Enbekshi QazaQ

Әлем

Қазақстан Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен Жеңіске үлес қосқан азаматтарды әлеуметтік қолдау шараларын дәйекті түрде жүзеге асыруды жалғастыруда 09.05.2026
Жеңістің 81 жылдығы қарсаңында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҰОС ардагерлерін, тыл еңбеккерлерін, қаза тапқан әскери қызметшілердің жесірлерін және соғыс салдарынан мүгедектік алған адамдарды қоса алғанда, шамамен 32,9 мың азаматқа біржолғы төлемдер жасау үшін 3,3 млрд теңгеден астам қаражат бөлді.Қазіргі уақытта елімізде 57 Ұлы Отан соғысының ардагері тұрады. Олардың әрқайсысына тұрғылықты өңіріне қарамастан 5 млн теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек көрсетілді.Әлеуметтік қолдау шараларымен қатар, Қазақстанда тарихи жадты сақтау, жеңімпаз ұрпақтың ерлігі мен жанқиярлығына құрмет көрсету мәселесіне ерекше мән беріледі.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше рет атап өткендей, ардагерлерге құрметпен қарау және Жеңістің тарихи мұрасын сақтау мемлекеттік саясат пен қоғамдық сананың маңызды бөлігі болып қала береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-erevan/press/news/details/1217069?lang=kk
Алматыда армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің рухына тағзым ету рәсімі өтті 09.05.2026
Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, көрнекті мемлекет және әскери қайраткер армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов тұрған үйдің жанындағы мемориалдық тақтаға гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.Іс-шараға Алматы гарнизонының әскери қызметшілері, Қарулы күштердің ардагерлері, әскери жоғары оқу орындарының курсанттары, интернационалист-жауынгерлер, сондай-ақ батырдың туыстары қатысты.Рәсімге қатысушылар аты аңызға айналған қолбасшыны бір минут үнсіздікпен еске алып, мемориалға гүл шоқтарын қойды.Жиналған қауым алдында сөз сөйлеген «Қарулы күштердің ардагерлері» РҚБ Алматы филиалының өкілі отставкадағы полковник Төлеген Мұстафин Сағадат Нұрмағамбетовтің есімі әрдайым ерлік, отансүйгіштік және Отанға адал қызмет етудің символы болып қала беретінін атап өтті.– Ол кісі Қазақстан армиясының құрылуының бастауында тұрды. Бүкіл өмірін Отанға қызмет етуге арнады. Оның өмір жолы жас ұрпақ үшін шынайы патриотизмнің, әскери ар-намыстың және борышқа адалдықтың үлгісі болып табылады, – деп атап өтті ол.Осындай іс-шаралар тарихи жадты сақтауға, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға және жастардың елдің ерлікке толы өткеніне деген құрметін тәрбиелеуге ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1217070?lang=kk
Қорғаныс министрі соғыс құрбандарын еске алды 09.05.2026
Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов "Отан Ана" монументіне гүл шоқтарын қойып, соғыс құрбандарының рухына тағзым етті.Іс-шараға Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы авиация генерал-майоры Тоқтар Әубәкіров, Халық қаһармандары генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев, авиация генерал-майоры Айдын Айымбетов, Қорғаныс министрінің орынбасарлары, Қарулы күштердің ардагерлері мен әскери қызметшілер қатысты.Шараға қатысушылар соғыс жылдарында қаза тапқан қазақстандық майдангерлерді, тыл еңбеккерлерін және соғыс құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды.Жеңіс күні қазақстандықтар үшін бейбіт өмірдің бағасын терең сезіндіретін, ұрпақтар арасындағы сабақтастықты, татулық пен ел тыныштығын сақтаудың маңызын еске салатын тарихтағы ең қастерлі күндердің бірі болып қала береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1217075?lang=kk
Өкілдік басшысы «AP4 Digital» мажарлық компаниясын қабылдады 09.05.2026
2026 жылғы 5 мамырда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы, Жәнібек Әбдрашов, «AP4 Digital» (Cell-Line IT Security Ltd.) мажарстандық бизнес-міндеттерге бейімделген веб-шешімдер мен мобильді қосымшаларды әзірлеуші компаниясының директоры Акош Боканы және Мажарстанның Алматы қаласындағы Бас консулы Саболч Карой Сёкені қабылдады. Кездесу барысында тараптар цифрландыру және технологиялар, жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылап, бірлескен жобаларды іске асыруға дайындықтарын растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1217080?lang=kk
Өкілдік басшысы Ресей Бас консулдығының қабылдауына қатысты 09.05.2026
2026 жылғы 5 мамырда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы, Жәнібек Әбдрашов, Ресей Федерациясының Алматы қаласындағы Бас консулдығының ұйымдастыруымен өтілген “9-мамыр Ұлы Отан Соғысы жеңісінің 81-жылдығының қабылдау іс-шарасына қатысып, сөз сөйледі.Өз сөзінде, Елші Жеңіс күні — халықтар бірлігінің символы, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, басты міндет — тарихи шындықты бұрмалаусыз сақтау және оны жас ұрпаққа жеткізу екендігін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1217085?lang=kk
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 81 жылдығына гүл шоқтарын қою рәсімі 09.05.2026
2026 жылғы 9 мамырда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта Ұлы Отан соғысындағы фашизмге қарсы Жеңістің 81 жылдығына арналған «Мәңгілік алауға» гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты. Іс-шараға Алматы қаласының Әкімі Дархан Сатыбалды, ардагерлер ұйымдары, Алматыда аккредиттелген дипломатиялық корпус өкілдері және Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің ардагерлері қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1217087?lang=kk
Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Иван Панфилов ескерткішіне гүл шоқтарын қойды 09.05.2026
Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштердің Бас штаб бастығы генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров Жеңіс күніне орай Жерұйық саябағындағы генерал-майор Иван Панфиловтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары сұрапыл соғыста қаза тапқан майдангерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды. Іс-шараға Қарулы күштердің ардагерлері мен әскери қызметшілері, “Жас сарбаз” әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері қатысты.Салтанатты рәсімге қатысушыларды айтулы мерекемен құттықтаған генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров Жеңіс күні ел тарихында және әрбір қазақстандықтың өмірінде ерекше орын алатын дата екенін атап өтті. Осыған байланысты барлық гарнизондарда Ұлы Жеңіс күнін мерекелуге арналған іс-шаралар өткізіліп жатқаны айтылды.– Жеңіс күні – халқымыз үшін ерекше маңызы бар мереке. Бұл күн – Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі жолында ерлік көрсеткен батырлардың рухына тағзым ететін күн. Майдангерлердің қайсарлығы мен жанқиярлығы ешқашан ұмытылмайды. Жеңіс мерекесі ұрпақтарды бірлікке үндеп, бейбіт өмір мен тәуелсіздіктің қадірін ұғындырады. Сондықтан тарихи жадымызды сақтап, оны кейінгі буынға жеткізу – ортақ міндетіміз. Соғыс ардагерлерін құрметтеу және олардың ерлігін ұлықтау – азаматтық парызымыз, – деді Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары.Соғыс жылдары Қазақстаннан 1,2 миллионнан астам адам майданға аттанды, олардың жартысы елге оралған жоқ. Көптеген қазақстандық соғыста көрсеткен ерлігі үшін ең жоғары жауынгерлік наградалармен марапатталды.1941 жылғы шілде айында Алматыда жасақталған, генерал Иван Панфилов басқарған 316-атқыштар дивизиясы Мәскеу түбіндегі шайқаста фашистік Германия әскерінің шабуылын тойтарып, қайсарлық көрсетті. Оның ішінде 28 батыр Дубосеково торабында ондаған танкіге қарсы тұрып, жаудың жойқын күшін тоқтатты.Сол жылы 23 қарашада дивизияға соғыста ерлікпен қаза тапқан оның тұңғыш командирі Кеңес Одағының Батыры генерал Иван Панфиловтың есімі берілдіИван Панфиловқа арналған ескерткіш 2015 жылы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында «Жерұйық» саябағында ашылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1217092?lang=kk
Таллин қаласында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің делегациясы ресми сапармен болды 09.05.2026
Таллин қаласында ректор Бейбіткүл Каримова бастаған Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің делегациясы ресми сапармен болды. Таллинн университеті және бірқатар серіктес ұйымдармен бірлесе дайындалған бағдарлама тәжірибе алмасуға және білім беру саласындағы өзекті үрдістерді талқылауға арналды.Сапар барысында делегация Эстонияның білім беру жүйесінде қолданылатын заманауи тәсілдермен танысып, цифрландыру, құзыреттерді бағалау және білім беру үдерістерін басқару мәселелерін талқылады, сондай‑ақ мектепке дейінгі ұйымдардан бастап жоғары оқу орындарына дейінгі әртүрлі деңгейдегі білім беру мекемелерін аралады.Бағдарламаның маңызды бөлігін бірқатар кәсіби кездесулер құрады. Олар жоғары білімді дамыту және инновациялық шешімдерді енгізу мәселелеріне арналды. Таллин қаласының Білім департаментінде қонақтарға Эстонияның ұлттық білім беру жүйесінің құрылымы мен негізгі даму бағыттары таныстырылып, LAHE құзыреттерді бағалау моделі ұсынылды. Бұл модель делегация тарапынан ерекше қызығушылық тудырды.Делегация Pääsusilma балабақшасына барып, балалардың дербестігі мен шығармашылық ойлауын дамытуға бағытталған мектепке дейінгі білім беру тәжірибелерімен танысты. Кейін Таллинн университетінде университет басшылығымен кездесу өтті. Ректор Tõnu Viik университеттің стратегиялық басымдықтары, ғылыми бағыттары және халықаралық бастамалары туралы баяндады.Таллинн университеті мен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті арасындағы келіссөздерге ерекше назар аударылды. Тараптар екіжақты ынтымақтастықты кеңейту, студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын дамыту, сондай‑ақ бірлескен білім беру жобаларын іске асыру мүмкіндіктерін талқылады.Қазақ және эстон тараптарының өкілдері бұл сапардың кәсіби байланыстарды нығайтуға, халықаралық серіктестікті кеңейтуге және білім беру саласындағы жаңа бірлескен бастамаларға жол ашуға маңызды қадам болғанын атап өтті.Таллинде өткен кездесулер мен пікір алмасулар Қазақстан мен Эстония арасындағы білім беру ынтымақтастығын дамытуға және тәжірибе бөлісуге мазмұнды алаң қалыптастырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tallin/press/news/details/1217094?lang=kk
Әскери дипломаттар Қытайда қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің рухына тағзым етті 09.05.2026
Қытай Халық Республикасының Хэбэй өлкесіндегі Чжанцзякоу қаласына қарасты Чжанбэй уезінде Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 81 жылдығына орай кеңес және моңғол жауынгерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.Қазақстан атынан бұл іс-шараға Қытай Халық Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің қорғаныс мәселелері жөніндегі атташесі генерал-лейтенант Марат Құсайынов бастаған делегация қатысты.Салтанатты рәсімге Армения, Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан елдерінің дипломатиялық миссия басшылары, сондай-ақ ШЫҰ Хатшылығының, Чжанцзякоу қаласы мен Чжанбэй уезінің халық үкіметтерінің басшылығы қатысты.Еске алу шарасына қатысушылар бір минут үнсіздікпен қаза тапқандардың рухына тағзым етіп, мемориалдық кешенге гүл шоқтарын қойды.Жауынгерлер қаза тапқан жерге ескерткіш алғаш рет 1945 жылы орнатылып, 1957 жылы мемориал ашылды. Обелискке 53 кеңестік және 13 моңғол әскери қызметшінің есімі жазылған.Оның ішінде ресми мәліметтерге сәйкес, бұл мемориалдық кешенде Қазақ КСР аумағынан шақырылған немесе сол жердің тумасы болып табылатын 21 жауынгердің есімі анықталған.Дипломатиялық миссия өкілдері мемориалдық музейдің тарихи жәдігерлерімен танысқан соң құрметті қонақтар кітабына жазба қалдырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1217103?lang=kk
Алматы өңірлік гарнизонының әскери қызметшілері Бибігүл Төлегенованы Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтады 09.05.2026
9 мамыр күні гарнизонның әскери қызметшілері, Қарулы күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығының өкілдері және балалар шығармашылық студиясының тәрбиеленушілері әйгілі әншінің үйіне арнайы барып қайтты.Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының орынбасары полковник  Раджан Жанысов Бибігүл Төлегеноваға Қорғаныс министрінің құттықтау хатын табыстап, мәдениетті дамыту мен жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.– Қазақтың аты аңызға айналған бұлбұл әншісін Жеңіс күнімен құттықтау – біз үшін үлкен мәртебе. Оның өмір жолы мен соғыс жылдарындағы еңбегі ел мен халыққа адал қызмет етудің жарқын үлгісі, – деді ҚР Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығы бастығының орынбасары – Жауынгерлік даңқ музейінің басшысы, генерал-майор Панфиловтың немересі Алуа Байқадамова.Бибігүл Төлегенова жасы ұлғайғанына қарамастан, қонақтарды әрдайым жылы қарсы алып, жас ұрпақты қолдауды жалғастырып келеді.Ұлы Отан соғысы жылдарында ол тылда еңбек етті. Соғыс басталған кезде небәрі 12 жаста болған. 1944 жылы Семей ет комбинатында жұмыс істеп, майданға жіберілетін өнімдерді дайындауға атсалысты. Сонымен қатар көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысып, госпитальдардағы жаралы жауынгерлерге ән айтып, олардың туған-туыстарына хат жазуға көмектесті.Бибігүл Төлегеноваға әскери оркестр соғыс жылдарындағы әндерді орындап, әскери қызметшілердің балалары оған раушан гүлдерін сыйлап, «Жеңіс күні» әнін бірге шырқады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1217108?lang=kk
МАЙДАНГЕРЛЕР РУХЫНА ТАҒЗЫМ: ШЫМКЕНТТЕ ЖЕҢІС КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ 09.05.2026
Шымкент қаласындағы «Даңқ» мемориалдық кешенінде 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Жиынға ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, жастар және қала тұрғындары мен қонақтары, қатысып, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етті.Мерекелік шара Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 35748 әскери бөлім оркестрінің Мемлекеттік Гимнді орындауымен басталды. Іс-шара барысында жиналған қауым майдан даласында ерлікпен қаза тапқан боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алды.Салтанатты жиынға Шымкент қаласының әкімі, қалалық мәслихат төрағасы, ардагерлер мен қоғам өкілдері қатысып, Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды. Сондай-ақ, қатысушылар «Жұлдыз» және «Ұшақ» ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойып, «Даңқ» аллеясын аралады.Жеңіс күні – майдан мен тылдағы жанқиярлықтың, елдік пен ерліктің символы. Қазақ халқы қай кезеңде де Отан қорғауды қасиетті парыз санаған. Ұлы Отан соғысы жылдарында мыңдаған қазақстандық майданға аттанып, ел тәуелсіздігі мен бейбіт өмір жолында жанқиярлықпен күресті. Олардың қатарында Шымкент өңірінен шыққан көптеген қаһарман жауынгерлер де бар.Айта кетейік, жүзден астам жерлесіміз «Даңқ» орденінің толық иегері атанса, бес жүзге жуық азаматқа Батыр атағы берілген. Он мыңдаған қазақстандық жауынгерлік ерлігі мен тылдағы қажырлы еңбегі үшін мемлекеттік наградалармен марапатталған.Іс-шара барысында тұрғындар майдангерлер мен тыл ардагерлеріне ерекше құрмет көрсетіп, бейбіт өмір сыйлаған аға буынға шынайы алғыстарын білдірді.Қасіретті соғыс жылдарының ауыртпалығын қайыспай көтеріп, Жеңіске жеткен ардагерлердің ерлігі – кейінгі ұрпаққа үлгі, ел жадында мәңгі сақталатын тарихи тағылым.
ШЫМКЕНТТЕГІ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ БАТЫРЛАРҒА ТАҒЗЫМ МЕН ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҰЛЫҚТАУҒА ҰЛАСТЫ 08.05.2026
Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында кең ауқымды тазалық және абаттандыру жұмыстары ұйымдастырылып, игі бастама жастардың патриоттық тәрбиесімен және ардагерлерге құрмет көрсетумен сабақтасты.Акция барысында қала тұрғындары, еріктілер, оқушылар мен ата-аналар тарихи-мәдени нысандарды тазалап, батырлар рухына тағзым етті.Іс-шараның негізгі нысандарының бірі — «Даңқ» мемориалы кешені болды. «Жастар ресурстық орталығының»еріктілері 145 мыңнан астам жауынгердің есімі қашалған мәрмәр тақталарды тазалап, «Мәңгілік алау» аумағын ретке келтірді.Тазалық және абаттандыру жұмыстары Кеңес Одағының батырлары Бауыржан Момышұлы, Сабыр Рахимов және Әлия Молдағұлова ескерткіштері маңында да жалғасты. Атап айтқанда, №12 және №29 мектептердің оқушылары мен ата-аналар қауымы ескерткіштерді тазалап, айналасына гүл көшеттерін отырғызды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шара жастар үшін тарихи тағылым мен патриоттық тәрбиенің жарқын үлгісіне айналды.М.Горький атындағы №12 мектептің директоры Гүлжан Омарова акцияның тәрбиелік маңызына тоқталды.— Біздің мақсатымыз — жас ұрпақтың бойында туған тарихқа, ел батырларына деген құрмет пен жанашырлық сезімін қалыптастыру. Балалар батырлар ерлігін тек оқулықтан оқып қана қоймай, осындай нақты істер арқылы тереңірек сезінеді. Оқушылар бұл бастамаға үлкен ықыласпен қатысты, — деді ол.Осындай жұмыстар Әлия Молдағұлова ескерткіші аумағында да жүргізілді. 8-сынып оқушысы Злата Самигулина акцияға қатысу өздері үшін үлкен жауапкершілік екенін атап өтті.— Қаланы таза ұстау — әр азаматтың міндеті. Жеңіс күні қарсаңында мектебіміз есімін иеленген Әлия Молдағұлованың ескерткішін ретке келтіруді өз парызымыз деп санадық, — деді оқушы.Мереке қарсаңында еріктілер мен әлеуметтік қызметкерлер тыл ардагері Галина Муртазинаның үйіне арнайы барып, тұрмыстық жұмыстарға көмектесті. Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты орталық директоры Нұржан Төлегенов ардагерлерге қолдау көрсету тұрақты жалғасатынын жеткізді.— Ардагерлердің ел үшін атқарған еңбегі — кейінгі ұрпаққа үлгі. Осындай кездесулер арқылы біз олардың ерлігі мен еңбегі халық жадында мәңгі сақталатынын көрсеткіміз келеді, — деді ол.Өз кезегінде 89 жастағы тыл ардагері жастарға алғысын білдіріп, бейбіт өмірдің қадірін бағалауға шақырды.Акция аясындағы тағылымды кездесулердің бірі Ы.Алтынсарин атындағы №65 гимназияда өтті. Қаланың Құрметті азаматы, 92 жастағы Өркен Әбдіреев оқушылармен кездесіп, ел болашағы жастардың қолында екенін атап өтті.— Қазақстанның келешегі — білімді әрі еңбекқор жастардың қолында. Сондықтан сапалы білім алып, ел дамуына үлес қосуға ұмтылу қажет. Батыр бабалардың ерлігі мен Абай, Әл-Фараби сынды ұлы тұлғалардың өнегесін бойға сіңіріңдер, — деді ардагер.Шымкент қаласында өтіп жатқан «Таза Қазақстан» акциясы экологиялық мәдениетті қалыптастырумен қатар, ұлттық құндылықтарды дәріптеп, қоғамдағы ынтымақ пен ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға бағытталған маңызды қоғамдық бастамаға айналып отыр.
Шымкентте Отан қорғаушы күніне арналған ауқымды мерекелік іс-шара өтті 08.05.2026
Шымкент қаласындағы Астана алаңында 7 мамыр – Отан қорғаушы күніне арналған салтанатты мерекелік іс-шара өтті. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған мерекелік бағдарлама әскери қызметшілерді, құқық қорғау органдарының өкілдерін, ардагерлер мен қала тұрғындарын біріктіріп, ел қорғаушыларына деген құрметтің және патриоттық рухтың айқын көрінісіне айналды.Іс-шара Шымкент гарнизоны әскери қызметшілерінің сапқа тұру рәсімімен басталды. Мерекелік шеруде әскери қызметшілер саптық дайындықтың жоғары деңгейін көрсетіп, патриоттық әндер шырқалды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын алаңға Қорғаныс министрлігінің 35748 әскери бөлімінің және С.Рахымов атындағы Әскери колледждің ту ұстаушылар тобы салтанатты түрде алып шықты.Әскери шеруге 35748 әскери бөлімінің мотоатқыштар бригадасы, 10216 әскери бөлімінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасы, 55652 әскери бөлімінің авиациялық базасы, 50120 әскери бөлімінің аумақтық қорғаныс бригадасы, Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланының 6506 әскери бөлімі, сондай-ақ С.Рахымов атындағы Әскери колледждің ұлан бөлімі мен «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубының оқушылары қатысты.Мерекелік іс-шараға Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, қалалық мәслихаттың төрағасы Бахадыр Нарымбетов, Қарулы күштердің ардагерлері мен қоғам өкілдері қатысты. Қала басшылығы тұрғындармен бірге Отан қорғаушыларға құрмет көрсетіп, ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген әскери қызметшілер мен күштік құрылым қызметкерлеріне алғыс білдірді.Іс-шара барысында С.Рахымов атындағы Әскери колледж курсанттары арнайы дайындық элементтері мен қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін көрсетті. Сонымен қатар колледж курсанттары мен 6506 әскери бөлімінің әскери қызметшілері патриоттық әндер орындап, мерекелік кештің рухын көтере түсті.Мерекелік шара шығармашылық ұжымдар мен өнерпаздардың қатысуымен өткен гала-концертке ұласып, қала тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл күй мен ерекше әсер сыйлады.Отан қорғаушы күні – ерлік пен батырлықтың, әскери антқа адалдықтың және ел тәуелсіздігі мен қауіпсіздігін күзетіп тұрған азаматтарға деген құрметтің белгісі. Әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдары өкілдерінің адал қызметі өскелең ұрпақ үшін патриотизм мен жауапкершіліктің жарқын үлгісі болып табылады.Шымкентте өткен мерекелік іс-шара қоғамдық бірлікті нығайтуға, патриоттық құндылықтарды дәріптеуге және Отан қорғаушыларға деген құрметті арттыруға бағытталған маңызды алаңға айналды.
Португалиялық парламентарийлер Қазақстанмен байланыстарды нығайтуға ниетті 07.05.2026
Лиссабон, 2026 жылғы 6 мамыр - Португалияның Республика Ассамблеясында (Португалияның бірпалаталы Парламенті) Қазақстан Елшісі Жан Ғалиевтің «Португалия - Қазақстан» достық тобының Төрайымы Фелисидаде Виталмен және парламенттік топ мүшелерімен жұмыс кездесуі өтті.Әңгімелесу барысында дипломат португалдық депутаттарға Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан ауқымды конституциялық реформалардың барысы туралы егжей-тегжейлі ақпарат берді. Жаңа саяси үлгіге көшуді және бірпалаталы Парламент - Құрылтай құру арқылы биліктің заң шығарушы тармағының рөлін күшейтуді бекіткен жалпыұлттық референдумның қорытындыларына ерекше назар аударылды.Дипломатиялық миссия басшысы Астана мен Лиссабон арасындағы қатынастардың стратегиялық сипатын атап өтті. «Қазақстан Португалияны Еуропалық одақтағы маңызды әрі сенімді серіктесі ретінде қарастырады. Біз ашық сұхбатымызды жоғары бағалаймыз және екіжақты ынтымақтастықты жаңа практикалық мазмұнмен толтыруға ұмтыламыз», - деді ол.Күн тәртібінің маңызды тармағы биылғы тамызда жоспарланған Құрылтай сайлауы болды. Елдің заң шығарушы органының жаңа құрамын қалыптастыру адам құқықтарын қорғауға және жүйені демократияландыруға бағытталған конституциялық реформаның логикалық аяқталуы болатыны атап өтілді.Тараптар ынтымақтастықтың басым бағыттарының кең ауқымын мұқият талқылап, практикалық өзара іс-қимылға ерекше назар аударды. Соның ішінде цифрлық технологияларды дамыту және жасанды интеллектіні енгізу саласында тараптар жоғары технологиялық экожүйелерді дамытуды талқылады. «Португалияның силикон алқабы» саналатын Taguspark сияқты португалиялық ғылыми-технологиялық парктердің жұмыс істеу тәжірибесін зерделеуге қызығушылық білдірілді. Қазақстан ғылым, бизнес және озық технологиялардың синергиясы үшін ұқсас үлгілерді енгізуді көздейді.Ауыл шаруашылығы, агроиндустрия және балық шаруашылығы саласында Португалияның орасан зор тәжірибесін ескере отырып, екі ел өңірлерінің әлеуетін пайдалана отырып, бірлескен өндірістік кәсіпорындар құруды қоса алғанда, кооперация мүмкіндіктері қаралды. Бұл орталықсыздандырылған ынтымақтастықты дамыту жөніндегі міндеттерге сай келеді.Су қорларын басқару және экология бөлігінде Елші Қазақстанның Португалияның тәжірибесі мен технологияларын пайдалануға мүдделі екенін атап өтті. Águas de Portugal холдингінің су циклін тиімді әрі ұтымды басқару, гидроресурстарды өңдеуге инновацияларды, соның ішінде жасанды интеллектіні енгізу және су шаруашылығын климаттық өзгерістерге бейімдеу жөніндегі қызметіне ерекше назар аударылды.Инвестицияларды тарту және сауданы кеңейту мәселелеріне тоқтала отырып, сұхбаттасушылар прагматикалық тұрғыда бірлескен индустриялық жобаларды іске асыру мен логистикалық бағыттарды дамыту мүмкіндіктерін талқылады.Ф. Витал мен Достық тобының мүшелері Қазақстанда жүргізіліп жатқан өзгерістерге қолдау білдірді, сондай-ақ сайлау кезеңі аяқталған соң және жаңа қазақстандық Парламентте ұқсас достық тобы құрылғаннан кейін Астанаға жұмыс сапармен келуге дайын екендіктерін растады. Бұл, тараптардың пікірі бойынша, сенімге негізделген екіжақты ынтымақтастықты жаңа деңгейге шығаруға ықпал етеді.Суреттер: Республикасы АссемблеясынанАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-lisbon/press/news/details/1215942?lang=kk
Қазақстанның Елшісі Струга қаласына барды 07.05.2026
Струга, 2026 жылғы 30 сәуір – Қазақстанның Солтүстік Македониядағы Елшісі Сатыбалды Бұршақовтың Струга қаласына сапары өтті.Кездесу барысында қала мэры Менди Кирмен ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктері, әсіресе мәдени алмасу және туризмді дамыту мәселелері талқыланды.Қазақстан Елшісі сондай-ақ екі елдің аймақтары арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты және бауырлас қатынастарын орнатуға дайын екендігін білдірді. Сонымен қатар, құрметті консул институтын құру мүмкіндігі талқыланды.С.Буршаков қала басшысын еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарымен, сондай-ақ Қазақстан мен Македония арасындағы ынтымақтастықты кеңейту перспективаларымен таныстырды.М.Кира еліміздің мәдениеті, тарихы, экономикалық әлеуеті, сондай-ақ Қазақстанмен әріптестік байланыстар орнатуға қызығушылығы туралы айтып берді. Ол Струга мен Охрид өңірінің Солтүстік Македонияның ғана емес, халықаралық туризмнің де маңызды орталығы екенін атап өтті. Әсіресе, екіжақты мәдени іс-шараларды өткізу, жастар алмасуы және туризмді дамыту үшін үлкен әлеует ықпал ететінін атап өтті.Сонымен қатар, кездесуде Қазақстанның ағымдағы жылдың маусым айының 24–29 күндері өтетін жыл сайынғы «Стругалық поэзия кештері» іс-шарасына қатысу мүмкіндігі талқыланды.Кездесудің соңында Елші мэрге жылы лебізі үшін алғысын білдіріп, қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының «Қара сөздер» кітабын сыйға тартты.Анықтама: Струга – Солтүстік Македонияның оңтүстік-батысында орналасқан көркемді шағын курорттық қала (шамамен 50 мың тұрғын), Охрид көлінің солтүстік жағалауында, ең ежелгі және туристер арасында танымал Македония қаласы Охридтен 15 км жерде орналасқан. Струга XI ғасырға дейін белгілі болып келеді, оның көпэтникалық тұрғын құрамына македондар, албандықтар, түріктер, влахтар, ромдар, сербтер және босниялықтар кіреді. Стругада жыл сайын 1962 жылы құрылған «Стругалық поэзия кештері» атты Еуропаның ең ірі поэзия фестивалі өткізіледі. Струга тарихи қала мен танымал жазғы курорттың ерекшеліктерін біріктіреді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-skopje/press/news/details/1215933?lang=kk
Қазақстан Елшісі Солтүстік Македонияның «KAZ Group» компаниясының басшылығымен кездесті 07.05.2026
Скопье, 2026 жылғы 29 сәуір – Қазақстанның Солтүстік Македониядағы Елшісі Сатыбалды Бұршақов «KAZ Group» компаниясының Бас директоры Катерина Здравескамен кездесті.Кездесу барысында Елші С.Бұршақов компания басшылығын Қазақстандағы қазіргі саяси, сауда-экономикалық және әлеуметтік жағдай туралы, сондай-ақ қазақ-македон ынтымақтастығының перспективалары туралы ақпараттандырды.Қазақстандық дипломат қалалық сумен жабдықтау желілерінде пайдалануға арналған жалғауыш түйіндер, клапандар, гидранттар, жоғары берікті шойын мен болаттан жасалған фитингтер, люктер және басқа да бұйымдар сияқты сантехникалық элементтердің кең спектрін өндіру және сатумен айналысатын компанияның қызметімен танысты.К.Здравеска «KAZ Group» компаниясының айтарлықтай экспорттық әлеуеті және шетелдік серіктестермен ынтымақтастықты дамытуға ұмтылысы бар екенін атап өтіп, Қазақстаннан келген серіктестермен жаңа мүмкіндіктер ашуға дайын екенін білдірді.Елші С.Бұршақов екі ел арасындағы іскерлік байланыстарды дамытудың маңыздылығын атап өтіп, «KAZ Group» компаниясын қалалық инфрақұрылым және сумен жабдықтау саласындағы қазақстандық кәсіпорындармен серіктестік қатынастар орнату мүмкіндіктерін зерттеуге шақырды.Кездесуге сонымен қатар Илинден муниципалитетінің мэрі Александар Георгиевски қатысты. Ол муниципалитеттің дамыған өнеркәсіп орталығы екенін және халықаралық ынтымақтастық үшін айтарлықтай әлеуеті бар екенін атап өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-skopje/press/news/details/1215929?lang=kk
Өнердің шабыттандырар күші: Астанада Отан қорғаушы күніне арналған концерт өтті 07.05.2026
Қарулы күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығының шығармашылық ұжымы салтанатты жиынға қатысушыларға мерекелік концерт тарту етті.Әншілер мен вокалдық топтар, би және фольклорлық-этнографиялық ансамбльдер, әскери және эстрадалық-симфониялық оркестр музыканттары көрермендерге әскери-патриоттық бағдарлама ұсынды. Өнер кешінің «Жеті ата» бейнесіне негізделген тұжырмдамасы қазіргі армия мен ел тәуелсіздігінің тарихи тіректерін бейнеледі.Абылай хан, Жәңгір хан, Қабанбай батыр, Бөгенбай батыр және Сартай батыр сияқты көрнекті тарихи тұлғалар ұлттық рух пен ел қорғаушылардың жауынгерлік қасиеттерін нығайтуға зор үлес қосты.Ұлы Отан соғысы жылдарында халық басынан өткерген ауыр сынақ кезінде қазақ халқының ең таңдаулы ұлдарының ерлігі мен қайсарлығы айқын көрінді. Олардың қатарында Мәскеу түбіндегі шайқасқа қатысқан аңызға айналған қолбасшы Бауыржан Момышұлы, сондай-ақ тәуелсіз Қазақстан Қарулы күштерінің негізін қалаған армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов бар.Концерт барысында эстрадалық-симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен «Елім-ай» және «Самалтау» күйлері орындалды. Көрермендер композитор А. Дүйсеновтің Нұртуған жыраудың сөзіне жазылған «Өсиет» толғауын, сондай-ақ Ж. Бекетановтың музыкасына қойылған Г. Ордабаевтың «Сағым» би композициясын ерекше ықыласпен қабылдады.Орталық ансамбльдің солистері мен вокалдық топтары әскери тақырыптағы шығармаларды орындады. Атап айтқанда, С. Бәйтерековтің Б. Тәжібаев сөзіне жазылған «Әлия» әні және Я. Френкельдің Р. Ғамзатовтың өлеңіне жазылған «Журавли» шығармасы шырқалды. Сонымен қатар вокалдық топтың орындауындағы «Попурри» көрермендердің есінде қалды. Композиция авторы Н. Нұртазин танкистердің, ұшқыштардың және теңізшілердің қызмет ерекшеліктерін әсерлі жеткізді. Ж. Әділов пен Р. Арсыланның  «Ел қорғаны»,  Н. Нұртазин мен Е. Тілепбердиевтің «Сержант»,  Н. Алмас пен О. Әкімованың «Батырлар»,  И. Сархадтың «Қазақстан», Н. Зәкеновтің  «Атамекенім», С. Үмбетовтің  "Елім менің" және  Қ. Жүнісовтің «Егемен Қазақстан» әндері де шабыт пен оптимизмге толы болды.Көрермендер «Ұрпақтар сабақтастығы», «Қазақ халық әндері тақырыбындағы фантазия» сияқты аспаптық шығармаларды, сондай-ақ «Сарбаздар», «Қыран» және басқа да би қойылымдарын жоғары бағалады.Шығармашылық ұжымның кәсібилігі мен концерттің мазмұнды тұжырымдамасы залда патриотизм, ұрпақтар сабақтастығы, әскери мамандыққа құрмет және халқымыздың ерлікке толы өткеніне тағзым атмосферасын қалыптастырды.Бұл концерт тек мерекелік шара ғана емес, сонымен қатар Отанға қызмет етудің маңыздылығын еске салған маңызды рухани оқиға болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1215931?lang=kk
Ұлттық ұланда «Сарбазға прокурорлық кеңес» акциясы өтті 07.05.2026
Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында елордадағы ҚР ІІМ Ұлттық ұланының  5573 әскери бөлімінде «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында «Сарбазға прокурорлық кеңес» республикалық профилактикалық акциясы ұйымдастырылды.Іс-шарадаҚазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов мерзімді қызмет әскери қызметшілерімен кездесу өткізді. Сарбаздар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, қызмет өткеру барысындағы құқықтық мәселелер, заңдылықты сақтау және өз құқықтарын қорғау жөнінде жан-жақты түсіндірмелер алды.– Ұлттық ұлан құрылған сәттен бастап қалыптасу мен жаңғырудың ауқымды жолынан өтті. Бүгінде бұл – кәсіби, ұтқыр әрі заманауи құрылым. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және дағдарыстық жағдайлар кезеңдерінде сіздер әрдайым төзімділік, тәртіп және әскери антқа адалдық танытып келесіздер, – деп атап өтті Бас Прокурор.Кездесу қорытындысы бойынша қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қызметтік-жауынгерлік міндеттерді орындауда ерекшеленген офицерлер мен әскери қызметшілер Бас Прокурордың алғыс хаттарымен марапатталды.Іс-шара аясында қонақтар үшін көрнекі бағдарлама ұйымдастырылды. Саптық алаңда жауынгерлік дайындық элементтері көрсетіліп, Ұлттық ұланның Құрмет қарауыл ротасының саптық дефилесі ұсынылды.Қатысушыларға қару-жарақ, әскери техника және жабдықтардың көрмесі таныстырылды. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде қолданылатын заманауи автокөліктер, броньды техника, ұшқышсыз ұшу аппараттары және техникалық құралдар көрсетілді.Сонымен қатар қонақтар құқықтық тәртіп әскерлерінің жауынгерлік қызметіне енгізілген цифрлық шешімдермен танысты. Бейнеаналитика және жасанды интеллект элементтері бар бейнебақылау жүйелері, тамақтану сапасын электрондық бағалау, психологиялық диагностика кабинеті, сондай-ақ әскери қызметшілердің жақындарымен байланысуына арналған бейнетаксофондар қонақтар тарапынан жоғары бағаланды.Іс-шара соңында қатысушылар сарбаз ботқасынан дәм татып, Бас прокуратура ардагерлеріне Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің айырым белгісі саналатын күрең жолақты кеудешелер табысталды.Бұл акция әскери қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайтуға бағытталған маңызды алаңға айналды. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1215928?lang=kk
Тәуелсіз Қазақстанның армиясы 07.05.2026
Қазақстан армиясы өзінің 34 жылдық тарихында қалыптасу мен дамудың күрделі жолынан өтті.1992 жылғы 7 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы» және «Мемлекеттік қорғаныс комитетін Қорғаныс министрлігі етіп қайта құру туралы» Жарлықтарға қол қойды.Қазақстан Орталық Азияда республиканың егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғау тәсілдерін айқындайтын әскери доктрина қабылдаған алғашқы мемлекет болды.Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін мемлекеттілікті қалыптастырудағы басым міндеттердің бірі мемлекеттің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғауды қамтамасыз ете алатын жауынгерлік әзірлігі жоғары әрі қабілетті армия құру болды.Қазақстанның ядролық қарудан ресми түрде бас тартуы халықаралық қоғамдастықтың бейбіт құрылыс үдерісіне қосылу жолындағы маңызды қадам болды. Мемлекетті көпвекторлық және толеранттылық қағидаттары негізінде құру мен дамыту бағытын таңдауы Қарулы Күштердің қазіргі келбетін айқындады.Мемлекет басшысының басшылығымен салыстырмалы түрде қысқа мерзім ішінде ауқымды жұмыс атқарылды. Құрлық әскерлерінен, Әуе қорғанысы күштерінен және Әскери-теңіз күштерінен тұратын Қарулы Күштердің үш түрлі құрылымы айқындалып, қалыптастырылды. Өздерінің стратегиялық міндеттері бар тиісті әскер түрлері құрылды.Құрлық, әскери-әуе және әскери-теңіз құрамдастарының жауынгерлік әлеуеті арттырылды. Кез келген қауіп-қатерге жедел ден қою үшін Арнайы операциялар күштерінің тобы құрылды.Мемлекеттің аумақтық қорғаныс жүйесін әскери қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жалпы жүйесіне интеграциялау мақсатында Қарулы Күштер құрамында аумақтық әскерлерді басқару органы құрылды. Ел өңірлеріндегі әскери қауіп-қатерлерге жедел ден қою мүддесінде Қарулы Күштердің әуе-көлік мүмкіндіктері кеңейтілді.Бүгінде әлемдік стандарттарға сай келетін әскери білім беру жүйесі қалыптасты. Әскери оқу орындарымызда біз өзіміздің әскери кадрларымызды дербес даярлап келеміз.Біріккен Ұлттар Ұйымының толыққанды мүшесі ретінде Қазақстан бейбітшілікті қолдау миссияларына белсенді қатысып келеді.Қазақстандық әскери қызметшілер БҰҰ-ның штаб офицерлері мен әскери бақылаушылары ретінде Ливанда, Конгода, Малиде, Батыс Сахарада, Орталық Африка Республикасында және саяси жағдайы тұрақсыз басқа да елдерде өздерінің бітімгершілік борышын атқарды.2019 жылдан бастап Таяу Шығыстағы БҰҰ-ның бейбітшілікті қолдау миссиясына үнді батальоны құрамында қазақстандық бітімгершілік рота қатыса бастады. Бұл рота өзін тек оң қырынан көрсетті. 2024 жылы егемен Қазақстан тарихында алғаш рет біздің бітімгершілік контингентіміз БҰҰ аясында Сириядағы Голан жоталарында бейбітшілікті қолдау миссиясын дербес орындай бастады.Қазақстан Қарулы Күштерінің дамуы күрделі халықаралық жағдай аясында жүріп жатыр. Түрлі өңірлердегі шиеленістің артуы, қақтығыстардың жаңа түрлерінің пайда болуы және технологиялық өзгерістер икемділік пен тез бейімделу қабілетін талап етеді. Қазақстан бұл сын-қатерлерге ішкі дамуды халықаралық бастамаларға белсенді қатысумен ұштастыру арқылы жауап беруде.Осы сын-қатерлерге жауап ретінде жаңа тәсілдер кезең-кезеңімен енгізіле бастады. Қазақстан цифрлық технологиялар, заманауи байланыс құралдары және ұшқышсыз жүйелер бағыттарын дамыта бастады. Бұл ретте ақылға қонымды жеткіліктілік қағидаты сақталды. Әңгіме қарулану жарысы туралы емес. Негізгі міндет – қауіп-қатерлерге нақты ден қою қабілетін қамтамасыз ету.Бұл үдерісте 2026 жылдың көктемінде референдумда жаңа Конституцияның қабылдануы ерекше маңызға ие болды. Бұл қадам мемлекеттегі неғұрлым терең өзгерістердің көрінісі болды. Әділеттілікке, биліктің жауапкершілігіне және саяси жүйенің орнықтылығына басымдық күшейді. Осы тұрғыда армия конституциялық құрылысты қорғаудың маңызды элементі әрі Қазақстанның халықаралық қауіпсіздікті қолдауға қатысу құралы ретінде қарастырылады.Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік дамудың негізі екенін бірнеше рет атап өтті. Оның мықты армия бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етеді деген сөздері Қазақстанның жалпы ұстанымын көрсетеді. Бұл тәсіл ішкі нығаюды ғана емес, сыртқы жауапкершілікті де қамтиды. Бітімгершілік миссияларға қатысу осы саясаттың заңды жалғасы болып табылады.Бүгінде Қазақстан армиясы қалыптасудың күрделі жолынан өтті деп айтуға болады. Ол кадрлық және экономикалық қиындықтарды еңсеріп, жаңа жағдайларға бейімделе алды және өзінің даму моделін қалыптастырды. Бұл модель теңгерімге, кәсібилікке және армияның ел ішіндегі де, одан тыс жерлердегі де рөлін терең түсінуге негізделген.Бұл жолдың басты нәтижесі тек ұйымдастырушылық дамумен ғана шектелмейді. Оның мәні — мемлекетті қорғауға, халықаралық бейбітшілікті қолдауға қатысуға және қоғамның ажырамас бөлігі болып қалуға қабілетті тұрақты жүйенің қалыптасуында. Дәл осы қасиет армияны жай ғана күштік құрылым емес, ұлттық орнықтылықтың маңызды элементі етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tbilisi/press/news/details/1215909?lang=kk
Марат Сұлтанғазиев жас жауынгерлермен жүздесті 07.05.2026
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Отан қорғаушылар күні қарсаңында Талғар ауданындағы «Арыстан» мамандандырылған лицейіне барды. Онда орта білім алумен қатар, әскери мамандықтың қыр-сырын меңгеріп жатқан жасөспірімдердің бірнеше ротасы сап түзеп, рет-ретімен қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде рухты жауынгерлік әндерді шырқаған күйі шерулетіп өтті. Сондай-ақ қоян-қолтық ұрыс әдістері мен жаттығу түрлерін көрсетті, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.Облыс әкімі лицей ұстаздары мен шәкірттерін мерекемен құттықтады– «Арыстан» мамандандырылған лицейі – мыңнан астам түлек тәрбиелеп шығарған білім ордасы. Бүгінде лицейді тәмамдаған түлектердің 356-сы Қазақстан Республикасының күштік құрылымдарында қызмет атқарып, ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосуда.  Білім беру процесі заманауи технологияларға негізделген лицейде ақпараттық қауіпсіздік, цифрлық сауаттылық, робототехника және инженерлік ойлау бағыттарына ерекше көңіл бөлінген. Бұл – оқу ордасының сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі жоғары әлеуетін айқындайтын нақты көрсеткіш, – деген аймақ басшысы Алматы облысында жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру ісі жүйелі жолға қойылғанын жеткізді. Айтуынша, аймақтағы білім ордаларының базасында «Жас сарбаз» қозғалысы аясында  87 сынып пен 40 арнайы клуб жұмыс істейді. Онда 3 мыңнан астам өрен «Жас шекарашы», «Жас авиатор», «Жас десантшы» секілді бағыттар бойынша әскери іс негіздерін меңгеріп, саптық дайындықтың практикалық дағдыларын шыңдауда.– Мемлекет басшысының еліміздің әр өңірінде «Бауыржан мектептері» үлгісімен әскери оқу орындарын ашу жөніндегі тапсырмасына сәйкес, облысымызда ауқымды жоба қолға алынды. Еңбекшіқазақ ауданының Ащысай ауылындағы Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп негізінде  300 орынды жаңа әскери мектеп-интернат ашуды жоспарлап отырмыз. Болашақта бұл мекеме «Арыстан» мамандандырылған лицейімен тығыз байланыс орнатып, озық тәжірибесіне сүйенетін болады.  Алматы облысы Қарулы Күштеріміздің беделін арттыруға бағытталған әрбір бастаманы қолдап, өскелең ұрпаққа отаншыл тәрбие беруді әрдайым назарда ұстайды», – деді Марат Елеусізұлы. Сондай-ақ Отанды қорғау – адалдық пен жауапкершіліктің айқын көрінісі екенін айтып, сарбаздарға үлкен сенім білдірді.Шара барысында облыс әкімі бір топ ұстаз бен лицей шәкірттерін Алғыс хатпен марапаттады. Сонымен қатар оқу орнын аралап, оның жұмысымен танысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1215881?lang=kk