Enbekshi QazaQ

Әлем

Биыл Ақмола облысындағы егістік алқаптарының жалпы ауданы 5.5 млн гектарды құрап, өткен жылғыдан 52 мың гектарға артты. 29.05.2025
Өңірде ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту шаралары қарқын алды. Жыл басынан бері шаруалар 10 млрд теңгеге 364 бірлік техника сатып алды. Көктемгі дала жұмыстарына 37 мың бірлік ауыл шаруашылығы техникасы жұмылдырылды.Ақмола облысы көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыруда ел бойынша алдынғы қатарда. «Кең дала» және «Кең дала-2» бағдарламалары бойынша 108 млрд теңге көлемінде жеңілдетілген несие өтінімдері қалыптасты. Қазіргі уақытта 664 шаруа 100 млрд теңгеден артық несие алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-ush/press/news/details/1006948?lang=kk
Самар ауданының жастарымен Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің басталуы туралы кездесу өтті 29.05.2025
Бүгін Самар ауданының жастарымен Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің басталуы туралы кездесу өтті. Жиынға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Ержан Айқымбеков пен Самар ауданы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкілі Рауан Жампеисов қатысты. Биыл аталған жобаның төртінші кезеңі өтеді. Қатысуға өтінімдер 1-30 маусым аралығында қабылданады. Ержан Айқымбеков іріктеу жүйесінің ерекшеліктері мен қойлылатын талаптарды түсіндірді. Ол мемлекеттік аппаратқа білімді, еңбекқор, елге адал қызмет етуді мақсат еткен жастар қажет екенін атап өтті. Президенттік жастар кадр резерві – осындай азаматтарды анықтап, оларды кәсіби мемлекеттік қызметшілердің жаңа буыны ретінде қалыптастырудың тиімді құралы.Кездесу соңында жастар өз сұрақтарын қойып, маңызды ақпарат алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1006962?lang=kk
Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні жүзеге асыру мәселелері Қазақстан СІМ-де талқыланды 29.05.2025
Астана, 2025 жылғы 26 мамыр – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде «Адами өлшем бойынша диалогтық алаң» консультативтік-кеңесші органның (бұдан әрі – «АӨБДА» ККО) кіші тобының кезекті отырысы өтті.Іс-шара Қазақстан Республикасының БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитеті шеңберіндегі үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) балама баяндамаларын, атап айтқанда, әскери қызмет, сайлау туралы, азаптауға қарсы іс-қимыл, терроризм, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық, сотталғандардың құқықтары, сот талқылауы, қозғалу еркіндігі, дискриминациясыздық, дін бостандығы, құқық қорғаушылардың қауіпсіздігі және басқа да мәселелерді талқылауға арналды.«АӨБДА» ККО отырысында ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Алуа Надиркулова мен ҚР Әділет министрлігінің Халықаралық құқық департаменті директорының орынбасары Ляззат Утешева тең төрағалық етті.Отырыс барысында А.Надиркулова ү.ж. 24-25 маусым аралығында Женевада БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитетінде Қазақстан Республикасының Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакті (бұдан әрі – Пакт) бойынша Ұлттық баяндамасын қорғау рәсімі өткізілетінін хабарлады.Л.Утешева өз сөзінде Қазақстанның қоғамдағы өзекті мәселелер бойынша ашық диалогқа әрдайым дайын екенін және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе жұмыс атқаратынын атап өтті.Сонымен қатар ол адам құқықтары саласындағы БҰҰ шарттық органдарының сұраулары мен ұсынымдарын қарастыру бойынша, Министрлік шеңберінде құрылған ведомствоаралық жұмыс тобының (ВЖТ) жұмысы туралы мәлімдеді. Бүгінгі күнге дейін ВЖТ 24 отырыс өткізіп, олардың барысында 50-ден астам сұрау мен ұсыным қарастырылған. Қазақстан БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі 6 комитетінің құзыретін таныды. Жалпы, ВЖТ отырыстарында азаптау, сөз бостандығы, бейбіт жиналыстар, әділ сот талқылауы, мүгедектігі бар адамдардың құқықтары, балалардың құқықтары, әйелдерге қатысты кемсітушілік және басқа да мәселелер бойынша жеке хабарламалар мен ұсынымдар қарастырылады.Күн тәртібінің екінші мәселесі аясында Қазақстандағы адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық бюросының бас сарапшы-кеңесшісі Евгений Жовтис сөз сөйледі. Ол Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 7-бабына сәйкес азаптауға қарсы іс-әрекеттердің алдын алу және тергеу тетіктерін жетілдіруге бағытталған ұсыныстарын ұсынды. Атап айтқанда, тергеулердің тәуелсіздігін күшейту, құқықтық тұжырымдамаларды нақтылау, қызметкерлердің біліктілігін арттыру мақсатында Ыстанбұл хаттамасы негізінде тұрақты тренингтер өткізу, сондай-ақ Ұлттық алдын алу тетігінің тиімді жұмысын қамтамасыз ету мәселелерін қозғады.Жалпы, күн тәртібіндегі мәселелер ашық және сындарлы форматта талқыланды. Мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ өкілдері адам құқықтарын қорғау тетіктерін одан әрі жетілдіру бойынша пікір алмасуға мүмкіндік алды.Ағымдағы жылдың 4 маусымында №1, 2, 3 және 7-балама баяндамаларды талқылау жоспарлануда.«АӨБДА» ККО 2013 жылы ҚР Сыртқы істер министрлігінің бастамасымен құрылған. Бұл алаң Үкімет пен азаматтық сектор арасындағы диалогты дамытуға арналған тиімді құрал ретінде қызмет атқаруда. Мұнда адам құқықтарын қорғау саласындағы өзекті мәселелер халықаралық ұйымдардың (БҰҰДБ, БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасы, ЕҚЫҰ және т.б.) байқаушылар ретінде қатысуымен талқыланады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hague/press/news/details/1006676?lang=kk
Қазақстан Елшісі Польша Президентіне сенім грамоталарын тапсырды 29.05.2025
Варшава, 2025 жылғы 28 мамыр – Варшаваның Белведер сарайында Қазақстанның Польшадағы Елшісі Нұрлан Жалғасбаев Польша Президенті Анджей Дудаға сенім грамоталарын тапсырды.Салтанатты рәсімнен кейін Польша мемлекетінің басшысымен сұхбат барысында қазақ дипломаты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебізін жеткізіп, Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатының негізгі басымдықтары, елде жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер туралы хабардар етті.Қазақстан мен Польша арасындағы қатынастардың жағдайын талқылай отыра тараптар саяси диалогтың жоғары деңгейін ерекше атап өтіп, екі елдің экономикасы мен мәдени-гуманитарлық байланыстарының қарқынды дамуына өзара берік көзқарас білдірді.Польша президентінің пікірінше, Қазақстан Польшаның Орталық Азиядағы негізгі серіктестерінің бірі.Кездесу қорытындысында А. Дуда Қазақстан халқына және еліміздің басшылығына ізгі тілектерін жеткізіп, қазақ дипломатын ресми қызметке кірісуімен құттықтады және барлық салаларда қазақ-поляк қатынастарының одан әрі нығаюына табыс тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1006677?lang=kk
Қазақстан мен Сан-Марино екіжақты ынтымақтастықты нығайтуда 29.05.2025
Астана, 2025 жылғы 28 мамыр – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Сан-Мариноның Қазақстандағы Елшісі (қоса атқарушы) Джон Маццамен кездесу өткізді.Кездесу барысында тараптар екіжақты өзара іс-қимылдың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады. Географиялық қашықтыққа қарамастан, Қазақстан мен Сан-Марино халықаралық ұйымдар аясындағы өзара қолдауға негізделген конструктивті және достық қатынастарды сақтап отырғаны аталып өтті.Дипломаттар саяси диалогты дамыту мен экономикалық саладағы, әсіресе туризм бағытындағы ынтымақтастықты кеңейтудің маңыздылығын атап өтті. Осы тұрғыда 2025 жылғы 5 қаңтарда күшіне енген Визалық талаптарды өзара жою туралы келісімді жүзеге асырудың өзара байланыстарды және мәдени-гуманитарлық алмасуларды жандандырудағы рөліне ерекше назар аударылды.Күн тәртібіндегі жекелеген мәселе ретінде халықаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастық қарастырылды. Сан-Марино тарапына Қазақстанның бастамаларын, атап айтқанда, 2025 жылғы 4 наурызда БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарымен құрылған Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары бойынша БҰҰ Өңірлік орталығын құру жөніндегі бастамасын қолдағаны үшін алғыс айтылды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты байланыстарды одан әрі нығайтуға және конструктивті диалогты жалғастыруға өзара мүдделілігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1006683?lang=kk
Жылқы өсіру дәстүрлері серіктестіктің негізі: Hästens және Қазақстан диалог орнатуда 29.05.2025
Чёпинг, 2025 жыл 28 мамыр – Қазақстан Республикасының Швециядағы Елшісі Олжас Сүлейменов премиум төсек өндірісіне маманданған әлемге әйгілі швед бренді Hästens компаниясының штаб-пәтерімен өндірістік қуаттарына іс-сапар жасады.Компания басшылығымен әңгімелесу барысында өнімнің жекелеген компоненттерін, атап айтқанда Қазақстаннан табиғи жылқы шашын жеткізу әлеуетін, Астана мен Алматыда флагмандық бутиктердің ашылуын, сондай-ақ Қазақстанның Орталық Азиядағы Hästens үшін өңірлік хаб ретінде орналасу мүмкіндіктерін қоса алғанда, ынтымақтастық перспективалары талқыланды.ҚР Елшісі Қазақстан жылқы шаруашылығының бай дәстүріне ие бола отырып, Hästens үшін, әсіресе компанияның жылқы шашы, мақта, зығыр және жүнді қоса алғанда, табиғи материалдарды пайдаланатын өндіріске бірегей көзқарасын ескере отырып, қызықты нарық ұсынатынын атап өтті.Кездесудің соңына қарай, ҚР Елшісі Hästens басшылығын нарықты егжей-тегжейлі зерделеу, тиісті мемлекеттік органдар және әлеуетті серіктестермен кездесу ұйымдастыру мақсатында Қазақстанға іс-сапармен баруға шақырды.Анықтама: Hästens (швед тілінен аударғанда – «жылқы») – төсектер, матрастар және премиум ұйқы аксессуарларының әлемге әйгілі швед өндірушісі. 1852 жылы Чепинг қаласы, Швецияда құрылған отбасылық бизнес. Бүгінгі таңда Hästens өнімдері Еуропадағы, Солтүстік Америкадағы, Азиядағы және Таяу Шығыстағы флагмандық бутиктерді қоса алғанда, 45-тен астам елде ұсынылған. Швед Корольдік отбасысы, көптеген басқа монархтар мен мемлекет басшылары бірнеше жылдар бойы Hästens компаниясының клиенттері қатарына кірген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-stockholm/press/news/details/1006688?lang=kk
Бұқтырма су қоймасын санитарлық тазарту 29.05.2025
2025 жылғы 20–21 мамыр аралығында "Қараөткел" шаруа қожалығы Бұқтырма су қоймасында маңызды санитарлық тазарту кезеңін сәтті аяқтады!Чистояр шығанағынан Трушика шығанағына дейінгі (Үлкен Нарын ауданы, ШҚО) аумақта жұмыстар жүргізілді. Мелиорация барысында:✅ 19,5 км жағалау сызығы тазартылды,✅ 3 тонна қоқыс жиналып, шығарылды,✅ 9 тасталған ау табылып, жойылды.13 адамнан тұратын команда мен 4 техника бірлігі екі күн бойы су қоймасының тазалығын сақтау және су биоресурстары үшін қауіпсіз орта қалыптастыру мақсатында еңбек етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-katon-karagay-novohairuzovka/press/news/details/1006693?lang=kk
Қазақстан Елшісі Польша Президенті Анджей Дудаға сенім грамоталарын тапсырды 29.05.2025
Варшава, 2025 жылғы 28 мамыр – Қазақстан Елшісі Нұрлан Жалғасбаевтың Варшаваның Белведер сарайында Польша Президенті Анджей Дудаға сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті.Салтанатты рәсімнен кейін Польша мемлекетінің басшысымен әңгімелесу барысында қазақстандық дипломат еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау сөздерін жеткізіп, Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатының негізгі басымдықтары, елде жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер туралы хабардар етті.Қазақстан мен Польша арасындағы қатынастардың жағдайын талқылай отыра тараптар саяси диалогтың жоғары деңгейін ерекше атап өтіп, екі елдің экономикасы мен мәдени-гуманитарлық байланыстарының қарқынды дамуына өзара берік көзқарас білдірді.Польша президентінің пікірінше, Қазақстан Польшаның Орталық Азиядағы негізгі серіктестерінің бірі болып табылады.Кезедесу қорытындысында А. Дуда Қазақстан халқына және еліміздің басшылығына ізгі тілектерін жеткізіп, қазақстандық дипломатты ресми қызметке кірісуімен құттықтай отыра барлық салаларда қазақстан-поляк қатынастарының одан әрі нығаюына табыс тіледі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-warsaw/press/news/details/1006696?lang=kk
Мемлекеттік рәміздер – елдігіміздің белгісі! 29.05.2025
📍 Қостанай қаласында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік рәміздер және ведомстволық наградалар жөніндегі республикалық комиссия өкілдерінің қатысуымен семинар өтті. 🎯 Семинар мақсаты – мемлекеттік рәміздерді қолдану мен насихаттау бойынша мекемелер арасындағы өзара іс-қимылды күшейту және рәміздерге қатысты стандарттарды сақтау.👥 Іс-шараға орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың 50-ден астам өкілі қатысты.🔹 Спикерлер қатарында:– Жандарбек Мәлібекұлы – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының авторы, сәулетші, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры,, «Парасат» және «Барыс» ордендерінің иегеріИжанов Байқоныр Ижанұлы – «Қазақ ұлттық өнер университетінің «Сценография және сәндік өнер» кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты– Аргенова Гүлдана Мәлікқызы – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Геральдикалық жұмыс басқармасының басшысы– Шодорова Нүргүл Жағыпарқызы – ҚР Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қостанай облысы бойынша департамент басшысы– Тынымбаев Жандос Серікұлы – Мемлекеттік рәміздер стандарттарын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының мүшесі, Қостанай облысындағы мемлекеттік рәміздер өнімдерін өндіруші кәсіпорынның жетекшісі📌 Мемлекеттік рәміздер – әр азаматтың жүрегінде. Оларды қадірлеу – ортақ міндетіміз!#Қостанай #МемлекеттікРәміздер #РәмізҚадірі #ПатриоттықТәрбие #ҚазақстанАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-ishki-sayasat/press/news/details/1006702?lang=kk
«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына өтінім қабылдау басталды 29.05.2025
Катонқарағай ауданында дәстүрлі «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына өтінім қабылдау басталды. Ауданымызда өзгелерге үлгі болатын, тағылымды тарихы бар отбасылар бар. Баршаңызды осы маңызды әрі ізгі байқауға қатысуға шақырамыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз көпшілікке шабыт сыйлайтыны сөзсіз. Байқау адамгершілік қасиеттерді жандандыруға, отбасы мәртебесі мен құндылықтарын арттыруға бағытталған. Еңбек пен спортта, шығармашылық және зияткерлік салаларда, ғылым мен өнерде жетістіктері бар отбасылар, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке белсенді қатыссатын отбасылар қатыса алады. Конкурсқа қатысуға өтінімді 15 маусымға дейін аудандық комиссия қабылдайды. Байқау екі кезеңде өтеді: 1. Аудандық кезең (15 маусымнан 30 маусымға дейін). 2. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалар мен елорда) кезең (30 маусымнан 15 шілдеге дейін). «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты атағы Қазақстанның барлық өңірлерінен танылған 20 үздік отбасыға беріледі. Конкурс лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсімі Астана қаласында өтеді.Өтінімді Катонқарағай ауылы, К.Жампейісов көшесі, 19/1 үйдегі аудан әкімдігінің ғимараты, 101 бөлмеге әкеліп тапсыруға болады, байланыс телефон нөмірі 8/702-302-5785.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-katon-karagay/press/news/details/1006704?lang=kk
Көлік және логистика: Қостанай облысының даму векторы 29.05.2025
Мемлекет басшысымен Ұлттық құрылтайдың IV отырысында берілген тапсырмаларын орындау аясында ағымдағы жылдың 28 мамырында Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы "Көлік және логистика: Қостанай облысының даму векторы" тақырыбы атты дөңгелек үстел өткізді. Көлік логистикасын дамыту-ел экономикасының алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі. Көлік ішкі экономиканың аса маңызды секторы болып табылады және Қостанай облысы тиімді көліктік-экономикалық жағдайы, үлкен еңбек ресурстары, қазіргі заманғы телекоммуникациялық желісі бар, шектес мемлекеттерге жылдам және жедел шығуы бар республиканың ірі өңірлерінің бірі болып табылады. Дөңгелек үстелге қатысушылар бұрыннан бар жобалар мен өзекті көліктік-логистикалық шешімдерді дамыту перспективаларын талқылады, экспорттық-импорттық және транзиттік тасымалдарды дамыту, логистикалық орталықтарды, құрғақ порттарды және жүк тасымалдарын дамыту бойынша пікір мен ұсыныстар алмасты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhol-kolik/press/news/details/1006707?lang=kk
Бразилиялық баспа Елшілік кітапханасына бірнеше кітап сыйлады 29.05.2025
Бразилиа, 2025 жылғы 28 мамыр – Қазақстанның Бразилиядағы Елшілігінде Елші Болат Нүсіповтің танымал бразилиялық «Capella» баспасының бас директоры Даниэль Перейрамен кездесуі өтті.Кездесу барысында қонақтар компания шығарған заманауи өнер туындыларының көркем басылымдарының бірқатар үлгілерін ұсынып, түрлі баспа түрлері мен кітаптардың беттелуі мен шығарылу үдерісі жайлы ақпаратпен бөлісті. Бразилияның заманауи өнеріне арналған бірнеше кітап, Елшілік кітапханасына сый ретінде тарту етілді.Елші көркем басылымдардың таныстырылымы үшін алғысын білдіріп, басылымдардың бірегей стилі мен сапасын атап өтті. Тараптар, Қазақстан мен Бразилияның баспа үйлері арасында ынтымақтастық орнатуға келісті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1006709?lang=kk
Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы сауда-экономикалық және іскерлік байланыстарды жандандыру мәселелері GAFT басшылығымен талқыланды 29.05.2025
Ар-Рияд, 2025 жылғы 28 мамыр – Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков САК Сыртқы сауда бас басқармасы (GAFT) губернаторының міндетін атқарушы Мұхаммед әл-Абдулжабармен кездесті.Кездесу барысында сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты жандандыру мәселелері талқыланды. Өзара тауар айналымын ұлғайту және Қазақстаннан Сауд Арабиясына ауыл шаруашылығы тауарларын экспорттау мәселелеріне ерекше назар аударылды.Елші М.Меңілбеков Қазақстан әлемдегі ең ірі аграрлық ел ретінде Корольдікке бидай, ет, сүт, бал өнімдерін жеткізуге дайын екенін атап өтті, сондай-ақ сауд кәсіпкерлерін осы бағыт бойынша жұмысқа белсенді қосылуға шақырды.Өз тарапынан М.Әл-Абдулжабар Сауд Арабиясы үшін Қазақстан маңызды әріптес екенін атап өтіп, қазақ тарапының екіжақты ынтымақтастықты жандандыру жөніндегі ұсыныстарына толық қолдау көрсетті.Тараптар сонымен қатар бірлескен іс-шараларды өткізу бойынша кейбір ұйымдастыру мәселелерін, соның ішінде сауд делегациясының Астанаға алдағы сапарын, оның шеңберінде Қазақстан-Сауд бизнес форумы мен B2B кездесулерін өткізуді, ҚР-ның Сауд Арабиясына екінші сауда миссиясын ұйымдастыруды және т. б. талқылады.2019 жылы САК Министрлер Кеңесінің қаулысымен құрылған Сыртқы сауда бас басқармасы (GAFT) қаржылық және әкімшілік жағынан тәуелсіз мемлекеттік ұйым болып табылады және сыртқы сауда саласында кең өкілеттіктерге ие. Өз қызметі шеңберінде GAFT Корольдіктің сыртқы сауда саясаты мен стратегиясын әзірлейді, мемлекеттік және жеке сектордың қызметін үйлестіреді, аймақтық және халықаралық сауда ұйымдары мен форумдардағы мемлекеттің мүдделерін қорғайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/1006710?lang=kk
Қарағанды облысында Қазақстандағы жылу радиаторларын шығаратын ірі өндіріс ашылады 29.05.2025
«Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағында алюминий және биметалл жылыту радиаторларын шығаратын жоғары технологиялық және экологиялық зауыт салынуда. Кәсіпорында 220 жұмыс орнын ашу жоспарлануда.Жобаны іске асырушы «Силумин оф Қазақстан» ЖШС – өңдеу өнеркәсібін дамытуға және «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі, «Даму» қоры, BV Management, өнеркәсіп министрлігі және Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен ESG-қағидаттарын енгізуге инвестиция салатын жас қазақстандық компания.Кәсіпорын еліміздегі ең ірі радиатор өндірушіге және импорт алмастыратын маңызды нысандардың біріне айналады деп күтілуде. Бірінші кезеңнің өндірістік қуаты жылына 5,5 миллионға жуық секцияны құрайды. Инвестицияның жалпы көлемі – 35 миллион АҚШ доллары.Кәсіпорында 220 жұмыс орнын құру жоспарлануда, бұл машина жасау, металлургия және химия саласындағы білікті мамандарды тартуды талап етеді. Бұл үшін компания қазірдің өзінде өңірдің колледждерімен және жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық орнатуда.Өндірістік процесс толығымен оқшауландырылады – алюминий құюдан бастап. Жобада қазіргі заманғы экологиялық технологиялар қолданылады: алюминий сынықтары мен қождарын өңдеу, шығатын газдарды көп сатылы сүзу, булау әдісімен суды қайта пайдалану, күн генерациясы және жылуды рекуперациялау. Бұл қоршаған ортаға әсерді төмендетіп қана қоймай, ресурстық тиімділікті арттыруға мүмкіндік береді.Жылыту нарығындағы өндірушілер қауымдастығы (ЖНӨҚ) мен «Силумин оф Қазақстан» ЖШС арасында халықаралық ынтымақтастықты кеңейту шеңберінде ағымдағы жылдың 21 мамырында негіздемелік келісімге қол қойылды. Тараптар зертханалық және әдістемелік базаны, өнеркәсіптік кооперацияны дамыту және оқшаулау деңгейін арттыруға бағытталған жеткізу тізбегін қалыптастыру бойынша бірлескен жұмыс туралы келісті.Жаңа өндірістің басты міндеті – Қазақстанның ішкі нарығын бәсекеге қабілетті өніммен қамтамасыз ету және импортқа тәуелділікті азайту. Бұдан басқа, кәсіпорын жылыту жабдықтары нарығында заманауи сапа мен қауіпсіздік стандарттарын енгізу алаңына айналуы тиіс.Зауытты іске қосу кезең-кезеңмен жоспарлануда: бірінші кезек бүкіл өндірістік циклді қамтиды, кейінгілері – шығару көлемін арттыруға бағытталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1006711?lang=kk
Қорғаныс министрінің БҰҰ Халықаралық бітімгерлер күнімен құттықтауы 29.05.2025
Құрметті бітімгерлер! Сіздерді Қорғаныс министрлігінің басшылығы, жеке құрамы және өз атымнан Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық бітімгерлер күнімен шын жүректен құттықтаймын!Бұл күн – БҰҰ-ның туы астында бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау жолында аянбай еңбек етіп жүрген жандарға құрмет көрсетілетін күн.Қазақстан Республикасы посткеңестік кеңістікте БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясына дербес мандат алған алғашқы әрі жалғыз мемлекет. Ұлттық бітімгерлік контингенттің Голан жоталарына орналастырылуы – Қарулы күштеріміздің кәсіби даярлығының, жауапкершілігі мен құзіретінің халықаралық деңгейде мойындалғанының айқын дәлелі.Қазақстан Республикасының Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Голан жоталарынан оралған жеке құрамды марапаттау рәсімінде: «Сіздер ең күрделі жағдайда да қазақстандық әскери қызметшілердің тиімді қызмет ете алатынын дәлелдедіңіздер. Бұл – еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, Қазақстанға деген сенімді нығайтатын маңызды қадам. Еңбектеріңіз елеусіз қалмай, еліміздің халықаралық беделін арттыруға едәуір үлес қосты» деп атап өткен болатын. Бұл сөздер –  жоғары деңгейде мойындаудың айғағы әрі әрбір қазақстандық бітімгердің жаһандық қауіпсіздікке қосқан үлесінің маңыздылығын көрсетеді.2014 жылдан бері 750-ден астам қазақстандық әскери қызметші Африка мен Таяу Шығыстағы БҰҰ-ның миссияларына қатысып келеді. Бітімгерлердің қызметі халықаралық қауымдастық тарапынан жоғары бағаланып, Отан қорғаушылардың жаңа буынына үлгі болуда.Қымбатты бітімгерлер!Сіздерге зор денсаулық, өр рух, отбасыларыңызға амандық және бейбітшілік жолындағы қызметке толағай табыстар тілеймін.Құрметпен,Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрігенерал-полковник Р. ЖақсылықовАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1006720?lang=kk
БҰҰ-ның бітімгерлік миссияларына 750-ден аса қазақстандық әскери қызметші қатысты 29.05.2025
29 мамыр – қақтығыстарды реттеуге және барынша қауіпсіздікті қолдауға, бейбітшілікті құруға елеулі үлес қосатын БҰҰ-ның халықаралық бітімгерлер күні.Қазақстандық әскери қызметшілердің әлемдегі бейбітшілікті қолдауға қатысу тәжірибесі 2003 жылдың тамызында бірінші инженерлік-саперлік «Қазбат» жасағының құрылуынан бастау алады.Қазақстан үкіметінің БҰҰ-мен бітімгерлік желісі бойынша өзара іс-әрекеті 2014 жылы Қарулы күштердің алғашқы әскери қызметшісін Батыс Сахарадағы Ұйымның әскери бақылаушысы ретінде жіберген сәтінен басталды.    Осы кезден бастап қазақстандық бітімгерлер Ливан, Батыс Сахара және Кот-д'Ивуар сияқты әлемнің әртүрлі өңірлерінде қызмет етті. 2024 жылы Қазақстан БҰҰ-ның Африка мен Таяу Шығыстағы миссиясына қосымша әскери қызметшілерді жіберді. Әсіресе Орталық Африка Республикасындағы, Малидегі және Конго Демократиялық Республикасындағы миссиялар күрделі болды.Қазақстан ТМД-да БҰҰ-ның Голан жоталарында қызмет етуге дербес мандат алған алғашқы және әзірге жалғыз ел болып табылады. Бүгінде біздің 139 әскери қызметшіміз қарсы тараптар арасында атысты тоқтату режимін сақтау жөнінде маңызды міндеттерді орындап жүр.Ұйымның бітімгерлік контингентін өз бетінше орналастыру туралы шешімі нормативтік базаны дамыту және әскери қызметшілерді даярлауды жетілдіру жөніндегі жүйелі жұмыстың логикалық нәтижесі болды. Бұл үдерісте бітімгерлерді құқықтық, гуманитарлық, тілдік және психологиялық даярлаумен қатар, жан-жақты оқытумен қамтамасыз ететін Алматы қаласында Бітімгерлік операциялар орталығын құру шешуші рөл атқарды.Қазақстанның БҰҰ-ның бітімгерлік миссияларына қатысуы халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға елеулі үлес қосып қана қоймай, еліміздің жаһандық аренадағы рөлін арттыруға ықпал етеді. Бұл оған қоса қазақстандық әскери қызметшілерге құнды жауынгерлік тәжірибе жинақтауға, кәсіби даярлықты жетілдіруге және көпұлтты ортадағы іс-қимылдарға бейімделуге мүмкіндік береді.Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық бітімгерлер күні – қаза тапқандарды еске алып, БҰҰ-ның әлемдегі бейбітшілікті сақтау жөніндегі бітімгерлік операцияларының құрамында қызмет еткен һәм қызмет етуді жалғастырып келе жатқан адамдарға құрмет көрсететін күн.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1006723?lang=kk
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін талқылау туралы 29.05.2025
Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын-алу» № 4 ҮҮБ жобаларын орындау бойынша Нұсқаулыққа сәйкес 2025 жылғы 11 маусым күні сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін талқылауды жоспарлап отыр.Осыған байланысты, барлық мүдделі тұлғаларды 2025 жылғы 11 маусым күні Семей қаласы Абай алаңы 3 үй мекен-жайы бойынша осы шараға қатысуыңызды сұраймыз.Сұрақтарыңыз   болса   +7 705 764 59 59   телефон номеріне хабарласыңызАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-abay/press/news/details/1006727?lang=kk
Азия чемпионатынан алтын жүлде! 29.05.2025
2025 жылғы Алыш күресінен Азия чемпионаты Үндістанның Дели қаласында жоғары деңгейде ұйымдастырылып, жарыс қорытындысы бойынша еліміздің спортшылары бірнеше жүлделі орындарға ие болды.Олардың ішінде Қармақшы ауданының тумасы, жерлесіміз – Әбілтаева Назерке 55 кг салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алып, Азия чемпионы атанды!Бұл – Қармақшы жұртшылығы үшін зор мақтаныш, жас спортшы қызымыздың қажырлы еңбегі мен ерік-жігерінің жемісі!Назеркені жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да ел абыройын асқақтатып, талай белестерді бағындыра беруіне тілектеспіз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1006729?lang=kk
«Тыйым салулар мен шектеулер» 29.05.2025
– Одақ туралы шартқа және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты қолданылатын, оның ішінде Одақ туралы шартқа сәйкес біржақты тәртіппен енгізілетін тарифтік емес реттеу шаралары, техникалық реттеу шаралары, санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шаралар, өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау шаралары, оның ішінде әскери мақсаттағы өнімге қатысты шаралар және радиациялық талаптар;Тыйым салулар мен шектеулерді сақтау 26 желтоқсан 2017 жылғы № 123-VI ЗРК «Қазақстан Республикасында кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 8 бабына  сәйкес  реттеледі.Тауарлар тыйым салулар мен шектеулер сақтала отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізіледі және (немесе) кедендік рәсімдермен орналастырылады.Тарифтік емес реттеу шараларын, оның ішінде біржақты тәртіппен енгізілетін тарифтік емес реттеу шараларының және техникалық реттеу шараларының сақталуы – Одақ туралы шартқа сәйкес Комиссия айқындаған немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған жағдайларда және тәртіппен, ал өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау шараларының, оның ішінде әскери мақсаттағы өнімге қатысты шаралардың сақталуы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған жағдайларда және тәртіппен осындай шаралардың сақталуын растайтын құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсыну арқылы расталады.Санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шаралар мен радиациялық талаптардың сақталуы Одақ туралы шартта және оған сәйкес қабылданған Комиссияның актілерінде белгіленген тәртіппен және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен санитариялық-эпидемиологиялық, ветеринариялық, карантиндік фитосанитариялық, радиациялық бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыру нәтижелері бойынша расталады.Егер халықаралық пошта жөнелтілімдері:1) келу орнынан халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін тауарлармен кедендік операциялар жасау орнына дейін;2) келу орнынан кету орнына дейін тасымалданса, оларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру кезінде декларанттарға тыйым салулар мен шектеулерді сақтау жөніндегі міндет жүктелмейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1006730?lang=kk
8 млрд. теңге инвестиция, Қытайға экспорт: Қонаевта жаңа зауыт салынуда 29.05.2025
Қонаев қаласындағы «Қапшағай бидай өнімдері» ЖШС істен шыққан элеваторды жаңғыртуда. Мұндағы ескі станоктар түгелдей ауыстырылып, үш түрлі зауыт салынып жатыр. Оның бірі сұйық май шығаратын болса, келесілері жемдік ұн мен ұн өндіретін зауыт.Дайын өнім Қазақстанның нарығында саудаланып қана қоймай, Қытайға экспортталады. Тартылған инвестицияның көлемі 8 млрд. теңгені құрап отыр.«Бүгінде теміржол ауыстырылып, контейнер терминалы, қоймалар, зауыттар салынып жатыр. Құрылысқа 200-ге жуық адам тартылған. Сондай-ақ 2 гектар жер қосымша сатып алынды. Жобасы жасалуда. Зауыт биыл қолданысқа беріледі. Жылына 1 000 000 тонна өнім экспортқа шығарылады деп жоспарлап отырмыз», - деді ЖШС бас директорының орынбасары Ринат Тоқпанов.Зауыт керекті материалдармен өзін-өзі қамти алады. 2-3-қабаттарда қап шығаратын станоктар қойылған. Қазір бұл жерде 250 адам еңбек етіп жатса, қосымша 300 жұмыс орны құрылады.Айта кетейік, Қонаев қаласының инвестициялық пулына 39 жоба енгізілген. Инвестицияның жалпы көлемі 2,4 трлн.теңгені құрайды. Нәтижесінде 17 000 тұрақты жұмыс орны пайда болады. Қазір шаһарда 12 түрлі өндіріс ошағы қызмет етеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1006735?lang=kk