Әлем
ТАРАТУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ 04.08.2026
ТАРАТУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ «Риддер қаласының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ, БСН 001040002484, тарату комиссиясы Риддер қаласы әкімдігінің 01.07.2026 жылғы № 331 «Риддер қаласының жергілікті атқарушы органдарының құрылымы мен штат санының лимиттерінің кейбір мәселелері туралы» қаулысы негізінде, біріктіру жолымен өзінің қайта ұйымдастырылуы туралы хабарлайды. Кредиторлардан шағымдар осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 2 (екі) ай ішінде мына мекенжай бойынша: Риддер қ., Семипалатинская к-сі-12, индексі 071300, 8 7233643912, e-mail: ozo_ridder@mail.ru қабылданады Басшының м.а. А.С. Атантаева Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ridder/press/news/details/1268446?lang=ru
Аймағымызда ірі инвестициялық форум өтті 04.08.2026
Қостанай облысының құрылғанына 90 жыл толуына орай Қостанай қаласында ірі инвестициялық форум өтті. Мемлекет басшысы өңір тұрғындарын мерейтоймен құттықтап, арнайы құттықтау хатын жолдады.Қостанай облысы құрылған кезде өңірге негізінен шикізаттық база ретінде ерекше рөл жүктелді. Тәуелсіздік алғаннан кейін жаңа экономикалық жағдайлар облыс алдына мүлде жаңа міндеттер қойды. Өңір шикізат өндіруден терең өңдеуге, заманауи технологияларды енгізуге және жоғары қосылған құны бар өнім шығаруға бет бұрды.«Бүгінде Қостанай облысы аграрлық әрі шикізаттық өңірден Қазақстанның ең ірі индустриялық орталықтарының біріне айналды. Өңір өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемі бойынша республикада төртінші орында тұр. Қостанай облысы бүгінде Қазақстанның машина жасау саласының көшбасшысына айналды. Елімізде шығарылатын машина жасау өнімдерінің төрттен бірі осы өңірдің үлесіне тиесілі», – деді аймақ басшысы Құмар Ақсақалов.Облыста жалпы қуаты 270 МВт-тан асатын жеті заманауи электр станциясы жұмыс істейді. Алдағы жылдары жалпы қуаты 1,2 ГВт болатын 165 жел электр қондырғысын іске қосу жоспарланған. Соның нәтижесінде өңірдегі «жасыл» энергия өндіру көлемі 32 еседен астам ұлғаяды.Қостанай облысы ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу бағытында да көш бастап келеді. Өңір қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты бойынша республикада бірінші, ал азық-түлік өндірісі бойынша екінші орында.Соңғы жылдары заманауи сүт-тауар фермалары, ірімшік, құрғақ бие сүті, макарон өнімдерін шығаратын зауыттар және бұршақ тұқымдас дақылдарды өңдейтін ірі кәсіпорындар салынды. Қазіргі уақытта жаңа кондитерлік фабриканың құрылысы аяқталу сатысында.«Өңірдің келесі стратегиялық бағыты – астықты терең өңдеу жобаларын жүзеге асырып, биоэтанол өндіру және оның негізінде авиациялық отын шығару. Инфрақұрылымды дамыту бағытында облыстан шығатын барлық негізгі бағыттардағы мыңдаған шақырым автожол қайта жаңғыртылды. Қостанай халықаралық әуежайы жаңғыртылды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен Арқалық қаласында жаңа әуежай салынуда. Қостанай қаласында әлемге танымал Marriott, Novotel және Holiday Inn брендтерімен үш заманауи қонақүй кешені бой көтереді», – деп атап өтті Құмар Ақсақалов.Әлеуметтік салада да ауқымды жұмыстар атқарылды. Жаңа мектептер мен денсаулық сақтау нысандары, соның ішінде шалғай ауылдарда да пайдалануға берілді. Іс жүзінде әрбір ауданда дене шынықтыру-сауықтыру кешендері ашылды.Облыс әкімі өңірдің ең басты байлығы – оның адамдары, олардың адал еңбегі мен туған жердің өркендеуіне қосқан өлшеусіз үлесі екенін атап өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1268441?lang=ru
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл 04.08.2026
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1268422?lang=ru
Елімізде жаз басталғалы бері қайта жаңғыртудан өткен 70 теміржол вокзалы ашылды 04.08.2026
Қазақстанда жаз басынан бері ауқымды қайта жаңғырту жұмыстарынан кейін 70 теміржол вокзалы пайдалануға берілді, оның ішінде 40 нысан шілде айында ашылды. Нысандарды қайта жаңғырту Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша еліміздегі 124 теміржол вокзалын реконструкциялау және жаңғырту бағдарлама аясында жүзеге асырылуда, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.Қайта жаңғырту аясында ірі өңірлік вокзалдармен қатар шағын станциялар да жаңартылды. Ең ауқымды жұмыстар Ақмола облысында атқарылды, мұнда 12 вокзалда жөндеу жүргізілді. Қарағанды облысында 11 нысан жаңартылды, оның ішінде жолаушылар платформалары мен Қарағанды – Сортировочная станциясының инфрақұрылымы бар. Сонымен қатар жұмыстар Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Алматы, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Маңғыстау, Түркістан, Жамбыл облыстарында, Жетісу және Ұлытау облыстарында жүргізілді.Қайта жаңғырту барысында нысандардың техникалық жағдайына қарай күрделі жөндеу жұмыстары немесе жаңа жолаушылар кешендері салынды. Бірқатар станцияларда ескі ғимараттар бұзылып, олардың орнына жаңа вокзалдар бой көтерді. Басқа нысандарда вокзалдардың аумағы кеңейтіліп, көтергіш конструкциялар күшейтілді, конкорстар салынды, сондай-ақ жолаушылар платформалары мен аялдау павильондары қайта жаңғыртылды.Барлық нысандарда шатыр мен қасбеттер жаңартылып, кәріз, су, жылу, электрмен жабдықтау және байланыс жүйелері ауыстырылды. Ғимараттардың ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп, іргелес аумақтар абаттандырылды. Вокзал ғимараттарына заманауи жиһаздар, навигациялық жүйелер, желдету және кондиционерлеу жүйелері, бейнебақылау камералары, өрт және күзет дабылдары, қолжетімділікті бақылау жүйелері, интроскоптар мен металл іздегіштер орнатылды.Ерекше назар кедергісіз орта қалыптастыруға аударылды. Вокзалдар пандустармен, лифттермен және көтергіш құрылғылармен, тактильді навигациямен, қызметкерлерді шақыру желілерімен, санитарлық бөлмелермен және ақпараттық көрсеткіштермен жабдықталды.Сонымен қатар, бірқатар нысандардың аумағы едәуір кеңейтілді. Атап айтқанда, Орал станциясы вокзалының аумағы 5 778 шаршы метрден 6 346 шаршы метрге дейін, Шетпе станциясында 201 шаршы метрден 1 090 шаршы метрге дейін, Шалқар станциясында 472,8 шаршы метрден 833,6 шаршы метрге дейін, Қазыбек бек станциясында 82,3 шаршы метрден 236,7 шаршы метрге дейін, ал Жетісу станциясында 135,7 шаршы метрден 258,3 шаршы метрге дейін ұлғайтылды. Ақшы станциясында жаңа заманауи аялдау павильоны салынса, Теміртау станциясында жолаушылар платформасы қайта жаңғыртылды.Жаңартылған вокзалдар күн сайын ондаған мың жолаушыға қызмет көрсетіп, Қазақстанның барлық өңірлері арасындағы, сондай-ақ Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстанмен теміржол қатынасын қамтамасыз етеді.Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде теміржол вокзалдары барлық санаттағы жолаушылар үшін неғұрлым жайлы және қолжетімді бола түсті. Бұл көлік қызметтерінің сапасын арттыруға және жолаушылар тасымалын дамытуға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1268416?lang=ru
Қазақстанда ЖЭК электр энергиясын өндіру бойынша көрсеткіш асыра орындалды. 04.08.2026
Мемлекет басшысының жаңартылатын энергия көздерінен өндірілетін электр энергиясының көлемін 1,5 есеге арттыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес саланы дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде. 2025 жылдың қорытындысы бойынша жаңартылатын энергия көздері объектілерінде өндірілген электр энергиясының көлемі 8,6 млрд кВт·сағатқа жетіп, бұл еліміздегі электр энергиясы өндірісінің жалпы көлемінің 7%-ын құрады, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі. министрлігі.Салыстырмалы түрде алғанда, 2022 жылы ЖЭК объектілерінде өндірілген электр энергиясының көлемі 5,11 млрд кВт·сағатты құраса, оның елдің жалпы энергия теңгеріміндегі үлесі 4,5% деңгейінде болды. Осылайша, Мемлекет басшысының тапсырмасы белгіленген межеден асыра орындалды: жаңартылатын энергия көздерінен өндірілетін электр энергиясының көлемі 2022 жылмен салыстырғанда 1,7 еседен астам өсті.Қол жеткізілген нәтижелер «жасыл» энергетиканы дамытуға бағытталған дәйекті мемлекеттік саясаттың арқасында мүмкін болды. Өсімнің негізгі факторлары қатарында жаңартылатын энергия көздері жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықтарды өткізу, салаға инвестициялар тарту, сондай-ақ жаңартылатын энергетика объектілерін пайдалануға беру бар.2025 жылы жалпы қуаты 503,5 МВт болатын 9 жаңартылатын энергия көзі нысаны пайдалануға берілді. Биыл жалпы қуаты 245 МВт болатын 10 ЖЭК жобасын іске асыру жоспарланып отыр. Оның ішінде 4 жел электр станциясын, 5 күн электр станциясын және 1 су электр станциясын пайдалануға беру көзделген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1268402?lang=ru
Жамбыл облысында қайтарылған активтер есебінен елді мекендердегі 80 мыңнан астам тұрғын газбен қамтылды 04.08.2026
Мемлекет басшысының газбен қамтамасыз етуді жеделдету және оның деңгейін 80%-ға дейін жеткізу жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында қайтарылған активтер есебінен Жамбыл облысында «Шу» автоматтандырылған газ тарату стансасының құрылысы аяқталады. Үкімет бұл мақсатқа Арнаулы мемлекеттік қордан 2,9 млрд теңге бөлді, деп хабарлайды Primeminister.kz.Стансаны іске қосу жылыту маусымында газ тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Қазіргі таңда ауданды табиғи газбен қамту Шу қаласынан 100 шақырымнан астам қашықтықта орналасқан «Қордай» автоматтандырылған газ тарату стансасы арқылы қамтамасыз етіледі. Аталған стансаның қуаты тұтыну көлемінің өсуіне есептелмеген.Жаңа нысанды пайдалануға беру инфрақұрылымдық шектеулерді жойып, тұрғын үй секторын, орталық қазандықты және кәсіпкерлік нысандарын көгілдір отынмен үздіксіз қамтамасыз етеді. Жалпы жоба Шу және Мойынқұм аудандарының 84 мың тұрғынын тұрақты газбен қамтуға, сондай-ақ жаңа абоненттерге техникалық шарттар беруді қайта бастауға мүмкіндік береді.Бүгінде құрылыс алаңында 29 қондырғы мен жабдықтар жиынтығы орнатылып, блокаралық коммуникациялар қосу жұмыстары жүргізілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1268405?lang=ru
Мемлекет басшысының Қостанай облысының құрылғанына 90 жыл толуына арналған салтанатты іс-шараға қатысушыларға құттықтауы 04.08.2026
Сіздерді Қостанай облысының құрылғанына 90 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын!Қостанай – ырысы мол, ынтымағы жарасқан қастерлі өлке. Осы уақыт аралығында өңір өсіп-өркендеп, астықты аймаққа айналды. Береке мен бірліктің, келісім мен татулықтың алтын бесігі ретінде танылды.Облыстың төл тарихымыздағы орны ерекше. Бұл топырақтан Ыбырай Алтынсарин, Ахмет Байтұрсынұлы, Бейімбет Майлин және басқа да тұғырлы тұлғалар шықты. Олар халыққа қалтқысыз қызмет етіп, ұлт руханиятының көкжиегін кеңейтуге өлшеусіз үлес қосты.Қазіргі таңда аймақ экономикасы қарқынды дамып жатыр. Азаматтардың қажырлы еңбегінің арқасында өңір өркендеу жолына түсіп, көптеген жетістікке қол жеткізуде. Қостанай жұрты әрдайым ауызбіршіліктің озық үлгісін көрсетіп келеді. Аймақ халқының наурыз айында өткен республикалық референдумға белсене қатысып, жаңа Конституцияны қолдап дауыс беруі – соның айқын көрінісі.Осы орайда, облысты көркейту үшін аянбай еңбек етіп келе жатқан азаматтарға шынайы ризашылығымды білдіремін. Сіздер алдағы уақытта да Заң мен Тәртіпті ту еткен Әділетті Қазақстанды құру жолында жасампаз бастамаларды жүзеге асыруға белсене атсалыса бересіздер деп сенемін.Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!Тобыл-Торғай өлкесі өркендей берсін!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1268408?lang=ru
2026 жылғы 29 шілдедегі кәсіпкерлік субъектілерінің шығындарының бір бөлігін өтеуге арналған өтінімдерді қарау жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссияның № 6 хаттамасы 04.08.2026
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tourism-vko/press/news/details/1268394?lang=ru
Сыртқы істер министрінің орынбасары Қытайдың Қазақстандағы Елшісімен кездесті 04.08.2026
Астана, 2026 жылғы 4 тамыз – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исағалиев Қытай Халық Республикасының Елшісі Хань Чуньлиньді қабылдады.Келіссөздер барысында тараптар қазақ-қытай ынтымақтастығының түрлі салалардағы өзекті мәселерін талқылап, оны одан әрі дамыту келешектері туралы пікір алмасты.Кездесу барысында тараптар биылғы жылы биік және жоғары деңгейде өткен келіссөздер барысында қол жеткізілген уағдаластықтарға ерекше назар аударды. Сонымен қатар, биыл өтетін іс-шаралар мен сапарлардың кестесі талқыланды және жоғары халықаралық пен аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, соның ішінде көпжақты алаңдардағы күш-жігерді үйлестіру бойынша пікір алмасты.Кездесу соңында тараптар тұрақты байланыстарды қолдап отыруға және өзара қызығушылық тудыратын барлық бағыттар бойынша ынтымақтастықты жалғастыруға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1268360?lang=ru
Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және кредиторлар тізіліміне енгізу 04.08.2026
Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және кредиторлар тізіліміне енгізуЕгер азамат қаржылық қиындықтарға тап болып, өз қарыздарын уақытылы өтей алмайтын жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі көзделген.Бұл борышкерге қандай мүмкіндік береді?Тұрақты табысы бар азамат сотқа жүгініп, қарыздарын 5 жылға дейінгі мерзімде өтеу жоспарын ұсына алады. Бұл қарыздарды кезең-кезеңімен өтеуге және банкрот мәртебесін алмауға мүмкіндік береді.Кредиторлар тізілімі дегеніміз не?Бұл – борышкердің қарызы бар барлық кредиторлар енгізілетін ресми тізім. Онда берешек сомасы мен оның туындау негіздері көрсетіледі.Неліктен бұл маңызды?Тек талаптары кредиторлар тізіліміне енгізілген кредиторлар ғана рәсімге қатысып, өз талаптарының заңнамада белгіленген тәртіппен қанағаттандырылуына үміт арта алады.Кредитор не істеуі керек?Кредитор өз талабын белгіленген мерзімде мәлімдеп, қарыздың бар екенін растайтын құжаттарды ұсынуы қажет.Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық рәсімдері борышкерлер мен кредиторлардың құқықтары мен мүдделерінің теңгерімін сақтауға, сондай-ақ берешекті заңды жолмен реттеуге бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1268322?lang=ru
SMART CITY: ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛАЛЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ҚАЛАЙ ЦИФРЛЫҚ ФОРМАТҚА КӨШІП ЖАТЫР? 31.07.2026
2026 жылдың шілде айының қорытындысы бойынша Шымкент Smart City тұжырымдамасын кезең-кезеңімен жүзеге асырып жатқан Қазақстандағы жетекші қалалардың бірі ретінде өз позициясын нығайта түсті. Соңғы жылдары цифрлық технологиялар мемлекеттік басқарумен қатар көлік, коммуналдық инфрақұрылым және қоғамдық қауіпсіздік салаларына кеңінен енгізіліп келеді. Бұл өзгерістер қалалық ресурстарды тиімді басқаруға және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған.Бұрын цифрландыру негізінен мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа көшірумен шектелсе, бүгінде басты мақсат – қаланың барлық инфрақұрылымын өзара байланысқан цифрлық басқару жүйесіне біріктіру. Осы тәсіл қалалық қызметтердің тиімділігін арттырып, инженерлік жүйелердің жұмысын нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік береді.Егер өткен жылдарға көз жүгіртсек, 2023 жылы негізгі назар бейнебақылау жүйелерін жаңғыртуға және мемлекеттік қызметтердің электрондық үлесін арттыруға аударылды. 2024 жылы қоғамдық көлік пен коммуналдық инфрақұрылымға арналған цифрлық шешімдер енгізіле бастады. Ал 2025 жылы Шымкент Smart City көрсеткіштері бойынша республиканың жетекші үш қаласының қатарына енді. 2026 жылдың мамыр–шілде айларында интеллектуалды технологияларды қалалық басқаруға енгізу жаңа кезеңге өтті.Қалалық инфрақұрылымды жаңғыртудың маңызды бағыттарының бірі – интеллектуалды көлік жүйелері. Көлік ағынын талдау, жол қозғалысын бақылау және бағдаршамдардың жұмысын оңтайландыруға арналған цифрлық шешімдер кезең-кезеңімен енгізілуде. Бұл жол кептелістерін азайтып, қоғамдық көлік қозғалысының тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал етеді.Нақты уақыт режимінде жиналған мәліметтер бағдаршамдардың жұмысын автоматты түрде реттеуге мүмкіндік береді. Болашақта жасанды интеллект көлік ағынын алдын ала болжап, жол қозғалысын одан әрі тиімді ұйымдастыруға көмектеседі.Smart City тұжырымдамасының тағы бір маңызды бағыты – коммуналдық инфрақұрылымды цифрлық басқару. Су, электр энергиясы және жылу желілеріне орнатылған интеллектуалды датчиктер инженерлік желілердің жай-күйін үздіксіз бақылап, ықтимал ақаулар туралы жауапты қызметтерге жедел хабар береді. Бұл апаттардың алдын алып, жөндеу жұмыстарының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.Экологиялық мониторинг те қалалық басқарудың маңызды бөлігіне айналып келеді. Цифрлық сенсорлар ауа сапасын, температураны және басқа экологиялық көрсеткіштерді үздіксіз бақылап, қалалық жоспарлау мен қоршаған ортаны қорғау бағытындағы шешімдерді қабылдауға негіз болады.Алдағы уақытта Шымкентте жасанды интеллект негізіндегі басқару жүйелерін кеңейту, заттар интернеті технологияларын инженерлік инфрақұрылымға енгізу және интеллектуалды көлік жүйелерін жетілдіру жалғасады. Бұл қаланың тиімді әрі тұрақты дамуына жаңа мүмкіндік береді.
ШЫМКЕНТТЕГІ ҮШ АЙ: ЦИФРЛАНДЫРУ ҚАЛА ДАМУЫНА ҚАЛАЙ ӘСЕР ЕТТІ? 31.07.2026
2026 жылдың шілде айының қорытындысы Шымкенттің цифрлық даму бағытындағы тұрақты ілгерілеуін тағы бір мәрте дәлелдеді. Мамыр–шілде айлары аралығында мемлекеттік қызметтерді жетілдіру, Smart City жобаларын кеңейту және қалалық басқаруға жаңа технологияларды енгізу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілді. Бұл бастамалар қаланың цифрлық трансформациядағы орнын нығайтып қана қоймай, тұрғындардың күнделікті өміріне де оң өзгерістер әкелді.Соңғы бірнеше жыл ішінде Шымкент цифрландыруды кезең-кезеңімен дамытып келеді. Егер 2023 жылы басты назар мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа көшіруге аударылса, 2024 жылы ақпараттық жүйелердің өзара ықпалдастығын дамытуға басымдық берілді. Ал 2025 жылы қала Smart City рейтингінде жоғары нәтиже көрсетіп, цифрлық басқару саласындағы жетістіктерін дәлелдей алды. 2026 жылдың мамыр–шілде айларында бұл жұмыстар жаңа деңгейге көтеріліп, интеллектуалды технологияларды енгізуге ерекше көңіл бөлінді.Үш айдағы маңызды жетістіктердің бірі – мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігінің артуы болды. Қала тұрғындары көптеген қызметті электрондық форматта алып, өтініштерді қарау мерзімінің қысқарғанын байқады. Электрондық үкімет жүйесі, мобильді сервистер және цифрлық платформалар арқылы анықтамалар алу, әлеуметтік төлемдерді рәсімдеу, кәсіпкерлік қызметті тіркеу секілді рәсімдер бұрынғыға қарағанда әлдеқайда жеңіл әрі жылдам орындала бастады.Осы кезеңде Smart City жобаларының дамуы да жалғасын тапты. Қалалық инфрақұрылымды басқару жүйелері жетілдіріліп, қоғамдық қауіпсіздік пен көлік қозғалысын бақылауға арналған цифрлық шешімдер кеңейтілді. Интеллектуалды бейнебақылау жүйелерінің мүмкіндіктері артып, жол қозғалысын басқару тиімділігі жоғарылады. Мұндай технологиялар құқық бұзушылықтардың алдын алуға және төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.Мемлекеттік басқаруда жасанды интеллектіні пайдалану мәселесі де күн тәртібіне шықты. Сарапшылардың пікірінше, алдағы уақытта AI тұрғындардың өтініштерін өңдеу, мемлекеттік қызметтер бойынша кеңес беру, құжаттарды автоматты тексеру және қалалық процестерді талдау бағыттарында кеңінен қолданылатын болады. Бұл мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін арттырып, қызмет көрсету сапасын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.Мамыр–шілде айларындағы нәтижелер көрсеткендей, Шымкент цифрлық трансформацияны жүйелі түрде іске асырып келеді. Мемлекеттік қызметтердің сапасының артуы мен Smart City жобаларының дамуы қаланың заманауи әрі тиімді басқару моделіне кезең-кезеңімен көшіп жатқанын айғақтайды.
SMART CITY-ДІҢ КЕЛЕСІ КЕЗЕҢІ: ШЫМКЕНТ ҚАНДАЙ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНГІЗЕДІ? 31.07.2026
2026 жылдың шілде айының қорытындысы бойынша Шымкент Қазақстандағы цифрлық трансформация қарқыны жоғары қалалардың бірі ретінде өз позициясын одан әрі нығайтты. Соңғы жылдары мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі электрондық форматқа көшіріліп, Smart City жобалары іске асырылып, қалалық инфрақұрылымды цифрлық басқару жүйелері кезең-кезеңімен енгізіле бастады. Ендігі негізгі мақсат – жеке цифрлық жобаларды жүзеге асыру ғана емес, оларды біртұтас «ақылды қала» экожүйесіне біріктіру.Егер 2023 жылы негізгі назар мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруға аударылса, 2024 жылы ақпараттық жүйелердің өзара ықпалдастығы күшейтілді. 2025 жылы Smart City көрсеткіштері жақсарып, цифрлық басқару сапасы жаңа деңгейге көтерілді. Ал 2026 жылы қаланы интеллектуалды басқару технологияларын енгізу кезеңі басталды.Ақылды қала тұжырымдамасының басты ерекшелігі – барлық цифрлық жүйелердің өзара байланыста жұмыс істеуі. Бұл көлік қозғалысын тиімді басқаруды, коммуналдық инфрақұрылымды бақылауды, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді және мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруды қамтиды.Сарапшылардың пікірінше, алдағы кезеңде Шымкент үшін негізгі бағыттардың бірі – жасанды интеллектіні кеңінен пайдалану. AI технологиялары көлік ағынын нақты уақыт режимінде талдап, бағдаршамдардың жұмысын автоматты түрде реттей алады. Мұндай жүйелер жол кептелістерін азайтып, қоғамдық көліктің қозғалысын тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.Тағы бір маңызды бағыт – заттар интернеті (IoT). Су, электр және жылу желілеріне орнатылатын интеллектуалды датчиктер инженерлік жүйелердің жағдайын үздіксіз бақылап, ықтимал ақауларды алдын ала анықтай алады. Бұл коммуналдық қызметтердің тиімділігін арттырып, жөндеу шығындарын қысқартуға мүмкіндік береді.Экологиялық мониторинг те Smart City жүйесінің маңызды бөлігіне айналып келеді. Ауа сапасын, температураны және қоршаған орта көрсеткіштерін бақылайтын цифрлық сенсорлар желісін кеңейту экологиялық жағдайды тұрақты бақылауға мүмкіндік береді. Мұндай ақпарат нақты уақыт режимінде өңделіп, жедел шешім қабылдауға негіз болады.Қоғамдық қауіпсіздік бағытында интеллектуалды бейнебақылау жүйелерінің мүмкіндіктері де кеңейеді. Жасанды интеллект көмегімен күмәнді әрекеттерді, жол қозғалысы ережелерінің бұзылуын немесе төтенше жағдайларды автоматты анықтау құқық қорғау органдарының жұмыс тиімділігін арттырып, тұрғындардың қауіпсіздігін күшейтуге мүмкіндік береді.2026 жылдың қорытындысы көрсеткендей, Шымкент цифрлық сервистерді енгізу кезеңінен интеллектуалды қаланы қалыптастыру кезеңіне өтті. Жасанды интеллект, IoT технологиялары, интеллектуалды көлік жүйелері мен экологиялық мониторинг қаланың келесі технологиялық дамуының негізгі бағыттарына айналып келеді.
«STOP-RISK» жобасы аясында Әл-Фараби ауданы прокуратурасының бастамасымен және үйлестіруімен «Арбат» саябағында мобильді топтың қатысуымен профилактикалық іс-шара өтті. 04.08.2026
«STOP-RISK» жобасы аясында Әл-Фараби ауданы прокуратурасының бастамасымен және үйлестіруімен «Арбат» саябағында мобильді топтың қатысуымен профилактикалық іс-шара өтті.Іс-шараның мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру, заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыру және жасөспірімдердің түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз қоғамдық орындарда жүруіне жол бермеу.Прокуратура, полиция және уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері жасөспірімдер мен ата-аналарға заң талаптарын сақтау, құқық бұзушылық үшін жауапкершілік, балалардың жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздігі, сондай-ақ интернет-алаяқтықтың, буллингтің және психоактивті заттарды қолданудың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Прокуратура ата-аналарды балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, олардың жүрген жерін бақылауда ұстауға және қауіпсіз орта қалыптастыруға шақырады.Шымкент қаласының прокуратурасы
Еңбекші ауданының прокуратурасы «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясындағы 04.08.2026
Еңбекші ауданының прокуратурасы «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясындағы «Тазалық сақшылары» жобасы шеңберінде оқу-сауықтыру лагерінде демалып жатқан оқушылармен танымдық-профилактикалық кездесу өткізді.Кездесу барысында жас ұрпаққа құқықтық сауаттылықты арттыру, қоғамдық тәртіпті сақтау, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау және нөлдік төзімділік қағидатын ұстанудың маңыздылығы кеңінен айтылды.Іс-шараның басты мақсаты – жастардың құқықтық мәдениетін жетілдіру, олардың бойында азаматтық жауапкершілік пен туған жерге деген қамқорлық сезімін нығайту, сондай-ақ қала аумағында тазалықты сақтау, коммуналдық қызметкерлердің қоғамдық беделін арттыру және олардың адал еңбегіне деген құрметті қалыптастыру.Шымкент қаласының прокуратурасы
ШЫМКЕНТТІҢ ЦИФРЛЫҚ ЭКОНОМИКАСЫН ҚАЙ САЛАЛАР АЛҒА СҮЙРЕП КЕЛЕДІ? 31.07.2026
2026 жылдың шілде айының қорытындысы бойынша Шымкент цифрлық экономиканы дамыту бағытында тұрақты өсім көрсетіп келеді. Соңғы бірнеше жыл ішінде қалада мемлекеттік қызметтерді цифрландырумен қатар өндіріс, кәсіпкерлік, сауда және қызмет көрсету салаларына жаңа технологияларды енгізу қарқынды жүзеге асырылуда. Бүгінде цифрлық экономика тек IT секторымен ғана шектелмейді. Ол барлық негізгі салалардың тиімділігін арттырып, өңірдің бәсекеге қабілеттілігін күшейтетін маңызды факторға айналды.Шымкент – халқы тұрақты өсіп келе жатқан әрі өндірістік әлеуеті жоғары мегаполис. Халық санының көбеюі, жаңа индустриялық аймақтардың дамуы және кәсіпкерлік белсенділіктің артуы цифрлық шешімдерді кеңінен қолдануды талап етеді. Сондықтан соңғы жылдары өндірістен бастап қызмет көрсету саласына дейінгі көптеген бағытта автоматтандыру мен цифрлық басқару жүйелері енгізілуде.Егер өткен кезеңдерге назар аударсақ, 2023 жылы негізгі жұмыстар мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа көшіруге бағытталды. 2024 жылы өндірістік кәсіпорындарда автоматтандыру жобалары көбейіп, электрондық сауда көлемі артты. Ал 2025 жылы Smart City бастамаларының дамуы цифрлық инфрақұрылымға инвестиция көлемін ұлғайтты. 2026 жылы бұл өзгерістер нақты экономикалық нәтижелер бере бастады.Қаланың цифрлық экономикасының негізгі драйверлерінің бірі – өнеркәсіп. Индустриялық және арнайы экономикалық аймақтардағы кәсіпорындар өндірістік процестерді автоматтандыруға, жабдықтардың жұмысын цифрлық бақылауға және ресурстарды тиімді басқаруға басымдық беруде. Кейбір кәсіпорындарда датчиктер арқылы өндірістік көрсеткіштер нақты уақыт режимінде бақыланып, энергия тұтынуы мен жабдықтардың техникалық жағдайы тұрақты талданады. Бұл өндіріс тиімділігін арттырып, шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.Шағын және орта бизнес те цифрлық экономиканың маңызды қозғаушы күшіне айналды. Кәсіпкерлер онлайн сауда алаңдарын, электрондық төлем жүйелерін, бұлтты бухгалтерияны және цифрлық құжат айналымын белсенді пайдалана бастады. Әлеуметтік желілер мен маркетплейстер арқылы өнім өткізу мүмкіндігінің кеңеюі жергілікті бизнестің нарығын ұлғайтуға ықпал етті.Қызмет көрсету саласында да цифрлық технологиялардың ықпалы күшейіп келеді. Қонақ үйлер, қоғамдық тамақтану орындары, медициналық орталықтар мен білім беру ұйымдары онлайн брондау, электрондық төлем және мобильді сервистерді енгізу арқылы қызмет көрсету сапасын арттыруда. Бұл тұтынушыларға қолайлылық жасап қана қоймай, кәсіпорындарға сұранысты тиімді талдауға мүмкіндік береді.Қаржы секторында қолма-қол ақшасыз төлемдердің үлесі жылдан-жылға өсуде. QR төлемдері, мобильді банкинг және электрондық қаржы қызметтері тұрғындардың күнделікті өмірінің қалыпты бөлігіне айналды. Бұл қаржы операцияларының ашықтығын қамтамасыз етіп, цифрлық экономиканың дамуына оң әсерін тигізуде.Осылайша, 2026 жылдың қорытындысы Шымкентте өнеркәсіп, шағын және орта бизнес, қызмет көрсету және қаржы салалары цифрлық экономиканың негізгі драйверлеріне айналғанын көрсетеді. Бұл бағыттардағы жаңғырту қаланың экономикалық әлеуетін арттырып, цифрлық дамудың жаңа кезеңіне жол ашуда.
ШЫМКЕНТ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ КӨЗІМЕН ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯ: ҚАЛА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРҒА ДАЙЫН БА? 31.07.2026
2026 жылдың шілде айының қорытындысы бойынша Шымкент Қазақстандағы цифрлық трансформацияны белсенді жүзеге асырып жатқан қалалардың бірі ретінде өз позициясын нығайта түсті. Соңғы бірнеше жыл ішінде мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі электрондық форматқа көшіріліп, тұрғындардың күнделікті өміріне цифрлық сервистер кеңінен енгізілді. Бүгінде цифрландырудың тиімділігі жаңа технологиялардың санымен ғана емес, оларды халықтың қаншалықты қабылдап, пайдаланып отырғанымен де бағаланады.2023 жылы жүргізілген реформалар негізінен мемлекеттік қызметтерді онлайн форматқа көшіруге бағытталды. 2024 жылы ақпараттық жүйелердің өзара ықпалдастығы күшейіп, қызметтердің қолжетімділігі артты. Ал 2025 жылы Шымкент Smart City рейтингінде үздік үштікке еніп, цифрлық басқару саласындағы жетістіктерін дәлелдеді. 2026 жылдың қорытындысы тұрғындардың электрондық сервистерді пайдалану деңгейінің тұрақты өсіп келе жатқанын көрсетеді.Қоғамдық пікірлер мен тұрғындардың тәжірибесі цифрлық қызметтердің ең үлкен артықшылығы уақытты үнемдеу екенін айғақтайды. Бұрын бірнеше күнге созылатын рәсімдердің басым бөлігі бүгінде бірнеше минут ішінде орындалады. Электрондық үкімет порталы арқылы анықтамалар алу, дәрігердің қабылдауына жазылу, әлеуметтік төлемдерге өтініш беру немесе айыппұл төлеу тұрғындардың күнделікті өмірінің қалыпты бөлігіне айналды.Әсіресе жұмысбасты азаматтар үшін цифрлық қызметтердің қолжетімділігі үлкен мүмкіндік беріп отыр. Мемлекеттік мекемелерге бармай-ақ қажетті құжаттарды рәсімдеу уақытты тиімді пайдалануға және еңбек өнімділігін арттыруға ықпал етеді.Жастар арасында цифрлық сервистерге деген сұраныс жоғары. Университет студенттері мен жас мамандар мемлекеттік қызметтерді мобильді қосымшалар арқылы пайдалануды қалыпты тәжірибе ретінде қабылдайды. Онлайн төлемдер, цифрлық банкинг және электрондық құжаттар олардың күнделікті өмірінің ажырамас бөлігіне айналған.Кәсіпкерлер үшін де цифрландырудың пайдасы айқын байқалады. Электрондық лицензиялау, онлайн есептілік, мемлекеттік сатып алуларға цифрлық форматта қатысу және мемлекеттік қолдау бағдарламалары туралы ақпараттың қолжетімділігі бизнесті жүргізуді жеңілдетті. Көптеген кәсіпкерлер әкімшілік рәсімдердің қысқаруы уақыт пен қаржы шығындарын азайтқанын атап өтуде.Сонымен қатар егде жастағы тұрғындардың бір бөлігі электрондық сервистерді пайдалану кезінде белгілі бір қиындықтарға тап болады. Сондықтан цифрлық сауаттылықты арттыруға арналған оқыту бағдарламалары мен кеңес беру жұмыстарының маңызы артып келеді.Жалпы алғанда, тұрғындардың пікірлері Шымкентте жүргізіліп жатқан цифрлық реформалардың оң нәтижесін көрсетеді. Электрондық қызметтердің кеңеюі, мемлекеттік сервистердің қолжетімділігі және уақытты үнемдеу мүмкіндігі тұрғындардың цифрландыруға деген сенімін күшейтіп, қаланың цифрлық мәдениетінің қалыптасуына ықпал етуде.
ШЫМКЕНТТІҢ ЦИФРЛЫҚ МЕДИЦИНАСЫ: ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІН ҚАЛАЙ ӨЗГЕРТУДЕ? 31.07.2026
2026 жылдың шілде айының қорытындысы бойынша Шымкент денсаулық сақтау саласын цифрландыру бағытындағы жұмыстарын жүйелі түрде жалғастырып келеді. Соңғы бірнеше жыл ішінде медициналық ұйымдарда ақпараттық жүйелер енгізіліп, электрондық құжат айналымы дамып, тұрғындарға көрсетілетін медициналық қызметтердің қолжетімділігі айтарлықтай артты. Егер алғашқы кезеңде негізгі мақсат қағаз құжаттарды электрондық форматқа көшіру болса, бүгінде цифрлық сервистер медициналық көмектің ажырамас бөлігіне айналды.Шымкент – халқы қарқынды өсіп келе жатқан еліміздің ірі мегаполистерінің бірі. Осыған байланысты денсаулық сақтау жүйесіне түсетін жүктеме де жылдан-жылға артып келеді. Мұндай жағдайда цифрлық технологиялар медициналық қызметтерді тиімді ұйымдастырудың маңызды құралы болып отыр.2023 жылы медициналық ақпараттық жүйелерді жаңарту мен электрондық денсаулық паспорттарын қалыптастыру жұмыстары жүргізілді. 2024 жылы емханалар мен ауруханалардың ақпараттық жүйелері өзара ықпалдастырылып, пациенттердің мәліметтері бірыңғай цифрлық базаға біріктіріле бастады. Ал 2025 жылдан бастап электрондық қызметтердің үлесі едәуір өсіп, тұрғындардың басым бөлігі медициналық сервистерді онлайн пайдалана бастады.Бүгінде қаладағы емханаларда электрондық медициналық карталар кеңінен қолданылады. Дәрігерлер пациенттің ауру тарихын, бұрынғы емдеу шараларын және зертханалық нәтижелерін бірнеше секунд ішінде қарай алады. Бұл диагноз қою уақытын қысқартып, қайталанатын тексерулердің санын азайтуға мүмкіндік береді.Онлайн қызметтердің дамуы тұрғындардың күнделікті өміріне де оң әсер етті. Қазір шымкенттіктер дәрігердің қабылдауына электрондық кезек арқылы жазылып, зертханалық талдау нәтижелерін мобильді қосымшалар арқылы көре алады. Кейбір анықтамалар мен медициналық құжаттар да цифрлық форматта рәсімделеді. Бұл әсіресе жұмысбасты азаматтар, жас баласы бар ата-аналар және егде жастағы адамдар үшін өте қолайлы.Телемедицина қызметтері де кеңінен қолданыла бастады. Қашықтан кеңес беру мүмкіндігі тұрғындардың алғашқы медициналық консультацияны үйден шықпай алуына жағдай жасап отыр. Бұл қозғалысы шектеулі азаматтар мен шалғай елді мекендерден келетін тұрғындар үшін медициналық көмектің қолжетімділігін арттырды.Цифрлық медицинаның әлеуметтік тиімділігі де айқын байқалады. Электрондық кезек жүйесі емханалардағы ұзын-сонар кезектерді азайтып, қабылдау уақытын тиімді жоспарлауға мүмкіндік берді. Сонымен қатар медициналық ақпараттың қолжетімді болуы тұрғындардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауына оң ықпал етуде.Көпбалалы отбасылар мен зейнеткерлер үшін де цифрлық сервистердің маңызы зор. Балаларды қабылдауға жазу, екпе күнтізбесін бақылау, қажетті анықтамаларды алу және емханамен байланыс орнату бұрынғыдан әлдеқайда жеңілдеді.Бүгінде цифрлық медицина қағаз құжаттарды қысқартып қана қоймай, медициналық қызметтердің сапасын арттырудың маңызды құралына айналып отыр. Алдағы уақытта электрондық сервистердің мүмкіндіктері кеңейіп, тұрғындарға қолайлы жаңа қызметтер іске қосылады деп күтілуде.
Shaiqas-2026 алғашқы ұлттық әскери-инженерлік чемпионатының финалы өтеді 04.08.2026
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі 13–15 тамыз аралығында Ақмола облысындағы «Амандық» полигонында Shaiqas-2026 алғашқы ұлттық әскери-инженерлік чемпионатының финалын өткізеді.Іріктеу кезеңінен өткен кіл мықты инженерлер сайысында 20 өңірлік команда сапында 500 қатысушы бағын сынап көреді. Олардың қатарында студенттер, инженерлік мектептердің өкілдері, өнеркәсіп кәсіпорындарының мамандары және күштік құрылымдардың қызметкерлері бар.Инженерлер, бағдарлама жасақтаушылар мен әзірлеушілер ұшқышсыз басқарылатын құрылғыларды әуеге көтеріп, жерүсті роботтарын басқарады. Кибершабуылдарға қарсы әрекет етіп, тактикалық алаңда жауынгерлік тапсырмаларды орындайды.Жарыс «әуе жүйелері», «жерүсті жүйелері», «киберқауіпсіздік» және «тактика» деп аталатын төрт бағыт бойынша өтеді. Әр бағытта қатысушылар жүк тасымалдау, шартты түрде жараланған адамды эвакуациялау, роботтардың көмегімен мина макеттерін орнату, инфрақұрылымды цифрлық қауіптерден қорғау, кедергілер жолағынан өту, алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын пысықтау және басқа да тапсырмаларды орындайды.Тапсырмаларды тәуелсіз қазылар алқасы бағалайды. Жеңімпаздар жинаған ұпай саны бойынша анықталады. Чемпионаттың жүлде қоры – 20 миллион теңге. Финалдық кезең мен жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 15 тамызда өтеді.Қорғаныс министрлігі Ақпараттық технологиялар департаменті бастығының орынбасары подполковник Алмат Махановтың айтуынша, Shaiqas – инженерлік идеяларды қорғаныс пен ұлттық қауіпсіздік саласында сұранысқа ие нақты технологиялық шешімдерге айналдыратын бірегей чемпионат.– Бүгінде қорғаныс технологияларын дамыту мықты инженерлік мектепсіз, инновациялық ойлау жүйесінсіз және ғылым, өнеркәсіп пен мемлекеттің өзара тығыз ынтымақтастығынсыз мүмкін емес. Shaiqas чемпионаты дарынды әзірлеушілердің басын қосып, болашағы зор идеяларды анықтауға және оларды елдің қорғаныс қабілеті мен технологиялық әлеуетін нығайту мүддесіне сай тәжірибеде қолдануға мүмкіндік береді. Чемпионат аясында жасанды интеллект, робототехника, цифрлық шешімдер мен автономды жүйелерге ерекше назар аударылады, – деді подполковник Алмат Маханов.Ұйымдастырушылар мен серіктестерҰйымдастырушы – Қорғаныс министрлігінің Defence Tech Center. Бас серіктестер: WSE, Barys Dynamics. Серіктестер: Ақмола облысының әкімдігі, USTEM Foundation, Ashyq Aspan Foundation қоғамдық қорлары, Cyberlabs, Astana Hub, Tensor Engineering және Barys Dynamics School.Defence Tech Center – қорғаныс пен ұлттық қауіпсіздік саласындағы озық технологияларды іздестіру, әзірлеу, сынақтан өткізу және енгізумен айналысатын инновациялық хаб. Орталық ғылыми қауымдастықты, стартап-экожүйені, технологиялық компаниялар мен қорғаныс-өнеркәсіптік кешені кәсіпорындарын біріктіріп, елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға бағытталған инновациялық шешімдерді дамытуға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1268254?lang=ru
Аудан әкімі аудан орталығы - Кеген ауылынан бой көтеретін спорт кешенінің жобасымен танысты. 04.08.2026
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-kegen/press/news/details/1268250?lang=ru