Әлем
Ауданның өзекті салалары бойынша жұмыс мәселелері талқыланды 25.06.2025
Бүгін аудан әкімінің міндетін атқарушы Шыңғыс Әбділәмитұлының төрағалығымен кезекті жұмыс мәжілісі өткізілді. Жиын барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму барысы мен бірқатар сала бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жан-жақты талқыланды.Мәжілісте алдымен ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері мен қаржы игерілуі жайында жыл басынан бергі мәліметтер ұсынылып, бюджет қаражатының тиімді әрі мақсатты игерілуі туралы есеп берілді.Аудандық тұрғын үй коммуналдықшаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы - Жылтыров Бақытбек аудандағы қызметтік, коммуналдық және арендалық тұрғын үйлердің жай-күйі туралы баяндады.Сонымен қатар, егін егу жұмыстары, жер учаскелерін сауда-саттық арқылы айналымға енгізу және пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару бағытында жүргізіліп жатқан шаралар баяндалды. Осыған сәйкес, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалану мен мониторинг жұмыстарын күшейту тапсырылды.Жиын қорытындысында аудан аумағындағы санитарлық тазалық жұмыстары бойынша қалдықтарды шығару, абаттандыру, көгалдандыру және тұрғындардың санитарлық мәдениетін арттыру міндеттері де сөз болды.Аудан әкімінің міндетін атқарушы Ш.Әбділәмитұлы жиында қозғалған мәселелер бойынша жауапты бөлімдерге нақты тапсырмалар жүктеп, аталған бағыттар аясында жұмысты жүйелі жалғастыруды тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1019536?lang=kk
Конкур: Астанада ҚР Кубогы өтеді 25.06.2025
20-22 маусым аралығында «Арғымақ» АССК базасында кедергілерді бағындыру (конкур) бойынша Қазақстан Республикасы кубогы өтеді. Бұл іс-шара конкурдан еліміздің мықты спортшыларының басын қосатын, әрі Қазақстанның ат спорты күнтізбесіндегі маңызды шаралардың бірі саналады.Жарысқа еліміздің әр өңірінен шамамен 30 спортшы қатысады деп жоспарлануда. Олар екі санатта жарысып, түрлі биіктіктегі (120-ден 145 см-ге дейінгі) алты түрлі бағыттарды бағындырады.Іс-шара Халықаралық ат спорты федерациясының (FEI) халықаралық стандарттарына толық сәйкес ұйымдастырылып, әділ бағалау мен жоғары деңгейдегі төрешілікті қамтамасыз етеді.Жүлде қоры — 2 млн теңге. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубокпен, дипломмен және ақшалай сыйлықпен марапатталады.Конкур бойынша Қазақстан Республикасы кубогы – тек спорттық жарыс қана емес, сонымен қатар елде ат спортының дамуына бағытталған маңызды алаң. Жарыстың негізгі мақсаты – ұлттық құрама спортшыларының шеберлігін арттыру, болашағы бар шабандоздар мен тұлпарларды анықтау және конкур жарысын кеңірек насихаттау.Өтетін орны: Астана қ., «Арғымақ» АССК, Қарқаралы тасжолы 1.Күндер: 2025 ж. 20-22 маусымБасталуы: күн сайын сағ.10:00БАҚ аккредиттеу: +7 705 185 6366, +7 777 483 9118Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1019538?lang=kk
Елімізде қайтарылған активтер қаражаты есебінен 318 млрд теңгеге 400-ден астам әлеуметтік нысан салынуда 25.06.2025
Елімізде заңсыз иемденілген активтерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жалғасуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша бұл қаражат бүкіл ел бойынша жүздеген әлеуметтік нысан құрылысы мен жаңғырту жұмыстарына жұмсалуда.Басты назар әлеуметтік маңызды инфрақұрылымға аударыладыҚайтарылатын қаражат Қаржы министрлігінің жанынан құрылған Арнаулы мемлекеттік қорға түседі.✔️ Қазіргі таңда жалпы құны 318 млрд теңгені құрайтын 406 жобаны қаржыландыру мақұлданды. Оның ішінде 9 білім беру нысаны, спорт саласындағы 3 нысанды, денсаулық сақтау саласындағы 162 жобаны, сумен жабдықтау саласындағы 159 жобаны қоса алғанда, 333 жоба іске асырылуда.🔺 Барлық жоба Мемлекет басшысының әлеуметтік маңызы бар инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асырылуда. Білім беру нысандары сапалы білімнің қолжетімділігін арттыруға ықпал етеді. Спорт нысандары бұқаралық спортты дамытуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған.🔸 Шалғайдағы елді мекендерде медициналық көмек көрсету үшін «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» бағдарламасы аясында медициналық мекемелер құрылады. Су құбыры желілерінің құрылысы 2025 жылға дейін еліміздің барлық қаласы мен ауылын 100% таза ауыз сумен қамтамасыз етудің стратегиялық мақсатына сәйкес келеді, бұл – халықтың тұрмыс сапасын жақсарту жолындағы маңызды қадам.Жаңа құрылыс нысандары бой көтереді📌 Өңірлерде қайтарылған активтер қаражаты есебінен білім беру мекемелері, спорт кешендері, денсаулық сақтау және сумен жабдықтау нысандарының құрылысы белсенді түрде жалғасуда.▫️Астанада ескі стадионның орнына Қ.Мұңайтпасов атындағы жаңа стадион салынуда. Жабық спорт ғимараты мүгедектігі бар азаматтарға арналған орындарды қосқанда, 3598 орынға есептелген. Құрылыс UEFA халықаралық стандарттарына сәйкес жүргізілуде.▫️Алматыда қайтарылған қаражат есебінен сумен жабдықтау жүйесін салу бойынша 9 жоба жүзеге асырылуда.▫️Шымкент қаласындағы «Сайрам көмекші мектеп-интернат-колледжі» кешенінің тәрбиеленушілері үшін қайтарылған қаражатқа 300 орындық жатақхана салынады.▫️Шығыс Қазақстан облысында қайтарылған активтерге ауқымды жоба жүзеге асырылуда. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Арнаулы мемлекеттік қордан Гематология орталығының құрылысын аяқтауға қаражат бөлінді. Медициналық мекемеде 2 ғимарат: 148 орындық стационар және 24 төсек-орындық клиниканың пациенттеріне арналған қонақ үй жоспарланған.Бас ғимаратта заманауи медициналық жабдықтармен зертханалар, радиациялық диагностика, кардиология, кардиохирургия, гематология, сүйек кемігін трансплантациялау және күрделі соматика бөлімшелері жабдықталады. Жаңа Орталық науқастарға емдеудің және оңалтудың озық әдістеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді.Сонымен қатар қайтарылған активтер есебінен өңірде тағы 8 жоба іске асырылуда, оның 2-еуі – денсаулық сақтау және 6-ауы – сумен жабдықтау саласында.▫️Солтүстік Қазақстан облысында бүгінде өңірді сумен жабдықтауды жақсартуға бағытталған жобалар жүзеге асырылуда. Арнаулы мемлекет қор қаражаты есебінен Соколов, Булаев және Пресновский топтық су құбырларын қайта жаңарту, сондай-ақ Көкшетау топтық су құбырына қосылған Айыртау ауданы мен Шал ақын ауылдық елді мекендеріне жаңа су құбырлары мен бұрмалар салу жүріп жатыр.▫️Қарағанды облысында 7 ауданда 51 денсаулық сақтау объектісін – дәрігерлік амбулаторияларды, сондай-ақ фельдшерлік-акушерлік және медициналық пункттерді салу жоспарлануда.▫️Ақмола облысында денсаулық сақтау, сумен жабдықтау және спорт саласында 38 жоба жүзеге асырылуда. Қайтарылған активтер есебінен екі медициналық нысан ашылды. Аршалы ауданының Арнасай ауылында 2 мыңнан астам адамға қызмет көрсететін дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді, ал Бұланды ауданының Алтынды ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт салынды. 1 мыңнан астам азаматы бар үш елді мекеннің тұрғындары уақтылы медициналық көмекке сене алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1019549?lang=kk
Дархан Сатыбалды Сайран су қоймасы маңын көркейту жұмыстарының барысымен танысты 25.06.2025
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Алмалы ауданына жасаған жұмыс сапары аясында Сайран су қоймасы маңын көркейту жұмыстарының жай-күйімен танысты.Жоба аясында ұзындығы 2,5 шақырым болатын серуен жолын, жағажай аймағын, балалар мен спорт алаңдарын, велосипед және скейтпарктерді салу көзделген. Сонымен қатар санитарлық аймақтар, полиция мен құтқару бекеттері де қарастырылған.Қала басшысына өзінің тапсырмасымен жүргізілген қала кеңістігін қолжетімді етуге бағытталған жұмыстар туралы баяндалды. Атап айтқанда, Төле би көшесі бойында жағалаудан тротуарға шығатын өткел жасалған, ал Абай көшесі жағынан пандус орнатылған. Жұбанов көшесінің ең тік бөлігінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған жедел саты салу жоспарланып отыр. Бұған қоса, Варламов көшесі жағынан жасыл желекке зиян келтірмей, балалар арбасына арналған асфальт жол төселіп жатыр.«Егер біз жаңа бір жобаны іске асырып жатсақ, оны бірден 10-20 жылға лайықтап жасауымыз керек. Әйтпесе, біраз уақыттан кейін қайтадан жөндеуге тура келеді. Бұл жерде қала тұрғындары мен қонақтары үшін өзіне тән ерекше атмосфера қалыптасуы шарт. Егер Сайранды жаңғыртып, көркейтуге кіріссек, ол заманауи талаптарға сай болуы керек», – деді қала әкімі.Жұмыс барысында қосымша инженерлік және ландшафтық шешімдер қабылдау қажеттігі туындаған. Бұл жобаның жобаның сапасын арттырады, бірақ құрылыс мерзім сәл ұзартады.Бұған дейін де шаһар басшысы бұл жобаға қатысты бірқатар ескерту жасаған болатын. Атап айтқанда, мердігер – «Павлодар өзен порты» АҚ-на жұмыс сапасына бақылауды күшейту тапсырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-almaly/press/news/details/1019564?lang=kk
Зияткерлік меншік бөлімінің басшысы халық әдебиеті классигі, академик, жерлес жазушы С.Мұқановтың 125 жылдығына арналған «С. Мұқанов: тұлға, дәуір, мұра» конференциясына қатысты. 25.06.2025
Кездесуге жазушының қызы мен немересі, сондай-ақ қаламыздың көптеген шығармашылық адамдары қатысты.Авторлық құқықты тіркеуге қатысты барлық сұрақтарға жауаптар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/1019572?lang=kk
«FRIENDS», «CITY», «NINJAGO», көлемді ТК микро-фигуралары бар контрафактілі балалар конструкторларының таралу фактісі анықталды. 25.06.2025
Ағымдағы жылдың 09 маусымында «LEGO Holding a/s» компаниясының өтініші негізінде СҚО Әділет департаменті тауар белгісін заңсыз пайдалану фактісі бойынша Петропавл қаласының ЖК қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру нәтижелері бойынша жалпы құны 349 300 теңге болатын 83 қорап мөлшерінде контрафактілік өнім партиясы анықталды.16 маусымда сот әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулы шығарды, 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салды. Қаулы заңды күшіне енді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/1019575?lang=kk
Биыл Алматы облысында 300-ге жуық бала түрлі жарақаттан емделген 25.06.2025
Көптен күткен жазғы демалыс та келіп жетті. Бұл – таза ауада серуендеу, суға шомылу, күнге қыздырыну және басқа да жағымды істердің уақыты. Алайда жазғы қуанышпен қатар балалардың қауіпсіздігіне де аса мән беруіміз қажет. Себебі жаз мезгілінде балалар көбірек далада ойнайды, белсенді демалыспен айналысады, ал бұл жарақат алу қаупін арттырады. Ресми статистикаға сәйкес, Қазақстанда жыл сайын балалар арасында 200 мыңға дейін жазатайым оқиға мен жарақат тіркеледі. Олардың 70%-ы тұрмыста болады, ал зардап шеккендердің 1,2%-ы мүгедек болып қалады.2025 жылы Алматы облысында әртүрлі жарақат алған 294 бала ауруханада емделді. Жарақаттардың негізгі себептері – тұрмыстық және көшедегі жарақаттар, жол-көлік оқиғалары, улану және күйік шалу. 2025 жылы балалар арасындағы термиялық жарақаттардың саны өткен жылмен салыстырғанда 31%-ға артқан. Бұл – денсаулық сақтау мамандарын алаңдатып отырған өзекті мәселе.Облыстық балалар клиникалық ауруханасының мәліметі бойынша, жылдың басынан бері 133 бала күйік салдарынан медициналық көмек алған. Оның ішінде 111 бала – термиялық, 22 бала – химиялық күйік алған.Анализ нәтижесі жарақаттардың негізгі себептері ретінде тұрмыстық құралдарды дұрыс пайдаланбау, балаларды қараусыз қалдыру, сондай-ақ ата-аналардың алдын алу шаралары туралы жеткілікті ақпараттандырылмауы екенін көрсетеді.Тұрмыстық жарақаттар – ең жиі кездесетін түрі және көбінесе оның себебі – ата-аналардың салғырттығы. Олар балаларды қараусыз қалдырып қана қоймай, оларға қауіпті заттарды қолжетімді жерде қалдырады, терезелерді жаппайды және басқа да қауіпсіздік шараларын елемейді.Балалар жарақаты жас ерекшеліктеріне байланысты да бөлінеді, себебі әр жаста бала дамуының өзіндік ерекшеліктері бар.Сәби кезеңінде (1 жасқа дейін) жарақаттар көбінесе заттарды ауызға салумен байланысты болады – осылайша олар айналаны тани бастайды.1-3 жас аралығында балалардың қимылы белсенді бола түседі, сондықтан жарақаттар көбіне құлау, күйіп қалу, кесіп алу және тоқ ұру салдарынан болады.3 жастан кейін баланың әлеуметтік шеңбері мен белсенділігі кеңейеді, бұл жарақат алу қаупін арттырады.Термиялық күйіктер көбінесе балалардың ыстық сұйықтықтармен (су, шай, сорпа), бумен, отпен немесе қызған заттармен жанасуынан болады.Химиялық күйіктер сирек кездеседі, бірақ көбіне тұрмыстық химия заттарының дұрыс сақталмауынан болады. Балалар қышқылды немесе сілтіні төгіп алуы, аэрозольді жұтуы немесе улы сұйықтықты ішіп қоюы мүмкін. Мұндай жарақаттар көбінесе ауыз қуысы, өңеш және тыныс алу жолдарын зақымдайды.Электрлік күйіктер кішкентай балаларда ашық розеткаларға, жалаңаш сымдарға немесе ақаулы құралдарға қол тигізуден болады. Үлкен жастағы балаларда – электр желілері, трансформаторлық будкалар немесе үй шатырларында ойнау салдарынан болуы мүмкін.Балалар арасындағы жол-көлік жарақатының себептері, балалар жарақаты көбінесе олардың психофизиологиялық даму ерекшеліктерімен байланысты: жас ерекшеліктеріне байланысты піспеген ойлау қабілеті; жағдайды дұрыс бағалай алмау; шартты рефлекстердің тез қалыптасып, тез жойылуы; қозғалысқа деген жоғары қажеттілік, ол сақтықтан басым түседі; ересектерге еліктеу; өз мүмкіндігін асыра бағалау; жақындап келе жатқан көлікке деген ерекше реакциялар және т.б.Балаларды жолда қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелеріне үйрету - жарақаттың алдын алудың басты жолы. Баланың жол-көлік оқиғасына ұшырау қаупін азайту үшін оны қауіпсіздік ережелеріне үйрету қажет. Бірақ баланы бұған сендіретін жалғыз адам -үлгі көрсете алатын ересек адам.Ата-аналар мен ересектер өз жеке үлгісімен ғана баланың дұрыс мінез-құлық қалыптастыруына көмектесе алады.Жыл сайын бассейндерде, теңізде, демалыс орындарында және табиғи су қоймаларында сәбилер мен жас балалардың суға кетуінің ондаған жағдайы тіркеледі. Суға кетудің шамамен 40%-ы теңізде орын алады. Суға кету өте тез және үнсіз болады - әдетте бала суға кетіп жатқанда оның жылағанын немесе көмек сұрағанын есту мүмкін емес. Сондықтан балалар суда болғанда немесе суға жақын жерде жүргенде көз жазып қалмау өте маңызды!Сәбилердің ауырлық орталығы денесінің жоғарғы бөлігінде орналасқан, сондықтан олар жиі бастары алға еңкейіп құлап, суға түсіп кетеді. Ауыз бен мұрын судың астында қалса, олар өздігінен қайта көтеріле алмай, суға кету жағдайына тап болады. Сәбилер тек 10 см тереңдіктегі суда да тұншығып қалуы мүмкін.Менің ойымша, балалар жарақатының алдын алу — ересектердің ең маңызды міндеттерінің бірі. Балалардың өсуіне арналған ортаның қаншалықты қауіпсіз болатыны – біздің әрекетімізге байланысты.Балаларды үнемі оқытып отыру,Ұсақ-түйекке мән беру,Жеке үлгі көрсету - мұның бәрі балаға өзін қалай қорғау керек екенін түсінуге көмектеседі.Тек бірлескен күш-жігер арқылы ғана біз қайғылы оқиғалардың санын азайтып, өсіп келе жатқан ұрпақтың денсаулығын сақтай аламыз.Құрметті ата-аналар, балаларыңызды сақтаңыздар! Бұл жаз - қуаныш пен шаттық кезеңі ғана емес, қауіпсіздікке мән беретін уақыт болсын. Балалар өздерінің бақытты жазғы күндерін қорқынышсыз әрі уайымсыз өткізіп, әр сәттен шын ләззат ала алуы үшін - оларға қауіпсіз орта қалыптастырайық!Алматы облысының бас штаттан тыс педиатры Назым Серікқызы БайғабыловаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-densaulyk/press/news/details/1019289?lang=kk
Самар ауданында жаңа құтқару бекеті іске қосылды 25.06.2025
Бұқтырма су қоймасы жазда көп адам келетін танымал демалыс орны. Су жағасында шомылып, табиғат аясында тынығатындар көбейетіндіктен, қауіпсіздік мәселесіне де ерекше назар аударылады. Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті Самар ауданының Новостройка ауылында арнайы құтқарушылар бекетін ашты.Жаңа бекетте жаз бойы құтқарушылар мен өрт сөндірушілер кезекшілік атқарады. Олар төтенше жағдай бола қалса, жылдам көмек көрсетуге дайын. Қызметкерлер арнайы құтқару құралдарымен, жүзуге арналған қайықтармен және өрт сөндіру көлігімен жабдықталған.Құтқарушылар су қоймасындағы қауіпсіздікке бақылау жүргізсе, өрт сөндірушілер 110 шақырымға созылатын жағалауды аралап, демалушылар мен демалыс орындарының иелеріне өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіреді.Сонымен қатар, ақпараттық парақшалар таратып, түсіндіру жұмыстары да жүргізіледі. Бұқтырмада демалғысы келетіндер үшін бұл – жақсы жаңалық. Өйткені мұндай бақылау - тынығушылардың қауіпсіз демалуына мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1019290?lang=kk
2025 жылдың ағымдағы кезеңіне Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті акцизделетін өнімдердің айналымы саласындағы заңнаманың сақталуын бақылау бойынша іс-шаралар жүргізді. 25.06.2025
Тексеру барысында мыналар анықталды:* 6 753 литр алкоголь өнімі;* 44 600 қорап темекі өнімдері;* Айналымы белгіленген талаптарды бұза отырып жүзеге асырылған 244,82 тонна мұнай өнімдері. Негізгі бұзушылықтар өнімнің шығарылуының заңдылығын растайтын ілеспе құжаттардың болмауы, сондай-ақ алкоголь өнімдерін сатуға лицензияның болмауы болды. Анықталған фактілерге қатысты тиісті әкімшілік рәсімдер басталды.Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті кәсіпкерлік субъектілеріне акцизделетін тауарлар айналымы кезінде заңнама нормаларын қатаң сақтау қажеттігін еске салады. Бақылау іс-шаралары заңсыз айналымның алдын алу және адал тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында жалғастырылатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1019128?lang=kk
Зейнетақы төлемдері иегерлерін күтуде 25.06.2025
БЖЗҚ талап етілмеген зейнетақы жинақтары бойынша қандай жұмыс жүргізеді?«БЖЗҚ» АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) зейнеткерлік жасқа жақындаған не толған алушыларға да, Қорда зейнетақы жинағы бар, бірақ зейнет жасына жетпей марқұм болған салымшылардың/алушылардың мұрагерлеріне де зейнетақы төлемдерін ресімдеу үшін уақытылы жүгіну қажеттілігі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұдайы жүргізіп отырады.Жыл сайын БЖЗҚ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен бірігіп БЖЗҚ-да міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтары бар, бірақ олар бойынша зейнетақы төлемін алу үшін БЖЗҚ-ға жүгінбеген зейнет жасына толған тұлғалар бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде аталған адамдарға бюджет қаражаты есебінен тағайындалған жасына байланысты және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерінің бар-жоқтығына салыстырып тексеру жұмыстарын жүргізеді. Талап етілмеген зейнетақы жинақтары төлемін іске асыру бойынша БЖЗҚ қандай шаралар қабылдауда?Жыл сайынғы салыстыру нәтижелері бойынша БЖЗҚ алушыларға зейнетақы төлемдерін проактивті форматта мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырады. Яғни, зейнетақы төлемін мемлекеттік бюджеттен алатын зейнеткерлердің зейнетақы жинақтары бар болса, БЖЗҚ-дан төлемдер ала бастайды.БЖЗҚ талап етілмеген зейнетақы жинақтары сомасының есебін жүргізе ме?01.06.2025 жылғы жағдай бойынша жалпыға бірдей белгіленген зейнет жасына жеткен тұлғалардың талап етілмеген зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы – шамамен 37,3 млрд теңге, бұл сома 264 695 жеке зейнетақы шотында (ЖЗШ) сақталған. Оның ішінде БЖЗҚ-ның мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алған мәліметтеріне сәйкес:- 148 335 адам қайтыс болған, олардың зейнетақы жинақтарын мұрагерлер талап ете алады;- 59 800 адам Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетті;- 56 560 адам жасына байланысты зейнетақыларын ресімдеу үшін Мемлекеттік корпорацияға (тұрғылықты жері бойынша ХҚКО) әлі өтініш бермеген.Талап етілмеген зейнетақы жинақтарының жай-күйі қалай болмақ?Зейнетақы жинақтарының есебін БЖЗҚ жүргізеді. Талап етілмеген зейнетақы жинақтары инвестициялануын жалғастырып, салымшылардың жеке зейнетақы шоттарында алушылар не олардың мұрагерлері (салымшы қайтыс болған жағдайда) талап еткенге дейін сақталады. Қосымша табыс алу мақсатында инвестициялаумен ҚР Ұлттық Банкі және инвестициялық портфельді жеке басқарушылар (ИПБ) айналысады.Талап етілмеген зейнетақы жинақтары төлемін қалай алуға болады? Егер:Зейнеткер жинағынан төлем ресімдеуге өтініш бермесе Зейнеткерлік жасқа жетуіне байланысты зейнетақы жарналарының міндетті түрлері есебінен БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін тағайындау, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен базалық және ынтымақты зейнетақы тағайындау үшін алушылар тұрғылықты жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына (ХҚКО) жүгінуі қажет.Шетелге тұрақты тұруға кеткен кезде Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу құқығын елден тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар және отандық заңнамаға сәйкес қажет құжаттарды ұсынған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар пайдалана алады.Зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болуына байланыстыБЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, оның отбасы мүшелеріне республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген 94 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшері шегінде қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтары қаражаты есебінен, бірақ қайтыс болған адамның ЖЗШ-да бар қаражатынан аспайтын мөлшерде жерлеуге біржолғы төлем жүргізіледі.Сондай-ақ зейнетақы жинақтары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады. Зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болғаннан кейін 6 ай ішінде оның мұрагерлері қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтары түріндегі мұрагерлік мүлікті ресімдеу және мұрагерлік құқығы туралы куәлік алу үшін нотариусқа жүгінуге тиіс. Егер өтініш беру мерзімі өтіп кетсе, мұрагерлік құқығын қалпына келтіру үшін сот органдарына жүгіну қажет.Зейнетақы төлемдерінің түріне және өтініш беру тәсіліне байланысты зейнетақы төлемдерін алуға қажетті құжаттардың тізімі enpf.kz сайтындағы «Қызметтер – зейнетақы төлемдері» бөлімінде жарияланған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-glubokoe/press/news/details/1025478?lang=kk
Астанада Қазақстан мен Қытай арасындағы өнеркәсіптік және логистикалық ынтымақтастық мәселелері бойынша екіжақты кездесу өтті 25.06.2025
Астана, 2025 жылғы 16 маусым – Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға сапары аясында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров пен ҚХР Мемлекеттік даму және реформалар комитеті төрағасының орынбасары Чжоу Хайбин арасында екіжақты кездесу өтті.Тараптар сауда-экономикалық және өнеркәсіптік ынтымақтастықты тереңдету перспективаларын талқылады. Қытай Қазақстанның ең ірі сауда серіктесі болып қала беретіні аталып өтті – 2024 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 43,8 млрд АҚШ долларын құрады. Қазақстан мен ҚХР бұл көрсеткішті алдағы жылдары екі есеге арттырып, 100 млрд долларға жеткізуді мақсат етіп отыр. Осыған байланысты тараптар тауар номенклатурасын әртараптандыру, шикізаттық емес экспортты ілгерілету және шекарадағы тосқауылдарды азайту шараларын талқылады.Сондай-ақ инвестициялық жобаларды бірлесіп жүзеге асыру мәселесі қозғалды. Бүгінгі таңда Қазақстан-Қытай серіктестігі аясында жалпы сомасы шамамен 66,5 млрд долларды құрайтын 224-тен астам жоба іске асырылып, 50 мыңнан астам жұмыс орны құрылуда. Бұл жобалар энергетика, ауыл шаруашылығы, қайта өңдеу өнеркәсібі, логистика және жаңа технологиялар салаларын қамтиды. Тараптар жоғары қосылған құны бар жаңа бірлескен өндірістерді іске қосу жұмысын жандандыруға уағдаласты.Ә.Қуантыров Қытаймен өнеркәсіп және логистика салаларындағы ынтымақтастық Қазақстанның сыртқы экономикалық саясатының басты басымдықтарының бірі екенін атап өтті. Ол Транскаспий халықаралық көлік бағытының (ТХКД, Орта дәліз) табысты дамуы және «Бір белдеу, бір жол» қытайлық бастамамен түйісуі кооперацияны тереңдету мен өзара инвестицияны арттыру үшін зор мүмкіндіктер ашатынын айтты.«Бүгінгі таңда Қытай мен Еуропа арасындағы құрлықтық жүк тасымалының 80%-дан астамы Қазақстан аумағы арқылы өтеді. Біз Қытайды тек географиялық жақын көрші ғана емес, сонымен бірге ортақ экономикалық мүдделері бар стратегиялық серіктес ретінде қарастырамыз. Орта дәлізді дамыту және оны «Бір белдеу, бір жол» бастамасымен түйістіру транзиттік әлеуетті арттырып қана қоймай, өңірлік экономиканың тұрақтылығын күшейтетін өндірістік альянстарды қалыптастыруға мүмкіндік береді», – деді Ә.Қуантыров.Өз кезегінде Чжоу Хайбин Қазақстанның Еуразия логистикалық құрылымында орталық рөл атқаратынын атап өтті. «Біз Қазақстанды «Бір белдеу, бір жол» бастамасының аясындағы негізгі серіктес ретінде қарастырамыз. Екі ел арасындағы ынтымақтастық өзара сенім мен прагматизмге негізделген. Қазақстан қытайлық тауарлардың тұрақты транзитін қамтамасыз етіп қана қоймай, бірлескен өндірістік және логистикалық тізбектерді құрудағы маңызды буынға айналуда. Біз инфрақұрылым, энергетика және жасыл экономика салаларындағы ынтымақтастықты нығайта отырып, өңірдің орнықты дамуы үшін жаңа мүмкіндіктер ашуға ниеттіміз», – деді ол.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар кооперацияны тереңдетуге, жобалар портфелін кеңейтуге және стратегиялық маңызды салалардағы өзара іс-қимылдың жаңа түрлерін дамытуға дайын екенін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1019134?lang=kk
Астанадағы Екінші Орталық Азия-Қытай саммиті: аймақтық даму мен халықаралық ынтымақтастықты нығайтудың жаңа серпіні 25.06.2025
Астана, 2025 жылғы 17 маусым – Бүгін еліміздің бас қаласы Астанада Орталық Азия – Қытай екінші саммиті аяқталды. Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары мен Қытай Халық Республикасының Төрағасының басын қосқан бұл маңызды саммит аймақтық ғана емес, халықаралық ынтымақтастық үшін де маңызды оқиға болды, даму мен өркендеудің жаңа көкжиектерін ашты.Сындарлы диалог пен өзара түсіністік жағдайында өткен саммит барлық тараптардың стратегиялық әріптестікті тереңдетуге берік ұстанымын растады. Экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық және өңірлік ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін талқылау сапалы жаңа деңгейге көтеріліп, ұзақ мерзімді және өзара тиімді жобаларды қалыптастыруға ұмтылысты көрсетті.Саммиттің негізгі жетістіктері:* Экономикалық байланыстар мен инвестициялық әлеуетті нығайту: Сауда-экономикалық қатынастарды кеңейтуге ерекше көңіл бөлінді. Сауда рәсімдерін одан әрі жеңілдету, өзара тауар айналымын арттыру және Орталық Азия елдерінің экономикасының негізгі секторларына қытайлық инвестицияларды тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау туралы келісімдерге қол жеткізілді. Бұл жаңа жұмыс орындарын ашуға, өндірісті жаңғыртуға және кәсіпкерлікті, оның ішінде жергілікті жерлерде де дамытуға елеулі перспективалар ашады.* Көлік және логистикалық инфрақұрылымды дамыту: саммитте Орталық Азияның Шығыс пен Батыс арасындағы негізгі транзиттік хаб ретіндегі стратегиялық рөлі ерекше атап өтілді. Темір жолдар мен автомобиль жолдарын жаңғырту және кеңейту, тасымалдаудың тиімділігін айтарлықтай арттыратын және халықаралық аренадағы позициямызды нығайтуға мүмкіндік беретін логистикалық тораптар салу жоспарлары талқыланды. Көлік қолжетімділігін арттыру біздің қалаларымыз бен аудандарымыздың экономикалық белсенділігіне тікелей әсер етеді.* Инновациялар және жасыл экономика: жоғары технологиялар, цифрландыру және жасыл экономика саласындағы ынтымақтастық маңызды тақырып болды. Тараптар тұрақты дамуға және экологиялық жағдайды жақсартуға ықпал ететін жаңартылатын энергия көздері, энергия тиімділігін арттыру салаларында тәжірибе алмасуға және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екендіктерін білдірді. Бұл сала жергілікті жерлерде инновациялық жобалар мен серіктестіктерге жол ашады.* Мәдени және гуманитарлық байланыстарды тереңдету: Саммит мәдени алмасуларды, білім беру бағдарламаларын және ғылыми ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын растады. Адамдар, студенттер мен ғалымдар арасындағы байланысты кеңейту өзара түсіністікке, достықты нығайтуға және халықтарымыздың мәдени мұрасын байытуға ықпал етеді. Мұндай бастамалар жастарымыз бен мәдени ұйымдарымызға жаңа мүмкіндіктер туғызады.* Өңірлік қауіпсіздік мәселелері бойынша өзара іс-қимыл: Мемлекет басшылары терроризмге, экстремизмге және трансұлттық қылмысқа қарсы күрестегі ортақ ұстанымдарын қуаттай отырып, аймақтық қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін талқылады. Аймақтағы тұрақтылықты нығайту бойынша келісілген шаралар азаматтарымыздың қауіпсіздігі мен әл-ауқатына тікелей байланысты.Саммиттің жергілікті атқарушы органдар үшін маңызы:Екінші Орталық Азия – Қытай саммитінің нәтижелері жергілікті атқарушы органдардың қызметі үшін тікелей және маңызды маңызға ие. Қол жеткізілген келісімдер мыналар үшін қолайлы жағдайлар жасайды:* Өңірлерімізге шетелдік инвестицияларды тарту;* Жаңа өндірістер мен жұмыс орындарын құру;* Көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту;* Жергілікті өнімді экспорттау мүмкіндіктерін кеңейту;* Білім, мәдениет және спорт салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру.Біз жергілікті атқарушы органдар ретінде саммитте қол жеткізілген уағдаластықтарды жергілікті жерлерде барынша тиімді жүзеге асыру үшін бар күш-жігерімізді салуға дайынбыз. Бұл еліміздің халықаралық аренадағы орнын нығайтып қана қоймай, тұрғындарымыздың өмір сүру сапасын тікелей жақсартып, әрбір қала мен ауданның экономикалық өсуі мен әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға ықпал етеді.Екінші «Орталық Азия – Қытай» саммиті еліміздің өңірлік және жаһандық үдерістердегі рөлі артып отырғанының жарқын дәлелі, сондай-ақ одан әрі табысты даму мен өркендеудің кепілі болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1019172?lang=kk
Астанада «Орталық Азия – Қытай» іскерлік кеңесінің отырысы өтті 25.06.2025
Астана, 2025 жылғы 17 маусым – ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға сапары аясында Астанада «Орталық Азия – Қытай» іскерлік кеңесінің екінші отырысы өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин және Қытайдың Халықаралық саудаға жәрдемдесу комитетінің төрағасы Жэнь Хунбинь қатысты.Іскерлік кеңес елдер арасындағы тереңдетілген диалогтың жалғасы болып, өнеркәсіптік кооперацияны, технология алмасуды және инвестиция тартуды кеңейтуге өзара қызығушылық бар екенін растады. Логистика, агроөнеркәсіп, өңдеу өнеркәсібі және жасыл энергетика салаларындағы ірі жобаларды іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің кездесуі аясында қол қойылған Инвестицияларды ынталандыру және өзара қорғау туралы үкіметаралық келісімнің маңыздылығын атап өтті. Бұл келісім инвестицияларды өзара көтермелеу және қорғау үшін сенімді құқықтық база жасап, өзара капитал салымдарын арттыруға қолайлы жағдай туғызады.«Орталық Азия елдері мен Қытай арасындағы инвестициялық ынтымақтастықты нығайту бүкіл өңірдің тұрақты экономикалық дамуы үшін аса маңызды. Кеше Қазақстан мен Қытай арасында ҚР СІМ мен ҚХР Мемлекеттік даму және реформалар комитеті ұйымдастырған Екінші индустриялық-инвестициялық форум барысында 24 млрд АҚШ долларынан асатын сомаға 58 коммерциялық құжатқа қол қойылды. Бүгінгі таңда Орталық Азия елдерінің жалпы ішкі өнімі 500 млрд доллардан, ал халық саны 80 миллионнан асады. Бұл – тек үлкен нарық қана емес, сонымен бірге кооперацияны тереңдету, жаңа өндірістер құру, технология трансфері және үшінші нарықтарға шығу үшін берік негіз», – деді Ә.Қуантыров.Ол сондай-ақ Қытай Қазақстанның негізгі инвестициялық серіктестерінің бірі болып қала беретінін атап өтті. Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан 470 млрд доллардан астам тікелей шетелдік инвестиция тартса, оның 26,4 млрд доллары Қытайдан келген. Бұл сандар екі ел арасындағы тұрақты және стратегиялық маңызды экономикалық байланыстың дәлелі.Іс-шара аясында екіжақты құжаттарға қол қойылды. Атап айтқанда, «Kazakh Invest» ҰҚ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Азамат Қожанов және Орталық Азия мен Қытайдың жиһаз және құрылыс материалдары өндірушілер қауымдастығы вице-президенті Гуань Пэйин өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Құжат Қазақстанда тұрмыстық бұйымдар мен құрылыс материалдарын өндіруге маманданған индустриялық парк құру жобасын көздейді. Жобаның болжамды инвестициялық көлемі 100 млн доллар құрайды және 10 мыңға дейін жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/invest/press/news/details/1019323?lang=kk
Астана мен Варшава екіжақты инвестициялық ынтымақтастықты жандандыруда 25.06.2025
Варшава, 2025 жылғы 12 маусым - Қазақстанның Польшадағы Елшісі Нұрлан Жалғасбаев Поляк инвестициялар және сауда Агенттігінің (PAIH) Президенті Анджей Дыхамен кездесті.Екіжақты инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі және оны одан әрі дамыту жолдары талқыланды.Бірлескен бастамалар мен инвестициялық қызметті жүзеге асырудағы PAIH -тың жетекші рөлі ерекше атап өтілді.Тараптар ақпараттық технологиялар, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, фармацевтика және литий-ионды аккумуляторлар өндірісі сияқты салалардағы ынтымақтастықтың айтарлықтай әлеуетін атап өтті.Польша Агенттігінің Президенті инвестиция тарту бойынша қазақстандық агенттікпен ынтымақтастықты кеңейту туралы бастамасын білдірді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тиісті ведомстволар арқылы тәжірибе алмасу бойынша күш-жігерді жандандыруға келісті және одан әрі ынтымақтастық үшін нақты қадамдарды белгіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-warsaw/press/news/details/1019242?lang=kk
Қазақстан мен Еуроодақ өзара ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты 25.06.2025
Астана, 2025 жылғы 17 маусым – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы саяси конфигурациядағы ынтымақтастық комитетінің 22-ші отырысы өтті.Тараптар Қазақстан Республикасы мен Еуроодақ және оның мүше мемлекеттері арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді және 2025 жылғы 4 сәуірде Самарқанд қаласында өткен «Орталық Азия – ЕО» саммитінің қорытындылары бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға ерекше назар аудара отырып, екіжақты қатынастардың жай-күйі мен перспективаларын егжей-тегжейлі талқылады.Іс-шара гибридті форматта өтті. Оған Қазақстанның негізгі министрліктері мен ведомстволарының, Еуропалық сыртқы іс-қимыл қызметінің және Астанадағы ЕО делегациясының өкілдері қатысты. Қазақ делегациясын ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко, еуропалық тарапты – Еуропалық сыртқы іс-қимыл қызметінің Еуропа және Орталық Азия мәселелері жөніндегі бас директорының міндетін атқарушы Люк Девинь басқарды.Р.Василенко отырысты аша отырып, Қазақстан мен ЕО арасындағы серіктестіктің дәйекті дамып келе жатқанын атап өтті: «Өткен жылы Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім өзінің практикалық маңыздылығын толық дәлелдеді. Біз ынтымақтастықтың кеңеюін және барлық деңгейлерде диалогтың нығаюын байқаймыз. ЕО – біздің басты сауда және инвестициялық серіктесіміз. 2024 жылы өзара сауда көлемі рекордтық көрсеткіш – 50 млрд АҚШ долларына жуық сомаға жетті».Отырыс барысында сауда, инвестициялар, көлік байланыстылығы, энергетика, климат, заңның үстемдігі және визалық жеңілдіктер мәселелеріне баса назар аударылды.Қазақ тарапы ҚР азаматтарының еркін қозғалысына қойылатын кедергілерді азайтуға бағытталған шаралар қабылданатынына сенім білдірді, визалық режимді жеңілдету және реадмиссия туралы келіссөздерді мүмкіндігінше тез бастау маңыздылығын ерекше айтты. Астана мұндай келіссөздер үшін қажетті құқықтық және техникалық базаны қамтамасыз етуге дайын екенін растады.Сондай-ақ тараптар Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Еуропалық Кеңес пен Комиссия басшылары арасында Самарқандтағы «ОА-ЕО» саммиті аясында қол жеткізілген тұрақты сауда, цифрландыру және білім беру алмасуларын кеңейту мәселелері бойынша уағдаластықтарды жүзеге асыруды талқылады.Көлік байланысын кеңейтудің маңыздылығы, атап айтқанда Транскаспий халықаралық көлік дәлізінің (ТХКД, Орта дәліз) одан әрі дамуы аталып өтті. ТХКД бойындағы инфрақұрылымды жаңғырту бойынша әрі қарай белсенді практикалық әрекеттерге көшудің қажеттілігі айтылып, бұл бағытта ЕО тарапынан 10 млрд еуро көлемінде қаржы бөлу ниеті құпталды.Осы тұрғыда тараптар «Global Gateway» (Жаһандық қақпа) бастамасы аясындағы өзара іс-қимылды оң бағалады. Атап айтқанда, Еурокомиссия Президенті Урсула фон дер Ляйеннің сәуірдегі саммитінде Еуропа мен Орталық Азия арасындағы инфрақұрылымдық, энергетикалық және цифрлық байланыстарды жақсартуға бағытталған 12 млрд еуро сомасында инвестициялық пакет бөлу туралы мәлімдемесі қолдау тапты. Қазақстан бұл өңірлік жобаларға белсенді қатысуға дайын екенін растады.Сонымен қатар тараптар ҚР Үкіметі мен Еуроодақ арасындағы әуе тасымалдарының кейбір аспектілері туралы келісімді тезірек қол қоюдың маңыздылығын атап өтті. Бұл құжат нормативтік базаны үйлестіруге, құқықтық анықтығын арттыруға және қазақстандық және еуропалық әуе тасымалдаушылары арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған.Тараптар сондай-ақ цифрлық сауаттылықты арттыру, инклюзивті білім беруді дамыту және академиялық ұтқырлықты кеңейту мәселелерін тұрақты ынтымақтастықтың іргетасы ретінде қарастырды.Климат және «жасыл» күн тәртібі аясында тараптар Қазақстанның Париж келісімі бойынша міндеттемелерін орындауын, оның Глобалдық метан бастамасына белсенді қатысуын, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздері мен маңызды шикізат жеткізу тізбектерін дамыту бойынша бірлескен жобаларды ілгерілетуін құптады.Еуропалық делегация басшысы Л.Девинь: «Соңғы отыз жылда Еуропалық одақ пен Қазақстан өзара сенімге, құрметке және ынтымақтастыққа негізделген берік және жетілген серіктестік орнатып, өзара жақындай түсті. ЕО мен Қазақстан арасындағы серіктестік — бұл меже емес – ұзақ сапар. Бұл көпжылдық достықтың әлі ашылар жаңа тараулары көп», – деп мәлімдеді.Отырыс қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға және бірлескен жобаларды өзара құрмет рухында жүзеге асыруға бейілділігін растады.Анықтама: Саяси конфигурациядағы ынтымақтастық комитеті – ҚР мен ЕО арасындағы өзара іс-қимылдың негізгі институционалдық тетіктерінің бірі. Комитет отырыстары уәкілетті мемлекеттік органдар деңгейінде өткізіледі және заңның үстемдігі, сот және сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформалар, өңірлік және халықаралық қауіпсіздік, ЕҚЫҰ аясындағы ынтымақтастық, визалық саясат, білім беру, БАҚ және азаматтық қоғам салаларындағы өзара іс-қимыл сияқты кең ауқымды саяси және өңірлік мәселелерді қамтиды.Еуропалық одақ – Қазақстанның негізгі сауда және инвестициялық серіктесі. 2024 жылы тауар айналымы 48,7 млрд АҚШ долларын құрап, 2023 жылмен салыстырғанда 16,9%-ға өсті (ҚР-дан экспорт – 38,1 млрд доллар, импорт – 10,6 млрд доллар). 2005 жылдан бері Қазақстан экономикасына тартылған еуропалық инвестициялар көлемі 200 млрд доллардан асты. Елімізде еуропалық қатысумен 3000-нан астам компания жұмыс істейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1019259?lang=kk
Қазақстан мен Оман СІМ басшылары телефон сұхбаты арқылы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады 25.06.2025
Астана, 2025 жылғы 17 маусым – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Оман Сұлтандығының Сыртқы істер министрі Бадр Әл-Бусаидимен телефон арқылы сөйлесті.Тараптар саяси, сауда-экономикалық, көлік-логистика және инвестиция салаларындағы екіжақты қатынастардың жүйелі дамып келе жатқанын атап өтті. Қазақстан мен Оманның өңірлік логистикалық хаб ретіндегі стратегиялық әлеуетін ескере отырып, транзиттік бағыттарды дамыту мәселесінің маңыздылығына назар аударылды.Сонымен қатар сұхбаттастар өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, оның ішінде Таяу Шығыстағы ахуал бойынша пікір алмасты.М.Нұртілеу өңірдегі қауіпті әскери эскалацияға байланысты алаңдаушылық білдіріп, Қазақстанның ұстанымын жеткізді және қақтығысты халықаралық құқық қағидаттарына сай дипломатиялық жолмен реттеудің маңыздылығын атап өтті.Сұхбат нәтижесінде Қазақстан мен Оман сыртқы саяси ведомстволар басшылары екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, сондай-ақ БҰҰ, ИЫҰ және басқа да халықаралық пен өңірлік ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылды жалғастыруға бейілділігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1019101?lang=kk
Алтай ауданы мәслихатына тұрғындар көршісіне қатысты шағыммен жүгінді. 25.06.2025
Арызданушылардың айтуынша, аталған азамат өз пәтерін тиісті жағдайда ұстамайды. Депутаттардың бастамасымен комиссия құрылып, оның құрамына тұрғын үй инспекциясының өкілдері, қала әкімі аппаратының бас маманы, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары, учаскелік полиция инспекторы және Алтай ауданы мәслихатының төрағасы кірді. Комиссия мүшелері тексеріс жүргізіп, пәтердің қанағаттанарлықсыз жағдайда екенін, сондай-ақ бүкіл тұрғын үйге қауіп төндіретінін анықтады. Пәтер иесінің алкоголь өнімдерін шектен тыс тұтынатыны және санитарлық талаптардың сақталмайтыны да тіркелді. Тексеріс қорытындысы бойынша пәтер құқық қорғау органдарының ерекше бақылауына алынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/altay-maslihat/press/news/details/1018881?lang=kk
Қытайдан Еуропаға жерүсті жүк тасымалының 80%-дан астамы Қазақстан аумағы арқылы өтеді 25.06.2025
Вице-премьер-Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин 17 маусымда «Орталық Азия-ҚХР» іскерлік кеңесінің екінші отырысының ашылуында сөз сөйледі.Қазақстан Вице-премьері Кеңестің Орталық Азия елдері мен Қытай арасында орнықты экономикалық байланыс орнатуда маңызды алаңға айналғанын атап өтті. Оның айтуынша, аймақтағы мемлекеттердің әлеуетін ҚХР экономикалық, технологиялық мүмкіндігімен біріктіру ынтымақтастықтың бұрын-соңды болмаған деңгейіне жол ашып отыр.– Сауда-экономикалық байланысты дамыту басты назарда. 2024 жылы Орталық Азия мен Қытай арасындағы тауар айналымы 95 млрд долларға жетсе, оның жартысына жуығы Қазақстанға тиесілі, - деді Серік Жұманғарин. - Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда рекордтық $44 млрд-қа дейін өскен. Осы ретте алдағы жылдары өзара сауда көлемін екі есеге арттыру ниетіндеміз.Ынтымақтастықтың негізгі бағытының бірі – электрондық коммерцияны белсенді дамыту. Қазақстанда Alibaba және JD.com. сияқты электрондық сауда алаңдарында ұлттық павильондар құрудың оң тәжірибесі бар. Сондай-ақ, Қазақстан ҚХР Төрағасының «Жібек жолының электрондық коммерциясы» пилоттық аймағын құру жөніндегі бастамасын іске асыруда ынтымақтастыққа дайын екенін жеткізді.Орталық Азия – әлемде егіншілікті дамытудағы негізгі аймақ. Орталық Азия мен Қытай арасындағы ауылшаруашылығы саудасының ауқымы жылма-жыл артып келеді. Вице-премьер ауыл шаруашылығы өнімін өндіру мен қайта өңдеу бойынша бірлескен кәсіпорындар құруға, өндірістің тиімділігін арттыру үшін аграрлық секторға инновациялық, су үнемдеу технологиясын енгізуге мүдделі Қытай инвесторлары үшін көптеген мүмкіндікті атап өтті. Қытай үшін орасан зор мүмкіндікті ғасырлар бойы Шығыс, Батыс, Солтүстік пен Оңтүстікті байланыстыратын маңызды сауда жолының қиылысындағы Орталық Азияның транзиттік және логистикалық әлеуеті беріп отыр.Бүгінде Қытайдан Еуропаға жерүсті жүк тасымалының 80%-дан астамы Қазақстан аумағы арқылы өтеді. 2024 жылы Орта дәліз бойынша тасымалдау көлемі 60%-ға өсіп, 4,5 млн тоннаға жетті. 2030 жылға қарай көрсеткішті 10 млн тоннаға дейін екі есе арттыру жоспарлануда. Бұл өңірлік сауда мен транзитке жаңа көкжиек ашады.– Орталық Азия – негізгі сауда жолының қиылысы. Біз қытайлық әріптестерді жаңа инфрақұрылымдық жобаларды бірлесіп іске асыруға шақырамыз, - деді вице-премьер.Серік Жұманғарин Іскерлік кеңестің отырысын жыл сайын өткізу дәстүрін ұсынып, қос тараптың бизнес-қауымдастығын алдағы мүмкіндіктерді белсенді пайдалануға шақырды.Анықтама:«Орталық Азия – Қытай» іскерлік кеңесі 2023 жылғы мамырда Сиань қаласында (ҚХР) өткен «Орталық Азия – Қытай» бірінші саммиті шеңберінде құрылған. Кеңес құру бастамасы Қытай, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан мен Түркіменстан көшбасшылары қол қойған Сиань декларациясында бекітілді. Оның құрылтай отырысы 400-ден астам бизнес өкілін біріктіріп, Орталық Азия елдері мен Қытай арасындағы сауда-инвестициялық ынтымақтастықты тереңдетуге негіз болуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1018888?lang=kk
«Қақпада кездесу» акциясына қатысу кезінде 60-тан астам сотталғандар бостандыққа шықты 25.06.2025
Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару жүйесінің барлық мекемелерінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылатын сотталғандарды табысты әлеуметтендіруге бағытталған «Қақпада кездесу» ауқымды акциясы өткізілуде.Босатылған күні мекемелерге жергілікті атқарушы органдардың, пробация қызметінің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ сотталғандардың туыстары келеді. Мекеме әкімшілігімен бірлесіп, олар босатылғандарға құқықтық, психологиялық және әлеуметтік көмек көрсетеді. Қолдауға және қылмыстың қайталануын болдырмауға бағытталған әңгімелер жүргізіледі.Акцияның негізгі мақсаты - қайталанған қылмыстардың алдын алу және бұрынғы сотталғандарды азаматтық қоғамға табысты қайтаруға жәрдемдесу Осындай қолдаудың арқасында Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаментінің № 47 мекемесінде сотталғандардың біреуінің отбасы өз туысын колония қақпасында қарсы алды. Екібастұз қаласының ЖАО және ҮЕҰ өкілдерінен құқықтық көмек алғаннан кейін босатылған адамды туыстары жылы қарсы алды.Бақытты жүздер, жақындарының шынайы құшағы және жаңа өмір қарсаңында қолдау көрсету қайта әлеуметтендіру жолындағы маңызды қадам болып табылады. «Қақпада кездесу» акциясы босаған азаматтарға бостандықтағы өмірге бейімделуге және бірінші күннен бастап қоғамның қолдауын сезінуге көмектеседі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ps/press/news/details/1018891?lang=kk
Қарағанды облысы қалалар байланысы арқылы өсімге қол жеткізбек 25.06.2025
Биыл ақпан айында үкімет Қарағанды агломерациясын дамытудың кешенді жоспарын бекіткен болатын. Алдағы бес жылда өңірде өңдеу өнеркәсібінде кемінде 15 жаңа өндірісті іске қосу жоспарлануда. Бұл 17 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын құруға және халықтың әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік береді.Агломерациялық тәсілдің артықшылықтары туралы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев моноқалаларды дамыту бойынша республикалық семинарда айтып берді.- Біз не үшін Қарағанды агломерациясын құрдық? Мұнда ғылымды, біздің жетекші университеттерімізді қостық, олар бәрін негіздеді. Қазір барлық даму жоспарлары агломерацияны ескере отырып құрылған. Біріншісі - серіктес қалаларды Қарағандымен байланыстыратын қоғамдық көліктің бірыңғай жүйесі. Қазір оны моделдеп жатырмыз. Жолаушылар тасымалында бірыңғай тариф жұмыс істейді, күнделікті еңбек көші-қонын ескере отырып, электронды билет жүйесі енгізілді, - деп атап өтті өңір басшысы. - Бизнес үшін логистика ыңғайлы болуы үшін жұмыстар жасалуда. Сондай-ақ әлеуметтік мәселелер, тұрғын үй де назарда.Облыс әкімі металлургиялық кластерді дамыта бастаған Теміртауды мысал ретінде келтірді. Ол үшін жобалар пулы құрылды. Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау көзделген.Сондай-ақ зәкірлік жобаларға және шағын өнеркәсіптік аймақтар құруға баса назар аударылады.Еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлауға көп көңіл бөлінбек: кәсіпорындарға білікті жұмыс күші қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1018928?lang=kk