Әлем
Ақтөбе облысында жоғары технологиялы цемент зауытының құрылысына капсула салу рәсімі өтті 29.05.2025
Тәулігіне 3,5 мың тонна цемент клинкерін өндіретін жоғары технологиялы желі 2027 жылы Ақтөбе облысының Байғанин ауданында іске қосылады. Жобаның стратегиялық инвесторы — Sinoma Cement Co. компаниясының озық технологиялары мен заманауи сапа стандарттарына негізделген бұл зауыт 1 200-ден астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.Зауытты 2027 жылдың екінші жартысында Sinoma Cement Co. мен қазақстандық Primus Capital инвестициялық холдингінің қолдауымен іске қосу жоспарлануда. Құны шамамен 200 миллион АҚШ долларын құрайтын жоба аясында 1260 жұмыс орны ашылмақ: оның 900-і – құрылыс кезеңінде, 250-і – бірінші кезеңде, ал 110-нан астамы – екінші кезеңде. Бұл — China National Building Material Group (CNBM) компаниясының базалық материалдар секторындағы активтерді басқаратын Sinoma Cement Co. халықаралық инвестициялық платформасының Орталық Азиядағы тұңғыш жобасы. Бүгінгі таңда, аталған компания портфелінде Африка мен Таяу Шығыс елдерінде жүзеге асырылып жатқан 20-дан астам ірі жоба бар.Зауытта көмірқышқыл газының шығарылуын азайтуға арналған озық технологиялар мен заманауи сапа стандарттары қолданылады. Бұл цемент өндірісінің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, дайын өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттырады.Бүгінгі таңда, жоба аясында жер қойнауын пайдалану үшін лицензия (бор, саз, мергель) алынып, шикізат қоры мен сапасын растау мақсатында China National Building Materials Resources and Environment Co., Ltd. (CNBR) зертханаларында геологиялық-барлау жұмыстары жүргізілді. Бұған қоса, жобаның бастапқы техникалық-экономикалық негіздемесі дайындалып, сәулеттік-жоспарлау тапсырмасы алынды және жобалық-сметалық құжаттар жасалып, инвестиция жөніндегі келісімге қол қойылды.Жаңа зауыт импортты алмастырып, Қазақстанның шетелден келетін цемент өнімдеріне тәуелділігін едәуір азайтады. Құрылыс қарқынының орташа өсімі 8,5% деңгейінде болса да, өңірде жылына 800 мың тонна цемент өндіретін бір ғана зауыт бар. Сондықтан, қазіргі сәтте, цементке деген қажеттілік Ресей, Иран және Қазақстанның басқа өңірлерінен келетін өнімдер есебінен өтелуде.Өндірістік зауыт пен шикізат карьерлерінен бөлек, теміржол желілерін қамтитын толық инфрақұрылымы бар жұмысшы қалашығын салу жоспарлануда.Анықтама:Sinoma Cement — акциялары биржада саудаланатын Tianshan Materials Co., Ltd және China National Materials Engineering Co., Ltd (SINOMA) компанияларының бірлескен кәсіпорны. Сондай-ақ, ол China National Building Material Group (CNBM) базалық материалдар секторындағы активтерді басқаруға арналған халықаралық инвестициялық платформа болып саналады.Tianshan Materials Co., Ltd — CNBM-нің негізгі құрылыс материалдары саласындағы басты кәсіпорны және қызмет көлемі мен толық өндірістік тізбегі бойынша әлемдегі ең ірі цемент компаниясы.SINOMA — цемент зауыттарын жобалау, цемент өнеркәсібі үшін жабдықтар өндіру және «дайын күйде» зауыттарды салу қызметтерін ұсынуда әлемдік көшбасшы. Компания құрамына Beijing Triumph International Engineering (BTIEC) және Tianjin Cement Industry Design & Research Institute (TCDRI) сияқты еншілес ұйымдар кіреді. Бұған дейін SINOMA Қазақстанда Шымкент цемент, Каспий цемент, Жамбыл цемент, Шиелі цемент және Стандарт цемент секілді бес цемент зауытын салған.Tianshan Materials пен SINOMA компанияларының бас құрылтайшысы — құрылыс материалдарын өндірумен айналысатын China National Building Material Group (CNBM) мемлекеттік конгломераты. Ол металл емес материалдар өндірісінде және жеке инвестиция саласында белсенді қызмет ететін компания ретінде, 14 жыл бойы Fortune Global 500 рейтингінде тұрақты орын алып, 2024 жылы 307-орынға ие болды. Оның жеті кәсіпорны (цемент, дайын бетон, гипсокартон, шыны талшық, жел турбиналарының қанаттары, цемент пен шыны саласындағы қызметтер) әлемдегі ең ірі өндіріс орындары қатарында. Ал, аса жіңішке электронды шыны, жоғары өнімді көміртек талшықтары, литий-ион аккумуляторларының сепараторлары мен жоғары вольтты электр оқшаулағыштары сияқты жаңа материалдар өндіретін бірнеше кәсіпорны Қытай өндіріс саласында көшбастап тұр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/invest/press/news/details/1007307?lang=kk
Қазақстандағы демографиялық трендтер: 2024 жылдың қорытындысы және болжамдар 29.05.2025
Қазақстандағы демографиялық трендтер: 2024 жылдың қорытындысы және болжамдар2024 жылы әртүрлі елдердің, соның ішінде Қазақстанның зейнетақы жүйесіне айтарлықтай әсерін тигізетін халықтың қартаюы мен бала туу көрсеткіші төмендеуінің жаһандық үрдісі жалғасын тапты. Әлем өзінің демографиялық ауысуында бетбұрыс кезеңін бастан өткеруде. Бұл туралы Дүниежүзілік экономикалық форумда да атап өтілді: "Адамзат тарихында алғаш рет 65 жастан асқан адамдардың саны бес және одан кіші жастағы балаларға қарағанда көбірек".2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 20,3 млн асты, оның ішінде 25 жасқа дейін – 8,7 млн адам (42,8%), 25-тен 65 жасқа дейінгі жастағы адам саны – 9,7 млн адам (48,0%), 65 жастан асқандар саны – 1,9 млн адам (9,2%)[1].Болжамдарға сәйкес, Қазақстандағы халық саны 2050 жылдың соңына қарай 26,3 млн адамға жетеді. Өмір сүру ұзақтығы және қарттардың үлесі Күтілетін өмір сүру ұзақтығы 2020-2021 жылдардағы пандемия кезінде төмендегеннен кейінгі 2021 жылғы 70,23-тен 2024 жылы 75,44 жасқа дейін өсті. 2013-2024 жылдар аралығындағы орташа өмір сүру ұзақтығының өзгеру динамикасы мынадай: 201320142015201620172018201920202021202220232024Бүкіл халық 70,6271,4471,9772,4172,9573,1573,1871,3770,2374,4475,0975,44Ерлер65,9166,9067,4967,9968,7268,8468,8267,0966,3370,2670,9971,33Әйелдер75,2375,8276,2676,6176,9277,1977,3075,5374,0378,4179,0679,42 БЖЗҚ-ның да, БҰҰ-ның да болжамдары 2050 жылға қарай өмір сүру ұзақтығының өсуіне байланысты демографиялық қартаюдың жоғары деңгейі байқалатынын көрсетеді (халықтың жалпы санындағы 60 және одан жоғары жастағы адамдардың үлесі 2009 жылғы 9,7%-дан 2024 жылы 13,9%-ға дейін өсті және 2050 жылға қарай 19%-ға дейін өседі деп болжануда. Яғни, 2050 жылға қарай орта есеппен әрбір бесінші қазақстандық 60 жастан асқан болады). Жалпы халық санындағы 60 жастан асқан адамдардың алатын үлесі туралы нақты дерек пен болжам Нақты дерек БҰҰ болжамыБЖЗҚ болжамы Жалпы туу коэффициенті Халық құрылымына туудың жиынтық коэффициенті (ТЖК) айтарлықтай әсер етеді, бұл бір әйелдің репродуктивті кезеңде орташа есеппен қанша рет босанатынын көрсетеді (яғни шамамен 15-50 жас).Бұл көрсеткіш 2021 жылғы 3,32-ден 2024 жылы 2,80-ге дейін төмендеді. БҰҰ болжамдарына сәйкес, Қазақстандағы туу коэффициентінің 2050 жылға қарай бір әйелге шаққанда 2,42 балаға дейін одан әрі төмендеуі күтілуде. Жыл201620172018201920202021202220232024ТЖК2,772,732,842,903,133,323,052,962,80 Бала туудың төмендеуі бүкіл әлем үшін жаһандық үрдіс болып табылады. Туу көрсеткіштерінің біртіндеп төмендеп, өмір сүру ұзақтығының артуы жағдайында еңбек нарығына адамдар аз араласа бастайды, зейнеткерлер мен еңбекке қабілетті халық арасындағы теңгерімсіздік одан әрі өсуде. Көші-қон сальдосы UNFPA-ның (БҰҰ-ның халықты қоныстандыру саласындағы қоры) Қазақстандағы өкілдігі Қазақстан Республикасының халқын қоныстандыру саласындағы жағдайды талдау[2] есебінде біртіндеп 2050 жылға қарай 1000 адамға шаққанда 0 көші-қон сальдосына қол жеткізілетінін болжайды, бұл "республиканың жұмыс күшіне деген жоғары сұранысынан, елеулі этникалық эмиграция әлеуетінің біртіндеп сарқылуынан, Қазақстанның оңтүстігіндегі елдердегі халықтың жылдам өсуінен көрінетін экономикалық дамуымен түсіндіріледі". Төменде 2016-2024жж. иммигранттар мен эмигранттар саны көрсетілген: Жыл201620172018201920202021202220232024Келгендер13 75515 59512 74712 25511 37011 03917 42525 38729 282Кеткендер34 90037 72541 86845 22529 08832 25624 14716 09412 732Көріп отырғанымыздай, пандемиядан кейін Қазақстанға келушілердің жыл сайынғы саны соңғы үш жылда 2,7 есеге өсті, ал 2020 жылдан бері кеткендердің саны 2,3 есеге азайды. Әлеуетті қолдау коэффициенті 65 жастан асқан адамдардың санына бөлінген еңбекке қабілетті жастағы (25 жастан 64 жасқа дейін) адамдардың саны ретінде есептелетін әлеуетті қолдау коэффициенті одан әрі төмендеуде.Еңбекке қабілетті жастағы адамдардың (25-64 жас) зейнеткерлерге (65+ жас) арақатынасы 2012 жылғы 7,7-ден 2024 жылы 5,2-ге дейін төмендеді. БЖЗҚ-ның да, БҰҰ-ның да болжамдарына сәйкес, Қазақстанда әлеуетті қолдау коэффициенті 2050 жылға қарай 3,4-ке дейін төмендейді, бұл еңбекке қабілетті халыққа түсетін "жүктемені" арттырады. Әлеуетті қолдау коэффициентінің нақты дерегі мен болжамы БҰҰ болжамыБЖЗҚ болжамыҚолдау коэф., нақты дерек Естеріңізге сала кетейік, ТМД елдерінен Қазақстанның зейнетақы жүйесі ғана ұсынылған 2024 жылдың қорытындысы бойынша Mercer CFA институтының Жаһандық зейнетақы индексінде демографиялық үрдістер – туу көрсеткішінің төмендеуі мен өмір сүру ұзақтығының өсуін ескере отырып, зейнетақы жүйелерін одан әрі жаңғырту қажеттілігі атап көрсетілген. Бұл жағдайда Қазақстанда қолданылып жүрген зейнетақы жүйесіне ұқсас, мемлекеттік және жинақтаушы құрамдауыштарды қамтитын көпдеңгейлі (аралас) жүйе неғұрлым тиімді. Мұндай үлгі лайықты зейнетақымен қамсыздандыру мәселесін тиімді шешіп, дамудың демографиялық және экономикалық үрдістеріне неғұрлым төзімді болып келеді. Алайда, Қазақстандағы ынтымақты зейнетақы біртіндеп қысқарып келе жатқанын ескерген жөн. Өйткені ол 1998 жылға дейінгі еңбек өтілін ескере отырып есептеледі. Ал 10% міндетті зейнетақы жарналары лайықты зейнетақымен қамсыздандыру үшін жеткіліксіз болуы мүмкін. Сондықтан жинақтаушы құрамдауышты күшейту бойынша шаралар қабылдануда, олардың бірі – 2024 жылдан бастап 1975 жылы және одан кейін туған жұмысшылардың пайдасына жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын (ЖМЗЖ) кезең-кезеңімен енгізу. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру бойынша жауапкершілік әлемдік тәжірибеде қалыптасқандай мемлекет, қызметкер және жұмыс беруші арасында бөлінген. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). [1]Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша[2] https://kazakhstan.unfpa.org/sites/default/files/pub-pdf/ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ.pdfАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kokpekti/press/news/details/1010077?lang=kk
XXVI Республикалық (Халықаралық) «Абай оқулары» шығармашылық байқауды өткізу туралы 29.05.2025
2025 жылғы 18-21 маусым аралығында Абай облысының Семей қаласында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы мен Абай облысының Білім басқармасының ұйымдастыруымен XXVI Республикалық «Абай оқулары» шығармашылық байқауы өтеді.Аталған байқаудың биылғы ерекшелігі — оның ұлы қазақ ойшылы және ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай халықаралық форматта өткізілуі болып табылады. Бұл шара қазақ халқының ұлы перзентінің рухына тағзым ету ғана емес, сондай-ақ әртүрлі елдердегі қазақ диаспорасы өкілдерінің жас буынын ортақ мәдени және рухани бастау көздерінде тоғыстыруды мақсат етеді. Жалпы ақпаратҰлы ойшыл, ақын әрі ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай, 2025 жылы «Абай оқулары» республикалық шығармашылық байқауы алғаш рет халықаралық форматта өткізіледі.Іс-шараны ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Абай облысының білім басқармасы.Өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Семей қаласыӨткізу мерзімі: 18–21 маусым 2025 жылҚатысушылардың келу күні: 18 маусым Қайту күні: 21 маусымБайқаудың мақсаты – Абайдың әдеби әрі рухани мұрасын кеңінен насихаттау, оқушылардың классикалық әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ шетелдегі қазақ жастарын тарихи, мәдени және тілдік негізде біріктіру. ҚатысушыларБайқауға келесі санаттағы қатысушылар шақырылады:Қазақстан мен шет мемлекеттердегі 8–11(12) сынып оқушылары;Облыстық/аймақтық іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары;Әр команда 5 оқушыдан (әр номинация бойынша 1) және 1 жетекшіден тұрады. НоминацияларБайқау 5 негізгі номинация бойынша өткізіледі:«Абайдың асыл мұрасы» – Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін жатқа, мәнерлеп оқу.«Абайдың ақын шәкірттері» – Шәкәрім, Ақылбай, Мағауия шығармаларын жатқа оқу.«Әнді сүйсең менше сүй» – Абай, Шәкәрім және олардың шәкірттерінің әндері мен күйлерін орындау.«Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» – Қатысушының авторлық өлеңін оқу.«Сөз өнеріндегі ұлы Абай бейнесі» – Абай бейнесін көркем шығармалар арқылы талдау. Шығындар мен ұйымдастыру мәселелеріҚатысушылар мен жетекшілердің тұруы және тамақтануы (18–21 маусым аралығында) ұйымдастырушылар есебінен қамтамасыз етіледі.Жол шығындары – қатысушыларды жіберуші тарап есебінен.Визалық режим қолданылатын елдерден келетін қатысушылар үшін визалық қолдау көрсетіледі (шақыру хаттары, растау құжаттары), ҚР Сыртқы істер министрлігінің көмегімен жүзеге асады. Танымдық-мәдени бағдарламаБайқау барысында қатысушыларға арналған арнайы экскурсиялық бағдарлама ұйымдастырылады, оның аясында:Сырт Қасқабұлаққа — Абайдың туған жеріне сапар;Абай мен Шәкәрім кесенелеріне зиярат;Абай мен Мұхтар Әуезовтің әдеби-мемориалдық мұражайларына (Бөрлі ауылында) бару;Семей қаласы бойынша шолу экскурсиясы – қазақ зиялыларының рухани астанасы саналатын өңірді таныстыру. Қосымша ақпаратБайқау туралы толық мәлімет, ресми ереже, өтінім беру тәртібі және жаңалықтар мына сайтта жарияланады: www.daryn.kzБайланыс мекенжайы:Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8/2,«Алтын Орда» бизнес орталығы, 307-кабинетТел.: +7 (7172) 57 65 63E-mail: info@daryn.kzКонкурстың ұйымдастыру комитеті«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығыҚазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-oslo/press/news/details/1007191?lang=kk
Отандастарымыздың зейнетақы жинақтары бір жыл ішінде 4,11 трлн теңгеге ұлғайды 29.05.2025
2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының көлемі 23,10 трлн теңгеден асты. 12 айда 4,11 трлн теңгеге немесе 21,7%-ға артты.2025 жылдың 1 мамырына міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының көлемі 22,05 трлн теңге. 12 айдағы өсімі – 20,4%. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтары – 661,69 млрд теңге, 12 айдағы өсім – 10,5%. Өткен бір жыл ішінде ең үлкен өсімді (39,7%) ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетті, олардың көлемі 8,38 млрд теңге.Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына 2024 жылғы 1 қаңтардан түсе бастаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) 2025 жылдың 1 мамырына 374,30 млрд теңге болды.ТүсімдерЗейнетақы жинақтарының көлемі зейнетақы жарналары мен инвестициялық кіріс түріндегі кіріс ағындары есебінен ұлғаяды. 2025 жылдың 4 айы ішінде салымшылардың шоттарына түскен зейнетақы жарналарының мөлшері – 1,03 трлн теңге (өткен жылмен салыстырғандағы өсім 20,8% немесе 177,82 млрд теңге).Жыл басынан бері МЗЖ есебі жүргізілетін жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) 2025 жылдың 1 мамырына 852,82 млрд теңге (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МЗЖ көлемі 12,3%-ға ұлғайды), МКЗЖ – 46,47 млрд теңге (өсім - 20%), ЕЗЖ – 1,05 млн теңге (өсім – 7,3%) түсті. 2025 жылдың 4 айында ЖМЗЖ 133,86 млрд теңгені құрады. Төлемдер мен аударымдар2025 жылдың 4 айында БЖЗҚ-дан жарналардың барлық түрлері бойынша жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар 525,25 млрд теңгені құрады. Бұл былтыр жасалған төлемдер көлемінен 2 есе дерлік немесе 239,79 млрд теңгеге көп.Төлемдердің басым бөлігі тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдерінің (БЗТ) еншісінде – 307,34 млрд теңге. Зейнет жасына толуына байланысты төлемдер жыл бойына 23,75% ұлғайып, 01.05.2025ж. 80,53 млрд теңгеге жетті. БЖЗҚ-дан зейнет жасына толуына байланысты берілетін орташа айлық төлем – 35 686 теңге. Жыл басынан бастап 01.05.2025ж. дейін мұрагерлік бойынша 23,10 млрд теңге, ҚР-дан тыс жерге тұрақты тұруға кетуге байланысты 12,21 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарға – 1,08 млрд теңге, жерлеуге – 3,60 млрд теңге көлемінде төлем жасалды. Сақтандыру ұйымдарына 97,39 млрд теңге аударылды. ЖЗШ саны2025 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарының жалпы саны – 17,52 млн. бірлік (жыл бойғы өсім – 1,51 млн бірлік немесе 9,4%). Бұл ретте салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ саны 2025 жылдың 1 мамырына 12,55 млн бірлік болды. Оның ішінде: 11,17 млн - МЗЖ бойынша, 733,06 мыңы - МКЗЖ бойынша, 448,61 мыңы - ЕЗЖ есептелетін шоттар.Ал БЖЗҚ-дағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келіп түскен ЖМЗЖ туралы мәліметтер ескерілетін шартты зейнетақы шоттарының саны - 4,97 млн бірлік. Зейнетақы активтеріне қатысты барлық өзекті ақпарат enpf.kz сайтындағы «Статистика және аналитика» бөлімінде орналастырылған. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1014781?lang=kk
«БЖЗҚ» АҚ-ның жыл басынан бері ұсынған қызметтерінің 98%-ы цифрлық режимде көрсетілді 29.05.2025
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) өз салымшыларын қолдау мен ақпараттандыруға бағытталған қызметтердің кең ауқымын ұсынуды белсенді түрде жалғастыруда. 01.01.2025ж. мен 01.05.2025ж. аралығында халыққа шамамен 19,4 млн қызмет көрсетілді. Жыл басынан бері көрсетілген қызметтердің жалпы санының 9,1 млн-нан астамы электрондық форматта, 9,6 млн-нан астамы автоматты түрде жүргізілді. Осылайша, автоматты, электрондық және қашықтықтан көрсетілген қызметтердің үлесі жалпы санның 98,2%-ын құрады. Қор қызметкерлері салымшыларға жүзбе-жүз шамамен 343,0 мың қызмет көрсетті, оның ішінде 334,9 мыңнан астамы тікелей Қордың кеңселерінде жүзеге асырылды.Естеріңізге сала кетейік, барлық зейнетақы шоттары БЖЗҚ-ға бірінші жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. Сондай-ақ, "Ұлттық қор — балаларға" бағдарламасының қатысушыларына нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтар да автоматты түрде есептеледі.Есепті кезең ішінде шартты зейнетақы шоттарын (жұмыс берушінің ЖМЗЖ аударуы нәтижесінде ашылатын ШЗШ) және нысаналы жинақтау шоттарын ("Ұлттық қор — балаларға" бағдарламасы аясында ашылатын НЖШ) қоса алғанда, зейнетақы жарналарының барлық түрлері бойынша автоматты режимде ашылған жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) жалпы саны 718,1 мыңға жетті. Жеке зейнетақы шотынан, шартты зейнетақы шотынан (ШЗШ), сондай-ақ нысаналы жинақтау шотынан (НЖШ) үзінді көшірме алу бұрынғысынша ең танымал қызмет санатында. Жыл басынан бері ЖЗШ, ШЗШ, НЖШ-дан шамамен 10,1 млн үзінді көшірме берілді. Оның 8,3 млн астамы – электрондық, ал 1,4 млн астамы автоматты түрде рәсімделді. Шоттың жай-күйіне қатысты ақпаратты жеке кабинет арқылы алу – зейнетақы жинақтарыңызды қадағалаудың ең ыңғайлы, сенімді және жедел тәсілі. Қызмет тәулік бойы (24/7) онлайн режимде жұмыс істейді, бұл ақпаратты кез келген уақытта және әлемнің кез келген нүктесінен алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, зейнетақы шоттары туралы ақпаратты тек БЖЗҚ сайты арқылы ғана емес, сонымен бірге egov.kz электрондық үкімет порталы немесе оның мобильді қосымшасы арқылы да алуға болады. Бұл мемлекеттік қызметтерді бірыңғай платформалар арқылы алуға дағдыланған азаматтарға өте қолайлы.Салымшылардың (алушылардың) Қор сайтындағы және ұялы қосымшасындағы Жеке кабинеттен үзінді көшірме алудан басқа өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, шотының бар екендігі туралы анықтама алу, 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің мерзімсіз уақытқа белгіленуіне байланысты немесе ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру сияқты қызметтерді пайдалануға мүмкіндіктері бар. Сондай-ақ, зейнетақы жарналарын төлеу туралы өтініштің мәртебесін қадағалау, инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) жинақтардың бір бөлігін аудару, зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақыны болжамды есептеу және т.б. қызметтер әлемнің кез-келген нүктесінде 24/7 режимінде қолжетімді. 2025 жылдың қаңтар-сәуір айларында деректемелерді өзгертуге 50,1 мыңнан астам өтініш қабылданып, оның 46,8 мыңнан астамы Қордың кеңселерінде ұсынылды. БЖЗҚ мамандарына қандай да бір қызмет түрі бойынша жүгіне отырып, салымшылар, әдетте, жинақтарды қалыптастыруға қатысты қосымша кеңестер ала алады. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында 15,8 мыңнан астам көшпелі таныстырылым өткізіліп, оған шамамен 332,5 мың адам қатысты. Бұқаралық ақпарат құралдарында БЖЗҚ хабарламалары бойынша 15,3 мыңнан астам материал жарияланды.Салымшылар мен алушылардың кері байланыс арналары бойынша түскен өтініштерінің саны шамамен 205,4 мың.Естеріңізге сала кетейік, кез келген компания Қор кеңсесіне барып жинақтаушы зейнетақы жүйесінің мәселелері бойынша таныстырылым мен кеңестер өткізуге өтінім бере алады. Ол үшін 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығына қоңырау шалып, Қор сайты немесе ұялы қосымшасы арқылы хабарласу қажет. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhangeldi-audany-akimat/press/news/details/1007797?lang=kk
Отандастарымыздың жинақталған таза инвестициялық кірісі 11,59 трлн теңгеге жетті 29.05.2025
2025 жылғы 1 мамырдағы көрсеткіш бойынша 2014 жылдан бастап жинақталған (зейнетақы активтері БЖЗҚ-ға біріктірілгеннен кейін) таза инвестициялық табыс 11,59 трлн теңгеге тең. Жүзеге асырылған төлемдерді қоса алғанда қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының жалпы көлеміндегі жинақталған таза инвестициялық кірістің үлесі 39,8% жетті. Осылайша, азаматтардың зейнетақы жинақтарының елеулі бөлігі инвестициялық табыс есебінен құралды. Соңғы 10 жылда зейнетақы қаражатын инвестициялау тиімділігінің айтарлықтай өсуі байқалады, бұл салымшылардың (алушылардың) жинақ сомасын едәуір ұлғайтуға мүмкіндік берді.Қазақстандағы зейнетақы жинақтары — азаматтардың зейнетке шығу кезеңіндегі қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған ұзақ мерзімді инвестициялаудың стратегиялық құралы. Икемді инвестициялық саясат пен активтерді әртараптандырудың арқасында еліміздің зейнетақы жүйесі ұзақ мерзімді тұрақты өсім көрсетіп, инфляциялық тәуекелдерден қорғана алатынын паш етті.Зейнетақы активтерінің қысқа мерзімді жеке кезеңдердегі кірістілігі оларды басқару тиімділігінің көрсеткіші бола алмайды. Өйткені қаржы құралдары мен басқа операциялар бойынша сыйақы түріндегі қысқа мерзімде есептелген кірістер осы кезеңдегі бағалы қағаздар мен валюта бағамдарының өзгеруін әрдайым жаба бермейді. Сондықтан инвестициялық кірістің мөлшерін объективті талдауды кем дегенде бір жылдық көрсеткіші бойынша жасаған жөн. Үнемі өзгеріп отыратын экономикалық орта жағдайында міндетті, міндетті кәсіптік және ерікті жарналар есебінен қалыптастырылып, ҚРҰБ басқаратын, соңғы 12 айда салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген зейнетақы активтерінің табыстылығы 2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 13,35% құрады. Бұл кезеңдегі инфляция мөлшері – 10,70%. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен сол кезеңдегі зейнетақы активтерінің кірістілігі 9,03% көрсетті.Орта және ұзақ мерзімді келешекте зейнетақы жинақтарының оң нақты (жинақталған инфляциядан асатын) табыстылығы қамтамасыз етіледі. Мәселен, 1998 жылы жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған сәттен бастап 2025 жылғы 1 мамырға дейін жинақталған инвестициялық кірістілік 968,60% болды, ал бүкіл кезеңдегі инфляция 875,10%. Сондай-ақ, Қазақстанда инфляция деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналарының сақталуына бірегей кепілдік берілетінін еске саламыз. Салымшының төлемге құқығы басталған кезде жинақталған кірістілігіне кері әсерін тигізген жекелеген кезеңдердегі кірістіліктің төмендеуі жағдайында айырманың өтемақысына мемлекет кепілдік береді.Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару мен есепке алу жүйесі толықтай ашық: әрбір салымшының enpf.kz сайтындағы немесе ұялы қосымшадағы жеке кабинетінен өзінің инвестициялық кірісін көруге мүмкіндігі бар. БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және олар орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат Қордың (www.enpf.kz) ресми сайтындағы «Көрсеткіштер/Инвестициялық қызмет» бөлімінде жарияланады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-beyneu/press/news/details/1015154?lang=kk
ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің 2025 жылғы 1 мамырдағы инвестициялық портфельдері 29.05.2025
"БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер - Инвестициялық қызмет" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі - ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебін ұсынды.2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша ҚРҰБ мен ИПБ-лардың басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі – 23 065,95 млрд теңге. Осы күнгі жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған, ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 22 630,73 млрд теңге[1] болды. ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – ЖМЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің көлемі – 372,84 млрд теңге. ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 62,38 млрд теңге. ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліҰлттық Банк БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушы ретінде теңгерімді инвестициялық саясатты ұстанады: валюталар, елдер, секторлар және эмитенттер бойынша қаржы құралдарының сан-алуан түрлеріне инвестициялайды.2025 жылғы 1 мамырға МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 43,14%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 9,09%, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 3,21%, ҚРҰБ депозиттері – 2,22%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 1,49%, МҚҰ - 1,37%.2025 жылғы 1 мамырға МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель мынадай: ұлттық валютадағы инвестициялар – 59,63%, АҚШ долларымен – 40,37%, басқа валютада - зейнетақы активтері портфелінің 0,01%.Алынған кірістің құрылымын талдаудан бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша және бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер – 590,71 млрд теңге. Сыртқы басқарудағы активтер бойынша бағалы қағаздарды, шетел валютасын нарықтық қайта бағалау теріс болып қалыптасты. Басқа кірістер – 4,32 млрд теңге. Табыстылықтың қысқа мерзімді ауытқуларына қарамастан, 2024 жылғы мамырдан бастап 2025 жылғы сәуірді қоса алғандағы соңғы 12 айда есептелген инвестициялық кіріс мөлшері шамамен 2,63 трлн теңгені құрады, осы кезеңдегі кірістілік – 13,35%, инфляция мөлшері - 10,70%. 2025 жылғы 1 мамырдағы ЖМЗЖ инвестициялау бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 77,98%, РЕПО операциялары – 15,94%, ҚРҰБ депозиттері – 6,08%.ЖМЗЖ есебінен инвестициялық портфель тек ұлттық валютада номиналданған қаржы құралдарынан тұрады. 2025 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша ЖМЗЖ есебінен зейнетақы активтерінің соңғы 12 айдағы кірістілігі 9,03% көрсетті. Зейнетақы жинақтары - ұзақ мерзімді инвестициялар. Сондықтан, инвестициялық кірістің мөлшерін кем дегенде бір жыл ішінде талдаған жөн. Қысқа мерзімді деректер (апталық, айлық және т.б.) көрсеткіш бола алмайды, өйткені олар нарықтық жағдайдың тұрақты түрде өзгеріп отыратын құбылмалылығына тәуелді. Кейбір құралдар бойынша алынған кіріс басқа құралдар бойынша уақытша шығындарды жабатын инвестициялық портфельді әртараптандыру зейнетақы жинақтарының ұзақ мерзімді келешекте сақталуын және орнықты табыстылығын қамтамасыз етеді. Соңғы 3 жылдағы инвестициялық кіріс тұрақты түрде өсіп, зейнетақы активтерінің кірістілігі инфляция деңгейінен асып түсті.ҚРҰБ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы және инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында берілген. Сондай-ақ, enpf.kz сайтында ЖМЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері бойынша портфель құрылымы туралы ақпарат орналастырылды. Инвестициялық портфельді басқарушыларИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 62,38 млрд теңгеден асады.01.05.2025ж. жағдай бойынша "Jusan Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен – 11,70 млрд теңге.Компанияның негізгі инвестициялары: Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 21,55%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің (ЕДБ) облигациялары – 18,88%, ҚР ҚМ МБҚ – 17,78%, РЕПО – 10,35%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 7,91%, МҚҰ - 6,22%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 6,03%, шет мемлекеттердің МБҚ – 4,75%. Атап кетейік, портфельдің 67,00% теңгемен, 31,58% - АҚШ долларымен, 1,42% - басқа валюталарда ұсынылған. 2025 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 16,42% болды."Jusan Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. 01.05.2025ж. жағдай бойынша "Halyk Global Markets" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 5,46 млрд теңге болды.Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар: "кері РЕПО" (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 22,90%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 14,26%, ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 12,87%, ҚР ЕДБ облигациялары – 11,45%, ҚР ұйымдарының корпоративтік облигациялары – 10,94%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 8,96%, шетелдік эмитенттердің үлестік құралдары (ETF пайлары) – 7,50%, Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған акциялар мен депозитарлық қолхаттар – 2,61%, шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар – 2,54%.Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 69,72%, АҚШ долларымен 30,28% тең.2025 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 16,74% болды."Halyk Global Markets" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. 01.05.2025ж. жағдай бойынша "BCC Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері - шамамен 6,17 млрд теңге.Инвестициялардың негізгі бағыттары: ҚР ЕДБ облигациялары – 26,20%, Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 19,17%, ҚР резидент-эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 16,62%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 11,01%, РЕПО – 9,19%, ҚР ҚМ МБҚ – 8,45%.Ұлттық валютадағы инвестициялар – портфельдің 75,77%, АҚШ долларымен 24,23%. 2025 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 17,45% болды."BCC Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. 01.05.2025ж. жағдай бойынша "Сентрас Секьюритиз" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 2,31 млрд теңге.ҚР ҚМ МБҚ-ға активтердің 21,17% инвестицияланды, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына – 19,94%, квазимемлекеттік ұйымдардың облигацияларына – 18,34%, ҚР ЕДБ облигациялары – 10,23%, АҚШ мемлекеттік облигациялары – 6,58%, РЕПО – 5,54%, ҚР резиденттері-эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына – 4,31%.Ұлттық валютада портфельдің 69,82%, АҚШ долларында – 30,18% инвестицияланды.2025 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 15,66% болды."Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. 2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша "Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 36,74 млрд теңге болды.Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялардың сипаты мынадай: ҚР ҚМ МБҚ – 25,23%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 14,12%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 10,87%, ҚР ЕДБ облигациялары – 11,78%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 10,04%, шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 7,30%, шет мемлекеттердің МБҚ – 6,48%, Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 6,77%. Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 60,20%, АҚШ долларында – 39,80% инвестицияланды.2025 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 16,49% болды."Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап салымшылар инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) сенімгерлік басқаруына міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 50%-дан аспайтын бөлігін ең төменгі жеткіліктілік шегін есепке алмастан бере алады. Ал ерікті зейнетақы жинақтары бар салымшыларға оны ИПБ-ға 100% көлемінде беруге құқылы. [1] зейнетақы жарналары мен төлемдер шоттарындағы ақшаны есепке алмағандаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhangeldi-audany-akimat/press/news/details/1007908?lang=kk
Туризмдегі заң мен тәртіп: Катон-Қарағай ұлттық паркінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды 29.05.2025
Ағымдағы жылы Шығыс Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі туризм саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізді. Талдау осы салада заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету, ашықтықты арттыру мақсатында жүргізілді.Талдау қорытындысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ШҚО бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Асылхан Ашиков Катон-Қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ұжымымен кездесу өткізді. Кездесу барысында жүргізілген талдау нәтижелерімен, оның ішінде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерімен таныстырып, оларды жою бойынша нақты ұсыныстар берілді.Талдау қорытындысы бойынша міндеттерді жосықсыз орындау, ашық емес рәсімдер және бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану үшін алғышарттар жасайтын факторлар анықталды. Кадрлармен қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі, туристерге рұқсат беру саласындағы бұзушылықтар, цифрландырудың әлсіздігі және ресурстарды тиімсіз пайдалану жағдайлары атап өтілді. Сондай-ақ туристік инфрақұрылымды қалпына келтіру және мемлекеттік қызметтер көрсетудің ашықтығын арттыру қажеттігіне назар аударылды.Берілген ұсынымдар анықталған бұзушылықтарды жоюға, бақылауды күшейтуге және саябақты басқарудағы ашықтықты арттыруға бағытталған. Ұсынылған шараларды іске асыру сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің деңгейін едәуір төмендетуге және туристік саланың тұрақты дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ШҚО бойынша Департаменті сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қоғамда адалдық, ашықтық және әділдік қағидаттарын қалыптастыру бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда.#Заң_мен_тәртіп#ЗАҢменТӘРТІПАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-vko/press/news/details/1007226?lang=kk
Көмектесу үшін бірігеміз! 29.05.2025
🕘 30 мамыр күні сағат 17:00 – де Қазақстанның барлық ірі қалаларында бір мезгілде «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» республикалық акциясы басталады!❓ Егер құқық жөнінде сұрақтарыңыз болса және ол жайында сауатты консультация алғыңыз келсе, ҚР үздік сарапшыларынан консультация алу мүмкіндігін пайдаланыңыз.«Халық заңгері» - мемлекеттік орган өкілдерінің, жетекші заңгерлердің, ҚР адвокаттарының халыққа заң бойынша тегін көмек көрсетуі.💼Акция ҚР Үкіметінің қолдауымен өткізіледі, ұйымдастырушылар - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ҚР Әділет министрлігі, Zakon.kz желілік басылымы, "Параграф" ақпараттық жүйесі, Республикалық адвокаттар алқасы, мемлекеттік билік органдары, Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары.📍 Мекен - жайы:Алматы қ., Достық даңғылы 85А "Caspian University".Алматы қ., Құрманғазы көшесі 107 «Қонаев университеті».Толығырақ ақпарат алу үшін: 👉 https://lp.prg.kz/kk/narod-jur-2025/🛡️ Заңгерлердің білікті көмегін қажет ететін азаматтарды күтеміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-almaty/press/news/details/1007242?lang=kk
Шахмет Құсайынов атындағы қазақ музыкалық-драма театры 28-інші маусымын Төлен Әбдіктің «Өтелмеген парыз» драмасымен салтанатты түрде жабылу рәсімі өтті. 29.05.2025
28-інші театр маусымында «Ар.Рух.Муза», «Тақ.Кек.Қуыршақ» дара-толғаулар, Ұлы Жеңістің 80-жылдығына орай «Соңғы хат» спектакль-концерті, «Өтелмеген парыз» драмасы, «Алдар», «Ортеке туралы аңыз», «Бремен музыканттары» атты ертегілер мен театрландырылған концерттік бағдарламалар ұсынып, барлығы 9 премьераның тұсауы кесіліп, көрерменнің қошеметіне бөленді.Шахмет Құсайынов атындағы қазақ музыкалық-драма театры Қостанай, Қарағанды және Ақмола облыстарында «Ән аты–Нурикамал», «Алаш», «Алдаспан» драмалары мен балаларға арналған «Байқа балақай», «Бремен музыканттары» қойылымдарымен гастрольдік сапарда болды.28 театр маусымы сахна майталмандары үшін табысты жыл болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Мәдениет қайраткері» Қайрат Мырзаболатовқа «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағын табыстады. Халық әртісі Бағысова Жібек Есекеқызы «Ақмола еңбек озаты» төсбелгісімен, «Мәдениет қайраткері» Құсайынова Жанар Сатубайқызы «Дара» төсбелісімен, тігін цехының меңгерушісі Бекентаева Ботагөз Қабешқызы мен сахна технигі Кулмаганов Тұрғынбек Нәбиұлы «Еңбек даңқы» төсбелгісімен және талантты актриса Шайсұлтанова Әсем Берікқызы облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды.Құрметті театр майталмандары! Әрдайым барша көрермендер қошеметіне бөленіп, алғыстарын алып, биік белестерден көріне беріңіздер!«Театр ұжымына қажырлы еңбегі үшін зор алғысымды білдіремін. Баршаңызға керемет жазғы демалыс тілеймін», - деп театр маусымының жабылу салтанатында Айгүл Сәбитова құттықтады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-madeniet/press/news/details/1007168?lang=kk
«Кітапханалардың есеп беру қызметі» облыстық семинар-практикумы өтті 29.05.2025
29 мамырда «Ақмола облысының кітапханаларын дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған бағдарламасы» жобасын талдау және әдістемелік қызметтер жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында «Кітапханалардың есеп беру қызметі» облыстық семинар-практикумы өтті.Іс-шара мамандардың қажетті біліктілік деңгейін қолдау және кітапханалардың кәсіби әлеуетін тиімді пайдалану үшін жағдай жасауға бағытталған.Қатысушыларға Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы А.Б. Сәбитова және М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Қ.Е.Оспанов құттықтау сөз сөйледі.Семинар бағдарламасы салтанатты және мазмұнды бөліктерді қамтыды. Іс-шараның салтанатты бөлімінде 2024 жылдың қорытындысы бойынша үздік ОКЖ, «Рухани қазына-2025» байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау, Ақмола облысы мемлекеттік желі кітапханашыларын АО мәдениет басқармасының және М. Жұмабаев атындағы АОӘҒК алғыс хаттарымен марапаттау өтті.Семинар-практикумның мазмұндық бөлігінде аудитория екі секцияға бөлінді: біріншісі ОКЖ директорларын «Ақмола облысының кітапханаларын дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған бағдарламасы» жобасын талқылау, екінші секцияда өңірдің әдістемелік қызметтері үшін цифрлық және мәтіндік есептерді құрастыру бойынша оқыту шеберлік сабақтары өтті.Іс-шараға қатысушылардың қатарында 17 аудандық және үш қалалық ОКЖ өкілдері, Ақмола облысы мемлекеттік желі кітапханаларының құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері бар. Семинар-практикум бағдарламасының ұйымдастырушысы және әзірлеушісі Жұмабаев атындағы АОӘҒК болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-madeniet/press/news/details/1007172?lang=kk
Уважаемые участники ВЭД! 29.05.2025
Құрметті СЭҚ қатысушылар!Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті танысу үшін «Сұйытылған мұнай газын тасымалдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 13.05.2025ж. № 202 бұйрығын орналастырады.Бұйрықта көрсетілген жағдайларды қоспағанда, көрсетілген бұйрықпен Қазақстан Республикасының аумағынан алты ай мерзімге автомобиль және темір жол көлігімен сұйытылған мұнай газын (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2711 12 970 0), пропанды (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2711 12 940 0) және бутанды (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2711 13 970 0) әкетуге тыйым салынды. Бұйрық 2025 жылғы 14 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.Қосымша: 6 парақта. Кедендік бақылау басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1006965?lang=kk
“Бала деген бір бақыт” атты кітапханаға саяхат. 29.05.2025
28 мамыр күні Абай атындағы орта мектебінің балабақшасынан кішкене бүлдіршіндері “Бала деген бір бақыт” атты кітапханаға саяхат жасады. Саяхаттың мақсаты:балалардың жеке қасиеттерін дамыту, тақпақ, өлең, әндерді нақышына келтіре айтуды үйрету. Бір - бірін сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпай ұстауға жетелеу. Болашақ ұрпағымыз білімді, ақылды болуына тілектеспіз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-bastaushy/press/news/details/1007163?lang=kk
Президенттік жастар кадрлық резервіне түсу үшін жастар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысы 29.05.2025
2025 жылдың 29 мамырында Қостанай облысы Әділет департаментінің қызметкерлері Президенттік жастар кадр резервіне іріктеуді ақпараттық сүйемелдеу мақсатында қоғамдық орындарда, мемлекеттік мекемелерде, кітапханаларда, сауда орталықтарында буклеттер орналастырды, сондай-ақ жастарды іріктеуге қатысуға шақыру туралы халыққа ақпарат таратты.1 маусымнан бастап Президенттік жастар кадрлық резервіне кезекті іріктеу басталады.Іріктеу мемлекеттік аппараттың салалық кадрларға қажеттілігін ескере отырып жүргізілетін болады және келесі 6 бағытты қамтиды: әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам; инфрақұрылымды дамыту; өнеркәсіп және сауда саясаты; экономикалық және қаржы саясаты; цифрландыру; агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау, сыртқы саясат және инвестициялар.Үміткер тіркеу кезінде көрсетілген салалық бағыттардың бірін таңдауы керек.Резервке кіруге үміткерлер бірқатар талаптарға сай болуы керек, соның ішінде:- жасы 35 жастан аспайды,- Қазақстан Республикасының азаматтығы,- жоғары білімнің болуы,- белгілі бір жұмыс тәжірибесі,- мемлекеттік тілді білу В1 деңгейінен төмен емес.Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі болу үшін 6 кезеңнен тұратын кешенді іріктеуден өту қажет.Құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 1-30 маусым аралығында арнайы сайтта pkrezerv.gov.kz онлайн-режимде жүзеге асырылады. Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1007164?lang=kk
«Қазақстан Республикасы – Еуропалық Одақ» кедендік ынтымақтастық жөніндегі кіші комитетінің 8-отырысы Астанада өтті 29.05.2025
Астана, 2025 жылғы 27 мамыр — Қазақстан астанасында Қазақстан Республикасы мен Еуропалық одақ арасындағы Кедендік ынтымақтастық жөніндегі кіші комитеттің 8-отырысы өтті. Іс-шара тараптар арасында жасалған Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісім (КӘЫК) шеңберінде ұйымдастырылды. Қазақстан тарапынан делегацияны ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы Ануар Узакбаев басқарды. Еуропалық тараптан Еуропалық комиссияның Салық салу және кеден одағы жөніндегі Бас директораттың халықаралық қатынастар жөніндегі директоры Маттиас Петшке төрағалық етті. Отырыс барысында тараптар кеден саласындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен болашағын талқылап, цифрландыру, құқық қолдану және кедендік әкімшілендірудің тиімділігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударды. Кездесу қорытындысы бойынша келесі бірлескен жұмыс бағыттары келісілді: - Қазақстандағы экономикалық операторлармен ЕО кеден заңнамасындағы соңғы жаңартулар бойынша онлайн немесе офлайн форматта кездесулер өткізу; - Алдын ала ақпарат алмасу туралы келісім жасау; - Құқық қолдану саласында тәжірибе алмасу; - Кедендік әкімшілендіруде жасанды интеллект қолдану, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, «Бір терезе» жүйесін енгізу және шекарада мобильді кедендік топтар арқылы бақылау жүргізу сияқты тақырыптар бойынша оқыту курстарын ұйымдастыру. Тараптар Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін және халықаралық сауданы жеңілдетуге, ашықтық пен қауіпсіздікті арттыруға бағытталған ортақ бастамаларды ілгерілетуге деген өзара мүдделілікті растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1007167?lang=kk
Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында балалар үйінің тәрбиеленушілері ХҚКО-ға келді 29.05.2025
Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» республикалық онкүндігі аясында Өскемен қаласындағы №3 Халыққа қызмет көрсету орталығына «Үміт» балалар үйі мен «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылының» тәрбиеленушілері қонаққа келді. Бұл сапар «Кибер Тұмар» күніне орай ұйымдастырылып, балаларды заманауи цифрлық технологиялармен және мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктерімен таныстыруға бағытталды.«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының қызметкерлері жас қонақтар үшін ХҚКО-да таныстыру экскурсиясын ұйымдастырып, мекеменің негізгі жұмыс бағыттары туралы жан-жақты ақпарат берді. Олар мемлекеттік қызметтерді алу үдерісін қалайша заманауи цифрлық технологиялар арқылы ашық, ыңғайлы және қолжетімді етуге болатынын көрсетті.Экскурсия барысында балаларға Халыққа қызмет көрсету орталықтарының бірнеше аймаққа бөлінетіні түсіндірілді, мысалы: қызмет көрсету, жылдам қызмет көрсету, құжаттау, жайлылық аймақтары. Бұл клиенттерге қызмет көрсету процесін сұраныс түріне, мәселенің күрделілігіне және басқа да параметрлерге қарай тиімді әрі жылдам жүргізуге мүмкіндік береді. Балалар әсіресе өзіне-өзі қызмет көрсету аймағына ерекше қызығушылық танытты, бұл жерде кез келген тұрғын оператордың көмегінсіз өз бетінше қызмет ала алады. Сонымен қатар, оларға электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) деген не екені және кибергигиенаның негіздерін сақтау не үшін маңызды екені түсіндірілді.«Бүгінгі таңда цифрлық технологиялар әр адамның өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Балалар тек оны қолдана біліп қана қоймай, сонымен қатар цифрлық кеңістікте қауіпсіздік пен жауапкершіліктің маңызын түсінулері өте маңызды. Мұндай іс-шаралар цифрлық сауаттылықтың берік негізін қалауға көмектеседі деп есептеймін», — деді Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиал директоры Азамат Есембулов.Іс-шара соңында балаларға Мемлекеттік корпорация қызметі мен интернеттегі қауіпсіз мінез-құлық негіздеріне арналған шолу курсын өткендігі туралы сертификаттар табысталды. Айта кетейік, іс-шара ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1006976?lang=kk
«Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу саласы» 29.05.2025
«Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2025 жылдың 28 мамырында Қостанай облысы Әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің басшысы Азамат Султанов «Алау» телеарнасы «Көкейтесті сұхбат» бағдарламасында «Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу саласы» тақырыбы төңірегінде сұхбат берді.Сілтеме: https://youtu.be/Hdjyka4MzEQ?si=uy2LrpkQr4ObgiV0 Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1006987?lang=kk
БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы делегациясының Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетіне сапары туралы 29.05.2025
2025 жылғы 28 мамырда Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Төрағасы Сәбит Нұрлыбай Ауғанстандағы, Орталық Азиядағы, Ирандағы және Пәкістандағы БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының (БҰҰ ЕҚБ) өңірлік өкілі Оливер Штолпемен, сондай-ақ Қазақстандағы БҰҰ ЕҚБ Бағдарламалар офисінің басшысы Мөлдір Сариевамен кездесті.Кездесу барысында делегацияға Комитеттің енгізілген бірегей ақпараттық және талдау жүйелері ұсынылды, соның арқасында қылмыстық процестің өтінішті тіркеуден бастап жазаны орындауға дейінгі барлық кезеңдері цифрландырылған.Тараптар БҰҰ ЕҚБ тарапынан ықтимал ынтымақтастық және бағдарламалық қолдау шеңберінде Комитеттің басым бағыттары мен өзекті қажеттіліктерін талқылады.Қонақтарға Комитет базасында іске қосылған синтетикалық есірткі өндірісінде әлеуетті пайдаланылатын прекурсорлардың, химиялық заттар мен жабдықтардың айналымын мониторингтеу жөніндегі Ұлттық ведомствоаралық орталығы — «Таргетинг» пилоттық жобаның жұмысымен танысуға ерекше көңіл бөлінді. Сапар соңында Оливер Штолпе Комитет іске асыратын қадағалау және құқық қорғау қызметі процестерін цифрландырудың жоғары деңгейін атап өтті.БҰҰ ЕҚБ делегациясы өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша ұйымдастырылған қабылдау және ұсынылған толық ақпарат үшін ризашылығын, сондай-ақ одан әрі ынтымақтастыққа дайын екенін білдірді.Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pravstat/press/news/details/1007026?lang=kk
Қазақстан Республикасының Елшісі IPRI конференциясына қатысты 29.05.2025
Исламабад, 2025 жылғы 27 мамыр – Исламабад саяси зерттеулер институты (IPRI) Оңтүстік және Орталық Азия үшін «Шығыс – Батыс» дәлізінің жүзеге асырылу мүмкіндігін бағалауға арналған кітаптың тұсаукесеріне арналған конференция ұйымдастырды. Аталған кітап IPRI мен RAND корпорациясы (АҚШ) арасындағы бірлескен ғылыми зерттеудің нәтижесі болып табылады.Конференцияның құрметті қонақтары ретінде Пәкістанның Жоспарлау, даму және арнайы бастамалар жөніндегі федералдық министрі Ахсан Икбал және Қазақстан Республикасының Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин шақырылды.Іс-шара барысында аймақтық инфрақұрылым, өзара байланыстылық, сондай-ақ сауда-экономикалық салада өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған көлік-логистикалық дәліздерді дамыту мәселелері талқыланды.Өз сөзінде Елші Е. Қыстафин бұл бағытта Қазақстанда жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндап, еліміздің көлік-логистикалық бағыттарды дамытуға басымдық беріп отырғанын атап өтті. Бұл бағыттар Қазақстанды әлемдегі теңізге шыға алмайтын ең ірі елден өңір елдерін, соның ішінде Пәкістан арқылы да байланыстыратын маңызды транзиттік хабқа айналдыруды көздейді.Елші Исламабадта өткен Қазақстан-Пәкістан үкіметаралық бірлескен комиссиясының 13-отырысының қорытындылары туралы мәлімет берді. Сонымен қатар, Қазақстан, Түрікменстан, Ауғанстан және Пәкістан арқылы өтетін Транс-Ауған теміржолын салу жөніндегі бастама туралы айтты. Бұл бастама Пәкістанның теңіз порттарына шығуды қамтамасыз етіп, Парсы шығанағы, Африка және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен ынтымақтастықты дамытуға жол ашады.Сондай-ақ, Қазақстан мен Пәкістан арасындағы көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтудің маңыздылығын атап өтті. Бұл Оңтүстік және Орталық Азия арасындағы өңірлік сауданы жандандыруға және құрлықтар арасындағы байланысты нығайтуға, екіжақты серіктестікті жаңа сапалы деңгейге шығаруға септігін тигізеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1007040?lang=kk
Алматы облысы Қытаймен әріптестікті нығайтуда 29.05.2025
Алматы облысы Қытай Халық Республикасымен стратегиялық әріптестікті нығайтып келеді. 2025 жылғы 21–26 мамыр аралығында облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің басшылығымен өңір делегациясы Пекин, Шанхай, Ханчжоу және Цзинань қалаларында болды. Сапар бағдарламасына халықаралық көрмеге қатысу, бизнес-форум өткізу, мәдени шаралар ұйымдастыру және Қытайдың мемлекеттік органдары мен іскер топтарының өкілдерімен екіжақты кездесулер кіреді.Пекинде өткен халықаралық көрмеде Алматы облысының 12 компаниясы 150-ден астам өнім түрін – азық-түліктен бастап биологиялық белсенді қоспалар мен сусындарға дейін – ұсынды. Қазақстандық өнімдер жоғары сапасы мен табиғи құрамының арқасында қытайлық дистрибьюторлардың қызығушылығын тудырды. Бұл көрме өңір брендтерін Қытай нарығына шығару мен тікелей экспорттық байланыстар орнатудың тиімді алаңына айналды.Пекинде Қазақстанның Халық әртісі, көрнекті композитор Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған халықаралық мәдени кеш өтті. Шарада «Сазген», «Құлансаз» халық музыка ансамбльдері, Алматы облысының танымал орындаушылары мен шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті. Композитордың шығармашылығы әлем сахнасында қазақстандық мәдениеттің бай мұрасы ретінде таныстырылды.Сапар аясында инвестициялық және өндірістік ынтымақтастықты нығайтуға ерекше көңіл бөлінді. Облыс әкімі қытайлық бизнес пен мемлекеттік құрылымдар өкілдерімен бірқатар келіссөздер жүргізді. Атап айтқанда, Пекин қалалық ХҚКК төрағасының орынбасары Ван Хонгпен кездесіп, ауыл шаруашылығы, логистика, жасыл энергетика және жоғары технологиялар салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыру перспективалары талқыланды. «Бір белдеу — бір жол» бастамасы аясында Алматы облысының транзиттік және өндірістік торап ретіндегі рөліне ерекше назар аударылды.2025 жылғы 22 мамырда облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев Шанхай қаласының мэрі Гун Чжэнмен ресми кездесу өткізді. Келіссөздер барысында Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 33 жыл толуына орай екіжақты ынтымақтастықты тереңдету мәселелері талқыланды. Әкім Алматы облысының қазақ-қытай серіктестігін дамытудағы стратегиялық рөлін атап өтіп, Шанхаймен тұрақты даму мен цифрлық трансформация үлгісі ретінде ынтымақтастық орнатуға мүдделі екенін жеткізді.Маңызды кездесулердің бірі – логистикалық алпауыт YTO Express компаниясының басшылығымен өткен келіссөздер болды. Кездесу барысында облыс аумағы арқылы өтетін көлік бағыттарын дамыту мәселелері қаралды. Сонымен қатар делегация күн энергетикасы саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі – Astronergy компаниясының өндірістік қуаттарымен танысып, Қазақстанда өндірісті локализациялау және жаңартылатын энергия көздері бойынша бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндігін талқылады.Келіссөздер нәтижесінде Zhuhai Shixi Technology, Wanjia Hotel Group, AT Partner, Jinxiang Investment Group және басқа да қытайлық компаниялармен меморандумдарға қол қойылды.Келісілген жобалар қатарында — Көлсай көлінде аспалы жол салу, сондай-ақ туризм, тамақ өнеркәсібі, жаңартылатын энергия көздері мен ақпараттық технологиялар салаларындағы бірлескен бастамалар бар.2025 жылғы 23 мамырда Цзинань қаласында өткен ірі бизнес-форумға 300-ден астам қатысушы мен 124 компания жиналды. Форумда экспорт-импорт қатынастары, технологияларды дамыту, құрылыс материалдарын өндіру, көлік инфрақұрылымы және энергетика мәселелері талқыланды. Іс-шараға жылдық айналымы 1 миллиард юаньнан асатын оннан астам корпорация қатысты. Форум Қазақстан мен Қытай кәсіпкерлері арасындағы іскерлік байланысты кеңейтуге маңызды алаң болды.Сапардың қорытындысында делегация Шаньдун провинциясының губернаторы Чжоу Найсянмен кездесті. Кездесуде екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мәселелері қозғалды. Қазіргі таңда Алматы облысында қытайлық капиталдың қатысуымен 143 кәсіпорын жұмыс істейді. Қытаймен тауар айналымы 2023 жылы 1,082 млрд долларды, 2024 жылы 1,023 млрд долларды құрады. Шаньдун провинциясы сауда, инвестиция және мәдениет салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыруда өңірдің басты серіктестерінің бірі ретінде қарастырылады.Сапар қорытындысы бойынша Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қытаймен өзара іс-қимыл жаңа деңгейге көтерілгенін атап өтті:«Алматы облысы жасыл энергетика мен туризмнен бастап логистика және агроөнеркәсіп кешеніне дейінгі барлық негізгі бағыттар бойынша ынтымақтастықты тереңдетуге дайын. Қол қойылған келісімдер мен жасалған уағдаластықтар қытайлық әріптестер тарапынан жоғары сенім деңгейін көрсетеді. Біз бірлескен жұмысқа ашықпыз және нақты нәтижеге бағытталғанбыз».Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1007063?lang=kk