Әлем
Қазақстан Елшісі Үндістан Президентіне сенім грамоталарын табыс етті 30.05.2025
Нью-Дели, 2025 жылғы 29 мамыр – Нью-Делидегі «Раштрапати Бхаван» президенттік сарайында өткен ресми рәсімде Азамат Есқараев Үндістан Президенті Драупади Мурмуға оны Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі ретінде аккредиттейтін сенім грамоталарын табыс етті.Қазақстан Елшісі ресми рәсімнен кейін өткен екіжақты кездесуде Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев пен Қазақстан халқының атынан Үндістан Президентіне және достас үнді халқына жылы лебіздері мен ізгі тілектерін жеткізді. Қазақстан мен Үндістан арасындағы дәстүрлі достық қатынастар, өзара түсіністіктің жоғары деңгейі және стратегиялық серіктестікті одан әрі дамытуға деген ортақ ниет аталып өтті.Елші А.Есқараев екі ел арасындағы саяси диалогты тереңдету, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және ғылыми-білім беру салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту үшін барлық күш-жігерін жұмсауға дайындығын білдірді.Өз кезегінде Үндістан Президенті Д.Мурму жаңа Елшіні жылы қарсы алып, оның дипломатиялық миссиясына сәттілік тіледі және Қазақстан мен Үндістан арасындағы екіжақты байланыстардың одан әрі нығаятынына сенім білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-delhi/press/news/details/1007629?lang=kk
Перумен ынтымақтастық мәселелері талқыланды 30.05.2025
Бразилиа, 2025 жылғы 29 мамыр – Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов Перудің Бразилиядағы Елшісі Ромуло Акуриомен кездесті.Кездесу барысында тараптар, екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Келіссөздер күн тәртібіне биыл екі елдің сыртқы істер министрліктері арасында Лима қаласында жоспарланған саяси консультациялардың екінші отырысына қатысты ұйымдастырушылық және мазмұндық тұстары да енді. Қазақстан Елшісі өз кезегінде, Қазақстан Республикасының Перу Республикасындағы мүдделерін қорғау өкілеттіктері Бразилиядағы Қазақстан Елшілігіне жүктелуі туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Перу Сыртқы істер министрлігіне арналған нотасын табыс етті.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар, екі елдің дипломатиялық өкілдіктері деңгейінде тұрақты жұмыс байланысын сақтауға уағдаласты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1007643?lang=kk
Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздіктің болашағы: стратегиялар, трендтер және инновациялық шешімдер 30.05.2025
2025 жылғы 28-29 мамырда Департамент басшысының орынбасары Б.С. Каширбеков Астана қаласының "EXPO" ХХО-да өткен "KIOSH" еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі 13-ші Қазақстандық халықаралық конференция мен көрмеге қатысты. Конференция тақырыптары: "Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздіктің болашағы: стратегиялар, трендтер және инновациялық шешімдер", "Кауіпсіздікті трансформациялау – бақылаудан мәдениетке".Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-enbek/press/news/details/1007650?lang=kk
KazAID пен JICA штаб-пәтеріндегі кездесу 30.05.2025
KazAID пен JICA штаб-пәтеріндегі кездесу2025 жылғы 28 мамыр, Токио қаласы –«KazAID» Қазақстанның халықаралық даму агенттігі Басқарма Төрағасы А.Арыстанов Азия елдеріне арналған халықаралық конференция мен ЭКСПО-ға орайластырылған JICA түлектері қауымдастығы форумына қатысу аясында (JICA) Жапонияның халықаралық ынтымақтастық агенттігі штаб-пәтерінде аға вице-президент С.Имото және Шығыс Азия, Орталық Азия және Кавказ елдері департаментінің директоры М.Хиросавамен кездесу өткізді.Кездесу барысында тараптар екі агенттік арасындағы ынтымақтастықты нығайту және бірлескен даму жобаларын ұйымдастыру бойынша қол жеткізілген жетістіктерді жоғары бағалады. Биыл KazAID пен JICA Орталық Азия және Кавказ елдерінің өкілдерінің қатысуымен Дүниежүзілік кеден ұйымы (ВТамО) және ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп тәуекелдерді басқару бойынша семинар өткізді. Өткен жылы Алматы қаласында Орталық Азия және Кавказ елдеріне арналған Төтенше жағдайлар және апат тәуекелін азайту орталығымен сейсмотұрақтылық бойынша, сондай-ақ Өзбекстанның Бұхара қаласында кәсіпкерлікті қолдау бойынша семинарлар ұйымдастырылды.JICA KazAID әлеуетін арттыруға белсенді қатысып, даму саласындағы тәжірибе мен білім алмасу бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асырып келеді. Жапонияның бұл үлесі екіжақты қарым-қатынасты және «ОА+Жапония» форматындағы интеграциялық процестерді жетілдіруге бағытталған бірлескен күш-жігерді нығайтады. KazAID пен JICA арасындағы тығыз ынтымақтастық – Оңтүстік-Оңтүстік желісі бойынша әртүрлі форматтағы ынтымақтастыққа қосылған тағы бір үлес болып табылады.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өңірдің тұрақты дамуына бағытталған ынтымақтастықты жалғастыруға, тәжірибе алмасуға және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүдделілік білдірді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1007666?lang=kk
Амман қаласында сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту және Бизнес-форумға дайындық мәселелері талқыланды 29.05.2025
Амман, 2025 жылғы 29 мамыр – Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі Елшісі Талғат Шалданбай Иорданияның Өнеркәсіп, сауда және жабдықтау министрі Яруб Әл-Қудамен кездесу өткізді.Сұхбат барысында басты назар Қазақстан мен Иордания арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың практикалық мәселелеріне, оның ішінде тауар айналымын ұлғайтуға, логистикалық аспектілерге және қазақстандық өнімді Иордания нарығына жылжытуға аударылды. Екі елдің салалық мекемелері бірлесіп пысықтау үстіндегі ауыл шаруашылығы, энергетика, фармацевтика және т.б. салалардағы ағымдағы бастамаларды іске асыру жөніндегі қадамдар жеке талқыланды.Осы тұрғыда Елші Министрге Қазақстан бидайын экспорттау мәселелері жөніндегі Қазақстан-Иордания Жұмыс тобын құрғаны үшін алғысын білдіріп, оның қызметін жандандыру қажеттігін және оның кездесуін Астанада өткізудің орындылығын атап өтті.Тараптар екі елдің министрліктері мен салалық құрылымдары арасындағы жемісті өзара іс-қимылды атап өтіп, агроөнеркәсіптік кешен және өнеркәсіптік өнімді өзара жеткізу саласындағы ынтымақтастықты әрі қарай кеңейтуге мүдделілігін растады.Кездесудің негізгі тармақтарының бірі Астанада 2025 жылғы тамыз айына жоспарланған Қазақстан-Иордания Бизнес-форумын өткізуге дайындық болды. Елші иордан тарапынан жауапты өкілдерді алдын-ала анықтаудың және ресми тұлғаларды, іскер топтар мен салалық қауымдастықтардың өкілдерін қамтитын делегация құруға бастамашы болудың маңыздылығын атап өтті.Министр Я.Әл-Қуда Бизнес-форум өткізуге мүдделілігін растады және ұйымдастырушылық мәселелерді қамтамасыз етуге және иордан тарапынан жауаптыларды үйлестіруге дайындығын білдірді. Екі ел арасындағы экономикалық байланыстарды нығайту үшін тұрақты іскерлік диалогтың ерекше маңызын атап өтіп, Министр Елшіге екіжақты ынтымақтастықты айтарлықтай жандандырғаны үшін алғысын білдірді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар белсенді жұмыс байланыстарын жалғастыруға және талқыланған барлық бағыттар бойынша үйлестіруді қолдауға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-amman/press/news/details/1007606?lang=kk
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумының Пленарлық сессиясында сөз сөйледі. 29.05.2025
29 мамырда Астанада Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Астана 2025 Халықаралық форумы өз жұмысын бастады.Іс-шараға әлемнің 70-тен астам елінің өкілдері қатысады. Форум «Ақыл-ойды біріктіру, болашақты қалыптастыру» тақырыбында өтеді. Келушілер тізімінде-делегация басшылары мен компания басшылары, еріп жүретін тұлғалар және 100-ден астам шетелдік БАҚ журналистері бар.Құрметті қонақтардың қатарында Руанда Президенті Поль Кагаме, Солтүстік Македония Президенті Гордан Силяновская-Давкова, Еуропа Кеңесінің Бас хатшысы Ален Берсе, БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы Пан Ги Мун және т. б. бар.Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумының Пленарлық сессиясында сөз сөйледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-minsk/press/news/details/1007609?lang=kk
Астана халықаралық форумы аясында Транскаспий бағытын дамыту мәселелері талқыланды 29.05.2025
Астана, 2025 жылғы 29 мамыр – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Астана халықаралық форумы аясында Боао Азия форумы ұйымдастырған «Өңірлік байланыстарды нығайту және даму әлеуетін ашу» атты панельдік сессияға қатысты. Сессия барысында Еуразиядағы көлік және логистикалық байланыстарды кеңейту және Орта дәліздің даму мүмкіндіктері талқыланды.Іс-шараға Боао форумының төрағасы, БҰҰ-ның 8-ші Бас хатшысы Пан Ги Мун, БҰҰ Бас Ассамблеясының 75-сессиясының Президенті Волкан Бозкыр, Боао форумының Кеңес мүшесі, БҰҰ Бас хатшысының бұрынғы орынбасары Шамшад Ахтар, ЭЫДҰ Бас хатшысының орынбасары Фабриция Лапекорелла, ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары Пяо Янфань және Жібек жолы қорының атқарушы директоры Фэн Яньцю қатысты. Сессия модераторы – Боао форумы Бас хатшысы Чжан Цзюнь болды.Өз сөзінде А.Қуантыров Транскаспий халықаралық көлік бағдары (ТХКБ, Орта дәліз) арқылы Еуразия тұрақты логистикасының негізгі дәлізіне айналдыруға бағытталған Қазақстанның стратегиялық көзқарасын таныстырды. Ол ТХКБ-ны тек транзит жолы емес, сонымен қатар өнеркәсіптік өсу, цифрлық интеграция және халықаралық өндірістік-логистикалық тізбектерді қалыптастыру алаңы ретінде сипаттады.Министрдің орынбасары Қазақстанның Қытай шекарасынан Каспий порттарына дейінгі 3500 шақырымнан астам теміржол инфрақұрылымын қамтамасыз етіп отырғанын атап өтті. Жуырдағы жылдары бұл бағыт бойынша жүк тасымалының көлемі 10 млн тоннаға дейін ұлғаймақ. Бұл – жаһандық жеткізу тізбектеріне қатысушылар тарапынан сұраныстың артуы мен Қазақстанның өткізу қабілетін кеңейтуге бағытталған күш-жігерінің нәтижесі.«ТХКБ – бұл тек логистикалық бағыт емес, бұл – сенім, тиімділік және өсім инфрақұрылымы. Қазақстан физикалық және цифрлық интеграцияны басты бағдар етіп отыр. Біз нақты нәтижелерге қол жеткіздік: 2024 жылғы наурызда Сиань қаласынан шыққан контейнерлік пойыз небары 11 күнде Әзербайжанға жетті, оның ішінде Қазақстан аумағы бойынша бар болғаны үш күнде өтті. Бұл Достық – Мойынты учаскесінің жаңартылуы, Қорғас хабының дамуы және цифрлық кедендік шешімдер енгізілуінің арқасында мүмкін болды. Біз инфрақұрылымға 35 млрд АҚШ долларынан астам инвестиция салып жатырмыз: жаңа теміржолдар салынып, Ақтау мен Құрық порттары кеңейтілуде, халықаралық инвесторлармен бірлесіп контейнерлік хаб құрылуда. Басты мақсат – жай транзит емес. Қазақстан үшін ТХКБ – бұл жаһандық жеткізу тізбектеріне тұрақты түрде интеграцияланудың және өндірістік өсудің негізі», – деп мәлімдеді А.Қуантыров.Сессия барысында спикерлер жаһандық экономикадағы фрагментация үдерісінің күшеюі жағдайында жаһандық және өңірлік жеткізу тізбектерінің тұрақтылығын қамтамасыз етудің маңыздылығына тоқталды. Пан Ги Мун байланыстылық тек инфрақұрылым ғана емес, тұрақты және әділетті дамудың кілті екенін атап өтті. В.Бозкыр қазіргі жаһандық дағдарыстар жағдайында көпжақты тәсілді сақтау қажеттілігіне назар аударды. ЭЫДҰ, ШЫҰ және «Silk Road Fund» өкілдері «қатты» инфрақұрылым мен «жұмсақ» реттеу механизмдерін, цифрландыру мен қаржылық сүйемелдеуді үйлестірудің маңызын атап өтті.Сессия қорытындысында қатысушылар өңірлік байланыстылық тек көлік саласы емес, сонымен қатар институционалдық сенім, ортақ стандарттар және үйлесімді цифрлық трансформация екенін атап өтті. Тараптар тұрақты әрі өзара тиімді еуразиялық интеграцияны ілгерілету үшін диалог пен практикалық іс-қимылдарды жалғастыруға дайындықтарын білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/invest/press/news/details/1007879?lang=kk
Астана мен Масқат қосарланған салықтан сақтандыратын келісімге қол қойды 29.05.2025
Астана халықаралық форумы аясында Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Мәди Такиев Оман Сұлтандығының Қаржы министрі Сұлтан бен Сәлім әл-Хабсимен кездесті.Оның барысында тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және көлік-транзит саласындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелерін талқылады, сонымен бірге мемлекеттік қаржыны басқару бағытындағы ведомствоаралық қатынастарды дамыту мен екіжақты әріптестік шеңберіндегі басқа да мәселелер туралы пікір алысты.Мәди Төкешұлының айтуынша, Қазақстан Оман Сұлтандығымен өзара іс-қимылдың стратегиялық сипатын жоғары бағалайды және тиімді қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға дайын.Кездесудің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Оман Сұлтандығының Үкіметі арасында табыс пен капиталға салынатын салыққа байланысты қосарланған салықтан сақтандыратын, сондай-ақ салықтан жалтаруға жол бермеу туралы келісім мен осыған қатысты хаттамаға қол қойылды.Аталған келісім салық ісінде заңнамалық негізді қалыптастыруға септесіп, кірістерге байланысты қосарланған салықтың алдын алып, осы арқылы екі мемлекеттің арасында тығыз экономикалық байланысты арттыруға жол ашады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1007611?lang=kk
Фрилансерлерге зейнетақы жарналарын қалай аударуға болады? 29.05.2025
Фрилансерлерге зейнетақы жарналарын қалай аударуға болады? БЖЗҚ туралы өзекті сауалдарФрилансерлер міндетті зейнетақы жарналарын төлеуге міндетті ме, олардың жарна мөлшері қалай есептеледі? Әлеуметтік кодекстің нормаларына сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) агенттер төлейді. Агент – БЖЗҚ-ға Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен МЗЖ, МКЗЖ, ЖМЗЖ, ЕЗЖ аударатын, ұстап қалатын (есептейтін) жеке немесе заңды тұлға. Оларға Қазақстан Республикасындағы қызметін шетелдік заңды тұлғалардың тұрақты мекемесі, филиалдары, өкілдіктері арқылы жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғалар да жатады. МЗЖ-ны мына санаттарға жататын азаматтар өз бетінше төлейді:жеке кәсіпкерлер, оның ішінде шаруа немесе фермерлік қожалықтардың басшылары, олардың 18 жасқа толған мүшелері, сондай-ақ жеке практикамен айналысатын адамдар өз пайдасына төлей алады;Бұл ретте, МЗЖ есептеу үшін қабылданатын табыс дегеніміз – МЗЖ төленбейтін табысты қоспағанда, әлеуметтік аударымдарды төлеу үшін тұлғаның өзі айқындайтын табыс. Бірақ Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" кодексіне (Салық кодексі) сәйкес салық салу мақсаттары үшін айқындалатын табыстан аспауы тиіс.Сонымен қатар, МЗЖ есептеу үшін қабылданатын айлық табыс республикалық бюджет туралы заңда сол жылға белгіленген ең төменгі жалақының 50 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.Егер аталған адамдардың табысы республикалық бюджет туралы заңда сол жылға белгіленген ең төменгі жалақының 1 еселенген мөлшерінен кем болса, олар МЗЖ-ны республикалық бюджет туралы заңда сол жылға белгіленген ең төменгі жалақының 1 еселенген мөлшерінен төлеуге құқылы;салық агенттері болып есептелмейтін жеке тұлғалармен жасалған, нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын жеке тұлғалар.Бұл ретте, МЗЖ есептеу үшін қабылданатын табыс – бұл МЗЖ төленбейтін табысты қоспағанда, әлеуметтік аударымдарды төлеу үшін тұлғаның өзі айқындайтын табысы. Бірақ Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" кодексіне (Салық кодексі) сәйкес салық салу мақсаттары үшін айқындалатын табыстан аспауы тиіс.МЗЖ есептеу үшін қабылданатын айлық табыс республикалық бюджет туралы заңда сол жылға белгіленген ең төменгі жалақының 50 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап ҚР Әлеуметтік кодексі "Қызметтер көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызметтерін интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильді қосымшаларын пайдалану арқылы жүзеге асыратын адамдарды әлеуметтік қамтамасыз ету" бабымен толықтырылды.Интернет-платформалардың және (немесе) мобильдік қосымшалардың операторы арнайы мобильдік қосымша пайдаланылатын арнайы салық режимін (АСР) қолданатын жеке кәсіпкерлердің (ЖК) кірістерінен міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) ұстап қалуды жүргізеді және ұсталған сомаларды БЖЗҚ-ға аударады. МЗЖ мөлшерлемесі МЗЖ есептеу үшін қабылданатын табыстың 1% мөлшерінде немесе МЗЖ есептеу үшін қабылданатын табыстың 10 пайызы мөлшерінде орындаушының өз қалауы бойынша айқындалады. МЗЖ есептеу үшін қабылданатын табыс деп орындаушылардың көрсетілген қызметтер немесе орындалған жұмыстар үшін алған табысы түсініледі.Интернет-платформа операторы – интернет-платформада тіркелген орындаушылар мен тапсырыс берушілер арасында қызметтер көрсету бойынша (оның ішінде үшінші тұлғаларды тарта отырып) байланыс орнату үшін ақпараттық технологиялар мен жүйелерді қолдана отырып, техникалық, ұйымдастырушылық, ақпараттық және өзге де мүмкіндіктер беретін жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға.Орындаушы – интернет-платформада тіркелген, тапсырыс берушілерге қызмет көрсететін немесе жария шарт негізінде интернет-платформаны пайдалана отырып жұмыстарды орындайтын жеке тұлға, жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға.МЗЖ есептеу үшін қабылданатын табыс дегеніміз – арнайы мобильдік қосымша пайдаланылатын АСР қолданатын жеке кәсіпкер-орындаушылардың көрсеткен қызметтері немесе орындаған жұмыстары үшін алған табысы. Бұл ретте МЗЖ есептеу үшін қабылданатын айлық табыс республикалық бюджет туралы заңда сол жылға белгіленген ең төменгі жалақының 50 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс. Фрилансерлер зейнетақы жинақтарын қалыптастыру үшін БЖЗҚ-да шотты қалай аша алады? Зейнетақы жарналарын – міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) есепке алу үшін БЖЗҚ-да жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу бірінші жарна түскен кезде жүргізіледі. Пайдасына зейнетақы жарналары жүзеге асырылатын жеке тұлғаны сәйкестендіру жарналарды аудару кезіндегі төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетілген дербес деректердің (ТАӘ, ЖСН, туған күні) негізінде жүзеге асырылады. БЖЗҚ жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын қолданыстағы құжаттың деректемелері, тұрақты тұратын жері туралы және өзге де барлық қажетті мәліметтерді Мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелерінен алады. Осылайша, ЖЗШ ашу үшін БЖЗҚ кеңсесіне барудың қажеті жоқ, өйткені зейнетақы жарналарының барлық түрлері бойынша шот автоматты түрде ашылады. ЖЗШ ашу және зейнетақы жарналарын аудару мәселелері бойынша ақпарат БЖЗҚ сайтында орналастырылған. 3) БЖЗҚ салымшыларға өз шоттарын мониторингілеу және зейнетақы жинақтарын басқару үшін қандай онлайн-құралдар немесе қызметтер ұсынады? БЖЗҚ қызметтерінің 90%-дан астамы автоматты, электрондық және қашықтықтан тәулік бойы (24/7) ұсынылады.Зейнетақы шотын тұрақты мониторингілеу үшін Қор сайтындағы немесе мобильді қосымшадағы жеке кабинет арқылы үзінді көшірме алу неғұрлым жедел және ыңғайлы болып табылады. Үзінді көшірмеде салымшыға қажетті барлық ақпарат беріледі. Атап айтқанда, жинақтардың жалпы көлемі, оның ішінде жарналар түрлері бойынша жинақталған қаражат сомасы жеке көрсетіледі. Сондай-ақ, үзінді көшірмеден зейнетақы жарналарын қай ұйым, қандай уақытта аударғанын да білуге болады. Сондай-ақ, сұралған кезеңдегі инвестициялық кірістің мөлшерін көруге болады.Жеке кабинетте зейнетақы шотының жай-күйіне қатысты ақпараттан басқа, өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, шоттың болуы туралы анықтама алу, зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру сияқты қызметтерді пайдалануға мүмкіндік бар.Сондай-ақ, болашақ зейнетақының болжамды мөлшерін есептеуге және болашақта алғыңыз келетін зейнетақы мөлшерін көрсете отырып, зейнетақы жоспарын құруға көмектесетін зейнетақы калькуляторы мен дербес зейнетақы жоспарын пайдалануға болады.Зейнетақы шоттары туралы ақпаратты БЖЗҚ сайты арқылы ғана емес, egov.kz электрондық үкімет порталы немесе оның eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы да алуға болады. Бұл мемлекеттік қызметтерді бірыңғай платформалар арқылы алуға дағдыланған азаматтар үшін ыңғайлы. 4) Фрилансерлерге ерікті зейнетақы жарналарын аудару қажет пе, бұл жарналардың артықшылықтары қандай? - Болашақта алатын зейнетақыңыздың мөлшерін арттыра түскіңіз келсе, зейнетақы қорына ерікті зейнетақы жарналарын да аударып отырсаңыз болады. Ерікті зейнетақы жарналарының артықшылығы көп. Мәселен, Сіз жарна мөлшері мен төлеу кезеңділігін, жинақталған зейнетақы қаражатын алу тәртібін өзіңіз белгілейсіз. Ерікті аударымдарды екінші деңгейдегі банктердің ұялы қосымшалары арқылы төлеуге болады. Бұл БЖЗҚ салымшылары үшін тиімді әдіс. Айта кетелік, өзіңіздің ғана емес, кез келген үшінші тұлғаның – мысалы, жұбайыңыздың, ата-анаңыздың, туған-туыстарыңыздың, тіпті кәмелетке толмаған балаңыздың да ерікті зейнетақы шотына жарна аударуыңызға болады. Бұл үшін оның жеке сәйкестендіру нөмірін енгізсеңіз жетіп жатыр. ЕЗЖ бойынша жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу үшін БЖЗҚ кеңсесіне барудың қажеті жоқ, зейнетақы жарналарының басқа түрлері сияқты ЕЗЖ есепке алынатын ЖЗШ алғашқы жарна аударылған сәтте автоматты түрде ашылады. Ерікті зейнетақы жарналары да, міндетті зейнетақы жарналарының барлық түрлері сияқты инвестицияланып, салымшыларға табыс әкеледі. Егер инвестициялық портфельді басқарушы компанияларға міндетті және міндетті кәсіптік зейнетақы жинақтарының 50% дейінгі мөлшерін аударуға рұқсат етілсе, ерікті зейнетақы жинақтарын толық көлемде сеніп тапсыруға болады. Сондай-ақ, ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін 50 жастан бастап алуға болады. Салымшының ЕЗЖ аудару туралы дер кезінде қабылдаған шешімі зейнетақы капиталын едәуір толықтыруға және болашақта жоғары мөлшердегі төлемдер алуға негіз бола алады. Фрилансерлердің зейнетақы жинақтары инвестициялана ма? Қазақстанның басқа азаматтарының зейнетақы жинақтары сияқты, фрилансерлердің зейнетақы жинақтары да инвестицияланады. Инвестициялаудың негізгі мақсаты - ұзақ мерзімді перспективада нақты табыс табу. Сондықтан оларды басқару нәтижелерін объективті бағалау үшін кем дегенде 1 жыл кезеңіндегі деректерді талдау қажет. Мұндай мерзім ұзақ мерзімді перспективада инвестициялардың тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Инвестициялаумен Қазақстанның Ұлттық Банкі және бес басқарушы компания айналысады: "Jusan Invest" АҚ, "Halyk Global Markets" АҚ, "BCC Invest" АҚ, "Сентрас Секьюритиз" АҚ, "Halyk Finance"АҚ. Сіз басқарушы компанияны өзіңіздің қалауыңыз бойынша таңдай аласыз. БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және зейнетақы активтері орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат Қордың ресми сайтындағы (www.enpf.kz) "Көрсеткіштер/Инвестициялық қызмет" бөлімінде ай сайын жарияланып отырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-audany/press/news/details/1018843?lang=kk
Кәмелетке толған азаматтарға қамқоршылар туралы цифрлық құжат eGov Mobile қосымшасында қолжетімді болды 29.05.2025
eGov Mobile мобильді қосымшасында кәмелет жасына толған азаматтарға қамқоршылық жасайтын тұлғалар туралы мәліметтері бар цифрлық құжат қолжетімді болды. Бұл құжат «Е-Собес» ақпараттық жүйесіндегі деректер негізінде жасалады, онда тіркелген барлық қамқоршылар, қорғаншылар және олардың қамқорлығындағы азаматтар туралы мәліметтер сақталады.Құжатта келесі деректер қамтылған: қамқоршының ЖСН мен ТАӘ, туған күні, сондай-ақ қамқорлығындағы азаматтың ЖСН мен ТАӘ, туған күні, қамқоршыны тағайындау туралы бұйрықтың нөмірі мен күні, сонымен қатар «Жарамды күні» туралы ақпарат бар. Құжаттың түпнұсқалығын растау үшін QR-код қарастырылған: оны сканерлеген кезде бір тәулік бойы жарамды цифрлық нұсқасы ашылады.Құжат «Цифрлық құжаттар» бөлімінде «Құжаттарды жаңарту» батырмасын басқаннан кейін, заңды өкіл мәртебесі расталған қолданушыларда автоматты түрде пайда болады.Қамқоршы мәртебесін ресми түрде растау қажет болатын жағдайларда – мемлекеттік төлемдерді алу, банкке, медициналық мекемелерге және басқа ұйымдарға жүгіну кезінде – бұйрықтың электрондық нұсқасы қажет болуы мүмкін.Көрсетілетін қызметті пайдалану үшін:eGov Mobile мобильді қосымшасына кіріп, авторизациядан өтіп, «Цифрлық құжаттар» бөліміне өту;«Отбасы» санатынан қамқоршылық немесе қорғаншылық туралы мәліметтермен танысу;егер құжат көрсетілмесе – «Құжаттарды жаңарту» батырмасын басу қажет.Жаңа қызмет ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитетінің, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ ынтымақтастығымен жүзеге асырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1077553?lang=kk
Көру қабілеті бұзылған жандарға қолдау: Қостанайда жаңа қоғамдық бірлестік ашылды 29.05.2025
2025 жылғы 27 мамыр күні Қостанай қаласында, Қасымханова көшесі, 36 мекенжайында көру қабілеті бұзылған азаматтар үшін құрылған «Әлем біз көргендей» қоғамдық бірлестігінің салтанатты ашылуы өтті. Бұл жоба Қостанай қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында жүзеге асырылды.Бірлестіктің қызметі көру қабілеті бұзылған азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, олардың қоғамға кірігуіне жәрдемдесуге, қоғамдық және мәдени өмірге қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуге, сондай-ақ өзара ұйымшылдық пен көмек дағдыларын дамытуға бағытталған.Бұл ашылу — денсаулығына қарамастан әр адамның өзін қажет, естілетін әрі қолдау табатын тұлға ретінде сезінуіне мүмкіндік беретін, қолжетімді әрі инклюзивті қоғам құру жолындағы маңызды қадам болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1007556?lang=kk
А.И. Бараев ат. АШҒӨО ғалымдары 019 "Инновациялық тәжірибені тарату және енгізу жөніндегі қызметтер" бюджеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде Ақмола облысының 6 шаруашылығының пилоттық учаскелерінде көктемгі егістік жұмыстарын аяқтады 29.05.2025
А.И. Бараев ат. АШҒӨО ғалымдары 019 «Инновациялық тәжірибені тарату және енгізу жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде Ақмола облысының 6 шаруашылығының пилоттық учаскелерінде көктемгі егістік жұмыстарын аяқтады.Бағдарламаның мақсаты табиғи-климаттық жағдайларға байланысты Ақмола облысының табиғи-климаттық жағдайларына байланысты әр экологиялық-географиялық аймақты қамти отырып, өнімділікті 10-15%-ға арттыру үшін өсірудің инновациялық технологияларын және ауыл шаруашылығы дақылдарының перспективалы сорттарын тиімді пайдалану негізінде Ақмола облысының 6 шаруашылығында өсімдік шаруашылығы өнімінің орнықты өндірісін қарқындатуға бағытталған инновациялық тәжірибені тарату және енгізу болып табылады.Дәнді, майлы және бұршақ дақылдарын өсіру кезінде инновациялық технологияларды қолдану бойынша өндірістік тәжірибелер жалпы ауданы 2600 гектардан асады. Маусым бойы «себуден» «жинауға» дейін бұл өндірістік тәжірибелер А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ҒӨО ғалымдарының ғылыми сүйемелдеуімен, кейіннен өңірдің АӨК субъектілерін оқытумен қамтылатын болады.Бұл бағдарлама Ақмола облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының қолдауымен жүзеге асырылады.Учеными НПЦ зернового хозяйства им.А.И.Бараева завершены весенне-полевые работы на пилотных участках 6 хозяйств Акмолинской области в рамках реализации бюджетной программы 019 «Услуги по распространению и внедрению инновационного опыта»Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-ush/press/news/details/1007523?lang=kk
Бостандық ауданының Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлерімен жұмыс кездесуі өткізілді 29.05.2025
«Заң мен тәртіп» концепциясын ілгерілету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы идеологияны нығайту мақсатында Алматы қаласы Жер ресурстарын басқару департаментінің алаңында жұмыс кездесуі өткізілді. Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі аспектілері, адалдық пен парасаттылық принциптері, олар әрбір қызметкердің кәсіби қызметінің ажырамас бөлігі ретінде талқыланды. Заңнамалардағы өзгерістер мен жауапкершіліктің күшейтілгені туралы ақпарат жеткізілді. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының мысалдары мен статистикасы келтірілді. Өз кезегінде қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормалар мен этикалық стандарттарды сақтау ниеттерін растады. #ЗАҢ менТӘРТІП#заң мен тәртіпАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-almaty/press/news/details/1007540?lang=kk
Жазғы кезеңде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету 29.05.2025
Ағымдағы жылдың 20 мамырында Бесқарағай ауданының прокуратурасының бастамасымен «Заң мен тәртіп» қағидасы аясында Бесқарағай ауылындағы аудандық мәдениет үйінде жазғы кезеңде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған бірлескен профилактикалық іс-шара өткізілді.Іс-шараға Бесқарағай ауданының прокуратурасы, полиция бөлімі, төтенше жағдайлар бөлімі, аудандық білім бөлімі және білім беру ұйымдарының өкілдері – мектеп директорлары, оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар, психологтар мен оқушылар қатысты.Кездесу барысында төмендегі өзекті тақырыптар талқыланды:Жазғы кезеңде балалардың өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу шаралары (Тлепбергенов Ғ.Б.);Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары (Дайырбеков Е.Е.);Суға шомылу және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау (Қабиденов А.С.).Сонымен қатар, құқық бұзушылықтың алдын алу, нашақорлықтың зияны және жасөспірімдердің заң алдындағы жауапкершілігі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Мектеп оқушылары нашақорлыққа қарсы тәрбиелік бағыттағы көрініс қойып, қатысушыларға терең ой саларлық әсер қалдырды.Іс-шараның басты мақсаты — жазғы демалыс кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау, құқықтық сауаттылықты арттыру және қоғамда қауіпсіз орта қалыптастыру.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragay-roo/press/news/details/1007497?lang=kk
Ақмола облысында 483 диқан егіс науқанын аяқтады 29.05.2025
Ақмола облысының диқандары көктемгі егіс жұмыстарын қарқынды жүргізіп, 5,5 млн гектар егістік алқаптың 3,8 млн гектарына дән септі. Бүгінгі күні 117 жауапкершілігі шектеулі серіктестік пен 366 шаруа қожалығы егіс науқанын толық аяқтады. Бұл — республика бойынша үздік көрсеткіштердің бірі.Биыл өңірде 5,5 миллион гектар жерге егін егу жоспарланған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 48,1 мың гектарға артық. Атап айтқанда, картоп пен көкөніс дақылдарының егістік алқаптары айтарлықтай кеңейтілді.Астық өсіретін кәсіпорындар егіс жұмыстарын маусым айының басына дейін толық аяқтауды көздеп отыр. Қазірдің өзінде Атбасар, Сандықтау, Целиноград, Қорғалжын және Біржан сал аудандарында егіс жұмыстары белсенді жүргізілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-ush/press/news/details/1007498?lang=kk
Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясында «Тәртіпті өзіңнен баста!» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды 29.05.2025
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы қаласы бойынша Департаментінің ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» идеясын насихаттау мақсатында «Тәртіпті өзіңнен баста!» акциясы аясында Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының алаңында кездесу ұйымдастырылды.Іс-шараның мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік идеологиясын дамыту, заңдылық пен тәртіп принциптерін сақтау мәдениетін қалыптастыру және әрбір азаматтың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыру. Өз сөзінде превенция басқармасының басшысы Қанат Салимбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған мемлекеттік шаралар мен бастамалар туралы айтып, қоғамда адалдық пен әділдікті қалыптастыруда әр адамның рөлін атап өтті. Қоғамға сыбайлас жемқорлықтың теріс әсерін және оны болдырмаудың әдістерін көрсететін бейнемазмұндар көрсетілді. Іс-шара барысында қатысушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, идеяларымен бөлісті. Іс-шараның соңында консерватория ұжымы лекторға мазмұнды ақпарат үшін алғысын білдіріп, сыбайлас жемқорлық нормалар мен этикалық стандарттарды сақтау туралы өз шешімдерін жариялады. #ЗАҢ менТӘРТІП#заң мен тәртіпАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-almaty/press/news/details/1007499?lang=kk
Ақмола облысы мен Эстония ынтымақтастығы: диқандар Еуропаға астық жөнелтуді ұлғайтпақ 29.05.2025
Ақмола облысының аграршыларымен әріптестік орнатуға Эстония делегациясы ерекше қызығушылық танытты. Облыс әкімі Марат Ахметжанов және өңір кәсіпкерлерімен өткен кездесуде эстон порттары мен логистикалық компаниялары арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерін Еуропа елдеріне экспорттау мәселесі жан-жақты талқыланды. Эстония тарапынан келген делегация құрамында ірі логистикалық компаниялардың өкілдері, порт басшылары мен теміржол саласының жетекшілері болды.Кездесу барысында облыс әкімі Ақмола өңірінің Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды рөлін атап өтіп, агроөнеркәсіптік кешеннің даму әлеуетіне кеңінен тоқталды.Айта кету керек, 2024 жылы Ақмола облысы мен Эстония арасындағы сыртқы сауда айналымы 112,7 мың АҚШ долларын құрап, 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 31,5 пайызға артқан.Эстониядағы көлемі бойынша екінші теңіз порты — Силламяэ портының президенті Тийт Вяхи Ақмола облысымен ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екендігін жеткізді.Айта кетсек, жыл басынан бері «Вильмир» ЖШС Эстония арқылы 23 мың тонна, ал «Содружество Трейд Восток» ЖШС 27 мың тонна бидай жөнелткен.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-ush/press/news/details/1007478?lang=kk
Әкім, мемлекеттік қызметші, мұғалім, және бизнесмен: Жамбыл облысында әскери дайындықтан кімдер өтті 29.05.2025
«Айша бибі» полигонында Жамбыл облысы Талас ауданы әскери міндетті азаматтарының жиыны аяқталды.Тәжірибелі нұсқаушылардың жетекшілігімен запастағы әскери міндеттілер әскери дайындық негіздерін қайталап, аумақтық қорғаныс бригадасының құрамында оқу-жауынгерлік міндеттерді пысықтады.– Әскери жиын – оқытылған резервті құрудағы маңызды кезең. Әскери міндеттілер ескі дағдыларын еске түсіріп қана қоймай, жаңа дүниелерді үйренді. Егер қажет болса, олар сенімді түрде қызметке де тұра алады, зауыттарды, әкімшілік ғимараттар мен инфрақұрылымды қорғауға қатыса алады, – деп түсіндірді Жамбыл облысы аумақтық қорғаныс бригадасының командирі подполковник Данияр Мұратбеков. Әскери жиынға шақырылғандардың арасында Үшарал ауылдық округінің әкімі Самат Ақпанбетов те бар.– Қазір ауыл шаруашылығында шаруа шаш етектен. Егін егу керек, техниканы бөлу мәселелерімен айналысу қажет, басқа да көптеген шаруашылық міндеттерді шешу керек, – деді С. Ақпанбетов. – Бірақ әскери дайындық – мемлекеттің маңызды басымдықтарының бірі, сондықтан жиынға шақыру келгенде, барлық шаруаны кейінге қалдыруға тура келді.Тек фермерлерге ғана емес, басқа мамандықтардың өкілдеріне де жұмыстан шығу қиын болды. Мәселен, қауырт кезеңге қарамастан, Талас ауданы білім бөлімінің бастығы Мақсат Қазанғапов та полигоннан табылды. – Практикалық сабақтарсыз дағдылар ұмытылатынын жақсы түсінемін, өз саламда да білім мен дағды деңгейін сақтауға ерекше көңіл бөлемін, – деп атап өтті М. Қазанғапов. – Сондықтан жаңа тәжірибе жинақтау үшін жиындарға қатысуға шақыруға дайын болу керек. Оқу-жауынгерлік тапсырмалар нақты жағдайға жақын пысықталды. Жиын қорытындысы бойынша Жамбыл облысы аумақтық қорғаныс бригадасының басшылығы жергілікті әскери басқару органдарына ерекше көзге түскен жауынгерлерге кезекті әскери атақ беру туралы өтініш білдірді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1007479?lang=kk
«Родина» Агрофирмасы» ЖШС және «Ақтық» Агрофирмасы» АҚ егіс науқанын аяқтады 29.05.2025
Көктем – ауыл шаруашылығы саласы үшін ең қызу кезең. Целиноград ауданында көктемгі дала жұмыстары – егіс науқаны өз мәресіне жетуде. Аталған маусымның сәтті аяқталуымен «Родина» ЖШС және «Ақтық» АҚ еңбек ұжымдары құттықтаулар қабылдап жатыр.«Родина» ЖШС берген мәліметке сәйкес, биылғы жылы жалпы егістік алқабы 30 256 гектарды құрады. Оның ішінде 22 665 гектарға дәнді дақылдар, 2 000 гектарға майлы дақылдар, 1 930 гектарға сүрлемге арналған жүгері, 3 900 гектарға біржылдық шөптер егілді.«Ақтық» АҚ да көктемгі дала жұмыстарын табысты аяқтап, дәнді және бұршақты дақылдарды 22 000 гектар алқапқа септі. Біржылдық шөптер 2 500 гектар жерге орналастырылды.Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметінше, 2025 жылы Целиноград ауданындағы жалпы жаздық егіс көлемі шамамен 260 000 гектарды құрауы тиіс. Бүгінгі таңда дәнді және бұршақты дақылдар 140 000 гектарға жуық жерге егілген. Жем-шөп дақылдары, картоп және көкөніс дақылдарының егісі 80%-ға орындалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-ush/press/news/details/1007455?lang=kk
Астана мен Масқат қосарланған салықтан сақтандыратын келісімге қол қойды 29.05.2025
Астана халықаралық форумы аясында Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Мәди Такиев Оман Сұлтандығының Қаржы министрі Сұлтан бен Сәлім әл-Хабсимен кездесті.Оның барысында тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және көлік-транзит саласындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелерін талқылады, сонымен бірге мемлекеттік қаржыны басқару бағытындағы ведомствоаралық қатынастарды дамыту мен екіжақты әріптестік шеңберіндегі басқа да мәселелер туралы пікір алысты.Мәди Төкешұлының айтуынша, Қазақстан Оман Сұлтандығымен өзара іс-қимылдың стратегиялық сипатын жоғары бағалайды және тиімді қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға дайын.Кездесудің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Оман Сұлтандығының Үкіметі арасында табыс пен капиталға салынатын салыққа байланысты қосарланған салықтан сақтандыратын, сондай-ақ салықтан жалтаруға жол бермеу туралы келісім мен осыған қатысты хаттамаға қол қойылды.Аталған келісім салық ісінде заңнамалық негізді қалыптастыруға септесіп, кірістерге байланысты қосарланған салықтың алдын алып, осы арқылы екі мемлекеттің арасында тығыз экономикалық байланысты арттыруға жол ашады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1013795?lang=kk