Әлем
Қазақстан мен Сербия ауыл шаруашылығы саласындағы сауданы кеңейту және туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайту жайын талқылады 08.08.2025
8 тамызда Алматыда өткен қазақстандық-сербтік Үкіметаралық комиссиясының (ҮАК) IV отырысында Сербияға қазақстандық жоғары сапалы ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын ұлғайту туралы ұсыныс айтылды. ҮАК тең төрағалары вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мен Үкімет төрағасының орынбасары, Ішкі істер министрі Ивица Дачич.Өз сөзінде Серік Жұманғарин екі ел арасындағы ынтымақтастықтың ең перспективалық бағыты сауда мен көлік, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, туризм, ғылым, биотехнология, білім мен мәдениет екенін атап өтті.Аграрлық сауданың өсуі екі елдің әлеуетін айғақтайды: 2025 жылғы бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің тауар айналымы 1,5 есеге артып, 4 млн АҚШ долларына жеткен. Қазақстан астық және бұршақ дақылы, өсімдік майы, балық, ет пен сүт өнімі экспортын арттыруға мүдделі.«Бүгінгі таңда Еуропалық комиссия қазақстандық балық өнімін ЕуроОдақ елдеріне экспорттауға қойылатын талапты келісті. ЕО тізіліміне көксерке жон еті мен балық өнімін жеткізетін 20 қазақстандық кәсіпорын енгізілген. Осы жылғы ақпанда біз Еуропалық Одаққа бал экспорттауға рұқсат алдық. Қазақстандық 4 ірі бал өндіруші компания өз өнімдерін Еуропаға жеткізуге дайын. Бұдан басқа, аквадақылдарды және жылқы еті өнімін ЕО елдері нарығына жеткізу бойынша Еурокомиссиямен жұмыс жүргізілуде», — деді ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы.Сондай-ақ, қазақстандық тарап мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы өнімін қайта өңдеу саласында бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруды ұсынды. Ынтымақтастықтың перспективалы бір бағыты – ғылыми-зерттеу саласы. Оның ішінде селекция мен тұқым шаруашылығы саласының мамандарын даярлау, Қазақстанның түрлі өңірлерінде дәнді, майлы және көкөніс дақылы тұқымдарына далалық сынақтар жүргізу, бірлескен будан құру, биопестицид өндірісіндегі ынтымақтастық бар.Отырыс барысында Қазақстан Белградта көпфункционалды қонақ үй кешенін салуға дайын екенін жеткізді (жеке инвестициялар есебінен). Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаевтың айтуынша, жоба туристік инфрақұрылымды дамытуға серпін беріп, екі ел арасындағы іскерлік және мәдени байланыстарды нығайтады.Сонымен қатар, вице-министр Түркістан қаласындағы Халықаралық туризм және қонақжайлылық университеті мен Белградтағы Сингидунум университеті арасында серіктестік орнатуды ұсынды. Бұл студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлық бағдарламасын дамытуға, туризм саласындағы қазақстандық және сербиялық ғалымдардың бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыруға ықпал етпек. Сондай-ақ сербиялық туркомпанияларды 2026 жылғы сәуірде Алматыда өтетін «Туризм және саяхат» атты жыл сайынғы Қазақстандық халықаралық көрмеге қатысуға шақырды.Тараптар Транскаспий халықаралық көлік бағытын Еуропаға, оның ішінде Сербияға қарай ұзарту перспективасын зерттеуді жалғастыруға уағдаласты. Астана мен Белград арасында биыл тікелей әуе қатынасын ашу жайын талқылады.Тікелей рейсті SCAT әуе компаниясы жүзеге асырады. Бүгінде екі елдің әуе компаниялары әуе рейсін іске қосудың барлық қажетті рәсімін жүргізуде. Бағыттың тартымдылығын арттыру үшін әуе жолын Белградтан Марокко, Тунис, Барселона мен Ларнакаға дейін ұзарту туралы келісім жасалуда.Сондай-ақ, осы жылы Сербияға сауда-экономикалық миссия ұйымдастырып, алғашқы қазақстандық-сербтік іскерлік кеңес өткізу туралы шешім қабылдады. Бұл екі елдің іскерлер тобы арасындағы сауда-экономикалық қатынас пен инвестициялық байланысты нығайта түсуге мүмкіндік бермек.Қатысушылар ҮАК-та көтерілген мәселелердің егжей-тегжейін екіжақты кездесуде тағы талқылады.Отырыс қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды бекітетін хаттамаға қол қойылды. Үкіметаралық комиссияның келесі отырысын 2026 жылы Сербияда өткізу жоспарланып отыр.Анықтама:Сингидунум университеті – Дүниежүзілік туристік ұйымның (UNWTO) TEDQUAL халықаралық сертификаты бар Сербиядағы жалғыз жоғары оқу орны. QS Europe University Rankings 2025 нұсқасы бойынша еуропалық 600 жоғары оқу орнының қатарына кіреді. Сингидунум университеті – UNWTO-ның ресми аймақтық анықтамалық кітапханасы, Балқандағы туристік ғылыми әдебиеттердің ең үлкен коллекциясының бірі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1048231?lang=kk
Бүгін, 2025 жылғы 08 тамызда аудандық мәслихат депутаты И. в. Свиркович азаматтарды жеке қабылдады. 08.08.2025
Бүгін, 2025 жылғы 08 тамызда аудандық мәслихат депутаты И. В. Свиркович азаматтардың жеке қабылдауын өткізді.Қабылдауда Қарабалық кентінің тұрғыны абаттандыру мәселелері бойынша жүгінді.Барлық мәселелер бойынша түсініктемелер берілді.Азаматтарды қабылдау туралы кент тұрғындары алдын ала хабардар етілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karabalyk/press/news/details/1048098?lang=kk
Қостанай облысында «Үлгілі ауыл» конкурсын өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ 08.08.2025
Құрметті Қостанай облысының тұрғындары! Қазақстан Республикасының Ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын, экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасын және «Таза Қазақстан» республикалық экоакциясын іске асыру шеңберінде Қостанай облысының ауылдық елді мекендері арасында жыл сайынғы «Үлгілі ауыл» конкурсы жарияланады.📌 Байқаудың мақсаты-ауылдық аумақтарды дамытуды ынталандыру және азаматтық белсенділікті арттыру.📌Конкурстың міндеттері-экологиялық мәдениетті нығайту, абаттандыруды, инфрақұрылымды, бос уақытты және ауылдағы спорттық белсенділікті дамыту.📅 Өтінімдерді беру мерзімі:2025 жылғы 8 тамыз сағат 09:00-ден 17 тамыз сағат 18:30-ға дейін📬 Өтінімдер белгіленген нысан бойынша (1-қосымша) мекенжайға беріледі: [akowa_2012@mail.ru] немесе WhatshApp 87785152995Ауыл туралы растайтын құжаттар мен бейнероликті міндетті түрде қоса беріңіз.Бағалау 19 критерий бойынша жүргізіледі🎁 Жеңімпаздар 3 номинация бойынша анықталады:тірек ауылдардың арасындаспутниктік ауылдар арасындабасқа ауылдардың арасында📣 Қостанай облысының барлық ауылдық елді мекендерін конкурсқа белсенді қатысуға шақырамыз!Басқаларға үлгі бол – Үлгілі ауылдың қандай болуы мүмкін екенін көрсет! Қостанай облысында «Үлгілі ауыл» конкурсын өткізу туралы ереже «Үлгілі ауыл» конкурсына қатысуға ӨТІНІМ НЫСАНЫ Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1048085?lang=kk
2025 жылғы 8 тамыздан бастап Салық төлеуші кабинетінде 100.00, 870.00, 011.00, 012.00, 014.00 нысандары қолжетімді болады 08.08.2025
Құрметті салық төлеушілер! 💠Мемлекеттік кірістер комитеті жаңа «Салықтық әкімшілендіру интеграцияланған жүйесін» (СӘИЖ), оның ішінде салық төлеушінің жаңа кабинетін (СӘИЖ СТК) кезең-кезеңімен іске қосу жүргізілуде. 2025 жылғы 8-тамыздан бастап СӘИЖ СТК-не келесі нысандары табыс етуге қол жетімді болады:Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация (100.00 СЕН);Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы бойынша декларация (870.00 СЕН);Халықаралық топқа қатысу туралы өтініш;Трансферттік баға белгілеу бойынша еларалық есептілік;Трансферттік баға белгілеу бойынша негізгі есептілік.СӘИЖ СТК-не кіру үшін https://knp.kgd.gov.kz сілтеме арқылы өтуге болады. 💠СӘИЖ салық төлеушінің кабинетінде жұмыс істеу жөніндегі Пайдаланушы нұсқаулығы СӘИЖ салық төлеуші кабинетінің Қолдау – Көмек – Анықтамалық ақпарат бөлімінде орналастырылғанСұрақтарыңыз болған жағдайда сіз:knpsd@ecc.kz электронды мекен-жайы арқылы8(7172)73 55 11 және +7(705) 956 53 71 телефондары арқылы;Назарларыңызға: СӘИЖ СТК қызметінің іске қосылуына байланысты жоғарыда көрсетілген салық есептілік нысандарын ескі СТК және СЕӨЖ арқылы ұсыну мүмкіндігі бұғатталатынын ескертеміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1048046?lang=kk
АӘК алушылар цифрлық ваучер арқылы негізгі азық-түлікті төмен бағада сатып ала алады 08.08.2025
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алушылар үшін цифрлық азық-түлік ваучерлерін ұсынуға бағытталған пилоттық жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл бастама әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын (ӘМАТ) төмендетілген бағамен сатып алу мүмкіндігін қамтамасыз ету арқылы халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауға бағытталған. Жобаның негізінде бағаларды тұрақтандыруға арналған қолданыстағы тетік «айналым схемасы» жатыр. Осы механизм шеңберінде сауда желілеріне айналым қаражатын толықтыру үшін төмен пайыздық мөлшерлемемен жеңілдетілген қайтарымды несиелер беріледі. Өз кезегінде, аталған сауда орындары әлеуметтік маңызы бар азық-түлікті АӘК алушыларға нарықтық бағадан 15% төмен ұсынуға міндеттеледі. Пилоттық жоба алғаш болып Ақмола облысының Ақкөл қаласында іске қосылады. Келесі кезеңде бұл бастама Көкшетау және Павлодар қалаларында жалғасын табады. Цифрлық ваучерлер «eGov Mobile» мобильді қосымшасына енгізілген «Әлеуметтік әмиян» сервисі арқылы беріледі. АӘК алушы ваучерді іске қосу арқылы дүкен кассасында QR-кодты ұсынады, артынша жүйе жеңілдікті автоматты түрде қолданады. Ваучердің мөлшері отбасы құрамына байланысты жеке есептеледі: әр адамға бір айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде қаржы қарастырылады. 2025 жылы бұл көрсеткіш 3 932 теңге. Мәселен, 4 адамнан тұратын отбасы 16 мың теңгеге жуық сомада ваучер алады. Бұл оларға әлеуметтік маңызы бар азық-түлікті нарықтық бағадан 15%-ға дейін төмен бағамен сатып алуға мүмкіндік береді. Жоба тұрақтандыру қорының қаражаты есебінен қаржыландырылады. Қордың 35%-ы кәсіпкерлерді жеңілдетілген несиелеуге, 65%-ы отандық өндірушілер мен фермерлерден өнімді форвардтық сатып алуға бағытталады. Бұл тетік әлеуметтік маңызы бар өнімдермен дүкендерді тұрақты қамтамасыз етуге, жергілікті тауар өндірушілерді қолдауға және тиімді әлеуметтік көмек жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Пилоттық кезең аяқталғаннан кейін жоба еліміздің өзге де өңірлерінде кең ауқымда жүзеге асырылады. Бұл бастама 245 мыңнан астам атаулы әлеуметтік көмек алушыны қамтып, әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға арналған атаулы, әділ және ашық қолдау тетігін ұсынбақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1048054?lang=kk
Жаңа Салық кодексінің ережелері бойынша қызметкерлерге семинар 08.08.2025
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде МКД басшының орынбасары Бауыржан Шайкеновтың төрағалығымен жаңа Салық кодексінің ережелері бойынша Департамент және аумақтық қызметкерлері үшін семинар өткізілді.2026 жылғы қаңтардан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексі Қазақстанның салық жүйесінің ашықтығын арттыруда стратегиялық маңызға ие. Құжат салықтық әкімшілендіру рәсімдерін жеңілдетуге, салық салуда әділеттілікті күшейтуге және бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.Шара барысында семинарға қатысушылар бизнеске салық салу ерекшеліктері, салықтық әкімшілендіру рәсімдерін жеңілдету шаралары және басқа да аспектілерді қоса алғанда, ең маңызды жаңалықтар туралы жан-жақты ақпарат алды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1048034?lang=kk
Семинар «Банктердегі ESG-тәуекелдерді басқару жүйесіне қойылатын талаптар: №188 қаулыға шолу және енгізуге арналған ұсыныстар» 08.08.2025
2025 жылғы 19 тамызда 11 сағат 00 минуттан 12 сағат 30 минутқа дейін «Эрнст энд Янг - консультациялық қызметтер» ЖШС (бұдан әрі - EY) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің және Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының қолдауымен онлайн форматта тегін семинар өткізеді.Семинардың тақырыбы – «Банктердегі ESG-тәуекелдерді басқару жүйесіне қойылатын талаптар: №188 қаулыға шолу және енгізуге арналған ұсыныстар».Семинардың құрылымы:ҚР Қаржы секторына қойылатын реттеушілік талаптарға шолу;реттеушілік талаптарда көзделген ESG-тәуекелдерді басқару жүйесінің негізгі элементтері мен тетіктеріне шолу;ESG-факторларды кредиттік процеске біріктіру бойынша практикалық ұсыныстар. Семинарға қатысу үші сілтемесі бойынша нысанды толтыру қажет.Барлық сұрақтар бойынша: madina.orazalina1@kz.ey.com электрондық поштасы арқылы хабарласуды сұраймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1048038?lang=kk
Қазақстанда көппәтерлі тұрғын үйді басқару субъектісі кім болды 08.08.2025
2025 жылғы 15 қыркүйектен кейін, көппәтерлі тұрғын үйді басқару субъектілері ретінде басқарушы компания және пәтер иелерінің кооперативі.Мүлік иелерінің бірлестігіне біріккен немесе заңды тұлға құрмай тікелей бірлесіп басқару тәртібінде әрекет ететін үй-жайлардың меншік иелері басқару субъектісін таңдауда және ауыстыруда ерікті.Кондоминиум нысанын басқару субъектілері Қазақстан Республикасының «Кәсіби біліктіліктер туралы» Заңына сәйкес кәсіби біліктілігі танылған құжаты бар қызметкерлері болған жағдайда ғана басқару қызметтерін көрсетеді.Басқару субъектілері өз қызметін мүлік иелерінің бірлестігімен жасалған шарттың немесе тікелей бірлесіп басқару жағдайында жиналыс хаттамасының негізінде жүзеге асырады.Басқару субъектілері қызметін бастағаны немесе тоқтатқандығы туралы ақпаратты үш жұмыс күні ішінде тұрғын үй инспекциясына жіберуге міндетті, бұл ретте нақты кондоминиум нысанын көрсету қажет.Сондай-ақ, басқару субъектілері қызмет құнының өзгеретіні немесе қызметті мерзімінен бұрын тоқтататыны туралы пәтер, тұрғын емес үй-жай, паркинг орындары және қойма орындарының меншік иелерін кемінде үш ай бұрын хабардар етуге міндетті.Қызмет құнының өзгерісі міндетті түрде жиналыстың хаттамалық шешімімен бекітілуі тиіс.Тікелей бірлесіп басқару нысанында әрекет ететін басқару субъектісі, қызметін тоқтатудан кемінде үш ай бұрын жаңа басқару субъектісін таңдау үшін жалпы жиналыс өткізуге міндетті.Кондоминиум нысанын басқару субъектілері басқару қызметін тоқтатқан кезде, он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қабылдау-тапсыру актісі негізінде құжаттаманы және өзге де техникалық құралдарды мүлік иелерінің бірлестігі төрағасына немесе пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум нысанын басқару нысанын тікелей бірлесіп басқару түрінде таңдаған жағдайда – жаңа басқару субъектісіне, ал егер ондай субъект болмаса – тұрғын үй инспекциясына тапсыруға міндетті.Кондоминиум нысанын басқару субъектісі ауысқан жағдайда, егер меншік иелері басқарудың тікелей бірлесіп басқару нысанын таңдаған болса, жинақ шотындағы ақша қалдығы сақталып, үш жұмыс күні ішінде жаңа басқару субъектісінің атына ашылған жинақ шотына аударылуға тиіс.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-zkh/press/news/details/1047998?lang=kk
Қазақстан мен Тәжікстан сауда және инвестиция салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуде 08.08.2025
Астана, 2025 жылғы 8 тамыз – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Тәжікстан Республикасының Инвестициялар және мемлекеттік мүлік басқару жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы Султон Рахимзодамен кездесу өткізді. Кездесу Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 19-шы отырысы аясында өтті.Тараптар сауда және инвестиция саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады. Қазақстан Тәжікстанның негізгі сауда-экономикалық серіктестерінің қатарында тұрақты түрде орын алады: өткен жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы өзара сауда айналымы 1,3 млрд АҚШ долларын құрап, 7,4%-ға өсті. Мемлекет басшылары екіжақты сауданың көлемін 2 млрд АҚШ долларына дейін арттыру жөнінде мақсат қойған.Кездесу барысында Ә.Қуантыров Қазақстанның Тәжікстанмен сауда және инвестиция саласындағы өзара тиімді байланыстарды нығайтуға зор мән беретінін атап өтті. Қазақстан 85 тауар позициясы бойынша экспортты 200 млн АҚШ долларына дейін арттыруға дайын. Сонымен қатар Министрдің орынбасары тәжік тарапын биылғы жылдың 31 қазанында өтетін Қазақстандық жаһандық инвестициялық дөңгелек үстелге (KGIR) қатысуға шақырды.«Бізде экономикалық ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге барлық алғышарттар бар – өсіп келе жатқан сауда айналымы, бизнестің кооперацияға дайындығы және мемлекет басшылығы деңгейіндегі түсіністік. Алдағы жылдары біз тек сауда саласында ғана емес, бірлескен инвестициялық жобаларда да өсімді байқаймыз деп сенемін», – деді ол.Ә.Қуантыров сондай-ақ теміржол көлігі саласында оң серпін байқалып отырғанын атап өтті. 2024 жылы Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы тасымал көлемі 8%-ға артып, 5,1 млн тоннаны құрады. Биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында бұл көрсеткіш 2,7 млн тоннаны құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,1%-ға өсті. Автокөлік тасымал көлемі де 45%-ға артып, 494 мың тоннаға жетті. Сонымен қатар қазақстандық теміржол техникасын Тәжікстанға жеткізу мүмкіндіктері қарастырылуда.С.Рахимзода Қазақстанмен инвестициялық және сауда қатынастарын нығайтудың Тәжікстан үшін стратегиялық маңызы бар екенін атап өтті. Ол сондай-ақ қазақ тарапын биыл қазан айында Душанбеде өтетін инвестициялық форумға қатысуға шақырды.«Қазақстан Тәжікстанның жетекші экономикалық серіктестерінің бірі болып қала береді. Біз саудадан бастап бірлескен өндірістерді іске асыруға дейінгі барлық негізгі бағыттар бойынша ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделіміз. Жоспарланған бастамалардың жүзеге асырылуы екіжақты қарым-қатынастарымыздың дамуына жаңа серпін беретініне сенімдімін», – деді ол.Сұхбаттастар екі елдің еркін және арнайы экономикалық аймақтарында ұн, кондитерлік өнімдер, өсімдік майы, мал шаруашылығы өнімдерін өңдеу, табиғи шырындар мен концентраттар өндірісі бойынша бірлескен кәсіпорындар құру сияқты өндірістік жобаларға ерекше қызығушылық білдірді. Қазақстан Тәжікстан экономикасындағы ең ірі төрт инвестордың қатарына кіреді, ал жалпы инвестиция көлемі 146 млн АҚШ долларынан асты.Өнеркәсіп, логистика, агроөңдеу және энергетика сияқты басым салалардағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниеті расталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-dushanbe/press/news/details/1048256?lang=kk
🔰«Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өтті 08.08.2025
Бүгін «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Жамбыл облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен Тараз қаласында кең көлемді сенбілік өтті. Бөлініске сәйкес, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына 13-мөлтек ауданындағы №36, 37, 39, 41, 42-үйлердің маңындағы көшелерді тазалау міндеттелген болатын.Аталған аумақта басқарманың 15 қызметкері қатысқан сенбілік барысында су ағатын арықтар қоқыстан тазартылып, ретке келтірілді. Қалдықтарды сыртқа шығару үшін арнайы жүк көлігі тартылды.Шара барысында айнала тазарып, көркейе түскенін көрген жергілікті тұрғындар шығып, алғыстарын білдіріп жатты. Бұл өз кезегінде қоғам мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара түсіністік пен қолдаудың көрінісі болды.Іс-шара басқарма басшысының орынбасары Үрістенов Медет Әбдімашұлының жетекшілігімен өтті. Сенбіліктің басты мақсаты – өскелең ұрпаққа қоршаған ортаның тазалығын сақтаудың маңыздылығын түсіндіру және оларды еңбекке баулу.Мұндай шаралар экологиялық мәдениетті қалыптастырып, қоғамның қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-tabigat/press/news/details/1048012?lang=kk
Жаңа ереже: көппәтерлі тұрғын үйлердің тұрғындары нені білуі керек 08.08.2025
Қазақстанда тұрғын үй қатынастары туралы заңға маңызды өзгерістер күшіне енді. Жаңа талаптар көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару саласында тәртіп орнатуға, сондай-ақ МИБ, ПИК және басқарушы компаниялардың ашықтығы мен жауапкершілігін күшейтуге бағытталған, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.Басқарушы ұйымдар енді әрбір үй бойынша, оның ішінде қазіргі және жинақ шоттарын қоса алғанда, бөлек есеп жүргізуге міндетті. Тариф белгілеу кезінде меншік иелері жиналысында жылдық шығындар сметасын бекіту міндеті енгізілді.Әр үй бойынша шығындар мен мәліметтер тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының бірыңғай ақпараттық жүйесіне енгізіледі.Техникалық пайдалану мәселесіне ерекше назар аударылған: әрбір нысанның жыл сайынғы тексеру актілері, түгендеу тізімі және ортақ мүлікке қатысты толық құжаттамасы болуы тиіс.Жаңа нормалар соңғы жылдардағы негізгі мәселені – МИБ төрағасы немесе басқарушы компания ауысқан кезде құжаттарға қолжетімділіктің жоғалуын тоқтатады. Енді беру тәртібі нақты реттелетін болады.Осының барлығы тарифтердің артық белгілену қаупін төмендетіп, қаражат жұмсаудың ашықтығын қамтамасыз етуі және басқарушы құрылымдардың жауапкершілігін арттыруы тиіс.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-zkh/press/news/details/1047979?lang=kk
«Күшті өңірлік ғылым - күшті өңір» 08.08.2025
2025 жылдың 8 тамызында Қазақстан Республикасы Президентіне қарасты Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы Президиумының «Күшті өңірлік ғылым - күшті өңір» тақырыбында көшпелі отырысы өтті.Отырыста өңірлік ғылымды дамыту және оның әлеуметтік-экономикалық өркендеудегі рөлі, ғылым тиімділігін арттыру үшін оны өңірдің өзекті мәселелері мен индустриядағы технологиялық міндеттерді шешуге бағыттау мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, ғылымның тау-кен және өңдеу өнеркәсібін дамытуға қосқан үлесі, ауыл шаруашылығы саласына озық технологиялар мен жаңалықтарды енгізу, өңірдің экологиялық тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері қаралды.Отырыс аясында ұйымдастырылған көрмеде Қостанай облысының атынан келесі кәсіпорындар қатысты: географиялық көрсеткіші тіркелген «Қостанай балы» өнімін ұсынған «Медовый дом KZ» жеке кәсіпкерлігі, «Қостанай сервелаты» өнімін ұсынған «Аян Озат» ЖШС және «Жітіқара террасалық тақтасы» өнімін ұсынған «МинералСтройСервис» ЖШС. Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1047991?lang=kk
2025 жылдың қыркүйек айынан бастап Қазақстанда жиналыстың екі форматы қолданылады 08.08.2025
2025 жылдың қыркүйек айынан бастап Қазақстанда жиналыстың екі форматы қолданылады.Кондоминиум нысанының ортақ мүлкіне қатысты мәселелерді шешу үшін пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері жалпы жиналыстар өткізеді.Паркинг орындары мен қоймалар бойынша тариф мәселелері бойынша – осы мүліктің меншік иелері дауыс береді. Бұл жиналыстарды бөлек өткізуге тыйым салынбайды.Қабылданған жиналыс форматтары:* Явкалық (қатысу арқылы) – хабарламада көрсетілген орында бетпе-бет жиналыс өткізу формасы.* Сырттай (қатыспай) – жазбаша сауалнама немесе онлайн дауыс беру сырттай форматқа жатады.Тұрғын үй қатынастары мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектісі арқылы алынған дауыс беру нәтижелері – явкалық және сырттай форматта өткізілген жиналыстардың қорытындыларын шығару кезінде ескеріледі.Дауыс беруге тек меншік иелері ғана қатыса алады, ал ақпараттандыру жүйесінде меншік иесін растау (верификация) механизмі көзделген. Яғни, дауыс бермес бұрын жүйе адамның нақты пәтердің немесе тұрғын емес үй-жайдың иесі екенін тексеруі тиіс.Жиналысты келесі тұлғалар бастамашы бола алады:* мүлік иелері бірлестігінің төрағасы;* кондоминиум нысанын басқару субъектісі;* үй кеңесі;* тексеру комиссиясы (ревизор);* пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің кемінде 10%-ы;* паркинг орындары мен қоймалардың меншік иелерінің кемінде 10%-ы;* тұрғын үй инспекциясы.Жиналысты ұйымдастырушы жиналыс өткізілетін күнге бес күнтізбелік күн қалғанда пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, паркинг орындарының және қоймалардың меншік иелерін жиналыстың форматы, өткізілетін күні, орны және күн тәртібі туралы хабардар етуге міндетті.Жиналыс шешімдері хаттамамен рәсімделеді және хаттамада көрсетілген күннен бастап заңды күшіне енеді.Жиналыста келесі мәселелер бойынша шешімдер қабылданады:1. кондоминиум нысанын басқару формасын таңдау;2. кондоминиум нысанын басқару субъектісін таңдау;3. мүлік иелері бірлестігінің төрағасын, үй кеңесі мен тексеру комиссиясының (ревизордың) мүшелерін сайлау, қайта сайлау немесе өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату;Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-enc/press/news/details/1064794?lang=kk
«Абай мұрасы – халық қазынасы» танымдық сағат. 08.08.2025
«Абай мұрасы – халық қазынасы»08.08.2025 жылы Бастаушы ауылдық кітапханасында ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған танымдық сағат өтті.Мақсаты – Абай Құнанбайұлының бай мұрасын дәріптеу, өскелең ұрпаққа оның рухани қазынасын жеткізу. Іс-шара барысында қатысушылар ақынның өлеңдері мен қара сөздерінен үзінділер тыңдап, оның халқына қалдырған өнегелі жолымен танысты.#Абаймұрасы #Халыққазынасы #Бастаушыауылдықкітапханасы#ҰлыАбай#ТанымдықсағатАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-bastaushy/press/news/details/1047964?lang=kk
Мүлік иелерінің бірлестігі төрағаларының үй кеңесінің құрамына өтуі туралы 08.08.2025
Мүлік иелерінің бірлестігі төрағаларының үй кеңесінің құрамына өтуі туралыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-zkh/press/news/details/1047972?lang=kk
Проблемалық мәселелер жөнінде семинар өткізілді 08.08.2025
2025 жылдың 8 тамызында Әділет департаментінің әкімшілік бөлімімен және Әдеп жөніндегі уәкіл Т.О. Нажикановтың қатысуымен «E-Өтініш» АЖ бойынша проблемалық мәселелер жөнінде семинар өткізілді.Семинар барысында Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының 2023 жылғы 4 қаңтардағы №4 бұйрығы - «Мемлекеттік органдарға келіп түскен өтініштерді тіркеу, есепке алу, сондай-ақ «Электрондық өтініштер» ақпараттық-талдау жүйесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы түсіндірілді.«E-Өтініш» АЖ - мемлекеттік органдармен дау кезінде азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған мемлекеттік сервис. Бұл жүйе кез келген мемлекеттік органның құқық бұзушылық, әрекет немесе әрекетсіздігі бойынша қашықтан өтініш жіберуге мүмкіндік береді.Сондай-ақ, қызметкерлер арасында мемлекеттік қызметшінің моральдық-этикалық келбеті, этикалық кодексті сақтау және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға жол бермеу мәселелері бойынша түсіндіру әңгімесі жүргізілді.Қатысушы мамандардың қойған сұрақтары талқыланды. Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1047957?lang=kk
ШЫМКЕНТ: "ТАЗА ҚАЗАҚСТАН" ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДАҒЫ КЕЗЕКТІ ТАЗАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ 08.08.2025
Бүгін Әл-Фараби ауданы аумағында "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында кезекті тазалық шарасы ұйымдастырылды. Аталған акция Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған еліміздегі ауқымды экологиялық қозғалыстың бір бөлігі болып табылады және халық арасында қоршаған ортаға деген жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруды көздейді.Іс-шараға аудан тұрғындары, көпқабатты үйлердің пәтер иелері кооперативтерінің өкілдері, тиісті мекеме қызметкерлері және еріктілерден құралған 100-ге жуық адам қатысты. Сондай-ақ, қоқыс пен қураған ағаш қалдықтарын уақытылы шығару мақсатында 3 арнайы техника жұмылдырылды.Жұмыс барысында бірқатар ауқымды шаралар атқарылды. Атап айтқанда: • Аумақты тұрмыстық қалдықтардан тазарту; • Ағаштардың қураған бұтақтарын кесу және арнайы техникамен арту; • Легустраларға сәндік форма беру; • Қураған ағаштарды жинап, шығару.Бұл жұмыстардың нәтижесінде 4 тоннаға жуық қоқыс шығарылып, тазалық орнатылды.Тазалық шарасы Ж. Алдияров көшесіндегі №10, 12, 12а, 12в, 12г, 12д, 12б мекенжайларындағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында жүргізілді. Тұрғындар өз аулаларының абаттануына атсалысып, аумақтың көркін арттыруға белсенділік танытты.Аудан әкімдігі мұндай іс-шаралардың қала экологиясын жақсартуда және халықтың өмір сүру сапасын арттыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Бұл тек қана қоқыс жинау шарасы емес, сонымен бірге тұрғындардың бір-бірімен араласып, ортақ іске жұмыла қатысуына мүмкіндік беретін азаматтық белсенділіктің көрінісі болып табылады.“Таза Қазақстан” акциясы Әл-Фараби ауданында тұрақты түрде жалғасуда. Алдағы уақытта да тұрғындар мен кәсіпорындардың қатысуымен аулаларды, көшелерді, қоғамдық орындарды тазарту жұмыстары жоспарланған. Аудан әкімдігі барлық азаматтарды қоршаған ортаға ұқыпты қарауға және сенбіліктерге белсенді қатысуға шақырады.
ҚҰРМЕТ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ 08.08.2025
Есімов Мекенбай Сүйінбекұлы - өз ісіне адал, табанды еңбегімен танылған құрылысшы.Ол бірнеше жылдан бері Шымкент қаласындағы «КДСМ» ЖШС құрылыс компаниясында құрылысшы болып еңбек етіп келеді. Өз ісінің шебері ретінде әрбір нысанның сапалы әрі уақытылы салынуына үлес қосып жүр. Жалпы, құрылысшы – барлық саланың негізін қалайтын мамандық. Жол, мектеп, аурухана, тұрғын үй – бәрі де осы маман иелерінің маңдай терімен бой көтереді. Құрылысшының қолынан шыққан әр нысан – ел дамуына қосылған нақты үлес, келер ұрпаққа қалатын игілік.Сондықтан,осы салада еңбек етіп жүргенін Мекенбай Сүйінбекұлы мақтан тұтады. Ол қажырлы еңбегінің арқасында ол “Елеулі еңбегі үшін” төсбелгісімен де марапатталды.Қаламыздың, жалпы оңтүстік өңірдің дамуына сүбелі үлес қосып жүрген Мекенбай Есімов сынды қарапайым жұмысшылар – бүгінде жастарға үлгі.
ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ – 2025 08.08.2025
Арнайы көлік жүргізушісі – техниканың тізгініндегі шебер2025 жыл — елімізде Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланды. Бұл – нағыз еңбектің қадірін арттырып, шынайы кәсіп иелерін қолдау жылы.Сол мамандықтардың бірі – Арнайы көлік жүргізушісі.Бұл мамандық – ауыр техниканы басқару, құрылыс пен өндірістегі маңызды процестерге атсалысу, кен орындарында немесе ауыл шаруашылығында күрделі техникаларды басқару секілді жауапты істермен байланысты.Бульдозер, экскаватор, кран, жүк тиегіш және басқа да арнайы техникаларды меңгеру – тек темір тұлпарды тізгіндеу емес, бұл – дәлдік, кәсібилік және жоғары жауапкершілікті талап ететін жұмыс.Арнайы техника жүргізушілері құрылысты жылдамдатуға, өндірісті оңтайландыруға және ауыл шаруашылығын ілгерілетуге тікелей үлес қосады.Бұл кәсіптің иелері үнемі қозғалыста, үнемі алғы шепте. Оларсыз жол салу, ғимарат тұрғызу немесе егіс алқаптарын игеру мүмкін емес.Бүгінде арнайы техника жүргізушілеріне деген сұраныс артып келеді. Жақсы жалақы, тұрақты жұмыс және кәсіби өсу мүмкіндіктері – осы мамандықтың артықшылықтары.
Әңгіме өткізілді 08.08.2025
2025 жылдың 8 тамызында Қостанай облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Темирбек Нажиканов және әкімшілік бөлімінің басшысы Салтанат Аитова корпоративтік мәдениетті нығайту мақсатында жаңадан қабылданған қызметкерлер - сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімінің мамандарымен әңгіме өткізді. Әңгіме барысында мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтау, заңда көзделген тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтарға жол бермеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат, сондай-ақ Департаменттің ішкі жұмыс тәртібі мәселелері қарастырылды. Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1047899?lang=kk