Әлем
Туберкулез – денсаулықты қалай сақтауға болады? 16.03.2026
Туберкулез – бұл туберкулез бактериялары ағзаға енген кезде дамитын жұқпалы ауру. Негізінен бұл ауру өкпені зақымдайды. Сирек жағдайларда ми мен оның қабықтарының, сүйектердің, буындардың, бүйректің, жыныс мүшелерінің, көздің, ішектің және басқа органдардың туберкулезі болуы мүмкін. Инфекция негізінен ауа тамшыларымен, науқас адамнан сау адамға тыныс алу жүйелері арқылы жұғады, ауа арқылы жұғатындықтан науқаспен тікелей байланыста болу міндетті емес, сіздің ауруды кез-келген жерде жұқтыруыңыз мүмкін.Туберкулез бактериялары туберкулезбен ауыратын адамдардың өкпесінде өсіп, көбейеді. Бұл жағдайда қабыну пайда болады, содан кейін тіндер бұзылады, ыдырау аймақтары, миллиондаған бактериялардан тұратын каверналар пайда болады. Жөтелу, түшкіру, сөйлесу кезінде туберкулез бактериялары қоршаған ортаға шығады. Туберкулез бактериялары ауада бірнеше сағат бойы болуы мүмкін. Сондықтан туберкулез бактерияларын жұқтырудан ешкім қорғана алмайды, өйткені барлығымыз бір ауамен демаламыз. Егер туберкулезбен ауыратын науқастармен байланыс ұзақ және жиі болса жұқтыру қаупі артады. Егер адамның қорғаныс қабілеті жақсы болса, науқастармен байланыс ұзаққа созылмаса, адамның өкпесіне енген туберкулез бактериялары дене жасушаларымен жойылады және ауру пайда болмайды.Туберкулезбен барлық жастағылар ауырады, бірақ әсіресе денсаулығы нашар балалар мен ересектер үшін қауіпті. Туберкулезбен көбіне 20 жас пен 40 жас аралығындағы (50%), еңбекке қабілетті, бала туу жасындағылар көп ауырады.Аурудың қоздырғышы - туберкулез микобактериялары (Кох таяқшасы) қоршаған орта әсеріне төзімді, өзінің қасиеттерін жерде, қарда сақтайды, спирттің, қышқылдардың, сілтілердің әсеріне төзімді. Сонымен қатар, ол тікелей күн сәулесінің, жоғары температураның, құрамында хлоры бар заттардың ұзақ әсерінен жойылады.Ауруды уақытылы анықтау, диагноз қою және дұрыс емдеу арқылы туберкулездің дамуын аурудың басталып келе жатқан кезінде тоқтатуға болады. Науқас дер кезінде дәрігерге қаралып, арнайы емін бастамаған жағдайда, белсенді туберкулезден болатын өлім-жітім бір-екі жыл ішінде 50%-ға дейін жетеді немесе емделмеген жағдайда туберкулездің созылмалы түріне ауысады. Бактерияларды бөліп шығарып, айналасындағыларға жұқтырып, созылмалы науқас көптеген жылдар бойы өмір сүруі мүмкін.Бүгінгі таңда әрбір адам туберкулездің негізгі белгілерін білуі керек. Аурудың бастапқы кезінде жалпы әлсіздік, шаршау, тәбеттің жоғалуы мүмкін. Ауру күшейген кезде ұзақ уақыт дене қызуының көтерілуі, жөтел, кеуде қуысының ауыруы, тершеңдік, салмақ жоғалту, жұмысқа деген қабілеттің төмендеуі пайда болады. Жөтел-туберкулездің ең негізгі белгісі. Егер жөтел екі аптадан астам уақытқа созылса, міндетті түрде тексерілу керек. Туберкулезге тексерілу - тегін.Туберкулез – жалпы қоғамдық мәселе, аурудың өсуі мен таралуын әр адам туберкулездің алдын алу шараларын білгенде және оны күнделікті қолданғанда ғана тоқтатуға болады.Меңдіқара ауданының бас санитарлық дәрігері.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1181868?lang=kk
Нидерландтағы қазақстандықтар республикалық референдумға қатысуда 16.03.2026
Нидерланд Корольдігіндегі Қазақстан Республикасының Елшілігі жанындағы №446 референдум учаскесінде Гаага қаласында дауыс беру өтуде. Дауыс беру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-де басталды.Таңертеңнен бастап Нидерландта тұрақты тұратын және уақытша жүрген қазақстандықтар дауыс беруге қатысып, өздерінің азаматтық ұстанымын білдіру үшін сайлау учаскесіне келуде.Гаагада жыл сайын ондаған мың қатысушыны жинайтын ірі спорттық шара – мерейтойлық NN City-Pier-City Loop жүгірісі өтіп, қаланың бірқатар орталық көшелері уақытша жабылғанына қарамастан, қазақстандықтар дауыс беру учаскесіне келіп, өз азаматтық борышын орындауда.Дауыс беруге қатысушылардың айтуынша, референдумға қатысу – елдің одан әрі дамуына үлес қосып, оның болашағын айқындауға мүмкіндік беретін маңызды қадам.Күні бойы Гаагадағы сайлау учаскесіне 120-дан астам Қазақстан азаматы келеді деп күтілуде. Олардың қатарында қазақстандық диаспора өкілдері, студенттер, қазақстандық дипломаттар мен олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ Нидерландта уақытша жүрген Қазақстан азаматтары бар.№446 учаскедегі дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-ге дейін жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hague/press/news/details/1181530?lang=kk
Алыс аудандар үлгі көрсетті 16.03.2026
Алматы облысында республикалық референдумға ерекше белсенділік танытқаны - Райымбек, Кеген және Балқаш аудандарының тұрғындары.Қазақстан Республикасындағы Республикалық референдумды өткізу жөніндегі Орталық комиссияның деректері бойынша, өңір тұрғындарының 71,46 пайызы дауыс беруге қатысты. Алматы облысында бір миллионнан астам адамға сайлау құқығы берілген, олардың 700 мыңнан астамы сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауын жасады.Алыс аудандардағы тұрғындардың белсенділігі айтарлықтай болды. Нарынқол, Кеген және Балқаш аудандарында тұрғындардың 90 пайыздан астамы дауыс берді, бұл өңірдегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі.Референдум заңнамамен белгіленген талаптарға сәйкес ұйымдастырылып өтті. Барлық сайлау учаскелерінде қоғамдық тәртіп сақталып, комиссия жұмысы ашық жүргізілді, дауыс беру барысында ешқандай бұзушылық тіркелген жоқ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1181531?lang=kk
Алматы облысында референдум қалай өтті? 16.03.2026
Республикалық референдумда Алматы облысы тұрғындарының белсенділігі жоғары болды. Орталық сайлау комиссиясының сағат 20:00-де берген мәліметі бойынша өңір халқының саяси науқанға қатысуы 71,46%-ды құрады. Бұл облыс халқының маңызды мемлекеттік шешімдер қабылдауға жоғары талпынысын көрсетеді.Алғашқылардың бірі болып Қонаев қаласындағы №949 референдум учаскесінде Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев өз таңдауын жасады.Бұл күні өңір халқымен бірге танымал спортшылар, мәдениет қайраткерлері, депутаттар және басқа да танымал тұлғалар белсенділік танытты. Мысалы, Өтеген батыр ауылында 2024 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев, Қарғалы ауылында грек-рим күресінен Сурдлимпиада ойындарының чемпионы Андрей Самарин, ал Қонаев қаласында аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов дауыс беруге келді.Референдум әр буын өкілдерін біріктірді.Шонжы политехникалық колледжінде алғаш рет 18 жастағы студент Диана Селмахунова дауыс берді. Ұйғыр ауданында учаскеге жас жұбайлар келді, ал Еңбекшіқазақ ауданында жас отбасы өз таңдауын жасады.Аға буынның қатысуы ерекше ілтипат пен құрмет тудырды. 102 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері Алым Кебиров учаскеге өз аяғымен барды, Ұзынағашта соғыс ардагері Федор Ковалев дауыс берді, ал Еңбекшіқазақ ауданында 75 жыл бірге тұрған, Түргеннен келген ерлі-зайыпты Ысқақовтар үйден дауыс берді.Референдум күні таңертеңнен бастап учаскелерде тұрғындардың белсенділігі жоғары болды. Адамдар отбасымен, достарымен және көршілерімен дауыс беруге келді.Қонаев және Алатау қалаларында, сондай-ақ бірқатар аудандарда учаскелерге алғашқы сағаттарда адамдардың көп келуінен үлкен кезек пайда болды.Референдум өткізу үшін учаскелер дауыс беруге арналған кабиналармен, стационарлық және тасымалданатын жәшіктермен, сондай-ақ байқаушылар мен комиссия мүшелеріне арналған орындармен толық жабдықталды.Аймақта 677 учаске жұмыс істеді. Процесті ұйымдастыруға арнайы оқытудан өткен 4781 комиссия мүшесі тартылды. Дауыс беру барысын бақылауды 16 өңірлік және 11 республикалық қоғамдық ұйымдардың өкілдері жүзеге асырды, бұл рәсімнің ашықтығын қамтамасыз етті.Дауыс берудің қолжетімділігіне ерекше назар аударылды. Учаскелерде пандустар, ыңғайлы кабиналар орнатылды, көру және есту қабілеті нашар адамдарға арналған арнайы құрылғылар қойылды. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін инватакси қызметі жұмыс істеді, ал комиссия мүшелеріне қажетті көмек көрсетілді.Көптеген елді мекенде референдум күні ауылшаруашылық жәрмеңкелері, қолөнершілер көрмелері және концерттік бағдарламалар өтті.Айта кетейік, Іле ауданында бірнеше учаскеде “Бауырсақ party”, Ақши ауылында “Шұбат Party” акциясы ұйымдастырылды.Дауыс берумен бір мезгілде өңірде экологиялық акциялар өтті. “Өз ағашыңды отырғыз және дауыс бер” бастамасы аясында тұрғындар, депутаттар, еріктілер мен жұртшылық өкілдері облыстың қалалары мен ауылдарына ағаш отырғызды.Бұл күн ерекше эпизодтармен есте қалды. Өтеген батыр ауылында учаскеге “Зверополис” мультфильмінің кейіпкерлері келді, Есік қаласында дауыс берушілер «Алтын адамды» байқады, ал Қонаевта қар барысы болып киінген адам тұрғындардың назарын аударды.Учаскелерге велосипедшілер, “Эндуро” мотоклубының қатысушылары, шаңғышы-спортшылар және драйф-жарыстардың жеңімпаздары келді.Осылайша, Алматы облысындағы референдум маңызды қоғамдық-саяси оқиғаға ғана емес, сонымен қатар азаматтық белсенділікке толы өтті. Алматы облысындағы референдум осындай қайталанбас сәттерімен ерекшеленді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1181542?lang=kk
Еуразиялық интеграция институты жүргізген сауалнама бойынша Exit poll нәтижесі 16.03.2026
Қазақстандықтардың 86,7%-ы «Иә, қабылдаймын» деп жауап берген.Еуразиялық интеграция институты Қазақстанның 17 облысында, Астана, Алматы, Шымкент қалаларында Exit poll – референдум учаскілерінен шыға берісте азаматтарға сауалнама жүргізді. Сауалнама 200 референдум учаскісін қамтыды, оның ішінде 129 – қалаларда, 71 – ауылдық жерлерде орналасқан. Сауалнамаға барлығы 30 мың респондент қатысты, оларға арнайы даярланған интервьюерлер face-to-face әдісімен сұхбат жүргізді.Зерттеу нәтижелерінің қателігі 1%-дан аспайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1181580?lang=kk
Бельгиядағы қазақстандықтар республикалық референдумға белсенді қатысты 16.03.2026
Брюссель, 2026 жылғы 15 наурыз — Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Елшілігі жанындағы №405 референдум учаскесінде жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдум аясында дауыс беру өтті.Учаске жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істеді. Күн бойы Бельгияда тұратын немесе уақытша жүрген Қазақстан азаматтары Елшілікке келіп, өздерінің конституциялық құқықтарын жүзеге асырып, қаралып отырған мәселе бойынша өз таңдауларын жасады.Дауыс бергендердің басым бөлігін студенттер, Бельгияда жұмыс істейтін немесе білім алып жүрген отандастар мен олардың отбасы мүшелері құрады. Олардың қатарында халықаралық ұйымдарда, дипломатиялық миссияда және жеке компанияларда қызмет ететін азаматтарымыз да бар.Жеке себептермен учаскеге келе алмаған азаматтар үшін алдын ала берілген өтініштер негізінде жылжымалы дауыс беру жәшігі ұйымдастырылды.Референдум учаскесінде барлық рәсімдер талаптарға сәйкес өткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brussels/press/news/details/1181586?lang=kk
Жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықты уақтылы төлеу қажеттігін еске саламыз 16.03.2026
Құрметті салық төлеушілер!Жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықты уақтылы төлеу қажеттігін еске саламыз.Салық кезеңі – күнтізбелік жыл. Жеке тұлғалар салықты есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей төлеуі тиіс.Осылайша, 2025 жылға арналған көлік салығын 2026 жылғы 1 сәуірге дейін төлеу қажет.Салық салық төлеушінің тұрғылықты жері бойынша, яғни тіркелген жері бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына төленеді.Салықты төлеу деректемелері:бюджеттік сыныптама коды – 104402 (жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық)Төлем тағайындау коды – 911Өсімпұл үшін төлем тағайындау коды – 912Төлем жасау кезінде мыналарды көрсету қажет:салық төлеушінің Т.А.Ә.ЖСНкөлік құралының VIN-кодысалық кезеңіСалық сомасы мынаған байланысты есептеледі:• көлік құралының қозғалтқыш көлемі• көлік құралының түрі• АЕК мөлшері (2025 жылы – 3 932 теңге).Егер көлік құралы жыл ішінде сатып алынған немесе сатылған болса, салық иелік еткен айлар санына пропорционалды түрде есептеледі.Салықты төлеу тәсілдері:банк қосымшалары арқылы (Kaspi, Halyk және т.б.)eGov порталы арқылыe-Salyq Azamat мобильді қосымшасы арқылыекінші деңгейлі банктерде және «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінде.Салықты уақытында төлемеген жағдайда өсімпұл есептеледі, ал берешек жеке сот орындаушыларына берілуі мүмкін.Еске саламыз:2025 жылға арналған көлік салығын төлеу мерзімі – 2026 жылғы 1 сәуірге дейін жүргізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1181588?lang=kk
Табиғат сынағында табандылық танытқан мамандар марапатталды 16.03.2026
Ақпан айының 25-і күні аудан аумағында табиғат тосын мінез танытып, тұрғындар үшін күрделі жағдай қалыптасқан болатын. Ауа-райының күрт өзгеруі салдарынан электр желілері мен қондырғыларына мұз қатып, қолайсыз жағдайлар орын алды.Осындай күрделі жағдайды қысқа мерзімде қалпына келтіру мақсатында электр тарату торабы мекемелерінен 30-дан астам маманнан құралған 6 жедел жөндеу бригадасы мен 9 арнайы техника жұмылдырылды. Сонымен қатар жергілікті тұрғындар да белсенділік танытып, 20-ға жуық ерікті азамат көмекке келді. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан мамандар тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс жүргізіп, электр энергиясын қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүйелі түрде атқарды.Осыған орай, бүгін аудан әкімдігі аппаратының мәжіліс залында аудан әкімі Жандос Еркінбек электр энергиясы саласының қызметкерлерін қабылдап, апат салдарын жоюға атсалысқан мамандардың еңбегі мен жауапкершілігін ерекше атап өтті.– Бұл жағдай аудан үшін табиғаттың үлкен сынағы болды. Қиындыққа қарамастан, электр энергетикасы саласының қызметкерлері тұрғындарды қысқа мерзімде тіршілік көзімен қамтамасыз ету үшін күн-түн демей еңбек етті. Осындай табандылық пен жауапкершіліктің арқасында аудан тұрғындары қалыпты өмір сапасына қайта оралды. Сіздерге адал еңбектеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін, – деді аудан әкімі.Шара барысында жұмысқа белсенді атсалысқан бірқатар азаматтар аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды. Сонымен қатар аудандық электр торабы мен Төретам электр торабы ұжымдарының еңбегі ескеріліп, бағалы сыйлықтар табысталды.Жиында сондай-ақ аудандық мәслихат депутаты Мырзаш Бекбаев және Төретам электр торабының бастығы Сейітасқар Бақтыбаев құттықтау сөз сөйлеп, сала мамандарына алғыстарын білдірді.Тұрғындарды тіршілік көзімен тұрақты қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыс атқарып жүрген сала мамандарының еңбегі әрдайым құрметке лайық!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1181648?lang=kk
Референдум 2026ж 16.03.2026
Баянды ауылында №198 және №223 сайлау учаскелері таңғы 07:00-де өз жұмысын бастады. Ашылу рәсімі Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталды.Дауыс беру кешкі 20:00-ге дейін жалғасады.Референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар саны – 4594 адам.Барлық тұрғындарды өз таңдауларын жасап, дауыс беруге шақырамыз.⚜️ Баянды ауылы әкімі аппаратының баспасөз қызметі.#референдум2026Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1181654?lang=kk
Құрметті ауыл тұрғындары! 16.03.2026
Атыңызда салық берешегінің бар-жоғын Kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы тексерулеріңізді сұраймыз.Егер салық бойынша берешек анықталса, оны мүмкіндігінше қысқа мерзімде өтеу қажет. Себебі төленбеген әрбір күн үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес өсімпұл есептеледі.Салық берешегін өзіңіз тексере алмаған жағдайда немесе қосымша ақпарат қажет болса, Баянды ауылы әкімі аппаратының маманы +7 (707) 362-99-47 нөмірі арқылы хабарласа аласыз.Сондай-ақ, отбасы мүшелеріңіздің де салық бойынша берешегінің бар-жоғын тексеріп шығуларыңызды сұраймыз.⚜️Баянды ауылы әкімі аппаратының баспасөз қызметі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1258440?lang=ru
Қазақстан Республикасындағы оңалту және банкроттық процедураларының құқықтық негіздері 16.03.2026
Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық саласындағы заңнамасы Конституция ережелеріне негізделеді және 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V ҚРЗ «Оңалту және банкроттық туралы» Заңымен, сондай-ақ өзге де нормативтік құқықтық актілермен реттеледі. Құқықтық тәжірибеде Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормалары басымдыққа ие: егер халықаралық келісімде ұлттық заңда көзделгеннен өзгеше қағидалар белгіленсе, халықаралық шарттың қағидалары қолданылады. Бұл құқықтық база субъектілердің қаржылық төлем қабілетсіздігін реттеу кезінде процедуралардың тұрақтылығы мен болжамдылығын қамтамасыз етеді.Бұл саладағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты — борышкер мен кредиторлар мүдделерінің әділ теңгерімін қамтамасыз ету. Ол үшін берешекті реструктуризациялау, оңалту, борышкерді банкрот деп тану және банкроттық ісін қозғамай тарату сияқты негізгі процедураларды жүргізу тәртібі заңнамалық түрде айқындалған. Аталған процестер аясындағы барлық қызмет заңдылық, әділдік, ашықтық және тараптардың адалдығы сияқты іргелі қағидаттарға сүйенеді, бұл құқықты асыра пайдалану тәуекелдерін азайтады.Заңнаманың басым міндеттеріне процеске қатысушылардың заңды құқықтарын қорғау және кредиторлардың талаптарын қанағаттандырудың максималды деңгейіне қол жеткізу жатады. Бұл механизмде барлық қатысушылардың құқықтық нормаларды сақтауын қамтамасыз ететін мемлекеттік бақылау мен реттеу маңызды рөл атқарады. Мемлекет оңалту немесе тарату процестерінің ашық және белгіленген регламентке қатаң сәйкестікте жүргізілуінің кепілі ретінде әрекет етеді.Субъектіні банкрот деп тану сот тәртібімен жүзеге асырылады және ол ерікті немесе мәжбүрлі сипатта болуы мүмкін. Ерікті банкроттық борышкердің өз өтініші негізінде, ал мәжбүрлі банкроттық — кредиторлардың немесе заңмен уәкілеттік берілген өзге де тұлғалардың талап арызы бойынша басталады. Борышкерді банкрот деп жариялау туралы сот шешімін шығаруға оның іс жүзіндегі төлем қабілетсіздігі негіз болады, ол әкімшінің кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы туралы қорытындысымен расталады.Заң сонымен қатар сотқа жүгіну борышкердің міндеті болып табылатын жағдайларды да белгілейді. Атап айтқанда, заңды тұлғаны тарату кезінде оның мүлкінің құны кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшін жеткіліксіз екені анықталса, тарату комиссиясы ұйымды банкрот деп тану туралы өтініш беруге міндетті. Бұл талаптарды сақтамау кәсіпорын басшылары мен меншік иелері үшін қолданыстағы заңнамада көзделген құқықтық салдарларға соқтырады.Берешекті реструктуризациялау мәселелері, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың оңалту және банкроттық ерекшеліктері бойынша егжей-тегжейлі кеңес алу үшін мүдделі тұлғалар Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі басқармасына жүгіне алады. Кеңсе Талдықорған қаласы, Жансүгіров көшесі, 113, 324-кабинет мекенжайы бойынша орналасқан. Кеңестер сонымен қатар 24-12-21 телефон нөмірі бойынша беріледі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1181717?lang=kk
Исламабад қаласында орналасқан №424 учаскелік референдум комиссиясы Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы мәселесі бойынша өткізілген республикалық референдум аясындағы жұмысын аяқтады 15.03.2026
Исламабад, 2026 жылғы 15 наурыз - Исламабад қаласында орналасқан №424 учаскелік референдум комиссиясы Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы мәселесі бойынша өткізілген республикалық референдум аясындағы жұмысын аяқтады.Дауыс беру Қазақстан Республикасының заңнамасына толық сәйкес, ұйымдасқан түрде өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1181523?lang=kk
Қонаев қаласында 31 референдум учаскесі: барлық санаттағы азаматтарға жағдай жасалған 15.03.2026
Қонаев қаласы бойынша референдум учаскелерінің жалпы саны – 31, оның 5 –уі жабық учаскелер.Рефендумға қатысуға құқығы бар азаматтар саны – 44200 адам. 144 мүгедектігі бар референдумға қатысушылар бар, оның ішінде 26- нашар көретіндер, 36- нашар естушілер, 82-арба қолданушылар. 1158 азамат- алғашқы дауыс берушілер.Барлық участоктерде мүгедектігі бар азаматтарға толық жағдай жасалған. Референдумның өту барысын бақылауға Қонаев қаласы бойынша аккредитациядан өткен қоғамдық бірлестіктер, саяси партиядан 118, БАҚ өкілдерінен 7 байқаушылар тіркеліп қатысуда.Жалпы референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың белсенділігі жақсы. Үй жайдан тыс дауыс беруге өтініштер 101 азамат өтініш білдірді.Учаскелік референдум комиссиялары заңға сәйкес жұмыстарын атқаруда.Рефендум учаскелерінде заң бұзушылықтар орын алған жоқ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1181519?lang=kk
Еңбекшіқазақ ауданында референдум қайырымдылықпен ұштасуда 15.03.2026
Еңбекшіқазақ ауданында республикалық референдум аясында дауыс беру жалғасуда. Осы ретте жергілікті тұрғындар тарихи маңызы зор оқиғаның қасиетті Рамазан айымен және «Наурызнама-2026» жалпыұлттық онкүндігінің екінші күні – Қайырымдылық күнімен тұспа-тұс келуін ерекше символдық мәнге ие деп атап өтті.Өзара көмек пен қайырымдылық күніне орай жанашыр тұрғындар мұқтаж отбасыларға барып, қолдау көрсетуде. Қайырымдылық акциясына мемлекеттік мекемелер, жеке кәсіпорындар, этномәдени бірлестіктер, депутаттар мен кәсіпкерлер белсенді қатысуда.Аудан жастары да шет қалмай, «Марафон добрых дел» акциясы аясында ауызашар уақытына бірнеше минут қалғанда референдум учаскелерінде жүрген ораза ұстаған тұрғындарға құрма мен су таратуды ұйымдастырды. Адамдарға ауыз ашуға арналған шағын жиынтықтар ұсынылып, дер кезінде қолдау көрсетілді. Қарапайым көрінгенімен, бұл игі іс әлеуметтік көмек пен рухани бірліктің маңызды көрінісіне айналды. Ораза ұстаған сайлаушылар мұндай қамқорлықты ерекше жылы қабылдап, ортақ іске деген бірлік пен жанашырлықты сезінді.Айта кету керек, бұл қайырымдылық акциясы еріктілер мен жастардың бастамашылдығы мен әлеуметтік жауапкершілігінің жарқын үлгісі болды. Олар өздерінің белсенді азаматтық ұстанымын айқын көрсетті. Жобаға қатысқан жастардың айтуынша, елдің дамуына қатысты маңызды үдерістерге қатысу олар үшін аса маңызды. Өздері де игі іске үлес қосқандарына қуанышты екенін жеткізді. Ал жергілікті тұрғындар олардың назар аударып, қолдау көрсеткеніне алғыс білдіріп, мұндай қамқорлықтың ораза ұстаған жандар үшін ерекше маңызды екенін атап өтті.Еңбекшіқазақ ауданында өткен Қайырымдылық күні өзара көмек пен ізгілікке негізделген нақты іс-шараға айналып, референдумды шынайы халықтық мерекеге ұластырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1181512?lang=kk
Референдум және махаббат: Ұзынағашта ерекше ұсыныс жасалды 15.03.2026
Жамбыл ауданының орталығы Ұзынағаш ауылында референдум күні ерекше ұсыныс жасалды. Осы елдімекен тұрғыны Елжан Ерболұлы республикалық референдумға қатысып, өз таңдауын жасағаннан кейін болашақ қалыңдығы Жанеркеге үйленуге ұсыныс жасады.Жастар бүгінгі күнді еліміздегі тарихи күндердің бірі ретінде бағалайды. Елжан Алтыбақан көшесіндегі №1 мектеп-гимназиясының ғимаратында орналасқан №262 референдум учаскесінде дауыс бергеннен кейін іле-шала сол жерде сүйіктісіне сақина ұсынып, өмірлік серігі болуға шақырды.Бұл күн өміріндегі және ел тарихындағы ерекше сәттердің бірі екенін Елжан былайша білдірді: «Бүгінгі күн мен үшін ғана емес, тұтас қазақ елі үшін ерекше мәнге ие күндердің бірі. Себебі мемлекетіміздің жаңа кезеңге қадам басуына негіз болатын маңызды шешім қабылданып жатыр деп есептеймін. Сондықтан мен бұл күнді әдейі таңдадым. Өйткені болашақ жарыма жасаған ұсынысым ешқашан ұмытылмайтын күндердің бірі болып қаларына сенемін», – деді ол.Осылайша, ел болашағына қатысты маңызды таңдау жасалған күні екі жастың өміріндегі қуанышты оқиға да қатар өріліп, бұл сәт көпшілікке ерекше әсер сыйлады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1181511?lang=kk
Мәдениеті өзгеше, тағдыры ортақ 15.03.2026
Референдум күні елдегі қоғамдық келісім мен мәдени әртүрліліктің жарқын көріністерінің бірі — түрлі этнос өкілдерінің белсенді қатысуы болды. Солардың қатарында түрік және күрд этностарының 892 референдум учаскесіне барып, ұлттық киіммен өз таңдауларын жасау арқылы ел болашағына бейжай қарамайтынын көрсетті.Ұлттық нақыштағы киім киген азаматтардың дауыс беруі көпшіліктің назарын аударып, учаскелерде ерекше әрі көтеріңкі атмосфера қалыптастырды. Бұл қадам этносаралық татулық пен өзара құрметтің, сондай-ақ көпұлтты қоғамдағы бірлік пен келісімнің айқын белгісі ретінде бағаланды.Қатысушылардың айтуынша, ұлттық киіммен дауыс беру — ата-баба дәстүріне деген құрметтің және Қазақстандағы мәдени алуандықты сақтай отырып, ортақ құндылықтарды дәріптеудің бір жолы. Олар референдумға қатысу арқылы ел дамуына өз үлестерін қосып, ортақ болашақ үшін жауапкершілік танытатынын жеткізді.Түрік және күрд этностары өкілдерінің ұлттық киіммен келуі референдумның тек саяси шара ғана емес, сонымен қатар қоғамдағы бірлік пен өзара түсіністікті нығайтатын маңызды оқиға екенін көрсетті. Осындай бастамалар еліміздегі татулық пен қоғамдық келісімді одан әрі нығайтып, «бір ел — бір тағдыр» қағидатының нақты көрінісіне айналуда.Бірлік пен мәдени әртүрлілік — Қазақстанның басты құндылықтарының бірі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1181510?lang=kk
Өмірқұл Айниязов Талғарда өз таңдауын жасады 15.03.2026
Өмірқұл Айниязов халқымыздың дәстүрлі ән өнерін эстрада бағытымен шебер үйлестіріп жүрген белгілі әнші. Сонымен бірге қоғамдық-саяси өмірде де белсенді, ешқашан сайлаудан, басқа да саяси науқандардан шет қалған емес. Бүгін де ол Талғар ауданындағы №833 референдум учачкесіне келіп, дауыс берді.– "Өнер адамдары қоғамдық өмірде де белсенді болуы керек деп ойлаймын. Өйткені, көп адамдар, әсіресе жастар сондай жандарға еліктейді, соларға қарап бой түзейді. Сондықтан, конституциялық құқымызды пайдаланып, еліміздің ертеңі үшін дауыс беріп жатсақ, бұл да жастарға, айналамыздағы басқа да қоғам мүшелеріне үлгі болатыны сөзсіз", – деді ол.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1181331?lang=kk
90 жасар еңбек ардагері сайлауға қатысты 15.03.2026
Таңғы сағат тоғызда Іле ауданы, Өтеген батыр ауылындағы Нұрғиса Тлендиев атындағы Мәдениет үйінде орналасқан №1062 сайлау учаскесіне еңбек ардагері Төрткен Кененова келіп, дауыс берді. Ол учаскеге туыстарымен бірге келді, құрметті жасына қарамастан, ел үшін маңызды оқиғаға өз қолымен қатысуды шешті.Төрткен Кененованың есімі өңірде жақсы таныс. Ол халық ақыны, композитор және күйші Кенен Азербаевтың қызы. Өмір бойы еңбек етіп, қоғамның құрметіне ие болды. Іле ауданының Құрметті азаматы, Қазақстан Республикасының Құрметті өнер қайраткері, еңбек ардагері және қоғам белсендісі.Жуырда Төрткен Кененоваға 90 жас толды. Ол 1936 жылы Жамбыл облысы, Красногор ауданындағы Отар теміржол станциясында дүниеге келген (қазіргі Қордай ауданы). Бала кезінен оның өмірінде музыка мен халық шығармашылығы ерекше орын алған. Өнерге деген сүйіспеншілікті әкесінен, танымал ақын Кенен Азербаевтан алған. Кейін Төрткен Кененова әкесінің мұрасын сақтау үшін үлкен еңбек атқарды. Ол әкесінің әндерін «Қосылған қоңыр қазға ән мен үнім» және «Әнім қалсын» атты компакт-дискілерге жазып, жарыққа шығарды. Осы жазбалар арқылы халық композиторының көптеген шығармалары жаңа өмірге ие болып, кең аудиторияға қолжетімді болды.Өмірінің елеулі бөлігін педагогикаға арнаған. Отыз жыл бойы Төрткен Кененова халық білім беру жүйесінде қызмет етті. Оның еңбегі мемлекет тарапынан жоғары бағаланды: 1981 жылы «КСРО Халық білімінің үздігі» төсбелгісімен, 1985 жылы Қазақстан Республикасының «Халық білімінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды.Құрметті жасына қарамастан, Төрткен Кененова белсенді өмір сүруде. Учаскеге келіп, қоғамдық өмірге қатысу мен азаматтық ұстанымды көрсету әр адамның маңызды ісі екенін атап өтті. Еңбек ардагері қарт адамдарға деген құрмет пен қамқорлық үшін алғыс айтты.Дауыс бергеннен кейін Төрткен Кененова қатысушыларға жылы лебізін білдіріп, бата-благословение берді. Ол тұрғындарға бірлік, келісім және амандық тіледі. Учаскеге келген азаматтар ардагердің сөздерін құрметпен қабылдады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1181336?lang=kk
Мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасалған 15.03.2026
Өңіріміздегі барлық референдум учаскелерінде әрбір азаматтың өз таңдауын еркін әрі кедергісіз жасауына бар жағдай жасалған. Әсіресе учаскеге келіп, дауыс беруге мүмкіндігі болмаған жандарға ерекше көңіл бөлінуде.Бұл туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының орынбасары Ержан Ділдәнұлы мәлімдеді. Оның айтуынша, референдум учаскелерінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, егде жастағы адамдарға және денсаулық жағдайына байланысты өздігінен дауыс бере алмайтын азаматтарға заң аясында көмек көрсетіледі. «Кейбір азаматтар денсаулығына немесе жасына байланысты бюллетеньді өздігінен толтыра алмай жатады.Мұндай жағдайда олар өздері сенім білдірген адамның көмегіне жүгіне алады. Бұл үрдіс заң талаптарына сай ашық түрде жүзеге асырылады», – дейді Ержан Ділданұлы. Басқарма өкілінің айтуынша, әрбір учаскеде дауыс беруге қолайлы жағдай жасауға ерекше мән берілген.Атап айтқанда, пандустар орнатылып, егде жастағы азаматтардың ғимаратқа кедергісіз кіріп-шығуына бар мүмкіндік қарастырылған. Сонымен қатар комиссия мүшелері дауыс беру тәртібін түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Жалпы референдум учаскелерінде әрбір азаматтың дауыс беру құқығын толық жүзеге асыруы үшін ұйымдастыру шаралары ойдағыдай жүзеге асырылып, көмекке мұқтаж адамдарға заң талаптарына сәйкес қолдау көрсетілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1181360?lang=kk
Референдумдағы қар барысы 15.03.2026
Республикалық референдум күні, жаңа Конституцияны қабылдау мәселесі бойынша, Қонаев қаласындағы бір сайлау учаскесінде тұрғындардың назарын ерекше дауыс беруші аударды. Аймақ тұрғыны қар барысының бейнесінде дауыс беруге келді. Бұл бейне түркі халықтарының мәдениетінде күш пен асылдықпен байланысты.Бұл оқиға учаске қонақтарында ерекше қызығушылық тудырды. Қалалықтар оның жанында суретке түсіп, мұндай бастама азаматтық белсенділіктің маңызын еске салғанын атап өтті.Өзі дауыс берген азаматтың айтуынша, бұл арқылы ол ел үшін маңызды оқиғаға қатысудың мерекелік атмосферасын қолдауды мақсат етті.- «Референдум - еліміз үшін шешуші қадам. Мен осы бейнеде учаскеге келдім, қатысуды еске салу және назар аударту үшін», - деді ол.Қар барысы Қазақстанның символикасында ерекше орын алады және батылдық пен тәуелсіздікпен байланысты. Сондықтан қатысушының айтуынша, таңдалған бейне халықтың құндылықтары мен бірегей мәдениетін сақтауға деген ұмтылысты бейнелейді. Алматылық облыстың табиғатын осы әдемі жыртқышсыз елестету мүмкін емес.Бақылаушылардың айтуынша, мұндай бастамалар учаскелерде ашықтық пен жақсы көңіл-күй атмосферасын қалыптастырып, дауыс беруге қатысудың ел өміріндегі маңызын еске салады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1181368?lang=kk