Проблемалық мәселелер жөнінде семинар өткізілді
08.08.2025 16:10:48 2764
2025 жылдың 8 тамызында Әділет департаментінің әкімшілік бөлімімен және Әдеп жөніндегі уәкіл Т.О. Нажикановтың қатысуымен «E-Өтініш» АЖ бойынша проблемалық мәселелер жөнінде семинар өткізілді.
Семинар барысында Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының 2023 жылғы 4 қаңтардағы №4 бұйрығы - «Мемлекеттік органдарға келіп түскен өтініштерді тіркеу, есепке алу, сондай-ақ «Электрондық өтініштер» ақпараттық-талдау жүйесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы түсіндірілді.
«E-Өтініш» АЖ - мемлекеттік органдармен дау кезінде азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған мемлекеттік сервис. Бұл жүйе кез келген мемлекеттік органның құқық бұзушылық, әрекет немесе әрекетсіздігі бойынша қашықтан өтініш жіберуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, қызметкерлер арасында мемлекеттік қызметшінің моральдық-этикалық келбеті, этикалық кодексті сақтау және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға жол бермеу мәселелері бойынша түсіндіру әңгімесі жүргізілді.
Қатысушы мамандардың қойған сұрақтары талқыланды.
Қостанай облысы
Әділет Департаментінің
Баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1047957?lang=kk