Enbekshi QazaQ

Әлем

Мемлекеттік сатып алулар: негізгі тәсілдер, қатысу және шағымдану тәртібі 25.06.2025
Мемлекеттік сатып алулар – бұл мемлекеттік қажеттіліктерді қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі. Олар Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңымен және уәкілетті органмен бекітілген Мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру қағидаларымен реттеледі.Төменде біз мемлекеттік сатып алулардың негізгі тәсілдерін, әлеуетті жеткізушілер үшін қатысу шарттарын және сатып алу процесіне қатысушылардың шешімдері мен әрекеттеріне шағымдану тәртібін қысқаша қарастырамыз.  Мемлекеттік сатып алулардың негізгі тәсілдеріМемлекеттік органдар сатып алуларды келесі тәсілдермен жүзеге асырады: Ашық конкурс – ұсыныстардың сапалы бағасын қажет ететін сатып алуларда қолданылады. Жеңімпаз баға мен біліктілік сияқты критерийлер жиынтығы бойынша анықталады. Аукцион – негізінен стандартты тауарлар мен қызметтерді сатып алу кезінде қолданылады. Ең төмен баға ұсынған қатысушы жеңімпаз болып табылады. Бағалық ұсыныстар сұрату – жылдық көлемі 8 000 АЕК-тен аспайтын тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді жедел сатып алу тәсілі. Талаптарға сәйкес келетін, ең төмен баға ұсынған қатысушы жеңімпаз болады. Бір көзден сатып алу – бұл тәсіл Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алулар туралы Заңының 16-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларда қолданылады және екі түрге бөлінеді: Бір көзден мемлекеттік сатып алулар өткізілмеген жағдайда – конкурс немесе аукцион тәсілімен сатып алулар өткізілмеді деп танылған жағдайда қолданылады. Тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден сатып алу – заңмен көзделген ерекше жағдайларда қолданылады. Мысалы: төтенше жағдайлар (су тасқыны, өрт және т.б.), жалғыз жеткізуші болғанда (мысалы, құқық иесі, табиғи монополия), жабдықты шұғыл жөндеу қажет болғанда, мемлекеттік құпиялар мен қорғанысқа байланысты сатып алуларда және басқа да жағдайларда. Тауар биржалары арқылы – биржалық саудаға жататын тауарларды сатып алу үшін қолданылады және тауар биржалары туралы заңнамада белгіленген тәртіппен жүргізіледі.  Сатып алуларға қатысу шарттары мен тәртібіӘлеуетті жеткізушілер келесі әрекеттерді орындауы қажет:Мемлекеттік сатып алулардың электрондық алаңында (https://goszakup.gov.kz/) тіркелу;Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) болуы керек;Біліктілік талаптарына сәйкестікті растайтын құжаттарды ұсыну (қажет болған жағдайда);Өтінімді белгіленген мерзімде және тиісті форматта ұсыну.Қатысу ерекшеліктері сатып алу тәсіліне байланысты. Мысалы, ашық конкурсқа қатысу үшін техникалық ұсыныс дайындау қажет, ал аукционда нақты уақыт режимінде бағаны төмендету процесіне қатысу қажет.  Сатып алу хаттамалары мен нәтижелеріСатып алулардың нәтижелері мемлекеттік сатып алулар порталында жарияланатын ресми хаттамалармен рәсімделеді. Онда келесі ақпарат көрсетіледі:Жеңімпаздың атауы;Ұсынылған баға;Таңдау негіздемесі;Өтінімдерді қарау нәтижелері.Хаттамалар тіркелген барлық пайдаланушыларға қолжетімді және сатып алу процесінің ашықтығын қамтамасыз етеді.  Шағымдану тәртібіЕгер қатысушы өз құқықтарының бұзылғанын есептесе, ол келесі тараптарға шағым бере алады:Тапсырыс берушіге;Ұйымдастырушыға немесе бірыңғай ұйымдастырушыға;Комиссияға;Сарапшыға;Бірыңғай операторға.Шағым уәкілетті органға мемлекеттік сатып алулар порталы арқылы беріледі. Шағым беру және оны қарау мерзімдері нақты белгіленген, сондай-ақ шағымды қарау аяқталғанға дейін сатып алу рәсімін тоқтата тұру тетіктері көзделген.  Қосымша ақпаратСатып алуларды жүзеге асыру тәртібін реттейтін барлық нормалар, қатысушыларға қойылатын талаптар мен әр тәсілдің ерекшеліктері мына ресурстарда қолжетімді: Мемлекеттік сатып алулардың ресми сайты: https://goszakup.gov.kz/Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 1 шілдедегі №106-VIII ҚРЗ «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңы;Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы №687 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2024 жылғы 9 қазанда №35238 тіркелген «Мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы».  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sp/press/news/details/1022876?lang=kk
Жеке тұлғалардың мүлік салығы бойынша міндеттемелері 25.06.2025
ла облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ағымдағы жылдың 1 қазанында 2024 жылы мүлік салығын төлеу мерзімі аяқталатынын еске салады.Жеке тұлғалардың салық салу объектілері бойынша салықты есептеуді салық органдары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы айқындайтын салық салу объектілерінің құны және меншік құқығында иеленудің іс жүзіндегі мерзіміне қарай жүргізеді.Салық заңнамасына сәйкес алдағы салық сомалары бойынша хабарламалар ағымдағы жылдың маусым айында меншік иелеріне бұдан басқа, екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларын пайдаланушыларға PUSH-хабарламалар түрінде жіберілді.Сонымен бірге, тұлғаларға 2025 жылдың 2 қазанынан бастап салық сомаларын уақытында төлемеген жеке тұлғаларға салық берешегі туралы хабарламар жіберетінін еске саламыз.1 АЕК-тен астам берешек сомалары бойынша хабарлама тапсырылғаннан кейін отыз жұмыс күнінен кейін берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу туралы қалыптастырылған салық бұйрығы жіберіледі, ол 5 жұмыс күні өткеннен кейін жеке сот орындаушыларына мәжбүрлеп өндіріп алуға беріледі.Бұл ретте, жеке сот орындаушылары берешек сомасынан басқа шоттарға тыйым салу және шығуға шектеу қоюдан туындаған қолайсыздықтар туралы айтпағанда, салық берешегі сомасының 25%-на дейінгі мөлшерде қосымша төлем өндіріп алады.Осылайша, артық шығындар мен сұрақтар болдырмау үшін мүлік салығын уақытылы төлеуді ұсынамыз.Салықты e-Salyq Azamat және екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары, «Электрондық үкімет» порталы арқылы, екінші деңгейдегі банктердің бөлімшеріндегі немесе төлем терминалдарындағы қолма-қол ақша қаражатымен, сондай-ақ банкоматтар мен төлем терминалдарындағы банк карталары арқылы төлеуге болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1024662?lang=kk
Дүниежүзілік босқындар күніне арналған оқу симуляциясы 25.06.2025
2025 жылғы 20 маусымда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы Өкілдігінің басшысының орынбасары Рашид Еришев Дүниежүзілік босқындар күніне арналған оқу симуляциясы форматындағы интерактивті іс-шараға қатысты. Іс-шараны БҰҰ Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының (UNHCR) Орталық Азия бойынша Өкілдігі Орталық Азия мемлекеттерінің халықаралық қатынастар факультеттерінде білім алатын студенттерінің GANI Networking жастар бірлестігімен бірлесіп ұйымдастырды. Өз сөзінде Р. Еришев Қазақстан халықаралық гуманитарлық келісімдердің қатысушысы ретінде босқындардың құқықтарын қорғауға бағытталған жаһандық қауымдастықтың күш-жігерін қолдайтынын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1022692?lang=kk
Аудан тұрғындарына құқықтық қолдау көрсетілді: ШҚО-да Марқакөл ауылында с азаматтарды қабылдау өткізілді 25.06.2025
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті қоғамда заңдылықты нығайту және азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған бастамаларды жүзеге асыруды жалғастыруда. «Заң мен тәртіп» құндылықтарын насихаттау аясында Марқакөл ауданында көшпелі азаматтарды қабылдау өткізді.Іс-шараға түрлі мемлекеттік органдардың өкілдері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, кәсіби заңгерлер мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер қатысты.Марқакөл ауылында 135 азамат мамандардан құқықтық көмек алды. Тұрғындар көбіне әлеуметтік көмек алу, медициналық қызметтерге қолжетімділік, сондай-ақ жер дауларына қатысты мәселелермен жүгінді.Әрбір өтініш жеке қаралып, азаматтарға кәсіби әрі нақты заңгерлік кеңес берілді. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, ашықтық, қолжетімділік және диалогқа дайын болу — орнықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырып, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға ықпал етеді.Естеріңізге саламыз: егер сіз сыбайлас жемқорлықтың белгілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Call-орталығына хабарласа аласыз. Қоңыраулар тәулік бойы қабылданады және тегін.#заң&тәртіп #заңментәртіп#законипорядокАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-vko/press/news/details/1022693?lang=kk
«Президенттік Жастар кадрлық резерві» 25.06.2025
2025 жылғы 19 маусымда Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Дархан Марденович Хайруллин «Президенттік Жастар кадрлық резерві» тақырыбында семинар өткізді. Конкурсты өткізу мерзімдері, ережелері мен бағыттары бойынша түсініктемелер берілді. Семинарға департаменттің және қалалық және аудандық мемлекеттік кірістер басқармаларының қызметкерлері қатысты.Президенттік жастар кадр резервіне өтінімдерді қабылдау pkrezerv.gov.kz сайтында 2025 жылғы 01 маусымнан бастап 30 маусымы аралығында жүргізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1022485?lang=kk
Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы У.Умирзаковтың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметшілер күнімен құттықтауы. 25.06.2025
Құрметті  әріптестер!Сіздерді  кәсіби  мереке – Қазақстан Республикасының  мемлекеттік қызметшілер  күнімен  құттықтаймын!Ел  игілігі  жолындағы  жауапты  қызметтеріңізге  толағай  табыс, мәртебелі  істе  біліктілік  пен  төзімділік  тілеймін! Денсаулықтарыңыз  мықты,  отбасыларыңыз  аман,  барлық  бастамаларыңызға  сәттілік тілеймін! Құрметпен,  Жетісу  облысы  бойынша МКД  басшысы У.УмирзаковАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1022530?lang=kk
«Айбын-2025»: 700-ден астам бала әскери-патриоттық жиынға қатысуда 25.06.2025
 Ақтөбе облысында «Айбын-2025» әскери-патриоттық жиыны басталды. Бір күн бұрын далалық лагерь аумағына 50-ден астам команда, оның ішінде 5 шетелдік команда келді. Жиынға қатысушылардың жалпы саны 700-ден астам ұл мен қыз.   Бірінші күні командалар үшін «Айбын дарыны» зияткерлік ойыны, пневматикалық мылтықтан ату, «Smart sarbaz» технологиялық байқауы және Калашников автоматын толық бөлшектеу және құрастыру секілді төрт байқау қарастырылған. – «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жиынының барлық конкурстары қатысушыларға қиын әрі қызықты болатындай етіп жасалды. Командалық жарыстар жолдастық сезімді дамытады, интеллектуалды-ойлауға және күрделі мәселелерді шешуге мәжбүр етеді. Спорт – ерік-жігерді қатайтуға көмектеседі. Біз, ұйымдастырушы ретінде жарыс соңында қатысушылар жаңа дағдыларға, жаңа білімге және, әрине, жаңа достарға ие болатынына сенімдіміз, - деп атап өтті «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының төрағасы майор Мейірбек Меңдіғалиев. «Айбын дарыны» квиз-ойыны жаңа жастар хоббиі форматында өткізіледі. Байқауға логика, тарихты білу, медицина негіздері және жалпы эрудиция мәселелері кіреді. Қатысушылар дұрыс және жылдам жауап беріп, рейтингтік ұпайлар жинауы керек. Пневматикалық мылтықтан атуға 5 адамнан тұратын командалар қатысады. Мақсат – нысанаға 10 метр қашықтықтан дөп тию. Орындар ұпай санына қарай бөлінеді.  «Smart sarbaz» өнертапқыштық-технологиялық байқауына жиынға қатысушылар жасаған робототехника саласындағы әзірлемелер қатысады. Бұл жауынгерлік жағдайларда адамды алмастыратын роботтар мен роботтық құрылғылардың модельдері. Бұл байқау балаларды өзіне деген сенімділікті, сыни ойлауды және командада жұмыс істеу қабілетін дамыта отырып, эксперимент жасауға бейімдейді. «Айбын-2025» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны Ақтөбе облысында 23-28 маусым аралығында өтеді. Іс-шара Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған. Жиын 11-ші рет өткізіліп отыр және осы уақыт ішінде оған 10 мыңнан астам балалар мен жасөспірімдер қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1022536?lang=kk
2025 жылдың 23 маусымында Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 25.06.2025
🔹2025 жылдың 23 маусымында Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Әуежай-Шымкент» кеден бекеті қызметкерлері кедендік бақылауды жүзеге асыру барысында «Стамбул-Шымкент» халықаралық әуе рейсімен келген жалпы салмағы 128,8 кг. (14 422 дана әртүрлі үлгіде) құрайтын декларацияланбаған «дәрілік заттары» тауарларын кідіртіп, уақытша сақтау қоймасына орналастырған.🔹Кедендік бақылау кезінде «Д» жолаушы ЕАЭО аумағына әкелуге рұқсат қағаздары және де қолдану бойынша тәртібі болмаған. Осыған орай, кеден бекеті аталған жолаушыға қатысты әкімшілік жауапкершілікке тарту жұмыстары жүргізілуде.🔹«Тарифтік емес реттеу шаралары туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне сәйкес, ЕАЭО аумағына «дәрілік заттарды» мемлекеттік тізіліміне енгізу мәліметі болған жағдайда әкелуі жүзеге асыралады.🔹Шымкент қаласы бойынша Мемлдекеттік кірістер департаменті азаматтарға кедендік шекара арқылы тыйым салынған заттарды тиісті рұқсат құжатынсыз өткізгені үшін жауапкершілікті ескертеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-shymkent/press/news/details/1022611?lang=kk
Қазақстан ЮНЕСКО-ның 2025 жылғы Халықарарлық шәй күнәне арналған іс-шарасына белсенді қатысты 25.06.2025
2025 жылғы 20 маусымда Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілдігі ұйымның Париждегі бас пәтерінде өткен Халықаралық шай күніне арналған салтанатты кешке қатысты.Іс-шараны 2019 жылы БҰҰ жариялаған және әлем жыл сайын 21 мамырда атап өтетін Халықаралық шай күніне арнап “ЮНЕСКО қауымдастығы бірлестігі” мен “Француз-қытай мәдени және көркем алмасу орталығы” төртінші рет бірлесе өткізіп, оны ұйымдастыруға шәй мәдениетін ерекше дәріптейтін елдердің 17-сінің мазмұнды үлес қосты.Биыл Қазақстанның стендін Франциядағы отандастарысымыздың басын біріктіретін белсенді топтардың бірі болып табылатын «ALEM» қауымдастығы ұйымдастырды. Кеш қонақтарының назарына “Қазақстандық дипломаттар әйелдерінің бірлестігі” (@kazdiplomat_ladies) әзірлеген ұлтымыздың шай дәстүрлері туралы әдемі де мәнді бейнефильм, Тұрақты өкілдік дайындаған тақырыптық брошюра мен дәстүрлеріміз туралы басқа да ақпараттық материалдар таратылды.Қатысушылар алдында айтқан сөзінде Қазақстанның ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілі, Елші Асқар Абдрахманов қазақ халқының шай ішу дәстүрінің отбасы мен басқа да ортадағы жақындасу үшін бөлек мәнін қысқа да нұсқа сипаттау мақсатында көпшілікке танымал отандық суретші Бақыт Шүкетаевтың (@bahaart.kz) “Ұрпақ” атты авторлық картинасының көшірмесін таныстырып, оны шынайы алғысының нышаны ретінде ұйымдастырушаларға сыйға тартты.Іс-шара «Бірге шай ішіп, бейбітшілік орнатайық» тақырыбымен өтіп, достық жағдайда қатысушы елдердің ЮНЕСКО алаңы арқылы мәдениетаралық диалогты нығайтуға, өзара түсіністікті арттыруға және жанды мәдени мұраны сақтауға қосқан маңызды үлесі болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-unesco/press/news/details/1022658?lang=kk
Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты іс-шара 25.06.2025
        Бүгін Қалалық мәдениет үйінде Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік атмосферада Курчатов қаласының әкімі Б.Т. Абдралиев әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтады. Бұл күн мемлекеттің дамуы, тұрақтылықты нығайту және азаматтардың әл-ауқатын арттыру жауапкершілігі жүктелген адамдардың мерекесі!Олардың еңбегін бағалау ретінде кәсібилігімен, еңбекқорлығымен және бастамашылдығымен әріптестеріне үлгі бола білген қызметкерлерге алғыс хаттар мен құрмет грамоталарын табыс етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1022668?lang=kk
«Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында ШҚО-да «Ашық қабылдау» акциясы ұйымдастырылды 25.06.2025
Шығыс Қазақстан облысында «Заң мен тәртіп» жалпыұлттық нарративі аясында «Ашық қабылдау» акциясы бастау алды. Акцияның негізгі мақсаты – халықтың құқықтық мәдениетін арттыру, мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз ету және азаматтарға құқықтық көмек көрсету.Іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ШҚО бойынша департаментінің қызметкерлері, сондай-ақ өңірдің өзге де құқық қорғау және уәкілетті органдарының өкілдері қатысты.Акцияның ерекшелігі – құқықтық кеңестер халық көп шоғырлған жерлерде: сауда-ойын-сауық орталықтарында, парктерде, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында, сондай-ақ аудан орталықтарында өткізілді.Кездесулер барысында мамандар азаматтарға тегін заңгерлік көмек көрсетіп, құқықтары мен мүдделерін қорғауға қатысты сұрақтарға жауап берді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес берді.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ШҚО бойынша Департаментінің өкілдері азаматтарға сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлау тәртібін, өтініш беру механизмін түсіндіріп, 1424 бірыңғай байланыс орталығының жұмысы туралы айтып берді. Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған азаматтар туралы ақпарат мемлекеттік құпия болып саналады және заңмен қорғалатындығы атап өтілді.Мұндай іс-шаралар халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, құқық қорғау органдарына деген сенімді нығайтуға және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.#заң&тәртіп #заңментәртіп#законипорядокАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-vko/press/news/details/1022679?lang=kk
2025 жылдың 23 маусымында Меңдіқара аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы болып өтті. 25.06.2025
 Депутаттар бірінші сұрақ бойынша Меңдіқара ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Н. В. Тимашованың «Мәслихаттың 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 172 «Меңдіқара ауданының 2025 - 2027 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» ақпаратын тыңдады.Екінші сұрақ бойынша Меңдіқара ауданы әкімдігінің дербес құрамындағы өзгерісті келісу туралы ақпаратын тыңдады.Үшінші сұрақ бойынша Мәслихаттың 2021 жылғы 24 қыркүйектегі     № 45 «Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы ақпаратын тыңдады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mendikara/press/news/details/1022337?lang=kk
2002 жылдың желтоқсанында БҰҰ Бас Ассамблеясының 57-ші Сессиясында 23 маусымды БҰҰ-ның Мемлекеттік қызмет күні деп жариялау туралы қаулы қабылданды 25.06.2025
2002 жылдың желтоқсанында БҰҰ Бас Ассамблеясының 57-ші Сессиясында 23 маусымды БҰҰ-ның Мемлекеттік қызмет күні деп жариялау туралы қаулы қабылданды. 2013 жылы тұңғыш Президенттің Жарлығымен Қазақстанда бұл күн мемлекеттік қызметшілер күні болып бекітілді. Құрметті әріптестер! Кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің еңбектеріңіз – мемлекеттің тиімді жұмысының, қоғамның тұрақтылығы мен әл-ауқатының негізі. Сіздерге зор денсаулық, жаңа жетістіктер, бейбітшілік, амандық және ертеңгі күнге сенімділік тілейміз! Павлодар облысы бойынша МКДтүсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1022368?lang=kk
«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» бағдарламасы аясында денсаулық сақтау нысандарын аралау 25.06.2025
Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Әбілқасымұлы Сүлейменов өңірдегі бірқатар елді мекендерде медициналық мекемелердің құрылысы мен жабдықталу барысын бақылау мақсатында жұмыс сапарымен барды.Объезд аясында төмендегі нысандарға барып қайтты:Кіші Дихан, Ақтам, Тигермен және Ават ауылдарындағы дәрігерлік амбулаториялар;Дардамты және Ширин ауылдарындағы фельдшерлік-акушерлік пункттер (ФАП);Көпебұлақ, Ардолайты, Шошынай және Ұзынтам ауылдарындағы медициналық пункттер (БМК).Сапардың мақсаты – құрылыс жұмыстарының орындалуын, нысандардың пайдалануға беруге дайындығын және олардың ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту бағдарламасының талаптарына сәйкестігін бағалау.Денсаулық сақтау басқармасының басшысы жоспарланған жұмыстардың уақытылы аяқталуының маңыздылығын атап өтіп, бұл нысандар ауыл тұрғындары үшін медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын айтарлықтай арттыратынын жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-densaulyk/press/news/details/1022393?lang=kk
Әскери қызметшілер соғыс ардагерін туған күнімен құттықтады 25.06.2025
Ұлы Отан соғысының ардагері Анна Эдуардовна Букинаны 102 жасқа толған туған күнімен Орал қалалық мәслихатының төрағасы Есентай Қалиев, облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің әскери қызметшілері, қала әкімдігі мен ардагерлер кеңесінің өкілдері құттықтады.Қонақтар ғасырдан асқан қарияға қала әкімі Мұрат Байменовтың атынан алғыс хат пен сыйлықтар табыс етті. – Ұлы Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Оны  жақындатуға қарт та, жас, ерлер де, әйелдер де қатысты, – деп атап өтті Батыс Қазақстан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің ардагерлермен жұмыс жөніндегі қызмет бастығы майор Жанболат Сәрсенғалиев. – Олардың арасында біздің жерлесіміз Анна Букина да бар.Анна Эдуардовна 1923 жылы Белоруссияда дүниеге келген. 1944 жылы мамырда майданға өз еркімен кеткен. Майданда ол байланысшы болып, көптеген шайқастарға қатысты. Қария «Жеңіс үшін», «Ерлігі үшін», «Кенигсбергті алғаны үшін» медальдарымен және басқа да мерейтойлық наградалармен марапатталған.Соғыстан кейінгі уақытта Анна Эдуардовна «Зенит» зауытында жұмыс істеп, 1978 жылы құрметті демалысқа шықты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1022402?lang=kk
Басқарма басшысы Райымбек ауданына жұмыс сапарымен барды 25.06.2025
Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменов жұмыс сапарымен Райымбек ауданына келіп, ауданның бірқатар емдеу мекемелерін аралап көрді.Сапар барысында:• Ауылдық амбулаториялар мен медициналық пункттердің материалдық-техникалық жағдайы таныстырылды;•  Медициналық қызметтің қолжетімділігі мен сапасын арттыру мәселелері талқыланды;• Медициналық нысандардың күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары тексерілді;• Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуға бағытталған нақты тапсырмалар берілді;• Аудан орталығында салынып жатқан жаңа емхана құрылысының мерзімдері мен сапасы қаралды;• Санитарлық автокөлікпен қамтамасыз ету, жылыту, су, электр жүйелері сияқты техникалық мәселелер қаралды;• Ауыл медицинасының кадр тапшылығы және жас мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету жайында нақты ұсыныстар айтылды.Сонымен қатар, басқарма басшысы шалғай ауылдардағы медициналық қызмет сапасын арттыру мақсатында кешенді шаралар қабылданатынын атап өтті.Бұл кездесу – шалғай өңір тұрғындарының денсаулығын жақсарту жолындағы маңызды қадам болды!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-densaulyk/press/news/details/1022405?lang=kk
Абайлаңыз, алаяқтар! 25.06.2025
Назар аударыңыз: жалған хабарламаларҚызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ескертеді: соңғы уақытта МКК атынан алаяқтық хабарламаларды тарату жағдайлары жиілеп кетті.Осыған байланысты қырағылық танытуды, күдікті сілтемелерге сенбеуді, күмәнді сілтемелерге өтпеуді, тексерілмеген деректемелерге ақша аудармауды, алынған ақпараттың дұрыстығын тексеруді ұсынамыз.Маңызды!Мемлекеттік кірістер органдары Басшылық атынан салық төлеушілерге электрондық пошта, WhatsApp немесе Telegram арқылы хабарламаларды жаппай таратуды жүзеге асырмайды.Өзіңізді және деректеріңізді қорғаңыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kyzylorda/press/news/details/1022406?lang=kk
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу тәртібі 25.06.2025
Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1131 қаулысымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу Ережелеріне сәйкес,  сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарға біржолғы ақшалай сыйақы түрінде жүзеге асырылатын көтермелеу белгіленеді.Параның немесе келтірілген залалдың сомасы не ұсынылған жеңілдіктердің немесе көрсетілген қызметтердің құны бір мың айлық есептік көрсеткіштен (бұдан әрі – АЕК) аспайтын немесе залалы жоқ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша біржолғы ақшалай сыйақы мынадай мөлшерде белгіленеді:1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы әкімшілік істер бойынша – 30 АЕК;2) онша ауыр емес сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 40 АЕК;3) ауырлығы орташа сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 50 АЕК;4) ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 70 АЕК;5) аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 100 АЕК.Пара немесе келтірілген залал сомасы немесе ұсынылған жеңілдіктер немесе көрсетілген қызметтер құны бір мың АЕК асатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша біржолғы ақшалай сыйақы пара немесе келтірілген залал немесе ұсынылған жеңілдіктер немесе көрсетілген қызметтер сомасының он пайызын құрайды, бірақ төрт мың АЕК-тен аспайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kyzylorda/press/news/details/1022878?lang=kk
Абайдың қара сөздері румын тілінде Бухарестте оқылды 25.06.2025
Бухарест, 2025 жылғы 20 маусым - Бухаресттің басты мәдени орталықтарының бірі Румыния Ұлттық кітапханасының қабырғасында қазақтың ұлы ақыны, философы және ағартушысы Абай Құнанбаевтың 180 жылдық мерейтойына орайластырылған салтанатты конференция өтті. Бұл маңызды іс-шара дипломатиялық корпустың, ғылыми және шығармашылық зиялы қауымның, қоғам қайраткерлерінің өкілдерін жинай отырып, Қазақстан мен Румыния арасындағы мәдени өзара түсіністіктің шынайы көпіріне айналды.Конференцияны ҚР-дың Румыниядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерлік Әли құттықтау сөзімен ашты. Өз сөзінде ол Абай халықтың таным көкжиегін кеңейтуге ықпал ету үшін шығыс және батыс мәдениеттерін жан-жақты зерттеп, олардың үздік үлгілерімен таныстырып отырғанын атап өтті. Оның идеялары барлық замандарда да өзектілігін жоғалтпайтынын айтты.Шара барысында қатысушыларға Абайдың өмір жолы, қазақ әдебиеті, философиясы мен ұлттық сана-сезімінің дамуына қосқан үлесі туралы баяндайтын деректі фильм ұсынылды.Клуж-Напока қаласындағы Бабеш-Бояй университетінің Түркітану факультетінің профессоры Маргарета Асланның баяндамасы ерекше ықыласпен тыңдалды. Ол Абайдың бай философиялық мұрасын ашып көрсетіп, оның әлемдік мәдениеттер үнқатысуына қосқан үлесін атап өтті.Кештің ажырамас бөлігі ретінде Румынияның танымал актері Эуджен Кристяның орындауындағы Абайдың «Қара сөздерінің» көркем оқылымы үлкен әсер қалдырды. Оның әсерлі де жан толқытарлық орындауы көне қазақ даналығына румын тілінде жаңа тыныс беріп, қонақтардың ерекше қызығушылығы мен шынайы ықыласын тудырды.Бағдарламаның шарықтау шегі ретінде пианист, халықаралық байқаулардың лауреаты Дана Әли Абайдың танымал музыкалық шығармаларын орындап, залды биік рухани күйге бөлеп, ұлы ақынға деген нәзік ілтипат пен терең құрмет сезіміне толтырды.Шара аясында қатысушыларға румын тіліне аударылған Абайдың «Қара сөздер» кітабы табыс етілді — бұл мәдени үнқатысу мен өзара түсіністікке ұмтылыстың айғағы ретінде ұсынылды. Сонымен қатар, бұл ерекше басылымның даналары Румыния Ұлттық кітапханасының қорына ресми түрде табыс етілді және ол әлем әдебиетінің інжу-маржандарының қатарына қосылатын болады.Айта кететін жайт, 2021 жылы Бухаресттің ортасындағы Астана алаңында Абай Құнанбаевқа арналған ескерткіш салтанатты түрде ашылған болатын. Бұл ескерткіш Қазақстан мен Румыния арасындағы берік достық пен мәдени өзара құрметтің символына айналды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bucharest/press/news/details/1022453?lang=kk
ТҮРКІСТАНДА ӘЙЕЛДЕР МЕН ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН “AQYLTECH ЖӘНЕ IT-AIEL” ВОРКШОПЫ ӨТТІ 25.06.2025
Бүгін Түркістан қаласында әйелдер мен жастардың цифрлық және қаржылық сауаттылығын арттыруға арналған «AqylTech және IT-Aiel» атты оффлайн воркшоп ұйымдастырылды. Шараға Түркістан облысының аудан-қалаларынан цифрлық әлемде бәсекеге қабілетті болғысы келетін жастар мен әйелдер жиналды.Жиынды Түркістан облысының Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы басшысының орынбасары Тураби Сейітұлы ашып берді. Ол қатысушыларға заманауи технологияларды меңгерудің маңыздылығын атап өтті.Воркшоп барысында қатысушылар цифрлық дағдылар, қаржылық жоспарлау, киберқауіпсіздік және жасанды интеллект негіздері бойынша пайдалы ақпараттар алды. Бұл білімнің барлығын олар болашақта табыс табу және отбасылық экономиканы тиімді басқару үшін пайдалана алады.Ал IT-Aiel жобасы жас аналар мен көпбалалы әйелдердің цифрлық сауаттылығын арттырып, экономикалық дербестігін нығайтуға бағытталған. Оларға жасанды интеллектіні отбасылық бюджетте қолдану жолдары мен кибералаяқтықтың алдын алу туралы мағлұматтар берілді.Шара соңында «TechnoWomen» қауымдастығының мүшесі Алуа Корпебаева қатысушылар арасында «Отбасылық стартап» ойынын ұйымдастырып, оларды кәсіпкерлікке баулыды. Қатысушылар өз идеяларын ұсыну арқылы белсенділік танытып, практикалық тәжірибе жинады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-sandyk-mem-kysmet/press/news/details/1022458?lang=kk