Enbekshi QazaQ

Әлем

Алматы облысында әлемдік деңгейдегі футбол академиясы салынуда 08.06.2025
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев жұмыс сапарымен Талғар ауданына барды. Сапар барысында өңір басшысы болашақ «Атлетико де Мадрид» футбол академиясының құрылыс алаңында болып, жобаның жүзеге асу барысымен танысты.Жоба Талғар ауданындағы жұмыс істеп тұрған «Ақбұлақ» спорт орталығының базасында жүзеге асырылуда. 2024 жылдың қыркүйек айында «Sport Asset Management» қоғамдық бірлестігі мен «Doscar Group» ЖШС испаниялық «Атлетико де Мадрид» футбол клубымен бірлескен қызмет туралы келісімге қол қойды. Осы келісім аясында Орталық Азияда алғашқы «Атлетико де Мадрид Қазақстан» футбол академиясын құру жоспарланған.Академия құрылысы үш кезеңмен жүргізіледі. Бірінші кезең – балалар академиясының нысандарын салу – 2025 жылдың мамырында басталып, 2026 жылдың соңына дейін аяқталады деп күтілуде. Қазіргі таңда қонақүй ғимараты қайта жаңартылып, бір футбол алаңының реконструкциясы қарқынды жүргізілуде. Бұл нысанның пайдалануға берілу мерзімі – 30 маусым.Қазіргі уақытта келесі нысандар бойынша жобалық құжаттамаларды келісу жұмыстары жүргізілуде:– 20 киім ауыстыратын бөлмесі, душ кабиналары, медициналық пункттері, жаттығу және конференц-залдары, көрермендерге арналған алаңдары бар әкімшілік-тұрмыстық кешен;– қыс мезгілінде жаттығуға арналған жасанды жабыны бар жабық каркасты футбол залы;– жасанды төсемі бар екі ашық футбол алаңы;– қақпашыларға арналған жаттығу алаңы;– бұрынғы садақ ату ғимаратын заманауи өткізу пунктіне айналдыру (кіру аймағы, санитарлық тораптар, күту залы және кафетерий қарастырылған).Жобаның екінші кезеңінде кәсіби футбол командаларына арналған инфрақұрылым құрылмақ: табиғи шөп төселген екі ашық алаң, жасанды жабыны бар бір алаң және толық жабдықталған әкімшілік кешен.Ал үшінші кезеңде 10 000 көрерменге арналған үлкен стадион салу көзделіп отыр.Академия тек спорттық база ғана емес, болашақта әлемдік деңгейдегі футболшыларды дайындайтын орталыққа айналып, қазақстандық футболдың дамуына жаңа серпін береді деп күтілуде.Аталған жобаға Алматы облысы әкімдігі жан-жақты қолдау көрсетеді. Инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, қажетті рұқсат құжаттарын жеделдету және құрылыс барысын үйлестіру – өңір басшылығының тұрақты бақылауында.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1013400?lang=kk
Қазақстан Елшісі Скопье университетінде сөз сөйледі 08.06.2025
Скопье, 2025 жылғы 4 мамыр – Қазақстанның Солтүстік Македониядағы Елшісі Сатыбалды Бұршақов ректор Аце Миленковскидің қатысуымен Скопье университетінің студенттері мен профессор-оқытушылар құрамы алдында презентациялық дәріс оқыды.Елші Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуы,  сыртқы саясаттағы негізгі аспектілері, сондай-ақ Қазақстан мен Солтүстік Македония ынтымақтастығының перспективалары туралы айтты.Қазақстандық дипломат тыңдаушыларды Президент Қ.Тоқаев бастамашылық еткен саяси реформалардың іске асырылу барысы, стратегиялық географиялық жағдай мен тұрақты макроэкономикалық динамикаға негізделген еліміздің инвестициялық әлеуеті туралы егжей-тегжейлі хабардар етті.Қазақстанның қоғамдық-саяси тұрақтылығының ажырамас негізін құрайтын ұлтаралық, этносаралық келісім мен конфессияаралық диалогқа ерекше назар аударылды. С.Бұршақов Мемлекет басшысы жүргізіп отырған саясат қоғамды біріктіруге және елдің тұрақты дамуына ықпал ететін әділеттілік, заңның үстемдігі және барлық азаматтар үшін мүмкіндіктер теңдігі қағидаттарын дамытуға бағытталғанын атап өтті.2024 жылы Қазақстан Елшілігінің ашылуы, ағымдағы жылдың мамыр айында Астана халықаралық форумына Солтүстік Македонияның жоғары деңгейдегі өкілді делегациясының қатысуы, оның аясында екі ел президенттерінің кездесуі, сондай – ақ Қарағанды мен Куманово қалалары арасындағы Ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою сияқты екіжақты қатынастардағы маңызды оқиғалар аудиторияның ерекше қызығушылығын тудырды.Университет басшылығы Қазақстан Елшілігіне елімізбен тереңірек танысу мүмкіндігі үшін ризашылығын білдіріп, болашақта академиялық ынтымақтастықты, ғылыми-білім беру байланыстарын дамыту және екі ел арасындағы мәдениетаралық диалогты кеңейту үшін осындай кездесулер өткізудің маңыздылығын атап өтті.Елші университет оқытушылары мен студенттерінің сұрақтарына жауап берді.Анықтама: Скопье Университеті 2006 жылы құрылған. Университет туризм және менеджмент саласында мамандар даярлауды жүзеге асырады. Студенттер саны – 800 адам.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-skopje/press/news/details/1013412?lang=kk
Қазақстан Сыртқы істер министрі Иранға ресми сапармен келді 08.06.2025
Тегеран, 2025 жылғы 7 маусым – Иран тарапының шақыруымен Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Иран Ислам Республикасына ресми сапармен келді.Сапар бағдарламасы Иран Президенті Масуд Пезешкианмен кездесуден басталып, тараптар қазақ-иран ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылады және екіжақты қатынастарды жан-жақты нығайтуға ниеттерін растады. ҚР Сыртқы істер министрі Иран басшысына Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебіздері мен Құрбан айт мерекесіне орай жолдаған құттықтауларын жеткізді.Кездесу барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Тараптар 2024 жылдың қорытындысы бойынша екіжақты тауар айналымының 50 пайызға артқанын атап өтіп, бұл көрсеткішті одан әрі ұлғайтуға өзара мүдделілікті білдірді. Каспий теңізінің транзиттік әлеуетін пайдалану және «Солтүстік – Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізін дамыту мәселелерін қоса алғанда, көлік-логистика саласындағы бірлескен жұмыс перспективалары қарастырылды.Сұхбаттастар сондай-ақ өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, көпжақты құрылымдар аясындағы тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға бейілді екенін растады.Кездесу нәтижесінде Президент М.Пезешкиан қазақ-иран қатынастарының деңгейіне жоғары баға беріп, оларды мазмұнды түрде одан әрі дамытуға дайын екенін білдірді. Ол сондай-ақ Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевқа ізгі тілектерін жолдады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1013423?lang=kk
Қазақстан мен Иран сыртқы істер министрлері екіжақты қатынастарды жан-жақты нығайтуға бейілділігін растады 08.06.2025
Тегеран, 2025 жылғы 7 маусым – Иранға ресми сапары аясында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Аракчимен келіссөздер өткізді.Министрлер екіжақты өзара іс-қимылдың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады, сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Сауда-экономикалық серіктестікті тереңдетуге ерекше назар аударылып, ынтымақтастықты сапалы жаңа деңгейге шығару қажеттілігі аталып өтті.«Біз екі ел арасындағы сындарлы әрі қарқынды диалогты кеңейтуді жалғастырамыз. 2024 жылы екіжақты тауар айналымы 12,3%-ға өсіп, 340 миллион АҚШ долларынан асты. Ал 2025 жылдың бірінші тоқсанында бұл көрсеткіш 82%-ға артып, 129 миллион долларды құрады. Біз осы оң қарқынды сақтап, өзара сауданы 3 миллиард долларға дейін ұлғайтуды көздеп отырмыз», – деп мәлімдеді М.Нұртілеу.Қазақстан және Иран сыртқы саяси ведомстволарының басшылары Каспий өңірін дамыту мәселелері бойынша күш-жігерді үйлестірудің маңыздылығына назар аударды. Сондай-ақ Қазақстанның шекара маңындағы облыстары мен Иран провинциялары арасындағы ықпалдастықты кеңейту және екі елдің Каспий порттарының әлеуетін толық пайдалану маңызды бағыт ретінде аталып өтті.Тараптар халықаралық алаңдардағы өзара іс-қимылды оң бағалап, аталған бағыттар бойынша жұмысты жалғастыруға уағдаласты.Келіссөздердің қорытындысы бойынша екі елдің сыртқы істер министрліктері арасында Ынтымақтастық бағдарламасына және Дипломатиялық архив саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.Сапар аясында Қазақстан Сыртқы істер министрі ИИР Жоғарғы көшбасшысының Халықаралық мәселелер жөніндегі кеңесшісі Али Акбар Велаятимен кездесу өткізді. Саяси, экономикалық және мәдени салалардағы байланыстарды нығайту талқыланды. Сондай-ақ өңірлік пен халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ықпалдастық және өңірлік тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.Бұдан бөлек М.Нұртілеу Иранның «Kaveh» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Мохаммад Садег Кавені қабылдады. Сұхбат барысында сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, соның ішінде өнеркәсіп пен логистика салаларындағы бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру перспективалары қаралды. Қазақстан мен Иран арасындағы тауар айналымын арттыру және халықаралық көлік дәліздері аясында транзиттік мүмкіндіктерді пайдалану мәселелері де күн тәртібінен тыс қалған жоқ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/invest/press/news/details/1014238?lang=kk
Милад Карими тағы да Азия чемпионатының үздіктері қатарында 08.06.2025
Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы Спорт командасын даярлау орталығының аға маманы, атақты гимнаст Милад Карими Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия ерлер чемпионатында еркін жаттығулар финалында күміс медаль жеңіп алды.25 жастағы спортшы төрешілерден жоғары баға — 14,400 балл алып, ұлттық құрама көшбасшыларының бірі мәртебесін растады. Алтын үшін қызу күресте Карими 2024 жылғы филиппиндік Олимпиада чемпионы Карлос Адриэль Юлоға (14,600) сәл ғана есе жіберді. Қола жүлдені чемпионат өткізуші ел өкілі — корейлік Мун Гын Ён жеңіп алды (14,033).Милад Карими қазақстандық спорттық гимнастика мектебінің жарқын өкілі. Ол еркін жаттығулардан Әлем кубогы кезеңдерінің бірнеше дүркін жеңімпазы, еркін жаттығулар бойынша жалпы есепте 2025 жылғы Әлем кубогының иегері. Париж-2024 Олимпиада ойындарында Карими еркін жаттығуларда бесінші орынға ие болды, ал 2024 жылы Азия чемпионатында штангалық жаттығуларда үздік атанды.Ұлттық ұлан халықаралық аренада елдің беделін көтеретін және жас ұрпақ үшін табандылықтың, еңбекқорлықтың және жоғары кәсібиліктің үлгісі болып табылатын спортшысымен мақтанады. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1013438?lang=kk
Қазақстандағы жеке тұлғалардың банкроттығы: қорытындылары мен жаңалықтары 08.06.2025
2023 жылғы 3 наурыздан бастап Қазақстан Республикасында «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңы қолданыста, ол азаматтарға борыштық міндеттемелерді реттеу үшін үш рәсімді ұсынады: соттан тыс банкроттық, сот арқылы банкроттық және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру.Рәсімдерді қолдану статистикасы банкрот деп танылды: Мемлекеттік кірістер органдары арқылы – 28,4 мың азамат; сот шешімі бойынша — 196 азамат.Міндеттемелердің жалпы сомасы – 147,1 млрд теңге.Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін 9,5 млрд теңге сомасына 103 азамат қолданды, оның 8-і бойынша қалпына келтіру жоспарлары бекітілді.Заң енгізілген сәттен бастап халықтың хабардарлығының өсуі байқалады: 2024 жылы 83 057 өтініш, 2025 жылдың 5 айында – 77 106 өтініш берілді.Заңнамадағы негізгі өзгерістер2024 жылдың 20 тамызынан бастап рәсімдерді жеңілдетуге бағытталған түзетулер күшіне енді:Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі мерзімі өткен және мүлік болмаған кезде, бірақ тұрақты табыс болған кезде қол жетімді болды.Соттан тыс банкроттық енді микроқаржы және коллекторлық ұйымдарды қоса алғанда, қарыз шарттары бойынша талап ету құқығы бар барлық ұйымдар алдындағы міндеттемелер бойынша қолданылады.Өтініш беру тәртібі жеңілдетілді: кредитор мен қарыз сомасы туралы мәліметтерді көрсету, сондай-ақ құжаттарды қоса беру қажеттілігі алынып тасталды.Өтеудің болмау мерзімін есептеу тәртібі нақтыланды: 1 АЕК-тен кем төлемдер өтеу болып есептелмейді, мерзім соңғы төлем күнінен бастап есептеледі.Алдағы өзгерістерПарламентте:- 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған қарыз шарттары бойынша борышты реттеуді жүргізу туралы талапты алып тастауды;- борышкердің себебін көрсетпей соттан тыс банкроттық рәсімін тоқтату құқығын;- соттан тыс банкроттық рәсімі аяқталғаннан кейін кредиттік бюролар базасында көрсетілмегендерді қоса алғанда, банкроттың қаржы ұйымдары алдындағы барлық міндеттемелерін тоқтатуын көздейтін түзетулер қараладыАталған түзетулер ағымдағы жылдың соңына дейін іске асырылады деп күтілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kyzylorda/press/news/details/1014999?lang=kk
Барлық түрдегі ақшалай есеп айырысулар кезінде БКМ қолдану қажеттілігі туралы 08.06.2025
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті кәсіпкерлік субъектілерінің барлық түрдегі ақшалай есеп айырысулар кезінде, оның ішінде қолма-қол ақшамен, банк карталарымен, сондай-ақ QR-кодтар арқылы мобильді төлемдер кезінде бақылау-кассалық машиналарды (БКМ) міндетті түрде қолдану қажеттілігіне назар аударады.Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес, ел аумағындағы барлық ақшалай есеп айырысулар Мемлекеттік тізілімге енгізілген үлгідегі БКМ қолдану арқылы жүргізілуі тиіс.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1013448?lang=kk
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің құрылымдық бөлімшелерінің телефон нөмірлері 08.06.2025
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің құрылымдық бөлімшелерінің телефон нөмірлері Ірі салық төлеушілер және халықаралық салық салу  басқармасыбасшы (7292) 301310 +1104мамандар (7292) 301310 +1166, 2006, 1018 Талдау басқармасыбасшы (7292) 301310 +1042мамандар (7292) 301310 +1008, 1022 Заң басқармасыбасшы (7292) 301310 +1188мамандар (7292) 301310 +1072 Адам ресурстары басқармасыбасшы (7292) 301310 +2002персоналмен жұмыс бөлімі (7292) 301310 +1184, 1186, 1185қызметтік тергеп-тексеру бөлімі (7292) 301310 +1083, 1035 Ұйымдастыру-қаржы басқармасыбасшы  (7292) 301310 +1006ұйымдастыру–бақылау бөлімі (7292) 301310 +1009, 1183, 1101, 1178қаржы бөлімі (7292) 301310 +1109, 1045, 1092, 1153, 1043 Ақпараттық технологиялар басқармасыбасшы (7292) 301310 +2010мамандар (7292) 301310 +1177, 1122, 1037 Аудит басқармасыбасшы  (7292) 301310 +1021аудит бөлімі (7292) 301310 +1162, 1070, 1050, 1151, 1147, 1019САЭБ бөлімі (7292) 301310 +1128, 1046, 1091, 1103, 1086, 1007 Пост кедендік бақылау басқармасыбасшы (7292) 301310 +1076камералдық кедендік тексерулер бөлімі (7292) 301310 +1096, 1074, 1107, 1074, 1069көшпелі кедендік тексерулер бөлімі (7292) 301310 +1064, 1108, 1075 Камералдық мониторинг басқармасыбасшы (7292) 301310 +1077№ 1 камералдық мониторинг бөлімі (7292) 301310 +1002, 1062, 1170№ 2 камералдық мониторинг бөлімі (7292) 301310 +1099, 1103, 1034, 1126№ 3 камералдық мониторинг бөлімі (7292) 301310 +1080, 1135, 1154 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасыбасшы (7292) 301310 +1193мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту және сапасын бақылау бөлімі (7292) 301310 +1121жеке шоттарды есепке алу және жүргізу бөлімі (7292) 301310 +1150  мамандар (7292) 301310 +1102, 1027, 1011, 1100 Түсіндіру жұмысы және Байланыс орталығы басқармасыбасшы (7292) 301310 +1144мамандар (7292) 301310 +1113, 1020 Кедендік әкімшілендіру басқармасыбасшы (7292) 301310 +1169интеграцияланған бақылау және кедендік инфракұрылым бөлімі (7292) 301310+1067кедендік бақылауды ұйымдастыру бөлімі (7292) 301310+1143тауарларды жеткізуді бақылау бөлімі (7292) 301310+1033 Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасыбасшы (7292) 301310 +2001мамандар (7292) 301310 +1171, 1013, 1078, 1136, 1001, 1163    Берешекпен жұмыс басқармасыбасшы (7292) 301310 +1000мамандар (7292) 301310 +1015, 1051 Өндірістік емес төлемдер, жеке тұлғаларды және арнаулы салық режимдерін әкімшілендіру басқармасыбасшы (7292) 301310 +1029мамандар (7292) 301310 +1134, 1003, 1159, 1146, 1134, 1164, 1066, 1159, 1052, 1175 Тарифтік реттеу басқармасыбасшы (7292) 301310 +1064мамандар (7292) 301310 +1094, 1095, 1098, 1097 ЕАЭО шеңберінде ҚҚС әкімшілендіру басқармасыбасшы (7292) 301310 +1165мамандар (7292) 301310 +1127, 1028    «Ақтау-Кедендік ресімдеу орталығы» кеден бекетібасшы (7292) 301310 +1040мамандар (7292) 301310 +1032, 1152    «Әуежай-Ақтау» кеден бекеті (7292) 60-96-41 +1203, 1207 «Теңіз порты» кеден бекеті (7292) 44-51-28 «Құрық» кеден бекеті (7292) 46-24-93 «Темір-Баба» кеден бекеті (72937) 4-20-40 «Бейнеу» кеден бекеті (72932) 2-13-80, 5-00-36 «Тәжен» кеден бекеті (72932) 2-55-73, 2-55-84.2-55-57 «Болашақ» кеден бекеті Жаңаөзен қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасыбасшы (72934) 73-2-23басшының орынбасары (72934) 71-6-34салық төлеушілермен жұмыс бөлімі (72934) 74-3-35, 71-7-57, 73-2-83берешекпен жұмыс бөлімі (72934) 72-1-03салықтық бақылау бөлімі (72934) 71-2-79  Бейнеу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасыбасшы (72932) 2-11-70басшының орынбасары (72932) 2-12-30салық төлеушілермен жұмыс бөлімі (72932) 2-12-41салықтық әкімшілендіру және өндіріп алу бөлімі (72932) 2-19-03; 2-11-38 Қарақия  ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасыбасшы (72937) 2-11-58салық төлеушілермен жұмыс бөлімі (72937) 2-12-43салықтық әкімшілендіру және өндіріп алу бөлімі (72937) 2-12-62, 2-13-71, 2-14-83 Түпқараған  ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы(72938) 2-24-55 Маңғыстау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасыбасшы  (72931) 2-12-83қабылдау бөлмесі (72931) 2-17-13салық төлеушілермен жұмыс бөлімі  (72931) 2-17-55, 2-19-75салықтық әкімшілендіру және өндіріп алу бөлімі (72931) 2-11-86, 2-14-80 Мұнайлы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасыбасшы (7292) 46-51-19басшының орынбасары (7292) 46-61-62салық төлеушілермен жұмыс бөлімі (7292) 46-60-86салықтық бақылау бөлімі (7292) 46-51-24берешекпен жұмыс бөлімі (7292) 46-61-63 Ақтау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасыбасшы (7292) 301310 +2003қабылдау бөлмесі (7292) 301310 +1106басшының орынбасарлары(7292) 301310 +1060, 1112салық төлеушілермен жұмыс бөлімі (7292) 301310 + 1058, 1059, 1024, 1023, 1110, 1047, 1023заңды тұлғаларды әкімшілендіру бөлімі (7292) 301310 + 1026, 1172, 1158, 1172, 1014, 1158, 1141дара кәсіпкерлерді және жеке тұлғаларды әкімшілендіру бөлімі (7292) 301310 + 1120, 1082, 1016, 1030, 1118, 1030, 1167, 1030, 1082, 1180жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімі (7292) 301310 +1039, 1088, 1087, 1036, 1137, 1054, 1061, 1189талдау және есепке алу бөлімі (7292) 301310 +1117, 1093, (7292) 30-24-44берешекпен жұмыс бөлімі (7292) 301310 +1160, 1080, 1155, 1114, 1089, 1116, 1089заң бөлімі (7292) 301310 +1057, 1057персоналмен жұмыс және ұйымдастыру жұмысы бөлімі (7292) 301310 +1063, 1025банкроттық бөлімі (7292) 301310 +1005 «Ақтау Теңіз порты» Мемлекеттік кірістер басқармасыбасшы (7292) 301310 +1055, 301850салықтық бақылау бөлімі (7292) 301310 +1065, 1044Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1013460?lang=kk
Жетісу өңірінің жас таланттары 08.06.2025
Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайының жанынан 2002 жылдан бастап “Жас таланттар” (“Юные таланты”) би тобы жұмыс жасауда. Ансамблдің көркемдік жетекшісі Архитко Наталья Андреевна. Ұжымның оқушылармен жұмысының негізгі мақсаты шығармашылық тұлғаны (адам баласына берілген мүмкіндіктерді байыту ретіндегі шығармашылық ойлау және шығармашылық белсенділік) дамыту, олардың жаратылыстың табиғи қозғалысын тану арқылы әсемдікке, деген сезімдерін тәрбиелеу, сондай-ақ балалардың материалдарды игеруі және меңгеруі негізінде олардың білімдерін, біліктіліктерін және дағдыларын қалыптастыру.Бұл үйірмеде үш топқа бөлінген жалпы саны 69 бала қатысып, дәріс алуда. Балалардың жас мөлшері  4-6 жастағы – 10 бала, 6-8 жастағы – 12 бала, 9-11 жастағы – 15, 12-13 жас 15 бала, барлығы 52 бала.Жұмыс істеген жылдар бойы өздерінің оқу бағдарламасы қалыптасты. Хореографиялық ұжымның тиімді жұмыс істеуі және шығармашылық жоғары жетістіктерге жетуі үшін сабақ өткізудің нысандары пайдаланылады: топтық нысан, ұжымдық нысан , жеке нысан.“Жас таланттар” бишілер тобы көптеген облыстық, қалалық іс-шараларға қатысып, ат салысып тұрады. Соның қорытындысы ретінде жыл сайын ЕСЕПТІ КОНЦЕРТ өткізеді. Биыл 4 маусым күні толы зал қошеметіне бөленген балалар сахнаға өз өнерлерін паш етіп көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1013151?lang=kk
Қазақстан мен Пәкістан IT саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде 08.06.2025
Исламабад, 2025 жылғы 5 маусым – Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин Пәкістанның Ақпараттық технологиялар және телекоммуникациялар жөніндегі федералдық министрі Шаза Фатима Хаваджамен кездесу өткізді.Кездесу барысында тараптар цифрландыру және IT салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен перспективаларын талқылады.Елші Е.Қыстафин цифрлық күн тәртібін ілгерілету және озық технологияларды енгізу Қазақстанның мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. Осыған орай, ол екі елдің тиісті ведомстволары мен IT-компаниялары арасында, оның ішінде электрондық үкімет (eGov) және IT-платформаларды дамыту салаларында тікелей байланыстар орнатуға мүдделілік білдірді.Кездесу барысында Елші 2025 жылғы 28–29 сәуірде Исламабад және Карачи қалаларында өткен Қазақстан-Пәкістан бірлескен Үкіметаралық комиссиясының 13-отырысы мен бизнес-форумының нәтижелері туралы ақпарат беріп, қол қойылған 10 өзара түсіністік туралы меморандумды, Қазақстан мен Пәкістан жоғары оқу орындарының форумын және «Study in Kazakhstan» білім көрмесін ерекше атап өтті.Федералдық министр Ш.Ф.Хаваджа Қазақстанмен IT және цифрландыру салаларында ынтымақтастықты кеңейтуге жоғары қызығушылық білдіріп, атап айтқанда, электрондық үкімет (eGov), онлайн төлемдер, финтех, бірлескен әзірлемелер және IT-стартаптарды коммерцияландыру бағыттарын ерекше атады.Министр екі елдің инновациялық хабтары, IT университеттері мен технологиялық платформалары арасындағы байланыстарды нығайта отырып, бірлескен IT жобаларды жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, IT-көрмелерді бірлесіп ұйымдастыру, электрондық коммерцияны дамыту және көлік-логистика саласындағы цифрлық шешімдерді ілгерілету арқылы өзара іс-қимылға нақты және қолданбалы сипат беру жөнінде ұсыныс айтты.Тараптар IT саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту бойынша практикалық қадамдарды бірлесіп пысықтау, сондай-ақ IT жөніндегі Арнайы жұмыс тобының тұрақты отырыстарын өткізу туралы уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1013159?lang=kk
Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясы «Big Band» үрлемелі аспаптар оркестрінің концертіне шақырамыз! 08.06.2025
Құрметті Талдықорған қаласының тұрғындары мен қонақтары!Сіздерді 8 маусым күні сағат 19:00-де Жастар саябағында өтетін Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясының «Big Band» үрлемелі аспаптар оркестрінің концертіне шақырамыз.Концертте 1990–2000 жылдардағы отандық және шетелдік хит әндер жанды дауыста орындалады.Өтетін орны: Жастар саябағы, Талдықорған қаласы Уақыты: 8 маусым, 19:00-деКіру тегінБайланыс телефондары: 8-747-787-88-81 8-701-567-48-07Көңілді кеште кездескенше!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1013177?lang=kk
Музейде "Ұмытылмас ерлік – ұрпаққа аманат" атты жылжымалы көрме ұйымдастырылды 08.06.2025
Жеңістің 80 жылдығына орай,  Жетісу облысының М.Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейі музей шоғырланбаған аймақтарда жылжымалы көрме ұйымдастыру мақсатында Көксу ауданы, Балпық би кенті, Б.Құндақбаева атындағы орта мектеп жанындағы жазғы лагерь балаларына «Ұмытылмас ерлік – ұрпаққа аманат» атты жылжымалы көрме құрды. Балалар Кеңес дәуірі мен Екінші Дүниежүзілік соғысы кезеңіне қатысты тың мәліметтермен танысып, жәдігерлерді қызығушылықпен тамашалады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1013185?lang=kk
Облыстық кітапханада Орақты Әлшағырұлының 605 жылдығына орай конференция өтті 08.06.2025
Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен батыр баба Орақты Әлшағырұлының туғанына 605 жыл толуына орай «Ұрпағына ұран болған – Орақты батыр» атты облыстық конференция өтті.Қазақстан тарихында ел тәуелсіздігі жолында күрескен батырлардың орны ерекше. Солардың бірі – Орақты батыр Әлшағырұлы. Ол 1420 жылы Қазақстанның оңтүстік аймағында дүниеге келген және шамамен 40 жыл басқарған Әбілқайыр ханның бас қолбасшыларының бірі болған. Ол тек әскери қолбасшы ғана емес, елді бірлікке үндеген, әділеттілікті ту еткен ұлы тұлға.Облыстық конференцияға Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қуаныш Сүлейменов, Қазақстанның мемлекеттік және қоғам қайраткері, қаламгер Наурыз Қылышбаев, Қазақстанның құрметті профессоры, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ғалым, түркітанушы, қаламгер Зәріпбай Оразбай, «Жалайыр Орақты батыр» қоғамдық қорының төрағасы Болысбай Момбаев, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Әли Ысқабай, ақын, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі Нүсіпбай Әбдірахым, тарихшы-өлкетанушы Құлтай Нұрқалбаев, Орақты бабаның ұрпақтары және жетісулық ақын-жазушылар, журналистер қатысты.Іс-шара барысында Орақты батырдың өмірі мен ел қорғаудағы ерлігі жайында бейнеролик көрсетіліп, батыр жайлы деректер, аңыз әңгімелер, батырлар династиясы туралы баяндамалар тыңдалып, құнды пікірлер мен келелі ойларды ортаға салды. Орақты бабаның ұрпақтары жас ұрпақты бабалар ерлігі рухында тәрбиелеу жөніндегі ой-пікірлерін ортаға салып, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.Шара соңында Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы  филармониясының дәстүрлі әншілері Құралай Шаяхметова мен Эльмира Дәуренбекова дәстүрлі әндерін орындап, өз өнерлерін тарту етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1013210?lang=kk
Білім көпірі: Қазақстан мен Словения жаңа білім беру бағыттарын игеруде 08.06.2025
Любляна, 2025 жылғы 5 маусым – Қазақстанның Словениядағы Елшісі Данияр Сарекенов белгілі виолончельші Қазақстанның тумасы, профессор Е.Сапараевтың жетекшілігімен Любляна Университетінің Музыка академиясында оқуға грант ұтып алған қазақстандық студенттермен кездесті.Жылы және бейресми жағдайда өткен кездесуде Елші екіжақты қарым-қатынастарды нығайту үшін білім беру және мәдени алмасудың маңыздылығын атап өтті.Ол шетелде білім алып жатқан дарынды жастар өз елінің мәдени елшісі қызметін атқарып, мемлекеттер арасындағы гуманитарлық байланыстарды нығайтып, Қазақстанның әлемдік қоғамдастықта оң имиджін қалыптастыруға атсалысатынын баса айтты.Студенттер өз кезегінде жетістіктерімен, шығармашылық жоспарларымен бөлісті. Дипломат Қазақстанның музыкалық дәстүрлерін Словенияда насихаттауға бағытталған мәдени бастамаларды жүзеге асыруда қолдау көрсетуге және көмектесуге дайын екенін білдірді.Д.Сарекенов студенттерге оқуда және шығармашылықта одан әрі табыс тілеп, олардың жетістіктері Қазақстан мен Словения арасындағы мәдени байланыстың дамуына септігін тигізетініне сенім білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ljubljana/press/news/details/1013212?lang=kk
Қазақстан мен Үндістан экономикалық серіктестікті нығайтуда: «Орталық Азия – Үндістан» іскерлік кеңесінің қорытындылары 08.06.2025
Нью-Дели, 2025 жылғы 5 маусым – Үндістан Республикасына ресми сапары аясында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу «Орталық Азия – Үндістан» іскерлік кеңесіне қатысты.Өз сөзінде ол Үндістанның Оңтүстік Азиядағы негізгі стратегиялық серіктес ретіндегі маңыздылығын атап өтіп, Қазақстан мен Үндістан арасындағы екіжақты сауданың 2024 жылғы 1 млрд АҚШ долларынан алдағы уақытта 3 млрд долларға дейін өсу әлеуетінің бар екенін айтты. Сонымен қатар Үндістанның Қазақстан экономикасына құйған инвестиция көлемі 41%-ға артып, 525 млн доллардан асқанына назар аударды.«Біз бұл көрсеткіштерді тек бастама деп санаймыз. Қазақстан Орталық Азиядағы ең ірі экономика және Шығыс пен Батысты байланыстыратын транзиттік торап ретінде Үндістанмен сауда, цифрлық трансформация, аса маңызды минералдар, энергетикалық қауіпсіздік және гуманитарлық байланыстар салаларында ынтымақтастықты нығайтуға дайын», – деді Министр.Көлік және логистика саласындағы байланысты арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. М.Нұртілеу «Солтүстік – Оңтүстік» және Орта дәліз бағыттары сияқты халықаралық көлік дәліздерін дамыту маңызын атап өтіп, үнді тарапын мультимодальды бағыттар, талшықты-оптикалық желілер және өңірлік энергетикалық желілерді қамтитын бірлескен инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға шақырды.Қазақстан сонымен қатар стратегиялық ресурстарды, соның ішінде энергетикалық ресурстарды, сирек кездесетін жер металдарын және агроөнеркәсіптік өнімдерді Үндістанның «Viksit Bharat» («Дамыған Үндістан») бастамасы аясында сенімді жеткізуші болуға дайын екенін мәлімдеді.Тараптар цифрлық технологиялар саласындағы мүмкіндіктерді қарастырды: соңғы үш жылда Қазақстаннан цифрлық шешімдер экспорты 12 есеге жуық өсіп, 690 млн долларға жетті. Қазақстан СІМ басшысы IT, стартаптар, зерттеулер және білім алмасу салаларындағы ынтымақтастықты тереңдетуге шақырды.Ауыл шаруашылығы мен азық-түлік қауіпсіздігі саласында Қазақстанның аграрлық әлеуетін Үндістанның өңдеу технологияларымен ұштастыру ұсынылды.Болашағы зор бағыттар қатарында Үндістаннан келетін туристер ағынының артуы аталып өтті: 2024 жылы бұл көрсеткіш 150 мың адамға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда екі есе өсті. Мұндай өсімге 14 күндік визасыз режимнің енгізілуі және Алматы мен Нью-Дели арасындағы тікелей әуе қатынасының ашылуы ықпал етті. Қазақстан өз тарапынан елдің негізгі қалаларында үнді асханасы бар қонақүйлер мен мейрамханалар ашуға жәрдем көрсетуге дайын екенін білдірді.Инвестиция тарту саласында ҚР Сыртқы істер министрі қолайлы ахуалдың бар екенін атап өтті: 2025 жылғы мамырдан бастап шетел азаматтарына 300 мың доллар көлемінде инвестиция салған жағдайда 10 жыл мерзімге берілетін инвестициялық визаның («алтын визаның») енгізілуі және Астана халықаралық қаржы орталығының Үндістандағы «GIFT City», Лондон және Дубай үлгісінде өңірлік қаржы хабы ретіндегі белсенді рөлі.Қорытындылай келе, қазақ тарапы кеңестің келесі сессиясын Қазақстанда өткізуді ұсынып, өткен кездесулер нақты іскерлік нәтижелерге жол ашады деген сенім білдірді.«Орталық Азия – Үндістан» іскерлік кеңесі көпжақты серіктестікті тереңдетуге және жаһандық экономикалық трансформация жағдайында жаңа өсу жолдарын құруға деген ортақ ұмтылысты растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1013243?lang=kk
Қазақстан мен Канада тау-кен өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастығын нығайтуды жалғастыруда 08.06.2025
Астана, 2025 жылғы 2-5 маусым – Қазақстан Республикасының Канададағы Елшілігінің қолдауымен Канаданың тау-кен өндірісі саласындағы жетекші компанияларының өкілдерінен құралған канадалық бизнес-миссияның Қазақстанға сапары ұйымдастырылды. Бұл сапар Астанада өткен 15-ші Халықаралық металлургтер конгресіне қатысу шеңберінде ұйымдастырылды.Сапар шеңберінде, 3 маусым күні делегация мүшелері «Қазақмыс» компаниялар тобының өндірістік нысандарына, оның ішінде Нұрқазған кен-байыту комбинаты мен жерасты шахтасы барды, барды. Канадалық өкілдер өндірістік процестермен және инфрақұрылыммен тікелей танысып, қазақстандық әріптестерімен технологиялық даму және өндірістік қауіпсіздік мәселелері бойынша пікір алмасты.Конгресс аясында 4 маусым күні «Жаңа технологиялар, тәжірибе және заманауи шешімдер – барлығы бір жерде: Канададан Қазақстанның тау-кен өнеркәсібіне арналған үздік шешімдер» атты арнайы панельдік сессия өтті. Сессия қазақстандық тау-кен компанияларының, мемлекеттік құрылымдардың, халықаралық құрылымдар мен салалық қауымдастықтардың өкілдері тарапынан үлкен қызығушылыққа ие болды. Іс-шара барысында Канадада әзірленген технологияларды өндіріске енгізудің табысты мысалдары ұсынылып, шешімдерді жергілікті деңгейде бейімдеу және бірлескен жобаларды іске асырудың болашағы талқыланды.Канадалық делегацияның бұл сапары халықаралық іскерлік қауымдастықтың қарқынды дамып келе жатқан, қолайлы инвестициялық климатқа ие және жер қойнауын пайдалану саласында технологиялық жаңғыртуға мықты әлеуеті бар Қазақстан нарығына деген қызығушылығының артып келе жатқанын тағы да дәлелдеді.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ottawa/press/news/details/1013254?lang=kk
Вальдбруннде қазақ халқының дәстүріне сай «Qymyzfest» көктем мерекесі өтті 08.06.2025
Вальдбрунн-Мюльбен, 2025 жылғы 1 маусым — Қазақстан Республикасының Майндағы Франкфурт қаласындағы Бас консулдығы Баден-Вюртемберг жерінде орналасқан Zollmann Stutenmilch GmbH қожалығында өткен «Qymyzfest» көктемгі мерекесіне қолдау көрсетті. Мереке аясында 1000-нан астам адам, соның ішінде қазақ диаспорасының өкілдері, жергілікті тұрғындар және Қазақстанның неміс достары қатысып, бірегей мәдени шараға куә болды.Бұл іс-шара Халықаралық балаларды қорғау күніне және Наурыз мейрамына арналған көктемгі жаңару мен табиғаттың оянуын бейнелейтін символдық іс-шара ретінде өтті. Сонымен қатар, мереке қазақ халқының дәстүрлерін, көшпелі мәдениетін және бірегей ұлттық мұрасын әлемге танытуға бағытталды. Бұл күннің маңызды ерекшелігі — қазақ елінің мәдени құндылықтарын сақтау және оларды халықаралық деңгейде көрсету болды.Іс-шара қазақ халқының қонақжайлылығы мен ұлттық ерекшеліктерін насихаттап, жылы әрі достық атмосферада өтті. Қонақтар қазақ және жергілікті ас үйінің таңдаулы тағамдарымен дәм татып, қымыз сынды дәстүрлі ұлттық сусынмен танысты. Қымыз сүтінен жасалған құймақтар мен басқа да ұлттық тәттілер де ұсынылды. Қонақтар аттар мен понилерге мініп, бие сауу, қымыз дайындау процестерін көріп, қызықты әрі ауқымды бағдарламасына қатыса алды.Қазақстан Республикасының Бас консулы Тауболды Үмбетбаев өз сөзінде мұндай мәдени іс-шаралардың маңыздылығын атап, осындай шаралар қазақ мәдениетінің бай мұрасын сақтау мен насихаттауға, екі ел арасындағы мәдени диалогты нығайтуға үлкен септігін тигізетінін мәлімдеді. Сондай-ақ, бұл шара қазақ диаспорасын бір арнаға топтастырып, Қазақстан мен Германия арасындағы достық қарым-қатынастарды одан әрі тереңдетуге ықпал ететінін айтты.Zollmann Stutenmilch GmbH — Германияның Оденвальд өңірінде орналасқан, бие сүтін өндірумен және өңдеумен айналысатын танымал отбасылық кәсіпорын. Бұл кәсіптің негізін 1959 жылы неміс дәрігері Рудольф Шторх қалаған. Қазақ даласындағы көшпелі халықтың бие сүтін ем ретінде қолданатынын көріп, ол осы дәстүрді Еуропаға жеткізуді мақсат тұтқан.Қазір бұл істі оның күйеу баласы Ханс Цольманн (Hans Zollmann) жалғастыруда. Ол — зоотехник әрі ветеринар маман. Жұбайы — Гудрун Цольманн, Рудольф Шторхтың қызы. Осы отбасы мүшелері табиғи, биодинамикалық әдістерге сүйене отырып, сапалы өнім өндіруге күш салып келеді.Цольманның төрт қызы - Катрин, Штеффи, Йетте және Гудрун - әрбірі отбасылық кәсіпке белсене араласады — бірі мал күтімімен айналысса, бірі сүтті өңдеп, өнім шығарады, енді бірі жарнама мен даму бағытын жүргізеді. Осылайша Цольманндар әулеті дәстүр мен жаңашылдықты үйлестіре отырып, емдік қасиеті мол бие сүтін әлемге танытып келеді.«Qymyzfest» мерекесі – Қазақстан мен Германия арасындағы мәдени байланыстарды нығайту мен ұлттық мұраны әлемге таныту жолындағы жыл сайын Цольманн әулетімен өткізілетін маңызды шараның бірі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-frankfurt/press/news/details/1013259?lang=kk
Қазақстанның Бразилиядағы Елшілігі БРИКС Парламенттік форумына қатысты 08.06.2025
Бразилиа, 2025 жылғы 5 маусым – Бразилия астанасында Бразилия Ұлттық конгресінің Федералдық Сенаты мен Депутаттар палатасы ұйымдастырған БРИКС елдері мен серіктестерінің XI Парламенттік форумы аяқталды. Форумның ресми жабылу салтанатына Қазақстан Республикасының Бразилия Федеративтік Республикасындағы Елшісі Болат Нүсіпов қатысты.Екі күнге жалғасқан форум, БРИКС-ке төрағалық ететін Бразилияның басым бағыттарына арналған алты панельдік сессияны қамтыды. Атап айтқанда, жаһандық денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты дамыту, сауда-экономикалық, инвестициялық және қаржылық байланыстарды нығайту, климаттың өзгеруіне қарсы іс-қимыл, жасанды интеллектті басқарудың халықаралық әдіс-тәсілдерін қалыптастыру, жаһандық қауіпсіздік пен бейбітшілік архитектурасы, сондай-ақ БРИКС аясындағы көпжақты тетіктердің тиімділігін арттыруға бағытталған институционалдық даму мәселелері қаралды.Ресми отырыстар қарсаңында екі тақырыптық іс-шара өтті: БРИКС әйел депутаттарының кездесуі мен қатысушы елдердің парламенттерінің халықаралық істер комитеттері төрағаларының кездесуі. Әйел депутаттардың кездесуінде әйелдердің саяси үдерістерге қатысуын кеңейту және климаттың өзгеруі, цифрлық экономика, БРИКС-тің болашақ күн тәртібі тәрізді маңызды бағыттар бойынша шешімдер қабылдаудағы рөлін күшейту мәселелері талқыланды. Комитет төрағаларының кездесуінде парламенттік дипломатияны көпжақты ынтымақтастықты тереңдетудің маңызды құралы ретінде дамытуға ерекше назар аударылды.Форум қорытындысы бойынша Қорытынды құжат қабылданып, ол, 2025 жылғы 6–7 шілдеде Рио-де-Жанейро қаласында өтетін БРИКС көшбасшыларының Саммитінде ұсынылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1013264?lang=kk
Вашингтонда сыни минералдар саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды 08.06.2025
Вашингтон, 2025 жылғы 4 маусым – Қазақстанның АҚШ-тағы Елшісі Ержан Ашықбаев Орталық Азияның сыни минералдар саласындағы әлеуетіне арналған панельдік сессияда сөз сөйледі. Іс- шара «MIND» қазақстандық зерттеу орталығымен бірлесіп «Atlantic Council» америкалық ой-талқы орталығы ұйымдастырған «АҚШ-Орталық Азия» форумы аясында өтті.Сессияны АҚШ сенаторы Стив Дэйнс ашып, ол Орталық Азияның сыни минералдар, энергетика және ауыл шаруашылығы саласындағы әлеуетін ерекше атап өтіп, өңірмен ынтымақтастықты тереңдетудің маңыздылығына назар аударды. Сондай-ақ, ол Джексон-Вэник түзетулерін жою қажеттігін айтып, бұл мәселелерді алға жылжыту үшін АҚШ Әкімшілігімен жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.Е.Ашықбаев өз сөзінде сыни минералдарды жеткізудің сенімді жаһандық тізбегін дамытуға үлес қосу үшін елдің стратегиялық мүмкіндіктерін атап өтті. Ол Қазақстанның ірі шикізат ресурстарына ғана емес, оларды қайта өңдеу бойынша дамыған өнеркәсіптік базаға, заманауи инфрақұрылымға, тұрақты саяси ахуалға, болжамды реттеуші ортаға, білікті және заманауи жұмыс күшіне, сондай-ақ негізгі әріптестермен теңгерімді қатынастарға ие екенін атап өтті. Елші Қазақстан қазіргі таңда АҚШ Геологиялық қызметінің (USGS) тізіміне енгізілген 50 сыни минералдың 20 түрін дайын өнім ретінде жеткізе алатынын және бұл өнімдер стратегиялық экономикалық секторларда сұранысқа ие екенін атап өтті.Қазақстандық дипломат елдің кешенді тәсілге негізделген ұзақ мерзімді ынтымақтастықты қалыптастыруға мүдделілігіне ерекше назар аударды. Бұл сыни минералдарды өңдеу және өндіру, көлік инфрақұрылымын АҚШ-тың даму институттарының қолдауымен дамыту, сондай-ақ ұзақ мерзімді оффтейк-келісімшарттар жасау үшін америкалық инвестиция тарту мәселелерін қамтиды.Іс-шараға 100-ден астам адам, оның ішінде америкалық сарапшылар мен іскерлік қоғамдастықтың, сондай-ақ БАҚ-тың 100-ден астам өкілдері қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-washington/press/news/details/1013265?lang=kk
Кеме қатынасы мен логистика саласындағы Қазақстан мен Грекия арасындағы әріптестік мәселелері Афинада талқыланды 08.06.2025
Афина, 2025 жылғы 6 маусым — 2025 жылғы 4–6 маусым аралығында Қазақстан Республикасының Ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы – «Қазмортрансфлот» басшылығының Грек Республикасына жұмыс сапары өтті. Сапар Қазақстан Республикасының Грекиядағы Елшілігінің ұйымдастыруымен екіжақты ынтымақтастықты нығайту мақсатында өткізілді.Құрамына КМТФ Бас директоры Айдар Оржанов бастаған Қазақстанның негізгі теңіз құрылымдарының басшыларының делегациясы сапар барысында Грекияның жетекші кеме қатынасы компанияларының басшылығымен кездесіп, кеме жөндеу кәсіпорындары мен порт инфрақұрылымының бірқатар нысандарын аралады.Кездесулерде кеме жасау, флотты техникалық сүйемелдеу, логистика және көлік маршруттарын дамыту салаларындағы ықтимал ынтымақтастық бағыттары талқыланды. Сонымен қатар, заманауи технологиялық шешімдерді флот басқаруына енгізу саласындағы грек тәжірибесі ерекше қызығушылық тудырды.Тараптар салалық құрылымдар арасындағы тұрақты әріптестік арналарын орнатуға және диалогты кеңейтуге әзір екендіктерін білдірді. Бұл сапар Қазақстан мен Грекия арасындағы теңіз тасымалы және логистика салаларындағы берік серіктестікті қалыптастыру жолында маңызды қадам болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-athens/press/news/details/1013292?lang=kk