Enbekshi QazaQ

Әлем

2026 жылы жеке практикамен айналысатын тұлғалардың салық салу тәртібі 05.03.2026
Жаңа Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес, жеке практикамен айналысатын тұлғаларға (ЖПАТ) жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар жатады.Тіркеу есебіЖПТ-ны тіркеу, тіркеу деректерін өзгерту және тіркеуден шығару Салық кодексінің 97–98-баптарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.Жеке табыс салығыЖеке практикамен айналысатын тұлғалар жеке табыс салығының (ЖТС) төлеушілері болып табылады, ставкасы – табыс салығына жататын кірістің 9 % (Салық кодексінің 363-бабы).ЖПАТ келесі салық шегерімдерін қолдана алады:әлеуметтік төлемдер бойынша салық шегерімі;базалық салық шегерімі;әлеуметтік салық шегерімдері.Есептелген ЖТС ай сайын төленеді, кіріс есептелген айдан кейінгі айдың 5-ші күніне дейін.Қосылған құн салығы (ҚҚС) мәселелеріСалық кодексінің өту кезеңіндегі ережелеріне сәйкес, жеке практикамен айналысатын тұлғалар ҚҚС төлеушілер емес болып саналады және ҚҚС бойынша тіркеуден шығарылады.2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚҚС бойынша тіркеуге қойылған куәлік жарамсыз болып саналады.Салық есептілігіЖПАТ келесі декларацияларды ұсынады:- кіріс пен мүлік бойынша декларация (ФНО 270.00) – есепті жылды келесі жылдың 15 қыркүйегіне дейін;- ЖТС бойынша ликвидациялық декларация (ФНО 240.00) – қызметті тоқтату туралы шешім қабылданған жағдайда.      Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1175793?lang=kk
Тыйым салу белгілерін орнату 05.03.2026
Жетіжар ауылдық округінде қыс соңына қарай Ертіс өзені арқылы өтуге тыйым салу және "жұқа мұз" белгілерін орнату жұмыстары жүргізілуде. Күн райының күрт жылынуына байланысты ауылдық округ тұрғындарына және округ қонақтарына абай болуды сұраймыз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-besqaraqai-zhetizhar/press/news/details/1175795?lang=kk
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің «Жасампаздыққа жетелеген жеті жыл» мақаласы 05.03.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев тұтас ұлт тағдырын мойнына алған жеті жылда еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси даму моделінде ауқымды әрі жүйелі өзгерістер болды. Бұл жылдар жер бетін түгел жайлаған пандемия, әлемдік экономиканың баяулауы, инфляциялық және логистикалық сын-тегеуріндер, геосаяси тұрақсыздық сияқты жаһандық ахуалдың аса күрделі кезеңімен, сондай-ақ жылдар бойы жалғасқан ішкі экономикалық әрі саяси теңсіздіктерді еңсеру қажеттілігімен тұспа-тұс келді.Күрмеуі қиын, қордаланған түйт­кілдерге қарамастан, Президентіміз тұрақтылықты қамтамасыз етіп, Қазақстан серпінді даму жолына түсті. Көптеген сын-қатерге жауап ретінде бірінші кезекте мемлекетіміздің ұзақмерзімді орнықтылығын нығайтуды мақ­сат еткен ауқымды реформалар жүзеге асырылды. Президент Тоқаев жалаң ұран мен популизмге жол берген жоқ, уақытша нәтижелерге де ешқашан иек артқан емес. Мемлекет басшысы халықтың әл-ауқатын жақ­сартуға, экономикалық және саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған елдіктің мызғымас берік тұғырын қалыптастыру жолында еңбек етіп келеді.Мұндағы нәтиженің бәрі көз алдымызда.2025 жылы әлемдік экономиканың өсімі 3,3%-ды құраса, Қазақстанда ішкі жалпы өнім 6,5%-ға артты. Экономиканың құрылымы да өзгерді. Бұрын өсім негізінен сыртқы шикізаттық конъюнктураға тәуелді болса, бүгінде ол Мемлекет басшысының жүйелі шешім­де­­рінің арқасында шикізаттық емес секторлар мен ішкі сұраныстың есебінен өсіп келеді.Осылайша, экономиканың өсуіне өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, сауда, көлік және қызмет көрсету салалары барынша үлес қосып отыр.Жеті жыл ішінде номиналды ІЖӨ 1,7 есеге ұлғайып, 2019 жылғы 181,7 млрд доллардан 2025 жылы 305,9 млрд долларға дейін өсті. Жан басына шаққандағы ІЖӨ де тұрақты түрде артып, 2019 жылғы 9,8 мың доллардан 2025 жылдың қорытындысы бойынша 15 мың долларға дейін жетті. Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 2,5 еседен астам, яғни 2019 жылғы 11,5 трлн теңгеден 2025 жылы 30,63 трлн теңгеге дейін өсті. ІЖӨ құрылымында өңдеу өнеркәсібінің үлесі 11,4%-дан 12,7%-ға дейін ұлғайса, керісінше кен өндіруші сектордың үлесі 14,5%-дан 12%-ға дейін қысқарды.Аталған көрсеткіштердің сыртында жаңадан бой көтерген ондаған ірі зауыт пен мыңдаған жұмыс орны тұр. Қостанай облысында KIA автокөліктерін шығаратын және шойын құю зауыттары іске қосылды, Қарағанды облысында тұрмыстық техника мен автомобиль шиналары, Атырау облысында полипропилен өндірістері жолға қойылды, Алматы облысында вольфрам концентраты шығарыла бастаса, Павлодар облысында теміржол техникасына арналған қосалқы бөлшектер өндірісі, Шымкентте алюминий қаптама өндірісі мен бағалы металдарды қайта өңдеу және басқа да көптеген өндіріс орны жұмысын бастады.Ел экономикасының дамуындағы көш­басшы салалардың бірі – бүгінде тұ­рақ­ты өсім көрсетіп отырған құрылыс сек­торы. Тек өткен жылдың өзінде елі­мізде 20 млн шаршы метрден астам тұр­ғын үй пайдалануға берілді. Бұл көлем екі бірдей облыс орталығы – Павлодар мен Қостанай қалаларының жалпы тұр­ғын үй қорынан асып түседі. Халықаралық валюта қорының дерек­те­ріне сәйкес, Қазақстан әлемдегі ең ірі топ-50 экономиканың қатарына енді, сондай-ақ орташа жылдық экономикалық өсім қарқыны бойынша да алғашқы бестіктің ішінде тұр. World Competitiveness Ranking рей­тингінің мәліметі бойынша мемлеке­тіміз жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде 34-орынға ие болды. Бұл еліміздің инвестициялық және іскерлік тартымдылығының нығая түскенін ай­ғақтайды.Экономика «бір салаға бай­ланып қалған» бағытынан арылды деуге болады, қазіргі таңда кен өндіру сек­торындағы уақытша тербелістер макро­экономикалық ахуалдың тұрақты­лы­ғына пәлендей әсер етіп жатқан жоқ. Бұл дамудың анағұрлым қалыптасқан әрі теңгерімді үлгісіне бет бұрғанымызды көрсетсе керек.Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың инвестициялық саясаты экономиканы жаңғыртудың негізгі құралдарының біріне айналды. Жеті жыл ішінде негізгі капиталға са­лынған инвестициялар көлемі 12,6 трлн теңгеден 22,7 трлн теңгеге дейін өсті. Оның үстіне құрылымы да ай­тар­лықтай өзгерді: қаржының негізгі бөлігі өңдеуші өнеркәсіпке, инфра­құ­ры­лымға, энергетикаға, логистика мен агро­өнер­кәсіп кешеніне бағытталып отыр.Агроөнеркәсіп кешенін дамыту мем­ле­­кеттің стратегиялық басымдығы болып қала береді. Азық-түлік қауіпсіздігі, саланы жаң­­­­ғырту, экс­порттық әлеуетті арттыру – мұның бәрі ауыл тұрғындарының тұр­мыс жағ­­­­­дайын жақсартумен тығыз бай­ла­­­нысты.Суар­малы егіншілік пен инфра­құ­ры­лымды дамытуға ерекше көңіл бөлініп ке­леді: алдағы уақытта суармалы алқап­­тар­­ды 2,5 млн гектарға дейін жеткізу көз­де­­ліп отыр.Ирригациялық жүйелер, элеваторлар, өңдеуші қуаттар мен логистикалық тіз­бектерді жаңғырту жұмыстары жал­ға­су­да. Мал шаруашылығын қолдау және ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуді күшейту қосылған құны жоғары өнімдер шығаруға мүмкіндік береді.Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі жеті жылда шамамен екі есеге, яғни 2019 жылғы 5,2 трлн теңгеден 2025 жылы 9,8 трлн теңгеге дейін, азық-түлік өнді­рі­­сінің көлемі 1,7 трлн теңгеден 3,9 трлн теңгеге дейін өсті.Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, саланы қолдау көлемі жылына бір триллион теңгеге жеткізілді, шаруаларға тиісті қаражат бұдан былай ерте бастан бөлі­­неді.Нәти­жесінде, ауыл шаруашылығы жұ­мыс­­­тарының сапасы айтарлықтай жақ­сар­ды, ал фермерлер өз кезегінде жыл сайын елімізді мол өніммен қамтамасыз етіп келеді. Қазақстан дәстүрлі түрде әлемдік на­рыққа астық пен ұн жеткізіп отырған же­текші мемлекеттердің қатарына кіреді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдері экспортының географиясы да Орталық Азия мен Ауғанстаннан бастап Таяу Шығыс елдері мен Қытайға, Еуропалық одаққа және басқа да бағыт­тарға қарай кеңейіп келеді. Өнеркәсіп секторында «Бәйтерек» инвестициялық холдингі арқылы бүкіл еліміз бойынша жүздеген жоба қар­жы­ландырылды. Соның ішінде Ал­ма­тыда жеңіл автокөліктер өндірісін, Қарағанды облысында Qarmet болат құю өнімдері кәсіпорнын, Павлодар облысында Қазақ­стан электролиз зауытын, Түркістан облы­сында Ecoculture-Eurasia жылыжай кеше­нін, Алматы облысында «Шин-лайн» балмұздақ шығаратын өндіріс орнын атап көрсетуге болады.Жеті жылда «Бәйтерек» арқылы қар­жы­­ландыру көлемі 2,9 трлн теңгеден 10,4 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Қазір­гі уақытта холдингтің қаржылық қолдауы­мен металлургияда жалпы құны 3,9 трлн теңге болатын 23 жоба жүзеге асырылуда, машина жасау саласында 610,6 млрд тең­ге­ге 21 жоба қаржыландыру кезеңінде болса, химия өнеркәсібінде құны 636 млрд тең­гені құрайтын 11 жоба, ал агроөнеркәсіп кешенінде 415,9 млрд теңге болатын 69 жоба жүзеге асырылып жатыр.Мемлекет басшысы ішкі өсім мен негізгі жұмыспен қамту көзі ретінде микро және шағын бизнесті дамытуға ерекше мән береді. Шағын және орта кәсіпкерліктің ІЖӨ-дегі үлесі 40,5%-ға жетті, аталған секторда шамамен 4,5 млн адам жұмыс істейді, бұл – еңбекке қабі­лет­ті халықтың тең жартысына жуығы.Шағын кәсіпорындардың белсенділігі тек сауда мен қызмет көрсету салаларында ғана емес, сонымен қатар құрылыс, көлік және өңдеу өнеркәсібінде де артып келе жатқанын айта кеткен жөн.Шағын бизнес ірі жобалардың жет­кізу тізбегіне кеңінен қосыла бастады. Әкімшілік кедергілер азайып, пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау, кепілдік беру және даму институттарының бағ­дар­ла­малары арқылы қаржыландыру жүйесі қолжетімді бола түсті. Жыл сайын мыңдаған жобаға қол­дау көрсетіліп, осы сектордағы кәсіп­кер­лерге арналған жеңілдетілген қаржы­ландыру көлемі жүздеген миллиард теңгеге жетті. Сонымен бірге мемлекеттік қызметтерді цифрландыру тіркеу мен есеп беруді және қолдау шараларын алу рәсімдерін жеңілдетіп отыр.Жаңа инвестициялық кезеңнің елеулі жобаларының ішінде Alatau City көпсалалы урбанистикалық клас­терінің орны ерекше. Президент тапсырмасы бойынша жаңадан бой көтеретін қала инновациялық экономиканы, жоғары тех­но­логиялық өндірістерді, білім беру мен іс­керлік инфрақұрылымды дамытуға тың серпін беретін өсудің жаңа бағытына айналмақ.Белсенді геологиялық барлау жұ­мыс­тары арқылы еліміздің минералдық-шикізат базасын кеңейту ұзақмерзімді эко­но­микалық даму стратегиясының маңызды элементі болып табылады. Кейінгі жылдары мыс, никель, көмір, алтын және сирек металдардың болжамды қоры бар ондаған перспективалық учас­ке анықталды. 2026 жылдың соңына қарай Қазақстан аумағын геологиялық және гео­физикалық зерттеу көлемі 2,2 млн шаршы шақырымға дейін жетеді.Президенттің тапсырмасы бойынша 2026–2028 жылдары геологиялық барлау жұмыстарына мемлекет тарапынан 240 млрд теңгеге жуық инвестиция салынады. Бұл өткен жиырма жыл бойы осы салаға жұмсалған барлық шығынның көлеміне сәйкес келеді. Бұған қоса, сыртқы инвесторлардың тарапынан да қызығушылық байқалып отыр. Осы орайда қажетті шешімдердің бәрі ұлттық мүдделерімізді ескере отырып, қабылданатыны анық. Мұндай ауқымды жұмыс ұзақмерзімді өнеркәсіптік өсудің негізін қалыптастырады.Еліміздің транзиттік әлеуетінің дамуы – Мемлекет басшысының ұдайы назарында. Мұнда Транскаспий халықаралық көлік бағыты немесе Орта дәліз ерекше ма­ңызға ие. Аталған бағытта тасымал көлемі кейінгі 7 жылда 5 есе өсті. Заманауи теміржол инфрақұрылымы транзиттік әлеуетті дамытуға мүмкіндік береді. Мәселен, елімізде кейінгі жеті жыл ішінде 1 мың шақырымға жуық жаңа теміржол салынды, 9,5 мың шақырым жол жөндеу жұмыстарымен қамтылды, оның ішінде 3,5 мың шақырымға күрделі жөндеу жүргізілді. Шымкент, Ақтөбе, Қарағанды қалала­рын­дағы және шекара маңындағы темір­жол тораптарын жаңғырту өткізу қабі­ле­тін арт­тырып қана қоймай, өңірлердің өзара байланысын нығайтып, логис­тика­лық шы­ғындарды азайтуға сеп­тігін тигіз­ді, осы­лайша, елдің транзиттік әлеуе­тін күшей­тіп, ішкі нарықты кеңейте түсті.Биыл біз ұзақ жыл бойы жөндеу көр­ме­ген, шынтуайтында, әбден тозығы жеткен 124 теміржол вокзалын жаңғырту жұ­мыстарын аяқтаймыз. Теңіз порттарының өндірістік қуа­тын кеңей­ту қолға алынды, терминалдар жаңар­тылып, өткізу қабілеті артып келеді. Не­гіз­гі тораптың бірі – Жетісу об­лы­­сын­дағы «Қорғас» құрғақ жүк порты ар­қылы жыл сайын жүздеген мың контейнер өтеді. Алматы және Жетісу облыстарында жүк­терді бір орталыққа шоғырландырып, өңдеу­­ден өткізетін логистикалық орта­лық­тар желісі құрылды.Жеті жылдың ішіндегі ауыз толтырып айтатын тағы бір жайт – 25 мың шақы­рымнан астам автомобиль жолы салынып, күрделі жөндеуден өтті, сол сияқты Орталық-Оңтүстік, Орталық-Шығыс, Батыс-Шығыс негізгі дәліздері іске асырылды, барлық өңірде жергілікті жолдар желісі едәуір жаңартылды.Бұған дейін ұзақ жыл бойы жүйелі қар­жыландырудан тыс қалып келген жер­гі­лікті жолдарды жөндеу мен жаңадан салу экономикаға мультипликативті әсер берді: шығындар қысқарып, сауда-сат­тық көлемі өсті, шағын және орта бизнес дамып, өңірлердің инвестициялық тар­тым­дылығы арта түсті. Іс жүзінде күре жол­дар еліміздің экономикалық кеңіс­ті­гінің негізіне айналды. Аталған бағытта жұ­мыстар жалғасып жатыр. Теңіз порттарының қазіргі жалпы өткізу қабілеті 22 млн тоннаны, оның ішінде Ақтау порты арқылы шамамен15 млн тонна және Құрық порты арқылы 7 млн тоннаны құрайды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша порттар арқылы жүк өткізу 8 млн тоннаға дейін артты, контейнерлік тасымал көлемі 90 мыңға жетті. Салыстыру үшін айтсақ, 2024 жылы бұл көрсеткіш шамамен 60 мың контейнер болған еді.Авиация саласы да тұрақты түрде өсім көрсетіп келеді: егер 2023 жылы әуежайлар26 млн жолаушыға қызмет көрсетсе, 2025 жылы бұл көрсеткіш 31,8 млн-ға жетті. Қазақстан 30-дан астам елмен әуе қатынасын орнатты, 130 бағыт бойынша 600-ден астам рейс қаты­нап тұр. Сонымен қатар әуежайлар жаң­ғыр­ты­лып, жаңа терминалдар салынуда, инфрақұрылымдар жаңартылып жатыр.Биыл Катонқарағайда, Зайсанда, Кендірліде, Арқалықта 4 жаңа әуежай іске қосылмақ. Арқалық қаласындағы 30 жылдан астам уақыттан бері қаңырап, қа­рау­сыз қалған әуежай Президенттің тіке­лей тапсырмасымен қалпына кел­тірілуде. Көлік инфрақұрылымының дамуы туристік салаға да тікелей әсер етті. 2022 жылдан бергі пандемиядан кейінгі қалпына келу кезеңінде елімізге саяхаттап келушілер қатары Қытай, Үндістан, Парсы шығанағы елдерінен келген туристер есебінен тұрақты өсіп келеді. Ірі халықаралық Lonely Planet нұсқаулығы Қазақстанды Best in Travel 2025 рейтингіне енгізді, CNN және The New York Times Алматыны үздік туристік бағыт ретінде атап өтті, ал Шымбұлақ Condé Nast Traveler нұсқасы бойынша үздік әлемдік бағыттар қатарына енгізілді.Осыны ескере отырып, Мемлекет басшысы Алматы тау кластерін одан әрі дамы­ту қажеттігін атап өтті. Жобаның табыс көзі де айқын: тау курортының инфра­­­құ­ры­­лымына салынған әрбір доллар курорт­­­­­тық экономикаға шамамен бес доллар және жалпы туризм экономикасына 15 дол­­лар кіріс әкеледі.Осынау ауқымды жобаны жүзеге асыру мыңдаған жұмыс орнын ашып, жыл сайын шамамен 100 млрд теңге салық түсім­дерін қамтамасыз етеді. Президент тапсырмаларына сәйкес мұндағы барлық жұмыс әлемдік стандарттар дең­гейін­дегі экологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып жүргізіледі.Мемлекет басшысы күрделі сала­лар­дың бірі – энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жүйе­сін сауықтыру бағытында да батыл шешімдер қабыл­дады. Аталған салаларда жүр­гізіліп жатқан ауқымды жұмыстар – жер жер­дегі бытыраңқы жобалар емес, инфра­құрылымдық мүмкіндікті арттыра түсу жолындағы жүйелі саясаттың көрінісі. Президент атап өткендей, «Энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашы­лы­ғы кез келген мемлекеттің өмір сүруіне аса қажетті тұғыр саналады». Ауқымды реформалар бастау алғанға дейін бірқатар өңірлерде генерациялық қуат көздері мен жылу желілерінің тозуы 70%-ға дейін жетсе, кей өңірлерде бұл көрсеткіш 80%-дан асып кеткен еді. Энергетикалық нысандарда болған ірі апаттар салдарынан сақылдаған сары аязда кей қалалардағы тұрғын үйлер жылусыз қалған қиын сәтті ешкім де ұмыта қоймаған шығар. Бүгінде жүргізіліп жатқан тарифтерді ырықтандыру және инвестициялар тарту саясаты бұрынғыдай «жанталаса жамап-жасқаудан» гөрі саланы сапалы деңгейде жаңғыртуға мүмкіндік берді.Қарағанды, Өскемен, Жезқазған, Екібастұз, Балқаш қалаларында ЖЭО-ны жаңғырту жобалары жүзеге асырылып жатыр. Алматы, Теміртау, Риддерде жылу қуаттары жаңартылуда, сонымен бірге Ақтау, Атырау, Орал, Тараз, Екібастұз (ГРЭС-2) қалаларында стансалардың қуаттарын кеңейту жұмыстары жалғасуда. Одан бөлек Ақтөбе, Атырау, Өскемен, Көкшетау, Қызылорда, Семей, Тараз, Түркістан, Екібастұз (ГРЭС-3) қалаларында жаңа генерация көздерінің жобалары бо­йынша жұмыстар жүргізіліп келеді.Осымен екінші жыл қатарынан жылу маусымы айтарлықтай апатсыз өтіп жатыр деуге болады.Президент энергетикалық тұрақты­лық­ты ұлттық қауіпсіздік мәселесі деп атап, мұндағы шешімдер ондаған жылдар ілгері қабылдануға тиіс екенін үнемі айтып келеді. Бұл ретте елімізде электр энергиясын өндіру жоспарлы түрде өсуде. Мәселен, ол 2019 жылғы 106 млрд кВт/сағаттан 2025 жылы 123,1 млрд кВт/сағатқа дейін жетті. Салыстырмалы түрде айтсақ, жеті жылда іске қосылған қуат­тар­дың жалпы көлемі Алматы қала­сы мен Алматы облысының бір жарым жылдық тұтынатын электр энергиясына тең.Жалпы алғанда, 2027 жылдың бірінші тоқсанының соңына қарай Қазақстан электр энергиясы тапшы елдер қатарынан шығып, профициттік деңгейге өтеді. Сол сияқты Алматыдағы ЖЭО-2 мен ЖЭО-3-ті табиғи газға ауыстыруға ерекше назар аударылып отыр. Бұл екі ЖЭО-ны толық көшіру осы жылдың соңына дейін аяқталады. Бірнеше жүз миллиард теңге тұратын жобалар қаланың экологиясын айтарлықтай жақсарта түспек.Ұзақмерзімді генерация балансын қалыптастыру үшін атом энергетикасын дамыту маңызды шешім болды. АЭС құрылысы электр қуатына сұра­ныс арта түскен бүгінгідей жағдайда зиянды қалдықтардың ауаға таралуын азай­тып, генерация көздерін әртарап­тан­ды­руды қамтамасыз етеді. Жоба, сонымен қатар, алдағы уақыт­тағы технологиялық дамудың, өндіріс­ті локализациялаудың және инженерлік кадр даярлаудың берік негізі болмақ.Президент жариялаған «Таза Қазақ­стан» бастамасы жалпыұлттық идея­ға ұласты. Бүкіл ел бойынша миллион­даған адам экологиялық акция­ларға шығып, табиғи аймақтарды қоқыстан тазарту, көгалдандыру, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жүздеген мың тонна қоқыс жиналып, миллиондаған ағаш көшеттері отырғызылды. Осы идея­ның арқасында экологиялық мәде­ниет қалыптасып, тазалық пен тәртіп күнделікті өмір салтына айналды. Президент «Әркім өзінен бастауы керек» қағидатына өз тәжірибесімен үлгі көрсетіп келеді. Мемлекет басшысы қорша­ған ортаның ғана емес, адамның ой-санасының тазалығына да айрықша мән береді. Бұл бастама ел азаматтарының, әсіресе жастардың тарапынан қолдау та­уып, ауқымды қоз­ға­лысқа айналды.Экологиялық күн тәртібінде Мемлекет басшысы су қауіпсіздігі мәсе­лесіне баса назар аударып отыр. Президент тапсырмасы бойынша қазір 20 жаңа су қоймасын салу, кемінде 15 мың шақырым ирригациялық каналды реконструкция­лау бағдарламасы жүзеге асырылып келеді.Еліміздегі көлемді су айдындары – Каспий мен Арал теңіздерін сақтап қалу мәсе­лесі бірінші кезекке шықты. Елі­­­мізде аталған акваторияның өзекті мәсе­­ле­лерін терең зерделеу үшін Каспий теңізі­нің Қазақ ғылыми-зерттеу институты құрылды.Жинақтап келгенде бұл экологиялық қауіп­сіздік пен табиғатты тұрақты пай­да­­ла­нудың кешенді тәсілін қалып­тастырады.Жаһандық су ресурстары тақырыбын­­дағы маңызды мәселелердің бірі – мұз­дық­тарды сақтап қалу. Сарапшы­­лар­дың болжамынша, 2100 жылға қарай Орталық Азиядағы мұздықтар көлемі айтар­лықтай кішірейеді. Президент осы мәселелерге де айрықша назар аударып отыр.Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық деңгейде «Су мұнаралары серіктестігін» құру бастамасын көтерді, оның мақсаты – мұз­дықтарды зерттеу әрі қорғау үшін жаһан­дық зерттеу орталықтарының күш-жіге­рін біріктіру, сол арқылы гляцио­­­ло­­­­гия­­­лық ғылымды қолдауды ортақ бір жүйеге келтіру.Әлеуметтік саясатта да сапалы реформалар жүзеге асырылып жатыр. Бюд­жет­тегі әлеу­меттік мақсаттағы шы­­­ғыс­тар бұрын­ғы­сынша жоғары деңгейде сақталып отыр, мәселен, 2025 жылы республикалық бюджеттен аталған салаға 9,3 трлн теңге бағытталды, бұл жалпы шығыстардың 36,5%-ын құрайды.Сонымен қатар қолдау көрсету философиясы да өзгертілді: көмек мақсатты, әділ әрі ынталандыратындай болуы керек. Ал кейінгі уақыттары қарқынды енгізіліп жатқан цифрлық құралдар үй шаруашылықтарының дамуын дәлірек бағалауға, тиімсіз төлемдерді қысқартуға және ресурстарды неғұрлым өзекті бағыт­­тарға қайта бөлуге мүмкіндік береді.Осы тұста кейінгі жылдары адами капиталға жұмсалатын инвестициялар айтарлықтай өсе түскенін айта кету керек: білім беру мен ғылымға салынған инвес­тициялар бес еседен асты, денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызмет көрсетуге 3,7 есе өсті. Маңызды көрсеткіштердің бірі – өмір сүру ұзақтығы, ол елімізде шамамен 76 жасқа жетті, бұл көрсеткіш 2019 жылмен салыстырғанда 3 жылға артық.Өскелең ұрпақтың жағдайына да ерек­ше көңіл бөлініп келеді. Осы орайда «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы – Прези­денттің маңызды бастамаларының бірі.Бағдарлама шеңберінде қазақс­тан­дық балалардың шотына Ұлттық қор­дың инвестициялық кірісінен жыл сайын қаражат аударылады, оны әр бала 18 жасқа толғаннан кейін білім алуға немесе тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақ­са­тында пайдалана алады. Бағдарлама жүзеге асы­­­­рыл­ған үш жыл ішінде еліміздегі жеті млн баланың шотына 2,5 млрд доллардан астам қаражат аударылды.Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2026–2030 жыл­дарға арналған «Қазақстан балалары» бірыңғай бағ­дар­ламасы бекітілді, ол Қазақстандағы бала­лардың құқықтары мен әл-ауқатын қам­тамасыз ету бо­йынша барлық қол­­­да­­­ныстағы және жоспарланған іс-шара­­­лардың басын біріктіреді. Аталған құжат елдегі әрбір баланың құқықтары мен әл-ауқатын жүйелі түрде қорғауды қам­­­та­масыз ететін орнықты мемлекеттік сая­саттың негізі болып табылады.Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы айқындап берген басымдықтардың бірі – мектеп инфрақұрылымындағы қор­даланған проблемаларды жою. Осы мақ­сатта кейінгі жеті жылда 1 300-ден астам жаңа мектеп салынды, апатты және үш ауысымды білім ошақтарының саны айтар­лық­тай азайып, материалдық-тех­ни­калық база жаңартылды. Прези­дент бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясын­да ғана 2023–2025 жылдары бүкіл еліміз бойынша ең жоғары халықаралық стан­­дарт­тарға сәйкес келетін 217 мектеп салын­ды.TALIS-2024 халықаралық зерттеуіне сәйкес, Қазақстан мұғалімдердің еңбек­ақы­­сымен қанағаттану деңгейі бойынша әлем елдерінің үздік бестігіне кірді. Егер 2018 жылы бұл көрсеткіш небәрі 39% болса, 2024 жылы 71%-ға жетті. Еліміздегі педа­­­гогтердің 95%-ы өз жұмысына көңілі тола­тынын айтты.Мектепке дейінгі ұйымдар желісі де кеңейіп, олардың қатары 12 мыңға жетті. Медициналық мекемелер саны 830-ға дейін артты, ал дәрігерлердің саны 83 мыңнан асты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағалауынша, еліміз ана өлімінің төмендеу қарқыны бойынша әлемдегі жетекші он елдің қатарына кіреді: көрсеткіш тарихи минимумға дейін төмендеді. Президенттің бастамасы бойынша 2021 жылы «Аңсаған сәби» бағдарламасы іске қосылды, оның шеңберінде жыл са­йын экстра­корпоральды ұрықтандыру рәсім­де­рін жүргізуге 7 мың квота бөлінеді, бүгін­де бұл бағдарламаны 28 мың әйел пайдаланды. Бағ­дарлама іске қосылғалы 11 мың нәресте дүниеге келді.Ғылым мен жоғары білімді дамыту Президент тарапынан техно­логиялық және экономикалық өсім­нің стратегиялық негізі ретінде қарас­тырылып отыр. Елі­мізде зерттеу уни­­вер­ситеттері мен ғылыми орта­­лық­тарды қолдау күшей­тіліп, ғылыми зерт­теулерге арналған грант­тар саны артып келеді.Қазақстанда жетекші шетелдік универ­си­теттердің филиалдары мен өкілдіктері ашылып, бірлескен кампус­тар мен білім беру бағдарламалары құрылуда, бұл шетелге білім іздеп кетушілер қатарын азайтып, жаһандық ака­­­демиялық кеңістікке ықпалдасу үде­рісін кеңейтеді.Мемлекет басшысы біздің алдымызға ғылымды өнеркәсіппен интеграциялау міндетін қойды. Олардың ішінде әзірлемелерді коммерцияландыру, университеттер жанынан ғылыми парктер мен инновациялық экожүйелер құру бас­тамалары бар.Сондай-ақ бұқаралық спорт пен қолжетімді спорттық инфрақұрылымды дамыту – Президент саясатының басым бағыты санатында.Өңірлерде жүздеген спорт нысандары бой көтеріп, жаңғырту жұмыстары жүргізілді, мыңдаған мектеп және аула алаңдары желісі жұмыс істейді, ал аза­­мат­­­тар­дың дене шынықтырумен жүйе­лі түрде айналысу деңгейі 45%-ға жетті. Бұл ретте жаңадан салынған әлеу­­меттік және инфрақұрылымдық нысан­дар­дың бір бөлігі қайтарылған активтер есебінен қаржыландырылып жатқанын атап өту аса маңызды. Өйткені бұл бюджетке салмақ салмай, өткір проблемаларды жедел шешуге мүмкіндік берді.Мәселен, денсаулық сақтау саласында 183 нысан қайтарылған қаражат есебінен салынды, бұл «Ауылда ден­саулық сақтауды жаңғырту ұлттық жобасын» жүзеге асыру қарқынын арттыруға мүмкіндік берді. Нәтижесінде, бүгінде Ұлттық жоба аясында еліміздің ауылдық елді мекендерінде жаңадан бой көтерген 655 алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысаны жұмыс істеп тұр. Бұдан бөлек, осы қаражат есебінен Шығыс Қазақстан облысындағы көпсалалы ауру­хана мен Гематология орталығының, Маңғыстау облысындағы жедел медици­­налық жәрдем станса­сының, Қарағанды облысындағы онко­логиялық диспансердің опера­ция­лық-реанимациялық блогінің және басқа да ірі медициналық орталық­тардың құры­лысы жүріп жатыр.Ел экономикасына қайтарылған қаражат есебінен 227 сумен қамтамасыз ету нысаны реконструкциялан­ды.Сондай-ақ мектептердің, спорт нысан­да­­рының құрылысына, коммунал­дық инфра­құрылымға және басқа да әлеу­меттік маңызы бар жобаларға қара­жат жұм­салуда. Тағы бір жарқын мысал ретін­де былтыр пайдалануға беріл­ген Kokshe Arena көпсалалы спорт кешенін және Ақмола облысының Зеренді ауы­лында жаңадан салынған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебін, Пет­ро­павл­дағы балабақша ғимаратын, Түркістан облы­сындағы музыка мектебін айтуға болады. Мұндай нысандар еліміз­дің әр өңірінде бар.Айта кету керек, активтерді қайтару саясаты тек заң аясында жүзеге асырылады және міндетін адал атқаратын заңды кәсіп­кер­лік қызметке ешқандай әсер етпейді.Қаражатты ашық әрі мақсатты пайдалану болжамды іскерлік ортаны қа­лып­тастырып, инвестициялық тартым­дылықты нығайту құралы ретінде инвес­торлардың сенімін арттыра түседі.Мемлекеттік басқару жүйесінде де елеулі өзгерістер орын алды. Бюд­жет және салық саясаты біртіндеп тұрақ­та­лып келеді, ортамерзімді жоспарлау тетіктері күшейтілді, мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалау құралдары енгізілді. Бюджет процесі нәтижеге және даму басымдықтарына бағдарланып отыр, бұл шығыстарды әлеуметтік-экономикалық мақсаттармен байланыстыруға мүмкіндік береді.Салық реформасы – уақтылы қабыл­данған шешім болды. Ол қорда­ланған мәселелердің жауабын табуға жол ашты. Салық реформасы айқын әрі әділ жүйені қалыптастыруға, бизнестің жасанды түрде бөлшектену мүмкіндіктерін азайтуға және адал әрі әділ бәсекелестікке жағдай жасауға бағытталған.Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес салық қызметі бизнес және азаматтармен өзара іс-қимылдың сервистік моделіне көшуде: салық қызметтерін цифрландыру, тәуекелдердің алдын ала отырып қадағалау және есеп беруді автоматтандыру, фискалдық тұрақ­ты­­лықты қолайлы әрі болжамды ортамен үйлестіре отырып, адал салық төлеу­шілерге жүктемені азайтады.Мемлекеттік және қоғамдық өмірдің барлық саласында Қасым-Жомарт Тоқаев­тың «Заң мен Тәртіп» қағидаты басты орында тұр.Аталған ұстаным қоғамдық қауіпсіз­дік пен құқық үстемдігіне толық кепілдік береді әрі Әділетті Қазақстанды құрудың негізгі шарты болып табылады. Азаматтардың, қоғамның және мем­ле­кеттің құқықтары мен заңды мүд­делерін қорғау – басты басымдық. Бү­гінде құқық қорғау жүйесін жаң­ғыр­ту, оның жұмы­­сы­ның ашықтығын арттыру бойынша жүйе­­лі жұ­мыстар жүзеге асырылып жатыр.Мәселен, озық цифрлық шешімдер енгізілуде, сервистік полиция практикасы дамып, кадрлық әлеует нығайтылып жатыр.Мемлекет басшысының тапсырмасымен цифрлық трансформация жүзеге асуда. 2019 жылдан бері Қазақстан жеке­леген қызметтерді цифрландыру­­дан бастап, оның кең ауқымды моде­­­ліне дейінгі жолдан өтті. Бұл инфрақұрылымдағы маңызды тетіктердің қатарында мемлекеттік органдар мен жекеменшік сервистер арасында деректер алмасуды қамтамасыз ететін және цифрлық бизнес модельдері мен қар­жылық техникалық шешімдер үшін ашық экожүйені қалыптастыратын Smart Bridge интеграциялық платформасын айтуға болады. Цифрландыру біздің мем­­ле­кетке азаматтарға проактивті формат­та қызмет ұсынып, қолдау көрсетуге мүм­кін­дік берді.Цифрландырудың экономикалық әсерін бюджет шығыстары мен әлеуметтік қол­­­даудың тиімділігін арттыру арқылы бай­­­қауға болады. Қазақстан БҰҰ EGDI индек­сінде 193 елдің ішінде 24-орында тұр және онлайн-сервистер деңгейі бойынша әлем­­дік көшбасшылардың ондығына кіреді.Бұған қоса, Президент бастамасымен Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығы құрылды, ол қазірдің өзінде зерт­­­­теушілерді, стартаптар мен новатор­лар­ды тарту алаңына айналып үлгерді.Мемлекет басшысы 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялағаны белгілі. Үкімет экономика мен мемлекеттік басқарудың барлық саласына озық технологиялар мен жасанды интеллектіні енгізуге бағыт­талған Digital Qazaqstan стратегиясын әзірлеп жатыр.Қасым-Жомарт Тоқаев ел тізгінін қо­лына алған жеті жыл дағдарыстарға жедел әре­кет етуден жүйелі дамуға көшу кезеңі болды: экономика анағұрлым әр­та­раптан­дырылған, инвестициялар ор­нықты, инфрақұрылым барынша сенімді, әлеу­меттік саясат мейлінше тиімді бола түсті.Осынау батыл қадам Қазақстанға инс­ти­ту­ционалдық тұрғыда қалыптасқан мо­дель мен ұзақмерзімді басымдықтарға сүйе­­не отырып, болашаққа сеніммен қа­рау­ға мүмкіндік береді. Бүгінде Қазақстан дамудың тарихи кезеңінде тұр. Мемлекет басшы­сы­ның бастамасымен кең ауқымды ашық талқылау қорытындысы бойынша сарап­шы­лардың және ғылыми қауым­дас­тық­тың, қазақстандық қоғам­ның бар­лық сала өкіл­­дерінің пікірі еске­рілген еліміздің түбе­гейлі жаңа Конс­ти­ту­ция­­­­сының жоба­сы әзірленді.Жаңа Ата заңымыздың басты ерек­шелігі — оның өршіл рух пен кемел келе­шекке деген ұмтылысында. Құжат халық­тың арман-мұратымен үндесіп жатыр. Онда мемлекеттің ең жоғары лауа­зымды тұлғасы – ПрезидентҚасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Респуб­ли­касы ұзақмерзімді тұрақты дамуы­ның берік негізін қалап, бірнеше буын ұрпақтың амандығы мен қауіпсіз өмірін қам­­тамасыз етудегі ерік-жігері айқын көрі­ніс тапқан.Мен еліміздің азаматтары дұрыс таңдау жасап, Мемлекет басшысының бас­­­тамасын қолдап, Қуатты, Әділетті, Өркендеген Қазақстанды құруға өз үлесін қосатынына сенімдімін.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bratislava/press/news/details/1195455?lang=kk
2026 жылдың наурыз айына арналған салық күнтізбесі 05.03.2026
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! ЕСЕПТІК КЕЗЕҢ16 наурыздан кешіктірмей:101.03 нысаны – Резиденттің табысынан төлем көзінен ұсталған КТС бойынша есеп400.00 нысаны – Акциз бойынша декларацияЕСЕПТІК КЕЗЕҢ20 наурыздан кешіктірмей:328.00 нысаны – Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш870.00 нысаны – Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлем бойынша декларация(қоршаған ортаға теріс әсер ету лимитін сатып алу кезінде, төлемдер 100 АЕК-ке дейін)ЕСЕПТІК КЕЗЕҢ31 наурыздан кешіктірмей:100.00, 110.00, 150.00, 180.00 нысандары – КТС бойынша декларациялар101.04 нысаны – Бейрезиденттің табысынан төлем көзінен ұсталған КТС бойынша есеп220.00 нысаны – ЖТС бойынша декларация600.00 нысаны – Жер қойнауын пайдалануға арналған баламалы салық бойынша декларация700.00 нысаны – Көлік құралдарына салынатын салық, жер салығы және мүлік салығы бойынша декларация912.00 нысаны – Тіркелген шегерімді қолдана отырып арнаулы салық режимін пайдаланатын салық төлеушілерге арналған декларация920.00 нысаны – Бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған декларацияСАЛЫҚТАРДЫ ТӨЛЕУ5 наурыздан кешіктірмей:Жеке практикамен айналысатын тұлғалардың ЖТС20 наурыздан кешіктірмей:АкцизЕАЭО шеңберінде импортталған тауарлар бойынша жанама салықтарҚоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлем(лимитті сатып алу кезінде, төлемдер 100 АЕК-тен аз)САЛЫҚТАРДЫ ТӨЛЕУ26 наурыздан кешіктірмей:Төлем көзінен ұсталатын ЖТСӘлеуметтік салықБейрезиденттің табысынан төлем көзіненұсталатын КТССыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемӘлеуметтік аударымдар, МЗЖ, МЗЖР, МКЗЖМӘМС бойынша аударымдар мен жарналарАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1175798?lang=kk
Цифрлық салық кеңесшісі @SalyqBot 05.03.2026
Цифрлық мемлекеттік қызметтерді дамыту шеңберінде Telegram мессенджерінде «@SalyqBot» чат-боты іске асырылып, тұрақты түрде жетілдірілуде.@SalyqBot – жеке және заңды тұлғаларға салық және кеден мәселелері бойынша ақпаратты жедел алуға арналған цифрлық сервис.Чат-бот қазақ және орыс тілдерінде жұмыс істейді және тәулік бойы қолжетімді.Сервистің негізгі мүмкіндіктері:- салық берешегінің бар-жоғы туралы мәлімет алу;- көлік құралдарына салынатын салықты және өсімпұл сомасын есептеу;- есептілікті тапсыру және салықтарды төлеу мерзімдері көрсетілген салық күнтізбесіне қол жеткізу;- банктік шоттардың бұғатталуы (тыйым салынуы) туралы хабарламалар алу;- төленген сомалар туралы мәлімет алу (заңды тұлғалар үшін);- салық және кеден заңнамасы бойынша анықтамалық ақпарат пен білім базасына қол жеткізу;- оқыту материалдары мен бейне-нұсқаулықтармен танысу.Чат-боттың білім базасы Мемлекеттік кірістер комитетінің Байланыс орталығына келіп түсетін өтініштер негізінде қалыптастырылған. Бұл оператордың қатысуынсыз жиі қойылатын сұрақтарға жедел жауап беруге мүмкіндік береді.Қажет болған жағдайда пайдаланушы:- алынған жауаптың сапасын бағалай алады;- қосымша сұрақ қоя алады;- операторға өтініш жолдай алады.Пайдаланудың артықшылықтары@SalyqBot қолдану:- мемлекеттік қызметтерді алу уақытын қысқартуға;- мемлекеттік кірістер органдарына жеке баруды азайтуға;- ресми дереккөзден өзекті ақпарат алуға;- салық міндеттемелерін уақытылы орындауға мүмкіндік береді.Жұмысты бастау үшін Telegram қосымшасына кіріп, іздеу жолына @SalyqBot атауын енгізіп, чат-ботты іске қосу қажет.      Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1175816?lang=kk
«БЖЗҚ» АҚ зейнетақы жарналарын тұрақты түрде аударудың маңыздылығы туралы ескертеді 05.03.2026
Зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі азаматтардың еңбек қызметі аяқталғаннан кейінгі қаржылық тұрақтылығын іске асыруда шешуші рөл атқарады. Қазіргі уақытта Қазақстанда базалық және ынтымақты (мемлекет есебінен қаржыландырылатын), міндетті және ерікті деңгейлерден (қолда бар зейнетақы жинақтары мен инвестициялық кіріс есебінен қамтамасыз етілетін) тұратын көпдеңгейлі зейнетақы жүйесі жұмыс істейді.Базалық зейнетақы – зейнеткерлік жасқа толған кезде есептеледі және оның мөлшері зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты. 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде ең төменгі базалық зейнетақының ең төменгі мөлшерін – күнкөріс деңгейінің 70%-на дейін (еңбек өтілі 10 жылға дейін болса), ең жоғары мөлшерін 2026 жылы 118% - ға дейін және 2027 жылдан бастап 120% - ға дейін (егер жалпы еңбек өтілі ≥ 34 жыл болса) жыл сайын кезең-кезеңімен арттыру жүзеге асырылуда. Бұл ретте 1998 жылдан кейінгі еңбек өтілі тұрақты түрде аударылып отырған міндетті зейнетақы жарналарымен ғана расталады. ҚОРЫТЫНДЫ: Тұрақты зейнетақы жарналары еңбек өтілін растап, базалық зейнетақы мөлшеріне әсер етеді.Ынтымақты зейнетақы – 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін кемінде алты айлық еңбек өтілі бар адамдарға төленеді. Зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1998 жылға дейінгі еңбек өтіліне және 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнеткерлік жасқа толғанға дейінгі кез келген 3 жыл қатарынан орташа айлық табысқа байланысты. Ай сайынғы зейнетақы жарналарының мөлшері кірістің дәлелі болып табылады.ҚОРЫТЫНДЫ: Тұрақты зейнетақы жарналары кірісті растап, ынтымақты зейнетақы есептеуге әсер етеді. Жинақтаушы зейнетақы – жеке зейнетақы жинақтарынан төленеді, мөлшері жинақталған қаражат көлеміне байланысты: жинақ неғұрлым көп болса, төлем де соғұрлым қомақты болмақ.Ай сайынғы зейнетақы төлемдерінің мөлшері бекітілген әдістемеге сәйкес есептеледі. 2021 жылдан бастап бірінші жылдағы зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасы зейнетақы жинақтары сомасының төлем мөлшерлемесіне көбейтіндісі ретінде есептеледі. Есептеу формуласы мынадай:зейнетақы жинақтарының сомасы * 6,5% / 12 = бірінші жылдағы ай сайынғы төлем мөлшері.Одан кейінгі жылдары ай сайынғы зейнетақы төлемдері өткен жылғы ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшерін зейнетақы төлемдерін индекстеу мөлшерлемесі – 5%-ға ұлғайту жолымен айқындалады. Жинақтар зейнетақы шотында таусылғанға дейін төленеді.ҚОРЫТЫНДЫ: төлемдердің сомасы мен ұзақтығы зейнетақы жинақтарының мөлшеріне тікелей байланысты.Осылайша, жинақтаушы жүйеге қатысу зейнетақының жиынтық мөлшеріне әсер етеді. Ынтымақты құрамдауыштың қысқаруын және қазіргі жағдайларды ескерсек (демографиялық құрылымның өзгеруі, халықтың қартаюы, еңбек нарығының өзгеруі) жинақтаушы компоненттің мәні барған сайын артып келеді.Жинақтаушы зейнетақы жүйесі шеңберінде Қазақстанда жарналардың мынадай түрлері жүзеге асырылады: міндетті (жұмыскердің жалақысының 10%, жұмыс беруші ай сайын аударады), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (зиянды және қауіпті кәсіптерде еңбек ететін жұмыскерлер табысының 5%, жұмыс беруші өз бюджетінен төлейді), сондай-ақ 2024 жылдан бастап 1975 жылы және одан кейін туған барлық жұмысшылар үшін аударылатын жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ)  (2024 жылы 1,5% – дан басталып, 2028 жылы 5% - ға дейін ұлғайтылады, 2026 жылы – 3,5%).Сондай-ақ, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда ҚР жаңа Салық кодексінің күшіне енуіне және ҚР Әлеуметтік кодексіне өзгерістер енгізілуіне байланысты жаңартылған арнаулы салық режимдері (АСР) енгізілді: өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін, оңайлатылған декларация негізінде және шаруа немесе фермер қожалықтарына (ШФҚ) арналған. Бұл режимдер өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың салық төлеуін ғана емес, сонымен қатар зейнетақы жарналарының міндетті түрлерін де реттейді.Атап айтқанда, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР қолданатындар алған табыстарынан міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ), жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын (ЖМЗЖ) дербес төлейді:МЗЖ – табыстың 1% ,ЖМЗЖ – табыстың 1%.Осы АСР-ны қолданатын және қызметін интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильді қосымшаларын пайдалана отырып жүзеге асыратын өзін-өзі жұмыспен қамтығандардан интернет-платформа операторы[1] МЗЖ және ЖМЗЖ-ны ұстап қалып, аударып отырады. Жеңілдетілген декларация негізіндегі АСР үшін зейнетақы жарналарының мөлшерлемелері және ШФҚ үшін АСР стандартты және мыналарды құрайды:МЗЖ – табыстың 10%,ЖМЗЖ – 2026 жылы табыстың 3,5%-ы, содан кейін 2028 жылы жыл сайын 5%-ға дейін көтеріледі.Зейнетақы капиталын қалыптастырудың қосымша компоненті – ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ). Сіз өзіңіздің жақындарыңыз үшін, ал жұмыс беруші өз қызметкерлерінің пайдасына ЕЗЖ аудара алады. Бұл ретте жүйелілік те маңызды, өйткені ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін зейнеткерлік жасқа дейін – 50 жастан бастап алуға болады.БЖЗҚ өз салымшыларына (алушыларына) өзінің жеке зейнетақы шотындағы (ЖЗШ) зейнетақы жинақтарының жай-күйін қадағалап отыруды, оның ішінде сіздің БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шотыңызға зейнетақы жарналарының/ЕЗЖ-ның уақытылы аударылуын/түсуін ұдайы бақылап отыруға кеңес береміз. Өкінішке орай, жұмыс беруші өз міндеттемелерін толық орындамайтын немесе мүлде орындамайтын жағдайлар да кездеседі. Әлеуметтік кодексте жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарын төлеу міндеті нақты айқындалғанын ескерген жөн. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын уақытылы және толық төлеуін бақылау мемлекеттік кірістер комитетіне (МКК) жүктелген. Егер жұмыс беруші қызметкерге қатысты қандай да бір заң бұзушылыққа жол берсе, онда МКК-ға жүгіну қажет. Сондықтан, өз ЖЗШ-дағы зейнетақы жинақтарыңның жай-күйін жүйелі түрде тексеру артық болмайды.Өзінің зейнетақы шотын үнемі қадағалап отыру үшін неғұрлым жедел және ыңғайлы тәсіл – Қор сайтындағы немесе мобильді қосымшасындағы жеке кабинет арқылы үзінді көшірме алу. Зейнетақы шоттары туралы ақпаратты БЖЗҚ сайты арқылы ғана емес, egov.kz электрондық үкімет порталы немесе оның eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы да алуға болады. Үзінді көшірмеде салымшыға қажетті барлық ақпарат беріледі. Атап айтқанда, жинақтардың жалпы көлемі, оның ішінде жарналар түрлері бойынша жинақталған қаражат сомасы жеке көрсетіледі. Сондай-ақ, үзінді көшірмеден зейнетақы жарналарын қандай ұйым, қай уақытта аударғанын, сұралған кезеңдегі инвестициялық кірістің мөлшерін көруге болады. Бұл мемлекеттік қызметтерді бірыңғай платформалар арқылы алуға дағдыланған азаматтар үшін өте ыңғайлы.Тұрақты жарналар жинақтау және олардың қаржылық болашағын жоспарлау әдетін қалыптастырады. Салымшыларға ыңғайлы болу үшін БЖЗҚ болашақ төлемдердің деңгейін есептеуге және өзінің жинақтаушы стратегиясын түзетуге мүмкіндік беретін зейнетақы калькуляторы мен дербес зейнетақы жоспарының көмегімен қажетті зейнетақыны болжап, жоспарлауға мүмкіндік береді. Бұл құралдар БЖЗҚ сайтында және мобильді қосымшасында қолжетімді. Оларды пайдалану зейнетақы мөлшерін есептеуде ғана емес, сонымен қатар ағымдағы қаржылық мәселелерді шешуде де көмектеседі.Зейнетақы жинақтары, ең алдымен, еңбек қызметі аяқталғаннан кейін лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз етуге арналғанын есте ұстаған жөн. Сондықтан зейнеткерлікке шыққан кезде жинақ мөлшері барынша жоғары болуын қамтамасыз етуге тырысқан жөн. Өзінің зейнетақы жинақтарын қалыптастыруға белсенді және тұрақты қатысу – болашақта лайықты зейнетақымен қамсыздандырудың маңызды шарты.БЖЗҚ-ның кеңес беру қызметтерін мессенджерлер (+7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber чат-боттары) арқылы, 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығынан (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), enpf.kz корпоративтік сайтынан, сондай-ақ, Instagram, Facebook, ВКонтакте, Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтік желілердегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларынан алуға болады.   [1] интернет-платформа операторы (оператор) - интернет-платформаны пайдалана отырып, техникалық, ұйымдастырушылық (оның ішінде жұмыстарды немесе қызметтерді көрсету үшін үшінші тұлғаларды тарта отырып көрсетілетін қызметтерді), Ақпараттық технологиялар мен жүйелерді қолдана отырып, байланыс орнату және қызмет көрсету бойынша мәмілелер жасау үшін ақпараттық және өзге де мүмкіндіктерді ұсыну жөнінде қызметтер көрсететін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға интернет-платформадаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-beyneu/press/news/details/1177339?lang=kk
Конституция – қоғам тұрақтылығының негізі 05.03.2026
Шымкент қаласында тұрғындарға Конституцияның маңызы мен негізгі қағидаттарын түсіндіруге бағытталған кездесулер жалғасуда. Осындай іс-шаралардың бірі қалалық №12 емханада өтіп, оған жергілікті тұрғындар мен медицина қызметкерлері қатысты.Кездесу барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы Шымкент қалалық өкілдігі жанындағы Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары Батырбек Жалмұрзаев сөз сөйлеп, еліміздің Ата заңы – Конституцияның қоғам өміріндегі рөлі мен маңызына тоқталды. Ол Конституция мемлекет дамуының стратегиялық бағыттарын айқындайтын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ететін негізгі құжат екенін атап өтті.Спикердің айтуынша, соңғы жылдары елімізде жүзеге асырылып жатқан саяси реформалар мен жаңғыру бастамалары Конституция қағидаттарына негізделген. Бұл өз кезегінде әділетті қоғам қалыптастыруға, заң үстемдігін нығайтуға және азаматтардың мемлекеттік үдерістерге белсенді қатысуына мүмкіндік береді.Жиын барысында медицина саласы қызметкерлері үшін Конституцияда қарастырылған әлеуметтік кепілдіктердің, еңбек құқықтарының және адам өмірі мен денсаулығын қорғауға қатысты нормалардың маңызы ерекше екені айтылды. Сондай-ақ ақ халатты абзал жандардың қоғам алдындағы жауапкершілігі жоғары екені, сондықтан олардың елдегі саяси-құқықтық өзгерістерден тыс қалмай, оның мазмұнын терең түсінуі маңызды екені атап өтілді.Кездесу еркін пікір алмасу форматында өтті. Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алд және жаңа Конституция жобасына қолдау білдіретіндерін жеткізді.
Денсаулық сақтау мен әлеуметтік әділеттілік – басты назарда 05.03.2026
Шымкент қалалық онкологиялық орталығында жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін түсіндіруге арналған кездесу өтті. Іс-шараға медицина мекемесінің қызметкерлері мен сала мамандары қатысып, жаңартылған Негізгі заңның азаматтардың өміріне және денсаулық сақтау жүйесінің дамуына ықпалы жан-жақты талқыланды.Кездесу барысында жаңа Конституцияның әлеуметтік мемлекет қағидаттарын нығайтуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін жетілдіруге, сондай-ақ денсаулық сақтау саласын дамытуға бағытталған негізгі нормалары қарастырылды. Қатысушылардың айтуынша, халыққа қолжетімді әрі сапалы медициналық көмек көрсету мемлекеттің басым міндеттерінің бірі болып қала береді.Жиында заң үстемдігін нығайту және жауапты басқару қағидаттарын күшейту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Мамандар бұл өзгерістер саланың тиімді жұмыс істеуіне оң әсерін тигізетінін атап өтті. Олардың пікірінше, жаңа Конституция денсаулық сақтау жүйесін одан әрі жетілдіруге және қоғамның тұрақты дамуына берік құқықтық негіз болады.Талқылау барысында медицина саласына қатысты нормалар да кеңінен сөз болды. Атап айтқанда, медициналық қызметкерлердің құқықтарын қорғау, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және саланың тұрақты дамуына бағытталған мемлекеттік қолдау шараларының маңыздылығы атап өтілді.– Жаңа Конституция әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етуге, заң үстемдігін нығайтуға және әрбір азаматтың құқықтарын құрметтеуге бағытталған. Сонымен қатар ол мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді арттырып, елдің инновациялық әрі тұрақты дамуына жағдай жасайды, – деді газетінің бас редакторы Бейсенкүл Нарымбетова.Оның айтуынша, Конституцияның негізгі ережелерін көпшілікке түсіндіру – әр азаматқа өз пікірін білдіріп, әділетті, заманауи әрі қуатты Қазақстанды құруға үлес қосуға мүмкіндік береді.– Жаңа Конституция қабылданған жағдайда саяси партиялардың жауапкершілігі арта түседі деп ойлаймын. Сондай-ақ Вице-Президент лауазымын енгізу де маңызды жаңалықтардың бірі. Сенат болмаған жағдайда маңызды шешімдерді Вице-Президент қабылдайды. Жалпы, жаңа Конституция мемлекеттілігімізді нығайтып, тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді күшейтеді, – деп қорытындылады Бейсенкүл Нарымбетова.
Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы жөргектермен қамтамасыз ету тәртібі туралы түсіндірме 05.03.2026
      Астана қаласы бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің департаменті мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен, арнайы жүріп-тұру құралдарымен жеке абилитация және оңалту бағдарламасына сәйкес, сондай-ақ оларды ауыстыру мерзімдерін ескере отырып қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес, қызмет алушыларды жөргектермен қамтамасыз ету Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы бір алушыға белгіленген жылдық көлем — 1460 дана шегінде жүзеге асырылатынын хабарлайды.Жөргектерді беру тоқсан сайын кемінде 365 дана мөлшерінде жүргізіледі. Қайта рәсімдеу алдыңғы алған күннен бастап күнтізбелік 60 күннен ерте жүзеге асырылмайды. Аталған мерзім өтінімдерді уақтылы қалыптастыруға және мемлекеттік қолдаудың үздіксіз көрсетілуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Қызметті рәсімдеу электрондық форматта жүзеге асырылады. Белгіленген норма шегінде қажетті жөргек санын таңдағаннан кейін өтініш жүйе арқылы автоматты түрде қалыптастырылады. Қызмет алушы қажетті көлемді дұрыс көрсетуі тиіс, содан кейін өтінім қарауға жіберіледі.Тоқсан сайын беру тәртібін енгізу бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын күшейту қажеттілігімен байланысты. Бұған дейін жылдық көлемді бір реттік беру кезінде пайдаланылмаған жөргектерді үшінші тұлғаларға өткізу, сондай-ақ қолдау шарасын монетизациялау фактілері тіркелген, бұл оның әлеуметтік мақсатына қайшы келеді.Қабылданған өзгерістер мемлекеттік қолдауды алушыларға әлеуметтік құралдарды ұсынудың атаулылығын, ашықтығын және тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1175732?lang=kk
Ауыл активінің жиналысы 05.03.2026
Жетіжар ауылдық округінің әкімдігінде ауыл активінің қатысуымен жиналыс өтті. Күн тәртібінде республикалық референдум өткізу, Наурыз мейрамын мерекелеу бойынша он күндік жоспары мен ауылда Наурыз мейрамын атап өту, сондай-ақ "Қаладан ауылға" қанат қақты жобасын іске асыру туралы мәселелер. Аталған сұрақтар бойынша пікір алмасу, ұсыныстар мен кеңестер талқыланды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-besqaraqai-zhetizhar/press/news/details/1175755?lang=kk
Зейнетақы активтерін басқару – БЖЗҚ-ның кезекті қаржы журналистикасы мектебінің тақырыбы 05.03.2026
       "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ (БЖЗҚ) жыл сайын БАҚ өкілдеріне арналған жинақтаушы зейнетақы жүйесі мәселелеріне арналған дәстүрлі Қаржы журналистикасы мектебін өткізеді. Биылғы іс-шараның тақырыбы - зейнетақы активтерін басқару.Биылғы іс-шара 13 наурызда Алматы қаласында сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін өтеді. Онлайн  қатысу мүмкіндігі бар.           Мектеп жұмысына БЖЗҚ сарапшылары, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өкілдері, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушылар қатысады. Іс-шара қазақ және орыс тілдерінде өтеді.Курс барысында ҚРҰБ және жеке басқарушы компаниялардың сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерін басқару, инвестициялық портфельді әртараптандыру қағидаттары, қаржы нарығындағы үрдістер және зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы ақпарат ұсынылады.Инвестициялық портфельді басқарушылар инвестициялық портфельді қалыптастыру критерийлері, қолданылатын қаржы құралдары туралы әңгімелейді.Іс-шара аясында инвестициялық портфельді басқарушыларды таңдау бойынша жаңа цифрлық портал таныстырылады. Платформа ИПБ туралы негізгі ақпаратты бірыңғай цифрлық кеңістікте біріктіреді және кірістілікті, зейнетақы активтерінің құрылымын, инвестициялау нәтижелеріне әсер ететін өзге де көрсеткіштерді қоса алғанда, инвестициялық қызмет туралы деректерді ашу үшін қолайлы жүйелі тәсілді қамтамасыз етеді. Жоба халықтың хабардарлығын арттыруға және зейнетақы активтерін инвестициялау тетіктерін түсінуді қалыптастыруға бағытталған.Қаржы журналистикасы мектебі дәстүрлі түрде жинақтаушы зейнетақы жүйесі тақырыбындағы материалдардың сапасын арттыру және медиа-қоғамдастық өкілдерінің кәсіби құзыреттерін дамыту мақсатында өткізіледі.Қатысу үшін алдын ала тіркелу қажет. Қатысуға өтінімді өзі туралы ақпаратты көрсете отырып, press@enpf.kz электрондық мекенжайға жіберу қажет:Аты-жөні,БАҚ атауы,электрондық пошта және Whatsapp телефон нөмірі (шақыру сілтемесі мен іс-шара  туралы хабарлама жіберу үшін).Шақыру сілтемесі іс-шара басталардан бір күн бұрын жіберіледі. Курс бағдарламасы қоса беріледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1175760?lang=kk
160 жыл: Әлихан Бөкейхан 05.03.2026
Биыл көрнекті қазақ мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханның туғанына 160 жыл толады.Әлихан Бөкейхан ХХ ғасырдың басындағы қазақ ұлттық қозғалысының көшбасшыларының бірі, саясаткер, ғалым, публицист әрі ойшыл ретінде тарихта қалды. Ол қазақтың заманауи саяси ойының қалыптасуына және ұлттық өзін-өзі басқару идеясының дамуына елеулі үлес қосты.Бөкейхан Алаш Орда қозғалысының негізін қалаушылардың және жетекшілерінің бірі болды. 1917 жылы құрылған Алаш автономиясының үкіметін басқарды. Ол білім мен ғылымды дамытуға, экономикалық дербестікке және қазақ халқының саяси құқықтарын қорғауға ерекше мән берді.Бөкейхан ғылыми және қоғамдық қызметпен белсенді айналысып, экономика, тарих, этнография және дала өңірінің дамуы мәселелері бойынша көптеген мақалалар жазды.Әлихан Бөкейхан өз өмірін халқына қызмет етуге арнады. Ол ағартушылық, жаңғыру және саяси даму идеяларын насихаттады. Оның қызметі қазақ халқының құқықтары мен болашағы үшін күрес тарихының маңызды бөлігіне айналды.Бүгінде оның есімі Қазақстан тарихында ерекше орын алады, ал оның мұрасы жаңа буынды шабыттандыруды жалғастыруда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-madrid/press/news/details/1175667?lang=kk
Қазақстан Республикасының Пәкістандағы Елшілігінен Мардан қаласындағы сөйлеу және есту қабілеті бұзылған балаларға арналған орталыққа қайырымдылық көмек 05.03.2026
Мардан, 2026 жылғы 5 наурыз – Қасиетті Рамазан айында Қазақстан Республикасының Пәкістандағы Елшілігі қалыптасқан игі дәстүрді жалғастырып, Мардан қаласындағы сөйлеу және есту қабілеті бұзылған балаларға арналған орталыққа қайырымдылық көмек көрсетті.Пәкістан Ұлттық Ассамблеясының бұрынғы депутаты Бегум Шахин Сайфулла ханыммен бірлесіп, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға азық-түлік себеттері таратылды.Халықтың осал топтарын қолдау Елшіліктің гуманитарлық қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады, және мұндай бастамалар дипломатиялық миссия тарапынан алдағы уақытта да қолдау табатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1175623?lang=kk
Жамбыл Жабаевтың тұғанына 180 жыл 05.03.2026
Жамбыл Жабаев — қазақтың көрнекті ақыны, ауызша поэзия дәстүрінің ірі өкілдерінің бірі және халық даналығы мен рухани сабақтастықтың символы.Ақын — домбыраның сүйемелдеуімен көбіне суырыпсалма түрде өлең шығаратын халық ақыны. Ғасырлар бойы ақындар тарихи жадтың сақтаушылары, қоғамдық пікірдің жеткізушілері және қоғамның адамгершілік бағдарларын айқындаушы тұлғалар болды.Жамбыл Жабаев осы дәстүрдің жарқын көрінісі болды. Оның шығармашылығы халықтың тағдырын, оның күйзелісі мен сынақтарын, үміті мен арманын бейнеледі. Даланың мәдениетімен терең байланысы мен ерекше талантының арқасында ол қазақ поэзиясының ең маңызды тұлғаларының бірі ретінде тарихта қалды.28 ақпанда Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толды. Оның мұрасы Қазақстанның мәдени бірегейлігінің маңызды бөлігі болып қала береді және жаңа ұрпақты шабыттандыруды жалғастыруда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-madrid/press/news/details/1175637?lang=kk
ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ: ОТБАСЫ ИНСТИТУТТАРЫН ҚОЛДАУ 05.03.2026
Жаңартылған Конституцияда отбасы институтын қолдау мәселесіне де айрықша мән берілген. Негізгі заңда отбасы қоғамның маңызды әлеуметтік тірегі ретінде қарастырылып, оны қорғау мен нығайтуға бағытталған қағидаттар айқындалған.Құжатта неке мен отбасының маңызын арттыру, ата-ана мен бала құқығын қорғау, сондай-ақ отбасы құндылықтарын сақтау мәселелері ескерілген. Бұл қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге және ұрпақ тәрбиесіне жауапкершілікпен қарауға негіз болады.Сонымен қатар, отбасы институтын қолдау мемлекет саясатының маңызды бағыттарының бірі ретінде қарастырылады. Осы арқылы қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға және дәстүрлі құндылықтарды сақтауға мүмкіндік туады.Жалпы алғанда, жаңартылған Конституция отбасы институтын қорғауға және оның қоғамдағы рөлін күшейтуге бағытталған маңызды құқықтық негіз қалыптастырады.
ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ НОРМАЛАРЫН ЕСКЕРУ 05.03.2026
Жаңартылған Конституцияда халықаралық құқық нормаларын ескеру мәселесіне де ерекше мән берілген. Бұл еліміздің құқықтық жүйесін жетілдіруге және әлемдік құқықтық кеңістікпен үйлесімді дамуына мүмкіндік береді.Негізгі заңның жаңа мәтінінде халықаралық тәжірибе мен жалпыға ортақ құқықтық қағидаттарды ескеру қарастырылған. Мұндай ұстаным мемлекет ішіндегі заңнаманың тиімділігін арттырып қана қоймай, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін нығайтуға ықпал етеді.Сонымен қатар, халықаралық құқық нормаларын назарға алу елдің құқықтық саясатын заманауи талаптарға бейімдеуге жағдай жасайды. Бұл өз кезегінде мемлекеттің тұрақты дамуына және құқық үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам болып саналады.Жалпы алғанда, жаңартылған Конституция халықаралық құқық қағидаттарын ескере отырып, ұлттық заңнаманы жетілдіруге және қоғамның құқықтық мәдениетін дамытуға негіз қалайды.
ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ: ҚОҒАМНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУҒА ҚАТЫСУЫН КЕҢЕЙТУ 05.03.2026
Ұсынылып отырған Конституцияның жаңа мәтінінде қоғамдық бастамалардың маңызы айқын көрсетіліп, азаматтардың шешім қабылдау үдерісіне белсенді қатысуына құқықтық негіз қалыптастырылған. Бұл қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі.Жаңартылған Негізгі заң азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді араласуына, түрлі бастамалар арқылы өз пікірін білдіруіне мүмкіндік береді. Мұндай тетіктер халықтың мемлекеттік басқару ісіне қатысуын кеңейтіп, қоғамдағы азаматтық белсенділікті арттыруға ықпал етеді.Сонымен қатар, бұл өзгерістер демократиялық институттарды нығайтуға, мемлекеттік органдар жұмысының ашықтығын арттыруға және олардың қоғам алдындағы есептілігін күшейтуге бағытталған.Жалпы алғанда, жаңа Конституция азаматтардың пікірін ескеретін, қоғам мен билік арасындағы сенімді арттыратын тиімді басқару жүйесін қалыптастыруға негіз қалайды.
Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлер саны бір жылда екі есеге жуық өсті 05.03.2026
Министрлік 2025 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін бекітті. Оған 1431 әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі енгізілген. Ал 2024 жылғы қорытынды бойынша тізілімде 835 кәсіпорын болған.Тізілімге сәйкес, әлеуметтік кәсіпкерлердің көбі Астана мен Алматы қаласында, сондай-ақ Батыс Қазақстан, Алматы және Абай облыстарында шоғырланған.Қызмет түрлері бойынша әлеуметтік кәсіпкерлердің шамамен 60% - ы білім беру, 20% - ы әлеуметтік қызмет көрсету, тағы 10% - ы денсаулық сақтау, 10% - ы-басқа салада жұмыс істейді.Тізілімді қалыптастыру және жүргізу облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары ұсынатын мәліметтер негізінде жүзеге асырылады. Өтінімдерді алдын ала арнайы комиссия қарайды.Комиссияның негізгі міндеті — Әлеуметтік кәсіпкерлік саласындағы қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) Тізілімге енгізу бойынша ұсыным әзірлеу.Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Тізілімді Министрлік жыл сайын өткен күнтізбелік жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша ағымдағы жылғы 1 наурызға дейін бекітеді.Еске салсақ, Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерліктің жұмыс істеуі үшін заңнамалық негіз 2021 жылы қалыптасты. Содан кейін нормативтік деңгейде "әлеуметтік кәсіпкерлік" ұғымы, яғни азаматтар мен қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешуге арналған кәсіпкерлік қызмет бекітілді.Әлеуметтік кәсіпкерлікке мүгедектігі бар адамдар құрған кәсіпорындар, сондай-ақ ерекше қажеттілігі бар адамдар мен халықтың әлеуметтік осал тобы өкілдері үшін жұмыс орнын қамтамасыз ететін бизнес жатады.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1175582?lang=kk
Қазақстандағы волонтерлік қозғалыс туралы іс-шара 05.03.2026
«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында ШҚО этнографиялық музейінің қызметкерлері С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың 1-курс студенттері мен музей қызметкерлеріне «Қазақстандағы волонтерлік қызмет: бағыттары мен ерекшеліктері. Волонтерлік қозғалыс – патриоттық тәрбие берудің құралы ретінде» атты іс-шара өткізді. Іс-шара құқықтық және әлеуметтік мәдениетті қалыптастыруға, қоғамдағы азаматтық жауапкершілік қағидаттарын нығайтуға, Қазақстандағы волонтерлік қозғалысты насихаттауға бағытталды. Спикерлер ретінде Жастар ресурстық орталығының қалалық волонтерлік фронт-офисінің жетекшісі Анель Ренатқызы Шарипжанова, С. Аманжолов атындағы ШҚУ студенті, волонтер Елдос Калиев және музей-қорықтың ақпараттық-ағарту бөлімінің меңгерушісі Ш.М. Карибаева сөз сөйледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-cultura-arhiv/press/news/details/1175596?lang=kk
ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ: ЦИФРЛЫҚ КЕҢІСТІКТЕГІ ҚАУІПСІЗДІК 05.03.2026
Жаңартылған Конституцияда ақпараттық кеңістіктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне ерекше мән берілген. Қазіргі таңда цифрлық технологиялар қоғам өмірінің барлық саласына еніп отырғандықтан, ақпараттық қауіпсіздік пен деректерді қорғау мәселесі аса өзекті болып отыр.Негізгі заңның жаңартылған мәтінінде ақпараттық кеңістікті қорғау, деректер қауіпсіздігін қамтамасыз ету және киберқауіптерге қарсы іс-қимыл шараларын күшейту бағыттары нақты көрсетілген. Бұл қадамдар цифрлық ортада азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға мүмкіндік береді.Сонымен қатар, құжатта ақпарат еркіндігін сақтау қағидаты да назардан тыс қалмаған. Яғни, бір жағынан ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігі қамтамасыз етілсе, екінші жағынан азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау тетіктері қарастырылған.Осылайша, жаңартылған Конституция цифрлық кеңістіктегі қауіпсіздікті күшейту арқылы қоғам мен мемлекеттің тұрақты дамуына берік құқықтық негіз қалыптастыруды мақсат етеді.