық бұзушылықтарды тіркеумен шектелсе, қазір олар халықпен тікелей байланысқа қосылды. Бұл тәсіл аумақты физикалық тазалауды тұрғындар арасында тәртіп пен тазалықты сақтау әдеттерін қалыптастырумен үйлестіруге мүмкіндік берді. Аудандық ішкі істер бөлімі өкілдерінің айтуынша, мұндай тактика айыппұлдар мен ескертулерден де тиімді, өйткені олар келешекте заң бұзушылықтардың санын азайтуға септігін тигізеді. Акция барысында санитарлық нормаларды сақтамау фактілері анықталды. Бірнеше тұрғындар мен кәсіпкерлер аумақты қоқыспен тастап, рұқсат етілмеген орындарда қалдықтарды сақтағаны үшін әкімшілік хаттамалар алды. Тұрғындарға ауызша ескертулер жасалып, қоқыстарды жинау мен шығаруды қалай дұрыс ұйымдастыру керектігі түсіндірілді. Бірқатар аулаларда бастаманы ықыласпен қолдап, іске қосылған тұрғындардың өздерін сенбілікке тартуға мүмкіндік туды. Шараға қатысушылардың көпшілігі мұндай акциялар қаланың таза болуына ғана емес, азаматтар мен полиция арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға да септігін тигізетінін атап өтті. Тәртіп сақшылары жазалаумен шектелмей, қалалық ортаны жақсартуға атсалысуға дайын болса, бұл оларға деген сенімнің артуына ықпал етеді. Тұрғындар оларды тек заң өкілдері ретінде ғана емес, ортақ іске серіктес ретінде де қабылдайды. Өткен жылдардағы тәжірибе көрсеткендей, қарапайым қоқыс жинау әрқашан ұзақ мерзімді нәтиже бермейді. Оқиғалар алдын алу шараларымен бірге жүрмесе, біраз уақыттан кейін жағдай бұрынғы күйіне оралады. Сондықтан адамдармен жұмыс істеуге белсене араласатын полицияның қатысуымен өтіп жатқан қазіргі форматты жаңа әрі тиімді тәсіл деп санауға болады. Шара соңында қатысушылар мұндай бірлескен іс-шаралар, әсіресе, қоршаған ортаның ластануы мен қоғамдық тәртіп мәселесі өткір тұрған аймақтарда жиі өткізілетініне сенім білдірді. Ұйымдастырушылар шараның географиясын кеңейтіп, тек коммуналдық қызметтерді ғана емес, сонымен қатар мектептерді, жастар ұйымдарын және аулалық бастамашыл топтарды тартуды жоспарлап отыр. 2025 жылдың 11 тамызында Тұран ауданында өткен «Таза қала» акциясы табиғатты қорғау және профилактикалық жұмыстарды бір іс-шараға біріктірудің айқын мысалы болды. Учаскелік полиция қызметкерлері олардың рөлі заңның сақталуын қадағалаудан әлдеқайда кеңірек болатынын көрсетті. Олар қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарта алатын жайлы және қауіпсіз қалалық ортаны құру процесінің белсенді қатысушылары бола алады және болуы керек.
Тұран ауданында полицейлер «Таза қала» акциясында: тазалықпен қатар құқықтық тәртіпке де мән берілді 11.08.2025
2025 жылдың 11 тамызында Шымкент қаласының Тұран ауданында ерекше форматтағы экологиялық және профилактикалық іс-шара өтті. Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы мен Тұран аудандық полиция басқармасы бірлесіп, «Таза қала» акциясын өткізді. Бұл шара республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып, негізгі мақсаты — аумақтың санитарлық тазалығын қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау және тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру болды.Полиция қызметкерлері бұл жолы тек қауіпсіздікті қамтамасыз етіп қана қоймай, тұрғындармен профилактикалық әңгімелесу жүргізді. Олар аула және көше тұрғындарына қоқысты арнайы орындарға тастау, заңсыз қоқыс төгуге жол бермеу және қоғамдық тәртіпті сақтау ережелері жөнінде түсіндірме жұмыстарын өткізді. Сонымен қатар, кешкі уақытта тыныштықты бұзу, қоғамдық орындарда темекі шегу және ұсақ құқықбұзушылықтар үшін жауапкершілік туралы да ескертулер жасалды.Акция аясында тәртіп сақшылары коммуналдық қызмет мамандарымен және еріктілермен бірге аулаларды, жаяу жүргінші жолдарын, саябақтар мен скверлерді қоқыстан тазартты. Арнайы техникамен жиналған тұрмыстық қалдықтар полигондарға жеткізілді.Өткен жылдардағы осындай шаралармен салыстырғанда, биылғы науқанның бір ерекшелігі — полицияның белсенді араласуы және құқықтық тәртіпке баса назар аударылуы. Мысалы, 2024 жылы өткізілген «Таза қала» акциясында полиция негізінен тәртіпті қадағалаумен шектелген болатын. Ал биыл олар тұрғындармен жеке жұмыс жасап, құқықтық мәдениет қалыптастыруға да үлес қосты.Полиция басқармасының өкілдері мұндай акциялар тек бір реттік сенбілік ретінде емес, тұрғындардың күнделікті өмір сүру мәдениетінің бір бөлігіне айналуы қажет екенін атап өтті. «Тазалық — бұл тек көрініс қана емес, ол қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастырудың маңызды бөлігі» — дейді Тұран аудандық полициясының инспекторлары.Қорытындысында, 2025 жылғы «Таза қала» акциясы Тұран ауданында экология мен құқықтық тәртіпті ұштастырған үлгілі жоба болды. Мұндай бастамалар қала тұрғындарының қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттырып қана қоймай, қоғамдағы тәртіп пен өзара сыйластықты нығайтады.