Enbekshi QazaQ

Әлем

Олжас Бектенов: Жаңа Конституция жобасы мемлекет пен бизнес арасындағы сенім мен ұзақмерзімді серіктестік орта қалыптастырады 06.02.2026
Премьер-министр Олжас Бектенов «Атамекен» ҰКП алаңында мұнай-газ және энергетика саласы, тау-кен және металлургия өнеркәсібі, АӨК бизнес өкілдері, салалық қауымдастықтар мүшелері мен барлық өңір сарапшыларының қатысуымен кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді.  Салық реформалары, бизнесті қолдау, ақпараттық жүйелерді цифрландыру сынды басқа да өзекті мәселелерге назар аударылды.Жиынды ашқан Премьер-министр кәсіпкерлікті дамыту Мемлекет басшысы айқындаған басым бағыттардың бірі екенін ерекше атап өтті. Бизнес – экономикалық реформалар жүргізуде басты серіктес, бұл жұмыста «Атамекен» ҰКП маңызды рөл атқарады.«Біз бүгін сіздермен еліміз үшін өте маңызды, тарихи маңызы бар сәтте кездесіп отырмыз. Жарты жыл бойы қоғамда конституциялық реформаны белсенді талқылау жүріп жатыр. Ашық дискуссиялар болып жатыр. Азаматтардан мыңдаған ұсыныс келіп түсуде және олардың барлығы терең зерделеніп, ескеріліп жатыр. Бұл – еліміздегі демократиялық процестердің айқын дәлелі. Еліміздің жаңа Конституциясының жобасы халыққа ұсынылды, басты мақсат – егемендігімізді, Тәуелсіздікті нығайту. Барлығыңызды Президентімізді және жаңа Конституцияны қолдауға шақырамын. Сіздердің қарамақтарыңызда мыңдаған азамат жұмыс істейді. Олардың әрқайсысына реформа міндеттерін дұрыс жеткізу маңызды», — деп атап өтті Олжас Бектенов.Жаңа Конституция жобасында Мемлекет басшысының Заң және Тәртіп жаппай үстемдік құрған Әділетті Қазақстанды құру туралы бағдары кәсіпкерлер қауымына үлкен жауапкершілік жүктеп, адал еңбек, кәсіпке деген құрмет, елге жанашыр болу сияқты құндылықтардың маңызын арттыра түседі. Әділдік пен заңдылық қағидаттарын конституциялық деңгейде бекіту сенім мен ұзақмерзімді әріптестік орта қалыптастырады.Кеңес барысында Президенттің жаңа салық ережелерін біртіндеп енгізуге қатысты тапсырмасының орындалуына назар аударылды. Қатысушылар салық төлеушілер үшін өтпелі кезең мен салықтық әкімшілендіру мәселелерін талқылады.Қазақстанда кәсіпкерлердің салықтық әкімшілендірудің жаңа шарттарына қолайлы көшуін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданды. Осылайша, Үкіметтің шешімімен шағын және микробизнес жекелеген жағдайды қоспағанда, 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін тексерулерден, камералдық бақылаудан және әкімшілік жауапкершіліктен босатылды. Биылғы 1 сәуірге дейін берешекті төлеу кезінде өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару ережесі қолданылады, қызметті жою және тоқтату рәсімдері қайта қаралды. 2026 жылдың соңына дейін шағын және микробизнес үшін өтпелі кезең енгізілді, қателер үшін өсімпұлдар мен айыппұлдар алынбайды.Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин бір мезгілде 250 мыңға дейін салық төлеушіге қызмет көрсету мүмкіндігі бар Жобалық кеңсенің жұмысы туралы баяндады. Жұмыс өтініштерді жедел қараумен «бірыңғай терезе» қағидаты бойынша құрылған. Соңғы үш аптада сұраныстар ағынының 19,5 мыңнан 7,1 мыңға дейін төмендеуі байқалады, бұл техникалық процестердің тұрақтанғанын көрсетеді. «Халық бухгалтері» акциясына 17 мыңнан астам салық төлеуші қатысты. Сондай-ақ салық жүйесінде азаматтар мен бизнесті тіркеудің өсуі байқалғаны атап өтілді. Жылдың басынан бері 41,2 мыңнан астам адам қайтадан есепке алынды. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін жаңа режим бұрын есепке алынбаған 187,2 мыңнан астам адамды заңды ортаға шығарды. Бизнесті қаржылық қолдау шаралары күшейтілуде. 2025 жылы қолданыстағы бағдарламалар шеңберінде жалпы құны 365 млрд теңге болатын 3,4 мыңға жуық ШОБ жобасы субсидияланды.«Атамекен» ҰКП басқарма мүшесі – басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жаркенов арнайы салық режимін қолдануға және денсаулық сақтау секторына салық салу тәсілдерін қайта қарауға байланысты мәселелерді шешу жолдарын ұсына отырып, жаңа Салық кодексінің ережелері бойынша бизнес-қоғамдастықтың ұстанымын айтты.Бизнес-қоғамдастық атынан «Алматы бояулары» ЖШС директоры Римма Салықова, «Қазэлектромаш» ЖШС директоры Виталий Распопин ұсыныстар мен сұрақтар қойды. Атап айтқанда, ШОБ-пен өзара іс-қимылды, мемлекеттік сатып алу практикасын және салалық талаптарды ескере отырып, салықтық әкімшілендірудің жекелеген аспектілерін реттеу қажеттілігі айтылды. Сондай-ақ кәсіпорындарды өндірістік цикл деңгейі мен ауқымы бойынша санаттарға бөлуді енгізу, мемлекеттік қолдау шаралары мен мемлекеттік тапсырысты локализациялау және инвестициялау деңгейіне байланыстыру, сондай-ақ Тізілімнен өнімдерді пайдалануды нақты әрі әділ цифрлық бақылауды қамтамасыз ету арқылы Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімін жетілдіруге қатысты одан әрі жұмыс бойынша ұсыныс айтылды.Премьер-министр бизнестің айтылған бастамаларына пікір білдіріп, мемлекеттік органдарға «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп ұсыныстарды жан-жақты пысықтауды және нақты нәтижені қамтамасыз етуді тапсырды. Шешімдер тұрақты өсуді қолдау, нақты секторды нығайту, экспорттық мүмкіндіктерді кеңейту және жұмыс орындарын ашу бойынша оң экономикалық нәтиже беруі керектігі атап өтілді.https://primeminister.kz/news/olzas-bektenov-zana-konstituciia-zobasy-memleket-pen-biznes-arasyndagy-senim-men-uzakmerzimdi-seriktestik-orta-kalyptastyrady-31062Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1156502?lang=kk
«Жүрегім менің жанартау» Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына арналған әдеби-сазды кеш 06.02.2026
5 ақпанда Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында қазақтың көрнекті ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына арналған әдеби-сазды кеш өтті. Шара кітапханада бір жылдан бері жемісті жұмыс жасап келе жатқан «Жауһар» әдеби-сазды клубының қызметі аясында өтті.Шығармашылық жастардың бастамасымен құрылған «Жауһар» әдеби-сазды клубы көркем шығармашылықты дамытуға, рухани қарым-қатынасқа және ұлттық мәдениетпен таныстыруға арналған алаң болып табылады.Шараның мақсаты – Мұқағали Мақатаевтың ақындық мұрасын кеңінен насихаттау, шығармашылығының философиялық тереңдігін ашу, ұлттық әдебиет пен рухани құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.Кеш барысында қатысушылар ақынның шығармаларын оқып, оның өлеңдеріне жазылған әндерді орындады. Сахнада автордың танымал шығармаларын оқыды: «Бүгін менің туған күнім ой пәле-ай», «Арманда», «Поэзия менімен егіз бе едің», «Мен деп ойла», «Фариза», «Есіңе мені алғайсың» және тағы да басқа.Залдың тақырыпқа сай безендірілуі іс-шараның шығармашылық атмосферасын құруға ықпал етті. Қатысушылардың қойылымдары мәнерлі де шынайы болды, бұл көрермендердің ақын шығармашылығын терең түсініп, жаңаша қабылдауына мүмкіндік берді.Кеш соңында ашық микрофон форматы ұйымдастырылып, қонақтар өз әсерлерімен бөлісіп, тілектерін айтты, кеш тақырыбы бойынша еркін түрде де өз шығармашылық жұмыстарын ұсынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-cultura-arhiv/press/news/details/1156515?lang=kk
Алматы облысы жастарының шетелде жұмыс істеуге мүмкіндіктері артты 06.02.2026
Қонаев қаласында жастарға бағытталған көші-қон мәселелері бойынша кездесу өтті. Жиынды Мансап орталығы мен Халықаралық көші-қон ұйымының (IOM / UN Migration) ұйымдастырды. Мұндағы негізгі мақсат - азаматтардың шетелге шығуына заңды түрде дайындығы мен саладағы маңызды ақпараттармен бөлісу.Кездесу барысында қатысушыларға қолжетімді бағдарламалар, виза талаптары, еңбек көші-қонының кезеңдері, сондай-ақ адам құқықтар мен міндеттер талқыланды. Мамандар заңсыз жұмысқа орналасудың қауіптері мен адам саудасының алдын алу жолдарына да ерекше тоқталды. Шара аясында Халықаралық көші-қон ұйымының ұлттық бағдарлама қызметкері Светлана Бекмамбетова сөз сөйлеп, IOM-ның Қазақстандағы қызметі туралы баяндады.Аталған кездесу екі сессиядан тұрады. Бірінші сессияда шетелге шығу алдындағы дайындықтың негізгі аспектілері қарастырылды. Қатысушылар құжаттарды рәсімдеу, жұмыс берушіні тексеру жәнк еңбек шартын оқу бойынша кеңес алды. Екінші сессия интерактивті ойынға негізделген тренинг түрінде өтті. Онда нақты өмірлік жағдайлар талқыланып, қауіпсіз шешім қабылдау дағдылары пысықталды.Жалпы елімізде шетелде жұмыс істеуге дайындық орталықтары ашылып, көші-қон қызметтері кезең-кезеңімен цифрландырылып жатыр. Бұл азаматтарға құжат рәсімдеу мен кеңес алу процесін жеңілдетуге мүмкіндік береді. Мұндай ақпараттық кездесулер жастардың саналы шешім қабылдауына, заңсыз көші-қонның алдын алуға және шетелге шығу кезінде өз құқықтарын қорғауға ықпал етеді.Аталған кездесу — жастар мен тұрғындардың қауіпсіз еңбек көші-қоны туралы білімін арттыруға бағытталған маңызды қадам. Ақпараттанған азамат - қорғалған азамат. Сондықтан мұндай бастамалар қоғам үшін аса өзекті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1156518?lang=kk
Шымкентте әлеуметтік санаттағы азаматтарға жаңа пәтерлердің кілті табысталды 06.02.2026
*Шымкентте әлеуметтік санаттағы азаматтарға жаңа пәтерлердің кілті табысталды*Бүгін Шымкент қаласында тұрғын үй кезегінде тұрған әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жаңа пәтерлердің кілті салтанатты түрде табысталды. Баспаналар Асар-2 және Тұран-2 шағынаудандарынан берілді.Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында ұйымдастырылған салтанатты іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Шара барысында 25 отбасы жаңа пәтерлеріне ие болды.Қала әкімі қоныс той иелерін құттықтап, тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету қаладағы әлеуметтік саясаттың негізгі басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.Табыс етілген пәтерлер ерекше әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтарға арналған. Олардың қатарында мүмкіндігі шектеулі жандар, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, толық емес отбасылар, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар бар.Жаңа тұрғын үйлер қоныстануға толық дайын, барлық қажетті инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген.Айта кетейік, пәтерлерді беру рәсімі қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес және белгіленген тәртіппен жүзеге асырылуда. Жыл басынан бері Шымкент қаласында тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға 347 жалдамалы пәтер табысталған.
2026 жылғы Конституциялық реформа: Цифрлық дәуірдегі азаматтардың құқықтарын қорғау 06.02.2026
2026 жылғы Конституциялық реформа аясында азаматтардың құқықтары жаңа қоғамдық және технологиялық өзгерістерге сай жаңаша деңгейде қорғалуда. Жаңа Конституцияда алғаш рет азаматтардың цифрлық ортадағы құқықтарын қорғау туралы нақты норма бекітілді. Бұл – заманауи технологиялардың дамуы жағдайында жеке өмірдің қол сұғылмаушылығын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам.Цифрлық кеңістікте дербес деректердің қауіпсіздігі, ақпаратты заңсыз пайдаланудан қорғау және азаматтардың құқықтық мүддесін сақтау – мемлекеттің басты міндеттерінің біріне айналып отыр. Осы бағытта Конституцияда құқықтық кепілдіктер күшейтіліп, цифрлық ортадағы әділеттілік қағидаты орнықтырылды.Сонымен қатар, реформа құқықтық қорғау тетіктерін де нақтылай түсті. Ұстау кезінде «Миранда ережесінің» енгізілуі азаматтардың өз құқықтарын білуі мен қорғауына мүмкіндік береді. Сондай-ақ адамды қылмыстық немесе әкімшілік жауаптылыққа қайта тартуға тыйым салу қағидаты бекітіліп, әділ сот төрелігінің негізі күшейтілді.Отбасы институтына қатысты нормалар да жаңаша мазмұнға ие болды. Неке еркек пен әйелдің одағы ретінде танылып, әйелдердің құқықтарын қорғау мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық тетіктер күшейтілді.Осылайша, 2026 жылғы Конституциялық реформа цифрлық дәуір талаптарына сай азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын жан-жақты қорғауды көздейді. Бұл өзгерістер құқықтық мемлекетті нығайтып, қоғамдағы сенімді арттыруға бағытталған.
2026 жылғы Конституциялық реформа: Әділеттілік пен заң үстемдігіне негізделген жаңа құндылықтар 06.02.2026
2026 жылғы Конституциялық реформа – Қазақстанның құқықтық және қоғамдық дамуындағы маңызды кезең. Жаңа Конституция әділеттілік, заң үстемдігі мен тәртіпті басты қағидаттар ретінде айқындап, мемлекеттің әрі қарайғы дамуына берік негіз қалайды.Реформада мемлекеттіліктің іргетасы – қоғамдық бірлік екені нақты көрсетілген. Қоғамдық ынтымақ, ұлтаралық және конфессияаралық келісім ел тұрақтылығының негізгі тірегі ретінде танылып отыр. Бұл – бейбітшілік пен өзара құрметке негізделген қоғам қалыптастыруға бағытталған маңызды ұстаным.Сонымен қатар, Конституцияда мызғымас құндылықтар өзгеріссіз сақталады. Қазақстанның егемендігі мен тәуелсіздігі, унитарлық құрылымы және аумақтық тұтастығы – мемлекеттің ажырамас негізі ретінде бекітілген. Бұл қағидаттар елдің тұтастығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басты кепілі болып қала береді.Жаңа Конституцияда биліктің бастауы – халық деген негізгі қағидаға ерекше мән берілген. Қазақстан халқы мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі ретінде айқындалып, азаматтардың ел басқару ісіне қатысуына кең мүмкіндік беріледі.Осылайша, 2026 жылғы Конституциялық реформа – әділетті, заңға негізделген және халық мүддесін бірінші орынға қоятын мемлекет қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам. Бұл өзгерістер қоғамдағы сенімді нығайтып, елдің тұрақты дамуына жол ашады.
Алматы облысы АӨК-ке инвестиция көлемі бойынша көшбасшылар қатарында 06.02.2026
2025 жылы Алматы облысы агроөнеркәсіптік кешенге (АӨК) тартылған инвестициялар көлемі бойынша елдегі жетекші өңірлердің қатарына енді. Сараптамалық деректерге сәйкес, өңірге шамамен 190 миллиард теңге инвестиция тартылған.Сараптамалық деректерге сәйкес, 2025 жылы АӨК секторының негізгі капиталына салынған инвестициялар жедел өсу кезеңіне өтті. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығында инвестициялардың нақты көлем индексі 153 пайызды құрап, қаржы көлемі 1,2 триллион теңгеге жеткен. Тамақ өнімдері өндірісінде бұл көрсеткіш 208 пайызға (389,4 миллиард теңге), ал сусындар өндірісінде 240 пайызға (124,4 миллиард теңге) артқан.Сонымен қатар, ел бойынша АӨК-ке бағытталған инвестициялардың 69 пайызы ауыл шаруашылығына, ал 31 пайызы ғана қайта өңдеу саласына тиесілі. Бұл жағдай Ауыл шаруашылығы министрлігі қайта өңдеу мен қосылған құнды арттыруды басымдық ретінде атап өткенімен, инвестициялық циклдің әзірге шикізаттық базаны кеңейтуге көбірек бағытталғанын көрсетеді.АӨК-ке салынған инвестициялардың жиынтық көлемі бойынша Павлодар және Түркістан облыстары көш бастап тұр. Әр өңірге шамамен 246–247 миллиард теңгеден инвестиция тартылған. Одан кейінгі орындарда Солтүстік Қазақстан облысы (192 миллиард теңге) мен Алматы облысы (190 миллиард теңге) орналасқан.Алайда өңірлер арасындағы инвестициялық құрылым әркелкі. Солтүстік өңірлерде капитал салымдарының басым бөлігі ауыл шаруашылығына бағытталса, Алматы облысы қайта өңдеу саласына, атап айтқанда тамақ өнімдері мен сусындар өндірісіне басымдық беріп отыр.Екінші деңгейдегі өңірлер қатарына Ақмола, Қарағанды, Ақтөбе және Қостанай облыстары кіреді. Бұл аймақтарда инвестиция көлемі бар болғанымен, қайта өңдеу бағытына айқын бетбұрыс байқалмайды. Ал Жамбыл облысында қайта өңдеу саласына салынған инвестиция үлесі ауыл шаруашылығы өндірісінен асып түскенімен ерекшеленеді.АӨК-ке ең аз инвестициялар Ұлытау және Маңғыстау облыстарында тіркелген. Бұл көбіне табиғи-климаттық шектеулерге және азық-түлік жеткізіліміне жоғары тәуелділікке байланысты. Сарапшылардың айтуынша, аталған өңірлер ел бойынша ең жоғары жалақы көрсеткіштеріне ие болғанымен, бұл ауыл шаруашылығы емес, шикізаттық салалардың есебінен қалыптасқан. Сонымен қатар, дәл осы өңірлерде азық-түлік бағасының жоғары болуы логистикалық шығындар мен жергілікті өндірістің жеткіліксіздігімен байланысты.Жалпы алғанда, агроөнеркәсіптік кешендегі инвестициялық белсенділік артқанымен, өңірлер арасында теңгерімсіздік сақталып отыр. Мамандардың пікірінше, ауыл шаруашылығы мен қайта өңдеу саласы бірін-бірі толықтырып, қатар дамуы тиіс. Бұл инвестицияларды тұрақты өндіріс көлеміне, жұмыспен қамтуға және елдің азық-түлік қауіпсіздігіне айналдырудың басты шарты болып отыр. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1156416?lang=kk
Жалдау ақысын шектеу, жеңілдетілген сауда сөрелері және қазақстандық өндірушілерден сатып алу: Сауда министрлігі өзгерістерді талқылауға шығарды 06.02.2026
ҚР Сауда және интеграция министрлігі ішкі сауда субъекттеріне жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидаларына өзгерістер енгізу жөніндегі жобаны қоғамдық талқылауға шығарды. Құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланып, 20 ақпанына дейін талқыланады. Жоба шағын бизнесті практикалық тұрғыда қолдауды күшейтуге және қазақстандық өндірістің дамуын ынталандыруға бағытталған. Ұсынылып отырған өзгерістер мемлекеттік бағдарлама шарттарына әсер етіп, мемлекеттік қолдау шараларын алушылар үшін кәсіпкерлердің мүдделерін қорғауға басымдық бере отырып, қарсы міндеттемелерді күшейтуді көздейді. Негізгі ұсыныстардың бірі – сауда нысаны үшін мемлекеттік қолдау алған, яғни несиенің сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау және несиелер бойынша кепілдік алған кәсіпкерге бір жыл ішінде жалдау құнын өсіруге шектеу қойылады. Бұл шара жалға алынған алаңдарда жұмыс істейтін шағын және орта бизнес, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер үшін ерекше маңызды. Ол шығындардың болжамдылығын қамтамасыз етіп, қызметті жоспарлауға мүмкіндік береді және жалдау ақысының кенеттен әрі негізсіз өсу қаупін төмендетеді. Сонымен қатар жоба аясында қазақстандық тауар өндірушілердің тізіліміне енгізілген жаңа қазақстандық брендтердің тауарларын сауда алаңдарында және сөреге жеңілдетілген шарттармен орналастыру көзделген. Бұл өндірушінің жазбаша өтініші негізінде үш айдан одан да ұзақ мерзімге жүзеге асырылады. Ұсынылып отырған өзгерістер жаңа отандық брендтер үшін нарықта өзін танытуға және дамуға қажетті бастапқы мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, айналым қаражатын толықтыру кезінде Қағидаларда тауарларды, шикізат пен материалдарды қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізілген кәсіпкерлерден сатып алу талабы бекітіледі. Бұл шешім ішкі кооперацияны дамытуға, жергілікті жеткізу тізбектерін қолдауға және импортқа тәуелділікті азайтуға бағытталған. Жалпы алғанда, ұсынылып отырған нормаларды іске асыру шағын бизнес мәселелерін шешуге жүйелі көзқарасты көрсетіп, ұзақ мерзімді экономикалық әсер қалыптастыруға мүмкіндік береді. Нәтижесінде шағын өндірушілер санының артуы, отандық тауарлар ассортиментінің кеңеюі және жаңа жұмыс орындарының құрылады деп жоспарланған. Жобаны талқылау 20 ақпанға дейін жалғасады. ҚР Сауда және интеграция министрлігі барлық мүдделі тұлғаларды «Ашық НҚА» порталында қоғамдық талқылауға қатысуға шақырады. Сілтеме - https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15757905Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1156418?lang=kk
2026 жылғы 5 ақпанда «Ашық есік күні» акциясы өткізілді 06.02.2026
2026 жылғы 5 ақпанда «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ Қарағанды қаласының мансап орталығы мамандарының қатысуымен «Ашық есік күні» акциясы өткізілді.Акцияға жұмыс іздеп жүрген азаматтардың барлық санаттары, соның ішінде жастар, көп балалы отбасылар, мүгедектігі бар адамдар, пробация қызметінде есепте тұрған адамдар, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және т. б. қатысты. Іс-шараны өткізу барысында жұмыссыз халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің барлық шаралары, оның ішінде мүгедек адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын ұйымдастыру және квота шеңберінде белгіленген жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру бойынша түсініктемелер берілді.Іс-шарадан кейін ниет білдірген азаматтарға халықты жұмыспен қамту саласындағы қызықтырған мәселелер бойынша жеке консультациялар берілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/otdel-social-karagandy/press/news/details/1156386?lang=kk
Алматы облысының тұрғындарына! 06.02.2026
103 нөмірін теру кезінде байланыс бұзылған жағдайда немесе мобильді байланыс желісінде ақаулар туындаса, жедел медициналық жәрдем бригадаларын шақыру үшін төменде көрсетілген баламалы байланыс арналарына жүгінулеріңізге болады.№Наименование МОНомер телефона1ГКП на ПХВ "Енбекшиказахская многопрофильная центральная районная больница"8(72775) 7-34-32 2ГКП на ПХВ "Уйгурская ЦРБ"8 (72778) 2 24 023КГП на ПХВ "Енбекшиказахская районная больница №1 села Шелек"8 778 02105044КГП на ПХВ "Райымбекская РБ"8 (7277) 9218078(7277) 9218575ГКП на ПХВ "Городская многопрофильная больница города Қонаев"8 (72772) 4-00-926ГКП на ПХВ "Карасайская клиническая многопрофильная центральная районная больница" 8 708 768-38-027КГП на ПХВ Жамбылская многопрофильная центральная районная больница8 (72770)799228ГКП на ПХВ "РБ с.Каргалы"8 747 035 34 859ГКП на ПХВ "Балхашская ЦРБ"8 (72773) 91-1-7610ГКП на ПХВ "Илийская ЦРБ"8 777 675 01 7711КГП на ПХВ "Кегенская РБ"8(72777) 2-17-1712ТОО "CK-MED"8747838696113ТОО "Городской центр семейной медицины"8 775 570 31 358 702 160 62 3314ТОО "ASMS Farm"8(727)305-55-5015ТОО "iStore"8777 192 27 8816ТОО "RGK med"8 700 698 168617ТОО "ALMASEMED"8 700 979 57478 708 462 406618ТОО "Тахет"8 707 398 08 8819ТОО "Promedical2021"8 771 765 95 3520  ТОО "NOVA INVEST" (НОВА ИНВЕСТ)Талграский р-н, с.Кызыл Кайрат8(72772)48-1-92Илийский р-н, с. Байкент8(7277)06-30-03Енбекшиказаский р-н. с. Улатракова8 705 784 90 83Енбекшиказахский р-н, с. Достык8(7277)67-45-1721ТОО "Talgar Clinic"8 707 7067063,            8(7273) 88100722ТОО "Центр семейной медицины имени Нурадина Досжанова"8 707 7823194123ТОО "Медицинский центр Жанұя Жұмабек Мед"877821572018 707 516 76 6024ТОО "Бакай-1"8 700 554 02 0825Уч-е "Каскеленский платный мед.центр"8 7277123151                      8 727712026326ТОО "ID Senim R"8 700 147 670027ТОО "Daulet medical center"8 707 145 00 3928ТОО "АЛАТ С"8 747 716 552629ТОО "KazMed Company"8 705 389 97 22Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-densaulyk/press/news/details/1156392?lang=kk
Ұлттық қорғаныс университетінің ғалымдары Құрлық әскерлері үшін ұшқышсыз авиация операторларын дайындауда 06.02.2026
Ұлттық қорғаныс университеті Әскери-зерттеу институтының базасында Құрлық әскерлері ұшқышсыз авиациялық жүйелер операторларының біліктілігін арттыруға арналған апталық курс өтіп жатыр. Сабақты ұшқышсыз авиация саласында он жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар оқытушылар мен нұсқаушылар жүргізуде.Қазіргі жағдайларда сұранысқа ие практикалық дайындыққа негізгі басымдық берілгенін айта кету керек.Курс барысында әскери қызметшілер «Торғай-10» құрылғысын ұшқышсыз ұшу аппаратына бөлшектеп жинау дағдыларын игереді. Сонымен бірге тактикалық-техникалық сипаттамаларын зерделеп, қауіпсіздік шаралары мен әртүрлі жағдайда қолдану ерекшеліктерін де үйренеді. Бұдан бөлек, Ұлттық қорғаныс университетінің ғылыми қызметкерлері әзірлеген «Ара» дрондарын қолдану бойынша да практикалық сабақтар жүргізіледі. Жеке оқу модулі FPV-дрондарға арналған. Тыңдаушылар оларды құрастыруды, бағдарламалауды, диагностикалауды және ақауларды жоюды үйреніп шығады.  – Біз қолданбалы дағдыларға басымдық береміз. Біздің мақсатымыз – алған білімдерін өз бөлімшелерінде тарата алатын мамандарды даярлау, – деп атап өтті ҚР ҰҚУ Қару-жарақ және әскери техника ғылыми-зерттеу институты зерттеу қызметінің бастығы полковник Жарқын Қабдолда. Ұшқышсыз авиациялық жүйелерді қолдану жеке құрамның қауіпсіздігін арттырып, жауынгерлік тапсырмаларды орындаудың тиімділігін жоғарылатады, дәлдікті, жедел барлауды және қарсыласқа қашықтан әсер етуді қамтамасыз етеді.– Ұшқышсыз ұшу аппараттары тактикалық басымдықтың негізгі элементіне айналды. Оларды қолдану формалары мен тәсілдерінің эволюциясы қазіргі заманғы ұрыс қимылдарының сипатына елеулі түрде әсер етуде, – дейді институттың Зерттеу қызметінің бастығы полковник Алексей Бойко.Ұшқышсыз жүйелерді басқару мамандарын даярлау Қарулы күштердің басты басымдықтарының бірі болып қала береді. Оның жүзеге асырылуы жеке құрамның техникалық біліктілігінің өсуіне және ұшқышсыз технологияларды қолдану мүмкіндіктерінің кеңеюіне ықпал етеді.Бұған дейін Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтының базасында ҰҰА мамандарын даярлайтын әскери мектептің ашылғаны, сондай-ақ Десанттық-шабуылдау әскерлерінде ұшқышсыз аппараттарды құрастыру, сынақтан өткізу және оларды бөлімшелерге беру бойынша жұмыстардың толық циклі жолға қойылғаны хабарланған болатын. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1156363?lang=kk
Мемлекеттік аппараттың парасаттылығы 06.02.2026
Мемлекеттік аппараттың парасаттылығыАғымдағы жылдың 5 ақпанында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы Е.А. Салықбаевтың, Қостанай облысы әкімі аппаратының басшысы М.М. Сандыбаевтың, облыстық басқармалардың басшылары мен мамандарының қатысуымен жұмыс кеңесі өтті. Өз сөзінде Е.А. Салықбаев Мемлекет басшысының Қызылорда қаласындағы Ұлттық құрылтайда айтқан басымдықтарын атап өтті. Шенеуніктердің адалдығына қойылатын талап жалпы мемлекеттік сипаттағы өзекті міндет болып қала береді. Бұл мемлекеттік қызметтің бүкіл жүйесі үшін -бірінші басшылардан бастап әр орындаушыға дейін тікелей және біржақты бағдар. БАҚ және әлеуметтік желілерде мемлекеттік қызмет туралы жағымсыз жарияланымдардың саны едәуір өсті, сын тек қарапайым қызметкерлерге ғана емес, сонымен қатар бірінші басшыларға да қатысты. Бұл алаңдатарлық жағдай, өйткені қоғам мемлекетті белгілі бір шенеуніктердің мінез-құлқы мен шешімдері бойынша бағалайды. Спикер көбінесе жанжалдарға, тәртіптік салдарға және беделді түсіруге әкелетін негізгі тәуекелдерді атап өтті: декларациялар мен қаржылық бақылау, мүдделер қақтығысы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер, отбасылық бағыну, шетелдегі шоттар, құмар ойындар және ставкалар. Міндет - бұзушылыққа жол беру қиын, ал адал мінез-құлық норма болып табылатын жүйені құру. Е.А. Салықбаев Мемлекеттік қызметті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде мемлекеттік қызметшілер үшін өзгерістер туралы да хабардар етті. Бұл кадрлық процестерді цифрландыру, қаржылық бақылау. Заң декларацияның екі түрін және лауазымды тұлғалардың жекелеген санаттары үшін декларациялардың жариялылығын белгілейді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді, оның ішінде жақын туыстарының, жұбайлары мен жекжаттарының, егер олардың арасында бағыныштылық туындаса, бірлескен қызметін (жұмысын), сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде ақша қаражаттары мен құндылықтарды сақтауға байланысты шектеулерді сақтау маңызды. М.М. Сандыбаев қатысушылардың назарын Мемлекет басшысының барлық уәкілетті мемлекеттік органдарға - өз жұмысын идеологиялық платформаға сәйкес қайта қарау және үндестіру туралы үндеуіне аударды. Қоғамның трансформациясы жағдайында тиімді кері байланыс арналарының, оның ішінде БАҚ пен әлеуметтік аккаунттардың болуы маңызды. Көшбасшылардың шеберлігі - азаматтық қоғаммен, БАҚ-пен байланыс орнату. Әдеп жөніндегі уәкіл К.Ж. Сюндиков практикалық кейстер мысалында мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттары мен жауапкершілігін сақтамау мысалдары туралы хабардар етті. Кеңесте қызметшілердің құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге тыйым салуға байланысты шектеулерді сақтамағаны үшін, оның ішінде телекоммуникация желілері мен Интернет желісін ставкаларға, бәс тігулерге қатысу арқылы пайдаланғаны үшін жауапкершілігі жеке мәселе ретінде айтылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1156361?lang=kk
Комиссияның кезекті отырысы: әрбір норма анық, түсінікті болуы керек 06.02.2026
Астанада Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның сегізінші отырысы өтіп, онда ҚР Бас прокурорының орынбасары Жандос Өмірәлиев жаңа Конституция жобасындағы 18-бапты орыс тілінде нақтылай түсуді ұсынды. Конституцияның әрбір нормасы анық, түсінікті болуы керектігін, комиссияның орасан зор жұмыс атқарып жатқанын ерекше атап өтті.Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин жаңа Конституцияның мәтіні аударма еместігіне тоқталды.–Жаңа Конституция жобасының мемлекеттік тілдегі нұсқасы – бұл аударма емес. Қолдарыңыздағы қазіргі жоба – о бастан мемлекеттік тілдің мүддесі тұрғысынан жазылған жоба. Екіұшты мәселелер туындаған кезде әуелі қазақ тіліндегі нұсқа назарға алынып отыр, – деді.Сондай-ақ Мемлекеттік кеңесші жаңа Конституцияның жобасында ескірген, мағынасы өзгерген сөздер қайта қаралғанын айтты.Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің ректоры Нұрлан Дулатбеков жаңа Конституцияда жоғары білімге қол жеткізудің қағидаттары нақты жазылу керек деген ұсынысын жеткізді. Сонымен бірге білім орындарын діни идеологиядан ажырату не үшін керек болғанын, білім беру жүйесі үшін мұның іргелі мәні бар екенін айтты.– Университеттер мен мектептер ғылымның, білімнің және әрине, академиялық еркіндіктің кеңістігі болып қалу керек. Мұндай тәсіл студенттерді қорғайды, бейтарап білім ортасына сақтайды және идеологиялық қысымның қатерін төмендетеді, – деді ғалым.Кезекті отырыста Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров Конституцияда «Қазақстанның ұлттық валютасы – теңге» деп нақты бекіту бастамасын көтерді. М.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университеті» АҚ басқарма төрағасы, Конституциялық комиссия мүшесі Талғат Нәрікбаев комиссияның Ата заңның қазақ тіліндегі мәтінін жетілдіру бағытында атқарған жұмыстарына тоқталды.Конституциялық комиссия төрағасы Эльвира Әзімова Ата заңның жаңа редакциясы туралы азаматтардан түскен ұсыныстардың тағдыры не болғанын жиынтық кесте арқылы халыққа жеткізуді тапсырды.Еске салсақ, аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев Конституциялық комиссияның мүшесі ретінде комиссия отырыстарына, жекелеген жұмыс секцияларындағы талқылауларға қатысуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1156329?lang=kk
«Жырлары жүректе мәңгі өшпес Мұқағали» атты поэзиялық кеш өтті 06.02.2026
Кешкі кітапхана жобасы аясында қазақ поэзиясының заңғар тұлғасы, лирик ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай «Жырлары жүректе мәңгі өшпес Мұқағали» атты тағылымды поэзиялық кеш өтті.Іс-шара барысында оқырмандарға Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы кеңінен таныстырылып, ақынның қазақ әдебиетіндегі айрықша орны туралы мазмұнды әңгімелер өрбіді.Кеш аясында сөз құдіретін жүрекпен сезініп, ақын рухын жалғайтын жас өрендер сахна төріне шығып, Мұқағалидың лирикалық өлеңдерін мәнерлеп оқып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. «Ән мен жыр үндестігі» бөлімінде ақын сөзіне жазылған жүрекке жақын, елге кеңінен танымал әндер шырқалды. Атап айтқанда, Дәнеш Рақышев атындағы филармонияның талантты әншілері Ақбота Сабыржанова «Айтатын саған сырым бұл», Гүлсім Малисова «Мен деп ойла» әндерін орындап, поэзия мен әуеннің үйлесімін айқын көрсетті.Сонымен қатар, «Ақынға тағзым» айдары аясында қаламгерлер мен өнер жанашырлары – Жұматай Оспанұлы, Жангелді Немеребай, Азамат Нұрмұқан, Айдынбек Аршын, Ербол Оразбеков, Салтанат Құмарбек, Өмірбай Бейбарыс-Сұлтан, Мұхтар Күмісбек, Зирагүл Нұрданбек ақынға арналған жүрекжарды арнауларын ұсынып, Мұқағали рухына деген құрметтерін білдірді.Кеш барысында көрермен назарына «Өлеңмен өрілген өмір» атты сахналық композиция ұсынылып, ақынның тағдыры мен шығармашылық болмысы көркем түрде бейнеленді. Сондай-ақ, ақынның жүрек түкпірінен орын алған, халыққа етене жақын ерекше туындысы – «Есіңе мені алғайсың» әнін Қ. Байсейтов атындағы саз колледжінің студенті Құштар Бауыржанұлы тебірене орындап, тыңдарманды терең ойға жетеледі.Кеш соңында Дәнеш Рақышев атындағы филармония әншісі Жомарт Тәкебаевтың орындауындағы «Отан» әні шырқалып, поэзиялық кештің мазмұнын асқақ рухпен түйіндеді.Жетісу жастары орталығымен бірлесіп, «Кешкі кітапхана» жобасы аясында ұйымдастырылған бұл жүздесу оқырмандардың поэзия мен өнер тоғысқан бұл тағылымды жиын көрерменге ерекше рухани әсер сыйлап, Мұқағали Мақатаевтың өшпес мұрасына деген құрметті тағы бір мәрте айқындай түсті.    Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1156344?lang=kk
Халық есепшісі: бизнеске салықтарды түсінуге тегін көмектесеміз 06.02.2026
2026 жылғы 5 қаңтарда басталған "Халық бухгалтері" республикалық акциясы – бұл жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнесті қолдаудың тәжірибелік жобасы.Акция шеңберінде салық төлеушілер "Қазақстанның бухгалтерлер Одағы және бухгалтерлік ұйымдары" бухгалтерлердің кәсіби ұйымының мүшелерінен, сондай-ақ Ақсу, Павлодар және Екібастұз қалаларының мемлекеттік кірістер басқармаларының мамандарынан кеңестерді тегін ала алады. Аудандық басқармаларда да жаңа Салық кодексінің нормаларын түсіндіру үшін жауапты мамандар анықталған.Акцияның алғашқы айларында (қаңтар-ақпан) "Халық бухгалтері" кабинеттері аптасына үш рет – дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейді. Наурыз айынан бастап кеңес берулер аптасына екі рет өткізіледі.Акция барысында 30-дан астам консультациялық күн өтті. Осы кезеңде 3000-нан астам салық төлеуші кеңес алды, 5000-нан астам сұрақ қойылды. Бұл форматтың жоғары сұранысын айқын растайды.Көбінесе салық төлеушілер келесі мәселелерге қызығушылық танытады:- өзін-өзі жұмыспен қамтығандар режиміне көшу;- 2026 жылы ЖК ашу және жабу;- салық режимдері арасындағы ауысу;- кәсіпкерлік қызметті қайта бастау;- салық нысандарын толтыру тәртібін түсіндіру;- ЭҚНЖ өзгерістері;- ҚҚС бойынша есепке қою;- ақпараттық жүйелердің жұмысы және басқа да өзекті мәселелер."Халық бухгалтері" жобасы – бұл ең алдымен диалог және бизнеске тәжірибелік көмек.Біздің міндетіміз – кәсіпкерлер жаңа Салық кодексінің талаптарын түсініп, жаңа жағдайда жайлы жұмыс істей алуы. Павлодар облысы бойынша МКД-ныңтүсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1156319?lang=kk
«ЦОН» мобильді қосымшасында автокөлік нөміріне онлайн тапсырыс беруге болады 06.02.2026
 «ЦОН» мобильді қосымшасында автокөлік нөміріне онлайн тапсырыс беруге болады«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы «ЦОН» мобильді қосымшасында жаңа цифрлық қызмет іске қосылғанын хабарлады. Енді қазақстандықтар автокөлікке арналған мемлекеттік нөмірді онлайн таңдап, тапсырыс бере алады.2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Салық кодексіне өзгерістер енгізіліп, көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің түрлері кеңейді. Азаматтардың "әдемі" нөмірлерге деген қызығушылығының артуына және көлік тіркеу барысында нөмірлік белгіні таңдауға деген қажеттіліктердің туындауына байланысты бұл тізімде "қалаулы" нөмірлер немесе бірінші және соңғы сандары бірдей "айна" нөмірлер де бар.Осыған байланысты қызметтің қолжетімділігін арттыру мақсатында автокөлік нөмірлерін «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы қашықтан таңдау және тапсырыс беру мүмкіндігі іске асырылды. Жаңа цифрлық қызмет МХҚКО-ларға жеке бармай-ақ, мемлекеттік нөмірге онлайн өтінім беру мүмкіндігін ұсынады.Өтінімді рәсімдеу толықтай онлайн форматта жүзеге асырылады және бірнеше минутты ғана алады. Қолданушы «ЦОН» мобильді қосымшасына кіріп, авторизациядан өтіп, «Мемлекеттік нөмірге тапсырыс беру» қызметін таңдайды. Одан кейін қалаған сериясы мен нөмір комбинациясын енгізеді. Өңір автоматты түрде азаматтың тіркелген мекенжайына сәйкес анықталады.Нөмірлік белгі бос болған жағдайда өтінім беруші төлем жасап, дайын нөмірлік белгіні алу үшін ыңғайлы бөлімшені таңдай алады. Таңдалған нөмір бос емес болса, жүйе бұл туралы хабарлап, басқа нұсқаны енгізуді ұсынады.Қызмет Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған. Бұл таңдалған мемлекеттік нөмірдің бос немесе бос еместігін бірден тексеруге мүмкіндік береді. Жүйе енгізілген нөмір комбинациясының мәртебесін автоматты түрде көрсетеді.Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін онлайн тапсырыс беру қызметінің іске қосылуы мемлекеттік қызметтерді цифрландыру жөніндегі жоспарлы жұмыстың бір бөлігі болып табылады және азаматтарға көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін, ашықтығын және тиімділігін арттыруға бағытталған.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-mangistau-rayon/press/news/details/1176960?lang=kk
Қазақстан мен Кения екіжақты экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуге ниетті 06.02.2026
Найроби, 2026 жылғы 4 ақпан – Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Елшісі Барлыбай Садықов Сыртқы істер және диаспора министрлігінің Экономикалық істер және коммерциялық дипломатия департаментінің директоры Матуру Эванс мырзамен кездесіп, екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, сауда-экономикалық және қаржы салаларындағы ынтымақтастықты дамыту жоспарларын, әртүрлі деңгейдегі алдағы екіжақты сапарларды және екіжақты құқықтық базаны қалыптастыру мәселелерін талқылады.Кездесу барысында қазақстандық дипломат контр-әріптесті мемлекеттік басқарудың тиімділігін одан әрі арттыруға және «Әділ Қазақстанды» құруға бағытталған Қазақстандағы жарияланған ауқымды конституциялық өзгерістер туралы хабардар етіп, олар бүкілхалықтық референдумға ұсынылатыны туралы ақпаратты жеткізді.Сонымен қатар, тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, көпжақты құрылымдар аясында тығыз ынтымақтастыққа деген ұмтылыстарын растады.Кездесу қорытындысы бойынша екіжақты өзара іс-қимылдың барлық спектрі бойынша, соның ішінде қаржылық технологияларды дамыту, транзиттік және көлік бағыттары, оның ішінде Кения порттарын пайдалану, ауыл шаруашылығы және туризм салаларындағы ынтымақтастықты нығайту туралы келісімге қол жеткізілді.Тараптар өзара мүдделі мәселелер бойынша, соның ішінде құрылған сауда және инвестиция жөніндегі Қазақстан-Кения жұмыс тобының шеңберінде ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-nairobi/press/news/details/1156259?lang=kk
«WindoW Capital» АҚ лицензия берілгені туралы 06.02.2026
Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және дамыту Агенттігі Төрағасы орынбасарының 2026 жылғы 06 ақпандағы № Б-19 бұйрығына сәйкес «WindoW Capital» АҚ-ға шетел валютасында банк операцияларын жүргізуге  2026 жылғы 06 ақпандағы № 3.4.8 лицензиясы берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1156237?lang=kk
Дүниежүзілік сайлау күнін мерекелеу аясында Риддер қаласының оқу орындарында студенттер мен жоғары сынып оқушыларының учаскелік сайлау комиссияларының төрағаларымен - көптеген жылдарды сайлау жүйесінде жұмыс істеуге арнаған адамдармен кездесулері өтті. Ашық диалог форматында комиссия өкілдері «Риддер колледжі» КМҚК студенттерімен, сондай-ақ «№1 мектеп-лицей» КММ, «№5 орта мектеп» КММ және «№10 орта мектеп» КММ жоғары сынып оқушыларымен өздерінің кәсіби тәжірибелерімен бөлісті. Кездесулерге қатысушылар сайлау процесі қалай ұйымдастырылатынын және өткізілетінін, әділ және ашық сайлаудың негізінде қандай принциптер жатқанын және әрбір азаматтың қатысуы елдің болашағын қалыптастыруда неге шешуші рөл атқаратынын білді. Мұндай кездесулер жастарға сайлаудың маңыздылығын жақсы түсінуге және белсенді азаматтық ұстанымның маңыздылығын түсінуге көмектеседі 06.02.2026
Дүниежүзілік сайлау күнін мерекелеу аясында Риддер қаласының оқу орындарында студенттер мен жоғары сынып оқушыларының учаскелік сайлау комиссияларының төрағаларымен - көптеген жылдарды сайлау жүйесінде жұмыс істеуге арнаған адамдармен кездесулері өтті.Ашық диалог форматында комиссия өкілдері «Риддер колледжі» КМҚК студенттерімен, сондай-ақ «№1 мектеп-лицей» КММ, «№5 орта мектеп» КММ және «№10 орта мектеп» КММ жоғары сынып оқушыларымен өздерінің кәсіби тәжірибелерімен бөлісті.Кездесулерге қатысушылар сайлау процесі қалай ұйымдастырылатынын және өткізілетінін, әділ және ашық сайлаудың негізінде қандай принциптер жатқанын және әрбір азаматтың қатысуы елдің болашағын қалыптастыруда неге шешуші рөл атқаратынын білді.Мұндай кездесулер жастарға сайлаудың маңыздылығын жақсы түсінуге және белсенді азаматтық ұстанымның маңыздылығын түсінуге көмектеседіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ridder/press/news/details/1156175?lang=kk
Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар 06.02.2026
1-кейс. Баланың қазасыСауал:Бала 10 жасында қайтыс болды. Оның атына Ұлттық қордан ақша аударылып келген. Бұл қаражат қайда кетеді?Жауап:Нысаналы талаптарға қатысушы бала қайтыс болған жағдайда, оның атына есептелген және есепшотта жатқан қаражат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мұраға беріледі.Қайтыс болған нысаналы талаптарға қатысушының мұрагері (мұрагерлері) қайтыс болған баланың нысаналы жинақтары БЖЗҚ-дағы нысаналы жинақтау шотына есептелгеннен кейін ғана БЖЗҚ-ға жүгінеді   Сауал:Бала 15-қыркүйекте дүниеге келіп, тіркеуден өтіп, туу туралы куәлігін алды. Өкінішке орай, 3 (үш) ай ғана өмір сүріп, шетінеп кетті. Бұл балаға Ұлттық қордан нысаналы талап есептеле ме?Жауап:"Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы 01.01.2024 жылдан бастап енгізілді. Нысаналы талаптарға қатысушы – Қазақстан Республикасының 2006 жылы және одан кейін туған, он сегіз жасқа толмаған азаматтары.  Қазақстан Республикасының сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы заңының ережелеріне сәйкес жеке сәйкестендіру нөмірі баланың туу туралы медициналық куәлігін алғаш рет беру кезінде қалыптастырылады. Осыған байланысты, 01.01.2024 жылға (яғни, бағдарлама енгізілгенге дейін) дейін қайтыс болған адамдарды қоспағанда, баланың үш ай өткеннен кейін қайтыс болуына қарамастан, Ұлттық қордан нысаналы талаптар есептелуге жатады. Сауал: Бала 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні сағат 23:55-те дүние есігін ашты.  Жеке тұлғалар дерекқорына тіркеліп, туу туралы куәлігін алып, жаңа жылдың қаңтар айының басында шетінеп кетті. Мұндай жағдайда Ұлттық қордан қаражат есептелу мәселесі қалай шешіледі?Жауап: "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы 01.01.2024 жылдан бастап енгізілді. Нысаналы талаптарға қатысушы – Қазақстан Республикасының 2006 жылы және одан кейін туған, он сегіз жасқа толмаған азаматтары.  Қазақстан Республикасының сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы заңының ережелеріне сәйкес жеке сәйкестендіру нөмірі баланың туу туралы медициналық куәлігін алғаш рет беру кезінде қалыптастырылады. Осыған байланысты, 01.01.2024 жылға (яғни, бағдарлама енгізілгенге дейін) дейін қайтыс болған адамдарды қоспағанда, баланың қайтыс болуына қарамастан, Ұлттық қордан нысаналы талаптар есептелуге жатады. Сауал: Бала 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні сағат 23:55-те туылып, осы күннің соңына дейін тіркеуден өтіп үлгермеді. Ол балаға өзі туылған есепті жыл үшін Ұлттық қордан нысаналы талап есептеле ме?Жауап: "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы 01.01.2024 жылдан бастап енгізілді. Нысаналы талаптарға қатысушы – Қазақстан Республикасының 2006 жылы және одан кейін туған, он сегіз жасқа толмаған азаматтары.  Ұлттық қордан нысаналы талаптар тиісті есепті жыл үшін, оның ішінде оның ішінде осы есепті жылы нақты туылған адамдарға есептеледі. Сондықтан "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорында баланың тууы туралы тиісті мәліметтер болған жағдайда, оған есепті жылы нысаналы талап есептелетін болады.  2-кейс. Бала Қазақстан азаматтығынан айырылдыСауал:Бала 14 жасында шетел азаматтығын алды. Бұрын Ұлттық қордан төлемдер есептеліп келген. Не болады?Жауап:Егер бала Қазақстан Республикасының азаматтығынан он сегіз жасқа толғанға дейін не кейін айырылса, сол сәттен бастап оған Ұлттық қордан қаражат есептеу тоқтатылады. Бұрын есептелген және жеке шотта жинақталған қаражат бағдарламаның басқа қатысушыларына бөлінеді. 3-кейс. Ата-ана ажырасқанСауал:Ата-анасы ажырасқан. Баланың Ұлттық қордағы ақшасын қай ата-ана басқарады?Жауап:Бала 18 жасқа толғанға дейін оған Ұлттық қордан есептелген қаражат ата-анасының ешқайсысының иелігінде болмайды. Кәмелетке толмаған баланың заңды өкілдері, оның ішінде ата-аналары баланың нысаналы талаптары туралы ақпаратты БЖЗҚ-ның kids.enpf.kz сайтынан, eGov mobile электрондық үкіметінің мобильді қосымшасынан, сондай-ақ кейбір екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларынан ғана көре алады.  Бала 18 жасқа толғаннан кейін, ол жинақталған қаражатты тек өз бетінше пайдалануға құқылы.Ақшаны тек бала 18 жасқа толғаннан кейін ғана өзі басқарып, өзі пайдалана алады. 4-кейс. Бала жетім немесе қамқоршылықтаСауал:Бала балалар үйінде тәрбиеленіп жатыр немесе қамқоршылықта. Ұлттық қордағы ақшасы қалай сақталады?Жауап:Баланың мәртебесіне (жетім, қамқоршылықта) қарамастан, 18 жасқа толғанға дейін Ұлттық қордан нысаналы талаптар аударылып отырады.Бала 18-жасқа толғаннан кейін, нысаналы жинақтау сомасын білім алуға немесе тұрғын үйге пайдалана алады. 5-кейс. Бала 18 жасқа толған, бірақ уәкілетті оператор – банкте банктік шот ашпағанСауал:Бала 18-ге толды, бірақ банкте нысаналы жинақ шотын ашпады. Ақша жойыла ма?Жауап:Жоқ, Ақша жойылмайды. Бала 18 жасқа толғанда оның атына БЖЗҚ-да нысаналы жинақтау шоты автоматты түрде ашылады және оған Ұлттық қордан тиесілі қаражат аударылады. Ақша АҚШ долларымен аударылады, нысаналы жинақтау шотында 10 жыл сақталады. Нысаналы жинақты алушы қаражатты тұрғын үй жағдайын жақсарту және білім алу ақысын төлеу үшін пайдалана алады.Тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу үшін нысаналы жинақтарды алушы не оның заңды өкілі (нысаналы жинақтарды алушының әрекетке қабілетсіздігі (әрекет қабілеттілігі шектеулі) жағдайында) нысаналы жинақтарды алушының атына АҚШ долларымен банктік шот ашатын уәкілетті оператор-банкке жүгінеді. Яғни уәкілетті оператор-банктің интернет-ресурсы не мобильді қосымшасы арқылы нысаналы жинақтар төлемін алуға электрондық өтініш береді. Электрондық өтінішке тізбесін Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарын ескере отырып уәкілетті оператор-банк айқындаған құжаттар қоса тіркелуі тиіс. Егер Бағдарламаға қатысушы 18 жасқа толғаннан кейін 10 жыл өткен соң, осы мерзім ішінде азамат нысаналы жинақ сомасын пайдаланбаса, онда қаржы БЖЗҚ-да оның атына автоматты түрде ашылатын жеке ерікті зейнетақы шотына аударылады. Бұл да автоматты түрде жүргізіледі.Ерікті зейнетақы жарналары есепке алынатын осы зейнетақы шотынан жинақтарды алу ҚР заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.   6-кейс. Ақшаны басқа мақсатқа жұмсауға бола ма?Сауал:18 жасқа толған бала ақшаны бизнес ашуға немесе көлік алуға жұмсай ала ма?Жауап:Жоқ, жұмсай алмайды. Ұлттық қор – балаларға бағдарламасы бойынша жиналған қаражатты тек екі мақсатта ғана пайдалануға болады:Білім алу (оқу ақысы)Тұрғын үй жағдайын жақсарту (баспана алу, ипотека)Басқа мақсаттарға жұмсауға рұқсат етілмейді. 7-кейс. Бала шетелде оқығысы келедіСауал:18 жасқа толған түлек шетелдік университетке түсті. Ұлттық қордан бөлінген нысаналы жинақ ақшасын пайдалана ала ма?Жауап:Иә, егер шетелдік оқу орны ресми түрде танылған болса және оқу ақысы құжатпен расталса, Ұлттық қордан бөлінген қаражатты білім алу мақсатына пайдалануға болады. 8-кейс. Бірнеше бала бар отбасында қате есептеуСауал:Отбасында 3 бала бар, бірақ біреуіне ғана төлем түскен. Не істеу керек?Жауап:Ата-ана:балада жеке басын куәландыратын құжаттың (туу туралы куәлік, 16 жастан бастап Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі) болуын;деректемелердің (аты-жөні, ЖСН, азаматтығы, т.б.) дұрыстығын;eGov.kz порталындағы өзінің жеке кабинетінде балалар туралы мәліметтердің болуын, тіркелуін және дұрыстығын тексеруі керек.Егер балада жеке басын куәландыратын құжат немесе ЖСН жоқ болса, тұрғылықты мекенжайы бойынша «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясына (ХҚКО) жүгіну қажет.             Баланың азаматтығы жоқ, анықталмаған немесе қате көрсетілген болса, тұрғылықты жері бойынша көші-қон қызметіне жүгіну керек.ЖТМДҚ-ға тиісті түзетулер енгізілгеннен кейін,  БЖЗҚ бұл баланы өткізіп алған кезеңді ескере отырып, келесі жылдан (2027 жылғы ақпаннан) бастап Нысаналы талаптарға қатысушылардың және (немесе) Нысаналы жинақтарды алушылардың тізіміне енгізеді. 9-кейс. Бала мүгедекСауал:Мүгедектігі бар балаға бағдарлама қалай қолданылады?Жауап:Бағдарлама Қазақстан азаматы болып есептелетін барлық балаларға тең шарттарда қолданылады. Мүгедектік болуы балаға қаражаттың есептелуі мен сақталуына ешқандай әсерін тигізбейді.   10-кейс. Ата-ана ақшаны ертерек алғысы келедіСауал:Отбасында қаржылай қиындық туындады. Баланың Ұлттық қордағы ақшасын алдын ала алуға бола ма?Жауап:Жоқ. Қаражат бала 18 жасқа толғанға дейін қолжетімсіз. Бұл – баланың болашағына арналған қорғалатын жинақ."Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы – бұл әр баланың білімі мен баспанасына, не болашақ зейнетақысына салынған бастапқы инвестиция.     Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-abay/press/news/details/1156095?lang=kk