Enbekshi QazaQ

Әлем

Арнайы операциялар күштерінің жауынгерлері Иорданияда өтетін жарыста Қазақстанның намысын қорғауға дайындалуда 08.06.2025
Қарулы күштердің Арнайы операциялар күштерінің командасы 14-ші Warrior Competition 2025 халықаралық жарысына дайындықтың соңғы кезеңінен өтіп жатыр. Жыл сайынғы жарыстар Иорданияда Король Абдалла атындағы Арнайы операциялар күштерін даярлайтын орталықтың полигонында өтеді. Биыл байрақты бәсекеге әлемнің 40-қа жуық елінен мықты деген элиталық бөлімшелердің қатысуы жоспарлануда.Әскери қызметшілер ұрыс жүргізу тактикасын, шабуылдау іс-қимылдарын, атуды, эвакуация элементтерін және топ құрамындағы өзара іс-қимылды пысықтайды.Дайындық таулы жерлерде, ыстық ауа райында және шектеулі ресурстар жағдайында жүзеге асырылады.Сабақтар төзімділікті, психологиялық тұрақтылықты және жылдам шешім қабылдауды тексеруге бағытталған.Арнайы операциялар күштерінің жауынгерлері елдің атынан абыроймен шығып, кәсіби дайындықтың жоғары деңгейін көрсету үшін бәрін жасайтынына үлкен сенім артамыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1011249?lang=kk
«Ойын бизнесі туралы» 08.06.2025
025 жылғы 22 мамырда халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінде Әдеп жөніндегі уәкілдің ағымдағы жылға арналған жоспарына сәйкес, «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген анықтамаға жататын ойын мекемелерінде құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысу, сол сияқты құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге сол үшін бөлінбеген орындарда қатысу немесе телекоммуникация желілерін, оның ішінде Интернет желісін пайдалану арқылы өткізілетін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысу бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеуді бұзушылыққа жол бермеуге бағытталған профилактикалық жұмыстарды жүргізу бағытында «Жаңа өмір» қолдау орталығының басшысы Т.Рамазановпен кездесу өтті.Кездесу барысында Тимур Рамазанов өз өміріндегі ауыр кезең туралы ашық баяндады. Ол бірнеше жыл бойы ойын бизнесінің құрбаны болып, лудоманиядан зардап шеккенін, бұл тәуелділіктің психологиялық және қаржылық тұрғыдан үлкен зиян келтіргенін жеткізді. Дегенмен, кәсіби көмек пен ішкі жігерінің арқасында ол бұл қиындықтан шығып, бүгінде басқа адамдарға қолдау көрсетіп жүргенін айтты.— «Мен өзімді ғана емес, айналамдағы адамдарды да жаралағанымды түсіндім. Лудомания – жай әдет емес, бұл – нағыз дерт. Қазір мен сол жолдан шықтым және өзгелерге көмектескім келеді» - деді Тимур Рамазанов.Кездесуге қатысушылар тәуелділіктің себептері, белгілері және одан арылудың жолдары туралы сұрақтар қойылып, пікір алмасты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-atyrau/press/news/details/1011261?lang=kk
4 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні 08.06.2025
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туыҚазақстан Республикасының мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ  «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік ӘнұраныАлтын күн аспаны,Алтын дән даласы,Ерліктің дастаны,Еліме қарашы!Ежелден ер деген,Даңқымыз шықты ғой.Намысын бермеген,Қазағым мықты ғой! Қайырмасы:Менің елім, менің елім,Гүлің болып егілемін,Жырың болып төгілемін, елім!Туған жерім менің – Қазақстаным! Ұрпаққа жол ашқан,Кең байтақ жерім бар.Бірлігі жарасқан,Тәуелсіз елім бар.Қарсы алған уақытты,Мәңгілік досындай,Біздің ел бақытты,Біздің ел осындай! Қайырмасы:Менің елім, менің елім,Гүлің болып егілемін,Жырың болып төгілемін, елім!Туған жерім менің – Қазақстаным!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riga/press/news/details/1012083?lang=kk
Құрметті аудан тұрғындары! Сіздерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтаймын! 08.06.2025
Мемлекеттік рәміздер – бұл жай ғана көзбен көретін белгілер емес. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей: «Мемлекеттік рәміздер – бұл ұлттық мақтаныштың қайнар көзі, жарқын болашаққа деген сенімнің, Отанға деген адалдықтың символы». Бұл сөздер біздің Туымыздың, Елтаңбамыздың және Әнұранымыздың мән-мағынасын айқын бейнелейді. Олар – Тәуелсіздіктің, бостандықтың және ұлттық бірліктің белгісі, халқымыздың бай тарихын, мәдени мұрасын және рухани құндылықтарын бейнелейді. Әрбір рәміз терең мағынаға ие болып, барша қазақстандықтар үшін мақтаныштың қайнар көзіне айналған.Бүгінгі таңда рәміздерімізге деген құрметті сақтау, өсіп келе жатқан ұрпақтың бойына, Отанға деген сүйіспеншілік пен оның мұраттарына адалдықты сіңіру бұрынғыдан да маңызды. Бейімбет Майлин ауданының тұрғындары әрдайым патриоттықтың, еңбекқорлық пен бірліктің жарқын үлгісі болып қала беретініне сенімдімін. Біз бәріміз бірге қуатты, тұрақты әрі өркендеген Қазақстанның дамуына үлес қосып келеміз.Құрметті жерлестер! Осы мерекелі күні сіздерге зор денсаулық, отбасылық амандық, еңбекте табыс және туған жеріміздің игілігі жолындағы үлкен жетістіктер тілеймін! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы әрқашан бейбіт және гүлденген еліміздің үстінде желбірей берсін! Мереке құтты болсын! Аудан әкімі                                                                      Қ. МыржақыповАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1011308?lang=kk
Атырау қаласында мүмкіндігі шектеулі азаматтармен кездесу өтті 08.06.2025
Бүгін Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкин мен Атырау облысы әкімінің мүгедектігі бар адамдарға қатысты кеңесшісі Марат Үмбеталиев мүмкіндігі шектеулі азаматтармен кездесу өткізіп, олардың жеке сұрақтарына жауап берді.Кездесуге қалалық әкімдіктің дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, Атырау теміржол вокзалының әкімшілігі, денсаулық сақтау басқармасы, сондай-ақ мүгедектігі бар жандарды қолдайтын қоғамдық бірлестік өкілдері мен инватакси қызметі қатысты.Кездесу барысында азаматтар инватакси қызметі, тұрғын үй алу, санаторийге жолдама, теміржол қызметі, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және пандустар мәселесіне қатысты өз сұрақтарын қойып, нақты жауап алды.Қала әкімі барлық сұрақтарға заң аясында жауап беріп, көтерілген мәселелердің назарда болатынын жеткізді.Бұл кездесу – жергілікті билік пен қоғам арасындағы ашық диалог пен өзара түсіністіктің жарқын көрінісі болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-atyrau/press/news/details/1011325?lang=kk
МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! 08.06.2025
1992 жылғы 4 маусым – еліміздің тарихындағы маңызды күн. Бұл күні Қазақстанның тәуелсіздігі мен бірегейлігін бейнелейтін Мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. Егемендіктің мызғымас негіздері – Ту, Елтаңба және Әнұран әлемге Қазақстан Республикасы деп аталатын мемлекетті таныстырды.2007 жылы 4 маусымда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң қабылданды, ол Конституцияға сәйкес мемлекеттік рәміздердің сипаттамасын және пайдаланылу тәртібін белгілейді.Осы Заңға сәйкес Қазақстанда жыл сайын 4 маусымда Мемлекеттік рәміздер күні атап өтіледі. Мерекелеріңізбен!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1011372?lang=kk
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ДЕКЛАРАЦИЯСЫН ТАПСЫРУ БОЙЫНША ТҮСІНІК БЕРІЛДІ 04.06.2025
2025 жылдың 13 мамыр күні Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департамент қызметкерлеріне Атырау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының жалпыға бірдей декларациялау бөлімінің жетекші маманы С.Ғимырованың қатысуымен мемлекеттік қызметшілерге жеке тұлғалардың декларациясын (кірістері мен мүлік туралы) тапсыру заңдылықтарын түсіндіру бойынша семинар жиналыс өткізілді.Семинар жиналыс барысында қызметшілер тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-atyrau/press/news/details/1011182?lang=kk
Әскери-теңіз күштері құрамалары мен бөлімдерінің жеке құрамы дабыл бойынша көтерілді 04.06.2025
Жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес Әскери-теңіз күштерінің мыңға жуық әскери қызметшісі жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейіне көтерілді. Іс-шараларға Әскери-теңіз базасының күштері мен құралдары, әртекті кемелер дивизионы, теңіз жаяу әскерлерінің десанттық-шабуылдау батальоны, диверсияға қарсы күштер мен құралдар ротасы және гидрографиялық қамтамасыз ету қызметтері қатысады.Кешенді тактикалық-саптық сабақтар барысында хабарландыру жүйесінің тиімділігі, штабтар жұмысының үйлесімділігі, бөлімшелерді шоғырланған аудандарға шығарудың жеделдігі тексеріледі. Әскери техника мен қару-жарақ жауынгерлік қолдануға келтірілді.Әскери-теңіз базасының командирі полковник Есенғали Байботаев жауынгерлік кемелер экипаждары мен жағалау бөлімшелері порттар мен кемелер тұрақтарының диверсияға қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз ету іс-шараларының ұйымдастырғанын атап өтті. Гидрографиялық қамтамасыз ету қызметі күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды.Өткізілетін іс-шаралар кешені әскерлердің мақсаты бойынша міндеттерді орындауға дайындығын арттыруға, басқару жүйесін жетілдіруге және әскери қызметшілердің барлық санаттарының одан әрі кәсіби өсуіне бағытталған.Жазғы оқу кезеңінде Әзербайжан қарулы күштерімен бірлескен жаттығулар, кемелердің теңізге шығуы, практикалық атыс, жауынгерлік машиналарды жүргізу, парашютпен секіру және басқа да іс-шаралар өткізу жоспарланған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1011142?lang=kk
«Жәрдем Атырау» 04.06.2025
Ағымдағы жылдың 13 мамырында халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілінің 2025 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің деструктивті діни ағымдардың қызметіне араласуын болдырмауға бағытталған профилактикалық жұмыстарды жүргізу мақсатында «Жәрдем Атырау» қоғамдық қорының теологы Р.Қалмазұлының қатысуымен семинар өтті.Семинарда қоғамдағы дін саласындағы маңызды ақпараттар туралы айтылып, қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-atyrau/press/news/details/1011159?lang=kk
Жұмыс отырысы 04.06.2025
2025 жылдың 3 маусымында Қостанай облысының прокуратурасында алқа отырысы өтті. Отырысқа Әділет департаментінің басшысы Алия Аманжулова, басшының орынбасары Темирбек Нажиканов, Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының басшысы Қайрат Баймуханов, сондай-ақ құқық қорғау және қадағалау органдарының өкілдері қатысты.Отырыс барысында Әділет органдары мен жеке сот орындаушыларының өзара іс-қимыл тиімділігі, соның ішінде сот актілерін орындау кезіндегі олардың әрекеттерінің заңдылығы мен мерзімділігі мәселелері талқыланды. Мемлекет пайдасына өндірумен байланысты және әлеуметтік маңызы бар атқарушылық іс жүргізулерге ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, өңірдегі жеке сот орындаушыларының қызметін бақылауды күшейту шаралары қарастырылды. Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметі   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1011166?lang=kk
Экология – Қостанай облысының стратегиялық басымдығы 04.06.2025
5 маусым – Эколог күні қарсаңында Қазақстан, әлем елдерімен бірге, қоршаған ортаны қорғау мәселесіне ерекше назар аударады. Бүгінгі таңда орнықты даму мемлекеттік және өңірлік саясаттың өзегіне айналып отыр. Осы тұрғыда Қостанай облысында экология стратегиялық маңызы бар бағыт ретінде белгіленді. Бұл – уақыт талабы мен келер ұрпақ алдындағы жауапкершіліктен туындаған қажеттілік, тек сәнге айналған ұран емес.Қостанай облысының экологиялық күн тәртібіҚостанай облысы – ірі аграрлық-индустриялық өңір. Ауыл шаруашылығы, кен өндіру және көлік салаларының дамуы табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану мен қорғауды талап етеді. Соңғы жылдары өңірде экологиялық ахуалды жақсарту бағытында нақты қадамдар жасалып жатыр:* Қостанай, Рудный, Жітіқара және Лисаков қалаларында атмосфераға шығарындыларды бақылауға арналған автоматтандырылған мониторинг жүйелері енгізілуде;* Елді мекендерді көгалдандыру және орман алқаптарын қалпына келтіру бағдарламалары іске асуда;* Өндіріс орындарының экологиялық жауапкершілігін арттыру жұмыстары жүргізілуде;* Қалдықтарды сұрыптап жинау мен қайта өңдеу бастамаларына қолдау көрсетілуде.Эколог күніне орай жыл сайын өңірде қоршаған ортаны қорғауға қоғамды тартуға бағытталған түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады.Өткізілген шаралар:* 29 мамыр 2025 жыл — Қостанай облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының тапсырысымен «Neco» экологиялық клубы «Табиғат шекарасыз — орман, су, тазалық» атты экосағат өткізді. Іс-шарада табиғи ресурстарға саналы көзқарас, ормандарды өрттен сақтау, суды үнемдеу және тұрмыстық қалдықтардан қорғану мәселелері талқыланды.* 31 мамыр 2025 жыл — «Мөлдір Бұлақ» және «Таза Қала» атты экологиялық акциялар өтті. Оған мемлекеттік органдар, студенттер, волонтерлер, экоактивистер және жергілікті тұрғындар қатысып, жалпы саны 8200 адам болды. 850 тоннаға жуық қоқыс жиналып, шығарылды.* 2 маусым 2025 жыл— экоактивистер мен еріктілермен бірлесіп «10 экоәдет — дұрыс өмір салты» атты онкүндік онлайн-челлендж басталды. Әлеуметтік желілер арқылы қоршаған ортаға ұқыпты қарауға үндеу жарияланды.* 3 маусым 2025 жыл — Қостанай қаласындағы «Жанұя» балалар үйінің тәрбиеленушілері арасында «Таза болса табиғат – аман болар адамзат» атты сурет байқауы өткізілді. Жеңімпаздар мен қатысушыларға естелік сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды.Алдағы жоспарланған шаралар:* 5 маусым 2025 жыл — республикалық «Қоғамдық эко-бақылау» акциясы басталады. Оның аясында мемлекеттік органдар мен қоғам өкілдері бірлесіп туристік, тарихи-мәдени нысандарда және көгалдандыру, заңсыз қоқыс үйінділері, суару жүйелері сияқты мәселелер бойынша экомониторинг жүргізеді.* Осы күні экомарафон басталады. Ол 10 маусымға дейін жалғасады. Марафон аясында су айдындарын, мемлекеттік орман қорын, аулалар мен қоғамдық орындарды тазарту жұмыстары ұйымдастырылады.* 5 маусым — «Экологиялық үгіт-насихат шараларын өткізу» жобасы аясында тұрғындарға арналған эковикторина, сондай-ақ сала үздіктерін ведомстволық марапаттармен, құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапаттау рәсімі өтеді. Сонымен қатар, өңірдің ауыл-аймақтарында «Туған жер — таза жер!» атты экологиялық акция өтеді.* 9 маусым — «Neco» экоклубының бастамасымен мемлекеттік қызметкерлерге арналған «Жасыл кеңсе қағидаттарын енгізу» атты интерактивті оқыту өтеді.Ортақ іс – ортақ болашақЭкология — бұл тек экологтар мен табиғатты қорғау мекемелерінің міндеті емес. Бұл — бүкіл қоғамға қойылған сын. Әрбір Қостанай тұрғыны табиғатты қорғау ісінде өз үлесін сезінуі тиіс: тұрмыстық қалдықтарды дұрыс сұрыптаудан бастап, ағаш отырғызуға дейін.Тек біріге әрекет еткенде ғана біз Қостанай облысының таза ауасын, құнарлы топырағын және мол су қорын сақтап қала аламыз. Эколог күні — бұл кәсіби мейрам ғана емес, сонымен қатар әрқайсымызға ой салар күн: артта қандай із қалдырамыз?Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1011171?lang=kk
«Зияткерлік меншік құқығы» 04.06.2025
«Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2025 жылдың 3 маусымында Қостанай облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы бөлімінің басшысы Динара Хусаинова «Qostanai TV» телеарнасы «Бірінші студия бағдарламасында «Зияткерлік меншік құқығы» тақырыбында сұхбат берді.Сілтеме: https://youtu.be/H3cd3MFfvIU?si=U4DcMSgqciB3wFfJ Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1011134?lang=kk
Алматы тарихы музейі «Жыл музейі» атанды 04.06.2025
Алматы тарихы музейі 2025 жылғы Freedom Ticketon Awards сыйлығының шешімімен «Жыл музейі» атағына ие болды. Қалалық мәдениет басқармасына қарасты бұл мекеме музей инфрақұрылымын дамыту мен жаңа ағартушылық бастамаларды жүзеге асыруға бағытталатын 3 500 000 теңгелік сертификатпен марапатталды.Айта кетейік, бұл номинацияда Қазақстанның ең ірі музейлері бақ сынаған. Олардың қатарында Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі, Орталық мемлекеттік музей, А.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейі, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі, «Абай Жидебай-Бөрілі» музей-қорығы, «Шым қала» тарихи-мәдени кешені, ҚР Тұңғыш Президенті орталығы және т.б. мекемелер бар.Бұл жеңіс Алматы тарихы музейінің Қазақстандағы тарихи жад пен мәдени бірегейлікті сақтаудағы жетекші орталықтардың бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдеп отыр.Айта кетейік, Алматы тарихы музейі Алматы қаласы музейлер бірлестігінің құрамына кіреді. Бұған дейін TÜRKSOY халықаралық түркі мәдениеті ұйымының шешімімен бұл бірлестік Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан және Қазақстан елдерінің музейлері арасында түркі дүниесінің үздік музейі атанып, Best Museum of the Turkic World сыйлығын алған болатын. Бұл марапат түркі әлемінің мәдени мұрасының насихатталуына және сақталуына қосқан зор үлесі үшін берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-almaly/press/news/details/1011097?lang=kk
Қазақстан мен Финляндия ЕКПА шеңберінде парламентаралық ынтымақтастық пен әріптестікті нығайтуда 04.06.2025
Хельсинки, 2025 жылғы 3 маусым – Қазақстанның Финляндиядағы Елшісі Азамат Әбдіраимов Финляндия делегациясының төрайымы, Финляндия Парламентінің депутаты Миапетра Кумпула-Натримен кездесті. Кездесу барысында тараптар парламентаралық диалогты нығайтуға, сауда-экономикалық, білім беру және мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейтуге, сондай-ақ Еуропа Кеңесі мен ЕҚЫҰ-ны қоса алғанда, халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара іс-қимылға ерекше назар аудара отырып, екіжақты қатынастардың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады.Ә.Әбдіраимов Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар, құқық үстемдігі, сондай-ақ еліміздің сыртқы саясатының маңызды аспектілері туралы айтып берді.Миапетра Кумпула-Натри Қазақстанда жүргізіліп жатқан қоғамдық-саяси және экономикалық реформаларды жоғары бағалап, олардың елдің ішкі дамуы және халықаралық контексте де маңыздылығын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-helsinki/press/news/details/1011100?lang=kk
«Таза Қазақстан»: Алматы облысындағы «Таза жағажай – таза өзен» акциясына 100-ден аса адам қатысты 04.06.2025
«Таза Қазақстан»: Алматы облысындағы«Таза жағажай – таза өзен» акциясына 100-ден аса адам қатысты Экологтар күніне орай, Алматы облысы, Жамбыл ауданындағы Ұзынқарғалы өзенінің бойын тазарту мақсатында «Таза жағажай – таза өзен» экоакциясы өтті. Шараға 100-ден астам адам, олардың қатарында жергілікті тұрғындар, жастар, белсенділер мен қоғамдық ұйым өкілдері ат салысты.Акцияның мақсаты – жағажай аймағын тазарту, су айдындарының ластануының алдын алу және қоршаған ортаны қорғауға қоғам назарын аудару.Жергілікті аналар кеңесінің төрайымы Зияш Мамедова ««Таза Қазақстан» - еліміз, болашағымыз, қоршаған ортамыз үшін үлкен септігі бар экологиялық бағдарлама. Сондықтан, осындай игі шаралар жастарымыздың, жалпы барша жерлестеріміздің ортасында экологиялық мәдениетті қалыптастырып, айланамызды таза ұстауға ынталандырады.» - деп атап өтті.Акция барысында қатысушылар өзен бойын тұрмыстық қалдықтардан, пластик бөтелкелерден, қағаздардан және басқа да қоқыстардан тазалады. Нәтижесінде 3 тоннадан астам қоқыс жиналды.Бұндай экологиялық шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.#ТазаҚазақстан #устойчивоеразвитие #чистаястрана #экология #TazaChallenge @TazaQazaqstanАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-zkh/press/news/details/1011102?lang=kk
Қазақстанның Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Астанада ОПЕК Бас хатшысы мәртебелі Хайтам әл-Гайспен кездесті 04.06.2025
Кездесу барысында министр Қазақстанның тарихи ОПЕК+ келісіміне оң көзқарасын жеткізіп, жаһандық мұнай нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін білдірді.Тараптар ынтымақтастық нәтижелері мен «8 ел» кездесуі аясында қол жеткізілген уағдаластықтарды жоғары бағалады.Қазақстан ОПЕК және келісімге қатысушы мемлекеттермен одан әрі тығыз ынтымақтастыққа дайын екенін білдіріп, өндірушілердің, тұтынушылардың және жаһандық экономиканың мүддесі үшін әлемдік нарықтағы тұрақтылықты нығайтуға ынталы екендігін жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/1011105?lang=kk
Қазақстан мен Мажарстан өнеркәсіптік ынтымақтастықты талқылауда: "Hajdu" компаниясымен кездесу 04.06.2025
Будапешт, 2025 жылғы 29 мамыр — Қазақстанның Елшілігінде Мажарстанның жетекші машина жасау компанияларының бірі «Hajdu Hajdúsági Ipari Zrt.»-нің өкілі др. Дьюрко Тюнде ханыммен кездесу өтті.Кездесу барысында Қазақстан мен Мажарстан арасындағы өнеркәсіптік кооперацияның келешегі, соның ішінде сауда ынтымақтастығын дамыту және Hajdu компаниясының өндірістік қызметінің бір бөлігін Қазақстанда орналастыру мүмкіндігі талқыланды.Қазақстан Елшісі өңдеуші өнеркәсіп, оның ішінде машина жасау мен инженерлік жабдықтар өндірісі елдің индустриялық дамуының басым бағыттарының бірі болып табылатынын атап өтті. Қазақстан технологиялық даму жолын ұстанып, қазіргі заманғы құзыреттері бар халықаралық компаниялармен ынтымақтастыққа ашық екенін жеткізді.«Қазақстан өндірістік әріптестік пен технологиялық трансферге ашық. Біз Hajdu компаниясының елімізге деген қызығушылығын жоғары бағалаймыз және бірлесіп өзара тиімді жобаларды жүзеге асыратынымызға сенімдіміз», — деп атап өтті Елші.Қазақстан тарапынан инвестициялық ахуалдың негізгі аспектілері ұсынылды: шетелдік компанияларды қолдау шаралары, инфрақұрылымдық алаңдардың қолжетімділігі, тұрақты нормативтік орта және өңірлік нарықтарға шығу әлеуеті. Инвесторларға Kazakh Invest тарапынан ұсынылатын институционалдық сүйемелдеу тетіктері де ерекше атап өтілді.Др. Дьюрко Тюнде қонақжайлық көрсеткені үшін алғыс білдіріп, компанияның ынтымақтастықты кеңейтуге деген қызығушылығын білдірді. Сондай-ақ ол жақын арада Hajdu компаниясының өкілдерінің Қазақстанға сапары жоспарланып отырғанын, онда неғұрлым егжей-тегжейлі келіссөздер жүргізіліп, елдегі қатысудың ықтимал нысандары қарастырылатынын растады.Кездесу қорытындысында тараптар бейінді құрылымдар мен әлеуетті серіктестердің қатысуымен жұмыс консультацияларын жалғастыруға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/1011109?lang=kk
Қазақстан Вашингтондағы халықаралық алаңда өзін Орта держава ретінде танытты 04.06.2025
Вашингтон, 2025 жылғы 2 маусым – Қазақстанның АҚШ-тағы Елшісі Ержан Ашыкбаев америкалық «Special Competitive Studies Project» ой-талқы орталығы алаңында өткен Тұрақты болашақ форумы аясында өткен «Kazakhstan: An Emerging Middle Power in Central Asia» панельдік сессиясында сөз сөйледі. Сессия модераторы – Ұлыбритания Ішкі істер министрлігінің бұрынғы арнайы кеңесшісі Фиона Хилл болды.Өз сөзінде Елші ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан өзін халықаралық тұрақтылық пен орнықтылықты нығайтуға үлес қосуға дайын проактивті Орта держава ретінде қарастыратынын атап өтті. Бұл ұстаным бұған дейін Астана халықаралық форумында нақты айтылған болатын, онда Қазақстан жаһандық диалог алаңы болуға әзір екенін растады.Қазақ дипломаты дәстүрлі бағыттарға сенімді балама ұсына отырып, жаһандық жеткізу тізбегінің негізгі элементіне айналатын Орта дәлізді дамыту арқылы Еуразияның транзиттік хабы ретіндегі елдің рөліне ерекше назар аударды.Сонымен бірге Е. Ашыкбаев АҚШ-пен стратегиялық серіктестікке арнайы тоқталып, Америка Құрама Штаттары Қазақстанның негізгі экономикалық және инвестициялық серіктесі болып қала беретінін атап өтті.Сөзінің соңында Елші Қазақстан стратегиялық және экономикалық серіктестікті тереңдетуге дайындығын ғана емес, сонымен қатар диалог, реформалар мен консенсус үшін платформа бола отырып, неғұрлым тұрақты, интеграцияланған және әділ әлемдік тәртіпті қалыптастыру үшін жауапкершіліктің бір бөлігін өз мойнына алуға ниет білдіретінін атап өтті.Іс-шараға сондай-ақ Қазақстанның Орталық Азиядағы жауапты және сенімді серіктес ретіндегі өсіп келе жатқан рөлін атап өткен жетекші халықаралық сарапшылар, АҚШ мемлекеттік құрылымдарының, талдау орталықтары мен бизнестің өкілдері қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-washington/press/news/details/1011111?lang=kk
Ат айналып қазығын табар... Жабайы жылқылардың ежелгі мекеніне оралуы туралы 04.06.2025
2025 ж. 3 маусым - Будапешт қ. Керқұландардың (Equus przewalskii Poljakov) ежелгі мекені Қазақстанға оралуын - халқымыздың өзінің тарихы танымы, эпос және аңыздарындағы сақталған болмысымен жүздесуі, ал табиғат ананың өз перзенттеріне қауышу десе болады. Жылқы – көшпенді дала салтын ұстанған халық үшін қасиетті жануар. Алғаш болып жылқыны қолға үйреткен қазақтың арғы тегі. Сондықтан, қазақ үшін төрт түлік ішінде жылқының алар орны ерекше.  Керқұландар, кеше Мажарстанның Хортобадь табиғи қорығынын ежелгі заманда аумағында еркін жайылған қазақ даласына Чехия әуе әскери күштерінің ұшағымен жол тартты. Дебрецен қ. халықаралық әуежайында керқұландарды шығарып салу салтанатына, кәсіби мамандардан басқа, жылқы десе жанын беретін Мажар қыпшақтар одағының төрағасы, парламент депутаты Шандор Ф. Ковачта қатысты.Бауырлас мажар даласынан әзірше 4 бас керқұлан бие ұшаққа тиеліп, Қостанай облысы Алтын дала мемлекеттік табиғи резерватына жөнелтілді.2024 жылы Прага зообағы 7 жылқы жіберген болатын. Барлығы 2029 жылға дейін 40-45 жылқыны алдыру жоспарланған.Қазақстандағы жабайы жылқыларды қалпына келтіру жобасы 2024 жылы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті, Прага зообағы, Қазақстан биоалуандылықты қорғау қауымдастығы, Франкфурт зоологиялық қоғамы, Нюрнберг зообағы, Берлин зообағы және Берлин хайуанаттар паркі, Мажарстан Хортобадь ұлттық паркінің әріптестігімен басталған болатын. Жалпы осы жабайы жылқылардың ең көп популяциясы (265 бас) Мажарстанда тіркелген.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/1011112?lang=kk
Таза су және ресурстарды тиімді басқару: Қазақстан Елшісінің Будапешттегі Pureco компаниясымен кездесуі 04.06.2025
Будапешт, 2025 жылғы 3 маусым — Pureco Ltd. компаниясының орталық кеңсесінде Қазақстанның Мажарстандағы Елшісі Абзал Сапарбекұлының сумен жабдықтау, ағынды суларды тазарту және нөсер суларды басқару саласындағы орнықты шешімдерге маманданған компания басшылығымен кездесуі өтті.Келіссөздер барысында тараптар Қазақстанда сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғырту шеңберіндегі ықтимал ынтымақтастықты, оның ішінде шалғай және ауылдық өңірлерде заманауи технологияларды енгізу мәселелерін талқылады. Әсіресе, өндірісті жергіліктендіру, техникалық әріптестік орнату, сондай-ақ компанияның Қазақстан Республикасындағы экологиялық бағыттағы жобаларға қатысу мүмкіндіктері ерекше назарда болды.Елші 2025 жылы Қазақстанда жаңа Су кодексі қабылданғанын атап өтті. Бұл құжат су ресурстарын басқарудың тиімділігін арттыруға, цифрлық шешімдерді дамытуға, суды қайта пайдалану тәжірибесін енгізуге, сондай-ақ климаттық және инфрақұрылымдық сын-қатерлер жағдайында тұрақты сумен қамтуды қамтамасыз етуге бағытталған.Pureco Ltd. компаниясының басшылығы қазақстандық нарықты зерттеуге және жобаларға қатысу мүмкіндігін қарастыруға мүдделілік білдірді. Атап айтқанда, олар модульдік су тазарту жүйелерін, ағынды суларды биологиялық өңдеу технологияларын, сондай-ақ жаңбыр суларын жинау және қайта пайдалану шешімдерін енгізу мүмкіндіктерін қарастыруға дайын екендерін білдірді.Тараптар Kazakh Invest-тің үйлестіруімен өзара іс-қимылды жалғастыруға келісті. Атап айтқанда, инвестициялық ұсыныс әзірлеу, Қазақстан өңірлеріндегі логистикалық және өндірістік мүмкіндіктерді талдау, сондай-ақ компания өкілдерінің Қазақстанға сапарын ұйымдастыру арқылы ықтимал өндірістік алаңдарды зерделеу жоспарлануда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/1011114?lang=kk