Enbekshi QazaQ

Әлем

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпаздарын анықтау жөніндегі комиссияның отырысы өтті 25.06.2025
25 Маусымда «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпаздарын анықтау жөніндегі аудандық комиссияның отырысы өтті. Естеріңізге сала кетейік, «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) оң имиджін дамытуға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған. Отырыста конкурстық комиссия мүшелері қатысушылардың өтінімдерін қарады, олардың саны 5 отбасы. Биылғы жылы Әйет ауылдық округінен (Байжұман отбасы, Шойбасовтар отбасы, Нокишевтер отбасы), Тобыл кентінен (Ишанқұловтар отбасы, Бірмағанбетовтер отбасы) отбасылар қатысты. Өтінімдерді қарау қорытындысы бойынша комиссия конкурстың облыстық кезеңіне қатысатын 2 отбасын анықтады. Олар көп балалы отбасылар болды: Ишанқұловтар отбасы және Бирмағанбетовтар отбасы, олар көптеген еңбегі, жетістіктері бар, сонымен қатар отбасылық құндылықтарды қалыптастыруда үлгі болып табылады. Шілде айында байқаудың аудандық кезеңіне қатысушыларды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1024336?lang=kk
500 жуық балаларға музей бойынша тегін экскурсия жүргізілді 25.06.2025
Бүгін Жетісу облысының Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейіне Талдықорған қаласының әр мектебінен, сондай-ақ Ақсу, Кербұлақ, Сарқан, Көксу, Ескелді, Қаратал аудандары мен Текелі қаласынан арнайы келген 500 оқушыға музей залдары бойынша тегін экскурсия ұйымдастырылды. «Жетісу табиғаты», «Археология», «Этнография», «Кеңес дәуірі» және «Ерлік пен Даңқ» залдарын аралап, өткен күннің куәсі саналатын жәдігерлер таныстырылып, туған өлкенің тарихы, салт-дәстүрі мен мәдениеті, әр дәуірдің маңызды оқиғалары туралы баяндалды. Бұл бастама жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастырып, елге деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1024382?lang=kk
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін «Цифрлық көмекші» чат-ботын іске қосты. 25.06.2025
Чат-боттың негізгі мақсаты – азаматтарға құқықтық көмек көрсету.Чат-бот ҚР Әділет министрлігінің бастамасымен «Әділет» порталында іске қосылды.«Цифрлық көмекші» азаматтарға кез келген құқықтық мәселе бойынша жедел әрі қолжетімді заңгерлік кеңес береді.Құқықтық көмекке жүгінген барлық азаматтарға «Цифрлық көмекші» арқылы тиісті кеңес алу мүмкіндігі ұсынылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/1024001?lang=kk
Пресс релиз 25.06.2025
2025 жылғы 20 қарашада «Ашық бюджеттер» интернет-порталында «Қостанай облысының облыстық бюджеті мен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттері арасындағы 2026-2028 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттер көлемі туралы» шешімінің жобасы орналастырылды.https://budget.egov.kz/material/material?id=3971334&govAgencyId=3671Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-ekonomika-zhosparlau/press/news/details/1108902?lang=kk
Алматы облысында 1,3 трлн теңгеге 35 ірі жоба жүзеге аспақ – өнеркәсіп пен логистика жаңа кезеңге өтті 25.06.2025
2025 жылы Алматы облысында өнеркәсіп, логистика және агроөнеркәсіп кешені салаларында жалпы сомасы 1,3 трлн теңгені құрайтын 35 ірі инвестициялық жоба іске асырылмақ. Бұл туралы облыс әкімдігі хабарлады.Аталған жобалардың қатарында Pepsico зауытының құрылысы, LC Waikiki көтерме-бөлу орталығы, Qazaq Global Food қайта өңдеу зауыты, сондай-ақ Kusto Logistics, MP Solution, Oasis Logistics, Еуразиялық логистикалық парк сынды индустриялық және логистикалық хабтардың дамуы бар. Бұл бастамалар өңірдің экономикалық іргетасын нығайтуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және экспорттық әлеуетті арттыруға бағытталған.2024 жылы облыстағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1,9 трлн теңгені құрап, 23 жаңа өндірістік нысан пайдалануға берілді. Олардың ішінде өңірдегі ең ірі өндіріс орындарының бірі – KT&G темекі фабрикасы да бар. Сонымен қатар, қолданыстағы кәсіпорындарды жаңғырту мен кеңейту нәтижесінде 800-ден астам жаңа жұмыс орны ашылды.Қытай мен Қырғызстанмен шекаралас аумақта орналасуының арқасында Алматы облысы өңірлік транзит пен логистиканың маңызды орталығына айналуда. Бүгінгі таңда облыс аумағында жалпы ауданы 1786 гектарды құрайтын 4 индустриялық аймақ жұмыс істеп тұр, тағы 2 аймақтың құрылысы жүріп жатыр. Сонымен қатар, «Alatau» арнайы экономикалық аймағында инвесторларға жеңілдіктер ұсынылуда.Жалпы, облыста жалпы құны 6,2 трлн теңгені құрайтын 215 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Оның ішінде Қытай капиталының қатысуымен іске асырылатын 1,9 трлн теңгелік 34 жоба бар. Бұл жобалар өңдеу өнеркәсібі, агроөнеркәсіп кешені, жасыл энергетика және су шаруашылығы салаларын қамтиды.Соңғы екі жылда облыс әкімі басшылығымен Қытайдың 14 өңіріне 5 жұмыс сапары ұйымдастырылып, 70-тен астам кәсіпкер, 100-ден астам екіжақты кездесу, 30-дан астам меморандумға қол қойылды.Инвестициялық жобалардың белсенді жүзеге асырылуы, инфрақұрылымның дамуы және бизнеске жасалып жатқан қолдау шаралары Алматы облысын елдегі жетекші индустриялық және логистикалық орталықтардың біріне айналдырып келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1024053?lang=kk
Бақылау- касса машиналарын қолданудан кім босатылады? 25.06.2025
🔷Ел аумағындағы барлық ақшалай есеп айырысулар мемлекеттік кірістер органдарына деректерді тіркеу және/немесе беру функциясымен жарақтандырылған бақылау-кассалық машиналарды (БКМ) пайдалана отырып міндетті есепке алынуға жатады. Бұл ретте қолданылатын БКМ моделі Мемлекеттік тізілімге енгізілуі тиіс.🔷Бақылау- касса машиналарын қолданудан кім босатылады?1. Кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлғалар жүзеге асыратын есеп айырысулар.2. Жеке сот орындаушылары, адвокаттар мен медиаторлардың қызметі. 3. Белгіленген нысандағы билеттерді міндетті түрде бере отырып қоғамдық қалалық көлікте жолаушыларды тасымалдау бойынша қызметтер көрсету. 4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүргізетін операциялар. 5. Жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялық желі жоқ елді мекендерде жүзеге асырылатын салық төлеушілердің қызметі. 6. Екінші деңгейдегі банктер жүргізетін есеп айырысулар. 7. Діни бірлестіктер. 8. Ұлттық пошта операторы-байланыс желісіне қол жеткізусіз орындарда есеп айырысуды жүзеге асырған жағдайда. 9. Уәкілетті органдар мақұлдаған арнайы мобильді қосымша арқылы жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар.🔷Телекоммуникациясыз аумақтар үшін ерекше жағдайлар.🔷Кәсіпкерлік қызмет телекоммуникациялық желі жоқ аймақта жүргізілетін жағдайларда, осы модель Мемлекеттік тізілімге енгізілген жағдайда, деректерді беру функциясынсыз бақылау-кассалық машиналарды пайдалануға жол беріледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-shymkent/press/news/details/1024064?lang=kk
Қызылтөбе ауылдық округіндегі жол қозғалысын реттеуге арналған жол белгілері жаңартылып, ауыстырылуда. 25.06.2025
Қызылтөбе ауылдық округіндегі жол қозғалысын реттеуге арналған жол белгілері жаңартылып, ауыстырылуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-qyzyltobe/press/news/details/1024082?lang=kk
«Заң мен тәртіп» апталығы: ШҚО Антикор қызметкерлері «XXI ғасырдың қаржылық триггерлері» форумына қатысты 25.06.2025
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Ашиков А.А. және департамент қызметкерлері ШҚО бойынша Экономикалық тергеу департаментімен ұйымдастырылған «XXI ғасырдың қаржылық триггерлері» форумына қатысты.Форум аясында қала әкімі, құқық қорғау және жергілікті атқарушы  органдардың басшылары, мәслихат депутаттары, танымал блогерлер мен медиа тұлғалар, спортшылар, қоғам белсенділері және жастар қозғалыстарының өкілдері бас қосты.Форумда қазіргі заманның қаржылық қауіптері мен олармен күресу тетіктері кеңінен талқыланды.Шара барысында цифрлық алаяқтық, қаржылық пирамидалар және азаматтардың қаржылық қауіпсіздігіне төнетін басқа да қатерлерге қарсы іс-қимыл мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Қаржылық операциялар — сатып алулар, аударымдар, инвестициялар мен онлайн мәмілелер — күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналды. Алайда, олардың артында қауіп те өсе түсуде.Форум қатысушыларының пікірінше, сатып алулар, аударымдар, инвестициялар, мәмілелер – мұның бәрі күнделікті өмірдің бір бөлігіне айналды. Бірақ тәуекелдер де өсті. Кибералаяқтық, фишинг, қаржы пирамидалары тек сөз емес, бәріне қауіп төндіреді. Мемлекеттер цифрлық және қаржылық қылмыстарға қарсы күрес шараларын жүзеге асыруда, бірақ азаматтардың хабардарлығы да маңызды. Заң азаматтарды заң аясында әрекет еткен жағдайда ғана қорғай алады.Форум қазіргі заман сын-тегеуріндерін ашық талқылауға және азаматтарды қаржылық қауіптерден қорғау бойынша тиімді шешімдерді іздеуге арналған маңызды диалог алаңына айналды. #заң&тәртіп #заңментәртіп#законипорядокАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-vko/press/news/details/1024083?lang=kk
📍Қызылтөбе ауылдық округі әкімі аппаратының мамандары ауылдық округ бойынша жер, көлік және мүлік (үй) салығы бойынша салықтық берешегі бар тұрғындарға түбіртектер таратып, төлемдерді уақытылы төлеу қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 25.06.2025
📍Қызылтөбе ауылдық округі әкімі аппаратының мамандары ауылдық округ бойынша жер, көлік және мүлік (үй) салығы бойынша салықтық берешегі бар тұрғындарға түбіртектер таратып, төлемдерді уақытылы төлеу қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Аталған шараның мақсаты — тұрғындарды салық міндеттемелерін орындауға ынталандыру және берешектердің өсіп кетуіне жол бермеу.Қазақстан Республикасы Салық кодексіне сәйкес, жер, көлік және мүлік (үй) салығын белгіленген мерзімде төлемеген жағдайда:әр кешіктірілген ай үшін 0,1% мөлшерінде өсімпұл есептеледі;берешек төленбесе, сот органдарына жолдануы мүмкін;банктік шоттар бұғатталып, мүлікке түйім салынуы ықтимал.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-qyzyltobe/press/news/details/1024091?lang=kk
Алматы облысының жаңа аймақтық рәмізінің жобасы ұсынылды — қоғамдық талқылауға шақырамыз! 25.06.2025
Құрметті облыс тұрғындары! Алматы облысының тарихи-мәдени мұрасын, табиғи ерекшеліктері мен өңірлік бірегейлігін бейнелейтін жаңа өңірлік нышан (символика) жобасы әзірленді. Аталған нышан жобасы – облыстың имиджін қалыптастыруға, ішкі бірлікті нығайтуға, сондай-ақ өңіріміздің болмысын көрнекі түрде көрсетуге бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып табылады. Осыған орай, Алматы облысының жаңа өңірлік нышан жобасын қоғамдық талқылауға ұсынып отырмыз. Баршаңызды өңіріміздің болашағына бейжай қарамай, өз пікіріңізді білдіруге шақырамыз.Талқылау мерзімі: 15 күнтізбелік күн. 2025 жылдың 25 маусымнан бастап 10 шілдеге дейін Ұсыныс/пікірлерді жолдау мекенжайы: daurenbaev.m@almobl.gov.kz почтаға.Жоба үлгісімен танысып сауалнама өте аласыз аласыз.Сіздің ұсыныстарыңыз біз үшін маңызды. Бірге талқылай отырып, ортақ құндылықтарға негізделген мағыналы облыстың нышанын қалыптастырайық!Ұйымдастыру комитеті: Алматы облысының әкімдігі  САУАЛНАМА Алматы облысының жаңа өңірлік нышан жобасын жүктеу Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1024094?lang=kk
23–24 маусым күндері Орал қаласында өткен екі күндік тәжірибелік семинарға Бөрлі аудандық мәслихатының депутаттары қатысты 25.06.2025
23–24 маусым күндері Орал қаласында өткен екі күндік тәжірибелік семинарға Бөрлі аудандық мәслихатының депутаттары қатысып, аса маңызды білім мен дағдыларды тереңдетуге мүмкіндік алды. Семинарды ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисі, Қазақстанда парламентшілікті дамыту қоры, Парламентаризм институты ұйымдастырды.Теориялық мәліметтермен қатар, депутаттар практикалық бөлімдер мен нақты жағдайларға негізделген тапсырмалар арқылы күнделікті жұмыс тәсілдеріне сыни көзқараспен қарап, жақсарту жолдарын анықтады.Пайдалы ақпараттармен бөліскен тәжірибелі лекторлар З.Батталоваға, Л.Сүлейменге және осындай ауқымды іс-шараны өткізген ұйымдастырушыларға алғыс білдіреміз.Әрбір жаңа білім – болашақтағы дұрыс қадамдардың іргетасы. Бұл жолғы семинар да сондай іргетастың бірі болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/burlin-maslihat/press/news/details/1024146?lang=kk
Жеке кәсіпкермен, мейрамхана бизнесінің негізін қалаушымен кездесу өтті, онда кәсіпкерді қызықтыратын барлық мәселелер талқыланды. 25.06.2025
Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқару бірнеше ұйымдар арқылы жүзеге асырылады. Олар авторлар мен авторлық құқық иелерінің құқықтарын қорғау және олардың жұмыстарын пайдаланғаны үшін сыйақы жинау мен бөлуді басқару үшін құрылған.Жеке кәсіпкермен, мейрамхана бизнесінің негізін қалаушымен кездесу өтті, онда кәсіпкерді қызықтыратын барлық мәселелер талқыланды. Біздің республикада мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың тізімі ұсынылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/1024151?lang=kk
Алматы қаласында «Көшпелі қоғамдық қабылдау» акциясы өтуде 25.06.2025
2025 жылғы 24–28 маусым аралығында Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет (Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Департаменті) прокуратура, полиция және Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлерімен бірлесе отырып, «Көшпелі қоғамдық қабылдау» акциясын ұйымдастыруда.Аталған күндері қаладағы әрбір ауданда тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және заңгерлік кеңес беру мақсатында көшпелі қабылдаулар өткізіледі.Іс-шаралар саябақтарда және қоғамдық орындарда өтеді.📍 Шығу кестесі: 24 маусым — Алмалы және Бостандық аудандары25 маусым — Жетісу және Медеу аудандары26 маусым — Әуезов және Түрксіб аудандары27 маусым — Наурызбай және Алатау аудандарыАлматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі атынан процессуалдық офицерлер қатысуда.Бір күннің ішінде 300-ден астам азаматқа кеңес беріліп, құқықтық көмек көрсетілді, сондай-ақ «Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам — отбасынан басталады» атты жадынамалар таратылды.Мұндай тәсіл өзінің тиімділігін көрсетіп, тұрғындарды кеңінен қамтуға мүмкіндік береді. #Заң_мен_Тәртіп#ЗАҢменТӘРТІПАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-almaty/press/news/details/1024157?lang=kk
Жеке тұлғалардың банкроттық рәсімдерін оңайлату 25.06.2025
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2024 жылғы 25 тамыздан бастап жеке тұлғалардың банкроттық рәсімдерін оңайлатуға бағытталған заңнамаға енгізілген өзгерістердің күшіне енгенін хабарлайды:         1. Рәсімдерді қолдану негіздерін қайта қарау         - төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдану үшін қарыз бойынша мерзімі өткен берешектің және мүліктің болуы міндетті шарт болып табылмайды;         - соттан тыс банкроттық рәсімін барлық ұйымдарға қатысты қолдануға болады. Бұл ұйымдар – банктік қарыз шарттары, қарыз (несие) шарттары және микронесие беру шарттары бойынша талап ету құқығына ие ұйымдар, соның ішінде лицензиясынан айырылған, тарату сатысындағы немесе тиісті тізілімнен шығарылған ұйымдар.         2. Соттан тыс банкроттық рәсіміне өтініш беру тәртібін оңайлатуқарыз алушы өтініште кредитор туралы, берешек сомасы туралы мәліметтерді көрсетуден және қандай да бір құжаттарды қоса беруден босатылады.         3. соттан тыс және сот арқылы банкроттық рәсімдерін қолдану үшін төлемдердің болмау мерзімін нақтылау         1 АЕК-тен аз берешек бойынша төлемдер өтелген болып есептелмейді;Қарызды коллекторлық агенттікке беру жағдайында өтелмеу мерзімі талап (құқық) берілген күнге дейінгі соңғы төлем күнінен бастап есептеледі.        4. қарызды реттеу мерзімін өзгертуегер қарыз төлемдері 12 айдан астам уақыт бойы жүргізілмесе, онда қарызды реттеу рәсімін жүргізу талап етілмейді.ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жеке тұлғалардың банкроттығына қатысты сұрақтар бойынша 1414 (3) Байланыс орталығына, 24-44-00 телефонына, сондай-ақ ШҚО аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларына жүгінуді ұсынады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1024161?lang=kk
Салықтық тексерулердің түрлері 25.06.2025
ҚР Салық кодексінің 145-бабына сәйкес, салықтық тексерулердің екі түрі бар: Мерзімді тексеруТәуекел деңгейін бағалау негізінде, бекітілген жартыжылдық кестеге сай жүргізіледі.Кесте жарияланады:- алдыңғы жылдың 25 желтоқсанына дейін- ағымдағы жылдың 25 мамырына дейінКестеге өзгеріс енгізуге болмайды. Негіздемелер:- салық есептілігі- мемлекеттік органдардың ақпараты- ашық дереккөздердегі мәліметтер Жоспардан тыс тексеруТексерудің бұл түрі графикке кірмейді, келесі жағдайларда тағайындалады:- салық төлеушінің өтініші немесе шағымы бойынша- заңды тұлғаның таратылуы немесе қызметін тоқтатуы- ҚҚС-ты қайтару, артық төлемді растау- халықаралық салық келісімдерін қолдану- ҚПК негізінде- камералдық бақылау нәтижесі бойынша ескертуді орындамау- жер қойнауын пайдалану шартының аяқталуы- жалған шот-фактураларға қатысты сот шешімдері- дебиторлармен өзара есеп айырысу- банктер мен қаржы ұйымдарының міндеттері- уәкілетті органның немесе соттың шешімі негізінде Кейбір жоспардан тыс тексерулер бұрын тексерілген кезеңдерге де жүргізілуі мүмкін. Ерекше жағдай: егер сотқа шағым берілсе – шағым бойынша қайта тексеру сот шешіміне дейін жүргізілмейді. Егер компания көлденең мониторингке қатысса – тексеру жүргізілмейді (кейбір ерекше жағдайлардан басқа). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1024173?lang=kk
БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар   Зейнетақы төлемдері иегерлерін күтуде 25.06.2025
БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар Зейнетақы төлемдері иегерлерін күтуде БЖЗҚ талап етілмеген зейнетақы жинақтары бойынша қандай жұмыс жүргізеді? «БЖЗҚ» АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) зейнеткерлік жасқа жақындаған не толған алушыларға да, Қорда зейнетақы жинағы бар, бірақ зейнет жасына жетпей марқұм болған салымшылардың/алушылардың мұрагерлеріне де зейнетақы төлемдерін ресімдеу үшін уақытылы жүгіну қажеттілігі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұдайы жүргізіп отырады.Жыл сайын БЖЗҚ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен бірігіп БЖЗҚ-да міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтары бар, бірақ олар бойынша зейнетақы төлемін алу үшін БЖЗҚ-ға жүгінбеген зейнет жасына толған тұлғалар бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде аталған адамдарға бюджет қаражаты есебінен тағайындалған жасына байланысты және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерінің бар-жоқтығына салыстырып тексеру жұмыстарын жүргізеді.    Талап етілмеген зейнетақы жинақтары төлемін іске асыру бойынша БЖЗҚ қандай шаралар қабылдауда? Жыл сайынғы салыстыру нәтижелері бойынша БЖЗҚ алушыларға зейнетақы төлемдерін проактивті форматта мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырады. Яғни, зейнетақы төлемін мемлекеттік бюджеттен алатын зейнеткерлердің зейнетақы жинақтары бар болса, БЖЗҚ-дан төлемдер ала бастайды. БЖЗҚ талап етілмеген зейнетақы жинақтары сомасының есебін жүргізе ме? 01.06.2025 жылғы жағдай бойынша жалпыға бірдей белгіленген зейнет жасына жеткен тұлғалардың талап етілмеген зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы – шамамен 37,3 млрд теңге, бұл сома 264 695 жеке зейнетақы шотында (ЖЗШ) сақталған. Оның ішінде БЖЗҚ-ның мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алған мәліметтеріне сәйкес:- 148 335 адам қайтыс болған, олардың зейнетақы жинақтарын мұрагерлер талап ете алады;- 59 800 адам Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетті;- 56 560 адам жасына байланысты зейнетақыларын ресімдеу үшін Мемлекеттік корпорацияға (тұрғылықты жері бойынша ХҚКО) әлі өтініш бермеген. Талап етілмеген зейнетақы жинақтарының жай-күйі қалай болмақ? Зейнетақы жинақтарының есебін БЖЗҚ жүргізеді. Талап етілмеген зейнетақы жинақтары инвестициялануын жалғастырып, салымшылардың жеке зейнетақы шоттарында алушылар не олардың мұрагерлері (салымшы қайтыс болған жағдайда) талап еткенге дейін сақталады. Қосымша табыс алу мақсатында инвестициялаумен ҚР Ұлттық Банкі және инвестициялық портфельді жеке басқарушылар (ИПБ) айналысады. Талап етілмеген зейнетақы жинақтары төлемін қалай алуға болады?  Егер:Зейнеткер жинағынан төлем ресімдеуге өтініш бермесе Зейнеткерлік жасқа жетуіне байланысты зейнетақы жарналарының міндетті түрлері есебінен БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін тағайындау, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен базалық және ынтымақты зейнетақы тағайындау үшін алушылар тұрғылықты жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына (ХҚКО) жүгінуі қажет.Шетелге тұрақты тұруға кеткен кезде Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу құқығын елден тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар және отандық заңнамаға сәйкес қажет құжаттарды ұсынған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар пайдалана алады.Зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болуына байланыстыБЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, оның отбасы мүшелеріне республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген 94 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшері шегінде қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтары қаражаты есебінен, бірақ қайтыс болған адамның ЖЗШ-да бар қаражатынан аспайтын мөлшерде жерлеуге біржолғы төлем жүргізіледі.Сондай-ақ зейнетақы жинақтары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады. Зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болғаннан кейін 6 ай ішінде оның мұрагерлері қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтары түріндегі мұрагерлік мүлікті ресімдеу және мұрагерлік құқығы туралы куәлік алу үшін нотариусқа жүгінуге тиіс. Егер өтініш беру мерзімі өтіп кетсе, мұрагерлік құқығын қалпына келтіру үшін сот органдарына жүгіну қажет.Зейнетақы төлемдерінің түріне және өтініш беру тәсіліне байланысты зейнетақы төлемдерін алуға қажетті құжаттардың тізімі enpf.kz сайтындағы «Қызметтер – зейнетақы  төлемдері» бөлімінде жарияланған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-audany/press/news/details/1023918?lang=kk
23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер, Полиция күні! 25.06.2025
23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер, Полиция күні!Бүгін аудан әкімдігінде ел игілігі жолында қалтқысыз қызмет етіп жүрген жандардың еңбегі бағаланып, марапатқа ие болды. Аудан әкімі Мейіржан Смағұлов өз ісіне адал, кәсібіне құрметпен қарайтын мемлекеттік қызметкерлерге алғыс хаттар табыстап, жүрекжарды тілегін жеткізді.Мемлекеттік қызмет – бұл жай ғана мамандық емес, бұл – халық пен билік арасындағы алтын көпір. Әрбір шешім, әрбір қадам – халықтың сенімі мен үмітіне негізделеді.Еңбегі еленген әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Қызметтеріңізге сәттілік, отбасыларыңызға амандық тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-audany/press/news/details/1023932?lang=kk
Абай ауданы – жалпыкомандалық есепте екінші орын! 25.06.2025
Абай ауданы – жалпыкомандалық есепте екінші орын!Абай облысы әкімінің жүлдесіне арналған ауыл спорт ойындарында Абай ауданы жалпыкомандалық есепте екінші орынды иеленді.Облыс әкімі Берік Уәли жеңімпаз спортшыларды салтанатты түрде марапаттап, аудан спортшыларына арнап автобустын сертификатын табыс етті.Үш күнге созылған сайысқа өңірдің 10 ауданынан мыңға жуық спортшы қатысып, ұлттық спорт түрлері мен командалық жарыстар бойынша 16 спорт түрінен бақ сынады.Бұл жеңіс Абай ауданы спортшылары мен бапкерлерінің қажырлы еңбегінің, ұйымшылдық пен жоғары дайындықтың жемісі.Ауданның спорт саласын дамытуға үлес қосқан барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз! Алдағы уақытта да жеңісті сәттер мен биік белестерді бағындыра беріңіздер!Жеңіс құтты болсын!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-audany/press/news/details/1023938?lang=kk
Қазақстан мен Польша парламентаралық байланыстарды нығайту жолдарын талқылады 25.06.2025
Варшава, 2025 жылғы 24 маусым – Қазақстанның Польшадағы Елшісі Нурлан Жалғасбаев Польша Сеймінің депутаты, «Қазақстан–Польша» парламентаралық ынтымақтастық тобының төрайымы Барбара Бартущпен кездесті.Польша депутаты Қазақстанның екіжақты ынтымақтастықты дәйекті дамытуға бейілділігі туралы хабардар болды. Парламентаралық диалог арқылы саяси өзара іс-қимылды нығайтудың маңыздылығы ерекше атап өтілді. Парламенттік делегациялардың өзара сапарларын ұйымдастыру жоспарлары талқыланды.Сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту мен инвестициялық ынтымақтастықты арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қазақстан нарығында ірі поляк бизнестің кеңінен өкілдік табуы және олардың санын артуына қолайлы алғышарттардың бар екендігі атап өтілді.Өз кезегінде, Б.Бартущ қазақстандық дипломатты тағайындалуымен құттықтап, Астана Польшаның Орталық Азиядағы ең маңызды серіктесі екенін атап өтті. Сейм депутаты сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыру жөніндегі ұсыныстарға қолдау білдірді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-warsaw/press/news/details/1023960?lang=kk
Германиялық компания Жамбыл облысында зауыт салады 25.06.2025
Астана, 2025 жылғы 24 маусым – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидулла Оспанқұлов «Knauf» компаниясының басқарушы серіктестері атынан ТМД елдері бойынша өкілі Александр Блюмхардтпен инвестициялық келісімге қол қойды.Инвестициялық жоба аясында жергілікті шикізат негізінде құрғақ гипс қоспаларын шығаратын заманауи зауыттың құрылысы жоспарлануда. Жалпы инвестиция көлемі – 30,5 млн АҚШ доллары, жобалық қуаты – жылына 225 мың тонна. 100 тұрақты жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Өнімнің 80%-ы Қазақстанның ішкі нарығына, ал қалған 20%-ы ЕАЭО елдері мен Орталық Азияға экспортталады.«Knauf» компаниясы қазірдің өзінде 84 млн тонна қоры бар Үлкен-Бұрылтау кен орнында гипс өндіруге лицензияға ие. Бұл өндірісті ұзақ мерзімді шикізатпен қамтамасыз етеді. Зауыт құрылысы барлық қажетті сараптамалардан өткеннен кейін минералдық шикізатты өңдеу желісінен басталады.Ғ.Оспанқұлов жаңа зауыттың өңірдің индустриялық әлеуетін арттыруға қосатын үлесін атап өтті. «Knauf» сынды жаһандық көшбасшылардың қатысуымен жүзеге асырылатын мұндай ірі жобалар – еліміздегі тартымды әрі тұрақты инвестициялық ортаны құру бағытындағы жүйелі жұмыстың нәтижесі. Жаңа өндіріс ішкі нарықты сапалы өніммен қамтып қана қоймай, Қазақстанның экспорттық әлеуетін де күшейтеді», – деді ол.Өз кезегінде А.Блюмхардт Қазақстан тарапына қолдау көрсеткені үшін алғысын білдіріп, жобаның табысты жүзеге асатынына сенім білдірді. «Қазақстан – бұл өңірде бизнесімізді дамыту үшін басым бағыт. Елде қуатты шикізат базасы, өсіп келе жатқан нарық және инвесторларға ашық көзқарас бар. Біз Қазақстандағы қатысуымызды кеңейтіп, құрылыс саласының дамуына үлес қосуға қуаныштымыз», – мәлімдеді «Knauf» өкілі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/invest/press/news/details/1024078?lang=kk