Enbekshi QazaQ

Әлем

Қорғаныс министрі әскери жоғары оқу орындары мен колледждердің үздіктеріне погон табыстады 08.06.2025
Мемлекеттік рәміздер күні Қазақстан Президенті - Қарулы күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс, Ішкі істер, Төтенше жағдайлар министрліктері және ҰҚК оқу орындарының 14 үздік түлегіне алғашқы офицерлік погондарды табыс етті. Іс-шараға мемлекеттік органдардың басшылары, Парламент депутаттары, Ұлттық құрылтай мүшелері, Халық қаһарманы және Қазақстанның Еңбек Ері атақтарының иегерлері, Қарулы күштердің ардагерлері, курсанттар, туыстары мен жақындары қатысты.Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтының, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының түлектеріне лейтенант погондарын табыс етті. Ал  Астана және Ақмола облысының Щучинск қаласындағы әскери колледждерді сәтті бітірген жастар кіші сержанттың погондарын алу құрметіне ие болды.Мемлекеттік рәміздер күні үздік курсанттар мен кадеттерге погон табыстаған генерал-полковник Руслан Жақсылықов түлектер Отан қорғаушы атағын лайықты алып жүретініне және  батыр бабалардың өсиеттеріне адал болатынына сенім білдірді.Биыл "Атамекен" этномемориалдық кешенінде әскери колледждердің түлектері погон алды.- Бүгін маған "кіші сержант" әскери атағы берілді. Қорғаныс министрінің қолынан погон алу мен үшін үлкен мәртебе. Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледж басшылығына және командирлерге оның қабырғасында алған біліміміз үшін өте ризамын. Мен олардың сенімін ақтауға тырысамын, - деді Максим Ибрашев.Әскери институттың үздік түлектерінің бірінің анасы да өз әсерін жеткізді:– Өз басым осындай маңызды іс-шараға қатысқаныма өте қуаныштымын. Менің ұлым бүгін Президенттің қолынан лейтенант погонын алды. Мен оның жетістігіне мақтанамын және болашақта жақсы офицер болатынына сенімдімін, – деп атап өтті Әміре Жолдыбековтің анасы Альфия Есенғалиева.Әскери жоғары оқу орындарының түлектері ел Президенті мен Қорғаныс министріне көрсеткен құрметі үшін алғыс білдіріп, Отанға адал қызмет етуге уәде берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1011781?lang=kk
«Балғын балалар - біздің болашағымыз» атты апталық шарасы бастау алды 08.06.2025
Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасы маусым айында балалардың жазғы демалысын қызықты әрі пайдалы етіп өткізуге, жан-жақты қызығушылығы мен қабілетін дамытуға ықпал етуге, дүниетанымын кеңейтуге және оларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, шығармашылық қабілеттерін шыңдау мақсатында «Балғын балалар - біздің болашағымыз»   атты апталық шарамыз бастау алды. Бүгін, қаламыздың Абай атындағы №1 орта мектептің жанындағы жазғы демалыс лагерінің демалушыларына экскурсия ұйымдастырылды.Экскурсия барысында балаларға кітапхана тарихы, ережелері және бөлімдері таныстырылды. Сонымен қатар, кітаптар мен мерзімді басылым бөліміндегі журналдардың, газеттердің сақталу тәртібі туралы ақпараттар беріліп, оқырмандардың жас ерекшеліктерін ескере отыра «Ертегілер елінде», «Әлем балалар әдебиетінің қазынасы», «Ең ақылды кітаптар» атты сериялармен шығатын ең қызықты деп танылған ертегілер, танымдық әдебиеттер, сондай-ақ балалардың сансыз сұрағына жауап беретін көркем суретті энциклопедиялар ұсынылды.   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1011796?lang=kk
«Көк байрағым жасасын» атты танымдық сағат 08.06.2025
Жетісу облысы Сәкен Сейфуллин атындағы зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапхана бөлімінде. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Көк байрағым жасасын» атты танымдық сағат ұйымдастырылды.Шара барысында қатысушылар еліміздің Туы, Елтаңбасы мен Әнұраны туралы тың мәліметтерге қанықты. Мемлекеттік рәміздердің шығу тарихы мен мән-маңызы жайлы еркін әңгіме өрбіді. Көпшілік өз ойларын ортаға салып, рәміздерге деген құрметін білдірді.Жиналған қауым үшін бұл күн жай ғана танымдық сағат емес, елдікке деген мақтаныш сезімді ұялатқан ерекше сәт болды. Көк байрағымыз желбіреп тұрғанда, жүрегіміз де ел деп соға бермек!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1011827?lang=kk
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы Іс-шаралар жоспары 08.06.2025
"Бекітемін"Ақмола облысы бойыншаМемлекеттік кірістер департаментінің басшысы________________Д.Н.  Нұрмолдин "____"___________2025 жыл   Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіндесыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралыІс-шаралар жоспары  №р/бСыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша ұсынысІс-шараАяқтау нысаныЖауаптыорындаушыларОрындау мерзімі1Салық кодексінің 59-бабына сәйкес камералдық бақылау қорытындысын пысықтау бөлігінде функционалды енгізу ұсынылады. Бұл қорытындыны маман басшылықтың келісімінсіз өз деңгейінде қалыптастырады. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің фактілерін болдырмау мақсатында ТҚҚБ басшысының не басшысының орынбасарының келісу / қол қою функционалын енгізу.ҚР ҚМ МКК ұсынымдар бойынша ұсыныстар жолдауСТ таратылған камералдық қорытындысы кезде ТУГД басшысының не басшының орынбасарының келісу / қол қою функционалын енгізу     Камералдық бақылау  басқармасы    2026 жыл2Камералдық бақылау хабарламаларын пысықтау шеңберінде мәртебе беру ұсынылады. Ағымдағы кезеңде Салық кодексінің 96-бабына сәйкес хабарламаны орындау деп түсіндірме немесе ДФНҚ беру танылады. Қызметкерлер бұзушылықтарды жою фактісіне талдау жүргізеді және "бұзушылық жойылды" немесе "бұзушылық жойылмады"мәртебесін береді. Қызметкерлердің қате не қасақана іс-әрекеттеріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің фактілерін болдырмау мақсатында мәртебе беру процесін автоматтандыру. Қатерсіз қызметкер осы жағдайды пайдалана алатын тәуекелдерді Алып тастау деп хабарлады СТ бұзушылық іс жүзінде жойылмағанын және СТ-ге материалдық пайда алу мәселесін шешуді ұсынады.ҚР ҚМ МКК ұсынымдар бойынша ұсыныстар жолдауКейбір бұзушылықтар бойынша жойылды / жойылмады бұзушылық мәртебесін автоматты түрде беру Камералдық бақылау  басқармасы 2026 жыл    Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1011433?lang=kk
Рәміздер күні 08.06.2025
Жыл сайын 4 маусымда елімізде мемлекеттік рәміздер күні атап өтіледі. Мемлекеттік рәміздер - бұл кез-келген мемлекеттің ұлттық егемендігін бейнелейтін ерекше белгілері.  1992 жылы алғаш рет Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері бекітілді.  2007 жылы 4 маусымда "Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы" Заң қабылданды.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1011469?lang=kk
2025 жылғы 6 наурызда азаматтарға мүгедектік белгілеу және қайта куәландыру мәселелері бойынша жиын өтті. 08.06.2025
Жиын барысында мүгедектікті тағайындау рәсімдерін жетілдіру, құжаттарды рәсімдеу тәртібі және медицина ұйымдарының осы бағыттағы рөлі талқыланды. Сонымен қатар, азаматтардың өтініштерін қарау үдерісін жеңілдету және медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің ашықтығын қамтамасыз ету мәселелері көтерілді.Кездесуге бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету ұйымдарының басшылары, олардың орынбасарлары, дәрігерлік-консультативтік комиссия төрағалары және сала мамандары қатысты. Олар мүгедектікке шығу процесіндегі өзекті мәселелерді талдап, жүйені оңтайландыру бойынша ұсыныстар енгізді.Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-atyrau/press/news/details/1011482?lang=kk
СҚО-да 8 мың басқа шақталған мегаферма салынуда 08.06.2025
Біздің өңірде 8 мың басқа арналған мегаферма ашылады. Жобаны «Зенченко и К» КС жүзеге асырып, оған 9 миллиард теңге инвестиция құюда. Іске қосылғаннан кейін бұл еліміз бен Орталық Азиядағы ең ірі сүт кешеніне айналады. Жыл сайын  26 мың тонна сүт өндірілмек. Өңірде сүтті мал шаруашылығы қарқынды дамып келеді: биыл 11 жаңа ферма салынбақ, ал өткен жылы 17 сүт кешені іске қосылды. Қызыл ауданына жұмыс бабымен барған облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов кешеннің құрылысымен танысты. Сондай-ақ, «Зенченко и К» алқабы мен  Новоникольское ауылында Геннадий Зенченконың қолдауымен салынған көпфункционалды балалардың ойын және спорт алаңын қарады. Оған қоса, өңір басшысы «Сервис Жарс» ЖШС-нің заманауи жаңбырлатып суару жүйесімен жабдықталған жоңышқа алқабындағы шөп шабу жұмыстарын бақылады. Шаруашылық жоңышқа өңдейтін зауыт салуды көздеп отыр. Сонымен қатар, аудан диқандарымен кездесіп, көктемгі егіс жұмыстарын аяқтау мәселелері талқыланды. Тағы бір маңызды жоба – өңір үшін көлік қатынасының маңызды дәлізі болып саналатын «Жезқазған–Петропавл» республикалық автожолының орташа жөндеуі. Жұмыстар жолдың әртүрлі учаскелерінде бірнеше мердігер ұйымдардың қатысуымен қатар жүргізілуде. Екі жылда 135 км жол асфальтталды, биылға жоспар – 215 км. Жыл соңына дейін Покровка– Бескөл ауылдары және Сергеевкадан Ақмола облысының шекарасына дейінгі аралықта асфальт төсеу аяқталады. "Бұл – тұрғындарға ыңғайлы әрі қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ететін үлкен инфрақұрылымдық жобаның соңғы кезеңі болмақ", - деп атап өтті облыс әкімі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/1011501?lang=kk
Ағымдағы жылдың 2 маусымында Боровское ауылында халықпен кездесу өтті, оның барысында Меңдіқара ауданының 2025 жылға арналған даму жоспарлары ұсынылды. 08.06.2025
     Посмотреть эту публикацию в Instagram           Публикация от Ғабит Мәжитұлы Бекбаев (@bekbaev_gabit) Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1011503?lang=kk
🔰Рәміздер күніне орай Мемлекеттік әнұран орындалды 08.06.2025
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасында Мемлекеттік әнұранды орындау рәсімі ұйымдастырылды.Басқарма басшысының міндетін атқарушы Үрістенов Медет Әбдімашұлы ұжымды атаулы мерекемен құттықтап, Мемлекеттік рәміздердің елдік пен бірліктің, тәуелсіздіктің айшықты нышаны екенін атап өтіп, әрбір азаматтың оларды құрметтеуі – парызы әрі мақтанышы екенін жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-tabigat/press/news/details/1011507?lang=kk
«Ұлтын сүйген ұлы тұлға-Қапез» 08.06.2025
Бүгін 31-мамыр – Саяси қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған «Ұлтын сүйген ұлы тұлға-Қапез» атты тағылымдық кешТоғызбұлақ ауылдық мәдениет үйінде өтті.Кештесаяси қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын 1 минут үнсіздікпен еске алды.Кештің қадірменді қонақтары Кеген ауданының әкімі – Теңізбаев Нұрбақыт Молдахметұлы, ұлт жанашыры ақын, ғалым ұстаз, өнер зерттеушісі, филология ғылымының кандидаты- Медеубек Сағатбек Медеубекұлы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Президент сыйлығының лауреаты, «Дарын» сыйлығының иегері- Әшімжанов Жанарбек Садыханұлы, журналист, "Ұлт үшін туған Ыдырыс" ,"Ақай Нүсіпбеков:Ғибратты ғұмыр", "Әлмереке абыз: тарих пен тағлым", "Шынжырлы Сәмен батыр' деректі фильмдерінің авторы- Бакеева Салтанат Әуелханқызы, Жалағаш ауылдық округінің әкімі Садырова Айгүл Бектұрсынқызы, Кеген аудандық мәслихат депутаты және Жалағаш ауылдық аналар кеңесінің төрайымы Қызайбекова Нұргүл Иманәліқызы, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Қалқаев Еркінбек және аудандық мәдениет үйінің директоры болды.Ерекше тарихи маңызы бар «Ұлтын сүйген ұлы тұлға-Қапез» атты деректі фильмнің тұсауын кесу Сағатбек Медеубекұлына, Жанарбек Садыханұлына, Нұрбақыт Молдахметұлына, фильмнің авторы Салтанат Әуелханқызына берілді.«Ұлтын сүйген ұлы тұлға-Қапез» атты деректі фильмнің авторы- Бакеева Салтанат Әуелханқызына аудан әкімі Теңізбаев Нұрбақыт Молдахметұлы Алғыс хат тапсырды.Деректі фильм тамашаланды.«Өлі риза болмай, тірі байымайды» деген ұғыммен сол заманда саяси қуғын сүргін және ашаршылық құрбандары болған бақиға көшкен ата-баба рухына ізінің қайырлылығын, ұрпағының разылығын білдіру ниетінде Тоғызбұлақ ауылдық мешітінің имамы – Жантаев Жеңісжан құран бағыштады.​Біз саяси қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын 31 мамырда ғана еске алып қоймай, тарихты оқыған сайын, осы тақырыптағы фильмдерді көрген сайын немесе жай күндерде де оларды еске алып отырамыз.Тарихи жадымызда жатталған сол замандағы қиын кезеңдердің табы біздің бірлігімізді одан әрі бекемдеп, халықтың жадында мәңгілікке сақталатын болады!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-zhalanash/press/news/details/1011536?lang=kk
Ұлттық ұлан Академиясының үздік курсанттары Президенттен офицерлік погондар алды 08.06.2025
Салтанатты рәсім барысында жоғары әскери оқу орындарының үздік түлектері Қазақстан Республикасы Президенті -  Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысының қолынан офицерлік погондар алды.Ұлттық ұлан Академиясынан бұл құрметке Диас Беделбай мен Әділет Шалқарұлы ие болды. Сонымен қатар, Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ержан Сәденов Академия түлектері Азамат Зулкарнаевқа, Думан Айткеновке және Әмір Төлеухановқа погондарды табыстады.- Мен салтанатты жағдайда Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеу кезеңінде еліміздің Президентінен алғашқы әскери атақ алғанымды мақтан тұтамын. Біз офицер беделін түсірмей, әскери қызметтің барлық ауыртпалықтарына қарамастан Отанымызға адал және адал қызмет ететінімізге сенімдімін, - деді су жаңа лейтенант Диас Беделбай.Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік рәміздер күні әскери атақтар беру жақсы дәстүрге айналғанына назар аударды. Ол сондай-ақ әскери қызметшілердің ел қорғауды өмірлік ұстаным ретінде таңдауының маңыздылығын атап өтті.Айта кетейік, биыл ҚР ІІМ Ұлттық ұлан Академиясынан 175 жаңа офицер түлеп ұшты ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1011546?lang=kk
Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймыз! 08.06.2025
Туымыз желбіреп, Елтаңбамыз биікте, Әнұранымыз асқақтай берсін!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-goszakup/press/news/details/1011562?lang=kk
Бір қабатты үйлерді салу үшін әлеуетті құрылысшыларды таңдау бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру 08.06.2025
Бір қабатты үйлерді салу үшін әлеуетті құрылысшыларды таңдау бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру Риддер қаласының әкімдігімен 2025 жылғы 30 мамырдан 2025 жылғы 5 маусымға дейінгіаралықта Риддер қаласында әкімдік ұсынған жер учаскелерінде бір қабатты 21 үйді сатып алу үшін құрылыс жүргізуге әлеуетті құрылысшыларды таңдау бойынша конкурс жарияланады, жалпы ауданы 3 280 м2(70 м2 – 12 үй, 85 м2 – 9 үй).Әлеуетті құрылысшылар келесі біліктілік талаптарына сай болуы тиіс:Әлеуетті жеткізушініңқұрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге арналған лицензиясы болуы тиіс (3 санат).Әлеуетті жеткізуші қаржылық тұрақты болуы және республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) алты еселенген мөлшерінен асып кеткен салықтық берешегі болмауы тиіс.Әлеуетті жеткізуші жосықсыз және банкроттыққа немесе таратылуға жатпайтындар тізімінде болмауы керек.Әлеуетті жеткізуші «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңның 6-бабына сай болуы тиіс.*Ескерту:конкурсқа жер учаскесі бар әлеуетті құрылысшылар қатыса алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ridder/press/news/details/1011586?lang=kk
Елімнің рәміздері. 08.06.2025
4 маусым күні Әйет ауылында орталық алаңда " Рәміздері елімнің – Тәуелсіздік белгісі " атты салтанатты іс-шара өтті. Іс-шара мемлекеттік әнұранмен басталды. Туды көтеру және әнұранды орындау бүкіл ел бойынша бір уақытта жүргізілгенін атап өткен жөн. Аудан әкімі Қайсар Батырханұлы Мыржақыпов құттықтау сөз сөйледі. Бағдарламаны аудандық мәдениет үйінің әртістері жалғастырды. Маңызды іс-шара ТЖ, ӨСБ және құқық қорғау органдары өкілдерінің, сондай-ақ аудандық мәслихат депутаттарының, аудан ұйымдарының басшылары мен қызметкерлерінің, аудан мектептерінің оқушыларының қатысуымен өтті. Мұның бәрі қатысушылар мен көрермендер арасында бірлік, мақтаныш пен патриотизм атмосферасын қалыптастырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1011606?lang=kk
Құрбан айт күні ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмыс кестесі 08.06.2025
Құрбан айт мерекесіне орай халыққа қызмет көрсету орталықтары, сондай-ақ мамандандырылған ХҚКО-лар 6 маусым, жұма күні жұмыс істемейді.Бұл ретте 7 маусым, сенбі күні кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар үшін жұмыс күні. Халыққа қызмет көрсету орталықтары азаматтарды сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін қабылдайды. Ал мамандандырылған ХҚКО-ларда өтініштерді қабылдау сағат 09:00-ден 12:00-ге дейін, ал құжаттарды беру – 13:00-ге дейін жүргізіледі.Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысындағы ХҚКО-ларда жұмыс күні бір сағатқа ерте басталып, бір сағатқа ерте аяқталады.Кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың актуалды тізімін Мемлекеттік корпорацияның Instagram парақшасынан немесе 1414 нөмірі арқылы біле аласыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1012095?lang=kk
Бітімгерлер Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтті 08.06.2025
БҰҰ UNDOF миссиясының жауапкершілік аймағындағы Голан жоталарында қазақстандық бітімгерлік контингент Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған салтанатты митинг өткізді.Мерекелік іс-шара барысында Мемлекеттік ту көтеріліп, Әнұран орындалды.Тәуелсіздікті, халықтың бірлігі мен Отанға деген мақтанышты бейнелейтін мемлекеттік рәміздердің маңызы атап өтілді.Қазақстандық бітімгерлер жырақта жүріп, халықаралық аренада бейбітшілік пен қауіпсіздік ісіне үлес қосу арқылы мемлекеттік құндылықтарды сақтап, әрі құрметтеп келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1011404?lang=kk
2025 жылғы 3 маусымда әкімдіктің өрт қауіпті кезеңге дайындық және шомылу маусымын ұйымдастыру мәселелері бойынша отырысы өтті. 08.06.2025
2025 жылдың 3 маусымында облыс әкімінің төрағалығымен әкімдік отырысы өтті. Күн тәртібі аясында өрт қауіпті кезеңге дайындық және шомылу маусымын ұйымдастыру мәселелері қаралды. Отырыс қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға тиісті тапсырмалар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/upr-ump-kostanay/press/news/details/1011414?lang=kk
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің құрылымдық бөлімшелердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама 08.06.2025
"Бекітемін"Ақмола облысы бойыншаМемлекеттік кірістер департаментінің басшысы________________Д. Нұрмолдин "____"___________2026 жыл  Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің құрылымдық бөлімшелердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойыншаталдамалық анықтама  Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің құрылымдық бөлімшелері қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдауды жүргізудің типтік қағидаларына сәйкес жүргізілді.Өткізу мерзімі: 01.04.2026ж. басталып, 15.05.2026ж. аяқталды.Байқалған кезең: 2025 жыл.Әдістемелік ұсынымдарға сәйкес, Департаменттің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдауы келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылды:- ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;- Департамент қызметіне қатысты нормативтік-құқықтық актілер мен құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауды жұмыс тобының құрамы жүргізді, бұл ретте тәуелсіз сарапшылар (мамандар) тартылмады.Департаменттің және оның аумақтық бөлімшелерінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.Департаменттің және оның аумақтық бөлімшелерінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау келесі мәселелер бойынша жүргізілді:1) кадрларды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы;2) мүдделер қақтығысын реттеу; 3) мемлекеттік қызметтер көрсету;4) рұқсат беру функцияларын іске асыру;5) бақылау функцияларын іске асыру;6) бюджеттік және қаржылық қаражатты игеру және бөлу;7) жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу;8) ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану;9) талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.  Персоналды басқару, оның ішінде кадрлардың ауысуы.2026 жылғы 25 мамырдағы жағдай бойынша Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің және оның аумақтық басқармаларының штат саны - 390 бірлікті құрайды (Департамент-141, ТУГД-249). Нақты саны-372 бірлік (штат санының 95%), оның ішінде МКД - 137 бірлік, МКД - 235 бірлік, бос орындар - 18, оның ішінде МКД -4, АМКБ - 14.2026 жылдың 5 айында мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданғандар саны – 7 адам. Барлық мемлекеттік қызметшілер атқаратын лауазымына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келеді.Ұлттық қауіпсіздік органдарына арнайы тексеруге құжаттар уақтылы жіберілді. Мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданғандарға сынақ мерзімі тағайындалып, тәлімгерлер бекітіледі.2026 жылдың 5 айында барлығы 21 адам жұмыстан шығарылды, оның ішінде МКД – 8, АМКБ – 13, соның ішінде:- өз еркімен-16; - конкурс бойынша басқа МКД, МКБ және ұйымдарға -2;- басқа себептермен - 3.Әдеп кодексінің нормаларын бұзғаны үшін, сондай – ақ мемлекеттік қызметшілердің шектеулерді сақтамағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған қызметкерлер 2025 жылы-0 қызметкер, 2025 жылдың 5 айында жоқ.Департаментте және оның аумақтық бөлімшелерінде мемлекеттік қызметті өткеру процестерін (бос лауазымдарға конкурстар өткізу, тәртіптік жазалар қолдану, қайта даярлау және біліктілікті арттыру, тәлімгерлік және т.б.) зерттеу, олардың мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың белгіленген талаптарына жалпы сәйкес келетінін көрсетті.Ақмола облысының мемлекеттік кірістер органдарының барлық қызметкерлері, соның ішінде мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданғандар, ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 12-бабы 3-тармағының талаптарын толық көлемде орындайды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қол қою арқылы қабылданды.Жаңа теріс қылық жасаған кезде тәртіптік жазаларды мерзімінен бұрын алу фактілері анықталған жоқ.Департамент қызметіндегі персоналды басқару мәселелері бойынша жүргізілген талдау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.  Мүдделер қақтығысын реттеу.Мемлекеттік қызметтегі этикалық бақылау сыбайлас жемқорлық көріністерін, қызметтік этиканы бұзушылықтарды алдын алудың және мүдделер қақтығыстарын реттеудің маңызды тетігі болып табылады. Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің этикалық нормалары мен мінез-құлық ережелерін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" 2016 жылдан бастап енгізілген орталық және жергілікті мемлекеттік органдардағы этика жөніндегі уәкіл институты мемлекеттік қызметшілердің қызметтік тәртібі мен жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы қосымша тетік қалыптастырды.Қызметкерлердің жеке істерін тексеру кезінде Ақмола облысының МҚҚК келесі қызметкерлерінің жұбайлар мен туыстар екендігі анықталды: Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті- Абетов Б.Ұ., Заң басқармасының басшысы және Абетова А.С., Кедендік бақылау басқармасының тарифтік реттеу және кедендік құн бөлімінің басшысы;- Жұрымбаев С.Қ., Аудит басқармасының кедендік бақылаудан кейінгі бақылау бөлімінің басшысы және Ибраева Н.Д., Кедендік бақылау басқармасының кедендік бақылау бөлімінің бас маманы;- Амрин А.Б., Борыштармен жұмыс басқармасының басшысы және Амрина И.Г., Кедендік бақылау басқармасының кедендік бақылау бөлімінің бас маманы;- Жұмағұлова Г.Б., Адам ресурстарын басқару басқармасының басшысы және Абуова Б.Б., Аудит басқармасының кедендік бақылаудан кейінгі бақылау бөлімінің бас маманы;- Сұлтанов Б.А., жанама салықтарды және ЕАЭО шеңберіндегі ҚҚС-ты әкімшілендіру басқармасының ҚҚС салық аудиті бөлімінің бас маманы және Сұлтанова Ж.Т., Көкшетау қаласы бойынша МКД бас маманы;- Хилько В.С., жанама салықтарды және ЕАЭО шеңберіндегі ҚҚС-ты әкімшілендіру басқармасының ҚҚС салық аудиті бөлімінің бас маманы және Жармұханбетова Н.М., Қаржы басқармасының бухгалтерлік есеп бөлімінің басшысы. Аршалы ауданы бойынша МКБ (жұбайлары)- Сафронов с. Н., салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің бас маманы және Сафронова Е. Р., салықтық әкімшілендіру және алымдар бөлімінің бас маманы. Ерейментау ауданы бойынша МКБ (жұбайлары)- Тасбулатов Б.Т., салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің басшысы, Әбимолдаева А.Е., салықтық әкімшілендіру және алымдар бөлімінің бас маманы. (қазіргі уақытта әлеуметтік бала күтімі бойынша демалысында 16.10.2027 ж. дейін) Есіл ауданы бойынша МКБ (жұбайлары)- Бекмурзин Е.Г., салықтық әкімшілендіру және алымдар бөлімінің бас маманы, Каирова Д. Ж., салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің бас маманы (қазіргі уақытта әлеуметтік бала күтімі бойынша демалысында 29.11.2026 ж. дейін). Жоғарыда аталған қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтары мен функционалдық міндеттерін мониторингілеу және зерделеу қорытындысы бойынша мүдделер қақтығысы фактілері, жақын туыстарына, жұбайларына және жекжаттарына тікелей бағыныштылықта мемлекеттік лауазымға орналасу анықталмаған.Ұсынылған ақпаратқа сәйкес мүдделер қақтығысын анықтауға қатысты, туындаған мүдделер қақтығысы немесе оның туындау мүмкіндігі туралы жазбаша өтініштер табылған жоқ.Департаментте Әдеп жөніндегі уәкілдің функциялары Департамент басшысының орынбасарына жүктелген. Әдеп жөніндегі уәкілдің 2025 жылғы және 2026 жылғы ағымдағы кезеңдегі қызметін талдау барысында Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі есепті кезеңдерде ҚР Президентінің 29.12.2015 жылғы №153 Жарлығымен бекітілген Әдеп жөніндегі уәкіл туралы Ережемен өзіне жүктелген функцияларды орындау шеңберінде жұмыс жүргізгені анықталды.Ереженің 4-тармағы 9)тармақшасына сәйкес Әдеп жөніндегі уәкіл Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзудың алдын алу және жол бермеу, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында азаматтық қоғам институттарымен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасауға міндетті.Осылайша, Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, Әдеп кодексі салаларында Қазақстан Республикасы заңнамасын түсіндіру бойынша жұмыс жүргізеді, сондай-ақ осы тақырып бойынша іс-шаралар (дәрістер, семинарлар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі өкілдерінің қатысуымен, БАҚ-тағы мақалалар, интернет-ресурстар) өткізеді."Еститін" мемлекеттік органның тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі Президенттің 29.12.2015 жылғы №153 Жарлығымен бекітілген Әдеп жөніндегі уәкіл туралы Ереженің 3-бөлімінің 9-тармағына сәйкес Департаменттің интернет-ресурсында орналастырылған жеке тұлғаларды, заңды тұлғалар өкілдерін қабылдау кестесіне сәйкес азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді.Қызметтік әдеп нормаларының сақталуына, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне мониторинг жүргізу мақсатында Ақмола облысы Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлеріне сауалнама жүргізілді.Жүргізілген талдау Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі қызметінің ашықтығын көрсетеді.  Мемлекеттік қызмет көрсету.Мемлекеттік кірістер органдары қазіргі уақытта жеке және заңды тұлғаларға 42 мемлекеттік қызмет көрсетеді, оның ішінде 25 салықтық және 17 кедендік қызмет. Мемлекеттік қызметтердің 100% - ының 99,9% - ы электронды түрде, 0,1% - ы қағаз түрінде көрсетіледі. Салықтық әкімшілік пен бақылау автоматты режимге көшірілді.Сондай - ақ, салық төлеушілер салық есептілігін "салық төлеушінің кабинеті", Е-Salyk мобильді қосымшасы арқылы ұсынады.Бұдан басқа, лицензия беру "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүргізіледі www.egov.kz e-license қосымшасында, бұл лицензиат пен қызмет беруші арасындағы тікелей байланысты болдырмайды. Қызметті электронды түрде көрсету коррупциялық тәуекелдердің туындауын болдырмайды.11.04.2026 жылдан бастап «Кеден» ақпараттық жүйесі енгізілді, ол коррупцияға қарсы іс-қимылда негізгі артықшылықтарды, негізінен процестерді автоматтандыру есебінен береді. Міне, олардың негізгілері:Автоматтандыру және адам факторын жою: Қолмен жасалатын операциялар цифрлық алгоритмдермен ауыстырылды, ал тасымалдаушының кеденшімен тікелей байланысы барынша азайтылды, бұл сыбайлас жемқорлық мәмілелер үшін негізді жояды. Қызметкерлер енді декларациялаушылармен жұмыс істемейді, жүйедегі деректермен жұмыс істейді, ал тауарларды жіктеу сияқты күрделі тексерулер автоматтандырылған.Алдын ала декларациялау және «Жасыл дәліз»: Тасымалдаушылар жүк келгенге дейін құжаттарды онлайн жүктей алады, ал жүйе оларды сканерден түсірілген суреттермен салыстырады. Толық сәйкестік болған жағдайда, көлік «жасыл дәлізден» өтіп, 10-20 минут ішінде тексерусіз шекарадан өтеді, бұл логистиканы жеделдетеді және парақорлық себептерін жояды.Түйіршікті цифрландыру және интеграция: «Кеден» SmartCargo сияқты платформалармен толық қағазсыз рәсімдеу, алдын ала ақпараттандыру және тәуекелдерді басқару жүйесімен (ТБЖ) автоматты тексерулер үшін интеграцияланған.Ашықтықты арттыру және бақылау: Жүйе объективті, бейтарап жұмыс істейді және теріс пайдалануды анықтау үшін цифрлық із қалдырады.Қорытындылай келе, «Кеден» АЖ енгізу кедендік әкімшілікті сапалы жаңа деңгейге көтеретінін айтуға болады. Басты нәтиже – ашық емес «адам факторынан» тәуекелдерді объективті және цифрлық бағалауға басымдық беру. Бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін айтарлықтай азайтып қана қоймай, мемлекет пен бизнестің сыртқы экономикалық қызметін жеделдетеді.Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер органдары 2025 жылы барлығы 538 690 мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде электронды түрде – 537 713 қызмет немесе 99,8%.2026 жылдың 1 тоқсанында Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер органдары 130 837 мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде электронды түрде – 130 682 қызмет немесе 99,9%.Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің негізгі бағыттарының бірі – мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған жұмыс.Департамент қызметкерлері арасында қызметтік этика мен мемлекеттік мүдделерді қатаң сақтау, жоғары моральдық-этикалық нормаларды қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық көріністеріне «нөлдік төзімділік» тәрбиелеу насихатталады.Осылайшы, азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау және өңдеудің бірыңғай платформасы «e-Otinish» бойынша түскен өтініштерді мониторингілеу барысында 2025 жылы барлығы 9 733 өтініш, оның ішінде 348 шағым түскені анықталды.Шағымдарды қарау барысында мемлекеттік кірістер органдарына түсетін өтініштер негізінен салық заңнамасы, кеден заңнамасы мәселелеріне, салық төлеушілердің көлік құралына төленетін салықты есептеумен келіспеуіне, банк шоттарындағы ақшалай қаражаттың қозғалысына шектеу қоюға, жеке кәсіпкерлікті жабу мерзімдеріне қатысты мәселелерге, салықтық тексерулер тағайындау туралы нұсқамаларға, салықтық тексерулердің нәтижелеріне, салықтық тексерулер тағайындауға, хабарламалар бойынша шешімдерге, жалпыға бірдей декларациялауға, сондай-ақ жеке тұлғалардың табыстарын жасыру мәселелеріне, сондай-ақ жеке тұлғалардың банкроттығын қолданудан бас тарту туралы МКД шешімдеріне шағымдануға және т.б. қатысты екені анықталды.Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері салық төлеушілердің барлық өтініштері мен шағымдарына негізделген толық жауаптар берді.Есепті кезең ішінде Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғалары тарапынан жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне заңсыз араласу фактілері туралы өтініштері мен шағымдары түскен жоқ.Департамент қызметінде мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.  Рұқсат беру функцияларын іске асыру.         1) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 137-бабына сәйкес жіберілген хабарламаның дұрыс немесе бұрыс орындалғаны туралы салық төлеушіні ақпараттандырудың автоматтандырылған тетігінің болмауы, салық төлеушілерді жаңылыстыру, хабарламаны орындау нәтижелерін түсіндірудегі сәйкессіздіктер, сондай-ақ лауазымды тұлғалардың ақпарат беру кезінде субъективті тәсілді қолдану мүмкіндігі сияқты тәуекелдерді тудырады.         Ашық және автоматтандырылған хабарламаның болмауы салдарынан салық төлеуші хабарламаның орындалуының нақты мәртебесі (орындалды/орындалмады, бұзушылық жойылды/жойылмады) туралы уақтылы немесе дұрыс емес ақпарат алуы мүмкін, бұл шағымдардың, даулардың, негізсіз өтініштердің туындауына, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерімен қолмен өзара іс-қимыл кезінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне жағдай жасайды.         Мақсаты: хабарламаларды орындау нәтижелері туралы салық төлеушілерді ақпараттандыру процесінің ашықтығы мен сенімділігін қамтамасыз ету, ақпарат беру кезінде адам факторын жою, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту және мемлекеттік кірістер органдарына деген сенім деңгейін арттыру.         Ұсыныстар:         - Салық төлеушілерді хабардар ету процесін хабарламалардың орындалу мәртебесі туралы автоматтандыру;         - Ақпараттық жүйелер арқылы хабарламаны қарау нәтижелері туралы хабарламаларды автоматты түрде жіберуді жүзеге асыру;         - Салық төлеушінің жеке кабинетінде хабарламаның орындалу мәртебесін («орындалды/орындалмады», «бұзушылық жойылды/жойылмады») көрсетуді қарастыру;         - Лауазымды тұлғалардың қолмен хабарлау қажеттілігін жою;         - Барлық ұқсас жағдайлар бойынша салық төлеушілерді хабардар етудің бірыңғай тәртібін қамтамасыз ету.         2) Бұрын есептелген КТС/ЖТС сомаларын салықтық есептіліктің қосымша нысандарын ұсыну арқылы азайтуға техникалық шектеудің болмауы, бұл салық міндеттемелерін барынша азайтуға әкеледі, есептеу сомаларын негізсіз азайту және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауы үшін жағдай жасайды.         Автоматтандырылған бұғаттаудың немесе бақылау тетіктерінің болмауы жағдайында салықтық есептіліктің қосымша нысандарын қарау және қабылдау кезінде субъективті тәсілді қолдану мүмкіндігі бар, бұл асыра пайдалануға, есептеу сомаларын манипуляциялауға, сондай-ақ жекелеген салық төлеушілерге негізсіз артықшылықтар беруге ықпал етуі мүмкін.         Сонымен қатар, бұрын есептелген сомаларды азайту бойынша шектеулер мен бақылау рәсімдерінің болмауы бюджетке түсетін түсімдердің азаюына, даулы жағдайлардың туындауына және мемлекеттік кірістер органдарының қызметіне сенімнің төмендеуіне әкелуі мүмкін.         Мақсат: Бұрын есептелген КТС/ЖТС сомаларын түзету процестерінің ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз ету, салық міндеттемелерін негізсіз азайту мүмкіндігін жою, сондай-ақ салықтық есептіліктің қосымша нысандарын қабылдау және өңдеу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту.         Ұсыныстар:         - Есептелген КТС/ЖТС сомаларының бұрынғы мөлшерін азайтуды автоматты түрде бұғаттауды қосымша есептілік нысандары арқылы жүзеге асыру;         - Есептелген сомаларды азайту жағдайларын анықтау бойынша бақылау тетіктерін қарастыру;         - Төлемдерді түзету негіздерін міндетті автоматты тексеруді енгізу;         - Ақпараттық жүйеде есептелген сомаларды өзгерту бойынша барлық әрекеттерді тіркеуді қамтамасыз ету;         - Лауазымды тұлғалардың төлемдерді түзету процесіне қолмен араласуын барынша азайту;         - Бұрын есептелген салық міндеттемелерін азайту жағдайлары бойынша қосымша келісуді немесе бақылауды қарастыру.  Бақылау функцияларын жүзеге асыру.Департаменттің қызметінде бақылау функцияларын жүзеге асыруға қатысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.    Бюджеттік және қаржылық ресурстарды әзірлеу және бөлу.Департаменттің қызметінде бюджеттік және қаржылық ресурстарды әзірлеу және бөлу кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.  Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу.Департамент қызметінде жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу мәселелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.  Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану.Департамент қызметінде жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу мәселелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.  Талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер. Талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1235200?lang=ru
Қазақстан Республикасындағы Еңбек Кодексінің негізгі талаптары жөнінде түсіндіру жұмыстары өткізілді. 08.06.2025
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілінің 2025 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 20 мамыры күні Еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің бас маманы-мемлекеттіе еңбек инспекторы Б.Салықтың қатысуымен Қазақстан Республикасындағы Еңбек Кодексінің негізгі талаптары жөнінде түсіндіру жұмыстары өткізілді. Шараның мақсаты - қызметкерлер мен жұмыс берушінің арасындағы еңбек құқықтарын түсіндіру, еңбек заңнамасының сақталуы, еңбек шарттарының дұрыс жасалуын қамтамасыз ету және еңбек қатынастарының тиімділігін арттыру болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-atyrau/press/news/details/1011205?lang=kk
Әдеп кодексі 08.06.2025
2025 жылғы 23 мамырда халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінде Әдеп жөніндегі уәкілдің ағымдағы жылға арналған жоспарына сәйкес, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерініңәдеп кодексінің (бұдан әрі – Әдеп кодексі) талаптарын сақтау мәселелері бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы А.Б.Тулепованың қатысуымен кездесу өтті. Кездесуде мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайы, қызметтік тәртіп, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауаптылығы туралы айтылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-atyrau/press/news/details/1011211?lang=kk