Әлем
Қостанай облысы ауыл шаруашылығының өңделген өнімдерінің экспортын арттыруда 27.04.2026
2025 жылдың қорытындысына сәйкес Қазақстан бойынша агроөнеркәсіптік кешеннің өңделген өнімдерінің экспорты 8,1 млн тоннаны құрады. Оның ішінде Қостанай облысының үлесі – 2,2 млн тонна немесе 27,2%.Өңірдегі осындай экспортқа бағытталған кәсіпорындардың бірі – бұршақ тұқымдас дақылдарды өңдеумен айналысатын Kaizen ЖШС. Кәсіпорын екі жыл бұрын іске қосылған. Қазіргі таңда түркиялық Arbel холдингімен макарон өнімдерін шығаратын зауыт салу жөнінде келісімге қол жеткізілді. Сонымен қатар компания жылына 200 мың тонна бидай өңдейтін диірмен кешенін салуды жоспарлап отыр. Нәтижесінде кәсіпорынның жалпы өндірістік қуаты жылына 400 мың тоннаға дейін жетеді.Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов атап өткендей, Kaizen ЖШС Мемлекет басшысының агроөнеркәсіптік кешендегі өңделген өнім үлесін 70%-ға дейін арттыру жөніндегі тапсырмасы аясында іске қосылған.Кәсіпорын түркиялық Arbel халықаралық холдингінің инвестициясы есебінен салынған. Мұнда 70 жұмыс орны құрылған. Өндірісте төрт түрлі дақыл өңделеді: бұршақ, ноқат, жасыл және қызыл жасымық.Бүгінде кәсіпорын солтүстік өңір үшін бұршақ тұқымдас дақылдарды өңдеу саласындағы технологиялық жабдықталу деңгейі мен өндірістік үдерістерді ұйымдастыру тұрғысынан бірегей болып саналады. Өндіріс жоғары қосылған құны бар, сапа мен қауіпсіздік талаптарына толық сәйкес келетін өнім шығаруға бағытталған.Кәсіпорынның технологиялық базасы заманауи, жоғары өнімді жабдықтармен қамтамасыз етілген. Бұл өндірістік үдерістерді автоматтандырудың жоғары деңгейін, өнім сапасының тұрақтылығын және халықаралық стандарттарға сәйкестікті қамтамасыз етеді.Өнім ішкі нарықпен қатар экспортқа да шығарылады. Экспорт географиясы Түркия Республикасын, Алжир Халық Демократиялық Республикасын, Ауғанстан Ислам Республикасын, сондай-ақ бірқатар Еуропа елдерін қамтиды. Өткен жылы кәсіпорын 180 мың тонна өнім өндіріп, экспорттаған.Саланы одан әрі дамыту мақсатында кәсіпорын макарон өнімдерін шығаратын зауыт салу жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыруды бастады. Жаңа өндірісте қосымша 60 жұмыс орны ашылады.Сонымен қатар компания жылына 200 мың тонна бидай өңдейтін диірмен кешенін салуды жоспарлап отыр.«Аталған жобаларды іске асыру ішкі нарықты отандық өңделген өніммен қамтамасыз етуге, импорттық макарон өнімдеріне тәуелділікті азайтуға, сондай-ақ кәсіпорынның экспорттық әлеуетін арттырып, жақын шетел нарықтарына шығуына мүмкіндік береді», – деді Құмар Ақсақалов.Жалпы алғанда, Kaizen ЖШС қызметі ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеу деңгейін арттыру және экономиканы әртараптандыру жөніндегі міндеттерге толық сәйкес келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1209242?lang=kk
Ұландық тума талант 11 аспаптың құлағында ойнайды 27.04.2026
Түркістан қаласындағы ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5574 әскери бөлімінде қатардағы Рамзат Азизұлы мерзімді әскери қызметін өтеп жүр. Ол 11 музыкалық аспапта еркін ойнайды.Ұландық домбыра, шертер, гитара және бас-гитарада сенімді өнер көрсетеді. Сонымен қатар кахон, дарбука, дабыл, тұяқтас сынды ұрмалы және басқа да ұлттық аспаптарды меңгерген. Жан-жақты сарбаз түрлі музыкалық композицияларды фортепиано, сазсырнай, шаңқобызбен де нақышына келтіре орындайды.21 жастағы Рамзат Жамбыл облысының Жуалы ауданында дүниеге келген. Ол музыкамен бала кезінен айналысады. Алғашқы домбыра сабағын төрт жасында ата-анасынан алған. Отбасында өнерге жақын жандар көп. Ата-анасы музыка пәнінің мұғалімі болса, ағасы прима-домбырада, әпкесі прима-қобызда керемет ойнайды.Қатардағы Азизұлы кәсіби білімін елордадағы «Шабыт» колледжінде «бас домбыра» мамандығы бойынша алған. Бұл аспапты меңгеру үлкен дайындықты талап етеді.Әскерге шақырылғанға дейін Рамзат Астанадағы Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармония жанындағы «Қорқыт» этно-фольклорлық ансамблінің құрамында өнер көрсеткен. Музыкант ретінде телевизиялық жобаларға да қатысқан.Ал әскерде оның музыкалық қабілеті қызметтің алғашқы күндерінен бастап қолдау тапты. Бөлімшеде қабілетін шыңдауға барлық жағдай жасалып, музыкалық аспаптармен қамтамасыз етілген. Соның арқасында ол өз шеберлігін жетілдіруді жалғастырып келеді. Бүгінде ұландық әскери бөлімнің мәдени іс-шараларына белсенді қатысады.Қазіргі уақытта ол Түркістан қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша қызмет атқаруда. Туристерге толы түркі әлемінің астанасындағы әскери қызмет үлкен жауапкершілікті қажет етеді.Ұландықтың айтуынша, музыка ішкі тепе-теңдікті сақтауға және қырағылықты арттыруға көмектеседі, бұл жауынгерлік міндеттерді сапалы орындауда маңызды. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1209277?lang=kk
Ұлттық ұлан Наурыз мерекесін атап өтті 27.04.2026
Астана қаласында ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери бөлімдері Наурыз мейрамы мерекесін ерекше сән-салтанатпен атап өтті. Бас қолбасшылықтың бастамасымен ұйымдастырылған шара барысында әскери бөлімдер киіз үй тігіп, ұлттық рухты ұлықтаған мазмұнды көріністер ұсынды.Мерекелік алаңда тігілген әрбір киіз үй қазақ халқының бай мәдениеті мен салт-дәстүрін кеңінен насихаттауға арналды. Әскери қызметшілер ұлттық тағамдар әзірлеп, қонақтарға дәм ұсынып, халқымыздың қонақжайлық дәстүрін көрсетті.Сонымен қатар, әр бөлім өз киіз үйінде түрлі рәсімдер мен ұлттық ойындарды ұйымдастырып, көпшілікке ерекше көңіл-күй сыйлады.Іс-шара аясында киіз үйлер арасында арнайы номинациялар бойынша үздіктер анықталды. Атап айтқанда, “Ең үздік салт-дәстүр”, “Ең көркем киіз үй”, “Ең өнерлі ауыл”, “Ең қонақжай киіз үй”, “Ең дәмді наурыз көже” номинациялары бойынша үздік шыққан бөлімдер марапатталды. Бұл байқау әскери қызметшілердің шығармашылығын шыңдап, ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыруға зор ықпал етті.Аталған мереке Ұлттық ұлан сарбаздары үшін тек думанды шара ғана емес, сонымен қатар ел бірлігін нығайтатын, рухани құндылықтарды дәріптейтін маңызды басқосу болды. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1209287?lang=kk
Азаматтардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру бойынша диалог алаңы 27.04.2026
Шелек ауылдық округінде құқықтық сауаттылықты арттыру және тұрғындардың өзекті мәселелерін талқылау мақсатында үкіметтік емес ұйымдар, ауыл тұрғындары және әкімдік өкілдерінің қатысуымен диалог алаңы өткізілді. Іс-шараға қатысушылар құқықтық мәдениетті қалыптастыру, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру мәселелері жан-жақты қарастырды. Диалог барысында тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Атап айтқанда, жер қатынастары, әлеуметтік көмек алу тәртібі, отбасылық құқық, еңбек даулары талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbekshikazakh-shelek/press/news/details/1209160?lang=kk
Қазақстанның Халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысы ӨЭС алаңында талқыланды 27.04.2026
Өңірлік экологиялық саммит аясында Біріккен Ұлттар Ұйымы құрылымында Халықаралық су ұйымын (ХСҰ) құру мәселесі бойынша халықаралық консультациялардың алғашқы раунды өтті.Іс-шараға мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың, сондай-ақ ғылыми және сарапшы қауымдастықтың жоғары деңгейлі өкілдері қатысты.Консультациялардың ашылуында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевтың атынан сөз сөйлеген ҚР СІМ Көпжақты ынтымақтастық департаментінің директоры Дидар Теменов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың су күн тәртібін тиімді іске асыру мақсатында БҰҰ-ның тиісті мандаттарын шоғырландыру жөніндегі бастамасының негізгі мақсаттарын атап өтті.БҰҰ Бас хатшысының экономикалық және су мәселелері жөніндегі орынбасары Л.Цзюньхуа, БҰҰ Бас хатшысының су ресурстары жөніндегі арнайы өкілі Р.Марсуди (бейнеүндеу арқылы), БҰҰ ЕЭК атқарушы хатшысы Т.Молчан, сондай-ақ, ЮНЕСКО, UN Water және БҰҰ-ның басқа да мамандандырылған мекемелерінің өкілдері ХСҰ құру мәселесі бойынша өз көзқарастарымен бөлісті.Елдік ұстанымдар мен ұсыныстарды Әзербайжан Президентінің климат мәселелері жөніндегі өкілі, COP29 Президенті М. Бабаев, Өзбекстанның су ресурстары министрі Ш. Хамраев, Сербияның қоршаған ортаны қорғау министрі С. Павков, бірқатар елдердің бейінді министрліктері басшыларының орынбасарлары мен БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің өзге де өкілдері ұсынды.Жалпы алғанда, мемлекеттер, халықаралық ұйымдар және ғылыми қауымдастық өкілдері ҚР Президентінің ХСҰ құру жөніндегі бастамасына қолдау білдірді. Қатысушылар су саласындағы жаһандық басқару жүйесін жетілдірудің өзектілігін ескере отырып, оның уақтылығы мен орындылығын атап өтті.Мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өкілдері ХСҰ құру бойынша алдағы талқылауларға сындарлы түрде қатысуға дайын екендіктерін растады.Өз кезегінде Консультациялар модераторы, ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі З.Сүлейменова қатысушыларға келіссөздер үдерісін бастауға белсенді қатысқандары үшін алғыс білдіріп, Қазақстанның аталған бастаманы барлық халықаралық алаңдарда ілгерілетуді жалғастыратынын растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1209178?lang=kk
Шымкентте «Халық заңгері» акциясы 30 сәуірде өтеді 27.04.2026
Шымкентте «Халық заңгері» акциясы 30 сәуірде өтедіҚала әкімінің тапсырмасына сәйкес, «2026 жылдың 30 сәуірде Шымкент қаласында «Халық заңгері» акциясы өтеді».Акция Шымкент қаласында «Арбат» демалыс аймағы (Бейбітшілік көшесі №4-6) 2026 жылы 30 сәуірде сағат 16.00-де басталады.Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және заң көмегін көрсету. Кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін қажетті консультация ала алады. Олардың арасында жергілікті атқарушы органның, аумақтық және құқық қорғау органдарының өкілдері, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылар, адвокаттар, нотариустар және басқалары бар.
Тексеріс барысында Алматыдағы көтерме базарда 9 делдал анықталды 27.04.2026
Премьер-Министр Олжас Бектенов тапсырмасына сай әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу және мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету, сондай-ақ тиімсіз делдалдарды жою мақсатында, биылғы жылдың 25 сәуірінде Сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау Департаменті Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасымен, Мемлекеттік кірістер департаментімен, Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен және қала аудандары әкімдерінің аппараттарымен бірлесіп, қаланың ең ірі көтерме базары «Барыс-4»-те кезекті мониторинг жүргізді.Жүргізілген мониторинг аясында Алматы қаласының Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті базардағы көтерме саудамен айналысатын делдалдарды талдады. Кешенді іс-шаралар қорытындысы бойынша қазіргі уақытта 9 делдал анықталды.Сонымен қатар, өңірлік комиссия аясында Алматы қаласының Мемлекеттік кірістер департаменті кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты хронометраждық тексерулер жүргізуде.Бұдан бөлек, Департамент тарапынан кәсіпкерлер мен сауда нарығының әкімшілігіне сауда заңнамасының талаптарын түсіндіру және ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Әсіресе, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына 15%-дан аспайтын сауда үстемесін сақтау, сондай-ақ тауарларды нақты рәсімделген және тұтынушыларға қолжетімді түрде орналастырылған баға белгілерімен сату мәселелеріне ерекше назар аударылды.Аталған мәселе тұрақты бақылауда, анықталған барлық делдалдар мен кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты материалдар өңірлік комиссия отырысында қарауға жолданды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1209114?lang=kk
Заң сабақтары: Қостанай облысында оқушылар мен студенттердің құқықтық мәдениеті қалай қалыптасуда 27.04.2026
Қостанай облысында «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында жастардың құқықтық санасын қалыптастыруға бағытталған тәрбиелік сабақтар бағдарламасы кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Бастама өскелең ұрпақ арасында құқықтық мәдениетті арттыруға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған.Жоба аясында облыстың мектептері мен колледждері қамтылып, оған прокуратура және полиция органдарының қызметкерлері, сондай-ақ сала ардагерлері тәлімгер ретінде белсенді түрде тартылуда. Бұл өз кезегінде жастарға тәжірибелік білім беріп, құқықтық мәселелерді нақты мысалдар арқылы түсіндіруге мүмкіндік береді.Бағдарлама шеңберінде оқушыларға құқықтық сауаттылықты арттыруға арналған сабақтар өткізіліп, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, нашақорлық пен құмар ойындарға тәуелділік қаупі, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы девиантты мінез-құлық мәселелері жан-жақты түсіндіріледі. Сабақтар интерактивті форматта ұйымдастырылып, тренингтер мен практикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың белсенді қатысуы қамтамасыз етіледі.Осы бағыттағы кезекті іс-шара Қостанай қаласындағы №8 орта мектепте өтті. Кездесу барысында оқушылармен ашық диалог орнатылып, құқықтық нормаларды сақтау, жеке жауапкершілік және заңға құрмет тақырыптары кеңінен талқыланды.Аталған жоба – жастар арасында құқықтық мәдениетті нығайтуға, заңға құрметті қалыптастыруға және олардың саналы азамат болып қалыптасуына ықпал ететін маңызды бастамалардың бірі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1209045?lang=kk
СӘИЖ СТК - де камералдық бақылау хабарламаларымен жұмыс жүргізу 27.04.2026
⚜️Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті камералдық бақылау хабарламаларын орындау тәртібі туралы хабарлайды.📌 Камералдық бақылау барысында сәйкессіздіктер анықталған жағдайда, салық төлеушіге (көлденең мониторингке қатысушыларды қоспағанда) сәйкессіздіктер туралы хабарлама жіберіледі.✅ Хабарлама қашан орындалды деп есептеледі.1. Егер сіз сәйкессіздіктермен келіссеңіз,Бұзушылықтарды келесі тәсілдердің бірі немесе бірнешеуі арқылы жою қажет:✅ тиісті кезең үшін түзетілген салық есептілігін тапсыру;✅ бұрын қайтарылған ҚҚС-ты бюджетке қайтару және өсімпұл төлеу (алған күннен бастап қайтарған күнге дейін әр күн үшін);өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін:✅ деректерді арнайы мобильді қосымшада көрсету;✅ немесе салықтар мен әлеуметтік төлемдерді төлеу;✅ қажет болған жағдайда — басқа салық режиміне көшу үшін әрекеттер жасау (ҚР Салық кодексінің 716-бабына сәйкес).2. Егер сіз келіспесеңізСіз міндеттісіз:✅ салық органына сәйкессіздіктердің себептері туралы түсіндірме жіберу;❗️маңызды: түсіндірмеде салық заңнамасының бұзылғанын көрсетуге болмайды.💻 Түсіндірмені қалай жіберуге болады:Түсіндірме СӘИЖ СТК жүйесі арқылы беріледі, ол үшін:☑️ басты бетке кіру;☑️ «Кіріс құжаттар» бөліміне өту;☑️ «Барлығын көру» батырмасын басу;☑️ қажетті хабарламаны табу.Хабарламаны ашқаннан кейін:🔎 ашылған терезеде хабарламаның өзі және «Мемлекеттік кірістер органдары құжатын орындау» бөлімі көрсетіледі.📍 Осы бөлімде:📌 түсіндірме өрісін толтыру (сәйкессіздіктердің себептерін сипаттау немесе қандай шаралар қабылданғанын көрсету);📌 растайтын құжаттарды тіркеу (бар болса).Барлығын толтырғаннан кейін «Қол қою және жіберу» батырмасын басыңызАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1233559?lang=ru
Қазақстан мен БАӘ стратегиялық серіктестікті нығайтуға бейілділіктерін растады 27.04.2026
Абу-Даби, 2026 жылғы 27 сәуір – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапары барысында БАӘ Премьер-Министрінің орынбасары және Сыртқы істер министрі шейх Абдалла бен Заид Әл Нахаянмен келіссөздер жүргізді.Кездесу барысында тараптар қазақ-әмірлік серіктестігінің қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады, саяси диалогтың жоғары деңгейін және екі ел арасындағы дәстүрлі бауырластық қарым-қатынастарды атап өтті.«БАӘ Қазақстанның араб әлеміндегі стратегиялық серіктесі болып табылады және екі ел арасындағы ынтымақтастық барлық негізгі салаларда дәйекті нығайып келеді», - деп атап өтті Ермек Көшербаев.Екі ел басшылығы арасында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға, сондай-ақ сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше назар аударылды.Тараптар энергетика, көлік, инфрақұрылым, инновациялар, жасанды интеллект және азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.«Экономикалық ынтымақтастық әрқашан біздің серіктестігіміздің берік негізі болды. Бүгінде БАӘ өңірдегі Қазақстанның негізгі сауда және инвестициялық серіктестерінің бірі болып табылады және біз жаңа бірлескен жобаларды ілгерілетуге мүдделіміз», - деп атап өтті ҚР СІМ басшысы.Сондай-ақ тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты. Е.Көшербаев өңірдегі қазіргі ахуал тұрғысынан Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріне қолдауы мен ынтымақтастығын растап, ушығудың алдын алудың және барлық қақтығыстарды халықаралық құқық қағидаттарына негізделген саяси және дипломатиялық құралдар арқылы шешудің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар ҚР СІМ басшысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан БАӘ Президентіне 2026 жылдың 28-29 мамырында Астанада өтетін Еуразиялық экономикалық одақ саммитіне қатысуға ресми шақыруды табыс етті.Өз кезегінде шейх Абдалла бен Заид Әл Нахаян қазақ тарапына қолдау білдіргені үшін алғыс білдіріп, дипломатиялық күш-жігерді ілгерілетуге бағытталған Қазақстанның сындарлы ұстанымын жоғары бағалады. Келіссөздердің қорытындысы бойынша тараптар стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдетуге, іс жүзіндегі іс-қимылды кеңейтуге және екіжақты және көпжақты форматтарда тығыз үйлестіруді жалғастыруға өзара мүдделі екендіктерін растады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1209075?lang=kk
23 сәуір – Ұлттық кітап күні аясында еліміз бойынша «Мен оқыған 10 кітап» акциясы. 27.04.2026
23 сәуір – Ұлттық кітап күні аясында еліміз бойынша «Мен оқыған 10 кітап» акциясы жарияланды. Мақсаты – қоғамда жаппай кітап оқу үрдісін арттыру үшін әр азаматтың кітап оқуына ықпал ету. Өскелең ұрпаққа өнеге көрсету мақсатында бұл акцияға Бастаушы ауылдық кітапханасы қолдап тұрақты оқырманы туралы айта кетуді жөн көрдім, Бастаушы ауылдың тумасы, Ержанова Күлбағи апамыз 84 жаста болса да, кітапты сүйіп оқиды және көпеген кітаптарды оқыған. Осы жылдың басынан оқыған кітаптары туралы айта кетсек Қабдеш Жұмаділовтың он екі томдық кітабын оқыды және «Бір ел - бір кітап» акциясы аясында Қабдеш Жұмаділовтың «Тағдыр» атты екі томдық кітабын оқып өскелен ұрпаққа тәрбиелік мәні бар екенің және туған елін, жерін қастерлеу мақсатында мазмұның айтты, оқырмандардың тарихи танымын кеңейтіп, ел тарихына деген құрметін арттыруға бағытталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-bastaushy/press/news/details/1208817?lang=kk
АНОНС «Сиверс алма ағашаның гүлденуі» фестивалі 27.04.2026
Өтетін күні: 2 мамыр, 2026 жылӨтетін орны: Сарқан ауданы, Тополевка ауылы, «Жоңғар-Алатау» МҰТП2026 жылғы 2 мамырда Жетісу облысында көктемнің ең әсерлі табиғи оқиғаларының бірі – «Сиверс алма ағашының гүлденуі» фестивалі өтеді. Бұл – сирек кездесетін ерекше табиғи құбылысқа арналған маңызды шара.Іс-шара «Жоңғар-Алатау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында, Сарқан ауданы Тополевка ауылының көркем маңында ұйымдастырылады. Бұл орын кездейсоқ таңдалған жоқ: дәл осы жерде жер шарындағы Сиверс жабайы алмасының ең ірі тоғайлары орналасқан. Ол – жер бетіндегі барлық мәдени алма сорттарының арғы тегі. Ғалымдардың бағалауынша, осы бірегей алманың әлемдік табиғи қорының шамамен 48%-ы Жетісу өңірінде шоғырланған.Жылына бір-ақ рет, көктемнің бірнеше аптасы ішінде тау беткейлері нәзік ақ және қызғылт гүлге оранып, алқаптарды нағыз көркем табиғи көрініске айналдырады. Осы кезеңде мыңдаған туристер, фотографтар мен саяхатшылар өңірге келіп, сирек табиғи құбылысты тамашалап, оның тарихымен танысып, фестиваль атмосферасын сезінеді.Фестиваль туризм саласының өкілдерін, экологтарды, ғалымдарды, БАҚ өкілдерін, тревел-блогерлерді, қолөнершілерді, мәдениет қайраткерлерін, сондай-ақ студенттер мен табиғат сүйер қауымды біріктіреді. Бұл шара экотуризмді дамытуға, табиғи мұраны сақтауға және өңірді халықаралық деңгейде танытуға арналған алаң болмақ.Іс-шара Қазақстанның республикалық іс-шаралар күнтізбесіне енгізілген, бұл оның маңыздылығы мен туристік тартымдылығын айқындайды.Биылғы фестиваль қонақтары үшін ерекше атмосфера ұсынылады. Хедлайнерлер – Bayansulu және Қуандық Рахым сахнаға шығып, гүлдеген таулар аясында жарқын концерттік бағдарлама ұсынады.Фестиваль бағдарламасы:Сиверс алмасының гүлдеген бау-бақшаларының панорамалық көріністері;Plein air форматындағы суретшілер байқауы;Мәдени іс-шаралар;Ұлттық спорт ойындары;Қолөнер көрмелері және шеберлік сабақтары;Концерттік және ойын-сауық бағдарламалар.«Сиверс алмасының гүлденуі» фестивалі – Қазақстанның ең әсем табиғи құбылыстарының бірін тамашалап, таулар мен таза ауа аясында өткізуге, ұлттық мәдениетпен жақынырақ танысуға және ұмытылмас әсер алуға мүмкіндік береді.Жетісу сіздерді табиғаттың аңызына шақырады!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hanoi/press/news/details/1208822?lang=kk
Жолаушылар кедендік декларациясын толтыру тәртібіндегі өзгерістер туралы 27.04.2026
🔰Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2026 жылғы 17 наурыздағы № 34 «Жолаушылар кедендік декларациясын толтыру тәртібіне және жолаушылар кедендік декларациясында мәлімделген мәліметтерді өзгертуге (толықтыруға) байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібіне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің қабылданғанын хабарлайды.Аталған шешімге сәйкес:🗓️ 2026 жылғы 19 сәуірден бастап (ресми жарияланған күннен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң — 19.03.2026 ж.) жеке тұлғалар келесі тауарларды әкелу кезінде жолаушылар кедендік декларациясында IMEI-кодтарды міндетті түрде көрсету енгізіледі:✔️смартфондар;✔️ ұялы байланысқа арналған телефон аппараттары;✔️ ұялы байланыс функциясы бар планшеттер.📍IMEI-код декларацияның тиісті бағанында көрсетілуі қажет.📄 Шешімнің мекенжай түрлерінің кодтарын көрсетуге қатысты өзге ережелері 2027 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енеді.🔄 Аталған өзгерістерді Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу кезінде ескерулеріңізді сұраймыз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1208839?lang=kk
Қазақстандық курсанттар математикадан ТМД олимпиадасында күміс жүлдегер атанды 27.04.2026
Алматы қаласында ТМД-ға мүше мемлекеттердің жоғары әскери оқу орындарының курсанттары арасында өткен Х Халықаралық математика олимпиадасы өз мәресіне жетті.Зияткерлік додаға алты елдің өкілдері қатысты: Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан және Тәжікстан. Олимпиада үш кезеңнен тұрды және математиканың әртүрлі бөлімдері бойынша тапсырмаларды қамтыды. Бұл қатысушылардың дайындық деңгейін жан-жақты бағалауға мүмкіндік берді.Жалпы командалық есеп бойынша үшінші орынды Өзбекстан командасы иеленсе, екінші орын Қазақстан курсанттарына бұйырды, ал бірінші орынды Ресей командасы жеңіп алды.Жеке біріншілікте үздік нәтижені Владислав Молофеев (Ресей), Нуралибек Өзбеков (Өзбекстан), Ислам Ермеков (Қазақстан) көрсетті.Жеңімпаздар ТМД-ға мүше мемлекеттердің Қорғаныс министрлері кеңесінің төрағасының ауыспалы кубогымен, сондай-ақ медальдармен, грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының бастығы генерал-майор Нұртас Қабақов олимпиаданың маңызды нәтижелерінің бірі — Достастық елдерінің қарулы күштері арасындағы кәсіби және достық байланыстардың нығаюы екенін атап өтті.– Мұндай іс-шаралар тек кәсіби құзыреттерді ғана емес, болашақ офицерлер арасындағы әріптестік рухты да қалыптастырады. Алған білім мен тәжірибе олардың алдағы қызметінде міндетті түрде қажет болады деп сенемін, – деді ол.Зияткерлік сайыстардан бөлек, қатысушылар үшін мазмұнды мәдени-ағартушылық бағдарлама ұйымдастырылды. Қонақтар Қазақстанның тарихымен, қазіргі жетістіктерімен және қазақ халқының қонақжай дәстүрлерімен танысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1208843?lang=kk
«БЖЗҚ» АҚ 2026 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша зейнетақы жинақтарын инвестициялау есебін ұсынады 27.04.2026
«БЖЗҚ» АҚ 2026 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша зейнетақы жинақтарын инвестициялау есебін ұсынады "БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Статистика және аналитика – Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі - ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебін ұсынды. 2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша ҚРҰБ және ИПБ басқаруымен зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 26 811,26 млрд теңгені құрады. Осы күнгі жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 25 760,59 млрд теңгені[1] құрады. ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің көлемі - 948,86 млрд. теңге.ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері 101,81 млрд теңгені құрады. ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліҰлттық Банк БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушы ретінде теңгерімді инвестициялық саясатты ұстанады: валюталар, елдер, секторлар және эмитенттер бойынша қаржы құралдарының сан-алуан түрлеріне инвестициялайды.ҚРҰБ ұсынған ақпарат бойынша 2026 жылғы 1 сәуірде МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттары төмендегідей: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 42,74%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 9,26%, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 2,58%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 2,42%, ҚРҰБ депозиттері – 2,09%, шет мемлекеттердің МБҚ – 1,42%, МҚҰ – 1,14%.Активтердің 35,23%-ы индексті басқару шеңберінде инвестицияланады. Бұл тәсіл инвестордың стратегиялық мүдделерін көрсететін бағалы қағаздар жиынтығы болып табылатын эталондық портфельге бағдарланған инвестициялық портфельді қалыптастыруды көздейді. Эталондық портфельдің кірістілігі басқару тиімділігін бағалау кезінде шара ретінде қызмет етеді. Эталондық портфель ретінде жетекші әлемдік қаржы компаниялары немесе ҚРҰБ әзірлеген және қадағалайтын индекстер пайдаланылады. Активтерді индекстік басқаруды ҚРҰБ дербес, сондай-ақ дамыған елдер облигацияларының субпортфеліне, дамушы елдер облигацияларының қосалқы портфеліне, корпоративтік облигациялардың қосалқы портфеліне және акциялардың қосалқы портфеліне қатысты шетелдік басқарушы компанияларды тарта отырып жүзеге асырады.2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен сатып алынған қаржы құралдары номинацияланған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель мынадай: ұлттық валютадағы инвестициялар – 61,09%, АҚШ долларымен – зейнетақы активтері портфелінің 38,91%.Инвестициялау нәтижесінде бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі табыс, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша кіріс 549,32 млрд теңгені, бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер 94,12 млрд теңгені, өзге кірістер 0,48 млрд теңгені құрады. Бағамдық қайта бағалауды ескере отырып, сыртқы басқарудағы активтерді қоспағанда, шетел валютасында инвестицияланған бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалау теріс болып қалыптасты.2025 жылғы сәуірден бастап 2026 жылғы наурызға дейінгі соңғы 12 айда есептелген инвестициялық кірістің мөлшері шамамен 2,49 трлн теңгені құрады, осы кезеңдегі кірістілік 10,74%-ды құрады.2026 жылғы 1 сәуірдегі ЖМЗЖ инвестициялау бағыттары келесідей: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 93,84%, ҚРҰБ депозиттері – 6,15%, инвестициялық шоттардағы ақшалай қаражат – 0,01%.ЖМЗЖ есебінен инвестициялық портфель тек ұлттық валютада номиналданған қаржы құралдарынан тұрады. Бағалы қағаздар бойынша, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша сыйақы түріндегі кіріс – 30,65 млрд теңге. Бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалау салымшыларға 3,45 млрд теңге кіріс әкелді.2025 жылғы сәуірден бастап 2026 жылғы наурызға дейінгі соңғы 12 айда ЖМЗЖ бойынша есептелген инвестициялық кірістің мөлшері шамамен 104,22 млрд теңгені құрады, осы кезеңдегі кірістілік – 18,52%.ҚРҰБ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы және инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында берілген. Сондай-ақ, enpf.kz сайтында ЖМЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері бойынша портфель құрылымы туралы ақпарат орналастырылды.Инвестициялық портфельді басқарушыларИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі – 101,81 млрд теңге.2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша "Alatau City Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері – 16,33 млрд теңге.Компанияның негізгі инвестициялары: Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 24,63%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 16,80%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің (ЕДБ) облигациялары – 12,49%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 10,00%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 9,64%, РЕПО – 6,48%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 5,29%, МҚҰ – 3,33%, шет мемлекеттердің МБҚ – 1,90%.Атап кетейік, портфельдің 56,12% теңгемен, 42,86% АҚШ долларымен, 1,02% басқа валюталарда ұсынылған. Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы сәуірден 2026 жылғы наурызға дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 10,62%."Alatau City Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.01.04.2026ж. жағдай бойынша "Halyk Global Markets" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 7,55 млрд теңге болды.Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар: шетелдік эмитенттердің үлестік құралдары (ETF пайлары) – 22,93%, ҚР ЕДБ облигациялары – 16,53%, ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 11,44%, ҚРҰБ ноттары – 15,96%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 11,68%, ҚР ұйымдарының корпоративтік облигациялары – 6,79%, Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған акциялар мен депозитарлық қолхаттар – 4,15%, шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар – 2,53%, кері РЕПО (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 2,07%.Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 63,95%-на, АҚШ долларымен 36,05%-на тең.Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы сәуірден 2026 жылғы наурызға дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 10,54%."Halyk Global Markets" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.01.04.2026ж. жағдай бойынша "BCC Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 13,08 млрд теңге. Инвестициялардың негізгі бағыттары: ҚР ЕДБ облигациялары – 23,54%, ҚР ҚМ МБҚ – 17,71%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 14,12%, РЕПО – 11,17%, ҚР резидент-эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 9,62%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 6,25%, шет мемлекеттердің МБҚ – 5,45%, ҚР эмитент-резиденттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 5,93%. Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 66,59%-ын, АҚШ долларымен 33,41%-ын құрайды.Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы сәуірден 2026 жылғы наурызға дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 9,01%. "BCC Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.01.04.2026ж. жағдай бойынша "Сентрас Секьюритиз" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 7,19 млрд теңге.ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигацияларына – 21,35%, РЕПО – 16,62%, ҚР ЕДБ облигацияларына – 14,45%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына – 14,29%, шет ел эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына – 9,10%, АҚШ мемлекеттік облигацияларына – 5,98%, ҚР ҚМ МБҚ-ға – 4,93%, ҚР резиденттері-эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына – 4,26%, шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына – 2,08% инвестицияланды.Ұлттық валютада портфельдің 70,71%-ы, АҚШ долларында 29,29%-ы инвестицияланды.Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы сәуірден 2026 жылғы наурызға дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 17,80%. "Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.01.04.2026ж. жағдай бойынша "Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 57,66 млрд теңге болды.Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялардың сипаты мынадай: кері РЕПО (90 күнтізбелік күннен көп емес) – 17,23%, ҚР ЕДБ облигациялары – 14,96%, ҚРҰБ ноттары – 12,62%, ҚР ҚМ МБҚ – 11,81%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 8,08%, МҚҰ – 6,95%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 6,74%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 5,36%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 4,33%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 3,28%. Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 68,70%, АҚШ долларында – 31,30% инвестицияланды.Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы сәуірден 2026 жылғы наурызға дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 10,98%."Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.2023 жылғы 1 шілдеден бастап салымшылар инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) сенімгерлік басқаруына міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 50%-дан аспайтын бөлігін ең төменгі жеткіліктілік шегін есепке алмастан бере алады. Ал ерікті зейнетақы жинақтары бар салымшыларға оны ИПБ-ға 100% көлемінде беруге болады.2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап ИПБ қызметін Ki композиттік индекстері негізінде бағалау жүйесі енгізілді. Композиттік индекс – бұл жаһандық экономикалық тенденцияларды, сондай-ақ капитал нарығындағы жағдайларды ескере отырып, ИПБ жұмысының нәтижелерін объективті бағалауды қамтамасыз ететін ұлттық және әлемдік қор нарықтарының индекстерін қамтитын бенчмарк түрі. 2026 жылдан бастап ИПБ зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі қызметті тәуекел деңгейі, кірістілігі және инвестициялау мерзімдері бойынша ерекшеленетін үш инвестициялық портфельдің бірін таңдауды көздейтін жаңа тәсіл негізінде жүзеге асырады. Егер зейнетақы активтерінің кірістілігі белгіленген ең төменгі деңгейден (композиттік бенчмарктан) төмен болған жағдайда, ИПБ теріс айырма сомасын меншікті капитал есебінен өтеуге тиіс. Осылайша, жеке басқарушылар жинақтардың сақталуын меншікті капиталмен қамтамасыз етуге жауапты. Айта кету керек, зейнетақы жинақтарын ИПБ-ға беру мүмкіндігі пайда болған 2021 жылдан бастап барлық басқарушы компаниялар белгіленген нормативтерді сақтады, осыған байланысты белгіленген айырмашылықты өтеу қажеттілігі туындаған жоқ. ҚР Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы жинақтар төлемдерге құқық алған кезде инфляция деңгейінен төмен болмайтын деңгейде сақталу мемлекеттік кепілдігімен қорғалады.Сондай-ақ, БЖЗҚ азаматтардың зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша invest.enpf.kz бірыңғай ақпараттық интернет-платформаны іске қосқанын еске саламыз. Ол ИПБ туралы барлық негізгі ақпаратты бір цифрлық кеңістікте біріктіреді және инвестициялық қызмет туралы деректерді ұсынуға жүйелі тәсілді қамтамасыз етеді.БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). [1] зейнетақы жарналары мен төлемдер шоттарындағы ақшаны есепке алмағандаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-urzhar/press/news/details/1213287?lang=kk
ИКАО Өңірлік экологиялық саммит жұмысына қатысты 27.04.2026
2026 жылғы 23 сәуір, Астана. Монреаль қаласындағы Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілдігінің қолдауымен ИКАО-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі департаментінің басшысы Тетцуя Танака мырза 2026 жылғы 22-24 сәуір аралығында өткен Өңірлік экологиялық саммит аясындағы «Regional Knowledge Exchange on Carbon Pricing and ETS Reform» панельдік сессиясында онлайн форматта спикер ретінде сөз сөйледі.Өз сөзінде Т. Танака мырза ИКАО-ның стратегиялық мақсаттарына шолу жасап, авиация саласында 2050 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты.Ол экологиялық күн тәртібінің өзектілігін және қоршаған ортаны қорғау мәселелерін ерекше атап өтті. Қазіргі таңда авиация жаһандық шығарындылардың шамамен 2%-ын құрайтыны, ал авиациялық шығарындыларды реттеудің күрделілігі олардың трансшекаралық сипатымен байланысты екені айтылды.Сонымен қатар, CORSIA (Carbon Offsetting and Reduction Scheme for International Aviation) – ИКАО әзірлеген халықаралық азаматтық авиациядағы көміртегі шығарындыларын өтеу және азайту жүйесіне қатысудың маңызына назар аударылды.Т. Танака мырза тұрақты авиациялық отын (SAF) мәселесіне тоқталып, оны жаһандық деңгейде енгізу үшін шамамен 3,3 трлн. АҚШ доллары көлемінде инвестиция қажет болатынын атап өтті.Т. Танака мырзаның баяндамасы қатысушылар мен мүдделі тараптар арасында үлкен қызығушылық тудырып, тұрақты авиацияны дамыту мәселелеріне қосымша назар аударуға ықпал етті.ИКАО-ның Саммитке қатысуы пікірталастар мазмұнын байытып, авиацияның тұрақты дамуы, көміртегі бағасын белгілеу және шығарындылар саудасы жүйелерін енгізу бойынша диалогты нығайтты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazakhstanicao/press/news/details/1208807?lang=kk
Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастықты тереңдету перспективалары Еуропадағы сарапшылық конференцияда таныстырылды 27.04.2026
Шантийи, 2026 ж. 24 -26 сәуір - Қазақстан Республикасының Еуропалық Одақ жанындағы Елшісі Роман Василенко шақырылған спикер ретінде Франция халықаралық қатынастар институты (IFRI) ұйымдастырған «Фрагментация мен өзара тәуелділік арасында: жаһандық басқаруды қайта пайымдау» тақырыбындағы 18-ші жыл сайынғы «Әлемдік саясат конференциясының» (World Policy Conference) жұмысына қатысты.«Еуропалық Одақ стратегиялық әріптес ретінде: Шығыс Еуропа, Оңтүстік Кавказ және Орталық Азия көзқарасы» атты сессияда сөз сөйлеген қазақстандық дипломат Еуроодақтың еліміздің ең ірі сауда және инвестициялық әріптесі ретіндегі тартымдылығын атап өтіп, жалпы алғанда Еуропалық Одақтың Орталық Азиямен өзара іс-қимылды кеңейтуге өсіп келе жатқан бейілділігін көрсетті. Осы тұрғыда ол 2025 жылғы 3-4 сәуірде Самарқандта өткен тарихтағы алғашқы «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» саммитінің табысты өткенін еске салды, оның қорытындысы бойынша екі өңір арасындағы ынтымақтастықты стратегиялық әріптестік деңгейіне шығару жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілген болатын.Қазақстан көзқарасы тұрғысынан Еуроодақтың «Global Gateway» бастамасы мен Қытайдың «Белдеу және жол» жобасының өзара толықтырушы сипатын атап өткен ҚР Елшісі Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы көлік және логистика (ең алдымен, Транскаспий халықаралық көлік бағытын немесе «Орта дәлізді» кеңейту), аса маңызды шикізат материалдары, дәстүрлі және «жасыл» энергетика, зерттеулер мен инновациялар салаларындағы ынтымақтастықтың серпінді дамуы мен зор перспективаларын атап өтті.Қазақстан ұлттық мүдделерді ескеретін теңгерімді әрі прагматикалық сыртқы саясатты жүзеге асыра отырып, Еуропалық Одақпен басым әріптестердің бірі ретінде стратегиялық әріптестікті одан әрі дамытуға ниетті екені атап көрсетілді.«Біздің қатынастарымыздың даму жолы орасан зор болды. Бұған Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы жан-жақты келісімнің жасалуы, елімізде 4 мыңнан астам еуропалық компанияның қызметі, Еуропалық Одақтан экономикамызға 200 млрд. АҚШ долларынан астам инвестиция тартылуы, сондай-ақ көшбасшыларымыз арасындағы ашық әрі сындарлы диалогтың сақталуы дәлел бола алады. Ынтымақтастығымыздың одан арғы табысының кепілі – өзара құрмет пен өзара тиімділік негізінде басым салалардағы ынтымақтастықты тереңдету жөніндегі уағдаластықтарды тиімді әрі жедел түрде іс жүзінде іске асыру», – деп атап өтті Елші.Осы тұрғыда Р. Василенко Қазақстан халқының жаңа Конституцияны қабылдауы халықаралық қоғамдастыққа, соның ішінде Еуропалық Одаққа, еліміздің өңірлік және жаһандық сын-қатерлерге ден қоюда, сондай-ақ болашақ күн тәртібін қалыптастыруда тұрақты, өзіне сенімді және болжамды серіктес ретінде сындарлы өзара іс-қимылға бейілділігі туралы айқын белгі жолдайтынын атап өтті.Сессияға сондай-ақ Грузия Сыртқы істер министрінің орынбасары Лаша Дарсалия, Армения Сыртқы істер министрінің орынбасары Ваган Костанян және Гарвард университеті жанындағы Белфер орталығының аға ғылыми қызметкері Дмитро Кулеба (Украинаның бұрынғы Сыртқы істер министрі) қатысты.Пікірталасқа қатысушылар геосаяси күйзелістер жағдайындағы Еуропалық Одақтың қазіргі трансформациясын, трансатлантикалық қатынастар эволюциясын және Еуропаның әлемдегі өзгеріп жатқан рөлін талқылады. Еуропалық Одақтың халықаралық құқық пен Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының қағидаттарына адалдығын сақтаудың маңыздылығы атап өтілді.Жалпы алғанда, конференцияға Еуропа, Азия және Солтүстік Американың жетекші талдау орталықтары мен жеке компанияларының басшыларымен қатар Сербия Президенті Александр Вучич, Руанда Президенті Поль Кагамэ, Франция Сенатының төрағасы Жерар Ларше, Румыния, Польша, Біріккен Араб Әмірліктері, Кот-д’Ивуар және басқа да елдер үкіметтерінің өкілдері қатысты.Конференция барысында Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалау мен әлеуетін нығайтуда, сондай-ақ халықаралық қатынастардың жаңа архитектурасын қалыптастыруда әртүрлі құрлықтардағы «орта державалардың» рөліне ерекше назар аударылды. Қазақстанды қоса алғанда, мұндай мемлекеттердің белсенді тартылуы мен өзара іс-қимылы жаһандық қайшылықтарды шешуге және әлемдік прогреске қол жеткізуге елеулі үлес қоса алатыны атап өтілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brussels/press/news/details/1208786?lang=kk
Республикалық «Бес асыл» ұлттық өнер сайысында маңғыстаулық ақындар жеңіске жетті 26.04.2026
Бүгін, 26 сәуір күні Жаңаөзен қаласында Маңғыстау облысы мен Шымкент қаласының өнерпаздары арасында республикалық «Бес асыл» командалық ұлттық өнер сайысы өтті. Мәдени шараға Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Асхат Оралов қатысты.Ауқымды мәдени іс-шара Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының бастамасымен және Маңғыстау облысы әкімдігінің және «AMANAT» партиясының қолдауымен ұйымдастырылды.Сайыс Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауларында айқындалған ұлттық құндылықтарды дәріптеу, дәстүрлі өнерді дамыту және өңіраралық мәдени байланыстарды нығайту мақсатында өткізілді.Сайыстың негізгі мақсаты – айтыс ақындары мен дәстүрлі өнер өкілдерінің шығармашылық әлеуетін арттыру, олардың кәсіби дамуына жағдай жасау және жастарды ұлттық өнерге баулу.Байқау аясында қатысушылар сүре айтыс, түре айтыс, қайым айтыс, қыз бен жігіт айтысы секілді дәстүрлі айтыс түрлері бойынша өнер көрсетті. Сонымен қатар күй, жыр, терме және дәстүрлі ән жанрлары қамтылды.Командалық форматта өткен сайысқа әр өңірден бір жетекші, төрт айтыскер ақын, сондай-ақ термеші, жыршы, дәстүрлі әнші, күйші және таныстырушы қатысты. Қатысушылардың өнері суырыпсалмалық шеберлігі, мазмұн тереңдігі, ұлттық дәстүрді сақтау деңгейі және сахналық мәдениеті бойынша бағаланды.Өнерпаздардың өнерін мәдениет және өнер саласының танымал қайраткерлерінен құралған қазылар алқасы саралады. Олардың қатарында айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының төрағасы Жүрсін Ерман, жыршы-ғалым Берік Жүсіпов, ақын Сарин Қалқаман, күйші-зерттеуші Мұрат Әбуғазы, әнші Серік Оспанов, ақын-журналист Жанарбек Әшімжанов және ақын, сарапшы Көпбосын Өміржан бар. Кешті ақын, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Аманжол Әлтай жүргізді.Іс-шара қорытындысы бойынша Маңғыстау облысының айтыскерлері жеңіске жетіп, келесі кезеңге жолдама алды. Екі команданың айтыскерлері де арнайы дипломдармен, ақшалай сыйлықтармен және ұйымдастырушылар тағайындаған жүлделермен марапатталды.Аталған жоба ұлттық өнерді жаңғыртуға, жас таланттарды қолдауға және өңірлер арасындағы мәдени ықпалдастықты арттыруға бағытталған маңызды бастама болып саналады.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-zhanaozen/press/news/details/1208776?lang=kk
Қазақстан Сыртқы істер министрі Қатар бизнесінің өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді 26.04.2026
Доха, 2026 жылғы 26 сәуір – Қатар Мемлекетіне сапары аясында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев «Power International Holding» және «Milaha» катарлық компанияларының басшылығымен кездесулер өткізді.«Power International Holding» компаниясының басшысы Мутаз Әл-Хаятпен келіссөздер барысында энергетика және телекоммуникация салаларындағы бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру перспективалары қаралды. Газды қайта өңдеу, тасымалдау және электр энергиясын өндіру Қазақстан мен Қатар арасындағы инвестициялық өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары екені аталып өтті. Е.Көшербаев бұл салалардағы ауқымды жобаларды жүзеге асыру елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға елеулі үлес қосатынына назар аударды.«Milaha» компаниясының бас директоры Фахад Саад Әл-Кахтанимен кездесу аясында тараптар көлік-логистика саласындағы ынтымақтастық мәселелерін, оның ішінде мультимодальды тасымалдарды дамытуды, порт инфрақұрылымына қолжетімділікті кеңейтуді және Каспий теңізіндегі қазақстандық порттар арқылы жүк транзитін ұлғайтуды талқылады. Министр Қазақстанның трансконтиненталдық сауда-логистикалық хаб ретіндегі маңызды рөлін, сондай-ақ Еуропа мен Азия арасындағы көлік байланысын нығайтудағы Транскаспий халықаралық көлік бағытының (Орта дәліз) маңызын атап өтті.Кездесулер қорытындысы бойынша тараптар өзара іс-қимылды жандандыруға ниетті екендіктерін растап, перспективалы инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру бойынша диалогты одан әрі дамытуға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-doha/press/news/details/1215306?lang=kk
100 мыңнан астам қостанайлық «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысты 26.04.2026
Қостанай облысы «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында Қасым-Жомарт Тоқаев қатысуымен өткен ауқымды республикалық экологиялық акцияға телемост форматында қосылды. Бұл бастама елдің заманауи экологиялық күн тәртібін қалыптастырудың негізгі құралдарының бірі ретінде қарастырылуда.Тікелей қосылым барысында Мемлекет басшысы жобаның стратегиялық маңызын айқындап, оның қос бағыттылығын атап өтті — аумақтарды практикалық тұрғыда абаттандыру және қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Президенттің айтуынша, елді мекендерді көгалдандыру — ұлт денсаулығына және тұрақты болашаққа бағытталған ұзақ мерзімді инвестиция.Өңірдегі акцияның орталық алаңы Қостанай қаласындағы Триатлон-парк болды — бұл қалалық ортадағы тартымды нүктелердің бірі ретінде экологиялық бастаманың кең қоғамдық ауқым алуына мүмкіндік берді. Мұнда ағаш отырғызу жұмыстарына билік өкілдері, бизнес қауымдастығы, еріктілер қозғалысы және қала тұрғындары қатысты. Жұмыстарды облыс әкімі Құмар Ақсақалов басқарды. Қатысушылар қатарында өнеркәсіп секторының өкілдері, соның ішінде автомобиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өндірушілері болды.«Президент тапсырмасы бойынша біз өңірде тек акция өткізумен шектелмей, жүйелі жұмыс жүргізіп келеміз. «Таза Қазақстан» біз үшін — нақты нәтиже: таза көшелер, жаңа ағаштар, абаттандырылған аулалар. Біз Қостанай облысының тұрғындары бұл өзгерістерді күн сайын көріп, өздері де осы үдерістің бір бөлігіне айналғанын қалаймыз», — деп атап өтті өңір басшысы.Облыс тұрғындары экологиялық бастамаларды қолдап, нақты өзгерістерді атап өтуде.«Қала шынымен де таза әрі жайлы болып келеді. Жұмыс бір реттік емес, тұрақты түрде жүргізіліп жатқанын көруге болады: жаңа ағаштар отырғызылып, аулалар абаттандырылуда. Біз де жасалып жатқан дүниеге ұқыпты қарауымыз керек», — деді Қостанай қаласының тұрғыны Дана Тоқжанова.Акцияның символдық әрі практикалық нәтижесі ретінде бір күннің ішінде шамамен 12 мың ағаш отырғызылды. Сонымен қатар өңір деңгейінде негізгі басымдық тек отырғызу көлеміне ғана емес, жасыл желектерге жүйелі күтім жасауды қамтамасыз етуге де беріліп отыр.Жалпы алғанда, өңірдегі экологиялық трансформация нақты нәтижелер көрсетуде. 2024–2025 жылдары салалық жобаларды іске асыруға 40,3 млрд теңге бағытталды. Осы кезеңде 400-ден астам қоғамдық кеңістік абаттандырылып, 250-ден астам балалар және спорт алаңы салынды, 600-ге жуық заңсыз қоқыс орындары жойылып, 1 250-ден астам апатты нысан бұзылды. Сонымен қатар 277 мыңға жуық ағаш отырғызылып, 1,3 мың гектар аумақ тазартылып, шамамен 50 мың тонна қалдық шығарылды.Сапалы қалалық ортаның маңызды элементі ретінде қоғамдық кеңістіктерді дамытуға ерекше назар аударылуда. Бүгінде өңірде 80 осындай нысан қалыптасқан, ал 2026 жылы тағы 25 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Соңғы үш жылда қосымша 94 парк пен сквер салынды, бұл тұрғындардың демалыс және бос уақыт инфрақұрылымын едәуір кеңейтті.Кешенді жаңғырту тұрғын үй қорын да қамтыды. Облыста 180 көпқабатты тұрғын үйдің шатыры мен қасбеті жөнделді. Алдағы жоспарларда тағы 77 мың көшет отырғызу, 63 тұрғын үйдің шатыры мен қасбетін жөндеу, 31 жаңа балалар және спорт алаңын орнату, сондай-ақ ескі тұрғын үйлерді бұзу жұмыстарын жалғастыру көзделген.Халық пен бизнестің жоғары белсенділігі қалыптасып келе жатқан экологиялық мәдениеттің тұрақтылығын көрсетеді: санитарлық іс-шараларға 105 мыңнан астам адам және шамамен 1,9 мың кәсіпорын қатысты.Осылайша, Қостанай облысында «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру жекелеген акциялар шеңберінен шығып, аумақты дамытудың жүйелі тәсіліне айналуда. Бұл тек экологиялық өзгерістер ғана емес, сонымен қатар қалалық ортаны жаңғырту, өмір сапасын арттыру және өңірдің ұзақ мерзімді инвестициялық тартымдылығын нығайтуға бағытталған кешенді үрдіс.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1208764?lang=kk