Әлем
Қазақстан Республикасының Елшісі IPRI конференциясына қатысты 29.05.2025
Исламабад, 2025 жылғы 27 мамыр – Исламабад саяси зерттеулер институты (IPRI) Оңтүстік және Орталық Азия үшін «Шығыс – Батыс» дәлізінің жүзеге асырылу мүмкіндігін бағалауға арналған кітаптың тұсаукесеріне арналған конференция ұйымдастырды. Аталған кітап IPRI мен RAND корпорациясы (АҚШ) арасындағы бірлескен ғылыми зерттеудің нәтижесі болып табылады.Конференцияның құрметті қонақтары ретінде Пәкістанның Жоспарлау, даму және арнайы бастамалар жөніндегі федералдық министрі Ахсан Икбал және Қазақстан Республикасының Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин шақырылды.Іс-шара барысында аймақтық инфрақұрылым, өзара байланыстылық, сондай-ақ сауда-экономикалық салада өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған көлік-логистикалық дәліздерді дамыту мәселелері талқыланды.Өз сөзінде Елші Е. Қыстафин бұл бағытта Қазақстанда жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндап, еліміздің көлік-логистикалық бағыттарды дамытуға басымдық беріп отырғанын атап өтті. Бұл бағыттар Қазақстанды әлемдегі теңізге шыға алмайтын ең ірі елден өңір елдерін, соның ішінде Пәкістан арқылы да байланыстыратын маңызды транзиттік хабқа айналдыруды көздейді.Елші Исламабадта өткен Қазақстан-Пәкістан үкіметаралық бірлескен комиссиясының 13-отырысының қорытындылары туралы мәлімет берді. Сонымен қатар, Қазақстан, Түрікменстан, Ауғанстан және Пәкістан арқылы өтетін Транс-Ауған теміржолын салу жөніндегі бастама туралы айтты. Бұл бастама Пәкістанның теңіз порттарына шығуды қамтамасыз етіп, Парсы шығанағы, Африка және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен ынтымақтастықты дамытуға жол ашады.Сондай-ақ, Қазақстан мен Пәкістан арасындағы көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтудің маңыздылығын атап өтті. Бұл Оңтүстік және Орталық Азия арасындағы өңірлік сауданы жандандыруға және құрлықтар арасындағы байланысты нығайтуға, екіжақты серіктестікті жаңа сапалы деңгейге шығаруға септігін тигізеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1007040?lang=kk
Алматы облысы Қытаймен әріптестікті нығайтуда 29.05.2025
Алматы облысы Қытай Халық Республикасымен стратегиялық әріптестікті нығайтып келеді. 2025 жылғы 21–26 мамыр аралығында облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің басшылығымен өңір делегациясы Пекин, Шанхай, Ханчжоу және Цзинань қалаларында болды. Сапар бағдарламасына халықаралық көрмеге қатысу, бизнес-форум өткізу, мәдени шаралар ұйымдастыру және Қытайдың мемлекеттік органдары мен іскер топтарының өкілдерімен екіжақты кездесулер кіреді.Пекинде өткен халықаралық көрмеде Алматы облысының 12 компаниясы 150-ден астам өнім түрін – азық-түліктен бастап биологиялық белсенді қоспалар мен сусындарға дейін – ұсынды. Қазақстандық өнімдер жоғары сапасы мен табиғи құрамының арқасында қытайлық дистрибьюторлардың қызығушылығын тудырды. Бұл көрме өңір брендтерін Қытай нарығына шығару мен тікелей экспорттық байланыстар орнатудың тиімді алаңына айналды.Пекинде Қазақстанның Халық әртісі, көрнекті композитор Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған халықаралық мәдени кеш өтті. Шарада «Сазген», «Құлансаз» халық музыка ансамбльдері, Алматы облысының танымал орындаушылары мен шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті. Композитордың шығармашылығы әлем сахнасында қазақстандық мәдениеттің бай мұрасы ретінде таныстырылды.Сапар аясында инвестициялық және өндірістік ынтымақтастықты нығайтуға ерекше көңіл бөлінді. Облыс әкімі қытайлық бизнес пен мемлекеттік құрылымдар өкілдерімен бірқатар келіссөздер жүргізді. Атап айтқанда, Пекин қалалық ХҚКК төрағасының орынбасары Ван Хонгпен кездесіп, ауыл шаруашылығы, логистика, жасыл энергетика және жоғары технологиялар салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыру перспективалары талқыланды. «Бір белдеу — бір жол» бастамасы аясында Алматы облысының транзиттік және өндірістік торап ретіндегі рөліне ерекше назар аударылды.2025 жылғы 22 мамырда облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев Шанхай қаласының мэрі Гун Чжэнмен ресми кездесу өткізді. Келіссөздер барысында Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 33 жыл толуына орай екіжақты ынтымақтастықты тереңдету мәселелері талқыланды. Әкім Алматы облысының қазақ-қытай серіктестігін дамытудағы стратегиялық рөлін атап өтіп, Шанхаймен тұрақты даму мен цифрлық трансформация үлгісі ретінде ынтымақтастық орнатуға мүдделі екенін жеткізді.Маңызды кездесулердің бірі – логистикалық алпауыт YTO Express компаниясының басшылығымен өткен келіссөздер болды. Кездесу барысында облыс аумағы арқылы өтетін көлік бағыттарын дамыту мәселелері қаралды. Сонымен қатар делегация күн энергетикасы саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі – Astronergy компаниясының өндірістік қуаттарымен танысып, Қазақстанда өндірісті локализациялау және жаңартылатын энергия көздері бойынша бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндігін талқылады.Келіссөздер нәтижесінде Zhuhai Shixi Technology, Wanjia Hotel Group, AT Partner, Jinxiang Investment Group және басқа да қытайлық компаниялармен меморандумдарға қол қойылды.Келісілген жобалар қатарында — Көлсай көлінде аспалы жол салу, сондай-ақ туризм, тамақ өнеркәсібі, жаңартылатын энергия көздері мен ақпараттық технологиялар салаларындағы бірлескен бастамалар бар.2025 жылғы 23 мамырда Цзинань қаласында өткен ірі бизнес-форумға 300-ден астам қатысушы мен 124 компания жиналды. Форумда экспорт-импорт қатынастары, технологияларды дамыту, құрылыс материалдарын өндіру, көлік инфрақұрылымы және энергетика мәселелері талқыланды. Іс-шараға жылдық айналымы 1 миллиард юаньнан асатын оннан астам корпорация қатысты. Форум Қазақстан мен Қытай кәсіпкерлері арасындағы іскерлік байланысты кеңейтуге маңызды алаң болды.Сапардың қорытындысында делегация Шаньдун провинциясының губернаторы Чжоу Найсянмен кездесті. Кездесуде екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мәселелері қозғалды. Қазіргі таңда Алматы облысында қытайлық капиталдың қатысуымен 143 кәсіпорын жұмыс істейді. Қытаймен тауар айналымы 2023 жылы 1,082 млрд долларды, 2024 жылы 1,023 млрд долларды құрады. Шаньдун провинциясы сауда, инвестиция және мәдениет салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыруда өңірдің басты серіктестерінің бірі ретінде қарастырылады.Сапар қорытындысы бойынша Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қытаймен өзара іс-қимыл жаңа деңгейге көтерілгенін атап өтті:«Алматы облысы жасыл энергетика мен туризмнен бастап логистика және агроөнеркәсіп кешеніне дейінгі барлық негізгі бағыттар бойынша ынтымақтастықты тереңдетуге дайын. Қол қойылған келісімдер мен жасалған уағдаластықтар қытайлық әріптестер тарапынан жоғары сенім деңгейін көрсетеді. Біз бірлескен жұмысқа ашықпыз және нақты нәтижеге бағытталғанбыз».Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1007063?lang=kk
Аудан әкімі Қалжан ахун және Сәкен Сейфуллин ауылдарының тұрғындарымен кездесті 29.05.2025
Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың есепті кездесулер аясында Қалжан Ахун және Сәкен Сейфуллин ауылдарының тұрғындарымен кездесті. Кездесулерге облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергенов, аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Марат Еспенбетов, аудандық мәслихат депутаттары, дербес бөлім және мекеме басшылары қатысты.Аудан басшысы кездесу барысында облыс көлемінде жүзеге асып жатқан жобалар мен ауданның әлеуметтік-экономикалық жетістіктерін атап көрсетті.– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тікелей қолдауымен аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуында оң тенденция қалыптасты. Өңіріміз барлық негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша республикада алғашқы орындарда. Облыс бюджеті 750 млрд теңгеден асты. Биыл облыс аумағындағы барлық елді мекендер орталықтандырылған ауыз сумен 100 пайыз қамтамасыз етіледі. Тұрғындарды электр энергиясымен қамту бағытында құны 11 млрд. теңгеге 38 жоба жүзеге асырылуда. Қызылорда қаласында 215 млрд. теңгеге қуаттылығы 240 мегаватты құрайтын жаңа жылу электр орталығы қыркүйек айында пайдалануға беріледі. Президентіміздің Катар еліндегі іс-сапарда үкіметаралық келісім шеңберінде қуаттылығы 1100 МВт, құны 800 млрд теңге болатын бу-газ қондырғысын салу келісілді. Жаңа бу газ қондырғылары Сырдария ауданының аумағында салынатын болады. «ҚазМұнайГаз» компаниясының демеушілігімен Қызылорда қаласында заманауи үлгідегі 350 орындық Оқушылар сарайы пайдалануға берілді. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 28 нысан салынып, тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсетуде, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.Бүгінде аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың қолдауымен ауданда ауқымды жобалар жүзеге асырылып жатыр. Аудан орталығында құны 1,5 млрд. теңге болатын «Руханият» орталығының құрылысы аяқталып, ел игілігіне пайдалануға берілді. Аудан халқы 100 пайызы таза ауыз сумен қамтылған. Соңғы 3 жылда 670 млн. теңгеге Тереңөзек кенті, Шаған, Қоғалыкөл, Аманкелді елді мекендерінде ауыз су желілері жаңартылды. Өткен жылы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы аясында құны 241,1 млн. теңгеге Тереңөзек кенті және Аманкелді елді мекеніндегі медициналық нысандар күрделі жөндеуден өтті. «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 475 млн. теңгеге Қалжан ахун елді мекенінде ескірген электр желілері қайта жаңғыртудан өтуде.Есепті кездесулерде тұрғындар елді мекеннің өзекті мәселелерін жеткізіп, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Аудан әкімі барлық мәселе назарда болатынын айтып, тиісті сала басшыларына тапсырмалар жүктеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1007072?lang=kk
ШЫМКЕНТТЕН МЮНХЕНГЕ АЛҒАШҚЫ ТІКЕЛЕЙ РЕЙС СӘТТІ ОРЫНДАЛДЫ 29.05.2025
SCAT әуе компаниясы Шымкент пен Мюнхен қалалары арасында тікелей рейстерді бастады. Рейстер апта сайын сейсенбі және бейсенбі күндері орындалады. Ұшақтар Boeing 737 үлгісіндегі әуе кемесімен жүзеге асырылады және шамамен алты сағатқа созылады.Шымкент қаласының туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-turizm/press/news/details/1007073?lang=kk
5,6 мың тонна ақмолалық астық Италияға экспортталды 29.05.2025
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу мәселелерін шешу мақсатында Ақмола облысының әкімдігі өз құзыреті аясында астықты жақын және алыс шетелге экспорттауға қолдау көрсету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде. Биылғы жылы ақпанда облыс әкімінің Эстония Республикасына жасаған жұмыс сапары аясында Ақмола облысы мен «Muuga Grain Terminal» астық терминалы арасында екіжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл құжат өзара іс-қимылдың жаңа мүмкіндіктерін ашып, өңір диқандары үшін Еуропа елдеріне астық экспорттауға жол ашты. Ағымдағы жылы екі кәсіпорын жалпы көлемі 5,6 мың тонна астықты Италияға экспорттады. Оның ішінде «Содружество Трейд Восток» ЖШС Эстония аумағы арқылы 1,6 мың тонна өнім жөнелткен. Астық және өзге де ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау бағытында экспорттаушылармен бірлескен жұмыс қарқынды жалғасуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-ush/press/news/details/1007116?lang=kk
Қонаев қаласында Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті 29.05.2025
Қаладағы Б. Соқпақбаев атындағы саябақта өткен мерекелік іс-шараға мәдениет және өнер саласының өкілдері, шығармашылық зиялы қауым, сондай-ақ облыс орталығының тұрғындары мен қонақтары қатысты.Жиынға қатысушыларға құттықтау сөзін Алматы облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Данияр Әлиев арнады. Ол өз сөзінде мәдениеттің қоғам дамуына қосар үлесі зор екенін атап өтіп, әрбір мәдени көрініс — халықтың тарихы, тілі мен рухани мұрасының айнасы екенін жеткізді. Сондай-ақ, ол мәдениет саласы қызметкерлеріне өңірдің мәдени құндылықтарын сақтап, дамыту жолындағы жанқиярлық еңбектері үшін алғысын білдірді.Бүгінде Алматы облысында 293 мәдениет мекемесі жұмыс істейді, онда екі мыңнан астам маман қызмет етеді. 2025 жылы өңірде 2154 мәдени іс-шара ұйымдастырылып, жастардың қатысу деңгейі 77 пайызды құрады.Салтанатты бөлім барысында мәдениет саласындағы үздік қызметкерлерге мемлекеттік және салалық марапаттар табыс етілді. Оларға алғыс хаттар, құрмет грамоталары, «Мәдениет саласының үздігі», «Мәдениет саласының кәсіподақ үздігі» төсбелгілері, сондай-ақ «Еңбек ардагері» және «Еңбек даңқы» медальдары тапсырылды.Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған республикалық шаралар аясында мемлекеттік деңгейде де ерекше марапаттар табысталды. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында Алматы облысының өкілдері жоғары мемлекеттік наградаларға ие болды. Жамбыл Жабаев атындағы әдеби-мемориалдық музейдің директоры Салтанат Жамбылова — «Парасат» орденімен, ал «Алтынай» мемлекеттік халық би ансамблінің негізін қалаушы, мәдениет саласының ардагері Газиза Әбдиева — «Құрмет» орденімен марапатталды.Кәсіби байқау қорытындысы бойынша өңірдегі үздік мәдениет мекемелері анықталды. Жеңімпаздар қатарында:«Үздік кітапхана» номинациясы — Талғар аудандық кітапханасы;«Үздік музей» — Қарасай ауданындағы «Атамекен» тарихи-мәдени орталығы;«Үздік театр ұжымы» — «Қарадала» театры;«Үздік мәдениет үйі» — Еңбекшіқазақ аудандық Мәдениет үйі.Әрбір жеңімпаз мекемеге 500 мың теңге көлемінде ақшалай сертификат табыс етілді.Жеке номинациялар бойынша да сала мамандары марапатталды. «Үздік мәдениет үйі қызметкері» аталымында Қонаев қалалық Мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі – Айнұр Бекбосынова үздік деп танылды. Ол өз сұхбатында ата-анасының мәдениетке арнаған өмір жолын жалғастырып келе жатқанын айтып, әріптестеріне алғыс білдіріп, барша әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтады.Салтанатты жиынның шарықтау шегі — жаңа JAC S3 Pro автокөлігінің кілтін табыстау болды. Бұл марапат облыстағы ең үздік мәдениет мекемесі ретінде танылған «Үшқоңыр» фольклорлық-этнографиялық ансамбліне берілді. Қарасай аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Гүлжан Дүйсенова бұл марапат ұжымның 2015 жылдан бері елімізде ғана емес, шетелде де өңір өнерін танытып келе жатқан он жылдық еңбегінің жемісі екенін атап өтті. Жақында ансамбль Қытайда болып, көрнекті композитор Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған концертке қатысып қайтқан.Іс-шара қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен жарқын концерттік бағдарламамен аяқталды. Көрермендерге ұсынылған жанды орындаулар, халық және заманауи әндер шынайы мерекелік көңіл-күй сыйлап, шараның көркем қорытындысы болды.Мәдениет және өнер қызметкерлері күні — ұлттық мұраны ұрпаққа жеткізетін, қоғамға рухани азық беретін сала мамандарының еңбегі әрдайым жоғары бағалануға лайық екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1007123?lang=kk
Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған мәдениет қызметкерлері форумы 29.05.2025
2025 жылдың 20-21 мамыр күндері Астана қаласында Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған мәдениет қызметкерлері форумының аясында Dicolor, Robe, DiGiGo, L-Acoustics, ETC, Panasonic IMLIGH сынды жарық, дыбыс және басқа да техникалық құрал-жабдықтарды өндіретін ірі халықаралық компаниялардың шеберлік сабақтары мен семинар-тренингтері өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Мәдениет нысандары инженерлерінің қауымдастығы ұйымдастырды.«Мәдениет қызметкерлері форумы – 2025» аясында өткен «Театр өнері және концерттік қызмет» секциясына қатысқаны үшін «Көкшетау» мәдениет сарайының директоры, «Мәдениет саласының үздігі» Курманова Алия Нурсултановнаға; дыбыс режиссері, «Мәдениет саласының үздігі» Баженов Андрей Львовичке; жарық аппаратурасының техник-операторы Уразалин Серик Ерназаровичке; балалармен жұмыс жөніндегі әдіскер – Шипилова Александра Валерьевнаға сертификаттар табысталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-madeniet/press/news/details/1007142?lang=kk
eGov Mobile мобильді қосымшасында тұрғын үй кезегіне қою бойынша сұрақтарға жауаптар қолжетімді болды 29.05.2025
Бұл жаңарту 2025 жылғы 24 мамырдан бастап өтінімдер қабылданатын Отбасы банкінің жаңа интернет-порталы – orken.otbasybank.kz сайтының іске қосылуына орай енгізілді. Енді өтінім беру процесі толықтай онлайн режимде жүзеге асады – өтінім беру үшін ЭЦҚ арқылы авторизациядан өту қажет.«Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» ақпараттық жүйесі – Отбасы банкінің бірыңғай цифрлық платформасы ретінде жұмыс істейді және 14 мемлекеттік дерекқорға қосылған. Жүйе азаматтың тұрғын үйінің бар-жоғы, табысы, отбасы құрамы және мұқтаждық мәртебесі туралы деректерді автоматты түрде тексереді. Адам факторын болдырмай, есеп жүргізу толығымен автоматтандырылған.Өтінімді қарау нәтижесінде азаматқа шешім туралы SMS-хабарлама 1414 қысқа нөмірінен келеді – өтінімнің мақұлданғаны немесе бас тартылғаны көрсетіледі.Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін eGov Mobile қосымшасында осы бағдарлама шарттарымен алдын ала танысуға көмектесетін анықтамалық ақпарат орналастырылған. Аталған бөлімді қосымшаның басты бетіндегі «Танымал қызметтер» бөлімінен табуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1020151?lang=kk
Қазақстан мен Италия өндірістік кооперация мен логистикалық әріптестікті нығайтуда 29.05.2025
Астана халықаралық форумы қарсаңында Астана қаласында Қазақстан-Италия бизнес-форумы өтті. Іс-шараны Италия-Қазақстан сауда қауымдастығы (ACIK) екі елдің мемлекеттік органдарының қолдауымен ұйымдастырды. Форумның басты тақырыптары өндірістік кооперацияны дамыту, логистикалық тізбектерді цифрландыру және экспорттық мүмкіндіктерді кеңейту болды.Форумға Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов, Сауда және интеграция министрі Арман Шакқалиев, сондай-ақ салалық министрліктердің, ұлттық компаниялардың және бизнес өкілдері қатысты. Италия тарапынан MAIRE, ENI, Tenaris, Leonardo, Danieli, Bonifiche Ferraresi, Confindustria, Confapi және басқа да жетекші компаниялар мен қауымдастықтардың басшылары қатысты.Форум аясында «Қазақстанның жеткізу тізбегі және "Made with Italy" мүмкіндіктері» атты панельдік сессия өтті. Сессия барысында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы Габидулла Оспанқұлов сөз сөйледі. Өз сөзінде ол Италия Қазақстанның үшінші маңызды сауда әріптесі екенін атап өтті, сондай-ақ 2024 жылы екіжақты тауар айналымы 24%-ға артқанын мәлімдеді. Сонымен қатар, оның айтуынша, сауда құрылымы әлі де тар ауқымды және оны әртараптандыру қажет.Г. Оспанқұлов серіктестікті тереңдетуге мүмкіндік бар негізгі салаларға жеке тоқталып өтті. Олардың қатарында көлік және логистика, энергетика, агробизнес пен цифрлық трансформация бар. Ол Қазақстан 2029 жылға дейін 80 млрд АҚШ долларын тарту арқылы 200-ден астам инфрақұрылымдық жобаны іске асыруды көздеп отырғанын және халықаралық дәліздерді, соның ішінде Орта және Солтүстік-Оңтүстік бағыттарын белсенді дамытып жатқанын атап өтті. Триест және Генуя порттарымен ынтымақтастыққа ерекше қызығушылық білдірілді. Сонымен қатар, ол жасыл энергетика мен жасанды интеллект салаларындағы әлеуетке назар аударып, Қазақстан бірлескен жоғары технологиялық бастамаларды іске қосуға дайын екенін айтты.«Жеткізу тізбектерін дамыту – бұл біз үшін өнеркәсіп, энергетика, АӨК және цифрлық технологияларды қамтитын стратегиялық үдеріс. Италиялық компаниялармен бірлескен жобалар терең локализация мен еуропалық нарықтарға шығудың қозғаушы күшіне айнала алады», – деп атап өтті ол.Сондай-ақ «Бизнес-кейстер мен үздік тәжірибелер» атты панельдік сессия өтті. Ол қазақстандық және италиялық компаниялар арасындағы табысты өзара іс-қимыл тәжірибесіне арналды. Талқылау барысында «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Азамат Қожанов ұлттық компания италиялық инвесторларға алаңдарды іріктеуден бастап жобаларды барлық кезеңде сүйемелдеуге дейін жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін растады. Ол бизнестің қызығушылығы тұрақты түрде жоғары екенін атап өтіп, бастамаларды талқылаудан олардың нақты іске асуына көшу маңызды екенін ерекше айтты.Форум былтыр қазан айында Миланда өткен екіжақты бизнес-форумда басталған диалогтың жалғасы болып, сонымен қатар Италияда өтетін келесі кездесу дайындығының бастапқы кезеңі ретінде қызмет етті. Іс-шара аясында B2B және B2G форматтарында кездесулер өтіп, практикалық ынтымақтастықты кеңейтуге арналған нақты жобалар мен мүмкіндіктер талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/invest/press/news/details/1006887?lang=kk
Көкшетау қаласында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов пен Қазақстан Республикасындағы Ұлыбританияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Кэти Лич ханым арасында кездесу өтті. 29.05.2025
Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың келешегін, атап айтқанда, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы серіктестікті талқылады. Әсіресе, өңірде ауыл шаруашылығы техникасын өндіруді жергіліктендіру мәселесіне баса назар аударылды.Марат Ахметжанов Ақмола облысының еліміздегі жетекші аграрлық өңірлердің бірі екенін атап өтті. Өңір азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісінде маңызды рөл атқарады.Айта кетейік, өңір жоғары сапалы бидай өндірумен ерекшеленеді, республикалық астық көлемінің 25 пайызға жуығы осы облыстың үлесіне тиесілі. Бүгінде аграрлық секторды жаңғырту, егіс алқаптарын ұлғайту және өнімділікті арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Бұл өз кезегінде экспорттық әлеуеттің нығаюына ықпал етеді.Өз кезегінде Кэти Лич ханым да ынтымақтастыққа ниетті екенін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-ush/press/news/details/1006921?lang=kk
Биыл Ақмола облысында ауыл шаруашылық дақылдарының егістік көлемі 5,5 млн гектарды құрайды 29.05.2025
Биыл Ақмола облысында ауыл шаруашылық дақылдарының егістік көлемі 5,5 млн гектарды құрайды. Бұл туралы Үкімет отырысында облыс әкімі Марат Ахметжанов мәлімдеді.⏩ Аймақ басшысы бұл өткен жылмен салыстырғанда 52 мың гектарға артық екенін атап өтті. Мұндай өсім – диқандардың жоспарлы жұмысының нәтижесі және ауыл шаруашылығы саласындағы тұрақты қарқынның дәлелі.✔️ Әртараптандыру аясында майлы дақылдар 430 мың гектарға дейін ұлғайтылды. Бүгінде, егіс жұмыстары 433 мың гектардан астам алқапта жүргізілді.«Егін егу науқанын жүргізу үшін, дайындық іс-шараларының барлық жұмыстары орындалды. Қысқы кезеңде, ылғал жинау мақсатында, 1,1 млн гектар алқапта қар тоқтату жүргізілді. 3 млн гектардан аса ылғал жабу жүргізілді. Егін егу алдында 2 млн гектардан аса топырақ өңделді, бұл өткен жылғыдан 3 есе көп»,— деп атап өтті Марат Ахметжанов.🔘 Әкім сондай-ақ тұқымның қажетті көлемі дайындалғанын хабарлады. Биыл ауамен жылытуға екі есе көп тұқым шығарылды. 2023 жылмен салыстырғанда минералды қоспаларды енгізу 3 есеге артатын болады.Мұның бәрі Үкіметтің уақытында қолдауының арқасында мүмкін болды. Облыста ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту белсенді жүргізілуде. Жыл басынан бері 10 млрд теңгеден астам сомаға 364 техника сатып алынды. Жалпы, егіс жұмыстарына 37 мың ауыл шаруашылық техникасы тартылатын болады.Көктемгі дала жұмыстарына жеңілдікті дизель отынының жеткілікті көлемі бөлінді, жөнелту белгіленген кесте бойынша жүргізілуде.✔️ Үкіметтің қолдауының арқасында көктемгі егіс жұмыстарын ерте қаржыландыру жүргізілді. Жеңілдетілген кредиттерге өтінімдер пулы 108 млрд теңгеден астам соманы құрады.100 млрд теңгеден астам сомаға 664 диқан несие алды. Несие қаражатын беру жалғасуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-ush/press/news/details/1006928?lang=kk
Биыл Ақмола облысындағы егістік алқаптарының жалпы ауданы 5.5 млн гектарды құрап, өткен жылғыдан 52 мың гектарға артты. 29.05.2025
Өңірде ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту шаралары қарқын алды. Жыл басынан бері шаруалар 10 млрд теңгеге 364 бірлік техника сатып алды. Көктемгі дала жұмыстарына 37 мың бірлік ауыл шаруашылығы техникасы жұмылдырылды.Ақмола облысы көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыруда ел бойынша алдынғы қатарда. «Кең дала» және «Кең дала-2» бағдарламалары бойынша 108 млрд теңге көлемінде жеңілдетілген несие өтінімдері қалыптасты. Қазіргі уақытта 664 шаруа 100 млрд теңгеден артық несие алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-ush/press/news/details/1006948?lang=kk
Самар ауданының жастарымен Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің басталуы туралы кездесу өтті 29.05.2025
Бүгін Самар ауданының жастарымен Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің басталуы туралы кездесу өтті. Жиынға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Ержан Айқымбеков пен Самар ауданы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкілі Рауан Жампеисов қатысты. Биыл аталған жобаның төртінші кезеңі өтеді. Қатысуға өтінімдер 1-30 маусым аралығында қабылданады. Ержан Айқымбеков іріктеу жүйесінің ерекшеліктері мен қойлылатын талаптарды түсіндірді. Ол мемлекеттік аппаратқа білімді, еңбекқор, елге адал қызмет етуді мақсат еткен жастар қажет екенін атап өтті. Президенттік жастар кадр резерві – осындай азаматтарды анықтап, оларды кәсіби мемлекеттік қызметшілердің жаңа буыны ретінде қалыптастырудың тиімді құралы.Кездесу соңында жастар өз сұрақтарын қойып, маңызды ақпарат алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1006962?lang=kk
Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні жүзеге асыру мәселелері Қазақстан СІМ-де талқыланды 29.05.2025
Астана, 2025 жылғы 26 мамыр – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде «Адами өлшем бойынша диалогтық алаң» консультативтік-кеңесші органның (бұдан әрі – «АӨБДА» ККО) кіші тобының кезекті отырысы өтті.Іс-шара Қазақстан Республикасының БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитеті шеңберіндегі үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) балама баяндамаларын, атап айтқанда, әскери қызмет, сайлау туралы, азаптауға қарсы іс-қимыл, терроризм, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық, сотталғандардың құқықтары, сот талқылауы, қозғалу еркіндігі, дискриминациясыздық, дін бостандығы, құқық қорғаушылардың қауіпсіздігі және басқа да мәселелерді талқылауға арналды.«АӨБДА» ККО отырысында ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Алуа Надиркулова мен ҚР Әділет министрлігінің Халықаралық құқық департаменті директорының орынбасары Ляззат Утешева тең төрағалық етті.Отырыс барысында А.Надиркулова ү.ж. 24-25 маусым аралығында Женевада БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитетінде Қазақстан Республикасының Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакті (бұдан әрі – Пакт) бойынша Ұлттық баяндамасын қорғау рәсімі өткізілетінін хабарлады.Л.Утешева өз сөзінде Қазақстанның қоғамдағы өзекті мәселелер бойынша ашық диалогқа әрдайым дайын екенін және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе жұмыс атқаратынын атап өтті.Сонымен қатар ол адам құқықтары саласындағы БҰҰ шарттық органдарының сұраулары мен ұсынымдарын қарастыру бойынша, Министрлік шеңберінде құрылған ведомствоаралық жұмыс тобының (ВЖТ) жұмысы туралы мәлімдеді. Бүгінгі күнге дейін ВЖТ 24 отырыс өткізіп, олардың барысында 50-ден астам сұрау мен ұсыным қарастырылған. Қазақстан БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі 6 комитетінің құзыретін таныды. Жалпы, ВЖТ отырыстарында азаптау, сөз бостандығы, бейбіт жиналыстар, әділ сот талқылауы, мүгедектігі бар адамдардың құқықтары, балалардың құқықтары, әйелдерге қатысты кемсітушілік және басқа да мәселелер бойынша жеке хабарламалар мен ұсынымдар қарастырылады.Күн тәртібінің екінші мәселесі аясында Қазақстандағы адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық бюросының бас сарапшы-кеңесшісі Евгений Жовтис сөз сөйледі. Ол Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 7-бабына сәйкес азаптауға қарсы іс-әрекеттердің алдын алу және тергеу тетіктерін жетілдіруге бағытталған ұсыныстарын ұсынды. Атап айтқанда, тергеулердің тәуелсіздігін күшейту, құқықтық тұжырымдамаларды нақтылау, қызметкерлердің біліктілігін арттыру мақсатында Ыстанбұл хаттамасы негізінде тұрақты тренингтер өткізу, сондай-ақ Ұлттық алдын алу тетігінің тиімді жұмысын қамтамасыз ету мәселелерін қозғады.Жалпы, күн тәртібіндегі мәселелер ашық және сындарлы форматта талқыланды. Мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ өкілдері адам құқықтарын қорғау тетіктерін одан әрі жетілдіру бойынша пікір алмасуға мүмкіндік алды.Ағымдағы жылдың 4 маусымында №1, 2, 3 және 7-балама баяндамаларды талқылау жоспарлануда.«АӨБДА» ККО 2013 жылы ҚР Сыртқы істер министрлігінің бастамасымен құрылған. Бұл алаң Үкімет пен азаматтық сектор арасындағы диалогты дамытуға арналған тиімді құрал ретінде қызмет атқаруда. Мұнда адам құқықтарын қорғау саласындағы өзекті мәселелер халықаралық ұйымдардың (БҰҰДБ, БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасы, ЕҚЫҰ және т.б.) байқаушылар ретінде қатысуымен талқыланады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hague/press/news/details/1006676?lang=kk
Қазақстан Елшісі Польша Президентіне сенім грамоталарын тапсырды 29.05.2025
Варшава, 2025 жылғы 28 мамыр – Варшаваның Белведер сарайында Қазақстанның Польшадағы Елшісі Нұрлан Жалғасбаев Польша Президенті Анджей Дудаға сенім грамоталарын тапсырды.Салтанатты рәсімнен кейін Польша мемлекетінің басшысымен сұхбат барысында қазақ дипломаты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебізін жеткізіп, Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатының негізгі басымдықтары, елде жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер туралы хабардар етті.Қазақстан мен Польша арасындағы қатынастардың жағдайын талқылай отыра тараптар саяси диалогтың жоғары деңгейін ерекше атап өтіп, екі елдің экономикасы мен мәдени-гуманитарлық байланыстарының қарқынды дамуына өзара берік көзқарас білдірді.Польша президентінің пікірінше, Қазақстан Польшаның Орталық Азиядағы негізгі серіктестерінің бірі.Кездесу қорытындысында А. Дуда Қазақстан халқына және еліміздің басшылығына ізгі тілектерін жеткізіп, қазақ дипломатын ресми қызметке кірісуімен құттықтады және барлық салаларда қазақ-поляк қатынастарының одан әрі нығаюына табыс тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1006677?lang=kk
Қазақстан мен Сан-Марино екіжақты ынтымақтастықты нығайтуда 29.05.2025
Астана, 2025 жылғы 28 мамыр – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Сан-Мариноның Қазақстандағы Елшісі (қоса атқарушы) Джон Маццамен кездесу өткізді.Кездесу барысында тараптар екіжақты өзара іс-қимылдың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады. Географиялық қашықтыққа қарамастан, Қазақстан мен Сан-Марино халықаралық ұйымдар аясындағы өзара қолдауға негізделген конструктивті және достық қатынастарды сақтап отырғаны аталып өтті.Дипломаттар саяси диалогты дамыту мен экономикалық саладағы, әсіресе туризм бағытындағы ынтымақтастықты кеңейтудің маңыздылығын атап өтті. Осы тұрғыда 2025 жылғы 5 қаңтарда күшіне енген Визалық талаптарды өзара жою туралы келісімді жүзеге асырудың өзара байланыстарды және мәдени-гуманитарлық алмасуларды жандандырудағы рөліне ерекше назар аударылды.Күн тәртібіндегі жекелеген мәселе ретінде халықаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастық қарастырылды. Сан-Марино тарапына Қазақстанның бастамаларын, атап айтқанда, 2025 жылғы 4 наурызда БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарымен құрылған Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары бойынша БҰҰ Өңірлік орталығын құру жөніндегі бастамасын қолдағаны үшін алғыс айтылды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты байланыстарды одан әрі нығайтуға және конструктивті диалогты жалғастыруға өзара мүдделілігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1006683?lang=kk
Жылқы өсіру дәстүрлері серіктестіктің негізі: Hästens және Қазақстан диалог орнатуда 29.05.2025
Чёпинг, 2025 жыл 28 мамыр – Қазақстан Республикасының Швециядағы Елшісі Олжас Сүлейменов премиум төсек өндірісіне маманданған әлемге әйгілі швед бренді Hästens компаниясының штаб-пәтерімен өндірістік қуаттарына іс-сапар жасады.Компания басшылығымен әңгімелесу барысында өнімнің жекелеген компоненттерін, атап айтқанда Қазақстаннан табиғи жылқы шашын жеткізу әлеуетін, Астана мен Алматыда флагмандық бутиктердің ашылуын, сондай-ақ Қазақстанның Орталық Азиядағы Hästens үшін өңірлік хаб ретінде орналасу мүмкіндіктерін қоса алғанда, ынтымақтастық перспективалары талқыланды.ҚР Елшісі Қазақстан жылқы шаруашылығының бай дәстүріне ие бола отырып, Hästens үшін, әсіресе компанияның жылқы шашы, мақта, зығыр және жүнді қоса алғанда, табиғи материалдарды пайдаланатын өндіріске бірегей көзқарасын ескере отырып, қызықты нарық ұсынатынын атап өтті.Кездесудің соңына қарай, ҚР Елшісі Hästens басшылығын нарықты егжей-тегжейлі зерделеу, тиісті мемлекеттік органдар және әлеуетті серіктестермен кездесу ұйымдастыру мақсатында Қазақстанға іс-сапармен баруға шақырды.Анықтама: Hästens (швед тілінен аударғанда – «жылқы») – төсектер, матрастар және премиум ұйқы аксессуарларының әлемге әйгілі швед өндірушісі. 1852 жылы Чепинг қаласы, Швецияда құрылған отбасылық бизнес. Бүгінгі таңда Hästens өнімдері Еуропадағы, Солтүстік Америкадағы, Азиядағы және Таяу Шығыстағы флагмандық бутиктерді қоса алғанда, 45-тен астам елде ұсынылған. Швед Корольдік отбасысы, көптеген басқа монархтар мен мемлекет басшылары бірнеше жылдар бойы Hästens компаниясының клиенттері қатарына кірген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-stockholm/press/news/details/1006688?lang=kk
Бұқтырма су қоймасын санитарлық тазарту 29.05.2025
2025 жылғы 20–21 мамыр аралығында "Қараөткел" шаруа қожалығы Бұқтырма су қоймасында маңызды санитарлық тазарту кезеңін сәтті аяқтады!Чистояр шығанағынан Трушика шығанағына дейінгі (Үлкен Нарын ауданы, ШҚО) аумақта жұмыстар жүргізілді. Мелиорация барысында:✅ 19,5 км жағалау сызығы тазартылды,✅ 3 тонна қоқыс жиналып, шығарылды,✅ 9 тасталған ау табылып, жойылды.13 адамнан тұратын команда мен 4 техника бірлігі екі күн бойы су қоймасының тазалығын сақтау және су биоресурстары үшін қауіпсіз орта қалыптастыру мақсатында еңбек етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-katon-karagay-novohairuzovka/press/news/details/1006693?lang=kk
Қазақстан Елшісі Польша Президенті Анджей Дудаға сенім грамоталарын тапсырды 29.05.2025
Варшава, 2025 жылғы 28 мамыр – Қазақстан Елшісі Нұрлан Жалғасбаевтың Варшаваның Белведер сарайында Польша Президенті Анджей Дудаға сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті.Салтанатты рәсімнен кейін Польша мемлекетінің басшысымен әңгімелесу барысында қазақстандық дипломат еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау сөздерін жеткізіп, Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатының негізгі басымдықтары, елде жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер туралы хабардар етті.Қазақстан мен Польша арасындағы қатынастардың жағдайын талқылай отыра тараптар саяси диалогтың жоғары деңгейін ерекше атап өтіп, екі елдің экономикасы мен мәдени-гуманитарлық байланыстарының қарқынды дамуына өзара берік көзқарас білдірді.Польша президентінің пікірінше, Қазақстан Польшаның Орталық Азиядағы негізгі серіктестерінің бірі болып табылады.Кезедесу қорытындысында А. Дуда Қазақстан халқына және еліміздің басшылығына ізгі тілектерін жеткізіп, қазақстандық дипломатты ресми қызметке кірісуімен құттықтай отыра барлық салаларда қазақстан-поляк қатынастарының одан әрі нығаюына табыс тіледі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-warsaw/press/news/details/1006696?lang=kk
Мемлекеттік рәміздер – елдігіміздің белгісі! 29.05.2025
📍 Қостанай қаласында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік рәміздер және ведомстволық наградалар жөніндегі республикалық комиссия өкілдерінің қатысуымен семинар өтті. 🎯 Семинар мақсаты – мемлекеттік рәміздерді қолдану мен насихаттау бойынша мекемелер арасындағы өзара іс-қимылды күшейту және рәміздерге қатысты стандарттарды сақтау.👥 Іс-шараға орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың 50-ден астам өкілі қатысты.🔹 Спикерлер қатарында:– Жандарбек Мәлібекұлы – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының авторы, сәулетші, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры,, «Парасат» және «Барыс» ордендерінің иегеріИжанов Байқоныр Ижанұлы – «Қазақ ұлттық өнер университетінің «Сценография және сәндік өнер» кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты– Аргенова Гүлдана Мәлікқызы – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Геральдикалық жұмыс басқармасының басшысы– Шодорова Нүргүл Жағыпарқызы – ҚР Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қостанай облысы бойынша департамент басшысы– Тынымбаев Жандос Серікұлы – Мемлекеттік рәміздер стандарттарын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының мүшесі, Қостанай облысындағы мемлекеттік рәміздер өнімдерін өндіруші кәсіпорынның жетекшісі📌 Мемлекеттік рәміздер – әр азаматтың жүрегінде. Оларды қадірлеу – ортақ міндетіміз!#Қостанай #МемлекеттікРәміздер #РәмізҚадірі #ПатриоттықТәрбие #ҚазақстанАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-ishki-sayasat/press/news/details/1006702?lang=kk