Enbekshi QazaQ

Әлем

Литвалық суретші мен композиторға арналған көрме 25.06.2025
2025 жылғы 16 маусымда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов литвалық суретші және композитор Микалоюс Константинас Чюрлёнистің шығармаларына арналған «Чюрлёнис әлеміне саяхат: өнер мен әуен үйлесімі» халықаралық көрмесінің салтанатты ашылуына қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Өз сөзінде Елші Қазақстан мен Литва арасындағы мәдени байланыстарды нығайтудағы көрменің маңыздылығын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1018936?lang=kk
Орталық Азиядағы өңірлік экологиялық ынтымақтастық жөніндегі семинар 25.06.2025
2025 жылғы 17 маусымда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов «Орталық Азияда көпжақты табиғат қорғау келісімдерін тиімді іске асыруға жәрдемдесу: қоршаған ортаның ластануымен күресте синергияны және адам құқықтарына негізделген тәсілдерді ілгерілету» тақырыбындағы әлеуетті арттыру жөніндегі өңірлік семинардың ашылуына қатысып, сөз сөйледі.Іс-шара Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы (UNEP) және БҰҰ-ның Еуропалық экономикалық комиссиясымен (UNECE) бірлесе ұйымдастырылды.Елші өз сөзінде Орталық Азиядағы экологиялық сын-қатерлерді шешуде үйлестірілген тәсілдің маңыздылығын және де БҰҰ қолдауымен 2026 жылы Қазақстанда Өңірлік экологиялық саммиттің өткізілуін атап өтті.Семинарға Орталық Азия елдерінен сарапшылар мен БҰҰ-ның елдік кеңселерінің өкілдері қатысты.Іс-шара өңірдің тұрақты дамуы мен қоршаған ортаны қорғау салаларында бірлескен шешімдерді әзірлеу үшін маңызды алаңға айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1018939?lang=kk
Қазіргі заманғы мемлекеттік қызмет: сын-қатерлер мен перспективалар 25.06.2025
2025 жылдың 17 маусымында Қостанай облысы Әділет департаментінің бас маманы Н.А. Серікбаев А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінде өткен «Мемлекеттік қызметті дамыту тұжырымдамасы: жастарды мемлекеттік қызметке тарту» тақырыбындағы дөңгелек столға қатысты.Іс-шара аясында жас мамандарды іріктеу жүйесін жетілдіру, мемлекеттік қызметтің жастар арасында тартымды имиджін қалыптастыру, кәсіби дағдыларын дамыту және мансаптық өсуге жағдай жасау мәселелері талқыланды. Университет түлектерінің мемлекеттік органдарда жұмыс істеуге деген ынтасын арттыруға ерекше назар аударылды.Дөңгелек стол қорытындысы бойынша қатысушылар өзекті мәселелерді талқылап қана қоймай тәжірибе алмасып, жастардың мемлекеттік қызметке қызығушылығын арттыруға бағытталған нақты ұсыныстар жасады. Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1018940?lang=kk
Эфиопиядағы Қазақстан Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін тапсырды 25.06.2025
Аддис-Абеба, 2025 жылғы 17 маусым – Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы жаңадан тағайындалған Елшісі Жалғас Әділбаев Эфиопия Сыртқы істер министрлігі Протокол басшысы Азиза Гелетаға сенім грамоталарының көшірмелерін тапсырды.Кездесу барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастардың берік сипаты мен өзара тиімділігін атап өтіп, олардың үдемелі дамуы мен тұрақты нығаюын атап өтті. Сауда, ауыл шаруашылығы, энергетика, ақпараттық технологиялар және мәдениет сияқты басты салалардағы ынтымақтастықты кеңейту перспективаларына ерекше мән берілді.Қазақстандық дипломат эфиопиялық әріптесін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформалар туралы егжей-тегжейлі хабардар етті. Ұлттық экономиканы әртараптандыруға, экологиялық таза технологияларды дамытуға және азаматтық қоғамды нығайтуға бағытталған күш-жігерге баса назар аударылды. Елші Қазақстанның тұрақты даму мақсаттарына жетуге және жаһандық проблемаларды шешуге дәйекті түрде үлес қосып отырғанын атап өтті.Протокол басшысы еліміздің реформалар жолындағы соңғы жетістіктерін жоғары бағалап, екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге сенімін білдірді. Ол Эфиопияның Қазақстанды Орталық Азия өңіріндегі маңызды серіктес ретінде қарастыратынын және мәселелердің кең ауқымы бойынша белсенді өзара іс-қимылға дайын екенін атап өтті.Кездесу соңында тараптар тұрақты диалогты қолдауға, сондай-ақ Қазақстан мен Эфиопия халықтары арасындағы өзара түсіністік пен достықты нығайтуға бағытталған бірлескен іс-шаралар өткізуге келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-addis-ababa/press/news/details/1018942?lang=kk
Ливан Сыртқы істер министрімен екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды 25.06.2025
17 маусымда Қазақстанның Ливандағы Елшісі Расул Жұмалы осы елдің Сыртқы және эмигранттар істері министрі Юсеф Раджимен кездесті. Сұхбат барысында екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен өзара тиімді ықпалдастықтың бүгінгі жай-күйі мен келешек көкжиектері қозғалды. Ливандық сыртқы саясат ведомствосының басшысы Қазақстанға, оның жүргізіп отырған байсалды да белсенді саясатына деген ілтипатын білдіре келе, онымен жан-жақты байланыстарды кеңейтуге мүдделігін растады. Атап айтқанда, саяси серіктестікпен қатар Қазақстан мен Ливан бүгінде инвестициялық, сауда-саттық, гуманитарлық, туристік бағыттарда жемісті ынтымақтасу үшін зор әлеуетке ие. Осы да ортақ маңызға ие өзге тақырыптарды пысықтап нақтылау мақсатында биыл екі елдің Сыртқы істер министрліктері арасында саяси кеңестің кезекті отырысын өткізу жоспарлануда. Қазақстан дипломаты өз кезегінде Таяу Шығыста соңғы уақытта орын алған шиеленістің тез арада реттеліп, Ливанның бейбіт әрі гүлдену кезеңіне аяқ басатынына тілек білдірді.           Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-beirut/press/news/details/1018949?lang=kk
Жеңіс оңай емес! 25.06.2025
2025 жылғы 12-15 маусым аралығында Қазақстан Республикасының астанасында gi UWW (World Cup 2025 grappling & grappling gi) Грэпплинг және грэпплинг бойынша Әлем кубогы өтті — бұл бүкіл әлем бойынша 1000-нан астам үздік жауынгерлерді біріктірген ауқымды халықаралық спорттық іс-шара.Турнирге Қазақстан, Ресей, Үндістан, Ливан, Филиппин, Қырғызстан, Өзбекстан спортшылары, сондай-ақ АҚШ, Бразилия және басқа елдердің өкілдері қатысты. Турнир күш, төзімділік, техника және ерік-жігерді көрсету үшін нағыз сахнаға айналды.Біздің облысымыз үшін ерекше мақтаныш Байшуақ ауылының тұрғыны Утетлеев Аян болды, ол біздің ауданды ғана емес, бүкіл елді де абыроймен таныстырды.✅ "Грэпплинг Ги" бөлімінде (кимонода) Аян техникалық және тактикалық дайындықтың ең жоғары деңгейін көрсете отырып, лайықты бірінші орынға ие болды.✅ "Грэпплинг" бөлімінде (кимоно жоқ) ол соңғы жекпе — жекте екінші орынға ие болды-бұл оның жауынгер ретіндегі тұрақтылығы мен әмбебаптығының дәлелі.Оның жеңіске жету жолы қиын болды: бірнеше сағаттық жаттығулар, ауырсынуды, күмәнді және шаршауды жеңу. Бірақ Аян Еңбек, адалдық және тәртіп әрқашан нәтиже беретінін дәлелдеді. Ол тіпті шағын ауылдық елді мекеннен әлемдік деңгейге шығуға болатынын көрсетті — егер мақсат пен сипат болса.Бұл жеңістер тек медальдар ғана емес, бұл жастар үшін үлгі, спортшылар үшін шабыт, туған ауыл мен бүкіл ел үшін нағыз мақтаныш.Аянды лайықты табысымен құттықтаймыз және оған жаңа спорттық жетістіктер, мықты денсаулық және халықаралық аренада жарқын мансап тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1018961?lang=kk
Қазақстан ТМД-да бірінші болып туризм статистикасына мобильді деректерді енгізді 25.06.2025
Қазақстан ТМД-да туризмнің ресми статистикасына мобильді деректерді енгізген алғашқы ел болды. Бұл тың қадамды Ұлттық статистика бюросы Дүниежүзілік банктің қолдауымен жүзеге асырып отыр. Жоба Мемлекет басшысының деректерді басқаруда жаңашыл тәсілдерді енгізу жөніндегі тапсырмасына сай келеді.  Мобильді позициялау деректерін пайдалану – туристік ағындарды бақылаудың мүлде жаңа деңгейіне жол ашты. Бұл тәсіл азаматтардың нақты қозғалысын тіркеуге мүмкіндік береді: бұған дейін ресми статистикада қамтылмаған бір күндік сапарлар мен қонақүйде тоқтамайтын қысқа мерзімді сапарлар да енді есепке алынады. Осы арқылы туризм деректері анағұрлым нақты әрі жан-жақты бола түсіп, ел ішіндегі қозғалысқа қатысты шынайы көріністі қалыптастырады.  2023 жылғы шілдеден 2024 жылғы шілдеге дейінгі аралықта ұялы байланыс операторларының бірінің деректеріне негізделген жобаның алғашқы нәтижелері бірқатар маңызды қорытынды шығаруға мүмкіндік берді. Мәселен, ішкі туристік сапарлардың 60%-дан астамы бір күндік сапарлар екені анықталды. Туристік белсенділіктің ең жоғары деңгейі жаз мезгілі және мерекелер кезінде – әсіресе Наурыз, Жаңа жыл мен Жеңіс күнінде байқалған. Үйден тыс жерде түнеу саны бойынша рекорд 2024 жылдың 21 наурызында, көктемгі демалыстың кезінде тіркелген. Астаналықтар қашықтықтағы айырмашылыққа қарамастан, көбінесе Ақмола облысы мен Алматыға барған. Жыл мезгілдеріне байланысты туристік белсенділіктің үш есеге дейін құбылуы туризмді дұрыс жоспарлауға жаңа мүмкіндіктер береді.  Осы және өзге де мәселелер Астанада өткен салалық семинар мен Дүниежүзілік банк өкілдерінің қатысуымен ұйымдастырылған жұмыс кездесуінде кеңінен талқыланды. Халықаралық сарапшылар Қазақстанның статистика саласын цифрландырудағы және жаңа дереккөздерді енгізудегі ілгерілеуін оң бағалады.  Қазақстан мобильді деректерді талдауға арналған алгоритмдерді әзірлеу бағытында Эстонияның Positium компаниясымен тығыз жұмыс істеп келеді. Бұл халықаралық серіктестікке Дүниежүзілік банк те белсенді қолдау көрсетіп отыр. Жобаға банк сарапшысы, экономист Метин Небилер кеңесші ретінде қатысуда. Оның айтуынша, «Қазақстан ТМД мен аймақ үшін цифрлық статистиканың жаңа үлгісін көрсетіп отыр. Бұл жоба – жай ғана технология емес, туристік ағымдарды есептеуге деген көзқарасты түбегейлі өзгертетін үлкен серпіліс», –дейді ол.  Қазіргі таңда байланыс операторларымен келісім жасасу жұмысы жалғасуда. Бұл бастама мобильді позициялау негізіндегі статистиканы тек туризм саласында ғана емес, сондай-ақ көші-қон көрсеткіштері бойынша да тұрақты түрде жариялауға жол ашады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/stat/press/news/details/1018962?lang=kk
Жазғы демалыс лагерінің балаларына музей залдары бойынша экскурсия жалғасын табуда 25.06.2025
Жетісу облысының Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінде Талдықорған қалалық №12 орта мектеп гиназиясы, №5 орта мектеп лицейі мен Көксу ауданы, Балпық би кентінен арнайы келген оқушыларға музей залдары бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Бұл экскурсия оқушылардың туған өлкесінің тарихына деген қызығушылығын арттырып, мәдени мұраларды көзбен көру арқылы білімдерін тереңдетуге бағытталды. Өткен күннің куәсі саналатын жәдігермен таныстырылып, әр дәуірдің  тарихи оқиғалары жайлы мағлұмат берілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1018964?lang=kk
«Әбу Насыр әл-Фараби – шығыстың ғұлама ғалымы» атты тұлғатану сағаты өткізілді 25.06.2025
Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына 1155 жыл толуына орай Жетісу облысы Сәкен Сейфуллин атындағы кітапхананың зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінде «Әбу Насыр әл-Фараби – шығыстың ғұлама ғалымы» атты тұлғатану сағаты өтті.Іс-шара барысында кітапхана қызметкерлері ұлы ғалымның өмір жолы мен ғылымдағы орнын таныстырып, философия, математика, музыка, логика сияқты түрлі салалардағы еңбектері жайында кеңінен баяндады. Оқырмандар Әл-Фарабидің адамзат өркениетіне қосқан үлесі, ғылыми ой-тұжырымдары және оның «Екінші ұстаз» атануының мәні туралы мол мағлұмат алды.Шараға бөлімнің тұрақты оқырмандары қатысты. Қатысушылар іс-шарадан рухани әсер алып, ғалымның даналығы мен білімге деген құштарлығын ерекше ықыласпен қабылдады.   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1018977?lang=kk
«Заң мен тәртіп» іс жүзінде: ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Күршім ауданында азаматтарды қабылдау өткізді 25.06.2025
«Заң мен тәртіп» нарративін ілгерілету аясында, сондай-ақ халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және шалғай ауыл тұрғындарына заң көмегін көрсету мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті Күршім ауданында көшпелі азаматтарды қабылдау ұйымдастырды.Іс-шараға түрлі мемлекеттік органдардың өкілдері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, кәсіби заңгерлер мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер қатысты.Күршім ауылында өткен қабылдау барысында 150 азамат көмек алды. Азаматтардың өтініштері негізінен әлеуметтік қолдау, медициналық қызметтер және жер даулары мәселелеріне қатысты болды.Барлық өтініштер орнында қаралып, мамандар әрбір мәселе бойынша жан-жақты құқықтық кеңес берді. Осындай тікелей байланыс форматы жоғары тиімділігін көрсетті — ауыл тұрғындары өздерін толғандырған мәселелерді мемлекеттік қызмет өкілдерімен тікелей талқылауға мүмкіндік алды.Бұл жоба — халықпен ашық диалогтың нақты мысалы. Ол тек нақты проблемаларды шешуге ғана емес, сонымен қатар құқықтық сауаттылықты арттыруға, әсіресе шалғай өңірлерде маңызды ықпал етуде.Егер сіз сыбайлас жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Call-орталығына хабарласыңыз. Қоңыраулар тәулік бойы қабылданады және тегін.#Заң_мен_тәртіп#ЗАҢменТӘРТІП Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-vko/press/news/details/1018985?lang=kk
Қазақстан мен Қытай 24 млрд АҚШ долларынан асатын сомаға 58 коммерциялық құжатқа қол қойды 25.06.2025
«Орталық Азия – Қытай» екінші индустриалдық және инвестициялық ынтымақтастық форумы аясында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың қатысуымен Қазақстан мен қытайлық компаниялар арасында жалпы сомасы 24 млрд АҚШ долларынан асатын 58 коммерциялық құжатқа қол қойылды.Форум аясында Fufeng Group қытайлық компаниясының Жамбыл облысында жүгеріні терең өңдеу жобасы бойынша инвестициялық келісімге қол қойылды. Инвестиция сомасы – 800 млн доллар. Бұл Қазақстанның агроөнеркәсіп секторындағы ең ірі жобалардың бірі болып табылады. Жоба жылына 1 млн тонна жүгері өңдеп, лизин мен аминқышқылдары секілді жоғары қосылған құны бар өнімдер шығаруға мүмкіндік береді. 1500 жұмыс орнын құрумен қатар, жоба өңірдегі фермерлер үшін тұрақты өткізу нарығын ашады: 2025 жылы 300 мың тонна жүгері жеткізуге оффтейк-келісімшарттар жасалды.Xinjiang Lihua Group Co., Ltd. компаниясы Түркістан облысында құны 420 млн доллар болатын толық мақта кластерін құру жобасын жүзеге асыруда. Инициатива мақтаны өсіруден бастап, оны терең өңдеу мен дайын тоқыма өнімдерін өндіруге дейінгі барлық кезеңді қамтиды. Жоба импортты алмастыруға, экспортқа және жеңіл өнеркәсіпті дамытуға бағытталған. Сондай-ақ ауылдық өңірлерде көптеген жұмыс орындарын құру және жергілікті аграршылармен келісімшарттар жасасу көзделген. Жоба аясында 10 кәсіпорын салынып, 4 мыңнан астам жұмыс орны ашылады.Сонымен қатар ҚР СІМ Инвестициялар комитеті Qingdao Wanlin Food Corporation қытайлық компаниясымен инвестициялық келісімшартқа қол қойды. Компания пиязды сусыздандыру және көкөністерді терең өңдеу зауытын салуды жоспарлап отыр. Инвестициялар көлемі – 89 млн доллар. Өндіріс Қытай, АҚШ және Еуропаға экспортқа бағытталатын болады. Компания шикізатты сатып алу үшін жергілікті аграршылармен ынтымақтастықты жолға қойған, ал кәсіпорында шамамен 300 жұмыс орны ашылады.Dalian Hesheng Holdings Ақмола облысында 650 млн доллар көлемінде инвестиция салып, астықты терең өңдейтін кешен салмақ. Өндіріс клейковина, крахмал және жоғары қосылған құны бар басқа да өнімдер шығаруға бағытталады, сондай-ақ отандық аграршылармен ұзақмерзімді келісімшарттар жасасу көзделген. Жоба агроөңдеу саласының дамуына, экспорттық әлеуетке және азық-түлік қауіпсіздігіне елеулі әсер етеді.Алматы облысының әкімдігі мен TBEA Company Limited компаниясы 1000 МВт қуаттылықтағы күн электр станциясы мен трансформатор зауыты құрылысы бойынша ауқымды энергетикалық жобаны іске асыру туралы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Перспективада инвестор Алатау қаласын сенімді жылумен қамту үшін 1320 МВт көмір ЖЭО салуды да жоспарлап отыр. Жалпы инвестиция көлемі – 3,7 млрд доллар.Бұдан бөлек, China Construction Engineering Corporation, Energy China Group, CITIC Construction, China CAMC Engineering, Huawei, Aladdin Holdings Group, YTO Express және басқа да компаниялармен келісімдерге қол қойылды.Олар энергетика, АӨК, көлік, АКТ және білім беру сияқты әртүрлі салаларды қамтиды және өндірістік қуаттарды, логистикалық хабтарды, ғылыми орталықтарды, оқу бағдарламаларын құруды және жоғары технологияларды енгізуді қарастырады.Тараптар ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу, жаңартылатын энергетика, қалалық инфрақұрылым және көмір-химия салаларындағы ынтымақтастық туралы келісімдерге де қол қойды.Бұл келісімдер Қазақстан мен Қытай арасындағы жоғары сенім деңгейін көрсетеді, сондай-ақ Қазақстанның инвестициялар, логистика және бірлескен өндірістік даму бойынша өңірлік хаб ретіндегі рөлін күшейтеді.Дереккөз: https://invest.gov.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/invest/press/news/details/1019012?lang=kk
Әдеп жөніндегі уәкілдің негізгі функцияларының бірі –Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының негізгі ережелерін және Әдеп кодексінің қолдану практикасына бағдарлай отырып түсіндіру кездесулерін өткізу болып табылады. 25.06.2025
Осы іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында, 28.05.2025 жылы Қарағанды облысы бойынша МКД ғимаратында ҚР Қаржы министрлігінің уәкілдері: Стратегия, персоналды басқару және жұмылдыру жұмысы департаментінің директоры Қ.К. ОРУНХАНОВ, Әдеп жөніндегі уәкіл К.Б. АРЫСТАНБЕКОВА және Мемлекеттік кірістер комитетінің Әдеп жөніндегі уәкілі Т.Т. АҚБАЕВ жұмыс іссапарымен келіп Қарағанды облысының Мемлекеттік кірістер, Қазынашылық, Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру, Ішкі мемлекеттік аудит комитеттерінің аумақтық департаменттерінің қызметкерлерімен кездесу өткізді.Сондай-ақ, уәкілдер жұмыс іссапармен Бұқар жырау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына барып қайтты.Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық стандарттары бойынша, оның ішінде әкімшілік ресурстарды пайдалануға тыйым салу, мүдделер қақтығысын болдырмау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді, қызметтік тәртіпті, іскерлік этикетті және ресми мінез-құлық ережелерін сақтау бөлігінде түсініктемелер берілді. Бұдан басқа, мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету, лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу және бонустар төлеу мәселелері бойынша түсініктемелер берілді.@qarjymin.kz @press_kyzmet_kgd @karaganda_mkd kazna_karaganda @buqar.zhyrau_mkb#ҚРҚММКК#КГДМФРК#САЛЫҚТАР#НАЛОГИ#кеден#таможня*************Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1019021?lang=kk
Шағын және орта бизнесті қолдау — стратегиялық басымдық 25.06.2025
Мемлекет басшысы тұрақты экономикалық дамудың мықты шағын және орта бизнессіз мүмкін еместігін атап өтеді. «Шағын және орта бизнестің үлесі неғұрлым жоғары болса, экономика соғұрлым дамыған», — деп атап көрсетті Президент. Осыған байланысты Қазақстанда кәсіпкерлікке қолайлы орта қалыптастыру бойынша жүйелі шаралар қабылданып жатыр.Дамыған елдерде ШОБ-тың жалпы ішкі өнімдегі үлесі 40–60%-ға дейін жетеді.Біздің өңірде де оң динамика байқалады. Соңғы екі жылда жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер саны 7,8%-ға артып, 66 мыңға жетті. Облыс экономикасындағы ШОБ үлесі — 30%. Шағын және орта бизнес 163 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтып отыр — бұл облыстың экономикалық белсенді халқының 36%-ы.2024 жылы ШОБ субъектілері 2,4 трлн теңгенің өнімін өндірді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 9%-ға артық. Өндіріс көлемінің артуына ең үлкен үлесті Қостанай, Бейімбет Майлин және Фёдоров аудандары қосты.Жаңа идеяларды жүзеге асыруға дайын кәсіпкерлерге ерекше назар аудару қажет. «Егер адам жоба іске асыруға ниетті болса, біздің міндетіміз — оны қолдап, аяққа тұрғанға дейін жан-жақты сүйемелдеу», — деді Құмар Ақсақалов. Кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдауды алу, банктермен және мемлекеттік органдармен жұмыс істеу барысында тек кеңес беріп қана қоймай, нақты көмек көрсету маңызды.Өңірдің негізгі өсу нүктелері — автокомпоненттер өндірісі орталығы және бұрынғы фабрика базаларындағы шағын индустриялық аймақтар. Сонымен қатар, мемлекеттік қолдау құрылымы оң өзгерістерге ұшырады: 2021 жылы жобалардың 44%-ы сауда саласына тиесілі болса, бүгінде бұл көрсеткіш 11%-ды ғана құрайды. Енді негізгі басымдық өңдеу өнеркәсібіне, көлік қызметтеріне және өндірістік салаға беріліп отыр.2023 жылы енгізілген «Бизнес-Көмек» бағдарламасы жақсы нәтижелерін көрсетті. Мысалы, елдің оңтүстігінде мал басын 7700 басқа дейін арттыруға мүмкіндік берді.Кеңес қорытындысы бойынша, қалалар мен аудан әкімдіктеріне және тиісті басқармаларға бірқатар тапсырмалар жүктелді: талдамалық және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту, әлеуметтік кәсіпкерлікті тарту, мемлекеттік қолдау шараларына тең қолжетімділікті қамтамасыз ету және олардың тиімділігін бақылау.«Кәсіпкерлік бастама Қазақстан экономикасының қозғаушы күшіне айналуда», — деп атап өтті Мемлекет басшысы. Сондықтан ШОБ тек қолдауға ие болатын сала ғана емес, өңірлік дамудың және әлеуметтік тұрақтылықтың өзегіне айналуы тиіс.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1019038?lang=kk
Шығыс Қазақстанда жаз мезгілінде қала сыртында 4 мыңнан астам бала жергілікті бюджет есебінен демалады 25.06.2025
Биылғы жазда Шығыс Қазақстан облысында жергілікті бюджет есебінен әртүрлі форматтағы жазғы демалыспен 4 403 бала қамтылмақ. Балалардың бос уақытын сапалы ұйымдастыру және сауықтыру мақсатында өңірде 12 қала сыртындағы лагерлер жұмысын жалғастырады, онда 3 923 бала тегін демалады.«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры айтарлықтай қолдау көрсетуде. Қордың көмегімен ауыл мектептерінен 185 оқушы «Дарын» лагеріне тегін жолдама алды. Бұл — балалардың демалу және сауықтыру мүмкіндіктерінің теңдігін қамтамасыз етудегі маңызды қадам.Ата-аналар арасында күндізгі мектеп жанындағы 270 лагерь үлкен сұранысқа ие. Бұл лагерьлер тамақпен және тамақсыз әртүрлі бағдарламалар ұсынады, бұл отбасыларға өздеріне қолайлы форматты таңдауға мүмкіндік береді.Барлық ауысымдардың бағдарламалары балалардың жас ерекшеліктері, қызығушылықтары мен қажеттіліктерін ескере отырып жасалған. Бағдарламада шығармашылық студиялар мен үйірмелердегі сабақтар, тұлғалық даму, бастамашылдық, коммуникативтік және көшбасшылық қабілеттерді дамытуға бағытталған шаралар қарастырылған.Сондай-ақ бірегей «Қонақжай отбасы» жобасы жалғасады. Биыл бұл жоба аясында 140 бала қазақ тілді ортаға еніп, тілді тұрмыстық жағдайда үйренуге мүмкіндік алады. Бағдарлама қазақ тілін үйренуді, өңірдің дәстүрі, мәдениеті мен тарихымен танысуды, халық аспаптарында ойнау бойынша шеберлік сабақтарына қатысуды және Шығыс Қазақстанның қасиетті жерлеріне экскурсияларды қамтиды.Өңірде алғаш рет балалар мен жасөспірімдер туризмін дамытуға бағытталған «Киелі Шығыс» жобасы басталады. Аталған жоба аясында 200 оқушы білім беру және танымдық турларға қатысып, ашық аспан астындағы мұражай – «Берел қорғандары», Қиын-Керіш шатқалы, жартасқа салынған суреттер мен Мемлекеттік ұлттық табиғи парктер мен тарихи және табиғи ескерткіштерді тамашалайды.Жазғы кезеңде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады. Барлық балалар демалатын орындарда санитарлық нормалар мен өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуына бақылау күшейтілді.2025 жылғы жазғы науқанның мақсаты – әрбір баланы демалдырып қана қоймай, олардың жаңа білім алуларына, жазғы демалысты әсерлі өткізулеріне, өз қабілеттерін ашуына жағдай жасауға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1018802?lang=kk
ШҚО білім басқармасына қарасты «Үміт» арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының жазғы сауықтыру лагері ашылды 25.06.2025
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасына қарасты «Үміт» арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тәрбиеленушілеріне арналған жазғы сауықтыру лагері өз жұмысын бастады. Лагерьдің мақсаты – балаларға тиімді әрі мазмұнды демалыс ұйымдастырып, олардың денсаулығын нығайту, шығармашылығын дамыту және жағымды эмоциялық орта қалыптастыру.Ашылу салтанаты аясында балалар қонақтарға лагерь аумағын таныстырып, ән айтып, би билеп, түрлі өнерлерін көрсетті. Іс-шара балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, жазғы маусымның жарқын басталуына себеп болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1018804?lang=kk
NITEC Fitch агенттігінен «BBB» деңгейіндегі инвестициялық кредит рейтингін алды 25.06.2025
Халықаралық рейтинг агенттігі Fitch Ratings «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ға (NITEC) шетел және ұлттық валютадағы эмитенттің ұзақмерзімді дефолт рейтингін (Issuer Default Ratings, IDR) «BBB» деңгейінде, тұрақты болжаммен берді. Бұл шешім компанияның халықаралық деңгейдегі тұрақтылығын және Қазақстан үшін стратегиялық маңызын мойындаудың маңызды көрсеткіші болды.Fitch тұжырымына сәйкес, рейтингтер NITEC-тің ұлттық цифрлық инфрақұрылымдағы маңызды рөлін және мемлекеттік сектормен институционалдық байланысын көрсетеді. Компания мемлекет үшін технологиялық серіктес ретінде әрекет етіп, негізгі ақпараттық жүйелердің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етіп келеді.Берілген рейтинг Қазақстан Республикасының егемендік рейтинг деңгейіне сәйкес келетіндігін атап өткен жөн. Бұл компанияға жетекші халықаралық агенттіктердің бірі тарапынан жоғары сенім білдірілгенін көрсетеді.«BBB» деңгейіндегі инвестициялық рейтингтің және тұрақты болжамның берілуі – бұл компанияның қаржылық сенімділігінің көрсеткіші ғана емес, сонымен қатар халықаралық инвестициялық қауымдастыққа берілген күшті сигнал. Бұл NITEC тұрақты макроэкономикалық және басқару ортасында жұмыс істейтінін, қарызды басқару бойынша жауапты саясат жүргізетінін және ресурстарды тиімді пайдаланатынын дәлелдейді.Бұл оқиға компания үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады: серіктестер үшін ашықтық артады, қаржы институттарының сенімі нығаяды, халықаралық капитал нарығына шығу әлеуеті пайда болады. Сонымен қатар, Fitch рейтингі NITEC-тің корпоративтік басқару және институционалдық даму деңгейінің жоғары екенін айғақтайды.Құрылған сәтінен бастап NITEC цифрлық мемлекеттің архитектурасын жүйелі түрде қалыптастырып келеді. Компания негізгі мемлекеттік IT-қызметтерді дамытып, сүйемелдеп, елдің цифрлық платформасының технологиялық сенімділігін, ауқымдылығын және тұрақтылығын қамтамасыз етуде.Рейтинг туралы толық ақпарат Қазақстан қор биржасының ресми сайтында және Fitch мақаласында қолжетімді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/1018811?lang=kk
Мемлекеттік қызметтерді үйден не жұмыс орныңыздан шықпай-ақ алыңыз: «Жеке менеджер» қызметі қалай жұмыс істейді 25.06.2025
Мемлекеттік қызметтерді үйден не жұмыс орныңыздан шықпай-ақ алыңыз: «Жеке менеджер» қызметі қалай жұмыс істейді«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы азаматтардың қажеттіліктеріне қарай мемлекеттік қызметтерді көрсету форматтарын үнемі жетілдіріп келеді. Солардың бірі – «Жеке менеджер» сервисі. Бұл қызмет арқылы сіз өзіңізге қолайлы уақытта және сізге ыңғайлы жерде мемлекеттік қызметке қол жеткізе аласыз. Ол үшін өтінім қалдыру жеткілікті – арнайы маман келіп, қажетті сұрақтарыңызды жұмыс немесе жеке істеріңізден қол үзбей-ақ шешуге көмектеседі.Аталған қызмет әсіресе кішкентай баласы бар ата-аналарға, жұмыс кестесі тығыз азаматтарға, кәсіпкерлерге және денсаулығына байланысты қозғалысы шектеулі жандарға өте қолайлы, яғни Халыққа қызмет көрсету орталығына келуге мүмкіндігі жоқ азаматтардың барлығына арналған.«Жеке менеджер» қызметі 2024 жылдан бастап іске қосылды және қазіргі таңда көптеген мемлекеттік қызметтерді үйде, кеңседе немесе сіз үшін ыңғайлы кез келген жерде алуға мүмкіндік береді. Тек жеке куәлік, төлқұжат, жүргізуші куәлігі мен көлік құралын тіркеу қызметтері бұл сервис арқылы көрсетілмейді. Қызмет көрсететін маман сіздің өтінішіңіздің негізінде, алдын ала келісілген уақытта келеді. Қызмет құны – 7190 теңге, оған ұйымдастыру мен жеткізу шығындары кіреді.Қызметті пайдалану үшін Мемлекеттік корпорацияның ресми сайтына кіріп, «Жеке менеджер» бөліміндегі «Өтінім қалдыру» батырмасын басып, қажетті ақпаратты енгізу керек. Одан кейін «Азаматтарға арналған үкімет» мамандары сізбен хабарласып, келу уақытын нақтылайды. Сондай-ақ, өтінімді 1414 байланыс орталығы арқылы да беруге болады. Операторлар кеңес беріп болған соң, сізге сілтеме жазылған жеке SMS-хабарлама жіберіледі. Сілтемеге өтіп, өтінімді онлайн беруге болады.Айта кетейік, Халыққа қызмет көрсету орталықтарының өзінде де «Жеке менеджер» сервисі қарастырылған. Бұл қызметті орталықта қолдансаңыз, сізге басымдығы бар талон беріледі. Одан кейін қызмет көрсету туралы келісімшарт жасалады. Бұл қызметтің құны – 5500 теңге. Сервис төлқұжат пен жеке куәлік рәсімдеуден басқа барлық мемлекеттік қызмет түрлерін қамтиды.Мемлекеттік корпорация азаматтардың қажеттіліктерін ескеріп, мемлекеттік қызметтерді қолжетімді әрі ыңғайлы ету үшін жаңа сервистерді енгізуді жалғастыруда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1026504?lang=kk
Алматыда малайзиялық бизнесті қолдау кеңсесін ашу – екіжақты ынтымақтастықты нығайтудың жаңа қадамы 25.06.2025
Куала-Лумпур, 2025 жылғы 16 маусым – Қазақстанның Малайзиядағы Елшісі Болат Сүгірбаев Малай сауда палатасының (Dewan Perniagaan Melayu Malaysia, DPMM) басшылығымен кездесу өткізді. Кездесу барысында екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды.Палата президенті Норшахрин бин Хамидон қазақстандық тарапқа Алматы қаласында DPMM-нің алғашқы шетелдік кеңсесін ашу жөнінде қабылданған шешім туралы хабарлады. Жаңа кеңсе биыл жұмысын бастап, Қазақстан, Орталық Азия және ТМД елдері нарықтарына шығуға мүдделі малайзиялық компаниялар үшін қолдау алаңына айналмақ. Н. Хамидонның айтуынша, Малайзияның іскер топтары Қазақстанды Еуразиялық кеңістікте бизнесті дамытуға қолайлы перспективалы хаб ретінде қарастырады.Өз кезегінде, Елші Б. Сүгірбаев Қазақстан Малайзиямен экономикалық байланыстарды нығайтуға айрықша мән беретінін және оны Оңтүстік-Шығыс Азиядағы стратегиялық әріптесі ретінде қарастыратынын атап өтті. Ол шетелдік инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау «Жаңа Қазақстанды» құру жолындағы негізгі басымдықтардың бірі екенін айтты.Сондай-ақ, Елші Алматыда DPMM кеңсесінің ашылуы екі елдің іскер топтары арасындағы өзара іс-қимылды жандандыруға, экономикалық әріптестікті тереңдетуге, өзара сауданы кеңейтуге және бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға серпін беретініне сенім білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kuala-lumpur/press/news/details/1018853?lang=kk
🔸Ағымдағы жылдың 12 маусымында Меңдіқара ауданы әкімдігінің ғимаратында азаматтарды жеке қабылдау өтт 25.06.2025
     Посмотреть эту публикацию в Instagram           Публикация от Ғабит Мәжитұлы Бекбаев (@bekbaev_gabit) Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1018764?lang=kk
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ» жобасы аясында Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының Күршім ауданында азаматтарды қабылдауы 25.06.2025
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тапсырмасына сәйкес, 2025 жылдың 17 маусымында ШҚО, Күршім ауданы, Күршім ауылының мәдениет үйінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ» жобасы аясында Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы басқа облыстық құқық қорғау органдары және басқармалардың өкілдерімен бірлесе азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.Аталған акцияның мақсаты – азаматтарды қабылдай отырып  құқықтық кеңес беру арқылы қоғамның құқықтық мәдениет деңгейін арттыру.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1018795?lang=kk