Enbekshi QazaQ

Әлем

Тоқаев Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобын құру туралы өкімге қол қойды 14.10.2025
Мемлекет басшысы "Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобы туралы" өкімге қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.Мемлекет басшысының 2025 жылғы 8 қыркүйектегі "Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыруға бағытталған Парламенттік реформа жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау мақсатында президент "Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобы туралы" өкімге қол қойды.Жұмыс тобының құрамында парламент мәжілісі мен Сенатының, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, Парламент Мәжілісіндегі саяси партиялар фракцияларының жетекшілері бар.Бұған қоса, жұмыс тобына ғылыми институттардың басшылары, еліміздің құқықтық жүйесін дамытуға елеулі үлес қосқан әрі конституциялық құқық, мемлекет және құқық теориясына бағдарланған белгілі заңгер-ғалымдар, сондай-ақ Ұлттық Құрылтай мүшелері мен сарапшылар енді. Еске сала кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына биылғы жолдауында Қазақстанда бір палаталы парламент құру туралы бастама көтергенін хабарлаған едік.Сондай-ақ депутат Айдос Сарым сенат таратылса, форс-мажор жағдайында елде президенттікке кім үміткер болатыны туралы журналистердің сауалына жауап берген болатын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-aksuat-satbaev/press/news/details/1083076?lang=kk
Қарағандылық синхроншылар Азия чемпионатында жарқын жеңіске жетті 14.10.2025
Қарағанды облысының спортшылары су спорты түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында айрықша табысқа қол жеткізді. Құрлықтық дода Үндістанның Ахмадабад қаласында өтуде. Чемпионат бағдарламасына төрт спорт түрі енгізілген: жүзу, суға секіру, су добы және әртістік (синхронды) жүзу.Қарағанды облысының Жоғары спорт шеберлігі мектебінің тәрбиеленушілері әртістік жүзу сайысында сенсациялық нәтиже көрсетті. Спортшылар қоржынына жалпы 28 медаль түсті, оның 19-ы алтын, 4-і күміс, 5-і қола.Бұл жетістік қарағандылық спортшылардың жоғары дайындық деңгейін, кәсіби шеберлігін және өңірдегі су спорты мектебінің Азия кеңістігіндегі беделін айқын дәлелдеді.Жүлдегерлер қатарында – Наргиз Болатова, Ксения Макарова, Виктор Друзин, Карина Магрупова, Ясмин Туякова, Арина Пушкина және Даяна Джаманчалова бар. Қарағандылық синхроншылар жеке және топтық бағдарламаларда, сондай-ақ дуэт және микс-дуэт санаттарында үздік өнер көрсетті.Бұл жарқын жеңіс – спортшылардың еңбегі мен табандылығының, бапкерлердің кәсіби дайындығының және Қарағанды облысының спорт саласына жүйелі қолдауының нәтижесі.Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінің ақпараты бойынша Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1083084?lang=kk
Қазақстан мен Израиль СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті 14.10.2025
Астана, 2025 жылғы 8 қазан – Израиль тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Израиль Мемлекетінің Сыртқы істер министрі Гидеон Саармен телефон арқылы сөйлесті.Г.Саар әріптесін жаңа лауазымға тағайындалуымен құттықтап, жауапты қызметіне сәттілік тіледі.ҚР СІМ басшысы алғысын айтып, екі ел арасындағы өзара тиімді қарым-қатынастарды жан-жақты дамытуға дайын екенін растады.Сұхбат барысында өзара биік және жоғары деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мәселелері талқыланды. Сонымен бірге тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1083130?lang=kk
Қостанайда пара үстел теннисі бойынша ашық Кубок өтті 14.10.2025
5 қазан күні Қостанай қаласында пара үстел теннисі бойынша ашық Кубок өтті — бұл күн спорт пен ерік-жігердің нағыз мерекесіне айналды.Жарысқа түрлі санаттағы спортшылар қатысты: арбамен ойнаушылардан бастап, тұрып ойнаушыларға дейін. Әр матч табандылықтың, өзара құрметтің және шынайы спорттық достықтың көрінісі болды.Залда ерекше атмосфера орнады — қолдау, қуаныш және жеңіске деген жігер сезілді. Мұнда ешқандай шектеу жоқ, тек спортқа деген сүйіспеншілік пен алға ұмтылыс бар.Ұйымдастырушылар:Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөліміҚостанай облысының Паралимпиадалық спорт түрлері федерациясы«Социум & Я» қоғамдық бірлестігіЖеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталармен, медальдармен және кубоктармен марапатталды. Барлық қатысушылар рухтың мықтылығын, достықтың күші мен мүмкін еместің де мүмкін екенін дәлелдеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1083143?lang=kk
Қостанайда Машина жасау саласы күні мен Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығына орай марапаттау өтті 14.10.2025
Саланың үздік өкілдеріне марапаттарды Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов табыстады.Машина жасау – өңір экономикасының негізгі салаларының бірі және өңдеу өнеркәсібінде жетекші орын алады. Машина жасау үлесі өңдеу өнеркәсібінің жалпы көлемінің 55 пайызын құрайды. Кәсіпорындарда 8 мыңнан астам адам еңбек етіп, отандық өндірісті дамытуға айтарлықтай үлес қосуда.Ағымдағы жылдың сегіз айында сала кәсіпорындары 800 миллиард теңгеден астам өнім өндірді. Бұл – автомобильдер, комбайндар, тракторлар, тіркемелі және аспалы ауыл шаруашылығы техникасы, құрал-жабдықтар және басқа да өнім түрлері.- Сіздердің еңбектеріңіз – жай ғана өндіріс емес, бұл – өңірдің экономикалық дамуының негізі, инновациялардың қозғаушы күші және прогрестің тірегі. Сіздердің кәсібиліктеріңіз бен ісіңізге деген адалдықтарыңыз ең жоғары бағаға лайық, – деп атап өтті Құмар Ақсақалов.Өңір басшысы атап өткендей, облыста машина жасау саласын дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және бәсекеге қабілетті өнім шығаруға бағытталған инвестициялық жобалар іске асырылуда.2024 жылы облыста жалпы құны 50 миллиард теңге болатын бес инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 800-ден астам жаңа жұмыс орны ашылды. Биыл жалпы құны 312 миллиард теңге болатын тағы бес жоба іске қосылмақ, бұл өз кезегінде 3,2 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.Ірі жобалардың бірі – KIA маркалы автомобильдерді толық циклмен өндіретін зауыттың құрылысы. Мұнда шамамен 1500 жаңа жұмыс орны ашылады.- Жаңа зауыттың іске қосылуы өңірдің отандық автомобиль жасау орталығы ретіндегі беделін одан әрі арттыра түседі. Негізгі басымдық жергілікті кадрларды даярлауға, инженерлер мен жұмысшылардың кәсіби және технологиялық біліктілігін арттыруға бағытталады, – деді облыс әкімі.Құмар Ақсақаловтың айтуынша, барлық жобалардың жүзеге асырылуы Қостанай облысын индустриялық дамудың жаңа деңгейіне шығарып, елдегі жетекші машина жасау орталығы ретіндегі мәртебесін нығайтады.Салтанатты рәсім барысында мемлекеттік және мерейтойлық марапаттар табысталды.«Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалімен марапатталғандар:Майконов Арғұлан Салтанатұлы, «СарыаркаАвтоПром» ЖШС атқарушы директоры;Шмелюк Иван Васильевич, «Астык» элеватор жабдықтары зауыты» ЖШС газоэлектрдәнекерлеушісі.«Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталғандар:Қуанышбаев Сейтбек Бекенұлы, Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің ректоры;Дарменов Ағынғали Дәутбайұлы, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бастығы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1083144?lang=kk
Мемлекет басшысы Қаржы министрі Мәди Такиевті қабылдады 14.10.2025
Президентке республикалық бюджеттің орындалуы және мемлекет қаржысын цифрландыруды ілгерілету жұмыстары жөнінде баяндалды.Министрдің айтуынша, биыл республикалық бюджетке 21,6 триллион теңге көлемінде кіріс түскен. Оның 15,2 триллион теңгесін салық түсімдері құрайды. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 23,4 пайыз жоғары. Тоғыз айдың қорытындысы бойынша бюджет 101,6 пайыз орындалып, оның әлеуметтік бағыты сақталып отыр.Қасым-Жомарт Тоқаевқа салықтық және кедендік әкімшілендірудің тиімділігін арттыру шаралары, Арнаулы мемлекеттік қордың түсімдері туралы мәлімет берілді.«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңын іске асыруға баса назар аударылды. Жаңа құжат рәсімдердің мерзімін қысқартуды, олардың ашықтығын қамтамасыз етуді және отандық тауар өндірушілерді қолдауды көздейді. Қазіргі уақытта қазынашылықтың ақпараттық жүйесіндегі талдау және бақылау үдерістері толық автоматтандырылды.Мемлекет қаржысын цифрландыру аясында Big Data қалыптастыруға және толықтыруға, сондай-ақ салық пен кеден салаларына жасанды интеллектіні енгізуге ерекше мән беріледі.Президентке мемлекеттік аудиттің нәтижелері таныстырылды. Биылғы 8 айда 791 тексеру жүргізіліп, сомасы 337,5 миллиард теңге болатын қаржының заңсыз жұмсалғаны анықталды.Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қаржының орнықтылығын қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмысты жалғастыру мен барлық әлеуметтік міндеттемені орындау керек екеніне тоқталды. Сондай-ақ цифрландыруды одан әрі дамыту және заманауи бақылау тетіктерін енгізудің маңызын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1083175?lang=kk
ҚР ҚМ МКК Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы тағайындалды 14.10.2025
ҚР  Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары  Жәнібек Нұржанов МКК Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлеріне жаңадан басшыны - Аманжол Жақановты таныстырды.Аманжол Жақановтың салық органдары жүйесіндегі еңбек өтілі 25 жылдан асады. Ол 1997 жылы Қостанай облысы бойынша Салық комитетінде маманы болып жұмыс істеп, Лисаков қаласы мен Әулиекөл ауданының салық басқармаларында басшылық қызметтер атқарды. Әр жылдары Батыс Қазақстан, Қостанай және Ақтөбе облыстарында департаменттерді басқарды.Қызмет еткен жылдары Аманжол Жақанов өзін салық және қаржылық бақылау саласында терең теориялық білімі мен практикалық тәжірибесі бар жауапты басшы ретінде көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1083181?lang=kk
Кувейттік «Al Mawashi» компаниясы Қазақстанды жаңа стратегиялық серіктес ретінде қарастырады 14.10.2025
Әл-Кувейт, 2025 жылғы 8 қазан – Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Елшісі Ержан Елекеев «Al Mawashi» компаниясының бас атқарушы директоры Ахмед Әл-Маджедпен кездесу өткізді.Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Кувейт арасындағы агроөнеркәсіптік кешен саласындағы, атап айтқанда, Қазақстаннан Кувейтке ет өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады.Компания өкілі Австралияда тірі мал экспорты нарығын кезең-кезеңімен жабу туралы шешім қабылдағаннан кейін компания жеткізудің жаңа бағыттарын белсенді түрде қарастырып, қазақстандық нарыққа ерекше қызығушылық білдіргенін атап өтті.Өз тарапынан Қазақстан Елшісі «Al Mawashi»-мен серіктестікті дамыту табиғи ресурстарға, кең жайылымдарға және қазіргі заманғы қайта өңдеу инфрақұрылымына ие Орталық Азиядағы ет өнімдерін ірі өндірушілер мен экспорттаушылардың бірі болып табылатын Қазақстанның мүдделеріне толық сәйкес келетінін атап өтті.Қазақ дипломаты Қазақстан жоғары сапалы халал мяса тұрақты жеткізілуін қамтамасыз етуге және Кувейт серіктестерімен ұзақ мерзімді ынтымақтастық үшін сенімді жағдайлар ұсынуға дайын екендігіне назар аударды.«Al Mawashi» («Livestock Transport & Trading Company K.P.S.C.») компаниясы 1973 жылы құрылған және Таяу Шығыстағы тірі мал мен ет өнімдерін тасымалдау және сату жөніндегі ірі операторлардың бірі болып табылады. Компанияның штаб-пәтері Кувейт Мемлекетінде орналасқан, бірақ компания БАӘ, Оңтүстік Африка, Австралия және басқа елдерде де жұмыс істейді. Жылдық операциялар 1 миллион мал басынан асады, ал жиынтық айналым 200 миллион АҚШ долларынан асады. «Al Mawashi» халықаралық ынтымақтастықты белсенді түрде кеңейтіп, Қазақстанды Парсы шығанағы елдерінің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін негізгі серіктестердің бірі ретінде қарастырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kuveyt/press/news/details/1083183?lang=kk
Қазақстан мен Молдованың сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесті 14.10.2025
Астана, 2025 жылғы 8 қазан – Молдова тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев пен Молдова Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Михай Попшой арасында телефон арқылы сөйлесу өтті.М.Попшой әріптесін тағайындалуымен жылы құттықтап, жаңа қызметінде табыс тіледі. Қазақстан СІМ басшысы құттықтауы үшін алғысын білдіріп, Астана мен Кишинёв арасындағы достық қатынастарды жан-жақты тереңдетуге қазақ тарапының бейілді екенін атап өтті.Сұхбат барысында екіжақты және көпжақты форматтардағы Қазақстан-Молдова ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен оны одан әрі дамыту перспективалары, сондай-ақ биік және жоғары деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысы талқыланды.Тараптар екіжақты серіктестікті одан әрі нығайту мақсатында сыртқы саяси ведомстволар арасындағы тығыз өзара іс-қимылды жалғастыруға өзара дайындығын растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1083188?lang=kk
Друскининкай қаласында Қазақстан Республикасының Құрметті консулдығы ашылды 14.10.2025
Друскининкай, 2025 жылғы 8 қазан – Друскининкай қаласында Қазақстан Республикасының Құрметті консулдығының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Құрметті консул болып литвалық кәсіпкер Римантас Маркаускас тағайындалды. Ол Қазақстан мен Литва арасындағы экономикалық, мәдени және гуманитарлық байланыстардың дамуына үлес қосатын болады.Друскининкай қаласының мэрі Ричардас Малинаускас Құрметті консулдықтың ашылуы қала мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты дамытудың жаңа кезеңі болатынын және бірлескен бастамаларды іске асыру үшін қосымша мүмкіндіктер тудыратынын атап өтті.Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Елшісі Тимур Уразаев Қазақстан мен Литваны ежелден достық пен өзара құрметке негізделген қатынастар байланыстыратынын, ал консулдықтың ашылуы екіжақты ынтымақтастықты экономика, инвестициялар, туризм, білім беру және мәдениет салаларында жаңа деңгейге көтеруге серпін беретінін атап өтті.Салтанатты іс-шараға жергілікті билік органдарының өкілдері, іскерлік қауымдастық пен қоғамдық ұйымдардың мүшелері қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vilnius/press/news/details/1083190?lang=kk
Қазақстан Халықаралық гуманитарлық құқыққа саяси бейілділікті күшейту жөніндегі жаһандық бастама бойынша өңірлік конференция өткізді 14.10.2025
Астана, 2025 жылғы 7 қазан – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қорғаныс министрлігімен және Халықаралық Қызыл Крест комитетімен (ХҚКК) бірлесіп, Халықаралық гуманитарлық құқыққа (ХГҚ) саяси бейілділікті күшейту жөніндегі жаһандық бастама бойынша Орталық Азия елдері үшін өңірлік конференция ұйымдастырды.Халықаралық гуманитарлық құқыққа саяси бейілділікті күшейту жөніндегі жаһандық бастаманы 2024 жылғы қыркүйекте Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 79-сессиясының аясында 6 ел – Бразилия, Иордания, Қазақстан, Қытай, Франция және Оңтүстік Африка Халықаралық Қызыл Крест комитетімен бірлесіп іске қосты.Конференцияның негізгі спикерлері болып Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің орынбасары вице-адмирал Серік Бурамбаев, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Станислав Василенко, сондай-ақ Орталық Азиядағы ХҚКК өңірлік делегациясының басшысы Биляна Милошевич және ХҚКК жаһандық бастамасы бойынша басшысы Анн Кентен сөз сөйледі.Конференцияға Орталық Азия және жаһандық бастаманың бастамашы елдері елшіліктерінің жетекші сарапшы-заңгерлері мен дипломаттары қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1082922?lang=kk
Катар авиация билігі басшылығымен кездесу өтті 14.10.2025
2025 жылғы 21 қыркүйек, Монреаль. Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) Ассамблеясының 42-сессиясы аясында Қазақстан Республикасының делегациясы – Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы, делегация басшысы Салтанат Томпиева ханым мен ИКАО жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Тимур Тлегенов мырза Қатар Мемлекетінің делегациясын басқарған Азаматтық авиация басқармасының басшысы Мұхаммед бен Фалех әл-Хаджри мырзамен кездесу өткізді.Кездесу барысында тараптар азаматтық авиация саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті бағыттарын талқылады. Ұшулар қауіпсіздігі, авиациялық қауіпсіздік, кадрларды даярлау және екі ел арасындағы тікелей әуе рейстерін арттыру салаларында өзара іс-қимылды кеңейтуге мүдделілік білдірілді. Қатар тарапы әуе қатынасы туралы үкіметаралық екіжақты келісімге қол қоюға дайын екенін растады.Тараптар осы бағыттағы ынтымақтастықты жалғастыруға уағдаласты.Қатар Араб азаматтық авиация ұйымынан (ACAO) ИКАО Кеңесінің III тобына (географиялық қағидат бойынша сайланатын елдер) үміткер ел.Келіссөздер достық және өзара сенім жағдайында өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazakhstanicao/press/news/details/1083227?lang=kk
Қазақстан теңізшілері Каспийде он күндік оқу-жаттығу жорықтарын өткізді 14.10.2025
   Каспий теңізі акваториясында Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің кемелері жоспарлы оқу-жаттығу жорығын аяқтады. Жаттығулар жағадан 80 теңіз милі (шамамен 150 шақырым) қашықтықта өтті.  Экипаждар үшін бұл тек кезекті дайындық емес, кәсіби шеберліктің, төзімділіктің және бірлескен іс-қимылдардың маңызды сынағы болды. Үш кезеңнен тұрған жорық барысында әскери қызметшілер ұрыстық жағдайға барынша жақын ортада шешім қабылдау, кемелер арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіру және жеке құрамның теңізде әрекет етуге дайындық деңгейін бағалау міндеттерін орындады.  Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының жауынгерлік дайындық жөніндегі орынбасары бірінші дәрежелі капитан Данияр Хайрушев теңізшілердің кәсібилігін жоғары бағалады. Оның айтуынша, қолайсыз ауа райына қарамастан экипаждар кеме басқару, навигация, байланыс құралдары мен қаруды пайдалану бойынша тапсырмаларды сәтті орындап, жоғары төзімділік пен ұйымшылдық танытты.  Жорық Орал қаласының тумасы матрос Тұрар Өміржановқа ерекше әсер қалдырды. Ол әскерге дейін теңізді мүлде көрмеген. Алғашқы теңіз жорығы ол үшін тек сынақ болып қана қоймай, Қарулы күштер қатарындағы қызметінде үлкен мақтаныш болып отыр.  Жаттығулар барысында теңізшілер техникамен жұмыс істеуді, атысты, маневрлерді және кемелер арасындағы үйлесімді әрекеттерді тәжірибеде пысықтады. Алынған білім мен тәжірибе жеке құрамның жауынгерлік дайындық деңгейін одан әрі арттыруға негіз болмақ.  Алдағы уақытта қосымша бөлімшелерді тарта отырып, оқу-жаттығулардың ауқымын кеңейту, жаңа тактикалық сценарийлерді пысықтау және заманауи оқыту әдістерін енгізу жоспарлануда.  Бұл іс-шаралар Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің жауынгерлік әлеуетін нығайтуға және кез келген күрделі тапсырманы орындауға дайын болуын қамтамасыз етуге бағытталғанАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1083235?lang=kk
Қазақстан теңізге шыға алмайтын елдердің тұрақты дамуын қолдауда азаматтық авиацияның рөлі жөніндегі жоғары деңгейдегі диалогқа қатысып, сөз сөйледі 14.10.2025
2025 жылғы 23 қыркүйек, Монреаль, ИКАО штаб-пәтері.Халықаралық Азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) Ассамблеясының 42-сессиясы аясында «Теңізге шыға алмайтын елдердің (LLDCs) тұрақты дамуын қолдауда азаматтық авиацияның өмірлік маңызы бар рөлі» тақырыбында жоғары деңгейдегі диалог өтті.Іс-шараны ИКАО-ның Бас хатшысы Хуан Карлос Саласар мырза ашты. Сессияны ИКАО-ның Еуропалық және Солтүстік Атлантика өңірлік бюросының директоры Николя Ралло мырза жүргізді. Талқылауға теңізге шыға алмайтын елдердің өкілдері, сондай-ақ азаматтық авиация саласының, халықаралық және қаржы ұйымдарының басшылары қатысты.Қазақстан Республикасынан Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева ханым сөз сөйлеп, Қазақстан – теңізге шыға алмайтын ең ірі мемлекет ретінде азаматтық авиацияны географиялық шектеулерді еңсерудің және өңірлік пен жаһандық байланыстылықты нығайтудың стратегиялық құралы ретінде қарастыратынын атап өтті.Қазақстан тарапы елдің авиациялық байланыстылығын дамытудағы үш негізгі бағытты айқындады: 1) инфрақұрылым мен инновацияларға инвестициялар; 2) халықаралық байланыстылықты кеңейту; 3) Халықаралық ынтымақтастық пен ынтымақтастық рухы.Қорытынды пікірталас барысында Салтанат Томпиева ханым теңізге шыға алмайтын елдердің қажеттіліктерін талдау авиациялық нарықты ырықтандыруға, ұшу қауіпсіздігі саласындағы қадағалау әлеуетін арттыруға, экологиялық тұрақты технологияларды қолдана отырып инфрақұрылымды жаңғыртуға және қаржы көздеріне қолжетімділікті кеңейтуге бағытталуы тиіс екенін атап өтті.Оның айтуынша, өңірлік және жаһандық серіктестіктер инвестицияларды жұмылдыруда, тәжірибе алмасуда және инновацияларды енгізуде шешуші рөл атқарады. Бұл теңізге шыға алмайтын елдерге өздерінің географиялық шектеулерін жаңа мүмкіндіктерге айналдырып, жаһандық авиациялық жүйенің толыққанды қатысушыларына айналуға мүмкіндік береді.   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazakhstanicao/press/news/details/1083241?lang=kk
АҚШ FAA әкімшісінің орынбасарымен кездесу 14.10.2025
2025 жылғы 25 қыркүйек, Монреаль, ИКАО штаб-пәтері.Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) Ассамблеясының 42-сессиясы аясында Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева ханым мен ИКАО жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Тимур Тлегенов мырза АҚШ Азаматтық авиация федералдық басқармасы (FAA) әкімшісінің орынбасары Крис Рошело мырзамен кездесті.Кездесуде ұшу қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау жүйесін халықаралық стандарттарға сәйкестендіру шаралары, сондай-ақ Қазақстанда алдағы FAA IASA аудитіне дайындық және АҚШ-пен тікелей әуе қатынасын ашуға мүмкіндік беретін 1-санатқа (Category 1) қол жеткізу мәселелері талқыланды.Салтанат Томпиева FAA-мен серіктестіктің маңыздылығын атап өтіп, оның үздік халықаралық тәжірибелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретінін айтты.Крис Рошело еліміздің азаматтық авиация саласындағы жетістіктерін жоғары бағалап, техникалық реттеу мен ИКАО стандарттарына сәйкестікті қамтамасыз ету бағыттарында бірлескен жұмыстың маңызын атап өтті.Кездесу барысында екі елдің авиациялық билік өкілдері кадрлық әлеуетті дамыту, соның ішінде инспекторлар мен авиациялық оқиғаларды тергеу мамандары үшін оқыту және тағылымдамалар өткізу бойынша ынтымақтастықтың мәселелерін қарастырды.Келіссөздер достық және өзара сенім атмосферасында өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazakhstanicao/press/news/details/1083242?lang=kk
Ұшу қауіпсіздігі қорының Президентімен кездесу 14.10.2025
2025 жылғы 24 қыркүйек, Монреаль, ИКАО штаб-пәтері. Халықаралық Азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) Ассамблеясының 42-сессиясы аясында Қазақстан Республикасы делегациясының басшысы, Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева ханым мен ИКАО жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілі Тимур Тлегенов мырза Ұшу қауіпсіздігі қорының (Flight Safety Foundation) Президенті және бас атқарушы директоры Хассан Шахиди мырзамен жұмыс кездесуін өткізді.Кездесу барысында тараптар ұшу қауіпсіздігі деңгейін арттыру, халықаралық стандарттарды іске асыру және азаматтық авиация саласында тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады. Әңгіме барысында Қазақстан мен аталған Қор арасындағы ынтымақтастықты жолға қоюға өзара қызығушылық білдірілді.Анықтама: Ұшу қауіпсіздігі қоры (Flight Safety Foundation) – 1947 жылы құрылған халықаралық үкіметтік емес ұйым. Қор ұшу қауіпсіздігі саласындағы озық тәжірибелер мен стандарттарды ілгерілетуге, авиациялық оқиғаларды талдауға және тәуекелдерді азайту мақсатында білім мен тәжірибені таратуға бағытталған қызмет атқарады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazakhstanicao/press/news/details/1083245?lang=kk
Біріккен Корольдіктің азаматтық авиация билігі басшылығымен кездесу өтті 14.10.2025
2025 жылғы 25 қыркүйек, Монреаль. Халықаралық азаматтық авиация жөніндегі ұйымы (ИКАО) Ассамблеясының 42-ші сессиясы аясында Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева ханым және ИКАО жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Тимур Тлегенов мырза Біріккен Корольдіктің делегациясын басқарған Ұлыбритания Азаматтық авиация басқармасының (CAA UK) бас директоры Ранния Леонтариди ханыммен кездесу өткізді.Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықты кеңейту, соның ішінде Қазақстан мен Біріккен Корольдік арасындағы әуе рейстерінің жиілігін арттыру және «ауа еркіндігінің» бесінші дәрежесін пайдалану мәселелерін талқылады.Қазақстанның ұшу қауіпсіздігі бойынша ИКАО стандарттарына сәйкестік деңгейі 82%, авиациялық қауіпсіздік бойынша – 83% құрайды.Салтанат Томпиева ханым Қазақстан мен Біріккен Корольдік арасындағы әріптестікті жоғары бағалайтынын және азаматтық авиация саласындағы жаңа бірлескен бастамаларға ашық екенін атап өтті.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazakhstanicao/press/news/details/1083247?lang=kk
Аймақ басшысы Сұлтанбек Оразымбетовті 80 жас мерейтойымен құттықтады 14.10.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Шиелі ауданының құрметті азаматы Сұлтанбек Оразымбетовті 80 жас мерейтойымен құттықтады. Басқосуға зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, басқарма басшылары қатысты.Аймақ басшысы мерейтой иесіне құттықтауын жеткізіп, үлкенге құрмет көрсетудің, адал еңбекті бағалаудың маңызын атап өтті. «Дана халқымыз «Қадірлей білгенге құт қонады, құрметтей білгенге бақ тұрақтайды» деген. Өңіріміздің өркендеуіне, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуына бар күш-жігерін жұмсап, елдің қошеметіне бөленген аға буын өкілдеріне лайықты құрмет көрсету біздің игі дәстүрімізге айналған. Бүгінгі ресми жиынымыз адал еңбегімен халықтың ықыласына бөленген, өнегелі істердің ұйытқысы болған ардақты ағамыз Сұлтанбек Оразымбетовке арналады.Сыр жұртшылығы Сіздің елеулі еңбегіңізді, өнегелі өмір жолыңызды жақсы біледі, құрмет тұтады. Парасатқа толы ғұмырыңыздағы іргелі істеріңіз өскелең ұрпаққа үлгі.Жерлестеріңіз аймақтың дамуына зор үлес қосып, елдің ілтипатына бөленген Өзіңіздей жандармен мақтанады. Ақадал ниетті азаматтардың атынан бүгінгі мерейтойыңызбен шын жүректен тағы да құттықтап, деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілейміз! Тойыңыз тойға ұласа бергей!», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.Сұлтанбек Қойшыбайұлы еңбек жолын Қызылту елді мекенінде қарапайым жұмысшылықтан бастап, әр жылдары комсомол ұйымының хатшысы, өндіріс бригадирі, Шиелі аудандық партия комитетінде нұсқаушы, Гигант колхозында партия комитетінің хатшысы, аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы, аудандық партия комитеті хатшысының орынбасары қызметтерін атқарған. 1994-2012 жылдары Шиелі аудандық мәслихатының бірінші, екінші, үшінші және төртінші шақырылымының хатшысы болды.Жиында облыс әкімі мерейтой иесіне Қызылорда облысының Құрмет грамотасын табыстап, дәстүрге сай құрмет көрсетті. Мемлекет және қоғам қайраткерлері Ибрагим Әбибуллаев, Бекмырза Еламанов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, ел ағасы Қалдыбай Сүгірбаев сөз сөйлеп, ізгі тілек білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1083282?lang=kk
Исламабадта ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың реформалары мен сыртқы саяси бағадары талқыланды 14.10.2025
Исламабад, 2025 жылғы 7 қазан  – Пәкістанның беделді талдамалық орталықтарының біріне жататын  Исламабад Саяси зерттеулер институтында (Islamabad Policy Research Institute, IPRI) «Болашақты бірге құру - Қазақстан Президентінің алдағы сапары алдында қазақстандық-пәкістандық қарым-қатынастарды дамыту болашағы» тақырыбында Дөңгелек үстел өтті.Аталған іс шараға талдамалық орталықтардың, Пәкістан Ислам Республикасының Сыртқы істер министрлігінің,  Ақпараттық технологиялар және телекоммуникациялар министрлігінің басшылары,  озық БАҚ және т.б. қатысты.Іс шараның Құрметті қонағы ретінде Пәкістанның Ақпараттық технологиялар және телекоммуникациялар Федералдық министрі Шаза Фатима Хаваджа,  сондай-ақ Пәкістанның бұрынғы Ақпараттық және телерадио хабарларын тарату министрі, ПИР  Парламенті Сенатының Қорғаныс комитетінің бұрынғы төрағасы Мушахид Хусейн Сайед сөз сөйледі.Қазақстандық тараптан іс-шараға онлайн форматта қатысу үшін ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының,   ҚР Сыртқы істер министрлігі жанындағы Сыртқы саяси зерттеулер институтының,   сондай-ақ Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталықтың талдаушылары шақырылды.   Пәкістан тарапынан спикерлер ретінде Пәкістан Ислам Республикасының Сыртқы істер министрлігінің, Халықаралық қатынастарды ілгерілету институтының (IPRI) және Біртұтас тағдыр қауымдастығы зерттеу орталығының (PRCCSF) басшылығы қатысты.Іс шара барысында тараптар ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың 2025 жылдың 8  қыркүйегіндегі Қазақстан халқына жолдауының ережелерін, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII сезінің қорытындыларын, сондай-ақ қазақстандық-пәкістандық екі жақты қарым қатынастарды дамыту қарқынын талдады.Елші Е.Қыстафин өзінің құттықтау сөзінде іс-шараға қатысушыларды екіжақты күн тәртібінің негізгі бағыттарымен, оның ішінде саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамытумен таныстырып, өткен және 2025 жылға жоспарланған іс-шараларға тоқталды.Өз кезегінде спикерлер Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан реформаларға жоғары баға беріп, елдің жасанды интеллектті дамытуға, сондай-ақ мемлекетті өңірлік көлік-логистикалық хабқа айналдыруға бағытталған ұмтылыстарын ерекше атап өтті. Осы тұрғыда Пәкістанмен ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңыздылығы да атап өтілді.Дәлірек, Пәкістан Сыртқы істер министрлігінің Орталық Азия бойынша бас директоры Хасан Али Зайгам Қазақстан Пәкістан үшін аймақтағы стратегиялық әріптес екенін атап өтіп, Исламабадтың Қазақстан-Түрікменстан-Ауғанстан-Пәкістан бағыты бойынша теміржол салу бастамасын табанды түрде қолдайтынын айтып, ел басшылығы екіжақты ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге мүдделі екенін жеткізді.Астанада өткен діни саммитке келсек, Дөңгелек үстелге қатысушылар бұл бастаманы бірауыздан қолдайтындықтарын білдіріп, жалғасып жатқан конфессияаралық қақтығыстар жағдайында қазіргі халықаралық аренадағы ахуал кезіндегі оның  өзектілігіне тоқталды.Қазақстанның сыртқы саясаты туралы айта отырып, спикерлер оның шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен сындарлы, өзара тиімді қарым-қатынастарды дамытуға және нығайтуға бағытталған прагматикалық және теңгерімді сипатын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1083302?lang=kk
Конституциялық Сот жұмыс берушінің бастамасы бойынша жұмыстан босату туралы норманың Конституцияға сәйкестігін тексереді 14.10.2025
Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты алдын ала зерделеу нәтижелері бойынша азаматтың Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 52-бабы 1-1-тармағының 2) тармақшасының Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы өтінішін конституциялық іс жүргізуге қабылдады.Дауланып отырған норма квазимемлекеттік сектор ұйымының қызметкері сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған жағдайда жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу мүмкіндігін көздейді.Осы негіз бойынша электровоз машинисі қызметінен бұрын босатылған өтініш беруші бұл ереже оның еңбек бостандығы мен қызмет пен кәсіп түрін таңдау еркіндігіне конституциялық құқықтарын шектейді деп санайды. Оның пікірінше, норма орындалатын жұмыстың сипатын ескермей кеңінен қолданылады және басқарушылық функцияларды жүзеге асыруға байланысты және байланысты емес лауазымдарды сараламайды.Норманың Конституцияға сәйкестігін тексерудің барысы мен қорытындылары туралы ақпарат Конституциялық Соттың ресми сайтында және Telegram-арнасында жарияланатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/1083324?lang=kk