Әлем
Аудан әкімі Серік Жеңісов әкімдікте ауыл шаруашылығы саласының тиімділігін арттыру, жақсарту және дамыту мәселелеріне баса назар аударды 31.07.2025
Самар ауданының әкімі Серік Жеңісов бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдерінің қатысуымен аудан әкімдігінің отырысын өткізді. Күн тәртібінде негізгі әлеуметтік-экономикалық мәселелер қаралды: бірінші жартыжылдықтағы бюджеттің атқарылуы, тұрғын үйлерді пайдалануға беру қарқыны, ауыл шаруашылығы саласының фитосанитарлық қауіпсіздігі және пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтару. Отырыс қорытындысы бойынша Серік Жеңісұлы аппарат, бөлім, ауылдық округ басшыларына нақты тапсырмалар берді. Аудан әкімі негізгі міндеттерді шешумен қатар, Шығыс Қазақстан облысының XXIII халықтық спартакиадасына қатысу үшін спортшыларды киіммен қамтамасыз етіп, әр аймақ бойынша көшелерді жарықтандыруға толықтай ревизия жүргізу керектігін атап өтті. Сонымен қатар тұрғын үйлерді пайдалануға беру, фитосанитариялық қауіпсіздік шараларын күшейту және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған басқа да міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету қажет.- Жұмыс нақты, үйлесімді әрі нәтижелі болуы керек. Азаматтар бізден ресми жауап емес, нақты шешімдерді күтеді, - деді Серік Жеңісов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1043826?lang=kk
Қазақстан мен VEON цифрландыру саласындағы серіктестікті тереңдету мәселесін талқылады 31.07.2025
Алматы, 2025 жылғы 30 шілде – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров халықаралық телекоммуникациялық «VEON» тобының директорлар кеңесінің кездесуіне қатысты. Тараптар Қазақстандағы инвестициялық ахуалды және цифрландыру мен телекоммуникация салаларындағы өзара іс-қимылды кеңейту перспективаларын талқылады.Кездесу барысында Ә.Қуантыров цифрлық сектордың Қазақстан үшін стратегиялық маңыздылығын атап өтіп, телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға қосқан үлесі үшін «VEON» компаниясына алғыс білдірді.«Қазақстан экономиканың цифрлық трансформациясына баса назар аударып отыр және біз тәжірибесі, технологиясы мен ауқымы бар халықаралық компаниялармен ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделіміз. VEON – осындай серіктестердің бірі: компания Beeline Kazakhstan-ның дамуына елеулі инвестициялар салды, ИКТ саласындағы ең ірі жеке инвесторлардың бірі болды. Біз бұл серіктестікті әрі қарай кеңейтуге – қалаларда да, ауылдық жерлерде де – зор әлеует бар деп санаймыз. Жаңа жобаларды жүзеге асыруды қолдауға дайынбыз, оның ішінде 5G енгізу, деректер орталықтарын және цифрлық платформаларды дамыту», – деді ол.Министрдің орынбасары сондай-ақ VEON-ның Қазақстан Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің мүшесі ретінде елдің цифрлық экожүйесін дамытудағы сенімді серіктес екенін атап өтті.Кездесу соңында тараптар цифрлық технологиялар, инновациялар және инвестициялық қызмет салаларында ынтымақтастықты жалғастыруға және жаңа бағыттарды бірлесе зерттеуге өзара мүдделілік бар екенін растады.Дубайда штаб-пәтері орналасқан «VEON» компаниясы – алты елде 150 миллионнан астам клиентке қызмет көрсететін жетекші халықаралық телекоммуникациялық топтардың бірі. Қазақстанда «VEON» компаниясы «Beeline Kazakhstan» еншілес ұйымы арқылы қызмет етуде және елдегі цифрлық трансформацияның белсенді қатысушысы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-thailand/press/news/details/1044108?lang=kk
Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы Қостанайдағы әскери бөлімге барды 31.07.2025
Жұмыс сапары аясында Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Аңсаған Балтабеков "Орталық" өңірлік қолбасшылығының 6697 (Қостанай қ.) әскери бөліміне инспекциялық тексеріс жүргізді.Сапар барысында Бас қолбасшы бөлімнің күнделікті қызметтік-жауынгерлік іс-әрекетімен танысып, тәртіп ахуалын, техникалық жарақтандыру мен қызметті ұйымдастыру деңгейін тексерді. Ұландықтарды қажетті инфрақұрылыммен, құнарлы тамақпен және сапалы медициналық қызметпен қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.Әскери бөлім командирі подполковник Епкен Арыстаналиев оқу сыныптарын, казармалық үй-жайларды, медициналық пунктті, асхана және бөлімшенің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін басқа да нысандарды көрсетті.Сапар қорытындысы бойынша генерал-майор Аңсаған Балтабеков жеке құрамға адал қызметі үшін алғыс білдіріп, алға қойылған міндеттерді табысты орындауда сәттілік тіледі және Ұлттық ұлан заңдылықты нығайту, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмысты жалғастыратынын атап өтті. #ЗАҢМЕНТӘРТІП#ЗАКОНИПОРЯДОК ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1043766?lang=kk
ҚР СІМ Инвестициялар комитеті мен KAZAKH INVEST «Астана» халықаралық қаржы орталығының алаңында инвесторларға мемлекеттік қолдауды кеңейтеді 31.07.2025
Астана, 2025 жылғы 30 шілде – Шетелдік инвесторларды қолдау шараларын күшейту аясында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ өкілдерімен, оның ішінде Сервистік қолдау департаментінің директоры Алида Түебековамен бірге «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) Экспат орталығына барды. Кездесуге АХҚО клиенттермен жұмыс жөніндегі бас директоры Бауржан Канкин мен Экспат орталығының директоры Айнұр Жұматова қатысты.Кездесу барысында инвесторлар үшін мемлекеттік қызметтерді біріктіру шаралары талқыланып, бірлескен фронт-офистің жұмысына ресми түрде бастау берілді. Жоспар бойынша АХҚО Экспат орталығының базасында шетелдік инвесторлар үшін барлық қажетті қызметтер қолжетімді болады: визалық қолдау, инвестициялық келісімшарттар мен мемлекеттік қолдау құралдары бойынша кеңес беру, сондай-ақ Қазақстанда ұзақ мерзімді тұруға рұқсат алу («алтын виза»).«Біз АХҚО Экспат орталығын инвесторларды қолдау бойынша мемлекеттік қызметтерді біріктіру үшін тиімді алаң ретінде қарастырамыз. KAZAKH INVEST қатысуымен бірлескен фронт-офис ашу визалық қолдаудан бастап инвестициялық келісімшарттар бойынша кеңеске дейін негізгі қызметтерге қолжетімділікті ыңғайлы әрі жедел етеді», – деді Ғ.Оспанқұлов.АХҚО Экспат орталығы – шетелдік инвесторлар мен сарапшыларға жан-жақты қолдау көрсету мақсатында құрылған бірегей көпфункционалды орталық. Орталықтың қызметі «бір терезе» қағидаты бойынша ағылшын тілінде көрсетіледі.Болжам бойынша АХҚО Экспат орталығы базасындағы күштерді біріктіру шетелдік инвесторларға алғашқы кеңестен бастап жобаны іске асыруға дейінгі толық қолдау жүйесіне қол жеткізуді қамтамасыз етеді.Бұл қадам Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттыру және инвесторлар үшін қолайлы әрі ашық орта құру бойынша жүйелі жұмыстың бір бөлігі ретінде жүзеге асырылуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/invest/press/news/details/1043739?lang=kk
Қостанайда заңсыз алкоголь өнімдерінің анықталды 31.07.2025
Қостанайда заңсыз алкоголь өнімдерінің анықталды2025 жылғы 29 шілдеде Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мен Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері бірлесіп бақылау-профилактикалық іс-шаралар аясында тексеру жүргізді.Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша, азамат Ш.-ның заңсыз айналымда есепке алу-бақылау таңбаларынсыз (УКМ) алкоголь өнімдерін сақтағаны және өткізгені анықталды.Тексеру нәтижесінде УКМ-сыз 5 054 литр, яғни 9 606 бөтелке алкоголь өнімі тәркіленді. Аталған өнімдер Қазақстан Республикасының салық және акциз заңнамасын бұза отырып айналымда болған.Есепке алу-бақылау таңбалары – алкоголь өнімінің заңды шығу тегін және тиісті салықтар мен акциздердің төленгенін растайтын міндетті таңбалау элементі болып табылады. Бұл таңбалардың болмауы – салық, акциз және санитарлық заңнамалардың бұзылуының белгісі.Анықталған факті бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 283-бабының 2-бөлігі және 463-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Тауарды тәркілеу түріндегі шаралар қабылдануда.Мемлекеттік кірістер органдары ескертеді:УКМ-сыз және рұқсат құжаттарынсыз акцизделетін өнімді сақтау және сату әрекеттері қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік және (немесе) қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.Тұрғындарға және кәсіпкерлерге заңды жеткізушілерден ғана алкоголь өнімін сатып алып, УКМ-ның болуын тексеруді ұсынамыз.Акцизделетін тауарлардың заңсыз айналымы туралы мәліметтерді мына телефон арқылы хабарлауға болады:+7 (7142) 53 72 14Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1043692?lang=kk
Қазақстан Елшісі PISM басшысымен сараптамалық өзара ынтымақтастық перспективаларын талқылады 31.07.2025
Варшава, 2025 жылғы 29 шілде - Қазақстан Республикасының Польшадағы Елшісі Нұрлан Жалғасбаев пен Польша Епископтары конференциясының төрағасы Архиепископ Тадеуш Войданың кездесуі өтті. Сұхбат барысында тараптар ағымдағы халықаралық жағдайды, сондай-ақ өзара мүдделі екіжақты қарым-қатынастардың жекелеген аспектілерін талқылады.Тараптар соңғы онжылдықтарда Қазақстан мен Польша барлық бағыттарда жемісті екіжақты ынтымақтастықтың айтарлықтай тәжірибесін жинақтағанын, халықаралық ұйымдар аясында өзара сындарлы іс-қимылдың жолға қойылғанын атап өтті.Қазақстан Елшісі демократияның қазақстандық үлгісінің айрықша ерекшелігі конфессияаралық және ұлтаралық келісімді сақтауға баса мән берілуінде екендігіне назар аударды. Атап айтқанда, жаһандық дінаралық диалогты нығайтуға және рухани дипломатияның дамуына үнемі септігін тигізетін Католиктік шіркеудің қызмет етуі үшін елде барлық жағдай жасалған. Қазіргі жаһандық проблемаларды шешуде Қазақстанда дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне маңызды рөл тиесілі екені атап өтілді.Өз кезегінде Т.Войда екіжақты байланыстардың нығаюына Қазақстандағы поляк диаспорасы ықпал етіп отырғанын, олар еліміздің тәуелсіздік алуымен ұлттық бірегейлік пен мәдениеттің қайта жаңғыруына қуатты серпін алып, халықтар арасындағы байланыстырушы көпір қызметін атқарып жатқанына ерекше көңіл бөлді.Тараптар Қазақстан-Польша серіктестігі көп қырлы ынтымақтастықтың барлық салаларында достас халықтардың мүддесі үшін одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-warsaw/press/news/details/1043618?lang=kk
Қапшағай жағалауынан 2 тоннадан астам қоқыс жиналды: экологиялық мәдениетті арттыруға бағытталған «Таза бейсенбі» акциясы өтті 31.07.2025
Қонаев қаласында өткен кезекті «Таза бейсенбі» экологиялық шарасы барысында Қапшағай көлінің жағасынан екі тоннадан астам қоқыс шығарылды. Акцияны «AMANAT» партиясы ұйымдастырып, оған 50-ге жуық адам – партия мүшелері, еріктілер, жастар ұйымдарының өкілдері мен жергілікті тұрғындар атсалысты.Тазалық жұмыстары кезінде пластик бөтелкелер, полиэтилен пакеттер, сынған ыдыстар, бір реттік мангалдар мен түрлі тұрмыстық және құрылыс қалдықтары жиналды. Барлығы 90-ға жуық қап қоқыс шығарылды.«Жастар рухы» қозғалысының белсендісі Әділет Айтқазының айтуынша, демалыс маусымында жағалауда қоқыс көлемі еселеп артып, көл экологиясына едәуір зиян келтіреді. Ол демалушыларды жауапкершілік танытып, арттарынан қоқысты жинауға шақырды:«Қапшағай – елдегі ең танымал туристік орындардың бірі. Жыл сайын жарты миллионнан астам турист келеді. Егер тазалыққа мән бермесек, бұл аймақтың тартымдылығы төмендейді. Туризм де, табиғат та зардап шегеді», – деді ол.Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Таза бейсенбі» – тек қоқыс жинау ғана емес, сонымен қатар қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға арналған бастама. Бұл шара арқылы тұрғындар мен демалушылар табиғатты аялау маңыздылығын тереңірек ұғынады.Айта кетейік, «AMANAT» партиясының бастамасымен іске асып жатқан «Таза бейсенбі» акциясы еліміздегі «Таза Қазақстан» экологиялық науқанының аясында өткізіліп келеді. Биылдың өзінде бұл жобаға 242 мыңнан астам азамат қатысып, 7 мың тоннадан астам қоқыс жиналып, 76 мыңнан аса ағаш отырғызылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-zkh/press/news/details/1043607?lang=kk
Польша Қазақстанмен конфессияаралық байланыстарды дамыту мен нығайтуға бейілділігін растайды 31.07.2025
Варшава, 2025 жылғы 29 шілде – Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Елшісі Нұрлан Жалғасбаевтың Польша Епископтар конференциясының төрағасы, Архиепископ Тадеуш Войдамен кездесуі өтті. Кездесу барысында тараптар қазіргі халықаралық ахуалды, сондай-ақ өзара қызығушылық тудыратын екіжақты қатынастардың жекелеген аспектілерін талқылады.Тараптар соңғы онжылдықтарда Қазақстан мен Польша барлық бағыттар бойынша жемісті екіжақты ынтымақтастықтың елеулі тәжірибесін жинақтағанын, халықаралық ұйымдар шеңберінде сындарлы өзара іс-қимыл жолға қойылғанын атап өтті.Қазақстан елшісі демократияның қазақстандық үлгісінің айрықша ерекшелігі конфессияаралық және этносаралық келісімді қолдауға баса назар аударды. Атап айтқанда, елде католик шіркеуінің жұмыс істеуі үшін барлық жағдайлар жасалған, ол үнемі жаһандық дінаралық диалогты нығайтуға және рухани дипломатияны дамытуға ықпал етеді. Қазіргі заманғы жаһандық проблемаларды шешуде Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі маңызды рөл атқаратыны аталып өтті, қазіргі уақытта оны Қазақстанда өткізуге дайындық өтіп жатыр.Өз кезегінде Т.Войда екіжақты байланыстардың нығаюына Қазақстандағы поляк диаспорасы да ықпал етіп отырғанын атап өтті. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін поляк диаспорасы ұлттық сана-сезім мен мәдениетті қайта жаңғыртуға қуатты серпін алғанын және халықтар арасындағы байланыстырушы көпір рөлін атқарып келе жатқанын ерекше айтты.Тараптар қазақ-поляк серіктестігі достас халықтардың игілігі үшін көпқырлы ынтымақтастықтың барлық бағыты бойынша одан әрі нығаятынына сенім білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-warsaw/press/news/details/1043595?lang=kk
Кувейттің бизнес-қоғамдастығы Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі 31.07.2025
Әл-Кувейт, 2025 жылғы 30 шілде – Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Елшісі Ержан Елекеев «Sky Aviation Services Group» төрағасы Ахмед Бехбеханимен кездесу өткізді.Кездесу барысында тараптар экономикалық және инвестициялық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады.Әңгімелесу аясында Қазақстан Елшісі еліміз экономикасының қарқынды дамуы туралы хабардар етіп, еліміз өңірдің жетекші және қарқынды дамып келе жатқан экономикаларының бірі болып табылатынын атап өтті. Қазақ дипломаты 2024 жылы елдің жалпы ішкі өнімінің 300 миллиард АҚШ долларына дейін өсуі ел экономикасының тұрақты өсуін растайтынын атап өтті.Кездесу аясында екі елдің бизнес-қауымдастықтары арасындағы өзара іс-қимыл мәселелеріне және экономиканың басым секторларында бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру әлеуетіне ерекше назар аударылды. Тараптар әріптестікті одан әрі дамытуға мүдделілік білдірді және өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша диалогты қолдауға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kuveyt/press/news/details/1043575?lang=kk
ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің 2025 жылғы 1 шілдедегі инвестициялық портфельдеріне шолу 31.07.2025
"БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Статистика және аналитика – Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі - ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебін ұсынды.2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша ҚРҰБ мен ИПБ-лардың басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі – 24 001,78 млрд теңге. Осы күнгі жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған, ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 23 474,82 млрд теңге[1] болды. ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – ЖМЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің көлемі – 462,20 млрд теңге. ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 64,76 млрд теңге. ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліҰлттық Банк БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушы ретінде теңгерімді инвестициялық саясатты ұстанады: валюталар, елдер, секторлар және эмитенттер бойынша қаржы құралдарының сан-алуан түрлеріне инвестициялайды.2025 жылғы 1 шілдеге МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 43,71%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 9,02%, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 3,18%, ҚРҰБ депозиттері – 1,29%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 1,73%, МҚҰ - 1,20%.2025 жылғы 1 шілдеде МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель мынадай: ұлттық валютадағы инвестициялар – 58,33%, АҚШ долларымен – 41,66%.Табыстылықтың қысқа мерзімді ауытқуларына қарамастан, 2024 жылғы шілдеден бастап 2025 жылғы маусымды қоса алғандағы соңғы 12 айда есептелген инвестициялық кіріс мөлшері шамамен 2,53 трлн теңгені құрады, осы кезеңдегі кірістілік – 12,22%, инфляция мөлшері - 11,80%.2025 жылғы 1 шілдедегі ЖМЗЖ инвестициялау бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 97,04%, ҚРҰБ депозиттері – 2,62%, инвестициялық шоттардағы ақшалай қаражат – 0,34%.ЖМЗЖ есебінен инвестициялық портфель тек ұлттық валютада номиналданған қаржы құралдарынан тұрады.2025 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша ЖМЗЖ есебінен зейнетақы активтерінің соңғы 12 айдағы кірістілігі 12,15% көрсетті. Зейнетақы жинақтары - ұзақ мерзімді инвестициялар. Сондықтан, инвестициялық кірістің мөлшерін кем дегенде бір жыл ішінде талдаған жөн. Қысқа мерзімді деректер (апталық, айлық және т.б.) көрсеткіш бола алмайды, өйткені олар нарықтық жағдайдың тұрақты түрде өзгеріп отыратын құбылмалылығына тәуелді. Кейбір құралдар бойынша алынған кіріс басқа құралдар бойынша уақытша шығындарды жабатын инвестициялық портфельді әртараптандыру зейнетақы жинақтарының ұзақ мерзімді келешекте сақталуын және орнықты табыстылығын қамтамасыз етеді. Соңғы 3 жылдағы инвестициялық кіріс тұрақты түрде өсіп, зейнетақы активтерінің кірістілігі инфляция деңгейінен асып түсті.ҚРҰБ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы және инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында берілген. Сондай-ақ, enpf.kz сайтында ЖМЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері бойынша портфель құрылымы туралы ақпарат орналастырылды.Инвестициялық портфельді басқарушыларИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 64,76 млрд теңгеден асады.01.07.2025ж. жағдай бойынша "Jusan Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен – 12,24 млрд теңге.Компанияның негізгі инвестициялары: Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 22,35%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің (ЕДБ) облигациялары – 17,58%, ҚР ҚМ МБҚ – 16,29%, РЕПО – 13,98%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 7,42%, МҚҰ - 6,27%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 5,25%, шет мемлекеттердің МБҚ – 4,57%. Атап кетейік, портфельдің 66,16% теңгемен, 32,42% - АҚШ долларымен, 1,42% - басқа валюталарда ұсынылған. 2025 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 13,07% болды."Jusan Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. 01.07.2025ж. жағдай бойынша "Halyk Global Markets" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 5,84 млрд теңге болды.Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар: "кері РЕПО" (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 37,08%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 12,43%, ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 11,94%, ҚР ЕДБ облигациялары – 10,28%, шетелдік эмитенттердің үлестік құралдары (ETF пайлары) – 7,62%, ҚР ұйымдарының корпоративтік облигациялары – 5,85%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 8,23%, шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар – 4,04%, Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған акциялар мен депозитарлық қолхаттар – 2,44%, Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 74,82%, АҚШ долларымен 25,18% тең.2025 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 13,08% болды."Halyk Global Markets" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.01.07.2025ж. жағдай бойынша "BCC Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері - шамамен 6,77 млрд теңге. Инвестициялардың негізгі бағыттары: ҚР ЕДБ облигациялары – 23,67%, Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 16,80%, ҚР резидент-эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 16,25%, ҚР ҚМ МБҚ – 14,43%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 12,73%, РЕПО – 9,71%,.Ұлттық валютадағы инвестициялар – портфельдің 75,13%, АҚШ долларымен 24,87%.2025 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 12,22% болды."BCC Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.01.07.2025ж. жағдай бойынша "Сентрас Секьюритиз" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 2,50 млрд теңге.ҚР ҚМ МБҚ-ға 19,62%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына – 26,33%, квазимемлекеттік ұйымдардың облигацияларына – 14,00%, ҚР ЕДБ облигациялары – 13,38%, АҚШ мемлекеттік облигацияларына – 6,22%, РЕПО – 2,36%, ҚР резиденттері-эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына – 4,10% инвестицияланды.Ұлттық валютада портфельдің 67,57%, АҚШ долларында – 32,43% инвестицияланды.2025 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 15,60% болды."Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша "Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 37,41 млрд теңге болды.Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялардың сипаты мынадай: ҚР ҚМ МБҚ – 24,38%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 5,83%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 9,87%, ҚР ЕДБ облигациялары – 11,06%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 7,71%, шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 2,89%, шет мемлекеттердің МБҚ – 7,90%, Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 3,55%. Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 58,02%, АҚШ долларында – 41,98% инвестицияланды.2025 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 13,67% болды."Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап салымшылар инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) сенімгерлік басқаруына міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 50%-дан аспайтын бөлігін ең төменгі жеткіліктілік шегін есепке алмастан бере алады. Ал ерікті зейнетақы жинақтары бар салымшыларға оны ИПБ-ға 100% көлемінде беруге құқылы. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). [1] зейнетақы жарналары мен төлемдер шоттарындағы ақшаны есепке алмағандаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1043554?lang=kk
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап «БЖЗҚ» АҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері жеке табыс салығынан босатылады 31.07.2025
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап «БЖЗҚ» АҚ-дан берілетінзейнетақы төлемдері жеке табыс салығынан босатылады 2025 жылғы 18 шілдеде мемлекет басшысы жаңа Салық кодексіне қол қойды. Ол БЖЗҚ-дан Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне төленетін зейнетақы төлемдерін қоспағанда, барлық табыстар, тұрғын үйге/емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) түріндегі кірістерді 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке табыс салығынан (ЖТС) босатуды көздейді. Қазір қалай?Қолданыстағы Салық кодексіне сәйкес, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) төленетін біржолғы зейнетақы төлемдері төлем көзінен 10% мөлшерлеме бойынша жеке табыс салығы (ЖТС) ұсталатын кіріс түріне жатады. Яғни, зейнетақы жарналары жеке зейнетақы шоттарына салық салынғанға дейін аударылады. Ал жеке табыс салығы төлемдер жүзеге асырылған кезде ұсталады. ЖТС ұстау міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптасқан барлық зейнетақы төлемдері түрлері бойынша жиынтық түрде жүргізіледі. Бұл ретте түзетулер мен салықтық шегерімдер ескеріледі.Тұрғын үйге/емделуге біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдаланған кезде ЖТС ұстау да көзделеді. Бұл ретте алушының таңдауына оны ұстап қалудың екі жолы ұсынылады: БЗТ алған кезде бірден немесе зейнетақы алатын кезге дейін кейінге қалдыру.2026 жылғы 1 қаңтарға дейін БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы және біржолғы зейнетақы төлемдерінен ЖТС есептеу, ұстап қалу және төлеу қолданыстағы тәртіп бойынша жүзеге асырылатын болады. 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қалай болмақ?ЖТС зейнетақы төлемдерінің барлық түрлерінен ұсталмайды. Бірақ мұның Қазақстан Республикасының резиденті болып есептелмейтін азаматтарға қатысы жоқ. ЖТС, сондай-ақ, біржолғы зейнетақы төлемдерінен де ұсталмайды. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап тұрғын үй жағдайын жақсарту немесе емделу мақсатында пайдаланылған біржолғы зейнетақы төлемдерінен ұсталуға тиіс, бірақ зейнетке шыққанға дейін кейінге қалдырылған жеке табыс салығы бойынша есептелген міндеттемелер де жойылады. Алайда, бұған дейін бюджетке төленген салықтар қайтарылмайды.Тағы не өзгереді?2026 жылғы 1 қаңтардан бастап өз пайдасына аударылған ерікті зейнетақы жарналары бойынша төлем көзінен салық салынуға жататын табыстан Салық кодексінде белгіленген шектерде қолданылатын салықтық шегерімдер де жойылады.Бұл ретте жұмыс берушінің Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жұмысшының пайдасына аударған ерікті зейнетақы жарналары жеке тұлғаның табысы болып саналмайды (тиісінше, жеке табыс салығы салынбайды), ал жұмыс беруші үшін бұл шығыстар корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде шегерімге жатқызылады. Яғни бұл жағдайда салықтық жеңілдікті жұмысшы да, жұмыс беруші де пайдалана алады.Тақырып бойынша бейнетүсініктеме мына сілтемеде қолжетімді: https://youtu.be/BixmYcqHSX0?si=TzwsN484wAgO78elБЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-bastaushy/press/news/details/1044550?lang=kk
Темір өңдеуші – шебердің қолынан шыққан әрбір деталь! 31.07.2025
2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы, және осы маңызды жылда біз Темір өңдеуші мамандығын ерекше атап өткіміз келеді. Ол – өнеркәсіптің әр саласында өз қолтаңбасын қалдыратын, болашаққа негіз қалап жүрген нағыз шебер.Темір өңдеуші – бұл мамандықта жұмыс істейтін адам темір мен металлды өңдеу, қию, бүгу, пісіру сияқты көптеген күрделі технологияларды меңгерген. Осы мамандықтың иелері құрастыратын бұйымдар мен құрылғылар күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналады.Өндіріс орындарында техника мен құрал-жабдықтардың сапасы, сенімділігі, олардың жұмыс істеп тұруы осы мамандық иелерінің шеберлігіне тәуелді. Олар – болаттың, темірдің, алюминийдің әрбір бөлігіне жан бітіріп, тамаша құрылымдар мен құрылғыларды жасап шығарады.Темір өңдеуші болу – бұл нақты іске негізделген еңбек. Егер сіз қолмен жұмыс істегенді ұнататын, ұқыптылықты жоғары бағалайтын адам болсаңыз, осы мамандық сізге арналған!#ЖұмысшыМамандықтарЖылы #2025 #ТемірӨңдеуші #ҚолЕңбегіҚасиетті #ШебердіңҚолы
Жеке тұлғалардың банкроттық рәсімдері 31.07.2025
Заңда, қарыз түрі және қарыз сомасына байланысты 3 рәсім қарастырылған.Олардың ішіндегі ең сұранысы көп - соттан тыс банкроттық рәсімі, оны тек банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдындағы қарыздар бойынша қолдануға болады.Азаматтар бұл рәсімге өтініштерді халыққа қызмет көрсету орталықтарында электронды үкімет порталы (eGov.kz.), сондай-ақ eGov мобильді қосымшасы арқылы бере алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-shymkent/press/news/details/1043440?lang=kk
Пәкістан астанасының іскер топтары Қазақстанмен экономикалық өзара іс-қимылды кеңейтуге мүдделі 31.07.2025
Исламабад, 2025 жылғы 30 шілде – Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин құрылыс, жылжымайтын мүлік, ақпараттық технологиялар, туризм, білім беру, полиграфия, күзет қызметтері және жеңіл өнеркәсіп салаларын ұсынатын Пәкістан астаналық кәсіпкерлерімен кездесу өткізді. Делегацияны Халықаралық бизнес және көрмелерді ұйымдастыру орталығының (CIBEO) төрағасы Рашид Хумаюн мырза бастап келді.Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын жан-жақты талқылап, екі елдің кәсіпкерлері арасындағы тікелей байланыстарды нығайту мәселелері бойынша пікір алмасты.Елші Е.Қыстафин қатысушыларды бұған дейін өткізілген және алдағы жоспарланған іскерлік іс-шаралармен, сондай-ақ Қазақстан мен Пәкістан арасындағы іскерлік диалогты жандандыруға бағытталған тұрақты бизнес алаңдарын құру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен таныстырды.Өз тарапынан пәкістандық кәсіпкерлер өзара тиімді жобаларды іске асыру мақсатында ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын зерделеуге және пысықтауға қызығушылық танытты.Кездесу қорытындысы бойынша екі ел арасындағы инвестициялық және сауда мүмкіндіктерді кеңінен таныстыру мақсатында, Пәкістанның Сауда-өнеркәсіп палаталары федерациясының алаңында іскерлік қауымдастық өкілдерінің қатысуымен жеке іс-шара өткізу жөнінде келісімге қол жеткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1043403?lang=kk
Шымкент қаласы бойынша МКБ басшысының орынбасары - Әдеп жөніндегі уәкілі Е.Өзбеков бекітілген жоспарға сәйкес, 24.07.2025 жылы 31.07.2025
Шымкент қаласы бойынша МКБ басшысының орынбасары - Әдеп жөніндегі уәкілі Е.Өзбеков бекітілген жоспарға сәйкес, 24.07.2025 жылы Департаментке жаңадан қабылданған қызметкерлермен кездесу өткізіп, жиналыста сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер және қызметтік этиканы сақтау мәселелерін талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-shymkent/press/news/details/1043422?lang=kk
СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ 31.07.2025
Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің 2025 жылғы 09 шілдедегі №313-П бұйрығымен Әдеп жөніндегі уәкіл болып Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Кайрат Асанұлы Пилалов тағайындалды.Әдеп жөніндегі уәкіл азаматтарды күнделікті сағат 08.00-ден 17.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 12.00-ден 13.30-ға дейін Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 72, 416 кабинет мекенжайы бойынша қабылдайды, байланыс нөмірі 33-39-88.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/1043381?lang=kk
Қазақстан мен Пәкістан іскерлік ынтымақтастықты кеңейтуде: Пешавардағы бизнес конференцияның қорытындысы 31.07.2025
Пешавар, 2025 жылғы 29 шілде – Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин Хайбер-Пахтунхва провинциясының Губернаторы Фейсал Карим Кундидің мырзаның шақыруымен Хайбер-Пахтунхва провинциясының Сауда-өнеркәсіп палаталарының 1-конференциясына құрметті қонақ ретінде қатысты.Іс-шара барысында Елші Е.Қыстафин құттықтау сөз сөйлеп, Қазақстан мен Пәкістан арасындағы өзекті мәселелерді атап өтіп, іске асырылып жатқан және жоспарланған екіжақты бастамалар қатысты ақпаратпен бөлісті. Екі елдің іскерлік орта өкілдері арасындағы тікелей байланыстарды орнатудың маңыздылығы ерекше атап өтіп, оны сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайтудың негізгі факторы екендігін жеткізді.Сондай-ақ Елші өңіраралық ынтымақтастықты, соның ішінде Қазақстан-Пәкістан форматындағы өзара іс-қимылды дамыту қажеттілігіне тоқталып, көлік-логистикалық дәліздерді ілгерілетудің маңыздылығын ерекше атап өтті және осы бағытта Қазақстанмен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.Сөзінің соңында Елші Хайбер-Пахтунхва делегациясын Қазақстанға сапармен келуге шақырды.Іс-шара аясында Елші Е.Қыстафин конференция қатысушыларымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізіп, оның барысында Қазақстанның инвестициялық және экспорттық мүмкіндіктерімен таныстырды.Сонымен қатар, Елші провинция Губернаторы Фейсал Карим Кунди мырзамен жеке екіжақты кездесу өткізіп, оның барысында ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды. Провинция Орталық Азия елдері, соның ішінде Қазақстан үшін өзіндік «кіру қақпасы» болып саналатындығын ескере отырып, Губернатор Қазақстанмен жан-жақты ынтымақтастықты орнатуға және нығайтуға терең қызығушылық білдірді.Кейіннен Елшісі сал ауруы, омыртқа дисплазиясы, бұлшықет дистрофиясы және басқа да нейродамытушы ауруларға шалдыққан балаларға көмек көрсетуге маманданған «Akbar Kare Institute» оңалту орталығына барды.Сапар барысында Елші орталықтың қызметімен танысып, Қазақстан мен Пәкістандағы түрлі ауруларға шалдыққан балаларды қолдауға бағытталған оңалту орталықтары арасындағы ынтымақтастықты дамыту, ақпарат алмасу, озық тәжірибені зерттеу және бірлескен бастамаларды іске асыру мәселелерін талқылады.2005 жылы негізі қаланған AKI орталығы ерекше қажеттіліктері бар балаларға тегін және кешенді қолдау көрсетеді. Мекеме ата-аналарды оңалту процесіне белсенді тартуды көздейтін отбасылық-бағытталған көмек моделіне ерекше назар аударады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1043387?lang=kk
2025 жылдың 30 шілдесінде Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінің басшысы Е.Е. Рашкалиев Жамбыл ауданы Буденное ауылының тұрғындарымен Әділет органдарының қызметіне қатысты проблемалық мәселелерді шешу бойынша, кездесу өткізілді. 31.07.2025
Кездесу барысында азаматтардың назарына азаматтарға құқықтық кеңес беруге арналған жасанды интеллект агентін пайдаланып, мүдделі мәселелер бойынша толық заңгерлік кеңес алу туралы ақпарат жеткізілді.Кездесу соңында азаматтардың жеке қабылдауы өткізілді. Жеке қабылдауда азаматтар әділет органдарының қызметіне байланысты сұрақтарға толық жауап алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/1043397?lang=kk
Орташа жөндеу нысанында жол-құрылыс жұмыстарының сапасына көшпелі тексеріс жүргізілді 31.07.2025
2025 жылғы 22 шілдеде «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК-ның Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы Алтай қаласы, Астана көшесі мекенжайындағы орташа жөндеу нысанында жол-құрылыс жұмыстарының сапасына көшпелі тексеріс жүргізді. Тексеріс депутаттық сауал негізінде өткізілді.Тексеру барысында орташа жөндеу нысанында жоюды қажет ететін ақаулар анықталды. Мердігер ұйымға барлық ескертулерді 7 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жою тапсырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/altay-maslihat/press/news/details/1043362?lang=kk
📌Табыстарды көлеңкеден шығару және ұлғайту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар 31.07.2025
📌Жамбыл облысының мемлекеттік кірістер органдары шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің табыстарын көлеңкеден шығару мақсатында жан-жақты жұмыстар жүргізуде. 📌Атап айтқанда, ағымдағы жылдың басынан бастап қоғамдық тамақтандыру және демалыс ұйымдастыру саласында (мейрамханалар, кафелер, фитнес клубтар) қызмет көрсететін кәсіпкерлердің нақты табыстарын анықтау мақсатында Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің құрылымдық бөлімшелерімен 6 хронометраждық зерттеп-қарау жүргізілді. Зерттеу нәтижелері бойынша 5 бизнес субъектісі қосымша декларациялар тапсырып, табыстары 171,1 млн теңгеге ұлғайды, сондай-ақ жалдамалы жұмысшылар саны 30 адамға артты. Бюджетке қосымша 4,6 млн теңге салық түсті. 📌Сонымен қатар, салықтық тексерулер жүргізбестен, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс нормаларына сәйкес өткізілген тыңдаулар мен түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде 14 бизнес субъектісі бойынша табыс 734,5 млн теңгеге ұлғайып, бюджетке 17 млн теңге көлемінде салық төленді. 💠Сондай-ақ, 52 блогердің қызметіне салықтық әкімшілендіру жұмыстары жүргізілуде. Соның нәтижесінде 34 блогер бойынша бюджетке 47,1 млн теңге қосымша түсім қамтамасыз етілді. ‼️‼️‼️Аталған жұмыстар облыстың мемлекеттік кірістер органдарының ерекше бақылауында және тұрақты түрде жалғасатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhambyl/press/news/details/1043330?lang=kk