Әлем
Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясында «Тәртіпті өзіңнен баста!» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды 29.05.2025
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы қаласы бойынша Департаментінің ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» идеясын насихаттау мақсатында «Тәртіпті өзіңнен баста!» акциясы аясында Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының алаңында кездесу ұйымдастырылды.Іс-шараның мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік идеологиясын дамыту, заңдылық пен тәртіп принциптерін сақтау мәдениетін қалыптастыру және әрбір азаматтың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыру. Өз сөзінде превенция басқармасының басшысы Қанат Салимбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған мемлекеттік шаралар мен бастамалар туралы айтып, қоғамда адалдық пен әділдікті қалыптастыруда әр адамның рөлін атап өтті. Қоғамға сыбайлас жемқорлықтың теріс әсерін және оны болдырмаудың әдістерін көрсететін бейнемазмұндар көрсетілді. Іс-шара барысында қатысушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, идеяларымен бөлісті. Іс-шараның соңында консерватория ұжымы лекторға мазмұнды ақпарат үшін алғысын білдіріп, сыбайлас жемқорлық нормалар мен этикалық стандарттарды сақтау туралы өз шешімдерін жариялады. #ЗАҢ менТӘРТІП#заң мен тәртіпАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-almaty/press/news/details/1007499?lang=kk
Ақмола облысы мен Эстония ынтымақтастығы: диқандар Еуропаға астық жөнелтуді ұлғайтпақ 29.05.2025
Ақмола облысының аграршыларымен әріптестік орнатуға Эстония делегациясы ерекше қызығушылық танытты. Облыс әкімі Марат Ахметжанов және өңір кәсіпкерлерімен өткен кездесуде эстон порттары мен логистикалық компаниялары арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерін Еуропа елдеріне экспорттау мәселесі жан-жақты талқыланды. Эстония тарапынан келген делегация құрамында ірі логистикалық компаниялардың өкілдері, порт басшылары мен теміржол саласының жетекшілері болды.Кездесу барысында облыс әкімі Ақмола өңірінің Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды рөлін атап өтіп, агроөнеркәсіптік кешеннің даму әлеуетіне кеңінен тоқталды.Айта кету керек, 2024 жылы Ақмола облысы мен Эстония арасындағы сыртқы сауда айналымы 112,7 мың АҚШ долларын құрап, 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 31,5 пайызға артқан.Эстониядағы көлемі бойынша екінші теңіз порты — Силламяэ портының президенті Тийт Вяхи Ақмола облысымен ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екендігін жеткізді.Айта кетсек, жыл басынан бері «Вильмир» ЖШС Эстония арқылы 23 мың тонна, ал «Содружество Трейд Восток» ЖШС 27 мың тонна бидай жөнелткен.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-ush/press/news/details/1007478?lang=kk
Әкім, мемлекеттік қызметші, мұғалім, және бизнесмен: Жамбыл облысында әскери дайындықтан кімдер өтті 29.05.2025
«Айша бибі» полигонында Жамбыл облысы Талас ауданы әскери міндетті азаматтарының жиыны аяқталды.Тәжірибелі нұсқаушылардың жетекшілігімен запастағы әскери міндеттілер әскери дайындық негіздерін қайталап, аумақтық қорғаныс бригадасының құрамында оқу-жауынгерлік міндеттерді пысықтады.– Әскери жиын – оқытылған резервті құрудағы маңызды кезең. Әскери міндеттілер ескі дағдыларын еске түсіріп қана қоймай, жаңа дүниелерді үйренді. Егер қажет болса, олар сенімді түрде қызметке де тұра алады, зауыттарды, әкімшілік ғимараттар мен инфрақұрылымды қорғауға қатыса алады, – деп түсіндірді Жамбыл облысы аумақтық қорғаныс бригадасының командирі подполковник Данияр Мұратбеков. Әскери жиынға шақырылғандардың арасында Үшарал ауылдық округінің әкімі Самат Ақпанбетов те бар.– Қазір ауыл шаруашылығында шаруа шаш етектен. Егін егу керек, техниканы бөлу мәселелерімен айналысу қажет, басқа да көптеген шаруашылық міндеттерді шешу керек, – деді С. Ақпанбетов. – Бірақ әскери дайындық – мемлекеттің маңызды басымдықтарының бірі, сондықтан жиынға шақыру келгенде, барлық шаруаны кейінге қалдыруға тура келді.Тек фермерлерге ғана емес, басқа мамандықтардың өкілдеріне де жұмыстан шығу қиын болды. Мәселен, қауырт кезеңге қарамастан, Талас ауданы білім бөлімінің бастығы Мақсат Қазанғапов та полигоннан табылды. – Практикалық сабақтарсыз дағдылар ұмытылатынын жақсы түсінемін, өз саламда да білім мен дағды деңгейін сақтауға ерекше көңіл бөлемін, – деп атап өтті М. Қазанғапов. – Сондықтан жаңа тәжірибе жинақтау үшін жиындарға қатысуға шақыруға дайын болу керек. Оқу-жауынгерлік тапсырмалар нақты жағдайға жақын пысықталды. Жиын қорытындысы бойынша Жамбыл облысы аумақтық қорғаныс бригадасының басшылығы жергілікті әскери басқару органдарына ерекше көзге түскен жауынгерлерге кезекті әскери атақ беру туралы өтініш білдірді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1007479?lang=kk
«Родина» Агрофирмасы» ЖШС және «Ақтық» Агрофирмасы» АҚ егіс науқанын аяқтады 29.05.2025
Көктем – ауыл шаруашылығы саласы үшін ең қызу кезең. Целиноград ауданында көктемгі дала жұмыстары – егіс науқаны өз мәресіне жетуде. Аталған маусымның сәтті аяқталуымен «Родина» ЖШС және «Ақтық» АҚ еңбек ұжымдары құттықтаулар қабылдап жатыр.«Родина» ЖШС берген мәліметке сәйкес, биылғы жылы жалпы егістік алқабы 30 256 гектарды құрады. Оның ішінде 22 665 гектарға дәнді дақылдар, 2 000 гектарға майлы дақылдар, 1 930 гектарға сүрлемге арналған жүгері, 3 900 гектарға біржылдық шөптер егілді.«Ақтық» АҚ да көктемгі дала жұмыстарын табысты аяқтап, дәнді және бұршақты дақылдарды 22 000 гектар алқапқа септі. Біржылдық шөптер 2 500 гектар жерге орналастырылды.Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметінше, 2025 жылы Целиноград ауданындағы жалпы жаздық егіс көлемі шамамен 260 000 гектарды құрауы тиіс. Бүгінгі таңда дәнді және бұршақты дақылдар 140 000 гектарға жуық жерге егілген. Жем-шөп дақылдары, картоп және көкөніс дақылдарының егісі 80%-ға орындалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-ush/press/news/details/1007455?lang=kk
Астана мен Масқат қосарланған салықтан сақтандыратын келісімге қол қойды 29.05.2025
Астана халықаралық форумы аясында Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Мәди Такиев Оман Сұлтандығының Қаржы министрі Сұлтан бен Сәлім әл-Хабсимен кездесті.Оның барысында тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және көлік-транзит саласындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелерін талқылады, сонымен бірге мемлекеттік қаржыны басқару бағытындағы ведомствоаралық қатынастарды дамыту мен екіжақты әріптестік шеңберіндегі басқа да мәселелер туралы пікір алысты.Мәди Төкешұлының айтуынша, Қазақстан Оман Сұлтандығымен өзара іс-қимылдың стратегиялық сипатын жоғары бағалайды және тиімді қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға дайын.Кездесудің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Оман Сұлтандығының Үкіметі арасында табыс пен капиталға салынатын салыққа байланысты қосарланған салықтан сақтандыратын, сондай-ақ салықтан жалтаруға жол бермеу туралы келісім мен осыған қатысты хаттамаға қол қойылды.Аталған келісім салық ісінде заңнамалық негізді қалыптастыруға септесіп, кірістерге байланысты қосарланған салықтың алдын алып, осы арқылы екі мемлекеттің арасында тығыз экономикалық байланысты арттыруға жол ашады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1013795?lang=kk
Қазақстан Қорғаныс министрлігінде Венгрияның әскери атташесімен кездесу өтті 29.05.2025
Астанада қорғаныс ведомствосына Қазақстан Республикасында қоса аккредиттелген Ресей Федерациясындағы Венгрия Елшілігінің жанындағы әскери атташе келді.Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаменті бастығының орынбасары полковник Валерий Вишникин әскери дипломат полковник Ласло Кёвариге жаңа лауазымда табыс тіледі.Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын, оның ішінде әскери білім беру, бітімгерлік және тілдік дайындық мәселелерін талқылады.Тараптар Қазақстан мен Венгрия қорғаныс ведомстволары арасындағы екіжақты байланыстарды одан әрі дамытуға сенім білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1007440?lang=kk
Қостанай облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасының іске асырылуы талқыланды 29.05.2025
Қостанай облысы әкімдігінде өңір әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен республикалық экологиялық «Таза Қазақстан» бағдарламасын іске асыру жөнінде жұмыс кеңесі өтті.Аталған бағдарлама Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынып, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, экологиялық мәдениетті көтеруге және қолайлы қалалық ортаны қалыптастыруға бағытталған.2024 жылдың аралық нәтижелеріКеңесте сөйлеген сөзінде Құмар Ақсақалов 2024 жылы Қостанай облысында ауқымды жұмыстар атқарылғанын атап өтті:327 сквер мен аулалық аумақ абаттандырылды;354 рұқсатсыз қоқыс үйіндісі жойылды;133 мыңнан астам ағаш отырғызылды;13,5 мың жаңа көше шамы орнатылып, көшелерді жарықтандыру деңгейі 80%-дан 90%-ға дейін артты;71 көпқабатты тұрғын үйге жөндеу жұмыстары жүргізілді;362 апатты және қараусыз қалған ғимарат сүрілді.2025 жылға арналған бюджет және басымдықтарАталған жұмыстар биыл да жалғасуда.2025 жылы елді мекендерді абаттандыруға 12,7 млрд теңге бөлінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 12%-ға артық.Бөлінген қаражаттың құрылымы:44%-дан астамы – көгалдандыру, саябақтар мен скверлерді дамытуға;30%-дан астамы – көпқабатты үйлердің шатыры, балконы және қасбеттерін жөндеуге бағытталған.Өңір басшысы қала келбетінің бірыңғай стилін сақтау қажеттігін атап өтті:«Ғимараттардың қасбеттерінде ашық, айқайлап тұратын түстерден бас тартып, сабырлы реңктерге – сұр-қызғылт кірпішті және беж түстерге басымдық беру қажет. Тұрғын үйлерге жақын бос аумақтарда шағын скверлер мен жасыл аймақтар жасақталуы тиіс», — деді Құмар Ақсақалов.Азаматтарды тарту және кері байланысКеңес барысында халықтың бағдарламаға қатысуы мен хабардар болу деңгейіне де ерекше назар аударылды.Талдау нәтижесі бойынша, облыстың бес ауданында Telegram желісіндегі «Таза Қазақстан» чат-боты арқылы бірде-бір өтініш түспегені анықталған. Бұл — халықтың мүмкіндіктен бейхабар екенін көрсетеді.«Азаматтардан өтініш түспеуі — бәрі жақсы дегенді білдірмейді. Керісінше, бұл — халықпен жұмыс әлсіз жүргізіліп жатқанын білдіретін үлкен мәселе. Бағдарламаның тиімділігін анықтайтын басты көрсеткіш — тұрғындардың қатысуы мен белсенділігі», — деп атап өтті өңір басшысы.Жүйелі жұмыс — табыстың кепіліҚұмар Ақсақалов «Таза Қазақстан» — бұл бір реттік акция емес, жүйелі, кешенді және ұзақ мерзімді жұмыс екенін атап өтті. Ол барлық деңгейдегі әкімдерден бағдарламаның әрбір бағытын жеке бақылауда ұстауды және халықпен ашық диалог жүргізуді тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1007444?lang=kk
ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің 2025жылғы 1 мамырдағы инвестициялық портфельдері 29.05.2025
ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің 2025жылғы 1 мамырдағы инвестициялық портфельдері "БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер - Инвестициялық қызмет" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі - ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебін ұсынды.2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша ҚРҰБ мен ИПБ-лардың басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі – 23 065,95млрдтеңге. Осы күнгі жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған, ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 22 630,73млрдтеңге[1] болды. ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – ЖМЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің көлемі – 372,84 млрд теңге. ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 62,38 млрд теңге. ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліҰлттық Банк БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушы ретінде теңгерімді инвестициялық саясатты ұстанады: валюталар, елдер, секторлар және эмитенттер бойынша қаржы құралдарының сан-алуан түрлеріне инвестициялайды.2025 жылғы 1 мамырғаМЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 43,14%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 9,09%, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 3,21%, ҚРҰБ депозиттері – 2,22%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 1,49%, МҚҰ - 1,37%.2025 жылғы 1 мамырға МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель мынадай: ұлттық валютадағы инвестициялар – 59,63%, АҚШ долларымен – 40,37%, басқа валютада - зейнетақы активтері портфелінің 0,01%.Алынған кірістің құрылымын талдаудан бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша және бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер – 590,71млрд теңге. Сыртқы басқарудағы активтер бойынша бағалы қағаздарды, шетел валютасын нарықтық қайта бағалау теріс болып қалыптасты. Басқа кірістер – 4,32 млрд теңге. Табыстылықтың қысқа мерзімді ауытқуларына қарамастан, 2024 жылғы мамырдан бастап 2025 жылғы сәуірді қоса алғандағы соңғы 12 айда есептелген инвестициялық кіріс мөлшері шамамен 2,63 трлн теңгені құрады, осы кезеңдегі кірістілік –13,35%, инфляция мөлшері - 10,70%. 2025 жылғы 1 мамырдағыЖМЗЖ инвестициялау бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 77,98%, РЕПО операциялары – 15,94%, ҚРҰБ депозиттері – 6,08%.ЖМЗЖ есебінен инвестициялық портфель тек ұлттық валютада номиналданған қаржы құралдарынан тұрады. 2025 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша ЖМЗЖ есебінен зейнетақы активтерінің соңғы 12 айдағы кірістілігі 9,03% көрсетті. Зейнетақы жинақтары - ұзақ мерзімді инвестициялар. Сондықтан, инвестициялық кірістің мөлшерін кем дегенде бір жыл ішінде талдаған жөн. Қысқа мерзімді деректер (апталық, айлық және т.б.) көрсеткіш бола алмайды, өйткені олар нарықтық жағдайдың тұрақты түрде өзгеріп отыратын құбылмалылығына тәуелді. Кейбір құралдар бойынша алынған кіріс басқа құралдар бойынша уақытша шығындарды жабатын инвестициялық портфельді әртараптандыру зейнетақы жинақтарының ұзақ мерзімді келешекте сақталуын және орнықты табыстылығын қамтамасыз етеді. Соңғы 3 жылдағы инвестициялық кіріс тұрақты түрде өсіп, зейнетақы активтерінің кірістілігі инфляция деңгейінен асып түсті.ҚРҰБ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы және инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында берілген. Сондай-ақ, enpf.kz сайтында ЖМЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері бойынша портфель құрылымы туралы ақпарат орналастырылды. Инвестициялық портфельді басқарушыларИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 62,38 млрд теңгеден асады.01.05.2025ж. жағдай бойынша "Jusan Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен – 11,70 млрд теңге.Компанияның негізгі инвестициялары: Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 21,55%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің (ЕДБ) облигациялары – 18,88%, ҚР ҚМ МБҚ – 17,78%, РЕПО – 10,35%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 7,91%, МҚҰ - 6,22%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 6,03%, шет мемлекеттердің МБҚ – 4,75%. Атап кетейік, портфельдің 67,00% теңгемен, 31,58% - АҚШ долларымен, 1,42% - басқа валюталарда ұсынылған. 2025 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі16,42% болды."Jusan Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. 01.05.2025ж. жағдай бойынша "Halyk Global Markets" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 5,46 млрд теңге болды.Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар: "кері РЕПО" (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 22,90%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 14,26%,ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 12,87%, ҚР ЕДБ облигациялары – 11,45%, ҚР ұйымдарының корпоративтік облигациялары – 10,94%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 8,96%, шетелдік эмитенттердің үлестік құралдары (ETF пайлары) – 7,50%, Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған акциялар мен депозитарлық қолхаттар – 2,61%,шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар – 2,54%.Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 69,72%, АҚШ долларымен 30,28% тең.2025 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі16,74% болды."Halyk Global Markets" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. 01.05.2025ж. жағдай бойынша "BCC Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері - шамамен 6,17 млрд теңге.Инвестициялардың негізгі бағыттары: ҚР ЕДБ облигациялары – 26,20%, Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 19,17%, ҚР резидент-эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 16,62%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 11,01%, РЕПО – 9,19%,ҚР ҚМ МБҚ – 8,45%.Ұлттық валютадағы инвестициялар – портфельдің 75,77%, АҚШ долларымен 24,23%. 2025 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі17,45% болды."BCC Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. 01.05.2025ж. жағдай бойынша "Сентрас Секьюритиз" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 2,31 млрд теңге.ҚР ҚМ МБҚ-ға активтердің 21,17% инвестицияланды, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына – 19,94%, квазимемлекеттік ұйымдардың облигацияларына – 18,34%, ҚР ЕДБ облигациялары – 10,23%, АҚШ мемлекеттік облигациялары – 6,58%,РЕПО – 5,54%, ҚР резиденттері-эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына – 4,31%.Ұлттық валютада портфельдің 69,82%, АҚШ долларында – 30,18% инвестицияланды.2025 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі15,66% болды."Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. 2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша "Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 36,74 млрд теңге болды.Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялардың сипаты мынадай: ҚР ҚМ МБҚ – 25,23%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 14,12%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 10,87%, ҚР ЕДБ облигациялары – 11,78%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 10,04%, шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 7,30%, шет мемлекеттердің МБҚ – 6,48%, Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 6,77%.Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 60,20%, АҚШ долларында – 39,80% инвестицияланды.2025 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі16,49% болды."Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап салымшылар инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) сенімгерлік басқаруына міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 50%-дан аспайтын бөлігін ең төменгі жеткіліктілік шегін есепке алмастан бере алады. Ал ерікті зейнетақы жинақтары бар салымшыларға оны ИПБ-ға 100% көлемінде беруге құқылы. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). [1]зейнетақыжарналары мен төлемдершоттарындағыақшаныесепкеалмағандаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-rudnyi-kalasy-akimat/press/news/details/1007396?lang=kk
Ақмола облысында бүгінгі таңда 1.6 млн гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылы егілді. 29.05.2025
Бұл өткен жылғы егістік науқанының осындай уақыттағы көрсеткішінен екі есе артық.Өңірде биыл жалпы ауданы 5.5 млн гектар алқапқа егін егілмек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-ush/press/news/details/1007403?lang=kk
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумының Пленарлық сессиясында сөз сөйледі 29.05.2025
Қадірлі қонақтар!Баршаңызбен Астана халықаралық форумында жүздескеніме қуаныштымын!Бүгінгі басқосуға шетел үкіметтерінің басшылары, дипломатия, бизнес және академиялық ортадағы достарымыз бен әріптестеріміз қатысып отыр.Мәртебелі меймандарымызға, атап айтқанда, Руанда Президенті Поль Кагамеге және Солтүстік Македония Президенті Гордана Силяновска-Давковаға, Еуропа Кеңесінің Бас хатшысы Ален Берсеге, БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы Пан Ги Мунға, Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесінің жетекшілеріне, форумның өзге де қатысушыларына шынайы ризашылығымды білдіремін.Форум аясында жаһандық экономика, өңірлік ынтымақтастық және халықаралық күн тәртібіндегі басқа да мәселелер жөнінде нәтижелі пікір алмасамыз деп үміттенеміз.Бүгінгі жиын әлемде белгісіздік белең алған кезеңде өтіп отыр. Мұны жолайрық, халықаралық қатынастардағы сын сағаты деп сипаттасақ та болады. Алайда бұл тұжырымды тарихшылардың еншісіне қалдырған жөн. Қазір осы жағдайға қалай жауап беретініміз маңызды. Алдымызда таңдау тұр: қандай шешім қабылдаймыз, қандай құндылықтарды қорғаймыз?!Дүние жүзін қақтығыстар мен соғыс өрті жайлап барады. Былтырғы мәліметке сәйкес, 52 мемлекет қарулы қақтығыс жағдайында тұрған. Ал осындай қатыгез әрекеттерден келген экономикалық шығын 19 триллион долларға жетті. Бұл, шамамен, әлемдік ІЖӨ-нің 13,5 пайызы.Дегенмен осы сандардың арғы жағындағы ахуал одан да қорқынышты: қазіргі қақтығыстар анағұрлым ұзақ әрі күрделі сипатқа ие. Оған көптеген «ойыншылар», тіпті, ешқандай мемлекетке қатысы жоқ топтар араласады. Бұдан бөлек, мұндай қақтығыстардың тамырында түрлі қайшылықтар жатыр.Аталған факторлар бейбітшіліктің берік орнауына кедергі келтіруде. Айрықша алаңдаушылық туғызатын тағы бір дүние бар. Ол – әлемдегі осы тектес шиеленістердің жаһанға мүлдем жаңа түсінік пен құндылықтар ұсынып, адамзатты түбегейлі түлеген, бірақ әзірге беймәлім келешекке бастап бара жатқан жасанды интеллектінің даму трендімен еш үйлеспеуі.Бұл орайда тарихи тұжырымдар мен саяси араздыққа негізделген әскери қақтығыстар мен соғыстар мүлдем орынсыз, тіпті ақылға қонбайды.Соғысудың орнына біз халқымызды, әсіресе, жастарымызды саналы әрі өркениетті қоғам құруға үндеуіміз керек.Әрине, қақтығыстардың қай-қайсысы да жіті назар аударуды қажет етеді. Әйтсе де, ядролық қаруды иеленген мемлекеттер арасындағы шиеленіске айрықша мән бергеніміз жөн.Бүгінде тоғыз елдің арсеналында жалпы саны 13 мың ядролық оқтұмсық бар. Сарапшылар оны қолдану ықтималдылығы артып келе жатқанын ескертеді. Тіпті, бұған жазатайым қателік, оқыс оқиға немесе эскалация себеп болуы мүмкін.Бір ғана жарылыстың салдары жойқын болмақ. Ғалымдар атом бомбасы түскен жерін күл-талқан етіп қана қоймай, жаһандық ауқымдағы климат апатына әкеп соғуы, егістік атаулыны жойып жіберуі мүмкін екенін айтады.Оның қасіретін біз жақсы білеміз. Жерімізде жасалған 450 ядролық сынақтың зардабымен Қазақстан әлі күнге дейін бетпе-бет келіп отыр. Біз бейбітшілік үшін Кеңес өкіметінен мұраға қалған ядролық арсеналдан өз еркімізбен бас тарттық. Бүгінде жаппай қырып-жоятын ядролық және биологиялық қаруды таратпау ұстанымын жақтаймыз.Жаһандық қауіпсіздікке төнген қатерге тек геосаяси сипат тұрғысынан қарамау керек. Мұны мойындаған жөн.Әлемдегі қазіргі ахуал өзгеріп жатыр. Мультилатерализмнің үні құмыққанда, протекционизм өршиді.Осынау бей-берекет кезеңдегі біздің міндетіміз – ынтымақты қатаң сақтау, ыдыраған тұсын қайта қалпына келтіру.Қазақстан қазіргідей алмағайып заманды сындарлы ықпалдастық тұрғысынан қарастырады. Сыртқы саясатта жікке бөлінбей диалогқа келуді, кез келген елдің егемендігін құрметтеуді басшылыққа аламыз.Әсіреұлтшылдық танытып, өзге халықтардың тарихы мен мәдени дәстүрлерін менсінбеуге жол берілмейді.Аз халықтардың ана тілінде сөйлеп, төл мәдениетін дәріптеуіне құрметпен қарау қажет. Сондықтан Қазақстанда «Бірлігіміз – әралуандықта» қағидатын қатаң ұстанамыз. Құрметті достар!Соңғы бірнеше жылда Қазақстанда ауқымды экономикалық және институционалдық реформалар жүргізілді. Біздің мақсатымыз айқын – барынша әртараптандырылған, инклюзивті және келешекке бағдарланған экономика құру. Экономикалық өсім орнықты болумен қатар, оның игілігі әр азаматқа әділ бөлінуге тиіс.Елімізді түбегейлі жаңғыртып, Әділетті Қазақстанның негізін қалау үшін мемлекеттілікті нығайтуға көп күш-жігер жұмсап жатырмыз.Жалпыұлттық референдум арқылы Конституциямызға өзгеріс енгізіліп, басты билік институттарына реформа жасалды.Біз суперпрезиденттік жүйеден бас тарттық. «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидасын басшылыққа алатын, тежеу мен тепе-теңдік жүйесі бар президенттік республика жолын таңдадық.Бұл тұжырым Қазақстандағы саяси жүйенің ерекшеліктеріне мейлінше лайықты модель екеніне кәміл сенемін.Президент өкілеттілігі бір реттік 7 жылдық мерзіммен шектелді. Қазақстанда ғана емес, біздің аймақта мұндай шешім бұрын-соңды қабылданбаған. Менің ойымша, бұл қадам еліміздің саяси жүйесін нығайтуға, экономикасын дамытуға және өркениетті қоғам құруға негіз болады.Президент – халықтың белгілі бір мерзімге, біздің жағдайымызда жеті жылға жалдаған менеджері.Парламент азаматтық қоғам және жаңа саяси партиялардың мүшелерімен толықты. Сондай-ақ әйелдерге, жастарға және әлеуметтік тұрғыдан осал топтың өкілдеріне қосымша квота берілді.Адам құқықтарын қорғаудың нақты тетіктері болмаса, ілгері жылжу мүмкін емес. Бұл жүйе «Заң мен тәртіп» қағидатында көрініс тапқан.Біз аталған реформаларды геосаяси ахуал тұрақсыз кезеңде қолға алғанымызды білеміз. Бірақ «Жол мұраты – жету». Осы стратегиялық бағдарымыздан айнымаймыз, реформаларды тоқтатпаймыз.Жаһандағы сын-қатерлерге қарамастан, экономикамыз былтыр 5,1 пайызға өсті. Шетелден тартылған тікелей инвестицияның көлемі рекордтық көрсеткішке жетті. Транскаспий халықаралық көлік бағытымен тасымалданған жүк 62 пайызға артты.Дейтұрғанмен біздің стратегиялық мұратымыз цифрмен ғана өлшенбейді. Бұл реформалар жұртшылықтың өркендеуіне жол ашатын жаңа қоғамдық келісімді орнатуды көздейді.Біз адам капиталына инвестиция салып, жас мамандардың қалыптасуына жағдай жасаймыз. Ең басты міндетіміз – аймақтар арасындағы алшақтықты азайту және орта тапты нығайту.Сол себепті цифрлық технология мен жасанды интеллектіден бастап жасыл энергетика мен қосымша құны жоғары өндіріске дейінгі негізгі секторлардағы әлеуетімізді күшейте береміз.Біз цифрлық трансформацияда елеулі табысқа қол жеткіздік. Мақсатымыз – Еуразиядағы жетекші IT хабқа айналу.Әсіресе, жасанды интеллектіні дамытуға айрықша мән беріп отырмыз. Бірқатар шетелдік университеттің филиалы бар, зерттеу мен әзірлеу саласындағы серіктестік жолға қойылған академиялық және инновациялық хабқа айналғымыз келеді.Қазақстан ең қуатты суперкомпьютерді іске қосуға кірісті. Қазірдің өзінде бұл жұмыс басталып кетті.Бұдан бөлек, СryptoCity деп аталатын жаңа пилоттық жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Мұнда криптовалютаны азық-түлік сатып алуға, қызмет төлеміне және басқа да мақсаттарда пайдалануға жағдай жасалады.Әлемдегі уран қорының 40 пайызы Қазақстанның еншісінде. Сондықтан еліміз атом энергетикасын дамытуды ұлттық стратегияның басым бағыты ретінде қарастырады.Алайда климат дағдарысы шешілмей, ешқандай орнықты даму болмайды. Орталық Азия – планетадағы климат өзгерістеріне осал өңірлердің бірі. Мұнда ғаламдық жылыну деңгейі әлемдегі орташа көрсеткішпен салыстырғанда екі есе жоғары.Аталған қиындықтарды еңсеру үшін өңірлік тұрғыдан үйлестірілген, прагматикалық бағыттағы климат күн тәртібін ілгерілетуге бейілміз. Оның аясында еліміз бірқатар халықаралық ұйымға мүше болып, келісімдерге қосылды.Келесі жылы Қазақстан БҰҰ-мен бірге Өңірлік экологиялық саммитін өткізеді. Бұл алаң Орталық Азия елдерінің стратегиясын жаһандық мақсатпен ұштастыруды көздейді.Қазақстан өзара құрмет пен аймақтық ықпалдастықты арқау еткен Орталық Азияның тұрақтылығы берік, ынтымағы бекем, болашағы айқын болғанын қалайды.Екі ай бұрын БҰҰ Бас Ассамблеясы Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ-ның аймақтық орталығын құру туралы қарарды ресми түрде қабылдады.Бұл – біздің көпжақты дамуға үлес қосқан маңызды жетістігіміз. Аталған орталық бірлескен жобаларға қолдау көрсетіп, техникалық сараптамаларды қамтамасыз етеді және халықаралық ынтымақтастықты үйлестіреді. Қадірлі қонақтар!Сөзсіз, біз бетпе-бет келіп отырған сын-қатерлер трансұлттық сипатқа ие. Десек те оған қарсы әрекетімізде бірізділік жоқ. Әлемдегі ахуал өте шетін, тұрақсыз әрі кереғарлыққа толы. Сондықтан жаһандық ынтымақтастық үшін құрылған институттар осы жағдайларға сай болуға тиіс.Қазақстан орта державалар әділетті әрі инклюзивті әлемдік тәртіптің орнауына мүдделі болуы керек деп санайды. Қазіргі жүйені мұқият саралап, тың әдіс-тәсілдерге сүйену қажет. Соған сәйкес, орта державалар да жауапкершілік жүгін көтеруге дайын болуға тиіс.Жыл соңына таман Нью-Йоркте БҰҰ-ның 80 жылдығын атап өтеміз. 1945 жылы, яғни, дүние жүзіндегі сұрапыл соғыстан кейін 51 мемлекет бірге құрған бұл Ұйым бейбіт әрі қауіпсіз әлемді құрудың батыл жолын ұсынды.Бүгінде Ұйымға 193 ел мүше. Осылайша, ол әлемдегі құрамы әралуан, күрделі әрі өзара тығыз байланысқан қоғамдастыққа айналды.Әйтсе де БҰҰ-ның негізгі тармақтары, әсіресе, Қауіпсіздік Кеңесі мүлдем өзгерген жоқ.80 жыл бұрын жасалған институционалды құрылым мен қазіргі заман арасында алшақтық көп. Бұл Ұйымға және оның тиімділігіне деген сенімге селкеу түсіреді.Миллиардтаған адамның тағдырына әсер ететін аса маңызды шешімді бірнеше елдің қабылдағаны дұрыс емес.Сондықтан Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің құрамын кеңейтіп, оған әлемнің әр өңірінен өкіл қосу туралы ұстанымды қолдайды.БҰҰ өзектілігін жоғалтпай, қазіргі заманның талаптарына сай болуы үшін Қауіпсіздік Кеңесіне құрылымдық реформа жасалуға тиіс.Алпауыт елдер бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға бейіл екенін анық білдіруі керек. Әрі барлық мемлекеттің территориялық тұтастығын қорғау туралы ең басты қағидаттан айнымауға тиіс.Бәріміз БҰҰ Жарғысын мүлтіксіз сақтауымыз қажет. Оның негізгі принциптеріне үстірт немесе немқұрайлы қараудан аулақ болуымыз керек. Сонда ғана Біріккен Ұлттар Ұйымының абырой-беделіне деген сенімді қалпына келтіре аламыз. Қадірлі достар!Сіздер Астанаға әлемнің түкпір-түкпірінен келдіңіздер. Әрқайсысыңыз тәжірибелеріңізді, дүниетанымдарыңызды және құндылықтардың ықпалымен қалыптасқан көзқарастарыңызды ортаға саласыздар.Аталған форумның мәні осындай интеллектуалдық әралуандықта жатыр.Алдымызда келешектің түрлі сценарийі күтіп тұр. Бірі үміт ұялатады, бірі қауіп-қатерге толы. Бәріне ортақ өркениет жолын таңдаймыз ба, әлде жікке бөлініп құрдымға кетеміз бе? Оны үркердей топтың мәлімдемесі емес, көптің ауызбіршілігі шешуі қажет.Астана халықаралық форумы осы ынтымақтастыққа қолдау білдіру үшін құрылды. Аталған алаң өзара құрметке негізделген және ашық пікірталас мүмкіндігін ұсынады.Биылғы форум тақырыбы – «Ақыл-ой қосу арқылы келешекті бағдарлау» ( Connecting Minds, Shaping the Future) Бұл – біздің үндеуіміз әрі қалтқысыз сеніміміз.Жаһандық сын-қатерді жалғыз еңсеру мүмкін емес. Дипломатия ресми протоколдың тар шеңберінен шығып, анағұрлым терең әрі адами қалыптағы қарым-қатынасқа төр ұсынуға тиіс.Біз дүниежүзілік дамудың жаңа кезеңіне қадам бастық. Мұнда адамдар арасындағы сенім, білім-тәжірибемен бөлісу және азаматтық қоғамның ынтымақтастығы халықаралық қатынастардың жаңа іргетасын қалайды. Сондықтан ықпалдастықтың аясын кеңейте беруіміз керек.Қазақстан идеяның кені, араағайындық шешімдердің архитекторы және түрлі өңірлер мен мәдениеттердің серіктесі ретінде осы өзгерістерге үлес қосуға дайын.Бұл форум тың ойлар айтылатын ғана емес, батыл қадамдар жасалатын алаңға айналсын. Баршаңызды мазмұнды диалог орнатуға шақырамын.Алдағы пікірталастар қызықты, форум жұмысы нәтижелі болуына тілектестік білдіремін.Рақмет!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-pretoria/press/news/details/1015280?lang=kk
Ақмола облысында 2,7 млн гектар алқапқа егін егілді 29.05.2025
Ақмола облысында көктемгі егіс науқаны қызу жүріп жатыр. 25 мамырдағы жағдай бойынша облыс диқандары 2,7 миллион гектар алқапқа егін егіп, жоспардың 51 пайызын орындады.Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Бурабай және Ақкөл аудандарына жасаған жұмыс сапары барысында көктемгі дала жұмыстарының барысымен танысты.Ақкөл ауданындағы «Аскоп» ЖШС де егістік алқаптарының 80 пайызын игеріп үлгерді. Кәсіпорын көктемгі егіс жұмыстарын маусым айының басына дейін аяқтауды жоспарлап отыр.Биыл облыс бойынша ауыл шаруашылығы дақылдары егілетін жалпы жер көлемі 5,5 млн гектарды құрайды. Бұл – өңірдегі агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамып келе жатқанын көрсетеді.Сапар қорытындысы бойынша өңір басшысы егіс жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтап, сапалы өнім алуға бағытталған агротехникалық шараларды толық орындауды тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-ush/press/news/details/1007425?lang=kk
2025 жылғы 29 мамырда аудан әкімдігінің отырысы өтті. 29.05.2025
Әкімдік отырысына Жақсы аудандық мәслихатының төрағасы, ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдері, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, аудандық аумақтық мемлекеттік органдардың басшылары, БАҚ өкілдері шақырылды.Отырыс барысында мәселелер қаралды:1. Жақсы ауданының жылыту маусымын аяқтау және жылумен жабдықтау объектілерін 2025-2026 жылдардағы жылыту маусымына дайындау қорытындылары туралы;2. Жақсы ауданында қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы.Аудан әкімдігінің отырысынан кейін ағымдағы мәселелер бойынша кеңес өтті.Кеңес күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:1. Жақсы ауданын абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын жүргізу туралы;2. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында халықпен есептік кездесулер өткізу қорытындылары туралы. Орындаушылық тәртіп және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларын сақтау;3. Бюджет кодексінің жаңалықтарын түсіндіру.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zhaksy/press/news/details/1007382?lang=kk
Ақмола облысында көктемгі егіс науқаны басталды: шамамен 750 мың гектар жерге тұқым себілді. 29.05.2025
Ақмола облысында көктемгі егіс науқаны басталды: шамамен 750 мың гектар жерге тұқым себілді. Биыл ауыл шаруашылығы дақылдары егілетін алқап көлемі 52 мың гектарға артып, 5,5 миллион гектарды құрайтын болады. Бұл өңірдегі аграрлық саланың тұрақты дамуын көрсетеді.Майлы дақылдар алқабы айтарлықтай кеңейіп, 430 мың гектарға жетті. Қазіргі уақытта 750 мың гектардан астам алқапқа жаздық егіс жүргізілді. Егіс науқанына 37 мың бірлік ауыл шаруашылығы техникасы жұмылдырылған.Жарқайың ауданының диқаншылары 663,5 мың гектар жерге егін егуді жоспарлап отыр, қазіргі таңда 123 мың гектарға тұқым себілді. Бұл аудан облыстағы егістік көлемі бойынша ең ірі өңір саналады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-ush/press/news/details/1007352?lang=kk
Ақмола облысында ауыл шаруашылығы алқаптарын шегіртке зиянкестерінен қорғау бағытында жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. 29.05.2025
Биыл облыстың 11 ауданында итальяндық шегірткеге қарсы химиялық өңдеу 226,5 мың га алаңда, олардың республикалық бюджет қаражаты үшін 89,0 мың га және облыстық бюджет қаражаты есебінен 137,5 мың га алаңда жүргізілетін болады.Шара барысында ауыл шаруашылығы алқаптарын өңдеуге арналған арнайы бүріккіш техникалар, шегірткелі зиянкестердің ошақтарын бақылауға арналған автокөліктер, кең аумақтарды шолуға арналған ұшқышсыз ұшу аппараттары (дрондар) іс жүзінде көрсетілді. Барлық техника жұмыс барысындағы режимде таныстырылып, мамандар мониторинг пен өңдеу алгоритмдерін таныстырды.Жиын қорытындысы бойынша Ақмола облысы әкімінің орынбасары Мұрат Балпан химиялық өңдеу кезеңінде барлық қызметтердің үйлестірілген, сапалы және уақытылы жұмысын қамтамасыз етуді тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-ush/press/news/details/1007364?lang=kk
Астанада түрік және қатарлық компаниялардың қатысуымен ауқымды инвестициялық жоба жүзеге асырылады 29.05.2025
Астана, 2025 жылғы 28 мамыр – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов пен «Kazak Protein» ЖШС бас директоры Юлдыз Коксал Салих Қазақстандағы ең ірі агроөнеркәсіптік жобалардың бірін жүзеге асыруға бағытталған инвестициялық келісімшартқа қол қойды. Жоба «Tiryaki Agro» түрік холдингі мен «Hassad Food» қатарлық компаниясының қатысуымен, сондай-ақ «Kazakh Invest» ұлттық компанияcының қолдауымен іске асырылуда.Кешен Астана қаласының Байқоңыр ауданында салынып, еліміздегі дәнді және бұршақ тұқымдас дақылдарды терең өңдеуге бағытталған, толық өндірістік циклді қамтитын алғашқы кәсіпорын болады. Инвестиция көлемі шамамен 320 миллион АҚШ долларын құрайды, ал құрылыс және пайдалану кезеңдерінде 500-ден астам жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.Кешеннің қуаттылығы жыл сайын 250 мың тонна бидай мен 80 мың тонна бұршақты қайта өңдеуге мүмкіндік береді. Өндірілетін өнімдер – бидай мен бұршақ крахмалы, глютен, лизин, ГФС-55 шәрбаты, құрама жем, бұршақ ақуызының изоляты және басқа да құрамдас бөліктер – ішкі нарыққа да, ТМД, ЕО елдеріне, Түркияға, Солтүстік Америка мен Оңтүстік Шығыс Азияға экспорттауға бағытталады.Кездесу барысында Ғ.Оспанқұлов жобаның шикізаттық емес агроөнеркәсіпті дамыту және елдің экспорттық әлеуетін нығайту үшін стратегиялық маңыздылығын атап өтті: «Бұл жоба – қазіргі Қазақстандағы агроөнеркәсіптік дамудың қандай болуы керектігінің жарқын үлгісі. Яғни, бұл – жоғары технологиялық, экспортқа бағытталған және терең өңдеуге негізделген өндіріс. Біз ұзақ уақыттан бері шикізаттық модельден бас тартуды көздеп келеміз және түрік пен қатарлық ірі инвесторлардың қатысуымен жасалған бұл келісім Қазақстанның ірі индустриялық бастамалары үшін тартымды орталыққа айналып келе жатқанын дәлелдейді. Инвестициялар комитеті мен «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы жобаны жүзеге асырудың барлық кезеңдерінде – әкімшілік рәсімдерді сүйемелдеуден бастап, сыртқы нарықтарға шығуға жәрдемдесуге дейін жан-жақты қолдау көрсететін болады», – деді ол.«Kazak Protein» ЖШС бас директоры Юлдыз Коксал Салих компанияның Қазақстанды өңірдегі негізгі серіктес ретінде қарастыратынын атап өтіп, жобаның әлеуетіне жоғары баға берді: «Біз өзіміздің халықаралық тәжірибеміз бен тұрақты өндірістік технологияларымызды қолдана отырып, Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігіне үлес қосып отырғанымызды мақтан тұтамыз. Қазақстандық және қатарлық серіктестерімізбен бірлесіп, бұл жобаның тиімді агроөнеркәсіптік кооперацияның үлгісіне айналатынына және өңірлік әрі жаһандық жеткізу тізбектерін дамытуға серпін беретініне сенімдіміз», – деді ол.«Tiryaki Agro» – ауыл шаруашылығы өнімдерін әлемнің 55 еліне экспорттайтын Түркиядағы ең ірі агрохолдингтердің бірі. Компанияның жылдық айналымы 2,5 миллиард АҚШ долларынан асады, ал сату көлемі 4 миллион тоннадан жоғары. 2019 жылы «Tiryaki Agro» Fortune-500 нұсқасы бойынша Түркиядағы ең ірі жеке компаниялар рейтингінде 64-орынды иеленген.«Hassad Food» – азық-түлік және агроөнеркәсіптік жобаларға маманданған «Qatar Investment Authority» (QIA) қорының еншілес кәсіпорны. «Hassad Food» халықаралық деңгейде Аустралия, Канада, Түркия, Оман және басқа елдердегі стратегиялық маңызды кәсіпорындарға инвестиция салған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/invest/press/news/details/1007392?lang=kk
Мемлекеттік кірістер комитеті барлық түрдегі ақшалай есеп айырысулар кезінде бақылау-кассалық машиналарды (БКМ) қолдану қажеттілігі туралы ескертеді 29.05.2025
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті кәсіпкерлік субъектілерінің барлық түрдегі ақшалай есеп айырысулар кезінде, оның ішінде қолма-қол ақшамен, банк карталарымен, сондай-ақ QR-кодтар арқылы мобильді төлемдер кезінде бақылау-кассалық машиналарды (БКМ) міндетті түрде қолдану қажеттілігіне назар аударады.Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес, ел аумағындағы барлық ақшалай есеп айырысулар Мемлекеттік тізілімге енгізілген үлгідегі БКМ қолдану арқылы жүргізілуі тиіс. Ақшалай есеп айырысуларға қолма-қол төлемдер, төлем карталары арқылы (POS-терминалдар арқылы), сондай-ақ мобильді төлемдер, оның ішінде QR-төлемдер жатады. Бұл талаптан кейбір салық төлеуші санаттары, мысалы, жеке тұлғалар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, медиаторлар және банктер Салық кодексіне сәйкес босатылады.Алайда соңғы уақытта кәсіпкерлердің тауарлар мен қызметтер үшін банк карталарымен немесе мобильді қосымшалар арқылы төлеу кезінде тұтынушыларға тек POS-терминал чектерін беріп, БКМ қолданбайтын жағдайлары жиілеп кетті. Мұндай әрекеттер салық заңнамасын бұзу болып табылады және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін.Айта кету керек, нарықта БКМ мен POS-терминалдардың функцияларын біріктіретін шешімдер бар. Мысалы, Kaspi Pay POS-терминалдарын Kaspi Kassa БКМ-мен біріктіруге болады, бұл кәсіпкерлерге төлем қабылдау мен операцияларды фискализациялау функцияларын бір уақытта орындауға мүмкіндік береді және заңнама талаптарына сай болуды қамтамасыз етеді.Тіркелген БКМ бар-жоғын тексеру және Мемлекеттік тізілімге енгізілген үлгілер туралы ақпарат алу үшін кәсіпкерлер келесі ресурстарды пайдалана алады:БКМ тізімі, банк POS-терминалдарымен біріктірілген үлгілерді қоса алғанда, Комитеттің ресми сайтында орналастырылған:https://kgd.gov.kz/sites/default/files/gosuslugi/gosreestr_kkm_ru_0-2.docxБКМ тіркеуін тексеру сервисімен мына сілтеме арқылы танысуға болады:https://portal.kgd.gov.kz/ru/pages/info-services/proverka-registracii-kkmМемлекеттік кірістер комитеті кәсіпкерлерді салық заңнамасының талаптарын қатаң сақтауға және тек Мемлекеттік тізілімге енгізілген БКМ-ді қолдануға шақырады. Бұл бизнесті заңды жүргізуді ғана емес, сондай-ақ қаржылық операциялардың ашықтығын арттырып, тұтынушылар тарапынан сенімді нығайтуға ықпал етеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1007335?lang=kk
Мерзімдік салықтық тексерулер қалай өтеді 29.05.2025
Қазақстанның салық органдары тәуекел дәрежесін бағалау негізінде мерзімді тексерулер жүргізеді. Бұл тәсіл ашықтық пен әділдікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді — тексеру үшін компанияларды таңдау тәуекелдерді басқарудың арнайы жүйесінің көмегімен автоматты түрде жүзеге асырылады.Тексеру кестесін ҚР Қаржы министрлігі жылына екі рет бекітеді және ведомствоның ресми сайтында жарияланады:25 желтоқсанға дейін — келесі жылға,25 мамырға дейін-екінші жартыжылдықта.Салық төлеушіні тексерудің басталғаны туралы 30 күннен кешіктірмей хабардар етіледі. Тексерудің өзі 30 жұмыс күніне созылады, бірақ салық органының шешіміне байланысты 45 немесе 60 жұмыс күніне дейін ұзартылуы мүмкін.Мысалы, банктер мен мемлекеттік органдардан қосымша құжаттар немесе мәліметтер сұратылған кезде уақыты тоқтатылуы мүмкін. Салық төлеушіні тоқтата тұру немесе қайта бастау туралы міндетті түрде хабардар етіледі.Тексеру аяқталғаннан кейін тексеріс актісі тапсырылады. Бұзушылықтар анықталған жағдайда-нәтижелер туралы хабарлама, оны 30 жұмыс күні ішінде орындау қажет. Келіспеген жағдайда уәкілетті органдарға немесе сотқа шағым табыстауға болады.Салық тексерулерін жүргізу тәртібі туралы толық ақпарат ҚР Қаржы министрлігінің сайтында (https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/documents/details/769211?lang=kk; https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/documents/details/846669?lang=kk) қолжетімді.Тексерулер салық заңнамасының сақталуына және салықтардың уақтылы төленуін қамтамасыз етуге бағытталған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1007342?lang=kk
Мемлекеттік сатып алудағы қаржылық тұрақтылық: жаңартулар мен өнім берушілерге арналған ұсынымдар 29.05.2025
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2019 жылғы шілдеден бастап «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті жеткізушінің «қаржылық тұрақтылығы» ұғымы енгізілгенін еске салады. Бұл көрсеткіш компанияның тұрақтылығын және сырттан ресурстар тартпай өз міндеттемелерін орындау мүмкіндігін көрсетеді. Қаржылық тұрақтылық қалай есептеледіҚаржылық тұрақтылықты есептеу мемлекеттік кірістер органдары ұсынатын мынадай деректер: кірістер, төленген салықтар, негізгі құралдардың құны және еңбекақы төлеу қоры негізінде мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде есептеледі.Бұл мәліметтер жылына бір рет — оларды қолданудың жылдың алдындағы жылғы 1 қазанға дейін жаңартылады. Мысалы, 2025 жылғы сатып алуларға қатысу үшін 2024 жылғы 1 қазанға дейін көрсетілген 2023 жылғы деректер, сондай-ақ күнтізбелік жыл, яғни 2023 жыл ішінде төленген салықтар есепке алынады. 2025 жылдан бастап негізгі өзгерістер.2025 жылдан бастап күшіне енген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 68-тармағына сәйкес қаржылық тұрақтылық көрсеткішін ұлғайтатын түзетулер, тіпті егер олар қателерге немесе нақтылауға негізделген болса да қабылданбайды. Бұл мынаны білдіреді:- есептілікті кеш тапсыру және салықты өткен күнмен төлеу қаржылық тұрақтылыққа әсер етпейді;- көрсеткішті арттыруға бағытталған түзетулер ескерілмейді;- барлық төлемдер тиісті есепті жылы жүзеге асырылуы тиіс. Әлеуетті өнім берушілерге арналған ұсынымдар:Салық есептілігін уақытылы тапсырып, салықтарды дер кезінде төлеңіз;Мемлекеттік сатып алу веб-порталындағы жаңартуларды бақылап отырыңыз;Қаржылық тұрақтылықты есептеуге әсер ететін барлық деректердің өзекті әрі дұрыс екеніне көз жеткізіңіз.Осы шаралар Сіздің мемлекеттік сатып алуға қатысуға дайын болуыңызды қамтамасыз етеді және тапсырыс берушілер тарапынан сенімділікті арттырады.Қаржылық тұрақтылық туралы барлық мәлімет ашық түрде және барлық қатысушылар үшін бірдей қалыптастырылады. Бұл адал бәсекелестікті қамтамасыз етеді және салық төлеушілерді өз міндеттемелерін уақытылы орындауға ынталандырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1007329?lang=kk
Ақмола кәсіпкерлері мемлекеттік қолдау шараларын белсенді пайдалануда 29.05.2025
Ақмола облысында кәсіпкерлікті қолдау және бизнес жүргізуге қолайлы жағдай жасау бағытында жүйелі жұмыс жүргізіліп келеді. Негізгі міндет — қаржыға қолжетімділікті арттырып, әкімшілік кедергілерді азайту және өндірісті ынталандыру.2025 жылы шағын және орта бизнесті тұрақты қолдау мақсатында облыстық бюджеттен «Даму» қоры арқылы несие мөлшерлемесін субсидиялауға 2 млрд теңге бөлінді. Оның 300 млн теңгесі — қосымша қаражат ретінде қарастырылған. Бұл кәсіпкерлерге несие алуды жеңілдетіп, қаржыландыру бағдарламаларына тұрақты қатысуға мүмкіндік берді.Аталған қолдау шараларының нәтижесінде бизнес өкілдері жалпы құны 2 трлн теңгеге жуық өнім өндіріп, 185 млрд теңге көлемінде салық төледі және 7 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашты.Льготалық несиелендірудің орны ерекше. «Кең Дала – 2» бағдарламасы аясында өңірдің аграршыларына 100 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Қаржыландыру 2024 жылдың желтоқсанында басталып, фермерлерге көктемгі егіс науқанына уақтылы дайындалуға жағдай жасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-ush/press/news/details/1007331?lang=kk
Ақтөбе облысында жоғары технологиялы цемент зауытының құрылысына капсула салу рәсімі өтті 29.05.2025
Тәулігіне 3,5 мың тонна цемент клинкерін өндіретін жоғары технологиялы желі 2027 жылы Ақтөбе облысының Байғанин ауданында іске қосылады. Жобаның стратегиялық инвесторы — Sinoma Cement Co. компаниясының озық технологиялары мен заманауи сапа стандарттарына негізделген бұл зауыт 1 200-ден астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.Зауытты 2027 жылдың екінші жартысында Sinoma Cement Co. мен қазақстандық Primus Capital инвестициялық холдингінің қолдауымен іске қосу жоспарлануда. Құны шамамен 200 миллион АҚШ долларын құрайтын жоба аясында 1260 жұмыс орны ашылмақ: оның 900-і – құрылыс кезеңінде, 250-і – бірінші кезеңде, ал 110-нан астамы – екінші кезеңде. Бұл — China National Building Material Group (CNBM) компаниясының базалық материалдар секторындағы активтерді басқаратын Sinoma Cement Co. халықаралық инвестициялық платформасының Орталық Азиядағы тұңғыш жобасы. Бүгінгі таңда, аталған компания портфелінде Африка мен Таяу Шығыс елдерінде жүзеге асырылып жатқан 20-дан астам ірі жоба бар.Зауытта көмірқышқыл газының шығарылуын азайтуға арналған озық технологиялар мен заманауи сапа стандарттары қолданылады. Бұл цемент өндірісінің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, дайын өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттырады.Бүгінгі таңда, жоба аясында жер қойнауын пайдалану үшін лицензия (бор, саз, мергель) алынып, шикізат қоры мен сапасын растау мақсатында China National Building Materials Resources and Environment Co., Ltd. (CNBR) зертханаларында геологиялық-барлау жұмыстары жүргізілді. Бұған қоса, жобаның бастапқы техникалық-экономикалық негіздемесі дайындалып, сәулеттік-жоспарлау тапсырмасы алынды және жобалық-сметалық құжаттар жасалып, инвестиция жөніндегі келісімге қол қойылды.Жаңа зауыт импортты алмастырып, Қазақстанның шетелден келетін цемент өнімдеріне тәуелділігін едәуір азайтады. Құрылыс қарқынының орташа өсімі 8,5% деңгейінде болса да, өңірде жылына 800 мың тонна цемент өндіретін бір ғана зауыт бар. Сондықтан, қазіргі сәтте, цементке деген қажеттілік Ресей, Иран және Қазақстанның басқа өңірлерінен келетін өнімдер есебінен өтелуде.Өндірістік зауыт пен шикізат карьерлерінен бөлек, теміржол желілерін қамтитын толық инфрақұрылымы бар жұмысшы қалашығын салу жоспарлануда.Анықтама:Sinoma Cement — акциялары биржада саудаланатын Tianshan Materials Co., Ltd және China National Materials Engineering Co., Ltd (SINOMA) компанияларының бірлескен кәсіпорны. Сондай-ақ, ол China National Building Material Group (CNBM) базалық материалдар секторындағы активтерді басқаруға арналған халықаралық инвестициялық платформа болып саналады.Tianshan Materials Co., Ltd — CNBM-нің негізгі құрылыс материалдары саласындағы басты кәсіпорны және қызмет көлемі мен толық өндірістік тізбегі бойынша әлемдегі ең ірі цемент компаниясы.SINOMA — цемент зауыттарын жобалау, цемент өнеркәсібі үшін жабдықтар өндіру және «дайын күйде» зауыттарды салу қызметтерін ұсынуда әлемдік көшбасшы. Компания құрамына Beijing Triumph International Engineering (BTIEC) және Tianjin Cement Industry Design & Research Institute (TCDRI) сияқты еншілес ұйымдар кіреді. Бұған дейін SINOMA Қазақстанда Шымкент цемент, Каспий цемент, Жамбыл цемент, Шиелі цемент және Стандарт цемент секілді бес цемент зауытын салған.Tianshan Materials пен SINOMA компанияларының бас құрылтайшысы — құрылыс материалдарын өндірумен айналысатын China National Building Material Group (CNBM) мемлекеттік конгломераты. Ол металл емес материалдар өндірісінде және жеке инвестиция саласында белсенді қызмет ететін компания ретінде, 14 жыл бойы Fortune Global 500 рейтингінде тұрақты орын алып, 2024 жылы 307-орынға ие болды. Оның жеті кәсіпорны (цемент, дайын бетон, гипсокартон, шыны талшық, жел турбиналарының қанаттары, цемент пен шыны саласындағы қызметтер) әлемдегі ең ірі өндіріс орындары қатарында. Ал, аса жіңішке электронды шыны, жоғары өнімді көміртек талшықтары, литий-ион аккумуляторларының сепараторлары мен жоғары вольтты электр оқшаулағыштары сияқты жаңа материалдар өндіретін бірнеше кәсіпорны Қытай өндіріс саласында көшбастап тұр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/invest/press/news/details/1007307?lang=kk