Әлем
«Samruk-Kazyna Trust» қоры ерекше балаларға арналған инклюзивті спорттық-шығармашылық лагерь ұйымдастыруда 25.06.2025
«Samruk-Kazyna Trust» қорының қолдауымен ерекше білім беру қажеттіліктері бар 250 бала мен олардың ата-аналарына арналған «Sheksiz Mümkindikter» инклюзивті лагері басталды. Алғашқы маусым Алматы облысында өтіп, 50 отбасы қатысқан. Алты күн бойы балалар бейімделген спорт түрлерімен (бочча, тетербол, футбол, корнхол, садақ ату) айналысып, робототехника, аспаздық, гипс пен балауыздан бұйым жасау және сурет салу бойынша шығармашылық шеберлік сабақтарына қатысты. Сонымен қатар мотивациялық кездесулер, психологтармен кеңесулер мен ата-аналарды балалардың дамуына тартатын бірлескен іс-шаралар ұйымдастырылды.«Бұл жоба – жай ғана лагерь емес. Бұл – әр баланың дамуына, дос табуына, өз әлеуетін ашуына мүмкіндік беретін инклюзивті қоғам құруға бағытталған маңызды бастама. 2022 жылдан бері бұл жоба 650-ден астам ерекше баланы қамтыды. Биыл біз сондай-ақ 400 бала Қазақстанның әр өңіріндегі мәдени және өндірістік нысандарға сапар шегетін «Туған елге саяхат» атты кәсіби бағдарлау пойызын іске қосамыз», – деді «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов.Ата-аналар мұндай форматтағы лагерьлердің маңыздылығын ерекше атап өтуде, себебі көпшілік лагерьлер мен санаторийлер ерекше қажеттіліктері бар балаларға бейімделмеген. Қор қолдауымен үшінші жыл қатарынан жүзеге асырылып келе жатқан бұл жоба ДЦП, аутизм, көру қабілетінің бұзылуы, психикалық және сөйлеу дамуының тежелуі, тірек-қимыл аппаратының зақымдануы сияқты диагноздары бар 650-ден астам баланы қамтыды.2025 жылы лагерь жаңа форматта өтуде: Алматы және Ақмола облыстарында бес алтыкүндік ауысым ұйымдастырылады. Қонаев қаласындағы демалыс орнында үш спорттық ауысым өтсе, Бурабайда екі шығармашылық ауысым болады. Бағдарлама балалардың физикалық, эмоционалдық және әлеуметтік дағдыларын дамытуға, сондай-ақ отбасылық байланыстарды нығайтуға бағытталған кешенді шараларды қамтиды.Жоба инклюзивті орта қалыптастыруға ықпал етеді: мұнда балалар өз қабілеттерін дамытып, ал ата-аналар қажетті білім мен қолдау алады. Лагерьден кейін де жұмыс жалғасады – спорттық секциялар, шығармашылық үйірмелер мен әлеуметтік бейімделу бағдарламалары жүзеге асады.Инициатива «Samruk-Kazyna Trust» қорының қаржылық қолдауымен және Орталық Азиядағы «ДЦП Life» қорының серіктестігімен жүзеге асырылуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1022721?lang=kk
Қазақстан СІМ басшысы «POLFARMA Group» поляк компаниясының басшылығымен кездесу өткізді 25.06.2025
Астана, 2025 жылғы 23 маусым – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу «POLFARMA Group» директорлар кеңесінің төрағасы Ежи Старакпен кездесу өткізді.Тараптар Қазақстанда фармацевтикалық өндірісті жергіліктендіру саласындағы стратегиялық ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.Сұхбат барысында Министр фармацевтика саласын дамытудың маңыздылығын атап өтіп, денсаулық сақтау саласындағы жобаларды қолдауға дайын екенін білдірді.Компания басшылығы қазіргі заманғы технологияларды енгізу мен білікті кадрларды даярлау арқылы елдегі өз қызметін кеңейтуге ниетті екенін жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/invest/press/news/details/1022948?lang=kk
Қазақстан Eco Expo Central Asia 2025 халықаралық көрмесінде экологиялық шешімдерді ұсынды 25.06.2025
2025 жылғы 19 маусымда Ташкент қаласында (Өзбекстан Республикасы) Орталық Азия елдерінен мемлекеттік органдардың, бизнестің, ғылымның және үкіметтің емес ұйымдардың өкілдерін біріктірген Eco Expo Central Asia 2025 халықаралфық экологиялық көрмесі басталды.Өзбекстан Республикасының Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрі Әзиз Абдухакимов Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевпен бірлесіп Eco Expo Central Asia 2025 халықаралық көрмесін салтанатты түрде ашты.Іс-шара аясында Қазақстан ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған ұлттық көрме павильонын таныстырды. Экспозиция мыналарды қамтиды:қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату бойынша инновациялық жобалар;қоршаған ортаны бақылау саласындағы экологиялық стартаптар мен шешімдер;«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Қазақмыс корпорациясы» АҚ, NCOC сияқты ірі өнеркәсіптік компаниялардың технологиялары мен бастамалары.Павильонның басты назары «жасыл» өсу, айналмалы экономиканы дамыту және қоршаған ортаға теріс әсерді азайту жөніндегі ұлттық стратегияларды іске асыру шеңберінде Қазақстанның практикалық қадамдарын көрсетуге аударылды.Қазақстанның экспозициясы тұрақты даму саласындағы ұлттық стратегияларды іске асыру бойынша нақты қадамдарды, оның ішінде айналмалы экономикаға көшуді, жаңартылатын энергия көздерін енгізуді, жасыл технологияларды дамытуды және қоршаған ортаға теріс әсерді азайтуды көрсетеді.Ашылу салтанатында сөз сөйлеген Е. Нысанбаев көрме жұмысының басталуы Өзбекстан мен Қазақстанның ұзақ мерзімді экологиялық әріптестікті қалыптастыру бағытына ортақ міндеттемесінің символына айналғанын атап өтті. Ол озық тәжірибе алмасуда, инновациялық шешімдерді дамытуда және жасыл бастамаларды бірлесіп іске асыруда өңірлік ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-zkh/press/news/details/1022734?lang=kk
Қазақстан мен Қатар экономиканың басым салаларында бірлескен жобаларды дамытуға ниетті 25.06.2025
Астана, 2025 жылғы 23 маусым – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу қатарлық «Thirty-Five Investment Holding» компаниясының төрағасы, Қатар Мемлекетінің бұрынғы премьер-министрінің орынбасары және қорғаныс істері жөніндегі министрі Халед бен Мұхаммед әл-Аттыйямен кездесу өткізді.Тараптар Қазақстан экономикасының негізгі салаларында, соның ішінде тау-кен өндірісі, газды қайта өңдеу және қосылған құны жоғары өндірістерді дамыту бағытында бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады.Министр шетелдік инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған Қазақстанның шаралары туралы егжей-тегжейлі айтып, қатарлық серіктестерді елдің индустриялық бастамаларына белсенді қатысуға шақырды.Сұхбат барысында сирек және бағалы металдарды барлау мен өңдеу, сондай-ақ халықаралық тәжірибе мен технологияларды қолдана отырып өндірісті жергіліктендіру саласындағы ынтымақтастықтың әлеуетіне ерекше назар аударылды.«Thirty-Five Investment Holding» – жылжымайтын мүлік, құрылыс, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, IT, энергетика, тау-кен өндірісі, қаржы және өндіріс салаларында жобаларды іске асыратын көпсалалы халықаралық холдинг. Компанияның штаб-пәтері Қатардың Доха қаласында орналасқан. Холдинг Таяу Шығыс, Еуропа және Африка елдерінде жобаларды белсенді жүзеге асыруда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/invest/press/news/details/1022949?lang=kk
Қазақстанның Елшісі Люксембургтің Ұлттық күніне арналған мерекелік іс-шараларға қатысып, Ұлы Герцогтік саясаткерлерімен кездесті 25.06.2025
Люксембург қ., 2025 жылғы 22–23 маусым - Қазақстанның Елшісі Марғұлан Баймұхан жұмыс сапарымен Люксембургке барып, Ұлы Герцогтік Ұлттық күніне арналған салтанатты іс-шараларға қатысып, елдің саяси және дипломатиялық топтарының өкілдерімен кездесті.Сапар аясында қазақстандық дипломат Люксембургтің жоғары лауазымды саясаткерлерін Ұлттық күнімен құттықтап, сондай-ақ Сыртқы және еуропалық істер министрлігінің өкілдерімен алдағы екіжақты іс-шараларды дайындау мәселелерін талқылады.Ұлы Герцогтіктің Сыртқы істер Министрі - Премьер-министрдің орынбасары Ксавье Беттельмен әңгіме барысында екі ел арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамыту қадамдары қарастырылды. К.Беттель Люксембург тарапынан Қазақстанмен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделілік бар екенін атап өтті.Ұлы Герцогтік Парламентінің Спикері Клод Вислермен және Еуропарламент депутаты Изабель Вислер-Лимамен өткен кездесуде парламентаралық бағыттағы жоспарланған іс-шаралар талқыланды. Атап айтқанда, К.Вислер қазақстандық парламентшілердің биылғы қазан айында Люксембургке сапар жасау ниеттерін құптады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brussels/press/news/details/1022761?lang=kk
Қазақстан ITF-пен бірлескен жобаларды әрі қарай жүзеге асыруға мүдделі 25.06.2025
Любляна, 2025 жылғы 23 маусым – Қазақстанның Словениядағы Елшісі Данияр Сарекенов ITF Enhancing Human Security ұйымының директоры Томаж Ловренчичпен кездесті.ITF Enhancing Human Security – 1998 жылы Словения үкіметі тарапынан құрылған халықаралық гуманитарлық коммерциялық емес ұйым. Ұйымның негізгі қызмет бағыттары – миналарды жою, қарсы жаяу әскер миналарының құрбандарына көмек көрсету, мерзімі өткен артық қаруларды қысқарту және оқ-дәрілерді сақтау мен басқару. Ұйым Еуропа, Таяу Шығыс, Орталық Азия, Оңтүстік Америка және Африка елдерінде жобалар жүзеге асырды. Қазақстанға ITF ескірген оқ-дәрілерді қауіпсіз жою және утилизациялау бойынша эксперттік және техникалық көмек көрсетуде.Кездесу барысында тараптар тәжірибе алмасу, халықаралық стандарттарды енгізу және Қазақстандағы жобаларды жүзеге асыруда инновациялық шешімдерді қолдану бойынша ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады.Қазақстан Елшісі ITF-тің қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі елеулі үлесін атап өтіп, ұйымның еліміздегі қызметін әрі қарай кеңейтудің маңыздылығын айтты.ITF директоры Т.Ловренчич Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екенін білдіріп, ұйымның әлемнің 30 елінде 3 100-ден астам жобаны сәтті жүзеге асырғанын айтты және қауіп-қатерді азайту үшін күш біріктірудің маңыздылығын ерекше атап өтті.Тараптар диалогты жалғастыруға және азаматтық халықтың қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған бірлескен бастамаларды жүзеге асыру мүмкіндігін зерделеуге келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ljubljana/press/news/details/1022763?lang=kk
Қазақстан мен Албания мәдени ынтымақтастықты нығайтуда 25.06.2025
Тирана, 2025 жылғы 20 маусым – Қазақстанның Албаниядағы Елшісі Искандер Айсариев Тирана қаласы әкімінің міндетін атқарушы Кети Луарасимен кездесті.Кездесу барысында тараптар қазақ-албан арасындағы астаналар деңгейіндегі ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылап, өзара іс-қимылды нығайтудағы мәдени және гуманитарлық байланыстардың рөліне ерекше назар аударды.Сұхбаттастар Тирана қаласында қазақ тарапының қатысуымен мәдени іс-шаралар, оның ішінде халық өнерін, музыкасын, кинематографиясын және ұлттық дәстүрлерін таныстыруға бағытталған қоғамдық бастамаларды ұйымдастыру мәселелерін қарастырды.Елші екіжақты диалог пен мәдени алмасуды нығайтудағы осындай бастамалардың әлеуетін атап өтіп, қазақ тарапының осындай іс-шараларға қатысуы жоғары халықаралық мәртебе беретініне сенім білдірді. Өз кезегінде, қала әкімінің міндетін атқарушы ұсынылған бастамаларға қолдау білдіріп, оларды іс жүзінде бірлесіп жүзеге асыруға дайын екенін растады.Сонымен бірге тараптар мәдени инфрақұрылым мен ағартушылық бағдарламаларын дамыту, кино көрсетілімдерін өткізу, Қазақстанның мәдени және тарихи ерекшеліктерін бейнелейтін символикалық элементтерді Тирана қаласының көрнекі орындарына орналастыру, сондай-ақ қалалық құрылымдармен өзара іс-қимыл жолдарын талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-albania/press/news/details/1022767?lang=kk
Қазақстан мен Алжир ауыл шаруашылығы саласында ынтымақтастықты басталады 25.06.2025
АЛЖИР, 22 маусым, 2025 жыл – ҚР Алжирдегі Елшісі Әнуарбек Ахметов Алжир Халық Демократиялық Республикасының Ауыл шаруашылығы, ауылдық аумақтарды дамыту және балық шаруашылығы министрі Юсеф Шерфамен келіссөздерін жүргізді.Тараптар агроөнеркәсіп кешеніндегі бірлескен жұмыстың келешектегі бағыттарын, ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасын, құрғақ климат жағдайында тәжірибе алмасуды, келісім-шарттық және құқықтық базаны қалыптастыруды жан-жақты талқыланды.Әңгімелесушілер екі елдің фермерлері мен тұтынушыларының мүдделері үшін нақты нәтижелерге мүмкіндігінше тезірек қол жеткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бегілді.Кездесу барысында Ю.Шерфаға Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың екі ведомство арасындағы ынтымақтастық бойынша ұсыныстары егжей-тегжейлі баяндалған хатты және елімізге сапарымен келуге шақыруын тапсырылды.Өз кезегінде Ю.Шерфа А.Сапаровтың ұсыныстарын толық қолдады. Сонымен қатар, алжирлік министрі Қазақстанның аграрлық секторының даму қарқынын жоғары бағалап, бұл салада біздің елімізбен толық өзара тиімді ынтымақтастықты тез арада бастауға дайын екендігін білдірді.Сондай-ақ Министрі қазақстандық ресми өкілдерді және фермерлерді Алжирдегі ауыл шаруашылығы көрмелері мен салондарына қатысуға шақырды.Анықтама: Алжир әлемдік рейтингте бесінші орында және жыл сайын 9 миллион тоннаға дейін жұмсақ сортты бидайын сатып алатын ірі импорттаушылардың бірі болып табылады.2025 жылдың қаңтар-сәуір аралығында Қазақстан Алжирге 2,5 миллион долларға жуық 8,7 мың тонна бидай жеткізіп үлгерді. Сонымен қатар, Алжир жыл сайынғы 100 мың тоннаға дейін жеткізілетін еттің маңызды импортшысы болып табылады. Мысалы, 2025 жылы Құрбан-Айт тойлау үшін Алжир сыртқы нарықтан 1 миллионға жуық қой сатып алды.Алжир Сахара шөлін игеруде айтарлықтай табысқа жетті, мұнда қазір шамамен 40 мың гектар жер игеріліп, жер асты су ресурстарын пайдаланып көкөніс дақылдары өсіріледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-algeria/press/news/details/1022772?lang=kk
Қазақстан Елшісі Чех экспедициясының Осакаға ресми аттану рәсіміне қатысты 25.06.2025
Прага, 2025 жылғы 21 маусым – Пражский Град маңындағы Градчаны алаңында Чехиядан Жапонияға дейінгі ROBOT Praha–Osaka EXPO 2025 халықаралық автокеруенінің ресми басталу рәсімі өтті. Экспедиция аясында жеті чехиялық ретроавтокөлік Осака қаласында өтетін ЭКСПО 2025 Дүниежүзілік көрмесіне қатысу үшін жолға шықты. Маршруттың негізгі кезеңдерінің бірі Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өтеді, бұл елдің Еуропа мен Азия арасындағы көпір ретіндегі маңызын көрсетіп, жобаның құрлықаралық сипатын айқындайды.Салтанатты шараға Чехия Республикасының Президенті Петр Павел, дипломатиялық корпус өкілдері, соның ішінде Қазақстан Республикасының Чехиядағы Елшісі Бақыт Дүйсенбаев, сондай-ақ жобаның ұйымдастырушылары мен серіктестері қатысты.ЧР Президенті Петр Павел экспедицияға жеке өзі бастау беріп, бұл бастаманың халықтар арасындағы жақындасуға бағытталған маңызды миссиясын атап өтті. Ол қатысушыларға сәтті сапар, қолайлы ауа райы және Жапонияға аман-есен жетуді тіледі.Рәсім барысында сөз сөйлеген Елші Б.Дүйсенбаев бұл бастаманың халықаралық ынтымақтастық пен мәдени диалогты дамытудағы маңызын атап өтті. Ол Еуразия құрлығын бойлай өтетін экспедиция идеясын жоғары бағалап, барлық қатысушыларға белгіленген мерзімде сапарларын сәтті және қауіпсіз аяқтауды тіледі.Экспедиция шамамен бес аптаға созылып, Қазақстанды қоса алғанда, 12 елдің аумағын қамтиды. Жалпы қашықтық 16 000 шақырымға жуық. Маршруттың соңғы нүктесі – Осака шығанағындағы Юмешима аралы, онда автокөліктер 2025 жылғы 24 шілдеге жоспарланған Чехияның ұлттық күні аясында таныстырылады.Жоба халықаралық диалогқа, өзара түсіністік пен мәдени алмасуға ұмтылысты білдіреді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-prague/press/news/details/1022790?lang=kk
Мемлекеттік қызметші күні 25.06.2025
2025 жылдың 23 маусымында Мемлекеттік қызметші күніне орай Әділет департаментінің қызметкерлері Мемлекеттік қызмет істері агенттігі ұйымдастырған салтанатты іс-шараға қатысты.Іс-шара барысында қызметтік міндеттерін үлгілі орындап, кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін Әділет департаментінің әкімшілік бөлімінің басшысы Салтанат Аитова марапатталды.Сондай-ақ, Мемлекеттік қызметші күніне арналған «Мен мемлекеттік қызметті таңдаймын» атты бейнероликтер байқауында II орын иеленгені үшін Әділет департаментінің бас маманы Нұрбол Серикбаев құрмет грамотасымен марапатталды. Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1022792?lang=kk
БАҚ қызметкерлері күні 25.06.2025
2025 жылдың 23 маусымында Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында Әділет департаментінің басшысы Алия Аманжулова және Қостанай облысының заң қоғамдастығының өкілдері журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтады.Кездесу жылы, бейресми форматта өтті. Іс-шара барысында БАҚ өкілдері халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға қосқан елеулі үлесі үшін, сондай-ақ өңірдің заң қоғамдастығымен жемісті ынтымақтастығы үшін алғыс хаттармен марапатталды.Алғыс ретінде қонақтарға естелік сыйлықтар табысталды. Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1022793?lang=kk
С.Мұқановтың облыстық кітапханасының қабырғасында талантты заманауи ақын М. Гвоздевтің “Біз біргеміз” атты жаңа поэтикалық жинағының тұсаукесері өтті. 25.06.2025
Оның поэзиясы жарыққа, үмітке және терең жеке тәжірибеге толы.Тұсаукесерге қатысқан зияткерлік меншік бөлімінің басшысы ақынға авторлық құқықты тіркеу мүмкіндігі туралы еске салды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/1022800?lang=kk
«Заңды тұлғаларды тіркеу саласындағы проблемалық мәселелер» тақырыбына онлайн-семинар өткізілді. 25.06.2025
2025 жылдың 23 маусымда Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімнің бас маманмен «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының қызметкерлерімен «Заңды тұлғаларды тіркеу саласындағы проблемалық мәселелер» тақырыбына онлайн-семинар өткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/1022801?lang=kk
«№3 ауданарлық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі» филиалының сот орындаушысы «Азаматтарға арналған үкімет» Аққайың аудандық филиалының қызметкерлеріне: «сыбайлас жемқорлықсыз атқарушылық іс қозғау» тақырыбында дәріс оқылды. 25.06.2025
Іс-шара барысында атқарушылық іс жүргізу кезінде заңдылықты сақтау, ашықтық және сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу сияқты негізгі қағидаттар түсіндірілді. Заң талаптарын сақтау, этикалық стандарттар мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу тетіктеріне ерекше назар аударылды. Дәріске қатысушылар өздерін қызықтырған барлық сұрақтарына жауап алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/1022805?lang=kk
Мемлекеттік қызметшілер арасында шағын футболдан турнир өтті 25.06.2025
Бүгін 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер және Полиция қызметкерлері күніне орай «Аудан әкімінің кубогы» жүлдесі үшін шағын футболдан турнир өтті.Спорттық сайыстың ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Самат Қыдырбекұлы сөз сөйлеп, мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтады. Сондай ақ, ауданда бұқаралық спортты дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды тілге тиек етіп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.Одан кейін мемлекеттік қызмет саласының ардагері Бахытжан Өтегенов құттықтау тілегін жеткізді.Мемлекеттік қызметкерлер арасында өткен дүбірлі спорт додасына 30 мемлекеттік мекемеден 10 команда, 150-ден аса спортшы қатысып, ала доп бәсекесінде сайысқа түсті.Тартысты өткен турнирде «Достық» (аудандық қоғамдық даму, білім, мәдениет және тілдерді дамыту, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінен құралған)командасы топ жарса, екінші орынға «Полиция» командасы, үшінші орынға «Құтқарушылар» (төтенше жағдайлар және өрт сөндіру бөлімдері) командасы тұрақтады.Жеңімпаз командаларға арнайы аудан әкімінің кубогы мен дәрежелік дипломдар және қаржылай сыйлықтар табысталды.Сондай-ақ, турнир аясында арқан тартыс сайысы да ұйымдастырылды. Нәтижесінде бірінші орынды «Қармақшы» (аудан әкімі аппараты, мәслихат аппараты, экономика және қаржы, кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімдері) командасы, екінші орынды «Намыс» (аудандық прокуратура, сот, мемлекеттік кірістер басқармасы) командасы, үшінші орынды «Полиция» командасы иеленді. Жеңімпаздар дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1022810?lang=kk
Ақмола облысында үздік тауар өндірушілер анықталды 25.06.2025
Көкшетау қаласында дәстүрлі «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік байқау-көрмесі өтті. Биылғы жылы өңірлік кезеңге Ақмола облысынан жүзге жуық тауар өндіруші қатысты. Байқау-көрме Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен және жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында өткізілді. Шара барысында азық түлік және жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, құрылыс индустриясы және өзге де салаларда жұмыс істейтін кәсіпорындардың өнімдері ұсынылды. Келушілер азық-түлік өнімдері мен басқа да тауарларды нарықтық бағадан төмен бағамен сатып ала алды. Сонымен қатар, өңірдің танымал компаниялары мен кәсіпорындары ұйымдастырған тегін лотерея ойнатылды. Іс-шараға Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, Өңірлік кеңестің төрағасы Қуаныш Рақышев, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, кәсіпкерлік субъектілері және басқа да меймандар қатысты. Бүгінде Ақмола облысында кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту бағытында жүйелі жұмыс жүргізілуде. Әсіресе іскерлік ахуалды жақсартуға, инвестиция тартуға, индустриялық аймақтар құру мен инфрақұрылымды жаңғыртуға баса мән беріліп отыр. Облыс әкімі Марат Ахметжанов өңірде өнеркәсіп өндірісінің көлемі артып келе жатқанын, сондай-ақ шағын және орта бизнесті дамыту үшін барлық қажетті шаралар қабылданып жатқанын атап өтті.Байқау қорытындысы бойынша үш номинацияда жеңімпаздар анықталды. «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясы бойынша жеңімпаздар: «Степногорск машина жасау зауыты» ЖШС, «Азияфильтр» ЖШС (Бурабай ауданы), «Kokshe Building Service» ЖШС (Көкшетау қаласы). «Халық тұтынатын үздік тауарлар» номинациясы бойынша үздіктер: «Оникс» ЖШС (Көкшетау қаласы), «Green Products» ЖШС (Қорғалжын ауданы), «Алихан» ЖК (Қосшы қаласы). «Азық-түлік тауарларының үздігі» ретінде: «Бижан» ет өңдеу кешені» ЖШС (Көкшетау қаласы), «Соколов Р.О.» ЖК (Бурабай ауданы), «MILK PROJECT» ЖШС (Зеренді ауданы) танылды. Айта кету керек, барлық жеңімпаз компаниялар республикалық «Қазақстанның үздік тауары» байқау-көрмесінде Ақмола облысының намысын қорғайтын болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-ush/press/news/details/1022816?lang=kk
Мемлекеттік қызмет саласының үздіктері марапатталды 25.06.2025
Бүгін Қармақшы ауданы әкімдігінің мәжіліс залында кәсіби мереке - 23 маусым - Мемлекеттік қызметшілер күніне орай салтанатты жиын өтті.Іс-шараны аудан әкімінің міндетін атқарушы Шыңғыс Сыдықов ашып, мемлекеттік басқару саласындағы адал еңбек пен жауапкершілік туралы сөз қозғап, мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтады. Сонымен қатар, Қазақстан полициясы күніне орай құқық қорғау органдарының өкілдеріне де ізгі тілегін білдіріп, ел тыныштығы жолындағы еңбектеріне алғыс айтты.Жиын барысында мемлекеттік қызметкерлердің ата-аналарына жоғары ілтипат көрсетілді. Оларға Қызылорда облысы әкімінің Алғыс хаты табысталып, бала тәрбиесіндегі еңбектері мен үлгілі өнегелері үшін ризашылық білдірілді.Сонымен қатар, кәсіби міндетін абыроймен атқарып жүрген бірқатар қызметкерлер облыс әкімінің Алғыс хатымен және саланың дамуына айтарлықтай үлес қосқан мамандар аудан әкімінің арнайы марапаттарымен табысталды.Сондай-ақ, Мемлекеттік қызметшілер күніне орай ұйымдастырылған шағын футбол турнирінің нәтижесінде жеңімпаз командалар да салтанатты жиын барысында арнайы марапатқа ие болды. Оларға аудан әкімінің атынан дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды.Салтанатты жиында аудандық мәслихат төрағасы Әділ Үсенұлы мен аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Әбдірахман Құлдүйсенов құттықтау сөз алып, мемлекеттік қызметшілердің ел игілігі жолындағы ерен еңбегін ерекше атап өтті. Олар халыққа сапалы қызмет көрсету, тұрақтылық пен өркендеуге үлес қосудағы рөлінің маңыздылығына тоқталып, барлық қызметкерлерге алғыс білдірді.Іс-шара мерекелік марапаттау рәсімімен және естелік фотосуретке түсумен қорытындыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1022845?lang=kk
Ақмола облысының республикалық индустриялық аймағына 1,1 трлн теңге инвестиция тартылды 25.06.2025
Ақмола облысында республикалық маңызы бар «AQMOLA» индустриялық аймағының іргетасына капсула салу рәсімі өтті. Ауданы 1 мың гектарға жуық индустриялық аймақ елордаға жақын орналасқан. Бұл – жаңа зауыттар мен өндіріс ошақтарын ашуға қолайлы барлық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген аумақ. Қазіргі таңда мұнда жалпы көлемі 1,1 трлн теңгеден асатын инвестицияға ие жеті жоба жүзеге асырыла бастады. Инвесторлар географиясы Қытай, Түркия, Сингапур және Қазақстан елдерін қамтиды. Жобалар аясында 4,5 мыңнан астам жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-ush/press/news/details/1022847?lang=kk
Мемлекеттік сатып алулар: негізгі тәсілдер, қатысу және шағымдану тәртібі 25.06.2025
Мемлекеттік сатып алулар – бұл мемлекеттік қажеттіліктерді қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі. Олар Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңымен және уәкілетті органмен бекітілген Мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру қағидаларымен реттеледі.Төменде біз мемлекеттік сатып алулардың негізгі тәсілдерін, әлеуетті жеткізушілер үшін қатысу шарттарын және сатып алу процесіне қатысушылардың шешімдері мен әрекеттеріне шағымдану тәртібін қысқаша қарастырамыз. Мемлекеттік сатып алулардың негізгі тәсілдеріМемлекеттік органдар сатып алуларды келесі тәсілдермен жүзеге асырады: Ашық конкурс – ұсыныстардың сапалы бағасын қажет ететін сатып алуларда қолданылады. Жеңімпаз баға мен біліктілік сияқты критерийлер жиынтығы бойынша анықталады. Аукцион – негізінен стандартты тауарлар мен қызметтерді сатып алу кезінде қолданылады. Ең төмен баға ұсынған қатысушы жеңімпаз болып табылады. Бағалық ұсыныстар сұрату – жылдық көлемі 8 000 АЕК-тен аспайтын тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді жедел сатып алу тәсілі. Талаптарға сәйкес келетін, ең төмен баға ұсынған қатысушы жеңімпаз болады. Бір көзден сатып алу – бұл тәсіл Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алулар туралы Заңының 16-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларда қолданылады және екі түрге бөлінеді: Бір көзден мемлекеттік сатып алулар өткізілмеген жағдайда – конкурс немесе аукцион тәсілімен сатып алулар өткізілмеді деп танылған жағдайда қолданылады. Тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден сатып алу – заңмен көзделген ерекше жағдайларда қолданылады. Мысалы: төтенше жағдайлар (су тасқыны, өрт және т.б.), жалғыз жеткізуші болғанда (мысалы, құқық иесі, табиғи монополия), жабдықты шұғыл жөндеу қажет болғанда, мемлекеттік құпиялар мен қорғанысқа байланысты сатып алуларда және басқа да жағдайларда. Тауар биржалары арқылы – биржалық саудаға жататын тауарларды сатып алу үшін қолданылады және тауар биржалары туралы заңнамада белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Сатып алуларға қатысу шарттары мен тәртібіӘлеуетті жеткізушілер келесі әрекеттерді орындауы қажет:Мемлекеттік сатып алулардың электрондық алаңында (https://goszakup.gov.kz/) тіркелу;Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) болуы керек;Біліктілік талаптарына сәйкестікті растайтын құжаттарды ұсыну (қажет болған жағдайда);Өтінімді белгіленген мерзімде және тиісті форматта ұсыну.Қатысу ерекшеліктері сатып алу тәсіліне байланысты. Мысалы, ашық конкурсқа қатысу үшін техникалық ұсыныс дайындау қажет, ал аукционда нақты уақыт режимінде бағаны төмендету процесіне қатысу қажет. Сатып алу хаттамалары мен нәтижелеріСатып алулардың нәтижелері мемлекеттік сатып алулар порталында жарияланатын ресми хаттамалармен рәсімделеді. Онда келесі ақпарат көрсетіледі:Жеңімпаздың атауы;Ұсынылған баға;Таңдау негіздемесі;Өтінімдерді қарау нәтижелері.Хаттамалар тіркелген барлық пайдаланушыларға қолжетімді және сатып алу процесінің ашықтығын қамтамасыз етеді. Шағымдану тәртібіЕгер қатысушы өз құқықтарының бұзылғанын есептесе, ол келесі тараптарға шағым бере алады:Тапсырыс берушіге;Ұйымдастырушыға немесе бірыңғай ұйымдастырушыға;Комиссияға;Сарапшыға;Бірыңғай операторға.Шағым уәкілетті органға мемлекеттік сатып алулар порталы арқылы беріледі. Шағым беру және оны қарау мерзімдері нақты белгіленген, сондай-ақ шағымды қарау аяқталғанға дейін сатып алу рәсімін тоқтата тұру тетіктері көзделген. Қосымша ақпаратСатып алуларды жүзеге асыру тәртібін реттейтін барлық нормалар, қатысушыларға қойылатын талаптар мен әр тәсілдің ерекшеліктері мына ресурстарда қолжетімді: Мемлекеттік сатып алулардың ресми сайты: https://goszakup.gov.kz/Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 1 шілдедегі №106-VIII ҚРЗ «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңы;Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы №687 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2024 жылғы 9 қазанда №35238 тіркелген «Мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы». Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sp/press/news/details/1022876?lang=kk
Жеке тұлғалардың мүлік салығы бойынша міндеттемелері 25.06.2025
ла облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ағымдағы жылдың 1 қазанында 2024 жылы мүлік салығын төлеу мерзімі аяқталатынын еске салады.Жеке тұлғалардың салық салу объектілері бойынша салықты есептеуді салық органдары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы айқындайтын салық салу объектілерінің құны және меншік құқығында иеленудің іс жүзіндегі мерзіміне қарай жүргізеді.Салық заңнамасына сәйкес алдағы салық сомалары бойынша хабарламалар ағымдағы жылдың маусым айында меншік иелеріне бұдан басқа, екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларын пайдаланушыларға PUSH-хабарламалар түрінде жіберілді.Сонымен бірге, тұлғаларға 2025 жылдың 2 қазанынан бастап салық сомаларын уақытында төлемеген жеке тұлғаларға салық берешегі туралы хабарламар жіберетінін еске саламыз.1 АЕК-тен астам берешек сомалары бойынша хабарлама тапсырылғаннан кейін отыз жұмыс күнінен кейін берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу туралы қалыптастырылған салық бұйрығы жіберіледі, ол 5 жұмыс күні өткеннен кейін жеке сот орындаушыларына мәжбүрлеп өндіріп алуға беріледі.Бұл ретте, жеке сот орындаушылары берешек сомасынан басқа шоттарға тыйым салу және шығуға шектеу қоюдан туындаған қолайсыздықтар туралы айтпағанда, салық берешегі сомасының 25%-на дейінгі мөлшерде қосымша төлем өндіріп алады.Осылайша, артық шығындар мен сұрақтар болдырмау үшін мүлік салығын уақытылы төлеуді ұсынамыз.Салықты e-Salyq Azamat және екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары, «Электрондық үкімет» порталы арқылы, екінші деңгейдегі банктердің бөлімшеріндегі немесе төлем терминалдарындағы қолма-қол ақша қаражатымен, сондай-ақ банкоматтар мен төлем терминалдарындағы банк карталары арқылы төлеуге болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1024662?lang=kk