Enbekshi QazaQ

Әлем

Бесқарағай ауданының тұрғыны, 93 жастағы тыл ардагерін құттықтау. 28.05.2025
Аудандық білім бөлімінің басшысы М.Кәдірбеков Жеңістің 80 жылдығына орай, Бесқарағай ауданының тұрғыны, 93 жастағы тыл ардагері Фатеева Нина Васильевнаны құттықтады. Фатеевна Нина Васильевна — тыл ардагері, яғни Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде майдан шебінен тыс, ел ішінде еңбек етіп, Жеңіске үлес қосқан азаматша. Мұндай ардагерлер майдандағы жауынгерлерге азық-түлік, киім-кешек, қару-жарақ және басқа да қажеттіліктерді дайындап, тылда аянбай еңбек еткен. Олар соғыс жылдарындағы қиындықтарға төзіп, бейбітшілік жолында үлкен үлес қосты.Бүгінде біз Нина Васильевнаға және сол замандағы барлық ардагерлерге шексіз алғысымызды білдіреміз. Сіздің төзімділігіңіз, еңбегіңіз, отансүйгіштігіңіз — біз үшін үлкен мақтаныш пен үлгі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragay-roo/press/news/details/998558?lang=kk
Қызылордада пробация есебіндегі жастар мұз айдынында демалды 22.05.2025
Бүгін Қызылорда қаласында пробация есебінде тұрған жастар үшін ерекше іс-шара ұйымдастырылды. Шараны облыстық жастар ресурстық орталығы, пробация қызметі және облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы бірлесіп өткізді. Аталған шара аясында жастар қалалық мұз айдынына барып, коньки теуіп, көңіл сергітіп қайтты. Іс-шараның басты мақсаты – есептегі жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып, оларды салауатты өмір салтына баулу, қоғамға бейімделулеріне ықпал ету. Бұл – олардың өмірлік ұстанымдарын қалыптастырып, оң өзгерістерге бет бұруларына бағытталған игі қадамдардың бірі.Мұз айдынында өткен көңілді әрі белсенді демалыс жастардың бір-бірімен жақын танысып, ашық ортада еркін араласуына мүмкіндік берді. Осындай бастамалар пробация есебіндегі азаматтарды қоғамнан оқшауламай, керісінше, жаңа өмірге бейімделуіне, өз-өзіне деген сенімді арттыруына сеп болатыны сөзсіз. — Бүгін мұз айдынына барып, ерекше әсер алдық. Коньки теуіп, сергіп қайттық. Бұл шара маған өте ұнады. Осындай сәттер өмірге деген қызығушылық пен сенімді арттырады. Жалпы, пробация қызметі ұйымдастыратын іс-шараларға үнемі белсене қатысуға тырысамын. Бұл – қоғаммен етене араласуға, жаңа ортаға үйренуге берілген тамаша мүмкіндік. Осындай қолдау білдіріп жүрген барша мамандарға алғысымды айтамын, – дейді шараға қатысқан есептегі азамат. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын тауып, жастардың әлеуметтенуіне, өмірге жаңаша көзқараспен қарауына серпін бермек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duiskzl/press/news/details/998506?lang=kk
Жалған келісімшарттар мен ақшаны жылыстату: Шымкентте университеттегі ақша жымқыру схемасы әшкереленді 22.05.2025
Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіндеаса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру және қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп-тексеруді аяқтады.Күдіктілер қатарында ректордың міндетін атқарушы, қаржы және әкімшілік департаменттердің директорлары, сондай-ақ серіктес ұйымдардың басшылары бар.Тергеу нәтижесінде университет қызмет көрсету, құрылыс-монтаж жұмыстары мен тауар жеткізуге қатысты жалпы сомасы 256 млн теңгені құрайтын жалған келісімшарттар жасағаны анықталды.Аталған жұмыстар іс жүзінде орындалмаған. Бюджет қаржысы жалған актілер негізінде байланысы бар компаниялардың шоттарына аударылып, кейін қолма-қол ақшаға айналдырылғанҚылмыстық жолмен алынған кірістерге күдіктілер 6 қымбат көлік (Mercedes-Benz S-класс, Lexus LX570 және т.б.) пен Шымкент қаласының орталығынан құны 254 млн теңге болатын элиталық коттедж сатып алған.Оларға сот санкциясымен тыйым салынды.4 күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды.Қылмыстық іс сотқа жолданды. ҚР ҚМА Баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm-aktobe/press/news/details/998508?lang=kk
Маңғыстау облысында 800-ден аса жас сарбаз Отанға адал қызмет етуге ант берді 22.05.2025
Теңіз жаяу әскері бригадасының саптық алаңына әскери бөлімдердің командирлері, Қарулы күштердің ардагерлері, ауған соғысының жауынгерлері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері және екі мыңнан астам сарбаздың ата-аналары мен жақындары жиналды.Іс-шара Жауынгерлік тудың шығарылуы және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранының орындалуымен ашылды.– Бүгін біз үшін ерекше күн. Өңірлік қолбасшылықтың әскери бөлімдерінде ант қабылдау рәсімі өтіп жатыр. Бұл – Қарулы күштерге қабылданған әрбір азаматтың қасиетті серті. Бұл күн сіздердің жадыларыңызда мәңгі сақталады деп сенемін. Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, әскери қызметте сәттілік тілеймін, – деді «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Бауыржан Артықов.Ант қабылдағаннан кейін сарбаздар қызметтің келесі кезеңіне – кіші мамандарды дайындау бағдарламасы бойынша қарқынды жауынгерлік оқуға кіріседі. Алты айдан соң олар артиллерист, танкист, байланысшы, атқыш сынды әскери мамандықтарды меңгеріп, тәжірибелі жауынгерлердің қатарына қосылады. Жас сарбаздар Қазақстанның тоғыз өңірінен шақыртылған.Ата-аналардың ұлдарымен кездесуі ерекше әсерлі болды. Жас сарбаздың анасы Фарида Жанова өз қуанышымен бөлісті:– Мен Оралдан келдім, ұлымды қатты сағындым – бір ай көрмедік. Ол есейіп, шымыр болыпты. Командирлерге үлкен алғыс айтамын. Балаларымыз антына адал болып, қызметтерін абыроймен атқарсын, – деді ол.Ресми бөлім аяқталған соң жас сарбаздар саптық дайындық, қоян-қолтық ұрыстан, көзді жұмып автоматты бөлшектеп-жинаудан машықтарын көрсетті. Барлау бөлімшелері тұтқындарды босату, қару қолдану және жақын ұрыстағы шеберліктерін паш етті.Қонақтарға әскери техника мен қару-жарақ көрмесі ұйымдастырылып, әскери бөлім командирлерімен кездесу өтті. Іс-шара соңында сарбаздар алғашқы сейілдемелерін алып, оны жақындарымен бірге өткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/998511?lang=kk
7-8 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша Республиқалық жасөспірімдер олимпиадасының облыстық кезеңі өтті 22.05.2025
2025 жылғы 29-30 сәуір аралығында Семей қаласында 7-8 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша Республиқалық жасөспірімдер олимпиадасының облыстық кезеңі өтті.⚡Олимпиадаға Бесқарағай ауданынан 7-8 сынып оқушылары арасында 11 оқушы қатысты. Қорытынды нәтиже бойынша :📒Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі🥈- орын Кайрбекова Камила «Сосновка орта мектебі» КММ 7 сынып оқушысы📕Қазақ тілі мен әдебиет🥉- орын Құсман Акерке «Беген орта мектебі» КММ 7 сынып оқушысы📗Қазақ тілі мен әдебиет🥉- орын Секерхан Данияр «Қайрат Рысқұлбеков атындағы орта мектебі» КММ 8 сынып оқушы📙Биология🥉- орын Бахтиярова Гүлім «Өндіріс орта мектебі» КММ 7 сынып оқушысы🥉- орын Қайрболат Айшуақ «Беген орта мектебі» КММ 8 сынып оқушысы 📙География🥉- орын Қазымбек Бақтілек " Семияр орта мектебі"КММ 7 сынып оқушысыЖүлделі орындармен құттықтаймыз!!!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragay-roo/press/news/details/998497?lang=kk
Тіл мерекесі – ұлт бірлігінің айғағы 22.05.2025
Алатау қаласында «Тіл – татулық тірегі» атты қалалық фестиваль өтті2025 жылғы 16 мамырда Алатау қаласының №7 орта мектебінде Алматы облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Тіл – татулық тірегі» атты қалалық фестиваль өтті. Мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, этносаралық татулықты нығайту және ұлт бірлігін арттыру.Іс-шара киіз үймен әрленген алаңда басталды. Домбыраның күмбірі мен ұлттық бидің әсем өрнегімен қарсы алынған қонақтар фестивальдің рухын ерекше сезінді. Бірінші қабатта фольклорлық бұрыш ашылып, екінші қабатта оқушылардың тіл туралы шығармашылық жұмыстары мен көрмелері көпшілік назарына ұсынылды.Салтанатты бөлімде мемлекеттік тілді насихаттауға үлес қосқан азаматтар марапатталды. Қала әкімінің орынбасары Гүлбану Сейткенқызы Несіпбаеваның қатысуымен «Тіл майталманы», «Тілге жанашыр кәсіпкер», «Үздік оқытушы» және басқа да аталымдар бойынша алты адам марапат иегері атанды.Фестиваль аясында түрлі этнос өкілдері қазақ тілінде жүрекжарды өлең жолдарын арнап, ұлттық бірліктің үлгісін көрсетті. Шара соңында шығармашылық ұжымдар мен өнерпаздардың қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылды.Мемлекеттік тілді ұлықтаған бұл фестиваль – бірлік пен берекені ту еткен елдің рухани айнасына айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-alatau/press/news/details/998498?lang=kk
2025 жылдың 15 мамыр күні Бөрлі аудандық мәслихатының кезекті XXVII сессиясы мәслихат төрағасы К.Ермекбаевтың төрағалығымен өтті. 22.05.2025
2025 жылдың 15 мамыр күні Бөрлі аудандық мәслихатының кезекті XXVII сессиясы мәслихат төрағасы К.Ермекбаевтың төрағалығымен өтті. Сессия отырысына аудан әкімінің орынбасары Д.Имашев, облыстық мәслихат депутаттары А.Агаев,Ж.Курманкулов, бөлім басшылары,қала және ауылдық округ әкімдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Сессияның күн тәртібінде "2024 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы" мәселесі бойынша аудан әкімінің орынбасары Д. Имашев баяндама жасады. Аталған мәселе бойынша мәслихаттың тұрақты комиссиясының қорытындысымен депутат М.Дияров таныстырды. Аудан,қала және ауылдық округтердің 2024 жылға арналған бюджеттерінің шешім жобалары  бір ауыздан қабылданды. Келесі ҚР "Мемлекеттік жастар саясаты туралы" Заңының орындалу жөнінде мәселесі бойынша жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы КММ басшысы Т.Хадышева, "Бөрлі ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімінің жұмыс барысы мен атқарылған жұмыстар туралы" бөлім басшысы А.Есбулатовтың баяндамалары тыңдалып қаралды. Сонымен қатар "Бөрлі ауданы жолаушыларының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте ( таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы" бірлескен қаулы және шешім қабылданды. "Бөрлі ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссия құрамын бекіту туралы" аудан әкімдігі ұйымдастыру- бақылау жұмысы және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің бас инспекторы Ж.Жумашева, "Аумақтық (аудандық), округтік,учаскелік сайлау комиссияларына қосымша сайлау туралы" мәселе бойынша аудандық мәслихаттың ұйымдастыру бөлімінің басшысы Л.Букушева баяндады. Сессия соңында аудан әкімінің орынбасары Д.Имашев сөз алып, бүгінгі қаралған мәселелердің маңыздылығына тоқталды. Сессия отырысы Facebook әлеуметтік платформасы арқылы тікелей эфирде өтті.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/burlin-maslihat/press/news/details/998451?lang=kk
Мектеп басшыларымен кездесу 22.05.2025
02 мамыр күні Бесқарағай ауылына жол түсіп, мектеп басшыларымен кездестім. Кездесу барысында мектептердің лицензия алу бағытында жүргізіп жатқан жұмыстарымен таныстым. Лицензия алуға кедергі келтіріп тұрған мәселелер мен оны шешу жолдары талқыланды. Көтерілген мәселе өте өзекті және жедел шешімді қажет етеді. Сондықтан білім беру мекемелері және @beskaragai_bilim_bolimi білім бөлімі тарапынан істелетін жұмыстар мен қолдау шаралары нақтыланды.Осы бағытта Департамент @dokso_abai тарапынан әдістемелік көмек үздіксіз көрсетіліп отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragay-roo/press/news/details/998460?lang=kk
«Жас қаламгер» 22.05.2025
2025 жылдың 2 мамыр күні «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасының республикалық кезеңінде «Жас қаламгер» бағыты бойынша Башкөл негізгі мектебінің оқушысы Еменова Еркеназ 2 орынға ие болды. Жетекшісі Жанна Асылбековна Казанбаева қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі.Жүлделі орынмен құттықтаймыз! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragay-roo/press/news/details/998425?lang=kk
Мемлекеттік кірістер органдарының жаңа жұмыс кестесі 22.05.2025
     Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 26 мамырдан бастап жаңа жұмыс режимі туралы хабарлайды.     Жаңа жұмыс кестесі «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Еңбек ережесінің қағидаларына» сәйкес барлық аумақтық Комитеттің бөлімшелері (кезекші және кеден посттары, бақылау-өткізу пункттерін қоспағанда), келесі жұмыс режимі белгіленеді: 8:30-дан 18:00-ге дейін, түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1001189?lang=kk
150-ге жуық білім беру нысаны ашылды 22.05.2025
Қазақстанда жыл басынан бері 150-ге жуық білім беру нысаны ашылды✔ Қазақстанда білім беру инфрақұрылымын жаңғырту қарқынды жүргізілуде. 2025 жылдың басынан бері елімізде мектепке дейінгі, орта, арнайы, инклюзивті және қосымша білім беру салаларында 150-ге жуық жаңа нысан пайдалануға берілді.📊 Тек мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу жүйесінде соңғы төрт айда 126 ұйым пайдалануға беріліп, шамамен 8,5 мың жаңа орын ашылды. Ал балабақшаға бармайтын балалардың ата-аналарына арналған кеңес беру пункттерінің саны 4 100-ге жетті. Мұнда ата-аналарға баланы үй жағдайында тәрбиелеу және дамыту бойынша әдістемелік көмек көрсетіледі.🏗 Бүгінде өңірлерде 267 мың оқушы орнына арналған 232 жаңа мектептің құрылысы жүріп жатыр. Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарында жаңа форматтағы үш мектеп ашылды.✍🏻 Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 23 мектепте реновация жұмыстары басталды. Бұл жұмыстарға ғимарат қасбеттерін жаңарту, шатырлар мен терезелерді ауыстыру, су және электр жүйелерін жаңғырту, сондай-ақ мектеп аумағын абаттандыру кіреді. Жалпы, 2027 жылдың соңына дейін ұлттық реновация бағдарламасы аясында 1 231 мектеп жаңартылады деп жоспарлануда.🔹 Инклюзивті және арнайы білім беру саласында үш жаңа мекеме ашылды. Соның ішінде Ұлытау облысындағы аутизм орталығының іске қосылуына байланысты арнайы мекемелер саны 496-дан 504-ке жетті. Сонымен қатар, жалпы білім беретін мектептер жанынан ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған 121 қолдау кабинеті ашылды. Қазіргі таңда еліміздегі мектептердің 90 пайызы инклюзивті білім беруге қажетті жағдайлармен жабдықталған.📍 Ірі жобалар қатарында – Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында, сондай-ақ Алматы мен Шымкент қалаларында ашылған алты қосымша білім беру нысаны бар. Ал маусым айында Ақтөбе және Жетісу облыстарында екі заманауи балаларды сауықтыру орталығы іске қосыладыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragay-roo/press/news/details/998438?lang=kk
2025 жылдың 15 мамыр күні Бөрлі аудандық мәслихатының тұрақты комиссия отырысы М.Дияровтың төрағалығымен өтті. 22.05.2025
2025 жылдың 15 мамыр күні Бөрлі аудандық мәслихатының тұрақты комиссия отырысы М.Дияровтың төрағалығымен өтті. Комиссия отырысына аудан әкімінің орынбасары Д.Имашев, облыстық мәслихатының депутаты Ж.Курманкулов,бөлім басшылары, қала және ауылдық округ әкімдері қатысты. Тұрақты комиссияның бірлескен отырысының күн тәртібіне келесі сұрақтар ұсынылды:2024 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы.Бөрлі ауданының Ақсай қаласы және  ауылдық округтердің 2024 жылға арналған бюджеттерінің атқарылуы туралы.Бөрлі ауданы жолаушыларының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы. Аумақтык (аудандық), округтік, учаскелік сайлау комиссияларына қосымша сайлау туралы Комиссия отырысының күн тәртібіндегі сұрақтар толық тыңдалып, сессияның күн тәртібіне шығарылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/burlin-maslihat/press/news/details/998414?lang=kk
🔔 2024-2025 оқу жылы аяқталуда 22.05.2025
📚 Дәстүрлі түрде 34 аптаға созылатын оқу жылы аяқталуға жақын. Еліміз бойынша биылғы оқу жылын 3,9 миллионнан астам оқушы қорытындылайды. Екі жүз он жеті мыңнан астам он бірінші сынып оқушысы мектеп бітіреді.🏫 Өткен жылдағыдай, соңғы оқу күні — 23 мамырда еліміздің барлық мектептерінде «Білімім — Отаныма» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өтеді. Бұл — бүкіл білім беру жүйесі үшін маңызды шара, оқушылар мен ұстаздар оқу жылын қорытындылап, ең маңызды әрі қызықты сәттерді бірге еске алады.🇰🇿 Бірыңғай сынып сағаты оқушылардың бойында білімге ұмтылыс, патриотизм және еңбекқорлық сияқты қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған. Балалардың оқудағы әрбір жетістігі — болашағымыздың іргетасын берік етіп қалаудың негізі.📆 Биылғы оқу жылының ресми аяқталуы жексенбі күнімен сәйкес келгендіктен, 11-сынып түлектері үшін салтанатты шара мектеп әкімшілігінің шешімімен 23-ші немесе 24-ші мамырда өткізіледі.❗ Сондай-ақ, барлық оқушылар үшін тең жағдай мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мектеп форматынан тыс, сән-салтанатты іс-шаралар ұйымдастыру, ақша жинау, автокөлікпен шеруге шығу және басқа да мерекелеу түрлеріне жол берілмейтінін тағы да еске саламызАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragay-roo/press/news/details/998393?lang=kk
Балалардың қауіпсіздігі: Жетісу құтқарушылары балаларға төтенше жағдайда әрекет етуді үйретті 22.05.2025
Жетісу облысы төтенше жағдайлар қызметінің басты басымдығы. Жуырда «Viking» туристік базасында облыстық ТЖД қызметкерлері мен Текелі қаласының прокуратурасы әлеуметтік осал санаттағы отбасылардан шыққан балалар мен ата-аналар үшін көшпелі тәжірибелік сабақ өткізді. Іс-шара прокуратура органдарының бастамасымен өтіп жатқан республикалық «Бақытты әрі қауіпсіз балалық шақ» акциясы аясында өткізілді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай сабақтар судағы және даладағы жазатайым оқиғаларды азайтуға септігін тигізеді.Нұсқаушылар су жағасындағы қауіпсіздік ережелерін еске салды: бейтаныс жерде неге сүңгуге болмайтынын, судың тереңдігін қалай анықтау керектігін және досың суға батып бара жатса, не істеу керектігін түсіндірді. Құтқару шеңбері, «мысық» арқан-тасушы және жилеттерді қолдану әдістері көрсетіліп, балалармен бірден тәжірибелік бөлімге өтті — олар шартты зардап шеккен адамды жағаға шығарып, манекенде алғашқы көмек көрсетуді үйренді.Сабақтың екінші бөлімінде құтқарушылар жазғы өрттер қаупі туралы айтып берді. Көрсетілім барысында бір ұшқыннан дала өрті қалай тұтанатыны түсіндірілді. Ал құтқару қызметінің бірыңғай нөмірі — 112 — әр бала жаттап алуы тиіс маңызды ақпарат ретінде атап өтілді. Бір жарым сағатқа созылған интерактив соңында 52 қатысушының барлығы қауіпсіздік ережелері мен шұғыл қызметтердің байланыс нөмірлері жазылған жарқын жадынама алды.Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhetisu/press/news/details/998398?lang=kk
"Дала қырандағы" республикалық турнирі аясындағы Niyazbekov Ligasy 22.05.2025
Астана қаласында өткен CHEMPIONDAR LIGALARY Еркін күрестен жасөспірімдер арасындағы "Дала қырандағы" республикалық турнирі аясындағы Niyazbekov Ligasy-ның 1-турында:Тілеуқабақ Ұлан 2- орын, Нұржан Нұрым 3-орын, 3-орын Оразғалиев Омар, 3-орын Тоқболатов Нұрәмір жеңіп алды. Жаттықтырушы Тоқанов А.М. Құттықтаймыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragay-roo/press/news/details/998375?lang=kk
Республикалық «ProEco» экологиялық жобалар байқауы 21.05.2025
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» РҒПО а.ж. 29-30 сәуір аралығында Астана қаласында 5-8 сынып оқушыларына арналған Республикалық «ProEco» экологиялық жобалар байқауы өткізді.⚡Байқау қорытындысы бойынша:I, II, III дәрежелі дипломдарымен және сертификаттармен марапатталды. Оның ішінде «Туған өлке табиғаты» номинациясы бойынша ІІІ дәрежелі дипломға – Рамазанова Айзере «Башкөл негізгі мектебі» КММ 5 –сынып оқушысы ие болды.«Мені қоршаған әлем-ғажайып әлем» номинациясы бойынша Ленгард Виктория «Малая-Владимировка орта мектебі» КММ 7 –сынып оқушысы сертификатпен марапатталды.Жеңімпаздарды құттықтаймыз!!!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragay-roo/press/news/details/998349?lang=kk
1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесі құтты болсын! 21.05.2025
Туған Отанымыз – Қазақстанды гүлдендіріп, тұрақтылық пен бейбітшілік мекеніне айналдыру үшін зор денсаулық, таусылмас күш-қуат, мол бақыт, еңбегіңізге жеміс, ұзақ ғұмыр, шаңырағыңызға шаттық, құт-береке тілейміз.Халқымыздың ынтымағы мен ауызбірлігі нығая түсіп, республикамыздағы ұлтаралық татулық әрдайым берік болсын, достық, бірлік мәңгі жасай берсін!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragay-roo/press/news/details/998359?lang=kk
Қазақстаннның құрметті құрылысшысы Абдуов Асылбек Сұлтанұлын еске алуға арналған турнир өтті 21.05.2025
Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың қатысуымен Қазақстанның Құрметті құрылысшысы, Мемлекеттік қызмет саласының үздігі Абдуов Асылбек Сұлтанұлын еске алуға арналған аудандық турнирдің ашылу салтанаты өтті. Салтанатты шараға аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев, облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергенов, Асылбек Сұлтанұлының бауыры Талапбек Абдуов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Біржан Хасанғалиев, зиялы қауым өкілдері, ағайын-туыстары қатысты.Аудан басшысы ел үшін еңбек еткен тұлғаның өмір жолына тоқталып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.– Аудан экономикасының дамуына, тұрмысының жақсаруына адал еңбегімен үлес қосқан нар тұлғалы азаматтың бірі – Абдуов Асылбек Сұлтанұлы. Асылбек Сұлтанұлы 1961 жыл Тереңөзек кентінде дүниеге келген. Осы өлкеде орта білім алып, болашақ өмірін құрылыс саласымен байланыстырған. Еңбек жолын Тереңөзек «ХРСУ» мекемесінде бастап, Сырдария аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімің басшысы болып абыройды қызмет етті. «Жақсы ісімен мың жасайды» дегендей, бар білімін, күш-жігерін елге жұмсаған Асылбек Сұлтанұлының есімі мәңгі ұмытылмайды. Бүгін спорт додасына қатысушылар өз шеберліктерін ортаға салып, жақсы өнер көрсетеді деп сенемін, - деді Берік Әбдіғаппарұлы.Спорттық іс-шараның ашылуында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев, Асылбек Сұлтанұлының бауыры Талапбек Абдуов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Біржан Хасанғалиев сөз сөйлеп естеліктерімен бөлісті.Спорт додасы арқан тарту, үстел теннисі және садақ ату спорт түрлерінен өтті. Турнирге 8 команда 50-ден аса мекеме қызметкерлері қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/998336?lang=kk
I Халықаралық «MONOFEST» моноспектакльдер фестивалі 21.05.2025
Бір актердің театры: Қостанайда I Халықаралық «MONOFEST» моноспектакльдер фестивалі өз мәресіне жетті.2025 жылғы 13-18 мамыр аралығында Қостанайда алғаш рет «MONOFEST» халықаралық моноспектакльдер фестивалі өтті, бұл оқиға тек өңір үшін ғана емес, Қазақстанның барлық театр қоғамдастығы үшін де маңызды мәдени құбылыс болды.Фестиваль Қостанай сахнасында әлемнің сегіз елінен: Чехия, Израиль, Черногория, Қырғызстан, Қазақстан, Германия, Әзірбайжан және Армениядан келген моноөнер шеберлерін біріктірді. Алты күн ішінде көрермендер сегіз спектакль көрді, олардың әрқайсысы өзінің камералық және терең жеке түріндегі жоғары өнерге – бір актер театрына қол жеткізудің ерекше мүмкіндігі болды.Фестивальдің басты мақсаты Қазақстанға монотеатр әлемін ашу болатын. «MONOFEST» ұйымдастырушылары өз алдарына өршіл міндеттер қойды: көрермендерді әлемдік моноспектакльдің үздік үлгілерімен таныстырып қана қоймай, шығармашылық алмасу, кәсіби диалог және мәдени шекараларды кеңейту үшін платформа құру. Қазақстанда монотеатр жанрын дамыту – фестивальдің тағы бір маңызды миссиясы болып табылды.Фестивальдің әр қатысушы, актер, режиссер, сыншы немесе көрермен болсын, үлкен халықаралық мәдени оқиғаның бір бөлігіне айналатын қарым-қатынас, диалог және өзара түсіністік кеңістігі.Фестиваль тек премьералар мен гастрольдер үшін ғана емес, сонымен қатар кәсіби қарым-қатынас, жаңа шығармашылық байланыстар, әдістер мен тәсілдермен алмасу алаңына айналуға уәде береді. Бұл Қазақстанның жақын және алыс шет елдермен гуманитарлық байланыстарын нығайтудағы маңызды қадам, сондай-ақ өңірлік мәдени саясатты дамытуға қосылған елеулі үлес.2025 жылы 18 мамырда фестиваль салтанатты түрде жабылды. Барлық қатысушылар фестиваль лауреаты дипломдармен марапатталды және естелік «Тобыл ойшылы» мүсіні тапсырылды.Қостанай облыстық орыс драма театры «За режиссерскую концепцию» «For the directing concept» (режиссер Евгения Тикиджи-Хамбурьян) дпломымен және «За актерскую перспективность» дипломымен / «For acting perspects» (актер Руслан Бушинский) наградталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-madeniet/press/news/details/998340?lang=kk
Алматы облысының жағажайларына жасанды интеллектпен жабдықталған камералар орнатылды 21.05.2025
Алматы облысында жазғы туристік маусымға дайындық аяқталуға жақын. Биылғы жылы ерекше назар — демалушылардың қауіпсіздігі мен цифрлық технологияларға аударылып отыр.Акиматтың мәліметінше, өңірде 120 ресми жағажай жабдықталған. Барлық демалыс аймақтары тұрақты бақылауда болады — құтқарушылар кезекшілік етеді, хабарлау жүйелері жұмыс істейді және алғаш рет жасанды интеллектпен жабдықталған бейнебақылау камералары орнатылды. Бұл құрылғылар қауіпті әрекеттерді анықтай алады: мысалы, адам қалқымалардың ар жағына жүзіп кетсе немесе суда тұрақсыз күйде болса.Камералардан келіп түсетін барлық мәліметтер нақты уақытта облыстық ТЖД-ның Жедел әрекет ету орталығына жеткізіледі. Бұл жағдайларға жедел әрекет етуге және жалпы қауіпсіздік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.Алматы облысы туризм басқармасының басшысы Қуаныш Мирамбекұлының айтуынша: «Тек өткен жылдың өзінде Қонаев қаласы мен оның маңын бір жарым миллионнан астам турист келді. Биыл бұл көрсеткіш екі миллионнан кем болмайды деп күтіп отырмыз. Біз туристік инфрақұрылымды дамытып, цифрлық шешімдерді енгізіп жатырмыз. Демалыс жайлы әрі қауіпсіз болуы үшін барлық жағдай жасалуда».Қапшағай су қоймасы өңірдегі басты демалыс орындарының қатарында қала бермек — енді мұнда заманауи қауіпсіздік жүйелері мен сапалы қызмет ұсынылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/998308?lang=kk