Enbekshi QazaQ

Әлем

Шымкент қаласында адам саудасына қарсы кең ауқымды ақпараттық жұмыс жүргізілуде 31.07.2025
Шымкент қаласында адам саудасына қарсы кең ауқымды ақпараттық жұмыс жүргізілудеШымкент қаласы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қала әкімдігімен бірлесе отырып, адам саудасының алдын алуға бағытталған кешенді іс-шаралар жүргізуде.Аталған бастаманың аясында үкіметтік емес ұйымдар дайындаған ақпараттық материалдар қаладағы әуежай, теміржол вокзалы, автобекеттер мен халық көп шоғырланатын қоғамдық орындарға орналастырылды.Мұндағы мақсат - тұрғындардың адам саудасының қауіптері туралы хабардарлығын арттырып, құқық бұзушылықтың алдын алу.Полиция қызметкерлері мен әкімдік өкілдері азаматтарға ақпараттық парақшалар таратып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Арнайы дайындалған жадынамада адам саудасының құрбаны болмаудың жолдары мен сенім телефондары көрсетілген.
Қостанай облысы әкімінің тапсырмасын іске асыру аясында қалада күнделікті негізде абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. 31.07.2025
Қостанай облысы әкімінің тапсырмасын іске асыру аясында қалада күнделікті негізде абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.Облыс елді мекендерін абаттандыру қағидаларына сәйкес, іргелес аумақтар ретке келтірілуде. Бұл ретте бизнес субъектілері мен ұйымдардың жауапкершілік аймақтары нақты айқындалған.Мұндай жүйелі жұмыс қаланың тазалығы мен көркін арттыруға, сондай-ақ қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.#ТазаҚазақстанАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-rudnyi-kalasy-akimat/press/news/details/1043299?lang=kk
Рудный қаласының әкімі В.Ионенко «Eurasia Sugar» ЖШС өкілдерімен кездесу өткізді. 31.07.2025
Кездесу барысында «Turan qanty» қант қызылшасы кластері атты ауқымды инвестициялық жобаны бірлесіп жүзеге асыру мәселесі талқыланды.Аталған жоба Орталық Азиядағы қант өндірісінің тұтас циклін — шикізат өндіруден терең өңдеуге дейін қамтитын ең ірі өндірісті құруға бағытталған.Кездесу соңында әлеуетті инвесторлардың талаптарын, логистика мен инфрақұрылым мүмкіндіктерін ескере отырып, жаңа өндірісті орналастыруға қолайлы алаңдар қарастырылды.Мұндай бастамаларды жүзеге асыру Мемлекет басшысының азық-түлік қауіпсіздігін нығайту, агроөнеркәсіптік кешеннің өндірістік базасын кеңейту және қайта өңдеу өнеркәсібіне инвестиция тарту жөніндегі тапсырмаларына толық сәйкес келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-rudnyi-kalasy-akimat/press/news/details/1043304?lang=kk
Қорғаныс министрі Алматы гарнизонын тексерді 31.07.2025
Алматы гарнизонына жасаған жұмыс сапары барысында Қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Даурен Қосанов «Берег» оқу орталығының инфрақұрылымымен, Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери бөлімі қызметімен танысып, «Жас десантшы» балаларға арналған әскери-патриоттық орталығына барды.Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы, генерал-майор Алмаз Жұмакеев Қорғаныс ведомствосының басшысына Десанттық-шабуылдау әскерлерінің «Берег» оқу орталығындағы құрылыс және жөндеу жұмыстарының барысы туралы баяндады. Оның айтуынша, мұнда десанттық әскерлерге арналған бронетранспортерлер мен «Арлан» броньды машиналарының жүргізушілерін даярлау жүргізілуде. Қазіргі уақытта жаңа кең асхана, штаб ғимараты, бақылау-өткізу пункті, казармаларға күрделі жөндеу жүргізу және жаңаларын салу жұмыстары жалғасуда.Қорғаныс министрі Райымбек батыр атындағы 38-десанттық-шабуылдау бригадасына бару барысында әуе-десанттық даярлық сыныбын аралап, әскери бөлімнің негізгі міндеттері туралы егжей-тегжейлі сұрап білді. Ол парашютпен секіру және басқа да оқу-жаттығу міндеттерін орындау кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға ерекше назар аударды.«Жас десантшы» балалар әскери-патриоттық орталығында Қорғаныс министрін орталық тәрбиеленушілері қарсы алды. Балалар енді үйірмелер мен секцияларға бару үшін қалаға шығудың қажеті жоқ екенін айтты.Айта кетейік, бұл дамыту орталығы өткен жылы ашылған. Алматы десантшыларының отбасыларында, яғни қызмет барысында көп уақыты жұмысқа жұмсалатын әкелердің отбасында, мектеп жасындағы 3000-нан астам бала бар. Осы балалар үшін орталықта тегін негізде робототехника, шахмат, шешендік өнер, мобилография, хореография, сурет салу, ағылшын тілі және домбыра тарту үйірмелері жұмыс істейді.Жұмыс сапарының соңында авиация генерал-лейтенанты Даурен Қосанов Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысына әскерді дамыту, жеке құрамның жауынгерлік әзірлігі мен моральдық рухын жоғары деңгейде ұстау бойынша бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1043276?lang=kk
Арнайы салық режимдерінің жүйесі жеңілдетілді 31.07.2025
Арнайы салық режимдерінің жүйесі жеңілдетілді«Шағын бизнеске салынатын салықтың ашықтығын арттырып, әкімшілік жүктемені азайтуға бағытталған реформа аяқталды»2026 жылғы 1 қаңтардан бастап бұған дейін қолданыста болған жеті нұсқаның орнына үш әмбебап арнайы салық режимі (САР) қалады:1. Өзін өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР2. Қарапайым декларацияға негізделген АСР3. Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған АСР (ШФҚ)1. Өзін өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР• Қолдана алатындар: жеке кәсіпкер (ЖК) мәртебесі жоқ, жалдамалы қызметкерлері жоқ жеке тұлғалар.• Табыс шегі: айына 300 АЕК ке дейін (≈ 1,3 млн тг); жылына 15 млн тг дейін.• Салық жүктемесі: табыстан 4 % мөлшерінде әлеуметтік төлемдер; ЖТС (ИПН) төленбейді.• Есептілік: декларация жоқ — есеп ай сайын e Salyq Business мобильді қосымшасындағы чектер негізінде автоматты түрде жүргізіледі.2. Қарапайым декларацияға негізделген АСР• Табыс шегі: жылына 600 000 АЕК ке дейін (≈ 2,5 млрд тг).• Жұмысшылар: саны бойынша шектеу жоқ.• ЖТС ставкасы: 4 % (мәслихаттар 50 %-ға көтеру/төмендету құқығымен).• Есептілік: 910.00 нысаны жылына екі рет.• Жеңілдіктер:o табыс 24 000 АЕК тен асқанда жалақы қоры сомасына салық жүктемесін азайту;o түсім 135 000 АЕК тен аз болса, бухгалтерлік есеп жүргізу талап етілмейді.• ҚҚС: қолданылмайды.• Шектеулер: рұқсат етілмеген қызмет түрлерінің тізбесі бекітілген.3. ШФҚ ға арналған АСР• Қызмет түрі: ауыл шаруашылығы (міндетті түрде меншікті немесе жалға алынған жер учаскесі болуы керек).• Салық: айналымнан 0,5 % (ЖТС ретінде төленеді).• Босатулар: ҚҚС тан, әлеуметтік салықтан, ауылшаруашылық жұмыстарына пайдаланылатын мүлік пен көлік салығынан босатылады.• Есептілік: 200.00 нысаны жылына бір рет.Күтілетін нәтиже• –25 % — шағын бизнес үшін есептілік нысандарының санын қысқарту.• ≈ 40 мың кәсіпкер салық органына бармай ақ ыңғайлы режимге автоматты түрде өтеді.• > 120 млрд тг — бизнес пен мемлекет үшін жыл сайынғы әкімшілік шығындарды үнемдеуАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1043261?lang=kk
Алматы облысының дәрігерлері шетелдік тәжірибемен бөлісті 31.07.2025
Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменов Беларусь және Ресей елдерінде тәжірибе алмасып келген дәрігерлермен кездесті. Кездесу барысында шетелде үйренген жаңа әдістер мен заманауи емдеу тәсілдерін жергілікті ауруханаларда енгізу мәселелері талқыланды.Дәрігерлер Беларусь пен Ресейдің алдыңғы қатарлы клиникаларында болып, заманауи медициналық технологияларды меңгеріп қайтқан. Енді олар бұл білімдері мен тәжірибелерін отандық денсаулық сақтау жүйесінде қолдануға дайын.Ержан Сүлейменов медицина саласындағы жаңашыл бастамаларға қолдау көрсетіп, өңірдегі медициналық қызмет сапасын арттыруға бағытталған мұндай тәжірибе алмасулардың маңыздылығын атап өттіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-densaulyk/press/news/details/1043238?lang=kk
Alatau Public Utilities: Талғар ауданындағы сумен жабдықтау жүйесін кешенді жаңғырту 31.07.2025
Алматы облысында, соның ішінде Талғар ауданында сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамытуда жаңа кезең басталды. Бұрынғы коммуналдық кәсіпорын «Талғар су» қайта ұйымдастырылып, Алматы облысы әкімдігі 100% қатысатын Alatau Public Utilities бірыңғай операторы болып құрылды. Бұл шешім Алматы облысының әкімі Сұлтанғазиев Марат Елеусізұлы бастаған жергілікті атқарушы органның бастамасымен қабылданды.Компания 2024 жылдан бастап саланы жаңғыртудың ауқымды бағдарламасын іске асыруға кірісті. Аудандық деңгейден облыстық деңгейге ауысу арқылы компания даму стратегиясын түбегейлі өзгертті. Бас директор Асқар Тұтұбаев кәсіпорын қызметін ашықтық, айқындық және инвестициялық тиімділік қағидаттарына негізделе отырып кешенді түрде қайта құруға бағытталғанын мәлімдеді. Компания стратегиясының негізінде Мемлекет басшысының тарифтік саясатты реформалау және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының инвестициялық тартымдылығын арттыру қажеттігі туралы Жолдауында айтылған ережелер жатыр.Компания тек жекелеген жақсартулармен шектелмей, инженерлік және технологиялық базаны жүйелі түрде жаңартуға бағытталған. Сумен жабдықтау және су бұру жүйесін жаңғырту жөніндегі Ұлттық жобаға және 2029 жылға дейінгі ТКШ дамыту тұжырымдамасына сәйкес, кәсіпорын ресурстарды басқару мен инфрақұрылымды күтіп-ұстаудың озық тәсілдерін енгізуде.Алғашқы қадам ретінде толық түгендеу жүргізілді: 7,5 млрд теңге сомасындағы мүлік Alatau Public Utilities балансына берілді. Арнайы су пайдалану, оның ішінде жерасты және жерүсті су көздерін пайдалануға қажетті рұқсаттар алынды. Жаңа ұйымдық құрылым бекітілді, компанияда 329 қызметкер жұмыс істейді.Инженерлік желілерге алдын ала техникалық тексеру жүргізілді, келесі кезеңдерге жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Осы кезеңнің өзінде оң өзгерістер байқалуда: абоненттік базаны қайта қарау нәтижесінде қызмет көрсетілетін тұтынушылар саны 3700-ге, яғни 7,2%-ға артты.30 жылдан астам уақыт ішінде алғаш рет бірыңғай төлем құжаты және тұтынушылармен есеп айырысу жүйесі енгізілді. 2024 жылғы желтоқсаннан бастап компания «Алсеко» АҚ-мен әріптестік орнатты, бұл цифрлық қызмет көрсетуге көшуге мүмкіндік берді. Енді тұрғындар көрсеткіштерді онлайн беріп, төлемдерді мобильді қосымшалар арқылы жүргізе алады. Бұл қызмет көрсету айқындығы мен ыңғайлылығын арттырды. Уақтылы төлем жасау деңгейі 52%-дан 93%-ға дейін өсті, ал түсім 563 млн теңгеден 634 млн теңгеге дейін, яғни 71 млн теңгеге артты.Алматы қаласының «Алматы су» ШЖҚ МКК және бірыңғай оператор арасында ағынды сулардың есеп жүйесі толық автоматтандырылып, цифрландырылды. Бұл қашықтан бақылауға, ағынды сулар көлемін нақты есепке алуға және көрсетілетін қызметтер сапасын арттыруға бағытталған шараларды дұрыс жоспарлауға мүмкіндік береді.Алты ай ішінде 1500-ден астам апатты жағдай жойылды. Техникалық қызметтер проактивті жұмыс режиміне көшіп, жүйенің тұрақтылығын арттырды. Өндірістік қызметкерлердің жалақысы көтерілді — бұл кадрлық әлеуетті нығайтуға бағытталған шара.Алайда автопарктің жағдайы әлі де күрделі: 35 техниканың тек 12-сі ғана жұмысқа жарамды. Тракторлар мен экскаваторларға арналған төрт жаңа қозғалтқыш сатып алынды, олардың бірі орнатылды. Сонымен қатар, жаңа суасты сорғылар алынды, бұл Талғар ауданында сумен жабдықтауда үзілістердің алдын алуға мүмкіндік берді.2025 жылғы 1 маусымнан бастап Талғар және Еңбекшіқазақ (батыс бөлігі) аудандарының тұтынушылары үшін жаңа су тарифтері бекітілді. ҚҚС-мен бірге су текше метрінің орташа құны 85,97 теңгені құрап, 2021 жылдан бері қолданылып келген тарифпен салыстырғанда 36%-ға артты.Асқар Тұтұбаевтың айтуынша, облыс аудандарындағы тарифтердің әркелкілігі жоспарлау мен дамуды қиындатады:— Әр ауданда өз құрылымы, өз су бағасы бар. Бұл – жүйесіздікке әкеледі. Су ресурстарын тұрақты басқару үшін бірыңғай жүйе мен бірыңғай оператор қажет, — деді ол.Республикалық меншіктегі Топтық су құбырлары мәселесіне де ерекше назар аударылды. Бұл ұйымдар су көздері мен халық арасындағы делдал ретінде жұмыс істеп, суды қымбат бағамен өткізеді. Мұндай тәжірибе жүйені интеграциялауға және дамытуға кедергі келтіреді.Бүгінгі таңда Alatau Public Utilities Талғар ауданының 47 елді мекенінің 33-іне (шамамен 70% аумаққа) қызмет көрсетеді. Сумен жабдықтау 48 ұңғыма және үш жерүсті су көзі — Талғар өзені (екі учаскеде) және Қотырбұлақ бұлағы арқылы жүзеге асырылады. Су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы 1000 шақырымнан асады, абоненттер саны – 57,5 мың адам.2024 жылы сумен жабдықтау және су бұруға арналған шығындар 1 млрд теңгеден асты. Бұл қаражат ағымдағы қызмет көрсету, жөндеу және нысандарды жаңғыртуға бағытталды.Ұқсас жұмыс Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында да жүргізілді — бұрынғы «Есік су» коммуналдық кәсіпорны да Alatau Public Utilities бірыңғай операторы болып қайта құрылды.— Егер бүгін инфрақұрылымға инвестиция салмасақ — ертең краннан су ағуы екіталай. Тариф — тек шығынды жабу әдісі ғана емес, тұрақты дамудың құралы, — деп атап өтті бас директор.Alatau Public Utilities трансформация бағытын жалғастырып, өз алдына заманауи, технологиялық және әлеуметтік жауапкершілігі жоғары ұйым құруды мақсат етіп отыр. Компания қызметінің орталығында — қызмет сапасы мен әрбір абоненттің мүддесі тұр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1043242?lang=kk
ҚР Елшісі Алмас Сейтақыновтың Теңізге шыға алмайтын елдерге арналған Зерттеу орталығының директоры Дулгун Дамдинод мырзамен кездесуі туралы 31.07.2025
Ұлан-Батыр, 2025 жылғы 23 шілдеде – Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшісі Алмас Сейтақыновтың Теңізге шыға алмайтын елдерге арналған Зерттеу орталығының директоры Дулгун Дамдинод мырзамен кездесуі өтті.Кездесу барысында қазақстандық тарап аталған орталықтың қызметімен, оның мандаты, негізгі мақсаттары мен міндеттерімен танысты.Тараптар өзара қызығушылық тудыратын өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, өзара тиімді ынтымақтастықты жолға қою және дамыту перспективаларын талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ulaanbaatar/press/news/details/1043216?lang=kk
Луганода Домбыра күні мен Абайдың 180 жылдығы аталып өтті 31.07.2025
Лугано, 2025 жылғы 30 шілде – Швейцарияның италиян тілді кантонының экономикалық және мәдени астанасы Лугано қаласында, «Swiss Diamond» қонақ үйінде Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Айгүл Қосанованың Домбыра ұлттық күні мен ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай ұйымдастырылған концерті өтті.Елші Қайрат Саржанов домбыра қазақ халқының тарихи жадының, рухани қуаты мен ұлттық бірегейлігінің ажырамас нышаны екенін атап өтті. Сондай-ақ, ол Абайдың 180 жылдық мерейтойына ерекше тоқталып, оның қазақ қоғамының рухани қалыптасуына қосқан баға жетпес үлесін, әрі мұрасы жаңа ұрпақ үшін маңызды адамгершілік бағдар мен шабыт көзі болып қала беретінін айтты.Айгүл Қосанова көрермендерге ерекше әсер қалдырған жарқын және мазмұнды бағдарлама ұсынды. Мемлекеттік құрылымдар, қоғам қайраткерлері, ғылыми және іскер топ өкілдері оның өнеріне зор қызығушылық танытты. Домбырамен орындалған шебер туындылар мен Абай шығармашылығына арналған терең вокалдық шығармалар көрермендерге Қазақстанның бай да бірегей мәдени мұрасымен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді.Концерттің Луганода өтуі Қазақстан мен Швейцария арасындағы мәдени қарым-қатынастарды дамытуда маңызды қадам болып табылады және 2016 жылы Алматы мен Лугано арасында қол қойылған ынтымақтастық туралы Меморандум рухына сай жүзеге асты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bern/press/news/details/1043231?lang=kk
CLAAS дилерінен ауыл шаруашылығы техникасы «Jańa Dala / Qarqyn ‘2025» көрмесінде 31.07.2025
CLAAS компаниясының Қазақстандағы ресми дилері — CT AGRO халықаралық ауыл шаруашылығы көрме-көрсетілімі «Jańa Dala / Qarqyn ‘2025» аясында ауыл шаруашылығының түрлі бағыттарына арналған техника үлгілерін ұсынуды жоспарлап отыр. Қонақтар мен қатысушылар назарына астық жинау комбайндары, тракторлар, мал азығын жинау техникалары және басқа да заманауи шешімдер ұсынылады.Әлемдегі ауыл шаруашылығы техникасын өндіруші ірі компаниялардың бірі CLAAS Қазақстанда 2005 жылдан бері жұмыс істейді. Жоғары өнімділігі мен сенімділігі арқасында компания өнімі еліміздің аграршылары арасында зор сұранысқа ие. 2021 жылы Петропавл қаласында CLAAS комбайндары, тұқым себу кешендері, тракторлар және басқа да техника түрлерін құрастыратын зауыт іске қосылды.«Jańa Dala / Qarqyn ‘2025» дала күні 2025 жылдың 31 шілдесі мен 1 тамызы аралығында өтеді. Іс-шара Қостанай облысы, Мендыкарин ауданы, Степановка ауылында, «Восток-1» ЖШС және «Агрофирма Қарқын» ЖШС демонстрациялық алқаптарында ұйымдастырылады (Қостанай қаласынан 65 км).Көрме қонақтары мен қатысушылары қатарында машина жасау кәсіпорындары, ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын өндірушілер, қазақстандық және шетелдік жеткізушілер, сондай-ақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы салаларындағы ғылыми мекемелердің өкілдері болады.Ауыл шаруашылығы құрылымдарының мамандары мен фермерлер CLAAS өндірісінің техникасымен танысу және шаруашылықтарына лайықты нұсқаны таңдау мақсатында көрмеге арнайы келеді. Осыны ескере отырып, CT AGRO келесі техникаларды ұсынбақ:CLAAS JAGUAR 870 мал азығын жинау комбайныCLAAS ORBIS 750 сүрлемге арналған жүгері жаткасыCLAAS XERION 5000 тракторыHORSCH SPRINTER 18 NT анкерлік тұқым сепкішіCLAAS ROLLANT 520 RF пресс-подборщигіMACDON M155 өздігінен жүретін шалғысы + 10.6 м жаткаCLAAS XERION 12.540 тракторыCLAAS TRION 730 астық жинау комбайныCLAAS CONVIO 1080 FLEX жаткасыHORSCH LEEB 6.280 VL өздігінен жүретін бүріккішBAUER сепараторыCLAAS техникасы — бұл еңбек өнімділігін арттыратын және жұмысты жеңілдететін алдыңғы қатарлы технологиялар. Ал CT AGRO компаниясы Қазақстан аумағы бойынша сапалы сервистік қызмет пен техникалық қолдау көрсетеді.________________________________________________«Jańa Dala / Green Day» ақпараттық орталығыРинат Тасбулатов, 8 701 460 91 82e-mail: rinat_tas@mail.ruhttps://expotime.kz https://t.me/jana_dala https://www.instagram.com/jana_dala_greenday/Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1043232?lang=kk
«Jańa Dala / Qarqyn ‘2025» көрмесінде сүт фермаларына арналған жабдықтар 31.07.2025
Қостанай облысының және оған іргелес өңірлердің аграршылары 2025 жылғы 31 шілде мен 1 тамыз аралығында өтетін халықаралық ауыл шаруашылығы көрме-көрсетілімі — «Jańa Dala / Qarqyn ‘2025» туралы жақсы біледі. Көрменің өткізу алаңдарының бірі – «Восток-1» ЖШС, жақында ғана іске қосылған 1200 басқа арналған заманауи сүт-тауарлы фермасымен кеңінен танымал.Көрме қонақтары мен қатысушылары дала күні аясында осы ферманы аралап, «AGRAL FARM» ЖШС жеткізген жоғары технологиялық жабдықтармен танысу мүмкіндігіне ие болады.«Восток-1» шаруашылығындағы МТФ-ның өндірістік қуаты – жылына 9700 тонна сүт. Мұндағы голштино-фриз тұқымды ірі қара мал Даниядан әкелінген. Фермада AGRAL FARM компаниясының өз өндірісіндегі жабдықтары орнатылған: станоктар, хэдлоктар, автосуаттар, қи шығаруға арналған скреперлер, бұзауларға арналған үйшіктер және тағы басқа. Сондай-ақ, толық технологиялық тізбекті қамтитын сепарация жүйесін орнату жоспарлануда. Бұзау қорасында еденнен сәл биік торлы клеткалар орнатылған, бұл жас төлдің тазалығы мен саулығын қамтамасыз етеді. Мамандардың айтуынша, барлық жұмыстар қазіргі заманғы технологиялық талаптар мен стандарттарға сай орындалған.Айта кету керек, AGRAL FARM ЖШС – сүт бағытындағы тауарлы фермаларға арналған жабдықтар өндірісі мен сату саласында көшбасшылардың бірі. Компания Қазақстан аумағындағы ресми дистрибьютор және «Siloking», «Urban», «Eisele», «KRAIBURG», «Dairymaster» сияқты еуропалық зауыттардың стратегиялық серіктесі болып табылады.AGRAL FARM — мал шаруашылығына арналған жабдықтарды өндіру және сату бағытында жұмыс істейтін компания. Олар фермаларға арналған кең ауқымды жабдықтар шығарады. Атап айтқанда: станоктар, ірі қара малға арналған ветеринариялық бекеттер, бұзауларға арналған жеке үйшіктер, телескопиялық қақпалар мен қоршаулар, диагональді азық торлары, жылжымалы жазғы сауу қондырғылары және тағы басқа. Компания Қазақстанның барлық өңірлерінде жұмыс істей отырып, еуропалық сападағы жабдықтар ұсынады.«Jańa Dala / Qarqyn ‘2025» — Қостанай облысы агроөнеркәсіптік кешеніндегі дәстүрлі көрме-көрсетілім шарасы. Мұнда отандық және шетелдік агробизнес өкілдері заманауи ауыл шаруашылығы технологиялары мен жоғары өнімді техниканың мүмкіндіктерін, мал шаруашылығы мен селекциядағы жетістіктерін, сондай-ақ ветеринария, өсімдіктерді қорғау және органикалық егіншілік саласындағы инновациялық шешімдерді таныстырады. ________________________________________________«Jańa Dala / Green Day» ақпараттық орталығыРинат Тасбулатов, 8 701 460 91 82e-mail: rinat_tas@mail.ruhttps://expotime.kz https://t.me/jana_dala https://www.instagram.com/jana_dala_greenday/Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1043233?lang=kk
Қазақстан мен Черногория құқықтық ынтымақтастықты нығайтуда 30.07.2025
2025 жылғы 25 шілде, Подгорица – Қазақстан Республикасының Черногориядағы Бас консулы Ғабиден Темірбек Черногория Әділет министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық және халықаралық құқықтық көмек департаментінің Бас директоры Благое Гледовичпен кездесу өткізді.Кездесу барысында тараптар құқықтық саладағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, оның ішінде құқыққолдану мен тәжірибемен алмасу, шарттық-құқықтық базаны кеңейту, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын қорғау және өзара құқықтық көмек көрсету бағытындағы бірлескен іс-қимыл мәселелерін талқылады.Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар екі елдің салалық ведомстволары арасындағы практикалық өзара іс-қимылды жалғастыруға және ынтымақтастықты жандандыруға өзара мүдделілік бар екенін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-podgorica/press/news/details/1043195?lang=kk
Семей қаласында елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру мәселелері бойынша республикалық семинар-кеңес өтті 30.07.2025
29 шілде күні Семей қаласында елді мекендерді кешенді түрде абаттандыру және көгалдандыру мәселелері бойынша республикалық семинар-кеңес өтті. Іс-шараны ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Кажкенов пен Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары Сәдір Ербол жүргізді.Семинарға орталық және жергілікті атқарушы органдардың, қала және аудан әкімдіктерінің өкілдері, сондай-ақ урбанистика, сәулет және экология саласындағы сарапшылармен қатар, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков пен Қала құрылысы және тұрғын үй-коммуналдық саясат департаментінің директоры Руслан Лепесов қатысты.Кездесудің басты мақсаты – жайлы қалалық ортаны қалыптастырудың тиімді стратегияларын талқылау, көгалдандыру деңгейін арттыру және азаматтардың өмір сапасын жақсарту болды. Қатысушылар абаттандыру саласындағы үздік тәжірибелер мен іске асырылып жатқан бастамалармен бөлісіп, қалалық инфрақұрылымды дамытуда заманауи тәсілдерді енгізудің сын-тегеуріндері мен перспективаларын қарастырды.Кеңесте ерекше назар көгалдандыру мен абаттандыру бойынша кешенді құжаттар – ландшафтық мастер-жоспарларды енгізуге аударылды. Аталған жоспарлар бүгінде елордада табысты жүзеге асырылып жатыр. Бұл тәжірибені өңірде де кеңінен қолдану ұсынылды.Семинар аясында қатысушылар Семей қаласында жүзеге асырылған бірқатар абаттандыру нысандарын аралап, жобалармен және олардың әлеуметтік әсерімен танысты.ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жайлы, экологиялық әрі заманауи қалалық ортаны дамыту бойынша жұмыстарды үйлестіруді жалғастырады. Министрлік ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайтып, урбанистика саласындағы озық шешімдерді енгізуді жалғастыруға ниетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-agz/press/news/details/1043151?lang=kk
Мәулен Әшімбаев Алатау қаласының даму жоспарымен танысты 30.07.2025
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Алматы облысында Мемлекет басшысының өңірлердің өсіп-өркендеуіне жол ашатын жаңа өндіріс орындарын дамыту жөніндегі тапсырмасын іске асыру барысымен танысты. Сапар аясында еліміздің оңтүстік-шығысындағы маңызды стратегиялық жобалардың бірі – Алатау қаласын салу жоспарына баса мән берілді.Палата Спикері қаланың Бас жоспарымен танысып, алдағы уақытта қолға алынатын іргелі жобаларға назар аударды. Алатауда төрт салалық кластерді қамтитын арнайы экономикалық аймақ құрылған. Олар: мәдениет және туризм орталығы, білім және медицина аймағы, іскерлік және қаржы орталығы, сондай-ақ, индустриялық-логистикалық аудан. Жоспарға сәйкес 2050 жылға қарай жаңа қаланың тұрғындары 2 миллионға жетуі мүмкін. Мұнда 400-ден астам әлеуметтік нысан салынып, жыл сайынғы туристік ағын 4 миллион адамнан аспақ.Мәулен Әшімбаев Алатауды дамыту ауқымды қала салумен ғана шектелмейтінін атап өтті. Оның айтуынша, Мемлекет басшысының осы тапсырмасын сапалы іске асыру бүкіл өңірдің өркендеуіне оң әсерін тигізеді.«Алатау қаласы былтыр Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен құрылды. Бұл – Алматы агломерациясына ғана емес, бүкіл елдің дамуына тың серпін беретін перспективасы зор маңызды бастамалардың бірі. Сенат өңірлердің мүддесін қорғайтын Палата ретінде аймақтардың дамуына белсенді ықпал етіп келеді. Сондықтан алдағы уақытта Алатау инновация, инвестиция және талантты жандарды тартатын озық дамыған шаһарға айналуға тиіс деп есептейміз. Осы маңызды жобаның сапалы және уақытылы жүзеге асырылуы үшін бәріміз күш салуымыз қажет», – деді Мәулен Әшімбаев.Сонымен қатар Сенат Төрағасы Alatau арнайы экономикалық аймағында орналасқан ірі нысандардың қызметімен танысты. Атап айтқанда, ол үздіксіз жүк тасымалын қамтамасыз ету және өңірлік сауданы дамыту ісінде маңызды рөл атқаратын «Исткомтранс» көлік-логистикалық орталығына арнайы барды, Сондай-ақ Мәулен Әшімбаев «FRUIT ART» ЖШС жеміс-жидек комбинатының жұмысшыларымен кездесті. Серіктестіктің құрамында жыл бойы құлпынай өсіретін жылыжай кешені, сыйымдылығы 15 мың тоннаға жететін жеміс қоймасы және неміс технологиясы бойынша жұмыс істейтін сублимация комбинаты бар. Бұл кәсіпорынға жалпы көлемі 44 млрд теңгеден астам инвестиция салынған. Сенат Төрағасы агроөнеркәсіптік кешенді одан әрі өркендетудің және осы бағыттағы кәсіпорындарды қолдаудың маңызды екенін айтып, олардың елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тигізетін әсері зор екенін тілге тиек етті. Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1043124?lang=kk
Жеке кәсіпкер ретінде тіркеу 30.07.2025
Кәсіпкерлік кодекстің 35-бабының 2-тармағына сәйкес дара кәсіпкер ретінде міндетті мемлекеттік тіркеуге мынадай шарттардың біріне жауап беретін жеке тұлғалар жатады: 1) жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін тұрақты негізде пайдаланады; 2) жеке кәсіпкерліктен Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес есептелген, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төменгі жалақының 12 еселенген мөлшерінен асатын мөлшерде жылдық табысы бар ( 2025 жылы 1020000 теңге).     ЖК ретінде онлайн тіркелу үшін "электрондық үкімет" порталы (Egov) немесе "E-Salyq business"мобильді қосымшасы арқылы кәсіпкерлік қызметтің басталғаны туралы хабарлама беру қажет.     Сондай-ақ, "электрондық лицензиялау" порталын (E-license) немесе Kaspi, BCC, Halyk, JusanBank, BankRBK, FreedomBank банктерінің мобильді қосымшасын пайдалануға болады.    Тіркеу үшін ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) қажет.    Маңызды! Тіркеу кезінде болашақ ЖК – нің деректемелері мен параметрлерін, атауын, қызмет түрін (ЭҚЖЖ) және салық салу режимдерінің бірін көрсету қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1043102?lang=kk
2025 — Жұмысшы мамандықтар жылы! 30.07.2025
2025 — Жұмысшы мамандықтар жылы!Еліміздің тірегі — еңбек адамы!Орманшы — табиғаттың қорғаушысы, болашақтың бағбаны.Күн сайын жасыл әлеммен үндесіп, орман тынысын сезіп, табиғатты қорғау жолында аянбай еңбек ететін маман — ол орманшы. Бұл мамандықты жүрекпен сүйіп, табиғатты шын жақсы көретін жандар таңдайды.🔹 Олар орманды баптайды, ағаш егеді🔹 Өрттің алдын алады🔹 Жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігін бақылайды🔹 Болашақ ұрпаққа таза табиғат қалдыруға еңбек етедіОрманшы — табиғат пен адамзат арасындағы алтын көпір.Таза ауа, жасыл орман, экологиялық тепе-теңдік — мұның бәрі осы мамандық иелерінің табанды еңбегінің жемісі.2025 жылы еңбек адамын дәріптей отырып, орманшы мамандығына құрмет білдірейік!Табиғатты қорғау — болашақты сақтау.#ЖұмысшыМамандықтарЖылы2025#Орманшы#ЕңбекАдамы
ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің 2025 жылғы 1 шілдедегі инвестициялық портфельдеріне шолу 30.07.2025
"БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Статистика және аналитика – Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі - ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебін ұсынды.2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша ҚРҰБ мен ИПБ-лардың басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі – 24 001,78 млрд теңге. Осы күнгі жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған, ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 23 474,82 млрд теңге[1] болды. ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – ЖМЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің көлемі – 462,20 млрд теңге.    ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 64,76 млрд теңге. ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліҰлттық Банк БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушы ретінде теңгерімді инвестициялық саясатты ұстанады: валюталар, елдер, секторлар және эмитенттер бойынша қаржы құралдарының сан-алуан түрлеріне инвестициялайды.2025 жылғы 1 шілдеге МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 43,71%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 9,02%, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 3,18%, ҚРҰБ депозиттері – 1,29%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 1,73%, МҚҰ - 1,20%.2025 жылғы 1 шілдеде МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель мынадай: ұлттық валютадағы инвестициялар – 58,33%, АҚШ долларымен – 41,66%.Табыстылықтың қысқа мерзімді ауытқуларына қарамастан, 2024 жылғы шілдеден  бастап 2025 жылғы маусымды қоса алғандағы соңғы 12 айда есептелген инвестициялық кіріс мөлшері шамамен 2,53 трлн теңгені құрады, осы кезеңдегі кірістілік – 12,22%, инфляция мөлшері - 11,80%.2025 жылғы 1 шілдедегі ЖМЗЖ инвестициялау бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 97,04%, ҚРҰБ депозиттері – 2,62%, инвестициялық шоттардағы ақшалай қаражат – 0,34%.ЖМЗЖ есебінен инвестициялық портфель тек ұлттық валютада номиналданған қаржы құралдарынан тұрады.2025 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша ЖМЗЖ есебінен зейнетақы активтерінің соңғы 12 айдағы кірістілігі 12,15% көрсетті. Зейнетақы жинақтары - ұзақ мерзімді инвестициялар. Сондықтан, инвестициялық кірістің мөлшерін кем дегенде бір жыл ішінде талдаған жөн. Қысқа мерзімді деректер (апталық, айлық және т.б.) көрсеткіш бола алмайды, өйткені олар нарықтық жағдайдың тұрақты түрде өзгеріп отыратын құбылмалылығына тәуелді. Кейбір құралдар бойынша алынған кіріс басқа құралдар бойынша уақытша шығындарды жабатын инвестициялық портфельді әртараптандыру зейнетақы жинақтарының ұзақ мерзімді келешекте сақталуын және орнықты табыстылығын қамтамасыз етеді. Соңғы 3 жылдағы инвестициялық кіріс тұрақты түрде өсіп, зейнетақы активтерінің кірістілігі инфляция деңгейінен асып түсті.ҚРҰБ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы және инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында берілген. Сондай-ақ, enpf.kz сайтында ЖМЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері бойынша портфель құрылымы туралы ақпарат орналастырылды. Инвестициялық портфельді басқарушыларИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 64,76 млрд теңгеден асады.01.07.2025ж. жағдай бойынша "Jusan Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен – 12,24 млрд теңге.Компанияның негізгі инвестициялары: Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 22,35%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің (ЕДБ) облигациялары – 17,58%, ҚР ҚМ МБҚ – 16,29%, РЕПО – 13,98%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 7,42%, МҚҰ - 6,27%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 5,25%, шет мемлекеттердің МБҚ – 4,57%. Атап кетейік, портфельдің 66,16% теңгемен, 32,42% - АҚШ долларымен, 1,42% - басқа валюталарда ұсынылған.   2025 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 13,07% болды."Jusan Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. 01.07.2025ж. жағдай бойынша "Halyk Global Markets" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 5,84 млрд теңге болды.Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар: "кері РЕПО" (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 37,08%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 12,43%, ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 11,94%, ҚР ЕДБ облигациялары – 10,28%, шетелдік эмитенттердің үлестік құралдары (ETF пайлары) – 7,62%, ҚР ұйымдарының корпоративтік облигациялары – 5,85%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 8,23%, шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар – 4,04%, Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған акциялар мен депозитарлық қолхаттар – 2,44%,   Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 74,82%, АҚШ долларымен 25,18% тең.2025 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 13,08% болды."Halyk Global Markets" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.01.07.2025ж. жағдай бойынша "BCC Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері - шамамен 6,77 млрд теңге.  Инвестициялардың негізгі бағыттары: ҚР ЕДБ облигациялары – 23,67%, Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 16,80%, ҚР резидент-эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 16,25%, ҚР ҚМ МБҚ – 14,43%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 12,73%, РЕПО – 9,71%,.Ұлттық валютадағы инвестициялар – портфельдің 75,13%, АҚШ долларымен 24,87%.2025 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 12,22% болды."BCC Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.01.07.2025ж. жағдай бойынша "Сентрас Секьюритиз" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 2,50 млрд теңге.ҚР ҚМ МБҚ-ға 19,62%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына – 26,33%, квазимемлекеттік ұйымдардың облигацияларына – 14,00%, ҚР ЕДБ облигациялары – 13,38%, АҚШ мемлекеттік облигацияларына – 6,22%, РЕПО – 2,36%, ҚР резиденттері-эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына – 4,10% инвестицияланды.Ұлттық валютада портфельдің 67,57%, АҚШ долларында – 32,43% инвестицияланды.2025 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 15,60% болды."Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша "Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 37,41 млрд теңге болды.Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялардың сипаты мынадай: ҚР ҚМ МБҚ – 24,38%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 5,83%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 9,87%, ҚР ЕДБ облигациялары – 11,06%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 7,71%, шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 2,89%, шет мемлекеттердің МБҚ – 7,90%, Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 3,55%.  Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 58,02%, АҚШ долларында – 41,98% инвестицияланды.2025 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 13,67% болды."Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап салымшылар инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) сенімгерлік басқаруына міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 50%-дан аспайтын бөлігін ең төменгі жеткіліктілік шегін есепке алмастан бере алады. Ал ерікті зейнетақы жинақтары бар салымшыларға оны ИПБ-ға 100% көлемінде беруге құқылы. [1] зейнетақы жарналары мен төлемдер шоттарындағы ақшаны есепке алмағандаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-beyneu/press/news/details/1043076?lang=kk
Балиде Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды 30.07.2025
Денпасар, 2025 жылғы 30 шілде – Қазақстанның Индонезиядағы Елшісі Сержан Әбдікәрімов пен әйгілі Бали кәсіпкері Путу Винастра Бали провинциясының астанасы Денпасар қаласында Қазақстан Республикасының Құрметті консулдығын салтанатты түрде ашты.Ресми салтанатқа Қазақстан азаматтары, Индонезияның мемлекеттік органдары, іскер топтары мен БАҚ өкілдері қатысты.Мемлекеттік әнұрандар орындалып, екі елдің тулары көтерілгеннен кейін Елші Қазақстанның қазіргі уақыттағы дамуы туралы хабарлап, Астана мен Джакартаның екі достас халықтың мүддесі үшін өзара тиімді инвестициялық, сауда-экономикалық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға деген елеулі ниетінің жарқын көрінісі болып табылатын ҚР Құрметті консулдығын ашудың маңыздылығын атап өтті.Бали провинциясы Туристік кеңсесінің басшысы др. И Вайян Сумараджая екіжақты сауда-экономикалық байланыстар мен өзара туристік алмасудың өсу қарқынын ескере отырып, Қазақстан Үкіметінің бұл сыртқы саяси бастамасын жоғары бағалады.ҚР Құрметті консулы болып тағайындалған Путу Винастра Қазақстан Үкіметі мен Сыртқы істер министрлігіне жоғары сенім көрсеткені үшін алғысын білдіріп, Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қоса алғанда, әртүрлі салалардағы екіжақты байланыстарды дамытуға барынша ықпал етуге дайын екендігіне сендірді.Іс-шара аясында қатысушыларға Қазақстанның қазіргі дамуы, тарихы, мәдениеті және еліміздің бай туристік әлеуеті туралы ақпараттық және музыкалық бейнероликтер көрсетілді.Денпасар қаласындағы ҚР Құрметті консулдығының байланыс деректері: Jalan Trengguli I No 14 Tembau, Kota Denpasar, Bali 80238.Email: hc.kazakhstan@kbadmc.comТелефон: +62 811 3820 0811.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-jakarta/press/news/details/1042838?lang=kk
Инвестициялық ынтымақтастықты жандандыру мәселелері Оман Сұлтандығының Инвестициялық қорының президентімен талқыланды 30.07.2025
2025 жылғы 28 шілдеде, Масқат қаласы - Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Елшісі Айдарбек Тұматовтың Оман Сұлтандығы Инвестициялық қорының президенті Әбдүсаләм Әл-Мүршиди мырзамен кездесуі өтті.Инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың келешегі зор бағыттары, сондай-ақ көлік-логистика саласындағы өзара іс-қимыл талқыланды. Тараптар үстіміздегі жылғы желтоқсан айында жоспарланған Қазақстан-Оман үкіметаралық комиссиясының бірінші отырысына дайындық мәселесін қарады.Оман тарапы Қазақстан мен Оман арасындағы тиімді экономикалық жобаларды қаржыландыру мақсатында бірлескен инвестициялық қор құру мәселесіне қызығушылық танытты.Кездесу соңында Оман Инвестициялық қорының президенті Қазақстанның ірі ұлттық экономикалық жобалар, сондай-ақ келешегі бар өндірістік және ауыл шаруашылығының нысандарына инвестиция тарту мүмкіндіктерімен танысу мақсатында Қазақстанға сапармен шақырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-muscat/press/news/details/1042810?lang=kk
Абай облысының терроризмге қарсы күрес жөніндегі комиссияның жұмыс тобы Курчатов қаласына іс-сапармен келді 30.07.2025
        Абай облысының терроризмге қарсы күрес жөніндегі комиссияның жұмыс тобы Курчатов қаласына іс-сапармен келіп, аудандық терроризмге қарсы күрес жөніндегі комиссияның жұмыс тобы мүшелерімен кездесті.Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Абай облысы бойынша департаментінің өкілі, жұмыс тобы мүшелері діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жөніндегі ақпараттық түсіндіру тобы, «Кәмелетке толмағандар арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алу жөніндегі 2024-2026 жылдарға арналған жол картасы», «Дене шынықтыру және спорт саласындағы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жөніндегі 2024-2026 жылдарға арналған жол картасы» бойынша әдістемелік қолдау көрсетіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1042773?lang=kk