Әлем
Мемлекет басшысы АҚШ Сауда министрімен кездесті 14.10.2025
2025 ж. 23 қыркүйек, Нью-Йорк қ. – Мемлекет басшысы АҚШ Сауда министрімен кездесті.Мемлекет басшысы мен АҚШ Сауда министрі Говард Латник екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың кең көлемді мәселелерін қарастырды.Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз Америка Құрама Штаттарымен ықпалдастықты дамытуға ерекше мән беретінін атап өтті. АҚШ еліміздің негізгі инвестициялық серіктестерінің бірі саналады.Президент Қазақстанда шетелдік инвесторларға қолайлы жағдай жасалғанын айтты. Мемлекет басшысы елімізде америкалық бизнес үшін энергетика, көлік-логистика, цифрландыру, ауыл шаруашылығы салаларында үлкен мүмкіндік бар екенін жеткізді.Говард Латник Құрама Штаттардың Қазақстанмен сауда-экономикалық, индустриалдық, көлік-логистикалық және инвестициялық салаларда бірлескен жобаларды одан әрі дамытуға қызығушылық танытатынына тоқталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-washington/press/news/details/1074476?lang=kk
Президент Blackstone компаниясының негізін қалаушылардың бірі және басқарма төрағасы Стивен Шварцманмен кездесті 14.10.2025
2025 ж. 23 қыркүйек,Нью-Йорк қ. – Президент Blackstone компаниясының негізін қалаушылардың бірі және басқарма төрағасы Стивен Шварцманмен кездесті.Қасым-Жомарт Тоқаев пен Стивен Шварцман өзара тиімді инвестициялық ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылады.Қазақстан Президентінің айтуынша, Blackstone компаниясының инфрақұрылым мен технологияны дамытуға арналған ауқымды инвестициялау стратегиясы еліміздің экономиканы әртараптандыру, инновация мен орнықты даму салаларындағы ұлттық басымдықтарымен тығыз байланысты.Мемлекет басшысы Қазақстанды толық цифрлық елге айналдыру жөнінде стратегиялық міндет қойғанына егжей-тегжейлі тоқталды.Blackstone компаниясының басшысымен әңгімелесу барысында Қазақстанда дата орталық құрылысы жобасын бірлесіп іске асыру ұсынылды. Сондай-ақ еліміздегі қаржы технологиялары мен жылдам өркендеп келе жатқан компаниялар арқылы активтерді басқару саласындағы ынтымақтастық әлеуетін қарастыруға назар аударылды.Blackstone – нарықтық капиталы 218 миллиард доллардан асатын әлемдегі ірі инвестициялық компания. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-washington/press/news/details/1074477?lang=kk
Мемлекет басшысы АҚШ Сауда палатасының президенті және бас атқарушы директоры Сюзанн Кларкты қабылдады 14.10.2025
2025 ж. 23 қыркүйек, Нью-Йорк қ. – Мемлекет басшысы АҚШ Сауда палатасының президенті және бас атқарушы директоры Сюзанн Кларкты қабылдады.Әңгімелесу барысында екіжақты тауар айналымын ұлғайту мақсатында ұзақ мерзімді ынтымақтастықты жолға қою мәселелері талқыланды.Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда Қазақстанда жүргізілген жоғары деңгейдегі америкалық сауда-инвестициялық миссиясының қорытындысын құптап, еліміз Құрама Штаттардың Орталық Азиядағы негізгі серіктесі саналатынын атап өтті. Қазақстан АҚШ Үкіметімен және іскерлік орта өкілдерімен тиімді ықпалдастық орнатуға бейіл.Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамппен өткен бүгінгі әңгімелесудің, сондай-ақ Сауда министрі Говард Латникпен, бірқатар америкалық ірі компаниялар басшыларымен кездесудің мазмұнын жоғары бағалады.АҚШ Сауда палатасының жетекшісі экономикалық байланыстарды одан әрі кеңейтудің айтарлықтай әлеуеті бар екенін растады.Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сюзанн Кларк экономиканың түрлі секторында бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективасын қарастырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-washington/press/news/details/1074479?lang=kk
Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысымен кездесу өткізді 14.10.2025
2025 ж. 23 қыркүйек, Нью-Йорк қ. – Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысымен кездесу өткізді.Қазақстан Президенті мен Бас хатшы Антониу Гутерриш БҰҰ Бас Ассамблеясы сессиясының күн тәртібін талқылады.Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Ұйымға алдағы уақытта да қолдау көрсетіп, оның бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту, орнықты даму ісінде жетекші рөл атқара беруіне белсенді түрде атсалысатынын айтты.Кездесу аясында Мемлекет басшысының және Бас хатшының қатысуымен Алматыдағы Орталық Азия мен Ауғанстан үшін БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі Өңірлік орталығының қызметі туралы меморандумға қол қойылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-washington/press/news/details/1074483?lang=kk
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы аясында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. 14.10.2025
Нью-Йорк, 2025 жылғы 22 қыркүйек - Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы аясында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.Мемлекет басшысы Черногория Президенті Яков Милатовичпен кездесу барысында бұл елді Балқан түбегіндегі маңызды серіктес ретінде қарастыратынын атап өтті. Алдағы жылы Қазақстан мен Черногория арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 20 жыл толады. Осы уақыт ішінде достық пен өзара түсіністікке негізделген сындарлы байланыстар қалыптасты. Өз кезегінде Яков Милатович Қазақстанның екіжақты ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесіне ризашылығын білдірді. Сондай-ақ ол қазақстандық туристердің Черногорияға қызығушылығы артып келе жатқанын атап өтті. Алматы мен Подгорица арасында тікелей әуе рейстерінің ашылуы және визасыз режим енгізілуі халықтар арасындағы жақындастықты арттырды.Осыдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Украина Президенті Владимир Зеленскиймен келіссөздер жүргізді. Кездесуде тараптар экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Владимир Зеленский Украинадағы жағдайға қатысты өз көзқарасын ортаға салды. Қазақстан Президенті бұл аса күрделі ахуалдың дипломатиялық жолмен шешілу қажеттігіне назар аударып, қақтығысты тоқтату бағытындағы келіссөздерді жалғастырудың маңызын атап өтті.Сондай-ақ Мемлекет басшысы Еуропалық Кеңес Президенті Антониу Коштамен пікір алмасты. Әңгіме барысында Қазақстанның Еуропалық Одақпен екіжақты негізде де, C5+ форматы аясында да серіктестікті тереңдетуге ниетті екені атап өтілді. Тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытуға ықпал етіп отырған саяси диалогтың оң қарқынын жоғары бағалады. Сонымен қатар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша ой бөлісті. Кездесу қорытындысы бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі кеңейту жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kazakhstanun/press/news/details/1074485?lang=kk
Кәсіпкерлерге консультация өткізілді 14.10.2025
«Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2025 жылдың 24 қыркүйегінде зияткерлік меншік құқығы бөлімінің басшысы Динара Хусаинова кәсіпкерлерге кәсіпкерлік қызметте тауар белгілерін пайдалану, заңсыз пайдаланғаны үшін жауапкершілік түрлері және қорғау тәсілдері бойынша консультация өткізді. Қостанай облысыӘділет департаментініңБаспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1074490?lang=kk
Пәтер иелері кооперативтерін қайта тіркеу мәселелері бойынша дөңгелек стол өтті 14.10.2025
«Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2025 жылдың 24 қыркүйегінде Қостанай облысы Әділет департаменті, Қостанай облысы әкімдігінің Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, сондай-ақ Қостанай және Рудный қалаларының тұрғын үй қатынастары бөлімдерінің қатысуымен пәтер иелері кооперативтерін қайта тіркеу мәселелері бойынша дөңгелек стол өтті.Іс-шараның негізгі тақырыбы - 2025 жылдың 17 қыркүйегінен бастап күшіне енген «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген түзетулерді іске асыру мәселелері болды.Ерекше назар Пәтер иелері тұтыну кооперативтерін және Пәтер иелері кооперативтерін қайта тіркеуге қатысты өзгерістерге аударылды.Іс-шара барысында қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап берілді. Қостанай облысыӘділет департаментініңБаспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1074491?lang=kk
Жастармен түсіндіру жұмыстары 14.10.2025
Қостанай облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Мария Сергеевна Солдаткина «Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында жастармен дропперлік секілді өзекті тақырыптар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Дәріс барысында студенттерге мына мәселелер түсіндірілді:-дропперлер кімдер;-жастардың қылмыстық схемаға кездейсоқ қалай тап болуы мүмкін;-мұндай әрекеттерге қатысқаны үшін қандай қылмыстық жауапкершілік көзделген;-заңсыз схемаларға тартылудан өзін қалай қорғау қажет.Іс-шара тірі диалог форматында өтеді: студенттер сұрақтар қойып, өз пікірлерін білдіреді және заң қауымдастығы өкілдерінен құнды кеңестер алады.Сонымен қатар, заң қауымдастығы мұндай түсіндіру кездесулерін жастармен тұрақты түрде өткізіп келеді. Қостанай облысыӘділет департаментініңБаспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1074495?lang=kk
Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы аясында кезекті екіжақты кездесулер өткізді 14.10.2025
Нью-Йорк, 2025 жылғы 23 қыркүйек - Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы аясында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.Мемлекет басшысы Люксембург Премьер-министрі Люк Фриденмен келіссөз жүргізді. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері талқыланды. Президент Қазақстан мен Люксембург арасында ежелден достыққа және сындарлы өзара әрекеттестікке негізделген қарым-қатынас қалыптасқанын атап өтті. Әңгімелесу кезінде сауда-инвестициялық ықпалдастықты дамытуға, сондай-ақ цифрландыру мен қаржы технологиялары салаларындағы бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға ерекше көңіл бөлінді. Осы мақсатта тараптар екі елдің бизнес қауымдастығы арасындағы байланыстарды жандандыруға уағдаласты.Одан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Монако Князі ІІ Альбермен кездесті. Мемлекет басшысы Қазақстан мен Монако арасындағы қарым-қатынастың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейтудің зор әлеуеті бар екенін айтты. Президент Князь ІІ Альберді Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды. Сондай-ақ тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.Келіссөздердің жалғасында Мемлекет басшысы Финляндия Президенті Александр Стуббпен кездесті. Әңгіме барысында екіжақты ынтымақтастық пен халықаралық күн тәртібіндегі өзекті тақырыптар қарастырылды. Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары деңгейдегі жемісті саяси диалогтың елдер арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуде маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Осы ретте Президент Финляндия басшысының Қазақстанға жасайтын алдағы сапары сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық өзара іс-қимылды жаңа деңгейге көтеретініне сенім білдірді. Кездесуде қазіргі геосаяси ахуалға да баса мән берілді.Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия Премьер-министрі Барт де Вевермен келіссөз жүргізді. Мемлекет басшысы Қазақстанның Еуропа Одағындағы маңызды серіктестерінің бірі саналатын Бельгиямен ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамытуға ерекше мән беретінін айтты. Ол Бельгия Қазақстанның ең ірі он инвесторының қатарына кіретінін және былтыр екіжақты тауар айналымы жарты миллиард долларға жуықтағанын атап өтті. Әңгімелесу барысында экономикалық байланыстарды одан әрі арттырудың зор әлеуеті бар екені көрсетілді. Әсіресе, аса маңызды минералдарды игеру, мұнай химиясы, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, көлік-логистика, жасанды интеллект, қаржы, туризм және білім беру салаларында кең мүмкіндіктер бар екеніне назар аударылды. Өз кезегінде Барт де Вевер мазмұнды пікір алмасуға мүмкіндік берілгені үшін ризашылығын білдіріп, Король Филипптің ізгі тілегін жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kazakhstanun/press/news/details/1074497?lang=kk
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі-Керімбеков төленді Нұрдәулетұлы 14.10.2025
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде этика жөніндегі уәкіл тағайындалды.Бұл лауазымды ДГД басшысының орынбасары – Керімбеков Толынды Нұрдәулетович атқарады.Этика жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметтің қағидаттарының сақталуына, оң имидж қалыптастыруға, мемлекеттік кірістер органдарына деген сенімді арттыруға, сондай-ақ этикалық нормалардың бұзылуына жол бермеуге жауапты.#ДГД #этика #Қостанай #мемқызмет #ашықтық Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1074503?lang=kk
Құрметті салық төлеушілер және СЭҚ қатысушылары! 14.10.2025
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік Қодексінің 69-бабының 3-бөлігіне сәйкес мемлкеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша келіп түскен өтініштер «Электрондық өтініштер» ақпараттық талдау жүйесінде есепке алынбайтынына назар аударамыз.Осыған байланысты, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңының 4-бабы 1 тармағының 3) тармақшасында көзделген өтініштерді қоспағанда, «Е-Өтініш» платформасы арқылы берілген мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өтініштер есепке алынбайды және қаралмайды. Мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алу тек қана egov.kz «Электрондық үкімет» порталының «Мемлекеттік қызметтер сервисі» және мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелері (Салық төлеуші Кабинеті, Кеден, Астана-1 және басқа да сервистер) арқылы жүзеге асырылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1170347?lang=kk
ҚР жаңа Салық кодексі ҚР резиденттері үшін БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерінен жеке табыс салығын ұстауды жояды БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар 14.10.2025
Қазіргі уақытта Қазақстанда зейнетақының қай бөлігіне салық салынады, ал қайсысына салық салынбайды?Қазақстанда мемлекеттік бюджеттен берілетін зейнетақы төлемдеріне салық салынбайды, ал Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) төленетін төлемдерге салық салынады. Қолданыстағы Салық кодексіне сәйкес БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері төлем көзінен 10% мөлшерлеме бойынша жеке табыс салығы (ЖТС) салынатын кіріске жатады. Яғни, зейнетақы жарналары жеке зейнетақы шоттарына салық салынғанға дейін аударылады. Ал ЖТС төлемдер жасалған кезде ұсталады. ЖТС міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерінің барлық түрлерінен жиынтық түрде ұсталады. Бұл ретте түзету және салық шегерімдерінің сомалары ескеріледі. Алайда, бұл норма тек 2025 жылдың соңына дейін күшінде болады. Естеріңізге сала кетейік, жаңа Салық кодексі 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді және оған сәйкес БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдерінен ЖТС ұсталмайды. ҚР жаңа Салық кодексіне зейнетақы төлемдеріне салынатын жеке табыс салығына (ЖТС) қатысты қандай өзгерістер енгізілді? ҚР жаңа Салық кодексіне сәйкес, алушы Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайтын жағдайларды қоспағанда, 01.01.2026ж. бастап жеке табыс салығы (ЖТС) зейнетақы төлемдерінің барлық түрлерінен, сондай-ақ тұрғын үйге және/немесе емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдерінен (БЗТ) ұсталмайды. Сонымен қатар 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап тұрғын үйге/емделуге БЗТ алып, одан ЖТС төлеу міндеттемесін кесте бойынша зейнетақы төлемдерін алғанға дейін кейінге қалдырғандар, ол міндеттемеден босатылады.2026 жылғы 1 қаңтарға дейін ұсталған ЖТС қайтарыла ма? Жаңа Салық кодексінің ережелерінде бұрын ұсталған ЖТС-ты қайтару көзделмеген.Қолданыстағы Салық кодексіне сәйкес тұрғын үйге/емделуге біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану кезінде ЖТС ұстау көзделген. Бұл ретте алушының таңдауына ЖТС ұстап қалудың екі жолы ұсынылады: БЗТ алған кезде бірден немесе зейнеткерлікке шыққанға дейін кейінге қалдыру. 01.01.2026 ж. бастап жаңа Салық кодексінің енгізілуіне байланысты салымшы ЖТС-ты бұған дейін төлеп қойған болса, ол қайтарылмайды. Ал кейінге қалдырылған ЖТС бойынша міндеттемелердің күші жойылады. Айта кетейік, 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдерінен және біржолғы зейнетақы төлемдерінен ЖТС есептеу, ұстап қалу және төлеу қолданыстағы режимде жүзеге асырылатын болады.Егер алушы зейнеткерлік жасқа жеткен және ЖТС төлеп отырған жағдайда, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ЖТС ұстап қалу жалғастырыла ма? Жаңа Салық кодексінің ережелері 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне БЖЗҚ-дан жүзеге асырылатын зейнетақы төлемдерін қоспағанда, БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері, біржолғы зейнетақы төлемдері түріндегі кірістерді жеке табыс салығынан босатуды көздейді. Ерікті зейнетақы жарналары бойынша салық шегерімдері туралы норма қалай өзгереді? Өзгерістер 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап өз пайдасына жасалған ерікті зейнетақы жарналары бойынша салық шегерімдерін жоюды қамтиды. Алайда, БЖЗҚ-дан берілетін төлемдердің басқа түрлері сияқты ЕЗЖ есебінен жасалатын төлемдер де ЖТС-тан босатылады. Бұл ретте салық агентінің БЖЗҚ-ға қызметкердің пайдасына аударған ерікті зейнетақы жарналары жеке тұлғаның табысы болып саналмайтындықтан, оған ЖТС салынбайды, ал жұмыс беруші үшін мұндай шығыстар корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде шегерілуге жатады деген норма сақталады. Яғни, бұл жағдайда қызметкер де, жұмыс беруші де салық жеңілдіктерін алады. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1074523?lang=kk
ЕАЭО БИЗНЕСІ ҮШІН МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: АРМЕНИЯҒА ИМПОРТТЫ ЛИЦЕНЗИЯЛАУ! 14.10.2025
Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті сыртқы сауда қызметіне қатысушыларды ЕАЭО шеңберінде Армения Республикасы белгілеген жаңа ережелер туралы хабардар етеді.Армения Республикасының Үкіметі болат арматура импортын уақытша лицензиялауды енгізді!📌 2025 жылғы 11 тамыздан бастап ЕАЭО СЭҚ ТН жіктеуішінің 7214 және 7215 тауар позицияларында жіктелетін Болат арматураны Армения Республикасына әкелуге лицензиялаудың міндетті тәртібі жүргізілді.📅 Армения Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 7 тамыздағы № 1077-Н қаулысы 2025 жылғы 11 тамыздан 2026 жылғы 11 ақпанға дейін қолданылады.* Кедендік рәсімдер бойынша әкелу кезінде Лицензия міндетті:- "ішкі тұтынуға арналған өнім"- "кедендік аумақта қайта өңдеу"- "ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу"* Уәкілетті орган: Армения Республикасының экономика министрлігі.* Лицензия әр салмақ үшін Бір тоннаға дейін беріледі.* Лицензия беру мерзімі: өтінім түскен күннен бастап 3 жұмыс күні.❗️ Арменияға Болат арматураның экспортын жоспарлау кезінде осы талапты ескеріңіз! #ЕАЭО #Армения #Кеден #МКДЖетісу #Импорт #лицензиялау #болатарматура #ТНВЭДАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1074525?lang=kk
"БЖЗҚ" АҚ-да (БЖЗҚ) "Ашық есік күні": ҚР Салық кодексіндегі біржолғы зейнетақы төлемдеріне салынатын салыққа қатысты өзгерістер, Цифрлық БЖЗҚ – салымшыларға ыңғайлы болу үшін 14.10.2025
Халық арасында жүргізілетін ақпараттық-түсіндіру жұмысы аясында 2025 жылғы 24 қыркүйекте "БЖЗҚ" АҚ-ның барлық филиалдарында онлайн форматтағы Ашық есік күні өткізілді. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі күшіне енеді. Онда БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері, тұрғын үйге/емделуге біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) түріндегі кірістерді жеке табыс салығынан (ЖТС) босату көзделген. Алайда, бұл өзгерістің Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғаларға БЖЗҚ-дан берілетін төлемдерге еш қатысы жоқ. Сондай-ақ, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап өз пайдасына аударылған ерікті зейнетақы жарналары бойынша төлем көзінен салық салынуға жататын табыстан Салық кодексінде белгіленген шектерде қолданылатын салықтық шегерімдер де жойылады. Бұл ретте жұмыс берушінің Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жұмысшының пайдасына аударған ерікті зейнетақы жарналары жеке тұлғаның табысы болып саналмайды (тиісінше, жеке табыс салығы салынбайды), ал жұмыс беруші үшін бұл шығыстар корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде шегерімге жатқызылады. Яғни бұл жағдайда салықтық жеңілдікті жұмысшы да, жұмыс беруші де пайдалана алады.Ашық есік күнін өткізу кезінде БЖЗҚ салымшыларына 2026 жылғы 01 қаңтардан бастап күшіне енетін ҚР жаңа Салық кодексінің зейнетақы төлемдеріне қатысты негізгі ережелері туралы толығырақ ақпарат беріліп, БЖЗҚ-ның цифрлық форматта көрсетілетін қызметтерімен таныстырды. Бұған қоса, БЖЗҚ қызметкерлері іс-шараның негізгі тақырыбы ғана емес, жалпы Қазақстанның зейнетақы жүйесіне қатысты мәселелерді де қозғап, тілек білдірушілермен жеке консультациялар өткізді.Онлайн кездесу үлкен қызығушылық тудырды және қатысушылардың пікірлері бойынша аса пайдалы және нәтижелі болды.Естеріңізге сала кетейік, салымшылар зейнетақы жүйесі мәселелері бойынша кәсіби ақыл-кеңесті БЖЗҚ филиалдарында да, enpf.kz сайтында, мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде де онлайн ала алады. Оған қол жеткізу әдістері туралы іс-шарада айтылды. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1077563?lang=kk
Қолма-қол шетел валютасын әкетуге қандай шектеулер бар? 14.10.2025
Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қолма-қол шетел валютасын мемлекет шекарасы арқылы әкетуге қойылатын ережелер мен шектеулер туралы хабарлайды. Осы жарияланым қолданыстағы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етуге және байқаусызда бұзушылықтарды болдырмауға арналған.Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 830 Жарлығына сәйкес, егер олардың жалпы сомасы 10 000 АҚШ долларына баламадан асатын болса, қолма-қол шетел валютасын және/немесе шетел валютасындағы ақша құралдарын елден әкетуге тікелей тыйым салу белгіленді.Бұл шектеу қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету және ұлттық мүдделерді қорғау мақсатында енгізілді.Қолма-қол шетел валютасының сомасы әкету күніне қолданылып жүрген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми бағамы бойынша есептеледі.10 000 АҚШ доллары шегі әрбір жеке тұлғаға, соның ішінде кәмелетке толмағандарға қолданылады. Кәмелетке толмаған балалармен саяхаттаған жағдайда олардың ақшалай қаражаты еріп жүретін ересек адамның декларациясында ескеріледі, бұл ретте отбасының әрбір мүшесіне 10 000 АҚШ долларына баламадан аспайтын соманы әкетуге рұқсат етіледі.Белгіленген ережелерді бұзу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады. Міндетті декларациялауға жататын қолма-қол ақша қаражатын және/немесе ақша құралдарын декларацияламағаны немесе дұрыс декларацияламағаны үшін "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (ҚР ӘҚБтК 551-бабының 3-бөлігі) декларацияланбаған немесе дұрыс декларацияланбаған соманың 25% мөлшерінде айыппұл, сондай-ақ оларды тәркілеу көзделген.Шекарадан өту кезінде ықтимал проблемаларды болдырмау үшін валюта бағамын алдын ала тексеруді ұсынамыз: лимиттер Ұлттық Банктің экспорттау күніне арналған бағамы бойынша есептелетіндіктен, ресми бағамды алдын ала тексеру белгіленген шектен асып кетпеуге мүмкіндік береді.Өзекті ақпарат алу үшін тек қана Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ресми жарияланымдарын басшылыққа алу қажет. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1074546?lang=kk
Абай облысында Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-түсіндіру тобы кездесулер өткізді 14.10.2025
Күзгі әскерге шақыру науқаны аясында Абай облысына Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-түсіндіру тобы келді.Топ құрамында – облыс әкімдігі мен қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілдері, Құрмет қарауыл ротасының әскери қызметшілері, Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың орталық ансамблінің әртістері, Орталық әскери оркестрдің музыканттары, сондай-ақ Әскери-тарихи музей қызметкерлері бар.Жарма ауданына қарасты Қалбатау ауылында тұрғындарға Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына түсу мүмкіндіктері мен әскери қызметтен өткен азаматтарға берілетін білім беру жеңілдіктері таныстырылды. Топ жетекшісі - Қорғаныс министрлігі тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің басқарма бастығы полковник Мұрат Агубаев жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеудің маңыздылығын атап өтіп, ауыл тұрғындарына Қорғаныс министрінің орынбасары атынан алғыс хат табыстады.Кездесудің ерекше сәті – Қалбатау ауылының тұрғыны Әсел Садықованы туған күнімен құттықтау болды. Алдымен оның Қарулы күштер қатарында қызмет етіп жүрген ұлы қатардағы жауынгер Әлинұр Серікұлының бейнеқұттықтауы көрсетілді. Кейін сахнаға Әлинұрдың өзі шығып, анасына гүл шоғын табыстап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.Ауыл тұрғындары Әскери-тарихи музейден әкелінген жәдігерлермен танысып, Құрмет қарауыл ротасы мен шығармашылық ұжымдардың концертін тамашалады.Осындай шаралар Семейде, Курчатовта, Бесқарағай мен Бородулиха аудандарында да өтті. Олар Отанды сүю мен әскери қызметке құрмет көрсетуді ортақ құндылық ретінде дәріптеп, бірнеше ұрпақты бір арнаға тоғыстырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1074560?lang=kk
Конституциялық Сот «Шымбұлақ» шатқалына іштен жану қозғалтқышы бар автокөліктердің кіруіне шектеу қоюдың Конституцияға сәйкестігін тексереді 14.10.2025
Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz Конституциялық Сотқа Алматы қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 6 наурыздағы № 1/167 қаулысының 1-тармағын Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарау туралы өтініш түсті. Бұл қаулы 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 2/122 «Алматы қаласының жекелеген аумақтарына көлік құралдарының кіруін шектеу туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қатысты.Қаулының көрсетілген тармағы электр қозғалтқышындағы көлік құралдарынан (электромобильдерден), сондай-ақ коммуналдық, жедел және шұғыл қызметтердің арнайы техникасы мен көлік құралдарынан басқа, «Шымбұлақ» шатқалының ерекше қорғалатын табиғи аймағына көлік құралдарының кіруін шектеуді белгілейді.Өтініш беруші бұл қаулы оның іштен жану қозғалтқышы бар автокөлікте өз үйіне еркін жүру құқығын шектейді, сондай-ақ электромобиль иелері үшін артықшылықтар белгілейді деп санайды, бұл іштен жану қозғалтқышы бар көлік құралдары бар адамдарға қатысты кемсітушілік болып табылады.Норманың Конституцияға сәйкестігін тексерудің барысы мен қорытындылары туралы ақпарат Конституциялық Соттың ресми сайтында және Telegram-арнасында жарияланатын болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/1074595?lang=kk
Мектептегі өрт қауіпсіздігі 14.10.2025
Жаңа оқу жылы аясында ШҚО білім басқармасының «Өркен» Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-әдістемелік цифрландыру және білім беруді дамыту орталығы өрт қауіпсіздігі ережелеріне арналған тақырыптық сабақ өткізді. Кездесудің спикері болып Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының аға инженері, азаматтық қорғау майоры Мәдина Сейтқамза сөз сөйледі.Сабақ барысында мектеп оқушыларының өрт жағдайында қауіпсіздігіне ерекше назар аударылды. Мәдина Сейтқамза өрттің жиі себептерінің бірі – отты абайсыз қолдану және мектепке әкелуге қатаң тыйым салынған заттар, мысалы, сіріңке, зажигалка немесе петарда екенін атап өтті.Спикер балаларға эвакуация ережелерін түсіндірді: шығу жоспарымен қалай танысу керектігін, неге баспалдақ өткелдерін бөгемеу маңызды екенін және қатты түтіндену кезінде қалай әрекет ету қажеттігін айтты. Ол түтіннің көбіне оттың өзінен де қауіпті екенін ескертіп, тез әрі дұрыс қимылдау керектігін – еденге жақындап, тыныс алу жолдарын қолдағы бар құралдармен қорғауды еске салды.Сабақта күрделі жағдайлар да қарастырылды: мысалы, от сыныптан шығатын жолды жауып тастаған кезде немесе адамның киімі өртеніп кеткен жағдайда не істеу керек екендігі. Мәдина Сейтқамза осындай жағдайда қауіп-қатерді барынша азайтып, өмірді сақтап қалу жолдарын түсіндірді.Сонымен қатар, азаматтық қорғау майоры оқушылар мен мұғалімдерге тұрақты түрде өткізілетін оқу эвакуациясының маңызын еске салды. Бұл жаттығулар шынайы қауіп туындаған кезде балалар мен ересектердің әрекеттерін автоматты дағдыға айналдыруға көмектеседі.Сабақ соңында спикер оқушыларға қауіпсіз оқу жылын тіледі және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау тек мектепте ғана емес, үйде де маңызды екенін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1074808?lang=kk
Құрылым материалдарын шығаруға маманданған Metal Former зауыты 14.10.2025
Астанадағы көптеген құрылыс нысандарында отандық құрылыс материалдары қолданылады.Оны шығаратын кәсіпорындардың бірі – құрылыс материалдарын өндіруге маманданған Metal Former зауыты. Бұл кәсіпорында өнім алюминий мен фиброцемент негізінде шығарылады. Елорда әкімдігі ұйымдастырған пресс-тур аясында журналистер осы кәсіпорынның өндіріс процесімен танысты. Толығырақ: https://kazpravda.kz/n/dlya-krovli-i-naruzhnoy-otdel ki/Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1074240?lang=kk
Астанадағы жәрмеңкеде үш облыстың шаруалары 350 тоннаға жуық өнім ұсынады 14.10.2025
Астанада 27-28 қыркүйек күндері кезекті аймақтық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Бұл жолы Алматы, Жетісу және Маңғыстау облыстарының тауар өндірушілері өз өнімдерін ұсынады.Жәрмеңкеде ет, балық, сүт өнімдері, бакалея, көкөніс пен жеміс-жидектің алуан түрі ұсынылады. Барлық тауар делдалсыз, тікелей фермерлерден жеткізіледі. Бұл азық-түліктің қолжетімділігін арттыруға әрі отандық өндірушілерді қолдауға бағытталған.Астанаға шамамен 350 тонна өнім жеткізіледі. Оның ішінде 110 тонна көкөніс, 50 тонна жеміс, 35 тонна ет және ет өнімдері, 20 мың дана жұмыртқа, 14 тонна балық, 10 тонна сүт өнімдері, 6 тонна қант, 6 тонна күріш, 5 тонна бал және 100 тоннадан астам басқа да азық-түлік бар.Жәрмеңке қонақтары аймақтардан келген өнерпаздардың концерттік бағдарламасын да тамашалай алады. Сауда таңғы 9:00-ден кешкі 18:00-ге дейін жалғасады.Айта кетейік, биылғы жәрмеңке дәстүр бойынша «Қазанат» атшабарының автотұрағында (Қарқаралы тас жолы, 1 мекенжайы) өтеді. Іс-шара орнына №18, 37 және 303 автобустары қатынайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1074246?lang=kk