Enbekshi QazaQ

Әлем

11 мамыр - Аналар күні 18.05.2025
11 мамыр - Аналар күні. Бұл мереке 2023 жылдан бастап мамырдың екінші жексенбісінде атап өтіледі. Мерекені насихаттау мақсатында Семей қаласының мектептерінде бірқатар іс-шаралар өткізілді, онда қатысушылар әлеуметтік желілерде аналары туралы әңгімелеп, ең жақын,қымбат адаммен байланысты жылы естеліктермен бөлісті. Сурет байқаулары, сынып сағаттары, сыныптан тыс іс — шаралар өткізілді, балалар өлең оқып, ән айтып, би биледі, естеліктерімен және алғыс сөздерімен бөлісті-балалардың әрбір жұмысы шынайы махаббатқа толы болды. Аналар күні-әлемнің көптеген елдерінде ана болуды құрметтеу, аналарға сүйіспеншілігі мен қамқорлығы үшін а лғыс айту үшін атап өтілетін маңызды мереке. Аналар күнін мерекелеу - аналар мәртебесін нығайтуға, ана болудың маңыздылығын және қазіргі қазақстандық қоғамдағы аналардың рөлін арттыруға, қазақ халқының тарихындағы аналардың рөлін дәріптеуге ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-semey/press/news/details/993812?lang=kk
ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментпен 2025 жылғы 17 сәуірде «Атамекен» ҰКП алаңында, Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің сектор меңгерушісінің төрағалығымен - «Атамекен» ҰКП директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары - А.З.Жанаев., Маңғыстау облысы әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс жөніндегі бөлім басшысы - А.Б.Закарин, Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі - Қ.А. Будайчиев қатысуымен, сондай-ақ қоғамдық белсенділер мен көтерме қоймалар өкілдері «дәріханалық нашақорлықта» кеңінен қолданылатын «Тропикамид», «Прегабалин», «Зопиклон» дәрілік препараттарын бақылаусыз сату мәселесі бойынша кеңес өткізілді. Тақырып шеңберінде күшті әсер ететін дәрілік препараттарды заңсыз өткізетін адамдарды әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселелері, сондай-ақ ДЗ осы санатының іске асырылуын бақылау жөніндегі шаралар талқыланды; туындаған сұрақтарға жауаптар берілді. 18.05.2025
GOV.KZАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-mangistau/press/news/details/993855?lang=kk
🔹ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДА ЕСІРТКІ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ, ПСИХОТРОПТЫҚ ЗАТТАР МЕН ПРЕКУРСОРЛАРДЫҢ АЙНАЛЫМЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ЛИЦЕНЗИЯ БЕРУ🔹 18.05.2025
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДА ЕСІРТКІ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ, ПСИХОТРОПТЫҚ ЗАТТАР МЕН ПРЕКУРСОРЛАРДЫҢ АЙНАЛЫМЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ЛИЦЕНЗИЯ БЕРУАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-mangistau/press/news/details/993857?lang=kk
Шағын футболдан турнир ұйымдастырылды 18.05.2025
Ағымдағы жылғы 3 мамыр күні Алматы облысының діни бірлестіктері арасында Қазақстан халқының бірлігі күніне орайластырылған шағын футбол бойынша турнир ұйымдастырылды.Алматы облысы Діни бірлестіктер көшбасшыларының клубы аясында өткен спорттық іс-шара исламдық, православтық, католиктік, баптистік және пресвитериандық діни сенімді ұстанушылардың басын қосты. Сайысқа әртүрлі дін өкілдерінен құралған жалпы саны 8 команда қатысты.Дінаралық татулық пен келісімді нығайтуға бағытталған тартысты ойын барысында қатысушылар достықтың ерекше үлгісін көрсете білді.Алматы облысы Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен өткен турнир нәтижесі бойынша өзгелерден басып озған жеңімпаз командаларға бағалы сыйлықтар, ал өзге қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары табысталды.Бұдан бөлек, іс-шара соңында турнир қатысушылары мерекелік дастарханда бас қосты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-din/press/news/details/993959?lang=kk
Ғибратты кездесу 18.05.2025
2025 жылғы 29 сәуірде Қостанай облысында тіл саясаты мен ғылым-білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланған мазмұнды кездесу өтті. Шараға зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, тіл мамандары мен өңірлік тілдерді оқыту орталықтарының әдіскер-оқытушылары қатысты.Кездесуді Қостанай облысының мәдениет басқармасының басшысы Құралбек Атамұратов жүргізіп, құрметті қонақ ретінде А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Анар Фазылжанова қатысып, тіл саласындағы маңызды ғылыми тұжырымдарымен бөлісті. Кездесуде қазақ тілінің ғылым, білім және БАҚ-тағы орны туралы кеңінен талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-madeniet/press/news/details/993997?lang=kk
Алматыда жылумен жабдықтау нысандарында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде 18.05.2025
Жылыту маусымының аяқталуымен Алматыда қазандықтарды жоспарлы жөндеу басталады. Бұл шаралар келесі қыста жабдықты дайындау үшін қажет және нормативтік талаптарға сәйкес қатаң түрде жүзеге асырылады.Жалпы, мамандардың айтуынша, Алматыда 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымы жылу шаруашылығын уақтылы дайындау және жүргізілген жөндеу жұмыстарының арқасында тұрақты өтті.«Алматытеплокоммунэнерго» ЖШС техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді ұйымдастыру қағидаларына сәйкес бекітілген кесте бойынша жөндеу жұмыстарына кіріседі. Осыған байланысты кейбір учаскелерде ыстық сумен жабдықтауды мәжбүрлі түрде ажырату жүргізіледі. Қазандықтарды тоқтату жылына бір реттен жиі емес жүзеге асырылады. Ірі нысандарда – «Орбита», «оңтүстік-шығыс», «оңтүстік» және «Ақкент» - басқа жылу желілеріне ауысу мүмкіндігі бар, бұл өшіруді болдырмайды. Алайда кейбір қазандықтарда ыстық су беруді уақытша тоқтату қажет:· «№2 емхана» қазандығы (Медеу ауданы): 12-16 мамыр· «Тех.лицей № 71» қазандығы (Түрксіб ауданы): 12-16 мамыр· «№85 мектеп» қазандығы (Түрксіб ауданы): 12-16 мамыр· «13-ші әскери қалашық» қазандығы (Түрксіб ауданы): 12 мамырдан 16 мамырға дейін· «Волочаевская, 381» қазандығы (Түрксіб ауданы): 19 мамырдан 23 мамырға дейін· «Сейфуллин №68Б» қазандығы (Түрксіб ауданы): 19 мамырдан 23 мамырға дейін· «Беспакова» қазандығы (Жетісу ауданы): 19 мамырдан 23 мамырға дейін· «Премьера» қазандығы (Наурызбай ауданы): 9-16 маусым· «Жас-Қанат» қазандығы (Түрксіб ауданы): 9-23 маусым· «Әуежай» қазандығы (Түрксіб ауданы): 9 маусымнан 3 шілдеге дейін· «Көкжиек» қазандығы (Жетісу ауданы): 21 шілдеден 8 тамызға дейінАйта кету керек, ағымдағы жылы 43 шағын қазандықты жөндеу жоспарланған, онда ыстық суды өшіру бір аптадан аспайды.Жөндеудің толық кестесімен atke.kz ресми сайттан танысуға болады«Алматыжылукоммунэнерго» ЖШС баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-almaly/press/news/details/994011?lang=kk
Бас консул Бірінші халықаралық парапланеризм фестиваліне қатысты 13.05.2025
2025 жылғы 10 мамырда Қазақстан Республикасының Самарқанд қ. Бас консулы Талғат Шәріпов Самарқанд облысының Үргіт ауданының тауларында өткен Қазақстан, Ресей, Беларусь, Франция, Ұлыбритания, Түркия және Тәжікстанды қоса алғанда 10 елден 70-тен астам спортшының қатысуымен өткен Бірінші халықаралық парапланеризм фестивалінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. Қазақстандық тарапн «Самұрық» жазғы мектебінің тәжірибелі парапланерлерімен таныстырылды. Мектеп қатысушылары парапланеризмде өз дағдыларын көрсетіп қана қоймай, мәдени бағдарламаға белсенді қатысып, шетелдік спортшылармен тәжірибе алмастыІс-шара Андак махалласында, парапланеризмге өте қолайлы, табиғаты әсем аймақта өтті. Фестиваль барысында 25 метрлік кәуап дайындалып, ұлттық ойындар, халық өнері көрмелері, концерттер және шеберлік сабақтары ұйымдастырылды. Бұл бастама өңірде экстремалды және оқиғалық туризмді дамытуға, халықаралық байланыстарды нығайтуға, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-samarkand/press/news/details/993978?lang=kk
Мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында мемлекеттік тілдің қолданылуына жүргізілген мониторинг нәтижесі 13.05.2025
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында мемлекеттік тілдің қолданылуына жүргізілген мониторинг нәтижелерін талқылау мақсатында семинар-кеңес өткізді.Бұл жұмыс Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының 27-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңның 8-бабына сәйкес жүргізілді.Мониторинг барысында 48 мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсы тексеріліп, 77 кемшілік анықталды. Соның ішінде:36 жағдайда – мемлекеттік тілдегі құжаттар мен ресми ақпарат толық жарияланбаған;37 жағдайда - мекеменің қызметі туралы ақпараттың толық болмауына қатысты.Семинар-кеңес барысында осы кемшіліктер талқыланып, оларды жою бойынша мемлекеттік органдарға нақты ұсыныстар берілді. Мемлекеттік тілдің қолданылуын арттыру бағытында тиісті шаралар жалғасады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-madeniet/press/news/details/993987?lang=kk
Қазақстан халқының этностық тілдерін үйретуге арналған «Ана тілі» оқулығының тұсаукесері өтті 13.05.2025
2025 жылдың 25 ақпанында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына және Халықаралық ана тілдері күніне орай Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен этностық тілдерді үйретуге арналған «Ана тілі» оқулығының салтанатты тұсаукесері өтті. Оқулық Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің, «Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының тапсырысы бойынша әзірленген.Іс-шараға мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары, жоғары оқу орындары мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері қатысты.Жиын барысында облыстағы тіл саясатының жүзеге асырылуы, этностардың ана тілдерін оқыту бағытындағы жұмыстар талқыланып, жаңа оқулықтың құрылымы мен ерекшеліктері таныстырылды.Этномәдени бірлестіктердің өкілдері ана тілдерін оқытуға қолдау көрсетіп отырған жергілікті атқарушы органдарға алғыс білдіріп, қазақ тілінің ел бірлігін нығайтудағы рөлін ерекше атап өтті.Армян, башқұрт, кәріс тілдерін үйретуге арналған «Ана тілі» оқулығы оқу үдерісінде қолдануға ұсынылды.Оқулық авторларына алғыс жарияланып, шара соңында Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармония әртістері концерттік бағдарлама ұсынды.Тіл – ұлттың рухани байлығы! Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мен этностардың ана тілдерін қолдау – еліміздегі ұлттар бірлігінің кепілі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-madeniet/press/news/details/993989?lang=kk
Қостанай облысында «Тіл мен дәстүр» облыстық байқауы өтті 13.05.2025
2025 жылғы 13 наурызда Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен Наурыз мерекесі қарсаңында халық ауыз әдебиетін дәріптеу мақсатында «Тіл мен дәстүр» атты облыстық байқау өтті.Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, тіл жанашырлары, журналистер, мемлекеттік қызметшілер мен әскери қызметкерлер қатысты.Байқаудың ерекшелігі – командалар әртүрлі сала мамандарынан жасақталып, қатысушылар шешендік өнер мен халық даналығына негізделген сындардан өтті. Байқау төрт кезеңнен тұрды:«Білгенге – маржан, білмегенге – арзан» – шешендік сөз үлгілерін көрсету;«Сөз мәйегі – мақал» – берілген тақырыптар бойынша мақал-мәтелдер айту;«Ойлы болсаң, тауып көр» – жасанды интеллект көмегімен жұмбақ шешу;«Кім жаңылыспайды?!» – жаңылтпаштарды тез әрі дұрыс айту.Әділқазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасы басшысының дипломдары мен ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Жүлделі орындарға ие болған командалар:«Тапқырлық тарланы» номинациясы – «Наурыз»1-орын – «Қазыбек би»2-орын – «Асыл мұра»3-орын – «Қазына»Бұл байқау ұлттық құндылықтарды насихаттауға, атадан қалған асыл мұраны жаңғыртуға арналған маңызды бастама болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-madeniet/press/news/details/993990?lang=kk
Тілдік кемсітушіліктің алдын алу және тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселесі талқыланды 13.05.2025
Бүгін тілдік негізде кемсітушілікке жол бермеу және этносаралық даулардың алдын алу мақсатында маңызды кездесу өтті. Іс-шараға құзырлы органдар, халыққа қызмет көрсететін ірі кәсіпорындардың басшылары мен жауапты мамандары қатысты.Кездесу барысында тіл заңнамасының сақталуы, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ қызмет көрсету саласында заң нормаларының орындалуын қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды. Қатысушыларға заңнама талаптары егжей-тегжейлі түсіндіріліп, қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша нақты ұсыныстар берілді.Сонымен қатар, кәсіпорын қызметкерлері өздерінің қызмет барысында кездесетін проблемаларымен бөлісіп, оларды шешу жолдары талқыланды. Қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, қызмет көрсету сапасын жақсарту бағытында пікір алмасты.Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-madeniet/press/news/details/993991?lang=kk
«Тіл заңнамасының сақталуы және тұтынушылардың құқықтарын қорғау» 13.05.2025
2025 жылғы 10 сәуір күні Қостанай облысы Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен «Тіл заңнамасының сақталуы және тұтынушылардың құқықтарын қорғау» тақырыбында жиын өтті.Жиынға облыстық Мәдениет басқармасы мен Қоғамдық даму басқармасының басшылығы, Халықаралық Қазақ тілі қоғамының Қостанай облыстық филиалы, Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасы, сондай-ақ «MART», «KOSTANAYPLAZA», «Астықжан», «Солнечный», «ЦУМ», «Апельсин» секілді ірі сауда және ойын-сауық орталықтары мен супермаркеттердің өкілдері қатысты.Жиын барысында мемлекеттік тілдегі қызмет көрсету сапасы, көрнекі ақпарат пен фискалдық чектердің заң талаптарына сәйкестігі, сондай-ақ тілдік себептермен туындайтын құқықтық және этносаралық шиеленістердің алдын алу мәселелері талқыланды.Спикерлер тарапынан заңнамалық өзгерістер, оның ішінде Кәсіпкерлік субъектілерінің көрнекі ақпаратты орналастыру тәртібі, екі тілдегі чектерді беру міндеті мен Әкімшілік кодекстегі жаңа толықтырулар бойынша нақты ақпарат берілді.Қатысушылар өзара пікір алмасып, тіл заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, тұтынушының заңды құқығын қорғау және мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту бойынша бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендіктерін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-madeniet/press/news/details/993992?lang=kk
Қостанай облысында қалалық және аудандық тілдерді оқыту орталықтарының оқытушылары мен әдіскерлеріне арналған семинар өтті 13.05.2025
«IQOSTANAY» оқушылар сарайының кітапханасында өткен іс-шарада мемлекеттік тілді оқытудағы заманауи әдіс-тәсілдер мен инновациялық ресурстарды қолдану жолдары қарастырылды.Семинарға А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, филология ғылымдарының кандидаты Анар Мұратқызы Фазылжанова арнайы шақырылып, өзекті мәселелер бойынша мазмұнды баяндама жасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-madeniet/press/news/details/993993?lang=kk
Қазақстанның Елшісі Польша Сыртқы істер министрлігінде сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті 13.05.2025
Варшава, 2025 жылғы 9 мамыр Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Елшісі Нұрлан Жалғасбаев сенім грамоталарының көшірмелерін Польша Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Владислав Теофил Бартошевскийге табыс етті. Кездесу барысында қазақстан-поляк қарым-қатынастарын дамыту перспективалары туралы жан-жақты пікір алмасты. Әңгімелесушілер алдағы екіжақты іс-шаралар кестесін егжей-тегжейлі қарастырды.Саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдету, сондай-ақ халықаралық ұйымдар алаңдарындағы өзара іс-қимыл мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, Қазақстан мен Польша арасындағы шарттық-құқықтық базаны кеңейту перспективалары қозғалды.Поляк дипломаты Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен саяси және экономикалық өзгерістер туралы егжей-тегжейлі хабардар болды.Т.Бартошевский Варшава Қазақстанды Орталық Азиядағы өзінің маңызды серіктесі ретінде қарастыратынын және Астанамен өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделі екенін атап өтті.Кездесу соңында тараптар екіжақты өзара іс-қимылдың барлық өзекті мәселелері бойынша жұмыс байланыстарын қолдау туралы келісімге келді.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-warsaw/press/news/details/993958?lang=kk
Елші Бейбіт Атамқұлов Өзбекстанның Қайта құру және даму қорының Атқарушы директоры Шухрат Вафаевпен кездесті 13.05.2025
2025 жылғы 12 мамыр, Ташкент – Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бейбіт Атамқұловтың Өзбекстан Республикасының Қайта құру және даму қорының Атқарушы директоры Шухрат Вафаевпен кездесуі өтті.Кездесу барысында Қазақстан мен Өзбекстан мемлекеттері басшыларының жоғары деңгейдегі екіжақты кездесулерінің қорытындысы бойынша қол жеткізілген келісімдерді іске асыру мәселелері талқыланды.Ерекше назар бірлескен инвестициялық жобаларды ілгерілетуге аударылды. Атап айтқанда, геологиялық барлау, көлік және энергетикалық инфрақұрылымды дамыту, азық-түлік қауіпсіздігі және биотехнология салаларындағы ынтымақтастық, металлургия секторындағы өзара іс-қимылды кеңейту, сондай-ақ екіжақты сауданы ынталандыру бойынша бастамалар қаралды.Тараптар қолданыстағы және келешектегі жобалардың тиімділігін арттыру мақсатында бейінді институттар мен мемлекеттік құрылымдар арасындағы үйлестіруді тереңдету қажеттігін атап өтті және Қазақстан–Өзбекстан ынтымақтастығының күн тәртібін одан әрі практикалық мазмұнмен толықтыру тәсілдерін келісті.Кездесу қорытындысы бойынша өзара тиімді байланыстарды дамытуға бейілділік және экономиканың стратегиялық маңызды салаларында ынтымақтастықты кеңейтуге дайындық расталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tashkent/press/news/details/993951?lang=kk
Қазақстан мен БАӘ-нің кеден органдары стратегиялық әріптестікті арттыру және жаңа бастамаларды іске қосу жөнінде келісімге келді: цифрландыру, ашықтық және сенімге негізделген басымдық 13.05.2025
        Бүгін Астанада Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Төрағасы Жандос Дүйсембиев пен Абу-Даби кеден басқармасының бас директоры Рашед Лахедж Аль-Мансури мырзаның екіжақты кездесуі өтті.        Кездесу цифрлық кедендік әкімшілендіру саласындағы практикалық ынтымақтастықты кеңейту және өңірлік логистикалық интеграцияны нығайту жолындағы маңызды қадам болды.Қазақстандық тарап БАӘ кеден органдарының автоматтандыру, тәуекелдерді басқару және бизнес-процестерді трансформациялау саласындағы прогрессивті тәжірибесін жоғары бағалады. Келіссөздер барысында Қазақстан Ұлттық реформалар шеңберінде Әмірліктердің үздік тәжірибелерін енгізуге және өңірлік цифрлық логистиканы ілгерілетуде сенімді серіктес болуға дайын екендігі атап өтілді.          Негізгі уағдаластықтар мен ынтымақтастық бағыттары кедендік деректердің электрондық алмасуын пилоттық режимде іске асыруды, басым тауар санаттары бойынша тәуекелдер профильдерін әзірлеуді және болжамды талдау технологияларын қолдануды қамтиды.         Тараптар Қазақстанның логистикалық тораптарын БАӘ порттарымен байланыстыратын цифрлық транзиттік маршрутты құру жөніндегі қадамдарды талқылады.         Абу-Даби кеден басқармасы Мемлекеттік кірістер комитетінің мамандарына арналған жасанды интеллект жүйелері мен байланыссыз кедендік бақылау бойынша сараптамалық воркшоптар мен тағылымдамаларды қамтитын бірқатар іс-шаралар өткізуді ұсынды.        Халықаралық цифрлық стандарттарға (бақылаудан кейінгі, үлкен деректерді талдау) бағытталған мамандарды даярлау мақсатында алмасу бағдарламаларын іске қосу жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.       «Біздің ынтымақтастығымыз тек үздік тәжірибелермен алмасу ғана емес, сонымен қатар жаңа шешімдерді бірлесіп әзірлеу. Бүгінгі кездесу біздің кеден қызметтеріміз арасындағы жоғары сенім деңгейін және нақты нәтижелерге қол жеткізуге деген екіжақты ұмтылысты көрсетті», — деп атап өтті Жандос Дүйсембиев.        Тараптар цифрлық сауда және шекарааралық рәсімдерді жеңілдету саласындағы ортақ мүдделерді ілгерілету үшін БСҰ және басқа халықаралық платформалар аясында үйлестіруді күшейтуге дайын екендіктерін білдірді. Бұл жүктерді бақылау мен жеделдетіп ресімдеуді өзара тануға, сондай-ақ көліктік-логистикалық инфрақұрылымның әлеуетін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.19:31Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/993952?lang=kk
Қазақстан Республикасының Бас консулдығы қазақстандық жауынгерлердің рухына тағзым етті 13.05.2025
Страсбург, 2025 жылғы 9 мамыр – Қазақстан Республикасының Бас консулдығы Ұлы Отан соғысы кезінде Францияда қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің рухына тағзым етіп, кеңес өкіметінің жауынгерлері жерленген орынға гүл шоқтарын қою салтанатты рәсіміне қатысты.Страсбург қаласындағы Ресейдің Бас консулдығы ұйымдастырған бұл шара Оңтүстік қалалық зиратта өтті. Оған дипломатиялық корпус өкілдері, қала әкімшілігінің ресми тұлғалары, мемориал басшылығы және Францияның бостандығы үшін күрескен жауынгерлердің ерлігінің маңыздылығын атап өткен жергілікті белсенді тұрғындар қатысты.Атап өткен жайт, Жеңістің 80-жылдық мерейтойы қарсаңында Францияның Үлкен Шығыс өңіріне белгілі қазақстандық зерттеуші, тарихшы, профессор Г.Мендіқұлова жұмыс сапармен келіп, жергілікті билік, архив және қоғамдық ұйымдар өкілдерімен Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Үлкен Шығыс өңірінде қаза тапқан кеңес одағының қазақстандық жауынгерлері жерленген орындарын анықтау  жұмыстары жүргізді.1971 жылы Валлеруа коммунасының зиратында (Мёрт және Мозель департаменті) орнатылған Кеңес жауынгерлеріне арналған мемориал аумағында қазақстандық жауынгерлері – Зейнолла Әлімғазиев, Қоныспек Жақиянов, Мысахан (Нишан) Тұрғамбаев және Исин (Есен) Жұмағұлов жерленгендері белгілі. Олар 2018 жылы профессор Г.Меңдіқұлованың еңбегінің арқасында ҚР Франциядағы Елшілігінің қолдауымен табылғаны мәлім. Кейінірек қазақ жауынгерлері – Шығыс Қазақстан облысынан Николай Михайлович Щеглов пен Солтүстік Қазақстан облысынан Александр Иванович Кособковтың жерленгендері анықталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-strasbourg/press/news/details/993954?lang=kk
🔸Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің жаңа басшысы тағайындалды. 13.05.2025
🔸Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің жаңа басшысы тағайындалдыБүгін ҚР Қаржы министрлігінің аппарат басшысы Ерғали Егемберды Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымына жаңа басшы – Төлеген Сәрсембаевты таныстырды.Сәрсембаев Төлеген Қапсалықұлы қаржы бақылау органдарында 1993 жылдан бастап еңбек етіп келеді. Алматы қаласының салық органдарында түрлі лауазымдарды атқарған. Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментін басқарған.Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, кейін Түркістан облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.2023 жылғы шілде мен 2024 жылғы мамыр аралығында ҚР Қаржы министрінің кеңесшісі болып жұмыс істеді.2024 жылғы мамырдан 2025 жылғы ақпанға дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің аппарат басшысы лауазымын атқарды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhambyl/press/news/details/993848?lang=kk
Тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру: ДКҰ сарапшыларының қатысуымен семинар 13.05.2025
2025 жылғы 12-14 мамыр аралығында кедендік бақылауда тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіруге арналған семинар өтіп жатыр. Іс-шараға ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері, сондай-ақ кеден қызметтерінің мамандары қатысты. Семинар ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар кеңсесі мен Дүниежүзілік кеден ұйымының (ДКҰ) қолдауымен өткізіліп жатыр.      Іс-шараның мақсаты – қолданыстағы тәжірибелерді талдау, проблемалық аймақтарды анықтау және аналитиканың заманауи әдістерін, халықаралық тәжірибені және сыртқы экономикалық қызмет саласындағы өзекті сын-қатерлерді ескере отырып, оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу арқылы кедендік әкімшілендірудегі тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімділігін арттыру.      Құттықтау сөзімен:      - Абилова Ботагоз  – ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығының басшысы;      - Нұраддин Муршудлу – Астана қаласындағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар Офисінің экономикалық-экологиялық бөлімінің меңгерушісі сөйледі.       Сарапшылар ретінде ДКҰ-ның аккредиттелген сарапшылары шақырылды: Альпстен Андерс, Мохан Кумар, Срея Хонг.       Семинар шеңберінде жасанды интеллектті қолдану мысалдары, жолаушылардың тәуекелдерін талдау, тәуекелдерді басқаруда сауда қатысушыларын санаттарға бөлу, сондай-ақ халықаралық пошта ағындарын, ішкі қатерлерді қоса алғанда, тәуекелдерді басқарудың басқа да өзекті мәселелері қаралыстырып жатыр.       Дүниежүзілік кеден ұйымының тәуекелдерді басқару саласындағы соңғы әзірлемелеріне ерекше назар аударылады.       Семинар белсенді түрде және пікірталаста өтуде.       Бұл іс-шара тәуекелдерді басқару, тәжірибе алмасу және үздік тәжірибелерді енгізу саласындағы өзекті трендтерді талқылау алаң болып табылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/994735?lang=kk