Қазақстан мен Оңтүстік Корея сауда-экономикалық, инвестициялық, өнеркәсіптік және технологиялық салалардағы ынтымақтастықты дамытуда
Конституция

Қазақстан мен Оңтүстік Корея сауда-экономикалық, инвестициялық, өнеркәсіптік және технологиялық салалардағы ынтымақтастықты дамытуда

30.06.2026 18:32:52 56

Сеул, 2026 жылғы 4 маусым – Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Елшісі Асет Исенали Корея Республикасының Сауда, өнеркәсіп және ресурстар министрі Ким Чжон Гванмен кездесті. Ким Чжон Гван сондай-ақ Корея тарапының Қазақстан-Корея сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы болып табылады.

Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық, өнеркәсіптік және технологиялық салалардағы Қазақстан-Корея ынтымақтастығын одан әрі дамытудың өзекті мәселелерін талқылады. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына алдағы сапарына, сондай-ақ ағымдағы жылдың қыркүйек айында Сеул қаласында өтетін алғашқы «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммитіне қатысуына дайындық мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Қазақстандық дипломат екіжақты өзара іс-қимылдың басым бағыттарын атап өтіп, инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту, өнеркәсіп, энергетика, жасанды интеллект, аса маңызды минералдар, көлік және логистика салаларындағы бірлескен жобаларды іске асырудың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, екіжақты қатынастардың экономикалық құрамдас бөлігіне қосымша серпін беру және ынтымақтастықтың жаңа өсу нүктелерін қалыптастыру қажеттігін атап өтті.

Өз кезегінде Кореялық Министр Қазақстан-Корея әріптестігін одан әрі нығайту жөніндегі көзқарасымен бөлісіп, өндірістік кооперацияны дамыту, технологиялық алмасуды кеңейту, инвестициялық байланыстарды тереңдету және бірлескен жобаларды іске асыру үшін қолайлы жағдайлар қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.

Кездесуде Alatau City жаңа қаласын дамытуға корей тарапының қатысу перспективаларына ерекше назар аударылды. Осы тұрғыда қалалық жоспарлау, заманауи көлік және инженерлік инфрақұрылым құру, «ақылды қала» технологияларын енгізу, сондай-ақ инвестициялық және девелоперлік жобаларды іске асыру салаларындағы озық корей тәжірибесін тарту мүмкіндіктері талқыланды. Корея тарапы Alatau City жобасын урбанистика, инфрақұрылым және жоғары технологиялар салаларындағы Қазақстан-Корея ынтымақтастығын кеңейтудің перспективалы алаңдарының бірі ретінде қарастыра отырып, аталған бастамаларды одан әрі пысықтауға қызығушылық білдірді.

Сондай-ақ тараптар ағымдағы жылғы 8 маусымда Астана қаласында өтетін Қазақстан-Корея сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының 11-ші отырысына дайындық мәселелерін талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша екіжақты өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары бойынша нақты практикалық нәтижелерге қол жеткізуге және жоғары деңгейдегі алдағы іс-шараларды толықтыруға өзара қызығыушылығын растады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-seoul/press/news/details/1235994?lang=ru