Enbekshi QazaQ

Әлем

Қытайда Жоғары аудиторлық палата делегациясының қатысуымен АЗОСАИ-дың жастарды жетілдіру бағдарламасы іске қосылды 14.10.2025
Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы Әлихан Смайылов бастаған делегация жұмыс сапарымен Қытайға барды. Сапар бағдарламасында АЗОСАИ өңірлік ұйымының желісі бойынша іс-шараларға қатысу және ҚР мен ҚХР жоғары аудит органдары арасындағы ынтымақтастықты дамыту көзделген.Сапар аясындағы басты шара – Нанкин аудит университетінде АЗОСАИ-дың жастарды жетілдіру бағдарламасын іске қосу. Бұған Қытайдың Ұлттық аудит кеңсесі бастамашы болды.Бағдарламаның мақсаты – Азияның түрлі елдерінің жас аудиторларына тәжірибе алмасуға, білім алуға және кәсіби сын-қатерлерге бірлесе жауап іздеуге мүмкіндік беру.Қазақстанның аудит саласындағы жас мамандары да ұйымның басқа елдерінен келген әріптестерімен бірге осы бағдарламаға қатысуда.Салтанатты ашылу рәсімінде сөз сөйлеген Әлихан Смайылов Бағдарламаны іске қосу болашақ аудитор мамандығына салынып жатқан маңызды инвестиция екенін атап өтті.Оның айтуынша, жасанды интеллектінің дамуы мен цифрлық валюталардың тез қарқынмен таралуы жағдайында аудит тек өзгерістерге ілесіп қана қоймай, олардан біршама алда жүруі керек.«Қазір машиналар цифрларды тексеріп, құжаттарды салыстыра алады, сәйкессіздіктерді адамнан да жылдам әрі дәл анықтай алады. Дәстүрлі аудит толықтай автоматтандырылатын уақыт жақын. Сондықтан жоғары аудит органдарының «бақылаушы» рөлінен шығатын кезі келді. Туындайтын проблеманы анықтап қана қоймай, оған жол бермейтін алдын алу аудитіне көшу қажет», — деді Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы.Әлихан Смайылов бұған қоса мемлекеттік аудиторлардың дағдыларын үнемі жетілдіріп, аудит процесінің өзіне технологиялық инновациялар енгізу қажет екенін айтты.Қазақстан да бұл бағытта көштен қалмай келеді. Республикада аудиторларды сертификаттаудың бірыңғай жүйесі құрылған. Жоғары аудиторлық палатаның жанынан зерттеу және оқу орталығы жұмыс істейді. Азия даму банкімен, Дүниежүзілік банкпен, ACCA және CIPFA сияқты халықаралық ұйымдармен тығыз ынтымақтастық орнаған.Төраға Жоғары аудиторлық палата ҚР-дағы мемлекеттік аудит жүйесінің сапасы мен тиімділігін арттыру бағытында жүйелі жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Басым бағыттардың қатарында үздік әлемдік практика мен стандарттарды енгізу, жаппай цифрландыру, сондай-ақ жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдауды сияқты озық IT шешімдерді пайдалану қамтылған.«Біз түрлі мемлекеттік органдардың 13 ақпараттық жүйесімен интеграция орнаттық және тәуекелдерді басқару жүйесін автоматтандырдық. Бұл бюджет қаражатын тиімді пайдалану үшін жасалып отыр. Сонымен қатар жасанды интеллект элементтері бар цифрлық ассистент жұмыс істейді. Ол аудиторларға қажетті құқықтық база мен құжаттарды жедел табуға көмектеседі», — деді Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы.Сөз соңында Әлихан Смайылов жас аудиторларға тілегін білдіріп, оларға кәсіби жолда табыс тіледі.Осы күні Қазақстан мен Қытай арасындағы берік достық пен ынтымақтастықтың символы ретінде Жоғары аудиторлық палатаның төрағасына Нанкин аудит университетінің құрметті профессоры атағы берілді.Нанкин аудит университеті 1983 жылы құрылған және Қытайда алғашқылардың бірі болып аудит саласындағы мамандар даярлады. Бүгінде мұнда 19 мыңнан астам студент пен аспирант білім алады, 1200-ден аса оқытушы жұмыс істейді.2016 жылдан бері университетте «Бір белдеу, бір жол» елдерінен келген студенттер үшін аудит бойынша магистратура бағдарламасы бар. Бұл елдер қатарына Қазақстан да кіреді. Нанкин аудит университетінің құрметті профессорлары қатарында АҚШ, Франция, Бразилия, Үндістан мен Оңтүстік Африка Республикасын қоса алғанда, әлемнің 30 мемлекетінің бас аудиторлары бар.Салтанатты рәсімде сөз сөйлеген Әлихан Смайылов соңғы 40 жыл ішінде Нанкин аудит университеті халықаралық диалог орталығына айналғанын әрі мұнда түрлі елдердің ғалымдары, оқытушылары мен студенттері мемлекеттік аудит саласын дамыту жолында бірігіп еңбек етіп жатқанын атап өтті.«Бұл құрметті атақты үлкен жауапкершілік деп қабылдаймын. Алдағы уақытта да тәжірибе алмасып, мемлекеттік аудит саласындағы ғылыми зерттеулерді қолдап, халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бар күшімді саламын», — деді ол.Жұмыс бағдарламасы аясында панельдік сессия өтті. Сессия барысында Азия елдерінің жоғары аудит органдарының басшылары АЗОСАИ-дың жастарды дамыту бағдарламасына қатысушылар қойған сұрақтарға жауап берді. Жас аудиторларды цифрландыру, кәсіби даярлық, аудит жүйелерін стратегиялық дамыту және аудит объектілерімен өзара іс-қимылдың практикалық аспектілері ерекше қызықтырды.Ресми іс-шаралардың қорытындысы бойынша жоғарғы аудит органдары басшыларының қатысуымен АЗОСАИ жас аудиторларын халықаралық қолдау туралы мәлімдеме қабылданды. Құжат мамандардың кәсіби дағдыларын жетілдіруге және технологиялық жаңалықтарды енгізуге бағытталған.Telegram-каналға жазылуАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/esep/press/news/details/1074253?lang=kk
Әділет министрі азаматтық қоғам өкілдерімен кездесті 14.10.2025
24 қыркүйекте, Қазақстанның 12-ші Азаматтық форумы қарсаңында Әділет министрі Ерлан Сәрсембаевтың азаматтық қоғам өкілдерімен кездесуі өтті.Министр азаматтық қоғамның маңызды рөлін атап өтті, әсіресе Әмбебап кезеңдік шолу және Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт аясында ұлттық баяндамаларды дайындау мен қорғау шеңберінде. Бұл күш-жігер Қазақстанның халықаралық беделін нығайтып, елдің адам құқықтары саласындағы халықаралық міндеттемелерге адалдығын растады.Әділет министрлігімен Мемлекет басшысының цифрландыру мен жасанды интеллектті дамыту жөніндегі Жолдауында қойылған міндеттер аясында, әділет жүйесіндегі цифрлық трансформацияның барысын, оның әкімшілік кедергілерді және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтудағы рөлін, сондай-ақ халық үшін көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуін таныстырылды.«Мемлекет басшысы жақында жасаған Жолдауында, сондай-ақ кеше БҰҰ-ның кезекті сессиясында Бас мінберден сөйлеген сөзінде ел дамуының негізгі бағдарларын айқындады. «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасы – әділетті де қуатты мемлекеттің негізі. Тұжырымдаманың ережелері әрбір азаматқа қатысты, оны ең алдымен әркім өзінен бастап жүзеге асыруы қажет», – деп атап өтті Әділет министрі.Кездесу қорытындысы бойынша Министр азаматтық қоғам өкілдеріне сындарлы ынтымақтастық пен нәтижелі серіктестігі үшін алғыс білдіріп, бірлескен жұмысты жалғастыруға шақырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/1074298?lang=kk
Белградта Scat Airlines әуе компаниясының Қазақстан мен Сербия астаналарын байланыстыратын тікелей әуе рейсінің таныстырылымы өтті 14.10.2025
Белград, 2025 жылғы 24 қыркүйек – Сербия Республикасының астанасында Scat Airlines әуе компаниясы арқылы Астана мен Белград қалалары арасындағы тікелей әуе қатынасының ашылуына арналған ресми таныстырылым өтті.Іс-шараға Сербияның туристік компаниялары, іскер топтар мен қауымдастықтары, сондай-ақ, жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.Презентацияны ашқан Қазақстанның Сербиядағы дипломаттары бұл «әуе көпірінің» Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстан мен Сербия арасындағы ынтымақтастықты барлық салада жандандыру бастамасы аясында жүзеге асырылып отырғанын атап өтті.Scat Airlines басшылығы мен Қазақстан туристік компаниялары еліміздің туристік әлеуетін таныстырып, жиналғандарды саяхатқа ең тартымды бағыттармен таныстырды.Сербияның туристік агенттіктері жаңа тікелей рейске зор қызығушылық танытып, бұл әуе бағыт туристерге Қазақстанды ғана емес, сонымен қатар бүкіл Орталық Азияны ашуға мүмкіндік беретініне назар аударды.Scat Airlines әуе компаниясы таныстырылымға қатысқан үш адамға Белград–Астана бағыты бойынша тегін билеттерді табыс етіп, 2025 жылғы 3 қарашадан бастап аптасына екі рет орындалатын рейстерге билеттердің сатылымы басталғанын хабарлады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-belgrad/press/news/details/1074319?lang=kk
Герат провинциясында Ауғанстан халқына Қазақстандық гуманитарлық көмек табыс етілді 14.10.2025
Герат, 2025 жылғы 24 қыркүйек – Ауғанстанның Герат провинциясындағы «Тұрғынды» теміржол станциясында Қазақстандық «KazAID» халықаралық даму агенттігі көмегімен Ауғанстан халқына Қазақстан Республикасының гуманитарлық көмегін табыстау ресми рәсімі орын алды.Іс-шараға Қазақстан Республикасының Ауғанстандағы Уақытша сенімді өкілі Ғазиз Ақбасов, Ауғанстан Сыртқы істер министрлігінің, Герат провинциясы губернаторының әкімшілігінің, сондай-ақ Ауғанстанның ұлттық төтенше жағдайлар басқармасының өкілдері қатысты.Қазақстандық гуманитарлық көмектің кезекті партиясына қант, ұн, ет консервілері, шай, көрпелер мен шатырлар салынған 26 теміржол вагоны кірді. Жүктің жалпы көлемі 272,7 тоннаны құрайды.Салтанатты рәсімде Ғ.Ақбасов Қазақстан Үкіметі Ауғанстанмен, оның ішінде гуманитарлық көмек көрсету желісі бойынша сенім мен ынтымақтастық ахуалын одан әрі нығайтуға ниетті екенін атап өтті.Ауған тарапы Қазақстан басшылығы мен халқына қиын кезеңде қолдау көрсеткені үшін ризашылығын білдіріп, көрсетілген көмек жер сілкінісінен зардап шеккен азаматтарға бағытталатынын және елдің аса мұқтаж провинциялары тұрғындары арасында таратылатынын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kabul/press/news/details/1074324?lang=kk
Қазақстан мен Латвия: парламентаралық ынтымақтастық өлшемі 14.10.2025
Рига, 2025 жылғы 24 қыркүйек - Латвия Республикасының Сеймінде Қазақстан Республикасының Елшісі Дәурен Кәріпов Сейм Спикерінің орынбасары және Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясындағы Латвия делегациясының басшысы Занда Калниня-Лукашевицамен кездесті.Елші Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформалар, сондай-ақ Мемлекет басшысының «Қазақстан жасанды интеллект дәуірінде: қазіргі сын-қатерлер және олардың цифрлық трансформация арқылы жүзеге асыру» атты Жолдауының негізгі бағыттарымен таныстырды. Ол Қазақстан мен Латвия өз кезегінде ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін ашу бойынша айтарлықтай әлеуетке және түрлі салаларындағы цифрландыру бойынша табысты тәжірибеге ие екенін атап өтті.Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы парламентаралық, оның ішінде халықаралық парламенттік ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылды жандандыру мәселелерін талқылады. Осыған байланысты Страсбургте өтетін алдағы ЕКПА сессиясына қатысты өзекті күн тәртібі бойынша пікір алмасты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riga/press/news/details/1074401?lang=kk
Қазақстанның Кишиневтегі Елшілігі Молдова бизнесімен ынтымақтастықтың жаңа перспективаларын талқылады 14.10.2025
Кишинев, 2025 жылғы 23 қыркүйек – Елшілік «Бэльц» Арнайы экономикалық аймағы мен Өңдеу өнеркәсібінің жұмыс берушілер қауымдастығы ұйымдастырған «Бәсекелестік және аймақтық оқиғалар контекстіндегі экономикалық даму перспективалары» конференциясына қатысты. Аталған іс-шараға Молдова бизнес-топтарының, экономикалық шолушылары мен сарапшылардың өкілдері қатысты.Сөз сөйлеу барысында ҚР Молдовадағы Елшісі Алмат Айдарбеков екіжақты қатынастарды дамытудың оң үрдісін атап өтті. Ол сондай-ақ Қазақстандағы инвестициялық саясаттың негізгі тұстарына назар аударды.Қазақстандық дипломат ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты жолдауының негізгі аспектілері туралы хабардар етті.Бұдан басқа, екіжақты байланыстардың маңыздылығы және МолдоваРеспубликасыныңАстанадағы Елшілігініңашылуыекіжақтыынтымақтастыққаелеуліүлес қосатынына сенім білдірді.Қазақстан мен Молдова арасындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдету және кеңейту үшін елеулі әлеует атап өтілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kishinev/press/news/details/1074410?lang=kk
Түсіндірме бұқаралық ақпарат құралдарының назарына 14.10.2025
Әлеуметтік желілерде сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімі (бұдан әрі - СДТБТ) ақпараттық жүйесінде мәліметтерді жою туралы ақпаратты таратуға қатысты ақпараттық жүйенің архитектурасы қандай да бір ақпаратты жоюдың техникалық мүмкіндігі болмайтындай етіп құрылғаны туралы хабарланады.Ақпараттық жүйе өнеркәсіптік пайдалануда, ақпараттандыру объектілерінің маңызды тізбесіне кіреді және уәкілетті органдар ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін тексере отырып жүргізетін, тоқсан сайын аудиттен өтеді.Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жүйе пайдаланушылары мен әкімшілерінің барлық әрекеттері жазылатын бағдарламалық және аппараттық құралдар қолданылады.Сонымен қатар, ақпараттық жүйе тәулік бойы қауіп-қатерлерді бақылайтын, талдайтын және оларға ден қоятын Ақпараттық қауіпсіздік жедел орталығына (АҚҚБ) қосылған. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасыныңҚұқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pravstat/press/news/details/1074412?lang=kk
Алматы облысында тұқымдарды бақылаудың пилоттық цифрлық жүйесі іске қосылды 14.10.2025
24 қыркүйекте Алматы облысында Ұлттық ғылым академиясы ғалымдары аграрлық университеттермен бірлесіп әзірлеген тұқымдардың қадағалауына арналған цифрлық жүйе таныстырылып, пилоттық режимде іске қосылды.ҚР ҰҒА президенті Ақылбек Күрішбаев тұқым сапасының өнімділікке тікелей әсер ететінін ерекше атап өтті:«Қазақстанда әлі де болса ауыл шаруашылығы өнімділігі төмен деңгейде қалып отыр. Соңғы 10 жылдағы талдау нәтижесі көрсеткендей, табиғи-климаттық жағдайы бізге ұқсас Канадада астық дақылдарының орташа өнімділігі 28 пайызға өсіп, гектарына 38 центнерге жеткен. Ал Қазақстанда өсім небәрі 6 пайызды құрап, гектарына 12 центнер деңгейінде қалды. Мұндай жағдайдың басты себептерінің бірі — сапасыз тұқымдарды пайдалану. Сондықтан цифрлық бақылау жүйесін енгізу салада тәртіп орнатып, оны жаңа деңгейге көтереді», — деді ол.Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев өңір жоғары нәтижелер көрсетіп отырғанымен, сапалы тұқымға деген сұраныс толық қамтамасыз етілмегенін айтты:«Биыл облыста күріштің өнімділігі гектарына 52 центнерге жетті. Бұл орташа көрсеткіштен 2,5 есе жоғары. Дегенмен шаруаларға 62 мың тонна тұқым қажет, ал жергілікті өндіріс небәрі 2 мың тонна көлемінде ғана қамтамасыз етіп отыр. Сол себепті отандық селекцияны дамыту мен цифрлық бақылауды енгізу біз үшін стратегиялық басымдық болып қала береді», — деп атап өтті ол.Семинарға қатысушылардың айтуынша, жаңа жүйе барлық үдерістердің — сортты әзірлеуден бастап шаруашылықта пайдалануға дейінгі кезеңнің ашықтығын қамтамасыз етеді. Ол жалған есеп беруді болдырмай, заңсыз субсидия алуға жол бермей, сорт авторларына әділ роялти төлемдерін кепілдейді.Семинар жұмысына Академия президенті, Алматы облысының әкімі, ғалымдар, Ауыл шаруашылығы министрлігі, ФАО, агробизнес пен шаруа қожалықтарының өкілдері қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1074414?lang=kk
Қарулы Күштерде Сағадат Нұрмағамбетовты еске алу іс-шаралары өтті 14.10.2025
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде еліміздің тұңғыш Қорғаныс министрі, Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовты еске алуға арналған іс-шаралар өтті.Аса көрнекті қолбасшы 2013 жылғы 24 қыркүйекте, 89 жасында өмірден озды. Дегенмен оның Отанға сіңірген өлшеусіз еңбегі мен өнегелі өмір жолы ел жадында мәңгі сақталады.Алматыдағы оның есімі берілген Құрлық әскерлері әскери институтында оқу сабақтары бір минут үнсіздікпен басталды, курсанттарға армия генералының өмірі мен офицерлік жолы туралы айтылды. Астанадағы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледждің жеке құрамы даңқты қолбасшы ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.Армия генералының туған жері – Ақкөл қаласында, Сағадат Нұрмағамбетов атындағы саябақта жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің және тұрғындардың қатысуымен гүл қою рәсімі өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1074417?lang=kk
ИХК СІМ-де кездесу туралы 14.10.2025
Амман, 2025 жылғы 24 қыркүйек –  Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі Елшісі Талғат Шалданбай ИХК Сыртқы істер және экспатрианттар істері министрлігінің Операциялар және консулдық қызмет департаментінің директоры Ферас Әл-Хоуримен кездесу өткізді.Сұхбат барысында тараптар консулдық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты және осы саладағы екіжақты ынтымақтастықты әрі қарай нығайту жолдарын талқылады. Иордания аумағындағы Қазақстан азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау, сондай-ақ төтенше жағдайларда іс-қимылды үйлестіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.Елші Т.Шалданбай екі елдің консулдық құрылымдары арасындағы өзара іс-қимылдың тиімді тетіктерін дамытудың маңыздылығын атап өтіп, иордан тарапына консулдық мәселелерді шешуге көрсеткен көмегі үшін ризашылығын білдірді.Өз тарапында, Ф.Әл-Хоури қазақ тарапымен өзара іс-қимылды әрі қарай кеңейтуге дайындығын растап, екіжақты қатынастардың қәзіргі деңгейіне жоғары баға берді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тұрақты жұмыс байланыстарын ұстану және консулдық саладағы тиімділікті арттыруға бағытталған бірлескен бастамаларды іске асыру туралы уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-amman/press/news/details/1074420?lang=kk
Аймақ басшысы денсаулық сақтау саласының ардагері Бисенкүл Кәрібаеваны 70 жас мерейтойымен құттықтады 14.10.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев денсаулық сақтау саласының ардагері Бисенкүл Өтегенқызы Кәрібаеваны 70 жас мерейтойымен құттықтады. Басқосуға зиялы қауым өкілдері, денсаулық сақтау саласының ардагерлері, қызметкерлері қатысты.Аймақ басшысы туған жер алдындағы азаматтық парызын адал атқарған ел ағалары мен ақ жаулықты аналарымыздың ерен еңбегін құрметтеу қасиетті парыз екенін айтып, мерейтой иесіне құттықтауын жеткізді.«Өңірімізде медицина саласының өркендеуіне, халықтың денсаулығын сақтауға ерекше еңбек сіңірген ардақты аға-апаларымыз аз емес. Сол кісілердің ізін басып, ел игілігі үшін атқарған абыройлы қызметтерін жалғаған дәрігерлеріміздің қатарында бүгінде мерейлі 70 жасқа толған Бисенкүл Өтегенқызын ерекше атап өтуіміз керек.Ол 1955 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Алматы мемлекеттік медицина институтының «Емдеу ісі» факультетінде білім алған.Еңбек жолын 1979 жылы №2 Қызылорда қалалық емханасында дәрігер болып бастап, бас дәрігердің орынбасары, бас дәрігер қызметтерін атқарды. №5 қалалық емханада, иммунтапшылығы синдромымен күрес орталығында бас дәрігер болған кезінде білікті маман әрі ұйымдастырушы ретінде халықтың ризашылығына бөленді.Құрметті зейнет демалысына шыққаннан кейін медицина орталығында қызметін жалғастырып, жас мамандарға саланың қыр-сырын үйретумен айналысып келеді.Бисенкүл Өтегенқызының еңбегі бағаланып, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.Сізді Сыр жұртшылығының атынан мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!», – деді Н.Нәлібаев.Жиында облыс әкімі мерейтой иесіне Қызылорда облысының Құрмет грамотасын табыстап, дәстүрге сай құрмет көрсетті. Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, Қызылорда облысының құрметті азаматы Абдулла Шүленбаев, Денсаулық сақтау ісінің үздігі Қаракөз Балабекова сөз сөйлеп, ізгі тілектерін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1074217?lang=kk
19 қыркүйекте бөлім басшысы М. Томас ЖК директорымен әңгімелесті, лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалануға назар аудару ұсынылды. Интернет қарақшылық - зияткерлік меншік құқығын бұзудың бір түрі. 14.10.2025
Бұл музыка, фильмдер, бағдарламалар, кітаптар сияқты авторлық құқықпен қорғалған материалдарды заңсыз көшіру және тарату.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/1074033?lang=kk
Серік Жұманғарин: кәсіпорындардың микроэкономикасына баса назар аудару өсудің жоғары қарқынын сақтауға мүмкіндік береді 14.10.2025
Вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі штаб отырысында тоғыз айдағы негізгі салалардың экономикалық өсуінің алдын ала қорытындылары қаралды. Ауыл шаруашылығы2025 жылғы 8 айдың қорытындысы бойынша жалпы өнім 3,4%-ға артты. Шамамен 3,6 трлн теңге. 9 айдағы болжам – 2,3%-ға өсу.Өсу мал шаруашылығымен (+3,2%, 2,26 трлн теңге) және өсімдік шаруашылығымен (+4%, 1,25 трлн теңге) қамтамасыз етілген. Өсудің кезекті кезеңі қазанда дәнді, майлы және басқа да дақылды жалпы жинау есебінен болуы тиіс.Қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібіАзық-түлік өндірісі 8 айда 10,1%-ға (2,5 трлн теңгеге дейін), сусын өндірісі – 7,1%-ға (813 млрд теңге) өсті.Өсу қант (24%-ға, 122,8 мың тоннаға дейін), ет консервісі (29,7%-ға, 5,8 мың тоннаға дейін), өсімдік майы (27%-ға, 595 мың тоннаға дейін), шұжық өнімі (8,8%-ға, 51,2 мың тоннаға дейін), сары май (15%-ға, 25,2 мың тоннаға дейін) өндірісінің артуы есебінен жүзеге асырылды.9 айдың қорытындысы бойынша азық-түлік өндірісінің 10,9%-ға, сусындардың 7%-ға өсуі күтілуде.Тау-кен өнеркәсібіҚаңтар-тамызда 67,4 млн тонна мұнай өндірілді (2024 жылғы сәйкес кезеңде +13,4%). Теңізде мұнай өндірудің айтарлықтай өсуі байқалады (2024 жылға қарай +26,83 млн тонна немесе +42%). Қарашығанақта осы уақыт ішінде 8,38 млн тонна (+4,6%) өндірілді. Қашағанда өндіріс 1,9%-ға, 12,16 млн тоннаға дейін төмендеді. Өндірістің төмендеуі жөндеу жұмысымен байланысты.9 айға болжам: мұнай өндіру – 75,6 млн тонна (+13%), газ өндіру – 51,6 млрд м3 (+17%). Газ бойынша 2025 жылға арналған жоспар – 62,8 млрд м3 (+6,4%).Сегіз айдағы мұнай өңдеу 12,2 млн тонна (+5,6%), қыркүйектің соңына қарай 14 млн тонна (+5,9%) болуы тиіс. Мұнай өнімін өндіру сегіз айда – 10,2 млн тонна (+8,7%), бір жылда – 13,7 млн тонна.Мұнай-газ химиясы: 418,9 мың тонна (+5%), бір жылға болжам – 590 мың тонна (+9,3%).Сауда8 айдағы сауда 8,9%-ға өсіп, 44,9 трлн теңгені құрады. Ақшалай түрде бұл өткен жылмен салыстырғанда 14%-ға жоғары. Негізгі үлесті Алматы (15,5 трлн теңге), Астана (6,6 трлн), Атырау (4,8 трлн), Қарағанды (2,8 трлн) облыстары және Шымкент (2,2 трлн) қосты.Өсу негізінен көтерме сауда есебінен қамтамасыз етілді (+3,5 трлн теңге, өткен жылға 109,8%). Оның құрылымында азық-түлікке жатпайтын тауардың үлесі 80%-дан 82%-ға дейін өсті (Мұнай және мұнай өнімдері, фармацевтика, металлургия, техника, автокөлік). Азық-түлік тауарының үлесі 18% (астық, майлар, тамақ өнімі, сусын).Бөлшек саудада құрылым сақталды: 68% азық-түлікке жатпайтын тауарға (+1,4 трлн), 32% – азық-түлік тауарына (+0,6 трлн) тиесілі.Көлік және логистикаКөлік саласы экономиканың жай-күйін дәлме-дәл көрсетеді. Көп көрсеткіш бойынша өсу бар. Қаңтар-тамызда көлік және қоймалау саласында көрсетілген қызмет көлемі 21,5%-ға, 9 айға болжам – 21,6%-ға өсті.Өсу тау-кен-металлургия, мұнай-газ, аграрлық, құрылыс және сауда секторында жүк тасымалының өсуі арқылы қамтамасыз етілуде.9 айда жолаушы тасымалы +7,8% (1,36 млрд адам) болуы мүмкін.Жүк жөнелтуде өсуді көрсеткендер: ERG (+3%), Богатырь Көмір (+2%), МӨЗ (+3%), Qarmet (+11%), Kaz Minerals (+1%).Өңдеу өнеркәсібіҚаңтар-тамызда өсу – 6,1%. Металлургия, машина жасау, химия, жеңіл өнеркәсіп, құрылыс материалы, резеңке-пластикалық бұйым, жиһаз өндірісінде оң динамика сақталуда.ҚұрылысҚаңтар-тамызда 4,8 трлн теңгенің жұмысы орындалды (НКИ 118,1%). 9 айға болжам – 17,7%-ға өсу.Штаб отырысының қорытындысы бойынша Серік Жұманғарин таяу кезеңдегі барлық салалардың негізгі міндеті микроэкономикамен белсенді айналысу екенін атап өтті. Яғни өсу қарқынының төмендеуіне жол бермеу үшін саладағы әрбір кәсіпорынның мәселелерін шешу қажет.https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1073683?lang=kkАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-ekonomika-zhosparlau/press/news/details/1074043?lang=kk
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Томаев БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында Черногория Президенті Яков Милатовичпен кездесті 14.10.2025
Нью-Йорк, 2025 жылғы 23 қыркүйек. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы алаңында Черногория Президенті Яков Милатовичпен кездесті.Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз Черногорияны Балқан түбегіндегі маңызды серіктесі санайтынын атап өтті.Келесі жылы екі ел арасындағы дипломатиялық ынтымақтастық орнағанына 20 жыл толады. Осы жылдар ішінде мемлекеттер арасында достық пен өзара түсіністікке негізделген сындарлы қарым-қатынас қалыптасты.Яков Милатович екіжақты байланыстарды дамытуға айтарлықтай үлес қосқаны үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтты. Оның айтуынша, Черногория қазақстандық туристер жиі келетін елдердің біріне айналған.Алматы мен Подгорица арасында тікелей әуе рейсінің ашылуы, сондай-ақ Қазақстан азаматтарына визасыз режим енгізілуі қос халықты жақындата түсті.@akorda.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-podgorica/press/news/details/1074052?lang=kk
«Жетісу аруы - 2025» облыстық байқауы 14.10.2025
Өтетін орны: І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайыӨтетін уақыты: 2025 жыл, 25 қыркүйек, сағат 15:00Байланыс телефондары:8 (7282) 24-34-07Электронды почта: 7su.ocnt@mail.ruКІРУ ТЕГІНАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1074066?lang=kk
Сарқан ауданының салық төлеушілеріне арналған семинар: Салық кодексіндегі жаңашылдықтар 14.10.2025
Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері Сарқан ауданының кәсіпкерлері мен тұрғындары үшін көшпелі семинар өткізді. Іс-шара барысында 2026 жылдан бастап күшіне енетін Салық кодексіндегі негізгі өзгерістер талқыланды.Семинарға қатысқан жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтарының басшылары мен бухгалтерлер салық заңнамасындағы алдағы жаңалықтар туралы ақпарат алып, өз сұрақтарын қоя алды.Кездесу барысында келесі мәселелер талқыланды: салық есептілігі нысандарын қысқарту, арнаулы салық режимдерін өзгерту, ҚҚС-ты реформалау, жалпыға ортақ декларациялау және салықтық әкімшілендіруді цифрландыру.Ашық диалогтың арқасында салық төлеушілер алдағы өзгерістерге дайындық бойынша нақты ұсыныстар алып, өзекті мәселелерді талқылады.Ақпараттық науқан аясында келесі көшпелі семинар 25 қыркүйекте Алакөл ауданында өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1074067?lang=kk
Парламент Мәжілісі Конституциялық Соттың Жолдауын іске асыру үшін әзірленген заң жобаларын жұмысқа алды 14.10.2025
Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz Парламент Мәжілісі жалпы отырыста 2024 жылғы Конституциялық Соттың еліміздегі конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жолдауын іске асыру шеңберінде депутаттар бастамашылық еткен бірқатар заң жобаларын жұмысқа қабылдады.Конституциялық Сот жолдауында заңды немесе өзге де құқықтық актіні не олардың жекелеген ережелерін Конституциялық Сот берген түсіндірмеде Конституцияға сәйкес келеді деп тану туралы нормативтік қаулы қабылданған жағдайда сот актілерін қайта қарау негіздерін нақтылау қажеттігін атап өтті.«Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы» Конституциялық заңның 63-бабы 4-тармағында Конституциялық Сот осындай шешім қабылдаған жағдайда оны қолдану кезінде өзгеше түсіндіру болмайды, ал оның салдары конституциялық емес деп шешім қабылдау кезіндегі жағдаймен бірдей болады деп айқындалған.Заң жобалары Қылмыстық-процестік, Азаматтық процестік, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстерге және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске Конституциялық Соттың нормативтік қаулысының осы түрін жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді қайта бастау үшін негіздер тізбесіне қосу бөлігінде толықтырулар енгізуді көздейді.Заң жобаларын қабылдау құқық үстемдігін, конституциялық бақылаудың тиімділігін нығайтуға, заңнаманы жетілдіруге және азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауға ықпал ететін болады.Анықтама: Парламент Мәжілісінің депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының шешімдерін орындау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заңдардың жобаларын жұмысқа қабылдады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/1074074?lang=kk
Қазақстанның Моңғолиядағы Елшісі Алмас Сейтакынов Хархорум қаласының әкімі Б.Бат-Эрдэнэмен келіссөздер жүргізді 14.10.2025
Ұлан-Батыр, 2025 жылғы 22 қыркүйекте – Қазақстанның Моңғолиядағы Елшісі Алмас Сейтакынов Хархорум қаласына жұмыс сапары аясында, қала әкімшілігінің басшысы Б.Бат-Эрдэнэмен кездесті.Келіссөздер барысында тараптар ауыл шаруашылығы, туризм, мәдениет және өзара қызығушылық тудыратын басқа да салалардағы ынтымақтастықтың болашағын талқылады.Елші қазақстандық тараптың астана көшіру тәжірибесімен, «ақылды қалаларды» басқару және дамыту, цифрландыру мен IT-технологияларды енгізу арқылы қалалық басқарудың тиімділігін арттыру және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау бағыттарында тәжірибе алмасуға дайын екенін атап өтті.Өз кезегінде Б.Бат-Эрдэнэ қазақстандық қалалармен тікелей байланыс орнатуға, сондай-ақ энергетика және инфрақұрылым салаларында бірлескен жобаларды іске асыруға мүдделілігін білдірді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тұрақты байланыстарды жалғастырып, екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға уағдаласты.* 2022 ж. Моңғолия Президенті У.Хүрэлсүх Хархорум қаласын қайта қалпына келтіру туралы жарлыққа қол қойды. Ү.ж. маусым айында жаңа қаланың құрылысы басталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ulaanbaatar/press/news/details/1074081?lang=kk
Конституциялық Сотта қауіпсіз және құрметті еңбек ахуалын қалыптастыру бойынша семинар өтті 14.10.2025
Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz Конституциялық Сот Аппаратының қызметкерлері үшін Әдеп жөніндегі уәкіл БҰҰ-ның гендерлік мәселелер жөніндегі даму бағдарламасының кеңесшісі Гаухар Нұршаның қатысуымен харассмент көріністерінің алдын алуға арналған семинар өткізді. Шара гендерлік кемсітушілік пен мемлекеттік қызметтегі жыныстық қудалауды қоса алғанда, кез-келген сипаттама формаларына нөлдік төзімділік мәдениетін насихаттауға бағытталған. Талқылау барысында қатысушылар қудалаудың алдын алу тетіктерін, құрмет пен ынтымақтастық атмосферасын нығайту жолдарын, сондай-ақ жайлы және қауіпсіз жұмыс ортасын құру жөніндегі практикалық қадамдарды қарастырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/1074098?lang=kk
Қазақстан мен Словакия парламенттік дипломатия аясындағы диалогты нығайтуда 14.10.2025
Братислава, 2025 жылғы 24 қыркүйек – Қазақстанның Словакиядағы Елшісі Жанна Сағынова Словак Республикасы Ұлттық Кеңесінің депутаты Павол Гогамен кездесті.Әңгіме барысында тараптар Қазақстан мен Словакия арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылап, парламенттік байланыстарды нығайтуға баса мән берді. Екі елдің заң шығарушы органдары арасындағы сындарлы диалог саяси және экономикалық өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға негіз болатыны атап өтілді.Сондай-ақ көпжақты өзара іс-қимылдың жекелеген бағыттары қарастырылып, соның ішінде Еуропа Кеңесі мен ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы аясындағы ынтымақтастыққа көңіл бөлінді. Әңгімелесушілер демократия, заң үстемдігі және адам құқықтарын қорғау сияқты ортақ құндылықтарды ілгерілетуде парламенттік дипломатияның маңызды рөлін ерекше атап көрсетті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bratislava/press/news/details/1074103?lang=kk