Әлем
Конституциялық реформа – қоғамдық сананы жаңғыртудың өзегі 13.02.2026
Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде «Конституциялық реформа: қоғамдық диалог және Президенттің жаңа бастамалары» тақырыбында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын түсіндіруге арналған дөңгелек үстел өтті.Іс-шараға университеттің профессор-оқытушылар құрамы қатысып, ел болашағына тікелей әсер ететін конституциялық өзгерістерді жан-жақты талқылады. Жиынға университеттің Басқарма мүшесі, Стратегиялық даму және әлеуметтік істер жөніндегі проректор Баршагүл Исабек модераторлық етті.Модератор өз сөзінде Конституциялық реформаның мәні тек құқықтық өзгерістермен шектелмейтінін атап өтті. Оның айтуынша, бұл бастама қоғамдық сананы жаңғыртуға, азаматтық жауапкершілікті арттыруға және мемлекеттік басқарудың жаңа моделін қалыптастыруға бағытталған.Дөңгелек үстел барысында қатысушылар жаңа Конституция азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғауға, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті нығайтуға және демократиялық институттарды дамытуға негізделгенін ерекше атап өтті. Сонымен қатар, Ата Заң жобасының ашық қоғамдық талқылау арқылы әзірленіп, халық тарапынан түскен ұсыныстардың ескерілгені реформаның басты артықшылықтарының бірі ретінде бағаланды.Ғалымдардың пікірінше, Конституция жобасына «Білім. Ғылым. Инновация» бағыттарының енгізілуі – стратегиялық тұрғыдан маңызды қадам. Бұл – мемлекеттің дамуы табиғи ресурстарға емес, адами капиталға, білімді әрі бәсекеге қабілетті ұрпаққа сүйенуі тиіс екенін айқындайтын түбегейлі бетбұрыс. Осыған байланысты Конституция мазмұны мен маңызын жастарға кеңінен әрі түсінікті түрде жеткізу – негізгі міндеттердің бірі екені атап өтілді.Жаңа редакциядағы Конституцияның тағы бір маңызды бағыты – цифрландыру. Алғаш рет азаматтардың құқықтарын цифрлық ортада қорғау жөніндегі нормалардың бекітілуі заманауи талаптарға сай шешім ретінде бағаланды. Бұл жеке деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және цифрлық кеңістіктегі құқықтық қорғауды күшейтуге бағытталған.«Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы Ақмарал Байдлаева өз баяндамасында Конституцияның жаңа редакциясының басты ерекшелігі – адам құқықтарына бағдарлануы екенін атап өтті.– Адам құқықтары мен бостандықтары жаңа Преамбулада ғана емес, бүкіл Конституцияның мағыналық өзегі әрі негізгі басымдығы ретінде айқындалды. Бұл елдің құндылықтық бағдарларын нақтылап, құқық үстемдігін нығайтуға жол ашады. Сонымен қатар, ұсынылып отырған өзгерістер қатарында бірқатар институционалдық жаңашылдықтар бар. Атап айтқанда, бір палаталы парламент моделіне көшу, вице-президент лауазымын енгізу, сондай-ақ халық өкілдігін күшейту мақсатында Конституциялық халық кеңесін құру көзделіп отыр. Бұл бастамалар мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге және азаматтардың билікке қатысу тетіктерін кеңейтуге бағытталған, – деді спикер.Қатысушылар Конституциялық реформаның тарихи маңызына тоқталып, оны ел дамуының жаңа кезеңіне бастайтын маңызды қадам ретінде бағалады.Жиын қорытындысында дөңгелек үстел Конституциялық реформаның мазмұнын терең түсіндіруге мүмкіндік берген, ғылыми қауымдастықтың ортақ пікірлері талқыланған ашық диалог алаңы болғаны атап өтілді. Жаңа Конституция әділетті, заманауи және адамға бағдарланған мемлекет құру жолындағы берік негіз екені жиын барысында айқындалды.Сондай-ақ қатысушылар жаңа Конституцияның ел тағдыры үшін айрықша маңызын ерекше атап өтіп, оған толық қолдау бірлдірді.
«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Коалициясы құрылды 13.02.2026
Бүгін елордада еліміздің жетекші қоғамдық-саяси күштері «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» атты Жалпыұлттық коалицияға бірікті. Оның құрамына бес жетекші саяси партияның өкілдері мен миллиондаған азаматтың мүддесін білдіретін 300-ден астам қоғамдық ұйым енді.Отырысқа қатысушылар Жаңа Конституция жобасы саяси жүйе архитектурасын қоғамның жаңа сұранысына сай түбегейлі қайта жаңғыртатынын атап өтті. Бұл биліктің барлық тармағының тұрақты жұмысын қамтамасыз етеді.Мәжіліс Спикері, Жалпыұлттық Коалиция Жетекшісі Ерлан Қошанов атап өткендей, Жаңа Конституция – шын мәнінде тарихи құжат. Онда ең алдымен адамға басымдық беріліп, мемлекеттің басты байлығы жер қойнауындағы ресурстар емес, білімді жас ұрпақ екені айқындалды. Бұл – Президент қолға алған ауқымды өзгерістердің алтын арқауы. Енді ол ең жоғары конституциялық деңгейде бекітілуде.«Қазақстанның жаңа Конституциясы – осы іргелі реформалардың шырқау шыңы. Бұл – Президентіміздің жылдар бойғы ой-толғамдарының жемісі. Халықтың мұң-мұқтажы, талап-тілегі мен үміт-сенімі ұштасқан тарихи құжат. Сондықтан Жаңа Конституция халықпен бірге жазылған – нағыз Халықтық Конституция деуге толық негіз бар. Біз келер ұрпаққа әр азамат мақтан тұтатын, Өркендеген, Әділетті Қазақстанды қалдыруымыз керек. Бәрімізді біріктіретін осы асқақ арман. Сол арманға – Әділетті әрі Прогрессивті Қазақстанға Президентімізбен бірге жетейік», – деді ол.Өз сөзінде Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Жаңа Конституцияның маңызына тоқталды: «Қазақстан болашақта азаматтары білімді, ғылымды меңгерген, инновацияға арқа сүйеген, технологиясы дамыған елдердің қатарында болуға ұмтылатынын байқатты. Сондықтан, бұл елдің өркендеуіне жаңа серпін беретін Конституция», – деді ол.Сондай-ақ отырыс барысында «Ауыл» партиясының Төрағасы Серік Егізбаев, «Ақ жол» Қазақстан Демократиялық партиясының Төрағасы Азат Перуашев, «Respublica» партиясының Төрағасы Айдарбек Қожаназаров, Мәжілістегі Қазақстан Халық партиясы фракциясының жетекшісі Магеррам Магеррамов, Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Ерлан Саиров, Үнзила Шапақ және Сергей Пономарев сөз сөйледі.Сонымен қатар «АгромашХолдингKZ» АҚ Президенті Динара Шүкіжанова, Республикалық адвокаттар алқасының Төрағасы Мәди Мырзағараев, саясаттанушы Марат Шибұтов, «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының Президенті Рауан Кенжеханұлы өз ұстанымдарымен бөлісті.Кездесуге қатысушылар Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің саяси жүйесін одан әрі жаңғыртуға, әлеуметтік кепілдіктерді нығайтуға, кәсіпкерлікті қолдауға, ғылымды, мәдениетті және ұлттық құндылықтарды дамытуға бағытталған стратегиялық бағдарға толық сәйкес келетінін атап өтті.Сонымен қатар мемлекет институционалдық өзгерістер жолында маңызды кезеңнен өткені атап өтілді: «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласы нығаюда, Конституциялық Сот жұмыс істеуде, заңсыз шығарылған активтер мемлекетке қайтарылуда, ұлттық ресурстарды әділ бөлу қағидаты күшейтілуде. Бұл барлық шешім әділдік, теңдік және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік құндылықтарына негізделді.Жаңа Негізгі заң қоғамдағы терең өзгерістер мен дүниетанымы жаңарған, мемлекетке жоғары талап қоятын жаңа буынның қалыптасуына жауап ретінде қабылданғаны атап өтілді. Осы үміттердің өзегінде адалдыққа, заң үстемдігіне, адамның қадір-қасиетіне деген құрметке және адам құқығына кепілдік беруге деген сұраныс жатыр. Жаңа Конституция осы қоғамдық талаптарға айқын әрі нақты жауап береді.Сондай-ақ Негізгі заң жобасы қоғаммен ашық әрі ауқымды диалог аясында әзірленгені айтылды. Конституциялық комиссия жұмысы жария түрде, тікелей эфирде және тұрақты кері байланыс орната отырып жүргізілді. Осы уақыт аралығында азаматтардан, сарапшылардан, кәсіби қауымдастықтардан және түрлі сала өкілдерінен 10 мың ұсыныс пен өтініш келіп түсті. Олардың әрқайсысы құжатты әзірлеу барысында қаралып, ескеріліп отырды.Сөз сөйлеген барша азамат осы шешуші кезеңде Жаңа Конституцияны қабылдаудың тарихи маңызын қалың жұртшылық арасында ілгерілету үшін қоғамдағы жетекші күштерді біріктірудің маңызын атап өтті.Коалиция құрамына саяси партиялардың орталық және өңірлік құрылымдары, республикалық қоғамдық бірлестіктер, Парламент және мәслихат депутаттары, ғылыми және сарапшылық қауымдастық өкілдері, мәдениет және спорт қайраткерлері, кәсіподақ ұйымдары, салалық қауымдастықтар мен жастар бірлестіктері кірді.Жуырда Коалиция мүшелері өңірлерде түсіндіру жұмысын бастайды. Алдағы референдум қарсаңында ашық диалог пен азаматтардың саналы түрде қатысуын қамтамасыз ету мақсатында еңбек ұжымдарымен, сарапшылар қауымымен және тұрғындармен кездесу өткізу жоспарланып отыр. Соның ішінде шалғай елді мекендер де назардан тыс қалмайды. Себебі әрбір қазақстандық азаматтың дауысы аса маңызды.
Алматы облысында жаңа Конституцияны қолдайтын өңірлік коалиция құрылды 13.02.2026
«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясын құру жөніндегі республикалық бастама аясында Алматы облыстық коалициясы құрылды.Облыста коалиция құрамына 300-ден астам адам кірді. Олардың қатарында мәслихат төрағалары мен депутаттары, саяси партия филиалдарының жетекшілері, заңгерлер, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сарапшылар, кәсіподақ және жастар бірлестіктерінің мүшелері бар.Өңірлік коалиция жетекшісі Қуат Байғожаевтың айтуынша, коалицияның басты мақсаты – Конституциялық өзгерістердің мән-маңызын тұрғындарға кеңінен түсіндіру, қоғамдық пікір алмасу алаңдарын ұйымдастыру және реформаларды қолдауға бағытталған бірлескен іс-шараларды өткізу.«Жаңа Конституция саяси жүйені жаңғыртуға бағытталған. Құжатты әзірлеу барысында азаматтар мен сарапшылардан мыңдаған ұсыныс түсті. Бұл оның ашық форматта дайындалғанын көрсетеді. Өңірде біз халықпен кездесулер өткізіп, негізгі өзгерістер туралы ақпарат береміз», – деді Қуат Байғожаев.Алатау қалалық коалиция жетекшісі Роза Абилова да Негізгі заң жобасының маңызына тоқталды.- «Құжатта азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселесіне ерекше мән берілген. Сонымен қатар мемлекеттік институттардың тиімділігін арттыру көзделген. Сондықтан тұрғындардың референдум қарсаңында ұсынылып отырған өзгерістермен танысуы маңызды», – деді Роза Абилова.Өңірлік коалиция алдағы уақытта облыс аумағында ақпараттық-түсіндіру кездесулерін, ашық диалог алаңдарын және қоғамдық талқылауларды ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар шалғай елді мекендердегі тұрғындармен де кездесулер өткізу көзделген.Айта кету керек, жаңа Конституция бойынша республикалық референдум 15 наурызда өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1161422?lang=kk
«Ұлттық қор - балаларға» 13.02.2026
Баламның «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасына қатысушы екенін қалай тексеруге болады?БЖЗҚ-ның kids.enpf.kz сайтындағы «Қатысушыны іздеу» бөлімінде баланың ЖСН-ін енгізіп, «Тексеру» батырмасын басыңыз.Нәтижесінде баланың қай есепті жылдан бастап бағдарламаға қатысушы екені және жинақталған мақсатты талаптардың жалпы сомасы көрсетіледі. Нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтардың айырмашылығы неде?Нысаналы талаптар – Үкіметтің Қазақстан Республикасының 18 жасқа толмаған азаматтары алдындағы міндеттемелері. Олар Ұлттық қордың инвестициялық кірісінің 50%-ы есебінен жыл сайын қалыптастырылады.Нысаналы талаптардың есебі БЖЗҚ-да жүргізіледі, бірақ активтер Ұлттық қор активтерінің құрамында қалып, инвестициялануын одан әрі жалғастырады және оларға жыл сайын қосымша инвестициялық кіріс есептеледі.Нысаналы жинақтар – Қазақстан Республикасының нысаналы жинақ алуға құқығы бар 18 жасқа толған алушы-азаматының нысаналы жинақтау шотында жинақталған нақты ақша.Бала 18 жасқа толғанда оның нысаналы талаптары нысаналы жинаққа айналады. Олар бағдарламаның әрбір қатысушысының БЖЗҚ-дағы нысаналы жинақтау шотында АҚШ долларымен есептеледі және сақталады. Нысаналы жинақтар Ұлттық қордан БЖЗҚ-ға түскеннен кейін инвестициялана ма?БЖЗҚ-дағы нысаналы жинақтау шоттарына есептелген нысаналы жинақтар қаржы құралдарына инвестицияланбайды. Олар АҚШ долларында сақталады және нысаналы жинақ алушылар немесе олардың мұрагерлері пайдалана алады. Бір отбасының балалары нысаналы жинақтарын тұрғын үйге және емделуге берілетін біржолғы зейнетақы төлемдері сияқты бір-біріне бере ала ма?Қолданыстағы заңнамада тұрғын үй жағдайларын жақсарту немесе білім алуға ақы төлеу мақсатындағы нысаналы жинақ төлемдерін жақын туыстарының пайдасына беру көзделмеген.Менің балама БЖЗҚ-да шот ашылды және оның нысаналы жинақтары да аударылды. Бұл қаражатты кім пайдалана алады?Сіздің балаңыз 18 жасқа толғаннан кейін нысаналы жинақтарын екі мақсатқа – тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және (немесе) білім беру ақысын төлеуге өз бетінше пайдалану құқығына ие болады. Ол үшін балаңызға Уәкілетті операторларға өтініш беру қажет. Бүгінгі күні уәкілетті оператор-банк ретінде:"Отбасы банк" АҚ (тұрғын үй және білім алу),"Халық банкі" АҚ (білім алу),"Банк ЦентрКредит" АҚ (білім алу) тіркелген. Ата-аналар жинақтарды тексере ала ма?Кәмелетке толмаған баланың ата-аналары немесе заңды өкілдері өз баласына Бағдарлама аясында жасалған есептеулерді kids.enpf.kz сайтында, EGOV mobile мобильді қосымшасында, сондай-ақ кейбір банктердің қосымшаларындакөре алады.Бала он сегіз жасқа толғанда "БЖЗҚ" АҚ-да оған нысаналы жинақтау шоты ашылады, оған тек нысаналы жинақтарды алушының (кәмелетке толған баланың) өзі ғана қол жеткізе алады.Балаға БЖЗҚ-да шот ашылып, оның нысаналы жинақтары есептеліп қойды. Алайда, 18 жасқа толғанға дейін бір ай бұрын бала азаматтығын өзгертті. Оның нысаналы жинақтарымен не болады?Қазақстан Республикасының азаматтығы он сегіз жасқа толғанға дейін немесе одан кейін тоқтатылған кезде нысаналы талаптарға қатысушы немесе нысаналы жинақтарды алушы нысаналы жинақтар төлемін алу құқығынан айырылады. Бұл ретте оның нысаналы талаптары мен нысаналы жинақтары белгіленген тәртіп бойыншапен басқа қатысушылар арасында бөлінетін болады, ал оның нысаналы жинақтау шоты жабылады. Нысаналы талаптарға қатысушы-нысаналы жинақтарды алушы қайтыс болған жағдайда мұраға қалған нысаналы жинақтарды алу үшін мұрагерге қандай құжаттар талап етіледі және оларды қайда ұсыну қажет? "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасына қатысушы қайтыс болған жағдайда оның нысаналы талаптары немесе нысаналы жинақтары азаматтық заңнамаға сәйкес мұраға беріледі. Оларды алу үшін мұрагерлер БЖЗҚ-ға жүгінуі қажет.Қаражат қайтыс болған адамдардың нысаналы жинақтарын нысаналы жинақтау шотына есептегеннен кейін ғана қолжетімді болады. Төлемдерді алу үшін мұрагерлер уәкілетті оператор-банкте АҚШ долларымен банктік шот ашады. Мұрагерлер қаражатты кез-келген мақсатта пайдалана алады, яғни оларды мақсатты пайдалану туралы міндетті талап жойылады.Нысаналы жинақтары бар адамның қайтыс болуына байланысты төлемдерді ресімдеуге қажетті құжаттардың өзекті тізбесі БЖЗҚ сайтында орналастырылған. Нысаналы жинақтарды бөліп-бөліп пайдалануға бола ма?Нысаналы жинақтарды алушы он сегіз жасқа толған және Қазақстан Республикасының азаматтығы болған жағдайда, нысаналы жинақтау шотындағы нысаналы жинақты қолда бар нысаналы жинақтар шегінде шектеусіз рет пайдалануға болады. Егер бала ҚР азаматы емес деген ақпарат шықса, не істеу керек?Егер ЖСН-ы көрсетілген бала "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорынан (ЖТМДҚ) алынған мәліметтерге сәйкес ҚР азаматы болмаса, сәйкесінше, ол «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасына қатыса аламайды және нысаналы талаптары да болмайды.ЖТМДҚ-дағы мәліметтерді өзектендіру қажет болған жағдайда, тұрғылықты жері бойынша көші-қон қызметіне жүгінуге кеңес береміз.ЖТМДҚ-ға тиісті түзетулер енгізілгеннен кейін, БЖЗҚ осы жеке тұлғаны өткізіп алған кезеңді ескере отырып, нысаналы талаптарға қатысушы балалардың және (немесе) нысаналы жинақтарды алушылардың тізіміне енгізеді. Жинақтау қандай валютада жүргізіледі және кейіннен нысаналы жинақтарды алушыға аудару қай валютада жүзеге асырылады?ҚР заңнамасына сәйкес нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтарды есепке алу БЖЗҚ-да АҚШ долларымен жүргізіледі. Төлеген кезде нысаналы жинақтарнысаналы жинақтарды алушылардың уәкілетті оператор - банктерде АҚШ долларымен ашатын банктік шоттарына есептеліп, аударылады. 12.Ұлттық қордан төлемдер алу үшін қандай банктерде банктік шот ашуға болады? "Ұлттық қор – балаларға" жобасына қатысатын банктерге қойылатын қандай да бір алғышарттар, талаптар бар ма?Заңнамада екінші деңгейдегі банктер бойынша ешқандай шектеулер белгіленбеген, яғни БЖЗҚ-мен тиісті келісім жасасқан Қазақстанның екінші деңгейдегі кез келген Банкі Бағдарламаға қатыса алады. Бүгінгі күні уәкілетті оператор-банк ретінде:"Отбасы банк" АҚ (тұрғын үй және білім алу),"Халық банкі" АҚ (білім алу),"Банк ЦентрКредит" АҚ (білім алу) тіркелген. Тарихи отанымыз – Қазақстанғакөшіп келдік, "қандас" мәртебесіне ие болдық. Біздің баламыз "Ұлттық қор-балаларға"жобасына қатыса ала ма?Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толмаған барлық азаматы жобаға қатысады. Сіздің балаңыз Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейін "Ұлттық қор-балаларға" бағдарламасына қатыса алады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-rudnyi-kalasy-akimat/press/news/details/1170369?lang=kk
Қазақстан мен Қырғызстан одақтастық қатынастарды дамытуды жалғастырып, стратегиялық диалогты нығайтуда 13.02.2026
Бішкек, 2026 жылғы 13 ақпан – Бішкекке ресми сапары аясында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевты Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров қабылдады.Әңгімелесу барысында С.Жапаров Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы одақтастық қатынастарды одан әрі тереңдетудің маңыздылығын айқындап, екі мемлекет арасындағы жан-жақты ынтымақтастықтың дамуындағы оң серпінді қанағаттанушылықпен атап өтті.Өз кезегінде Е.Көшербаев Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан жылы лебіз бен ізгі тілектерді жеткізіп, жоғары және аса жоғары деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысы туралы ақпарат берді.«Қазақ-қырғыз қарым-қатынастарының әлеуеті зор әрі олар жыл сайын жаңа сапалы мазмұнмен толыға отырып, жыл сайын өрлеу бағытында дамып келе жатқанын атап өткім келеді. Бұған, ең алдымен, Сіздің Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен арадағы тұрақты саяси диалогыңыз ықпал етуде», – деп атап өтті Е.Көшербаев.Сондай-ақ, Министр Қазақстан екіжақты сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі кеңейтуді өзара ықпалдастықты тереңдетудің негізгі факторларының бірі ретінде қарастыратынын айтты. Ол біздің еліміздің Қырғызстанның ірі сауда серіктестерінің үштігінде берік орын алып отырғанын атап өтті. Өзара сауда көлемі 2 млрд АҚШ долларын құрады және бұл көрсеткішті 3 млрд долларға дейін жеткізу мақсаты қойылған.Кездесуге қатысушылар екі елдің көпжақты форматтағы ынтымақтастығын жоғары бағалап, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бауырлас мемлекеттердің одақтастық қатынастарды дәйекті түрде нығайту бағытына бейілділігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1161357?lang=kk
Саяси реформалар мен конфессияаралық диалог - Қазақстан Елшісінің кардинал Луис Антонио Таглемен кездесуінің күн тәртібінде 13.02.2026
2026 жылғы 13 ақпанда Елшіліктің бастамасымен Қазақстан Республикасының Елшісі Тимур Пірімбетовтің Қасиетті Тақтың Евангелизация жөніндегі Дикастериясының про-Префектісі кардинал Луис Антонио Таглемен кездесуі өтті.Кездесу барысында Қазақстан Елшісі сұхбаттасын Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды жаңғыртуға және демократиялық институттарды нығайтуға бағытталған ауқымды саяси реформалар туралы хабардар етті. Ерекше назар жаңа Конституцияның қабылдануына, сондай-ақ Қазақстанның конфессияаралық диалогты нығайтуға арналған бастамаларына, соның ішінде Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезін өткізуге аударылды.Өз кезегінде кардинал Л.Тагле Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформаларды құптап, олардың қоғамды одан әрі демократияландыру, әлеуметтік әділеттілікті нығайту және «Әділетті Қазақстанды» құру үшін маңызын атап өтті. Кардинал қоғамдық келісімді сақтау мен әртүрлі конфессия өкілдері арасындағы диалогты дамытуға бағытталған күш-жігерді жалғастырудың маңыздылығына ерекше назар аударды.Тараптар сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Қасиетті Тақ арасындағы өзара іс-қимылды дамыту және рухани-гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселелері бойынша пікір алмасты.Анықтама: Қасиетті Тақтың Евангелизация жөніндегі Дикастериясы Рим Куриясының негізгі құрылымдарының бірі болып табылады және оны Рим Папасы басқарады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vatican/press/news/details/1161364?lang=kk
ДСҰ-да Қазақстанның төрағалығымен Папуа–Жаңа Гвинеяның Сауда саясатына шолу өтті 13.02.2026
Женева, 2026 жылғы 13 ақпан – 11 және 13 ақпанда Дүниежүзілік сауда ұйымының штаб-пәтерінде Қазақстан Республикасының ДСҰ жанындағы Тұрақты өкілі, Сауда саясатын шолу жөніндегі органның төрағасы Қайрат Төребаевтың төрағалығымен Папуа–Жаңа Гвинеяның Сауда саясатына шолу өтті.Папуа – Жаңа Гвинея делегациясын БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесі мен басқа халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкіл Мишель Хау’офа ханым басқарды. Отырыс барысында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, COVID-19 пандемиясынан кейінгі экономиканы қалпына келтіру шаралары, макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету және жүргізіліп жатқан институционалдық реформалар туралы ақпарат ұсынылды.Ұлттық сауда саясатының 2017–2032 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру, Ұлттық сауда офисін құру, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту, өңдеуші өнеркәсіпті қолдау және қосылған құны жоғары өнім өндірісін арттыру жөніндегі саясатқа ерекше назар аударылды. Сондай-ақ Ұлттық сауда порталын енгізу, «бір терезе» жүйесін дамыту, цифрлық трансформация және инфрақұрылымды нығайту бағытындағы шаралар атап өтілді.ДСҰ мүшелері Папуа – Жаңа Гвинеяның көпжақты сауда жүйесіне бейілділігін, Сауда рәсімдерін жеңілдету жөніндегі келісімді іске асырудағы қатысуын, инвестициялық бастамалар мен балық шаруашылығына субсидиялар бойынша келіссөздердегі белсенділігін жоғары бағалады. Сонымен қатар транспаренттілік пен хабарлама міндеттемелерін орындауды одан әрі жетілдіру қажеттілігі атап өтілді.Төраға Қайрат Төребаев Папуа – Жаңа Гвинея делегациясына және ДСҰ мүшелеріне мазмұнды әрі конструктивті пікір алмасу үшін алғысын білдіріп, Сауда саясатына шолу механизмі сенімді нығайтуға, транспаренттілікті арттыруға және орнықты экономикалық дамуға бағытталған реформаларды қолдауға ықпал ететінін атап өтті.Келесі шолу 2026 жылғы 4 және 6 мамырда өткізіліп, Белиздің Сауда саясатына шолуына арналатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-wto/press/news/details/1161331?lang=kk
«Шабыт мекені» көркемсурет көрмесі 13.02.2026
Қ. Қайсенов көшесі, 67 мекенжайындағы Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейінде «Шабыт мекені» атты көрмесінің вернисажы өтті. Өнерсүйер қауымға өз жұмыстарын Өскемен қаласының талантты, өзіндік шығармашылық жолын таңдаған суретшілері Людмила Ким мен Наталья Краснобаева ұсынды. Көрменің ашылу салтанатына суретшілердің достары мен шығармашылығын бағалаушылар жиналып, өнер саласындағы әріптестері Н.П. Аштема мен Л.И. Мартынова құттықтау сөз сөйледі. Қонақтар суреттердің әсем әлеміне енді, әр суреттің көңіл күйін сезініп, авторлармен тікелей әңгімелесуге мүмкіндік алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-cultura-arhiv/press/news/details/1161336?lang=kk
ШҚО бойынша МКД-де жаңа Салық кодексі шеңберінде салық берешегін өндіріп алу тәртібіндегі өзгерістер бойынша техникалық оқу өткізілді 13.02.2026
2026 жылғы 12 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде аумақтық бөлімшелер үшін жаңа Салық кодексі шеңберінде салық берешегін өндіріп алу тәртібіндегі өзгерістер, сондай-ақ «таза парақ» қағидаты бойынша өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару механизмін қолдану мәселелері бойынша техникалық оқу өткізілді.Іс-шара барысында қатысушыларға өтпелі кезеңде микро және шағын бизнес субъектілері үшін салықтық жүктемені төмендетуге және салықтық әкімшілендіруді жеңілдетуге бағытталған негізгі жаңашылдықтар түсіндірілді.Кездесу соңында жаңа нормаларды қолдану барысында туындайтын практикалық мәселелер талқыланып, қаралған тақырып аясында тиісті түсіндірмелер берілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1161281?lang=kk
Ақпан айының ортасы — қасіретті де қаһармандыққа толы күн. 13.02.2026
Бұл — Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күні.13 ақпан күні интернационалист-ардагерлер мен ауыл тұрғындары Естелік тасына жиналып, соғыстан оралмаған боздақтарды еске алып, ерлікке тағзым етті.Іс-шарада ішкі саясат бөлімінің басшысы Ольга Нұрғалиева, аудандық Ардагерлер кеңесінің төрайымы Раиса Овчарова, интернационалист-ардагер Есен Бимурзин және аудандық полиция бөлімінің Ардагерлер кеңесінің төрағасы Иван Цырельчук сөз сөйледі.Аудандық Мәдениет үйінің қызметкерлері шараға ерекше жылылық сыйлады: олардың тақырыптық нөмірлері, музыкасы мен сөздері әрбір жүректі тербетті, еске алу мен ризашылықтың қаншалықты маңызды екенін тағы бір мәрте көрсетті.Бұл күн — жай ғана тарихи дата емес.Бұл — жүректегі сыз, ерлік пен ұрпақтарды біріктіретін қасиетті жады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1161238?lang=kk
Алматыда Қазақстан–Италия сауда үйі ашылады 13.02.2026
2026 жылдың 20 ақпанында жергілікті уақыт бойынша сағат 15:00-де Алматы қаласында Қазақстан–Италия сауда үйінің ресми ашылуы өтеді.Бұл жаңа алаң Қазақстан Республикасы мен Италия Республикасы арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға арналған институционалдық платформа болмақ.Сауда үйі Алматы қаласы, Наурызбай батыр көшесі, 17А (Almaty Plaza) мекенжайында орналасқан. Ол Алматы, Милан және Атырау қалаларында жұмыс істеп тұрған кеңселерді біріктіретін Италия-Қазақстан сауда қауымдастығының (ACIK) жаңа іскерлік алаңы болып табылады.Жоба екі ел арасындағы экономикалық әріптестікті нығайтып, бизнесті қолдаудың тұрақты орталығына айналуды көздейді. Сонымен қатар ол Орталық Азия мен Еуропа арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты ілгерілетуге бағытталған.Сауда үйінің қызметі сауда мен инвестицияларды қолдауды, бірлескен кәсіпорындар мен өнеркәсіптік жобаларды дамытуға жәрдемдесуді, өндірістік кооперацияны кеңейтуді, технологиялар мен тәжірибе алмасуды, «Made with Italy» өнеркәсіптік ынтымақтастық үлгісін ілгерілетуді, сондай-ақ гуманитарлық және мәдени байланыстарды нығайтуды қамтиды.Сауда үйінің инфрақұрылымында іскерлік келіссөздер мен кездесулер өткізуге арналған кеңселер, бизнес-форумдар, таныстырылымдар мен ресми іс-шараларға арналған конференц және көрме залдары, сондай-ақ өзара іс-қимылдың аралас форматтарын ұйымдастыруға мүмкіндік беретін заманауи цифрлық шешімдер қарастырылған.Іскерлік өзара әрекеттестікті қосымша қолдау мақсатында алаңда Қазақстанның даму институттарының ақпараттық бұрыштары орналастырылады. Олардың қатарында Kazakh Invest, QazTrade, Kazakh Export және Kazakh Tourism бар. Бұл ұйымдар ынтымақтастық мүмкіндіктері мен мемлекеттік қолдау шаралары туралы өзекті ақпарат ұсынады.Сауда үйінің ашылуы Қазақстанның еуропалық бағыттағы экономикалық дипломатиясын дамытудағы маңызды қадам ретінде қарастырылады және екіжақты ынтымақтастықты жаңа сапалы деңгейге шығаруға мүмкіндік береді. Аталған жоба екі ел арасындағы жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдердің нәтижесі болып табылады. Оның ішінде Италия Премьер-министрі Джорджия Мелонидің Астанаға ресми сапары, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдардың, даму институттарының және іскер топтардың жүйелі өзара іс-қимылы бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1161229?lang=kk
ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Sinovation Ventures негізін қалаушы Ли Кай-Фумен білім беруді цифрлық трансформациялаудың стратегиялық бағыттарын талқылады 13.02.2026
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова «Sinovation Ventures» жасанды интеллект институтының президенті Ли Кай Фумен ресми кездесу өткізді. Кездесуде орта және кәсіптік білім беру жүйесіне жасанды интеллект технологияларын интеграциялау және адам капиталының сапасын жаңа деңгейге көтеру жайы талқыланды.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялады. Бұл еліміздің технологиялық даму жолындағы нық қадамы екені баршамызға белгілі. Ведомство басшысы жасанды интеллект технологиялары тек техникалық құрал емес, әлеуметтік саясат пен мемлекеттік басқаруды жаңғыртудың, сондай-ақ бәсекеге қабілеттілікті арттырудың стратегиялық ресурсы екенін атап өтті.«Біздің жүйелі жұмысымыздың нәтижесінде бүгінде 100 мың мұғалім ChatGPT және өзге де жасанды интеллект құралдарын оқу процесінде қолданудан арнайы дайындықтан өтіп, сертификаттар алды. Біздің стратегиялық мақсатымыз- жасанды интеллект әлеуетін білім берудегі инклюзияны қамтамасыз ету, оқытуды дербестендіру және мемлекеттік институттарды заманауи талаптарға сай трансформациялау үшін тиімді пайдалану», - деді Жұлдыз Сүлейменова.Доктор Ли Кай-Фу министрліктің цифрлық реформаларға деген талпынысын жоғары бағалап, білім беру саласының трансформациясы бойынша өзінің концептуалды ойларын ортаға салды. Оның пікірінше, жасанды интеллект мұғалімдерді техникалық рутинадан, мәтіндерді тексеруден, тестілеуден, есеп жинақтаудан біржолата арылтып, олардың педагог-ментор және шығармашылық бағыттағы жетекші ретіндегі рөлін анағұрлым күшейтеді.Сарапшының пікірінше, орта білім саласына жасанды интеллектіні интеграциялаудың негізгі бағыттарының бірі- білім беру мазмұнын әр оқушының когнитивті ерекшелігі мен қызығушылығына бейімдеуге бет бұру. Мысалы, пәнаралық байланыс арқылы бала қызығатын бағытты күрделі пәндермен интеграциялауға болады. Математикадағы концептілерді баланың футболға деген қызыушылығымен байланыстыра оқыту нәтижелі болмақ.Оқу процесінде интерактивті танымдық ортаның да барған сайын маңызы арта түседі. Анимациялық технологиялар мен жасанды интеллект агенттері арқылы тарихи тұлғалармен диалог құру мүмкіндігін дамытуға болады. Бұл білімді игеру процесін академиялық деңгейден иммерсивті деңгейге көтереді. Алайда, технологиялық прогресс жағдайында креативті ойлау, коммуникация және эмпатия сияқты «жұмсақ дағдылар» еңбек нарығындағы ең басты құндылыққа айналады.Кездесу барысында жасанды интеллектінің еңбек нарығына әсері және этикалық нормалар мәселесі де ерекше талқыланды. Ли Кай- Фудың болжамы бойынша, жасанды интеллект жұмыс процестерінің 60% ғана оңтайландырады, бұл мамандардың шығармашылық бағыттарға қайта бағдарлануына жол ашады.Министрлік бұл ретте қоғамдағы, әсіресе ата-аналар мен ұстаздар қауымындағы этикалық алаңдаушылықтарды ескере отырып, ағартушылық жұмыстар мен қайта даярлау бағдарламаларын күшейтетінін жеткізді.Кездесу нәтижесінде тараптар білім беру саласына арналған ортақ іс-қимыл стратегиясын әзірлеуге уағдаласты. Бұл ынтымақтастық аясында отандық білім беру жүйесі үшін алдыңғы қатарлы технологиялық лицензиялар алуға қолдау көрсету, локальді инновациялық компания құрылымдап, жасанды интеллект әдістемелерін ұлттық контекстке бейімдеу, «AI Kitap» және №107 мектепте қолға алынған пилоттық жобалардың аясын кеңейту көзделуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/1161221?lang=kk
Пусан қалалық дипломатия желісі 2026 13.02.2026
Пусан мен Қазақстан арасындағы байланыс нығаюда.Пусан қ., 2026 жылғы 10 ақпан - Қазақстан Республикасының Пусан қаласындағы Бас консулы Аслан Асқар Пусан әкімдігі мен Пусан жаһандық қала қоры (BGCF) ұйымдастырған «Пусан қалалық дипломатия желісі 2026» форумына қатысты.Шараның негізгі түйіндері:- Пусан мен Алматы бауырлас қалалар ретінде жаңа экономикалық жағдайда ынтымақтастықты тереңдете түспек.- Жаңа RISE стратегиясы білім, ғылым және бизнесті интеграциялау үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.- 2026 жылдың тамыз айында бизнес-консультациялар өткізу және университеттер арасындағы байланысты нығайту мақсатында «Еуразиялық дипломатиялық корпус» делегациясының Алматыға сапары жоспарлануда.Өңіраралық ынтымақтастықтың болашағы берік сенім мен инновацияларға негізделеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-busan/press/news/details/1161158?lang=kk
Исламабадта Қазақстан Президентінің мемлекеттік сапарының қорытындыларына арналған конференция өтті 13.02.2026
Исламабад, 2026 жылғы 12 ақпан – Қазақстанның Пәкістандағы Елшілігі Исламабад стратегиялық зерттеулер институтымен (ISSI) бірлесіп «Қазақстан мен Пәкістан серіктестігі: Президент сапарының қорытындылары және стратегиялық ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары» тақырыбында конференция өткізді.Іс-шараға екі елдің мемлекеттік органдарының, дипломатиялық корпусының, академиялық орта, сарапшылық және бизнес қауымдастықтарының өкілдері, сондай-ақ жетекші бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.Құрметті қонақтар ретінде Пәкістан Премьер-министрінің мемлекеттік министрі - арнайы көмекшісі Фахд Харун, КОМСТЕК бас үйлестірушісі доктор Икбал Чаудри, Халықаралық Түркі академиясының вице-президенті Асхат Кесікбаев, Пәкістан Премьер-министрінің туризм жөніндегі арнайы көмекшісі Сардар Ясир Ильяс Хан, Пәкістан Ұлттық ассамблеясының мүшесі Хуррам Дастгир Хан және Пәкістан СІМ Орталық Азия департаментінің бас директоры Хасан Али Зайгам сөз сөйледі.Іс-шара аясында Халықаралық Түркі академиясы дайындаған «Пәкістан және Түркі әлемі» кітабының тұсаукесері өтті.Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин өз сөзінде Қазақстан Президентінің ағымдағы жылдың 3-4 ақпанында Пәкістанға жасаған мемлекеттік сапарының негізгі қорытындыларымен бөлісіп, Стратегиялық серіктестік туралы декларацияға, сондай-ақ коммерциялық келісімшарттарды қоса алғанда, 70-тен астам келісімдер мен меморандумдарға қол қойылғанын атап өтті. Сонымен қатар Елші Қайд-и-Азам университетінде Әл-Фараби, Ұлттық ғылым және технологиялар университетінде Қ. Сәтбаев, Исламабад халықаралық ислам университетінде Қожа Ахмет Ясауи орталықтарының, сондай-ақ «Достық» спорт орталығының ашылғанын және Қазақстан-Пәкістан бизнес-форумының табысты өткенін хабарлады.Конференцияда сондай-ақ ISSI төрағасы, елші Халид Махмуд, ISSI директоры доктор Талат Шаббир, Орталық Азиядағы «KСM Kant» ірі бизнес-тобының басшысы Танвир Афтаб және өзге де сарапшылар сөз сөйледі.Қазақстан тарапынан онлайн форматта ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының сарапшысы М. Асанбаев пен ҚР СІМ жанындағы Сыртқы саяси зерттеулер институтының сарапшысы С. Савельев қатысты.Панельдік сессиялар барысында қатысушылар Қазақстан-Пәкістан қатынастарының қазіргі жай-күйі мен перспективаларын, өңірлік өзара байланыстылықты, транзиттік әлеуетті және Еуразия кеңістігіндегі көлік-логистикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін, жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар саласындағы өзара іс-қимылды, сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық байланыстарды кеңейтуді талқылады.Сарапшылар сапардың мазмұндық тұрғыдан жоғары деңгейде өткенін атап өтіп, оның өзара қызығушылық тудыратын барлық бағыттар бойынша стратегиялық серіктестік орнатуға бағытталғанын жоғары бағалады.Конференция қатысушылары жоғары деңгейдегі сапар Қазақстан мен Пәкістан арасындағы ынтымақтастықты одан әрі әртараптандыру мен кеңейтуге берік негіз қалағаны жөнінде бірауыздан пікір білдірді.Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі конференцияны жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Исламабад стратегиялық зерттеулер институтына алғыс білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1161174?lang=kk
Исламабадта Түркі академиясы желісі бойынша кездесу өтті 13.02.2026
Исламабад, 2026 жылғы 12 ақпан – Халықаралық Түркі академиясының вице-президенті Асхат Кесікбаевтың Исламабадқа сапары аясында Пәкістанда аккредиттелген Академияға мүше және бақылаушы мемлекеттердің елшілерімен кездесу өтті.Кездесу барысында А. Кесікбаев Түркі академиясының қызметі, оның негізгі ғылыми-білім беру жобалары, сондай-ақ түркі әлемі елдері мен Пәкістанның ғалымдары және ғылыми мекемелерімен ынтымақтастығы туралы жан-жақты ақпарат берді. Ол ғылым, мәдениет және білім беру салаларындағы өңірлік өзара іс-қимылды дамыту үшін академиялық байланыстарды нығайту мен бірлескен зерттеулердің маңыздылығын атап өтті.Мүше және бақылаушы мемлекеттердің елшілері Академия бастамаларына жоғары қызығушылық танытып, белсенді ынтымақтастыққа дайын екендіктерін растады. Олар бірлескен жобалардың Пәкістан мен түркі әлемі елдері арасындағы академиялық, ғылыми және мәдени байланыстарды нығайтудағы маңызын атап өтіп, мұндай бастамалардың ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестік үшін зор әлеуетке ие екенін жеткізді.ТМҰ-ға мүше және бақылаушы мемлекеттердің елшілеріне Түркі академиясының үйлестіруімен түркі әлемі елдері мен Пәкістан ғалымдарының қатысуымен дайындалған «Пәкістан және түркі әлемі» атты монография таныстырылып, табысталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1161176?lang=kk
Алматыдағы екінші Мажар балы 13.02.2026
2026 жылы 12 ақпанда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов Алматы қаласындағы Мажарстанның Бас консулдығы ұйымдастырған Алматыдағы “Мажар балына” қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Өз сөзінде Өкілдік басшысы мажар мәдениетінің, салт-дәстүрі мен өнерінің асқақ мерекесі ғана емес, сонымен қатар Қазақстан мен Мажарстан арасындағы берік әрі достық қарым-қатынастардың айқын көрінісі екенін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1161130?lang=kk
Жетісу облысында мемлекеттік бақылау ӘМАТ бағасының төмендеуіне әкелді 13.02.2026
Жетісу облысында Сауда және тұтынушылардың құқықығын қорғау департаментінің араласуынан кейін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының, оның ішінде жұмыртқаның бағасы арзандады. Өңірде Сауда қызметі саласындағы заңнаманың сақталуын және баға реттеу талаптарының орындалуын бақылау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Кезекті тексеру барысында жекелеген кәсіпкерлердің белгіленген нормаларды сақтамай отырғаны анықталды. Мониторинг нәтижесінде сауда компанияларының бірі тауық жұмыртқасын өндірушіден бір данасын 50 теңгеден сатып алып, оны жиырмадан астам фирмалық дүкенінде 60–75 теңге аралығында сатқан. Сауда үстемесі 20–50%-ға дейін жетіп, рұқсат етілген шектен айтарлықтай асқан. Әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылғаннан кейін жұмыртқа бағасы төмендетіліп, заң талаптарына сәйкестендірілді. Заң бұзушылықтар өзге де әлеуметтік маңызы бар тауарларды сату кезінде анықталды. Жоспардан тыс тексеру барысында бір ЖШС сары майды басқа серіктестікке жеткізіп, кейін ол өнімді жеті сауда желісі мен «үй жанындағы» дүкендер арқылы 40–61% сауда үстемесімен сатқан. Бұл көрсеткіштер де белгіленген шектен едәуір жоғары болған. «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесі өндірушінің сату бағасының 15%-ынан аспауы тиіс. Аталған талапты бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 204-4-бабы бойынша жауапкершілік көзделген, 2025 жылдан бастап айыппұл мөлшері күшейтілді. Тексеру қорытындысы бойынша шаруашылық субъектілері әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды. Сауда үстемелерінің сақталуын бақылау – баға тұрақтылығын қамтамасыз ету және тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытындағы басым міндеттердің бірі. Жыл басынан бері өңірде ҚР ӘҚБтК-нің 204-4-бабы бойынша 17 материал қаралып, жалпы сомасы 185 975 теңге айыппұл салынды. Департамент кәсіпкерлерді заңнама талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын негізсіз көтеру немесе тауарларда баға белгілерінің болмауы фактілері анықталған жағдайда азаматтар E-Otinish платформасы арқылы ресми түрде департаментке жүгінуге құқылы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1161068?lang=kk
Digital Qazaqstan 2026 13.02.2026
2026 жылы Digital Almaty халықаралық алаңы Digital Qazaqstan болып өзгеріп, ел экономикасы мен өңірлерді дамытуға, сондай-ақ практикалық цифрлық және AI-трансформацияға бағытталған ұлттық технологиялық форумға айналады.Digital Qazaqstan өңірлерді біртұтас цифрлық күн тәртібіне тартып, нақты секторға, мемлекеттік басқару мен әлеуметтік салаға технологиялар мен жасанды интеллектіні енгізуге жағдай жасай отырып, Қазақстанның әртүрлі қалаларында жүйелі түрде өткізіледі.Digital Qazaqstan форумы өтетін алғашқы қала — индустриялық және экономикалық әлеуеті зор маңызды өңірлік орталық Шымкент қаласы.2026 жылғы 27 наурызФорум өнеркәсіпте, мемлекеттік басқаруда және өңірлік экономиканы дамытуда қолданылатын цифрлық және AI-шешімдерге басымдық береді.Форум бағдарламасында:— пленарлық отырыс— панельдік сессиялар мен дөңгелек үстелдер— IT-компаниялар мен стартаптар көрмесі— технологиялық байқаулар мен хакатондар— Digital Qazaqstan Awards — цифрлық трансформация саласындағы ұлттық жүлде.Digital Qazaqstan қатарына қосылып, еліміздің цифрлық болашағын құруға өз үлесіңізді қосыңыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/1161004?lang=kk
🔷 Президент азаматтардың құқығын қорғау және қоғамдық тәртіпті сақтау мәселелері бойынша жиын өткізді 13.02.2026
🔷 Президент азаматтардың құқығын қорғау және қоғамдық тәртіпті сақтау мәселелері бойынша жиын өткізді✔️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен жұмыс кеңесіне Президент Әкімшілігі, Қауіпсіздік Кеңесі және құқық қорғау органдарының жетекшілері қатысты.✔️Жиында елімізде азаматтардың заңды құқықтарын қорғау және «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасына сәйкес қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері қаралды.✔️Сондай-ақ Президент кеңеске қатысушыларға Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасы бойынша жұмыс істеген Конституциялық комиссия қызметінің қорытындысы жөнінде мәлімет берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-aral-qaraqym/press/news/details/1160992?lang=kk
🖋Референдум 15 наурызда өтеді 13.02.2026
Мемлекет басшысы тиісті Жарлыққа қол қойды. «Ақорда» сайтында референдум өткізу жайында қаулы жарияланды.«2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткізілсін. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы: «Жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында 2026 жылғы 12 ақпанда жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?» деген сауал қойылып, республикалық референдумға шығарылсын. Осы Жарлық пен Конституцияның жобасы 2026 жылғы 12 ақпанда бұқаралық ақпарат құралдарында ресми түрде жариялансын», - делінген құжатта.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-aral-qaraqym/press/news/details/1160998?lang=kk