Әлем
2025 жылғы 10 мамыр күні Қарағайлы шағын ауданында 320 орындық балабақшаның ірге тасы қаланды. 18.05.2025
2025 жылғы 10 мамыр күні Қарағайлы шағын ауданында 320 орындық балабақшаның ірге тасы қаланды. Іс шараға Абай облысының әкімі Берік Уәлиұлы қатысып, капсула салу рәсімін жасау үшін, білім саласының ардагері Стамбеков Жұмағазы Диярұлы, «Ұлы дала» балабақшасының тәрбиешісі, педагог -сарапшы «Ертегілер арқылы балалардың тілін дамыту», «Ойлан тап» бағдарламасының авторы, «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогы - 2024» байқауының жеңімпазы; 2025 жылғы Республикалық «Бақытты балалық шақ» байқауының жүлдегері Санабекова Талшын Сержанқызы және «Алтын ұя Семей» ЖШС директоры Есмағамбетов Рауан Нүрпейісұлы шақырылды.Осы игі бастаманың сәтті жүзеге асып, тұрғындардың игілігіне қызмет етуіне тілектеспіз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-semey/press/news/details/992851?lang=kk
Қазақстанда оқушылардың қорытынды аттестациялау мерзімі анықталды 18.05.2025
Қазақстанда оқушылардың қорытынды аттестациялау мерзімі анықталды✍🏻 2024–2025 оқу жылының басталуы мен аяқталу мерзімі, сондай-ақ қорытынды аттестацияны өткізу тәртібі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығымен бекітілді.📆 9-сынып оқушылары үшін қорытынды емтихандар 2025 жылғы 29 мамыр мен 10 маусым аралығында өтеді. Олар міндетті пәндер бойынша төрт жазбаша емтиханнан тапсырады.📑 11-сынып түлектеріне арналған мемлекеттік емтихандар 2025 жылғы 30 мамыр мен 16 маусым аралығында өтеді. Оқушылар бес емтихан тапсырады, оның бірі ауызша түрде өткізіледі.📍 Негізгі және жалпы орта білім туралы аттестаттарды тапсыру салтанаты білім беру ұйымдарында 2025 жылғы 18-20 маусым аралығында өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-semey/press/news/details/992861?lang=kk
“Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл” мерекелік медалі 18.05.2025
Абай облысы білім басқармасының «Аягөз ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Азимбаев Нургали Тлеккалиевич және «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының «Абай облысының кәсіподақ ұйымы» қоғамдық бірлестігінің Аягөз аудандық комитеті» филиалының төрағасы Казангапова Дарига Муратовна «Тыл және еңбек ардагері» Березуцкая Анна Сергеевна Қазақстан Республикасы Президентінің “Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл” мерекелік медалімен марапаттады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ayagoz-roo/press/news/details/992943?lang=kk
Ұлы Жеңістің 80 жылдығы - 9 мамыр 18.05.2025
GOV.KZАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-kulynzhon/press/news/details/992948?lang=kk
Ұрпақ Жадындағы Ұлы Жеңіс 18.05.2025
Бүгін 9 мамыр – Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ауданда "Ер есімі – ел есінде" ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі өтті.Салтанатты шараға аудан әкімі Ардақ Ибраимов бастаған бір топ тыл және еңбек ардагерлері, аудандық мәслихат төрағасы мен мәслихат депутаттары, құқық қорғау орган басшылары, Ауған соғысының ардагерлері, "Невада–Семей" антиядролық қозғалысына қатысқан ардагерлер, жастар және аудан тұрғындары қатысты.Жиналған қауым сұрапыл соғыста ерлікпен қаза тапқан боздақтар рухына тағзым етіп, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.Шара барысында алдымен Ұлы Жеңіс жолында құрбан болған батырларды бір минут үнсіздікпен еске алып, Құран бағышталды.Ресми деректерге сүйенсек, ауданнан Ұлы Отан соғысына 2316 азамат аттанған. Олардың 695-і ғана елге аман-есен оралып, 1621 жауынгер майдан даласында ерлікпен қаза тапты. Сүйектері жат жерде қалса да, олардың есімі ел жадында мәңгілік сақталады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhalagash/press/news/details/992971?lang=kk
Тұрғындар қауіпсіздігі назардан тыс қалмайды 18.05.2025
«Тараз – қауіпсіз қала» жобасы аясында Жамбыл облысының прокуроры Нұрғалым Әбдіров, қала әкімі Бақытжан Орынбеков және қала прокуроры Нұржан Боранбаевтың қатысуымен «Қаратау» (2) шағын ауданы, №39 жатақхананың аумағында көшпелі жиын өтті.Әуелі Нұрғалым Мәжитұлы осы басқосудың маңыздылығына тоқталды.– «Тараз – қауіпсіз қала» жобасы бүгінде өз тиімділігін көрсетіп келеді. Әрине, кемшіліктердің де бар екені жасырын емес. Әсіресе, халық көп қоныстанған шағын аудандарда бұл мәселе толығымен өз шешімін таппауда. Сондықтан осындай жиындарды жиірек ұйымдастырып қана қоймай, тұрғындар арасында да түсіндіру жұмыстарын күшейтуіміз қажет, – деді облыс прокуроры өз сөзінде.Басқосу барысында шаһар басшысы аталған жоба аясында жүзеге асырылып жатқан іс-шараларды тілге тиек етті.– Жылдың басында «Тараз – қауіпсіз қала» жобасын іске асыру іс-шаралар» жоспары бекітілген болатын. Жоспарға Тараз қаласының 1, 2, 5 шағын аудандары тұрғындарымен профилактикалық кездесу мен семинар өткізу және кездесу нәтижесі бойынша шара қабылдау тармағы енгізілген. Осы орайда, осы жылдың 24 қаңтарында №38 орта мектепте 1, 2, 5 шағын аудандары тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылды. Жүздесу барысында туындаған сауалдарға тұшымды жауаптар беріліп, нақты тапсырмалар жүктелді. Сондай-ақ шаһар аумағында қараусыз және иесіз жүрген иттерді аулау жұмыстары тұрақты жүргізіледі. Тағы бір айта кетерлігі, «Қаратау» (2) шағын ауданы, №39 «А» мекенжайында орналасқан ғимарат осы аумақтағы қараусыз нысанға жатады. Онда белгілі тұрағы жоқ адамдар жиналып, тұрғындарға қауіп төндіріп отырғандықтан аталған ғимараттан «Отбасын қолдау орталығын» ашу жоспарланып отыр, – деген Бақытжан Әмірбекұлы бұл бағыттағы жұмыстар үздіксіз жалғасатынын жеткізді.Жиынды қорытындылаған Нұрғалым Әбдірұлы облыс орталығындағы қылмыстың алдын алу мақсатында учаскелік полиция инспекторлары тарапынан күнделікті бақылауды күшейту керектігін баса айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/993102?lang=kk
8 мамырда Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі толеранттылықты қалыптастыру мақсатында №17 негізгі орта мектебінің қызметкерлерімен кездесу өткізді. 18.05.2025
GOV.KZАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-osakarovka-sunkar/press/news/details/993210?lang=kk
Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Гүлназ Сүлейменова басқармаға қарасты 17 мекеменің жұмысымен танысты. 18.05.2025
Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Гүлназ Сүлейменова басқармаға қарасты 17 мекеменің жұмысымен танысты.Жұмыс сапары аясында3 мамандандырылған мектеп,2 колледж, балалар үйі қызметі зерделеніп, бос тұрған ғимараттары бар мектептер мен балабақшалардың жағдайы қаралды.Басқарма басшысының білім беру ұйымдарының қызметін бақылау және талдау бағытындағы жұмысы алдағы уақытта да жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-bilim/press/news/details/993242?lang=kk
ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ГҮЛ ШОҒЫН ҚОЮ РӘСІМІ ӨТТІ 18.05.2025
Ұрпақтың еске алуы мен құндылықтардың сабақтастығы - бұл жанқиярлықпен жеңiске жеткен майдангерлердiң алдындағы қасиеттi борышымыз.Ұлы Отан Соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы - Отан қорғаудағы өшпес ерлік пен өлшеусіз даңқтың, халқымыздың шексіз қаһармандығы мен қажыр-қайратын танытқан айтулы мереке. Бүгінгі ұрпақтың аталар сыйлаған бейбіт даму жолын одан әрі жалғастырып жатқан күні.Сарысу аудандық мәслихатының төрағасы Шаттық Мұсабеков пен мәслихат аппаратының қызметкерлері Жеңіс мерекесіне орай, ерлікпен құрбан болған жауынгерлердің құрметіне Жаңатас қаласындағы «Мәңгілік алау» ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.Құрбан болған батырлардың құрметіне бір минуттық үнсіздікпен еске алудан кейін, ескерткішке гүл шоқтары қойылды.Бейбіт өмір мен ұрпақтың бақытты болашағы үшін отқа түсіп, қайғы-қасірет шеккен, соның бәрін қайыспай жеңе білген ардагерлердің, тыл еңбеккерлерінің жанкешті ерлігі мен еңбегі жадымыздан ешқашан өшпек емес.Адалдық пен еліне деген жанқиярлықтың үлгісін көрсеткен қаһармандардың рухы алдында тағзым етеміз. Отан үшін от кешкен, туған жерді жанындай қорғай білген ардагерлеріміздің ерліктерін мақтан етеміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-sarysu/press/news/details/993312?lang=kk
ХИМИЯЛЫҚ ЗАТТАРМЕН УЛАНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ 18.05.2025
GOV.KZАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-karaganda/press/news/details/993327?lang=kk
Ардагерге тағзым қайырымдылық акциясы 18.05.2025
♦Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Қарабөгет ауылында тыл ардагерлеріне құрмет көрсету жалғасуда.Осыған орай ауыл жастары мен еріктілер Акпаева Джамал Конушбаевна тыл ардагерінің үйіне барып, ауланы тазалап, шаруашылық жұмыстарына көмек көрсетті.Мұндай шаралар – ардагерлерге деген құрметтің, алғыс пен қамқорлықтың нақты көрінісі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sarkan-karaboget/press/news/details/993388?lang=kk
ҚЫЗЫЛОРДАДА БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ- ИННОВАЦИЯЛЫҚ АКАДЕМИЯСЫ АШЫЛДЫ 18.05.2025
Қызылорда қаласында «Сыр жұлдыздары» балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық- инновациялық академиясының ашылу рәсімі өтті. Салтанатты шараға ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Парламент Мәжілісінің депутаттары Мұрат Әбенов, Мұрат Ергешбаев, Мархабат Жайымбетов және зиялы қауым өкілдері, ел ағалары арнайы қатысты. Аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы жұртшылықты жаңа нысанның ашылуымен құттықтап, білім саласында атқарылған жұмыстарға тоқталды.Шығармашылық-инновациялық академия бір мезетте 500 оқушы, тәулігіне 3 мың оқушыға дейін қабылдайды.Мұнда бассейн, топтық жаттығу бөлмесі, көркем гимнастика және фитнес залы орналасқан. Сондай-ақ үстел ойындарына арналған кабинет, жекпе-жек, үстел теннисі залдары бар. Барлық залда ұлдар мен қыздарға арналған жеке-жеке киім ауыстыру бөлмелері қарастырылған. Көркемдік-эстетикалық бағытта кескіндеме, сурет салу, резин арт бөлмесі, балалар шығармашылығы шеберханасы, сәндік-қолданбалы өнер, FabLab, дыбыс жазу студиясы, робототехника және жасанды интеллект, биотехнология, 3D модельдеу, КИП және автоматтандыру, киберспорт және математика кабинеттері жұмыс істейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-saulet/press/news/details/993578?lang=kk
ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕКЕСІНДЕ ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНДА «РУХАНИЯТ ОРТАЛЫҒЫ» АШЫЛДЫ 18.05.2025
Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерекесінде облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Қазалы ауданында «Руханият орталығы» ашылды. Оған Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев және облыстың зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары қатысты.Өздеріңізге белгілі, өңірімізде барлық 7 ауданда «Руханият орталықтары» салынды. Бұл жерде ұлтымыздың құндылықтары дәріптеліп, салт-дәстүрлеріміз кеңінен насихатталады. Бүгін өздеріңізбен бірге Қазалы ауданындағы «Руханият орталығын» ел игілігіне табыстаудамыз. Жаңа ғимараттағы бастамалар рухани қазынамызды толықтырып, халқымыздың өміріне қуаныш сыйласын!», – деді Н. Нәлібаев.Айта кетейік, «Руханият орталығының» ішінде неке қию залы, кітапхана, музей, архив, жастар сарайы, ардагерлер мен аналар үйі бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-saulet/press/news/details/993587?lang=kk
Әйет ауылдық округінің Денисов ауданы әкімінің кездесуі 18.05.2025
GOV.KZАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-denisov-aiet/press/news/details/993608?lang=kk
Үржар ауданы азаматтарын қабылдау мерзімі 18.05.2025
GOV.KZАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-abay/press/news/details/993625?lang=kk
ТҮРКІСТАНДЫҚ БАЛУАНДАР ТҮРКИЯДА ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ТОП ЖАРДЫ 18.05.2025
Түркияда 20 жасқа дейінгі балуандар арасында өткен “VICTORY CUP” халықаралық турнирі өз мәресіне жетті. Байрақты бәсекеде Қазақстанның намысын қорғаған спортшылар қатарында Түркістан облысының өрендері де ерекше көзге түсіп, ел қоржынына үш бірдей медаль салды.Атап айтқанда, 57 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Махдия Усманова тамаша шеберлік пен табандылық танытып, барлық қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, алтын медаль иеленді. Ал 76 келі салмақта бозкілемге шыққан Меруерт Назарбаева күміс жүлдеге қол жеткізсе, 59 келіде сынға түскен Балнұр Нұрлан қола жүлдені еншіледі.Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/993647?lang=kk
11 мамыр – Аналар күніне орай «Қызылорда қаласының тарихы» музейінде елге еңбегі сіңген ардақты аналарға арналған жылы жүздесу ұйымдастырылды 18.05.2025
Кештің басты кейіпкерлері – ардақты аналарымыз. Олардың бірі 14 құрсақ көтеріп, саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған батыр ана Сара Нұрабайқызы жуырда ғана Мемлекет басшысының Жарлығымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығы медалімен марапатталды. Кездесуде батыр ана соғыс жылдарындағы қиындықтарды еске алып, қазіргі ұрпақ тек бейбіт өмір сүрсе екен деген тілегін жеткізді.Есімі елге белгілі, үш дүркін «Алтын домбыра» иегері, айтыскер ақын Мұхтар Ниязовтың анасы Жұмагүл Оңғарбаева, ел мерейін асқақтатып жүрген белді балуан, 2022 жылғы «Қазақстан барысы», «Сыр барысы», «Алтын белбеу» иегері Мақсат Исағабыловтың анасы Роза Қуаңбаева ел мерейі үстем бола берсін деп тілек білдірді.Қазақстан Жазушылар одағының Қызылорда облысындағы өкілі, ақын, Қазақстанның Құрметті жазушысы атағының иегері Қаршыға Есімсейітова сұрапыл соғыста қаза болған майдангерлердің жесір әйелдер мен аналардың ерліктерін сөз етті. Еңбек ардагері, көпбалалы батыр ана, Социалистік Еңбек Ері Салима Жұмабекованың келіні Айжан Қалманова Салима анасының 11 баланы өзі өсіріп, тәрбиелегенін, егін егіп, ерен еңбек еткенін сөз етті. Осындай батыр ананың келіні болғанын мақтан етті.Сыр өңірінің белгілі ақыны, «Жан азабындағы Бақыт» атты жыр жинағы үшін Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері атанған Елубай Әуезовтың жары Гаухар Сүлейменова, күміс алқа иегері Қаншай Әбдіраман барлық аналарға құттықтау лебіздерін білдірді.Ақ бата, жүрекжарды лебіздер мен ән-шашуға толы күн аналарға деген құрмет пен ризашылықтың жарқын көрінісі болды. Ардақты аналарға алғыс айтылып, қала әкімінің атынан сый-сияпат көрсетілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-sayasat/press/news/details/993690?lang=kk
9 мамыр Ұлы Отан соғысы Жеңістің 80 жылдығы 18.05.2025
9 мамыр Ұлы Отан соғысы Жеңістің 80 жылдығына орай, соғыста қаза тапқан жауынгерлерімізді минуттық үнсіздікпен еске алып, ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Игілік ауылдық округінің әкімі Ж. Жанайдаров Ұлы Жеңіске 80 жыл толуымен ауыл тұрғындарын құттықтап, мерекелік бағдарламамен жалғасын тапты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-sarysu-igilik/press/news/details/993714?lang=kk
АШЫҚ ЕСІК КҮНІНДЕ ЖҮЗДЕГЕН ТҰРҒЫН ТЕКСЕРУДЕН ӨТТІ 18.05.2025
12 сәуір күні сағат 08:00-13:00 аралығында аймағымыздағы барлық емханалар мен стационарлардың кеңес беру бөлімдерінде тұрғындарға көрсетiлетiн медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында "Ашық есік" күні жалғасын тапты. "Ашық есік" күнінде тұрғындар скринингтiк, профилактикалық, флюорографиялық тексерулерден өтiп, көрсетілім бойынша күндiзгi және тәуліктік стационарға жолданды. Сонымен қатар мiндеттi профилактикалық екпе жұмыстары да жүргізілдi.Сондай-ақ, алыс-шалғай елді мекендердегі сақтандырылмаған мәртебесi бар тұрғындарға да жылжымалы медициналық кешен қызметiмен қамтылды, яғни маммографиялық, ультрадыбыстық зерттеу түрлерінен тегін өтуге мүмкіндік берiлдi.Атап айтсақ, "Ашық есік" күнiнде 1134 тұрғын дәрігерге дейінгi және 603 адам скринингтiк тексеруден өтсе, 750 пациент тар буынды мамандармен қаралды. Сонымен қатар, 434 лабораториялық анализдер тексеруден өтсе, 942 диагностикалық тексерулер жасалынып, 94 тұрғын диспансерлiк бақылауға алынған. Одан бөлек 58 адам дәрi-дәрмекпен қамтылып, 4 адам стационарлық көмекке жолданды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-sayasat/press/news/details/993795?lang=kk
⚜️blрғыз ауданы тұрғындары назарына! Ағымдағы жылдың 21-30 мамыр аралығында Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік қайтарымсыз грантқа << 18.05.2025
GOV.KZАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-irgiz-irgiz/press/news/details/993808?lang=kk